№12 (2920)

Page 8

8 СОҢҒЫ БЕТ

Сейсенбі, 14 ақпан 2017 ж.�

�№12 (2920)

Қонақ кәде

«Музыка - өмірімнің мәні»

деп сыр шертеді Қазақстан Композиторлар Одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек Жақында Қостанай облыстық Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның концерт залында Қазақстан Композиторлар Одағының ұйытқы болуымен «Көк байрағым, желбіре» деп аталатын есте қаларлық кеш ұйымдастырылды. Оған Елордамыз Астана мен Алматыдан шығармаларымен талай жұртшылықтың жүрегін жаулаған көрнекті композиторлар арнайы шақырылды. Оларды Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Композиторлар Одағының төрағасы Балнұр Балғабекқызы Қыдырбек бастап келді. Біз онымен жолығып, әңгімеге тартқан едік. Төменде осы сыр-сұхбатты жұртшылық назарына ұсынып отырмыз.

ӨТКЕН КҮНДЕРГЕ САЯХАТ -Балнұр Балғабекқызы, сіз тек Қазақстан ғана емес, алыс-жақын елдерге де белгілі өнер майталманысыз. Сіздің жазған шығармаларыңызды бүкіл жұртшылық сүйіп тыңдайды. Әңгіменің орайы келгенде, өзіңіз тәрбиеленген отбасыңызға қысқаша тоқтала кетсеңіз. -Мен зиялы отбасында өстім, әкем ұлтымыздың біртуар перзенті яғни көрнекті жазушы. Жастайымыздан руханиятқа жақын болдық. Бір шаңырақта бес бала тәрбиелендік. Әкеміз Балғабек пен анамыз Сафура осы перзенттерінің елі мен халқының қамын ойлайтын азаматтар болуын армандады. Шешеміз ұлағатты ұстаз болатын. Ол Алматыдағы №56 орта мектепте басшылық етті. Өзі негізі Ақтөбе облысының қызы.

-Ата-анаңыз сізді жастайыңыздан музыка мектебіне беріпті. Сол жайлы баяндаудың да сәті келген секілді. -Қай ата-ана өзінің баласының жаман болғанын қалайды дейсіз. Олар да бәлкім менің бойымдағы өнерге деген қабілетті байқады ма екен, жеті жасымда үлкен шаһардағы Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепке берді. Осында 11 жыл оқыдым. Бұл Қазақстанға белгілі оқу орны. Пианист мамандығын игердім. Содан кейін Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның композиция бөлімінде оқыдым. Бұл жерде мен КСРО халық әртісі Құддыс Қожамияровтың класынан дәріс алдым. Біздің бақытымыз шығар, болашақ композиторларды қазақтың ұлы тұлғалары яғни Ғазиза Жұманова, Рахмадиев секілді мәдениет майталмандары оқытты. Жалпы, композитор болуыма Латиф Хамидидің бір ауыз: «Қарағым, туындыңды тыңдадым, шығармаң өзіме өте ұнады. Сондықтан осы жолға біржола түскенің дұрыс болар» деген сөзі ерекше ықпал етті. Өйткені, ол мен үшінші курста «Соната» деп аталатын шығарманы пианинода орындағанымды көріп, ерекше риза болды. Міне, содан бері қиындығы мен қызығы қатар жүретін осы мамандыққа ден қойдым. Аталған жоғары оқу орнын тәмәмдаған соң Қазақстан Композиторлар Одағының аппаратында және еліміздің жоғары аттестациялық комиссиясын да қызмет атқардым. Әрине, бір сұхбатта барлық жазған туындыларымды моншақтай тізіп шығу мүмкін емес, олардың бәрі де мен үшін қымбат әрі жаныма жақын. Оларды музыка саласында жүрген мамандар мен әріптестерім жақсы біледі. Тек айтарым, 2014 жылы «Реквием» деп аталатын шығармам үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болдым.

дараланатын. Бір көрген адамға түр-кескіні қаталдау көрінгенімен, негізі жүрегі өте жұмсақ, балажанды кісі еді. Бәрімізді де жауапкершілікті сезінуге, бастаған істі соңына дейін жеткізуге баулыды. Әлі есімде, өзім бірінші сыныпқа барған кезімде қолыма «Қазақ ертегілерінің» бірінші томын ұстатты. Оны беріп ғана қойған жоқ, сырты қалың кітаптың мазмұнын сұрап отыратын. Содан кейін «Батырларын жырын» оқуға көштік. Ардақты жан осылайша біздің ана тілімізді ардақтап, ежелден келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды қастерлеуге баулыпты ғой. -Ата-анаңыз өз замандастарынан кімдермен араласты. Осы жөнінде де әңгімелеп берсеңіз? -Әкем өте қонақжай болатын. Шақырған жерден де қалмайтын. Бір ерекшелігі, ешқашан да ішімдікті ауызға алған емес. Біз жастайымызКомпозитор Балнұр Қыдырбек | Суретті түсірген автор дан ата-анамыз араласқан, сыйласқан кісілердің бәрін Қазір өзім басқаратын нөмірі жетпес бұрын қандай де білеміз. Олардың араКомпозиторлар Одағына да тексерістен өтетіндігін біз де сында қазақтың дарынды 106 мүше бар. Олардың бірі қаламгерлері Шерхан Мұрсезіндік. өздеріңіз шығармасын жоғаБұл көрнекті тұлға балала- таза, Сейдахмет Бердіқұлов, ры бағалайтын Қазақстан рының білімі мен тәрбиесіне көрнекті ақындар Тұманбай Республикасының еңбек Молдағалиев, Сағи Жиенбай айрықша назар аударды. сіңірген мәдениет қызметжәне басқалар болды. Өйткені, ақша мен дүние кері Қалибек Деріпсалдин. Жоғарыда анам Сафура қолдың кірі деп есептеді. Ал жастай алған тиянақты білім Ақтөбенің қызы екенін айттым. Ол Қазақстанның сенің ғұмыр бойғы асыл ӘКЕМДІ ЕРЕКШЕ еңбек сіңірген мұғалімі. қазынаң емес пе. АРДАҚ ТҰТТЫМ Ұлтымыздың бетке тұтар Сондықтан да әке-шеақыны Ғафу Қайырбеков оны шемнің бізге жасаған игі -Сіз асылдық тұяғысыз. қарындасым десе, Алаштың Ардақты әкеңіз Балғабек Қы- істері ешқашан да ұмыардақты перзенті Міржақып дырбек сөз өнерінің зергері, тылмайды. Перзенттері де олардың сенімін ақтады. Тек Дулатовтың бауыры Гүлнәр қазақ журналистикасының көшбасыларының бірі еді. Ол сіңілім Шахинұрдың ғұмыры Дулатова сіңілім деп еркелететін. қысқа болып, дүниеден ерте ұзақ уақыт республикалық -Ағамыз шығармаларын өтті. «Социалистік Қазақстан» қай кезде жазатын. АртынТұңғыштары мен өнер (қазір «Егемен Қазақстан») да қалған өшпес мұралары жолын таңдадым. Алғатбек, газеті бас редакторының Алматбек және Дулатбек ғы- хақында да білгеніміз де орынбасары болды. Өзім лым докторлары. Бұл күндері артық болмас. де студент кезімде ол кісіні -Республикалық газеттің олар есімдерін ел таныған көрдім. бас редакторының орынбағалымдар. -Дұрыс айтасыз. Өзімді сары болғандықтан оның -Балғабек ағаның қандай осындай қазақ елінің мақтакүндіз негізгі қызметінен өнегелі қасиеттері есіңізде нышына айналған қаламқолы тие бермейтін. Сонқалды? Жалпы қандай әке гердің перзенті болғаныма дықтан туындыларын мақтан етемін. Газет жұмысы болды? түнде жазды. Жексінбі күні -Ол тәртіпке ереше көңіл айтуға жеңіл болғанымен, демалыс болғандықтан оның өте жауапты. Әкеміздің арқа- бөлетін. Оның сатиралық тиімді пайдалануға тырысасында оқырманға оның жаңа туындылары өткірлігімен

тын. Жалпы, оның рухани мұрасы ретінде он томнан астам шығармасы қалды. Мұның сыртында газетке жазған мақалалары қаншама. Біз әкеміздің туындыларына ерекше құрметпен қараймыз. Аяулы анамыз бұл күндері 84 жаста, бес немересінің қызығы мен қуанышын көріп отыр. Халқымыз әкеміздің еңбегін лайықты бағалады. Ол дүниеден өткенше Алматыдағы Төлебаев көшесінде тұрды. Осы үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Сондай-ақ оның есімі осы шаһардағы бір көшеге берілді. Сондай-ақ өзі туып өскен Алматы облысы Жамбыл ауданында Балғабек Қыдырбекұлы атындағы кент бар. -Осы кезге дейін қанша шығарма жаздыңыз? Өзіңіз көрнекті композитор ғана емес, аяулы ана, ұлтымыздың бетке ұстар қызысыз, айрандай ұйыған отбасыңыз жайлы да тілге тиек етсеңіз? -Композиторлар шығармашылық адамы болған соң әрдайым тың ізденіс үстінде жүреді. Қызметім де жауапты. Қаншама өсіп келе жатқан жастарды қолдап, қамқорлық жасаймыз. Қазірге дейін 500-ден аса туындым жазылды. Оған бағаны беретін, әрине, тыңдарман қауым. Ана ретінде қос перзентіме жастайынан тәлімді тәрбие беруге тырыстым. Олардың тәуелсіз еліміздің тірегі боларлықтай мамандар болғанын қаладым. Ұлым Дәрменияр Алматы облысы Талғар ауданы әкімінің орынбасары. Экономика ғылымдарының докторы. Келінім Дариға да үлкен мен кішінің қадірін білетін парасатты жан. Қызым Ферзана Алматыдағы «Халық банкісінде» қызмет атқарады. Келінім мен қызым «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыды. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш. Әңгімелескен Оразалы ЖАҚСАНОВ

Қазақтың салт-дәстүрлері

Ұлттық құндылықтарымыз Оны қастерлеу әрбір азаматтың парызы «АБЫСЫН АСЫ» «Абысын тату болса ас көп» (мақал). Бұрын бір ауылдың әйелдері, яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасына жүгіреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкенкішісі аттанып кетеді де, ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне, осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып, бірлесіп дастархан жаяды, ән салып,

көңіл көтереді, сырласады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм «абысын асы» деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болып табылады. Ауыл жастарының осылай бас қосуы бастаңғы деп аталады.

АҒАЙЫН ТАТУЛЫҒЫ Туыстық жақындықты білдіретін ұғым; рулас, аталас, бауырлас адамдар. Ежелгі дәстүр бойынша ағайынның жұмған жұдырықтай тату болуы, қуаныш пен қайғыны бір кісідей бөлісуі қатаң

ескеріліп отырған. Қонысы мен өрісі, тыныс-тілшілігі бір ағайын ішіндегі сыйлы қариялар әр істің басы-қасында болған, жөнін айтқан. Өмірде жаңылыс басқан ұлына немесе қызына айтылған «ағайынға қай бетіммен қараймын» деген сөз жан күйзелісінің аса бір ауыр сәтінде айтылған.

АЗА «Және азаға салғаным деп Зере мен Ұлжан бір түйе апаратын болды» (М.Әуезов). Қазақтың жөнжосығы бойынша қайтыс болған кісінің ағайындары,

құдалары мен іліктері (жекжаттары) «азаға әкелгенім» деп мал (жылқы, түйе, қой) береді. Қазаға жиналған жұртқа мал сойып, қонақасы беруге шамасы келмейтін отбасылар да болады. Қаралы үйді ағайын туыстары осылайша демеп, жағдай жасаған.

АЙБАНА Ел ішінде тентектігі, бұзақылығы, орынсыз әрекеттері, біреуге зәбір бергені, ұрған-соққаны үшін билер соты жаза қолданады. Ал негізгі тіршілігі мен кәсіби малға байланысты болғандықтан

мал ұрлығы үшін оған ауыр жаза белгіленеді. Оны халық «айбана» дейді. Айбана тәртібі бойынша мал ұрлаған адам қолға түсіп анықталғанда ол бір бас мал үшін, мысалы, бір жылқы үшін алдымен жанына қосақ, артына тіркеу деп тағы екі бас жылқы қосылады. Сонымен үш бас мал болып есептеледі. Бұдан кейін Құдайдан қорықпай, адамнан ұялмай біреудің ақадал малын алғаны және жөнсіз іс-әрекеті үшін әлгі үш мал тоғыз еселенеді.Сонда ұры 27 бас мал төлеуге міндетті. Бұдан оның бас тартуға құқы жоқ. Қашып

та, құтыла да алмайды. Өйткені «айбана» тәртібі басқа айыптардан ауыр және ол сөзсіз орындалатын дала заңының қатал түріне жатады.

АЙДАР Баланың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Мұны – «айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған.Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге кекіл, тұлым да қою негізінде көз тимесін деген сенімнің жатуы ықтимал.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.