25 02 2017

Page 7

Дүние-дүрмек

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

ҚР Қарулы күштеріне – 25 жыл

Құттықтаймыз! Аяулы анамыз Қадиша Манапқызын ақпан айының 27-ші жұлдызында 85 жасқа толған мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Анашым құтты болсын сексен бесің, Балаларың аяйды сенен несін. Өзіңсің шаңырақтың берекесі, Кең қылған пейіліңмен керегесін. Темірдей анама Алла төзім берген, Төрт бөліп түн ұйқысын көз ілмеген. Әкеміздің жоқтығы білінбеді, Бақытты күн кешкен соң өзіңменен. Елі үшін төгілетін артық тері, Мұғалім шәкіртімен бақытты еді. Ұзтазсың еңбегі көп елге сіңген, Ақтаған ел сенімін шәкірттері. Сен барда қуанышқа бөленемін, Ақ бата, алғысыңмен көгеремін. Тілегім, қызығын көр немеренің, Ылайым раxатын көр шөберенің. Анасы бар шаңырақ шайқалмайды, Шаттығы мен қызығы тарқамайды. Жүрші аман жүзге дейін ортамызда, Анасы бар адамдар қартаймайды. Ізі тілекпен: өзің айналайындарым деп еркелететін балаларың, немерелерің, шөберелерің. №70

Объявление Организатор конкурса КГУ СОШ № 41 акимата г.Караганды ГУ Отдел образования 100000, г. Караганда пр. Н. Абдирова 37/1 объявляет о проведении конкурса по организации горячего питания. К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации. Пакет копии конкурсной документации можно получить в срок до 12,00 07 марта 2017 года включительно по адресу: г.Караганда пр. Н .Абдирова 37/1, кабинет бухгалтерии, с 9-00 до 18-00 и/или на интернет ресурсе sch41@kargoo.kz инф. по тел:87212512221.

Жуырда Қарағанды мемлекеттік университетінде дене мәдениеті және спорт факультетінің, «Жас Сұңқар» әскери-спорттық клубының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында әскери-спорттық сайыс өтті. Шара Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғана 28 жыл толуына және ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналды. Аталған білім ордасының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абай Қалықов осындай игі шараның өткізілуіне

ұйытқы болған факультет ұжымына, «Жас Сұңқар» әскери клубына алғысын білдіріп, факультет деканы Нұрманбек Рамашұлы, облыстық

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Халықаралық Экскурсия жетекшілері күніне орай, «Жас экскурсия жетекшілерінің мектебі» атты шығармашылық семинар өтті. Бұл басқосудың басты мақсаты «Музей ісі», «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша білім алып, өз болашағын мәдениет саласымен байланыстырғысы келген жас буын өкілдеріне мазмұнды ақпарат ұсыну, кәсіптің қыр-сыры жайында кәсіби мамандардан кеңес алу болатын. Семинарға қаладағы орта білім беретін №16, 20, 23, 7, 19, 21, 11 орыс және №4, 5, 2, 8 қазақ мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жиынға қатысушылар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкерлері дайындаған «Экскурсия ісінің тарихы», «Экскурсия жетекшісі мамандығы», «Аймақтың имиджі. Халықаралық туризм күні», «Экскурсияны қалай құрастырады?» деген сияқты кәсіпке қатысты ең маңызды дәрістерді тыңдай отырып, өздерін қызықтырған мамандық иелері жайында мол мағұлматтарға қол жеткізді. Сондай-ақ, болашақ экскурсия жетекшілері орталық қызметкерлерімен еркін пікір алмаса отырып, Елбасымыздың атындағы орталықтың жұмыс барысымен, «Ғылыми-зерттеу бөлімі», «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімі», «Қор сақтау бөлімі» және «Экспозициялық көрме жұмыстары

бөлімдерінің» атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Онда еңбек етуші мамандар жастарға қыр-сыры мол музей өмірі туралы сыр шертіп, қорда сақталған қазақ тарихына қатысты құнды құжаттар мен ғасырлық тарихы бар бағалы жәдігерлерді көрді. Бір сәт болсын өздерін аталмыш мамандық

иелерінің орнына қойып Экскурсиялар жүргізді. Тарихты түгендеп, танымдарын кеңейтті. Топтың алдында жүріп, тарауы көп қазақ тарихының небір кезеңдері жайында ашық әңгімелер айтуға машықтанды. «Экскурсия ісінің тарихы» жайындағы дәрісінде орталықтың ғылыми

қызметкері Құрманшәді Оразымбетов: «Жұртшылыққа беретін тағылымы мол кәсіп жайында тереңнен сыр шертуге болады. XIX ғасырдың аяғына қарай пайда болған «музеология» термині музей ісінің дамуымен бірге қолданылып келеді. Қазіргі кездегі музейлер атқаратын жұмыстарына

Сахнаның ашылуы жоғары мәртебелі ханымның мейрамхананың ақылы әжетханасына келуінен (Галина Тручина) басталады. Ханым ақшасын жоғарыда ұмыт қалдырады. Ал, еден жуушы (Александра Большакова) ханым төлеуі тиіс сол ақшаға мейрамхананың жертөлесінде еден жуады. Егер, мейрамханаға келуші ақшасын төлемесе, бұл жағдайға еден жуушы кінәлі болады. Қарапайым еден жуушы жоғары мәртебелі ханымға әжетханаға кіру ақылы екенін белгілі ережелер арқылы түсіндірмек болады. Өзінің уақытша билігін пайдалану арқылы, жоғары мәртебелі ханымның қоғамда алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп әртістер қойылымды

тапқыр әзілдер арқылы шыншыл сарказммен сәтті ұсынды. Себебі, камералық пьеса жарты ғасырдан бері әлемдік тәжірибеде жүрсе де, еліміздің мәдениет ошақтарында жиі сахналанбайтын. Оған қоса, әртістер де камералық пьеса тәртібіне сай оны шатырларда, жарығы жоқ жерлерде елуге тарта кейіпкердің ортасында ойнауы тиіс. Сондықтан, камералық пьесаларға келетін көрермендер үшін ауысымдық аяқ киім әкелу міндетті. Ал, қарағандылық көрерменге оқиға желісі жақыннан ұсынылды. Пьесаны қойған театрдың бас режиссері Александра Большакова – еден жуушының рөлін сомдады. Режиссер сөзінде: «Шағын камералық

және қалалық Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының, «Ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің орынбасарлары Сергей Сахманов пен Игорь Молодов қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараның ашылу салтанатында аталған әскери-спорттық клуб сарбаздарының құрметті қарауыл жасағы көрсетілім қойып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен, ҚарМУ-дың 12 факультетінен жиналған командалар сынға түсті. Шарт бойынша, сайысқа ер азаматтармен қатар нәзік жанды аруларымыз да қатысты. Үш ер адам және екі әйел адамнан құралған әр команда төрт бөлімнен тұратын жарыс кезеңінен өтті. Атап айтсақ, бірінші кезең – 8 метр қашықтықтан мылтық ату, екінші кезең – дартс, үшінші кезең – бір орында тұрып қашықтыққа секіру және төртінші кезең – арқан тартыс. Жарыстың бас төрешісі, аға оқытушы Талап Елемесов сайысты қорытындылай келе, жүлделі үшінші орынды математика және ақпаратттық технологиялар, философия-психология факультеттеріне тапсырды. Екінші орын тұғырына педагогикалық және физика-техникалық факультеттер көтерілді. Ал, бірінші орынды дене мәдениеті және спорт факультеті қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға кубокпен бірге медальдар, грамоталар табысталды. Бұдан бөлек, үздік деп танылған қатысушыларға жекелей спорт түрлерінен сый-сияпаттар ұсынылды. Меруерт БАТТАЛОВА, Аида РАХЫМҚҰЛОВА, ҚарМУ-дың студенттері.

байланысты жәдігерді жұртқа таныстырып қана қоймай, оның тарихын зерттеп, талдап БАҚ арқылы көпшілікке дер кезінде ұсынып отыратын ғылыми институттың қызметін атқаруы керек» деген сияқты еліміздегі музей ісі үшін маңызды мәселелер төңірегінде ойларымен бөлісті. Ал, №2 орта мектептің 11-сынып оқушысы Мақсат Тұрымов үшін бұл семинардың маңызы өте зор. Ол мамандық таңдауға кіріскенін айтты: «Қазір ҰБТ-ға дайындалып жатырмын. «Экскурсия жетекшісі» қызметіне қатысты өткен семинардан көп ақпарат алдым. Өзіміз үшін жаңа кәсіппен танысып жатырмыз. Әрі мәдениет саласына соңғы жылдары үкіметтен көп көңіл бөлініп жатқанын естідік. «ЭКСПО» көрмесіне келетін туристер де бұл саланың дамуына септігін тигізеді. Жұмыс жеңіл болғанымен үлкен жауапкершілікті, терең білімді талап ететін сала. Семинарды ұйымдастырушыларға рахмет, музей ісіне жақын тарихшы немесе мәдениеттанушы мамандықтарына түсетін шығармын», – деді. Өздері қызыққан кәсіп жайында мамандық иелерінен мол мәліметтер алған оқушыларға Тарихи-мәдени орталықтың арнайы дайындалған сертификаты тапсырылып, іс-шара естелік суреттерге түсумен өз мәресіне жетті. Қуаныш ТЫНЫБЕКҰЛЫ, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының экскурсия жетекшісі. ТЕМІРТАУ қаласы.

7

Қарағанды облыс әкімдігінің Қаулысы 17 қаңтар, 2017 жылы

04/01

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 15.02 нормативтік-құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4148 болып енгізілді.

Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақ-

жал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Н. Әбдібеков, облыс әкімі. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «17» қаңтардағы №04/01қаулысымен бекітілген

Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары № р/с

Тұтынушылар санаты

Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы

Өлшеу бірлігі

Мағынасы

1

Орталықтандырыл ған жылумен жабдықтауға қосылған Абай қаласының тұтынушылары

«Абайлық жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория/шаршы метр

0,0340

2

Ақжал кентінің қазандығынан жылынатын Ақжал кентінің тұтынушылары

«Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория/шаршы метр

0,0410

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ Қарағанды экономикалық университетінің ректораты, қызметкерлері мен студенттері экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасының меңгерушісі М.К. Жетпісбаеваға орны толмас қаза – анасы Шәмшібану Сүлейменқызының қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды қалалық мәслихаты Қарағанды қаласының құрметті азаматы Шәймерден Әбілмәжінұлы Оразалиновке әпкесі Рашида Әбілмәжінқызы Серғазинаның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды қалалық мәслихаты Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіровке жұбайының анасы Алтын Аянбергенқызы Айсанованың қайтыс болуына байланысты қайғылы қазасына ортақтасып, көңіл айтады.

Білім орындарында

Еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», – деп ерекше атап өтті. Осыған орай, әлемдік жаһандану жағдайларына байланысты мектеп ұжымының алдында жасөспірімдердің салауатты өмір салтын бейімдеу талабы тұр. Қыс мезгілі басталғалы мектебіміздің бірқатар оқушылары: Алсу Марипова, Александра Воронкова, Диана Мансурова, Александра Зубкова, Александр Витязь, Ангелина Астафьева қысқы Президенттік көпсайыс бойынша қала, облыс, Республика деңгейіндегі жарыстарға қатысып, жүлдемен оралып жүр. «Еңбегі көптің – өнбегі көп» демекші, осындай дәрежеге жетуіміз бапкерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында. Осыдан 3 жыл бұрын, облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Алексей Лукьянов бастауымен мектепте Қысқы Президенттік көпсайыс спорттық секциясы ашылды. Мақсаты – жасөспірімдердің қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салауатты өмір салтына баулу. Жылдан жылға бұл спорттық секцияға қа-

тысушы балалардың саны көбеюде. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен айналысатын балалардың саны 80-ге жуық. Ата-аналардың жұмыс нәтижесіне ризашылықтары шексіз. Биылғы оқу жылында мектебімізде жас маман, Қазақстан республикасының бірнеше дүркін чемпионы Алданыш Қалибеков шаңғы спортын дәріптеуде. Мектеп директоры Ықылас Мустафиннің қолдауымен, аз уақытта екі бапкердің үйлесімді еңбектерінің арқасында, №8 ЖББОМ Президенттік көпсайыс құрама командасы мектебімізді Майқұдықтағы ең мықты мектептің бірі екенін дәлелдеді. А. БОЖАНОВА, №8 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

пейді. Жарты сағаттық қойылымды шебер ұсынатын театр әртістері

көрерменін асыға күтеді. Көріңіз, өкінбейсіз!

Мәдениет ошақтарында Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қоғамдағы екі түрлі әйел бейнесін ашқан қойылымды ұсынған К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры қала тұрғындарының қошеметіне бөленді. Театр әртістері Б. Швайгердің «Шағын камералық пьесасын» сахналады. Қала жұрты ұжымның «Достық көпірі – 2016» халықаралық фестивалінде жоғары бағаға ие болған бұл қойылымын асыға күткен болатын. Айта кеткен жөн, атақты австриялық жазушы Бригитта Швайгердің (1949-2010ж) «Шағын камералық пьесасы» 1977 жылы жарық

көрді. Театр ұжымы өткен жылы Йошкар – Ола қаласындағы «Достық көпірі – 2016» халықаралық фестивалінде пьесаны сахналады. Атақты сербиялық сыншы Драгана Бошкович төрағалық еткен қазылар алқасы қойылымға жоғары баға беріп, дипломмен марапаттады. Сондай-ақ, Сербия елінің Топола қаласында өтетін камералық спетакльдер фестиваліне шақырды. Жалпы, пьеса бүгінде аса өзекті тақырыпты қозғайды. Яғни, қоғамда ауқатты жандар жайлы өмір сүрсе, басқалары еден жуып, сыпыруға мәжбүр. Осы мәселе әжетханада екі әйел арасында орын алған көріністен баяндалады. Спектакль сюжеті сәнді мейрамханада орын алады.

пьесаның» желісі өзекті мәселені көрсетуге сеп болды. Ек түрлі жағдайдағы адамдар өмірі суреттелді. Кейіпкер ханым да, еден жуушы да – бір қоғамда өмір сүріп отырғандар. Олар өзара түсініссе, бар мәселе шешілер еді. Мысалы, жабық кеңістікте өмір сүретін жандардың біз байқамайтын жаңа қыры болуы мүмкін. Немесе, лауазымды тұлғаның атағы дардай болғанымен, ол қарапайым жұмысшының ойлағанын білмеуі мүмкін. Өмір – өткінші, әрі алма-кезек. Сол себепті лауазымға бөлмей, сыйласып кешкен өмір оңайырақ», – дейді режиссер. Театр сүйер оқырман үшін айта кетейік, алдағы уақытта «Шағын камералық пьеса» репертуардан түс-


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.