№20 (2928)

Page 5

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН Сейсенбі, 14 наурыз 2017 ж.

Қазіргі таңда біз өз алдымызға батыл жаңа мақсаттарды қойып, оны жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктеріміз бар екенін білеміз

6 бет

gazeta@top-news.kz

top-news.kz

ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДА ӨЗІНДІК ОРНЫ БАР КӨП ТІЛ БІЛГЕННІҢ ҚАШАН ДА ҰТАРЫ МОЛ Барша көзі ашық, көкірегі ояу адам еліміз тәуелсіздік алғалы бері білім саласында да қаншама игі өзгерістер болып жатқындығын біледі

Қостанай өңірінде де руханият саласында жемісті қызмет атқарып, аты-жөні бүкіл халқымызға танымал тұлғалар жеткілікті

8 бет

7 бет

Жастар- ел тірегі

Мемлекетшіл әрі елжанды болу – басты парыз Облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың тыныс-тіршілігі хақында

Менің бүгінгі сұхбаттасым Марлен Әуезханұлы Мақсұтов Қостанай облысы жастар саясаты мәселесі жөнендегі басқармада бас маман болып қызмет атқарып жатқанына бір жылдан асты.

шілікпен қарайды. Оның көп уақыты осы сүйікті қызметіне арналады. Жеке отбасын көтерген жас жігіт бос кезін тиімді өткізуге тырысады. Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында достарымен футбол ойнап, бойы сергек жүргенді ұнатады. Жалпы ол қызмет атқаратын басқарманың қазіргі уақыт талабына сай тындырып жатқан жұмыстары қомақты. Өткен жылдарды айтпағанның өзінде, биылғы жұмыс жоспарларына қысқаша тоқталып өтелікші. Мәселен, үстіміздегі жылы тамыз айында жастарға арналған түрлі форумдар ұйымдастырылмақ. «Жазғы еріктілер мектебі» сынды маңызды шаралар да қарастырылған. Оған қаламыздағы колледждер мен жоғары оқу орнының студенттері мен олардың оқытушылары, психолог мамандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады. Бұл басқосуда олар жастардың қоғамда алатын орны жайлы баяндап, бос уақыттарын тиімді өткізу жайлы пікірлерін ортаға салады. Сонымен қатар «Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу» деп аталатын жоба да өте маңызды. Мұнда жергілікті мешіттердің бас имамдары мен наиб Марлен Мақсұтов | Суретті түсірген Алексей КРАСНОВ имамдары жастарға дін

Ол Науырзым ауданына қарасты Қарамеңді елді-мекенінде туып, өсті. Уақыт өте келе оның отбасы Қостанай шаһарына қоныс аударды. Сондықтан осындағы Сырбай Мәуленов атындағы гимназияны тәмәмдады. Марлен бала кезден білімге құштар, елгезек бала еді. Мамандық таңдауда да жүрек қалауына сүйенді. Челябі мемлекеттік университетінің облыс орталығындағы филиалында оқып, қаржы және несие кәсібін меңгеріп шықты. Қазіргі таңда ол облыстық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Ол мұнда жеке кәсіпорындарында өңіріміздің жастарына арналған көптеген конференциялар мен форумдар ұйымдастырады. Жас болса да өзінің жұмысына үлкен жауапкер-

жөнінде дәріс оқиды. Оларға бүгінде қоғамда белең алған теріс ағымдардан жастарды аулақ ұстау жөніндегі ойларын баяндайды. Сондай-ақ жастардың діни сауатын ашуға айрықша назар аударады. Қасиетті Құранның сөрелерімен таныстырады. Ислам дінін қадыр тұтқан жігіттер мен қыздардың иманды болатындығын өмір көрсетіп отыр. Биыл ұйымдастырылатын «Жастар арасында отбасылық құндылықты сақтау» деп аталатын жобаның да жаңадан шаңырақ көтерген жастарға берері мол. Бұл басқосу жас жұбайлардың отбасын сақтап қалуларына, бір-біріне түсіністікпен қарауларына өзінің игі ықпалын тигізетіндігі даусыз. Бұл жоба негізі үш бағыттан тұрады. Біріншісі-некеге дайындық, екіншісі-ата-ана атануға әзірлік, үшіншісі-отбасында келеңсіз ұрыс-жанжалды болдырмаудың алдын алу. Аталған жиындарға өз саласын жетік білетін психологтар да атсалысып, өздерінің ақыл-кеңестерін береді. Өздеріңізде байқап отырған шығарсыздар, облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқарманың басқа да жүзеге асырар жұмыстары жеткілікті. Алдағы уақытта оларға да кеңінен тоқталатын боламыз.

Мәдениет

Спорт

Тың туынды ұсынылды

Аруларымыз бақ сынасты

Онда дарынды актерлер жерлестеріміздің ілтипатына бөленді

Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетілді

Жақында Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында талғампаз көрермендер назарына „Гоголь-Пушкин„ деп аталатын тың туынды ұсынылды. Оны Қазақстан Республикасының халық әртісі, аталған театрдың көркемдік жетекшісі Ерсайын Төлеубай қойды. Ә дегеннен режиссердің көп ізденгендігі байқалып, жиналған қауым бір серпіліп қалды. Жұртшылықтың есіне сала кетер жай, бұл трагедия заман талабынан бөлек туған айрықша талант иелері яғни

орыстың ұлы қаламгерлері Гоголь мен Пушкиннің жеке өміріне арнап жазылған. Сонысымен де құнды әрі тағылымдық жағы да мол. Әрбір драмалық шығарма қоюшы режиссер мен ондағы образдарды сомдаған актерлер мен актрисалардың шеберлігіне және еңбекқорлығына да әбден байланысты. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, туынды өз мақсатына жеткен. Бұл күндері облыстық қазақ драма театрының белді әртістеріне айналған Олжас Бегайдаров, Төленді Әлғожин, Айым Бірмағамбетова, Зәм-

зәгүл Бегайдарова, Бақытжан Таңатқанұлы, Қуаныш Маратұлы және басқалар көпшіліктің көңілінен шықты. -Өз басым бүгінгі қойылымнан үлкен әсер алдым. Орыстың классик жазушысы Гоголь мен аса дарынды ақын Александр Пушкиннің бейнелері өте сәтті шыққан. Осы жолы бас режиссер Ерсайын Төлеубайдың өз кәсібіне шын берілген айрықша дарын иесі екендігіне тағы да көзім айқын жетті, -дейді Қостанай қаласының тұрғыны Сағымбай Жаманов.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы аталмыш діни басқармасының айрықша бастамасы негізінде спорттың волейбол және шахмат түрінен намазхан әйелдер мен қыздар арасында жарыс өткізді. Жалпы бұл жарысқа 4 командадан 24 адам қатысты. Оның қорытындысында жүлделі бірінші орынды «Фатима» тобы,

екінші орынды «Қызғалдақ» және үшінші орынды «Фердаус» тобы иеленді. Осы сайыс жүрегі нәзік аруларымыздың оған жанжақты дайындықпен келгендігін көрсетті. Жеңімпаздарға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ал шахматтан өткен жарыста бірінші орынды Әсем Найзабекова, екінші орынды Гүлжихан Есенжолова, үшінші орынды Сәуле Дүйсеке иеленді. Сонымен қатар әйел-

дер-қыздар секторының Қостанай облысы бойынша өкілі Аяулым Ермекқызы бастаған арулар қалалық №2 емханада болды. Осында қаралып жүрген аналардың хал-жағдайын біліп, оларға гүл шоқтарын табыс етті. Міне, осылайша өңірімізде жүрегі нәзік жандар арасында спорт түрлері барынша жанданып келеді. Бетті дайындаған Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.