Page 1

Қаздауысты Қазыбек: Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық

Газет 2007 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен марапатталды.

1931 жылдың 4 қазанынан бастап шығады

www.ortalyq.kz

♦ Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газеті ♦ СЕНБІ, 25 АҚПАН, 2017 жыл №23 (22 330) ♦

Газет 1981 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталған.

Дөңгелек үстел

КЕНШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ Қашан да еңбектің бағаланғаны жақсы. Қоғамға да, өзіңе де пайдалы еңбектің өтеуі болады. Көңіліңді өсіреді, жаңа табыстарға жетелейді.

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан»

Рауан ҚАБИДОЛДИН, «Орталық Қазақстан» Жуырда «Достық» үйінде облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Жұпар БАЗАРОВАНЫҢ төрағалығымен Халықаралық ана тілі күніне орай «Мың бала» республикалық мәдениағартушылық жобасының ашылуына арналған дөңгелек үстел өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО 21 ақпанды Халықаралық ана тілі күні деп жариялаған еді. Мұндағы мақсат – тілдердің әртүрлілігі мен көптілді білімге ықпал етіп, ана тілінің маңызын арттыру. Соған байланысты, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өзге ұлт өкілдерінің балаларына мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Мың бала» жобасы пайда болған еді. Бүгінгі таңда бұл жоба Қазақстанның барлық өңірінде қолға алынуда. Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қа­лып­тастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту. Шараға қатысушылар қатарында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Әсем Сағатова, №39 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламасы бойынша жобаның өткен жылғы жеңімпазы Орден Сұраған, №52 орта мектебінің мұғалімі, облыстық Тарас Шевченко атындағы «Ридне слово» украин тілі серіктестігінің жексенбілік мектебінің оқытушысы Ирина Скокова, «Вайнах» шешен-ингуш облыстық этно-мәдени бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің мүшесі Әлихан Муцольгов болып, тіл мәселесіне қатысты тың мағлұмат жеткізді. №38 гимназияның оқушысы, жоба жеңімпазы Кристина Хван қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін білдіріп, алған әсерімен бөлісті. – Өткен жылы осы жоба аясында облысымызда 5 мыңнан аса балалар мен жастар қатысқан 260 шара өткізілді. Атап айтқанда, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қазақстандық патриотизмді, мемлекеттік тілдің маңыздылығын насихаттайтын шаралар, авторлық курстар, шешендік өнерді дамыту тренингтері, ұлттық спорттық ойындар, байқаулар мен викториналар, дөңгелек үстелдер мен отырыстар өтті. Сондай-ақ, жоба 109 мың 453 баланың мемлекеттік тілді сапалы түрде оқып, меңгеруіне ықпал етті. Нәтижесінде, 5000-ға жуық бала мемлекеттік тілді сапалы түрде оқып, меңгерді. Жоба бағдарламасы «мәдени-тілдік бой үйрету» халықаралық тәжірибесінің озық нәтижелерін ескере отырып құрылғандықтан, барлық қатысушылардың мәдени және тілдік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы ретте айта кетейін, биылғы жылдың маусым айында Жезқазған қаласының Қоғамдық келісім кеңесімен бірлесіп, Ұлытау ауданында тілдік лагерь ұйымдастырғалы отырмыз, – деді «Қоғамдық келісім» мекемесінің маманы Динара Жұмагелдина.

Ақжал кентіндегі «Новоцинк» кәсіпорнында жылды табысты аяқтаған өндіріс жұ­ мысшы-мамандарын көтер­ мелеу, марапаттау жап-жақсы дәс­түрге айналған. Жыл қоры­ тындысында әркімнің еңбегі сараланып, тиісті бағасы беріледі. Мәселен, өндірістің техникалық директоры Бұлқайыр Ағылбаев еліміздің Құрметті кеншісі төсбелгісімен марапатталды. Ал, тау-кен цехының бұрғылау қондырғысының машинисі Аманқұл Төкішев, автокөлік це­ хының жүргізушісі Виктор Гольнев «ІІІ дәрежелі еңбегі сіңген кенші» төсбелгісіне, машинист Болат Әбілжанов сондай-ақ, жүр­гізуші Манат Тоғанбеков «Озат кенші» төсбелгісіне және сый-сияпатқа ие болды. Дәл осы күні «Шұғыла» мә­ дениет үйінде «Әкелер салған дара жол» атты әдеби-сазды кеш өтіп, еңбек ардагерлері жо­ ғары сынып оқушыларымен кез­ десті. Өз тілшімізден. ШЕТ ауданы.

Жуырда облыстың тарихи-өлкетану мұражайында Халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесін өткізу аясында «Мұражай әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі туризм феномені» тақырыбында жобаның тұсаукесері өтті. Биыл Астана қаласында қанат жаятын халықаралық көрмеге шетелден 1 миллионға жуық қонақ және еліміздің 1 млн. 700 мың азаматы қатысады деп болжам жасалуда. Мәні мен маңызы әлемнің айрықша назарын аударған шараға еліміздің түкпіртүкпірінде дайындық жұмыстары жүр­гізілуде. Соның бірі – қонақтар қы­ зықтай алатын Қазақстанның кө­рікті жерлері мен тарихи орындары. Яғни, туризмнің туын биіктету. Туристер мен саяхатшыларды қызықтыратын да еліміздің шұрайлы өңірлері мен таңбаланған төл тарихы. Тарих мәселесіне тоқталатын бол­сақ, Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасында табылған құнды жәдігерлердің барлығы дер­ лік өлке мұражайларынан орын алғанына көз жеткізер едік. Аталған шараның арқалаған жүгі де – сол. Арқа қойнауынан табылған асыл мұ­ ралардың бары мен жоғын, жетістігі мен кемістігін тағы бір саралау. Өңірлердегі бай мұраның түпсіз тұ­ нығына көз жүгірту. Саралау, сараптау. Бір шаңырақта бас қосып, қонақтарға ұсынар жәдігерлермен, құнды мұралармен танысу. Мұра­ жайлар мүмкіншілігін таразылау. – Биылғы ел көлеміндегі ең ма­ ңызды шара – «ЭКСПО – 2017» көр­ месі. ТМД елдері арасында мұндай ауқымды шараны қолға алған бір де бір ел жоқ екен. Бұл көрмеде әр мемлекет өзінің жеткен жетістігін әлем назарына ұсынуға тырысады. Жаһан жұртшылығы тәжірибе ал­­ масу алаңына жиналған сәтте мә­ дениет пен өнердің, тарихтың алар орны айрықша. Өйткені, кез келген дамыған һәм өркендеген мемлекеттің алдымен алға тартары – мәдениеті мен сал-дәстүрі, тарихы. Сондықтан, біз бүгін облысымыздың барлық

мұражай өкілдерін, туристік агенттік басшыларын шақырып, араларына алтын көпір орнату мақсатын қойып отырмыз. Аудан, қалалардағы мұражайлардың қорын таныстырсақ деп жоспар жасадық. Күн ертең көрме алаңына облысымыздағы бар­­­лық мұражайлардың жәдігерлері қойылатынын да мақтанышпен айта аламын. Сөйтіп, біздің мұражай қыз­ меткерлері шетел мамандарымен қа­ рым-қатынас орнатып, өзге ел­дердің мұражай қызметімен танысуға жол ашары сөзсіз. Ең бастысы – біздің мұражайлар аймағымызға туристерді тартуға барын салады деп сенемін, – деді облыстың мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев. Біздің аймақ – жер аумағы бойынша еліміздің ең ірі облысы. Өңірімізде жалпы саны жиырмаға жуық мұра­ жай бар екен. Шара барысында Қа­ рағанды облысы мұражайларының туристік маршруттарының таныстырылымы да жасалды. Мамандар

қызмет жасайтын мұражайларының өзіндік ерекшеліктерін айтып, басым­ дықтарына тоқталды. – Өздеріңізге белгілі, туризм саласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітіліп, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мұндағы даму даңғылының негізгі қоры – мәдениет пен тарих нысандары. Сондықтан, облыстағы мұражайлар мен туристік бизнестің өзара әрекеттестігі – бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселе. Бүгінгі шараға облыстың туристік фирмалары, соның ішінде, «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысушыларының жүру маршрутын әзірлеп жатқан «Nomadic Travel Kazakhstan», «Павлин-Тур» сынды туристік агенттіктері, Қар­ қаралы мемлекеттік табиғи паркі және облыстың өзге де фирмалар қа­ тысуда, – деді облыстың кәсіпкерлік басқармасының туризм және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің басшысы Дәурен Әлжанов. – Біздің фирманың қызметі ішкі туризмге негізделіп, «ЭКСПО – 2017»

медаль. Алтыншы жарыс күнін де ел спортшылары табысты бастады. Хоккейден Қазақстан құрамасы Қытай командасын 8:0 есебімен ойсырата ұтып, 26 ақпанда өтетін кезекті қарсыласы күншығыс елінің құрамасымен кездесуге мүмкіндік алды.

Фристайлшы Юлия Галышева Азиада ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды. Спортшы қыз жұп могул жарысында чемпион атағына ие болды. Сонымен қатар, аталмыш жарыс түрінен ерлер арасында отандасымыз Дмитрий Рейхерд қола медальді қолдан бермеді. Қос фристайлшыларымыз қоржынымызға 1 алтын, 1 қола медаль алып, мерейімізді үстем етті.

Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан» Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы мықтылық танытуда. 23 ақпанда 2 алтын, 2 күміс, 1 қола, жалпы саны – 5 медальды қанжығаладық. Нақты айтқанда, бесінші жарыс күні биатлоншыларымыз – Галина

Вишневская мен Ян Савицкий алтынмен апталып, Василий Подкорытов пен Елена Коломина күміспен күптелді. Ал, Алина Райкова қола медальды жеңіп алды. Осылайша, осы күнге дейінгі жалпы медальдар саны 12-ге жетіп, көңіл қуантты. Оның үшеуі – алтын, төртеуі – күміс, бесеуі – қола

көрмесінде жұмыс жасауға ак­­кре­ диттелгендіктен, Қазақстан ау­ма­ ғын­дағы әріптестерімізбен тығыз қа­­­рым-қатынас орнатудамыз. Мұ­ ның ішінде Қарағанды облысы да бар. Бүгін бас қосқан мұра­жай қыз­­­меткерлерінің айтқанын, ұсын­ ғаны, көрсеткенін зерттеп, сараптаудан өткізіп, өз маршруттарымызға енгізетін боламыз. Сөйтіп, шетел қонақтары мен отандастарымызға Қарағанды облысына саяхат жасауды ұсынамыз. Ал, бүгінгі таңда біз қонақтарға Долинка кентіндегі ҚарЛаг мұражайын, Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш Президентіміздің тарихимәдени орталығын, Қарқаралының ажарлы табиғатын көрсетуді жоспарлап отырмыз. Дегенмен, еліміздегі туризмді тусыратып отырған ең басты кедергі – Қазақстанның автокөлік жолдары, – деді «Арман-Тур» ту­ рис­тік фирмасының және Астана қа­­ласындағы гид-аудармашылар мек­­тебінің директоры Салтанат Әб­ жанова.

Ой-тамызық Мағауия СЕМБАЙ, «Орталық Қазақстан» Ақпанның ақтүтек бораны басылып, аяздың беті қайтқан күн болатын. Осы бейсенбі. Түс ауған шақ. Биік үйлер бой түзеген Сәбит Мұқанов көшесінде күнөстеп, көлік күтіп тұрғам. Олай-былай өткен тұрғындар көп. Қазақтың қара домалақ баласы назар аудартты. Қолында жасыл қағазы бар. Әркімге барып бірдеңе сұрайды. Біреудің мекен-жайын іздеп жүр-ау деп ойладым. Ақыры маған келді. – Ата, мына ақшаны сіз түсіріп алған жоқсыз ба? – деп уысындағы тұтас екі мың теңгені көрсетті. Баланың неге әркімнің шаужайына жармасып, сұрау салып жүргенін ұқтым. Ойыма мұсылман дініндегі бір тәмсіл оралды. Айдалада бір пақыр бір дорба алтын тауып алып, не істерін білмейді. Алса, ұрлық, алмаса, көзі қимайды. Пайғамбарымызға келіп, ақыл сұрайды: «Мұндайда жо­ғалған зат кімдікі деп үш рет ай­ғайлап сұра. Иесі шықпаса, зат сенікі.

Бұл ұрлыққа жатпайды. Арың таза» деген екен Алланың елшісі. – Айналайын, бірталай адамнан сұрадың. Байқап тұрмын. Ешқайсысы «менікі» деген жоқ. Алла бәрін көріп тұр. Арың таза. Өзің ала ғой, – деп қатты разыландым. Шамасы 5-6 сыныпта оқитын болу керек, қара домалақ баланың пәк жүзі нұрланып сала берді. Аты-жөнін сұрап үлгермедім. Үйіне қарай құстай ұшты. Қазақта «Малым жанымның садағасы, жаным арымның сада­ғасы» деген толғанған адамға ой салатын сөз бар. Бүгінгі тірлікке қарасаң арлы адамдар азайып бара жатқан сияқты. Далада иесіз қалған дүние түгілі

қорасындағы малын, басындағы баспанасын, күн көріп отырған кәсібін талтүсте тартып алатындар көбейіп барады. Һәкім Абай бұлар туралы «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінің түйінінде былай дейді: «Мал жиып арамдықпен ұрлап-қарлап, Қусың десе, қуанып жүр алшаңдап. Қақса-соқса, бір пайда түсе ме деп, Елдің бойын еліртіп «жау мұндалап». Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап – Бұларды керек қылмас ешкім қалап. Терең ой, терең ғылым іздемейді, Өтірік пен өсекті жүндей сабап» Баланың бойынан ынсап, ұят, арды көрдім. Көрдім де көңілім толды. Әкесінің қанымен, анасының ақ сүтімен келетін тәрбие – бұл. Әрине, мектептегі ұстаздары да қара жаяу болмаса керек. Балаға Абай атасының атап айтқан алты нәрсесінен үшеуі қонған. Ол – ынсап, ұят, ар. Ал, намыс, сабыр, талап өскен сайын даритыны күмәнсіз. Қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болатын (Сұлтанмахмұт) осындай қара домалақтарымыз көктей қауласа ғой, шіркін!!!

Бәрекелді!

Байыпты жанға – лайықты марапат

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Дүбірге толы дүние – физиктердің заңы мен лириктердің жан тебіренісінің үйлесімі. Осының алғашқысы – физика саласының жілігін шағып, майын ішкен ұлағатты ұстаз Төлеген АРКОНОВТЫҢ кеудесіне күні кеше Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі тағылғанын сүйіншілейміз. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Жұмашұлы Қарқаралы ауданының Құр­ метті азаматы атағын алға­ны жақында хабарлаған бола­ тын­быз. Енді, міне, «Ы.Ал­ тынсарин» төсбелгісін оның өңі­ріне облыстық білім бас­ қармасының басшысы Асхат Аймағанбетов салтанатты түрде тағыпты. Саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған жанның еңбегі бұған дейін де бірнеше мәрте бағаланған болатын. Қа­зір Қарағандыдағы №77 мектеп-балабақша кешенінде физика пәнінен сабақ беретін ұстаз кезінде Қазақ ССР һәм КСРО оқу ісінің үздігі ретінде марапатталған. Кәсібіне адал­ дығы үшін Қарағанды облысы әкімінің сыйлығымен мара­пат­ талғаны және бар. Ұзақ жылдар бойы бұрынғы Егіндібұлақ ауданының білім бөлімін басқарған Төлеген Жұ­ машұлы сексеннің сеңгіріне шықса да бала тәрбиесінен қол үзген жоқ. Байыпты жанның лайықты марапаты құтты болсын!


2

25 ақпан, 2017 жыл

билік. саясат. экономика

www.ortalyq.kz

Облыс әкімдігінде

Баспасөз мәслихаты

Меморандум

Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Нұрдос КӘРІМ, «Орталық Қазақстан»

Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро КАВАБАТАНЫ қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасында әлеуетті әріптестік қарымқатынас орнату бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Аймақ басшысы ел экономикасын тұрақты дамытудағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады. – Жалпы, Жапония елінің экономикасы шарықтап дамыған, технологиясы – озық. Сондай-ақ, әлемдік өркениетте мəдениетін, тарихын, дəстүрін сақтай білген ел. Сондықтан, Қазақстан мен Жапонияның мəденигуманитарлық, саяси-экономикалық байланысына орай, екі мемлекеттің дамуына қолдау көрсету маңызды. Қазіргі таңда қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен күншығыс елінде көптеген мəдени шаралар өтеді. Алдағы уақытта Жапония елінің компаниялары облысқа жаңа технологиялар әкеліп, қазба байлықтарды өндіруге ат салыспақ. Елімізге жапондық кәсіпкерлерді, инвестицияны тартып, әріптестікті дамытуда ортақ мүдде орнайтынына сенемін, – деді аймақ басшысы. Жапон Елшісі екі ел арасындағы мəдениетте ғана емес, сонымен қатар, ғылым, технологияда жүзеге асқан шараларға тоқталды. Өткен жылы сахналанған Ахико Тецуро-

Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» Кеше «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Қарағанды облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Арман ӘЛІМБАЕВ Қарағанды қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы арқау болды. Жаңа әлемдік шындық жаңа міндеттер қойды. Елде төртінші революция басталды. Қазақстан жаңа жаңғыру кезеңінде тұр. Осы қиын кезеңде экономикалық өсімнің жаңа моделін құру керек. Елбасының барлық бастамалары Жолдауда көрсетіліп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жүзеге асырылады. Елбасы Жолдауда Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруда басым бес нақты бағытты айқындап берді. Міндеттерді іске асыру үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар, –

ның тағдыры баяндалған «Ақтастағы Ахико» қойылымы Жапонияның тарихымен үндескенін, әсіресе, қарағандылықтардың жапон мәдениетіне құрметі жоғары екеніне ризашылық танытты. Бүгінде қазақстандық студенттердің күншығыс елінің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алып жүргенін тілге тиек етті. «Қазіргі таңда екі ел арасындағы байланыстардың әлеуеті – жоғары. Республиканың минералды ресурстарға бай екендігін ескере отырып, өңір экономикасын дамытуда серіктестікті арттырамыз. Қазіргі таңда Қазақстанның бірқатар қалаларында аграрлық секторда 45-ке жуық жапон компаниясы жұмыс істейді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, кеншілер шаһарымен ғылым, технология саласында жаңа жобаларды жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Біз үшін әріптестік орнатуда облыстың экономикалық әлеуетінің жоғары болуы – зор мүмкіндік», – деді Жапонияның Қазақстандағы Елшісі. Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

дейді А.Әлімбаев. Жолдау арқылы толайым табыстарға қол жеткізетініміз сөзсіз. Медициналық сақтандыру енгізіледі, зейнетақы мен жәрдемақы көлемі артады. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылады. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналады. Сандық технологиялар базалық салалардың орнын басады. Еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындары төмендетіледі. Экономикаға маңызды кешенді мақсат қойылды. Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, қалалардың ұзақ жылдарға сыртқы және технологиялық келбеті айқындалады. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұның барлығы Жолдау аясында асырылатын іс-шаралар. Сонымен қатар, кездесуде аймақ экологиясы да сырт қалған жоқ. А.Әлімбаевтың айтуынша, экологиялық ортаны жақсарту мақсатында Қарағанды облысының әкімдігіне министрліктің қоршаған орта сапасын жақсарту бойынша ұсынысы жасалған. Егер ұсыныс қолдау тапса, өнеркәсіптерден шығарылатын қалдықтардың облысқа және қала халқына тигізетін зияны нақты анықталатын болады.

Ұлытау ауданы – ежелден тамыры тереңге жайылған тарихы бар, сондай-ақ, көшпелі қазақ мемлекетінде хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің ізі қалған, қайраткер тұлғаларымен танылған өңiр. Тарихи өлкеде Елбасының емен-жарқын сұхбат құруы тегін емес. Өйткені, Ұлытау – ұлттың ұясы.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, «Орталық Қазақстан» Адами капиталға инвестиция салмайынша, озық елдің отыздығы есігі түгілі тесігінен қаратпайтынын ұғынған қоғам бүгін қам-қарекетке көшті. Мемлекет басшысының өзі биылғы Жолдауында жөн сілтеп, негізгі басымдықтың бірі ретінде белгілеп берген – адами капиталдың сапасына қазір мемлекеттің өзі мүдделі. Мұнда инвестиция салу арқылы қазақтың шақшадай басын шарадай еткен тың жобалар мен үр жаңа жаңалықтар ұлтқа қызмет етпек. Сондықтан, инвестиция құю басталды. Нақтыласақ, кеше Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры облыс әкімдігімен жастар бағдарламаларын іске асыру және қолдау көрсету бойынша меморандумға қол қойды. Уағдаласқан құжатта аймақтың жастарына ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық салада және жастардың өзара байланысында ынтымақтастықты ілгерілету көзделген. Яғни, талантты жас тасада қалмас үшін қолдау көрсетеді. Қор сапарларын Қарағандыдан бастаған. Бұл – кездейсоқ емес дейді. Елбасының еңбек һәм саяси Отаны атанғаны өз алдына, Қарағанды – ғылыми кластер деседі Қор басшылары. Сондайақ, сөздерінің жалаң еместігін, әрі құр қол келмегендіктерін көрсетіп, осы кездесуде Қарағанды музыка мектеп-интернатына 3 миллион теңгенің аспаптарына сетификат тарту етті. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақтағы жастарға жасалған қамқорлық және олардың өңірдегі жетістіктері туралы айтып өтті. Елбасының Жолдауында жастардың білім алуына қатысты өзекті мәселелердің өміршеңдігіне және бір тоқталды. Жастар тұрғындардың үштен бірін құрайды. Жастарды қолдау үшін қаржыландыруда жыл сайын артып келеді. Мәселен, биыл жастар саясатына қатысты қаражаттың көлемі 1,5 есеге өскен. Жастардың түрлі шараларына бюджеттен 430 млн.теңге қарастырылған. Бұған қоса, жастарды ынталандыруға ықпал ететін облыс әкімінің «Қайнар» жастар сыйлығы бар. 2005 жылдан бері қолға алынған бұл сыйлықтың қоры бүгінде 35 млн.теңгені

құрапты. Ал, қазіргі дәуір сұранысына жауап беретін робототехника бойынша аймақ алдыңғы қатарда. Бұл күні облыста осы салада 40 секция жұмыс жүргізеді екен. Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ, облыс әкімі: – Бүгінгі кездесудегі мақсат – әкімдік пен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып отыр. Меморандум жастарды қолдау негізінде әріптестікті дамытуға бағытталған. Меморандум аясында жұмыс нәтижелі болып, жастардың жаңалығына септігін тигізеді деген үміттеміз. Қордың атқарушы директоры Қа-

нат Жұмабаев Президент Жолдауының басты басымдығының бірі – адами капиталдың сапасын арттыру болып табылатындығын, соған орай Қордың міндеті – жастардың жаңа буынынан өзгеріс жасайтын көшбасшылар дайындау дейді. Қанат ЖҰМАБАЕВ, Қордың атқарушы директоры: – Біз «Тұңғыш Президент Қорының күндері» жобасы бойынша өңірдегі жастармен кездесеміз. Бүгін Қарағандыға келдік. Қарағанды – ғылыми кластер. Біз Қарағанды жастарының жобаларымызға белсенді қатысып, гранттар мен стипендияларды жеңіп алғанын қалаймыз. Қарағанды мемлекеттік университетінде студенттермен жүздесіп, қызметіміз туралы баяндайтын боламыз. Қордың ғылыми қызметкерлер мен студенттер үшін 9 стипендиялық және гранттық бағдарламалары бар. Сонымен бірге, IT-технологиямен айналысатын жастар үшін арнайы зертханалар ұсынып, шетелдік ғалымдармен байланысатын алаң болмақ. Жалпы, Қордың қызметі – Президенттің идеялары мен саясатын іске асыруға, жастардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруге қолдау жасау, қайырымдылық қызметін іске асырып, сараптама-талдамалық орталығын дамыту. Деректерге сүйенсек, Қор 2017 жылы 80-нен астам шара өткізуді міндетіне алыпты. Былтыр 73 шараны іске асырса, оның 42 жобасы жастарды қолдауға арналған екен.

Бұдан бөлек, бүгінде аталмыш ауданда мемлекеттiк қолдаудың нәтижесiнде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келедi. Жылдан-жылға жиналған өнiм көрсеткiшi өсiп, еңбек өнiмдiлiгi арта түскен алға басу бар. Әсiресе, ауданда мал шаруашылығын дамытуда мал тұқымын асылдандыруға көп көңiл бөлініп отыр. Бұл жөнінде Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. Мал бағудың берекелі іс екенiн насихаттау, бұл кәсiптiң мәртебесiн көтеру, төрт түлiктi түлету былтыр аудан басшысының басты назарына алыныпты. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 43 млн. 850 мың теңгеге 7 жоба мақұлданып, осы қаражатқа 239 ірі қара мал алынған. «Құлан» бағдарламасы аясында 5 жоба қолдау тауып, жалпы сомасы 72,9 млн. теңгеге 271 жылқы алынған екен. «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 4,3 млн. теңгеге 169 асыл тұқымды қой алынған көрінеді. «Береке» бағдарламасының көмегімен 18 жеке қосалқы шаруашылық ашылып, 51 млн. теңге игерілген. Аудан бойынша өндірілген мал мен құс еті 11938,2 тоннаны құраған. Сүт өнімі 28523 тоннаға дейін жеткен. Былтырғы жылмен салыстырғанда мал санының өсу динамикасы бар. Атап айтқанда, сүт және сүт өнімдері өндірісін және ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін бағытталған жұмыстар жетерлік. Аудан әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемінің көрсеткіштері 2016 жылы 13675,3 млн. теңгеге орындалып, былтырғы жылмен салыстырғанда 118,1 пайызға артқан. Нақты көлем индексі 108 пайызды құрап отыр. Өткен мерзiм iшiнде кезек күттiрмейтiн негiзгi мәселелердi айқындап, алдағы қызметтің басым бағыттарын белгiлеген Хамит Нұрланұлы жоспарға сәйкес, ауданда 2 сүт қабылдайтын пункттерді, 1 мал

соятын және 16 бордақылау алаңдарын, 2 ауыл шаруашылығы кооперативтерін жүзеге асыруды жолға қойғандығын тілге тиек етті. Сонымен қоса, сүт тасымалдайтын құны 9 млн. теңге көлік алу, тоңазытқыш алу – 1 бірлік 8 млн. теңге, мал сою пунктін ашу – 1 бірлік, құны 35 млн. теңгеге жұмыстары жүргізілуде. Ауданның құрылыс саласында даму қарқын алып, 2016 жылы 5142 шаршы метр көлемінде тұрғын үй қолданысқа берілген. Экономиканың нақты сектор саласында шағын кәсіпорындардың өндіріс өнім көлемінің көрсеткіштері өткен жылы 1 млрд. 53 млн. 598 мың теңгеге орындалған шағын және орта кәсіпкерлік саласында өндірілген өнім көлемі былтырғы жылы 4 млрд. 591 млн. теңгені құраған. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында – 39 млн. 81 мың теңге қаржы қарастырылған. Селолық елді мекендердегі барлық медициналық пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар қажетті жабдықтармен және орталық дәріхана арқылы дәрілермен толық қамтамасыз етілген. Ұлытау ауданы бойынша село, кент әкімдіктердің жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны басқару шоттарында (ҚБШ) ағымдағы жылы 6 – салық түрі бойынша 22 млн. 944 мың теңге қаржы түскен. БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға толымды жауап қайырған Ұлытау ауданының әкімі Хамит Омаров басым бағыттары ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, өңiрдi үдемелi индустриялды-инновациялық дамыту, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», «Бизнестiң жол картасы – 2020» сияқты мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға айрықша көңiл бөлiнетіндігін атады. Алдағы кезеңде атқарылатын iс-шаралар бойынша нақты мiндеттердi жүзеге асыруға күш салатындығына уәде етті.

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Жағымды жаңалық Қарағандыда орталық мәдениет және демалыс саябағында балалар теміржолын жөндеуге биыл қалалық бюджеттен 4 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімдігінен хабарлады. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің халықпен есеп беру кездесуінде қоғам қайраткері Павел Шумкин билікті қаланың көрікті орындарына баса назар аударуға шақырған болатын. «Биылғы жылы осы жолға бөлінген қаржы анамыздың туған күніне орамал сатып алуға ғана жетерлік ақша. Бұған байыппен қарау керек», – деп мәлім-

деді Қарағанды тұрғыны. – Балалар теміржолы – көңіл көтеретін орын емес. Балалар бұл жерді жақсы көреді. Менімен келіспейтін адам жоқ шығар?! Тарихи нысанның болашағы үшін нақты шешім қабылдау керек». karaganda-region.gov.kz сайтының редакциясы үстіміздегі жылы балалар теміржолына бюджеттен қанша қаржы бөлінетінін анықтады. Жолдаған сауалға Қарағанды әкімдігінің өкілдері ақпарат ұсынды. Жалпы, теміржолда ағымдық

жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 млн. теңге қарастырылған. Тиісті қаржы мәдениет, демалыс саябақтары және гүлбақтар басқармасына бөлінді. 320 дана шпалды ауыстырып, тепловоздың арбаларын және электрқозғалтқыштарды, тамбурды жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, вагондарды бояу, рельс жолдарына қызмет көрсету жұмыстары қолға алынбақ. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Реформа – уақыт талабы Билік өкілеттіктерін қайта бөлуге байланысты конституциялық реформа жобасын жұрттың талқылағанына бір айдың мұғдары болды. Президент ұсынған жобада үш бағыт қамтылған. Бірінші, меншік мәселесі, екінші, биіктік өкілеттіктерді қайта бөлу, үшінші, сот және прокуратура органдарының мәртебесі мен құзыретіне қатысты мәселелер. Негізгі мақсат билік өкілеттіктерін қайта бөлу деп жарияланғандықтан, осы мәселе шеңберінен шықпаған абзал. Конфуцийдан бастап, Тоныкөк, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Абай, Б. Момышұлы даналығына жүгінсек, мәселе заңдардың кемшілігінде емес, адамдардың ниетінің, әсіресе, бюрократияның пейілінің кеңдігіне, дұрыстығына тіреледі. Шенеуніктері адал елдің мүддесін шынайы қорғауға сапасы нашар заңдар кедергі келтіре алмайды. Ал, заң қанша кемел болғанмен шенеунік арсыз болса, ел мүддесі соншалықты нұсқан келеді. Заманында Әз Тәуке хан мен Абылай хан қазақ елінің мүддесін қалай қорға-

ды, батырлар мен билерді де осыған қалай жұмылдыра білді?! Жалпы, Конституция барша халықтың кең де екжей-текжей талқылауының нәтижелерін асықпай қорытып барып өзгертілуге тиіс. Әлемдік тәжірибе, өркениетті елдерде қалыптасқан үрдіс осындай. АҚШ-та Конституцияға енгізілген өзгерістердің бекітілуінің өзі ондаған жылдарға созылады. Міне, бізге де осындай салиқалылық қажет. Менің ойымша, талқылауға түскен ұсыныстар замана талабына орай елімізде болатын үлкен өзгерістердің бастамасы. Еліміздегі түрлі саяси, қоғамдық институттардың жалпы билік

құрылымдарын қайта құруды, мәселен, Парламент құрылымын тек Мәжіліспен ғана шектеуді ұсынып жатқанын мен құп көремін. Қос палаталық біздің мемлекеттің табиғатына жат. Бұл бесенеден белгілі жайт. Біз федеративтік құрылымы жоқ, унитарлық, яғни біртұтас мемлекетпіз. Оның үстіне Қазақстан Халқы Ассамблеясы, одан қосарлана сайланатын 9 депутат бар. Елімізде түрлі деңгейде жұмыс істеп жатқан қоғамдық кеңестер бар. Кеңес Одағы кезінде біздің елдегі философтар мен құқықтанушылардың

деңгейі өте биік саналатын. Өзге республикаларға үлгі еді. Сол сүрлеудің сорабын шөп басты деуге болмас. Елімізде жоғары білікті мамандар жеткілікті. Сондықтан, конституциялық заңнамаға, меншік құқығына байланысты отандық сарапшылардың пікірлеріне құлақ асқан жөн. Мысалы, А.Шайкенов халықаралық қаржы орталығын құру, соған орай арнайы халықаралық сот институтын құру, оны ағылшындық құқық жүйесіне толықтай негіздеу біздің елде құқықтың құрлықтық және преценденттік – екі жүйесінің қосарлануына алып келетініне,

ал мұның тиімсіз де орынсыз екеніне назар аударады. Менің ойымша, Президент осы ұсыныстар арқылы қоғамдық пікірдің барометрін тағы бір сынап алмақшы. Соған орай қоғам да өз ойын, қордаланып қалған түйткілдер туралы пікірін ашық айтып, жоғары биліктің, Президент назарын өзекті мәселелерге аудара білуі керек. Президенттің де көздегені осы емес пе?! Президенттің заң күші бар жарлықтар шығару құқығынан бас тартуы әбден піскен мәселе. Ел Үкіметінің Парламент

алдында есептілігін күшейту, осы тұрғыдан Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге қатысты ұсыныстар құптарлық. Соның өзінде бұл ұсыныстарды әлі де болса ширатуға, ауқымын үлкейтуге болады. Осы ара қатынаста Парламентке кеңесшіліктен гөрі үлкенірек, жауаптырақ жүкті артуға болмас па? Сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нақты күшейту, өкілеттіктеріне қажет тиімді тетіктерді, қаржы көздерін ашу да маңызды. Дәл бүгінгі күні Бас прокуратура тарапынан істеліп жатқан жұмыстардың

логикасы тегеурінді, өзегінде жан бар. Прокуратураның беделін көтеру, сол арқылы да тәртіп сақшыларының орынсыз озбырлығына тосқауыл қою артық болмас еді. Парламенттегі жерлес депутаттар ішінде біліктілігі өте жоғары заңгерлер жетерлік. Олардың өзіндік үндері жалпы дүрмекте жұтылып кетпей, ерекше естіліп тұрғаны дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, саяси, қоғамдық институттар, қоғамдық кеңестер жүйесі, ғылыми, сарапшы қауым, депутаттар – жалпы барша ойлы да зиялы азамат осы үрдісті қолдап шынайылықтың үлгісін көрсетуі керек деп ойлаймын. Болат СЫЗДЫҚ, заң ғылымдарының кандидаты. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


Жасампаздық жолында

3

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

2017 жылдың 31 қаңтары күнгі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 дамыған елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған бес негізгі басымдықты айқындап берді.

ндарыоқу оры «Жоғары амына, матер ықталу рлық құ ның кад хникалық жабд ламалақ-те у бағдар риалды р е б ап ім е, біл мен тал деңгейін ақылау б ы т с ты рына қа ет.» ілуі қаж т й е ш баев. ү к н Назар а Нұрсұлт

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауы бұқара халықтың зор ықыласына ие болды. Тәуелсіздіктің екінші 25 жылдығына қадам басып отырған еліміз үшін Президентіміздің бұл Жолдауы үлкен серпіліс, тың идеялардың өмірге келуіне, саяси-экономикалық, әлеуметтік-рухани дамуына кең жол ашары сөзсіз. Әсіресе, оқу ағарту саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бұл Жолдаудағы Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту жөніндегі ойлары, атап айтқанда білім беру жүйесінің рөлі туралы айтқан сөздері қызу қолдауға ие болуда. Елбасының: «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деген сөздері уақыт талабынан туындап отырған ұсыныстар деп қабылдаймыз. Сондай-ақ, мектептердің және мұғалімдердің деңгейі әсіресе, ауыл мен қалада әртүрлі екендігі білікті педагогтардың жетіспеу проблемалары туралы айтқан ойлары көптен көтеріліп келе жатқан проблемалардың оң шешімін табуына мұрындық болары сөзсіз. Сондай-ақ, Жолдауда келтірілген тұрғын үй мәселесі мен адам денсаулығын жақсартуға бағытталған бағыттар да халықтың көңілінен шыққаны сөзсіз. 2050 жылға дейін халықтың әл-ауқатын арттыра отырып, дамыған 30 елдің қатарында болуды діттеген стратегиялық жоспардың өміршеңдігін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық шежіресінен анық аңғаруға болады. Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауы – Еліміз үшін жарқын болашаққа апарар игі істердің баянды бастамасы деп білеміз. Қойлыбай АСАНҰЛЫ, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Екі жаңғырудан табыспен өткен еліміз үшін, биылғы жылда еншісіне бұйырған Үшінші жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын, Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізілетін сенімді көпір. Бес басымдықтан тұратын Үшінші жаңғыру экономиканың әлемдік өсімінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге негізделген, әлемнің озық 30 елінің қатарына кіруге бағытталған. Мемлекет басшысы Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеп және қабылдау қажеттігін, Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін беретінін, ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстау керектігін, сонымен қатар әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болатын «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құру қажеттігін қадап айтты. Жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында ғылыми және инновациялық әлеуетті дамыту керектігіне де тоқталды. Еліміз үшін маңызды кешенді міндеттер – жаңа индустриялар құрумен қатар өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы сынды дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер арқылы еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру, басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру, бір ведомстоваға экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін шоғырландыру, «бір терезе» қағидаты бойынша экспорттаушыларға өңірлерде де қолдау көрсету басты назарға алынады. Біздің еліміз үшін агроөнеркәсіп

Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық» деп атап өтті. Шынында да, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінақ басталды. Атап айтқанда, 1992 жылы 17 наурызда Қазақстан Президентінің «Ұйымдасқан қылмыс түр-

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты кезекті Жолдауында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болғанын, Алматы шаһарында «Универсиада – 2017» спорт ойындары өтуі және ең айтулы оқиға – елордамыз Астананың төрінде жас мемлекетімізді әлемге мәшһүр ететін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі өтетінін атап айтты. Осындай игі шаралар халықаралық аренада мемлекетіміздің жоғары беделге ие екендігін, саясатымыздың дұрыстығын айғақтай түседі.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Бұл басымдықта цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету маңызды кешен екенін атап көрсетті. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеп қабылдауды тапсырды. Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Бұл орайда, жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, өндіріс,

сондай ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсетуді дамытуда мемлекет - жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік бермекші. Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Яғни, ақша несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруда жекеменшік капитал тарту арқылы инфляция деңгейін төмендету, экономиканың өсуі, қор нарығын одан әрі дамыту басты міндет болып табылады. Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Тегін оқумен ең әуелі жұмыссыз және өзін - өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылулары тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауды жолға қою қажеттігі атап көрсетілді. Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Осы басымдықта, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын анықтап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу арқылы заңсыздықтарға жол бермеуді

қатаң бақылауға алу мәселелері көрсетілген. Жолдаудағы «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспары уақыт талабына сәйкес және елімізді одан әрі дамытуға апаратын жол екенін барша қазақстандықтармен бірге Осакаров аудандық қазынашылық басқармасының ұжымы да бір кісідей қолдайды. Сонымен бірге, қазіргі таңда ауданымыз бойынша барлық мемлекеттік мекемелер «Клиент - Қазынашылық» жүйесі бағдарламасында жұмыс жасауға көшірілген. Яғни, аудан бюджетінің барлық кіріс – шығыс құжаттары адам араласуынсыз, электронды тәсілмен жүргізіледі. Үстіміздегі жылдан бастап қазынашылықта келісімшарттарды тіркеу де мемлекеттік мекемелердің электронды тапсырыстары негізінде жүргізілетін болады. Жасалып жатқан бұл шаралар Жолдауда көрсетілгендей сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оны болдырмауда оң нәтижесін беретініне сенімдіміз. Серік ТАУЕКЕЛОВ, Осакаров аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын кезекті Жолдауында бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға жол ашатын бес негізгі басымдық көрсетілген. Соның ішінде төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту деп, тәрбие мен оқытудың тиімділігі айқын көрсетілді.

кешенінің болашағы зор. Сол себептен де аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Жері кең, табиғаты тамаша Ұлы дала елі ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің біріне айналып, экологиялық таза тағамдар ұсынатын «Made in Kazakhstan» брендімен танымал бола алады. Елбасымыз жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі екенін, еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді ісқимыл қажеттігін, жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керектігін, көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажеттігін атап өтті. Бүгінде урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Урбанизация үдерісі отандық экономиканың толыққанды драйверіне айналуға тиіс дейді Мемлекет басшысы. Бүгінде әрбір қазақстандықты толғандырып жүрген өзекті мәселенің бірі – баспаналы болу. Ағымдағы жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайтыны бұқара халықты бір қуантып тастады. Бүгінгі күн тәртібінде тұрған ке-

шенді міндеттің бірі – еңбек нарығын жаңғырту. Жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еңбек ресурстары босап қалады. Елбасымыз, міне, осы мәселенің шешімін табу үшін Үкімет пен әкімдерге міндет жүктеп отыр. Ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе тиісті жол карталарын әзірлеп, қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлап, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет, жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек. Үкіметтің биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруды қолға алғаны көңіл қуантады. Қазақстан азаматтарының өз бизнесін жүргізу үшін 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатындығы кәсіпкерлерге ерекше қолдау екендігін де атап айту керек. Жолдаудағы төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру арқылы оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу, қала

лерімен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту шаралары» Жарлығы, 1998 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды. Президент биылғы Жолдауында басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуге аударылып отырғанын, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет екенін ескертті. Жемқорлықпен күресте тиімді тәсілдің бірі – жариялылық. Сот саласында жемқорлық жайларын болдырмау, алдын алу шаралары жасалған.

мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту сынды өзекті мәселелер өз шешімін табатын болады. Жолдауда үш тілде оқу кезең-кезеңмен көшу мәселесі де қарастырылды. Қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, ағылшын тілін меңгеру – заман талабы. Бүгінде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланатынын, әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отыратынын ескерсек, ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады. Биылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастайды. Енді жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар тегін кәсіптіктехникалық білім ала алады. Білімді ұрпақ – еліміздің басты әлеуеті. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайтыны хақ. Сәуле ҚАЖЫКЕНОВА, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қолданбалы математика және информатика кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы.

Судьялардың қараған істері бойынша шығарылған сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін соттардағы «бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық - талдау жүйесі» бағдарламасы арқылы Жоғарғы Соттың web – сайтында жарияланады.

Адами капиталдың дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Сондықтан, Елбасымыз осы бағытқа инвестиция салуды, Қазақстан азаматтарының білім алуы мен денсаулығын жақсарту үшін қаражат бөліп, осы екі саланы үздіксіз дамыту туралы үнемі айтып келеді. Еліміздің даму стратегиясының негізгі бір тармағы халыққа білім беру болып табылады. Сондықтан, балаларды мектепке даярлау мәселесі өзекті істің біріне айналып отыр. Еліміздің бүгіні мен ертеңі болар жас ұрпақты тәрбиелеу – тәрбиешілердің міндеті. Бұрындары білімнің сапасына үлкен мән берілсе, бүгінгі күні білімнің сапасымен бірге бүлдіршіннің рухани тәрбиесіне және ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде, яғни, ғылым мен білімнің жаңаша бағытын барынша игеруді заман талап етіп отыр.

Қазіргі уақытта барлық соттарда сот жұмысы бейнежазба арқылы бақыланады, оның мақсаты – сот талқылауының жариялылығы мен көпшіліктің сот актілеріне қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу

Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы инновациялық бағдарламалар жүзеге асуда. Балабақшаның негізгі міндеті – баланың мектепке даярлығын қамту, әр баланың дұрыс тәрбие алуына кепілдік беру. «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру» деген Елбасымыздың педагогтар алдына қойған міндетімен толығымен келісе және қолдай отырып, оны жүзеге асыру үшін толыққанды жұмыс атқарамыз. Өйткені, еліміздің болашағы – жас буынды тәрбиелеу мен оқыту біздің үлесімізде. М.СЕЙТБАТТАЛОВА, «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиешісі. ҚАРАҒАНДЫ қаласы. Сурет ғаламтордан алынды.

жеке адамдардың немесе жекелеген топтардың не құқық қорғау, не басқа мемлекеттік органдарының ғана емес, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны адал орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан дүниесін

әрдайым таза ұстауы тиіс. Тек сонда ғана оларға қарапайым халықтың сенімі артып, қоғам түзеледі. Елбасы өз Жолдауында айтқандай, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты, әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Е.БЕЙСЕМБАЕВ, аудандық сот судьясы. ҰЛЫТАУ ауданы.


4

руханият

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Дәуітәлі СТАМБЕКОВТІҢ туғанына – 70 жыл болатын. Кейіннен осы қасиеттерін ол тереңдете, шыңдай түсті. Қандай тақырыпқа жазбасын оның көркемдігіне, ұйқасына, мазмұнына, тәрбиелік мәніне ерекше көңіл бөлетін. Көп оқитын, жасынан зерделі болатын. Әлем әдебиетінің, орыс әдебиетінің классиктерін сол кездің өзінде жақсы білетін. Оныншы сыныпта оқып жүргенде мектепте болатын әр түрлі әдеби кештерге үзбей қатысып, сол кештерде сұрақ-жауаптарға, викториналық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, жүлделерге ие болатыны есімде. Домбыраны жақсы тартатын, әжептәуір әншілігі де бар еді. Суретті тамаша салатын. Бірге оқитын қыздардың суретін айнытпай салып беретін. Әсіресе, өзі ұнататын А. деген қыздың суретін әр қырынан салып, мақтана көрсетуші еді. Кезінде дәуірі жүріп, дүйім жұртты аузына қаратқан Дәуітәлі ақынмен біз бір мектепте білім алдық. Ол менен бір класс жоғары оқыды. Ақтоғайдағы М.Горький атындағы №1 орта мектептің тоғызыншы класында оқып жүрген кезім болатын. Қазан айының іші еді, бір күні аудандық «Арқа еңбеккері» газетінде менің «Кітабым» деген өлеңім жарық көрген. Бүкіл кластың және мені танитын басқа да кластардың оқушылары, сабақ беретін кейбір мұғалімдер: «Сен ақын екенсің ғой» деп құттықтап жатыр. Мен әжептәуір марқайып қалдым. Бізге астанамыз Алматының оқу орнын бітірген жас жігіттер – Елубай Адамбаев тарих пәнінен, Төкен (Төлеуқадыр) Тыныбеков неміс тілі пәнінен сабақ беріп жүрді. Бұл екі мұғалім тіпті ерекше риза болды. Сол жылдары класымыздағы Балтабек Әбеуовтің әңгімелері мен мақалалары аудандық газетке жиі шығатын. Бір әңгімесі облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде де басылды. Енді өлең, әңгіме жазатын оқушының класта екеу болғандығын олар баса айтты. Содан көп ұзамай Елубай мұғалім мен Төкен мұғалім мектепте жас әдебиетшілер үйірмесін ашатындықтарын айтып, Балтабек екеумізді және әдебиетші болуға талпынған басқа да балаларды сол үйірмеге жазылуға шақырды. Сөйтіп, үйірме өз жұмысын бастап кетті. Үйірменің старостасы өлеңдері аудандық газеттерге бұрыннан шығып жүретін, он бірінші сыныпта оқитын Тілеген Айтжанов болды. Мүшелері оныншы сыныпта оқитын Дәуітәлі Стамбеков, Сәдуақас Мұқанбеков (кейін Торғаев болып жазылды), Төкен Оразбеков, тоғызыншы сыныпта оқитын Балтабек Әбеуов, Базыл Аманжолов, Торғай Бейсекова, мен және басқа да оқушылар еді. Біз үшін үйірменің жұмысы өте қызықты болды. Онда жаңадан жазылған өлеңдеріміз оқылып, ол талданып, жақсы-жаман жақтары айтылатын. Егер кемшілігі болса, оны түзету жолдары қарастырылатын. Сондай бір жолы Дәуітәлінің «Қысқы кеш» деген өлеңі талқыланды. Өлең өте жақсы жазылыпты. Бораннан кейінгі табиғаттың қысқы кештегі көрінісі сәтті бейнеленген. Тек өлеңнің бір жолында «сілікінген» деген сөз қолданыпты. Егер бұл сөзді «сілкінген» деп жазатын болса, қара өлеңнің бір буыны жетпей қалады екен. Өлеңді талқылай келе ол сөзді «дүр сілкінген» деп жазу ұсынылды. Бұл тіркес бәрімізге ұнады, кейін газетте де осылай жарық көрді. Дәуітәлі мектепте оқып жүрген кездерінің өзінде өлеңге ерекше құмар болды. Сонысына қарай шығарған өлеңдері де мөлдіреп тұратын. Оның өлеңдерінде жеңіл юмор, кейбір сәтте жап-жақсы философия

Алғыс

ғын көп көрді. «Жетім бұрышты» жағалап жүріп, сол кездегі астананың талай жерінен пәтер жалдап тұрды. Ақыры табандылығының арқасында «Қазақфильм» ықшам ауданынан үш бөлмелі тамаша пәтер алды. Алматыға барғанда күтіп алып, үйіне алып келетін, қаланы аралатып көрсететін. Сонау Медеуге дейін барып, сан рет қыдырған едік. Сол кездерде бір байқағаным – Дәуітәлінің үйі қонақтан босамайтын. Әсіресе, жоғары оқу орнына түсуге келгендер талай күн ошарылып жатып алатын еді. Кейде орын болмай қалғандықтан, ас болмеге дейін жататын кездер болатын. Ондай сәттерде досымның да, оның жарының да қабағында кірбің байқалмай, келгендерді күтіп алып, шығарып салып жүреді. Бір жолы көшеде келе жатқанымызда бір жігітті тоқтатып алып, сөйлесіп тұр-

Біздің жарнама телефонымыз

91-04-52

Аңсау Далада туып өстім де, Даланың әнін мақтадым. Бағынбай өткен ешкімге, Арынды менің шақтарым. Ішінде жүрген сағымның, Сонау бір көздің ұшында. Бауырдай туған сағындым, Даланың құйттай құсын да. Артық жоқ одан жалғанда, Сағынып жүрмін мен енді. Бұлаққа, суға барғанда, Жас қыздар айтқан өлеңді. Кеткендей еді келмеске, Кім біледі мүмкін оралар. Не солар мәңгі өлмес те Немесе мәңгі жоғалар. Өтер де әлі талай күн, Артымда талай күн қалар. Қалады әнсіз ақ айдын, Кетеді ұшып тырналар. Өкпелі емен бүгінде, Мезгілге сонау мен енді. Жылыта алмас күнің де, Тоңазып қалған денемді. Ерегіскенде ездерге, Боратқан қыстың ақпанын. Байсалды тартып өзгерген, О, менің асау шақтарым.

Дауыл

Сабақтан бос уақыттарында спортпен, оның ішінде бокспен шұғылданды. Оның спорттың бұл түрін қалауына ағасы Әбдіқадырдың әсері болғандығы сөзсіз. Өйткені, ол кісі талай жарыстарда қарсыласын бет қаратпайтын былғары қолғап иегері болып еді. Дәуітәлі де сол ағасы сияқты оң қолының ыңғайына дөп келіп қалғанды қалпақтай ұшыратын, соққысы жойқын болды. Алматыға барып, жоғары оқу орнына түсіп, тұрақтап қалды. Үй болды. Әдеби орта, жақын достар тапты. Қосағы біздің облыстың Нұра ауданында туып-өскен Фарида өте жақсы жар болып кездесті. Бір жолы жарым Нұрғайын, қызым Ләззат үшеуіміз «Просвещенец» демалыс үйіне кәсіподақтың жолдамасымен барып, демалып жатқанбыз. Қалаға қыдыруға таудан төмен түсіп, кешке қайтардағы бір сәтте амандық білмек мақсатпен Дәуітәлінің үйіне телефон-автоматтан хабарласып едік: - Қазір үйге келіңдер, - деп бұйырды амандық-саулық жоқ. – Дүйсекең келейін деп отыр. Сол кісімен бірге боласыңдар... Осыны айтты да телефонның құлағын қоя салды. Дәукең айтса – бітті. Оны сөзсіз орындау керек. Еріксіз «Қазақфильм» ықшам ауданындағы үйіне келдік. Қонағы келіпті. Бұл «Дүйсекең» деп отырғаны – қазақтың белгілі ақыны Дүйсенбек Қанатбаев екен. Шынында да бұрын сырттай білетін Дүйекеңмен жақсылап таныстық. Ақкөңіл, аңқылдаған азаматтың талай тамаша әңгімелері мен жаңадан жазған өлеңдерін тыңдап, бір жасап қалдық. Айтпақшы, Дәуітәлі үй-жайдың қиынды-

ды. Мен ақырындап алыстап кеткен едім. Сәлден соң артыма қарасам, сол қолымен әлгінің жағасынан бүріп ұстап алған, оң қолының сұқ саусағын шошайтып алып, әлденені айтып: «Олай істеуге болмайды», - деп қояды. «Әңгімелері» бітіп, келе жатқан жолда «Әлгі кім?» деп сұраймын ғой, сонда ол: «Бұл бәлен деген белгілі ақын ғой. Жуырда бір рецензиясы жарық көріпті. Бәлен деген жас ақынға өлгенше шүйлігіпті. Ол болашағынан үміт күттіретін ақын. Ол туралы бұлай жазуға болмайтындығын түсіндірдім», - деген еді. Дәуітәлінің осындай қызба сәттері көп болатын. Ол әділетсіздікке төзе алмайтын, бірбеткей еді. Айтайын деген сөзін бүгежектемей тіке айтатын. Достыққа адал, арамдыққа жаны қас еді. Бірақ, ешқашан да өзін көрсетіп, өзеуреген жан емес. Таланты

Кезінде өз тұрғыластарынан оза шығып, Халықаралық «Алаш» сыйлығын иемденген, жұртшылықтың сүйікті ақыны болған жерлесім әрі досым Дәуітәлі Стамбеков бүгінгі күні арамызда жоқ. Егер тірі болғанда бүгінгі таңда оның 70 жасқа толған туған күнін тойлап жатушы едік. Қазір оның қайталанбас дара, өзіне ғана тән өрнегі, үзіліп тұрған үні бар жыр жинақтары ғана қолымызда. Дәуітәліні сағынған шақта сол жыр жинақтарын қолыма аламын. Оның есімі ешқашан ұмытылмайды. Қазір Ақтоғай ауданында өзінің туған жеріндегі мектеп Дәуітәлінің атымен аталады. Сол ғана дәтке қуат. Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Құрметті өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Ақпан айының 28-жұлдызында С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің ұйымдастыруымен қазақтың белгілі ақыны, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәуітәлі Стамбековтің туғанына 70 жыл толуына орай «Уақыт сөз беріп тұр маған бүгін» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтеді. Аталмыш кешке ақынның қаламдас достары Несіпбек Айтов, Ұлықбек Есдәулет, Тұрсын Жұртбай, Роза Мұқанова, Серік Ақсұңқарұлы, Абзал Бөкен бастаған қаламгерлер, белгілі өнер шеберлері қатыспақ. Кешті ақын Ілияс Мұқаев жүргізеді. Басталуы сағат 16.00-де. Келіңіздер, көріңіздер!

Бір шөкім бұлт жотаның Тұр еді қалғып төсінде. Жоқ жерде келіп шатағын Бастады дауыл бесінде. Найзағай жүзі жалтылдап, Бұлттарға отты шашқандай. Талдар да басы қалтылдап, Топырлап қашып жатқандай. Ежелден тентек, еркеден Еркіндік бәлкім сұрады. Кетерде біздің өлкеден Егіліп бұлт жылады.

Жаратылыс келісімі Еш себепсіз таудан тас домаламас, Тіршіліксіз ұмтылмас жоғары ағаш. Күнге қарай майысып, Мұң бұралып Күнбағыстар жайнайды сарыала бас. Құстар әні төгіліп жиі көктен, Жанымызға сол әннен жылу өткен. Құмырсқалар жорғалап, Дән сүйретіп, Табиғатты олар да сұлу еткен. Дөңгеленіп, Көлге кеп қосылысқан, Бұл өлкенің көп еді досы құстан. Бір топ аққу сұңқылдап кетті алысқа Әлденеден дүркіреп шошып ұшқан. Ұққанымнан көп әлі ұқпағаным, Амалым жоқ сүймеуге, Бітті амалым.

Жаратылыс жасаған жарасымды Сұлулыққа осынау сұқтанамын. Сұлулықты жырлайды өлең біткен, Ырғақпенен, керемет тереңдікпен. Дүниенің бәрін де жымдастырып, Мүсіндейді табиғат шеберлікпен.

Еске алу Түседі еске, Батқан кезде ойларға, Көшіп барып Алыс сонау қойнауға, Жұмыртқадай киіз үйлер тізіліп. Отыратын баяғыда Жайлауда. Дала – дастан, Өзінше бір дала – аңыз, Сенбесеңіз жиегіне қараңыз. Онда біздер Сол даладан бірдеңе Қанымызға сіңіп жатқан баламыз. Кеңдігімен өзгеше бір тірлігі, Шалғынының сылдыры мен сыбдыры Қанымызға сіңе берді ақырын, Далаға ұқсап шығу үшін бір күні. Сүйем, далам, айырылсаң да іргеңнен, Тіпті әуелі бұлтыңды да түнерген, Күздігүнгі желіңді де ысқырған Ең бір сырлас жақынымдай білем мен. Сол күзде түсті ертерек ызғырық, Өз дегенін салды, сөйтіп, күз бүлік. Әлі есімде, көршіміздің күшігі Отыратын күнге жонын қыздырып. Әлі есімде, қос құлағы қалқиып, Жан-жағына ауыз ашып, Аңқиып, Барлық ауыл қыстау жаққа көшкенде Жұртта жалғыз қала берді маңқиып...

*** Күн көрмедім, сондағы бір түндердей, Жыл көрмедім, сондағы бір күндердей. Сезінетін болып алдым кейде мен, Өлу үшін өмір сүріп жүргендей. Арман емес, арман үшін өлсе де ер, Қорқақтық та қорлықпенен өлшенер. Ойланбай-ақ тігер едім басымды, Өмір сүру үшін өлу болса егер.

Тәуелсіздік қалқаны

Жандос 1993 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы, Алмалы ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Жастайынан Жандосты әкесі еңбекке және отансүйгіштікке баулыды. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезіндегі ең бірінші арманы – әскери салада, Отан қорғау саласында қызмет атқару болған екен. Сол арманына бүгінде қолы жеткен. Өзіміз көріп отырғандай, қазіргі уақытта Жандос «Астана» өңірлігіне қарасты 31775 әскери бөлімінде 1-ші мотоатқыштар батальоны, 1-ші мотоатқыштар ротасы, 1-ші взвод, 1-ші бөлімше командирі болып Отан алдындағы борышын мінсіз атқаруда. Қазіргі уақытта 31775 әскери

Басыңа бір қиын іс түскенде, қауіпті кездейсоқ жағдайға кездескенде полицияға жүгінесіз. Біздің Ақадыр кентіндегі полиция бөлімінде қиын қызметте басын қауіпке тігіп, антына берік қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері жетерлік. Мәселен, инспекторлар Б.Қасымов пен Ж.Ибраев. Біз тұратын көшеде түрлі келеңсіз жайттар жиі болмаса да, арагідік орын алып тұрады. Тұрғындар осы оқиғаларға қатысты шақырту түсіргенде олар жедел жетіп келіп, күндіз-түні тыным таппай жұмыс істеуге әзір. Мұны біз аталған полицейлердің қызмет барысынан күнде көріп жүрміз. Инспектор Б.Қасымов көше тұрғындарымен ұдайы әңгімелесіп, хал-жағдайларын сұрап тұрады. Қызметін қалтқысыз атқарып жүрген азаматтарға көше тұрғындарының алғысы шексіз. Боранкүл БӘКІРОВА, кент тұрғыны. ШЕТ ауданы.

жетпей жатқан жандарды да кемсіткен жоқ. «Кімнің ақын, кімнің ақын еместігін өмірдің өзі екшейді» дейтін байыппен ғана. Өмірін өлеңмен тығыз байланыстырған ақын бір жақсы өлең жазғанда балаша қуанатын. Онысын бізге оқып, өзі мәз болатын. Біржанға арнап поэма жазып жатқандығын айтып, қуанып жүрді. Оның жекелеген үзінділерін оқып беретін, кейде Біржанның әніне салып сол поэмадағы: «Теміртас, Асыл, Ақық – қарақтарым, Білмедім кеш батқанын, таң атқанын, Үш жылда жалғыз жүріп, жалқы бастан, Өткіздім жан ақпанын, жан аптабын», - деген жолдарды және басқа шумақтарды өзінің майдақоңыр дауысына салып, домбырамен қосылып шырқайтын.

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің «Спасск» оқу-жаттығу орталығында жиі-жиі оқу-жаттығу жиындары өтіп тұрады. Сол жаттығулар кезінде өзінің алғырлығымен, шеберлігімен көзге түскен жауынгерлер ұдайы басшылық тарапынан марапатталады. Мәселен, таяуда өткен жауынгерлік взвод атыс кезінде қатардағы жауынгер Жандос Айтқали жауынгерлік шеберлігі және өзіне бағынышты жеке құрамды ұтымды басқарғаны үшін үздік атанды. Өңірлік қолбасшылықтың қорытынды жиынында құрметке ие болды. бөлімінің бетке ұстар келісім-шарт қызметкері ретінде алдыңғы қатарда жүр. Бос уақытын да текке өткізбейді. Шағын футбол командасының белді мүшесі. Қазақ-

тың әр жас жігіті Жандостай азаматтардан үлгі алса дейміз. Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Сектор қызметкерлері арнайы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, алдымен жасөспірімдермен кездесу өткізіп, жұмыс барысының мақсат-міндеттерімен таныстырып, өскелең ұрпақты толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп отырады. Осындай кездесу қала басындағы М.Әдекенов атындағы ауыл шаруашылығы колледжінде «Диструктивті және экстремистік ұйымдардың әлеуметтік көрінісі» атты тақырыпта өтті. Жиынды ашқан аудандық жастар ресурстық орталығының директоры А.Рахымбергенов орталықтың жасап отырған жұмысына егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Кездесу барысында аталмыш сектордың меңгерушісі А.Хасенов аудан аумағындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, жолын кесу, олардың тұрғылықты мекен-жайлары бойын-

ша жұмыстар жүргізу секілді алдын алу шараларының бүгінгі күнде атқарылып жатқандығын жеткізді. Сектор маманы Ә.Анзабеков адамдар арасындағы діни сауаттылықты арттыру дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алудағы басты құрал екендігін жеткізді. «Осыдан 10-12 жыл бұрын дәстүрлі дінімізге сырттан келіп араласып кеткен салафи, уахаби деген ағымдар ислам дініне жақсылық ойлап жатқан жоқ. Адамдар арасында араздық туындатып жатқан ағымдардан дер уақытында өскелең ұрпақты сақтандыру – біздің басты мақсатымыз», – деп атап өткен аталмыш сектордың маманы Ә.Әбеуов колледж студенттерінің көкейде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Семинар

Сағыныш ӘБІЛОВА, «Орталық Қазақстан»

Елімізде діни ахуалдың тұрақтылығын сақтауда, діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу мақсатында көптеген ауқымды шаралар атқарылып жатыр. Халықтың діни сауаттылығын ашу, ненің дұрыс, ненің бұрыс екеніне көз жеткізу мақсатында халықпен кездесулер ұйымдастырылып, түрлі семинарлар өткізіліп тұрады. Осындай ілкімді істерге Қарқаралы ауданында да басымдық берілген. Оның бір дәлелі, аудандағы жастар ресурстық орталығы жанынан ашылған конфессияаралық қатынастарды зерттеу және талдау секторы өзінің жұмысын бастап кетті. Бүгінгі таңдағы әлемдік қоғам үшін өзекті мәселенің бірі – исламды сан тарау-

ға бөліп, өз ыңғайына икемдеп, ел арасына бүлік салып жүрген түрлі ағымдардың

жантүршігерлік әрекеттері жиі орын алуда. Әрине, мұндай оқиғалар біздің елімізде де болды. Осындай әрекеттерге барып жүргендердің басым бөлігі өзіміздің қаракөз қандастарымыз екені өкінішті. Адамдардың наным-сеніміне, әдет-ғұрпына жат нәрселерді уағыздап, соларды іске асыру, жазықсыз адамдардың өмірін қию жат пиғылдылар үшін түк емес. Және де бүгінгі күнде бұлардың қатарларының күн санап көбеюі де қоғам үшін алаңдатушылық туғызуда.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.


Поэзия

5

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

Қасиетін Алланың терең ұғып, білмеп ем, Тазартатын кез жетті жан мен тәнді кірлеген. Жүніс Әміре (1238-1320 ж.ж.) Адыра қалған заманның, Мен жаратпаймын сүреңін... Мұрат жырау (1843-1906) 1 Қарамай алағай мен бұлағайға, Жеткізген жер иесі ұлы Абайға; Түріктің түп тамыры Түркістан ғой, (Хас Сақтың қанын құйып тұла бойға). Алланың құйылады нұры кеп құр; Аймалап Жерортадан* жылы леп бір, Түркия! Арқасына Аруақ қонған Өзіңе Түркістанның ұлы кеп тұр! Көшінің қонған жері жыр-аңыз деп, Ат басын соған қашан бұрамыз деп, Егіліп Мағжан өтті “Елім-ай”-лап, Тарихтың көмбесінен Тұранды іздеп.

Қара құрттай қаптайды ұрылары... Адамзат азған соң күннің күні, Ашуына Алланың ұрынады: «Нұх Пайғамбар! Кел, маған бұр бетіңді? Көрсетейін өзіңе құрметімді: Күнәдан пәк – Сен ғана! Топан судан Аман алып қал – деді Ол – үмбетіңді!». ... Сол кемеге сыйған жұрт аз-ақ болған, Қалғандары Тәңіріне мазақ болған! Сол кемеде, меніңше, үш жүз емес, Бары-жоғы екі-үш-ақ қазақ болған... Орман болмай, қайдағы біреу болмай, Қазақ болған, О, қандай ғажап болған?! Алла бізді жебеп-ақ келеді алдан, Фәни – мәңгі! Уақытша неге жалған?! Атырау-Арқа-Алатау-Алтайыңа Дейін бел мен белесі белең алған, "Қазығұрттың басында кеме қалған,

Кеу-кеулеген қалың бір бай-манап кеп, Қатағанды шығарды қаумалап кеп; Осы жолы қазақ бір омақа асып, Қырғыз озып, қайтсе де бәйгі алад деп. Бай мен манап – Малымен аты шығар, Мойынында халқының қаһысы бар; (Меніңше, осы Қатаған шәйіріңнің Осыларман бірдеңе шатысы бар?!). Байды мақтап, мыңғырған малды мақтап, Жөнелгенде Қатаған сандырақтап; Кесіп алып Сүйінбай оның басын, Манасының отына алды қақтап! Ақын сонда қарамай бай мен малға, Бес қаруын бекем бір сайланғанда; Төмен қарап, теңселді қырғыз халқы, Алатауды қырандай айналғанда! Сүйінбайым аспанда арындайды, Арындайды, Жоқты іздеп, сарылмайды. Сұраншыдай сұрапыл батыры бар,

Ел аузында, Жырда қалған; Қалықтап Тәңіріне қарай кетті, ... Қалғанын дүмше молда ұрлап алған! Құлжада қалды сол жыр, Жерде қалды, Құлақта, Белде қалды, Елде қалды. Айналып соққан дауыл, желде қалды, Алланы танып Алаш – Шерде қалды... Дауысы өр Әсеттің сайға барды, Сайдан да өтіп, Тауға, Айға барды. Пушкиннен аударғаны жұртқа мәшхүр, ...Алладан аударғаны қайда қалды... 6 Алланың құйылады нұры кеп құр; Аймалап Жерортадан* жылы леп бір, Түркия!

Тасты да, (ақын түгіл!) сайратардай; ... Біреу кеп осы жерге жатып алды. Бауырына алтын басқан айдаһардай! Бір жақтан бұ құбыжық қаңғып кепті, Бір күні осындағы таң ғып көпті,-Бауырына Алтын басқан Сол Айдаһар, Манаурап жатты-дағы, Қалғып кетті... Кезі жоқ Аляскаға, Айға барған, Бай да жоқ оған құшақ жайған алдан; Құдай-ау, ел де, бел де менікі еді, Алтынды мынау сонда қайдан алған?! Кім бұған ерке ұлындай қарап еді, Құлпырып күннен күнге барады өңі? Айтсаңшы дүниенің маған жөнін, Қазақтың қалың сауал – қара өлеңі?! Алтынды ол Күннен алған, Айдан алған, Ауадан, Не демінен пайда болған... Ауадан, не демінен пайда болса, Топырақ сонда біздің қайда қалған?!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Бұ не жау жан-жағымнан қаптап кетті, Көкорай жайлауымды таптап кепті; Қазанның ашылған сол қақпасымен, Қазақтың қазанынан қақпақ кетті... Дүние оны көрсе дір етеді, Белгілі қазағыңа кім екені; Келіп тұр қазаныма, маған емес, – Шұбырып аузындағы сілекейі...

Паш етіп ұлдарыңның дүр екенін, Көтертпей қыздарыңның бір етегін; Түркия! Төрткүл мына дүниеге, Түріктің Сен көрсеттің кім екенін!

Сол Шора неге асықты, келіп-кетпей, Бойынан қойды ғой бір желік кетпей? Алғанда Қазанды мен қайда жүргем, Соңынан Ноғайлының еріп кетпей?!.

Өзіңсің жылытатын тоңса қолым, Сенде екен қанша іздесем, сонша – жоғым, Өріне Өркениет шықтың самғап, (Өзгеше бір ниеті болса да оның...)

Туғаным, келсең – төрле: “Жан ағам!-деп, Мен сенің кіндігіңнен тарағам!”- деп. Туғалы екі көзім Қырымда еді, Жырымға жылан құсап қарағам жоқ!

Әрі асқақ, әрі жұмбақ, әрі әдемі, Қазақтың жан-жүйесі, бар әлемі, Құрлықтан сүңгіп Қара теңізіңе, Келіп тұр қазағыңның қара өлеңі...

Көненің көзі болған “Көроғлы”, Не ұлы бұл жалғанда, Өлең ұлы! ... Түріктің қай жерінде жүрсем-дағы, Күңіреніп құлағыма келеді үні... 2 Іргесі бір-бірімен қатар қонған, Гоморра-Содам* деген шаһар болған. Адамның көріп сонан азғындығын, Бір күні Алла қатты қаһарланған. Алланың хикметін сезіп өлмей, Не болды кісіліктен безінердей; Албасты басқан мынау қандай ұлыс, Алтыннан басқа түкті көзі көрмей?! Байлықты кететіндей көріне алып, Ит болды ертедегі бөрі халық: Шенунік, шенділері шылқып алды, Халықтың қазынасын бөліп алып! Әлсізін күштілері алып соғып, Қарақшы қазынаға қарық болып; Ойнақтап ойнас шықты от басына, Махаббат деген ұғым тәрк болып! Көзін де салмай, тіпті, көшеліге, Өр ұлын нысана ғып өсегіне; Әйелмен әйел сонда әуейі боп, Еркекті сүйрейді еркек төсегіне! Аштықтан азалы елі далада ұшып, Күптей боп көзі-басы барды ісіп; Бай-бағлан мас боп жатты, Саф алтыннан – Құйылған саптаяқтан шарап ішіп! Болмас-ау, адамзаттың қоры мұнан, Сайтан да шошыйтұғын порымынан, Бұл елді бір-ақ күнде жоқ қылды Алла! (... Біз соның өсіп шықтық орынынан!). О да бізше бүлініп, былығады, Байлық пенен мансапқа құнығады. Биттей өріп, Иттейін ылығады; Құтырады, Құлайды құрып әлі; Арам шөптей арамы қаулай түсіп, Баудай түсіп... адалы қырылады; Қаралы ұлттай қараша аштан қатып,

Алла да Алаштың бір назын ұғар, Ел болып жерге қаққан қазығы бар; Бір ұлы – Тоқтар болса аспанға ұшқан, Бір ұлы – Қытайда өлген Қажықұмар; Өзінің несібесін өзі алмастай, Құдайға қандай оның жазығы бар?!

Қазаным, қайран, алтын босағам-ды, Сенімен менің шашым қоса ағарды. Барасың бордай тозып, қайда, жұртым, Босатып беріп жауға босағамды?

Аластап Алашыңның алаң күнін, Иыққа тік көтерген заман жүгін, Бауырым, арып, аңсап дидарыңды, Мен келдім Ата жұрттан саған бүгін.

Туғанда қазақ әнге салып келді,-Халқымыз--Жырға, Жыр да халыққа ерді. Өлеңді – “Көроғлыдан” бастап Түрік, Алашты Абайына алып келді!

Қайтейін, қайран, жұртым, Алаштайын, Алдыма бақсыдайын бал ашпайын; Қасымның аруағына тәу етіп бір, Мен сені қара өлеңмен аластайын!

Оралдан жылқымды елге айдап келдім, Бос келмей, бес қаруды сайлап келдім. Бердің де Қазанымды қалың жауға, Қоса оған қазағыңды байлап бердің!

Аларған ата жауға шегіп айбат, Азалы жерін ойлап, елін ойлап, Түркия! Түркістаннан мен де келдім: “Түңілігі желбіреген елім-ай!”-лап...

*”Көроғлы” – түрік ұлыстарының эпосы

Қараусыз қазынама салып қолды, Төбеме, төріме де сарып болды; Тұқымы уызына жарымаған Тексіз жұрт нарық келіп, – Қарық болды...

Қарасам шежіре мен аңызға өткен, Алды-артын ойламайтын жанбыз неткен? Қазанды жау шапқанда Шора батыр, Бізді ертпей қалай сонда жалғыз кеткен?!.

Қырындап қызға, мейлі, сері болып, Теңізге жырыңды төк тебіреніп; Өлеңге “Елім-ай”-дың сарыны жоқ, Өмірі егілмейді ел еміреніп.

Түркімен, Өзбек, Оғыз – Дара бәрі, Қазағы – Қайтпайтұғын қара нары; Көрінен атып шығып “Көроғлы”* Түріктің күллі жұртын аралады.

Пендеден сайтанда жоқ айла қалмай, Жаһанды жалмап жеп бір, жайратардай. Жұтады неге жұрттың несібесін, Бауырына алтын басқан Айдаһардай?!

11

Ата жұрт Жерін ойлап, елін ойлап, Бекем бір ел болуға белін байлап, Алаштың жыры атам заманыңнан Келеді керуен тартып “Елім-ай”-лап!

Қараорман – қара жұртым! Қаралы елім! Халқыммен қоса туған қара өлеңім! Сенімен арсы менен гүрсіге ұшып, Аспаннан Алашыма қарап едім; Сен менің көзімдегі қарам едің, Мен қашан ақылы алтау араб едім? Табынып жүрген кезде олар пұтқа, Көз ілмей Көк Тәңірге қарап едім! Тұлымын Көк Бөрінің қасиеттеп, Бұрымын Қыз Жібектің тарап едім...

Алтынды көрсе тұрмас алабұртпай, Теңізді тамшы көрмей – салады ұрттай; Кедейлік етінен де өтіп кетіп, Сүйегін кеміріп тұр – Қара құрттай!

12

Ол әулие болмаса неге қалған?!" Сол кемеден жаһанға қарап еді, Ғалам жатты тербеліп, қаралы өңі. Қолында оның түгі жоқ болса дағы, Керінеді кеудесін қара өлеңі! Қасиетті қанынан танып текті , Тәңірінен оған бір шалық кепті; Кеудесінен қара өлең ұшып шығып, Қара аспанға көтеріп, Алып кетті... Сол қазақтан шыққан соң Түрік елі, Қиясында Алтайдың жүріп еді! ... Тамырлары үзілген... күннің күні, Алашымен қайтсе де кірігеді... 3 Жеткен түу замандардан құлаққа үні, (Ұқпайды бізден басқа ел, бірақ, мұны): Қазақтың өмірі мен өнерінің “Әлқисса” – Әу бастағы құлақ күйі! Хас Сақтан Үйсін, Арғын, Адай болған, Алладан ақ жаныма арай қонған; Алашым адамзаттан тумаса асып, Алтайдан – Атырауға қалай қонған?! Дүниең көмескі боп менен қалған, Көзімнің алдында ылғи көнем болған; Көңілім көкжиектей түпсіз, шексіз, Өмірім – өмір емес... Өлең болған! Жүргем жоқ соқа тартып, үйді айналып, Қанатым Хан-Тәңірге тимей қалып, Ұштым мен Алатаудан Атырауға, Кеттім мен әнге айналып, Күйге айналып! Жеткен түу замандардан құлаққа үні, (Ұқпайды бізден басқа ел, бірақ, мұны): Қазақтың өмірі мен өнерінің “Әлқисса” – Әу бастағы құлақ күйі! Қанатты Күннен шалдым, Айдан шалдым, Біржан сал Құшағымды жайған салмын; “Базарың құтты болсын, ардақты елім!”Дедім де аспаныңда сайран салдым! Жетектеп елдің қамын жейтін ерге, Күлтегін, Хан Кене мен Кейкілерге, “Әлқисса”, Сенсің Мені алып келген, Эпостан Эпопея Дейтін Елге! Алла да алдына ылғи алды-ау, мені, Дүние Тұрандайын самғау ма еді? “Әлқисса” Қазағымның құлақ күйі, Нұрғиса Базарымның бал дәурені! 4 Алатаудың өрінде қырғыз-қазақ, Құралайды иіріп, құндыз қамап; Бір-бірінің Айдай ақ маңдайына, Жырыменен күн сайын жұлдыз тағады. Қара өлеңі қара бір құйындай боп, Алашына Алланың сыйындай боп, (Маңдайында «Манастай» эпосы бар, Қырғыз қарық болып тұр — Сүйінбай кеп...)

9

Қайдағы бір қайтеді Қарынбайды?! Адам ит пе жемтік деп өтер ұлып?! Алаш-Ақын аузынан от өріліп, Төмен қарап бай-манап төменшіктеп, Кедейінің кеудесі көтеріліп! ... Содан қырғыз дүниеге қайта келді, Ғаламатын халқының қайта көрді; Мағұмұрланып мына бір жалғанға кеп, «Манас» Жырын күн-түні айта берді... Айтқан сайын сол Жырды марқайып бір, Һәм естіген сайын да шалқайып құр; Дидарына Тәңірінің тіке қарап, Жер бетінде бұ халық талтайып тұр! Тізе қосып жақсының баласымен, Сұм мен қудың өттік қой арасымен. Сүйінбаймен мен елден биік тұрмын! Қырғызың да асқақ тұр «Манасымен»!!! Менің дағы біреумен шатысым көп, Кетсе-дағы Шығысым Батысым боп; Түбім қырғыз болғанмен, құдайақы Қатағанға түк, тіпті, қатысым жоқ...

Арқасына Аруақ қонған, Өзіңе Түркістанның ұлы кеп тұр! Сен – Бүгін жүректегі қара дағым, Ғаламға шырқап айтар қаралы әнім! Қайтейін, басы – жауда, бағы – дауда, Қап қойған қасіретті Қара Бағым*?!. *Таулы Қарабах Қазақтың Хакім Абай қара нары, Бір қарыс Низамимен аралары; Қараорман болса егер қалың түрік, Сен – Соның қалып қойған Қара Бағы! Арқадан Қарабаққа шапқылап кеп, Шашаңа қарақаттан қақ тұрад деп, Жотаңа қанша қазақ із тастады, “”Беріш”* деп, “Қашаған”* деп, “Ақ бұлақ”* деп?

Муза-Ару аршынына ұшып еді, Кеудесі ақша бұлтты құшып еді. Алланың құдіретін адамзатта, Молда емес, Ақын ғана түсінеді!

***Таулы Қара Бақтағы қазақша атаулар. Түрікке “Көроғлы” боп тарай-тарай, Көшіп ең қалған жұртқа қарайламай. Сен – Менің көзімдегі қарам ең ғой, Талды ғой саған көзім қарай-қарай?

Құлжада — алып жүрген жанын зорға, Әсетті қоршап алып қалың молда: «Сәждеге жығылмаған кәпір!»-дейді! ... Не десін мына тұрған залымдарға?!

Атыңды Түрік деген халық қойған,* Кәпір кеп саған талай салыпты ойран; Алладан саған сауға сұрап тұрмын, ... Адамнан көңіл әбден қалып қойған...

Өлімді жерде молда семіреді, Шағылды шыдамы, (ол бір темір еді); Күледі қалың молда сық-сық етіп: «Бұл шәйір шариғаттан не біледі?!»

Тұранның жері қайда, елі қайда, Алтайы, асыр салған белі қайда?! Төгіліп көзден жасым омырауға, Егіліп салып келем “Елім-ай!”-ға...

5

«Ғұлама» дей ме мұны қара халық, Намазға жығылған соң нар атанып? ... Құранды оқып, тоқып алған ақын, Жасынан мұсылманша қара танып. Жанына қойса да жұрт жара салып, Түспейді биігінен аласарып: Шымырлап кетті арқасы... Ақын сонда Шырқады домбырасын ала салып! Жыр-Сұңқар көзін кермек жасқа малып, Арсы мен гүрсіден де асты-ау, арып; Қазақша сонда Құран сайрап кетті, «Фатиха» сүресінен бастау алып. Аршыға қарай қанат қақты қыран, Құлжадан аспанына ақты қыран, Хафиздей! Алласының ғажайыбы Алдында парақталып жатты Құран... Қалың жұрт үйге сыймай, алқалаған, Сығалап, жабықтан кеп анталаған: ... Алаштан кетті арабқа, есіл боздақ, Алланың аманатын арқалаған! Тер кетті самайынан тарамдалып, Ел кетті Тәңірді іздеп, Ғалам – қалып; Талтүсте басталған жыр, ертеңіне Таң ата тамылжып кеп, Тәмамдалып... Сол өлең Құлжадағы қырда қалған, Эпоста –

7 Бекежандар жол тосқан Қособада, Қоныс тойын жасады осы арада. Секс келіп төсектен айдап шыққан Махаббат тұр... Боздап тұр босағада! Базар болар бар ма құт мекен бізге? Поэзия! Дүние тар екен бізге. Жүр ұшайық аспанға қол ұстасып, Мына жақта орын жоқ екеумізге Күн түспей тұр гүлге де, ағашқа – нұр, Кел де пәле-жаладан аласта бір: Кел ұшайық аспанға Алладан бір, Қуат алып қайтайық Алашқа бұл.

Қазақтың қазынасы ең, қара мұнай, Жолыңа көзім талып қарадым-ай; Ағасың қалай қарай, Мені тастап, Барасың қандай елге, қарағым-ай?! Шығыста – Аран ашқан кәрі жылан. Батыста – Жыны буған сары жылан, Қара жер қара буға тұншығып тұр, Атқылап қара мұнай қарынынан; Құбырға тесік салып, құйып қойды, Алаштың алпыс екі тамырынан! Апырм-ай, аттап өтіп, қайда бармақ, Аруақты ата-баба қабырынан?! Бетке алып Алашаңқай асқан кезде, Сары Арқа – Жаңаарқаның бауырынан; Ағысы қандай мұның жойқын еді, Арыстан шошыйтындай арынынан! Айырма, Алла, Алашты сабырынан, Сақтай гөр зар заманның сарынынан! «Ақтабан шұбырынды, Алқакөлдің», Жанымыз қалған жұртпыз тамұғынан; Біз түгіл, шүршіт өткен, бұ заманның Найқалып мен де өтермін нарығынан; ... Үзілген тамшы қаным болмаса осы, Алаштың алпыс екі тамырынан... Қытайда бір ұлымыз Қажықұмар, Жұртына қағып кеткен қазығы бар. Бір-бірін іздемесесе Алаш ұлы, Аз ұлттың Құдай қандай назын ұғар? Абайы... Жазға жетер азығы бар,Ол енді кімді өзіне қазы қылар? ... Қасқыр да бөлтірігін іздеуші еді, Қазаға қазақтың да жазығы бар! Әрине, қазақтың да жазығы бар, Жебірей болса, Жаһан назын ұғар; Алаңсыз ішсе жұрты қара суын, Ұлтының уын ішті Қажығұмар! Қазақта қағып кеткен қазығы бар, Қытайда шәйіт болды Қажығұмар. Құл болып жүре алмады демесеңіз, Құдайға оның қандай жазығы бар?! Боздаған... Хош, Боздағым, Қажығұмар! ... Көненің көзі болған “Көроғлы”, Не ұлы бұл жалғанда – Өлең ұлы! Түріктің қай жерінде жүрсем-дағы, Күңіреніп құлағыма келеді үні... 10

Кел, ағызып құрғаған өзендерді, Көрсетейік кезіне гөзелдерді. Ана сүтін емгендей, Алашқа бұл Абай рухын емізер кезең келді...

Қазағым – көзімдегі қарашық-ты, Адасса о да көппен адасыпты. Люмпен жоқ, кедей-кепшік, жәлеп те жоқ, Ол шықса, Құрттай қаптап жаңа шықты...

Өмір сүріп келеміз, өмір сүріп, Бас та быт-шыт, жүректе, көңіл – сынық. Өзімізді-өзіміз өлімші қып, Өмір сүріп келеміз өмір сүріп. Алдымыздан жарқ етіп, көрінші үміт....

Сұмдықтан қаным суып, жаным шығад, Төгіліп өзегімнен зарым шұбап; Ғаламнан бір жауабын ала алмаған, Қазақтың қара өлеңі – қалың сұрақ...

8 Атырау-Арқа-Алатау, қайран, Алтай, Жаһанды жалғыз өзі жайнатардай; Тауы мен көлі, сайы, көк құрағы,

Сайтанға тізгін келіп тигелі бір, Дүние неге бөлек күйге еніп жүр; Әйелмен әйел неге әуейі боп, Еркек пен еркек қалай үйленіп жүр?!

Жамала!* Жамала-Ару! Жамала-Жан! Үніңнен айналайын “Аға!”-лаған; Мен тұрмын тілеуіңді тілеп сенің, – Алла Тағаладан! *Суса́нна Алимовна Джамалади́нова (известная как Джама́ла—украинская певица и актриса крымско татарско происхождения, народная артистка Украины, выпускница Национальной музыкальной академии Украины) Қырымның Ай-Аруы Жамала қыз, Баһадүр – әкең сенің, анаң – аңыз. Алла алқап, Аруақ жебеп асқақ тұрсың, Зақһарын шашса-дағы заманаңыз. Сен жүрсең Қырымда күн ашық болған, Арнадан Қара теңіз асып-толған; Татардың аруына, мен түгілі, Мағжан көкем-дағы ғашық болған! Алдыңнан Жаһан шығып жайқалып ап, Құшағын ашып тұр ғой айқарып-ақ; Қырықтың Қыдыры боп тұрсың, міне, Қырымды әніңменен қайтарып ап! Шерлі еді бұл екі егіз халық* неткен, Аңырап азалы әнге салып кеткен? Қобыздың зарлы даусы естіледі, Кобзардың көзден жасы тамып кеткен... *Украина-Қырым. Жамала! Жамала-Ару! Жамала-Жан, Түрікке – жан-жағын жау қамалаған, Бір жылы хабар келе жатқан сынды Ақжолтай болып Алла Тағаладан... Түркімен, Өзбек, Оғыз – Дара бәрі, Қазағы – Қайтпайтұғын қара нары; Көрінен атып шығып “Көроғлы”* Түріктің күллі жұртын аралады.

Тәубеме келіп бір сәт егілейін, Тәңірдің тезі мені кеп қысқанда.

Айтқанмен жерге мұны, желге мұны, Жетпеді желге, жерге, елге мұңы. Қайтейін, қара өлең-ай, сен болмасаң, Пендеңнің іші қуыс мен де бірі... Түк болмай доллар, күллі ақша құны, Бастағы ойы басқа, Басқа – мұңы; Қарсы алды қарсы алдымнан қазағымның, Қара Өлең Дейтін Ұлы Патшалығы! Бұл қазақ туа әнге салып келді, Халқымыз Жырға, Жыр да халыққа ерді. Өлеңді “Көроғлыдан” бастап Түрік, Алашты Абайына алып келді! Құдай-ау, қандай еді кешегі ақын, Жауынан еңіреп кеп, есе алатын, – ...Бес ғасыр боздап өткен қара өлеңнен, Қалғаны қазір тірі бес-ақ ақын... Әулие көрсе де жұрт есімін де, Жақпайды мына жұртқа несі, мүлде? Жүрген-ді отырса – опақ, тұрса – сопақ, Жүргендей кісі – үйінің есігінде?! Қыран боп туғанымен ол-дағы – адам, Кезі жоқ дауылдардан қорғалаған; Бес қыран... Сорғалаған көктен жасы, Астында бес жүз қарға жорғалаған... Бұ заман – қандай заман? Алтын заман?! Жаманнан бақ пен дәулет артылмаған. Бес қыран саңқылдаса көкке самғап, Төменде – бес жүз қарға қарқылдаған... 14 Азия, Еуропаны араладым, Қара өлең, Қара теңіз, Қара бағым! Қара өлең, Қара теңіз, Қара бақтан – Басқаға көз тоқтатып қарамадым! Сағаттың екі тілі зырылдап бір, Біздерге қандай заман қырындап тұр?! Рух бір – Жетім бала, Адамзаттың Астында аяғының шырылдап тұр! Дүниеде құрт-құмырсқа жыбырлаған, Бөліп ап жаһананы, жырымдаған. Сен, қайда ұмтыласың, қара өлеңім, Жүрек жоқ! Ішек-қарын тұр жыбырлаған... Орын жоқ саған енді осы арада, Төлеген жоқ қой?! Қалған Қособада! Төрде, әне, Сайтан отыр сақ-сақ күліп, Періште бүріседі босағада! Қарасаң, әрі ғажап, әрі әдемі, Теңізі, көпір, нөпір бар әлемі; Жұмақ қой Анталия, бірақ, оған, Жетпей тұр Алашымның қара өлеңі? Қара өлең! Тылсым ғалам, Керім әлем! Көзімді ашсам ылғи сені көрем. Көзіне көрінетін қара таппай, Әсет те хош айтысқан сеніменен. Ойында күдік те жоқ, сезік те, түк, Арқасы анда-санда қозып кетіп, Қазақ та көшкен жұртта қалып қойды, Өзінен қара өлеңі озып кетіп! Қара өлең Күнге кетті, Айға кетті, Қалай ол көзімізді байлап...өтті? Жұртында соның көшкен біздер қалдық, Құдай-ау, қас-қағымда қайда кетті?! Түрік те, өзбек, қырғыз, түрікпен боп, Жете алмай жүгіріп те, жініккен кеп; Ол барған Жерұйыққа, біз түгілі, Ордалы отыз ел де іліккен жоқ... Өзі жоқ Шалкиіздің, Сөзі қалған, (Көкейін алмай елдің, көзін алған?). Жалғанда біздей сорлы жұрт бар ма екен, Рухы озып кетіп... Өзі қалған?! О, Муза, – қасиетті! Өзіне асық етті, ғашық етті! Зілмауыр қанды ғасыр қаншама рет, Кеудеңнен кергіп сенің басып өтті?! Кемпірбай ұшып кетті кептерге еріп, Дауылдар сан жауһарды кеткен көміп; Құдай-ау, біз ғана ма, адамзаттың Аяғы тұр ғой қазір көктен келіп?!

Қара өлең қалды қашан қатып...бұғып, Жата ма жер астында жақұт тынып? Жетпіс жыл Шах-Кәрім де* жерде жатып, Ілескен “Көроғлыға” атып тұрып!!!

Атағы тұрған күнде түріп көкті, Толстой көрмей... Ерте жүріп кетті: Қалай бұл “Соғыс және бейбітшілік”**, Кітаптан Көк жәшікке кіріп кетті?!

*Ш.Құдайбердіұлы.

**Л. Толстойдың дәуірнамасы

Қара өлең жан ұшырып тартады елге, Ақсораң, Маңғыстау мен Марқакөлге. Ағады желге ілесіп, (қалып қоймай, – “Ақтабан Шұбырынды-Алқакөлде!”).

Егілтті, өзіне елді сүйікті етті, Құдай-ау, неге бізді қиып кетті? Ақылға сыймайтұғын асқақ әлем, Қалай бір экранға сыйып кетті...

Ауысып асылдардан – асылдарға, Қауышып жасындардан – жасындарға; Кетеді ол ғасырлардан – ғасырларға, Жетеді Қасымдардан – Қасымдарға...

О, Муза! Жөнедің бе кетіп алға, Аулақ қып жамандықтың бетін Алла, – Адамзат Саған қайтып келеді бір, Немесе Өледі бұл... Экранда...

13 Мылқауда үн болады, Таста тіл жоқ, Дүние кетер сенсіз тас-тақыр боп? Ғаламда жалғызымсың, Поэзия! “Жалғыздың жары – құдай! Басқа түк жоқ... Кезде бір пенделікті бастап кеткен... Тәңірі тұрар бізді жасқап көктен. Өлең бар дүр осы бір Дүниеде, Өмірдің өзінен де асқақ та, өктем. Арсыға самғап барып от құшқанда, Кептерім кеудемдегі көкке ұшқанда;

Бетінде Нобельдің* де қара таңба, Салып ап үлестірді салафанға! Абайдың бір шумағын тауып алып, Аялар заман келді алақанға... *Нобель сыйлығы. Қарағанды-Астана-СтамбулАнкара-Ескишехир-АнкараАмассия-Болу-Стамбул-АстанаҚарағанды. 09. 03. -17.02. 2017 жыл.


6

РУХАНИЯТ

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Қарағанды облыс әкімдігінің ҚАУЛЫСЫ

12 қаңтар, 2017 жылы

02/01

Жаңғырық Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 09.02 нормативтік-құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4144 болып енгізілді.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 тамыздағы №45/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мем­лекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», 2016 жыл­ ғы 06 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі №484 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14326 болып тіркелген) бұй­рығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқық­ тарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3407 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте, «Орталық Қазақстан» 2015 жылғы 22 қыркүйекте №149 (22034) және «Индустриальная Караганда» 2015 жылғы 22 қыркүйекте №131 (21882) газеттерінде жарияланған) Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы 12 тамыздағы №45/10 қаулысына келесі өзге­ рістер енгізілсін: 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілін­ дегі мәтін өзгермейді: «1. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»; аталған қаулымен бекітілген «Қазақстан Республи­ касының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Н. ӘБДІБЕКОВ, Қарағанды облысының әкімі.

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «12» қаңтардағы №02/01 қаулысына қосымша Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы «12» тамыздағы №45/10 қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер 1. «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру коммуналдық мүлікті қабылдау бөлігінде «Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11154 болып тіркелген), «Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі). Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қағаз жүзінде көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау 4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс әрекетті) бастау үшін негіз ретінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, көрсетілетін қызметті алушының ұсынысы болады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына енетін, әрбір рәсімнің (іс әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдайды, тіркеу мөртабанымен (кіріс нөмірі, күні) көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесін береді – 15 (он бес) минут; 2) көрсетілетін қызмет беруші қарастырады және құрылымдық бөлімше басшылығының қарауына жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн; 3) құрылымдық бөлімше басшысы қарастырады және жауапты қызметкеріне орындау үшін жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн; 4) жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған күннен күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде құжаттарды тексереді және жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдармен уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы туралы қорытындыны ұсыну үшін сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарлайды. Стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген жағдайда, жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 жұмыс күн; 5) мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы) туралы қорытындыны әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды; қарастырған кездегі негізгі өлшемдер: мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдаудың экономикалық тұрғыдан орындылығы; мүлікті мемлекеттік меншік құрамына қабылданғаннан кейінгі мақсаты мен пайдаланылуы; тапсырылатын мүліктің қаржылық қамтамасыз етілуі; 6) мемлекеттік органдар мүлікті мемлекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытындыларды ұсынған жағдайда, жауапты маман облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және облыс әкімдігіне ұсынады – күнтізбелік 14 (он төрт) күн; 7) облыс әкімдігінің қаулысы қабылданған соң, көрсетілетін қызметті алушы және мемлекеттік орган арасында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде сыйға тарту шарты жасалады; Сыйға тарту шарты төрт данада, қазақ және орыс тілдерінде, сыйға тарту шартының әрбір тарабы үшін екі данадан жасалады, екеуінің де бірдей заң күші бар; 8) сыйға тарту шартымен белгіленген мерзімдерде мүлік мемлекеттік меншікке қабылданған кезде, мүлікті қа-

былдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді. 6. Келесі рәсімді (іс әрекетті) орындауға бастау үшін негіз болып табылатын, мемлекеттік қызметі көрсету бойынша рәсім (іс әрекет) нәтижесі: тіркеу мөртабанымен (кіріс нөмірі, күні) көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі болып табылады; қарастыру және құрылымдық бөлімше басшысының қарауына жолдау болып табылады; көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жауапты қызметкерімен орындауға қабылдауы болып табылады; мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау хаты немесе көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады; мемлекеттік органның сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы) туралы қорытынды; облыс әкімдігі қаулысының тиісті жобасы болып табылады; облыс әкімдігінің қаулысы және сыйға тарту шартына қол қою болып табылады; қабылдау-беру актісіне қол қою болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметі көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процессіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) кеңсе қызметкері; 2) құрылымдық бөлімше басшысы; 3) құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері; 4) мемлекеттік органдар. 8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасында әрбір рәсімнің (іс әрекеттің) реттілігін, әрбір рәсімнің (іс әрекеттің) ұзақтығын көрсетіп, сипаттау: 1) өтініш пен құжаттарды қабылдау, тіркеу, көрсетілетін қызметті алушының құжаттар түпнұсқасын көшірмемен салыстыру (кеңсе қызметкері) – 15 (он бес) минут; 2) көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын құрылымдық бөлімше басшысының қарауына жолдау – күнтізбелік 1 (бір) күн; 3) құрылымдық бөлімше басшысы көрсетілетін қызметті алушының ұсынысы мен құжаттарын жауапты қызметкерге қарастыру және орындау үшін жолдайды – күнтізбелік 1 (бір) күн; 4) жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтінішін алған күннен күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде құжаттарды тексереді және жергілікті мемлекеттік басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органдармен уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі немесе қажеттіліктің болмауы туралы қорытындыны ұсыну үшін сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке мүлік құқығын беру жөніндегі ұсыныс туралы хабарлайды. Стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген жағдайда, жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 жұмыс күн; 5) мемлекеттік органдар тиісті ұсынысты алған күннен күнтізбелік отыз күн ішінде сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы) туралы қорытындыны әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды; 6) мемлекеттік органдар мүлікті мелмекеттік меншікке қабылдау қажеттілігі туралы қорытындыларды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындайды және облыс әкімдігіне ұсынады – күнтізбелік 14 (он төрт) күн; 7) облыс әкімдігінің қаулысы қабылданған соң, көрсетілетін қызметті алушы және мемлекеттік орган арасында Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде сыйға тарту шарты жасалады; 8) сыйға тарту шартымен белгіленген мерзімдерде мүлік мемлекеттік меншікке қабылданған кезде, мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процесстерінің анықтамалығы осы регламентің қосымшасында берілген. 4.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау 9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара байланыс, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет процессінде ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

«Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бизнес-процесстерінің анықтамалығы

(Соңы. Басы өткен санда). Шердиманнан үш ұл мен екі қыз қалған. Үлкен ұлы-Мүсірат Іле облыстық астық мекемесінде аудармашы, екінші ұлы Асхат-Іле жүн тоқыма фабрикасында жұмысшы, үшінші ұлы Сәмет-Іле педагогикалық институтында оқытушы болып жұмыс істейді. Қыздары-Мүбина, Қарбия. Олар қазір Қытайдың Құлжа қаласында тұрады. Оспанның Ниғметолласы 1972 жылы науқастан қайтыс болады. Онда бір ұл, үш қыз болған. Ұлы Әсет-Көктоғайдың Күрті ауылы Өндірқара қыстағында тұрады. Қыздары-Мүнира, Үмия, Үпат. Әсеттен екі ұл екі қыз. Ұлдары- Панарбек, Қадыр. Қыздары-Қания, Кәусар. Нәбиден алты ұл, бір қыз болып, үлкен ұлы Махан Көкторғайдың қыстағында, екінші ұлы Махат та Ертіс қыстағында, үшіншісі Болат та Ертіс қыстағында, төртіншісі Нұрлан-Көктоғай аудандық халық сотында тергеуші болып істейді. Бесінші ұлы Жақаш та Ертіс қыстағын­ да тұрады, алтыншы ұлы Өркенбек 2002 жылы Қазақстанға біржолата оралған, ҚР азаматы, қазір Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауй атындағы ХҚТУнің студенті, Оспан батыр атындағы халықаралық қайырымдылық қорының президенті. Маханнан Иматбек-бір ұл, Салтанат, Қымбат-екі қыз. Махаттан Михат, Ұһидат, Яхұп- – ш ұл, бір қыз – Сәмия. Болаттан екі қыз – Сәулет, Самал. Нұрланнан бір ұл-Парасат, Жақаштан бір ұл-Бердәулет, қызы-Сәбира. Нәби Оспанұлы 2000 жылы қайтыс болды. Бір қызығы оның қайтыс болғандығын туыстарының хабарлауынан бұрын «Азаттық» радиосынан сол күні естіген халық жаназаға жиналды. Жергілікті сақшы және қауіпсіздік органдары жаназаға жиналған мыңнан астам халыққа абыржи қарап, оларды дереу бақылауға алды. Оспан ұлдарынан қазіргі тірі отырғаны Әмақ, ол қазір Көктоғай ауданының Күрті қыстағында тұрады. Әмақтан төрт ұл, бір қыз. Ұлдары-Әсенжан, Әкімбек, Кәкімбек, Кәзімбек. Қызы-Нәзигүл. Оспанның ұлдарының ішіндегі үлкені мен әке тағдырына қатысты оқиғаларыды көп білетін адамның бірі үлкен ұлы Шердиман болса, бірі Нәби еді. Ал, сол Шердиман қудаланып 1973 жылы Құлжа түрмесінде қайтыс болса, Нәби 2002 жылы дүниеден өтеді». Көрсетілген тәрбие сайтындағы https://www.tarbie.kz/30173 мақаласында «Оспан батыр Шыңжаң өлкесі, Алтай Аймағы, Көктоғай ауданының адамы. Руы керей ішінде машан, молқы» деп жазылыпты. Бұл жерде автордың жазғандарына еш өзгеріс енгізген жоқпын және кісі аттарында сәл-пәл өзгертіп жазғанын да қалдырдым, себебі оқырман алдыңғы жазылған кісі аттарын тани алады. Екінші айтарым, Өркенбек бұл күнде Түркістандағы Яссауй атындағы Қазақ-Түрік университетін тәмамдап, Алматыда тұрады екен. Осы мақаланы даярлау кезінде іздестіріп таба алмадым, ағайындар «Өркенбек қазір кәсіпкер, оңтүстік Кореяда жүр», деп мәлімет берді. Интернетте Өркенбек ұлды болды деген де мәлімет жүр, бірақ баланың аты жазылмаған. Үшінші, Өркенбек жұрт айтып жүргендей Оспан батырдың немересі емес, Баяхмет Жұмабайұлы­ ның шежіресінде көрсетілгеніндей шө­ бересі көрінеді. Мұны маған алғаш айтқан Арыстан Тосын ағамыз болатын. Мүмкін, қазақы дәстүрмен Нәби атасының бауырында, баласы болып өскен болар. Төртінші, мақалада Нәби атамыздың қайтыс болған жылы екі түрлі жазылыпты, бұл шаруа мен үшін маңызды болмағандықтан және дұрысын білмегендіктен, ештеңені өзгертпедім. Себебі, Оспан батырдың негізгі зерттеушілері, дұрыс датаны өздері нақтылайтын болар деп ойладым. «Дәстүр» атты Ұлттық-этнография­ лық журналда «Оспанның өмірбаянына қатысты кейбір деректер» атты мақала бар (http://dasturkb.kz/index. php?option=com_content&view=article &id=606:ospanny-mirbayanyna-atystykejbir-erekter&catid=81&Itemid=690), сонда да «...Әкесі Ислам қазақтардың үш жүзінің орта жүзіне жататын Керей тайпасының бір тармағы Молқы деген руының Айтуған атасынан тарайды» деп атап көрсеткен. Бұл мақаланың авторлары Х.Бат-Очирын Болд, Х.Бат-Очирын Туяа. Көріп отырсыздар, бұлар монғол ұлтының азаматтары. Мақалада Оспан батырды саяси ұстанымы анық емес, білімсіз надан адам етіп көрсетуге тырысқан. Оспан батыр туралы Қытай Халық Республикасының баспаларынан шыққан кітаптар мен мақалалардың авторлары да, цензураның қыспағымен, батырды «компартияның тәрбиесіне көн­беді», «банды болды», «Өкінішке орай оның өзінікін жөнге санайтын мінезі ауқымды жағдайды меңгере білмеген кербақпалығы салдарынан жеңімпаз армиямызға қарсы оқ атып, өзін гоминдаң қуыршақ қалдық күштерінің қойнына атты. Америка сынды шапқыншы елдердің желіктіруімен коммунистік партияның көп реткі бағыну насихатына

құлақ аспай, қарсы оқ атқандықтан құдіретті армиямыздың тегеурінінде жеңіліске ұшырып, өз түбіне өзі жеткен банды атаманына айналды» деген сияқты сөздер жазуға мәжбүр болғандықтары көрінеді. Жазушы Дүкен Мәсімхан ұлының «Оспан батыр» атты көлемді мақаласы бар (http:// masimkhanuly.kz/?p=2796). Осы мақалада Шығыс Түркістандағы көтерілістің саяси, әлеуметтік себептері баяндалады, бірақ бізге керегі Батырдың шығу тегі туралы мына куәлік мәліметі «Шыққан тегі Орта жүздің керей (абақ) тайпасынан тарайтын Молқы деген рудан». 2007 жылы Алматының «Арда» баспасынан шыққан «Оспан батыр. Деректі зерттеу» деген кітап бар, құрастырушылары Жәди Шәкенұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Өркенбек Нәбиұлы. Бұл кітапқа әртүрлі авторлардың Оспан батыр туралы мақалалары кірген. Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық уни-

Ingvar Svanberg-тердің редакторлығымен құрастырылған “The Kazaks of China Essays on an Ethnic Minority” (Қытайдың этникалық азшылықтағы қазақтары туралы эсселер) атты жинақта Линда Бенсонның “Osman Batur: The Kazak’s Golden Legend” (Оспан батыр, Қазақтың алтын аңызы) атты мақаласында да батырды Қазақтың Молқы керейі деп жазыпты. Соңғы үш кітаптың тиісті беттерін, сурет-

(http://shyn.kz/article/view?id=352) деген мақаласында айтылады. Мұның артында Шығыс Түркістандағы азаттық үшін күресті, негізінен қазақтар емес, ұйғырлар жүргізді деп айтқысы келетін үлкен саясат жатыр. Бұл күндері Алтайдың Көктоғай ауданының Күрті қыстағында тұратын, өздерінің ата-тек шежіресін толық білетін, Оспан батырдың көзі тірі туған ұлы Әмақ атамыз тұрғанда және Алматыда тұрып жатқан шөбересі

верситетінің профессоры Тұрсынхан Зәкенұлының «Оспан батыр» атты мақаласында «Оспан батыр 1899 жылы ақпан айында Шығыс Түркістанның Алтай аймағы, Көктоғай ауданының Өндірқара деген жерінде дүниеге келді. Ата жөні Абақ керейдің Молқы руының Айтуған әулетінен тарайды» деген тұжырым бар. Дәл осындай куәлік кітаптың ішіндегі басқа мақалаларда да жүр. Жалпы, бұл кітапта Оспан батырдың өмір жолына қатысты құнды мақалалар баршылық. Түгендеп жатпаймын. Кітапханаларда бар көрінеді. Өткен, 2016 жылдың маусым айында «Аңыз адам» журналының №11(143) шығарылымы «Қытайдағы ұлт азаттық көтерілістің басшысы Оспан батыр» тақырыбына арналып басылыпты. Оспан батырға арналған бірінші интервьюда Өркенбек Нәбиұлы бабасын «Орта жүздің Керей руынан» деп айтыпты. Қалың оқырман қауымға бұл журналдың беретін нақты мәліметтері мол. Журналға үн қосқан Түрік ғалымы, өзіміздің бауырымыз, Әбдіуақап Қара мен Жәди Шәкенұлын атар едім. Жалпы, Жәди Шәкенұлының Қытай қазақтарының тарихына арналған шығармасы болсын, Оспан батыр­ ға арнап жазған мақалалары мен айтқандары болсын аса дәйекті, мағыналы дүниелер. Енді Уикипедиядағы «Молқы» туралы мәліметті келтірейін (https://kk.wikipedia.org/ wiki/). «Молқы-қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүз құрамындағы керей тайпасының Абақ керей тармағынан таратылады. Керейдің мол руы. Алтай тауының моңғолдық және қытайлық бөлігінде қоныстанған. Ұраны-Машан, таңбасы-абақ. Қазақтың азаткер батыры, «алтын аңызы» Оспан Исламұлы осы рудан шыққан». Арғын Тоқаның ішіндегі Молқы атасы туралы Уикипедияда мәлімет жоқ, бұл енді басқа әңгіме. Қазақтың классик жазушысы Мұқтар Мағауинның 2011 жылы Алматыда шыққан «Шыңғысхан және оның заманы» атты 4 томдық «Деректі тарихи хикая» кітабының «Туған жер» атты 1-томының 313-бетінде Керей елінің көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін созылған тарихын баяндаған тарауында, Оспан батырдың Керей екендігі жазылған. Мұқтар ағамыздың көзі жетіп, көңілі сенбесе бұл мәліметті кітабына қоспас еді. Стамбұл қаласында 2008 жылы басылып шыққан Yusuf Ziya Arpacik деген автордың “Osman Batur” атты кітабында батыр «қазақ түркілерінің ішінде орта жүздегі Керей Молқы» деп жазылған.Тура осындай куәлік 2011 жылы Стамбулдың «Doğu Türkistan Göçmenler Derneği» баспасынан шыққан «On yilga siğan efsanevi ömur» (Он жылға сиған аңыз өмір) деген кітапта да бар, авторы Dr.Ömer KUL. Тіпті, Оспан батырдың шежіресі, біздегіше тізбектеліп берілмеген, сызба түрінде келтіріліпті. 1988 жылы Швецияның Упсала қаласында Linda Benson мен

ке түсіріп, Түркиядан Әбдіуақап Қара бауырымыз интернет арқылы поштамен жіберді. Осымен, баспа бетінде басылған, интернет ресурстарында келтірілген Оспан батырдың Абақ керей Молқы екенін айғақтайтын мақалаларды санамалауды тоқтатамын. Іздегенге мұндай материалдар өте көп кездеседі. Аталмыш тақырыпқа материал жинап, зерттеп толғанып жүрген күндерімнің бірінде, 2017 жылдың қаңтар айының 24-і күні, тағдыр мені Алматыда Арыстан Тосын атты Оспан батырдың туған жиенімен жолықтырды. Дастарқан басына құда деп ардақтап әкеліп отырғызған үлкен кісіні бір жерден көрген сияқты едім, бірақ жыға танымадым. «Ағайды танисың ба» деген үй иесінің сұрағына, «түсі таныс, бірақ есіме түсіре алмай отырмын» деп жауап бердім. Сөйтсем, анау бір жылы, Астана күнінде Ресейдің президенті Д.Медведев пен біздің Елбасымыз Н.Назарбаевтың алдында «Қара жорға» биін Ханшатырдың алдындағы үлкен алаңда билеген ағамыз екен және ағайдың, бірер жылдың мұғдарында, Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың бірінде Елбасымыздың Англияға алғаш ресми сапармен барған кезінде Батыс Берлиннен Лондонға іздеп барып жолыққаны туралы айтқан әңгімесін телевизордан көріп, тыңдаған едім. Осы кісі Арыстан Тосын екен. Таныса келе, Керейдің ноқта ағасы, Ителі болып шықты, жасы 79-да. Алматы қаласына жалғас Райымбек ауылында, Сүйінбай көшесінің бойында, өзі салған, атасы Зуха батыр атындағы мешіттің жанында тұрады екен. Сөйлесе келе Арыстан ағамыздың анасы Зәфирә Оспан батырдың әкесі Сләмнің қарындасы болып шықты. Оспанның мүлдем кішкентай кезінде шешесі қайтыс болыпты да, Зәфирә апайы алып кетіп бағып өсіріп, ер жетіп жасөспірім жігіт болған шағында «ары қарай, өз ағайындарың, Молқының ішінде өсуің керек, әйтпесе жат болып кетесің» деп туыстарына апарып қосыпты. Көзі тірі куә деген осы. Қазіргі күні Қытайда Оспанның өз кіндігінен туған бір ғана баласы-Әмақ қалды. Соғыста өлмей аман шыққандарының қалғанының күні жетіп қайтты деді. Жас жеткіншек Оспанды атасы Зуха батырдың қанша рет, қалай сынағанын, не деп бата бергенін айтып берді. Бұл әңгімелерді жинаған материалдарымның ішінен кезіктіріп оқығанмын, бірақ кейбір жазбаларда Зуха батырдың орнына Бөке батыр деп жаңсақ жазғандар да болып шықты. Әбдіуақап Қараның жазуы бойынша, Бөке батыр 1904 жылы, Оспан бар-жоғы 5 жаста болған кезде, қайтыс болып-Оспанды сынайтын да, бата беретін де, соғыс өнерін Оспанға үйрететін де мүмкіндігі болмаған көрінеді. Оспан батырды ұйғырлар да өздеріне ыңғайлап, біздікі деп тіршілік жасап жатқан көрінеді. Бұл, Жарқын Жеті деген азаматтың «Оспан батырды ұйғырлар ұрлап алмақшы»

Өркенбек «Орта жүздің Керей руынанбыз» деп айтып отырғанда, «Оспан батырдың туған жиенімін» деген Арыстан Тосын ағамыз барда, қазақ пен қытайдан басқа қаншама мемлекеттердің кітаптары мен журналдары, интернеттегі жарияланымдар «Оспан батыр Керей молқы» деп куәлік беріп отырғанда-басқалардың Батырды «Керей емес, Арғын деуі» күлкілі жағыдай ғана емес, өте өкінішті, шындыққа көпе-көрінеу қиянат нәрсе деп ойлаймын. Ал, Оспан батырды Арғын тоқаның ішіндегі Молқы жасағаннан Керей кедейленіп қалмайды, бірақ Арғын да байымайды. Батырды Арғыннан қызғанды дейтін, мен Керей емеспін. Төрехан Майбас айтқандай «Ел ортақ, жер ортақ, батыр ортақ». Ертеңгі ұрпаққа тарихты бұрмаламай жеткізу бүгінгінің парызы, шындық қашанда қымбат. Байқасаңыздар мақаланың өн бойында, 2016 жылдың күзінде облыстық газетімізде шыққан, «Оспан батыр Тоқа Молқы болады» деген мақаланың авторы Төрехан Майбастың аты бір ретте аталып, ешқандай сын ескертпе жасалмады. Себебі, «Орталық Қазақстан» газеті мен мақала авторы бейтараптық принцип ұстап, оқырманға «ерекше жаңалыққа претензиясы бар» мәліметті жеткізуші ғана. Қалғанын оқырман өзі екшеп, талдау жасайды. Төрехан Майбас менің өте сыйлайтын, әрбір жазғанын күтіп жүріп оқитын авторым. Журналист, жазушы, этнограф, Қаракесектің Керней атасының шежіресін түзіп қалыптастырған шежіреші, «Көкбөрі Керней» деп әлденеше кітап жазған тарихшы-ғұлама ғалым. Осындай білікті азамат газетке ұсынылған мәліметтің шикілігін білмеді емес, білгеніне кәміл сенімдімін. Мақалаға оқырман көңіл аударатындай етіп жазды, соның нәтижесінде көп уақытымызды бөліп, қаншама материал жинап еңбектенуге тура келді. Өкінбеймін, өзім үшін бірталай білім жинадым, енді сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Керекті кітап, мақалаларды жинауға көмектескен, арап әліп-биінде жазылған мақалаларды кирилицаға аударып жазып берген және осы тақырыпқа кітап, мақала жазған ағайындардың телефондары мен электронды почталарының мекен-жайларын тауып беріп, ақыл кеңестерін қосқан түркиялық ғылым докторы, этникалық қазақ, Әбдіуақап Қараға және керекулік шежіреші Мүсәйіп Сыдықовқа, М.Әуезов атындағы әдебиет-өнер институтының бөлім меңгерушісі Серікқазы Қорабаевқа, Қарағанды экономика университетінің доценті Самат Бітімханға алғысымды білдіремін. Есмұханбет СМАЙЫЛОВ, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. ҚАРАҒАНДЫ қаласы.


Дүние-дүрмек

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyk-kaz.kz www.ortalyq.kz

ҚР Қарулы күштеріне – 25 жыл

Құттықтаймыз! Аяулы анамыз Қадиша Манапқызын ақпан айының 27-ші жұлдызында 85 жасқа толған мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Анашым құтты болсын сексен бесің, Балаларың аяйды сенен несін. Өзіңсің шаңырақтың берекесі, Кең қылған пейіліңмен керегесін. Темірдей анама Алла төзім берген, Төрт бөліп түн ұйқысын көз ілмеген. Әкеміздің жоқтығы білінбеді, Бақытты күн кешкен соң өзіңменен. Елі үшін төгілетін артық тері, Мұғалім шәкіртімен бақытты еді. Ұзтазсың еңбегі көп елге сіңген, Ақтаған ел сенімін шәкірттері. Сен барда қуанышқа бөленемін, Ақ бата, алғысыңмен көгеремін. Тілегім, қызығын көр немеренің, Ылайым раxатын көр шөберенің. Анасы бар шаңырақ шайқалмайды, Шаттығы мен қызығы тарқамайды. Жүрші аман жүзге дейін ортамызда, Анасы бар адамдар қартаймайды. Ізі тілекпен: өзің айналайындарым деп еркелететін балаларың, немерелерің, шөберелерің. №70

Объявление Организатор конкурса КГУ СОШ № 41 акимата г.Караганды ГУ Отдел образования 100000, г. Караганда пр. Н. Абдирова 37/1 объявляет о проведении конкурса по организации горячего питания. К конкурсу допускаются все потенциальные поставщики, отвечающие требованиям конкурсной документации. Пакет копии конкурсной документации можно получить в срок до 12,00 07 марта 2017 года включительно по адресу: г.Караганда пр. Н .Абдирова 37/1, кабинет бухгалтерии, с 9-00 до 18-00 и/или на интернет ресурсе sch41@kargoo.kz инф. по тел:87212512221.

Жуырда Қарағанды мемлекеттік университетінде дене мәдениеті және спорт факультетінің, «Жас Сұңқар» әскери-спорттық клубының ұйымдастыруымен оқытушылар арасында әскери-спорттық сайыс өтті. Шара Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғана 28 жыл толуына және ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналды. Аталған білім ордасының тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Абай Қалықов осындай игі шараның өткізілуіне

ұйытқы болған факультет ұжымына, «Жас Сұңқар» әскери клубына алғысын білдіріп, факультет деканы Нұрманбек Рамашұлы, облыстық

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында Халықаралық Экскурсия жетекшілері күніне орай, «Жас экскурсия жетекшілерінің мектебі» атты шығармашылық семинар өтті. Бұл басқосудың басты мақсаты «Музей ісі», «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша білім алып, өз болашағын мәдениет саласымен байланыстырғысы келген жас буын өкілдеріне мазмұнды ақпарат ұсыну, кәсіптің қыр-сыры жайында кәсіби мамандардан кеңес алу болатын. Семинарға қаладағы орта білім беретін №16, 20, 23, 7, 19, 21, 11 орыс және №4, 5, 2, 8 қазақ мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатысты. Жиынға қатысушылар Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкерлері дайындаған «Экскурсия ісінің тарихы», «Экскурсия жетекшісі мамандығы», «Аймақтың имиджі. Халықаралық туризм күні», «Экскурсияны қалай құрастырады?» деген сияқты кәсіпке қатысты ең маңызды дәрістерді тыңдай отырып, өздерін қызықтырған мамандық иелері жайында мол мағұлматтарға қол жеткізді. Сондай-ақ, болашақ экскурсия жетекшілері орталық қызметкерлерімен еркін пікір алмаса отырып, Елбасымыздың атындағы орталықтың жұмыс барысымен, «Ғылыми-зерттеу бөлімі», «Экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімі», «Қор сақтау бөлімі» және «Экспозициялық көрме жұмыстары

бөлімдерінің» атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Онда еңбек етуші мамандар жастарға қыр-сыры мол музей өмірі туралы сыр шертіп, қорда сақталған қазақ тарихына қатысты құнды құжаттар мен ғасырлық тарихы бар бағалы жәдігерлерді көрді. Бір сәт болсын өздерін аталмыш мамандық

иелерінің орнына қойып Экскурсиялар жүргізді. Тарихты түгендеп, танымдарын кеңейтті. Топтың алдында жүріп, тарауы көп қазақ тарихының небір кезеңдері жайында ашық әңгімелер айтуға машықтанды. «Экскурсия ісінің тарихы» жайындағы дәрісінде орталықтың ғылыми

қызметкері Құрманшәді Оразымбетов: «Жұртшылыққа беретін тағылымы мол кәсіп жайында тереңнен сыр шертуге болады. XIX ғасырдың аяғына қарай пайда болған «музеология» термині музей ісінің дамуымен бірге қолданылып келеді. Қазіргі кездегі музейлер атқаратын жұмыстарына

Сахнаның ашылуы жоғары мәртебелі ханымның мейрамхананың ақылы әжетханасына келуінен (Галина Тручина) басталады. Ханым ақшасын жоғарыда ұмыт қалдырады. Ал, еден жуушы (Александра Большакова) ханым төлеуі тиіс сол ақшаға мейрамхананың жертөлесінде еден жуады. Егер, мейрамханаға келуші ақшасын төлемесе, бұл жағдайға еден жуушы кінәлі болады. Қарапайым еден жуушы жоғары мәртебелі ханымға әжетханаға кіру ақылы екенін белгілі ережелер арқылы түсіндірмек болады. Өзінің уақытша билігін пайдалану арқылы, жоғары мәртебелі ханымның қоғамда алатын орнын көрсетеді. Сөйтіп әртістер қойылымды

тапқыр әзілдер арқылы шыншыл сарказммен сәтті ұсынды. Себебі, камералық пьеса жарты ғасырдан бері әлемдік тәжірибеде жүрсе де, еліміздің мәдениет ошақтарында жиі сахналанбайтын. Оған қоса, әртістер де камералық пьеса тәртібіне сай оны шатырларда, жарығы жоқ жерлерде елуге тарта кейіпкердің ортасында ойнауы тиіс. Сондықтан, камералық пьесаларға келетін көрермендер үшін ауысымдық аяқ киім әкелу міндетті. Ал, қарағандылық көрерменге оқиға желісі жақыннан ұсынылды. Пьесаны қойған театрдың бас режиссері Александра Большакова – еден жуушының рөлін сомдады. Режиссер сөзінде: «Шағын камералық

және қалалық Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының, «Ардагерлер» қоғамдық бірлестігінің орынбасарлары Сергей Сахманов пен Игорь Молодов қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараның ашылу салтанатында аталған әскери-спорттық клуб сарбаздарының құрметті қарауыл жасағы көрсетілім қойып, патриоттық әндер шырқады. Сонымен, ҚарМУ-дың 12 факультетінен жиналған командалар сынға түсті. Шарт бойынша, сайысқа ер азаматтармен қатар нәзік жанды аруларымыз да қатысты. Үш ер адам және екі әйел адамнан құралған әр команда төрт бөлімнен тұратын жарыс кезеңінен өтті. Атап айтсақ, бірінші кезең – 8 метр қашықтықтан мылтық ату, екінші кезең – дартс, үшінші кезең – бір орында тұрып қашықтыққа секіру және төртінші кезең – арқан тартыс. Жарыстың бас төрешісі, аға оқытушы Талап Елемесов сайысты қорытындылай келе, жүлделі үшінші орынды математика және ақпаратттық технологиялар, философия-психология факультеттеріне тапсырды. Екінші орын тұғырына педагогикалық және физика-техникалық факультеттер көтерілді. Ал, бірінші орынды дене мәдениеті және спорт факультеті қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға кубокпен бірге медальдар, грамоталар табысталды. Бұдан бөлек, үздік деп танылған қатысушыларға жекелей спорт түрлерінен сый-сияпаттар ұсынылды. Меруерт БАТТАЛОВА, Аида РАХЫМҚҰЛОВА, ҚарМУ-дың студенттері.

байланысты жәдігерді жұртқа таныстырып қана қоймай, оның тарихын зерттеп, талдап БАҚ арқылы көпшілікке дер кезінде ұсынып отыратын ғылыми институттың қызметін атқаруы керек» деген сияқты еліміздегі музей ісі үшін маңызды мәселелер төңірегінде ойларымен бөлісті. Ал, №2 орта мектептің 11-сынып оқушысы Мақсат Тұрымов үшін бұл семинардың маңызы өте зор. Ол мамандық таңдауға кіріскенін айтты: «Қазір ҰБТ-ға дайындалып жатырмын. «Экскурсия жетекшісі» қызметіне қатысты өткен семинардан көп ақпарат алдым. Өзіміз үшін жаңа кәсіппен танысып жатырмыз. Әрі мәдениет саласына соңғы жылдары үкіметтен көп көңіл бөлініп жатқанын естідік. «ЭКСПО» көрмесіне келетін туристер де бұл саланың дамуына септігін тигізеді. Жұмыс жеңіл болғанымен үлкен жауапкершілікті, терең білімді талап ететін сала. Семинарды ұйымдастырушыларға рахмет, музей ісіне жақын тарихшы немесе мәдениеттанушы мамандықтарына түсетін шығармын», – деді. Өздері қызыққан кәсіп жайында мамандық иелерінен мол мәліметтер алған оқушыларға Тарихи-мәдени орталықтың арнайы дайындалған сертификаты тапсырылып, іс-шара естелік суреттерге түсумен өз мәресіне жетті. Қуаныш ТЫНЫБЕКҰЛЫ, Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының экскурсия жетекшісі. ТЕМІРТАУ қаласы.

7

Қарағанды облыс әкімдігінің Қаулысы 17 қаңтар, 2017 жылы

04/01

Қарағанды қаласы

Қазақстан Республикасы, Әділет Министрлігі Қарағанды облысы, Әділет департаменті Нормативтік-құқықтық акті 2017 жылғы 15.02 нормативтік-құқықтық актілдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4148 болып енгізілді.

Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы №15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10313 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақ-

жал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылары үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің энергетика, коммуналдық шаруашылығы және төтенше жағдайлар мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Н. Әбдібеков, облыс әкімі. Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы «17» қаңтардағы №04/01қаулысымен бекітілген

Абай ауданы Абай қаласының, Шет ауданы Ақжал кентінің есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары № р/с

Тұтынушылар санаты

Жылумен жабдықтаушы ұйымның атауы

Өлшеу бірлігі

Мағынасы

1

Орталықтандырыл ған жылумен жабдықтауға қосылған Абай қаласының тұтынушылары

«Абайлық жылу жүйелері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория/шаршы метр

0,0340

2

Ақжал кентінің қазандығынан жылынатын Ақжал кентінің тұтынушылары

«Электржабдықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Гигакалория/шаршы метр

0,0410

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ Қарағанды экономикалық университетінің ректораты, қызметкерлері мен студенттері экономикалық теория және мемлекеттік және жергілікті басқару кафедрасының меңгерушісі М.К. Жетпісбаеваға орны толмас қаза – анасы Шәмшібану Сүлейменқызының қайтыс болуына байланысты ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды қалалық мәслихаты Қарағанды қаласының құрметті азаматы Шәймерден Әбілмәжінұлы Оразалиновке әпкесі Рашида Әбілмәжінқызы Серғазинаның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды қалалық мәслихаты Нұрлан Ерікбайұлы Әубәкіровке жұбайының анасы Алтын Аянбергенқызы Айсанованың қайтыс болуына байланысты қайғылы қазасына ортақтасып, көңіл айтады.

Білім орындарында

Еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», – деп ерекше атап өтті. Осыған орай, әлемдік жаһандану жағдайларына байланысты мектеп ұжымының алдында жасөспірімдердің салауатты өмір салтын бейімдеу талабы тұр. Қыс мезгілі басталғалы мектебіміздің бірқатар оқушылары: Алсу Марипова, Александра Воронкова, Диана Мансурова, Александра Зубкова, Александр Витязь, Ангелина Астафьева қысқы Президенттік көпсайыс бойынша қала, облыс, Республика деңгейіндегі жарыстарға қатысып, жүлдемен оралып жүр. «Еңбегі көптің – өнбегі көп» демекші, осындай дәрежеге жетуіміз бапкерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында. Осыдан 3 жыл бұрын, облыстық жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Алексей Лукьянов бастауымен мектепте Қысқы Президенттік көпсайыс спорттық секциясы ашылды. Мақсаты – жасөспірімдердің қысқы спорт түрлеріне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салауатты өмір салтына баулу. Жылдан жылға бұл спорттық секцияға қа-

тысушы балалардың саны көбеюде. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен айналысатын балалардың саны 80-ге жуық. Ата-аналардың жұмыс нәтижесіне ризашылықтары шексіз. Биылғы оқу жылында мектебімізде жас маман, Қазақстан республикасының бірнеше дүркін чемпионы Алданыш Қалибеков шаңғы спортын дәріптеуде. Мектеп директоры Ықылас Мустафиннің қолдауымен, аз уақытта екі бапкердің үйлесімді еңбектерінің арқасында, №8 ЖББОМ Президенттік көпсайыс құрама командасы мектебімізді Майқұдықтағы ең мықты мектептің бірі екенін дәлелдеді. А. БОЖАНОВА, №8 ЖББОМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

пейді. Жарты сағаттық қойылымды шебер ұсынатын театр әртістері

көрерменін асыға күтеді. Көріңіз, өкінбейсіз!

Мәдениет ошақтарында Аяулым СОВЕТ, «Орталық Қазақстан» Қоғамдағы екі түрлі әйел бейнесін ашқан қойылымды ұсынған К.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры қала тұрғындарының қошеметіне бөленді. Театр әртістері Б. Швайгердің «Шағын камералық пьесасын» сахналады. Қала жұрты ұжымның «Достық көпірі – 2016» халықаралық фестивалінде жоғары бағаға ие болған бұл қойылымын асыға күткен болатын. Айта кеткен жөн, атақты австриялық жазушы Бригитта Швайгердің (1949-2010ж) «Шағын камералық пьесасы» 1977 жылы жарық

көрді. Театр ұжымы өткен жылы Йошкар – Ола қаласындағы «Достық көпірі – 2016» халықаралық фестивалінде пьесаны сахналады. Атақты сербиялық сыншы Драгана Бошкович төрағалық еткен қазылар алқасы қойылымға жоғары баға беріп, дипломмен марапаттады. Сондай-ақ, Сербия елінің Топола қаласында өтетін камералық спетакльдер фестиваліне шақырды. Жалпы, пьеса бүгінде аса өзекті тақырыпты қозғайды. Яғни, қоғамда ауқатты жандар жайлы өмір сүрсе, басқалары еден жуып, сыпыруға мәжбүр. Осы мәселе әжетханада екі әйел арасында орын алған көріністен баяндалады. Спектакль сюжеті сәнді мейрамханада орын алады.

пьесаның» желісі өзекті мәселені көрсетуге сеп болды. Ек түрлі жағдайдағы адамдар өмірі суреттелді. Кейіпкер ханым да, еден жуушы да – бір қоғамда өмір сүріп отырғандар. Олар өзара түсініссе, бар мәселе шешілер еді. Мысалы, жабық кеңістікте өмір сүретін жандардың біз байқамайтын жаңа қыры болуы мүмкін. Немесе, лауазымды тұлғаның атағы дардай болғанымен, ол қарапайым жұмысшының ойлағанын білмеуі мүмкін. Өмір – өткінші, әрі алма-кезек. Сол себепті лауазымға бөлмей, сыйласып кешкен өмір оңайырақ», – дейді режиссер. Театр сүйер оқырман үшін айта кетейік, алдағы уақытта «Шағын камералық пьеса» репертуардан түс-


8

АЙМАҚ АЖАРЫ

25 ақпан, 2017 жыл www.ortalyq.kz

Жаңа кітап

Бәрекелді! Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан»

Қаламгер қаламында – ғасыр келбеті

Қазақстандағы әдеби орта гугу етеді. Ақындардың арасындағы сөз – тұңғыш рет Испан тіліне аударылған қазақ поэзиясы антологиясының қалай шыққаны жөнінде. Аталған антологияның тұсауы жақында Испанияның астанасы Мадрид қаласында кесілді. Абайдан басталатын қазақ ақындарының Испан тіліндегі антологиясына Қарағандыдағы атайы ақын Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ және жас ақын Қуаныш МЕДЕУБАЕВ енгенін сүйіншілегіміз келіп отыр.

Нұрқанат ҚАНАФИН, «Орталық Қазақстан» Жуырда қарымды қаламгер Ермағамбет ЛҰҚПАНОВТЫҢ шығармашылығы топтастырылған «Соңғы кітап» атты жаңа жинақ жарық көрді. Қырық жылға жуық журналистика майданының алдыңғы шебінде қызмет еткен әріптес ағамыздың еңбектерінен ғасыр келбеті көз алдыңызда лентадай айналады. Құрастырушы – Серік Сексенұлы. Идея авторы – марқұмның жары Май­ ра, демеушісі – ұлы Рауан екен. «Соңғы кітап» аталуы сол, биыл қайтқанына бес жыл толған журналистің бұл жинағына көзі тірісінде тасқа басылған 7-8 публицистикалық кітабынан тыс қалған шығармалары енген. Кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде жасөспірім шағында жазған әңгімелері мен повестері жинақталса, екінші бөлімі баспасөз беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларына арналған. Бұл мақалалар – қырық жылдық еңбектің жемісі. Бұрынғы Көкшетау облысындағы «Коммунизм таңы», «Көкшетау правдасы», республикалық «Лениншіл жас», «Спорт», «Қарағанды университеті» және өзіміздің «Орталық Қазақстан» газеттеріндегі қызмет жылдарының нәтижесі. Мақалалардың кейіпкерлері де, тақырыптары да сан қилы. Шығармаларын оқып отырып, тілі шұрайлы, стилі ерек шебер журналист екенін байқайсыз. Мәртебелі оқырман, кітапты қолыңызға алыңыз, сіз де оқыңыз.

Қазақ күресі

Ұлттық спорт танылып келеді Олимпиада бағдарламасына қазақ күресі енуі мүмкін. Бұл туралы Халықаралық қазақ күресі федерациясының президенті Қанат БОЗЫМБАЕВ айтты. – Олимпиада ойындарының бағдар­ ла­масына қазақ күресін қосуы мүмкін. Бірақ, бірден қосу екіталай. Қосқан жағдайда қазақтың ұлттық спорт түрін әлем мойындағаны деп білер едік. Біз осы бағытта жұмысты бастадық, – деді Қанат Бозымбаев. Осыған орай Астанада өткен Ха­ лықаралық қазақ күресі федерация­ сының Құрылтайшы Конгресіне 36 елдің

делегаттары қатысты. Аустралия, Гана, Канада, Жаңа Зеландия, Уругвай, Гер­ мания және тағы басқа елдердің өкілдері өз аймағында қазақ күресінің дамуын қолдады. Конгресс қатысушыларының арасында танымал спортшылар мен жаттықтырушылар, атап айтсақ, дзюдо бойынша Олимпиада ойындарының қола жүлдегері мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ, «Әлем ба­ рысы» турнирінің жеңімпазы Брайсон Ведаль Оскар Рене (Куба), Олимпиа­ да чемпионы Лукаша Крпалектің жеке жаттықтырушысы Лойер Джаромир (Че­ хия) және тағы басқалар болды. Өз тілшімізден.

Алаш әдебиетіндегі бұл құбылыс Қа­ зақстан мен Испания арасындағы дипло­ матиялық қарым-қатынас орнағанының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Антологияға қазақ поэзиясындағы таңдаулы ақындар тізімін ұсынып, құрастырушы ақ­ ындар – Дәурен Берікқажыұлы мен Танагөз Толқынқызы. Шығармалардың Испан тіліне аударылуына да, шараға Қазақстанның Ис­паниядағы елшілігінің назарын бұруға дәнекер болушы да – осы екі ақын. Испанияның астанасы Мадрид қала­ сында өткен тұсаукесер рәсіміне Испан “Пен” клубының бас хатшысы, Неополитан және Малларме Париж академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа ақындары фестивалінің негізгі құрылтайшысы, аталған антологияның әдеби аудармасын жасаған Хусто Хорхе Падронның өзі қатысыпты. Хусто Хорхе Падрон Испан тілі Король академиясының «Фастенрат» сыйлығын Фе­дерико Гарсиа Лоркадан кейін алған та­ рихтағы екінші ақын. – Бұл – әлемде таралымы жөнінде төртінші орын алатын испан тіліндегі тұңғыш қазақ поэзиясының антологиясы. Сондықтан бұл күн – қазақ әдебиетінің тарихында ал­ тын әріптермен жазылады. Себебі, бұл тілде жарты әлем сөйлейді. Қазақ поэзиясы 550 млн. халыққа жол тартты. Ол өзге кең тараған тілдерге жол ашты. Мысалы, фран­ цуз, ағылшын тілдеріне қазақ поэзиясы осы испан тіліндегі нұсқасы арқылы аударылуы мүмкін. – Испанияның Қазақстандағы елшісі Бақыт Дүйсенбаевқа алғысым шексіз. Ол жобаның жүзеге асуы үшін Испанияның Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялары­ нан демеуші таба білді. Хусто Хорхе Падрон қазақ поэзиясына терең талдау жасады. Абай мен Міржақыпты, Қасымның өлеңдерін испан тілінде ерекше шабытпен оқыды. Әсіресе, ол Міржақыптың өлеңін испан тілінде арқаланып оқығанда, менің көзіме

Құрылтайшысы: облыс әкімдігі МЕНШІК ИЕСІ: «Облыстық «Орталық Қа­зақстан» газетінің ре­дакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясы» ЖШС Директоры – Бас редактор Мағауия Сланбекұлы СЕМБАЕВ Бас редактордың орынбасары Ерсін Кәрібайұлы МҰСАБЕК Жауапты хатшы Қуаныш Сағынтайұлы АМАНҚҰЛОВ Телефондар: Директор – Бас редактордың қабылдау бөл­месі: 43-57-78. Бас редак­тордың орынбасары: 43-38-53. Жауапты хатшы: 43-38-33. Жауапты хатшының орынбасары 43-30-88 Кадр, қоғамдық ұйымдармен байланыс және жарнама бөлімі 43-35-37 Экономика, саясат және өнеркәсіп бөлімі 48-16-45 жас келді. Қазақ ұлты үшін жанын пида еткен Алаш арысының аруағы бір аунап түскен бо­ лар, – дейді Танагөз Толқынқызы. 1500 данамен шыққан антологияға Абай­ дан бастап Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Фа­ риза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Серік Ақсұңқарұлы, Күләш Ахметова, Аққұштап Бақтыгереевамен қатар, Жанат Әскербек, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Әнуар Бимағамбет, Қуаныш Медеубаев сияқты жас ақындардың да жырлары топтастырылыпты. “Каса де Лектор” жазушылар сарайында өтетін тұсаукесер рәсімінде антологияға ен­ ген Оңайгүл Тұржанова, Алмас Ахметбекұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Танакөз Толқынқызы, Дәурен Берікқажыұлы, Сағыныш Намазша­

Мәдениет ошақтарында

мева, Жанар Әбсадық, Анар Шамшади­ нова, Бақытгүл Бабаш, Жанар Айлашева өлеңдерін қазақ және испан тілдерінде оқыпты. Қазақ поэзиясына шолу жасаған Падрон: «Мені қатты қайран қалдырған жағдай – қазақтың жас ақындарының қаламы қарымды екен. Мысалы, Қуаныш Медеубаев деген ақын бар екен. Оның «Қара жәшік» деген өлеңі қандай керемет. Бақытгүл Бабаш та, Анар Шамшадинова да жақсы жазады. Дәулеткерей де ғажап ақын екен. Өлеңдеріне ғашық болдым. Болашақта оның поэзиясын бақылап оты­ ратын боламын» десе керек.

Шаһар шежіресі шертілді

Жәнібек ӘЛИМАН, «Орталық Қазақстан» Жайық Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі журналист Төлен ТІЛЕУБАЙДЫҢ «Тәуелсіздік – тұмарым» кітабының таныстырылымы өтті. Онда автордың өзі қатысып, оқырмандарымен ой бөлісті. Аталған еңбекте қазақ баспасөзінде кейінгі 15 жылда жарық көрген сұхбат, сараптамалық мақала, репортаж, жур­ налистік зерттеу, шағын ой-толғаулар, сондай-ақ, публицистикалық шығар­ма­лар топтастырылған. Бұған дейін «Аласапы­ ран Америка» (2006 жылы) атты тұңғыш кітабы жарық көрген автор бір жазбасында: «Алаш аңсаған азаттықты, Тәңір сыйлаған Тәуелсіздікті тұғырына қондыруға, өз

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және әдебиет бөлімі 48-16-36

дәрежесінде ұлықтауға қазақ баспасөзінің қосқан үлесі ұшан-теңіз. Жиырма бес жыл­ да қазақ баспасөзі қара халықтың мұңын мұңдады, жоғын жоқтады. Ар-намысына

араша түсті. Ұлтқа, ұлттық мүддеге «тас лақтырғандарға» сөзбен «соғыс ашты». Ел қуанғанда шаттанды, ел мұңайғанда жұбатты. Бір сөзбен айтқанда, Тәуелсіздіктің

таңы атқаннан бері елдік, мемлекеттік мүдделерге жан-тәнімен қызмет етті. Сол себептен кітапты шығаруда қазақ қоғамында айтылған өткір пікір, тұшымды ой, парасат­ ты сын, жанашыр тілекті таспаға басты­ рып, тарихтың парағында қалдыруды мұрат еттім», – дейді. Кітап Тәуелсіздік жылдарында қазақ баспасөзіндегі сөз бостандығы мен пікір алуандығының жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетуімен де қызықты. «Саясаттанушы Ерлан Қаринның: «Тәу­елсіз мемлекетті тек азат ойлы азамат­тар құрады» деген сөзі бар. Азат ойлы қоғамға айналамыз десек, сұхбат бе­ретін адам да, оны жазатын адам да оқырманның ақиқатты білу, азат ойды жеткізу құқын қастерлеуі керек», – дейді жур­ налист. Жаңа кітап Астанадағы «Bagorda» баспасынан басылып шықты.

Қатпарлы Қарағандының тари­хы «Қазыналы қала шежіресі» тақы­ рыбындағы «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік таным шарасын­ да шер­тілді. М.Әуезов атындағы орта­лықтандырылған қалалық кітапханада өткен танымдық шараға №41, №15, №54 және №77 ЖББОМ ұжымдары қа­тысты. Кітапхана директоры Г.Қарағонысова шараны салтанатты түрде аштты. №77 ЖББОМ ұжымы осы шараға тікелей ат салысып, 11 сынып оқушысы Ақжол Дәрібай «Қара шаңырақ – Қарағанды» әнін шырқады. Ойынды алғашқы болып №41 мектептен келген «Шахтер» тобы бастады. Қарсыласы – «Жігер» тобы №15 мектептен. Бұл топтан 8 сынып оқушысы Ернұр Аманқұл «Сүйікті қалама» әнін шырқады. Оқушылар әндерді ұстаздары, композитор Қанат Мерсалимовтың же­ текшілігімен орындағанын айта кеткен жөн. Жалпы, ойын барысында екі топта жақсы өнер көрсете білді. Жақсы дай­ ындықпен келгендері көрініп тұрды. Қазылардың қорытындысы бойынша 39 ұпаймен «Жігер» тобы І орынды иеленді. Өз тілшімізден.

Ақпарат, құқық, жастар саясаты және бұқарамен жұмыс бөлімі 43-17-41 Жарнама, факс: 91-04-52; бух­галтерия: 48-16-49; 43-58-16; компьютер орталығы: 43-58-08. Меншікті тілшілер: Бал­қаш, Ақтоғай, Шет: 8-701-480-13-79; Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев, Жаңаарқа, Ұлытау: 8-777-300-49-94; Қарқаралы: 8-702-638-56-85. Га­­­­­­зет жеткізілмесе 41-16-07, 41-09-51 те­лефондарына ха­бар­­ла­сыңыздар. Тіркеу куәлігі №13186-Г (Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Мәдениет және ақпарат минис­тр­лігі 2012 жылғы 22 қарашада берген). Газет сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығады Мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй.

Біздің сайт: www.ortalyq.kz Редакция 3 компьютерлік бет­­тен асатын көлемдегі қолжаз­баларды қа­ра­майды. Жарияланған мақала ав­­тор­ларының пікірлері ре­­­­дакция көзқарасын біл­дір­мейді. Жарнамалар мен хабар­лан­дырулардың маз­­ мұнына жарнама беруші жауап береді. Газетте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Суреттер интернеттен, редакция архивінен алынды. – материалдың жа­риялану ақысы төленген. Қолжазба мен фотосуреттер қай­тарыл­майды. «АТФ банк» АҚ ҚФ Есеп-шот: KZ50826M0KZTD2003131, БИК ALMNKZKA БИН 000940001367

Таралымы 18 100 дана

Атақты Маяковский киноға да түскен. 1918 жылы достарына жазған хатында: «Өлең жазбай­ мын. Бар ермегім – кинода ойнай­ мын. Сценариін өзім жазам, басты рольде ойнаймын. Киношылар мәз. Өзі сөйлейтін, даңқы мен ақшасы елді тартатын жер жүзінде жоқ актер деп мақтайды». Маяковский Джек Лондонның «Мартин Иден» романы бойынша Моцарт 14 жасында Римге келіп, әулие Петр соборына ба­ рады. Храмда әлдебір шіркеу му­ зыкасы ойналып жатады. Папа сарайы бұл шығарманың нотасын құпия ұстайды екен. Үйге келген Моцарт жаңағы музыканы жа­ дымен нотаға жазып қояды. Көп жыл өткен соң Моцарт нотаға

түсіріп кеткен әлгі шығарманы түпнұсқамен салыстырғанда ком­ позитор бірде-бір қате жібермепті. Сөйткен Моцарт өлгенде, жесірі әйгілі композиторды жерлейтін бейіттен жеке орын алуға қаражаты жетпепті. Кедей­

орыс мінезіне келетін, таби­ғатына таяу «Ақша үшін туған жоқпын» де­ ген киносценарий жа­зады. Ондағы ақын Иван Но­ва­ның ролін сом­ дайды. Маяков­ский киноактерлік қызметіне өте адал болыпты. Сту­ диядағы тү­сірілімнен әсте кешігіп көрмепті. «Жігітке жеті өнер де аз» деген осы. лермен бірге топырақ бұйырыпты әйгілі композиторға. Ал қазақтың құйма құлақтары ше? Таңды-таңға ұрып күй, қисса, жыр тыңдап, ертесіне мүдірмей қайталайтынын еуропалықтар білсе, ішегін тартып, жағасын ұстайтын болар.

1963 жылы Қа­зақ­­­ станда көр­кемөнер­ паздар үйірмелеріне жар­ ты миллион адам мүше болып, кәсіп­қойлармен өнер жа­рыстырған. Осы Қараған­дыдағы Кеншілер мә­­­дениет сарайында 1952 жылы хореография үйір­месін кәсіпқой бале­ рина, кезінде Куйбышев, Свердлов театрларында өнер көрсеткен Валентина Ипатова ұйымдастырады. Шы­­ғармашылық ұжым 1960 жылы «Бах­ шасарай фонтаны» балетін, 1962 жылы П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін осы Кеншілер мәдениет сарайында, желтоқсан айында Мәскеудегі Кремль сарайында қояды. Қарағандының халықтық балет теа­ тры Мәс­­кеудің басқа да ұжымдарына концерт

№23 тапсырыс. Индекс 65484 Офсеттік басылым. Көлемі 4 баспа табақ.

Электрондық пошта: ortalyk.kz@gmail.com ortalyk.kaz@mail.ru Жарнама бөлімі: ortalyk.reklama@mail.ru

береді. Халық театрының мүшелері қа­ рағандылық шахтерлер, слесарь, то­ карь, құрылысшы, дәрігер, инженер, студенттер болған. Тәрізі В.Ипатова ҚарЛагта отырып, Қарағандыда қал­ дырылған өнер жұлдызы болса керек. Еңбегі ескеріліп, республиканың еңбек сіңірген артисі атағы беріліпті. Маржан терген Мағаш СЛАНБЕКҰЛЫ.

Бағасы келісім бойынша «Типография Арко» ЖШС баспаханасында басылды. Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15. Газеттің компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Кезекші редактор Нұрдос КӘРІМ КОРРЕКТОРЛАР 1,3,4,8 – О.ТӨЛЕУБЕКОВА 2,5,6,7 – Ж.АХМЕТОВА

25 02 2017  

Advertisement