Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті

www.ortalyq.kz

Көрменің басталуына

123 күн қалды

Билеттерге сұраныс мол Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Астанада өтетін Халықаралық көрменің басталуына санаулы күндер қалды. Баламалы энергия көзін баршаға паш ететін іс-шараға қатысуға бүкіл әлем мүдделі. Қазіргі күні «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сатып алу мәселесі көпті қызықтырып отыр. Жалпы, сатылымда үш түрлі билеттер бар. Мысалы, жұмыс күнге (4 000 теңге) немесе демалыс (6 000 теңге) күнге арналған билеттер сатылымға шықты. Сондай-ақ, жұмыс (6 000 теңге) немесе демалыс күнге (8 000 теңге) мезгілі ашық билеттер де халыққа ұсынылуда. Мезгілі ашық билеттерді міндетті түрде күні нақтыланған билеттерге ауыстыру керек. Бұл қызмет 1 ақпаннан бастап қолжетімді болды. Билет сататын сайттағы жеке кабинет немесе «ЭКСПО-2017» ресми кассалары арқылы көрмеге барар алдында бір күн бұрын билеттерді ауыстырып алуға болады.

Баспасөз мәслихаты

♦ СЕЙСЕНБІ, 7 АҚПАН, 2017 жыл №15 (22 322) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Президент тапсырмасын орындай отырып... Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Ақ пен қараны ажыратпастан, қазақ баласына нанның қадірін түсінуді, аяқ астына тастамауды үйретіп, дастарқанына өзге тағамдардан бірінші қойған. Сөйткен жұртымыз сенбі күні еуропалық стандартпен жұмыс жасап, нан-тоқаш өнімдерін шығаратын заманауи кәсіпорынның тұсауын кесті. Жаңа нан зауытының құрылысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Қуаты тәулігіне 75 тоннаға дейін нан, нан-тоқаш және 3 тонна кондитер өнімдерін шығаратын «Сарыарқа Нан Қарағанды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына тұспа-тұс келді. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін 3 миллиард теңге көлемінде инвестиция салынған. Жоба Қазақстан Республикасының «Бәйтерек» Ұлттық қорының, «Цеснабанк» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асты. Нан зауытының ашылуы 500-ден аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік берсе, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға да жұмыс орны қарастырылған. – Бүгін қаламызда тағы да бір жаңа өндіріс нысаны ашылып отыр. Бұл кәсіпорын – заман талабына сай келетін жаңа нан зауыты. Зауыт Қарағанды қаласын ғана емес, облыс орталығына жақын барлық елді мекендерді қамтамасыз ететін болады. (Жалғасы 2-бетте).

Төтенше жағдай

Бейсенбі күні Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат ӘБЕУОВА аймақтық коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз мәслихатына қатысты. Брифингте Ақтоғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ондағы мемлекеттік бағдарламалардың аяқ алысы туралы баяндады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарын алаңдатқан бірқатар мәселелерге қатысты пікір білдірді. Ақтоғай ауданы – аймақтағы, негізінен, ауыл шаруашылығы саласына маманданған іргелі аудан. Десек те, кейінгі жылдары өндіріс саласы да өркендеп келеді. Соның бір жарқын мысалы – «Алтыналмас» АҚ. Индустриаландыру картасы аясында 2014 жылы ашылған кәсіпорын алтын өндіруге маманданған. Аудандағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 89,8 пайызын құрап отыр. Былтыр 2068 келі алтын шығарды. Яғни, 28 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Бүгінде мұнда 517 адам еңбек етеді. Оның

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан»

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан»

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»

алпысқа жуығы – ақтоғайлықтар. Кәсіпорын да биыл да былтырғы межені бағындыруды ойластыруда. Ауданның негізгі бағыты – ауыл шаруашылығында айтар­лықтай даму байқалады. Мә­селен, өткен жылы салада өндірілген өнім көлемі 12 млрд. 216 млн. теңгені еңсеріп, жоспар 2015 жылмен салыстырғанда 129,8 пайызға орындалған. Мал тұқымын асылдандыруға баса көңіл бөлінуде. (Жалғасы 2-бетте).

4 ақпанда «Қатерлі ісікке қарсы бірге!» ұранымен Бүкіләлемдік рак ауруына қарсы күрес күні атап өтілді. Дүние­ жүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, 2013 жылы әлемде қатерлі ісікке шалдыққандар саны 14 миллион адам болған. Мұндай науқастар алдағы 20 жылда 22 миллионға жетеді деген болжам бар. Рак неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оны жеңу мүмкіндіктері де артады. Егер, тұрақты түрде скринингтен өтіп, салауатты өмір салтын ұстанып, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық таныта алсаңыз – жеңілмейтін ауру жоқ. Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының өткізіп отырған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте бастан анықтау іс-шараларына «Гиппократ» диагностикалық орталығы да қосылады. Яғни, 10 ақпан күні онкология бойынша Ашық есіктер күнінде те-

гін кеңес алам деушілерді қабылдайды. Айта кету керек, 2013 жылы «Гиппократ» диагностикалық орталығында рак ауруын отасыз емдеуге мүмкіндік беретін жабдық орнатылған болатын. Мұндай жабдық Қазақстанда және ТМД елдерінде санаулы ғана. Бірнеше онкологиялық орталықтармен келісім-шартқа отыруына байланысты, Қазақстанның кез келген азаматы онкологиялық мекеменің жолдамасы бойынша осы жерде тегін ем ала алады.

Жуырда қала жастары арасында «Болашақ белсенді жастар қолында!» тақырыбындағы пікірталас өтті. Іс-шараның жастарға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор. Дебат Карл Поппер форматы құрылымдарына сәйкес бағаланды. Талқылауға ұсынылған тақырыптар – «Елімің патриоты болу маңызды», «12 жылдық білім жүйесі», «Қазақстан жастарының мемлекет саясатындағы орны». Тақырыпты «Spies», «Парасат», «Жалын» және «Ақиқат» топтары өзара ортаға салып, пікір алмасты. Қазылар алқасы әділ төрелігін жүргізіп, шәкірттердің ой жүйріктігін, тақырыпты ашуын, нақты дәлелдер келтіре сөйлеуін, пози-

циясын қатаң ұстауын қадағалады. Нәтижесінде, «Жалын» тобына – 3 орын, «Spies» тобына – 2 орын, «Парасат» тобына 1 орын берілді. Сондай-ақ, «Мәңгілік Елдің жастары» тақырыбында 10-11 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында оқушылардың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық акт тақырыптары бойынша баяндамалары тыңдалды. Әр сыныптан оқушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, тақырып төңірегінде ой бөлісті. ПРИОЗЕРСК қаласы.

Жағымды жаңалық

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ, «Орталық Қазақстан» Жуырда «Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалы Жаңаарқа аудандық пошта байланысы бөліміне қос бірдей автокөлік сыйлады. Жалпы, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бүгінде өз жұмысын жүйелі жолға қойған. Хат-хабар, зейнетақы,

әлеуметтік төлемдер тасымалдауда тұрғындарға уақытылы және сапалы қызмет көрсету – «Қазпоштаның» басты мақсаты. Жағымды жаңалықты Жаңаарқа ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Дерекке сүйенсек, қос автокөліктің бірі – қаражат тасуға, екіншісі – пошта тасуға арналған көліктер екен. Олар аталған ауданға қарасты ауылдармен қатар, Қаражал қаласы, Жәйрем кентінің тұрғындары үшін қызмет ететін

болады. Яғни, халықтың игілігіне. Көлікті тапсыру рәсіміне «Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы Жанбота Бөкенов арнайы қатысты. Жаңаарқа ауданының пошта байланысы бөлімінің басшысы Айман Тәжитова облыстық филиалдың басшылығына алғыс айтты. Сондай-ақ, көліктердің халық игілігі үшін қызмет ететініне сенім білдірді. ЖАҢААРҚА ауданы.

Ақпан айы атына мініп, ақтүтек боранның біразды әбігерге салғаны бар. Осыған орай, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қалтқысыз қызмет етуде. Мәселен, бір тәулікте Қарағанды облысының тас жолында сексенге жуық адам құтқарылып, «жедел жәрдем» машинасы қар құрсауынан шығарылған. Жолаушылар облыс аумағындағы ауа райының қолайсыздығы туралы sms-ескертпеге қарамастан, алыс жолға шыққан. Салдарынан бірнеше көлік қар құрсауында қалған. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлғандай, апаттық-құтқару қызметі Теміртау маңында 20 адамды эвакуациялаған. Қарқаралыдан 3 шақырым қашықтықтағы тас жолда 13 адам құтқарылды. Сондай-ақ, осы ауданның Бүркітті ауылы маңында қар құрсауынан шыға алмаған жеті автомобильден 10 адам эвакуацияланған. Құтқарушылар Жаңаарқа ауданындағы Қызылорда-Павлодар тас жолында бұзылған «ВАЗ» автокөлігінде үсік шалуға аз қалған екі адамды тап­ қан. Бұқар жырау ауданының Чкалово ауылына жақын маңда 10 машина қар құрсауында қалып, 13 адам құтқарылған. Жалпы, құтқару қызметі жергілікті полиция қызметінің бөлімшесімен, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығындағы №52859 әскери бөлімімен бірге қар құрсауынан 73 адамды эвакуациялап, 6 азаматты құтқарды. Өз тілшімізден.


2

билік. саясат. экономика

7 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Облыс әкімдігінде

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВТІҢ төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде инфрақұрылымдық дамудың 20152019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы және инфляциялық үдерістерді тежеу туралы маңызды екі мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «Нұрлы Жол» бағдарламасының іске асу барысы туралы облыстың экономика және қаржы басқармасының басшысы Ольга Чернявская баяндама жасады. Оның айтуынша, аталған бағдарлама бойынша 23 жобаны жүзеге асыруға өткен жылы 10,9 миллиард теңге бөлінді (Ұлттық қордан – 10,5 миллиард теңге, облыс бюджетінен – 0,4 миллиард теңге). Жыл қорытындысы бойынша, 10,6 миллиард теңге немесе 97,1% игерілді. Соның ішінде, 4 жоба – жылу жүйесін қайт құруға, 4 жоба – білім беру нысандарының құрылысына, 12 жоба – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, 1 жоба – индустриалды инфрақұрылымды дамытуға және 2 жоба – несиелік тұрғын үйлер құрылысына бағытталған. «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша білім берудің 4 нысан жобасын жүзеге асыруға 2,9 миллиард теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Сонымен қатар, 2,3 миллиард теңгені құрайтын 3 жоба енгізілді. Атап айтсақ, Қарағанды қаласындағы 320 орындық балабақша (242,6 милллион теңге), Сәтбаев қаласындағы 600 орындық мектеп (991,7 милллион теңге) және облыс орталығындағы 1200 орындық мектеп (1016,2 миллион теңге). Жобалардың жүзеге асуы Сәтбаев қаласындағы үш ауысымды мектептің мәселесін шешті. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернатының құрылысы жалғасуда (2016 жылы – 600 миллион теңге). Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі – 2017 жыл. Биыл бұл бағдарлама бойынша 13 жобаны жүзеге асыруға 10 миллиард теңге қарастырылуда (Ұлттық қордан – 9,8 миллиард теңге, облыс бюджетінен – 0,2 миллиард теңге). Бұған қатысты облыстың құрылыс басқармасының басшысы Бауыржан Исабаев та баяндама жасады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе – инфляциялық үдерістерді тежеуге қатысты облыстың статистика департаментінің басшысы Жанат Садықова мәлімет берді. Биылғы қаңтардағы облыстың тұтыну бағасының индексі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,9%ға жетіп, республикалық орташа көрсеткіштен 0,1%-ға жоғарылаған (ҚР бойынша 3-орын). Қаңтарда өткен жылмен салыстырғанда темекі өнімдері – 6,9%-ға, көк­өніс пен жеміс-жидек – 6,5%ға, алкагольсіз сусындар – 1,7%ға, балық және теңіз өнімдері – 1,4%-ға қымбаттады. Арзандаған тауарлар қатарында қант – 0,6%-ға, жұмыртқа – 0,4%-ға құнын шегерді. Азық-түлік емес тауарлар бағасы 0,8%-ға қымбаттап, республикалық орташа көрсеткіштен тағы 0,1%-ға жоғарылады. Бұл туралы облыстың бірқатар басқарма басшылары есеп беріп, баға мәселесіне қатысты көрсеткіштерге тоқталды. Солардың қатарында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Юржан Бекқожин, облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Аблаева, облыстың білім басқармасының басшысы Асхат Аймағамбетов және облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев болды.

Президент тапсырмасын орындай отырып... нан бөлкелерін өткізетін компьютер барлығын реттеп отырады. Пештен шыққан нанның әрқайсысын компьютер қалыптан бір-бірден көтеріп, арнайы сұйықтық бүркеді. Бұл – нанда күйіп кетудің болмауын қадағалау үшін. Батон дайындау цехы да толық автоматтандырылған. Бұл жерде оның кез келген түрі дайындалады. Батон дайындалатын қамырдың салмағын, көлемін де есептейтін робот. Дайын қамырдың бетіне тілік салып, пешке жіберетін, дайын болған өнімді пештен алатын да робот. Бұл жерде де адам еңбегін атқаратын техника. Қолмен атқарылатын жұмыс – тарату бөлімінде ғана. Логистикамен қамтамасыз ету үшін нан өнімдерін сауда орындарына таситын 65 жаңа отандық автокөлігі бар көлік цехы бар. Нан зауытының мол ассортименті нан-тоқаш және кондитер өнімдерін Қарағанды қаласының және маңайдағы Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай сияқты серіктес қалалар тұрғындарына ұсыну үшін 47 фирмалық дүкен де ашылған. Сонымен қатар, кәсіпорындағы қызметкерлерді тегін тамақтандыру да қарастырылған. Ауысымнан кейін үйіне қайтқан кез келген қызметкер өзімен бірге ыстық наннан алып кете алады. Бұл – кәсіпорын басшылығының қызметкерлеріне алғысы. Әлеуметтік қолдау шарасы аясында «Сарыарқа Нан Қарағанды» зауытының алғашқы өнімі Қарағанды қаласындағы балалар үйлеріне жөнелтілді.

(Соңы. Басы 1-бетте). Жаңа кәсіпорынға іске сәт тілейміз, – деді өз сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев. Зауытқа құйылған инвестия соңғы жылдары Қазақстан ғана емес, ТМД көлеміндегі ең ірі инвестициялардың бірі. Яғни, зауыт – Еуропа мен Азиядағы заманауи кәсіпорын. – Бұл зауыт ел үшін, халық үшін салынды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың экономика саласындағы сарабдал саясатының арқасында аз уақыт ішінде осындай ірі кәсіпорын салу мүмкіндігі туды. Бізге, кәсіпкерлерге осындай мүмкіндік ұсынған Президентімізге алғысым шексіз. Зауыт – еліміздегі инвестициялық климаттың жақсы көрінісінің бір дәлелі. Елімізде осындай кәсіпорындардың әлі де көп болатынына сенімдімін. «Сарыарқа нан зауытының» стратегиясы, мақсаты бар. Қалыптасып үлгерген кәсіби ұжым табысқа жету жолында аянбай еңбек етері анық, – дейді инвестор Ерлан Нығматулин. Қарағанды аймағын нан-тоқаш өнімдерімен толық қамтуға мүмкіндігі зор жаңа нан зауыты Германия, Италия, Словения сынды алдыңғы қатарлы еуропалық өндірушілердің қондырғыларымен жабдықталған. Нан өнімдерін дайындайтын мамандар да Еуропа елдерінің жетекші мамандарынан оқып үйреніп келген. Бұл жерде орнатылған құрылғылардың барлығы Мюнхен қаласында өткен ең соңғы әлемдік көрмеден сатып алынған. Тағы бір мақтанышпен айтарлық жағдай – әлемде санаулы данада шығарылған бірқатар жабдықтар да осында. Олардың біреуі Мәскеуде, енді бірі Петербургта болса, үшіншісі – Қарағандыда. Мұндағы жаңалық – нан пісірудегі барлық процесте адами фактордың болмауы. Яғни, дайын өнімге дейінгі аралықтағы барлық үрдіске машина жауапты. Маман тек осыны жіті қадағалап, бақылау, нұсқау беріп отырса болғаны. Барлық ингредиенттер компьютер

Реформа – уақыт талабы

арқылы мөлшерлеуішке келеді, ал мөлшерлеуіш барлығын реттеп, 5 тен 7 граммаға дейінгі аралықта ауытқуды байқаса, жүйе тоқтап, компьютер белгі береді және ақаулықты көрсетеді. Нан пісіретін суды тазалауға да ерекше мән берілген. Зауыт суды қалалық желілерден алатын болғандықтан, тазалаудың үш – ірі, биологиялық, химиялық кезеңінен өтеді. Кез келген кондитерлер тәтті нанды қолмен дайындайтыны санамызға сіңіп қалғаны белгілі. Ал, бұл жерде бәрі автоматтандырылған. Қолмен атқарылатын жұмыс – дайын өнімді безендіру ғана. Осы кондитерлік цехта тәтті нан пісірудің әлемдегі нөмірі бірінші заманауи құрылғылары орнатылған. Дамыған, озық техниканың барлығын осы жерден көруге болады. Кезінде кем дегенде екі цехты ұстау керек болатын Кеңестік дәуірмен салыстыра қарасақ, кондитер цехында орналасқан бір ғана шағын машина-

ның өзі жиырмаға жуық тоқаш өнімдерін дайындай алады екен. Барлығы қарапайым – нан пісірілетін қамырды да илейтін компьютер, қажет затты да мөлшерлеп, пешке жіберіп отыратын да компьютер. Адам – компьютер жұмысын реттеп, оператор ретінде ғана қызмет атқаратынын ескерсек, нан илеу процесінде бөгде заттардың кездейсоқ түсіп кетуі деген мүлдем болмайтын жағдай. Бұл – кәсіпорынның бәсекелестерінің алдындағы бірден-бір бірегей мүмкіндігі. Ал, өз өнімінің сапасына сенімді «Сарыарқа Нан Қарағанды» зауытының нан қалыптарының түбінде «С» белгісі ойылып жазылған. Яғни, сапалы өнімді басқа өнімдермен шатыстыру мүмкін болмайды. Қалыпқа салынып, 270 градустық пешке жіберілетін нан бөлкелерінің салмағымен қатар, биіктігі де бірдей болмақ. Ол тағы да сол компьютердің арқасында. Пешке жіберілер алдында барлығы бір деңгейде көтерілген

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Қазір әлем жаңа заманға аяқ басты. Экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму, қоғамдық тұрақтылық, дінаралық және этноса­ ралық татулық – барша қазақстандық үшін маңызды. Демек, әрбір қазақстандық әрбір азамат ортақ іске қомақты үлес қосуы керек. Бұл ретте мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформаларға және олардың табысты іске асырылуына мемлекеттік органдардың жауапкершілігін көтеру қажеттігін атап көрсетті. Яғни, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық телеарналар арқылы ел халқына арнаған Үндеуі билік тармақтары өкілеттіліктерін бөлісудің заман талабы екендігін айқындап берді. Елбасы өз сөзінде бірқатар өкілеттіліктердің заң шығарушы және атқарушы билік органдарына берілуі керек

екендігін атап өтті. Әрі бұл реформаның жалпыхалықтық талқылауға ұсынылатындығын тілге тиек етті. Елбасы Үндеуін қоғам өкілдері бірауыздан қолдап, реформаның Қазақстан дамуында айрықша роль атқаратындығына сенім білдірді. Жас буын өкілі ретінде айтар болсам, мұндай іс-шара тәуелсіз қазақ елінің тарихында тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл – елімізде жүзеге асырылып жатқан демократияның нақты нәтижесі де білемін. Өйткені, бұл – оңды әрі өте дұрыс шешім. Қалай десем де, еліміздің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан, бұл шешім республикамыздың дамыған мемлекетке айналуын қамтамасыз ететін қадамдардың бірі екеніне толықтай сенемін. Ұ.АЛМАС, «Жас Отан» Жастар қанаты қалалық филиалының хатшысы. Приозерск қаласы.

Елбасымыздың Үкімет арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелеріне арналған арнайы Мәлімдемесі осы мемлекетте тұрып жатқан әр азамат үшін өте маңызды. Өйткені, біз зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастырған, унитарлы басқару формасына ие тәуелсіз елдер қатарындамыз. Біздің өз ұлтымызға тән менталитетімізбен өмір сүру салтымызбен ерекшеленеміз. Сондықтан, әлемдегі түрлі басқару формаларының моделін өзгеріссіз енгізу мүмкін емес. Дегенмен, тәжірибе жинақтау мақсатында басқару үлгілерінің кейбір ұқсастықтарын кездестіреміз. Мемлекет басқару жүйесінің бір сарынды болуы міндетті емес. Жаһандану кезеңінде бұл, әсіресе, жас мемлекеттер үшін өте маңызды қадамдар болып табылады. Жер шарының бір бөлшегі ретінде Қазақстанға да уақыт талабына сай әрекеттеніп

отыру шарт. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу үшін, тиісті заңдарға өзгертулер енгізу қажет деп білемін. Бұл бағыт – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарды жаңа қарқын берер жаңа қадамдардың бірі деп танимын. Мемлекеттің заңнамалық актілері сол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, тыныстіршілігімен біте қайнасатын, әр жеке тұлға өз мүддесін қорғай алатындай өз күшінде болса, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер, тек, адамның пайдасына, үлесіне болса, халық қолдады деген ойдамын. Б.ИМАНОВ, «Ақатан» шаруа қожалығының жетекшісі. ШЕТ ауданы.

Әдеп кеңесінде

(Соңы. Басы 1-бетте).

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Жуырда Жандос СӘРСЕНОВТІҢ төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста департамент басшысының орынбасары Берік Ахметов Кеңестің 2017 жылдың 19 қаңтарында берілген ұсыныстардың орындалуы туралы айтып, қаралған жеті мәселе бойынша мағлұмат беріп өтті. Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Сабыржан Даутбергеновке қатысты жүргізілген қызметтік тергеу материалдары әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында облыстың жердің пайдаланылуы мен қолданылуын бақылау басқармасына жолданды. Аталған басқарманың ақпаратына сәйкес, мекеме басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 47649 теңге көлемінде айыппұл салынды. Приозерск қаласының ветеринария бөлімінің басшысы Ботагөз Қалмурзинаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын орындау туралы департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Дидар Смағұлов баяндама жасады. Іс-шара жоспары

71 тармақтан тұрады. Соның ішінде, әрбір мемлекеттік орган 25 тармаққа жауапты. Алайда, мемлекеттік органдардың басым бөлігі аталған тармақтардың жартысы бойынша ғана ақпарат беруде. Қалған іс шаралардың тағдыры белгісіз. Мүлде орындалмаған, немесе есептік ақпаратта көрсетілмеген. Дегенмен, аталған тармақтарды толықтай орындап, растайтын құжаттарын ұсынған мекеме де бар. Бұл – Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы. Сол сияқты, есептік ақпарат беруде үлгілік танытқан Осакаров, Шет аудандары мен Сәтбаев қаласының әкімдіктерін айтуға болады. Аталған мақсатқа жету жолында іс-шаралар жоспарының 51-ші тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің тапсырысымен тұрғызылған нысандарға (автомобиль жолдары, тұрғын үй нысандары, саябақтар, гүлзарлар және тағы басқалар) мердігер мен нысанды қабылдаған тұлғалар (тиісті аумақтық бірліктің әкімі және жетекшілік ететін орынбасары) туралы мәлімет, нысанның кепілдік мерзімі мен жоба құны көрсетілген стендтер ұйымдастыру ескерілген. Ғимарат құрылысы туралы айтатын болсақ, қолданысқа берілген барлық нысандарда мұндай стендтер бар. Алайда, қоғам мен БАҚ тарапынан көбіне-көп қызығушылық тудыратын жол құрылысы туралы мәлімет. Жөнделген жолды қайта жөндеу қажеттілігі туралы сыни материалдарды да жиі кездестіреміз. Сөйте тұра, белгілі бір жол учаскесіне берілетін кепілдік мерзімі туралы ақпарат алу да қиындық туғызады. Сондықтан, жөнделген немесе жаңадан салынған барлық жолдарға аталған жолды салған, аяқталған құрылысты қабылдаған тұлғалар, құрылыс құны және ең бастысы – кепілдік мерзімі

туралы ақпарат көрсетілген стенд орналастыру атап көрсетілген еді. Бұдан былай, жол кепілдік мерзімінен бұрын істен шыққан жағдайда, уәкілетті орган ғана емес, қоғам мен БАҚ өкілдері де наразылық білдіре алады. Алайда, бүгінгі күнге дейін жоспардың бұл тармағы іске асырылмады. Соған байланысты, департамент аталған тармақтың орындалуы керектігі туралы Қарағанды қаласы әкімдігінің коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолда­ры бөліміне бірнеше мәрте хат жолдаған болатын. Өткен жылы 21 қазанда аталған бөлімнен қайыра хат келіп, ақпарат өндірістегі жұмыс аяқталып, қабылдау актісі әзір болғаннан кейін ғана мәлімет берілетіні айтылған. 2016 жылы 15 желтоқсанда департамент тағы хат жолдады. Алайда, бүгінгі күнге дейін жауап келмеген. Отырыс барысында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзудың алдын алу жөнінде атқарылған жұмыстар туралы Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов баяндама жасады. Аудан басшысы атқарылған жұмыстар туралы айтып, оң өзгерістерге тоқталды. Жеткен жетістіктерді жеткізіп, өткен жылы жүргізілген жүйелі жұмысты түйіндеді. Бұдан өзге, Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Клара Кабдуалиеваға қатысты тәртіптік іс қаралып, департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Марат Рахымжановтың баяндамасы тыңдалғаннан кейін, Кеңес мүшелерінің шешімімен ауданы әкімі аппаратының басшысына сөгіс жарияланды.

Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ауданда 647 ірі қара малы сатып алынды. Ал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша аудан­дағы фермерлер 1085 қой жеткізген. Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасының арқасында асыл тұқымды жылқы саны 172 түлікке көбейіп отыр. Ет экспорты әлеуетін күшейтуге күш салынуда. Аудандағы шаруашылықтар былтыр 50 тонна етті сыртқа шығарған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жұмыстары қолға алынуда. Өткен жылы ауданда 4 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Олар – Абай ауылдық округіндегі «Алаш-Агро», Қызыларай ауылдық округіндегі «Ақжарық», Сарытерек ауылдық округіндегі «Береке-Бірлік», «Құт-Береке» кооперативтері. Алдағы уақытта осы кооперативтер аясында жеке кәсіпкерліктер жұмысын жолға қойып, жеке аулалар мен ұсақ шаруашылықтарды біріктіре отырып, мемлекеттік қолдауларды пайдалану – алдағы маңызды міндеттердің бірі болып табылуда. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында Шабанбай би ауылдық округінде кооператив ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданында көмірлі өлке үшін таңсық шаруашылықтар қолға алынуда. Соның бірі – бұғы шаруашылығы. Ауданға қарасты Кежек селолық округіндегі «Ақтоғай мал өнімдері» ЖШС осы

салада бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Құны – 472 млн. теңге болатын жоба он жылға жоспарланған. Туристерді тартуда да бұл жобаның маңызы зор болмақ. Бұдан бөлек, бөдене өсіру ісі өркендеуде. Тасарал ауылында 1,5 мың бөдене өсірілуде. Жылына жарты миллион жұмыртқа шығаруға қауқарлы бұл шаруашылықтың өнімін облыс көлеміндегі сауда үйлерінен еркін таба аласыз. Былтырдан бері ақтоғайлықтар қоян өсіруге дендеп кірісуде. Аудан орталығынан ферма ашқан кәсіпкер былтыр «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы 2,6 млн. теңге несие алып, кәсібін дөңгелетуде. Өткен жылы Ақтоғай аудандағы Үшарал ауылында күйдіргі (сібір жарасы) ошағы анықталғаны белгілі. Бұл орайда, аудан әкімі мал дәрігерлері мен ауыл тұрғындарының малға екпе жұмыстарын жүргізу сәтінде салғырттық танытқандығын айтты. Сондықтан, өткеннен сабақ алған аудан басшылығы саладағы жұмыстарды ширатып, әр елдімекенде кем деген екі мал қорымын ұйымдастыруды қолға алуда. Халықты ауыз сумен қамтуда айтарлықтай жұмыстар қолға алынбақ. Биыл республикалық бюджеттен «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы Қарабұлақ, Ортадересін және Тораңғалық ауылдық округтерінде 672 млн. теңгеге және жергілікті бюджет есебінен Тасарал ауылдық округінде 83 млн. теңгеге су тарты-

лады. Аудан бойынша 16 елдімекен сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. Аудан ішіндегі жолдар жөнделмек. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 85 млн. теңгеге Нарманбет – Айыртас бағытындағы көтерме жолдың жөндеу жұмыстарына сұраныс жасалған. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 8,9 млн. теңгеге Ортадересін бағытында және 5,1 млн. теңгеге Тасарал бағытындағы көтерме жолда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Баспасөз мәслихатында Сарышаған кенті тұрғындарының да мұңы ескерусіз қалмады. Аталған кенттің №3 шағын ауданындағы көпқабатты үйлер тұрғындары көмірдің уақтылы жеткізілмеуіне шағым айтқан еді. Аудан әкімі бұл ақпаратты растады. «Осы мәселені шешуге байла­ нысты Кузнецкий разрезімен келісім-­ шарт жасалды. Көмір теміржол­мен тасымалданатындықтан, вагондар жетіспеуі салдарынан кестеге сай жеткізілмей отыр. Әр келгенінде 5-6 вагон көмір әкелінеді. Бұл – 1-1,5 айлық отын қоры», – деді өз сөзінде аудан басшысы. Малды өңірлерде басты проблема – мал ұрлығы екені бесенеден белгілі. Ақтоғай ауданында ұрылардың жолын кесуде тиімді шаралар жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметі әр ауылда құрылған «Сарбаз» топтарымен бірлесе мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Суретте: «АК Алтыналмас» кәсіпорны.


Жасампаздық жолында

7 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Елбасымыз Нұрсұлтан На­ зарбаевтың кешегі «Қазақстан­ ның Үшінші жаңғыруы: жаһан­ дық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Бес негізгі басымдық», «Маңызды кешенді үш міндет» сияқты ба­ ғыттар халық көңілінен шығып отыр. Елбасымыз осы жолы да көрегендік танытты. Жолдауда көрсетілген міндеттер мен ба­ сымдықтар арқылы дағдарыс заманында тығырықтан шыға­ тын жолды көрсетіп отыр. Әлемде түрлі өзгерістер бо­ лып жатқан заманда, қиын-қар­ балас кезеңде елімізге серпіліс беретін және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында келесі қадам болып осы жолдау табылады. Тек ең бастысы, енді осы бағыттарды жүзеге асыруда асығыстық жа­ самай байыптылық танытсақ. Асығыс істелген істің олқылау болатындығын уақыт көрсетіп отыр. Үшінші жаңғыру кезеңіне аяқ басқан уақытта мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арт­тыру арқылы оның халық­ тың қажеттілігіне, сұранысына мойын бұруына ықпал жасалуы тиіс. Елбасымыз бұл жолдауын­ да әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық, агросектор сала­ ларын да ұмыт қалдырған жоқ. Осы салаларға ден беру арқылы хал­қымыздың жағдайын тезірек жақсартуға болады. Атап айтқан­ да, денсаулық саласында шұғыл түрде барлық дәрі-дәрмектің ба­ғасын реттеу, зейнетақыны, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны 2017 жылғы 1 шіл­ деден бастап, 20 пайызға дейін өсіру, жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қам­ ту бағдарламасына қатысу шар­ ты арқылы ғана қолдауға ие болу жұмыстары болмақ. Үкіметке әзірлеуге және қа­ былдауға тапсырылған «Цифр­ лық Қазақстан» жеке бағдарла­ масы еліміздің алдағы жылдары өрлеуіне зор септігін тигізеді деген үміттемін. Әлемнің бәсе­ кеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына кірудегі басты жолдың бірі де осы ақпараттық техно­ логия деп білемін. Өндірісті, агро­секторды, білім саласын ақпа­раттандыру арқылы көпте­ ген жетістіктерге жете аламыз. Деген­мен, осыларды дамыту үшін ірі көлемде қаражат қажет. Ал, қаражатты тек инвестиция тарту арқылы аламыз. Сол се­ бептен, елбасымыз Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін құру­ ды тапсырды және ол технопарк әлемнің барлық елінен кәсіп­ керлер мен инвесторлар тарту­ дың платформасы болуы керек екенін ескертті. Қазіргі бәсеке заманында ең басты міндет алға жүктел­ ген тапсырмаларды сапалы, уақытылы орындау. Жолдауда­ ғы аталған барлық міндеттер, басым бағыттар халықтың әлауқатын арттыру мақсатында және жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыстар. Сондықтан да, «Жұмыла көтер­ ген жүк жеңіл» демекші, бәріміз жұмыла ат салысуға тиіспіз. Атқарылған жұмыстар арқылы ғана Үкімет халықтың сеніміне ие болады. Алда күтіп тұрған зор белестерге зор үмітпен қа­ рай отырып, әрбір Қазақстандық алдағы жүзеге асырылуға жата­ тын жұмыстарға өз күшін салу­ ға тиіс. Бұл жаһанда кез келген қиыншылыққа, бәсекелестікке қарсы тұру үшін уақыт талабына лайық шешім қабылдап, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі мін­ дет­терді орындаудан басқа жол жоқ. Еркін Шаймағанбетов, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің Октябрь аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұ­ лы Назарбаевтың биылғы Жол­ дауында Қазақстанның Үшінші жаңғыру үдерісін қазіргі жаһанда­ ну жағдайында жүзеге асыру мә­ селесі көтерілген. Жоғары білім беру жүйесіндегі қызметкерлері Президенттің әр Жолдауын басшылыққа алады, сондықтан, осынау аса маңызды бағдарламаны жүзеге асыруға біз неғұрлым белсенді ат салысуы­ мыз керек. Біздің университет техника­ лық мамандар даярлау мен жаңа жобалар жасау бағытында еліміз­ де ғана емес, бірқатар мемлекет­ тердегі ғылыми орталықтармен бірлескен жұмыстарда да жетекші орындардың біріне ие, сол се­ бептен бізге жүктелетін міндет те ерекше. ҚарМТУ қазіргі уақытта ИИДМБ-2 үшін бейіндік магистра­ турада мамандар даярлап отыр­

ған он университеттің бірі болып табылады. Біздің университеттің ғылыми бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге әр сала бойынша ше­ телдік жетекші мамандар қатысу­ да. Ұлттық Қор қаражатының есебінен ақпараттық технология­ лар мен өнеркәсіптік заманауи өндіріс саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілерден заман талабына сай жабдықтар сатып алынды. Президенттің 2016 жылғы Жолдауын жүзеге асыру шең­

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан ӘУБӘКІРОВ Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауын талқылау бойынша қала активтерімен кездесу өткізді. Депутаттар, ардагерлер, тыл ардагерлері, кәсіпорын басшылары, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, діни бірлестіктердің өкілдері, қалалық мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

берінде, мем­лекеттік тапсырыстарға сәйкес, студенттерді тікелей жұмыс берушілердің араласып, қатысуы­ мен оқыттық. Президент өзі атап көрсеткендей, бұл Үшінші жаңғыру жағдайында қазіргі индустрияның барлық салаларына жоғары білікті жаңа мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Біздің базамызда Президент бағдарламасын жүзеге асыру ая­ сында, сонымен қатар, «Лейка Гео­ системс», «Мицубиши-Электрик», «Фесто», «Шнейдер-Электрик» тәрізді технологиялық алыптармен бірлесіп, студенттерді, магистрант­

Мен өндіріс саласында жұмыс жасай­ тындықтан, ел экономикасына бағытталған өзгерістерге баса мән беремін. Ел Пре­ зидентінің 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­ леттілік» атты халыққа Жолдауында «Эконо­ микалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің таукен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс. Жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аума­ ғын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын бел­ сенді жүргізу керек. Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштасты­ рылуы тиіс. Жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заң­ намаларына қажетті өзгерістер енгізуді тап­ сырамын»,- деген сөзі осы істерге серпін берері анық. Бұған қоса Елбасы тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желі­ ге бейімдеу қажеттігіне тоқталды. Мен трансұлттық компанияда жұмыс жасайтын­ дықтан, еліміздің қай саласының болмасын дамып-жетілуіне осы трансұлттық компания­ ларды көптеп тарту қажеттігіне қосыламын. Бұл елімізде жаңа-заманауи өндіріс орында­ рын көптеп ашуға, жұмыс орындары санын арттыруға септігін тигізеді. Тағы бір басты мәселе – ол білім. Бала­ ларымның болашақта Қазақстанның білімді де білікті азаматтары болып қана қоймай, дамып-жетіліп, елінің өркендеуіне өз үлес­ терін қосқанын қалаймын. Жолдаудағы

тар мен инженерлерді оқыту орта­ лықтары ашылды. Дәстүрлі базалық салалар да ұмыт қалған жоқ. Кен-металлургия мен құрылыс кешендеріне, сонымен қатар, көлік саласына мамандар даярлау бұрынғыша жоғары дең­ гейде, бірақ енді Үшінші жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру шарт­ тарына сәйкес орындалуда. Әлемнің жетекші өндірушілері шығарған жабдықтарды пайдалана отырып, біз оқыту мен инновация­ лық жобалардың орындалуын қатар жүзеге асыратын бірегей зертхана­ ларды іске қостық. Инновациялық

төртінші басымдықта адами капитал сапа­ сын жақсарту жайында толықтай баяндала­ ды. Елбасы білім беру жүйесінің рөлі өзгеру тиіс дегенді айтты. «IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамыту­ ға баса көңіл бөлу керек. Биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондайақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамты­ луы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығы­ ның талаптарына және ең үздік әлемдік оқуөндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет», - деген сөзі білім сапасын жоғары сатыға көтеру қажеттігін тағы бір айғақтайды. Жолдау елдегі басты деген салалардың барлығын қамтыған. Халықтың жағдайын ой­ лап, баянды болашағымызға сенім білдіріп, сансыз жетістіктерге жететінімізді нықта­ ды. Көшбасшымыздың биылғы Жолдауы – әлемдік маңызды тақырыптарды қамтып, әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтыра білді, сенімін нығайта түсті.

әзірлемелер тұрақты жасалып, олар кейін металлургия, құрылыс, кен ісі, автоматтандыру, көлік және логисти­ ка салаларында өндіріске енгізіледі. Осылардың арқасында біз Ел­ басы жаңа Жолдауында алдымызға қойып отырған міндеттерді ойда­ ғыдай шешетінімізге және ҚарМТУ Үшінші жаңғыру кезеңінің міндет­ терін орындауда өз үлесін қосарына мен сенімдімін. Аристотель ИСАҒҰЛОВ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арна­ ған биылғы Жолдауында Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қа­ лыптастыру, қамту және ұлғайту мәселелерін бас­ ты назарға алды. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына ар­ наған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында негізгі бес басымдылықты атап көрсетті. Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» Cтрате­ гиясының, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарлама­ сының, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының және мемлекеттің экономикалық жаңғыруына бағыттал­ ған басқа да бағдарламалардың маңыздылығы көрсетілген. Әзірленетін «Цифрлық Қазақстан» бағ­ дарламасы жаңа индустрияларды қалыптастыруда әкімшілік-бюрократиялық тосқауылдарды және сы­ байлас жемқорлықты төмендетіні сөзсіз. Сонымен, биылғы Жолдау экономиканың бар­ лық салаларын қамти отырып, Қазақстанның жа­ һанданған экономикадағы бағыт-бағдарын ашып берді.

Сырым ҚАЗТАЕВ, «Қазмарганец» кен басқармасы «Тур» кеніші кәсіподақ комитетінің мүшесі (Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазхром «ТҰК» АҚ филиалы).

Бауыржан ЕСЕНГЕЛДИН, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Елбасының халыққа Жолдауын жіті түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы Нұрлан ӘБДІРОВ Қарағанды экономикалық университетінің ұжымымен кездесті. Депутат индустрияландыру, ин­ фра­құрылымды дамыту, бизнесті, агрокәсіптік кешенді қолдау тура­ лы айтты. Білім, денсаулық сақ­ тау салаларының даму барысына тоқталды. Сондай-ақ, Қарағанды экономикалық университетінің заң,

3

экономика саласындағы маманда­ рымен пікір алмасып, Парламент тарапынан мемлекеттік бағдарлама­ лардың орындалуына бақылауды кү­ шейту, атқару органдарының жауап­ кершілігін жоғарылату жөніндегі міндеттерді атап өтті. Парламенттің бақылау міндеттерін күшейту – Пре­ зидент тапсырмаларының орындалу сапасын арттыратынын тілге тиек етті. Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Төрағасы: – Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы – жаңару жолындағы нақты міндеттерді айқындайды. Елбасы үшінші жаңғыруды – «Қа-

зақстан-2050» стратегиясының мақсат­тарына бастайтын сенімді көпір екенін айтты. Осы орайда Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі – еліміз үшін басты мақсат болып отыр. Ал, Қарағанды облысында болашағы орасан салаларды ілгері дамытудың нақты бағдарламасы бар. Аймақтың өндірісте, техникалық әрі ғылыми салада көші ілгері. Биылғы Жолдауда Қазақстан экономикасын озық технологиялармен жетілдіру айтылған. Облыстың басты жетістіктерінің бірі – инновациялық салада білікті мамандар дайындау, – деді. Жиынды жүргізген Қарағанды экономикалық университетінің рек­ торы Ерқара Аймағамбетов: «Білім

беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына ай­ налдыру арқылы ЖОО-да білікті мамандар санын арттыра аламыз. Оған қоса, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалып­тастыру ар­ қылы заманауи білімді мамандар даярлап шығарамыз. Өздеріңізге белгілі, білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аудару – университет оқытушыларына қойылған басты міндет. Осы ретте біз – жоғары оқу орындарының кадрлық құрамы­ на, материалдық-техникалық жаб­ дықталу деңгейіне мән береміз. Жолдауда айтылғандай білім беру бағдарламаларымен жұмыс жасап, мамандарға бақылау мен талапты күшейтеміз», – деді.

Осы жыл еліміздің қоғамдық-сая­ си өміріндегі маңызды оқиғалардан басталды. Уақыт бір орында тұрмай­ ды. Елімізді әрі қарай дамыту үшін болашақта өзінің тиімділігін көрсе­ тетін реформалар керек. Президент заманауи, қуатты мемлекет жүйесін құру үшін алдымызға нақты мақсат­ тар қояды және 31 қаңтардағы Жол­ дауында нақты әрекеттерді талап еттен бағыттарды атап көрсетті. За­ манауи талаптарға жауап беру үшін біз барлық бағыттар бойынша үнемі жетіліп, жаңарып отыруымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда – жаңғыру бар­ лық бағытта жүргізілуі тиіс. Біздің еліміз кез келген күрделі тапсырма­ ларға дайын. «Ұлт Жоспары - 100 қадам» аясында атқарылған істер қаншама. Ендігі міндет – осы істі жалғастыру, – деді өз сөзінде қала басшысы Н.Әубәкіров. Елбасының алдыға қойған мін­ деттерін шешу – қарағандылықтар үшін де ең бірінші мақсат болып та­ былады. Экономикалық саясатты және мемлекеттік бағдарламалар­ ды жүзеге асыру облыс орталығы­ ның экономикасын дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Н.Әубәкіровтың мәлімдеуі бойын­ ша Қарағанды қаласының төртінші индустрияландыруға төтеп беруге әлеуеті жеткілікті. Жаңа инновация­ лық жобаларды іздестіру үшін қа­ ламыздағы оқу орындары – ҚарМУ, ҚарМТУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, соны­ мен қатар, «Сарыарқа» технопаркі бар. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатын­ да дәрілік заттарды сақтауға арнал­ ған «Лидер» ЖШС жобасы іске қо­ сылған. Дәстүрлі, базалық салаларға да көңіл ерекше көңіл бөлінуде. 2016 жылы қала экономикасының бар­ лық секторлары қарқынды дамыды.

Өндіріс көлемінің артуы да кәсіп­ керлікті қолдауға кеңінен жол ашты. Машина құрастыру бойынша қала­ мызда атқарылған жобалар Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларға тұс­ па-тұс келді. Өңір экономикасының дамуына айтарлықтай әсер ететін кен игеру өнеркәсібіндегі процестер тұрақтан­ дырылған. Қала ішін таза ұстауға мүмкіндік беретін айналма жолдар­ ды салу жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, қала экономикасын өркен­ дету үшін жасалған ауқымды шара­ лар қаншама. Осының барлығы – еліміздің 30 дамыған елдің қатарына қосылу жолында, елдің әл-ауқатын жақсарту мақсатында жасалып жат­ қан орасан үлкен жұмыстар екені анық. Кездесу барысында баяндама жасаған Банк коллдежінің директо­ ры А.Букенов, «Қарағанды облысы кәсіпкерлер қауымдастығы» қо­ ғамдық ұйымының вице-президенті Г.Құрбанбаева, «КазПласт» ЖШС директоры С.Вадько, Балалар мен жасөспірімдер сарайының директо­ ры Ш.Алтынбекова, Қарағанды қала­ сы жастар ресурстық орталығының директоры Б.Бекмырзаев Елбасы Жолдаудында белгіленген міндет­ терді табысты атқаруға бар күш-жі­ герлерін салатындықтарын айтты. – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеке­ ге қабілеттілік» атты Жолдауы – ст­ ратегиялық құжат. Бүгін біз өзіміздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді анықтадық, енді, оларды жүзеге асы­ руға кірісу керек, - деді қала әкімі Н.Әубәкіров жиын соңында. Соны­ мен қатар, ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөліміне нақты тапсыр­ малар берді. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Ықылас

Қазақстан Республикасы Тәуел­ сіздік алған жиырма бес жылдың ішінде экономикасы қарқынды да­ мыған, рухани дүниесі берік орнық­ қан, саяси бағдары айқындалған, өркениеттік демократиялық жолмен дамып келе жатқан жасампаз мем­ лекеттің іргесін қалады. Президентіміз өзінің ел халқына арнаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруының 5 негізгі ба­ сымдықтарын айқындап берді. Әлемде кезекті, Төртінші өнер­ кәсіптік революция басталғанын атап өткен Елбасы, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас сала­ ның жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып ке­ летінін айтты. «Біздің көз алдымызда болып

жатқан ұлы өзгерістер – әрі тари­ хи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет», – деп атап өтті. Келешегі кемел Мәңгілік Еліміз­ де бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгу қажырлы еңбекті қажет етеді. Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік.

Елбасының 31 қаңтардағы «Қа­ зақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­ hандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын зор ықыласпен, қызығу­ шылықпен тыңдадым. Себебі, бұл еліміздің дамуындағы тарихи кезең­ дердін бірі. Президентіміз бүгінгі таңда ба­ тыл қадам бастап, Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр. Жолдауда айтылған басымдықтар бойынша экономика­ ның жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын 3D – принтинг, мобильді банкинг, цифр­ лы қызмет көрсету – еліміздің көш­ тен қалмай одан әрі нығая түсуіне ықпалы зор екенін аңғарамыз. Айта кететін болсақ, төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бұл орайда білім беруді экономика­ лық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, білім жүйесі­ мен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруі тиіс екендігі, әлеуметтік қамтамасыз ету саласы мәселе­ леріне аса көңіл бөлінді. Осының бәрі «Қазақстан-2050» Стратегиясы мақсатына апарар жол болмақ. «Бегі әділ болса, елі бақытты, Халқы түзу болса, бегі бақыт­ ты» - деп Жүсіп Баласағұн данамыз айтқандай, Елбасының жолдауын ел болып қолдауға шақырамын!

Жаңажол МағзҰмов, Сарышаған кенті ардагерлер ұйымының төрағасы. Ақтоғай ауданы.

Д.Балабаева, Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттамасы жөніндегі мұрағатының мұрағатшысы.


4

Қоғам

7 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Абайдың «Отыз тоғызыншы» сөзінде «Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі – ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсыжаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен. «Қой асығын қолыңа ал, қолыңа жақса, сақа қой», «Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің» деп, мал айтып тілеу қылып, екі тізгін бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, әулие тұтып, онан соң жақсылары да көп азбайды екен. Бәрі өз бауыры, бәрі өз малы болған соң, шынымен де жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?» дегенін Әлихан Бөкейхан мен ізбасарлары іске асырған. Ә.Бөкейханның ғұмырбаяндық, саяси қайраткерлік деректерінен біз оның жай ғана ұлт басшысы, әуелі лидер емес, ең алдымен лидер-қызметші, яғни, ұлтына қызмет көрсетуші тұлға болғанын көреміз. Бүгінгі күні лидерліктің лидербасшылық сипаты емес, ең алдымен лидер-қызметшілік сипаты алға шығып, ХХI ғасырда қоғамдық институттар дамуының басқару парадигмасы ретінде танылуда. Ал, Алаш жетекшілері, әсіресе, Ә.Бөкейхан осы парадигманың озық үлгісін ХХ ғасырдың басында жасап кетті десек артық айтқандық емес. Лидер-қызметші идеясы Герман Гессенің «Шығыс еліне қажылық» («Поломничество в страну Востока») романында көрініс беріп, Роберт Гринлиф содан алған әсерін жүйелейді. «Лидер-қызметші» ең алдымен қызметші. Қызмет ету – оның ішкі қозғамы, ниеті. Қызмет етуші лидерлік, немесе лидерлік-қызмет етудің тиімді болуы үшін қажетті шарттардың қатарында лидердің қызмет етуге деген терең ішкі қозғамдама (ішкі түрткі, «ішкі даусы», «ішкі пайғамбарлық»); күнделікті әділетсіздікке қаймықпай қарсы тұру; қоғамдық құрылымды адам мен тұлғаның мүддесі үшін өзгертуге дайындық; таңдауының саналылығы; басқа адамдардың өмірлік сұраныстарына қамқорлық; зор арманға ұмтылатын үлкен тұлғалық кемелдік; қол жетуі қиын да алыс биік мақсатмұраттар қоя білу; мақсат-мұратына жетудің нақты жолын жігерлі іздеу мен жетілдіру; басқару қатынастарына қатысты қоғамда қалыптасқан басым құндылықтар мен дәстүрлі немесе жалпыға танымал көзқарастарды еңсере білу; жүрер жолын айқын да озық көре білер көрегендік және соған бастай білер жетекшілік; өзіне өзінің мықты сенімі; ізбасарларының оған деген сенімі; халықтың сенімі; күшті зерде, кең ақыл – даналық; түйсігінің мықтылығы және тағы басқа қасиеттерін тізуге болады. Шынайы лидер өткенді, бүгін мен келешекті органикалық тұтастықта көре біледі. Кешегіні тәрк етпеу, бүгін қапы қалмау, келешектен ешқашан көз жазбау, міне – осы үштік лидер тұлғасының да тұтастығын көрсетеді. Сондықтан да, лидер өз өмірінің әр күні бір мезгілде тарихшы да, талдаушы да, пайғамбар да бола алуы тиіс. Тарихты түйсіну, білу, меңгеру, бүгінгі

Алашорда үкіметіне – 100 жыл

ақпараттар ағыны мен оқиғалар сапырылысынан ең бастысын тани алу, таңдай алу, талдау жасау, келешектің көркем кескінін көз алдына келтіре алу тұлғаға тән болса, бұл оның лидерлігінің мықты бір қыры болмақ. Лидер-қызметші өз басының қамын ойлаушы емес, ол ең алдымен ұлтына, халқына қызмет етуші. Оның өз басының пайдасы, қауіпсіздігі, беделі кейінге ысырылады. Лидер-қызметшінің моральдық жауапкершілігі айрықша. Ә.Бөкейханның «Біз таңдаған жолдан, айтқан сөзімізден бас тарта алмаймыз, халықты алдауға, оның сеніміне қиянат жасауға болмайды, ал жастар амал табыңдар» деп М.Әуезов пен Қ.Мұхамедхановты аман алып қалуы ғажап емес пе! Қазақтың өз көсемдері болған, бар және бола да бермек. Бұл бұрыннан бар үрдіс. Арғы замандарға бармай-ақ, беріден тартып, сонау түрік қағанаттарынан бастасақ, Күлтегін, Білге, Тоныкөк, Қорқыт, Асан Қайғы, Тәуке, Әбілхайыр, Абылай, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Сырым, Кейкі мерген, Оспан батыр деп тізе беруге болады. Бұлар сол өздері өмір сүрген заманда мүмкін болмаса да, алыс-жақын келешекте әйтеуір бір жетер үлкен арманды армандай білген үлкен тұлға ретінде тарих шыңына шықты. Олар өз өмірлерін өткінші қызыққа шырмалтпай, ұлттың ұлы арманына қызмет етуге арнады. Осы үрдісті үзбей жалғастырған тұлғалар галереясы ауқымды. Лидерқызметшілік Ә.Бөкейханның және басқа да қазақ қайраткерлеріне тән болғаны даусыз. Бұл олардың қоғамдық, мемлекеттік және жеке өмір-

лерінен де көрінеді. Олардың өмір жолы саяси-қоғамдық табандылықтың, сүйген жарға, досқа деген адалдықтың үлгісі. Ә.Бөкейхан бас қамын ойласа, оның ақыл-көрегендігі, амал-айласы аман қалуға, биік мансапқа жетуге, отбасын аман сақтап қалуға, ұрпағын өзіне қолайлы ортада өсіруге артығымен жетер еді. Қазақтың қазағы болған Ә.Бөкейхан ұрпағының өзінің ұлттық тамырынан ажырап, өзге ұлтқа сіңіп кетуі, бүгінде жат мәдениет аясында танылуы – жеке бастың ғана емес, тұтас қазақтың да қасіреті. Тарих та, тағдыр да солай қалыптасты. Өкінішті! Бәлкім Ә.Бөкейхан ұрпағының ішкі сезім-түйсігі, жігер-қайраты, ақыл-даналығы бір кездері өз қазығына оралуға алып келер. Бұл бір қияли мақсат емес, ұлттың өркендеуінің, атап айтқанда, қазақтың жаңғыруының көрінісі болар еді. «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген Ә.Бөкейхан осыны өз ғұмырының бұлжымас мұраты қылды. Алыс-жақында жүрсе де халқының айқын да көмескі арманаңсарларына, мұқтаждықтарына қызмет етуді, оның ыстық-суығына көнуді өз жолының биік шыңы деп білді. 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыста жұрттың құр бекерге қырылмауын және қазақ жігіттерінің әскери іске көзі мен бойы үйрене беруін, мұның келешекте керек іс екенін, оларды майданның қара жұмысына жіберуге үндеп, соңынан өзі уәде еткендей майданның алғы шебіне барып, оларға қызмет етуі, нақты қамқорлық жасауы неге тұрады? Елден жырақта үй қамақта отырғанда да ол қазаққа қызмет етудің

тиімді жолдарын тауып, соның жемісін халқының пайдасына жұмсады. Оның барша еңбегі, өмірлік үлгісі бүгінгінің іргетасы іспеттес. Ол өзі ғана лидер-қызметші болып қойған жоқ, талай тұлғаны сол дәрежеге жеткізе алды. Зерттеушілер Ә.Бөкейхан ғұмырнамасынан осындай деректердің талайын табарына күмән жоқ. Мәселе, сол оқиғаларды тізбектеуде емес, олардың ішкі мәніне үңілуге, ішкі қозғамын ашып көрсетуге саяды. Саясаткер С.Құттықадам өз ұлтына қызмет етуімен әлемге танылған мемлекеттік жетекші-реформаторлардың үздік ондығына Мұстафа Кемал-паша Ататүрік, Франклин Рузвельт, Людвиг Эрхард, Дэн Сяопин, Рональд Уилсон Рейган, Нельсон Ролихлахла Мандела, Ли Куан Ю, Махатхир бин Мохамад, Маргарет Тэтчер, Лех Валенсаны енгізеді. Осынау тұлғалар лидер-қызметшілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Алаш қайраткерлерінің лидерқызметшілік қасиеттерінің көріністері, олардың мұралары өзгеге де үлгі болған. Міржақып Дулаттың «Оян қазақ!» үндеуі Ататүріктің күндіз айнасына, түнде жастығына айналыпты. Бауыржан Момышұлының қайраткерлік, жетекшілік, қызмет етушілік қасиеттері екінші дүниежүзілік соғыс барысында айқындалды. Ол тек әскери гений ғана емес, ұлт болашағын ойлаушы рухани көреген, адам психологиясын терең білуші, қызмет-міндетіне адал, өз басын қатерге тігуші, қажыған да қалжыраған, әлсіреген жұртты қатерлі де қауіпті міндеттерді орындауға жұмылдыра алушы, зор сенімге ие, кез келген мәселенің мәніне терең үңілуші, талдаушы, тарихты толғаушы және тағы басқа

қасиеттерге ие қайраткер-тін. Оның әскери даналығын әлемнің біраз елі өз пайдасына асырғаны туралы деректер жетерлік. Израиль мемлекеті енді құрылып жатқан 1946 жылы жас мемлекеттің әрбір офицеріне қарумен бірге А.Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы (иврит тілінде) бір данадан тапсырылып отырған. Кітап әр офицердің оқу құралы ғана емес, әрекетке тікелей басшылық нұсқауы болған. Сол кезде рота командирі болған Мота Гур майдан шебін тастай қашқан әскерлеріне кітаптың бір тарауындағы батальон командирі Б.Момышұлының «Сен әскери позицияны жауға тастадым деп ойлайсың ба? Жоқ сен Москваны жауға тастадың!» деген сөздерін оқып береді де бұрылып кетеді. Бұл сөздер сарбаздарды ерекше сілкінтеді. Міне, Баукеңнің кітаптағы сөзінің өзі ғаламат күшке ие болған! Оның әскери кемел ойының әскери жарғы түзеуде, әскери стратегия мен тактика құрауда, сарбаз дайындауда әлемнің түрлі елдерінде қолданысқа енгені туралы ақпараттың көбін біз біле де бермейміз. Қазақ лидерлерінің ХХ ғасырда саяси, интеллектуалдық, білім, ғылым, экономика және т.б. салалардағы жанқиярлық қайраткерлігінен үлгі алғандар бұдан әлдеқайда көп екені анық. ХХ ғасыр басында көнеден келе жатқан қазақ мемлекеттілігінің Ресейдің отарлық саясаты салдарынан үзіліп, енді жоғалуға бет алған дәстүрі жаңғырып, Қоқанда Түркістан мұхтариятын, Орынборда Алаш автономиясын жариялауға қол жетті. Міне, осы жанқиярлық әрекеттер қазаққа кейін автономия, одан соң одақтық республика мәртебесін алуды мүмкін етті. ХХ ғасырдың бел ортасында Оспан батырдың Шығыс Түркістанда құрған мемлекетін де жадымыздан шығаруға болмас. Бір заманда уақыт шіркін оның да орнын белгілеп берер... Одан соң «Жас тұлпар», «ЕСЕП», «Желтоқсан» керме керді. Аламанда атойлатты. Бүгінгі Ұлы Тәуелсіздікке осылардың арқасында ғана қол жеткіздік! ХХ ғасырдың алғашқы үштігінде қазақы ой тағдыр тәлкегімен ақ-қызыл баррикаданың екі жағына жарылды. Дегенмен, екі жақтың да жетекшілері халықпен бірге болу, ұлтқа қызмет ету миссиясын санада ұстады. Жалпы интеллигенция алдында осынау екіұдай жармақ заманда екі жақты болған қазақ лидерлеріне ортақ мүдде ұлтқа қызмет ету болғанын дәйекті, дәлелді, негізді түрде жас ұрпақтың санасына сіңіре беру міндеті тұр. Олардың ұлы мұраттарының бірлігі ұсақ та жайсыз әңгімелер мен тірліктің келеңсіз де кездейсоқ көріністерінің тасасында қалмауы керек. Кездейсоқ көріністер көркем келешекке деген ортақ ұмтылысты көлегейлемеуі тиіс. Осы тұрғыдан келгенде мемлекеттік қызметшілердің жаңа буындарын алыс-жақын өткендегі қазақ лидерлерінің үздік үлгісі аясында, лидер-қызметшілік парадигмасы аясында дайындауды негізге алу өзекті. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деген қазақ даналығы баршаға мәлім. Мемлекеттік қызметшілердің лексиконында «мен ел басқардым» деген сөзді «мен шамам жеткенше елге қызмет еттім» деген сөз алмастырса жөн. Болат СЫЗДЫҚ, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.

Сіз дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз 1. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсы -«www.din.gov.kz» 2. «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің сайты«niac.gov.kz» 3. «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің сайты - «mckr.kz» Сіз ислам дінінің мәселелері бойынша сенімді ақпарат алғыңыз келсе, келесідей сайттарға жүгінуді ұсынамыз 1. «e-islam.kz» 2. «muftyat.kz» 3. «azan.kz» 4. «muslim.kz» 5. «ummet.kz» 6. «sunna.kz» 7. «fatua.kz» 8. «islam-atyrau.kz» 9. «mazhab.kz» 10. «islam.kz» ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті

Бала – болашағымыз

Тәрбиешілер балаларды тек тәрбиелеп қана қоймай, әр сала бойынша дамытып, күнделікті оқу қызметтерін атқарады. Бүгін де сондай аса жауапкершілікпен Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясындағы «Балбөбек» шағын орталығының «Айгөлек» ІІ кіші тобында қыс мезгіліне байланысты «Шығармашылық» саласы бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өтті. Оқу қызметін осы топтың тәрбиешісі Аяулым Қыздарова жүргізді. Аяулым Бақытқызы бұл оқу қызметіне терең талдау жасай білді. Оқу қызметі барысында тәрбиешінің мақсаты балаларға табиғат мезгілдерінің ерекшеліктері туралы түсіндіріп, қыс мезгіліне тоқталу еді. Сонымен қатар, ұсақ саусақ моторикасын дамытуды жалғастыра отырып, сұқ саусақпен қағазға өрнек салу, түстерді ажырату, оң мен солды есте сақтау, тәулік бөліктерін үйрету болатын. Біршама еңбек жасалып, тәрбиеші сабақты балаларға айқын жеткізе білді. Осы мезгілге байланысты көрнекіліктер, таратпа материалдар қолдана отырып, балаларға қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінік беріп қана қоймай, пәнаралық байланыс та көрсетілді. Ең қызығы, қысқы ойындарды еске түсірумен қатар, сол ойындарды геометриялық

пішіндермен ұштастыра алды. Балалар тәрбиешінің әр сөзін мұқият тыңдап, жарыса жауап беріп отырды. Ал, көмекті қажет ететін балалармен тәрбиеші жеке-жеке жұмыс жасады. Оқу қызметін қортындылай келе, балалардың алған мағлұматтарын әрі қарай дамытуды жалғастырды және білім деңгейін, сөздік құрамын молайта отырып, оқу қызметін ойынмен аяқтады. Себебі, ойынның қандай түрі болсын, ол баланың ойлау, есте сақтау, есту және де белсенді болуына көмегін тигізетінін біз жақсы білеміз. Біздің «Балбөбек» шағын орталығында күнделікті өтетін оқу қызметтері, жаттығулар, сюжетті, дидактикалық, логикалық және қимыл-қозғалысты ойындар, баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді деп білемін. Аяулым Бақытқызы үнемі балаларды бір-бірінің еңбектеріне көмектесуін қадағалап, ұқыпты орындауға қалыптастырады және тазалық пен еңбекке тәрбиелейді. Лаура МЕЙРАМБЕК, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы «Балбөбек» шағын орталығының тәрбиешісі. БАЛҚАШ қаласы.

Мерейтой Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бір емес, екі рет арнайы қабылдауында болып, құрметке ие болған жан. Пайымы мен дархан мінезінің арқасында еліміздің жаңарып, даму жолында аянбай тер төккен Әдиша Есмағамбетованы айтамын. Әдекеңнің еңбегі кеудесінде жарқыраған орден, медальдармен еленді. «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «ҚР Конституциясының 10 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медальдарымен, «Ең үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісімен және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында марапатталды. Ең басты марапаты – елінің өзіне деген ілтипаты. Мұның бәрі өзінің еліне деген өлшеусіз еңбегінің қайтарымы болса керек. Әке тағылымы «Әкем Көнекбай өмірден көргенбілгені мол, парасатты, рухани бай адам еді. Еңбекқорлығы мен кең-

пейілділігін көзкөрген ақсақалдар күні бүгінге дейін айтып жүреді. Еңбегі еленіп, алпысыншы жылдары социалистік жарыстың жеңімпазы атанып, «Волга» автокөлігін мінген. Ол кезде екінің бірінің қолы жете бермейтін, еліне еңбегі сіңген ілу де біреуге ғана бұйыратын мәртебе. Мал бақты, диірменде ұн тартты. Совхозда қырық жеті жыл еңбек етті. Мен тура жарты ғасыр еңбек қылыппын... Мен әкемді дала философы ретінде пір тұтамын. Өзім үйдің ең кішісімін. Екі әпкем, ағам төртеуміз тай-құлындай тебісіп тел өстік. Бір өкініштісі, сегіз жасқа келгенімде, анадан айрылдық. Негізінде, анамыз сегіз құрсақ көтерген екен. Күні бүгінге пештің үстіне табаға қарып пісірген наны мен қара қазанда қоюландырып сапырған сүтінің дәмі аузымнан кетпейді. Ананың орны бөлек қой, шіркін! Анадан қол үзген шағымызда бесеуміз сең соққандай күйде қалдық. Бақыт дегеннің өзі ананың ыстық алақаны, мейірім толы жанары екен ғой. Балалықпен білмеппіз. Кеш ұқтық.

Бар ауыртпалық әке мойнына түсті. Дегенмен, басымыздан құс ұшырмады. Екі әпкем ол кезде үйдің шаруасын дөңгелетуге жарап қалған. Араға бір-екі жыл салып, үлкен әпкем Тиыштық та бізден ұзап, келместің кемесіне мініп кете барды. Әкем малшы, ауылдың диірменінде диірменші болды. Таңның атысы, күннің батысы жұмыста. Әкем бес жасыма дейін ұл балаша еркек шора етіп өсіріпті. «Ағасы жалғыз, серік болсын» дейтін. Бетімнен қақпайтын, өзгеге де еш қақтырмайтын. Оңашада «Адалдық пен адамдық қасиеттен аттауға болмайды» деп жиі айтатын еді», – деп естелік құшағынан шыға алмаған апамыз бір күрсініп алды. Білім жолында Орысша екі ауыз сөздің басын қоса алмаса да, сегіз жасында орыс мектебінің табалдырығын аттайды. Басым көпшілігі орыс балаларынан құралған сыныптың ақыр соңында «старостасы» болып, он жылдық білім

алып шығады. «Негізі, аудармашы болғым келген. Неміс тіліне деген қызығушылығым күшті еді. Оқуы Алматы қаласында ғана болды. Әкем келіспеді. Апам Тиышбала Қарағандының медициналық институтының ІІ курс студенті болатын. Екеуің бір қалада болыңдар деген соң, осы Қарағанды қаласында оқуыма тура келді. Соның өзінде алғашқы жылы педагогикалық институтқа емес, медициналық институтқа тапсырдым. Физикадан бір балл жетпей, ауылға оралдым», – деп бұрынғы өмірін парақтап өтті. Мектеп қабырғасынан алғырлығы, білімділігі, біліктілігімен танылған жасты мектеп директоры Семен Петрович үйге іздеп келіп, мектепке жұмысқа шақырады. Өзі білім алған қара шаңырақта аға тәлімгер бола жүріп, неміс тілінен дәріс те берген. Осылай араға екі жыл салып, әкенің ақылымен Қарағанды пединститутының филология факультетін тәмамдап, орыс тілі және әдебиетінің маманы болып шығады.

Ат үстінде... 1972 жылы ұстаздық жолын Майоровка мектебінен бастайды. Араға бір жыл салып, көршілес Шахтер ауылы мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары қызметіне орналасады. Осы тұста Әдекеңнің талапшылдығы, тиянақтылығы мен өжеттілігі, кез келген бастаған ісінің баяндылығы салмақтала келе, бірнеше ұлт өкілі шоғырланған қазіргі К.Мыңбаев ауылы мектебіне мектеп

директоры болып тағайындалады. Бұл кезде 29 жасқа енді шыққан маман Қазақстан мұғалімдерінің V съезіне делегат болып қатысып, «Ағарту ісінің үздігі» атағына ие болған шағы. Міне, осы отызға толар-толмас шағынан атқа мінген, басшылық қызметтің тізгінін қолына алған қыран мінезді, нәзік жүректі жан зейнеткерлік жасқа жеткенше аттың жалында, ер азаматтармен тең қызмет етті. Директорлық қызметтен аудандық білім бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. 1996 жылы ел тәуелсіздігін алып, аяғынан енді тік тұрып келе жатқан шақта, аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Енді ауданның білім саласы ғана емес, бүкіл әлеуметтік саласы бойынша ауыртпалықты қайыспай көтеріп, алға тартты. Ақшаның көзден бұл-бұл ұшып, жалақы мен зейнетақының ауылы мүлдем алыстап кеткен шақ. Дүкен сөрелері босап, еңбекақыға өлшеммен азықтүлік пен киім-кешек үлестірген кез. Қиындықтан қашпады, күресе білді. Талай тар жол, тайғақ кешуді басынан өткерді. Сонда әке ақылы аққанат періштедей қолдап, қорғап алып қалғандай болады екен. Зейнеткерлікке шыққан соң, аудандық кітапхананың өлкетану секторында бос орынға жұмысқа қабылданады. «Өткенді білмей, келешек

өркендемейді» демекші, мақсаты – туған жердің ұмытуға болмайтын оқиғаларын жаңғыртып, келешек ұрпаққа жеткізу. Бір жазу үстелімен басталған жұмыс орны екі-үш жылда бір бөлмеге қоярлық экспонаттармен толықса, жыл артқан сайын құрамы да ұлғая түседі. Аяғында қазіргі аудандық өлкетану мұражайына жүк боларлықтай экспонаттардың бас-аяғы құралады. Ауданымыздың тарихы жаңғырып, келіп-кеткен қонақтарға мақтана көрсететін бірден-бір рухани орда да Әдекеңнің маңдай терімен толықтырылды десем, артық болмас. Бақыт кұшағында Бүгінде айрандай ұйыған өз отбасы мен апасы Тиышбаладан тараған жиендерінің мәуелі бәйтерегі. Үміт артар Рашиты келіні Рабиғамен жұптасқалы, өмірінің бояуы қанық бола түскендей. Немересі – Асанәлі көзінің ағы мен қарасы. Әкесі Көнекбай ақсақал кіндіктен жалғыз болмаса да, өмір тәлкегі жалғыз етті. Артымнан атыммен аталар тұяқ қалмады-ау деген сөзді де жиі қайталайды екен. Асанәлі Көнекбайұлы – әке ғұмырының жалғасы. Бүгінгі күні Әдекең бақыт құшағында. Лайым ұзағынан болғай! Тазагүл ПІШЕНБАЕВА. НҰРА ауданы.


Дүние-дүрмек

7 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Құттықтаймыз!

Еске алу

Таным

Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының сүйеніші, немерелері мен шөберелерінің аяулы да ардақты әжесі Жәміл Бекежанқызы Мәтібек – жеті асудың бел ортасы – 12 наурызда 75 жасқа толып отыр. Туған-туыстарына сыйлы, «Алтын алқа» және «Еңбек ардагері» атақтарына ие болған, осынау мерейлі белесінде анамызға – шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз. Жапондар күріш егумен айналыспаса, құрдымға кетеді-міс. Аштықтан қырылмайды. Рухани өледі. Сөз өледі – өзі өледі. Жапондардың 70-80 пайыз сөзі күрішпен байланысты. Ұлтарақтай жер табылмағанымен, өліптіріліп үйдің қабырғасына дейін өсіруді ар көрмейді. Ар – сөз.Үлкен қатерден аман қалудың бірден-бір себебі – осы.

Шуылдассын айналып немерең мен шөберең, Шаңырағың шайқалмай кеңейсін тағы керегең. Көретін әлі қызық көп, 100-ден ассын ғұмырың, Ортамызда отыршы ақылды беріп демеген. Асқар таудың сияқтанған жартасы. Өсіп, өніп қанат жайсақ бүгін біз, Анамыздың ақтай білген арқасы, – деген шынайы ақ тілегімізді өзіңізге осынау атаулы күніңізде арнағымыз келеді.

Көңіл көкжиегімді кеңейткен осы мысалды ақын Ұларбек Нұрғалымұлының «Сөз тапқанға қолқаның қандай қатысы бар?» атты мақаласынан оқыдым. Автор Жапон жағдаятын Ахаңның «Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғаладысынан» тарқатыпты. Дұғадай қайталап айта беретін осы сөздің астарына кім үңіліген? «Ана тілі» газетінің шекесінде де шегеленіп тұр. Ұлт ұраны болған ұлт ұстазының сөзі қара жерде кеме жүргізген хан қасындағы ақылды билердің де сөздік мүкәммалынан шығып жатады. Таза, дәл, ойлы сөзді сүйсіне тыңдайтын кездер жоқ емес, бар. Жылқы ішінде ала да, құла да болады. Кейбір көкелеріміз «аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады», барынша көмескі сөйлейді. Ертеректе ғалым Мәулен Балақаев айтты деген сөз еске түседі: «Мен университетті бітірейін деп отырған бір студенттің мемлекеттік емтиханда 20 минут сөйлеген сөзінде «жаңағы» дегенді 36 рет, бір үгітшінің 45 минут сөйлеген сөзінде «сонымен», «яки» деген, ойына қатысы жоқ, бұралқы сөздердің бірін 93 рет,

Құттықтаушылар: Тынысбек, Сәуле-Сұлтанбек, Маржан-Саит, Рүстем, Меруерт, немерелері – Дастан-Зере, Мақпал-Серік, Зарина, Айгерім, Ринат, Шынболат, Аслан, Әмірбек, Аруна, Урзана, Асылай, шөберелері – Аделя, Жанеля. №60

«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ жұмыс істейді. Сіз Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының бұзылу фактілері туралы ақпаратты 40 07 89 телефоны бойынша хабарлай аласыз.

екіншісін 75 рет айтқанын есіттім». Мінбердегілердің осы тізбектегі сөздердің орнына «сол үшін», «сондықтан», «әлбетте» сияқты сөздерді неше рет қайталап айтса да орынды екенін тілге тиек еткім келеді. Тіл мәселесі, тіл тағдыры, тіл болашағы секілді тақырыптар қозғала бастаса тоң-теріс, тоңырайып қалуымыздың сыры неде? Әуелгі сөздің тоңын қайта жібіткім келіп отыр. Жапон жанұшыра жанталасады. Күріш егеді. «Күріш арқасында күрмек су ішеді», яки келешегі кемел. Түйенің қомында босанып, аттың жалында ұйықтаған ата-бабамның қылшығы қисайған жоқ. Әлі де ұпайы түгел. Сөздің анығы, кешегінің ізін басып, ісін жалғап жүргендер оты сөнген жоқ. Дегенмен, құлшылық пен тіршілік қабыспай, томпақ келген жерімізді де жоққа шығаруға болмайды. Дәлелге жүгінемін. «Тілін тапты», «тілге келді», «тілі күрмелді», «тілі сынды» сықылды тіркестердің миллиондаған түрі бар. Алысқа қараған адам жақындағысын көрмейді. Күнделікті күйбең тіршілікте өз ісімді таразылап отырамын, елдің, тобырдың тіл тазалығын қаншалықты дәрежеде сақтайтынын қадағалап жүремін. Бір тақырыпты белгілеп, ойталқы, сөз таластыру, мақал-мәтел жарысын ұйымдастырып немесе қатысып көрген боларсыз? Мен жиі араласамын. Жастардың жақ ашатыны сирек. Жоғарыда тізілген тіркестің мәніне бармақ түгілі, қайдан таптың дегендей ошарылып қарайтындар қарасы көп. Арагідік көсіп-көсіп сөйлейтіндер де бар. Өкініштісі сол, олардың көбі біраз уақыт өткен соң, көсілемін деп мипалау жасайды.

Дәрігер-кардиолог, тіл майталманы Мұхамбедия Ахметов ағамызбен кездесу кеші өтті. Әңгіме медицина мазмұнында өрби ме деп едім. «Дәрігердің дәріден бұрын қолданатын қаруы – тіл», – деп баяндамасын бастады да кетті. Таң-тамаша болыстық. Олпы-солпы аудармаларды алдыңа көлденең тартқанда «күлемін де жылаймын, жылаймын да күлемін» деп іштен тындық. Күлтегін мен Тоныкөк тұсында тасқа бәдізделіп, қашалып қалған, дала абыздары жусан исіндей аңсап өткен туған тіліміздің тарихы мен тағылымы тереңде жатыр. Сақ пен ғұн дәуірінен бастау алған төл тарихымыздың бұл ұлы тұлғалары өздерінің өлмес мұралары арқылы тіліміздің ұлылығын дәлелдеп кетті, ұлылар есімі тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Құнанбайдың Абайға таққан үш міні бар еді. Сол кезде Абай үш міннің үшеуіне де дау айтпайтын ба еді? Ел билейтіндердің мінезін мипаздай отыра: «Ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Одан кейін ел түйе... одан кейін жылқы сияқты болды. Ондай елді жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...», – деп сөзін тәмамдаған-ды. Абайға таққан үш мінді елге тақсам, жауап таба алмас. Жалтарады. Көрбалалықтан, надандықтан арылған ел Абайдың заманында еді. Біз қандай елміз? Кім бағады? Абай ОРАЗ, Жезқазған медициналық колледжінің оқытушысы. ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Білім ошақтарында

Соңғы үш жылдан бері мектебімізде қазақ, орыс және ағылшын тілдері пәндерін біріктіріп, бір кафедрада он үш мұғалім қызмет етуде. Жалпы алғанда үш тілдің пән мұғалімдерінің көздеген мақсаты бір, яғни оқушылардың үш тілді меңгеруіне ықпал ету. Биылғы оқу жылының ерекшелігі мектебімізде дәстүрге айналып кеткен пәндер онкүндігінде үш тіл үшін алғашқы рет бірге өткізілді. Осыған орай пән мұғалімдері түрлі

заманауи форматта ашық сабақтарын көрсету арқылы тәжірибе бөлісті, сонымен қатар, сабақтан тыс уақыттарды 5-10 сыныптар оқушыларына арналған көптеген қызықты да, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазақ тілі пәні бойынша салт-дәстүрді дәріптейтін рухани бай, патриотизмге баулу шаралары жүргізілді. Орыс тілі пәні бойынша атақты орыс жазушысы А.Пушкиннің туындыларымен таныстырып, түрлі шы-

ғармашылық ойындар мен кештер өткізілді. Ал, ағылшын тілі пәні бойынша қызықты танымдық ойындар, жарыстар ұйымдастырылды. Өткізілген әр шараның оқушылардың қосымша ақпараттар алуына пайдасы зор болды. Төлеубике БАЙЖІГІТОВА, Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернаты тілдер кафедрасының жетекшісі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

ҚР «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету Ережелеріне сәйкес келесі күзету аймақтары белгіленеді: 1) магистральды мұнай құбырларының трассалары бойында – әр жағынан құбыр осінен елу метрде өтетін шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі ретінде; ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде магистральды мұнай құбырының күзетілетін аймағы әр жағынан құбыр осінен жиырма бес метрде өтетін шартты сызықтармен шектеледі; 2) бір техникалық дәлізде салынған көп жікті құбырлардың трассалары бойында – шеткі құбырлардың осьтерінен 1) тармақшамен қарастырылған қашықтықтарда шартты сызықтармен шектелген жер учаскесі ретінде; 3) суасты өтпелерінің бойында – әр жағынан өтпелердің шеткі жіктерінің осьтерінен жүз метрде тұрған қатарлас жазықтық арасында жасасылған су беткейінен түбіне дейінгі су кеңістігінің жер учаскесі ретінде; 4) өнімді апаттық шығаруға арналған жер қоймаларының айналасында – көрсетілген объектілер аймағының шекараларынан барлық жаққа елу метрде тұрған тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі ретінде; 5) бас және аралық аудау және құю сораптық стансалары, сұйыққойма парктері, өнімдерді өлшеу тораптары, құю-төгу эстакадалары, мұнай, мұнай өнімдерін қыздыру пункттері айналасында – көрсетілген объектілер аймағының шекараларынан жүз метрде тұрған тұйық сызықпен шектелген жер учаскесі ретінде; 6) орманы жоқ учаскелерде тұрғындар тұратын пункттерден тыс орналасқан бай-

ланыс және радиофикацияның жер асты кабельді және әуе желілері – жер асты кабелінің трассасынан немесе әр жағынан екі метрден кем емес қашықтықта әуе желілерінің шекті сымдарынан тұратын параллель тура желілерді анықтайтын осы желілер бойындағы жер учаскесі ретінде. ҚР-ның «МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ» ҚНжЕ 3.05-01.2010-ға СӘЙКЕС 30 МЕТРДЕН 150 МЕТРГЕ ДЕЙІН ҚАУІПСІЗДІК АЙМАҚТАРЫ БЕЛГІЛЕНЕДІ. ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН БЕЛГІЛЕНГЕН ЕҢ АЗ ҚАШЫҚТЫҚ ШЕГІНДЕ МАГИСТРАЛЬДЫ ҚҰБЫРҒА ЖАТПАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ. ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Құбырлардың күзетілетін аймақтарында құбырлардың қалыпты пайдаланылуына немесе олардың бұзылуына әсер ететін түрлі әрекеттерді жасауға тыйым салынады, соның ішінде: • тану белгілерін, бақылау-өлшеу пункттерін ауыстыруға, үюге және сындыруға; • кабель желілерінің қызмет көрсетпейтін қақпақтарды, қақпаларды және есіктерді, желілік арматураның торап қоршауларын, катодты және дренажды қорғау қондырғыларын, желілік және қарау құдықтары мен басқа желілік құрылғыларды ашуға, крандар мен ысырмаларды ашып, жабуға, байланыс, энергиямен қамтамасыз ету және құбыр телемеханикасы құралдарын қосуға немесе өшіруге; • түрлі қоқыс орындарын жасауға, қышқылдар, тұздар мен сілтілердің ерітінділерін төгуге; • жаға бекіту имараттарын, су өткізу құрылғыларын, құбырларды, байланыс желілерін бұзудан, ал жақын аумақ пен айналадағы жерді апаттық құйылу мен тасымалданатын өнімнен қорғайтын жер және өзге имараттарды (құрылғыларды) бұзуға; • зәкірлерді суға тастауға, суға тасталған

зәкірлермен, тізбектермен, сүйретпелермен және тралдармен өтуге, тереңдетіп қазу мен жерге батыру жұмыстарын жүргізуге; • от жағуға немесе қандайда бір ашық немесе жабық от көздерін орналастыруға. Магистральды мұнай құбырларының күзетілетін аймақтарында «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша рұқсатынсыз: • «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен олардың орналасу жерін, құрылыс, жайластыру және пайдалану тәртібін келіспей магистральды құбырдың және оның күзетілетін аймағы трассасының өткелдерін, топырақ жолдарын немесе өзге уақытша немесе тұрақты көлік қиылыстарын орналастыруға; • бақ өсіруге және ағаш өсіруге, сонымен қатар жыртылатын тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын қыр ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруге бағытталған агротехникалық жұмыстардан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен келісілмеген қандай да бір жұмыстарды орындауға; • магистральды құбырларға қызмет көрсетуге және оның физикалық қорғанысын қамтамасыз етуге арналған «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен орналастырылған жолдарды қалпына келтіруге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген жағдайлардан басқа осы жолдар бойынша магистральды құбырларда өртке қарсы және күзет қызметтерін орындайтын қызметкерлердің қозғалысына кедергі жасауға; • кез келген құрылыстар мен имараттарды салуға; • автомобиль көлік құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға; • мелиоративті жер жұмыстарын жүргізуге, жер суаратын және құрғататын жүйелерді салуға; • «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалымен келіспей тау, құрылыс, жинақтау және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, топырақты тегістеуге; • ұңғымалардың, шурфтардың құрыл-

Мезгілсіз келіп, қапыда соққан қайрымсыз ажал отбасының тірегі, үлкен шаңырақ иесі, тірлігімізге алтын діңгек, асыл бергек болған ардақтымызды, жанашыр бауыр, ардақты әке, аяулы жар, арналы азамат Балықтыкөл ауылының тумасы Қанат Қабылманатұлын ортамыздан алып кеткеніне қырық күн. Бауырымыздың қайтпас сапарға аттанғанына көңіл сенбейді, бауыр болып – қамқор болып, әке болып – мейірімді болып, жар болып – адал болып қатар жүрген күндердің, бірге кешкен ғұмырдың шоқтықты биіктеріне, түйінді сәттеріне ойша қайта оралып, іштей мінәжаттай қайталап, сол сартап болған сағыныштың иірімінен шыға алмай күн өткізіп жатқан жай бар. Тірлігінде көзі ашық, көкірегі қазыналы болған, салиқалы сөз ұстаған абзал жанның терең танымы, парасат-пайымы, мейірім шуағы бүкіл саналы ғұмырымыздың көз қуанышы, шамшырағы іспетті еді... Бүгінде өткен шақпен сөйлеп отырған біздің жан бауырымыз ҚАНАТ өзендей ағысынан жаңылмай, аспай-таспай, қалыпты, қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан жандардың бірі болатын. Шіркін жалған-ай, шіркін арман-ай!... Өлшеулі ғұмыр өтпестей, жазмыш шіркін жетпестей, кемді күнгі татқан дәм, кешкен ғұмырға алданып жүре беріппіз де... Жан бауырым! Жан әке! Аяулы жарым! Бұл күндерді сен мәңгілік мекеніңде ата-баба рухымен бақұлдасып жатқан боларсың. Ендігі біздің мақсат-мұрат, талап-тілек – сол өзің жаққан көкірегіміздегі отты сөндірмеу, бауырлық, әкелік ақ тілегіңе дақ түсірмей өту болса керек. Өресі биік көрінген, Өттің-ау ерте өмірден, Жабырқап қалды ел-жұртың Таба алмай жан мен көңілге ем. Әкейдің жолын жалғайтын Жақынның қамын ойлайтын, Соңыңнан ерген бауырдың Сауыты едің қорғайтын.. Жасадың ғұмыр кестелі, Сынса да ерте ескегің, Елім деп өттің фәниден «Ерім»деп алар еске елің.. Сағына еске алушылар: анасы – Әмина, жұбайы – Қабира, балалары – Нұрүйден, Ернияз, бауырлары – Баян, Жандос-Айым, Айдос, БақытАйдын, Айбар, Бейбарыс, Бағдат-Ермек, Мадина, Арман, Әсемгүл-Бақытжан, Әбілқайыр, Әли, Әсет-Құралай, Гүлбаян, Алихан, Әсел, Арайлым, Ерназар. №61

Еске алу Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының тумасы, Айдарбек Сәрсенбіұлының фәни жалғанынан бақилыққа озғанына ақпан айының 4-жұлдызында 100 күн толды. Айдарбек Сәрсенбіұлы 1948 жылы 18 қыркүйекте бұрынғы Қу ауданында дүниеге келген болатын. Өмір, Айдарбекті ерте есейтті... . 20 жасында анасынан, 21 жасында әкесінен айырылды. Өзінің өмірге деген құштарлығымен, жасынан елгезек, тыңғылықты, сауаттылығымен, қандай қызмет атқарса да, абыройлы болды. 1975-1976 жылдары аудандық комсомол комитетінде, аудандық ПМК-14 – құрылыс мекемесінде жауапты жұмыстар атқарды. Ақ жарқын мінезімен, досқа, туысқа, отбасына деген адамгершілігі мол, ерекше азамат еді. Ойына көркі сай, қымбатты, қимас бауырым Айдарбектің жатқан жері мамық, көрмеген көшесі жарық болсын дейміз. Мына бір жыр шумағын арнаймын: Өмірдің мәңгілікке тұрағы жоқ, Тірліктің келгені соң сынағы боп, Тағдырдың пешенеңе жазғаны ғой, Қоятын талабы мен сұрауы көп. Сен, кеткелі күндер өтіп, айда жетті, Өксік кернеп, ойлаймын келбетіңді, Сағындым боталаған көздеріңді, Қалдырып кете бардың нұр жүзіңді. Сағынышпен еске алушылар: апайы – Айтжан, жиендері.

ХАЛЫҚТЫҢ, КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ, ҰЙЫМДАРДЫҢ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА ЕСКЕРТУ «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Қарағанды облысының аумағында «Павлодар-Шымкент», «Құмкөл-Қарақойын», магистральды мұнай құбырлары, ТОБЖ байланыс желілері салынғанын, олар километрлі бағандармен және ескерту белгілермен белгіленгенін ескертеді.

Асқар таудай Ардағымыз еді

75 жасың құтты болсын бүгінгі күн мерейлі, Тілектерді айтайық бүлкілдетіп көмейді. Ақ жаулығың ақылдың туы болған, Анашым, Періштелер әумин деп тілегімді жебейді.

5

ғыларымен және топырақ (жер қыртысының үлгілерінен басқа) сынамаларын алумен байланысты геологиялық түсіру, геологиялық барлау, іздеу, геодезикалық және басқа іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Магистральды құбырлардың күзет аймақтарында кез келген жұмыстар мен әрекеттерді орындау қажет болған жағдайда, Кәсіпорындар, Ұйымдар және Азаматтар: • «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшелерінен «Магистральды құбырлардың күзетілетін аймақтарында жұмыстар жүргізуге» жазбаша рұқсат алуға міндетті. Жұмыстар жүргізуге рұқсат жұмыстарды жүргізушіде жұмыс істеп тұрған құбырлар көрсетілген жобалау құжаттама бар болған жағдайда ғана берілуі мүмкін. • кем дегенде 5 тәулік бұрын «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы құрылымдық бөлімшесінің өкілін жұмыстарды жүргізу орнына шақыруға; • құбырлардың және тану белгілерінің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді сақтап, жұмыстарды орындауға міндетті. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалының құрылымдық бөлімшелері ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету ережелерін және ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары» ҚНжЕ 3.05-01.2010-ды, сондайақ, «Күзетілетін аймақта жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсатта» көрсетілген талаптар бұзылып, орындалған жұмыстарды тоқтатып қоюға құқылы. ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы экологиялық кодексі, Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін күзету ережелері және ҚР-ның «Магистральды құбыр жолдары» ҚНжЕ 3.05-01.2010 жергілікті үкімет және басқарма органдарымен, сондай-ақ, басқа да кәсіпорындармен, ұйымдармен (жеке меншік түрлеріне қатысты емес) және құбырлар өтетін

аумақта жұмыстар немесе қандайда бір әрекеттер жүргізетін азаматтармен орындау үшін міндетті болып табылады. Айтылған Заң, Кодекс пен ҚР ҚНжЕ ережелерінің талаптарын бұзушылықтарға кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Жоғарыда айтылған барлық мәселелер бойынша мына мекен-жайға хабарласу қажет: «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Павлодар мұнай құбыры басқармасы 140004, Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аудан Тел: 8 (7182) 73-22-21 – Павлодар қ., №1 техникалық учаскесінің ОДП диспетчері; 8 (7182) 73-43-64 – «Павлодар» БМАС-тың ауысым бастығы; 8 (7182) 73-32-41, Факс: 8 (7182) 73-32-42 – Павлодар МҚБ бастығының қабылдау бөлмесі. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Қарағанды мұнай құбыры басқармасы 100026, Қарағанды қ., Гапеев көш., 4/3 Тел: 8 (7182) 73-22-21 – Павлодар қ., ОДП №1 техникалық учаскесінің диспетчері; 8 (71030)2-60-95 – «Атасу» БМАС-тың операторы, 8 (7212) 98-22-41, Факс: 8 (7212) 98-2242 – Қарағанды МҚБ бастығының қабылдау бөлмесі. «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасы 100600, Жезқазған қ., Ескі әуежай ауд., Тел: 8 (7182) 73-22-20 – Павлодар қ., №2 техникалық учаскесінің ОДП диспетчері; 8(7102) 925-255 –«Құмкөл» БМАС ауысымының бастығы-кезекші; 8 (7102) 925-241, Факс: 8 (7102) 925-242 – Жезқазған МҚБ бастығының қабылдау бөлмесі.

№62

Қарағанды қалалық мәслихатының заңдылық және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияда Қарағанды қаласының Панель-Центр құрылыс жобасы ауданына атау беру мәселесі бойынша өткен көпшілік тыңдаулардың нәтижелері Қарағанды қаласының Панель-Центр құрылыс жобасы ауданына атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар 2017 жылдың 27 қантарында Қарағанды қаласы Мұқанов көшесі, 41 мекен-жайында өтті. Тыңдауларға жалпы 73 адам қатысты. Күн тәртібіндегі мәселені қарастыру нәтижесі бойынша төмендегі шешім қабылданды: № Атауы 1

Атау беру бойынша Қатысқан «Қолда- % ұсыныс адам саны ды» Панель-Центр Байкен Әшімов 73 72 98,6 құрылыс жобасы- атындағы шағының ауданы наудан

Шағынауданға атау беру бойынша ұсыныс Қарағанды қаласы әкімдігінің және Қарағанды қалалық мәслихатының бірлескен шешімімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына енгізілетін болады. Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.


6

7 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

ДҮБІРГЕ ТОЛЫ ДҮНИЕ

Мәдениет ошақтарында

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Л.Гумилев атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар ЖӘЛЕЛДІҢ «Харекет» кітабы қарағандылық оқырмандарымен қауышты. Ақпан айының алғашқы күні.

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан»

Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33.

Аталған кітапханадағы «БОТА» әдеби-интеллектуалдық орталығының ұйымдастыруымен өткен кітаптың тұсаукесерінде автор ғылыми еңбегінің ішкі мазмұнына шолу жасап, келелі кеңес, өрелі әңгіме өрбітті. Қарағанды, жалпы Арқадағы көзі ашық, көкірегі ояу оқырман бұған дейін де ойшылдығымен танылып жүрген Нұраның тумасы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі Омар Жәлел есімін жақсы білсе керек. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр ілімдерінен қанып ішкен ойшыл, «БОТАНЫҢ» негізін құрушылардың бірі, танымал философ, бір сөзбен айтқанда, Абайдың толық адамы. Осы жолы да оқырмандарына орасан ойдың тиегін ағытты. «Харекет» сөзін Абай шығармашылығынан алыпты. Әрекет – іс-қимыл (мақсатты-мақсатсыз, тіпті, зиянды-зиянсыз) болса, харекет – ақыл мен ойдың ісі. Жалпақ тілінде қазақ мұны қам-қарекет атайды. Яғни, сары уайымға салынбай, харекет қылу – белгілі бір кәсіп ашып, игілік жолында жұмыс жасауға саяды. Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңіндегі «Адам бол, мал тап» дегені толық аша түседі. Бүгінгі тілмен айт­ қанда, үкіметке жаутаңдай бермей, өзің болып мал табу. Ол үшін алдымен ниетің түзу болуы керек. Содан кейін амал, харекет – сізден, берекет – Алладан. Көшпелі қазақ қоғамындағы осы үрдісті Кеңес үкіметі құрдымға жіберіп, үкіметке телміртіп қойған елді. Үкіметке телміріп, «жұмыс жоқ» деп сар уайымға салынып отыра берсең, «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, – аздырар адам баласын» (Абай) содан туындайды. Осындай арсыздықтың тамырына балта шабу үшін адам әуелі ойы мен ниетін түземек ке-

рек. Сана солай болған соң, харекет те түзік болмақ. Анық Абайдың толық адамы – Омар Жәлелдің айтпағы – осы. «Ердің жасы елуге» шыққан автор диссертациясының тақырыбы «XIX ғасыр­дың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетін­ дегі еңбек құндылығының зерделенуі» (Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп шы­ ғармашылығының негізінде). «Харекетке» автордың аталған диссертация­ сынан басқа бүгінге дейін жазған ғы­лыми-танымдық мақалалары да топтас­тырылыпты. Оны құрастырып, оқырман олжасына ұсынушы – автордың промоутері Ернат Қашқынов. Омар ағаның шығармашылығын зерделеп жүрген оның айтуынша, бұл кісінің бүгінге дейін жазған шығармалары бес томға жүк болатынын өзі білмейді екен. «Омар аға, елуге толдыңыз, осы жасыңызға дейін жазған-сызғандарыңызды жинақтап кітап шығарайық» десе, Омкең: «менің жазғандарым кітапқа толмайды», – деп безек қағатын көрінеді. Кейін промоутері еңбектерін тақырыптық тұрғыда жинақтап келіп жіберсе, жазған мақалалары бес кітапқа жүк болып шығыпты. «Бүгінде көптеген адамдар «ақша жоқ, кедеймін» деп айтады. Себебін мемлекеттен, басқа адамдардан іздейді. Ол – ақшаның жоқтығынан емес. Шын мәнісінде, барлық мін адамның өзінде жатқанын сезбейді. Себебі, олар харекеттің жағдайын білмейді. Егер харекет жағдайын білсең, тым құрығанда, ниеттеніп, жүріп-тұруың керек. «Жүргенге жөргем ілігеді» дейді қазақ. Яғни, амалын тауып, кәсіп қылуың керек» дейді автор.

Ел қоржынына тоғызыншы алтынды шаңғышылар салды. «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілген бәсекеде жұптасып жарысқан Олжас Климин мен Анна Шевченко мәре сызығын бірінші кесіп, алтын медальді олжалады. Екінші келген француздар күміс жүлдені еншілесе, ресейлік спортшыларға қола бұйырды. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ел үмітін ақтады. Еркін бағдарламада өнер көрсеткен Денис 266.97 ұпай жинап, Универсиада алтынын иеленді. Жеңіс тұғырының екінші сатысына 252.09 ұпайы бар жапон Кэйдзи Танака көтерілсе, қола медальді швециялық Александр Майоров қанжығалады. Сондай-ақ, биатлоншылар аралас эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл бәсекеде сайысқа араласқан Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытов және Антон Пантов ресейліктерге ғана есе жіберді. Қола жүлдеге Украина жастары ие болды. Сайыс барысында Галина Вишневская мен Дарья Усанова ресейліктерден 1,5 минут көрсеткішке басым түскен еді. Алайда, Василий Подкорытов нысана көздеуде мүлт кетіп, салдарынан ресейліктер қазақстандық спортшылардың алдын орады.

Жерлесіміз Екатерина Айдова екінші мәрте қола медальді қанағат тұтты. Конькиші қыз 1000 метр қашықтықта жарысқа араласып, 1:19.53 көрсеткішімен жүріп өтті. 1:19.10 нәтижесін көрсеткен ресейлік Александра Качуркина бірінші орынды жеңіп алды. Ал, үшінші орынға оңтүстіккореялық Ким Хьюн Юн (1:19.19) тұрақтады. Еске сала кетсек, Екатерина бұған дейін 1,5 шақырым қашықтықта та үшінші орын алған-ды. Биатлоншы Роман Еремин 10 шақырымдық спринтте қола медаль иегері атанды. Алғашқы екі орынды, тиісінше, ресейліктер – Семен Сучилов пен Дмитрий Иванов өзара бөлісті. Тағы бір қоланы конькиші Нұрберген Жұмағазиев алып берді. Шорт-тректен 1500 метр қашықтықта жарысқан Нұрберген корей спортшыларынан ұтылып қалды. Алтынды – Парк Джи Вон, күмісті – Ким До Кюм жеңіп алды. Нұрберген бірінші орын иегерінен 0,665 секундқа қалып қойды. Хоккейшілеріміз де ерлеп тұр. Жексенбі күні «Халық – Арена» мұз сарайында азулы деп айдар таққан Швеция құрамасымен өткен ширек финалдық кездесуде 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы шайбаны 11-ші минутта құрама

капитаны Константин Савенков салды. 1:0. Келесі шайба 43-ші минутта соғылды. Кирилл Савицкий мергендігімен көзге түсті. 2:0. Арада бес минут өте Никита Михайлис есепті 3:0-ге жеткізді. Ал, ойынның тәмамдалуына екі минут қалғанда Алексей Анциферов кездесудің соңғы шайбасын соғып, тартысты ойындағы есепке нүкте қойды. Енді, қазақстандық хоккейшілер жартылай финалда Чехия құрамасына қарсы ойнайды. Чехтар ширек финалда словактарды 4:3 есебімен тұқыртқан еді. Ойын 7 ақпанда, яғни, бүгін өтеді. Сөйтіп, ел құрамасы Универсиаданың жетінші күні – 5 ақпанды 23 медальмен түйіндеді. Спортшыларымыз осы уақыт аралығында 10 алтын, 3 күміс, 10 қола медальмен қоржынымызды қампайтты. Көш тізгіні – ресейліктерде. Теріскейдегі көршілеріміздің иелігінде – 49 жүлде (18 алтын, 20 күміс, 11 қола). Үздік үштікті Оңтүстік Корея құрамасы тұйықтады. Корейлерде 7 алтын, 3 күміс, 3 қола бар. Бұдан кейін медаль саны бойынша Польша, Жапония, Италия, Франция, Украина, Белорусь және Қытай командалары орналасқан.

Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36 Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген).

Бәрекелді!

Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Жақында Теміртау қаласының танымал актері мерейтойлық бенефис өткізді. Елу жасқа толған Владимир ХОМУТОВ 19 жыл ішінде театрда 60тан астам ролдерді сомдаған. Мектеп қабырғасынан сахна саңылағына айналған актер өмірінің жартысын театр саласына арнапты. Алғашқы кезде ақындардың өлеңін оқып танылған сахна шебері, кейін концерттер жүргізіп көпке белгілі болған. Владимирдің замандастары актердің кейпіне біртұтас еніп кететінін айтады. Бүгінде елудің асқарына шыққан Владимир Хомутов үлкен ролдерді шебер ойнап, өзін шыңдай түсті. Мамандығын уысынан шығармаған актер өнер әлемінен бір сәтке ажыраған емес. Қарапайым жанкүйерлер оның актерлік талантына әлі күнге тәнті болып келеді. Өз тілшімізден. ТЕМІРТАУ қаласы.

Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Мирас МҰХАМЕДЖАН – Бүркітті ауылының мақтанышы. 11-сыныптың оқушысы Мирастың самбомен шұ­ғылданғанына көп уақыт болмаса да, ол облыстық жарыстарда бірнеше рет топ жарып, спорт шебері атанды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі, жаттықтырушысы Қайрат Сүлейменов шәкіртінің шығар шыңы биік екендігіне сенімді. Өйткені, Мирас Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен спорттық жарыста 1-орынға ие болып, «Азия чемпионы» атағын алды. Жас спортшы – өз қатарластарына үлгі. Тіпті, мектепте Мирасқа арналған стенд жасақталғалы жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысы арта түскен.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz

Мирастың өзі де оқушыларды спортқа баулып келеді. Талантты шәкірттің Қазақстанның көк Туын биікке желбірететіндігіне се­ні­ міміз мол. Жайнагүл ҚАУАШОВА, №20 орта мектептің әлеуметтік педагогі. ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Хоккей

Таралымы 18 100 дана №15 Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 3 6аспа табақ.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Қарағандының «Сарыарқа» хоккей командасы Жоғарғы хоккей лигасында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. Өткен аптада кезекті кездесуін «сарыарқалықтар» Красноярск қаласының «Сокол» клубына қарсы өткізді. Бірінші кезеңде алғашқы болып есепті жерлесіміз Сергей Банашков ашты. Ойынның екінші бөлігінде «Сокол» клубының мықтысы Александр

Репьях таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде «Сарыарқаның» мер­­­гені Евгений Орлов қонақтардың қақпасына шайба салды. Қарап қал­маған «Соколдың» хоккейшілері Аслан Раисовтың көмегімен есепті тағы да бір шайбаға қысқартты. Десек те, ойын барысында шеберлік танытқан Евгений Орловтың еңбегі еш кетпеді. Буллиттер сериясы бойынша 3:2 есебімен «Сарыарқа» командасы жеңіске жетті. 13 ақпанда «Сарыарқа» хоккей клубы ресейлік «Рязань» командасын қабылдайды. Әзірге, Жоғары хоккей лигасы-

ның турнир кестесінде Өскеменнің «Торпедо» командасы 100 ұпаймен ал­дыңғы орында. Екінші орынға «СКА-Нева» командасы 96 ұпаймен орналасты. «Сарыарқа» хоккей клу­ бының жинаған 95 ұпайы жерлес­ терімізді турнир кестесінің үшінші сатысына көтерді. Бір айта кетері, «Сарыарқаның» келесі қарсыласы «Рязань» командасы бұрынғы кездесулерінде жеңіліс тапқан. Тіпті, «Сарыарқа» хоккей клубының 100-інші шайбасы аталмыш командаға соғылған еді. Осы жолы жерлестеріміздің жеңіс туын желбіретеріне сенім мол.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Нұрқанат ҚАНАФИН КОРРЕКТОРЛАР 1,3,4 беттер – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,5,6 беттер – Ж.АХМЕТОВА

7 02 2017  

Advertisement