7 02 2017

Page 2

2

билік. саясат. экономика

7 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Облыс әкімдігінде

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде инфрақұрылымдық дамудың 20152019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы және инфляциялық үдерістерді тежеу туралы маңызды екі мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Нұрлы Жол» бағдарламасының іске асу барысы туралы облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская баяндама жасады. Оның айтуынша, аталған бағдарлама бойынша 23 жобаны жүзеге асыруға өткен жылы 10,9 миллиард теңге бөлінді (Ұлттық қордан – 10,5 миллиард теңге, облыс бюджетінен – 0,4 миллиард теңге). Жыл қорытындысы бойынша, 10,6 миллиард теңге немесе 97,1% игерілді. Соның ішінде, 4 жоба – жылу жүйесін қайт құруға, 4 жоба – білім беру нысандарының құрылысына, 12 жоба – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, 1 жоба – индустриалды инфрақұрылымды дамытуға және 2 жоба – несиелік тұрғын үйлер құрылысына бағытталған. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша білім берудің 4 нысан жобасын жүзеге асыруға 2,9 миллиард теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Сонымен қатар, 2,3 миллиард теңгені құрайтын 3 жоба енгізілді. Атап айтсақ, Қарағанды қаласындағы 320 орындық балабақша (242,6 милллион теңге), Сәтбаев қаласындағы 600 орындық мектеп (991,7 милллион теңге) және облыс орталығындағы 1200 орындық мектеп (1016,2 миллион теңге). Жобалардың жүзеге асуы Сәтбаев қаласындағы үш ауысымды мектептің мәселесін шешті. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернатының құрылысы жалғасуда (2016 жылы – 600 миллион теңге). Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2017 жыл. Биыл бұл бағдарлама бойынша 13 жобаны жүзеге асыруға 10 миллиард теңге қарастырылуда (Ұлттық қордан – 9,8 миллиард теңге, облыс бюджетінен – 0,2 миллиард теңге). Бұған қатысты облыстың құрылыс басқармасының басшысы Бауыржан Исабаев та баяндама жасады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе – инфляциялық үдерістерді тежеуге қатысты облыстың статистика департаментінің басшысы Жанат Садықова мәлімет берді. Биылғы қаңтардағы облыстың тұтыну бағасының индексі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,9%ға жетіп, республикалық орташа көрсеткіштен 0,1%-ға жоғарылаған (ҚР бойынша 3-орын). Қаңтарда өткен жылмен салыстырғанда темекі өнімдері – 6,9%-ға, көк­өніс пен жеміс-жидек – 6,5%ға, алкагольсіз сусындар – 1,7%ға, балық және теңіз өнімдері – 1,4%-ға қымбаттады. Арзандаған тауарлар қатарында қант – 0,6%-ға, жұмыртқа – 0,4%-ға құнын шегерді. Азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,8%-ға қымбаттап, республикалық орташа көрсеткіштен тағы 0,1%-ға жоғарылады. Бұл туралы облыстың бірқатар басқарма басшылары есеп беріп, баға мәселесіне қатысты көрсеткіштерге тоқталды. Солардың қатарында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан Бекқожин, облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева, облыстың білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов және облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев болды.

Президент тапсырмасын орындай отырып... нан бөлкелерін өткізетін компьютер барлығын реттеп отырады. Пештен шыққан нанның әрқайсысын компьютер қалыптан бір-бірден көтеріп, арнайы сұйықтық бүркеді. Бұл – нанда күйіп кетудің болмауын қадағалау үшін. Батон дайындау цехы да толық автоматтандырылған. Бұл жерде оның кез келген түрі дайындалады. Батон дайындалатын қамырдың салмағын, көлемін де есептейтін робот. Дайын қамырдың бетіне тілік салып, пешке жіберетін, дайын болған өнімді пештен алатын да робот. Бұл жерде де адам еңбегін атқаратын техника. Қолмен атқарылатын жұмыс – тарату бөлімінде ғана. Логистикамен қамтамасыз ету үшін нан өнімдерін сауда орындарына таситын 65 жаңа отандық автокөлігі бар көлік цехы бар. Нан зауытының мол ассортименті нан-тоқаш және кондитер өнімдерін Қарағанды қаласының және маңайдағы Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай сияқты серіктес қалалар тұрғындарына ұсыну үшін 47 фирмалық дүкен де ашылған. Сонымен қатар, кәсіпорындағы қызметкерлерді тегін тамақтандыру да қарастырылған. Ауысымнан кейін үйіне қайтқан кез келген қызметкер өзімен бірге ыстық наннан алып кете алады. Бұл – кәсіпорын басшылығының қызметкерлеріне алғысы. Әлеуметтік қолдау шарасы аясында «Сарыарқа Нан Қарағанды» зауытының алғашқы өнімі Қарағанды қаласындағы балалар үйлеріне жөнелтілді.

(Соңы. Басы 1-бетте). Жаңа кәсіпорынға іске сәт тілейміз, – деді өз сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев. Зауытқа құйылған инвестия соңғы жылдары Қазақстан ғана емес, ТМД көлеміндегі ең ірі инвестициялардың бірі. Яғни, зауыт – Еуропа мен Азиядағы заманауи кәсіпорын. – Бұл зауыт ел үшін, халық үшін салынды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың экономика саласындағы сарабдал саясатының арқасында аз уақыт ішінде осындай ірі кәсіпорын салу мүмкіндігі туды. Бізге, кәсіпкерлерге осындай мүмкіндік ұсынған Президентімізге алғысым шексіз. Зауыт – еліміздегі инвестициялық климаттың жақсы көрінісінің бір дәлелі. Елімізде осындай кәсіпорындардың әлі де көп болатынына сенімдімін. «Сарыарқа нан зауытының» стратегиясы, мақсаты бар. Қалыптасып үлгерген кәсіби ұжым табысқа жету жолында аянбай еңбек етері анық, – дейді инвестор Ерлан Нығматулин. Қарағанды аймағын нан-тоқаш өнімдерімен толық қамтуға мүмкіндігі зор жаңа нан зауыты Германия, Италия, Словения сынды алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілердің қондырғыларымен жабдықталған. Нан өнімдерін дайындайтын мамандар да Еуропа елдерінің жетекші мамандарынан оқып үйреніп келген. Бұл жерде орнатылған құрылғылардың барлығы Мюнхен қаласында өткен ең соңғы әлемдік көрмеден сатып алынған. Тағы бір мақтанышпен айтарлық жағдай – әлемде санаулы данада шығарылған бірқатар жабдықтар да осында. Олардың біреуі Мәскеуде, енді бірі Петербургта болса, үшіншісі – Қарағандыда. Мұндағы жаңалық – нан пісірудегі барлық процесте адами фактордың болмауы. Яғни, дайын өнімге дейінгі аралықтағы барлық үрдіске машина жауапты. Маман тек осыны жіті қадағалап, бақылау, нұсқау беріп отырса болғаны. Барлық ингредиенттер компьютер

Реформа – уақыт талабы

арқылы мөлшерлеуішке келеді, ал мөлшерлеуіш барлығын реттеп, 5 тен 7 граммаға дейінгі аралықта ауытқуды байқаса, жүйе тоқтап, компьютер белгі береді және ақаулықты көрсетеді. Нан пісіретін суды тазалауға да ерекше мән берілген. Зауыт суды қалалық желілерден алатын болғандықтан, тазалаудың үш – ірі, биологиялық, химиялық кезеңінен өтеді. Кез келген кондитерлер тәтті нанды қолмен дайындайтыны санамызға сіңіп қалғаны белгілі. Ал, бұл жерде бәрі автоматтандырылған. Қолмен атқарылатын жұмыс – дайын өнімді безендіру ғана. Осы кондитерлік цехта тәтті нан пісірудің әлемдегі нөмірі бірінші заманауи құрылғылары орнатылған. Дамыған, озық техниканың барлығын осы жерден көруге болады. Кезінде кем дегенде екі цехты ұстау керек болатын Кеңестік дәуірмен салыстыра қарасақ, кондитер цехында орналасқан бір ғана шағын машина-

ның өзі жиырмаға жуық тоқаш өнімдерін дайындай алады екен. Барлығы қарапайым – нан пісірілетін қамырды да илейтін компьютер, қажет затты да мөлшерлеп, пешке жіберіп отыратын да компьютер. Адам – компьютер жұмысын реттеп, оператор ретінде ғана қызмет атқаратынын ескерсек, нан илеу процесінде бөгде заттардың кездейсоқ түсіп кетуі деген мүлдем болмайтын жағдай. Бұл – кәсіпорынның бәсекелестерінің алдындағы бірден-бір бірегей мүмкіндігі. Ал, өз өнімінің сапасына сенімді «Сарыарқа Нан Қарағанды» зауытының нан қалыптарының түбінде «С» белгісі ойылып жазылған. Яғни, сапалы өнімді басқа өнімдермен шатыстыру мүмкін болмайды. Қалыпқа салынып, 270 градустық пешке жіберілетін нан бөлкелерінің салмағымен қатар, биіктігі де бірдей болмақ. Ол тағы да сол компьютердің арқасында. Пешке жіберілер алдында барлығы бір деңгейде көтерілген

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Қазір әлем жаңа заманға аяқ басты. Экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму, қоғамдық тұрақтылық, дінаралық және этноса­ ралық татулық – барша қазақстандық үшін маңызды. Демек, әрбір қазақстандық әрбір азамат ортақ іске қомақты үлес қосуы керек. Бұл ретте мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформаларға және олардың табысты іске асырылуына мемлекеттік органдардың жауапкершілігін көтеру қажеттігін атап көрсетті. Яғни, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық телеарналар арқылы ел халқына арнаған Үндеуі билік тармақтары өкілеттіліктерін бөлісудің заман талабы екендігін айқындап берді. Елбасы өз сөзінде бірқатар өкілеттіліктердің заң шығарушы және атқарушы билік органдарына берілуі керек

екендігін атап өтті. Әрі бұл реформаның жалпыхалықтық талқылауға ұсынылатындығын тілге тиек етті. Елбасы Үндеуін қоғам өкілдері бірауыздан қолдап, реформаның Қазақстан дамуында айрықша роль атқаратындығына сенім білдірді. Жас буын өкілі ретінде айтар болсам, мұндай іс-шара тәуелсіз қазақ елінің тарихында тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл – елімізде жүзеге асырылып жатқан демократияның нақты нәтижесі де білемін. Өйткені, бұл – оңды әрі өте дұрыс шешім. Қалай десем де, еліміздің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан, бұл шешім республикамыздың дамыған мемлекетке айналуын қамтамасыз ететін қадамдардың бірі екеніне толықтай сенемін. Ұ.АЛМАС, «Жас Отан» Жастар қанаты қалалық филиалының хатшысы. Приозерск қаласы.

Елбасымыздың Үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне арналған арнайы Мәлімдемесі осы мемлекетте тұрып жатқан әр азамат үшін өте маңызды. Өйткені, біз зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастырған, унитарлы басқару формасына ие тәуелсіз елдер қатарындамыз. Біздің өз ұлтымызға тән менталитетімізбен өмір сүру салтымызбен ерекшеленеміз. Сондықтан, әлемдегі түрлі басқару формаларының моделін өзгеріссіз енгізу мүмкін емес. Дегенмен, тәжірибе жинақтау мақсатында басқару үлгілерінің кейбір ұқсастықтарын кездестіреміз. Мемлекет басқару жүйесінің бір сарынды болуы міндетті емес. Жаһандану кезеңінде бұл, әсіресе, жас мемлекеттер үшін өте маңызды қадамдар болып табылады. Жер шарының бір бөлшегі ретінде Қазақстанға да уақыт талабына сай әрекеттеніп

отыру шарт. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу үшін, тиісті заңдарға өзгертулер енгізу қажет деп білемін. Бұл бағыт – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды жаңа қарқын берер жаңа қадамдардың бірі деп танимын. Мемлекеттің заңнамалық актілері сол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тыныстіршілігімен біте қайнасатын, әр жеке тұлға өз мүддесін қорғай алатындай өз күшінде болса, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер, тек, адамның пайдасына, үлесіне болса, халық қолдады деген ойдамын. Б.ИМАНОВ, «Ақатан» шаруа қожалығының жетекшісі. ШЕТ ауданы.

Әдеп кеңесінде

(Соңы. Басы 1-бетте).

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Жуырда Жандос СӘРСЕНОВТІҢ төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста департамент басшысының орынбасары Берік Ахметов Кеңестің 2017 жылдың 19 қаңтарында берілген ұсыныстардың орындалуы туралы айтып, қаралған жеті мәселе бойынша мағлұмат беріп өтті. Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Сабыржан Даутбергеновке қатысты жүргізілген қызметтік тергеу материалдары әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында облыстың жердің пайдаланылуы мен қолданылуын бақылау басқармасына жолданды. Аталған басқарманың ақпаратына сәйкес, мекеме басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 47649 теңге көлемінде айыппұл салынды. Приозерск қаласының ветеринария бөлімінің басшысы Ботагөз Қалмурзинаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау туралы департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Дидар Смағұлов баяндама жасады. Іс-шара жоспары

71 тармақтан тұрады. Соның ішінде, әрбір мемлекеттік орган 25 тармаққа жауапты. Алайда, мемлекеттік органдардың басым бөлігі аталған тармақтардың жартысы бойынша ғана ақпарат беруде. Қалған іс шаралардың тағдыры белгісіз. Мүлде орындалмаған, немесе есептік ақпаратта көрсетілмеген. Дегенмен, аталған тармақтарды толықтай орындап, растайтын құжаттарын ұсынған мекеме де бар. Бұл – Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы. Сол сияқты, есептік ақпарат беруде үлгілік танытқан Осакаров, Шет аудандары мен Сәтбаев қаласының әкімдіктерін айтуға болады. Аталған мақсатқа жету жолында іс-шаралар жоспарының 51-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің тапсырысымен тұрғызылған нысандарға (автомобиль жолдары, тұрғын үй нысандары, саябақтар, гүлзарлар және тағы басқалар) мердігер мен нысанды қабылдаған тұлғалар (тиісті аумақтық бірліктің әкімі және жетекшілік ететін орынбасары) туралы мәлімет, нысанның кепілдік мерзімі мен жоба құны көрсетілген стендтер ұйымдастыру ескерілген. Ғимарат құрылысы туралы айтатын болсақ, қолданысқа берілген барлық нысандарда мұндай стендтер бар. Алайда, қоғам мен БАҚ тарапынан көбіне-көп қызығушылық тудыратын жол құрылысы туралы мәлімет. Жөнделген жолды қайта жөндеу қажеттілігі туралы сыни материалдарды да жиі кездестіреміз. Сөйте тұра, белгілі бір жол учаскесіне берілетін кепілдік мерзімі туралы ақпарат алу да қиындық туғызады. Сондықтан, жөнделген немесе жаңадан салынған барлық жолдарға аталған жолды салған, аяқталған құрылысты қабылдаған тұлғалар, құрылыс құны және ең бастысы – кепілдік мерзімі

туралы ақпарат көрсетілген стенд орналастыру атап көрсетілген еді. Бұдан былай, жол кепілдік мерзімінен бұрын істен шыққан жағдайда, уәкілетті орган ғана емес, қоғам мен БАҚ өкілдері де наразылық білдіре алады. Алайда, бүгінгі күнге дейін жоспардың бұл тармағы іске асырылмады. Соған байланысты, департамент аталған тармақтың орындалуы керектігі туралы Қарағанды қаласы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолда­ры бөліміне бірнеше мәрте хат жолдаған болатын. Өткен жылы 21 қазанда аталған бөлімнен қайыра хат келіп, ақпарат өндірістегі жұмыс аяқталып, қабылдау актісі әзір болғаннан кейін ғана мәлімет берілетіні айтылған. 2016 жылы 15 желтоқсанда департамент тағы хат жолдады. Алайда, бүгінгі күнге дейін жауап келмеген. Отырыс барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзудың алдын алу жөнінде атқарылған жұмыстар туралы Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов баяндама жасады. Аудан басшысы атқарылған жұмыстар туралы айтып, оң өзгерістерге тоқталды. Жеткен жетістіктерді жеткізіп, өткен жылы жүргізілген жүйелі жұмысты түйіндеді. Бұдан өзге, Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Клара Кабдуалиеваға қатысты тәртіптік іс қаралып, департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Марат Рахымжановтың баяндамасы тыңдалғаннан кейін, Кеңес мүшелерінің шешімімен ауданы әкімі аппаратының басшысына сөгіс жарияланды.

Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ауданда 647 ірі қара малы сатып алынды. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша аудан­дағы фермерлер 1085 қой жеткізген. Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасының арқасында асыл тұқымды жылқы саны 172 түлікке көбейіп отыр. Ет экспорты әлеуетін күшейтуге күш салынуда. Аудандағы шаруашылықтар былтыр 50 тонна етті сыртқа шығарған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жұмыстары қолға алынуда. Өткен жылы ауданда 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Олар – Абай ауылдық округіндегі «Алаш-Агро», Қызыларай ауылдық округіндегі «Ақжарық», Сарытерек ауылдық округіндегі «Береке-Бірлік», «Құт-Береке» кооперативтері. Алдағы уақытта осы кооперативтер аясында жеке кәсіпкерліктер жұмысын жолға қойып, жеке аулалар мен ұсақ шаруашылықтарды біріктіре отырып, мемлекеттік қолдауларды пайдалану – алдағы маңызды міндеттердің бірі болып табылуда. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында Шабанбай би ауылдық округінде кооператив ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданында көмірлі өлке үшін таңсық шаруашылықтар қолға алынуда. Соның бірі – бұғы шаруашылығы. Ауданға қарасты Кежек селолық округіндегі «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС осы

салада бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Құны – 472 млн. теңге болатын жоба он жылға жоспарланған. Туристерді тартуда да бұл жобаның маңызы зор болмақ. Бұдан бөлек, бөдене өсіру ісі өркендеуде. Тасарал ауылында 1,5 мың бөдене өсірілуде. Жылына жарты миллион жұмыртқа шығаруға қауқарлы бұл шаруашылықтың өнімін облыс көлеміндегі сауда үйлерінен еркін таба аласыз. Былтырдан бері ақтоғайлықтар қоян өсіруге дендеп кірісуде. Аудан орталығынан ферма ашқан кәсіпкер былтыр «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 2,6 млн. теңге несие алып, кәсібін дөңгелетуде. Өткен жылы Ақтоғай аудандағы Үшарал ауылында күйдіргі (сібір жарасы) ошағы анықталғаны белгілі. Бұл орайда, аудан әкімі мал дәрігерлері мен ауыл тұрғындарының малға екпе жұмыстарын жүргізу сәтінде салғырттық танытқандығын айтты. Сондықтан, өткеннен сабақ алған аудан басшылығы саладағы жұмыстарды ширатып, әр елдімекенде кем деген екі мал қорымын ұйымдастыруды қолға алуда. Халықты ауыз сумен қамтуда айтарлықтай жұмыстар қолға алынбақ. Биыл республикалық бюджеттен «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы Қарабұлақ, Ортадересін және Тораңғалық ауылдық округтерінде 672 млн. теңгеге және жергілікті бюджет есебінен Тасарал ауылдық округінде 83 млн. теңгеге су тарты-

лады. Аудан бойынша 16 елдімекен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. Аудан ішіндегі жолдар жөнделмек. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 85 млн. теңгеге Нарманбет – Айыртас бағытындағы көтерме жолдың жөндеу жұмыстарына сұраныс жасалған. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 8,9 млн. теңгеге Ортадересін бағытында және 5,1 млн. теңгеге Тасарал бағытындағы көтерме жолда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Баспасөз мәслихатында Сарышаған кенті тұрғындарының да мұңы ескерусіз қалмады. Аталған кенттің №3 шағын ауданындағы көпқабатты үйлер тұрғындары көмірдің уақтылы жеткізілмеуіне шағым айтқан еді. Аудан әкімі бұл ақпаратты растады. «Осы мәселені шешуге байла­ нысты Кузнецкий разрезімен келісім-­ шарт жасалды. Көмір теміржол­мен тасымалданатындықтан, вагондар жетіспеуі салдарынан кестеге сай жеткізілмей отыр. Әр келгенінде 5-6 вагон көмір әкелінеді. Бұл – 1-1,5 айлық отын қоры», – деді өз сөзінде аудан басшысы. Малды өңірлерде басты проблема – мал ұрлығы екені бесенеден белгілі. Ақтоғай ауданында ұрылардың жолын кесуде тиімді шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметі әр ауылда құрылған «Сарбаз» топтарымен бірлесе мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Суретте: «АК Алтыналмас» кәсіпорны.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.