4 наурыз, сенбі 2017 жыл №25 (15052)

Page 1

Ñ

àðûàðêà

БИЛІК

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІ www.saryarka-samaly.kz

1929 ЖЫЛҒЫ 15 АҚПАННАН ШЫҒАДЫ

наурыз, сенбі 2017 жыл №25 (15052)

ñàìàëû

Ата Заң - алтын тұғырымыз!

Халықтың қызу талқысына түскен ел Конституциясының 26-бабына қатысты референдум өткізілмейді. Бұған дейін айтылғандай, Мемлекет басшысы бұл бапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынған еді. Кеше өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы аталған ұйғарымын тағы бір мәрте нақтылады. – Негізі, «Қазақстан азаматтарының» орнына «әркім» деген өзгерісті енгізуді заңгерлер қауымы толығымен қолдады. Себебі соның арқасында елімізге инвестицияны көбірек тартуға мүмкіндік бар. Инвесторлардың сенімі де арта түседі. Дегенмен, асығыстық жасамай-ақ қоялық. Бізге консенсус керек. Осыны кеңінен түсіндіру қажет. Бәрібір біз оған келеміз. Жер мәселесінде де ондай болады. Өйткені иесіз жер тозады. Оның құнарлығы жоғалады. Сондықтан

БӘРЕКЕЛДІ!

4

күндердің күнінде оны түсінуіміз керек. «Иесі жоқ жер жетім» деген қазақтың сөзі бар. Талай рет көргенбіз, қурай өсіп, жердің тозып кеткенін. Бұл бапты кейінге шегере тұрайық, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Н.Назарбаев конституциялық реформаларды ескере отырып, Үкімет пен Парламент қандай жағдайда жұмыс істейтіндігін түсіндіріп берді. - Біріншіден, жаңа заң Парламенттің мемлекеттік істердегі, соның ішінде Үкіметті жасақтаудағы рөлін айтарлықтай күшейтеді. Екіншіден, экономиканы тікелей басқару жөніндегі өкілеттіктер берілетін Үкіметтің дербестігі артады. Үшіншіден, құқық қорғау және сот жүйесінің конституциялық негізі жаңғыртылады. Заңдардың сақталуын жоғары деңгейде бақылау, сотта мемлекет мүддесін қорғау жайын қарастыратын прокуратура қызметінің базалық негіздері қаланады. Төртіншіден, конституциялық бақылау жүйесі нығая түседі. Бесіншіден, Тәуелсіздігіміздің, біртұтастығымыздың, аумақтық тұтастық

пен басқару нысанының өзгермейтініне конституциялық деңгейде берілетін кепілдік бекемдене түседі, – деді Елбасы. Президент Қазақстанның өзіне тән саяси моделі - тұрақты президенттік билік сақталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, Үкімет Президенттің шаруашылық басқару саласындағы 35 өкі леттігін төменгі деңгейге беру жөнінде заң жобасын дайындайды. – Жолдауда айтылған жаңа міндеттер заң шығарушы және атқарушы органдарға айрықша жауапкершілік жүктейді. Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту ел экономикасының үшінші жаңғыруының мақсаттарына тиімдірек қол жеткізуге септігін тигізетін болады, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Соңында Елбасы Парламент депутаттары алдында заң жобасын белгіленген барлық үдерістерді сақтай отырып қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді.

Еркебұлан ҚЫЗДАРБЕК.

«ХАЛЫҚ РАДИОСЫ» тәуліктің әр сәтінде Таңсәріден «Халық радиосын» тыңдап оянатын өңір жұртшылығы үшін сүйінші жаңалығымыз бар. Облыстық радиостанция наурыздың 1-інен 24 сағаттық хабар тарату жүйесіне көшті. Тәуліктің қай сәтінде болмасын 100.5 FM жиілігінде қауышатын арна тыңдарманына сапалы контент ұсынуды одан ары жалғастырып, көпшілік арасында танымалдығы арта береді деген сенім зор.

Суретті түсірген - Дархан Өмірзақов.

Жалғасы 4-бетте

Тыңдармандарға түрлі хабарлар осы студиядан жол тартады


2

АҚПАРАТ

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

Бөле-жара

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?

Енді алаңдамаңыз! Елбасы Конституциядағы 26-бап өзгермейтінін айтқан соң екі айға созылған дау тоқтады. Сарапшылар билік пен халықтың мұндай қатынасын әрқилы бағалауда. Десе де, Президенттің Ата заңды да референдумсыз, яғни, Парламент арқылы түзету туралы шешім қабылдағаны тағы бір салиқалы ұйғарым болды. Ал Елбасының 35 өкілеттігін Үкімет пен Парламентке бөліп беру үшін Конституциядағы 23 бапқа өзгеріс енгізілмек. Құжат Парламентке жіберіліп те қойды. Осы бір айдан астам уақыт ішінде біраз ашық та, жабық та айтыс-тартыс болды. Бір қуантқаны, қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу. Азаматтық қоғам өз ұсыныс-тілектерін бүгіп қалмады. Немкеттілік пен немқұрайдылық жоқ. Елбасының қазақ қоғамы мен зиялы қауымның алаңдауын, наразылығын ескере білгендігі қуантады. Арнайы құрылған жұмыс тобы Ақордаға келген 6 мыңнан астам хатты жіті қарап шығыпты. Азаматтар көбіне елімізде өлім жазасын енгізу, судьялардың жасына қатысты шектеуді алып тастау, ал Мәжіліс депутаттарына сайлауға бір-ақ рет түсуге рұқсат беруді, тіпті, бір палаталы Парламент құру туралы ұсыныстар жасаған. «Тұрғындар 26-шы бапты қызу талқылады. Жақтағандар да, қарсылық білдіргендер де бар. Бірақ, жұртшылықтың көбі бұл бапты өзгеріссіз қалдыруды сұрап отыр», – деді ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков. Сөйтіп, бұл баптағы «Қазақстан азаматы» деген сөз тіркесі бұрынғыша қолданылатыны мәлім болып, жұрттың алаң көңілі тынышталды.

«Оскар» да алдайды екен Осы аптада әлемді аузына қаратқан америкалық киноакадемияның «Оскар» сыйлығы тапсырылды. Үздік кинокартиналар мен киноактерлер іріктеліп, шын үздіктері шеберлік мүсіншесін иеленді. Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан марапаттау шарасында алғаш рет көпшілік күтпеген тосын жайт орын алды. Сыйлықты салтанатты табыстау рәсімінде жүргізушілер қателесіп, «Ла-Ла Ленд» фильмін «Жылдың үздік киносы» деп атап жіберіпті. Ал шын мәнінде, бұл атақты «Ай жарығы» картинасы иеленген екен. Америкалық режиссер Барри Дженкинс түсірген фильмде Майамиде өскен қара нәсілді баланың оқиғасы суреттеледі. Картинадағы басты рөлдерді Махершала Али, Наоми Харрис және Жанель Монэ сомдаған. Фильм «Оскар» сыйлығына сегіз аталым бойынша үміткер атанған еді. «Ай жарығы» бұған дейін де «Үздік драмалық кино» аталымы бойынша «Алтын глобус» марапатын жеңіп алған. Айтпақшы, қателікті голливудтік актер Уоррен Битти жіберді. Ол өзіне берілген конверттің нақтылығын тексерместен, ашып оқи салыпты. Әрине, ұйымдастырушылар кешірім сұрады. «Оскардың» 14 аталымына да рекордты түрде үміткер атанып, үздік фильм бойынша басты фаворит деп танылған «Ла-Ла Ленд» осылайша 6 жүлдемен ғана шектеліп, бас жүлдені негр бала туралы түсірі лген «Ай жарығы» қанжығасына бөктеріп кетті. Десе де, оңбай алданған фильмнің режиссері Дэмьен Шазелл үздік режиссурасы үшін тағы бір «Оскарды» иеленді. Бір өкінішті сі, «Шет ті ліндегі үздік фильм» аталымы біздің Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманатына» бұйырмай қалды. Бұл санаттағы мүсіншеге Иран мен Францияның бірлесе түсірген «Сауда агенті» туындысы лайық деп танылыпты.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ Күн жылынған сайын тұрғындар «оқыс еріген қар қауіп әкелмей ме?» деп үрейленетіні жасырын емес. Сондықтан да табиғаттың тосын сыйына әзір болу керек. Жауапты орган қызметкерлерінің айтуынша, биыл қар суы өткен жылғыға қарағанда едәуір көп болады деп күтілуде. Сәйкесінше, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары да қарқынды жүргізілмек. Айдана ҚУАНЫШЕВА Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов Ленин кенті мен Кенжекөл ауылындағы дайындық шараларымен танысып, ондағы су бөгеттерінің жағдайын тексерді. Ленин кенті ні ң әкі мі Жеңі с Әбікеннің айтуынша, елді мекенде 5 көшені су басу қаупі бар. Қазіргі уақытта аталмыш аумақтарда қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Халық та дайын болуы тиіс. Атап өтерлігі, 9-10 наурыз күндері өңірде республикалық оқу-жаттығу жұмыстары өткі зі лмек. Оған тұрғындар да жұмылдырылады. Бұл ретте Дүйсенбай Тұрғанов жергілікті халық үшін ауладағы қарды шығаруға тиісті техника тартылатынын жеткізді. Кент тұрғындары бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануы тиіс. Бұдан бөлек, төтенше оқиға орын алған жағдайда Ленин кентінде барлығы 70 арнайы техника жұмыс істеуге әзір. Жалпы биыл аталмыш кентке қар тазалау жұмыстарына қалалық бюджеттен 2 млн. 400 мың теңге қаржы бөлінген. Сондай-ақ, жергілікті қазынадан 1 млн. 400 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылуда. Ендігі мақсат елді мекендегі су бөгеті н ұлғайтып, бекіту шараларын тиісті деңгейде жүргі зу. Ол үші н 200 тонна қиыршық тас пен 200 тонна құм қапқа салынған. Кенжекөл ауылында осы тектес шаралар қолға алынған. Мұнда қар тазалау, су тасқынының алдын алу жұмыстарына қалалық бюджеттен шамамен 6 млн. теңге қаржы бөлінген. Аталмыш ауылдық округтің әкімі Асылхан Манкеевтің сөзінше, қар тазалау жұмыстары ақпан айының ортасында қарқын алған. Су бөгетін ұлғайту шаралары да қолға алынбақ. Бұл ретте Павлодар мен Ақсу қалаларын байланыстыратын көпірдің іске қосылғанына орай, суды бөгеу жұмыстары былтырғыға қарағанда өзгеше жоспармен жүргізілетінін атап өткен жөн.

Өсек-аяңға үйретеміз бе? Біздің Білім және ғылым министрлігі «бүйректен сирақ шығаруға» шебер-ақ. Бұдан былай түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін режиссер Ермек Тұрсыновтың әрбір сұхбатын оқуға, Баян Есентаева мен Нұртас Адамбаевтың сыни пікірлерін қалт жібермей қадағалауға тиіс екен. Биылғы жылы өтетін ҰБТ-да жұлдыздар өміріне қатысты сұрақтар жүр. Отандық баспасөзде күні-түні ішкен-жегенін жыр қылатын «жұлдыздарымыз» енді ғылыми айналымға ауыз сала бастапты. Ермек Тұрсынов – танымал режиссер. Бірақ, оның туындылары ҰБТ-да сұрақ болатындай деңгейге жеткен жоқ. Ал Баян Мақсатқызы мен Нұрлан Адамбаевқа қатысты жақ ашудың да қажеті шамалы. Біздің балаларымыз олардың туындыларын ғылым-білім көзі деп танитын болса, отандық ілімнің деңгейін арзандатып жіберетініміз айқын. Себебі көбіне арзанқол, күлкі үшін құрылатын кинокартиналардың қоғам мәдениетіне қосып отырған үлесі байқалмайды. Айтпақшы, Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов: «Біз мұны биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіндердің қызығушылығын көтеру үшін енгіздік», деп ақталғансыды. Әдебиеттегі өнегені өсекке толы гламурмен алмастырғандар осылайша талапкер білімін шоу-бизнес арқылы «арттырғанына» мәз... Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен Мұрат АЯҒАНОВ.

www.saryarka-samaly.kz

С

Қар ерісе қайтеміз? «

...Жаман айтпай, жақсы жоқ. Халық та дайын болуы тиіс. Атап өтерлігі, 9-10 наурыз күндері өңірде республикалық оқу-жаттығу жұмыстары өткізілмек. Оған тұрғындар да жұмылдырылады...

«

Павлодар қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ренат Валишановтың айтуынша, биыл қар суының мөлшері жылдағыдан едәуір мол болмақ. - Ақпан айының басынан бастап облысымыздағы барлық елді мекендерді аралап, су басу қаупі бар аймақтарды анықтадық. Оның ішінде Ленин кенті, Кенжекөл ауылы бар. Жуырда республикалық оқу-жаттығу жұмыстары іске асады. Оның аясында тиісті жұмыстар пысықталып, бөгеттерді күшейту, ұлғайту жұмыстары жүргізіледі. Еріген қар суынан қауіп зор. Сондықтан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында мобильді топтар құрылды. Техникалар сақадай сай, деді Р.Валишанов.


АЙНА

www.saryarka-samaly.kz

«Қазақ халқына ризамыз!»

АЛҒЫС

Дәл осындай атаумен «Достық» концерт залында «Алғыс айту» күні мерекеленді. Шараға аймақтағы барлық этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысып, олар қазақ халқына депортация жылдары жасаған жақсылықтары үшін зор алғысын білдірді.

«Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған игі шараға қала тұрғындарымен бірге облыс әкімі Болат Бақауов қатысты. - Қазақта «қарғыс алма, алғыс ал» деген жақсы бір ұлағатты сөз бар. Алғыс - елді ң сыйлығы. Шынымен де, алғысқа бөленген елдің де, ердің де өсері анық. Өткен жылдан бастап екінші рет тойланып отырған бұл күннің маңызы зор, тарихы тереңде жатыр. Бі зді ң ел - жақсылығын жатынан да аямайтын, бауырмал халық. Осының дәлелі болар, қиын-қыстау кездерде өзге ұлт өкі лдері не бі р үзім нанын бөліп беріп, қазіргі таңда 130-дан астам ұлтты бауырына басып отыр. Бүгінгі мереке елімізде тату-тәтті тұрып жатқан барша ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы дала еліне алғыс білдіретін күні деп білемін. Кезінде ағылшын ойшылы Эдуард «Ақылды адам алғыс айтудан жалықпайды» деген екен. Сондықтан бір-бірімізге әркезде жылы сөздерімізді арнап, алғыс айтудан жалықпайық, - деді аймақ басшымы Б.Бақауов. Мәдени шара барысында Болат Жұмабекұлы бірқатар азаматтарды марапаттады. Мұнда «Дустликхайот» өзбек этномәдени орталығының төрағасы Әлижан Мирахмедов «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Ватан» әзірбайжан қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джафар Махмудов «Халықаралық Невада – Семей антиядролық қозғалысына 25 жыл» мерейтойлық медалін кеуделеріне тақты. Сонымен қатар, «Анагениси» грек этномәдени қоғамдық бірлестігінің хореографы Светлана Дьяченко ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Ал, «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Раиса Афанасьеваға облыс әкімінің «Құрмет грамотасы»

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

С

табыс етілді. «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сауда Билиялова мен «Т.Шевченко» атындағы украина мәдениетінің павлодарлық серіктестігінің мүшесі Анатолий Неумывако облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған кеште әр ұлттың мәдениетінен сыр шертіліп, әні шырқалып, би биленді. Қиын-қыстау кезде бір үйдің адамындай бірлігі жарасып, заманның ауыртпалығын бірге өткерген ұлттардың ұрпақтары бұл жолы да бір сахнаны бөлісіп, татулық пен тұрақтылықтың белгісін көрсетті. - Өзге ұлт өкілдерін қазақ жеріне депортациялау 1930 жылдан бастау алды. Өте ауыр кезеңді бастан кешірген халыққа қазақ елінің дархандығы мен бауырмалдылығы көмек болды.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялаған болатын. Осы орайда, Ақтоғай ауданында жыл сайын мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Аудан биыл да дәстүрінен жаңылған жоқ. қазақстандық патриотизмнің, достық пен татулықтың, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. Біздің түріміз бен тіліміз басқа, мәдениетіміз бен салтдәстүріміз әр түрлі болғанымен, Отанымыз біреу. Ол – Қазақстан. Сондықтан да елі мі зді ң гүлденуі мен дамуы жолындағы алға қойған асқақ армандарға бірге жетуге тиістіміз. Елбасы айтқандай, Қазақстанның басты байлығы – бірлікте! – деді А.Әмірин. Жиынға қатысқан әр түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері, этно-

Үйлеріне кіргізіп, шай-тамағын берді. Тарихтан білесіздер, кейбір ұлттың азаматтарын өлтіріп, әйелдерін абақтыға әкеткен кезде, әлі күнге оңы мен солын танымаған шиеттей балаларды өз бауырларына басып, өсірді. Мұндай жақсылықты ұмытуға болмайды. Біз, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері, қазақ халқына мәңгі қарыздармыз, деді «Ватан» әзірбайжан қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джафар Махмудов. Айта кетелік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың 11 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеяның құрылған күні – 1 наурызды барлық этностарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға «Алғыс айту күні» деп бекіткен болатын.

мәдени бірлестіктердің жетекшілері алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. - Қазақстанның жері қандай кең болса, елі де дәл сондай кең пейілді. Тағдырдың жазуымен тарихи Отандарынан қоныс аударған өзге ұлт өкілдерінің ешқайсысының өзегінен теппей, өзіндей көріп, баршамызды бауырына басқаны үшін Қазақ еліне және оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтуға тиістіміз! – дейді Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Әминат Әлисұлтанова. Адамзат атаулыны мейірім мен шапағатқа бөлеп, бір-біріне деген ыстық ықыласын риясыз көңілден білдіруге арналған осы бір мерекенің болашағының баянды боларына нық сенген жиынға қатысушылар отырысты бір біріне «Алғыс айтумен» аяқтады.

Алпысбай ХОНЖ, Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі инспекторы.

3

БРИФИНГ

Наурыз қалай тойланады? Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне санаулы күн қалды. Осыған орай облысымызда мерекеге дайындық шаралары қызу қолға алынуда. Сонымен, биыл Наурызды қалай тойлаймыз? Бұл сұраққа өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Самал Бегалинова жауап берді. Нұржайна ШОДЫР

Өзектен теппей, өзіндей көрген... Жалпы, қазіргі таңда ауданда 17 ұлт пен ұлыс өкілдері татутәтті өмір сүруде. Аудан бойынша 7 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Мереке қарсаңында аудандық орталық кітапханада әр түрлі ұлттар мен ұлыс өкілдері, жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар өкілдері дөңгелек үстел басына жиналды. Шараға қатысқан аудан әкімі Ағыбай Әмірин жиналғандарды аталған мерекемен құттықтады. Алғыс айту күні –

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

- Ұлыс күнін мерекелеуге арналған негізгі шаралар 22 наурыз күні аталып өтеді. Бұл күні орталық алаңда «Ауылым – алтын бесігім» атты этноаумақ құрылып, 3 киіз үй тігіледі. Онда он саусағынан өнер тамған әжелеріміз кесте тігіп, келіп-кеткен жұртқа ұлттық өнерімізді насихаттайды. Сондай-ақ, мерекелік шараға жиналған халыққа тегін ас таратылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін елімізге танымал жұлдыздар өнер көрсетеді. Нақтырақ айтар болсақ, «Ұлытау», «Асыл» топтары, Гүлнұр Оразымбетова, Ардақ Әлікешев және «Шымкент-шоу» әзіл-сықақ театры келеді. Ал мерекелік бағдарламаны республикалық телеарналардың жүргізушілері Мәдина Балғабаева мен Бақыт Қанат жүргізеді. Сонымен қатар, Наурыз мейрамы Гагарин атындағы саябақта да аталып өтіледі, деді С.Бегалинова. Сондай-ақ, ол Павлодар қаласында 19-23 наурыз аралығында 100-ге жуық мерекелік іс-шара ұйымдастырылатынын және облыс орталығындағы «Атриум», «Рахмет», «Затон» базарлары мен «Арман», «BATYR MALL», «Артур» сауда орындарында кейбір тауарларға 40 пайызға дейін жеңілдік жасалатынын мәлімдеді. Жалпы, тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз Наурыз мейрамын 40 күн

бойы тойлаған. Биыл бұл дәстүр қайтадан жаңғырмақ. - Өңіріміздің климаттық жағдайына байланысты 1 Мамыр бірлік күні қарсаңында 60-қа жуық ақ шанқан киі з үй ті гі п, сол күні Наурыз мейрамын тойлауды аяқтаймыз. Бұл шара жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болады. Қазіргі уақытта мерекелік іс-шаралардың жоспары дайындалуда. Есептеп қарасақ, 22 наурыздан 1 мамырға дейінгі аралық 40 күнді құрайды екен. Міне, осы 40 күн бойы Наурыз мерекесін атап өтеміз, - дейді бөлім басшысы. Оның айтуынша, ат жарыс, қыз қуу сынды ұлттық спорттық ойындар да 1 мамырда ұйымдастырылмақ. Брифингте, сондай-ақ, 8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесінің қалай тойланатыны сөз болды. Бұл күні Павлодар қаласындағы мәдениет ошақтарында 60-тан астам шара өткізіледі. Солардың негізгілеріне тоқталар болсақ, сағат 12.00-де Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында «Аяулы анам», дәл осы уақытта «Шаңырақ» ойын сауық орталығында «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты концерттер ұйымдастырылады. Кешкі сағат 19.00-де танымал әнші Қайрат Нұртастың аналарға арналған мерекелік кеші (Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында) өтеді.

САЙЛАУ

Үгіт-насихат жұмыстары басталды

Облысымызда бос қалған мәслихат депутаттарының орынына кім келетіні наурыз айының 26-сы белгілі болады. Бүгінде депутаттыққа үміткер ретінде 12 азамат тіркелген. Осы аптада олар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Үміткерлер Павлодар облыстық мәслихаты, Баянауыл, Май, Павлодар аудандық мәслихаттарына жалпы саны 4 сайлау округі бойынша бос орынға таласпақ. Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Вера Ершованың айтуынша, тіркелген 12 үміткердің 4-уі «Нұр Отан» партиясының облысымыздағы филиалымен ұсынылған. Қалған 8 үміткер өзін-өзі ұсынып отыр.

Үміткерлер қатарында бір әйел азаматша бар. Үстіміздегі жылдың 2 наурызынан бастап үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Ол наурыздың 24-не дейін жалғасады. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына әрбір үміткерге мемлекет тарапынан бірдей көлемде қаржы бөлінді.

Д.АЙТПАЙ.

ХАБАРЛАНДЫРУ 2017 жылдың 6 наурыз күні сағат 11.30-да Павлодар қаласы мәслихатының VI шақырылымының 17-кезектен тыс сессиясы өткізіледі (Павлодар қ., Қайырбаев к-сі, 32, 3-қабат, қала әкімдігінің отырыс залы).


4

ТІРШІЛІК

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

Менің әжем ешқашан өзінің әкесін, яғни менің арғы атамды көрген емес. Ол 1943 жылы дүниеге келген. Ал оның әкесі, қатардағы жауынгер Мүсілім Түсіпов 1942 жылы хабар-ошарсыз кеткен. Осылай алыстағы қазақ ауылына келген хабарламада жазылған. Бүгінде одан қалған естелік - жалғыз сурет пен бір жапырақ қаралы қағаз.

Суретте: Айымгүл Мүсілімқызы әкесі жерленген бауырластар зиратында. (Калуга облысы, Ресей, 2016 ж., жаз).

Айымгүл Мүсілімқызы балалық шағын майданға кеткен әкесін күтумен өткізді. Есейе келе ғажайыптардың орын алмайтынын түсініп, өмір сүрді. Білім алды, еңбек етті, балалары мен немерелерін бағып-қағып ержеткізді. Жылдар бойы әкесі ні ң қалай қаза тапқанын білу үшін ол жайында деректер іздейді. Жерленген жерін тауып, басына бір уыс топырақ салуды армандады. Мұрағаттар мен әскери комиссариаттарға жазған өтініштеріне үнемі «Хабарсыз кетті...» деген жауап алатын. Оның үстіне ондағы ақпараттар әр түрлі берілетін. Түсіпов өзінің майдандағы соңғы күресін бірде Тула облысында, енді бірде Калуга облысында өткізген деп көрсетілетін. Бұл ұзақ хат алмасу осылайша аяқталатын еді. Дегенмен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында Ресей Федерациясы Президентінің «Отанды қорғау кезінде қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау» жөнінде Жарлығы шықты. Онда ҰОС жылдарында қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендер жайында деректерді қамтитын электронды банк жүйесі іске қосылған. Бұл халықаралық жоба болып,

73 жылдан кейінгі «жүздесу»

оған Қазақстан да қатысады. Бірақ бұл жайында менің әжем хабарсыз еді. Ол бұрынғысынша Подольскке, Мәскеуге, Калугаға хат жіберіп тұрды. Кейін оның немерелері де өсіп, ержетті. Олар компьютер мен интернеттің тілін жетік меңгерді. Бір күні немерелерінің ең кенжесі әрі ең байсалдысы арғы атасының тегін іздестіру жүйесіне теріп, елең еткізер жауап алды. «Түсіпов Мүслім (1914 – 15.11.1943), Қызыл әскер қатарындағы сарбаз, пулеметші, 105-атқыштар бригадасы, туған жері – Қазақстан, Павлодар облысы, Павлодар облысындағы Май аудандық әскери комитетінен шақырту алған. Жараланып, қайтыс болды. Козел ауданы, Егорьевский кенті» делінген. 1942-1943 жылдары Егорьев қаласында әскери ауруханалар орналастырылып, оған Курск доғасының солтүстік қанатында жараланғандар жеткізілген. Ал оның жанында соғыста жараланып, қайтыс болған әскерлер жерленген. Электронды хат алмасу бойынша Чернышено ауылдық аймағының әкімшілігі «О воинах, павших на земле Калужской» естелік кітабынан

үзінді жолдап, «Мәскеу – Калуга – Козель - Чернышено» бағыты бойынша қалай жүру керек екені туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, Егорьевский кентіне апаратын ауыларалық жол, кейін бұлақ арқылы өтетін жол туралы да дерек келтірілген. Осылайша көптен күткен кездесуге дайындық басталады. Әжем Жеңі с күні қарсаңында әкесі ні ң мазарына бара алмады. Дегенмен, өткен жазда барып қайтуға бекінді. ...Айымгүл Мүсілімқызын барлық ауылдықтар қарсы алды. Халықты жинаған село басшысы Татьяна Аленушкин емес еді, олар өздері жиналған болатын. Әжеммен бірге еріп барған немересін Калуга облысына қарасты Козель ауданының әскери комиссары Андрей Дувалиннің өзі әскерлер жерленген зиратқа апарған. Бұл бауырластар зиратында 81 әскери жерленген. Олардың есімдері монументтерде жазылған. Орыстар, украиндықтар, қазақтар, өзбектер... Кеңес жауынгерлері. Олардың қатарында жауынгер Мүсілім Түсіпов те жерленген еді. Осылайша әжемнің балалық шақтағы арманы орындалды.

тәуліктің әр сәтінде Мұрат АЯҒАНОВ «Халық радиосының» атауы бүгінде алысқа тараған. Оны жерлестеріміздің көпшілігі 100.5 FM жиілігінен тыңдап үйреніп қалса, «Отау ТВ» жерсеріктік жүйесіне қосылған кез келген абонент үйде отырып-ақ құлағының құрышын қандырады. Ал ондай мүмкіндігі жоқтар интернеттің көмегімен кәдімгі смартфонға орнатылған «Халық радиосы» қосымшасын пайдалана алады. Қысқасы, өңірлік радио бүгінде республикалық ауқымға шығып, шекарасын да, аудиториясын да кеңейтті. Радиостанцияның бас редакторы Ерсайын Ертісбаевтың

айтуынша, 24 сағаттық хабар таратуға көшу павлодарлық радионың танымалдығын арттырып қана қоймайды, контенттік сапаны да күшейтеді. Арна көпшілікке қазақ және орыс тілдерінде түрлі танымдық, ойын-сауықтық, ақпараттық бағдарламаларды ұсынуды одан әрі жалғастырады. Әсіресе, жастар эфирден өмірдегі, музыка мен мәдениеттегі ең маңызды, талғамды, қажетті дүниелерді таба алатын болады. Бұған дейін таңғы сағат 7.00-ден түнгі 12.00-ге дейін ғана жұмыс істеп келген эфирдің толық циклға көшуі қалалық жердегі тыңдармандардың қалауын ескергеннен шығып отыр. Қала орталықтарындағы тіршіліктің түнгі уақытта да қайнап жататыны

ЕРКІН КҮРЕС

Попов - чемпион!

Күрес түрлерінен Шымкентте өткен ел біріншілігінде павлодарлық еркін күрес шеберлері жақсы өнер көрсетті. Облыс спортшылары 1 алтын және 3 қола медаль олжалады. 125 келіде сынға түскен жерлестеріміз Дмитрий Попов пен Дәулет Шабанбайдың қанжығасы майланды. Алғашқысы финалда қарағандылық Іңкәр Ермұхамбетті ұтып, Қазақстан чемпионы атанды. Соңғысы қола жүлдені қанағат тұтты. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Таразда ұйымдастырылған ел біріншілігінде Д.Попов пен Д.Шабанбай ақтық сында жолығып, Дәулеттің мерейі үстем болған-ды. Сондай-ақ, 57 келіде бақ сынаған Ернұр Қабатаев пен 97 келіде белдескен Мамед Ибрагимов – 2017 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері. Ернұр былтырғы біріншілікте күміспен күптелген еді. Бұл жолы бір саты төмен түсті. Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінің өкілдері ел мықтыларын анықтады. Өкінішке қарай, грек-рим додасында павлодарлықтарға жүлде бұйырған жоқ. Әйелдер күресінен үш қоламыз

бар. Оларды Светлана Анкичева, Александра Бойко және Юлия Королюк еншіледі.

Еркебұлан ҚЫЗДАРБЕК.

Торайғырдағы тартысты турнир Торайғыр ауылында қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды. Оның өтуіне елді мекендегі Шоң би мешітінің имамы Берік Қожабергенов мұрындық болды.

Ратмир ӘУБӘКІР.

«Халық радиосы» Басы 1-бетте

www.saryarka-samaly.kz

түсінікті. Осындайда жастардың бұл мезгілде жанға жайлы музыка тыңдап, жағымды әуенмен бой сергіткісі келетіні рас. Радио ұжымы музыкалық қоржынның алуан түрлі әрі толымды болуына назар аударуда. Еліміздегі өзге радиолар секілді шетелдің әуендерін күні бойы айналдырып, қазақ тіліндегі әндерді тек түнгі уақытта беру әдісі павлодарлық арна үшін жат саналады. Сондықтан отандық эстрада әндерін бұрынғыдан да жиі еститін боламыз. Әзірше, 24 сағаттық хабар тарату тек Павлодар қаласында ғана мүмкін болмақ. Кейіннен өзге де өңірлер түнгі радиоға қосылады. Бұл бағытта техникалық мүмкіндіктер шешілуде.

Жарыстың ашылу рәсімінде Торайғыр ауылдық округінің әкімі Арғын Абраров пен ауыл имамы Берік Уахитұлы балуандарға сәттілік тіледі. Аудан көлеміндегі балуандар бәсекесіне ауылдардан 8 команда жиналып, 114 бозкілем шебері бақ

сынады. Жарыста Халид Айдархановтан тәлім алатын Торайғыр ауылының жастары өзгелерден басым түсті. Жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды.

Әлия ТАУКЕНОВА, Баянауыл ауданы.

ҚҰҚЫҚ

Айласы іске аспады

Павлодарда өзін «Павлодар жылу желілері» немесе «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің қызметкерімін» деп таныстыратын алаяқ қолға түсті. Оны қолға түсіру мақсатында тәртіп сақшылары іздестіру шараларын күшейткен болатын. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 42 жастағы Ақсу қаласының тұрғынын қамауға алған. Алаяқ Павлодар қаласының тұрғындарына өзін «Жылу электр орталығының» маманы» деп таныстырған. Үйдегі жылу есептеуіш құралды тексеріп, қарияларға 50, 80 мың теңге көлемінде қарызы барын айтқан. Аталмыш соманы төлемеген жағдайда жарықты сөндіретінін ескерткен. Полицейлер ақсулық азаматтың бұрын істі болғанын анықтады. Қазіргі уақытта алаяқ өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл ретте облыстық ішкі істер департаментінің мамандары алаяқтарға алданып қалған тұрғындарды 37-78-05 және 37-78-06 телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


ҚОҒАМ

www.saryarka-samaly.kz

ТУҒАН ТІЛ Елімізде ҚАЗТЕСТ жүйесінің жүзеге асқанына біраз уақыт өтті. Нәтиже қандай? Мемлекеттік тіл жанашырлары неге алаңдаулы? Нұржайна ШОДЫР

Жүйенің ерекшелігі неде? Әңгімені әріден бастасақ... Шыны керек, отандық «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің құрылғанына 10 жылдан астам уақыт өткенімен, бұл бағдарламаның қыры мен сырын көпшілік әлі де жіті түсіне бермейтіні ақиқат. Сондықтан алдымен «ҚАЗТЕСТ» жайлы аз-кем айта кеткеніміз жөн болар. «ҚАЗТЕСТ» - ел азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалайтын бірден-бір жүйе. Ол халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF, T�MER, ТРКИ және т.б. бағдарламаларының тәжірибесін негізге ала отырып әзірленген. Аталмыш халықаралық жобалардың талаптарына сәйкес «ҚАЗТЕСТ» арқылы қазақ ті лі н меңгеруді ң 5 деңгейі енгі зі лген. Атап айтар болсақ, олар: А1 – қарапайым, А2 – базалық, В1 – орта, В2 – ортадан жоғары, С1 – жоғары деңгей.

«

БІЛІК

«ҚАЗТЕСТ»-тің қауқары қандай? Нәтиже көңіл көншіте ме? Бүгінде еліміздегі бірқатар сала мамандарына бұл сынды тапсыру міндеттелген. Атап айтар болсақ, Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздары, ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері, халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім стипендиясына үміткерлер, мемлекеттік қызметшілер және тағы басқалар. Бі рақ бұл санаттағы қызметкерлер осы сынды тапсырып жатқанымен, одан шыққан нәтиже көңіл көншітпейді, дейді мамандар. Себебі, тест тапсыру талабына қатысты түсінбеушіліктер бар. Мәселен, өзгелерді былай қойғанда, мемлекеттік қызметшілердің өзі сынақты тапсыруға міндеттелгенімен, оның нәтижесі

... Жасыратыны жоқ, осылай тіл мамандарына тест тапсыруды міндеттеу арқылы статистиканы, яғни, көрсеткішті көтеру көзделіп отырғаны айдан анық. Сонда бұл жерде сапа емес, сан маңызды рол атқарып тұр...

Міне, бұл деңгейлер арқылы тест тапсырушылар өзінің мемлекеттік тілді қандай дәрежеде білетіндігін анықтай алады. Осылай күнделі кті тұрмыста ті лді ң қолданылу деңгейін анықтау әдісі әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан үрдіс болып саналады, дейді мамандар. «ҚАЗТЕСТ» тапсырушы 4 бөлік бойынша тілдік білімін сынайды. Олар мыналар: тыңдалым, жазылым, лексика-грамматикалық құрылым және оқылым. Мұндағы әрбір бөліктің ерекшелігіне байланысты тапсырма да алуан түрлі болады. Яғни, әр тапсырманың өз мақсаты мен бағалау тәртібі бар. Мәселен, тыңдалым бөлігі бойынша күнделікті өмірде қолданыста бар, әрбір деңгейдің лексикалық қорына сәйкестендірілген диалог, монолог, полилог және басқа да мазмұндағы мәтіндер ұсынылады. Ондағы тапсырмалар аудиомәтіндер және тест сұрақтары арқылы адамның тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған. Жазылым бөлімінде жазба жұмыстарының грамматикалық сауаттылығы, мазмұны мен тілдік құралдарды пайдалану сапасы тексері леді. Сол сияқты лексикаграмматикалық және оқылым бөліктерінің де мақсаттары белгіленген. Осы талаптардан сүрінбей өткендер ғана өзінің қазақ тілін жоғары деңгейде білетіндігін дәлелдей алады.

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

«

олар үшін ешқандай да рөл атқармайды екен. - «ҚАЗТЕСТ» – азаматтардың қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын жүйе. Сондықтан оны тапсыратын азаматтар қазақ тілінің қажетті лі гі н сезі ні п, оған емтихан реті нде жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сонда ғана жақсы нәтиже болады. Мысалы, көршілес Ресей мемлекетінде мұндай тесттен өтпеген мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығарып жібереді. Ал біздің елде керісінше «ҚАЗТЕСТ» тапсыратын мемлекеттік қызметшілерге: «қорықпаңдар, өтпей қалсаңдар ештеңе болмайды», деп жұбату айтады. Осыдан кейі н қандай нәтиже күтуге болады? Талапты қатайту керек, - дейді филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнулина. Шынымен де, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін оның қоғамдағы қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Ол үші н не і стеу керек? Профессор Айман Файзоллақызы қазақ тілі мамандарынан өзге сала өкілдерінің барлығы «ҚАЗТЕСТ» тапсырып, мемлекеттік тілді білу деңгейлерін тексеріп отырғаны жөн екенін айтады. - Елі мі здегі түрлі салада еңбек ететі н азаматтардың ұлтына, қызметіне қарамай, тест тапсыру міндетін жүктеу керек және оның нәтижесі есепке алынуы тиіс деп санаймын.

Сонда ғана қазақ тілін меңгерушілер қатары артып, мемлекетті к ті л саясаты өз жемі сі н береді. Сондай-ақ, тілді білу деңгейіміз де толық анықталады. Мәселен, көбіміз қазақша жақсы сөйлегенімізбен, мемлекеттік тілді қандай деңгейде меңгергенімізді біле бермейміз. Мұны анықтаудың жалғыз жолы - сынақ тапсыру арқылы көз жеткі зу. Бі р қызығы, жақында Алматы қаласында елі мі здегі бі рқатар жоғары оқу орындарының ректорлары сынақтан өтті. Сонда «қазақшам жақсы» деген Шымкент, Батыс Қазақстан облыстарынан келген университет басшыларының өзі қате жіберді. Осыдан кейін өзгелерден қандай үмі т күтуге болады? - дейді А.Зейнулина. Бұған қарап, еліміздегі маңызы бар іспен айналысып жүргендердің қатарында мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген азаматтардың аз екенін аңғаруға болады. Сонда Қазақстанның түкпір-түкпірінде ашылған қазақ тілін үйрету курстары мен басқа да іс-шаралардың оң нәтиже бермегені ме? Әлде, «ҚАЗТЕСТ» тапсырмаларында шикілік бар ма? Ал мамандар «ҚАЗТЕСТ»-тің тапсырмалары соншалықты күрделі емес екенін айтып, оны құрастыруға елдегі ең белгілі ғалымдардың қатысқанын алға тартып отыр. Соған қарағанда ті лді к білімді бағалауға бағытталған бұл тест халықаралық талаптарға сай әзірленген әрі мазмұны мен сапасына қатысты да әңгіме жоқ болғаны ғой. Демек, ендігі кезекте тест тапсырушылардың жауапкершілігін арттырып, талапты күшейту керек. Сонда ғана мемлекеттік тілге деген немқұрайлылық жойылмақ.

Сапа ма, сан ба? Елбасының Жарлығымен бекітілген тілдерді дамыту мен қолданудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ««ҚАЗТЕСТ»» жүйесіне де басымдық бері лген. Сондай-ақ, Президент 2020 жылға қарай мемлекетті к ті лді меңгерген қазақстандықтардың үлесі 90 пайызға жетуі керек деген талап қойғаны белгілі. Бұл межені қаншалықты орындағанымызды іс жүзінде дәлелдеу үшін «ҚАЗТЕСТ» нәтижесіне сүйенеміз, дейді тіл мамандары. Өкінішке қарай, олар мұнда да көзбояушылық та бар екенін айтады. - «ҚАЗТЕСТ»-ке жауапты мамандар алдымен оның қандай мақсатта тапсыры-

латынын және кімдердің тілді білу деңгейін тексеру керектігін анықтап алғаны дұрыс. Олай дейті ні м, жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін тіл мамандарына да тест тапсыруды міндеттейді. Қызық! Өзіміз қазақ тілінің маманы бола тұрып, мемлекеттік тілді қаншалықты білетінімізді көрсету үшін тест тапсырып, сертификат алып жүргені мі з ұят жағдай ғой. Егер бі з қазақ тілін жетік білмесек, қалай тіл маманы атанамыз? Шарасыздан мен де былтыр тест тапсырып, жоғары деңгей бойынша сертификат алдым. Жасыратыны жоқ, осылай тіл мамандарына міндеттеу арқылы статистиканы, яғни, көрсеткішті көтеру көзделіп отырғаны айдан анық. Сонда бұл жерде сапа емес, сан маңызды рөл атқарып тұр. Мен бұл мәселені «ҚАЗТЕСТ»-ке жауапты мамандарға айтып едім, олар жарытып жауап бере алмады. Мұндай «теріс әрекеттерімізбен» кімді алдаймыз?- дейді

Инновациялық Еуразия университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Бақытгүл Молдағали қапаланып. Ал республикалық «ҚАЗТЕСТ» орталығының жетекші сарапшысы Ұлжан Асылханқызы «ҚАЗТЕСТ»-ті мәжбүрлеп

тапсыртуға жол берілмегенін, бірақ осы жылдың 1 қаңтарынан бастап оның ұлттық стандарттары қолданысқа енгізілгенін айтады. - Елімізде қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын мемлекеттік стандарттар белгіленген. 2016 жылдың 23 желтоқсанында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамасына сәйкес барлық орталық, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдары аталған Ұлттық стандарттарды қолданысқа енгізуі қажет. Сол бойынша мемлекеттік тілді белгілі көлемде меңгеруі абзал кәсі птерді ң, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі берілген. Бұл құжат «Мемлекетті к ті лді кі м қай деңгейде бі луі керек?» деген сұраққа нақты жауап бере алады. Ұлттық стандарттар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді, дейді сарапшы маман.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Сәуле Османованың

айтуынша, 2012 жылдан бері аймақ бойынша 9 мыңға жуық тұрғын «ҚАЗТЕСТ» бойынша сыннан өткен. Бі рақ олардың і ші нде қазақ тілін жоғары деңгейде білетіндер аз. Мәселен, 2014-2016 жылдар аралығында 6 119 адам сынақ тапсырса, соның ішінде В1 деңгейін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 22,5 пайызды, ал С1 (жоғары) деңгейін көрсеткендер қатары небары 1,6 пайызды құраған екен. - «ҚАЗТЕСТ» тапсырып, сыннан сүрінбегендеріне деңгейі бойынша сертификат беріледі. Оның құны – 4800 теңге тұрады. Ал тестілеуден өте алмағандарға сертификат берілмейді, бірақ дайындалып, қайтадан сынақтан өтуі не болады, - дейді басқарма басшысы.

Осылайша, қазбалай берсек, «ҚАЗТЕСТ» жүйесіне қатысты көпшілікті алаңдатқан жайттар көп. Қайсыбірін айтайық? Бір анығы, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауды мақсат еткен қазтест жүйесіне деген талапты күшейтетін уақыт жетті. Қашанғы қазақ тілінің тағдыры сынала бермек? Сондықтан осы іске жауапты тұлғалар жоғарыда айтылған талап-ұсыныстарды назарға алса игі.

Жаңашыл басшы

Қоғам өзгерістері дегеніміз - белгілі бір даму заңдылықтар негізінде қалыптасқан жүйенің басқаша мәнге, жаңа маңызға ие болуы. Мұндай өзгерістер еліміз Тәуелсіздігін алған тұста кеңінен байқалды. Білім беру ісіндегі жаңғыру заманға сай өзгереді. Мұның озық тұстарымен қатар, кері әсері де аз емес. Десе де, экономикалық реформалар жүріп жатқан жерде, білімнің, саясаттың да тысқары қалмауы қажет. Білім жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі жөнінде 1995 жылдың сәуір айында Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық кеңесте мәселе қозғалды. Кез келген мемлекеттің болашағы ондағы білім беру жүйесін дамытудың жай-күйіне, келешегіне тығыз байланысты. Аталмыш міндетті шешуді өздерінің басты мақсаты ретінде ұстанғандардың бірі Мақажан Жылқыбаев басқарған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты болатын. Бұл мектепинтернаты құрылғанынан бері егемен елдің ертеңіне үлес қосатын талай шәкірттер легін түлетті. Бұл гимназияның оқу-тәрбие жүйесін басқару ісін директор Мақажан Несіпбайұлы дәлдеп берді. Ол басқарудың даму желісін, мектептің жалпы ішкі-сыртқы басқару заңдылығын, оның қағидаларын, әдіс-

5

тәсілдерінің мүмкіндігін кеңінен тарқатты. Мектеп басқарудың тек саналы жүргізілуіне ерекше көңіл бөлді. Басқару ісінде мектеп басшысы үнемі жүйелі зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген жетістік аясында көздеген мақсатқа жетуге болады деп есептейтін. Сондықтан, әркез ілгеріге бастайтын жүйені меңгеруге тырысты. Педагогикалық ұжымды басқару қызметінің даму бағытын жекелеген педагогтар мен жалпы мектеп ішіндегі мақсатқа сәйкестендіріп, оны жүзеге асыру үшін әр ұжым мүшесінің қызметін анықтап, ең басты стратегиялық мақсат – оқытудың технологиясын, оқушылардың білім сапасын арттыруды сәтті пайдалануды жүзеге асыра алды. Бұл гимназияның ұжымы әркез тынымсыз еңбек ететін. Олардың іскерлік қабілеттілігін Мақажан Несіпбайұлы үнемі назарында ұстайтын. Сондай-ақ, ұжымдық кеңістікті зерттеп, оның қызметтегі рөлін, қажеттіліктегі қайшылықтың анықтамасын, белгілі жағдайды дұрыс шешудің негізгі мәселелерін тауып, көздеген нәтижеге жеткізу үшін ұжымды

іске жұмылдыратын. М.Жылқыбаевтың директорлық қызметінде ұйымдастырушылық шеберлігін айқындайтын арнайы жүйе де қарастырылған болатын. Сонымен қатар, мектеп басқару ісінде ұжымның әр мүшесінің жекедара қабілетін, біліктілігін арттыру үшін оның әдістемелік, әдіснамалық өлшемдерін де қарастырған. Адам тумысында биологиялық, әлеуметтік қырларымен жаратылады. Соңғы жылдары адамның ішкі қуатын, қабілетін (күшін) толассыздандыру үшін өз-өзін және ішкі ойын реттеу, арамдық пен қара ниеттен өзін тазарту сияқты ізгіліктікке бағыт жасар бағдарламаларды тәжірибеге енгізу де қолға алынды. Оны осы М.Жылқыбаев басқарған мектептің бағдарламасы мен тұжырымдамасын оқу арқылы түсінуге болады. Бұл құжаттарда бағыттылыққа, сананың дамуына, мінез-құлыққа, еріктілікке баса мән берілген. Сондай-ақ, мұның бәрі басқару ісіндегі басты мақсаттың бірі болып табылған. Осындай сүбелі еңбегі Алматыда және Павлодар қаласында екі кітап болып басылып шықты. Бүгінгі күнге дейін Мақажан Несіпбайұлының еңбегінің елге тигізер үлесі зор екенін жұртшылық білсе деймін.

Еңлік ЖҰМАТАЕВА, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білімденудің инновациялық технологиялары ғылыми-практикалық орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.


6

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

ИМАНДЫЛЫҚ

www.saryarka-samaly.kz

ПАРЫЗ

ДІНИ ІС-ШАРАЛАР Бүгінгі таңда ел арасында діни ұғымдар туралы сан алуан пікір бар. «Мәзһаб деген не?», «Оны кім шығарды?», «Мәзһабтың қажеті бар ма?», «Онсыз да дін Исламды ұстана беруге болмай ма?» деген бірқатар сұрақ көптің көкейінде жүр. Жұртшылықтың, тіпті намаз оқып жүргендердің өзі бұл сауалға толыққанды жауап бере алмайды. Сондықтан оқырмандар назарына төмендегі мәліметтерді ұсынбақпыз.

Мәзһабтың міндеті Ата-бабамыз неліктен Исламды таңдады? VII-VIII ғ.ғ. тәңірлік дінді ұстанған түркі тайпалары үшін аса бір қиын кез еді. Шығыстан қытай әскері мен бі рге Будда, Лао-Цзы, Конфуций ілімдерін уағыздайтын миссионерлер келіп жатса, оңтүстік-батыстан арабтардың шапқыншылығы күшейіп тұрды. Ол аз болғандай, Ұлы Жібек жолының бойымен сауда жасайтын керуендермен христиан дінінің несториан ағымын ұстанған монахтар келетін. Соның әсерінен көптеген түркі тайпалары тәңірлік діннен бас тартып, христиан ді ні н қабылдап та үлгерді. Заман озып, дәстүр тозып, өзге мәдениеттердің ықпалы күшейе бастағанын, ал түркілер ұстанған тәңірлік діннің іргетасының онша бері к еместі гі н, түбі жоғарыдағы діндердің бірін таңдауға тура келетінін Түркі қағандары анық түсінген. Әртүрлі пікірлер болған. Мысалы, данышпан Тоныкөк (VIII ғ.) өз тұсындағы қағандарға: «Будда мен Лао-Цзы ілімі жұртты нәзік те нәуетек қылып жібереді, жігерлі де жүректі ете алмайды», деп сақтандырады. Ал түркеш қағаны Сұлу (VIII ғ.) араб халифы Хишамның Ислам дінін қабылдау жөніндегі талабына: «Менің сарбаздарымның арасында шаштараз да, ұста да, тігінші де жоқ, мұсылманға айналып, исламның айтуымен тұрып, айдауымен жүрер болса, олар қайтіп тамағын асырамақ?» Бірақ адамның емес, Алланың дегені болады. 748 жылы қытайлар Суябты басып алып Шаш (Ташкент) қаласына жақындап келіп бекінді. Келесі жылы олар бір шайқаста Шаш әмірін өлтіреді. Әмірдің баласы арабтардан көмек сұрайды. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласының түбінде Зия ибн Салих басқарған араб әскері мен қытайлар арасында бес күндік қырғын шайқас өтеді. Шайқастың бесінші күні арабтарға қытай қолбасшысы Гао Сян Чжиге қарсы көтерілген түргештер мен қарлұқтар көмекке келіп, нәтижесінде, қытай әскері тас-талқан болып жеңіледі. Осы шайқаста түркі тайпаларының тәуелсіздігі ғана емес, болашақ ұстанатын дінінің де тағдыры шешілді. «...Талас шайқасында көшпенділер неге Қытайға емес, арабтарға жақтасты. Себебі бәрібір Қытайдың салт-дәстүрі, күн көрісі көшпенді халықтарға жат еді. Ал жаратушы Алладан Орталық Азиядағы парсы-иран жұрты өздерінің бір Құдайын, ал дала көшпенділері өздерінің жалғыз Тәңірісін көрді». Сондықтан да ата-бабамыз Хақ дін – Исламды қабылады. Уақыт өте, бел алған ислам бірте-бірте христиан, будда, зороастризм діндерінің барлығын ығыстырып-ысырып тастады. Ислам діні көне түркі сенімдерімен, жергілікті тәңіріге табынушылықпен іштей синтезделіп, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде қыздар және әйелдер секторы «Отанды сүю - Иманнан» тақырыбында семинар өткізді. Оған Павлодар қаласына қарасты мешіттердің діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген әйел шәкірттер қатысты.

«Отанды сүю - Иманнан»

Мешіт ұстазы Жұлдыз Қажуева орыс тілінде білім алатын топқа Отанды сүюдің маңыздылығын және келешек ұрпақты отансүйгіштікке баулудың аса маңыздылығы жайында аят, хадистерден сілтеме жасай отырып, кең көлемде уағыздар айтты. Сонымен қатар, дін мен дәстүр, бүгінгі таңдағы діндегі адасушылықтар туралы да кеңінен түсіндірді. Отаны жоқтың дәстүрі, тілі, діні, тарихы болмақ емес. Өз ұлтын, елін сүймеген, оған құрмет көрсетпеген адамнан опасыздықтан басқа ешнәрсе күтуге болмайды. Қасиетті дініміз – Исламда отансүйгіштікке ерекше мән берген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Отан қорғаудың қаншалықты сауапты іс екендігі жөнінде көптеген хадистер айтқан. Бір сахаба пайғамбарымыздан (с.ғ.с.)

«Иә, Расулаллаһ, ең абзал амал не?» – деп сұрағанда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру, бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы», - депті. Көп ұлтты мемлекетіміз бүгінгідей бейбіт өмірде, рухани үйлесімде дами берсін. Алла Тағала елімізде әрдайым тыныштық, бірлік, ынтымақ болуын нәсіп етсін.

Салауаты – өліге, сауабы - тіріге Ата-бабамыз неліктен имам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанды? Біз қаласақ та, қаламасақ та, келісетін бір фактор бар. VIII ғасырға қарай Халифаттың шекарасы ұлғайып, құрамына өмір салты бі р-бі рі нен мүлдем алшақ халықтар кі ре бастады. «Ислам бейбітшілік діні» дегенімізбен, ол халықтардың бәрі исламға бірден мойын ұсына қойған жоқ. Қырғын соғыстар болды. Арабтың атақты қолбасшысы Құтейба ибн Муслим 714 ж. Шаш (Ташкент) пен Фараб (Отырар) өңіріне қылышпен келгенін еске алсақ, біраз жайт түсінікті болады. Міне, мәзһабтардың пайда болғаны осы кез. Ханафи

мәзһабының негізін қалаған имам Әбу Ханифа (699 – 767 ж.ж.) өз мәзһабын саналы түрде араб емес халықтар үшін жасады. Әбу

Ханифа исламнан бұрын да, тек пұтқа табынушылар ғана емес, сондай-ақ, зороастризм, иудаизм, христиан дінінің көптеген ағымдары секілді жоғары дамыған діндер жүйесі таралған Месопотамияда (қазі ргі Ирак жері) өмі р сүрді. Ол діндердің әрқайсысының Қасиетті кітаптары, ғибадатханалары және ғасырлар бойы қалыптасқан әдетғұрыптары бар еді. Оның үстіне,ол халықтарға араб тілі мен араб мәдениеті мүлдем жат болатын. Сондықтан имам Әбу Ханифа араб еместерді үркітіп алмас үшін аздаған жеңілдіктер қарастырды. Онда да ол жеңі лдіктер идеологиясына емес, тек құқықтық және ғұрыптық нормаларына қатысты болды. Яғни, жергілікті халықтың исламға қайшы келмейтін ырым-жоралғыларына тыйым салмай, керісінше діниқұқықтық нормалардың кейбірін соған қарай икемдеді. Сол себепті, бі зді ң жері мі зге келген алғашқы дін таратушы миссионерлер көшпелі халықтың ыңғайына қарап, бастапқы канондарды аздап трансформациялаған. Олай етпеген жағдайда, мал жайылымының

ыңғайымен көшіп-қонып жүрген халық исламды маңайламас еді. Ал мешіт салып алып, соның төңірегінен ұзамау аш өліммен тең еді. «Құран Меккеге келді, Мысырда жазылды, Ыстамбұлда оқылды, тек Орталық Азияда түсіндірілді» деген сөз бар. Ол осы атыраптан шыққан ғалымдардың ислам дінін зерделеудегі орнына берілген баға болса керек. Әбу Ханифа мәзһабы Орталық Азияда үстемдікке ие болды. Қазақ мұсылмандығы туралы сөз еткенде, Түркістан, Сайрам, Самарқан, Бұқара, сонымен қатар, алғашқы Қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ сынды ортағасырлық қалаларды, рухани, діни ордаларды мақтанышпен мысал етеміз. Исламның тамыры жайылған Мәуренаһрда жергілікті дін ғұламалары діни шешімдер мен қаулылар шығарып отырды. Аталған ортағасырлық ғалымдардың шежірелік тізбегі мен олардың еңбектерін қазақ даласынан шыққан ағартушы-ғалымдарымыз, ойшылдарымыз – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің рухани мұраларымен ұштастырып, сабақтастырып, халқымызға жеткізуде ғалымдарымыз, дін қызметкерлері белсенділік танытып келеді. Бүгінде ҚМДБ Қазақ мұсылмандығының қалыптасқан рөлін арттыру мәселесін басты назарда ұстап отыр. Кейде кейбір ел ағаларының аузынан: «Халықты бір мәзһабты ұстануға үндеу – қалған мәзһабтың құқығын шектеу емес пе?» – деген уәжді естіп қаламыз. Әбу Ханифа мәзһабы– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанған жолы. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңымызда да төл мәзһабымызға мәртебе берілген. Әбу Ханифа мазһабы дала халқының болмысына, табиғатына жақын болды. Имам Ағзам мәзһаб негізін қалаған ғұламалардың ұстазы болған. Либералды жолды таңдауымыздың тағы бір сыры – мәзһабымыздың жергілікті салтдәстүрімізге құрметпен қарауында.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі және өкіл имам Нариман Исенов, дін жанашырлары Қазыбек Кәкенов және Қанат Тілеубаевтың мұрындық болуымен ҚМДБ-ның Ғұламалар Кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым, марқұм Әбсаттар Смановтың рухына Құран бағыштап, дұға жасады. Әбсаттар Шәкірұлы – Ғұламалар Кеңесінің белді мүшесі, «Сарыағаш» медресесінің жұмысын жоғары деңгейге көтерген ұстаз, қасиетті Құранды қазақша аударған ғалым. Ол діни салада аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеуде табандылық танытты. Бұл ізгі амалға марқұмның туған ағасы Абдуғаппар Сманов қатысты. Шарада дін жанашыры Қанат Тілеубаев марқұмның көзі тірісінде жасаған игі-істері халық жадында мәңгі сақталатынына сенім білдірді.

Ұстаз Абдуғаппар Сманов алдымен Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде жұма намазында уағыз айтып, мешіттің үлкен асханасында берілген асқа қатысты. Сонымен қатар, Павлодар ауылындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде болып, ондағы шәкірттерге уағыз айтып, «Мәшһүр Жүсіп» Құран жаттау орталығына келіп, онда оқып жатқан болашақ жас қарилерге ақыл-кеңестер айтты. Сондай-ақ, орталық мешіттің қарауындағы жастар мен студенттерге берілген тегін жатақханада тұрып жатқан студенттермен де кездесті.

«БАРЫҢМЕН БӨЛІС!» Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі өз жұмысын бастады. Бұл шара қатарынан 3 жыл бойы жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында көптеген мұқтаж жанға көмек көрсетілді. Биылғы ақпан айында аталмыш қызмет тек І және ІІ топтағы мүгедек 25 отбасы мүшелеріне азық-түлікпен көмек көрсетті. Оларға арналған пакетте ұн, шай, май, қант, күріш және дайын кеспелер секілді ең қажетті азық-түліктер қамтылған. Бұл шараға Мәшһүр Жүсіп мешітінің жастар ісі бөлімі мен қыздар және әйелдер секторы атсалысты. Олар жүру мүмкіндігі шектеулі 6 отбасына өздері жеткізіп беріп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысып қайтты. Сонымен қатар, «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі баспанасы өртеніп, 5 қызымен далада қалған мүмкіндігі шектеулі Ризабек есімді азаматтың отбасына Жұма нама-

зына жиналғандардың қолдауымен 272 000 теңге ақшалай көмек көрсетті. Сондай-ақ, Алматы қаласынан білім алуға баратын жас шәкірттің жолына да қаржылай демеу жасады. «Барыңмен бөліс!» қызметін ұйымдастырушылардың есебі бойынша ақпан айының өзінде мұқтаж отбасыларға ақшалай және азық-түлікпен 500 мың теңгеге жуық көмек көрсетілген. Аталмыш шарада көмек алған жандар Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің «Барыңмен бөліс!» қызметін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.

Бетті әзірлеген - Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ.


ӨНЕР

www.saryarka-samaly.kz

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

7

ЕСТЕЛІК Суретші. Өнер саласында өзінің өміршең өрнекті орны бар осы бір ғажайып өнер иелерімен балалық шағымда қолыма тиген «Батырлар жырында» басылған Сидоркиннің ғажайып суреттері арқылы таныстым. Тіпті, ол кезде одан басқа да көптеген қылқалам шеберлері бар екенін білмейтін едім. Бертінде ғой Ә.Қастеевті, О.Таңсықбаевты, Г.Ысмайлованы, тағы басқаларын, газет- журналдардағы олар туралы жазылған мақалаларды арагідік жарияланған суреттерін көзім шалған. Соның өзі бала көңіліме өшпестей із салған. Суретшілер туралы өмірге әкелген өлмес өршіл шығармаларын танып білсем деген беймәлім талпыныс санамды билегені тек...

«Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» демекші, Баянауыл ауданының Большевик колхозының қойшысының қара сирақ ұлына ондай мүмкіндік қайдан туа қалсын? Бәрі тәтті арман, ұшы-қиырсыз қиял болып қала береті н. Содан да болар, Мәскеуге табаным тиген тұста қасымдағылардың қарсылығына қарамастан, Бородино Понарамасына ат басын тірегенім. 1812 жыл француздарымен орыстардың соғысы өртенген деревня, қызыл қанға боялып, о дүниеге аттанғандар. Аттан құлап бара жатқан француз офицері осының бәрі суретшілердің қылқаламының құдіретімен дәл сол сәтте көз алдымда өтіп жатқандай әсер еткен. Суретшілердің шеберлігіне, өнер құдіреті мен шексі здігіне таң қалдым. Сол сәт қасымдағылардың кірпіктеріне ілінген мөлдір тамшылар мені қатты таңқалдырды. Өйткені олар күні кеше пролетариаттың ұлы көсемі Лениннің мавзолейінде болып, оның бальзамданған мүрдесін көргенде, мұншалықты сезімге бой алдырмаған еді... Павлодарда да ел таныған суретшілер баршылық. Біразымен әртүрлі жиындарда кездесіп, кейде тіпті сапарлас болған кездеріміз де жоқ емес. Солардың арасында менің бейнемді кескіндеген – Бота Машрапов. Жергілікті композитор Назымбек Дүкенбай екеуміздің балаларға арнаған әндерімізге жергілікті қылқалам шеберлері Ә.Игембаев, Ө.Шұранов, бала санасына қонымды, әдемі де әсерлі суреттер салған. Бірақ солардың бірде-бірі шеберханаларына, қалада өтетін көрмелеріне шақырған емес. Мен де ықылас таныта қоймадым. Тек сол күндердің де көзден бұл-бұл ұшқаны қашан. Жас ұлғайып, жетпіске иек артқан тұста мұны айқын сезіндім. Әртүрлі жиынға, кездесулерге шақыру сиреді. Бірде ұйымдастырушылар шақыруды ұмытып кетсе, кейде денсаулық, шіркін, сыр берді. «Патша Құдайға бәрі де оңай» деген осындайдан шықты ма екен? Күндердің күнінде «Атабаба ізімен» экспедициясын ұйымдастырушы П.В.Белековпен ілескен суретші В.Ф.Поликарпов пәтерімнің есігін қақты. Менімен

Суретші в о п р а к и л По

«

...Ал мен болсам байтақ далаға

деген шексіз құмарлықты, құштарлықты ақын Павел Васильевтің жырларынан, археолог Кемел Ақышевтің: «Құдайдың өзі маған сыйға тартқан сыны көрінетін» өлшеусіз өмір үлгісінен алдым.... танысқаннан кейін діттеген шаруаларын жайып салды. Сонымен қатар, ол аталған экспедицияның бағдарламасын қолыма ұстатқан. Бірнеше Павлодар тұрғындарынан тұратын шығармашылық топ біздің даңқты жерлесіміз ақын Павел Васильевтің отбасының

«

тарихи өмір эпизодтарын жаңғыртуды семья басы Николай Корнилович Васильевтің Сандықтас станциясындағы училищеге директор болып тағайындалған тұсынан бастауды жоспарлаған. Ал олар Сандықтасқа 1913 жылдың жазында көшіп келген болатын.

Бұл елді мекен Павлодардан 600 шақырымға таяу. Бағдарламаның негізгі мақсаты: ат-арбалы экипаж жабдықтау, Васильевтер өткен жолмен жүріп өту, шығармашылығын насихаттауға саяды. - Сі з ақын Павел Васильевті ң өлеңдерін аударып, жинаққа енгізген екенсіз. Кітап бар болса, соның бір-екеуін сатып алсақ деген едік. Менің: - Павел Васильев кімдеріңіз еді?- деген сауалыма жерлесіміз: - Орыстың ұлы ақыны, - деді, мен оларды іштей қайталап: - Негі зі нде орыста ұлы ақынжазушылар аз емес қой. Ал мынадай іздеушілері, қолдаушылары тұрғанда орыс әдебиетінің ұлы қайнары мәңгі де суалып, сарқылуы мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Менің ойымды Поликарповтың: - Ақын шығармашылығына тікелей қандай қатысың бар екеніне келер болсам, - деген сөзі бөлген. - Мен ол кі сі ні ң өлеңдері тақырыбына 1986 жылдан бері сурет салумен келемін. Олардың көпшілігі көптеген басылымдарға басылды, - деп Республикалық «Простор» журналының 1991 жылғы №3 санын ұсынды. Әлде мен ақын өмі рі ні ң соңғы сәті нде алыстағы қазақ даласын Ертіс өзенін оның тайдай тулаған толқынын сол өзеннің жағасында мәңгілік орын теуіп, қазақ-орыс, тағы да басқа ұлт өкілдерінің құтты мекені, алтын бесігіне айналған сол тұстағы жұпыны Павлодар қаласын есіне алды ма екен? - деген ойға берілгем. Ал оны павлодарлық шығармашылық иелерінің ұмытпағаны хақ. Бұған айғақ көп. Бұл арада оның атымен аталатын мұрағат, ескерткішті, өткі зі лі п жататын әр түрлі шараларды айтып жатпадым. Ойыма ақын Ольга Григорьеваның мына бі р өлең шумақтары оралды: Қиналмай жүзіп өтем өмірдің өршіл өзенін, Ойлаған болар қияметіне тірлік төземін. Жолын тосқан қаскөйлерді күтіп сәтті кезеңін, Қан жоса қылып бейкүнә жұртты сан қырған. Су астының ағыстарын иірімдерін білсе де, Сезбеген ол келесі сәтте боларын кім құрбан. Алыстағы Мәскеуде ұялы қасқыр ұлыған, Таларын өзін, Жалт берерін асау тағдыр антұрған. Осы шумақтарда жазықсыз жапа шегіп, қуғын көрген ақын трагедиясы айқын көрініс тауып тұрған жоқ па?! - Ал Виктор Поликарпов Павел Васильев байтақ даланы шексіз сүйген, оны өз жырына арқау еткен, оның тұрғындарының талайсыз

тағдырына қатты қынжылған. Ал мен болсам байтақ далаға деген шексіз құмарлықты, құштарлықты ақын Павел Васильевті ң жырларынан, археолог Кемел Ақышевтің: «Құдайдың өзі маған сыйға тартқан сыны көрінетін» өлшеусіз өмір үлгісінен алдым. - Ғапу етерсіз онда сіз... - Сөзіңізді түсіндім тек жай таныс-біліс қана емес, кезінде Ақышев ұйымдастырған «Отырар» экспедициясына қатысу бақытына ие болған едім. Тіпті, қол астында жұмыс істедім. - Мүмкін болса, өміріңіздің осы кезеңіне толығырақ тоқталыңызшы. - Ол кезде мен Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің студенті едім. Жазғы демалыста экспедиция жұмысына суретші реті нде атсалыстым. Ақышев сол кездің өзінде Қазақстанның әйгілі археологы болатын, соған қарамастан, менің бір жағы шеберханама, бір жағы жатын тұрағыма айналған шатырыма арнайы келі п: «мені ң қазба кезінде табылған заттар бойынша жасаған сызбаларыммен қызыға танысып, сан рет бағалы кеңес бергені есімде қалыпты. Мұндайда ол өзін өте қарапайым ұстайтын. Сенің пікіріңді жалықпай тыңдауға әзір еді. Міне, мына суреттер сол тарихи кезеңнің олжасы», деп қолындағы альбомын ұсына берді. Ал ақын Павел Васильев пен археолог Ақышев санама сіңірген ұшы-қиырсыз далаға деген шексіз махаббат мені мәңгілік Павлодарда тұрақтап қалуыма себеп болды. Оның қаладағы Багаев атындағы мұражай құруға атсалысушылардың бірі екенін жұрттың бірі білсе, бірі біле де бермес. Тіпті, оның ұзақ өмірінде тындырған істерінің бірі ретінде ғана қарауға да болар. Тек оның мына бір пікірі... - Сіз - деді ол маған назарын тіктеп. - Багаев тек кедейлерді ғана суретке түсірген дегенге сенесіз бе? Жоқ, бұл тіптен де олай емес. Ол орыс кулактарын, қазақ байларын да суретке түсірген. Олардың арасында осы аймаққа белгі лі адамдар да аз болмаса керек. Тек соны кеңесті к солақай саясат мәңгілік жойып жіберді,деді ол. Сурет өнері нде өзі нді к і зі бар «Павел Васильевтің өлеңдері» тақырыбына Павлодар өңірінде тұңғыш қалам тартқан суретші П.Васильевтің өлеңдерін жатқа оқып, облыстық радиодан бірталай тартымды хабарлар ұйымдастырған публицистикалық жазбалардың авторы. Ал оның «Баянауыл» тақырыбына салған суреттері менің туған жерге деген балалық, мәңгі лі к махаббатымды одан әрі арттыра түскендей еді. Онымен ұзақ әңгімелестік. Мен осы бір өнердің әр саласын шебер меңгерген жұдырықтай жүрегінен П.Васильевке, Ақышевке, қазақ даласына мәңгілік орын берген солар арқылы қазақтарды құрмет тұтқан В.Ф.Поликарповпен, міне, осылай таныстым.

Сүлеймен БАЯЗИТОВ,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.


8

ИНФОГРАФИКА

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

www.saryarka-samaly.kz

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы (қаңтар, 2017 жыл)

Халық саны - 759,2 мың адам

Қалада тұратындар саны -

535 мың адам

Ауылда тұратындар саны -

223,7 мың адам

Орташа жалақы

134 мың теңге Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер - 129,8

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі -

Құрылыс көлемі -

мың адам

Жүк айналымы -

5,9 млрд. теңге

2.5 млрд. текше метр

0,9 млрд. теңге

Бөлшек сауда айналымы -

21,7 млрд. теңге Импорттың үлесі

451,9 млрд. доллар 568,2 млрд. доллар

Облыстық статистика департаменті мәліметі бойынша әзірлеген -

Мереке АМАНТАЙ.


4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

Жата-жастана жазған - Алпысбай Әйелдер тірегі ғой Бүкіл бар адамзаттың. Солар аспанға көтерген, Ақ туын махаббаттың. – Махаббат деген не? – десе, – Әйелдің өзі! – дер едім. – Ләззат деген не? – десе, – Әйелдің сөзі! – дер едім. – Ең күшті нәрсе не? – десе, – Әйелдің әмірі! – дер едім. Әйелдердің барлығын: – Жердегі Тәңір! – дер едім.

Сенің көзің...

Атам заманнан бері адам мен табиғат - егіз ұғым. Соның ішінде көктем мен әйелдің ажырамастай ұқсастығына таңданған талай жігіттің тілі таңдайына жабысып қалғандығын білесіз бе? Гүл көктемнің ауа райы түсініксіз. «Түске дейін – мүйіз, түстен кейін – киіз». Қазір

й е д м е т өк , р е л i т к өрi

Керекелеріѕізбен! Иә, дәл осылай деу әрбір ер азаматтың міндеті деп білемін. Ешқандай да әзілсіз Әзілхан Нұршайықов ағам бір ауыз өлеңге әйел затының бар қасиетін сыйдырған. Сіздерді қайдам, өз басым қайда барсам да, бірінші болғанды қалап тұрамын. Тіпті, банктен несие алсам да, қарызымды қайтарып салсам да кезегім келгенше нервым ойнап, зығырданым қайнап кетеді. Жарайды, несиені қоя беріңізші, айтпақшы, қыстан аман шыққан барлық әдемілік атаулыны жекешелендіріп алған аққу мойын аруларды, күлкісі күміс теңгенің сыңғырындай жеңгелерді, ақ жаулықты аналарды, әсем-сұлу әпкелерді, қиғаш қас қарындастарды келе жатқан төл мерекелерімен елден бұрын бірінші болып құттықтаймын!

аспанды қара бұлт торласа, бұлттан шыққан күннің ащылығы жаман әйелдің тіліндей. Қысқасы, көктем мен әйел затын түсіну үшін үлкен жүрек керек. Көктем жылы мен суықтың, махаббат пен зұлымдықтың арпалысқан сәті. Ендеше, гүл көктемдей құлпырған әсем жандар. Ажарларыңыз солмай, қыпша белдеріңіз толмай, ерлеріңізді еркелетіп, көңілдеріңізді көркем етіп, өмірлеріңізді ғаламат қып, барға қанағат қып келер жылдың сегізінші наурызына дейін туған күйеулеріңізден үш жүз алпыс бес гүл алып құрбыларыңызға мақтанып отыратын күнге жетіңіздер! Келе жатқан мерекелеріңізбен!

Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ.

Әйелімді сатамын

БҰЗЫЛЫП (әйелім естімесін), яғни ауырып жатқан әйелімді запчасть ретінде сатамын. Мінезіне капремонт қажет. Артық доңғалақтары, ой-б-у-у қара домалақтары жоқ. Ұрыс кезінде моторы тез от алады. Сөндіру қиын. Короткий замыканиесі ұстаса, талып қалады да, радиатор-аузынан көбік шашады. Қатын – 1972 жылғы. Қыз кезінде в масле алғам. Корпусы кең. Базарға жүк тасуға жарайды. Түр-түсі «шоколадный». Багажы дутый. Облицовкасы нетолау демесеңіз, жалпы моторы жақсы. Ұзындығы – бір де жетпіс. Ені – бір де қырық. Салмағы – таза таразымен тартқанда - 180 кг. Спирт, коньяк, вино, сыра және сүт қосылған шаймен, кей-кейде қара сумен де жүре береді. Бағасы – қалыңмалдан көп төмен. Басқа варианттарға да көнуім мүмкін (Құтылсам болды). ЕСКЕРТУ: Бір сатылған соң қайтып алмаймын. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Алатын адамның запасной жүрегі болғаны абзал.

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ,

«Мынауың жынды екен» кітабынан.

Қисық айна

м

САРЫАРҚА САМАЛЫ

45 кг

алтыным

Оң қолыменен аялап, Сол қолыменен «ұратын». Бәйгеге басын байлап ап, Ұнатты сені «ұлы ақын». Ұлылық күттің сен одан, Жылылық күтті ол сенен. Дүниенің бәрін сол адам, Сенімен ғана өлшеген. Дүниедегі ең тәтті Тіліңнен сенің айналдым. Дүниедегі ең қатты Діліңнен сенің айналдым. Біздерге бекер күледі ел, Бір сүйіп көрсе кім егер... Қызыға білу - бір өнер, Қызғана білу - ұлы өнер. Қылығым неткен ерсі еді, Қылпылдап неге тұр ішім?! Қызғанбай жүрсем мен сені, Қыз деген атың құрысын! Күні ертең құның қашпасын, Қалмайын, қалқам, құр мақтап. Бақыттан бағаң асқасын, Барасың күнде қымбаттап. Раушан-көңілің солмаса, Сезімді екі етпейін. Өз басың қымбат болмаса, Көз жасың сенің - көк тиын... Көзіме көк мұз қататын, Көрмесем сені жарты күн. Қойныма басып жататын, Қырық сегіз келі алтыным!!! ...Білмеймін, өзім мыспын ба?! Бісміллә дейін, бісміллә... Алмас ТЕМІРБАЙ.

Шынымен қатты ғашық болдым. Көздеріне. Қараумен болдым. Жанарына жанарым байланды да қалды. Мойылдай қап-қара. Тұңғиық. Терең. Батып бара жатқандай болдым. Қарманғым да келмеді. Батсам батып-ақ кетейінші дедім. Тірі болсам түбі бір шығармын, қазірше батсам батайын-ақ деп шештім. Қарсы алдында отырған адам өзінің көзінен көзін алмай отырса кез келген адамның мазасы қашады ғой. Ол да ыңғайсызданды. – Қарамаңызшы, – деп жымиды. – Қарағым келеді, – дедім, қасарысып. – Жоқ, дұрысында, қарай бергім келеді, – дедім жалынғандай болып. Күлді. Кірпік қаққаны қанымды ішті ғой. Кірпік қаққанында көзіжұмылып барып, қайта ашылғанша шын мәнінде жарым секунд қой. Ал сол жарым секунд маған ұзақ болып көрінді. Көзін жұмбаса екен, кірпігін қақпаса екен деп тілеумен болдым. Менде сезім бар екен, менде жүрек бар екен. Қуандым. Қарап отырып өлең жазғым келді. Құдай-ау, мен өлең жазбағалы қай заман. Енді мүлде жазбайтын да шығармын деп жүргенмін ғой. Жазғым келді. Бірақ ешкім жазбаған жыр жазуым керек деп талап қойдым. «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман», – деп Мұқағали жырлаған. «Көздеріңе ғашықпын» деп Ұлықбек аға жазып тастаған. «Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір», - деп Қайрат Нұртас күн сайын қақсап жүр. Тағы біраз көз туралы өлең-жырларды түгендеп шықтым. Менікі олардан өзгеше болуы керек. Өйткені мен ғашықпын. Қайратқа ұқсап қайталап айтамын, қызға емес, сол қыздың бір мүшесіне ғана, яғни, көзіне ғана. Ғашықпын. Ал мынандай ғашықтықтан ұлы өлең тууы керек. Ақыры жаздым. Өте әдемі өлең туды. Ойымдағыдан жоғары деңгейде жазылды. Бірақ ертеңгі күні ешкімге оқытпастан жыртып тастадым. Өйткені әйелімнен естідім, оның көзіндегі линза екен... Қап-қара линза салдырып алыпты ғой. Не боп барады өзі?

Езутартар

Бейбіт САРЫБАЙ.

Бiр автобусқа екi қы Сөйтсе бiр қы з қатар отырады. здың тiлi келмейдi «р» - ға екен. Ол қыз не iстеймiз?» «Ажар, үйдегi өрiктi дегендi «А не iстеймiз?» жал, үйдегi өлiктi - дептi. - Шiрiмей тұр Ажар: ғанда ұсақт қайнатайық. ап турап, Кейiн асықпай жей деп жауап бе мiз ғой! редi.

теңге берші. - Мам, маған кешке 1000 шта өседі деп - Жоқ, сен не, ақшаны аға ойлайсың ба? ? - Ал ақша неден жасалған .. ан. - Қағазд - Қағаз неден жасалған? - Тыныш отыр.

Мейрамханада қатар отырған екеудің бірі екіншісіне: - Сіз мені шанышқыңызбен шаншып қалдыңыз, - деп ренішін білдірді. Сонда көршісі, инабатты кісі көрінеді, былай деп кешірім сұрапты: - Кешіріңіз! Сіздің шынтағыңыз менің тәрелкемде жатқан соң ет екен деп қалғаным болуы керек...

- Үйленгеннен кейін сенің барлық қиыншы лықтарың мен мұң-уайымыңды бірге көтерісемін, - деп уәде берді қалыңдығ ы. - Сөзіңнен айналайын, бірақ менде ешқандай қиыншылық та, мұң-уайым да жоқ. - Үйленгеннен кейін де п тұрмын ғой.


10

МЕЗГІЛ

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

www.saryarka-samaly.kz

ТАҒЗЫМ

Ардагерлермен кездесу

Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Ауған соғысының ардагерлері А.Бердиевпен және К.Әміровпен кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты - жиналғандарға өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Сондай-ақ, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Кездесуде ардагерлер көңілге қаяу түсірген сол бір күндерді еске алып, естеліктер айтты. Кеш барысында оқырман қауымға Ауған соғысы жайында кітаптар

мен соғыста қайтыс болған 36 павлодарлық жауынгердің суреттері бойынша көрме бойынша ұсынылды.

А.ҚОЖАХАНОВА, Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың бөлім басшысы, Павлодар қаласы.

ЖОБА

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды. Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан кейін – Заң) өзгерістер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді http://10.61.43.123/rus/docs/Z050000036_2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ, халықаралық және шетелдік ҮЕҰ филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті органға (Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі) өзінің қызметі туралы мәлімет жібереді. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметтері туралы мәліметті жіберуі және олар туралы Дерекқорды қалыптастырудың қағидасы (бұдан кейін – Қағида) Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілді (http://10.61.43.123/rus/docs/V1600013355). Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-б. 5 тармағына сәйкес, Қазақсатан Республикасының аумағында қызмет ететін мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор түріндегі үкіметтік емес ұйымдар, ассоциация (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ бұл Заңның 17-бабымен қарастырылмаған өзге ұйымдастырушылық-құқықтық форма түрінде құрылған шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (жекеленген бөлшектер) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өзінің қызметі, соның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), меншік құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы құзыретті орган бекіткен тәртіпте қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәлемет беруі тиіс. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен №51 бұйрықпен бекітілген осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсынылады: - 2017 жылғы 31 наурызға дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) - 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының http:// infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсына алады. Интернет-порталға ХҚКО алынған ЭЦҚ көмегімен кіруге болады. ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде ҮЕҰ порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Қолданушының нұсқаулығымен таныса алады. ҮЕҰ деректерінің тізілімі http://www. register-ngo.kz сайты күші жойылған. Осылайша, есепті ақпарат толтырылған кестенің екі нұсқада – қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады. Жалпы нысан 3 тараудан тұрады: Жалпы мәліметтер, Қызмет туралы мәліметтер және Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер.

Анықтама ретінде: Қағидаларға ҮЕҚ Дерекқорына есеп беру нысанын толтыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсыну бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар әзірленді. Бұл құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігінің http://www.din.gov.kz/rus/baza_npo сайтында табуға болады. Нысанды толтыру барысында үкіметтік емес ұйымның басшысына белгілі бір құжаттар тізімі: ұйымның жарғысы, құрылтай құжаттары, ұйым басшысының паспорттық және байланыс деректері, ұйымның филиалдары мен өкілдіктерін (бар болған жағдайда) тіркеу туралы мәлімет, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бекітілген жобалық өтінімдер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы келісімшарттар, гранттық келісімдер және т.б. есептік мерзімі бойынша – 2016 жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (бар болған жағдайда) құқық белгілеуші құжат қажет болады Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналатынын атап өткен жөн. Осылайша, 2017 жылдың наурыз айының жағдайы бойынша 2016 күнтізбелік жыл есептік мерзім болып есептеледі. Тиісті тарауға сай ҮЕҰ 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған жобалар туралы ақпаратты белгілейді. Маңызды: үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорында болуы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» №648 бұйрығына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау өткізу аясында ықтимал жеткізуші ұсынған техникалық сипаттаманы бағалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 413 бұйрығына сәйкес ҮЕҰ грант бөлу кезінде міндетті. Бүгінгі таңда «ҮЕҰ Дерекқоры» интернетпорталы әзірленді. Қазір портал сынақтық режимде жұмыс істейді. Интернет–порталды жалпыға ортақ қолдануға енгізгеннен кейін ҮЕҰ жыл сайын өз қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың жеке кабинетіндегі Үлгіге сәйкес жаңартып отырады деп күтілуде. Қажет ақпаратты алу үшін «жедел желі» телефондарына жүгінуге болады: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47, 74-05-43. Сонымен қатар, ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің электрондық мекен-жайына жібере алады: 74-04-28@ mail.ru. Азаматтық қоғам істері комитетінің құрамындағы ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жауапты. Әкімшілік жауапкершілік: Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған шешім қабылдайды (489-1 бап: 1 тармақ – ескерту; 2 тармақ – қайталама бұзу – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе 3 ай мерзімге уақытша жұмысын тоқтату).

АНАҒА Баға жетпес асылсың сен, данасың, Жүрегімен жылытар жан баласын! Мақтанышым, өзің ана, қашанда, Дем береді сенің бір көзқарасың! Әлемдегі асыл сүттің иесі, Адамдардың ішіндегі киесі. Сәби жүрек лүпілдейді өзің деп, Ал сен мені одан қатты сүйесің!

Аялы ана, ардағымсың жүректе, Сенсің менің көкірегіме гүл еккен. Қуанышың шалқи берсін жүзіңде, Жыр арнаймын осы нұрлы тілекпен!

Кәмила НЫҒМЕТУЛЛА,

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 6 «Б»-сынып оқушысы. (230)

Павлодар қаласында 2017 жылғы 4-8 наурыз күндері өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар 4-14 наурыз сағат 10.00-де ЖОО спортзалдары

Жоғары оқу орындарының 46-спартакиадасы аясында баскетбол ойынынан қалалық турнир.

4 наурыз сағат 15.00-де Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығы

Мерекелік концерт.

5 наурыз сағат 10.00-де «Батыр» БЖСМ Ломов к-сі 140/1

Қалалық ГТФ бойынша таэквондодан ашық турнир.

5 наурыз сағат 12.00-де №7 балалар кітапханасы

«Анаға күлкі сыйла» атты әдеби-музыкалық композиция.

6 наурыз сағат 13.00-де №7 балалар кітапханасы

«Кішкентай ханшайымдар» атты ойын-сайыс.

6 наурыз сағат 13.00-де №4 көпшілік кітапханасы

«Ананың жүрек жылуы» атты отбасылық мереке.

6 наурыз сағат 14.00-де Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығы

«Бақытқа шақырғанда» атты Халықаралық әйелдер күніне орай қарттарға арналған демалыс кеші.

6 наурыз сағат 16.00-де Естай атындағы мәдениет сарайының кіші залы

«Мейірімді әже, аяулы ана, асыл жар» әдеби-музыкалық кеш.

7 наурыз сағат 15.00-де Қ.Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығы

«Весна на заречной улице» кинофильмі.

7 наурыз сағат 11.00-де орталық балалар кітапханасы

«Армысың, әжелер мен аналар мейрамы!» атты мерекелік әдеби-музыкалық композиция.

7 наурыз сағат 11.00-де №2 балалар кітапханасы

«Ең сүйкімділер: әже, ана, әпке-қарындастар» атты кітап көрмесі, әңгіме.

7 наурыз сағат 11.00-де №5 балалар кітапханасы

«Өмір мен қуаныш сыйладың» атты ертеңгілік.

7 наурыз сағат 11.00-де №6 балалар кітапханасында

«Аяулы аналар үшін!» атты әдеби оқыту сабағы.

8 наурыз сағат 14.00-де Естай атындағы мәдениет сарайы

«Аяулы анам» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік бағдарлама

8 наурыз сағат 19.00-де Естай атындағы мәдениет сарайы (ақылы)

Қазақстан эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртастың концерті

66-15-40 ЖАРНАМА 65-12-75 «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ Теміржолшылар кентінде және Кенжекөл ауылы аумағында орман қоры жерлерін елді мекен жерлеріне ауыстыру жобасын қарастыру бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ, тел.: 8 (7182) 32-36-97 - қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы қоғамның ақпаратқа қол жеткізуіне жауапты жергілікті атқарушы орган. Мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізетін орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті. Тапсырыс беруші - Павлодар қаласының әкімдігі, «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ, тел. +7-7182-65-24-08. http://www.tabigatpv.gov.kz/ сайтында мүдделі қоғамның пікірлерін есепке алу жөніндегі жоба материалдары үлестірілген. Тыңдаулар 24.03.2017 ж. сағ 15.00-де келесі мекенжай бойынша: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 415-кабинетте өткізіледі. Жоба материлалдарымен қағаз түріндегі нұсқасымен келесі мекен-жай бойынша танысуға болады: Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 320-каб. Жоба материалдарының электронды түрімен келесі мекен-жай бойынша танысуға болады: ozo.pavlodar@mail.ru. Анықтама телефондары: 8 (7182) 65 24 08.


ХАБАРЛАМА

www.saryarka-samaly.kz

Конкурсты өткізу туралы хабарлама Конкурс ұйымдастырушысы: «Павлодар облысының кәсіпкерлік,

сауда және туризм басқармасы» ММ Орналасқан жері: Павлодар қаласы; пошталық мекенжайы: Ленин көшесі, 61; электрондық поштаның мекенжайы: kense.dpp@ pavlodar.gov.kz; байланыс телефоны: (718-2) 32-30-42, 65-30-69 Конкурстың мәні: «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттарды (жеке бизнесту құруға арналған) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға беру. Конкурстың формасы: ашық конкурс. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді берудің орны: Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 61, каб. 101 а Конкурстық құжаттаманы ұсынудың тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайы бойынша құжаттарды бекітілген нысан бойынша немесе конкурстық құжаттаманың толық пакетін жеке, пошта арқылы немесе өзіннің уәкілді өкілі арқылы ұсынады. Құжаттаманы ұсынудың мерзімі: 2017 жылғы «7» наурыздан 2017 жылғы «24» наурызға дейін, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін (жергілікті уақыт). Өтінімдер беруді бастаудың күні және уақыты: 2017 ж. «7» наурыздан 10.00сағаттан бастап (жергілікті уақыт). Өтінімдер беруді аяқтаудың күні және уақыты: 2017 ж. «24» наурызға 17.30 сағатқа дейін (жергілікті уақыт). Мерзімі өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарлама және конкурстық құжаттама туралы www.dkb2020. kzwww.upt.pavlodar.gov.kz; www.damu.kz сайтынан білуге болады.

Қажетті құжаттардың тізімі:

1) Бағдарлама әкімшісімен сайтта орналастырылатын нысан бойынша Гранттарды беру жөніндегі конкурсқа қатысу өтінімі; 2) заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 3) өтініш беру күніне дейінгі 30 күнтізбелік күн алдында берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша борышкерліктің жоқ екендігі туралы анықтама; 4) Басшының қолы және өтініш берушінің мөрі (бар болған жағдайда) қойылған, өтінім берген сәтте жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама; 5) бизнес-жоба; 6) Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 курстарында кәсіпкердің қысқамерзімді оқуын растайтын құжаттың көшірмесі; 7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттардың бар болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің баға құнын растайтын құжаттар; 8) Кәсіпкердің атынан өтінімді беру құқығын растайтын сенімхат, сенімді өкілдің төлқұжаты көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға қол қойған құжат). (2018)

СІЗДЕРДІҢ ІЗГІ ТІЛЕКТЕРІҢІЗ ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖЕТЕДІ! «Халық радиосының» әуе толқынында туған күн, той иелерін радиожүргізушілермен бірге тікелей біздің студиядан құттықтай аласыз! Сіздің жүрек түкпірінен шыққан ізгі тілегіңізді бәрі естиді! Егер қуанышты толқудан сөйлеу қиын десеңіз, сіздің тапсырысыңыз бойынша қуаныш иелерін біз тікелей қоңырау шалып құттықтап, қуанта аламыз. Сіздердің «Тілек» айдарыңыз - тек қана Сіздер үшін! Алдын ала тапсырыс беру телефондары. 61-74-74, 65-05-15.

Телефондарымыз: 61 74 74, 65 05 15.

Ахметова Ғалия Фатыхқызын еске аламыз Аяулы анамыз, әжеміз, туысымыз Павлодар облысының Успенка ауданына қарасты Лозовой елді мекенінің тумасы Ахметова Ғалия Фатыхқызының бақилық болғанына 11 наурызда бір жыл толады. 1932 жылы 10 сәуірде өмірге келгеннен бері жастық шағы қиын-қыстау кездерде өтті. Жоқшылықтың ауыр салмағын жастайынан еңсере білген ол еңбек жолын жеті жылдық мектепті бітірісімен, 1949 жылы Лебяжі ауданының Ұйымдас елді мекенінде бастауыш класқа мұғалім болудан бастайды. Өзінің бойына біткен дарынының арқасында, Павлодар педучилищесіне сырттай түсіп, білім алып шығады. Білікті маман ретінде 19511956 жылдары Сталин жеті жылдық мектебінде бастауыш кластардың мұғалімі болып еңбек етеді. 1956-1986 жылдары Жаңатаң бастауыш мектебінің меңгерушісі болып, зейнеткерлікке шыққанша тапжылмай отыз жыл еңбек етеді. 1970 жылы үлгілі, озық ұстаз ретіндегі еңбегін бағалап, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған медальмен марапатталады. 1977 жылы Қазақ КСР оқу ағарту министрлігінің бұйрығымен ағарту ісінің үздігі төс белгісімен, 1980 жылы абыройлы көп жылдық табысты еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады. Ұлағатты ұстаз еңбек ете жүріп, анасы Гүлмирой Шайхутдинқызымен екі ұл, бір қызды тәрбиелеп өсіріп, бәрінің жоғары білім алуына, үйлібаранды болуына жол ашады. Қызы Гүлнар ана жолын қуып,

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

Агенттік БАҚ өкілдері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды. Байқау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған. Байқауға қатысу үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар циклдері қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді. Материалдар казақ немесе орыс тілдерінде төмендегі номинациялар бойынша қабылданады: - «Үздік телевизиялық жұмыс»; - «Үздік баспа жарияланымы»; - «Үздік интернет жарияланымы». Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын 2017 жылдың 1 маусымын

қоса алғанға дейінгі мерзімде қабылдайды. Байқаудың нәтижесі құжаттар қабылдау рәсімі аяқталғаннан кейін қорытындыланатын болады. Байқаудың нәтижесін қорытындылау кезінде келесі аспектілер ескерілетін болады: - материалдардың өзектілігі және көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі; - мәселені талдаудың жаңашылдығы мен тереңдігі, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері; - мазмұндау стилі; - авторлық тұжырымдаманы беру мәнері және дербестігі. Байқауға қатысу үшін материалдар келесі мекенжай бойынша қабылданады: 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, , Абай даңғылы, 33а, 12-қабат, 1205-кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, эл.пошта: d.duisebaev@kyzmet.gov.kz

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбындағы үздік журналистік жұмыстарға байқау (бұдан әрі – Байқау) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында өткізіледі. 2. Жеңімпаздарды айқындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (ары қарай – Агенттік), басқа да мемлекетік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді. 2. Байқауға қатысу шарттары 3. Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналисттері шақырылады. 4. Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған материалдар (бағдарламалар, деректі фильмдер, студиялық жазбалар, мақалалар, сұхбаттар) қабылданады. 2017 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері қабылданады. 5. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді. 6. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді. 3. Байқаудың өту кезеңдері 7. Байқау туралы хабарландыру. Республикалық және жергілікті БАҚ-та мемлекеттік және орыс тілдерінде Байқауды өткізу туралы хабарландыру және оған қатысу шарттары жарияланады. 8. Байқау материалдарын қабылдау. Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен

байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс. Ақпараттық агенттіктердің журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет. Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылғы 1 маусым. Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі. Байқау материалдары Агенттіктің мекен-жайына 2017 жылғы 1 маусымға дейін келіп түседі. 9. Байқау материалдарын қарау. Байқау материалдарын қарауды материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін байқау комиссиясы жүзеге асырады. Байқау комиссия ұсынылған материалдарды келесі шарттар бойынша қарайды: 1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі; 2) мәселені талдаудың тереңдігі және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға әсері; 3) мазмұндау стилі; 4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі. 10. Қорытындылау. Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік жұмыстарды анықтайтын Байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады: 1) Үздік телевизиялық жұмыс; 2) Үздік баспа жарияланымы; 3) Үздік интернет жарияланымы. 4. Байланыс ақпараты 010000, Астана қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Абай даңғылы, 33а, 12-қабат, 1205-кабинет, тел.: +7 (7172) 75-32-02, 75-34-08, сот: +77027437177, эл.пошта: d.duisebaev@kyzmet.gov.kz

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Павлодар облысы білім саласындағы бақылау департаменті қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін Департаменттің 61-82-75, 61-82-66 сені м телефондары жұмысын жалғастыруда. (2017)

Кәміш Салханқызын еске аламыз ұстаз болып 37 жыл еңбек етеді. Ұлдары Болат пен Серік ұстаздықтан заңгерлікке ауысып, зейнеткерлікке шықса да, еңбек жолын жалғастыруда. Марқұмның артында 5 немересі мен 9 шөбересі тірліктің дәмін татып, ер жетіп келеді. Сыйлаған өмір балаға, Бас имес кімдер анаға. Тәлімің мәңгі қалады Жаңғырып ой мен санада, - деп ақын жырлағандай, тәлімің естен ешуақытта кетпес.

Марқұмның жылына арналған ас 2017 жылдың 11 наурызында сағат 15.00-де Мәшһүр Жүсіп мешітінің Орталық асханасында беріледі. Еске алушылар: балалары, ұрпақтары, туыстары.

Сарыарка самалы МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

ГАЗЕТ 1979 ЖЫЛЫ «ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» ОРДЕНІМЕН, 2014 ЖЫЛЫ «АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны. 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Естай көшесі, 61-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы. s_samaIy@maiI.ru Біздің сайт. www.saryarka-samaly.kz

Бас редактордың орынбасары – 66-14-61. Жауапты хатшы 66-14-63. Әлеуметтік қорғау 65-12-74. Саясат, спорт - 66-14-64. Тіл, әдебиет - 66-14-65. Білім, денсаулық, құқық, имандылық, мәдениет, «Айналайын», «ЖАС times» 66-14-65, 66-14-64, 66-14-63. Жарнама бөлімі е-mail. s_samaIy_reklama@maiI.ru 65-12-75, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі 66-15-41. Фототілші, корректорлар 66-15-29. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 21494 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 445 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды.

Аяулы анамыз, ардақты әжеміз, Баянауыл ауданының тумасы Кәміш Салханқызы өткен жылғы наурыз айының 19 күні 77 жасында фәниден бақилыққа аттанды. Тілеуімізді тілеген, еркелігімізді көтерген, біз ауырсақ жаны бірге ауырған, көрмей қалса сағынған, көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ анамыз біздің!

Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді.

Анажан, шаңыраққа болдың пана, Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға. Амал не, жоқсыз бүгін ортамызда, Сағындық, ана, Сізді баршамыз да.

Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды.

Жан ана, ұл-қызыңның тірегі едің, Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің. Болмасаң да бүгін біздің жанымызда, Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.

Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін.

Жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдас болсын деп Алладан тілейміз.

Марқұмның жылына арналған ас 2017 жылдың 11 наурыз күні сағат 12:00-де және 14:00-де Майқайың кенті мешітінің асханасында беріледі. Еске алушылар: балалары, немере-жиендері, шөбересі. (271)

(239)

11

«Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


12

ИІРІМ

4 наурыз, сенбі, 2017 жыл

www.saryarka-samaly.kz

ЖӘРМЕҢКЕ

ЖАҢА ЖОБА! ҚАТЫСЫҢЫЗ!

«Менің тойым»

ң і т т е р у с р і Б тарихы...

Дәл осындай атаумен Жастар бастамаларын дамыту орталығында үйлену тойын ұйымдастыру мәселелеріне арналған шара өтті. Бұл шараға 92 адам қатысқан. Оның 30-ы - жас жұбайлар. Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ Үйлену тойы – кез келген адамның өміріндегі ұмытылмас сәттерге толы жарқын шақтардың бір көрінісі. Оның өтуінен тойға дейінгі дайындық қызығырақ. Мәселен, той өтетін орын, киетін той көйлегі мен костюм, тойхананың ішкі безендірілуі мен фото-видео түсірілімдері біраз талғамды қажет етері сөзсіз. Осыған орай, аймақтағы той ұйымдастыру жұмысын алғаш рет өткізіп отырған ұжымның басты мақсаты отбасын құруға ниетті жас жұбайларға көмектесу. - Жәрмеңкеге тек қана үйлену тойын өткізуді жоспарлап жүрген жастар ғана келген жоқ. Біз ежелден той тойлағанды ерекше жақсы көретін халықпыз ғой. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, қыз ұзату, атай берсек біздің халық тойлайтын тойлар тізбегі толып жатыр. Осыған орай, біз «Ақ-Асыл»,

«RosModel», «Merci», «7 небо», «Sound Rec», «Думан» және «CLIP media» сынды танымал той орталықтарының мамандарын шақырдық. Олар келушілерге өз кеңестерін берді, дейді жастар бастамаларын дамыту орталығы іс шаралар бөлімінің инспекторы Мақпал Шәкібаева. Сонымен қатар, жәрмеңкеге өңірге танымал 20-дан астам асаба мен сұлулық салондарының өкілдері де қатысты. Визажистер шараға келген қалыңдықтарды әрлесе, көздің жауын алатын кешкі көйлектер тізбегінен көрме ұйымдастырылды. Шара соңында қонақтар арасында лотерея билеттері ойнатылды. Нәтижесінде, Дамир Смағұлов «CLIP media» студиясында тегін фотосессия жасататын сертификат ұтып алса, орталықтың «Имидж» би тобы Салина Тыныбаева тойында биленетін флешмобты ұйымдастырып береді.

Наурыз келеді, әз Наурыз...

Түсінген жанға фотосурет те сөйлейді. Қазіргі өмір сүріп жатқан заманды түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек. Тіпті, қажет те. Халқымыз әр оқиғаны жүрекпен қабылдап, жүректің көзінен өткізіп үйренгені мәлім. Кей сәттері бала шақтан, үйдегі үлкендерден мұра болып қалған жеке мұрағаттағы фотосуреттерді қарап отырып, өткеннен біраз мағлұмат біліп қаласың. «Сарыарқа самалы» газеті оқырмандар арасында «Бір суреттің тарихы» атты арнайы жобаның тұсауын кескелі отыр. Оған жеке мұрағатыңызда сақтаулы тұрған жәдігерлер – сирек суреттерді шағын ақпаратпен қоса жолдап, көпшілікпен бөлісуіңізге болады. Редакцияның талап үдесінен шыққан суреттерді газет бетінде жариялайтын боламыз. Сирек фотосуреттерді (шағын ақпаратпен қоса) газеттің s_samaly@ mail. ru электронды поштасына жолдауға немесе пошта арқылы редакциямызға жіберуіңізге болады. Біздің мекенжайымыз: Павлодар қаласы, Естай көшесі, 61-үй. Анықтама телефоны: 8(7182) 66-14-61. Сіздің суреттің тарихын біз де біле жүрейік...

ТІЗГІН ҚАҒАР

Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып өрістен. Ұлыс күні кәрі-жас, Құшақтасып көріскен... Наурыз жырынан.

1. Бұл күнгі астрономиялық түсінік

2. «Көктем туды» деген не?

Қазақ есепшілері Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында тас төбеден, ал көктем туарда аспан етегінен көрініп, жазға салым мүлдем көрінбей батып кетеді дейді. Осынау «Үркердің жерге түсуі» уақыты жазғы 40 күндік ұлы шілдеге сай келеді. Үркер шоқ жұлдызын бақылауда Шумер абыздарының жұлдыз есептеу тәжірибесі мен қазақ есепшілерінің арасында тарихи сәйкестіктер бар. Мысалы, Үркер шоқ жұлдызы мен Патша шоқ жұлдыздары бірін-бірі алмастырғанда маусым өзгеретінін Шумер есепшілері жіті байқаған. Мәселен, Патша шоқ жұлдызы көкке көтерілгенде, Үркер шоқ жұлдызы жерге түседі. Біздің з.д. 6-4 ғасырларда Иран елінде «Үркер шоқ жұлдызын Патша шоқ жұлдыз алмастырған сәт - күн мен түн теңелген кез» деп есептеліп, Наурыз мейрамын тойлаған. Демек, көкте Үркер шоқ жұлдызы батпай, жерде көктем тумаған. Қазақ есепшілерінің бақылауына қарағанда «егер Үркер шоқ жұлдызы құтпанда батса, онда сол сәттен бастап Жаңа жыл жерге түсті» деп есептеген. «Үркерлі айдың бәрі - қыс» демекші, қыстың жылдам қайтуы, Көктемнің ерте тууы, жаздың тез шығуы Үркердің аспаннан ауып кетуімен байланысты болған.

Байырғы қазақтың Ғаламның жаратылысы жайындағы түсінігі бойынша о баста Дүние жаралмас бұрын кеңістікті тек ұшантеңіз су алып жатыпты. Ғаламдағы алғашқы нәрселер ілуде тек судан жаратылған екен. Сол себепті су жаратылыстың басы әрі су жаратылыстың шығу тегі болғандықтан, су барша дүниені туған Ананың құрсағы іспеттес танылған. Анасының құрсағына түскен ұрық адам баласының жаралғаннан бастап бүкіл жетілу жолын 9 ай 10 күнде басынан өткергені сияқты, жаратылуы бірнеше миллион жылдарға созылған Жаратылыстың даму эволюциясын бұ дүние бүтін бір жыл ішінде басынан кешеді. Әу баста Жаратылыстың басы судан басталмақшы. Жаңа жылдың тууы да судан, ал Жыл басы көктемнен басталады. Көктемнің негізі - су. Табиғаттың әмме заты судан жаралатындықтан, «Көктем туды» дейміз. Ал көшпелілердің тәңірлік танымы бойынша судың белгісі - Өгіз. Ата-бабалардың «сиыр судан жаратылған» деп Дүниенің төрт тұғырының бірін судың құрметіне арнап, Ұлыс күні өгіз сойған болу керек.

Ұлыстың ұлы күнінің таңы төрт түрлі болып аталады екен. Ол қалай? Қазақ бұл төртті қалай болжаған? Бұл жайлы келесі нөмірден күтіңіз! Әзірлеген - Сая МОЛДАЙЫП.

АҚСАРАЙ Есенқұл ЖАҚЫПБЕКОВ

Әйеліммен әңгіме Оқырман хаты

Шах Наурыз Тарихи деректерде Наурыз мерекесінің тойлану тарихы парсы патшалығынан бері қарай аталып өтетіндігі бізге жетіп отыр. Фердоусидің «Шахнамасында» осы Наурыз айтылады. Жыл он екі айдың бекзаты, жыл басы Наурыз жаңа жылдың келуі қай елде де ұзақ уақыт тойланып, ұлттық рәсімдер көрсетілетін болған, жұрт көңіл көтерген. Ұлыстың ұлы күнінде парсы патшасы құлдарына кеңшілік, қарамағындағыларға қайырым жасайтын болған. Бұл Наурыз парсы мемлекеті тұсында саяси мәнге айналып кеткенге ұқсайды. Араға жылдар салып, Ұлыс күн түрленіп шыға келді, бұл мереке біздің елімізде өз биігінде тұр. Жыл басы Наурыз құтты, берекелі, бірлік басы болсын, ел аман, жұр тыныш болсын, ағайын!

Зейнеш РАҚЫШ, Павлодар қаласы.

Жайлап алып жаны жылы пеш түбін, Шүңкілдесіп отырамыз кешқұрым. Демеу болар ағайын көп десек те, Сенен басқа жоқ екен-ау, ешкімім. Белің сынып кететіндей күтірлеп, Барған сайын бара жатсың бүкір боп. Менің тақыр тауқыметім тұрғанда, Саған осы өле-өлгенше күтім жоқ. Барлық жүгін әйелдің де, жігіттің, Саған ғана артып қойып жүріппін. Мен түзелер деген, сірә, үміт қой, Көздеріңнен жылтыраған бір ұшқын. Е, бәйбіше, сенде не жоқ, бәрі бар, Сынған шәйнек, тозған диван табылар. Жеті ай қыста жем жемеген сиырың, Шытыр көкке тойып өлді, жануар. Күн көрерміз, бұзаусыз да, сиырсыз, Өзі де бір өлгір еді, сыйымсыз. Бейбіт қайның былтыр берген тананы, Бұзауымен қайтарар-ау биыл күз. Е, бәйбіше-ау, сіздің көңіл биікте, Біздің көңіл қырда жүрген киікте. Қоразы жоқ қотыр тауық болмаса, Басқа малға емшегіңді иітпе. Маздап жатыр, қозғап қойшы пеш түбін, Менен басқа сенің де жоқ ешкімің. Мен бар кезде сенің де жоқ еш мұңың, «Біздің күйеу әйгілі ақын екен» деп, «Айқым біткен шулап жүр» деп естідім, Түбі менің түсініксіз байлығым, Тұқымындай көбейеді ешкінің. Бұлың-бұлың бұлдыр бұлттар ішінде, Өрге тартып бара жатыр көш жырым. Бұл өмірде сен бар-ау деп білмеген, Қателігім болса егер де кеш, күнім! Келші, жарым, Шүңкілдесіп отырайық кешқұрым.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.