Қылмыс романы - екінші кітап

Page 1

Қажықұмар Шабданұлы

ҚЫЛМЫС Кҿп томды роман

Екінші кітап

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы

МАЗМҰНЫ

Бірінші бҿлім. Ала бүлік.................................... Екінші бҿлім. Ақыл............................................. Үшінші бҿлім. Күрес.......................................... Тҿртінші бҿлім. Ашылған құпия........................


БІРІНШІ БҾЛІМ АЛА БҮЛІК І Құдыретті тергеушім, ҿтірік қоссам тас тҿбемнен ұрыңыз! Алғашқы маусымдық, жарым жылдық сынаулар алынып ҿткен кезде, ҽсіресе гоминдандық мұғалімдер келіп, ҿтірік күлкіге жари бастаған кезімізде ҿз арамыздағы алалық та асқындай түсті. Ҽр жерден келген сабақтастар білім, сауат, сана жағынан недҽуір парықты еді. Бҽсекелестік, күншілдік қоздырған бұл жҽйтті Гоминдандық тҽрбиешілеріміз немқұрайды күлкісімен ҽдейі шектеусіз, тізгінсіз қоя берді. Қуантатын сҿздері біреу ғана – «Жұңхуа Минго1 үкіметі жастарды, ҽсіресе оқушыларды Шың Шысай үкіметінше түрмелемейді», «бізде Санминжуий бар, Шың Шысай қамаған адамдардың барлығын азат етеді!» – дейтін жарылқау сҿздер айтылып жатты. Жаңа жылда келген қасқа бас сұр мүдірі (директоры) осыны айта жүре жергілікті қарт ұстаздарымыздың түрмеден қалғандарын ауыстырып, айдап болған. Бұрынғы мүдір Дҽй Рынбу Шың Шысайдың соңғы торына түсіп кеткен де Сҽду қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымына ауысқан. «Ұлттық мұғалімдер» етіп тек жас тілмаштарды ғана қалдырды. Ҿздері езу кҿбіктерін бұрқырата сҿйлеп-сҿйлеп алады да, түсіндір дегендей, сол «атқосшыларына» иек қаға салады. Сҿйтіп математика сабағын ҿтетін Казен атты жас мүғалімнен басқа, мұғалім аты бар «тек жүр» дерлік ұстаз қалмаған. Оның ҿзі де жұттан қалған жалғыз тоқтыдай жуас, биязы жігіт болды. Кластағы ҿзара түсінбестік, ала кҿз бҽсеке, рушылдық, жершілдік үлкен жікке айнала бастады. Басым сан алтайлық бен тарғабағатайлық болғандықтан сабақтастар осы екі топқа қақ жарыла бҿлінген сыңай бар еді. Осы ала кҿздікті бір күні ақыраңдаған ҿштікке айналдырған тағы да мен болып шықтым. Сынып бойынша апталық «тұрмыс тексеру» жиыны ашылып жатқан еді, екі-үш сабақтас бағаланып болған соң менің атым атала қалды. – Биғабыл сабақ уақытында басқа кітап оқиды,– деп салды Ынтықбай атты сабақтас. Кҿпшілік тына қалды. Ешқандай топқа да шықпай, «шақсыз, жақсыз етістік» күйінде жүргендігімнен, сынау нҽтижемнің одан жоғары болуынан басқа жазығым жоқ шығар» деп бейғам отырғанмын. – Ҿзі ешкімді кҿзге ілмейтін такаппар! – деп қосты оның жерлесі Салық. Қоңырша қызыл жүзі шиқандай талаурап, дҿңестеу тоқ мұрны «жанжал қайда?» дегендей едірейе түсіпті. Менің жерлестерімнен Ҿмірбек пен Бексапа атымды шулатпай тез тындырғысы келгендей болды. – Мұғалім кірмеген сабақта бҽріміз де ерікті оқимыз ғой, сабағын толық игерген соң неміз бар онда? 1

Жұңхуа Минго – Қытай халық мемлекеті. Гоминдан үкіметі осылай аталған


– Такаппарлығы емес, ҿз мінезі осылай оның, кҿп сҿйлемейді! Бұл жауаптарға Ынтықбайдың шүңіректеу ҿжет кҿзі тұна түсті. Тапжылдырмайтын салмақ тапқандай күжірейіп, кең маңдайлы, жуан басын сүзеген бұқаша тұқыртып алды. Мұндай райға келгенде сҿзі тым ұтқыр шығушы еді. – Ҿз сабағын оқымай, ыңғай Совет кітаптарын оқыса да шатағымыз болмай ма?!– деп жіберді. Қыл мойнымызға тұзақ түскендей, бҽрімізді де шошытты бұл сҿз. Кҿзім жарқ ете түсті. Жаңа келген Жаң фамилиялы тҽртіп меңгерушісі отыр еді, соған бір қарап қойдым. Оралқан банжаң1 мұны қытайшаға аударып жеткізбей, сҿз тыңдағансып отыра берді. Ынтықбай мен Салық тағы соқтықты: – Ылғи Совет кітабын жияды! – Ұрлап сатып ҽкеледі, соны қайдан алатынын айтсын? Қуат оларға бүкіл бет-аузымен күле қарап, күбірлей қайырды жауабын: – Шырақтарым, ҿздерің Биғабылдан қалыспай-ақ сатып алып отырсыңдар ғой, бас жаққа барыспасақ болар! Бҽрімізді бір-ақ шарпып, бар қазынамыздан түгел айрылмалық! Ҽр партадан тағы да сондай күбірлер туылған соң, Ынтықбай ҿз сҿзін басқа тақырыпқа бұра, орнынан тұра тұқырды. Мықтап сүзер нақ фактысын енді қоймақ сияқты. Тҽртіп меңгеруші оқушыларының ҿзара ҿштік шырайларына сүйіне ыржиды. Гоминдан тҽрбиешілері келе салысымен-ақ бізге жаңа бір рҽсім дҽстүрін үйретіп еді: ұзын-ұзын үш-тҿрт сырғауылды жалғап, дене тҽрбие алаңына зҽулім биік бағана орнатқан. Сол бағананың ұшар басындағы шығыршыққа ҿткізілген кендір арқанның екі ұшын екі оқушыға ұстатып, ҽр күні құзғын сҽріде гоминдан туын ілдіреді. Бұл мезетте оқытушы, оқушы біткен барлық тағат-ғибадатымен намазда тұрғандай сап түзеп, шұбалшаңдай созылған «Санминжуий» ҿлеңін озандатамыз. Бірте-бірте кҿтерілетін ту сол ҿлең айтылып болғанша бағана басына шығып болуға тиісті. Ол туды күн бата түсіргенде де осы ғибадат дҽстүрі орындалушы еді. Алдыңғы күні кешке жақын сырғауылға қаққан ҽлде бір шегеге ілініп қалған ту ҿлеңіміз айтылып болғанша түспей, екінші рет қайталап айттық. Бұл жолғы «дұғамызға» да түспейтін пиғылы кҿрінген соң, мектептің бар оқушысы ду етіп бір-ақ күлген. Бұл бұзақылығымызға алдымыздағы қасқа бас меңгерушісі ақырып қалып еді. Ынтықбай «тұрмыс тексеру» жиынында осы зор қылмысты жалғыз маған арта қойды. – Биғабілді жаңа үкіметімізге – Гоминданға қарсы десем артық болмайтынын дҽлелдейін: бірінші, біз ту шығарып, ту түсіргенде, Биғабілдің мазақтап күлмейтін күні жоқ. Алдыңғы күні ту шегеге ілініп қалғанда, алдымен масқаралап күлген осы Биғабіл! Ҽр партадан наразы дабырлар шықты: – По....! 1

Банжаң – қытайша клас бастығы, ҽскери түзімде он ҽскердің бастығы


– Алдымен күлген ҿзің едің ғой?! – Бҽсе, сүзіп ҿлтірші, бҽлемді! – Тоқтаңдар, пікір айтқызбайсыңдар ма? – деп Салық шақ ете түсті. Айтылған сҿздерді Оралқанға аудартып, сұрлана тыңдап отырған меңгеруші үстелді ұрып, дабырды тоқтатты да, кҿзілдірігін алып Ынтықбайға күле қарады. Сұр костюмының жеңін түріп, ақ қолғапты саусағын шошаң еткізді сонан соң. Мұнысы – сҿйлей бер дегені еді. – Екінші, бізге жаңа келген маман ұстаздардың сабағын тыңдамай, қайдағы бір программада жоқ кітаптарды оқып отырады. Үшінші, кейбір үлкен жиындар ашылғанда, тосыннан жоғалып кетеді. Қайда жүреді сонда?.. Мҽселен, ҿткен жексенбіде ашылған үлкен алаңдағы зор жиын уақытында Ҽлмен екеуінің кҿшеде жүргенін кҿргендер бар, артынан Ҽлменнің қашып кеткенін естідік. Қасындағы Ҽлмен қайда кетті? Осы пікірлерге ҿзі жауап берсін! Биғабіл деген мен екенімді Оралқаннан сұрап алғандай болған меңгеруші маған да ыржия күліп қарады. Сұқ саусағын маған да шошаң еткізді. Бірақ, кҿзілдірігін алмай шошаңдатты. Күлсе де ақ сұр жүзінде ызғар барын байқай түрегелдім: – Жауап берейін бе?.. Бірінші пікіріне жауап: кҿпшіліктің бҽріне аян, ту шегеге ілініп қалғанда күлкі алдымен ханзу1 сабақтастар жақтан шыққан. Қазақ кластарында алдымен қарқылдап күлген Ынтықбайдың ҿзі. Мен жымиып қана тұрғанмын. Екінші пікіріне жауап: жаңа мұғалімдердің сабағы маған ҿте түсінікті. Нанбасаңыздар осы екеумізден сынау алып кҿріңіздер де игермегенімізді ит екенсің деңіздер! Ҿзіме қиын сезілетін сабақты іздестіруім қателік емес! Үшінші пікіріне жауап: мен зор жиындардың ҿткен жексенбідегі біреуіне ғана қатынаса алмай, ауырып дҽрігерге барғанмын. Алған дҽрім міне, қағазы мынау,– деп бұлаңдата кҿрсеттім (Ҽлмен кеткен күні түстен кейін, мектепке жақын ауруханадан тымау тиді деп алған дҽрімді де, оның счетын да сақтық үшін сақтап жүргенмін). – Ҽлменді кҿргенім жоқ! – Кҿшеде бірге жүр едіңдер ғой!– деп Ынтықбай тағы да сүзе қарады. – Оны сен қай жерден кҿрдің?– деп мен ҿзін сүзе қарадым. – Ырдашаузыда2 жүр едіңдер ғой! – Онда сен қайда тұр едің? Бексапаның кҿк кҿзі тҿне түсті Ынтықбайға. – Бұл кісі сонау Дашызының3 сыртындағы алаңда зор жиынға қатынасып тұрып, мына Ырдашаузыдағы қашқындарды кҿріп қалған болды ғой! – Осы бұқаның ҿзі қашып, Ырдашаузыда қалған ғой тегі,– деп Ҿмірбек мырсмырс күлді. Жымиғанда Қуаттың езуі құлағына шапты: – Тергелуші Биғабілдің ауруханадан алған документтері бар екен, шырақтар, ал енді, тергеуші мықтының зор жиыннан ҿзі қашпағанын дҽлелдейтін документін, Ҽлмен қашқынға ҿзінің кезікпегенін дҽлелдейтін документін кҿрелік! 1

Ханзу – хан ұлты. Қытай халқы ҿздерін ханзу деп атайды Ырдашаузы – ырдаучяузы – Үрімжідегі кҿше аты 3 Дашызы – Үрімжідегі орталық кҿше түйілісі 2


Кҿпшілік наразы үнмен дуылдай жҿнелді. Мҽз-майрам ыржиып күлген бойы қол ишарасымен бҽсеңдетіп меңгеруші отыр. Біріне бірі қарсы дуылды жара Салықтың дауысы шаңқылдады енді. Қуат пен Ҿмірбекке қарсы атылған оқтай от алып, шиқандай қызарды. – Сендер Биғабілға қойылған мҽселені Ынтықбайдың ҿзіне артпаңдар, мақұл ма?! – Ҿзінен ҿзі артылып отырмай ма?!– деп зор дауысты Оралқан банжаң зірк ете түсті. – Сен неге шыжық болып күйе қалдың? Айғай шыққанда танауының екі бүйірі екі тостағандай теңкейе қалатын, томпақ бет жуан Шақан шҽугімдей жұдырығымен партаны періп жіберді. – Қайтып артпақсың, қане?! – Алдыңғы күні ту түсіргенде біздің кластан алдымен күлген Ынтықбайдың ҿзі еді ғой, Биғабілға бұл артқаны ҿзіне артылмай ма?! Ынтықбайдың зор жиыннан ҿзі қашқаны рас болмаса, Ырдашаузыдан Ҽлменді кҿре ме, бұл ҿзіне артылмай ма?!... Қуат пен Ҿмірбектің пікірі дұрыс. Сендер килікпей отырыңдар! Оралқан осы сҿздерді тҽртіп меңгерушісіне аударып, түсіндіре берді. – Сендер пікір айтушының ҿзіне жабысып киліккенде, біз адам емеспіз бе, араласатын ақымыз жоқ па?!– деп Салық шаңқылдағанда, Ынтықбай отыра кетті. – Ендеше, пікір айтпай-ақ қойдық, сҿйлейтін жерде сҿйлерміз! Ынтықбайдың басқа да жерлестері шабуылға бірге шықты, оның дал болған пікірлерін ұсақ-түйек жамаулармен жамап, жұлмалады. Мен отырмай, түрегеп тұра бердім. – Биғабілда оқушылық мінез жоқ. Қыз-келіншектерге қылжақтап жүреді. – Қашқан Ҽлмен мұнымен ыңғай жасырын сҿйлесетін. – Сонда не сҿйлесіп жүрді, айтсын қазір, Ҽлменді шығарып салғаны рас! – Осы монтаныны қорғаштайтындардың барлығы бір орманның қасқыры! Ыңғай оңаша сыбырласып жүреді. Қалай да жасырын сыр бар!... Ынтықбайдың жерлестері арасында менімен сырласып, тым жақын жүретін бірнешеуі бар еді. Үнсіз отырған соның біріне – Қабен деген сұңғақ бойлы, ақсары сабақтасыма қарай бердім. «Мыналарыңды бердеме айтып, тоқтатсаңшы!» деген раймен қарадым. Ол маған бір қарап, шарасы кең ойлы кҿзін бір тҿңкерді де, иегін кҿтеріп қалды. «Ештеңе етпейді» дегені сияқты. Ақылы мол жігіт екені осы кҿздерінен байқалып тұратын. Іле-шала тамағын кенеп қойып, сҿзге кірісті. – Сабақтастар, анық дҽлел-ыспаты болмаған пікірлерді қоя тұралық. «Үй ҿзімдікі деме, үй артында кісі бар» деген. Біздің ҿз арамызда жеке келіспестіктер барын, ағайын ара бас араздықтар барын қайдан білсін... Бұралқы, қоспа сҿздерді тастап, ҽңгімені насырға шаптырмай, фактыны, шынын ғана айталық. – Қабен, сен былжырамай отыр, кісім! – деп дүңк ете түсті Шақан. – Осы айтылып жатқан пікірлер дҽлелсіз бе?


– Биғабілдің қыз қуып жүргені ҿтірік пе?... ҽуелдесең, Нүй шуеюанның1 бір қызы аузына ұрып та кетті мұның! – Ҽлмен мен мұның сырластығы дҽлелсіз бе? – Бұлардың ымы-жымы бір екенін кҿрмей жүрмісің?... Біреуі «банды» десе, біреуі «қарақшы» дейді бізді!... Мына Биғабіл, жарым жылдық сынауда Ынтықбайды «бұқа мінездес» деп шатып, мінездемеден түсіріп жібергенін кҿрмеп пе едің?! Бұл сҿзге қызай сабақтастың бірі – Серҽлі сап ете түсті, «банды», «қарақшы» деп жүретін сол еді. – Е, «Найман асырағанша, жылан асыра» деп бҽрімізді бір-ақ иянаттап жүрсеңдер, біз оны айтпайтын тоқал қатыннан туып па едік?! – Қызай тоқал қатын емей, бҽйбіше ме еді?!– деп Шақан дҿйдала кҿсіп жіберді. Қызай ананы қыжыртқанына Серҽлі қыза түсті. – Ей, батбиған балшық бас!.. қысып отыр! «Балшық бас» аталуға Шақан кҿне ме, орнынан атып тұрды: – Қыспағанда қайтесің, қызыл сиыр? – Сен қайтпексің? Серҽлінің жерлестері дүрсе қоя берді: – Құйдай ҿтірік пҽлені сапырып, бҽсе, сендер қайтпексіңдер осы?! – Кеуделеріңде ненің буы бар сен ҿлгеніңді с...дердің?! Тұс-тұстан адуындаған айғайға ыржыңдай түскен тҽртіп меңгерушісі орнынан тұра, екі қолын бірдей ербеңдетті. Менен басқа сабақтастардың бҽрін отырғызды. – Отырыңдар, отырыңдар!... Бір-бірден тұрып сҿйлеңдер!... Пікір деген ҽрқашан бір жерден шықпайды, бұл жақсы! Бірақ, бір-бірден анықтап, ұқтырып сҿйлеңдер,– деді ол. Меңгерушінің сҿзін Оралқан шертие тұрып, қатқыл үнмен аударды. Ҿзі де асау ызаға мініп алған тҽрізді. Парталас отырған Ҿмірбек маған күле қарады: – «Отырған адамды ит қаппайды» дейтінің қайда, ей, сенің, түрегеп тұрып талатып болдың ғой, отыра қалсаңшы! – Ей, май басқан шошқа кҿз, кімді ит деп отырсың?!– деп Салық Ҿмірбекке шаңқ ете түсті. – Қара шашыңды майлап алған соң адаммын деп жүрмісің, нағыз ит сенсің! – Мен ит болсам да тісім бар деп ұяласын талай бермейтін есті ит болармын,– деп Ҿмірбек ашуланғандағы дағдысынша, талпақтау мұрнының етегін делдите күлімсіреді. – Сенше шҽуілдемей, балпиып отырғанымды кҿрмеймісің?!... Банжаң, меңгерушіге Биғабілдің «отырған адамды ит қаппайды» дейтін сҿзін аударып берші, ҿзі тып-тыныш жүретін момын сабақтас еді, отырсын! Оралқан аударып отырғанда, Қабен ҿз жерлестеріне үлкен кҿзін тҿңкере қарап сҿйлеп қалды: – «Ауыл иті ала болса бҿрінің бағы», бҽрің де иттік қылып отырсыңдар!

1

Нүй шуеюан – қыздар институты


Қабен басқа жерден келген болса, Салық пен Шақан оның меңгерушіні «Бҿріге» теңеп отырғанын ҽшкерелеп, қарнын бір-ақ жарар еді. Ҿз жерлесі, ҿз туысы болғаны үшін оның сҿзін елеусіз қалдырып, Ҿмірбектің сҿзін азулай берді. Ынтықбай Ҿмірбекке сүзе қарап, орнынан тағы да атып тұрды. – Оралқан, сен Ҿмірбектің бар сҿзін жеткіз меңгерушіге, пікір айтқан адамның бҽрін итке айналдырып отыр!... Бұлардың жамандықтарын ҽшкерелегеніміз үшін бҽріміз ит болдық па енді?! – Солай,– деп қалды «қызыл сиыр» аталған Серҽлі. – Мҽселенің ҿтірікшынына қарамай, бірің тұрғанда, бҽрің ҿре тұрсаңдар не демекпіз? Ынтықбайдың он екі жерлесінің бірнешеуі орындарынан атып-атып тұрысты: – Біз бҽріміз итпіз бе, меңгеруші?! – Ит аталып оқи алмаймыз! – Пікір айтқызбай шҽуілдегендер ит болмай, ҿз пікірін ашық айтқандар ит аталса, мұндай мектепте оқи алмаймыз!... Ҿмірбек те түрегелді орнынан: – Үй, менің ҿзімді шошқа, ит деп тілдеген соң, ит болсам да жуастау итпін деп мойындадым ғой!... Талақтарың неғып тарс айрыла қалды?! – Сендермен бірге оқыған мен де итпін ендеше! – деп Боғда баурайынан келген Тілеуқан қу да атып тұрды орнынан, құмалақтай домалақ мұрны делдейе қалыпты. Оралқанның аудармасын кҿпшілікке күле қарап отырып тыңдаған меңгеруші маған келгенде сыздана кідірді. Орнынан тұрып, менен басқасын қол ишарасымен тағы да отырғызды. – Мұнан соң бір-бірден қол кҿтеріп, рұқсатпен сҿйлеңдер! – деді де, түрегеп тұрған маған қайта бағдарлай қарап, сұрау қойды. Оралқан да орнынан тұрып аударды. – Сен қай жерліксің? – Тарбағатайдың Дҿрбілжін ауданынанмын. – Ҽлмен қай жердікі еді? – Білмеймін! – Сауандық,– деп Салық кірісті. – Ол да тарбағатайлық. – А – һа... ол да тарбағатайлық па еді? – деп қалған меңгерушінің кҿзі кҿзілдірік астынан жарқ ете түсті. Сұр жүзі ақшуландана қалғанынан қанын ішіне тарта қойғаны байқалса да күлімсірей сұрау тастады. – Ҿз жерлесіңді қалай білмей қалдың?! – Сұрамаппын. Ешкімнің де қай жердікі, қай рудікі екенін сұрамағанмын. – Анау қай ұлт?– деп меңгеруші Ынтықбайды нұсқады. – Қазақ. – Сен қай ұлтсың? – Қазақпын. – Оның ҽлгінде айтқандары рас па? – Ҿтірік, бағана жауап бердім ғой, құйдай ҿтірік! – Қазаққа қазақ жала жаба ма? – Ҿшіксе жарып та тастайды!... Ҿшіккенде ханзуды ханзу аяушы ма еді?... Жарым жылдық сынау қортындысында мен Ынтықбайдың мінезіне пікір


айтқанмын. Мінезін сүзеген бұқаға теңеп қойып едім, Ынтықбай соныма ҿшігіп қалыпты. Мұндай жалған пікірлерді сол кегін алу үшін ғана айтып отыр. Меңгерушінің кҿзі жыртиып, езуі сол жағына қисая түсті. – Қайсысы ҿтірік?– деп ашты үнді Салық шаңқ ете түсті. – Факт ҽлі кҿп! Бірбірден тізіп қойып береміз мойныңа! Шақан партасын ұрғылады. – Ҽлменді қашырғаныңнан есіктің кҿзіне шаптырғаныңа дейінгінің бҽрін мойындатамыз, кҿресің ҽлі! – Онан да «аузыма жіберіп қойды» десеңші!– деп қалды Серҽлі. Меңгеруші маған қарап жыртия түсті. Сойдиған аппақ қасқа тісі ақсия кҿрінді. – Мына кҿп қазақ та жала жауып тұр ма саған? – Бұлар жерлестігімен Ынтықбайдың сойылын соғушылар ғана. Мені жақтаушылар түгел қол кҿтеріп, шу ете түсті. – Мен түсіндірейін меңгерушіге! – Мен сҿйлейін, мен! – Анығын мен білемін, мен! – Ха-ха-ха...,– деп рақаттана күліп алған меңгеруші маған тосын алара қарады. – Мына қазақтарыңның бҽрі жала жаба ма саған?... Сенде мҽселе кҿп!– деп тастады да, кҿпшілікке ыржия күлімсірей, сҿзге кірісе берді. – Жоқ, жоқ, бұлар жала жабушылар емес! – деп қолын ентелей кҿтерген Бексапаға қараған да жоқ, ҿз сҿзіне ҿзі мҽз болып, ақпа жорғадай, ақ кҿбік атып, танаулатып барады. – ...Бұл кластағылардың рухы ҿте жақсы екен! Бұзақы адамдарды жасырмай ҽшкерелейтін ашық кҿңілді, ақ ниетті сабақтастар кҿп кҿрінеді!... Мына рухтарыңмен бүкіл мектепке үлгі болатындықтарыңа сенемін!... Ал «жік», «жікшілдік», «рушылдық» деген сҿз дұрыс емес, ол жоқ мҽселе! Біз оны мҽселе деп танымаймыз. Бұл – кейбір бұзақы адамдардың ҿз қылмысын жасыру үшін айтатын сылтауы. Одан қорықпаңдар!... Кісінің бұзақылық істегісі келгенде, бір қолы бір қолын ұстай алса, мҽселе туыла ма? Бұл істерің ҿте жақсы! Шынайы Санминжуиишыл, нағыз отан қайраткерлері сендердің кластан кҿп шығатынына сенемін! – деп кҿбіктеніп алған езуін ақ қолғапты қолының сыртымен сүйкей сала ыржаңдап, Ынтықбайға қарады. – Сенің атың – Ҽн... Тыкі... Бҽй... А... сен жақсы! Сендер пікірлеріңді айта бер, не болса соның бҽрін айтыңдар!... А... бҽрің жақсы, бҽрің де жасырмай айтыңдар!.. Бірақ, рұқсат алып, тҽртіппен, бір-бірден, түрегеліп, ресми сҿйлеңдер, міне сонда жақсы!... Мына банжаңдарың бҽрін жазып маған тапсырып берсін!... Жиын тҽртібін кім бұзса жазаланады, ҽ, қатты жазаланады! Тҽртіп меңгерушісі осыны айтып, ақ сұр шұға костюмінің түрілген жеңін түсіріп шыға берді. Майлап таралған қою қара шашын артына сілке тастап жҿнелгенде, Бексапаның шегір кҿзі жайнап, сары жүзі нарттай жанды.


– Бұл кісіден табар ҽділетіміз осы болғаны ғой! – деп күрсінді. – Жікшілдік, рушылдық деген мҽселе емес, біріңді бірің мұжып жей бер, ең жақсы іс осы деді-ау! Тҽртіп меңгерушісі ҿсиеттеген бұл тҽлімнің мҽнін сабақтастарға түсіндіре түсу үшін Ҿмірбек томсарып, баяу ғана қосымша айтты: – Бұл кісінің ағайынара жікті, алауыздықты тҽуір кҿретінін біз боқ мұрын қайдан түсінейік. Мҽселенің расын айтуға қол кҿтергендерді де мұжушылар деп түйсініп, қуанышы қойнына симай кетті ҿзінің. – Ал батырлар, мен жҿніндегі пікірлеріңді айта беріңдер, ҿзім де жазып алайын! – деп отыра қалдым. – Сабақтастар, – деді Қуат күлімсіреген жұмсақ шырайға келіп, ұзын жақты жуан басын сипай түсті, баспен ойлаңдар дегені еді. – Бірімізді біріміз қисықтан түзеу үшін қойылатын пікірдің бҽрі дұрыс. Қирату үшін ғана қойылса, жаппай қиратыса беруден басқа нҽтиже шықпайды. «Еккенің тікен болса, орарың балауса болмас» деген осы. Жайлаудың тұнық суын ішкен бауырлар тұнық-шыншыл пікір айтысалық! Қабен барлық сабақтастарына тегіс қарап сҿйледі: – Бауырластар, біздің бҽрімізді жайлаудың тұнық суын ішіп ҿскен деп түсіне бермеңіздер, рушыл жіктің уын ішіп ҿскеніміз де бар. Несін жасырайық, сендермен айтысқанда жерлестігімізбен бірігіп отырғанымыз болмаса, ҿзара тебісіп, жарғыласып ҿскенбіз. Алтайдың тұнық суына ылайық адамдары осылар сияқты екен деп ойлап қалмаңдар, ыңғай тағы аңдары ғана келіппіз! – Тарт, тіліңді!– деп Шақан ақырып жіберіп еді, Қабенге сүзе қарап, сыздана тыңдап отырған Ынтықбай оған тоса тұр дегендей басын шайқап қалды. Қабен жалғастыра түсті сҿзін: – Біздің класта жікшілдік ауруынан ең аманы осы Биғабіл еді ғой, бүгін осының миына қаншалық микроб құйдық?!... Біраз ҽділдік ойласақ болмай ма, сынағандағы қаттырақ тиген сҿзін оның ҽділдігі жуып кетпеп пе еді?! Жақсы оқып жүргендігі үшін ғана жала жабу, етегінен тартып, аяғын тұсау – кімнің ісі? Ынтықбай ырғала түсіп, тұқыра түйілді Қабенге: – Кісім, етектен тарту қай жақ бастаған іс? – Тым ҿтірік пікір айтылмаса, етектен тарту деп аталмас еді! Күбірлі бҽсең үнмен Қабеннің ҿзін тергей жҿнелді Ынтықбай. – Кісім, кімнің ісін ақтап, кімді жағаттап отырсың, сен?! Кетісер жеріміз осы болсын ба?! – Егер жазықсыз жанға құйдай пҽле жапсырмақ болсаң, кетісер жеріміз осы болса, болсын-ақ! – Ішшу, ей, кісім!– деп Салық Қабенге ҿне бойымен ұмтыла түсті де, сыбырлай жҿнелді. Бірақ күйгелек Салық сыбыр сҿзін бірнешеуімізге естіртіп алды. – Кісім, тыңдашы, «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» деп, енді ҿзара жарғылассақ, басқалар не демек бізді, досқа күлкі, дұшпанға таба болмаймыз ба! ... Мыналар жеп қоймай ма бізді! Ҿзара ынтымақты болайық! Қабен бұрынғы ҽуенмен саңқылдай жауап қайырды:


– «Жейді» деп адамның бҽрін жау санасақ, біз ҿзіміз не болғанымыз? Адамгершіліктен аулақ жатқан біздейлерді жеп жіберсе, сауапты іс болмай... ма! Шықтым мұндай жікшіл одақтарыңнан! – Қане, шық, солардың артын жала!– деп Шақан кіжінді. – Мұрныңды бет қып жіберейін бе, адамнан туған ит! Қабен оның сҿзін елемей, Ынтықбаймен аңдыса қарап отыр. Ынтықбайдың жерлестерінің кейі тілін шық еткізіп, кейі бастарын шайқасып, ҿзара қынжылысты, кейбіреуі Қабенді жазғыруда. – Япыр-ай, тҽп-тҽуір кісілігі бар кісіден де осындай қара қасқа туылыпты-ау! – Тиыннан басқа қуары жоқ, жемеңгер саудагердің қаншалық кісілігі бар еді, бір қу тірсек болатын ол да..... – Қалада ҿскен адамда қан бола ма?! – Бұрыннан осылай қыңыр тартатын қырсық неме болатын бұл!... – Кісім, атыңның басын бері бұрсаң қайтеді!– деп Ынтықбай тағы да күбірлей сүзілді. – Қай жаққа бұрылайын, адам жаққа ма, аң жаққа ма?! – Ішшу, ей, кісім,– деп Шақан шалқалай түсті. Жұдырығы тоқпақтай түйіле қалыпты. – Адам деп қай жақты айтып отырсың?! Анау сүзеген қызыл сиыр мен мынау шашты жыландарды айтып отырмысың?!... Дҽл ҽкеңнің аузын.... ендеше! – Қызыл сиыр деп Салығыңды айт ей, батпаққа аунаған доңыз! – «Жылан» деп тағы да бізді қауып отырсың-ау, иттің баласы, е! – Тегі шашы бар адамның бҽрін де жылан деп отыр,– деп жатып атар Ҿмірбек сілтеген жақты Бексапа тауып, Бопай қорқытқа басып қалды. – Онда, меңгерушіні де жылан қатарына қосқаның ғой?! Тілеуқан қу Ынтықбайдың сабақтастарының шаш қоймағандықтарын пайдалана қойды. – Жоқ, жыланда шаш болмайды. Ол мырзалардың бастары тап-тақыр болып жалтырап тұратын. – Сабақтастар, біз араласпай, ушықтырмай қоя тұралық,– деп Қуат күбірледі, – ҿзара сҿйлесіп, бір жҿнге келсін. Салық қарсы жақтың дҽлелдемесін ұстай алып, Қабенге тҿндіре қойды. – Ей, кісім, естідің бе, «Жылан мырзалардың шашы болмайтын» деп, сенің ҿзіңді де жыланға санап отырмай ма? Жағаттап отырғаның жарылқап болды! Қабен мұны да тыңдамады. Аңдысып отырған Ынтықбай оған, күрсініп алып, зілдене үн қатты. – Кісім, енді кетістік қой?... Ҿзің жауап беріп кҿр ендеше.... Осы сенің үкіметке қарсы адамды қорғаштап, ҽшкерелеушілерге ҿлердей ҿшігіп отырған себебің не? Гоминдан партиясын қорғау жақта екендігіңді кҿрсете ала ма осың? – Жоқ мҽселені бар етіп айт деп үкімет зорлай қоймас деп сенемін! – Кісім, ендеше кҿпшілік естіген, меңгерушіге аударылып жетпей қалған ҽлгі бір-екі мақалаңды талқылап кҿрейікші қане!... Мен Биғабілді ҽшкерелеп сҿйлегенімде «Үй ҿзімдікі деме, үй артында кісі бар» дедің ғой, бұл,


«меңгеруші отыр, ҽшкерелеме» деген сҿзің ғой!... Ал, «Ауыл иті ала болса, бҿрінің бағы» деген сҿзіңдегі «бҿрі» кім болмақ?... – Қабеннің мұндай мақал айтқанын естімедік!– деп сҿзді Серҽлі бастады да, менің жерлестерімнің бірнешеуі шу кҿтерді. – Жоқ сҿз! – Айтылмаған сҿз! – Тағы да жала жауып отыр!... – Жаңа ғана меңгерушінің алдында Қабен айтпап па еді,– деп, Салық ушыққан шиқандай талауырап, ышқына шаңқылдады. – Жалғаннан жаралғандар! Шақан орнынан атып тұрды. – Жаңа ғана бҽрің естіген сҿзді қалай ҿтірікке шығарасыңдар, ей, бет бар ма сендерде?! – Е, бар бетті Құдай Тағала үйіп-тҿгіп саған ғана берген ғой! – «Бет» деп балшықты жапсыра берген соң, кҿзіңнің, құлағыңның,... тіпті мұрныңның да қайда екенін таба алмай жүрмейміз бе?! Ду күлкі кҿпшілікті Ынтықбай сүзеген шүңірек кҿзімен түгел тінтіп, тесірейе түсті де, ҿз жақтастарына қарап сҿйледі: – Біздің рас дҽлелімізді жабылып ҿтірікке шығармақ қой!... Бұл класта кҿргенімізді айтудан қалыппыз, кісілерім! Бұл жерде бекер жаман ауыз болып сҿйлеудің керегі жоқ екен, кҿрген-білгенімізді тҽртіп бҿліміне тҿте айтармыз, қоя тұралық енді. – Сен кісім, маған да мүйізіңді кҿрсеттің ғой,– деп Қабен Ынтықбайға тағы да бұрыла қарап отырды. Шаралы қой кҿзі от алып, тұна түсті. – Қадасуға тура келсе, менің мүйізім сенің тұла бойыңнан ұзын екенін ескермей отырсың! – Ондай мықты болсаң, сүзе бермеймісің енді! – Сенің маған сҿйлегенің аз болды ма!... Бірақ, «Сыпыра батыр, бҽле шақыр, болдың ақыр тап-тақыр!» деген Абай сҿзі біздің басымызға аз түсіп пе еді! – Бҽсе, сол батырлық кімнен шығып отыр, бірге туып, бірге ҿскен, бір бұлақтан су ішкен туыстарыңды тап-тақыр етіп, жерге қаратпақ болып отырсың!... – Сабақтастар!– деп Оралқан қысқа шашты жуан басын қос қолымен қасыпқасып қойды да, балпылдай сҿйледі. – Жаңағы меңгерушінің тапсырмасына не жазайын енді?!... Тиянақты бір пікірге келейік! Сҿз Биғабілдің үстінде еді ғой, жаңа пікір бар ма, қане, сҿйлеңдерші! – Жоқ, енді бұл жерде сҿйлемедік!– деп Ынтықбай тұқыра түсті. Қара қоңыр, толық жүзі күреңітіп, ісініп алыпты. – Алдыңғы пікірлерімізді жаз ендеше,– деп Ынтықбайдың орнына Салық түрегелді. – Алдыңғы күні ту түсіру салтында мазақ күлкісін бастаған Биғабіл. – Ал, жаздым!... Кҿпшілік, рас па, Биғабілдің осы қылмысы? – Ҿтірік!... Ҿтірік! – деп кҿпшілігі ду ете түсті. – Біздің класта алдымен күлген Ынтықбайдың ҿзі.


– Е, солай ғой!... Кҿрерміз ҽлі!... Ҽлменді қашырып жіберген Биғабіл. Ол қашатын күні зор жиынға бармай, кҿшеге сонымен бірге шыққан! – Ал, жаздым, рас па кҿпшілік? – Ҿтірік!... Ҿтірік!... Оларды Ырдашаузыдан кҿрдік дегендер ол кезде үлкен алаңда бізбен бірге болған, кҿргендері ҿтірік! Салық Совет кітаптары туралы маған қоятын пікірді қозғай алмай, ойланып отырып қалды да Шақан түрегелді: – Биғабіл түнде ыңғай есіктің кҿзіне шаптырады. – Рас па, кҿпшілік? – Ҿтірік!... Ҿтірік!... Есігіміздің алды тап-таза!... Серҽлі күлімсірей түрегелді. – Есіктің кҿзі де, Биғабілдің ҿзі де тап-таза. Ал, ұйықтап жатқанда Шақанның аузына жіберіп қойса, жіберген-ақ шығар! Олай дейтінім: таңертең Шақанның аузынан су ағып жатады, жастығы шылқылдап қалады! Шақан партасынан шыға ұмтылды Серҽліге. – Тарт тіліңді, ҽкеңнің аузын.... Шақан ешкімге араша бермей кимелей барып Серҽліні шекеден қойып қалғанда, Серҽлі де мықындатып кеп жіберді. Кҿпшілік Шақанға қайта ұрғызбай итермелеп айырып ҽкеткенде Салық шақылдады. – Ей, үрпек бас, қызыл сиырға іретіп, Шақанның қолын неге ұстап аласың!... О, ҽкеңнің аузын!... – Жеті ҽкеңнің аузын... шиқан!... Тұмсығыңды жұлып аламын,... қыс! – Жетпіс жеті ҽкеңнің...! Қара құсыңды ұшырып жіберейін бе?!. – Ей, Шақан, ұшып келіп ұрған, жиын тҽртібін бұзған сен ғой, тексер ҿзіңді!– деп Тілеуқан зекіді. – Мҽ!... Мынау тексереді, қаншық түлкі!... Шақанның бұл жуандығына клас бойынша иу-қию айтыс, айғай, керіс кҿтеріліп кетті. Оның ҿзін тексеру-тексермеу жҿніндегі ережелі пікірлер ғана ең кішкене дерт таратқыштардан – микроптардан тартып шаян, тышқан, суыр, борсық, қасқыр, аюға дейінгі адамзатқа сүйкімі жоқ жануарлардың бҽрінің құлағы шулап жатты. Ең кҿп мазасызданғаны, ҽрине, шошқа мен ит бейшара болса керек, бұл тектілердің мегежін, торайлары мен қаншық, күшіктерінің де бір-бір сабақтасқа ат болып аталмағаны жоқ. Сҿз тыңдата алмай майлы басын тырналай берген Оралқан банжаң бір шақта ырсылдай түрегелді де: – Сабақтастар, түн ортасы болып қалыпты, таралық енді!– деп шығып жүре берді, айтысушылар да жатақханаға беттей тілдесті. Кҿшеде бізден басқа үрген ит те жоқ екен. Жазғытұрымның ызғарлы, сүркей сұр аспанындағы жұлдыздар ғана бізді мысқылға айналдырып, күліскендей жымыңдасады. Бұл кҿріністен Абайдың: «... Күлкілі қуыршақ сен болдың, Ҽлемнің тартып мазағын!...» – деген кейісі есіме түсе кетті. Осы ҿлеңдерін кейде кернеген ашумен қысылып, кейде жетесіне жеткен қорланумен жан терін шыпшыта жазып отырған ұлы Абай елестеді кҿз алдыма.... Бір жағымда келе жатқан Ҿмірбек:


– Ынтықбай нағыз қара бет екен,– деп күбірледі, – кҿпе-кҿрнеу жала жапқанда бетінен титтей де шімірігу сезімі білінбейді ҿзінің! – Феодал ақсақалдардың бас аламан рушылдығы бұған толық сіңген сияқты ғой!... Ҿз іштерінде де жік-жік кҿрінеді... Ҽлгі Оспан мол аталы сыңар езулерді қалай бірлестіріп жүр екен?! Бұл сұрауыма жауап шыға қоймады. – Рушылдық қой кҿбімізде бар, – деп сҿзге Қуат кірісті, – Серҽлілерде бұл жік бізден ҽлдеқайда күшті. Бірақ дҽл мынадай шҿгел қара жүрек аз кездесерақ! – Жоқ, бұл жігіт оншалық қара жүрек емес, білері бар азамат сияқты болатын. Кесел біздің қуларда да бар; сыртынан сыпайы кҿрінетін арам қалжыңмен арандатып, уыттандырып қойыпты. Ҿштестік ҿршігенде ҿлтірермен ниет тумай ма?!... Алды-артымызда жатақханаға қайтқан сабақтастарымыз топ-топ болып ҽлі де ырылдасқан боқтықпен, кіжінген айтыспен келе жаттты. Бір топтан: – Сазайын ҽлі-ақ тартқызармын! – деген суық серт естілсе; тағы бір топтың: Құлағын меңгерушіге жұлғызайық, біз үшін ең ұтымды ҽдіс осы! – деген қаулы жобасы сыбырмен пысып келеді. Күндегісін күнде жеткізіп, тілдерін қысқашпен суырту керек! – Кҿпшілік талқысына түсірмей, шпиондарға жемтік қып жіберсе бҽлемдерді! – деген асқан «даналық» тактикалар да сумаң етіп, құлаққа біздей шаншылады.... Құдіретті тергеушім, біздің сол уақыттағы алауыздығымызды енді естіп, араныңыз ашылып, тіліңіз жалаңдап кеткен шығар-ау. Сіздің сол кезде тергеуші болмағандығыңыз қандай ҿкінішті! Осындай быт-шыт жік, арсыз араздық, бетбақ берекесіздік бар жерде сіздің жоймайтын жауыңыз, жықпайтын тауыңыз бар ма! Бірінде жоқты бірінде тапқызып, жан жерін тауып қапқызып, бірінің қылмысын бірінен жұлып алып, бірінің сҿзінен бірін іліп алып, бірін бүркіт, бірін тазы етіп баптап салып, бҽрін осы бір күні-ақ қырқай матап ала қояр едіңіз-ау! Қиуадан шауып, қисынын таба қоятын сіздей қыран тергеуші ол кезімізде болған ба! Қаншалық шебер болғаныңызбен қазір дҽл сондай қызыл шеке-қырық пышақ алалыққа толық келтіре алмай, сіз дал болғалы қашан?! Бізді алмай қоймайтын да шығарсыз бҽлкім, бірақ, жанталасыңыз ұзаққа созылып барады. Сол кезде сіз болсаңыз, бірімізді біріміз осылай басып беріп отырғанда тырп еткізер ме едіңіз, бір күндік-ақ жұмыс едік қой! Ҽрине, сіз мені «Гоминданды мойындамай қойған тҿңкерісші екен» деп бағаламайсыз. «Сол кезде де тоңмойын неме екен ғой» деп маған жауыға түсуіңіз хақ; бірін-бірі қорғасып-қолдасып қалған «кері тҿңкерісші топ» маған да сол ҽдетін істер деп шұқшиярсыз. Зор қылмыстың иісі сезімтал мұрыныңызға бұрқырап-ақ тұрған шығар. Иҽ, Гоминдан да ҿз дҽуіріндегі Қытайдың бір заңды үкіметі емес пе. Шакене ұлт жҿнінен айтқанда, сол үкіметке бас қойып бағынғысы, жаланып жағынғысы келмеген жаудың қылмысы аз болмақ па?


ІІ Дүйсенбі күнгі сабаққа қобалжи кірдім. «Тергеуге меңгеруші қашан шақырар екен, кеше кештегі жанжалқаншамызды шарпыр екен» деген күдік алқымдай берді мені. Ҽлмен кетерде бірге болғаным рас қой; жасырын сатып алған кітаптарым класс бойынша бҽрінікінен кҿп еді. Кешегі кеселді жиындағы мҽселелерді анықтау үшін ізге түсіп, сабақтастардың бҽрінен сұрай қалса, қадағалап тексеретіні менің ісім сияқты да, жарқ етіп шыға келетіні мен секілдімін. Дҿрбілжіндегі Арысбектің «қара мысығы» мысық қана еді, меңгерушінің аузынан қасқырдың тісі ырсиып тұр. Маған қасқырдай тиер бҽлкім! Бірінші сағаттық сабақ аяқталысымен Шақан шақырылды тҽртіп бҿліміне. «Шақан!» дегенде-ақ бір шоқпар тҿбемнен шақ ете түскендей сезілді. «Басталды,– дедім ішімнен, – бұл кҿркеудені кҿкітіп алып, ырсиған азуды маған салмақ қой!» Тұқырып алып, конспектіден кҿшірілген «Жұңго тарихына» үңіле бердім. Осы сабаққа қомағайлана үңілгенім осы-ақ шығар. – Немене, Хуаңдиге1 сиынып отырмысың ҽлде Чин Шыхуаңның орлары (Жұңго тарихындағы ең қатыгез қанқұмар патша. Ол ор қаздырып, неше жүз оқымыстыны тірідей кҿмген. «Чин Шыхуаңның орлары» деп сол орлар айтылып отыр) кҿрініп отыр ма? – деп қасымдағы Ҿмірбек жымия сыбырлады. – Үндеме! – деп күбірлей үңілдім оқулыққа. – Қорқақтық ҽлі де жетерлік екен-ау ҿзіңде?! – Бұрынғыдан да кҿбейді қазір, «қорқақтың кҿзі кҿп» болады. Отырған адамды қаппайтын ит–ит емес екен, нағыз иттің қапқанды қойып, жеп қоятынын кҿрмедік пе?! – Ендеше, еңсеңді кҿтеріп отыр! Ерегескенде ер шығатын мінез де пайда болған еді ғой ҿзіңе, не қылар дейсің! – Мына қасқырыңның маған қарасы жаман кҿрінді. Тісі ырсия қалған алдыңғы күні. Басымды кҿтеріп шалқалай бергенімде Шақан қайтып кірді. Жайшылықта қолапайсыз бет-аузы ҽлем-тапырық; ақ таңлақ, қызыл, кҿк таңлақтар ненің ізі екені белгісіз, екі алақанын тынымсыз уқалап, үргілей береді, Закүн таяқтың зардабы ҿртеп бара жатқан сияқты. Үнсіз қарасып қалған сабақтастар арасынан «Шоқ-шоқ!» деген сыбыс естілді. Оралқан банжаңның меңгерушіге дұрыс жеткізгендігінен келген ҽділет екенін сезсем де, жүрегім зір қақты – «мұны бұлай жазалағанына қарағанда, мені жаркемдейді деші!» Ынтықбай күреңітіп тұқырған бойы шыға жҿнелгенде, жым-жырт кҿпшілік біріне-бірі жалтақтаса берді. «Меңгерушіні ертіп келер ме екен» деген үдірейіс бар бҽрінде де, мұғалім класқа кірмеген сағат еді.

1

Хуаңди – Жұңгода тұңғыш мемлекет құрыпты делінетін аңыз патшасы


Осы бос уақытымыз – тілеген кітабымызды оқып, аңсаған зҽмзамымыздан алаңсыз сіміретін алтын шағымыз хауып-қатер кеулеген ызғарлы күдікке толды. Сабақтастардың бҽрі де славян жазуындағы Қазақстан кітаптарын тыққыштап, алдыларына Гоминданша безендірілетін кҿшірме оқулықтарын жайды. «Жұңго тарихы», «Жұңгоның тағдыры»1, «Санминжуий» дірілді саусақтармен ашылып, жиырылған мұрындармен еріксіз оқылып жатты. Кҿбі «Жұңгоның тағдырынан» жан сауға іздегендей, «Данышпан философ кҿсем» еккен осы шеңгелдің астына, бҿктергіден қашқан торғайша тығылмасқа шара жоқ сияқты. Дҽретке шыққансып Ынтықбайдың артынан бақылай кеткен Бексапа алдымдағы партаға қайтып келіп отырды да: – Кҽменді ертіп, тҽртіп бҿліміне кірді!– деп сыбырлады. Камен – ханзу тілі кҽсібінің үшінші жылдығында оқитын жігіт еді. Оның жақында сақшы тыңшылығына тартылғанын естігенбіз. Денем бір ысып, бір суыды. Кҿз астымен ҽркімге бір қарап қойып отырғанымда есік ашты біреу. – Серҽлі!– деп қалғанда селк ете түстім,– тҽртіп бҿлімі шақырады! Серҽлі шыға бере Ынтықбаймен сүзісіп қалды да, бір-бір тілдесіп ҿтті. Ашты тілдессе де, тату-тҽтті сабақтастардың амандасқанындай дағдылы үнмен жайбарақат қана сыбасты бұл кезекте. Сүйір мұрынды, қызыл күрең сұлу Серҽлі жарты сағаттың ішінде-ақ мүйіз біткендей, бір жақ шекесі томпайып, тұмсығы қоңқиып қайтты. Ынтықбайдың сабақтастары арасынан да «шоқ-шоқ!» дегендей шіңкілдеген сыбыс естіліп жатыр. – Сені не деп жазалады?!– деп ашына сұрады парталас біреуі. -Айтмаймын, – деп бұшықшылай міңгірледі Серҽлі,– «айтмайсың» деп тіл хат алды. Тергеудің жайын айтудың орнына Ынтықбайға атыла қарап отыр. «Кімнің үстінент шағымп айтсаң сонды шақырымп алып, сабай мбереді екен!» деген ашулы мыңқылы біраздан соң тағы естілді. – «Тұра тұр шошқа, ентді мбенен сұра шағудыңқ ҽдісінт!» Толғағым күшейе түссе де, мен күткен пҽле туа қоймады. Мені де, Қабенді де шақырған жоқ. Күндізгі сабақ уақыттарында да, кешкі пысықтау сағаттарында да екі жақтан осылай кезек шақырылып, кезекпен додаланып шығып жатты. Бір жағы мұқатқансып жайраңдай қалғанда, бір жағы тұқыра қалады. Екі жақ кезек айтысады «шоқ-шоқтарын». Бір жағын бір жағы кезекпен шағысып жүрді. Кластағы бетпе-бет қағысу тоқтап, Ынтықбайдың жолымен жасырын шағысуға дҽнігіп алды бҽрі де. Ашық ҿштік жасырын қастыққа ауысып, бҽрі де уыттарын іштеріне жия жүріп шағысты. Бұл уыт ҿзара тҿбелестерден ҽлдеқайда сойқанды – зҽрлі екенін кҿрдік. Ақыр соңында еті тірі сабақтастарымыздың ешқайсысы қалмай уланып, меңгерушінің пендесіне айналғандай.

1

«Жұңгоның тағдыры» – Жяң жиешы жазып, 1943 жылы жарияланған кітап


Кҿп алдында сып-сыпайы күле сҿйлейтін бір «жайдары» тҽртіп меңгерушісі, сол пенделерінің құйрығын екі-үш күннің ішінде-ақ бір-бірден тартып, бҿксеріп болды. – Мен қалай шақырылмай қалдым?! – деп сұрадым Оралқаннан, асхана залындағы кешкі пысықтаудан сабақтастар тараған кезде оңаша қалып еді. – Сенде шақырылуға тиісті қылмыс жоқ қой! – деп қалың қырма сақалды иегін қасыды ол. – «Ҽлменді қашырып жіберді» дейтін пҽле оңай ма? – Жергілікті ұлт оқушыларын азайта алмай жүргенде, қашып кеткенін бұлар іздей ме? Екі-үш айдың ішінде-ақ қызмет алғалы отырған Ҽлмен қашып ақымақ болса, тіпті қуанбай ма? Оны қателік деп санамайды бұлар! – «Совет кітаптарын оқиды» деген тағы бір зор қылмыс бар ғой менде? – Мұныңды ешқайсысы айта алмайды, Биғаш, алаң болма, сен!... бұл туралы менен басқаңның бҽріңнің де арттарың былғаныш, ал ондайларыңмен менің жұмысым жоқ, ҽйтеуір қырсыққа шалынбай, ҿз тауымдағы бастауыш мектепке мұғалім болып шықсам болды маған! – деп күбірлеген банжаң, иен қалған үстелдерге айнала қарап алды да, ешкім жоқ екенін кҿрсе де сыбырға ойысты. – Биғаш, басыңа іс түсе қалса, дҽл осы мектеп кҿлемінде қорғап қала аламын, алаң болма!... Жарты жылдық сынауда қатты қиналып отырған кезімде кҿрсеткен кҿмегіңді ұмытқам жоқ, ондай жақсылықты ұмытады екен деме! – «Сый қылсаң сыпыра» дейді Ожа, анау Қабенді қорғай кҿріңіз!... Сол екеуміз ғана қалдық қой, бір күні бізге де жетпей қоймас! – Жоқ, оның үстінен де басқалар шағым айтпайды. Ҿз жерлестері оны шақпақ емес, ҿздеріне қайта тартып алу жағында жүр. Ол бҽрінің сырын білетін кҿрінеді. Шындаса кеткенде одан қорқады екен. Ха-ха-ха...– деп күлгенде, Оралқанның жалпақ беті теп-тегіс бола қалды. – Үстінен бірер шағым түскен адамды меңгеруші неліктен тексеріп анықтамай тепкілей береді? –деп сұрадым мен. Оралқан терезелерге қарап қойып, мені қолтықтай шықты сыртқа, құлағыма аузын тақай сыбырлады: – Араздастыру – біріміздің үстімізден бірімізге шағым айтқызудың, кҿрсеткізудің амалы. Шағым айтқызу ҿзінің сылтау табуы үшін керек. Біреудің шағымын ести сала, сылтау таба сала ұруы – ҿз арамызды ушықтыра ҿштестірудің ҽдісі. Сҿйтіп, ҿз арамыз ушыққан сайын шағым кҿбейеді. Шағым кҿбейсе, «мықтыларға» соғым кҿбейеді. Бҽрін жиып келгенде, мақсаты – бізді мектептен үркіту-қуу ғана!...Кҿріп жүрген шығарсың, ханзу сабақтастарды дҽл бізше қирата сабамайды ғой?!... Саған сенгендігімнен ғана айтып келемін!... Есіңде болсын Биғаш, үркіткеніне үріксең-ақ оқи алмай, зиян тартасың! Қазір құдайдың оғынан жағдайдың оғы жаман, тек жүрсең ұрса да ешнҽрсе қыла алмайды. – Ҿзіңіз мұның саясатын терең түсініпсіз, Ожа, мықты екенсіз! – Шалғыға ілінетін сақалым бар емес пе! – деді Оралқан, – мен жҽне ... саясатты кҿп оқыдым, осы Үрімжіде кҿзіммен кҿре жүріп оқыдым.


– Рас, жергілікті сабақтастар саясат пен ханзу тіліне мықты. Бірақ, негізгі ғылым сабақтары жағынан қалай тҿмен қалдыңыздар екен?! – Мені семізсің, үлкенсің деп секіртіп оқытты ғой, ҿзім де бос белбеу, салқы балақ біреумін. Славян жазуын ҽлі білмеймін, ол кітаптарды пайдалана алмай қойдым. – Онда мен ... кҿмектессем қалай? ... Ҿзіңіз қай сабақтың қай тақырыптарын игере алмайсыз, сол тақырыптарды жазып беріңізші маған! Оралқан шалқалай күлді: – Ха-ха-ха... ҿлер жерімді тап баса білсем, ҽулие болмас па едім!... Математика, физика, химия дегендерің түгелімен жұмбақ кҿр сияқты маған, сынау кезінде тұс-тұсымнан үңірейіп, есімнен адастырады!... Сҿйтіп, тілім ұшқыр, күйім мүшкіл біреу болып қалып барамын! – Мықты ұстаздардың қолды болып кетуінен туып отыр ғой бҽрі де,– деп күрсіндім мен. – Олар болса, меңгерушінің сұрқиялығына да қарсы пікір айтар еді ғой! ... Менің оқытушым да, оқу құралым да Қазақстан кітаптары. Ҿзі сұрау қойып, ҿзі толық түсіндіріп береді. Сол ұстазыммен жақсылап таныстырайын сізді, ҽліппесін жазып берейін! – Жаза аламысың? – «Шындап жыласа, соқыр кҿзден де жас шығады» -дейді ғой, жазайын... Екеуміз осыған бекісіп қайттық. Ертеңіне мұғалім кірмеген екінші сағатта сол «ҽліппе жазуды» ойластыра қалдым. «Жасырын кітап дүкенінде бар ма екен ҽлде?» деген ой сап ете түсті. Алдымен содан сұрап кҿру ойымен ішімді сипалап «ауыра» қойдым. Совет азаматтары ауруханасының түкпірінде ғой ол. – Оралқан банжаң... дҽрігерге.... ауырып барады.... ішім! – Бар, осы сағаттан қалмай кел! Ынтықбай да «ауруын» айтып, рұқсат сұрай қойды. – Мен де барайын, басым аурып тұр! – Биғабіл келген соң бар! Бір-бірден ғана бармасақ, сҿз келеді!... – Бҽсе, солай ғой! – Несі солай?!– деп Оралқан сақ ете түскенде, мен шығып жүре бердім. Іздеген ҽліппем бар екен, мұрты таныс ҿзбегім суырып алып бере қойды. Ҽліппені қойынға тыға, ішімді уқалай кері қайттым. Арлы-берлі кезіп жүрген бақылаушы-тыңшылар «бұйымтай» сұрамай қала берді... Тымпиып келіп отыра қалдым партаға. – Ал енді сен барып кел!– деп Оралқан Ынтықбайға жуан мойнын бұра қарады. Ынтықбай тұқыра түсті: – Бармай-ақ қойдық! – Алалап отырмын ба мен сені, енді бармаймысың ауырсаң?... Жігітім, мені рушыл-жікшіл деп ойлама, егер жікшілдік етсем, саған ғана іш тартар едім. Ҿйтетінім, мен де ҿзіңнің керейіңмін ғой!... Қайсының бұрын айтсаң, рұқсатты соныңа бұрын бердім, менде не айып бар? Тҽртіп бҿліміне айтпай, екеуіңді бірдей шығарып жібере алмаймын, менің басым екеу емес, мен де ҿздерің сияқтымын ғой!


Оралқанның сҿзіне ешкімнен жауап шықпады. Мен кеткен соң тағы бір рет «оттасып-оттасып» алып, енді ғана «жусағандай» кҿрінеді. Ҽрқайсысына бағдарлап қарай түстім. Жоқ, жусағандай рақаттанып тынышталуда емес екен; дағдылы тыныштықтағыдай еш партадан славян жазуындағы кітап кҿрінбейді, тағы да тегіс тығылыпты, алдыларындағы «Жұңгоның тағдыры» мен «Санминжуийге» қарамай, орындықтарына шалқалай түсіп, аяқтарын тықыршытады; қарсы беттерінен кҿз алмай телміріседі, іш қысталық, сарылу-сарғаю бар сияқты. Жан-жақтарына анда-санда бір қарасып қояды, бҽрі де иектерін кҿтерісіп алыпты. Осы ҽлпеттеріне қарағанда қорыған пышендікке кіре алмай, соны ғана аңсап, татыраңда тұрып қалған бір табын сиыр тҽрізді кҿрінді бҽрі. Ал қазір бұл жерде «пішен қорушы» да жоқ, ҿздерінен ҿздері қорқып, ҿздерін ҿздері қаңтарып, бірінен бірі жалтарып, бірінен бірі пҽле ізін аңғарысқандай аңдысады, іштерінде у қайнағандай. Осы үнсіз ҿлі дағдарысты Тілеуқан қу бұзды бір кезде: Абайдың «сегіз аяқ» ҽнінің бір үзіндісін баяу ғана айтып қалды. – «... Ол аңдып сені, Сен аңдып оны, Қылт еткізбей бағып кҿр!» Ашық, ашты сықақты жақсы кҿретін ҽнші Бексапа жалғастыра қойды соңын: – «Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар!» Абайдың осы шумақты жазғандағы буырқанысты шырайы кҿз алдыма тағы да елестей қалды да, ып-ыстық қос тамшы ыршып түсті омырауыма. Салықтың тұмсығы Бексапаға едірейе қалды: – «Ойнасшы қатын» деп кімді айтып отырсың ей, сен?! – Абайдың ҿзін айтып отыр деп пе едің?... Абай бізді түйреп отыр қазір! Таяқты алдыңғы күні жеп шыққан Бексапа бүгін де тым ашулы еді. Кҿзі тұздай болып, кірпік қақпай қадалды: – Біз осы мектепке білім іздемей, боқтық іздеп, таяқ жегелі келіп пе едік, ауызды неге аңдисың осынша? ... Енді Абайдың ҿлеңіне де тұсау болмақпысың?!... Біріміздің ҽкемізді біріміз қашан ҿлтірісіп едік осы біз! Осыншалық ҿштесіп, осыншалық аңдысатындай неміздің құны қалып еді бірбірімізде?! Тҽртіп бҿлімінен ең алдыңғы қатарда қолы күптей болып шыққан Ҿмірбек баяу күрсіне сҿйлеп кетті: – Сабақтастар, біздің оқулықтарымыздың жайы ҿзімізге мҽлім; ҽр текістен бір-бір сҿйлем кҿшірген конспект қана бар ғой, Қазақстан оқулықтарынан басқа, толық оқу құралы бар ма бізде? Енді соны аңдысамыз деп бір бірімізге алақтасып қалдық. Танаумен ғана ойламай, баспен ойласып кҿрейікші, білім іздеп келгендіктен мұндай бос сағаттарда сонымызды оқиық, иҽ үйді-үйімізге қайтайық, бұлай аңдысып отырып, зая кетірмейік уақыттты!... Класымыз бойынша осы кезде екі-ақ оқушы алаңсыз еді. Оның біреуі Шакерімнің «Үш анық», «Дін тексеру» атты жазба шығармаларын кҿшіріп отырған осы Ҿмірбек, мынау сҽтте ол қамсыз, ешкімге қатыссыз-шатыссыз еді. Мұндай дін қорғаушыны, идеялизм философиясын кҿшірушіні бұл кезде


ешкім шағып, жазалата қоймайтын. Екінші біреуі, бос уақытында математикадан ҿзгеге пысқырып та қарамайтын менің жерлесім – Омарқан. Ол алгебраның енді жарым жылдан кейін ҿтілетін есебін шығарумен ҽуреленулі еді. Ҿмірбек сҿйлеп отырғанда, сол Омарқан орнынан атып түрегелді. – Пҽн кітаптарын кім кҿрсетіп, кім ҿртетпек, қане айтыңдаршы?! Ондай оқушының, ҿз кҿзін ҿзі ойып тастап, кҿр соқыр болатындығы плюс нҿль мен плюс нҿлден біржолата ҿшкен кҿрсоқыр нҿль шығатынындай айқын. Білім іздеп алыстан келіп, ғылыми кітап оқудан қорқудың ҿзі қоян жүректік екендігі, ғылыми кітапты меңгерушінің де қорқыта алмайтындығы – аксиома. Егер Қазақстан оқулықтарын оқымайсың десе, қазақша дҽл сондай оқу құралдарын тауып берсін бізге!... Менің осы сҿзімді айтып барыңдар қане! Бұл сҿзге сабақтастардың бҽрі күлді. – «Есірік болмай ер болмас», жарайсың нақұрысым!– деп қалды біреуі. Омарқанның есепке үңіліп отырып-отырып кілт ҿзгеретін – мас адамша иҽ жынданғандай шыраймен тосын ҿлеңдетіп, билей жҿнелетін ҽдеті бар-ды. Сондықтан, «нақұрыс» аталуына ҿзі дҽн разы ол. Бет-аузын сан саққа жүгірте қисаңдатып, кҿпшілікті ажуалап алып отырды. Сабақтастар түгел сергіп қалғандай, Омарқан сҿзін жеңіл-жылы шыраймен тыңдасты. Күбірлесе жҿнелді сонан соң: – Расында біріміздің не оқитынымызды біріміз аңдып отырып, білім ала алмайтын сияқтымыз ғой?! – Білім ала алмайтын ғана емес, адам болмайтын жолға түсіп барамыз! – Қазақстан оқулықтарын оқиды деп меңгерушіге кім мҽлімдепті! – деп Салық күбірледі. Ынтықбай Салыққа қарап сҿйлесе де, ҿз пікірін кҿпшілікке құлақтандырып қалды: – Ҿзіміздің де зиян тартатанымызды біліп... Доғарғамыз ғой ондай шағымды! Білімге жауласқанымызды ант атсын! Алдыңғы күнгі таяқтан кҿзінің алды кҿгеріп кеткен Серҽлі секіре тұрды орнынан. – Олай етсек бҽрімізді де ант атсын! – Сабақтастар! – деді Қабен,– Мұнан кейін Қазақстан оқулықтарын оқиды деп кім шақса, бҽріміз соның үстінде болайық па? Сабақтастар бҿшкеге қамалған кҿп араның қақпақ ашылғандағы быжылындай ду кҿтерілді: – Болайық! ... болайық!... – Бҽріміз соның үстінде болайық!... – Сертіміз осы болсын!... – Олай шақса тілін суырып алайық!– деп Шақан партасын сарт еткізді. – Саған біткен парта да сорлы-ау!–деп шұнаң қақты Тілеуқан. Бұл шыраймен ҽзілінің зілсіз екенін бейнеледі. – Қатыныңша сабайсың да отырасың! 

Аксиома – дҽлелдеуді керек етпейтін, даусыз шындық


Оралқан жуан қарнының партадан қысым кҿріп отырғанына қарамай қозғалақтады: – Бҽсе, осылай татулассаңдаршы, сабақтастар, менің сақалым ағарып кететіндей болды! – Басқа жҿнінен татуласудан қалдық қой? – деп Ынтықбай күбір ете түсті. Оның бас ауруы таяқтан болған еді, беті ҽлі де қып-қызыл ала. Менің жүрегім орнына түскендей, соза күрсініп алып, «Санминжуийді» жиыстыра салдым да, БК(Б)П тарихын1 партадан суырып алдым. Оқуға қатты асығып жүргенім – «диялектикалық материализм мен тарихи материализм» бҿлімі еді. Суырып алдым да, қайта сұға қойдым: «Гоминдан ең ҿшігетін кітап қой бұл, қаңғалақтап шыға келіп, қақпанды шаптырып алмайын!» деген сақтық біте қалды. Оның үстіндегі май баспада басылған, ұйғырша «жаңа фҽлсапаны» алдым сонан соң. Бұл Шың Шысайдың беті қызғылт тартып тұрған шағында дабырасыз таратылған материалистік Маркстік философия оқулығы еді. Мұны Шҽкҽрімнің философиясымен «сүзістіруге» – айтыстыруға ынтығып жүргенмін. «Аузыңды ашсаң нанамын, ҿтірік айтсаң Құдай ұрсын!» дегендей, Ынтықбайға бір қарап қойып, оқи жҿнелдім. – «Ҽйтеуір славян жазуында емес қой!»... Бірнеше күннен бері оқи алмай іш құсталыққа түскен сабақтастар Қазақстан кітаптарын жайып салып оқи жҿнелді. Славян ҽрпін білмейтіндері білетіндерінен сұрасып, тіпті қара тақтаға жазып та үйреністі. Дҽл осы кезде Оралқан маған жаутақтай түсті де, мен ҽріптестеріме жалтақтай бердім. Байқасым, жаулық сезінгендерім түгел-ақ славяншаға тҿніскен екен. Ең «пҽле» Ынтықбайы ең қалыңын – ҽдебиет хрестоматиясын жайыпты алдына. Мен жаңағы ҽкелген ҽліппенің ҽрбір ҽрпінің астына арапшасын жазып жіберіп, қасыма келіп қарап тұрған Оралқанға ұстата қойдым. – Үй, мұның ҽліппесі қайдан табылды?!– десіп, қара тақта маңында жүргендер жамырай келіп тҿністі соған. Ынтықбай да ептеп басып барып, қарап тұрып-тұрып мұқабасының сыртын қайырып кҿрді. Славян ҽрпіне оның шала сауаттылау екенін байқағанмын. «Жасырын кітап дүкеніне барып алғысы келген шығар» деген оймен онысынан сезіктене қойдым... Сҿйтіп, қызыққа батып кетіппіз де, қыспаққа түсе қалғанымызды білмей қалыппыз: мұғалімі жоқ екінші сағаттың ғана емес, мұғалімі тосыннан ауырып келмей қалған үшінші сағаттың да, тіпті аралық демалыстардың да ҿтіп кеткенін сезбеппіз; тҿртінші сағатта Кұңзы тҽлімін үйрететін үлкен шяужаңның1 ҿзі келіп қарап тұрыпты. Алдымыздағы қабырғаны түгел алып тұрған қара тақта беті славян ҽрпіне лық толған. Оралқанды қоршағандар шяужаңды кҿре сала дүр етіп орындарына келді де, отырғандар ыршыпыршып тұрыстық. Ызамен тұнып тұрған айбарлы қиық кҿздің ызғарынан

1 1

«Совет одағы коммунистік (болшевиктер) партиясының қысқаша тарихы» Шяужаң – мектеп бастығы, мүдір


ҿліктей қатыппыз. Шыбынның ызыңы естілетіндей жым-жырттық орнай қалды. «А...а....» деп алып, соза сҿйлейтін ҽдетінше: – Мынаны кім жазды?– деп сұрады шяужаң. Тілмашы – ҿткен күзде ғана осы мектепті тауысқан Ақылбай атты кексе жігіт қазақшаға аударып айтты. Кҿпшіліктен үн шықпай қалды да жауапты Оралқан қайтарды: – Бҽріміз жаздық! – дей салып, қолбаңдай жүгірді де, қара тақтаны апылғұпыл сүрте бастады. – Ҿшірме! –деді шяужаң бҽсең үнмен ызбармен. Оралқан шертиіп тұра қалды. – А.. а... бұл не жазу? – Қазақстандағы қазақтардың жазуы!– деді Оралқан. – Кім үйретті сендерге? – Бұрыннан білетін сабақтастар кҿп. – Қазір қайсысы үйретіп жатыр? – Бҽрі де ҿздіктерінен үйреніп жатыр!– дей салған Оралқан кҿпшілікке шытына қарады. – Ҿй, ҿздерің тұрып айтсаңдар болмай ма, сабақтастар, мені шыжғыртпай! Қара тақтада үйренушілер түгел тұрып, ҿздіктерінен үйреніп жатқандықтарын айтты да, Ақылбай аудара берді. Шяужаң еті қашқан ұзынұзын сары тістерін ырсита күлді. Қатпарлы кҿзінде сол күлкінің ізі де жоқ, оттанып тесірейе түседі. – Олай емес, сендерді дүрліктіріп, үйретіп жүргендер бар, мен білемін, бірақ ҿздерің айтыңдар! Тҿрегеліп тұрғандар жауап қайырмады. – Мен сендерге не деп тҽлім бердім?... Менен не үйрендіңдер? – Жауапкерлері онан ҽрі үнсіз тұқия түсіп еді. – Сен тұрып айт! –деп шяужаң Шақанды нұсқады. – «Ақ жүрек адал бол», «рахымды бол»1 деп үйреттіңіз. – А... а... а... солай! ... ал, адалдықтарың қайда?!... Менің тҽлімімді қабылдайсыңдар ма, жоқ па?! Жуан басын тҿмен түсіріп Шақан да үнсіз қалды. – Ҽрине, қабылдаймыз! – деп бірнешеу жарыса дауыстады. – Олай болса, айтыңдар, кім үйретіп жатыр?!... Айтпасаңдар бҽріңді жазалаймын! – Айырым үйреткен ешкім жоқ, ҿздігіміз... – Сонша қиналатын не бар, айт деген біреуін-ақ айтсаңдаршы! –деп Ынтықбай атып тұрды орнынан. – Мен турасын айтайын, қара тақтаға жазғандар – ҿз беттерімен үйренушілер, ол рас! Ал, славян ҽліппесін таратып жүрген – анау, Биғабіл! Оралқанға осы қазір ғана біреуін берді, сенбесеңіз партасына барып кҿріңіз! Тұла бойым от алып кеткендей, ып-ыстық бірдеме зыр етіп табаныма дейін барды да, тосын суына қалды. Тулап ала жҿнелген жүрегім қорғасындай ауырлап барып бір сҽтте-ақ қорғасындай сол салмақ біте қалғандай болды 1

Кұңзының адамгершілік жҿнендегі тҿрт принципінің екеуі осы еді


ҿзіме. Ол ызаның ерегесінен пайда болған сияқты. Ҿмірбектің санынан түртіп қалып, партаның астын нұсқап едім, ол сезе қойды да, менің қатерлі кітаптарымды бір-бірден ұрлап, алдымыздағы Бексапаға ҿткізіп жатты. Ақылбайдың аударуына қарай бердім мен. Еңкіштеу ұзын бойлы Ақылбай Ынтықбайдың сҿзіне тыжырынып қалып, бейілсіздеу аударды. Ат жақты ақ құба жүзі суына бір қарап қойды Ынтықбайға. Жаратпай қалғаны байқалып тұр. Шяужаңның қысықтау, үлкен кҿзі кең ашылды: – Кім ол, Биғабили?! Мен орнымнан ҿзінің ҽдетімен ҿтірік күлімсірей түрегелдім; ҿтірік айтпай, ҿлмей қалудың жолы бітеліп барады ғой. – Сен кітапты қайдан алып тараттың? – Мен ешқандай кітап таратқан емеспін! – Оралқанға бергенің не кітап? – Ол – ҿзімнің бұрын сатып алған ҽліппем! – Қашан, кімнен сатып алдың? Ҽліппенің сыртынан 1940 жылы басылғанын кҿргенмін. Совет кітаптары ҽшкере таратылудан шектеліп, былтырдан бері «жер астына» түскендіктен, бұл ҽліппенің ҿтпей тұрып қалғанын түсініп едім. Жауапты сол жыл есебі бойынша қайтардым: – 1941 жылы күзде Шҽуешектің кітап дүкенінен алғанмын. – А ... а... а... Оралқан, шығар кітапты! Оралқан балпаңдай келіп, қылмысты ҽліппені парта астынан алып қос қолдай ұсынды. Ҽліппенің шяужаңға дір қағып жетуі тҿбедей банжаңымыздың қаншалық қорыққанын байқатқандай. Қып-қызыл бҿрте болып, ізетпен тұра қалды ҿзі. Шяужаң мұқаба сыртындағы «1940» деген жылға үңіле қарады да, кітаптың беттерін асығыс бір тырылдатып үстеліне қоя салды. – Ҿзіңде бұдан басқа қанша кітап бар, бҽрін шығар! – Бұдан басқа кітап жоқ. – Ал, мұны қазірге дейін тастамай, неге сақтадың, Оралқанға не үшін бердің?! – Бұл ҽліппеге үкіметіміздің тиым салғанын естігемін жоқ! Шың Дубанның рұқсаты бойынша Шинжяңға ҿткен кітапты бізде рұқсат бойынша алып үйренгенбіз. – А... а... а... Шың Шысайдың ол ісі дұрыс болды ма? – Мен дұрыс деп түсінемін. – Не себепті? – Ол жүргізген алты саясат – ұлы Санминжуийдің бірінші сатысы. Ҿзі солай мақала жазды ғой. Ақылбай жадырап, ажарлана аударды бұл сҿзімді. – Шың Шысайда қателік бар ма, жоқ па? – Білмеймін, мен оқушымын ғой, шяужаң. Сҿйтсе де саясаты дұрыс болған соң, істеген ісі қате болмайды деп түсінемін. Ақылбай маған үңіле, күлімсірей тұрып тыңдады да, ханзуша кҿбірек сҿзбен түсіндіре жеткізді.


– А... а... а, – деп аз ойланып алған шяужаң ғаяр күлкіге баса тұрып, тағы бір сұрау қойды. – Оның істегенінің бҽрі дұрыс болды ма, мҽселен, адамды не үшін кҿп қамады ол? Ал, біз не үшін кеңшілік қылып, ол түрмелеген адамдарды азат ету жағында тұрмыз? – Бұл – қазір бізге Санминжуийдің толық нұры түскендігі, данышпан кҿсеміміз – Жяң уиюанжаңның қамқорлығы ғой. Менің түсінбей тұрған бір мҽселем бар, ҿзіңізден түсініп алайын, рұқсат па?! Ақылбай бұл талабымнан күдіктенгендей, аңыра қарап қойып аударды. Шяужаң секемденгендей, иегін кідіре кҿтерді. Мен қарсы сұрау қойдым. – Адамды сондай кҿп қамаушы, қатал бақылаушы – Дубан оқуға рұқсат еткен ҽліппені осындай «кең нұрлы саясат» астында, «ең зор ғалым» ұстазымыз – сіздің тектеуіңізге түсінбей тұрмын. Сұрауымды бар ықыласымен ажарлана аударған Ақылбайдан ести келе ақ сұр жүзіне сұйық қана қызғылт ніл пайда болған шяужаң сойдиған сарғыш тістерін ақсита күлді: – Сен Санминжуийді жақсы оқымапсың!– деп, ҿзінің де «ұлылығын» кҿрсеткісі келгендей қасқа басын сылап қойып, екі алақанын нҽнси жайды. – Саясаттан тым надан екенсің! Осыныңды ҿзіңе ҽшкерелету үшін тергедім, ха...ха...ха ... мҽселе енді шешілді, миыңды енді емдейміз. Қазірше мұныңа бір ғана жауап айтамын: Санминжуий Совет одағының кітабына мұқтаж емес, Жұңхуа Мингоның ҿз кітабы ҿзіне жетеді. Славян ҽрпі сендердің миларыңды уландырады. Мұны не үшін айтқанымды надандықтан – хайуандықтан азат болғандарыңда ҿздерің-ақ түсінесіңдер. Біз – Жұңхуа ұлтымыз, біз – дүниеде ең парасатты, ең ұлы халықпыз... ұқтың ба?! – Енді түсіндім-ау деймін!– деп басымды изеп-изеп қалдым. Күлкімді ішіме ҽрең сиғызып тұрмын; «түсіндім» деуімде, «Совет одағы – біздің бірден-бір жауымыз» деген сҿзін Шинжяңда ҽлі атап айта алмайтындығын түсінгендігім еді. «Кейін ҿздерің-ақ түсінесіңдер» деді ғой, қайын атасының атын атай алмайтын келінше қорғалақтап тұрмай ма. – Түсініп-ақ қалдым! –деп изектедім тағы да. – Осындай кітаптарды кҿрсек, ҿзіміз-ақ ҿртеп жіберер едік, ҿз елімізде қазір қазақша басылған толық оқу құралы жоқ. Қысқаша тезис кҿшірумен ештеңе игере алмай жатырмыз. Шың Дубан Қазақстан оқулықтарын оқуға сондықтан рахым еткен. Сізге осы жҿнінен ҿтінішімізді жеткізуге қазір ғана мүмкіндік туылды. Ҽсіресе химия, физика, математика оқулықтарын қазақша бастырып берсеңіз! Ал оған қазірше мүмкіндік болмаса, сіздер рахым етіңіз, Қазақстан оқулықтарын тауып оқи тұралық! – Сен менен не сұрап тұрсың?... Совет кітаптарын оқуды ма? – Шяужаңның кҿзінің ағы жарқ ете түсті. – Тілейтініңді атап айтшы! – Күңзының «ұлы» тҽлімін үйретіп жатқан сізден басқа ешкімнен зор рахымдылық күтпейміз. Бізге пҽн оқулықтарын бастырып беруді сондықтан сізден ғана ҿтінеміз! Ал, оған мүмкіндік болмаса, қазірше Қазақстан оқулықтарын іздеп тауып оқи тұралық, соған рұқсат етіңіз!... Ҿз еліміздің қазақша оқулығы шыққан соң славянша кітаптарды дҽретхана жаққа апарып ҿзіміз-ақ ҿртеп жіберейік! Сабақтастардың барлығы түгелімен менің пікірімді қолдап шу ете түсті:


– Бҽріміздің ҿтінішіміз осы!.. – Сізден басқа кімге айтармыз, пҽн сабақтарын игере алмай қалдық! – Қамқорлық етіңіз, бҽрінен кҿшірме кҿшіріп үлгере алмай жатырмыз! – Рахым етіңіз!... Оралқанның жүрегі орнына енді түскен сияқты: – Қазірше Қазақстан оқулықтарын пайдалана тұруды сізден ҿтінбек болғанбыз,– деп бастап, қылмыстан ақталу жағын орайластырды, – ал, қара тақтада славян ҽрпін үйреніп жатуымыздың да, менің Биғабылдың ҽліппесін алғанымның да себебі сол! Шяужаң маған кҿзінің астымен қарап қойып, түрегеп тұрғандардың бҽрін отырғызды. – Отырыңдар!... Славян ҽрпінде басылған кітап болса, бҽрін мұнда ҽкеліңдер!... Кімде бар қане, тапсырыңдар! – Жоқ,... бізде жоқ!– деп кҿпшілік тағы да шу кҿтерді. – Сіз рұқсат етсеңіз іздемек едік!... «Рахымды» шяужаң кҿк мешпетінің жеңін түріп, маған қарай мамырлады. Парта астынан оқуқұралдарымды бір-бірден ҿз қолымен алып кҿрді де, басқа кітап таба алмаған соң ҿз орнына қайта барып, ҽр оқушының жүзіне бірбірден тҿне қарап шықты. Гоминданның кҿптеген ҽскери-саяси «мамандары» сияқты, бұл кісі де ҿзін гипнозбын1 деп санайтын, кҿзіне қарап адамның ішіндегісін «білетінін» кҿрсеткісі келетін. Оқушыларының жүзіне қадалып, бір-бірден қарап шыққан себебі сол еді. «Ең кеселдісінен шықпаған кітап, басқаларынан табыла қоймас» деп торықты білем, басқа сабақтастардың ешқайсысын тінтпеді. Аз ойланып алып, сҿйлей жҿнелді: – Менің оқушы тҽрбиелегеніме отыз жылдан асты, – деді маңғаздана түсіп. – Менің оқушыларымнан астроном да, химик те, физик те шықты. Кҿптеген ғылым мамандары мен ҽскери қолбасшылар жетілдірдім. Соның бірі де совет кітаптарымен жетілген емес, мына менің тҽрбием арқылы ғана жетілді!– деп кеудесін қағып-қағып жіберді. – Менің, сондай-ақ, менің серіктерімнің лекциясын ықыласпен тыңдасаңдар, сендер де... егер миларыңда айырмашылық болмаса, ғалым болып шығасыңдар... Мен сендерге ғылымның бір шындығын айтайын: Ғылымға сену де, сеніп кетпеу де жақсы. Сену арқылы ұмтылып сауат ашасыңдар, ал сенбеу арқылы ақымақтықтан құтыласыңдар. Мҽселен, «витамин адамның денесін ҿсіреді» дейді. Америка құрама штаттарында таудай денелі етіп шығарамыз деп балаларға арнаулы витамин жегізгелі қашан. Ал Американ халқынан бірер дию шыққанын кҿрмеппін. Ҽлі басқа адамзат сияқты ғана ғой. Ақымақтық – соған сенуде. Енді философия ғылымына келейік, материалистік философия Құдайды жоққа шығарғалы қашан. Ал сол құдайсыздардың аспан мен жерді – табиғатты ҿзгерткенін кҿрдіңдер ме! ...Құдайдың орнына Құдай болғанды қойып, Германия армиясы сол коммунистеріңнің аузы-мұрнын қан жалатып жатпай ма?!– дегенде шяужаңымыздың қиық кҿзі қанталап, еті қашқан арса 1

Арбау, кҿз байлау


тісі ақсиып кетті. Екі езуінен кҿбік бұрқырап, жынданғандай жініге сҿйледі. – Түкке шамасы келмесі бар, Құдаймен алысқаны ақымақтық болмай ма?!... Оқушылар, мен кҿп кҿрген, кҿп ғалым тҽрбиелеген ұстазбын, сендер басқа ғылым талап етіп қаңғырмаңдар, нағыз ғылым міне, мынау ғана: жер шарында Жұңхуа ұлтынан парасатты ұлт жоқ, Күңзы ғылымынан зор ғылым жоқ. Ол бүкіл жер шарына нұрын шашып, адамзатқа шын адамгершілікадалдық, рахымдылық үйретуге, дүниенің ұлы бірлігіне сҿзсіз жетуге лайық! Осындай сылдыр кҿмей, шешен сҿзбен есіп келіп тоқтаған шяужаң маған кҿзінің қырымен қарай қалды: – Сенің атың кім? ...Сен, санминжуийді жақсы оқы! А... жақсы оқы!... Түсініп алмасаң, сенің келешегің қатерлі, екінші мұндай кітап оқыма! –деп саусағын білеп-білеп қалды да, Ынтықбайға қарады. – Сенің атың кім? – Ынтықбай! –деп ол ытқып тұрды. – Отыр, отыр! ..Ҽ...ҽ.. ҽн-тікі-бҽй, сен – жақсы! ... Бҽрің де осыдан үйреніп адал болыңдар! Ҽн –тікі-бҽй менің сабағымды, санминжуийді жақсы оқыған!... «Рахымды», «адамгершілік ғылымының ұстазы» осы бағасын айтып, бас бармағын кҿтере ыржиды да, алдындағы ҽліппені ала жҿнелді. – «Рахымды ұстаз» жабыла жалынғанымызда жалғыз ҽліппемізді де қайтарып бермей кетті-ау!– деп қалды, алдыңғы партадағы бір сабақтас. Ақылбай артына бір қайрылып күлді де, маған қарап, басын изей шықты. – Қоян жүрегім-ай!– деп мені құшақтай алды Ҿмірбек. – Қарнын қасқырша ақтардың-ау ҿзінің! -Жоқ, ол енді мені жейді!– деп күбірледім. Оралқан бастаған сабақтастарымның кҿбі маған бас бармақтарын кҿрсетті. Ҽділетті тергеушім, «ақыл ауыс, ырыс жұғыс» дейтін нақыл бар бізде. Ұстазым алдамкҿс болғанда, маған соның тым құрығанда бірер ҿтірікшілігі жұқпас па? Менікі, «Балта тигенше дҿңбек жал табады» дегендей, далбасаның ғана ҿтірігі ғой. Ол күле тұрып жемекке сап ете түскенде, менің де күле жалтарып, аузын салп еткізгенімді күнаға бұйырмассыз деп сенемін. «Ҽркімнің ҿз жолымен ҿзін бапта» деп тҽлім беріпті философ Жу Ши. Ҿтірікшіні ҿтірікшілікпен бапта деген нұсқау да шықпай ма бұдан. Сондықтан, ҿтірікшілікті қылмыс қатарына қоспайтыныңыз хақ. «Ҿлер ҿгіз балтадан таймайды» ғой, несін жасырайын, бұл тарауда қаза соққысына жүкті қылмысым ҽшкереленді. Ол – менің сол кездің ҿзінде-ақ шектеуге ұшыраған ғылымға құмарлығым. Мені оқымысты етіп шығармау үшін Гоминдан қаншалық құрысса, мен соншалық тырысыппын. «Мұндай кітап оқыма, келешегіңе қатер» деген ғой сол қасқа бас шяужаң. Осы сҿзінің қаншалық данышпан сҿз екенін енді түсіндім, айтқаны енді келді ғой. Мендейлерді «сасық зиялы» деген атаумен қамап, қанға бҿктіріп отырсыздар. Сол ұстаздың айтқанын орындасам, осы түрме алар ма мені?! Сол кездің ҿзінде-ақ Гоминдан тіс-тырнағымен қарсы болған Совет кітаптарында нем бар еді менің!... Кҿзімді ашамын деп, ойғызуға ұмтылыппын ғой! Қылмыс, қылмыс!.. Ең зор қылмыс!... Бар қылмыстың негізі осы ақымақтығымда!


ІІІ Ынтықбайдың мені осы реткі кҿрсетуінен кейін оның сҿзін сҿйлесушілер азая қалды. Ҿзі де мойнын ішіне үнсіз тыға қойды. «Мен біреуін шақсам, енді біреуі мені шағады екен, мұқатамын деп мұқалады екенмін» деген ойға келген сияқты. Бірақ мұның есесіне, «тыңшы» деп аталған Кҽмен үйірлесіп, біздің класты айналсоқтай берді. Орта бойлы, тоқ денелі сары жігіт жерлестеріне қара тартқансып, келгіштеп жүріп, жылпостығымен маған жақындасты. «Жатсыну мінезі мүлде жоқ» сияқты ҿзінде, ақтарылып тұрған ақ кҿңіл, салдыр-салақ бейнемен «адалдығын» кҿрсете берді. Мені шағу жҿнінен Шақан мен Салыққа ұрса жүріп, Ынтықбаймен қатты тілдесті бір күні. Ҽке-шешеден түсіп сыбасып-сыбасып алды да, олардан іргесін мүлде «бҿлді». – Жүр, Биғаш!– деп мені қолтықтай жҿнелді бір жексенбінің таңертеңінде. – Қайда? – Қазақ ұйымына барып билиярд ойнаймыз! – Ойнамаймын, сабақ пысықтаймын, жылдық сынау жақындап қалды! – Сен қиналатын қай сабақ бар, қыз кҿрсетемін мен саған!... Қазақтың керемет қыздарын кҿрген жоқсың сен ҽлі. – Кҿріп қайтем, қалыңдық іздеп келмедім ғой! – Ҿй, тым болмаса жеңгеңді кҿрші!... Сҿйлесіп жүрген қызым бар менің, қандай екен, сен бір сынап кҿрші!... Сҿйтіп, ҽрбілесіп тұрғанымызда жатақхана қақпасынан балпаңдай басып кеспелтек қара Асылқан ақын шыға келді. – Биғабіл, мен сені іздеп жүрмін, жұмысым бар! –дей келіп, Кҽменге иегін кҿтере салды. – Мұны қайтесің, ҿзің жүре бер! – Ендеше, шапкіңді бере тұр!– деп жалаңбас Кҽмен менің шапкімді кие жҿнелді... Асылқан мені іздеп шыққан жайын, сақтық-сараң сҿзбен кҿмескілеп қана ұқтырды сонан соң. – Мен сені бҿліп алғалы шықтым, жерлес; бұл итке жуй кҿрме! – Естігенмін!... Екеуміз біздің жатақханаға беттедік. Сабақтастар сыпыдағы орындарына қатар шалқалап алып, айтысып жатыр екен. Басқа жатақханалардан да бірнешеу келіп отырыпты. Екі түрлі кҿзқарастағы, бүкілдей қарама-қарсы екі философияны үш-тҿрт күннен бері таласа-таласа оқып еді. Енді бір түрлі шайқасқа кҿшіпті. Бұл таласқа шяужаңның алдыңғы күнгі ғылымға қарсы «философиясы» да себеп болғандай кҿрінді: – Материализмге, ғылымға тіл тигізбеңдер шырақтар!– деп Қуат сҿйлей бергенде кірдік біз. – Соқыр, суайт сенімдерге кҿз жұма беріліп, қолмен ұстап, кҿзбен кҿргенін ғана дҽлелдейтін материализмді даттамаңдар! – «Соқыр, суайт сенімдер» дегенің қай пҽле?!– деп Тілеуқан қу шұнаңдай қарады оған.


– Соқыр сенім дегеніміз – надандықтан туылған рас сенім. Оның мүриттері «Құдайды зерттеу – күнҽкарлық» деген моллаларының ҿсиеті бойынша кҿз жұмып алады да, шын жүрегімен жоққа сенеді. Ал, суайт сенім деген не?... Оны ҿздерің айтыңдар, бҽріміз бірге естіп кҿрдік қой! – Суайт деген ҿтірікшінің ең шебері ғой, ҽ! – деп Тілеуқан жастығына шалқалай кетті. – Ҽйтеуір, ҿтірік сенім екенін ғана біле қойдым-ау деймін! Қолын желкесінен айқастырып, шалқалап жатқан Ҿмірбек басын кҿтеріп алып, майлы кҿзін жұма күлді Қуатқа: – «Бҽріміз бірге естіп кҿрдік қой» деген соң, айтпаған нең қалды енді, «суайт сенім» дегенің шяужаңның сенімі болмады ма! Менің қасымда жастыққа сүйеніп отырған Асылқан шошынғандай күбірледі маған: – По, по, по!... мыналарың тым от ауыз екен!... Мұндай сҿзге қатынасушы болма! Қабен сыпыға салбыратып отырған аяғын жиып, малдасын құра қойды. Шаралы кҿзін кең ашып, жан-жағына қарай түсті. – Ендеше, анықтамасын мен айтайын. Суайт сенім дегеніміз – жауыз саясаттан туылған ҿтірік сенім. Мұндай сенімді үгіттеуші сонысына ҿзі сенбейді, белгілі мақсатпен басқаларды сендіруге тырысады. Мысалы, қазіргі қоғамның жаны – ғылым мен техника екенін білетін кісіміз алдыңғы күні ғылымға қарсы сҿйледі ғой. Сондағы бар мақсаты: бізді Қазақстан кітаптарынан жирендіріп, ғылымға болған талабымызды шектеу – надан қалдыру ғана. Мұны «суайт сенім» демей, «сайқал сенім» деп атаса, тіпті келісер еді!... – Ҿй, мынауың тіпті апат екен! –деп Асылқан тағы сыбырлады. – Бҽріңді ҿзімен бірге ҽкетеді ғой мынауың!... «Ақ иық» деп жүргенің осы емес пе?... Ал ҽлгі «аю» аталған Ынтықбай мен Шақаның, «Сырттан» дейтін Салығың не оңдырмақ сені?... Халың мүшкіл екен бауыр! Мен Асылқанның үрейімен бадырайған томпақ кҿзіне де, ақ ниетті қамқор сҿзіне де қарамай, айтылып жатқан адуын пікірлерді тыңдай бердім. Бексапа кҿк кҿзін жарқырата қуаттады Қабенді: – Дұрыс атау да, айқын анықтама да дҽл осы!... Шяужаңның «Кұңзы ғылымынан зор ғылым жоқ» дегені – соның қараңғы құлшылық тҽліміне байлан да жат дегені. Ҿзі оған итағат етпейді!... Итағат етсе, бҽріміз жалынғанда, Кұңзы тҽлімі бойынша істеген рахымдылығы қайда?!... Сол ҽліппеде не тұр, бұдан басқа қай тас бауыр тартып алған оны?!... Дүниеде ешқандай бҽтшағар ешқандай жауының ҽліппесін шектеген емес қой!... Осыны тек «адамзатқа рахымдылық үйретуші ұстаз» ғана істеп отырса, үйрететіні сол «рахымдылық» – сайқалдық емей немене?!... Есік кҿзіне барып, сыртты барлай қайтқан Қабен ҽдемі кҿзін жағалай отырғандарға бадырайта қысып қалды да, ҿзі сҿйлей жҿнелді, Ынтықбай есікке тақап қалған екен. Қабен мысалды басқаға аудара сҿйлегенде кірді ол. – Англия жиянгерлігі сайқалдықты кҿп жүргізді. Мҽселен, ҿзі тартпайтын апинды Жұңго халқына сатып тартқызды, ҿзі сенбейтін бұдда дінін


Үндістанда күшейітті. Мақсаты – осы екі елді уландыру еді. Солай ҽлсіретіп, құлдана бермек, үстемдігін мҽңгі сақтамақ... – Аюуың келді, енді отырсақ болмас! – деп күбірлеген Асылқан сыпыдан түсе ҿлеңдетті: – Туған жерім Хуаңхы кенересі, Бҽріміз бір Хуаңдидың немересі... Аманбысың, ей Ынтықбай, денсаулық қалай? – деп амандаса шықты босағаға отыра кеткен Ынтықбайға. Оның қорыққандықтан туылған қулығына мырс-мырс күлдік. Ынтықбайдың тағы да ауыз аңди келіп отырғанын алдыңғы айтылған сҿздерге сабақтай қағытты Тілеуқан: – «Молланың кҿңілі майда, осы Құдай қайда?» Ынтықбай келген соң сабақтастар арасында тағы да арбасу-аңдысу бола қалды да, талқы үкіметтер мен саясаттардан аттап ҿтіп, аспанға бір-ақ секірді. Аспанда үкімет жоқ қой, үкіметтерге соқтығуға қарағанда, Құдайға соқтығу қатерсізірек сезілгендей. Тілеуқанның айтқан ҽлгі мақалы соған дҽнекер бола кетті: – Құдайды жоқ деп дҽлелдеушілерге мен бір дҽлел қосайын,– деп күлімсіреді Ҿмірбек, – Құдайдың атымен алдап май жеушілерді – тонаушыларды, егер бар болса, сол ұлы құдіретті иеміз неге атпайды?! Ҿзі біле тұрып, алдампаздарға аспап болғаны ма сонда? – Ант бұзғандарды неге атпайды?! – деп үндемей тыңдап отырған Серҽлі сермеп қалды. Алдыңғы күнгі қылмысы бойынша ҿзін қойып жібергенін білген Ынтықбай сүзе бір қарап қойды оған. – Опасыздықты жақтағаны ма?! Бірақ, Құдай бар болса, олай етпесе керек. Тегі, сол кісінің жоқ екені рас болғаны ғой! Бексапа мҽселені бұлардың керісінше қойды: – Ал, Құдайдың бар екені рас болсын-ақ делік, сонда осындай ыңғай терісті қолдайтын кербақпа опасызды Құдай санап, сиынудың ҿзі қылмыс болмай ма?! Славян ҽліппесін үйреніп отырған Оралқаннан бастап кҿпшілік ду ете түсті осы кезде; пікір қатыстыруға таласа кетті. – Ақылға симайтын, бұдан сорақысын мен айтайын!– деп Тілеуқан кҿтерілді. – Тоса тұрыңдаршы, мен айтайын: мен ҿзім Аллаға сенемін. Хақ Тағаланың бар болуын шын жүрегіммен тілеймін... егер бар екені ҿтірік болса, жҽннҽт тұрмақ тозағына да кіре алмай, ҿлген соң топырақ болып тозамыз ғой, тек бар болсын Құдай Тағала!... Тоса тұрыңдаршы гулемей!... Кеше менің үйімнен хат келді: бір досымның ҿлмелі қарт ҽкесі, жалғыз атымен Баркҿлдегі құдасына барыпты. Содан қайтып келе жатқанда екі сары аяқ қарсы алдынан «туфи!», «туфи!» деп тосып, атын тартып алыпты. «Шырақтарым, мен құйыршық1 емеспін ғой!» деп тізгінге жармаса кеткен шалдың ҿзін тарс еткізіп ата салыпты. Қой аузынан шҿп алмас ең момын шалына «Алланың жазған ақ ҿлімі» осы болғаны ғой! 1

Құйыршық – жиянгерліктің құйрығы, «шетел шапқыншыларына сатылып, іштен бүлік кҿтерген жендет» мағынасында. Жергілікті тҿңкерістік кҿтерілістерге қатынасқан халықты Шың Шысай, гоминдан үкіметтері осылай атаған.


– Қасқыр аузынан қой алып кҿрмеген «Хақ Тағала» осылай алмай қалай алушы еді!– деп Бексапа бір-ақ тұжырымдаы. – Ой, сабақтастар,– деп Оралқан қолбаң ете түсті, – қылмыстың бҽрін Құдайға арта бермеңдер!... Оның сҿз кезегін Ынтықбай тартып ҽкетті: – Енді Құдайды соттамақсыңдар ма?!... Алдыңғы күні айыпты болып қалғандығымнан сҿйлемейін-ақ деп едім, шыдатпай барасыңдар... Ҽркімнің ҿз қылмысы ҿзіне емес пе, кім істесе, соны жазғырсаңдаршы, үкімет ҽскерлері істеген іс қой бұл! – Е, сенің жата тастайтын жағыңа біз барсақ-ау енді– деп, Ынтықбайды Ҿмірбек іліп тастағанда, «қызыл сиыр» Серҽлі іреп жіберді: – Ҿзіңді атпай сақтап отырған Құдайды сен ақтамай, кім ақтар?! – Адамның ажалы Құдайдан, Құдай бұйырмаса, үкімет ҽскері ата ма?!– деп жорта тыжырынды Тілеуқан. Қылмыс делосын шадыр мінезді үкіметке жолатпай, «рахымы кең Құдайға» тағы да арта салды. – Қоңыр бұқам, ҿзің мені қай кҿрге қарай сүзіп барасың?! «Иттерді» тағы да таластырып алмайын дегендей, Оралқан сҿзді дағдылы шариғатқа тартты: – Құдайсыз қурай сынама, Тілеуқанның бұл сҿзі дұрыс. «Ебепке себеп» табу – Алладан ғой. Алласыз арба да жүрмейді.... ал, бірақ... – Е, ҿгіз байқұс сүйрей бермеуші ме еді, арбаңды енді Құдайға шекпекпісің? – Сенің сҿзіңді қуаттап отырмын ғой ей, тіл-жағыңа сүйенбей тоссаңшы біраз... – Енді тосып сигізейін бе сені!... Ал, қойдым банжаң, қойдым, сҿйлей бер! Оралқан ҿзінің жеке сҿздерінен мҽнсіз күлкі шығара ілмелеп отырған Тілеуқанға кҿзімен ата қарады да, ыңырана жалғастырды сҿзін: – Сабақтастар, осы бізді Құдай жаратпай, кім жаратты деп ойлайсыңдар?! – Ҽкем жаратқан шығар!– деп Ҿмірбек күлімсіреді. – Неге десең, бет пішінім ҽкеме ұқсайды. Құдайға тіпті де ұқсамаймын! – Ҽкеңді кім жаратты? – Ҽкемді ҽкесі жаратты! – Сонда түбі барып, адам пайғамбардан тарағанымызға тоқталарсың, ал, сол адам пайғамбарды кім жаратты? – Жоқ, бір ғана адам пайғамбардан дегеніңе бармаймын да, тоқтамаймын! Адамзаттың ата тегі – маймылдың ерекше бір түрі. – Маймылдан таралдық демексің ғой. Ал, сол маймылдарыңнан қазір неге адам тумайды? – «Неге адам тумайсың» деп ҿзінен сұра мұныңды! Біздің ата-бабамыз – дҽл қазіргі маймыл емес; осылардың бұрынғы бір ерекше түрі дедім ғой. Ол түр жер шары бойынша түгелімен-ақ, бұрынғы-соңды еңбектену кезеңдерінде біртіндеп адамға айналып болған. – «Ата тегім мақлұқ» дедің ғой, мақлұқ болсаң бола бер, таласпайық, бірақ, сол маймыл атаңды кім жаратқан?


– Аға, мен сіздің де сол мақлұқтан жаралғаныңызға қайта менен кҿрі үлкенірек мақлұқ екеніңізге күмҽн келтірмеймін. Сол мақлұқ атамыз – жалпы омыртқалы жануарлардың бір түрі. – Омыртқалы жануарларды кім жаратқан? Оған жан берген кім? – Айырым жан салатын ешқандай тҽңірді кҿргенім жоқ. Жан дегеніміз – қан. Тіршіліктің шарттары – ауа, су, жылылық, топырақ бар жерде жҽндік пайда бола беретінін оқып та, кҿріп те жүрміз ғой... Мҽселен, жазда ҿзіңнен «туған» жас қиды жұмсақ топырақпен кҿміп тастасаң, бір аз күн ҿтісімен-ақ жүздеген құрт құжынап шыға келеді де, сол құрттар саялы, сызды жерде екі-үш апта тұрса, кҿк бас шыбынға айналып, ұша жҿнеледі. Соларды ішіңізге кім жаратты деп ойлайсыз? ... Ха..ха...ха.. сол сияқты, сасық жерлерде жаз күндері жҽндік миллиардтап пайда болып, миллиардтап қырылып жатады. Соның бҽріне Құдай жан салып, ол салған жанын қайта алып, сол сасыққа ҽуреленеді де отырады деп ойлаймысыз?... Мағынасыздық болмай ма ол! Ҿмірбек осыны айтып қисая кетті. Бірақ үнсіз ойланыстан соң Ынтықбай қозғады сҿзді: – Мен ҿзім «Құдай жоқ» деушілерге мүлде қарсымын. Ал, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп, бар мҽселені Құдайдан кҿрушілерге де қарсымын. Құдайдың жаратуы хақ. Бірақ, ұлы жаратушы бҽрін ҿзі істей бермейді. Мҽселен, каламшҽріпте: «сақтансаң сақтаймын» деген сҿз бар. Бұл «сақтанбасаң сақтамаймын» деген сҿзге де келеді ғой?! Бұл назарияға Қуат қарсы шықты: – Олай болса, сақтана алмайтын ҽлсіз иҽ ақылсыз жан иелерін қырылсын деп жаратып, сақтана алатын, тіс-тұяқты жыртқыштарды ғана мҽңгі жасасын деп жаратқаны ма?!... Олай болғанда Құдайдың жаратқаны ҿтірік. Бұл, ҽрине, Құдай жоқ дегенге саяды. Егер бар болып, жаратқаны рас болса, онда, жыртқыштарды ғана жасатушы Құдай болғаны ғой! Бексапа айтқандай, мұндай жау таптың жауыз Құдайына сиынудың ҿзі қылмыс болмай ма?! – «Сақтансаң сақтаймын» дегені – іс жүзінде «Құдай түгіл қойшы да емеспін» дегені ғой,– деп күлімсіреді Қабен, – «қойыңның ҿзі сақтанса бағайын, сақтанбай қасқыр жеп қойса, мен жауапкер емеспін» дейтін қойшы болушы ма еді?! Бұл сҿзді кҿпшілік қуаттап, дабырлай жҿнелді: – «Құдай деген құрдым сҿз» деп сонсын айтқан – ау, ие! – «Сақтансаң сақтаймын» деген болса, «тусаң туғызамын» деп те «құдіретін» ҽшкерелеген шығар?! – Жұтсаң жұтқызатын, шашалсаң шашалдыратын, құссаң құстыратын «кереметтерімен» де Құдайды бар деп дҽлелдеуге болар ма?! – Сҿйтіп, Құдайды жоқ зат деңдерші! – деп Тілеуқан жан-жағына қынжыла қарады. – Япыр-ай, онда жҽннҽті ғана емес, тозағы да болмағаны ғой?! – Тозақтан қам жеме, ҿлгенше талайын кҿрерсің ҽлі!... Серҽлі Ынтықбайды тағы бір іреп қалды. – «Тҿбелессеңдер тҿбелестіремін», «боқтассаңдар боқтастырамын», «жылан болып біріңді бірің шақсаңдар, шаққыза беремін» деп те ескерткен ғой, Ынтеке, Құдайдың сол бұйрығымен істеп жүр екенсің-ау ҿзің!


– Е, Құдай бұйырған соң шақпайтын лажы бар ма?!– деп Бексапа қостады оны. – Шағылушы сақтанса, Құдай сақтар, Ынтекеңе не күнҽ келмек! Ынтықбай Серҽліге бұқаша тұнжырай қарап сҿйледі. – Ей, қызыл сиыр, сен маған артыла берме, күйлегеніңді біліп-ақ отырмын. Қазір ҽдейгідей ғылыми талқы болып жатқандықтан ғана саған мұрсам тимей отыр!.. – Тіліңді кҿмейіңе қайыра салармын!– деп зілдене күлімсіреді Серҽлі. – Одан сақтансаң ғана Құдай сақтайды, сҿйлей бер! – Сҿйлесем осы бір тобың ҿздеріңнен басқа ешкім де бар деп білмейтін сияқтысыңдар? Шҽкерімнің «Үш анығында» дҽлелдеген аруаққа, онымен сҿйлесуге болатындығына кеше бірнешеуің: «дҽлел емес, аңыз» деп қана жауап бердіңдер. Құдайды жоққа шығарушылар, ҽрине оны мойындамайды ғой. Ал енді бір сұрау қояйын, аспанның аржағында не бар? – Арғы жағын былай қойып, аспаныңның ҿзі жоқ, – деп күлді Бексапа, – ҽлемнің шексіз кеңістігінде алыс-алыс топтасқан жұлдыз шоғырлары ғана кҿрінеді екен. Бізге кҿрініп тұрған жұлдыздар, яғни «аспан асты» дегеніміз соның бір тобы ғана. Оны бізден сұрамай-ақ, түрмедегі тығынды астрономияңнан ұқсаңшы ҿзің! – Оны біз «он сегіз мың ғалам» дейміз ғой, соны кім жаратқан? – Ҽлем кеңістігіндегі денелер «он сегіз мың» ғана емес, сан-санақсыз кҿп... Біз ҿзімізден басқа ешкім жоқ деп емес, сансыз кҿп деп сенушілерміз, жала жаба берме бізге! Тек сіздің сүйенетін, кҿзді жұма салып етегіне жабысатын Құдайыңызды ғана жоқ дедік! – Ал енді, Құдай жоқ болса, соншалық кҿп дүниені, шексіз ҽлемді кім жаратты?... Ҽкесіз бала туыла ма, иесіз дүние жарала ма?... Біреуің ойға қонымды бір жауап берші қане, құлдарың болайын! «Құлдарың болайын» деген сертіне күлімсіреген Қабен Ынтықбайды маған құлдандырмақ болды білем: – Биғабіл ей,– деп маған қарады, – осындай сұраулармен сен кҿптен-ақ айналысқан сияқты едің ғой, сен бір сҿйлеші! Мен осы сұрауға айтатын жауабыммен ҿзімді толық қанағаттандыра алмай жүрсем де, басымды кҿтеріп алдым. Басқа сабақтастарға біраз нҽр беріп, ой салатын бір нҽрсе айта алармын деген үмітім бар еді: – Объективтік шексіз ҽлемді ҿзімен ғана ҿлшейтін тар шеңберлі қиялдың қаншалық дҽрменсіз екенін бҽріміз де бастан кешіріп жүрміз. «Ҽкесіз бала туыла ма», «иесіз дүние жарала ма» дейміз. Біздің ойымызша, ҽлем денелері жаралу үшін ҽрқашан бір айғыр болуы шарт сияқты. Ал осы дағдымен ғана ойлай берсек, сол айғырдың ҿзінің жаралуы үшін тағы бір айғыр, оны пайда қылған тағы бір айғыр, тағы-тағы... су аяғы құрдымға кете бермейміз бе?!... Меніңше ондай бір ғана ерекше айғырды – Құдайды іздеу құр ҽурешілік қана. Ҽлемді жаратушы ондай дербес құқықты айғыр жоқ. Ҽлем кеңістігінде бірі мен бірі табыса, бірі мен бірі қағыса жүріп жаратысатын неше ондаған «айғыр» бар. Ҽлем денелерін, табиғат құбылыстарын, тіршілік шарттарын... тіпті бҽрін де жаратушы солар деп сенемін. Ол – химиялық элементтер.


Мҽселен, судың жаралуы үшін екі атом сутегі мен бір атом оттегінің қосылуы шарт емес пе?... – Бҽсе, «май тілесең міне құйрық» деген осы болды?!– деп тыжырына күлімсіреді Ынтықбай. – Біз Құдай екеу дейтіндерді жойт деп жүрсек, мынау тоқсан екіге1 бір-ақ шығарды. Енді не дейміз?!... Химиядан ҿзіміз оқып жүрген тоқсан екі элементті тоқсан екі Құдай деп шықты ма ақырында?! – Солай, жаратушы Құдайларың қағаздарыңның арасынан ҿздерінің сырын шертіп отырса да кҿрмей, кҿзді жұмып ап аспанға қарай берме!... Кҿр соқырлардың Құдайы басқа болса, ҿзің білесің, ми мен кҿзі бар адамдардың Құдайы осылар сияқты. – Биғаш, күндіз-түні зерттегенде тапқан тҽңірің осы-ақ болғаны ма, недеген аз! –деп Оралқан күлді. – Ожа, мен сізге қалжыңдамаймын, ҽлемді құрастырушылар осы тоқсан екі элементпен ғана шектелмеуі мүмкін. Ҽлем шексіз, ғылым шекті; идеализм – кҽрі, материализм – жас. Ҽлі зерттелмеген сырлардың кҿп екені анық. Айқындап зерттеле келе, Құдайыңыз екі жүз де, үш жүз де, тіпті бес жүз де болып кетуі ғажап емес. Кҿз қырымен мені ата қараған Ынтықбай, ҿте бір сасық нҽжіске қарағандай, ашық тыжырынып алды: – Сондайың тағы бар ма еді?!... Енді бес жүзге жеткіземін деші!... Бҽсе... оттапсың сұр жылан! – Сен құрттапсың, сасыған жемтік! –деп жібердім мен. Ашуым қайнап басыма бір-ақ шықты. – Ақсақалдық дҽуірдің кҽрі құрттары миыңды үңгіп жеп болған екен! – «Құдай» деп те айтқысы келмей «айғыр» атауын мына қаңғының! Құдай соншалық неңді алды сенің?... – Ей, ҿлгеніңді с.... қарақшы! – деп Серҽлі атып тұрды орнынан. – «Жылан», «қаңғы» деп тағы да балтырға жабыстың ба?! Осы Жұңғарда сен қаңғып, сен бұламаған жер бар ма?!... Жылан боп сен шақпаған кім қалды осында?! Серҽлі иянаттай ұмтылғанда Ынтықбай жұлқынып барып, салып кеп кетті де алқымдаса түсті. Кҿпшілік жабыла ышқынып жүріп, айқасқан қатігез «тұяқтарды» бір-бірден қайырып, ҽрең ажыратып еді. Жұдырықпен қосыла енді тұқым-тұқияңды қи сыпыра былғайтын есер тілдер айқасты. Боқтыққа жайбасар Ынтықбай жекпе-жекте жеңіліп қалмасын дегендей, Салық пен Шақан бастаған сайлауыт топ ҿз жатақханаларынан жарыса, қақтығыса ұмтылды осы кезде, «ауыл иті бҿрі кҿргенде бірлеседі» ғой. Бұл жолы Ынтықбай жерлестерінің Қабен мен Момынбай атты сабақтастан басқасы түгел-ақ аттанысқа келіпті. «Найзаларын» Серҽліге тұс-тұстан қадап, сұққылай жҿнелді. – Ой, сабақтастар, бір Серҽліге Ынтықбайдың ҿзі де жетіп жатпай ма, сендер қойыңдар, шырақтарым!– деп Қуат тоқтау айта беріп еді:

1

сол кездегі химия оқулығында тоқсан екі элемент қана оқылатын.


– Мҽ, жетіп жатыр! –деп Шақан сыпыға ыршып шығып Қуатқа тҿнгенде, Қабен кеудесінен итеріп түсірді. – Бес Серҽліге ұстатып қойып, «жетіп жатыр» деуін ҽкеңнің аузын... – Мҽ болса, мҽ ендеше!– деп Ҿмірбек оны жақтан қойып жіберді. Ту сыртынан келе қалған бір «жау» Ҿмірбекті де жақтан бір отырғызбай қойсын ба: – Мҽ болса, мҽ!... Жекпе-жек енді жалпыласып, қарсы шабуыл енді қыза бергенде, кҿршілес класс жатақханаларындағы оқушылар Оралқанға кҿмекке келіп, арашаға түсті... Шайқасқа түскен батырлар тегіс құшақталып, соғыс майданы тынышталған кезде, «тҿбелес бастаушылар» тегіс шегіндіріліп болған шақта, сырттан қуанышты бір үн естілді: – Сүйінші!... Сүйінші!... Сүйіншілеп келе жатқан, біздің кластың ең кіші оқушысы – Ҽмірқан екен. Жүгіре басып тҿр жақ түкпірдегі Оралқанның алдына тұра қалды. Кҿкшіл сары кҿзі от шашып жайнаң қағады. Сарғыш қоңырқай жүзінде қуаныштан ба, ұялыстан ба, қызыл нұр ойнайды. Бірақ, мҽпеде ҿскен ерке, жалқы Ҽмірқан «ұялады», «тартынады» деуге ешқандай дҽлел жоқ еді; таңғаларлық ҿжет, ҿткір бала болатын. Оның қызаруын қуаныштан деуге, қазіргі күнде бҽрімізге ортақ не қуаныш болсын, таңданыспен қарай қалыппыз. – Сүйінші!... Сүйінші беріңдер! – Ал, ал! –деп Оралқан сұқтана қарады. – Алдымен айтшы ҿзің, ненің сүйіншісі?! – Құдай бар екен, анық дҽлелденді! – Ал, қалай?!... Жаратушы жҿніндегі осы айтыстарда Ҽмірқан біздің арамыздағы ең шҿгел тыңдаушымыз болып еді. Кешке іңірдегі айтыстан тым нарау қайтқан ол бүгін де Ҿмірбек пен Оралқанның айтысынан кейін, дағдарысқа ұшырағандай тұнжыр қабақпен сенделектеп шыға жҿнелген. Сол беті жатақханасының түкпіріндегі ҿз орнына барып, шалқалай кетіпті: «ей, Құдай Тағала, бар екенің рас болса, құдыретіңмен мені бір тұрғыз» деп, кҿзін шарт жұма, шапкысын бетіне жаба шалқалапты. – «Бар екені неғұрлым рас бола кҿрсін, бар болып алдымен тозағына қамаса да, жҽннҽтына түбінде бір кірмейміз бе, ҽйтеуір қайтадан тірілеміз ғой!... Ал, Құдай жоқ екен делік, олай болғанда бҽрі де жоқ; топырақ болып мҽңгіге жоғалғанымыз ғой!» Ҽмірқан осыны ойлап үлгергенше тҿбедегі тозығы жеткен, қырық тесік шкатор қағаздың үсті тасыр-тұсыр бола кетіпті. «Екі тышқан бірін-бірі қуып жүр ғой, онда не тұр!» деп Ҽмірқан қыбырсыз жата берген екен, дҽл қарнына топ ете түсіпті бірдеме. Ҽмірқан кҿзіндегі шапкыны қағып тастап, басын кҿтеріп алғанда, қалқаң құлақ қара тышқан сыпыдан домалай жҿнеліпті. Ҽмірқан да орнынан тұра секіріп ұмтылған екен, «құдіреттің жануары» сыпының астына кіре зытып, зым-зия жоғалыпты.


Құдай Тағала расында да құдіретпен тұрғызғандай, мына құбылысқа жападан жалғыз қарқылдап күліп алыпты ҿзі. «Қам кҿңіл қайғы тартқан» ҿзі сындылардан сүйінші сұрауға жүгіре шыққаны осы екен. Ҽмірқан осыны айтып, Құдайдың бар екенін дҽлелдегенде, сенетіндеріміз бас шұлғи күлімсіредік те, сенбейтіндеріміз қарқылдап қатты күлдік. Ҽділетті тергеушім, Құдайға сену мҽселесіне келгенде мен ең-ең зор қылмыстылардың бірімін. Хақ Тағала деп аталған, ҽлемнің жалғыз жаратушысы қара тышқанды елшілікке жіберіп, ҿзінің хақ екенін білдіріп отырғанда да сенбей соншалық қатты күлгеннің бірі менмін ғой. Сол сенбей жүргенімнің ҿзі – бүкіл ҽлемнің шек келтірмейтін, ең сырлы, адам пендесі маңайын басып кҿрмеген, ең жұмбақ, теңдесі жоқ деп санап, ҽке-шешесін де, адресін де ешкім сұрай алмайтын ең құдіретті Құдай. Бұған сенбеушілерді мұсылмандар «кҽпір» деп атайды. «Кҽпір» дегені сіздерше – «фангымиңшы» ғой. Демек, менің нақ кері тҿңкерісші екендігім даусыз болса керек. Себебі, сіздерде Құдайға құлдық ұра сенетін пенде сіздер. Ондай тҿңкерісшілдіктеріңіз болмаса, Маужушидың суретіне намаз оқытарсыздар ма! Ал, мен нақтылы кері тҿңкерісші болғанда да табанда атылуға тиістімін. Ҿйтетінім, менің «Маужуши де адам баласы» деп қойғаным бар емес пе! Біздің ұлы құдіретті Маужушиымыздың тұлғасы мен тұрағы ап-айқын кҿрсетіліп тұрғанда да сіздер оның аяқ киімдеріне дейін кино экрандарынан анықтап кҿрсетіп отырғанда да, ал, тіпті, қара тышқан емес, «тҿрт мұхарам періште» сияқты атақты тҿрт-бес «имамы» аят-сүрелерін бар қуысыма түгел құя жаттатып отырғанда да ұлы құдіретке сенбей, ол да адам баласы деуімнен зор қылмыс бар ма!

IV Сол жексенбі демалысының ертерек берілетін кешкі тағамына таласатартыса кеп кіріп, алқына бас қойып едік. Дем алыс күндері тамақ екі-ақ уақыт берілетіндіктен гаңфанды1 пішенге кірген аш сиырша жапырыпжайпап жатқанбыз. Ұйғыр кластарының бір үстеліндегі сегіз оқушы бірдей бұқты, үстел астына бастарын тыға лоқсып, құса бастады. Біз ҿре тұрып, қараса қалдық. – Мелли2 сабақтастар, жемеңдер! – деп айғайлай салды біреуі. Алдыларындағы тегенеде тұрған гаңфаннан жылқы тезегіндей бір нҽрсені сақбымен қысып үстел үстіне қоя салды. Бірнеше ұйғыр жігіт есік жақтағы үстелден ас пысыратын үйге шыға жҿнелісті.

1 2

Гаңпан (қытайша) – «Құрғақ тамақ» дегені. Құба-құрғақ бҿрттірілген күріш. Мелли (ұйғырша) – ұлттық.


– «Тышқан!» «тышқан!» – деген суық күбірлер естіліп тұр. Ұйғыр, қазақ сабақтастар арасынан лоқсушылар кҿбейе түсті де, ханзу сабақтастардың кейбіреуінен оларға қарсы иянат сҿздер кҿбейе түсті. – «Сіңку!», «Иерын!»3... Гоминдандық ұстаздар келгеннен бері ханзу сабақтастардың бір қыдыруы ұлттық оқушыларға осы тілдерді тым жиі қолданатын болған; қазақ оқушыларға бұл «сыйлықтарға» қосымша «туфи!»1 атты айырым «сыбаға» тағы бар болатын. Ұстаздар алдында олардың сҿзі инауатты болғандықтан, жергілікті ұлт оқушылары тілге тіл қайтаруды мүлде қойып еді. Осы кезекте де ешкім жауап қайтара алмай, ол иянаттарды елеусіз қалдырды. Екі ұйғыр оқушы екі құлағынан ұстаған семіз ханзу аспаз борсаңдай кірді осы кезде. Құлақтан ұстаушы оқушыларға ханзу сабақтастардың екеуі қатар ақырды: – Қоя бер! ... Босат!.. Жыртқыш!... Ұйғыр оқушылардың бір жуаны орындығына шыға ханзушалап оларға ескерту айтты: – Сабақтастар, сендер араласпаңдар!... Тышқанды аспаздың ҿз кҿзіне кҿрсетіп қана қоя береміз! Құлақтап алған екі оқушы аспазды тышқан жатқан үстелдің алдына апарды да, ҿзі бітеу пысырған жануарын екі кҿзіне екі сүртті. Сол-ақ екен, ханзу сабақтастар шу ете түсті де, бірнешеуі ұмтыла берді. Тосқауылға қатар тұра қалған ұйғыр сабақтастар, кимелесе кетті олармен, құлақтаушы екеуіне жібере қоймады. У-шу айғай, ақыру-кіжінулер арасынан сарт-сұрт жұдырықтар естіледі. Ханзу сабақтастардың дені аттанысқа келгенде ұйғырларға қазақ пен моңғол оқушылардың бір бҿлігі кҿмектесті. Ханзу сабақтастар кҿп еді. Ҽлгі құлақтаушы екеуге тұс-тұстан шабуылдап, таламай, тапаламай қояр емес. Балуандарымыз бен батырларымыз кҿп – біздің жауынгер класс қыбырсыз, үнсіз тұрып қалды. Қанымыз қызбай тұрған жоқ, қан десі қастастық ҿз ішімізде болғандықтан, біріміздің аңысымызды біріміз байқап, аңдысып тұрмыз. Тҽртіп меңгерушісі айтқандай, «екі қол бірін бірі ұстап», қыбырлатпай тұр. Бағана жатақханада болған ҿзара «соғысымыздың» ұшығы ҽлі шыққан жоқ қой. Осы кеште ашылатын «тұрмыс тексеру» жиыны тағы да қағындырып жібермесіне кім кепіл. Соның хаупі де тежей берді бізді. Үлкен залдағы ұлы дүбірлі жұдырық енді қызып, орындықтар мен ыдыс-аяқ та шайқасқа қатынасар кезеңге жеткенде кірген ұзын бойлы ұйғыр Жяугаң 1 ақырып-ақырып жіберді. Ҽскери басшыда болатын сұсты сес осы кісінің қалың қабағы мен үңірейген шұңғыл кҿзіне түгелімен ұялаған еді. Ақырыпақырып жібергенде осының ызғары атылып-атылып кеткендей бүріп, соғыс ҿртін тарпып ҿшіре қойғандай сезіндік. Ҽшім Жяугуан ханзу сабақтастарға қатты зекіді. Ұрыс бастала бергенде-ақ сытылып кеткен аспазды қайта шақыртып алып, кҿпшілік алдында ұрсып 3

Сыңку, иерын (ханзуша) – мал, хайуан, жабайы адам. Туфи (ханзуша) – банды, қарақшы. 1 Жяугуан (ханзуша) – ҽскери оқытушы 1


шығарды. Едірейіп-күдірейіп алған оқушыларды тыныштандыру үшін асханаға бір ұйғыр аспаз қосуды мектеп кеңсесінен талап ететіндігін айтты. Жяугуанның бұл райына разы болса да, кҿпшілік тас аяқтағы гаңфандарын тҿңкеріп-тҿңкеріп тастап шықты. Ханзу сабақтастардың мҽлімдеуімен тҽртіп меңгерушісі де алқына жетті. Асхана залына кіріп шыға сала ысқырық тартып, жатақхана алаңына ерекше жиын шақырды. Жоқтау уақыты ҽлі жете қоймаса да, ҽр кластың ҿзді-ҿз тізімі бойынша жоқтап алды да, сақылдай жҿнелді. Ҽшім бүгін кезекші Жяугуан болғандықтан кетпей, үнсіз қарап тұр еді, меңгеруші сақылдаған сайын түксиді. Ҿйтетіні, меңгерушінің сҿзі Жяугуанның асханадағы сҿзіне бүкілдей қарама-қарсы шықты, ұйғыр оқушыларға «құйрықсыз есек», «мүйізсіз сиыр» деген анықтамалар жасап, соларының «ғылмилығын» дҽлелдей бастағанда, Ҽшім қолындағы түп-түзу шыбығын лақтырып тастай жҿнелді. Тіп-тік басатын ҽскери жүрісінің тым нығыздығынан қатты ашуланғаны байқалады. Шың Шысайдың офицерлер дайындайтын мектебінен оқып, алғашқы кездегі ұлттар теңдігі сіңген миына мына зор ұлтшылдық симай, бас сүйегін кернеп бара жатқандай, тез шықты қақпадан. Меңгеруші оған қарап та қойған жоқ. Ұлттық жақтан солай қорлап-жерлеп, мұжып-мұжып алды да, гаңфан арасынан тышқан алып кҿрсеткен оқушы мен аспазды құлақтаушы екеуін кҿпшілік алдына шығарды. Тышқан ҽшкерелеушіні алға, аспазды құлақтаушыларды оның артына қатар тұрғызып, қолдарын кҿтертіп қойды. – Бүгінгі зор оқиғаны туғызған – осы үшеуі. Ҽсіресе мына уаңбадҽн1– деп тышқан ҽшкерелеушіні ақ қолғапты саусағымен қадай кҿрсетті меңгеруші. – Кҿпшілікке тамақ жегізбей қойған осы!... Тышқан да ҿздерің сияқты жҽндік емес пе, сендер жиренетін несі бар оның! Сендер етті кҿп жейсіңдер, ол еттерің де жҽндіктердің еті, ал бұл еттің одан не парқы бар?... Ұлттық оқушылар арасынан шыққан күңкіл-күбірді меңгеруші ақырып тиді да, араларына ханзу банжаңдардан тексеруші кіргізді. – Кім сҿйлесе, сүйреп шығарыңдар мұнда ... мына үшеуі үш дагомен2 жазаланады. – Бұдан кейін кім осындай қылмыс ҿткізсе, аяусыз жазаланады!... Ұқтыңдар ма, жоқ па? – Ұқтық! –деп ханзу сабақтастар ду ете түсті де, ұлттық сабақтастар үнсіз қалды. Меңгеруші зекіре қайталап сұрады: – Ұқтыңдар ма, жоқ па? – Ұқтық!...Ұқтық!... Бҽрін ұқтық! – деп ұлттық оқушылар ерегесе айғайлап, аула қорғанын жаңғырықтырды. Ол осы жауапқа ғана разы болғандай, жылы сҿйледі енді. – Сендер Жұңхуа Мингоның жақсы бұқарасы болу жолында тҽрбиеленіп жатырсыңдар, ҿз араларыңдағы мұндай хуайдандарды1 ҿздерің ҽшкерелеп 1

уаңбадан (ханзуша) – тасбақа жұмыртқасы (ҿз тілінде ауыр иянат сҿз). Оңбаған, жексұрн, сұмпайы сияқты ауыспалы мағынада қолданылады 2 Даго (ханзуша) – үлкен күнҽ. Үш үлкен күнҽ жазылған оқушы мектептен қуылады. 1 Хуайдан (ханзуша) – шіріген жұмыртқа, бұл арада иянат сҿз.


тұру – сендер үшін шарт. Мұндайларды жасырсаңдар, бізден жақсылық кҿрмейсіңдер! Ал, мұндайларға болысып, ханзу сабақтастарыңмен соғыссаңдар тіпті қатты жазаланасыңдар!... Бҽрің де мына қырық бесінші класс оқушыларынан үлгі алыңдар! Бұл кластағы сабақтастар мұндай бұзақыларына жол бермейді, тҽртіп бҿліміне ҿз уақытында мҽлімдеп тұрады!... – Ие, мҽлімдейміз деп мүйізіміз қарағайдай болды! –деп қалды Шақан. Оның уыты Салықтың аузынан атылды. – Жетістіргенсің! Сыртымыздан аңдып тұрған ханзу банжаңдар тымтіне қарағанымен оның кім екенін айыра алмай қалды да, меңгеруші ҿз сҿзін жалғастыра түсті. – Олар ҿз араларындағы мҽселелерді ҽшкерелеуші де, ҿздерін ҿздері түзетуші де болып келеді. Бүгін мен мектеп атынан қырық бесінші класқа ауыз сыйлығын жариялаймын!... Тҽртіп меңгеруші бізді осылай «жарылқап» тұрғанда «сҽяпыл» желі үдеп, дауылға айнала бастаған. Үкімі жарияланып болса да, ҽлі қол кҿтеріп тұрған үш қылмыстыны ҿз орындарына зекіре қайтарып, жалпымызға асыға бұйырды: – Бірің қалмай дереу мектеп алаңына барып, сапқа тұрыңдар! Дауыл қатайды, ту түсіреміз!... Жиесан1... Дуылдай ағытылдық та енді мектеп алаңына барып тізілуге жҿнелдік. Ұйғыр сабақтастардың шырайы іштегі ызаның дауылымен ҽлем-тапырық болып бұзылған екен. Бірнешеуі бізді кекетіп келе жатты. – Нҽмунашы2 сынып болып сайландыңдар, ҽ! –деді бірі маған. Ұзын бойлы, қырма сақал Юсуп Қасым атты құлжалық жігіт ашуын бізден қайтарғысы келгендей ашық ҿштесе тиісті: – Бұ қоңқабайлар ауызша сыйлықты алтын тҽж деп түсінетін шығар! – Ҽрине, – деп қос бүйірімді таяна қойдым. Ашумен ширыға қалғанымды қасымдағы Қуат пен Ҿмірбек сезіп қарай қалды. – Бізге енді алтын тҽж дегенің қиын ба, ҽр күні ҿзара соғысқанымыз үшін ғана ауызбен сыйлаған тҽртіп меңгерушісі бірімізді біріміз ұрып ҿлтірсек, алтын тҽжбен сыйлай алмай ма?!... Жүз тышқан сойып той қылып та берер! Юсуп Қасым бұл сҿзіме қатты күлді де қолтығымнан ұстай алды. – Міне, енді түсіністік! –деп бҽсеңдей сабақтады сҿзін. – «Жұңхуа Минго» дегеннің не екенін білмей жүріппін. Албастының орнына албасты қоныпты емес пе!... «Мың гуй1» дейді тағы да! Бір албастыдан ҽрең құтылсақ мың албасты басты деші!... Бұл сҿзіне қарқылдай күлістік. Барлық ҿшімізді осы сҿз қайтарғандай, Юсуп Қасымға сүйіне күлдік. Қатты дауылға қарсы келе жатқанымызды да, тіпті, ту бағанасының түбіне жеткенімізді де сезбей күліппіз.

1

Жиесан (ханзуша) – таралу (тізілген саптан, жиыннан тарау бұйрығы). Нҽмунашы (ұйғырша) – Үлгілі. 1 Гүй (қытайша) – албасты. Жерлік халықтың менгоны – «мыңгүй» деп атап жүргені – тілдегені екен. 2


– Бізге ханзу сабақтастарды ҿш қылып қойған да осы гҿйлер! – деп Юсуп Қасым ҿз орнына кетті. Қатарлас тізілген басқа клас оқушылары бұл күлкімізді жаратпағандай, бізге қарап мұрындарын тыжырып қояды. – Сыйланғандықтарың қойындарыңа симай тұр ғой, ҽ?– деп кекетті біреуі. Оған Қуат жауап қайырды: – Жоқ, шырағым, біздің қойнымызға ауыз сыйлығы ғана емес, неше жүздеген арам таяқ та сиған! – Ҽмірқанды іздеп Құдайдан келген елші тышқанды жеп қоя жаздағанымызға күлдік!– деді Ҿмірбек. – Ҽмірқанның дҽлелдемесін қазақ кластары түгел естіген екен. Жабыла күлісті бұл сҿзге. Қатарымыздың тҿменгі шетінен Ҽмірқанның дауысы шаңқылдады: – Жоқ, менің тышқаным қазанға түспейді, ол жатақханада ғой! – Е, сенің шометайыңа дҽлдеп түскен «елші», аңырайған қазанға түсе алмай ма!– деген Тілеуқан сҿзіне қарқылдай күліп едік, Ҽмірқан қызарақтай жауап қайырды. – Қазанға түскен тіпті де менің тышқаным емес, аспаздың тышқаны!... Пысырған тышқанын жемедің деген ашумен жазалап жатпай ма! Кішілігі мен ҿткірлігі үшін Ҽмірқанды қазақ оқушылар түгел еркелетуші еді. Оның қадала түсетін тікен сҿзін ешкім кек сақтамай, қызықтап күлетін. Бұл сҿзін де қузастырған ешкім бола қоймады. Ту түсіру үшін сап түзеу командасы берілді. Отыз метрдей биік бағана басында тұрған кҿк шеке «гоминдан қызыл» дауылға шабынғандай, құйрығымен екі «санын» шарт-шұрт сабалап, үздіксіз жұлқынып тұр еді. Тҽртіп меңгерушісі мектептің бірнеше қызметкерін ерте келіп, алдымызға тізілісімен «Санминжуий» ҿлеңін бастадық. Ту тез түссін дегендей, боз бораннан асырып-ақ боздатып едік, тосын бір сҽтсіздікке ұшыраған соң, «қозылатып» соза түсуге тура келді. Екі оқушы саумалай сусытып түсіретін арқанның екі ұшын бағана түбінен шеше бергенде, туды қатты жел қағып ала жҿнеліп, ық жақтағы электр бағанасының басына жаба салды. Бірнеше оқушы жүгіріп барып, созылып жатқан арқаннан тартып еді, түспеді; ту дал болмай бағанадан ажырар емес, жел күшімен бағана басына орала жабысты. Түсіремін деп ұшырып алған ханзу сабақтастың бірі ҿрмелеп шығып барып ажырату үшін бағананы құшақтай бергенде, тҽртіп меңгеруші ақырып, ақ қолғапты қолын шайқады, мұнысы бағанаға «шықпа!» дегені еді. Артына бұрыла қарап, ҽлде кімді кҿз қыдырта іздеп тапты да: – Сен шық! – деді тышқан ҽшкерелеуші қылмыстыға, – міне, сенің кешірім алатын орайың келді, жыртпай түсір! Маңайындағылардың «шоқпа, шоқпа» дегенін тыңдамады «қылмысты», үлкен күнҽдан «оңай құтқаратын бағанаға» қарай тұра жүгірді. Біз тіксіне қалдық. Басындағы он неше қатар электр сымы қатты желден айдаһарша ысқырып тұр. – Тоқты ахұн дар ойынына машықтанған, мұндай бағанаға шығу оған сҿз емес!– деді бір ұйғыр сабақтас.


Тоқты ахұн расында да ағашқа шығуға аса епті, машықты екенін кҿрсетті. Жеп-жеңіл ҿрлеп, электр сымына жете кідірді де, жерде тұрғандардан таяқ сұрады. Туды сонымен түртіп ажыратпақ сияқты. Меңгеруші бағана түбіне жетіп барып, қолындағы жаза таяғын лақтырды. Бір қолымен қағып алған Тоқты, туға қанша созса да, қысқа таяқ жетер емес. – Түс, түс, түсіп кет! – Тоқ тартып кетеді, түс!– десіп бірнешеу қатар айғайлады. Тоқты ахұн ҿрлей түсті. Тҿменгі қатар сымнан сҽл асыңқыраған басын қайқайта алыстатып алып, қолын тағы созып еді, таяқ толық жетсе де, қатты жел жабыстырып тұрған үлкен ту бағана басынан ажырамай қойды. Бір қолының қарымы жетпеген сайын ышқынды Тоқты. Электр сымдары да ышқына түсті, аш бҿріше шулап, айдаһардай жұтынып тұр. «Түс, түс!» деп кҿпшілік те шу кҿтерді. Батыс жақтағы қызыл тауға «еңкейген» күн мұнарлана түсті. Айғайлай ұмтылды Юсуп Қасым: – Тоқтай тұр, мен де шығайын. Иығыма аяғыңды... Бұл сҿз айтылып болғанша Тоқтының бағананы қысып тұрған екі аяғы тайып кеп кетті. Таяқты тастай сап, бағананы құшақтай бергенде жақындай қалған маңдайдан сап ете түсті тоқ сымы, тартып жабыстырып ала қойды. Бағанадан аяқ та, қол да ажырап, сымға лездік қана асылғанда жауырынынан кҿк жалын бұрқ ете түскендей болды. «Жанды» ҽпсҽтте суырып алып, тастап кеп жіберді денесін. Қатты жерге түсірмеуге жапырлай ұмтылған сабақтастарының үстіне түссе де, «қылмысты» сылқ түсіп, иегін жалғыз-ақ қақты, «қылмысын» осылай жуып, «дагодан» осылай құтылғанын, біржолата мҽңгіге құтылғанын қолаяғы мен мойнының сылқылдауынан кҿрдік. Бүкіл алаң «Алла-Аллалап» кетіп еді, «А... ла...» деп жымиды меңгеруші ең соңынан. Жымия қалды да жия қойды аузын. Бір адамды ҿлтіріп тұрып айтқан мына мазағына кҿпшілік атыла қарады. Жүздеген кҿз, ыржиып барып жиылған сол салпы ерінге тҿніп еді. Кҿпшіліктің кҿзінен секем алған ол: – Дайфу ...Дайфу1– деп айғай сала жҿнелді. Мұнысы дҽрігер іздеу емес, кҿпекҿрнеу қашу екен, соңынан қуа жүгірді бір топ ұйғыр сабақтас; меңгеруші емханаға емес, тұп-тура мектеп бастығының кеңсесіне жүгіре кіріп, есікті қатты жауып алды. Зҽмбіл тауып ҽкеліп, мҽйітті жатқызған ұлттық оқушылар сол «табыттың» артынан шұбаған беті мектеп кеңсесінің алдына жиылды. Үн-түнсіз тұнжырасып, терезелерге тҿністі. – Ішінен іліп алыпты!– деп алдымен келген сабақтастар есікті ұрғылап тұр. – Бұзыңдар! – Аш, есікті! – Шақ! ... қират! – Асханадан балта ҽкел!– деген ашулы үндер сапырылысты бір мезетте. Тҽртіп меңгерушісінің қорқып тығылғанын білген соң кҿпшілік шулай түсті. Бірақ, қимыл жасаған ешкім жоқ. Біздің кластағылардан тіпті оларға үн 1

Дайфу (ханзуша) – дҽрігер, емші.


қосқан да ешкім болмады. Қолдарымызды қусырып, жым-жырт тұрмыз. Аңди қарасып қоямыз бір-бірімізге... Сҿйтіп тұрғанымызда қақпадан едел-жедел екі жеңіл машина келіп кірді. Меңгерушінің кеңседе отырып соққан телефоны бойынша оқу-ағарту меңгермесінен келген ыңғай ханзу бастықтар екен. Кеңсе есігінің алдында жатқан ҿлікке тыжырына-тыжырына қарасты да, жым-жырт қарап тұрған кҿп оқушыны кҿз қырларымен бір-бір шолып, күңк-күңк, сҿйлесіп қалды. – Бұл неден ҿлді? –деп сұрады бірі кҿпшіліктен. Оқушылар жапа-тармағай жауап қайырды: – Тоқ соқты! – Осы қатты желде электр бағанасына меңгеруші зорлап шығарды!... – А.. а.. ешкім ұрып ҿлтірмеген ғой, тараңдар! –деп бұйырды ҽлгі бастық сес кҿрсетіп, кердие қалды енді. – Ҿлікті ҿз жатақханасының алдына апарып қоя тұрыңдар, тексереміз! Кҿпшілік арасынан, кім екені белгісіз, бір ұйғырдың қатал үні шыға салып ҿшті. – Тарамаңдар! – Кім? Кім?– десіп үңірейе қарады бастықтар, кҿпшіліктің қаймығып тұрғанын ешкімнің қайталап үн қатпауынан сезген ҽлгі бастық одан ҽрі кердие, қатқыл үнмен сҿйледі: – Тараңдар!... мҽселені мектеп бастықтарымен, оқытушылармен сҿйлесіп шешеміз!... Сұраймыз, тексереміз, қайтыңдар! – Олар білмейді!– деп қалды тағы бір оқушы. Екінші, үшінші, тҿртінші үндер бҿлісіп алғандай үзіп-үзіп, ханзуша ең қысқа сҿзбен жалғастырды талаптарын. – Біз кҿрдік! – Біз білеміз! – Меңгеруші ҽдейі ҿлтірді! – Шықсын ҿзі! Бастықтардың кҿздері тышқан аңдыған мысықтың кҿзінше қанша ойнақши тҿнгенмен сол үндер кім-кімнен шыққанын тап баса алмай қалды. Бекітілген кеңсесінде мүдірдің ҿзі де бар екен. Қатты қайғырған адамша зілдей салмақпен шықты есіктен. Сырттан келгендермен қол алысты да, оқушыларға үзілердей бҽсең үнмен «жыламсырай» тұрып сҿйледі: – Сабақтастар, бүгін біздің ең жақсы бір сабақтасымызды тоқ соғып ҿлтіріпті. Тҽртіп меңгерушісінен жаңа естіп, анықтап сұрап шықтым, ілініп қалған туды бағанадан түсіруге шығарған – тҽртіп меңгерушісінің ҿзі екен. Қапыда қалыпты, қатты ҿкінеді. Бұл сабақтастың күштілігіне, ептілігіне сеніп айтқан екен, ҿздігінен елпек қағып жүгіре жҿнеліпті. Бұл – отанды, үкіметті, кҿпшілікті шын жүрегімен сүйе білген ең қадірлі сабақтас!... Жерлеуге ҿз класындағы сабақтастары жетеді, дайындық кҿре берсін. Бар қаражаты мектептің қазына бҿлімінен шығарылады. Тҽртіп меңгерушісінің кемшілігін тиісті орындармен сҿйлесіп шешеміз! Ұстаздар шешім ететін іске оқушылар араласпауға тиісті, ал, тараңдар!


Кҽрі жҽдігҿйдің «жылы-жұмсақ» сҿзіне оқушылардың бірсыпырасы жұмсарғандай, үнсіз тараса берді де, азырақ бҿлегі бір-біріне қарасып тұрып қалды. Мен де бұрыла беріп, ойланып тоқтадым: «бұл «қадірменділікпен» емес, қастықпен ҿлтірілді ғой. Қылмысыңнан арыл деп шығарды ғой, арылатын қылмысы не еді сонда, тамақ ішінен тышқанды алып тастағаны ма?» – Меңгерушінің «кемшілігі» емес, зор қылмысы тергелсін!– деп, топтың арт жағында тұрған біреу зекіп қалды. Шеттей тұрған тағы бір ұйғыр жігіт анықтай қостады оны: – Меңгеруші бүгін кісі ҿлтіріп отыр, бұл «кемшілік» қана ма?! – Дереу жазалансын! –деп шу ете түсті бірнешеуі. Бастықтар ҿзара бір-бір қарасып қойды да, сҿзді алдыңғы кердие сҿйлеген бастық алды: – Сабақтастар, пікірлерің болса, жазып беріңдер, ұстаз алдында оқушылардың бұлай сҿйлеуі тҽртіптілік емес. Шяужаңдарың айтты ғой, тараңдар, Жұңхуа Минго үкіметінің заңы мұндай істі аяқсыз қалдырмайды! Бұдан соң оқушылар жағынан қарсы сҿз шықпады. Ҿзді-ҿз кластарымызға тарадық. Сонан соң мектептегі жалпы ұйғыр оқушылар бірлесіп арыз жазды. Ол арызда мектептегі қазақ, моңғол сабақтастарды да айғақ-куҽ тартқан сҿз бар екен. Бірақ, біздің ешқайсынымызды ешкім шақырып сұрай қоймады. Ертеңінде жерлеу салтына ҽр кластың ең-ең момын жандарынан таңдап шақырғандықтан Оралқан бас тҿрт-бес сабақтасымыз ғана қатынаса алды. «Жұңхуа Минго үкіметінің заңына» мұнан соң да құлақ түріп жүрдік. Біздің кішкене Ҽмірқан тіпті сағат ара демалыстарда да жүгіріп шяужаң кеңсесінің алдында тұрып-тұрып қайтып жүрді. «Шындығын іздесе мендей бала ақымақтан сұрамай ма?» деп, тілі жететін Ақылбайды оның тақымдап тұрғанын кҿреміз. Бірақ, іздеген, сұраған ешкім болмады. Ұйғыр сабақтастар топталып бір барғанда: «арыздарыңды жоғарыға жолдадық» деп қана жүре беріпті шяужаң. Тоқты Самат жерленген соң біздің күткен сұраушы-анықтаушымыз үмітіміздің керісінше жылтыңдай қалды: Ол – ҿзіміздің Кҽмен. Біздің ҽрқайсысымызбен жеке-жеке сҿйлесіп, «меңгеруші жазалансын» деп талап қоюшылардың аттарын сұрастырды. «Меңгеруші бүгін кісі ҿлтіріп отыр» деп ашық сҿйлеген оқушыдан басқасының кім екенін таба алмай жүріпті. Бір елеусіз сҽтін тауып менен де сұрай қалды. – Сені мен менен басқасының бҽрі сондай талап қойған!– дедім мен. – Оны қайтпексің? – Мен досыңмын ғой,– деп жуып-шайды Кҽмен, – сені сақтандыру үшін сҿз етіп тұрмын. Ҽнеу күнгі ҿлімде артта қалып талап қоюшылардың ішінде сен де бар екенсің, сонда кім-кімнің сҿйлегенін сен кҿргенсің. – Сен ҿзің де тұр едің ғой сонда? – Мен ҽншейін тұрғанмын, кім сҿйлегеніне зер салмаппын. – Ұзын құлақ сен «ҽншейін» тұрғанда, шүлдір шұнақ мен қалай естімекпін? «Ұры арты қуыс», Кҽменнің топырақ сары жүзі қызғылт тартты. – Досым, тілің бұрыштай екен ҿзіңнің, ұзын құлақ боп не қыппын?


– Құлағың менен гҿрі естігіштеу дегенім ғой, ол жерде кімнің не деп тұрғанымен шаруам болмапты. – Меңгеруші туралы сҿйлеуден сақтан,– деді Кҽмен қамқорсып, -сол ҿлім жҿнін меңгерушіге артушылар ханзу сабақтастар арасында да бар екен. Ондайларға тұрмыс тексерту жиынында қатты сын айтып, ескерту беріп жатыр. Егер тағы қайталаса жаза қолданылатындығын айтты... Кҽменнің бұл хабарының шындығын ханзу тілі класында оқып жүрген Асылқаннан сұрап анықтадым: Тоқты Саматтың ҿліміне меңгеруші жауапкер екендігін дҽлелдеп, шяужаңға пікір жазған ханзу сабақтастар, ҿз араларында қатты сындалыпты да, олардың ұйғыр, қазақ оқушыларымен байланысы шектеліпті. Бұдан кейін ондай сҿз шығарғандарына «ұлттар ынтымағын бүлдіруші» ретінде «үлкен күнҽ» жазылатындығы ескертіліпті. Сҿйтіп, бұл ҿлім жҿніндегі сҿздерге үш-тҿрт күн ішінде-ақ тиым салынды да, меңгеруші шарқ ұрып, бұрынғы ҽуеніне баса берді. Кҽмен сияқтылардың мені сақтау үшін емес, ҽділ талаптарды тиып, меңгерушіні сақтау үшін зор міндет ҿтегенін сол тҽртіп меңгерушінің бұрынғысынан бетер шақылдауынан түсіндік. Дүйсенбі күндері ашылатын «Сун Жуңшанды еске түсіру» жиынының бірінде меңгерушінің құдіреті тіпті ашық кҿрінді. Гоминданның партия туы мен мемлекет туы арасына ілінген Сун Жуңшан суретіне бес минут бас иіп, аза білдірісімізбен «Зұңли ҿсиетін» 1 меңгеруші бастап оқытты. Дағдыда оны шяужаң ҿзі бастап, мектеп қарауындағы барлық адам еріп оқитын. Бұл жолы шяужаң ҿз орнын ҽдейі беріп тұр екен. Меңгеруші ҿсиетті бір сҿйлемнен айтып оқытып шықты да артына қайрыла сала жанқалтасынан «мектеп басқармасының ерекше қарарын» шығарды: екі ұйғыр сабақтастың «мектеп тҽртібін үздіксіз бұзып» бағынбай келгендігі, мектеп тҽрбиешілеріне «шабуыл жасауға дейін жеткендігі», сол үшін мектептен қуылғандығы жазылыпты. Оқу-ағарту меңгермесінің бұл жҿніндегі бекітуін де оқыды. «Екі бұзақының» кім екенін айыра алмай тұрғанымызда айдала жҿнелді, Кҽмен іздеп жүрген «кҿп бұзақының» екеуі екен. Бірі, «меңгерушінің қылмысы тергелсін» деген «бұзақы» екен. «Дереу жазалансын» деп шу кҿтерген «қарақшылардың» тамыры кҿп болып, қарымы жетпегендігінен бе, ҽлде, мезет-мерзімі жетпегендігінен бе, ҽйтеуір, оларға балта тимепті... Жиын тарасымен ұйғыр сабақтастар ҿздіктерінен үн-түнсіз тізілді де, қақпадан шыға жҿнелді. Бір сағаттан соң қайтып келгенде естісек, оқу-ағарту меңгермесіне арыз айта барыпты да, жаппай жылап жабыла шулап тұрып «тексерейік, сҿзсіз тексерейік» деген жауабын ҽрең алып қайтыпты. Сол тексерудің нҽтижесі ілбігеннен ілбіп зорға жетті бізге: меңгерушіге «даго» ҽрең жазылыпты. Бірақ сол жазалануына сенер-сенбесіміз белгісіз күйінде қалдық. Сенбейік десек, оқытушылар мен тілмаштарды түгел жиып, меңгерме бастығы жариялапты, сенейік десек, жазаланушымыз жалаңдаған семсер күйінде сақталды. 1

Сун Жуңшан ҿсиеті осылай аталатын.


Ҽділетті тергеушім, осы ҿлтірілген қылмысты мен мектептен айдалған екі бұзақы жерлік жағынан болмаса да, елдік жағынан сіздің ағаларыңыз еді. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» дегендей, бұл үшеуінің бұлай жазалануына сіздің бүйрегіңіз, ҽрине, бүлк етпеген шығар. Сізше болғанда, бұларға ең кеңшілік саясат қолданылған да, ҿте жеңіл жаза берілген ғой. Бұл оқиғада сіздер сүйіне қуаттайтын, біз қылмыстылар қауымы «суайт сенім» деп даттайтын тағы бір үлгілі дҽстүр бар. Яғни құқықты кісі нені қылмыс деп жарияласа, бағынышты пенделер соны қылмыс деп мойындай беруі, сол қылмысынан неғұрлым тез арылып, адалануы қажет. Тоқты Самат қылмыстан қалай адаланды?! Қылмыс түгіл ҿз ҿмірінен де адаланбады ма, неткен қаһармандық!... Мархұмның жаны жҽннҽтта-ақ шығар-ау! Оған адалану орайын тауып бере қойған тҽртіп меңгеруші неткен рахымды жан, шаһитке балаған шяужаң қалай ҽділ еді! Сіздің бұл жолғы үкімдердің біреуіне ғана наразы екендігіңізге дауым жоқ, ол тҿртіншіге шығарылған үкім. Меңгерушінің кісі ҿлтірген «кемшілігі» Тоқты Саматтың тамақтан тышқан алып тастау сипатты зор қылмысына астар бола алар ма? Екеуіне бірдей «даго» жазылғаны неткені?!... Сол жерде ҿзіңіз болсаңыз ҽлгі бұзақылардың нақ кері тҿңкерісші шайка екендігін бақалшағын шағып отырып мойындатар, мойындарын үзе салар едіңіз ғой!... «Меңгеруші жазалансын» деп шулаған сол топтың арасында менің де бар екенім айтылып кетті, игіліктің ерте-кеші жоқ, сол қылмысым үшін, міне мойным! V Жылдық сынауға бірер ай ғана қалған 1943 жылдың кҿктемі. Мектебіміздің арт жағындағы «Бахулан»1 деп аталған жайдақ сайда қарағаш тоғайы жасарған, бүршік қынаптарын жарып, жасыл жапырақтар мен жас ҿркен жарық кҿре бастаған кез. Біздің арамыздағы жас талаптың бүршіктері де жарылып, ақындық кҿрсете бастады осы кезде. Ҿсімдік ҿркеніне жан берген күн нұры болса, біздегі ақындықты шабыттандырған – кҿрген ҿміріміз бен оқыған кітаптарымыз еді. Біз де жас ҿркен сияқты жаппай ұмтылып, жарыса талпындық. Кҿргеніміз де, оқығанымыз да бірдей ғой. Қазақстан поэзиялық шығармалары бҽрімізді баурап, бос уақыттарымызда кҿбінше соларды оқып жүр едік. Кейін келе кҿшірме ҿлең, дастандар кҿбейді. Абай, Шҽкірім шығармаларын былай қойғанда, түрмеде жатқан ҿзіміздің ақын ағаларымыздың ҿлеңдері де түрмеден ұрлана шығып, бізге шырқала жырлай, жылай жетіп жатты. Үрімжі түрмесіне 1940 жылы келген Таңжарық пен Ҽбдікерім ақынның ҿлеңдері осы кезде ҿзімізді де кҿп жылатты: «Дариға, тағдыр қысты, қиналды жан, 1

Бахулан – Бахуляң – Үрімжідегі жер аты.


Ҿтпейді ҿңешімнен су менен нан. Қайғымның қаншасына сен куҽ бол, Тҿгілген жүрегімнен қып-қызыл қан! Дариға, мен қайғырдым кімдер үшін, Оларға кҿрсетіп тұр кімдер күшін?! Жаралап кҿкірегімді улы қанжар, Қан құстым жүрегімді тілгені үшін! Қайғырдым назаланған елім үшін, Ақ бүркеп азаланған жерім үшін. Ішінде қан майданның қаза таппай, Жазықсыз жазаланған ерім үшін! Түрмедегілерді кҿп зарлатқан ұлттас сатқын тергеушілерге кейде қаһарлы тіл қанжарын қадап, кейде қапалы қарғыс жаудырған ҿлеңдер де жетті: «Кҿр қазған кҿрінгенге қотиындар, Құран қып қожа сҿзін оқитындар. Бар оқып, жетілгенің осы бопты, Түрмеде бізбен бірге шоқиыңдар!» Қатарлас камераларда жататындар бірінің халін бірі дер кезінде біліп тұрады екен. Бірін бірі демеп, бірінің жарасын бірі емдеп, қайрат-қажырға, үміткерлік пен жігерге шақырысқан жауынгер жырлар кҿп туындапты. Тергеу қинауынан күйреп шығып, сүйретіліп ҿтіп бара жатқандарды есік саңлауларынан кҿріп тұрған осы ақындардың қолма-қол айтып қалған, кереметтей шипалы ҿлеңдері сырттағы бізге де дҽл сондай ҽсерімен жетіп, ем айтады: «Қажыма, тұр орныңнан болат жүрек, Дұшпандар салса қанжар, найза тіреп! Жер жүзін тітіретіп басса зұлмат, Найзағай атылса да күн күркіреп!» Шың Шысайдың қанды қолынан билік тайып, гоминданның «қамқорым» болып кҿріну жҿніндегі ауыз жомарттығы түрмедегілердің кісен-шынжырын бірер елі ұзартып, біраз тыныстандырған екен. Бұрын бір-бірінің ҿлітірілігінен мүлдем бейхабар жатқан «қылмыстылар», осы сҽтте ғана хабар табысыпты. Ҿлгендеріне жоқтау, тірі қалғандарына аяныш, шағым сазды ҿлеңдер осы кезде кҿп таралды. Ҽбдікерім ақын Шҽріпқан мархұмды былай жоқтайды: ...Ел сасса, аузына алған ұраным-ай, Ер сасса, қолына алған құралым-ай!


Зым-зия болдың бүгін кеше арыстан, Оқыған тисін саған құраным-ай! Мекенің алтын Алтай тұрағың-ай, Мезгілсіз сол биіктен құладың-ай! ........................................................... ........................................................... Құз биік – Теңгір1 биік, Сеңгір биік, Аңдыған мерген қуып біз бір киік. Баласын сол киіктің қасқыр басып, Киікпен мен де бірге тарттым күйік! Басыңа тар қамауда қалта киіп, Арсылдақ ит күзеткен тісі ырсиып. Қорсылдап қодыраңдаған қай жендеттің, Тұрды екен сұрағында басын иіп?! ........................................................... Қиядан ұштың қыран, қонарда жоқ, Іздесем алтын Алтай, Оралда жоқ! Езілген ескі ҿмірді еске аларлық, Тым құрыса құба балшық молаң да жоқ! Еске алған ел құрбанын залым осы, Зарымның таршылықта сарыны осы. Тар есік, там босаға, тас қамауда, Кҿз жасым – қолдан келген барым осы! Осы ҿлеңдердің қайсынымызға болса да жағатындығын біле тұра бірбірімізден жасырып оқып, жасырып кҿшіреміз. Жасырын дҽптерлерімізді ҽлде кім жиып алып салыстыра қалса, мазмұн, тақырып реттері де бірдей шығар еді. Бір ғана адам айтып, жалпымызға бір-ақ кҿшірткендей, бір ғана ұстаздың оқытып жатқан конспектісіндей, бір ғана қолбасының басшылығымен істеліп жатқан істей кҿрінер еді. Олай болатыны: досымызға болсын, қасымызға болсын келіп жеткені бірер тҽуліктің ішінде бҽріміздің дҽптерімізге қондырылып болады. Ынтықбайдың кҿшіргені ҽпсҽтте менің дҽптеріме де түсіп болғанын оның ҿзі мүлде сезбейтін. Ал, ту басында менің дҽптеріме кҿшірілген ҿлеңдердің Бексапаға, Бексападан Тілеуқанға... қыдыра-қыдыра «қас жауым» Ынтықбайдың қойын дҽптеріне кіріп кеткенін, оның оқи отырып жылайтынын да сезбейтінбіз. Кҿрген күніміз бір болғандықтан кҿңіл-күйіміздің де бірдей екенін ҿшпенділік құрғыр сездірмейтін. Нені кҿріп, неге жылап отырғанымызды қас 1

«Теңгір» деп -Хантеңгір, Еренқабырға тауы, «Сеңгір» деп Боғда тауы айтылып отыр.


кҿз қайдан білсін, ҽйтеуір қайсынымыз жыласақ та іркінді нҽтижесін сырт қарап ыршытатынбыз. Арлан бҿріше арқа жүнімізді үрпитетінбіз сонан соң. Сондай жасырын ҽсерін қара тақтаға жұмбақтай жариялап, ҿлең жазатындар шықты бір күні. Оқытушысыз ҿткізген кҿптеген сағаттардың бірі еді. Кейбірінің ҿлең сиқы болмаса да, ой-пікірі түрмедегі ағаларымыздікіне ұқсайды. Кейбіреу оларға еліктей жырласа да, ҿзіндік ойын қосып, ҿзінше жырлауға тырысады. Қара тақтаға солардың бірі болып жазылса да, дау қозғап, жаугершілік тудырғаны Ҿмірбектің мына ҿлеңі болды: Ағалар қайғырады кімдер үшін, Оларға кҿрсетіп тұр кімдер күшін?! Ізбасар іні болып жылайтындай, Бар екен бізде сірҽ қандай пішін?! Бұл ҿлеңге танауы едірейе қараған Салық алдындағы қағазға апыл-құпыл жаза салды да, қара тақтаға барып кҿшірді: – Таныс-ақ қой ҽркімге сіздің пішін, Танымасаң айнаға қара, кісім! Талпақ танау, май басқан кҿзі бітік, Қай бабаңа ұқсаған осы мүсін? Ҿмірбек те қаратақтаға қайта барып жаза жҿнелді жауабын: – Адамға сын емес қой сыртқы мүсін, Ҿлеңді мен жазғанмын адам үшін. Шошқадан тұңғыш жырың жаралғандай, Қорсылдаса, айта ғой ҿзің кімсің?! Ҽрқашан шошқа жырды шошқа жазар, Адамнан ол айтысып қалай озар. Ҿлеңді адамша жаз адам болсаң, Сыр шертіп, шымырлатып кҿңіл қозғар! Кҿпшілік шуылдай құптады бұл ҿлеңді. Қабен Салықтың ҿлеңін қатты жерледі: – Дұрыс сҿзге бұрмалай жауап қайырып, боқтай салатын ҿлең, расында да адам ақынның ҿлеңі болып бағаланбайды ғой! – Тіпті ҽрқандай жағдайда да ҿлеңге боқтық араласпау керек!– деп қалды Оралқан. – Олай емес,– дедім мен, Оралқанға қарап. -Ҿлең патшалары ебін тауып, елін сүйіндіре боқтай алады. Мысалы, Абайдың: «ҿзі шошқа ҿзгені ит деп білмек» дейтін ҿлеңіне қай дос сүйінбеген. Мҽселе себебін дҽл тауып боқтауда ғана. Ҿмірбектің алғашқы ҿлеңі сырлы, ҽркімнің іштегі сырын қозғарлық ҿлең еді.


Ол ҿлеңге: «шошқасың, ата-бабаңның қайсысына тартқансың» деген себепсіз шалдуар-шипау сҿз сиымды жауап бола алмай шықты да, ҿзі одан ҽлдеқайда мықты боқтық естіп қалды. Бұл ҿлеңнің мықты есептелетін себебі – сіңімділігі мен сиымдылығында. Салық ашуға булығып, қанша талауырағанымен тҿтеп бере алатын жауап таба алмағандай, ойланып қалды да, тақтаға Шақан шықты. Тым кесек мінезді Шақанның енді тым кесек тілмен боқтайтындығын байқай қойған Тілеуқан қу да жүгіріп барып бір шетіне жаза қойды: – Шақаң батыр, деген соң Шақаң батыр, Байқа батыр, зор шұрқан келе жатыр! Мескертейін батырым, мескертейін, Құлағыңа сыбырлап ескертейін. Ҿлең білсең, тауып айтасың, Білмесең қауып айтасың. Кҿпшілік ду күлгенде Шақан да жалт қарады. Бірақ, бұл «мескертуді» кҿріп оқығанша ҿзі де жазып болып еді: Жылан жақтайд жыланды күйіп-пісіп, Шыға келер ысқырып ара түсіп, Табаныммен мыжырмын тарпып бір-ақ, Тегінде отырмасаң к...ді қысып! Ҿмірбек бұған да тҿтеп берерлік жауап қайырды: – Шақаңның бұл ҿлеңі қайдан шықты? Келіп тұр сасып-шіріп қайран мықты! Аузынан шықты деуге дҽлелім жоқ, Артындағы бір терең сайдан шықты. Шақанның жұдырығын жұмсатып алудан сақтанған кҿпшілік сықылықтап, шиқылдап қана жасырын күлісті. Салық қайта келді тақтаға. Ойланып жазғандықтан бұл ҿлеңі сҽл ұтымдылау шыққан сияқты. Пішініңді сұрадың ҽуел бізден, Барыс болсаң, таймас ең осы ізден. Қисық болсаң айнаға ҿкпелеме, Дҽл кҿрсеттім сиқыңды кҿрген кҿзбен! Бір белгі ғой аңға да сыртқы мүсін, Терісінен танимыз аңды, кісім. «Сасық жел» мен «шошқадан» айнымайтын, Тағы дҽлел болмай ма арам ішің!


Тақтаға Ынтықбай да шығып, осының жалғасына бір шумақ ҿлең тіркеді: Бізге қарсы кім шықса – найман шығар, Кіріп алып қойныңа найман шағар. «Ҿкіреш» деп сол шалың аталып ед, Тістеп шағып ҿлерің содан шығар! Тілдің уланып, ынтымақ-берекеге тағыда у тҿгіп бара жатқанын білді ме, ҽлде, қиыс жауап пен қисынсыз жаланың жеңіліске мойындамайтынын білді ме, Ҿмірбек жауап жазбады. Мұрнын тыжырып, қолын сілтей салды. Айтысқа Қабен қатысты енді. Ынтықбайдың ҿлеңіне ызаланған ол керей атынан найманға жақындық білдіріп, ҿз тентегінің тілін тимақ сияқты: Іріген сҿзі осы ғой шірігеннің, Неңді алған найман баба сірҽ сенің?! Қудалап құлғанадай қадаларлық, Бар ма еді ҽке құның, ата кегің! Ел едік бірге туып, бір қонысқан, Жер дауын, елдің кегін бір қуысқан. Іні боп Қабанбайға ер Жҽнібек, Қашан да қан майданға бір шығысқан. Бірге айтып бір түрмеде налаларын, Бір тҿккен қан мен жасын ағаларың. Осы бір налет жауғыр пішініңді, Біліп қой «арам без» деп бағаларын. Салық тез басып, ширай шықты да ала шыққан жаза таяғындай ақ борын тақылдата жҿнелді тақта бетіне: Ей арсыз, арам без кім, алал без кім, Жұрт кешіп, аруақ аттап дала бездің?! Дейтұғын «ер туғанға, ит тойғанға», Бұралқы, шын арам без дҽл сен ҿзің! Тақтаның бір бұрыншына Шақан да барып жазды: Сатылған жуындыға сары күшік, Шҽуілдер қожасына ара түсіп. «Арам без» сенен басқа кім болыпты, Тастармын құйрығыңды бір-ақ кесіп! Салық пен Шақан қайтысымен Ынтықбай шықты. Бүкіл аруақтары атынан күңіренгендей соза күрсініп, дайындап ҽкелгенін жазды:


Қайғырма ит азды деп туысқаным, Кҿрмеп пе ек қасқыр мен ит табысқанын! «Иесін ит құтырса қабар» деген, Қабанға айырбастап арыстанын. Уа, ауылым, жерің де алтын, суың да алтын, Ақ иық қыраныңдай батыр халқың! Жат пиғыл, жарты бауыр, жармес кезбе, Сайтаннан жаралған-ау осы сартың! – Бұл бейшаралыққа не дауа!– деп Қабен күліп жіберді. – Жалаға-жала, шатпаққа-шатпақ жазып жеңгеннен жеңілгеннің ҿзі жақсы шығар, жазбай-ақ қойдық енді! – Қабанбайды қабанға, Жҽнібекті ғана арыстанға балауын мына ҿлгеніңді... – деп күңкілдей кінжіді Серҽлі. – Екеуін қатарластыра атағаны үшін қауіпті Қабенді! – Қала тұрғыны болғандығына «сарт» аталғаны ғой! Бұл салпаң құлақ жабайының «сайтаннан жаралғаны» не енді!– деп Бексапа шегірейді. Ол екеуіне Қуат басу айтып жатыр: – Қойыңдар, шырақтар, ҿлеңге шамдансаңдар ҿле жеңілгендік болар!... Мен тақтаға шығуға оқталып, Қуаттың қалған сҿзіне құлақ аспадым. Ҿз жерін ғана жер санап, басқа жерді кҿр санайтын, ҿзін-ҿз, басқаны – қор тұтатын, ҿз руынан басқаны жау кҿретін Ынтықбайдың осы кҿр кҿкіректігіне мен де сықақ дайындағанмын. Бірақ «күйелі ағашқа» жанасудан қаймығып отыр едім. Қабеннің ҽділдік айтамын деп жҽбірленіп қайтуына шыдай алмадым. «Ынтықбай осыншалық ұшқыр тілін жазықсыз жанға улы қанжар қып қадады ғой, менің сықағым содыр-сойқанды жанға у емес, дҽрі болар» деген ой туды. Тақтаға барып, Қабен мен Ынтықбайдың ҿлеңінен басқасын түгел ҿшірдім де жаза жҿнелдім: Түгел сҿздің тоқтар жері ҽділет, Ҽділ сҿзді кім жеңбекші жҽбірлеп. Адамдық ой, аталы сҿз айтылса, Азулайды қандай ғана қалың бет! Алтын Алтай Майқы бидің Алтайы, Нақыл егіп, мақал ҿріп марқайды. Сҿзбен ұстап, сҿзбен тұсап асауын, Алтын қанат ақыл сҿзді алқайды. Сҿз жібегін сүйіп ҿскен Алтайым, Кісі құнын сҿзбен кешкен Алтайым. Тілсіз азу, мисыз мүйіз сен дүлей, Қай түріңмен «Алтайым» деп алшайдың!


Садаға кет, алты айналып Алтайдан, Сҿз тыңдамас құлақ па құр қалқайған! Сұр тұмсықпен су сасығын таңдайсың, Тұнықшыл ер керей қайдан, сен қайдан! Берекеңе тиіп мың бір оқыра, Бірлік десе құйрық тіктің тұқыра! Ынтымаққа мүйізің тым ыңғайсыз, Шақпай соны соғар талай тықырға! Елдікке жат, бірлікке жау соқырға, Жерлеп кҿміп, есті ел құран оқыр ма. Қасқыр жер-ақ, қорқау жұлып қолқаңды, Қарға-құзғын кҿзіңді ойып шұқыр да! Кҿз алартқан ҿшіп мүлде гүжілің, Қалар сонда қақ сҿңке боп мүйізің! Тақта бетіне ҽр жолы түскен сайын сықылық күлкі естіліп тұрды да, соңғы жолын жазып болысыммен сол сықлық жалпыласқан ашық қарқылға айналып, ду кҿтерілді. Қайтып кеп ҿз орныма отыра бергенім сол-ақ екен. Шүйдеме сақ ете түсті бір «үлкен тас». Басым зеңіп кҿзім шыбарта қалса да, жалт қарадым, Шақан тұр артымда, тиген соның зор жұдырығы екен. Партамның арт жағына келіп тосып тұрғанын байқамай, отыра кетіппін. – Ей, неге ұрасың! – Тоқтат! – деп Қабен мен Оралқан қатар ақырып қалғанда тұс-тұстан шақшұқ, сарт-сұрт зекіру мен соққылар естілді. – Соқ! Бер, жазасын! – Мҽ, міне олай болса, міне! – Міне, ендеше! – Мҽ, болса, мҽ! – Ұр, аяма ҽкеңнің аузын... ды! – Міне, ендеше, міне! – Мҽ, менен де жеп кҿр!... Сылқ отырып қалған мен арт жағыма енді бір қайрылып қарағанымда Шақанды үш-тҿрт сабақтас бүктеп салып, тепкілеп жатыр екен, бірі Қабен. Партадан аттай ұмтылған Ынтықбай мен Салық келіп, кірісе кетті соғысқа. – Мҽ болса, мҽ! – Ҽ, сендер де жегілерің келді ме, мҽ ендеше! – Уақытында келіпсіңдер, міне, мҽ! – Міне... міне!... Сендердің к...ттерің қышығалы қашан! Міне, міне! – Мҽ!.. Міне!... Ендеше, мҽ, дҽмін татып кҿр, міне!... Міне!...


– Ағайындар, аямаңдар енді! – деп кішкене Ҽмірқан оқытушы үстеліне шыға бұйырып тұр. – Ҽлінен ҽбден асты бұл үшеуі, аямай ұрыңдар, жауабын мен беремін! Ынтықбайдың басқа жақтастары бұл жолы сойыл сілтесе алмай орындарында отырып қалыпты, үдірейе қарасады. Үш мықтыны кҿпшілік парта арасынан алдыға сүйреп шығарып тағы да соққылады, ҿздері де қол кҿтере алмайтын халге түскен екен. Орындарынан тұра алған екеуін сүйемелдеп, қара тақта алдына тұрғызып қойды да, Шақанды жабылып ҽрең тұрғызып, қолтығынан екі сабақтас демеп тұрды. Менің кҿзім енді тұнығандай болып еді, орнымнан тұрып барып, ҿлеңімнің аяқ жағына тағы екі жол қостым: Ойбайла енді, ойбайла, Құйрықты қысып борбайға! – Ей, батырлар, – деді Серҽлі Ынтықбайға тҿніп, –ұрғыш болсаң, ұрарлық сҿз енді шықты, қараңдар анаған! Шақанның қайрылуға шамасы жоқ еді, қалған екеуі қарамай бедірейе түсті. Серҽлі үшеуін де артына бұрып, тақтаға қаратып қойды. – Ҿлеңді жұдырықпен жеңе алыппысыңдар?!– деп Қабен олардың бір жақ қырынан келіп сұрады. – Ҿлең айтысында қарымжысын жұдырықпен қайтару қай елдің салтында бар еді. Азғындар! Сендерді ең алдымен бастап ұрған Оралқан екеуміз де керейміз ғой!... Бізді қостап ұрған анау Тілеуқандар кім?!... Олар да керей ғой?... «Керейім» деп соған ғана жабысады екенсіңдер, керей бұл ноғандықтарыңды жақтаса, түгелімен қорсылдап, тоғайға кіріп кетпес пе еді, олай болғанда басқа барлық қазақ туыстарымыз «керей» деп атамай, бізге басқа ат тақпас па еді! Сен үшеуіңді қай керей жақтады қане!... «Сендер керей емессіңдер!», «Алтайдан алты айналып садаға кет» деп Биғабілдің айтқаны осы емес пе! Шындығы міне, дереу дҽлелденбеді ме! Мүйізің қақ сҿңке болып далада қала жаздады. Бұл тҿбелес мектепте болмай иен далада болса, халдерің тіпті мүшкіл болатын еді!... Құдай, «сақтансаң сақтаймын депті» дегенсіңдер ғой, екінші рет сақтаныңдар мұндай ақымақтықтан! Қабен күліп жібере жаздап барып теріс айналып кетті. «Мықтылар» жазаға тұрысымен шығып кеткен Оралқан Кҽзен мұғалім мен Ақылбайды ертіп кірді. Ақылбай біздің жайды толық түсінетін, ҽнеу күні шяужаңның тергеуінде біздің сҿзді бар ықыласымен аударып, разылық рай байқатқаннан бері демалыс кездерінде жатақханамызға да келіп ҽңгімелесіп жүретін болған. Бұл рет класқа кіргенде ол ешқайсымызға қарамай, қара тақтадағы ҿлеңдерді жымиып қана оқумен болды. Кҽзен бұл кластың міндетті мұғалімі болса да, күніне бір сағат математика сабағын ғана ҿтіп, басқа жайымызға араласпай келеді. Бұрынғы тҿселген математик мұғалімдер кеткен соң Шыфанның дайындық мектебінен келтірілген осы жас оқытушыға барлық қазақ кластарының математикасы жүктелгендіктен, күнделікті сабақ дайындығынан аса алмай жүр еді.


Бұл рет ол тыжырына кіріп, кҿпшілік жазасында тұрған үшеуін парталарына қайтарды да, үстеліне отыра кетті. Кептей киген шапкысын үстел шетіне қойып, кең жаралған тоқ маңдайын ысқылады. Омарқанды тұрғызды сонан соң. Бар ықыласын математикаға ғана арнаған Омарқаннан басқамыздан аксиома шықпайды деп білген сияқты: – Сен сҿйле, осы класта не мҽселе бар, бұл не соғыс?... Ҿз беттеріңмен сабап, ҿз беттеріңмен соттайтындай бұл үшеуі не істеді? – Мен сҿйлесем,– деп Омарқан сұқ саусағын шошайтып, ойлана қалды. Қызыл-қоңыр жүзі түгел күлімсірегенде екі кҿзі «минус, минус» 2 дегендей жұмылып, екі сызықша жасады, – барлық талас ҽне, қара тақтада тұр. Біздің кластағы шешілмей келе жатқан мҽселенің ең дұрыс формуласы – осы ҿлеңдер. Анау – Қабеннің жазғаны, анау – Ынтықбайдікі, мына жақтағы ұзақ ҿлең – Биғабілдікі. Салық пен Шақанның формуласы ҿшіп қапты ғой, жазыңдар ей, батырлық ҿлеңдеріңді! Салық пен Шақан орындарынан қозғалмай мелшиді де, қара тақтаға Тілеуқан ұмтылды. Олардың ҿлеңдерін қағазға кҿшіріп алған екен. Бор алып, қайта жазып қойды. Омарқан да тақтаға шығып, айтысушылардың ҿлеңдеріне аттары мен рет номерлерін жазып, «бұл жолғы соғыс тарихын» Ынтықбайдың бірінші ҿлеңінен ғана бастай сҿйледі. – ... Сҿйтіп, алғашында бір-біріне «гранат» қана лақтырысып еді,– деп күлімсіреді Омарқан сҿз соңында, – Қабенге қатарынан үш гранат лақтырылуына ашынған Биғабіл «бомбы» тастап жіберді. – Олай бұрмалама! – деп шақ ете түсті Ҽмірқан. Омарқанның күлкі үшін айтып тұрған «бомбысын» бұзақылыққа балап түсініпті. – Соғыс бастаған Биғабіл ма?! – Тоса тұр Ҽміргүл, сҿйлеп болайын... ҿздеріне бомбы түскен соң аясын ба, Шақан ұшып барып Биғабілдің дҽл тҿбесінен пугаспен 3 қойып жіберді. «Қанды ғырғын» осылай басталды. – Биғабіл бомбы тастады деп тұрғаны – анау ҿлең, – деп анықтады Ҽмірқан, – осыны тақтаға жазып болып, партасына отыра бергенде Шақан барып ұрды. Биғабіл қолын кҿтерген де жоқ. Тіпті үн де қатпай отырып қалды. Сонсоң біз жабылып ұрдық. Шақанға болысып тҿбелескен Ынтықбай мен Салықты да ұрдық. Бұл үшеуінің содырлығы шегінен асты. – Бұл соғыстың сипатына ҿздеріңіз баға бермесеңіздер біз түсіне алмадық,– деп Омарқан орнына келіп отырды, – біз ҽйтеуір соғысуды ғана білеміз, бұл – аксиома. Алдыңғы партада бүгінгі айтыстың ҿлеңдерін кҿшіріп отырған Ақылбай Омарқанның соңғы сҿзіне күліп жіберді. Артына қайрылып, тақта бетіндегі ҿлеңдерді түгел оқып шыққан Казен басын изей күлімсіреді де, оқушыларға қайта сұрау қойды: – Сҿйтіп, бұл соғысты бастаған кім болды?... Биғабіл ма ҽлде Шақан ба? 2

Минус – алу (-) белгісі. Математикада зиянның, шығынның, жағымсыздықтың мағынасын кҿрсетеді. Пугас – гитлер фашизмінің дүние жүзілік екінші соғыста қолданған ең күшті бомбысы. Он бес метр жерге кіріп барып жарылады екен деп еститінбіз. 3


– Шақан!... Шақан!– деп шақылдады кҿпшілік. Таяқ жеген үшеуінен басқасы түгел қосылып шулады. – Биғабілдің мҽселесі осы ҿлеңінде ғана болса, не қателік бар мұнда?– деп Ақылбай баяу үнмен ақтау айтты. –«Кҿптен шыққан кҿмусіз қалады» деген мақалды суретпен кҿрсетіпті ғой, тым абзал ҿлең!... Мұндай берекеге шақырған азаматтарды ұруға емес, қайта қадірлеуге тиістіміз. Анау Қабен ҿлеңінің пікірі қандай тамаша! – Ҿздеріңіз кҿрдіңіздер қайсыларының ҿлеңі шипау екенін,– деп Оралқан орнынан тұрды. –Ҿздері ата-бабадан түсіп, адам айтқысыз тілмен боқтапбоқтап алады да, оған қарсы ҽділдік айтқан адамдарды сабайды, бұл қайдан келген жуандық?! – Араларыңдағы «найман», «керей» деп жіктеушілерді шығарыңдаршы былай!– деп Кҽзен орнынан тұрды. Ызаланғанынан екі беті алмадай қызарып шыға келді. Мұндай райға келгенде ағы-ақ, қызылы-қызыл болып, тым сұлу кҿрінетін. Атын атаңдар, мен ҿзім шақырып алайын! Кҿпшілік ҽуелі Ынтықбай мен Серҽліні бір ауыздан атады да, оған Салық пен Шақанды қосты. Бұларға ере, ҿре түрегелетіндерге қарасам, мойындары іштеріне кіріп, бастары тұқыра қалған екен. Қабен екеуміз бір-бірімізге жымия қарасып едік, Қабен иегін бір кҿтеріп қойды. «Болды, қала берсін» дегені еді. «Басшысы түзелсе, қосшысы қайда кетпек, неғұрлым аз шықса, олардың кінҽсі солғұрлым ауырлайды» деген ой бір сыпырасында бар сияқты. Қабен: – Болды, бас ҿкілдері осылар ғана,– деп қалғанда, кҿпшілік соған қосыла кетті де, аталған тҿртеуі Кҽзеннің қол ишарасымен, алдыға шығып тізіле қалды. – Сабақтастар, мұғалім осы тҿртеуімізді ғана жеке апарып тергесе, мені жеп қояды ғой мыналар жабылып,– деп Серҽлі күлімсіреді, – менің жақтастарымнан да бірнешеу қосылса болмай ма?! Ақылбай қарқылдап күлді де, Кҽзен қатулана бұйырды: – Қалғаны болса, шықсын бҽрі! Серҽлі жерлестерінің екеуі аталды да, ҿздіктерінен шығып барып қосылды. Ынтықбай тұқыра қарады маған: – Мҽселе, бізде ғана ма екен, шықсын анау Биғабіл! Пҽленің басы сол! Сыртта тұрған қалыс адамсып үндемей отырады да, ыңғай сыртымыздан шалып жығып береді бізді! Салық пен Шақан да қайта от алып, ҿкірештей қостады бұл пікірді. – Рас па?– деп Кҽзен кҿпшіліктен сұрады. – Ҿтірік! – Жала!– деп бірнешеу орнынан қатар түрегелді. Омарқан сұқ саусағын шошайта тұрды орнынан: – Нҿлге нҿлді қоссаң да нҿль шығады, нҿлден нҿлді алсаң да нҿл қалады. Биғабіл мұндай жікшілдіктен нҿл оқушы, бұл – аксиома, қосылмайды сендердің қатарларыңа! – Бізге қарсы жік екені ҿтірік пе?– деп Ынтықбай алдына бір аттағанда, Қабен кҿзін кең ашып, алдына жетіп барды:


– Құтырғанға қарсының бҽрі құтырық болмақ па?... Құтырғанға құтырғандар ғана емес, сау адамдардың бҽрі қарсы шықпай ма? Саған Биғабілдің да, менің де үздіксіз қарсы болғанымыз рас. Сондықтан, негізгі жауың – біз болып қалғанымыз да рас. Керейшілдікке де, найманшылдыққа да қарсы тұрғанымыз үшін, сенің қатарыңа қосыла қоймақпыз ба! – Сенің кҿзің мұндайды кҿре ме?– деді Ынтықбай ҿршеленіп. – Ыңғай бізді ғана жығып беріп жүргенін кҿрмепсің ғой, сонда Биғабіл жікшіл емес пе? – Ыңғай сендерді жығып беретіні ҽмісе сендердің бұрын құтыратындықтарыңнан! Ҽмісе сендердің бұрын соқтығатындықтарыңнан! Сендер, «найман», «жылан», «қаңғы» деп соқтықпай, Серҽлі қашан бұрын соқтығып еді, айтшы ҿзің?! Ал, Биғабілдің керейге не жазығы бар, айтшы? Ҿз тентектіктеріңді жақтамағаны үшін ғана қыр соңынан қалмай, соққылап келе жатпайсыңдар ма? Ынтықбай сҿйлей алмай кідіріп қалып еді: – Сен үшеуің орындарыңа барып отырыңдар! –деді, Кҽзен Серҽліге қарап. Ақылбай жымия күліп, Кҽзенді күбірлей қағытты: – Сен ҿзің керей емеспісің ей, сен де «қансызсың-ау» осы, Қабен сияқты «жарты бауыр» да емес, бауырың мүлде жоқ па, қалай?! – Бұл қалжыңдайтын іс емес!– деп Кҽзен басын шайқады. – Рақымсыз жою керек мұндай кҿзқарасты! Бүлікті алдымен қозғайтын осы үшеуі екені дҽлелденіп болды! – Тоса тұр, олай болса, сҿзді маған бер!– деп Ақылбай орнынан тұрды да, ақ сұр ажарын суыта қарады Серҽлілерге. Олар Кҽзеннің кеңшілігімен орнына барып отырған. – Тұр, үшеуің де шық бері, мына үшеуінің қатарына тұрыңдар, иіндеріңді тірей тұрыңдар бір-біріңе!... Мен ғой найман, қызаймын. Кҽзен – керей, – деп алып, жүзін қайта жылытып, күлімсірей сҿйледі, – мына керейшіл үшеуі жазасын кҿпшіліктен тартып болыпты. Екі жаза – ҽділетсіздік болады. Ал мына бас мұғалімдердің неліктен үш найманды қайтарып, үш керейін қайта жазаламақ болып отыр, білесіңдер ме?... Осы ала кҿздіктерің басталғаннан бері, «найман», «керей» деп атап тілдескендерің тұрыңдар орындарыңнан!... Ондай ауру тартпағандар отыра берсін! Үш-тҿртімізден басқа сабақтастар түгел тұрды орындарынан, Ақылбай ҽлгі сұрауын қайталай сұрады: – Қане, айтыңдаршы, Кҽзеннің осынысы ҽділетсіздік пе?! Түрегеп тұрған оқушылардан ешкім жауап қайыра қоймай, Ақылбай ҿз сҿзін бҽсең үнмен жалғастырды. – Ендеше, мен қысқаша ғана айтайын, қазақтың басынан кешкен тарихы азапқа, қуғын-сүргінге, қырғынға толы. Ҽсіресе осы рушылдықтан тартқан зиянымыз орасан ауыр. Соның бҽрін кҿріп, біліп келе жатқан біз үшін қазіргі күнде рушылдықтан үлкен дерт жоқ. Үлкен дертке үлкен ем жасалады емес пе? Мҽселен, қазіргі Жұңгода апиншыға атылу жазасы қолданылып келеді ғой. Ҿйтетіні, апиншылық Жұңго халқын улатып, елдіктен, еркіндіктен айырды. Сондықтан, оны ҿте қатал жазамен тию – ҽділетті қызмет есептеледі. Рушылдық біздің ұлтымызды сол апинша улап, торғайдай


тоздырып келеді. Ендеше, Кҽзеннің ҿз руластарынан шыққан «апиншыны» қайталай жазаламақ болып отыруы дұп-дұрыс, бҽріміз де бас мұғалімдеріңнің осы кҿзқарасынан үйренуге тиістіміз. Ҽрқайсыларымыз ҿз ішімізден шыққан «апиншыларды» қатал тияйық!... Қалай дейсіңдер? – «Дұп-дұрыс!», «Тыяйық!», «Тыйямыз!» – деген дауыстар дүр кҿтерілді. – Олай болса, мен бас мұғалімдеріңнің ақырғы ескерту жасауын, бұл жолғы жазаны кешіруін ҿтінемін. Бұдан кейін осы оқиғамен осы кешірімді ұмытпай сабақ етуге уағда бересіңдер ме? – Бердік! ... Уағда!... Сертіміз осы болсын!... Ақылбай Кҽзенмен екі-үш қайтара күбірлескен соң, Кҽзен орнынан тұрды: – Екінші рет осы «апинды» қайсысың тартсаңдар, соныңды қатты жазалаймын!... Ұқтыңдар ма? «қайтыңдар, отырыңдар!... Бүгін кҿпшілік, үшеуіңді дұрыс жазалаған! Ешқайсысынан кек алуға жол жоқ!... Ҽділетті тергеушім, алдындағы итаяғына құйылған жағымды тамаққа аузын енді салған иттің сол сҽттегі ең қас жауы, итаяққа қол созған адам ғой. Дереу арс ете түсіп, созылған қолды жұлып та алмай ма! Ал, біздің ала бүлік апат жайлаған осы кластағы жікшіл-рушыл сабақтастарымызда сіздің алдыңызға қойылған дҽл сондай дайын тамақ емес деп кім айта алмақ. Ынтымақсыз, ырың-жырың берекесіздік жайлаған елді итаяқтағы сол тамақша кҿрінген ит бассалып жей бермей ме. «Ауыл иті ала болса бҿрінің бағы» деген ғой. Сізге тегін ырызық болғалы тұрған сол елді ынтымақтастырып азуыңыздан құтқармақ болған адам, сіз үшін кім болмақ?... Алдыңыздағы итаяққа созылған сол қылмысты қолдың бірі міне! Ал, қап! Жұлып ал, шайнап таста! VI Кҽзен мен Ақылбайдың сол ескертуінен соң сабақтастар арасында жікшілдік жасырын сипатқа кҿшті. Қаншалық ашулы бҿлінген жалпылық соғысқа айналмай, жеке тентектер арасындағы жанжал түрінде ғана ҿтіп жүрді. Ең жақсы бір жҽйіт меңгерушіге шағыстырудың азаюы еді. Тоқты Саматтың қазасынан соң мектептегі ұлттық оқушылар одан қабан кҿргендей ығысып, мүлде жиренетін болған. Класс бойынша қатты соққыға түскен Ынтықбайлар ғана жеген таяғы мен кҿрген-білгендерін бір рет сол қанқұйлы меңгерушіге Кҽмен арқылы жеткізіпті. Онда да Ақылбай мен Кҽзеннің ұлттық берекебірлік жҿніндегі нҽсихатын айтудан тайсап, Қабен екеумізге артқан екен. Ҿлеңіміздің мазмұнын ханзушаға аударып: «рушылдық қазақ халқының тартып келе жатқан апиыны деген сҿзді ҽр күні айтып жүреді. Бірлесіңдер, жауларың басқа дейді» деп қосыпты. Меңгеруші бұл шағымды бір үлкен хұжат қып сақтапты. Қабен екеуміз жылдық сынаудағы мінез нҽтижеміздің кемейіп кету себебін ҽркімнен сұрастырып жүргенімізде осы жҽйтті естідік. Аударма жұмысымен тҽртіп бҿліміне жиі барып тұратын Асылқан анығын жеткізді маған:


меңгеруші мінездемемізден алғашында он бес проценттен тартпақ болған екен. Кҽзен мен Ақылбай жҽйімізді жақсылап айтып жүріп сегіз процентке ҽрең түсіріпті. Жалпы нҽтижеміздің тең жартысы болып есептелетін мінездемеміздің бұлайша тҿмендеуі бізге оңай тимеді: он неше сабақтан ортақ шыққан 94,95 проценттік нҽтижемізге 52 проценттік мінез нҽтижемізді қосып, тағы екіге бҿлгенде 70 процентке құлдырап бір-ақ түсіппіз. Сонда да Ынтықбайлардан сҽл жоғарырақ шыққанымызға қуандық. Жақында үйімнен хат келіп еді. Хатты Нұрасылдың інісі Бағдарқанға жаздырған екен. Ол ҽке-шешемнің айтатын сҽлемінен сырт бірсыпыра жайды баяндапты: жаңа үкімет орнаған соң қаладағы мұсылман тұрғындарға шаңзұң1 болып жуан жұдырық Кҽкім сайланыпты да, шаңиолық 2 құқығы кеңейіп, Күнтуған күшейген екен. Бұрынғы жүз басы, он басылар «баужаң», «жяжаң» деген атпен қайта тағайындалып, Кҽкімнің қиямпұрыстары жеңген итше құйрықтарын кҿтере шығыпты. Олардың тісінен қашқан Құрышбек пен Нұрасыл ағалар күн жылына тау сағалай кҿшіп далдаланыпты. «Қала тұрғындары бұрынғыдай емес, жік-жік болып, шҿже қоразша тіктесе қалатын мінез кҿрсететін болып алды. Гоминданның аудандық бҿлімшесі құрылғалы Жаңгүдейлер тіпті асқақтап кетті, балалары желге толы допша секіріп келіп соқтығатын болды. Мектептен қайтқанда жалғыз-жарым жүруді мүлде қойдық. Топтасып барып, топтасып қайтамыз. Солай болса да, жаңа үкіметіміздің аузы жақсы: «Шың Шысай қамаған ел адамдарының барлығын босатамыз, жастарыңды тұтқындамаймыз» дейтін үгіт ойға да, қырға да жүргізіліп жатыр». – Бағдарқан жағдайды осылай баяндай келе ҽкешешемнің тҿте пікіріне кҿшіпті: «Биыл жалшылықтың да жартымы азайып кетті. Жаяу саудадан дҽнеңе ҿндіре алмай Биғазы шықты. Ақысы ҿнімсіз болса да, жалға тұрмаса болмайтын тҽрізді. Биыл демалысқа келу-келмеу жҿніңді ҿз ақылыңа салдық. Ҿз жағдайыңмен санасып кҿр. Үкімет жағы жол расхотына жҽрдемдессе, сағынышымызды басу үшін келіп қайт. Ондай бір орай болмаса, тағы да ҿзің біл... Ҽйтеуір түрме туралы үкімет жақсы сҿз айтып жатыр ғой, денсаулығыңды сақтасаң болды!» депті ҽке-шешем. Осы сҽлемді оқыған соң маған мықты бір бекім бітті: жаздық демалысқа қайтпайтындармен бірге күндік істеп, кірпіш құйып расход айырмақ болдым. Биыл демалысқа қайтпайтындығымды, ҿзімді ҿзім қамдап, жақсы оқи алатындығымды айтып, мен туралы ешқандай қам ойламауларын кҿп ҿтініп, үйге хат жаздым да, мектеп жатақханасында қалдым. Бірақ, сабақтастарымның бҽрі қайтқанда, қабырғам тұтас сҿгіліп бара жатқандай, бір түрлі жетімсіреген сезім баурай берді. Біздің кластан менен басқа тағы екі оқушы қайтпай қалды: бірі, текестік қырғыз Түгелбай, ол да үйі алыстығынан жол расходы жетпей, менімен бірге кірпіш құюға, кірпіш табылмаса, күндік істеуге келісті. Енді бірі, жерлес 1 2

Шаңзұң (ханзуша) – саудагерлер бастығы. Шаңио (шяңио) – ауыл бастығы.


болғанымен Ынтықбайларға болысбай, Қабенге сыбайлас жүретін момын ғана Момынбай атты сабақтас еді. Ҽкесі қамауда ҽрі ауру екен, «түрмедегілерді жақында босатады» деген сҿз бойынша, босаса сүйемелдеп ала қайтайын деген үмітпен қалды ол. Демалысқа қайтқандарды шығарып салған соң, Түгелбай екеуміз олардан қалған ескі шақайды, тозған киімдерді түгел жиып, сыпымыздың астына тықтық. Жұмыс істегенде бізден жұбын жазбайтын ең кҿнтерлі серігіміз солар болды ғой. Ертеңіне-ақ үмітіміз маздап жана кетті. Бір гүй кетсе мың гүй келіпті дейтін құлжалық Юсуф Қасым да кедейліктен демалысқа қайта алмаған екен. Менімен келісе қалды. «Тышқан соғысындағы» сол сҿзді айтқызған менің сҿзім мен Тоқты Саматтың ҿліміне кҿрсеткен райым оған толық жағып, жақын сырласқа айналғанбыз. Оның үстіне текестік серігім жұмысқа темірдей шыңдалған, дҽу жігіт еді. – Жан күнде шешектемейді,– деді Юсуф Қасым, – Ҿзімізді тоздырмай, сенбі, жексенбі күндері дем алып істесек те пұл табамыз! – Ҿлігіңе отырайын, кесек деген неменің күніне мыңын тастаймын!– деп Түгелбай ілесті де, үшеуіміз Үрімжінің батыс жақ шетіндегі «Хотангайға»1 тарттық. Құятын кірпіш сол күні түстен кейін табыла кетті: сол шеттен үй салмақшы бір ұйғырға сҿйлесіп, Гоминдан ақшасы бойынша мыңына жетпіс сомнан жиырма мың кірпіш құйып беруге келістік. Кетпені мен қалыптары дайын екен. Құятын жерін кҿріп қайттық та, мектеп завхозына жалыныпжалбарынып жүріп тамақ расхотымызды айырып алдық. Жұмыс таңертеңіне ерте басталады. Бұрын кірпіш құйып кҿрмеген маған бұл жұмыс алғашында машақат кҿрінгенімен, екі дҽу ҿндіріп жіберді де, үш күн ішінде-ақ елпек кірпішшінің ҿзі боп тҿселіп шыға келдім... Белгісіз жағдаймен үйіне қайтпай қалған Кҽмен, ҽр күні кеште менің жатақханама келіп қайтып жүрді. – Биыл қызметке шығатын жылым, қайда бҿлетінін білуге қалдым,– дейді ҿзі. Бҿлген жерін оқу-ағарту меңгермесі адресіңе жолдай салмай ма, биыл бітіргендердің кҿбі солай келісіп үйіне қайтты ғой? – Менің осы жерге қалғыш ойым бар, тіленіп те жүрмін. – Тҽртіп меңгерушіге жақынсың; ханзуша оқыдың. Ҽлде қашан естіген шығарсың, сені осы мектепке алып қалатыны сҿзсіз ғой? – Жоқ, бізге келгенде кҿзсіз меңгеруші сұмырайыңа сенбеймін! – Тек!– дедім мен, – итағатшыл басыңа лайықсыз теріс сҿз сҿйлеме... Осыныңды естісе мойныңды жұлып алады меңгеруші! – Сен деп қана айтып отырмын ғой Биға, басқаға емеуірінімді де білдірмеймін. Лаужаңның1 нағыз қанышер екенін кҿріп жүрмейміз бе?! Меңгеруші туралы бұл сҿздер мені шырғалау-шырмау үшін айтылып отырғаны түсінікті еді, мен үшін Ынтықбайлармен ұрысқан болып жүрген бұл тыңшы сол Ынтықбайлармен бірлесе кҿрсетіп, Қабен екеумізді жылдық 1 1

Хотангай (ханзуша) – Хотан кҿшесі. Лаужаң (ханзуша) – Жаң екең.


сынауда соғып кетпеді ме!... Құйрығын бұлаңдатып тағы жетіпті. Сол «сұмырай қанішеріне» мені тағы жазып бермек қой!... Жҽдігҿй қашан да күле келеді! «Ол қанішер болса, Қабен екеумізді одан да сұмырай қанішер санап кҿрсеттің бе? Қанішер деп алып, біздің қанымызды соған ішкізбексің бе!»– деген оймен түйіле қарадым. Бірақ, артын байқағым келді – «Менен тағы не іздер екен?!» – Кҽме, меңгеруші саған ешқашан қаншерлік қылған емес, ҿз қамқорыңды ҿзің даттама!– дедім тҿмен қарап. – Ҿзіңе жазығы жоқ адамды жамандасаң, жазығы бар адамды қайтпексің?... Бұл мінезіңді кҿтеруге болмайды, ҿзіне айтып қоярмын! – Ал, қойдым Биға, қойдым!– деп саңғырлай күліп алды ол. – Бірақ, ҿзің мені түсінбейді екенсің, мен ҿз басымды ғана сыйлағанды жақсы кҿре берем бе?... Кҿпшілікке істегенін кҿріп жүріп кҿрмейтін не едім мен сонша! – Не болсаң, сол бол, ҽйтеуір меңгерушінің жазығы жоқ саған!... Мен де ҿз мінезімді таныстырып қояйын, ҽрқандай адамның дҽл ҿз қалпында кҿрінуін жақсы кҿремін! Кҽмен бұл сҿзіме жіп таға алмағандай аңтарыла қарады маған. Мен тҿсегімді салып шешіне тұрып сҿйледім енді: – Жұмыстан шаршап келдім, ұйықтайын! – Сенбі, жексенбі күндері дем алатындықтарыңды естідім. Ертең сенбі ғой, қайда барасың? – Ешқайда... ҿзенге иҽ кҿлге барып кір жуармын. Кҽмен қайтып кетті. Ҿзенге де, кҿлге де сермеуім ізімді шалдырмау үшін еді. Қасымдағы Момынбай бүгін түрмедегі ҽкесін іздеп барса, қақпа алдындағы күзетші шақылдап, қуып жіберіпті. Құндақбай тұрған түрмеде екен. Жаңа Кҽмен келердің алдында ғана соны айтып жасып отырған. «Түрмедегілерді босатамыз деп жар салуы қалай, бұрынғыдан бетер маңына жолатпауы қалай?!» Сабақтасымды ерте барып жолықтырса Құндақбайдан осы жайды да сұрағым келіп отырғанмын. Таңертең ертерек тұрып, тамақты асханадан іштік те, қалтарыс кҿшедегі сол түрме қақпасына бардық. Қала формында жақсы киінген қазақ қызы қақпа қарсысындағы дауал түбінде тұр екен. Бізге қарап жымиды да: – Жолықтырмайды екен!– деді. Менің сабақтасым арсалақтай барып қол алыса кетті онымен: – Нұряш, қашан келдің? – Жарты сағаттай болды. Ҽкеммен жолығып, қайтаратындай болса бірге кетейін деп едім. Күзенше шақылдап, есігіне де жолатпай тұр! Қыз күліп жіберіп, күміс қоңыраудай сыңғыр-сыңғыр ете түсті де, тиыла қалды. Күле түссе екен дегендей, бағдарлай қарадым. Жалт-жұлт еткен тұптұнық, кҿкшіл кҿзді ақ сары қыз екен. Ал қызыл алмадай бетінің бояуы аса шебер суретшінің жаққан кіреміндей сұйылып барып, қызғылт сары, одан ақ сары түске алмасыпты. Сҽскеден кҿтерілген күннің ыстық аптабында тұрса да, жазық маңдайы ашық жағадан аумағымен кҿрініп тұрған тоқ алқымы күн шалмағандай, нұрды ұялтқандай аппақ, бар бітімі жарасымды жаралған, тал


шыбықтай жаңа ҿспірім бойжеткен екен. Омырауындағы знашогына қарағанда Нүй шуеюаннің оқушысы сияқты. «Сіздер» деген сыпайы сҿз тіліме қалай үйіріле кеткенін білмеймін. – Ҽнеу жерге таман, алысырақ тұра тұрыңыздар, қақпаны мен барып қағайын, танысым бар еді, алдымен соны шақырып сҿйлесейік! Олар кҿне кетті де, алыстай берді. Мен қара қақпаға келіп ұрып-ұрып қалдым. – Сүй?!1– деп аржағынан сақ ете түсті бір ханзу сақшы. – Мен, Құндақбайды шақырып беріңіз!– деп ханзушаладым. Ол зірк етіп бірақ тойтарды: – Құндақбай жоқ! – Бар! – дедім мен батылырақ үн шығарып. – Мен оның інісімін. Мені шақырған! Мұнан соң зіркіл естілмеп еді, шақырған екен. Құндақбай шыға келді де, ҿткендегі ҽдісімен мені құшақтай амандасты. Ҽлгі қыз бен сабақтасым бізге қарай жүрді. Мен күбірлеп қана сұрадым: – Кіруге бола ма, ағай? – Мына жаңа келгендерің тым дүлей. Мен айтып, сҿзге кҿндіре алмайтын болып қалдым!– деп Құндақбай жауабын бейғам ашық үнмен қайырды. – Ұлттықтардың ешқайсысын кіргізбейді. «Іздеп келген адамдарыңмен сыртта сҿйлесіп, сырттан қайтар!» деп маған ҽдейілеп ескерткен!... Мыналар кім? – деп сұрады қыз бен жігітті нұсқап. – Менің сабақтастарым. Осы түрмеде ҽкелері бар екен, соған жолығуға келді. – Е, е, кҿргемін, келіп жүрген балалар екен ғой. Бірақ, кездестірмейді!– деп Құндақбай мені қолтығымнан ала аяңдады. Жолай ол екеуіне де ым қағып, қақпадан ауашарақ барып тоқтады. – Ұлттықтардан ешкімді жолықтыруды қойып тұр! – Ағай, ҽкелерімізді түрмеден босатады деп естіп едік,– деп қыз сҿйлеп кетті. – Сол үшін үйге демалысқа қайтпай күтіп жүрміз. Босатса бірге қайтпақпыз, қашан босатар екен? – Сыртқа ғой ондай сҿзді сҿйлеп жатыр. Бірақ, ол сҿз біздің қақпамыздан ҽлі кірген жоқ. Естуімше, түрмеден босатылатын адамдарды ұлттық ұйымдарға тапсырып, солардың кепілдігімен шығармақ. Бізді қойып, енді қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымын айналдырғандарың жақсы! – Ағай, тым болмаса бір-екі ауыз сҽлемімізді жеткізіп бере ме екенсіз?!– деп ҿтінді қыз. – Олай болса, қысқа ғана жазыңдар, сыртына аттарын анықтап жазыңдар, мен жең ұшымен жеткізіп берейін! Екеуі дауал түбіне отыра қалып, хат жазуға кірісті. – Садуақас ағайға сҽлем айтыңыз! –дедім мен. – Естіген шығар, Қуат демалысқа қайтты. Ұйым қарауына шыға қалса мен осындамын, іздеп, сұрастырып тұрайын. Құндақбай «жеткіземін» дегендей басын изеді де, күбірлей сҿйледі: 1

Сүй (ханзуша) – кім.


– Бауыр, бұрынғыдан да сағырақ жүруге тура келеді. Мынау күліп тұрғанымен тиіп тұратын жау! Қыз бен жігіттің дайындап ҽкелген қағаздарын алып, сымының жан қалтасына екі қолын сала бас изеді де, жҿнеле берді түрмеші. Үшеуіміз үлкен кҿше жаққа тарттық. – Кҿп рахмет сізге! – деді қыз маған былай шыға бере. Жаңбырдан кейінгі ашылған аспандай тұнық кҿзін бір тҿңкеріп қалды. Мен қарағанда сол ҽдемі кҿздер бал-бұл жанып, ұзын кірпіктер лып-лып қағылды да, тҿмен қарап кетті. – Сіз болмасаңыз бүгін де тіл қатыса алмай кетеді екенбіз! Ҿзім құрметтейтін адамға кҿрсететін ұяңдығым ұстап, мен үнсіз тұқия бердім. Қатар жүріп келеміз. Ортамызда сып-сыпайы сҿз бастап, таныстық ҽңгіме қозғай берді Нұрия. Ҽдепті де, ашық та, кҿрегенді қыз екені байқалады. Сабақтасым ҽлгінде ҿздері оңаша тұрғандарында мені тҽуір таныстырып қойған сияқты. Ҿзінің Қабенмен немерелес туыс екенін, ҿз үйі тауда болғандықтан, Қабеннің үйінде тұрып оқып, Алтайдан орталау мектеп бітіріп келгенін айта келіп, ҽкесінің тұтқындалу себебін де сҿз етті. Нұрияның ҽкесі Оспанмен құдандалы екен. 40 жылдың жазында Алтай сақшысы сол жақындық жайын біліп, сондай байланысы бар бірнеше ел адамымен бірге оны Оспанға елшілікке салыпты. Жұртты тыныштандыру, таудан түсу жайындағы «келіс сҿзді» Оспан қатал тойтарып: – Қайтыңдар! – депті турасынан. – Есімқандарша алдап түсіріп, қырғызбақсыңдар ма? ...Біздің кімімізді алмады қолға, кімді алдамады?!... «Ақылсыз басқа тасырайған кҿз бітер, дуасыз ауызға сылдыраған сҿз бітер», қорсылдап келіп сиқырлық қылмай, ҿздерің қосылыңдар бізге, ҽйтпесе жандарың барында жоғалыңдар! Бұл сҿзге Нұрияның ҽкесі күліп жіберіп, «рас-ау!» деп қалыпты да, шығып жүре беріпті. Елшілер тобы тағы да жауаптасып, үкіметтің «кеңшілік қамқорлығын» айтып жатқанда, бұл кісі атын ерттеп те қойған екен. Қалаға қайтып келісімен қолға алынып, 1941 жылдың жазғытұрымында Үрімжіге айдалыпты. Осы жайды баяу ғана баяндап тынған Нұрияны момын сабақтасым арқадан қағып қалды: – Бұл – құйыршықтың қызы! Бұл – сҿзге сыңғырлай күлген Нұрияға кҿзім тағы да тоқтай қалды білем, тұнық кҿгілдір кҿз тағы да тҿңкеріліп түсті де, толқып-толқып кеткендей болды. Сол толқынды қалпын бұзбай жауап қайырды: – Маған жезде келеді бұл. Біздің ауылдың қызын алған соң бҽрімізді жамандайтын болыпты. Ҽпекемізді ұзатпай тұрғанымызда, осы былтыр ғана мҿлмеңдеп тұратын мүсҽпір еді, енді мықтысынуын!... Нұриямен бірге нүй шуеюаннің қақпасына келіп қалғанымызды бір-ақ білдік. Мен тұра қалып, хайыр-қош айта бастап едім, Нұрия қолтығымнан ұстай алды: – Жатақханаға кіріңіз, күн ыстық, тым болмаса бір-бір шыны шай ішіп шығыңыздар!..


Ана-мына сылтау айтқаныма болмаған соң, ыңғайсыздана кҿніп, ілесе бердім. «Біздің жатақхана сияқты адамдары кеткен апалаң-топалаң жатақханада бізді күтуден қиналып қалар» деген күдікпен Нұрияның ҿзін аяп едім, оным бекер екен. Жақында ғана ақталып, тас кірпіш едені жуылған, тап-таза екі кроватты үй болып шықты. Гүлді бҿкебай одеяло жабылған кроваттың бас жағындағы арқалы орындықты нұсқады маған. Қарсы кроваттың аяқ жағындағы бір орындықты менің қатарыма қойып, жездесін отырғызды. – Сабақтастарымыз кетпеген кезде, осында тҿрт қыз тұрушы едік... Тар еді онда, екеу ғана қалған соң ақтап, тазартып алдық!– деді Нұрия. Хотандық бір сабақтасымен ғана қалған екен. Оның бүгін туысқаншылап кеткенін айтты да, костюмын шешіп тастап, қысқа жеңді қызыл кофтасымен ғана сыртқа шығып кетті, ақ білегі мен қоңыр жібек шолкиді ағартып тұрған тоқ балтыры, жұп-жұмыр алқымы кҿзімді бұлдыратып, ақ сазандай жалт бере сырғи жҿнелді. Қылдырықтай аш беліне түскен қос қоңыр бұрымы бұлаң ете түсті есіктен. Кроваттың тҿменгі жағындағы үстел үстінде қоңыр былғары чемодан тұр. Жарқыратып, таза сүртіпті де, жуған киімдерін дҽзмал (үтік) салып қаттап, соның үстіне қойыпты. Жатақханасына қыста келгенімде Халима да осындай пысық кҿрініп еді. «Ие, бірақ ол қыршаңқы сонсын ҽдейі істейтіндей сезілетін, жасанды қылығын байқатып алушы еді ғой. Кҽрі сайқал жасана-жасара жүрді де, жалп ете түспеді ме «сары пагонға!» деймін ішімнен. – Оның жаңа жылда мектептен шығып алып, сол пагонға тиіп кеткенін есіме алдым. – «Оқу емес, жігіт іздеп келген екен ғой сонда!» – Сені бағана жеткізіп-ақ таныстырдым,– деп күлімсіреді Момынбай, – біздің балдыз қалай екен? – Не қалайын сұрайсың, жақсы!.. Ал, мені не де... Нұрия кҿк шаугімімен шай алып кірді де, сҿз үзіліп қалды. Чемоданын алып, кроватқа қойды да: – Жездетай, үстелді кҿтерісіп жібер!– деді сабақтасыма күлімсірей қарап. Үстелді ортаға қойып сүртті де, дастарқан жасады. Қант, кампит, прандік, бауырсақ, сары май жеп шҽй іштік. – Сіздің Қабен ағамен, мына жездеммен сабақтас екеніңізді естідім, демалысқа неге қайтпай қалдыңыз? – деп сұрады менен. – Ҽке-шеше кедей, үй алыс, Дҿрбілжінде... ҽрең жеткен Үрімжімді қимай қалдым. Қыз маған бағдарлай қарап қойып, демін соза алды. – Келер жылы жазда бір байқап кҿремін ғой. – Ҽкем шықса демалысқа барып қайтам ғой деп жүр едім. Жақын арада шығар ма екен? – Үкімет жариялағалы кҿп болды, сол сҿзінде тұрса уақыты жетті ғой; қашанға дейін тіл емізе бермек!... Ал, ҽкеңіз тез арада шыға алмай қалса, қайтасыз ба? – Шыққанша күтемін де... сағынып кеттім! –дегенде кҿкшіл кҿзі мҿлдіреп, жасауырай қалды. Ар жағынан лықсып келе жатқан ауыр ҿксуді тоқтатуға


тырысты білем, шынысына тҿніп алып, тез-тез ұрттады шайын. – Ҽкемде туысқан іні де, ұл да жоқ,– деп қайта күлімсірей қарады кҿз астымен. – Біз үш-тҿрт қызбыз. Мен – үшіншісімін... үйдегі үлкені менмін, алдыңғы екі ҽпкем.... кеткен. – Ол екеуінің бірі сенде ме?– деп күбірледім сабақтасыма. Нұрия естіп қойып, күліп жіберді: – Жоқ, туған ҽпкемді мұндай ынжыққа берем бе, мұның алғаны – біздің жақын туыстың қызы. – Е...е,– деді Момыным асау қалжың титығына тиіп кеткендей, – ҿзіңді қосалқылыққа аламын ҽлі, ынжықтың кереметін сонда кҿресің! – Қыртпай отыр!– деп қалды қыз, күлімсіреген бойы қызараңқырап. Жезде қанша момын болғанымен балдыз алдында мойын сала жүгірмей ме. Менің Момыным батылдыққа енді жетті: – Ҽн салшы, ей, Нұрия!... Мына қыз қиын ҽнші! –деп қойды маған бір қарап. Іле-шала мойнын қыз жаққа бұрып, мені мақтай жҿнелді. – Біздің Биғаш та ҽнші, саған ерсін! – Солай ма?– деп қыз, «шын ба?» дегендей қарады жездесіне. Момынбай жан қалтасынан апыл-ғұпыл қойын дҽптерін іздеді. – Солай тұрмақ, мұның ҿлеңін кҿр, сен! Бетімнің дыз етуінен жүзімнің қызарғанын байқап тҿмен қарай бере бұрылып күбірледім: – Оны кҿрсетіп қайтпексің, ырылдасқанымыз ҽшкереленіп қалады ғой! Қыз менің бұл сҿзіме аңырып қарап күлімсіреді. Момыным дҽптерін ашып, жініге ұсынды қызға: – Мына ҿлеңмен біздің ақындарымыздың мойнын астынан келтірді! Тоқтай тұр, – деді сонан соң, енді алып оқи бастаған Нұриядан дҽптерді қайта жұлып алып, бас жағын ашып ұстатты. – Алдымен басындағы ҿлеңдерді оқышы! Қара тақтада үлкен айтыс болған. Биғабілдің қалай сойғанын сонда түсінесің! Момыным шаугімді жерден ентіге алып, «ішпеймін, қайтайық» дегенімді тыңдамай, екеуміздің шынымызға шайды баса-баса құйды. Шынтағын дастарқанның дҽл ортасына тірей еңкейіп, ондағы айтысқан авторларды, ҿлеңнің шығу жайын таныстыра отырды сонан соң. Қыз күле оқып шықты да, ойланып қалды. – Ынтықбай, Салық ағалар сондай ма екен, ей?! – Сондай ма екенің не, солардың бүлігінен қысы бойы бас ала алмадық. Ҿзге жерліктердің, ҽсіресе мына Биғабілдің үстінен шағым жүргізіп, бар кітабымызды мектеп бастығымызға алғызып қоя жаздады. Сонда да осы Биғабілдің жауабы құтқарып қалды бізді. Нұрия мен туралы мақтауды елеусіз қалдырғанси берді. Менің содан қысылып отырғанымды білгендей. Ол жайын маған қарамай қоюынан аңғардым да, сол сезгірлігі үшін де жақсы кҿріп отырдым. Қабен аға да жақсы-ақ айтқан екен! Сонысына үшеуінің бірдей жабылып, аузына келгенін айтқаны несі?!


– Биғабіл осы ҿлеңін сол үшін жазып еді. Бұған ешқайсысы жауап жаза алмады да, бұл келіп партасына отыра бергенде Шақан артынан келіп, басына қойып жіберді! – Ұйба...й!– деп қалды қыз. – Сонан соң бҽріміз жабылып, үшеуін итше тепкіледік... – Жҽ,– дедім мен шҽй ішіп болғанымды білдіріп,– кҿрісе салып ақындығымызды да, батырлығымызды да айтып болдық, енді қайтайық! – Жоға,– деді қыз тҿмен қарап,– мынаның айтып отырғаны ғой, қызық екен!... Отырыңыздар асықпай!– деп орнынан тұра шҽугімді алып, менің шыныма ұмтылды. Мен рахмет айтып, шыныны бермей қойдым. – Жҽне бір шыны құйып қояйын! – Жоқ, рахмет, кҿп іштік! Момыным тағы да селт ете түсті: – Үй, мен екеуіңе ҽн салғызайын деп отырып, ҽңгіме айтып кетіппін ғой! Айтыңдаршы қане, екеуіңді ҿзім бір салғастырып кҿрейін! Кейінгі сҿзіне ыңғайсызданып, Нұрия еңкейіп алды да, мен тұқыра түстіп: – Нұрияш айтса ғой тыңдағышым бар, ҿзім айта алмаймын! – Жоқ, менің де ұялшақтығым ұстап қалды!– деп қыз қызара күлімсірегенде мен орнымнан тұрдым: – Олай болса, қайтайық!... Ұстамаған кезінде естірміз! Сықылық қаққан қыз да орнынан тұрды: – Қайтасыздар ма енді... жездеке, мына дҽптеріңді мен алып қалайын, ертең келгендеріңізде аларсыздар. – Ертең келетінімізді қайдан білдің? – Сабақ жоқ, боссыздар ғой, ҽр күні келіп тұрарсыздар! – Алсаң ал, бірақ ешкімге кҿрсетпей ҿзіме тапсыр!... Нұрия бізді қақпа алдына дейін шығарып сала келді де келіп тұруымызды тағы ҿтінді. – Мен ғой сенбі, жексенбісіз босай алмаймын!– дедім мен. – Басқа күндері не істейсіз? – Бір-екі сабақтаспен бірлесіп жиырма мың кірпіш кҿтеріп алғанбыз, соны құямыз. – Кірпіш?! – Иҽ, расход айыра жатайық дедік. Қыз ойланғандай біраз қарап тұрып барып үн қатты: – Онда... ертең жексенбі... келіп тұрыңыздар! Ҽкем туралы қазірше қазақ ұйымына ғана барып сұрастырып тұрамын ғой, солай ма?... Басқа уақыттың бҽрінде жатақханада боламын. – Зеріккенде сіз де біз жаққа барып тұрыңыз, мына жездеңіз екеуміз бір жатақханадамыз. Қыз бас изегендей ғана күлімсіреп тұрып қалды да, біз қайтып кеттік. – Албасты бассын сені!– дедім былай шыға бере. – «Екеуіңді салғастырып кҿрейін» дегенің қай шатқаның?... Сол сҿзіңнен ұялып, ҽн салмай қоймады ма?


– Е...е... солай деппін-ау, иҽ!... Бҽсе, неқып қылымси қалды десем!... Сҿйтсе де осы жолы бір кҿргенде-ақ саған мықтап сүзілдірдім-ау деймін. Ҽй, ҿзің де пҽлекетсің ғой, кірпіш түгіл боқ құямын десең де, Құдай біледі, қандай безер қыз болса да, кҿзін бір сүріндірмей қоймассың-ау!... Бірақ, жігітім байқа, біздің балдыз қиын. Талай сиқыр тҿніп оқығанда да саусағының ұшын ұстатқан емес. Күліп тұрғанымен ішінде такаппарлығы зор.... Мұның ҽнін естісең!... Былтыр осы жаққа жүрерде Алтай «құлыбын» бір күңірентті бұл бұлбұл!.. Момыным балдызын жатақханаға жеткенше мақтады. Мені қиын ұшпадан бір ұшырмақ сияқты. «Бірақ, ұш дегенге ұша жҿнелетін күйім қайсы менің?!... Қыз деген құйын сияқты, бір соғуын соғып қалса да, бұлт етіп ҿз ыңғайы келген жаққа жҿнеле беретін кҿрінеді ғой. Оған ұшып, қаңбақ бола бермеймін! Ағалар үйленіп, ҿз тұрмысым сол құйынды бұлтартпай үйіре алатын жағдайға жетіскенінде бір-ақ кҿрмеймін бе! Бұл масқаралықты қой енді, Ынтықбайлар онан ҽрі күліп, біздің қарындас аузына теуіп кетті деп жүрмесін!» – Осылай ойладым да сабақтасым балдызының құнын асырған сайын басыла бердім... Ертеңінде таңертең орнымнан тұрып, жуынып жатқанымда Кҽмен жетіп келді: – Кеше кір жуып болған шығарсың Биғаш, жүр енді, мен сені бір сейілдетейін, тамақты кҿшеден іше саламыз. – Бүгін сабақ пысықтаймын, Кҽме! – Ойбо...й, жас басыңнан жүрегің ҿліп қалған неткен жансың?! Ҿзі жаздық демалыс, ҿзі жексенбі!... Қой мұныңды, ісек те емес тоқты кезіңде қартаюыңа сені қоймаймын! Менімен бір рет бірге жүруге осынша неге бұлдана бересің, кісінің кҿңіліне келетін істі қыла бермеші, жүрші! Бұл сҿзге басқа жал айтуым қиынға соқты. Тым қиын да болмас еді-ау, бірақ, осы иісші менен не іздеп жүргенін білгім келді. Күле кҿндім де ере жҿнелдім. Жаңа киініп жатқан Момынбай кҿзін бір қысып қойып: – Осы ұзын кҿшеден табысармыз, мен де шығамын!– деп қалды. Кҽмен екеуміз Совет азаматтары клубының қарсысындағы аспұзылға кіріп, самса жеп, шҽй ішіп шықтық. – Енді қайда барамыз? –дедім. – Қазақ-қырғыз ұйымына кіріп шығып, тҿмен құлдаймыз, анау күнгі айтқаным есіңде бар ма, соны кҿрсетемін. Онысы қалыңдық кҿрсету болса керек, ана жолы бір айтқанында бармай қалып едім ғой. Мен ҽйелді кҿп кҿрген, кезеген кҽрі мыстандай-ақ, «сен бір сынап кҿр» деген сонда! Ол немесінің қандай екенін бір кҿргенде қайдан біле қоймақпын, бір сұлуын кҿрсетіп, мақтанбақ шығар, ҽлде, сол кҿрсетуінің астарынан мені анықтап кҿрмек шығар, мейлі!» деп қатарласа бердім. Үлкен кҿшеден Бахуланға қарай ойысатын бір бұрма кҿшенің аузынан ҿте бере тұра қалды Кҽмен. – Кітап дүкеніне кіре шығайықшы!– деді сыбырлап қана. – Қайдағы кітап дүкені?! – Ҽлгі... кітап сатып беретін дүкенші?!


– Кітап сатып беретін дүкен бар ма? – Білмейсің бе?! ...Ҿздерің алып оқып жүрмейсіңдер ме? Басташы, мен де алып оқиын деп едім! – Жоқ, бізде кітап жоқ. Былтыр күзде аға оқушылардан алып оқыған едік, кейін табылмайтын болды. Ҿзің білсең кҿрсетші маған. – Жүр онда іздеп кҿрейік. Тағы да біраз құлдап Совет азаматтары ауруханасының қақпасына келдік. – Осында дейді, басташы қайсы үй екен! – Ей, Кҽмен, білмейтін жайым үшін мені сынай берме, білетін болсаң ҿзің баста, барып кҿрелік, білмесең ҽурелеме, ҿзім кітап іздеп жүргенім жоқ! – Онда, кейін бір іздеп табармын, жүрейік! Менен іздейтін мҽселесінің бірі осы екенін енді түсіндім. Қазақ-қырғыз ұйымының алдына жеттік. – Алдымен осында кірейік!– деп Кҽмен қақпаға бұрыла бере тҿменгі жаққа қарап тұра қалды. – Келе жатыр, келе жатыр, осы жерден тосайық! – Кім? – Ҽнеу күнгі айтқанымшы, есіңде бар ма?– деп, жаңағы аспұзылда айтылғанын ұмытып тағы қайталады. Суретке түсетін адамша сары мешпетінің жаға-жеңін түзеп, оң жағына жыға тараған сарғыш шашын сылай түсті. Сымының жан қалтасынан қол орамалын алып, мұрнын сүртті. Бір түрлі жаңа іс бастайтын адамша ресми жігерге келгендей, сарғыш ҿңі сұрғылт тарта түсті. Тҿменгі жақтан, кҿшенің оң жағымен келе жатқан ҽртүрлі жүрістегі ҽйел затының қайсысы екенін бір Құдай мен осы Кҽмен білмесе, мен қайдан білейін. Тұспалдап тани алмаған соң ҿзім жыға танитын Кҽменімнің жүз құбылысын аңдумен болдым. – Осы қызды сен мұқияттап байқашы!– деп сол жақтан кҿз алмай күбірлегенде ҿңі сҽл қызғылт тартты. Сирек қасы дір ете қалып, шашы басып тұрған тар маңдайы жиырылып барып жазылды. Амандасуға ыңғайланғандай, тамағын кенеп қалғанда, оның кірпік қақпай қадалған нысанасына жалт қарадым. Кешегі Нұрия кҿзіме оттай басыла қалды! Кешегі киімін ауыстырып, ақ кофта мен қызғылт-сұр юбка кигендіктен, алысырақтан тани алмаппын. Қыз ұмтыла барып амандасқан Кҽменнің қолынан қолын тез айырып маған ұсынды. – Танымайтын шығарсың, Нұряш, бұл – біздің мектепке былтыр күзде келген жаңа оқушы, аты Биғабіл!– деп сонан соң қызды таныстыра жҿнелді. – Мына бойжеткен біздің Нұрия атты бикеш, Нүй шуеюанда оқиды! – Танысатын шығармыз,– деп күлімсіреді қыз,– кҿріскенбіз! Кҽменге айтқан ҿтірігімді ашып, кеше кҿріскенімізді айта салар ма екен деп едім, оны қозғаған жоқ, ҽңгіме амандық сұрасуға ауып кетті. «Қалыңдығы осы Нұрия болғаны ғой, кеше қайтып келе жатқанда, қыздарды құйынға теңегенім есіме түсе қалып, «бҽсе!» дедім ішімнен – «жаңбырдан кейінгі ашылған аспандай тұнық» кҿз қаншалық тереңсінгенімен, жездесінің айтқанындай, «ешкімге қол ұшын ұстатпау» қайда, ҽлдеқашан маталып, қалыңдық болып та кеткен қыз екен ғой... Япыр-ай, мына сұмырайға қалыңдық болуын қарашы ҿзінің! ...Қой сүйкімдім, маған ұшқын атпай-ақ


қой енді! «Сұлудың жүзі алдауға бейім» деген мақалды естіп жүрген «нҽресте жігіт», құйын желі айдауға бейім екенін де біліп болды, домалай қоймас!» Кҽменнің жалбақай сұрауларына бір-бір сҿзбен ғана жауап айтып тұрған Нұрия маған жаутақ-жаутақ қарай берді. «Қой, сүйкімдім...» деген оймен дарытпай, биіктеп қарадым. «Мыстаным сынай түссін» дегені ме, ҽлде одан басқа қыры бар ма, Кҽмен арзан сҿзін алтындай жарқыратып, жаудыра түсіп еді. Нұрия тыңдағысы келмегендей, маған бұрылып алды: – Жездем қайда? – Жатақханада. – Мен Сандұңбидегі1 бір сабақтасымның үйіне кетіп барамын. Жездем біз жаққа бүгін бармақ еді, мені іздеп алыс жол жүріп қалмасын, сіз тезірек айтып қоямысыз?! – Ҿзіңіз жолдан кіре кетпейсіз бе? – Тым асығыспын, жатақханасын да білмеймін! – По, ылғи асығып жүретінің-ай, сенің!– деп Кҽмен кимеледі. – Күлҽннің үйіне барарсың. Ҿзіңді іздеп келе жатыр едік. Сен сонда бар да Күлҽнді ертіп шық, біз бірге барып, таяу жерден тоса тұрайық! – Жоқ, тоспай-ақ қойыңыз, Күлҽн екеумізді бір ұйғыр сабақтасымыз қонаққа шақырған!– деп Нұрия жҿнеле берді. – Қап!– деп қалды Кҽмен. Нұрия жеделдете жүріп алыстай бере кілт кідірді де: – Биға!– деп шақырды мені. Онан соң кері бұрылып асықпай жүріп келіп тоқтады да, ҿзіне беттеп келе жатқан маған (Кҽменге естірте) дабыстап сҿйледі. – Биға, ренжімесеңіз, менімен бірге жүріп, жездемді жатақханасынан шақырып берсеңіз!– дегенше мен де жетіп бардым. Нұрияның шырайы енді сҽл қызғылт тартты да, тұқыра күлімдеп, күбірлей сҿйледі. – Кеше жездем екеуіңізді бүгінге шақырып қалып едім ғой. Бүгін сіздің келмей қалатыныңызды біліппін, ҿзім ертіп қайтуға келе жатыр едім. Кҽменге ҿтірік айтпасыма болмады. Бұл желімді қалай жабыстырып алғансыз?! – Алдымен сіз ҿзіңіз жабыстырып алған желім екен ғой?! Қыз күліп жіберді. – Оның жайын жол-жҿнекей естірсіз. Анаған «жатақханаға барып шығамын»,– дей салыңызшы! – Ой, Кҽме,– дедім артыма қайрылып,– мен барып мына қарындасқа Момынбайды тауып берейін, асығыс жұмысы бар екен! – Мен де барамын онда! Қыз оған іле жауап қайырды: – Сіз ҽуре болмай-ақ қойыңыз! Бері жылжи түскен Кҽмен мына сҿзден соң қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымына қарай теңселді. – Кҽме, «мұқияттауды» ұмытпаспын, ҽ!– деп Нұриямен бірге жүре бердім.

1

Сандұңби – Үрімжідегі жер аты.


– Мақұл,– деп қарқылдап күлгенсіп ол қалды,– мен ұйымнан күтемін, тез кел! Нұрия кҿзінің қиығымен күлімсірей қарап, күдіксіне сұрады менен: – Не дедіңіз?... Мұқияттауыңыз не? – Ҿзінің «мұқияттап байқашы» деген ҿтінішіне қайтарған жауабым ғой. – Кімді мұқияттап байқа деп еді? – Сізді. Қыз күліп жіберді, сыңғыр-сыңғыр ете түсіп бір іркілді де, тағы күлді. – Не үшін мұқиятта дейді мені? – Сіз оның қалыңдығы екенсіз ғой,– дегенімде қыз маған аңыра қарап алып, басын тҿмен сала шытынып қалды, – түнеу күні айтқан,– деп жалғастырдым сҿзімді, – жаңа келе жатып тағы ҿтінді. Жақсы-жамандығыңызды, қалыңдық болғаныңызға дейін мұқияттап айыра алмай жүрген сияқты. – Осыған да жеткен бе бұл суайт! – Сіздің сол қалыңдық екеніңізді кеше білмеппін. Мұқияттаудың сҽті енді түсті. Қызда қатты күлкінің қыстығуы бардай, тағы да іркіп-іркіп күле берді: – Сіз маған осы жағын айтып алып, ашықтан-ашық сынамақсыз ба?... Олай болса, мен ҿзімді жобішенкіде түсіндіре қояр ма екем? – Ҽйтеуір, Құдай басқа салған соң, шамамызша мұқияттап кҿреміз де! Қыз онан сайын қыстығып, онан сайын күлді. – Олай болса, қиналмай-ақ жамандай беріңіз мені,– деп, күлкісін тия, шындап сҿйледі енді,–жерлестігін айтып танысып, біздің жатақханаға бір-екі рет барған. Мен де сыйлай күткемін. Сонымды жақтырып қалғандыққа санаған екен ғой! Енді құтыла алмай жүрмін, ҿзі тҽйни екен. Кҿрсе-ақ ағаш желімдей жабысып, ҽр нені айта беретін болды. Сізге де сауап керек шығар, қалай жамандасаңыз да осыдан мені құтқарыңызшы! – Қалыңдығымды мұқияттап бер деп жабысқалы кҿп болған. Олай болса, сізді сынатып алу үшін емес, басқа бір қырымен айтып жүргені болды!... Бүгін кҿшеге шықпаймын деген еркіме қоймай, жығыла жабысып ертіп шықты. – Сізге Ынтықбайлар қатты ҿш екен ғой, сол себеппен мені емес, сізді ҿзі «мұқияттап», орға жыққалы жүрген шығар. Естуімше, нағыз қандестің ҿзі сияқты. Мұнан соң жақын жүрмеңіз!... Бүгін ҿзім келмесем, біздің жатақханаға... барсаңыз да осы пҽлемен бірге барады екенсіз. Онда мен тымырайып алар едім де, ҽніңізді ести алмай қалады екенмін... Оқу тоқтап, сабақтастарым қайтқалы ішім пысып, зерігіп жүрмін. Бүгін ҽн естіп, бір жеңілдеп қалатын болдым! – Мен ҽн салуға емес, тыңдауға барайын, ҽнші емеспін! – Мақұл, бірақ мен мұқияттаушы емеспін,– деп күлді Нұрия, – ҽлгі Күлҽн деген сабақтасым да біздің жатақханада тосып отыр... Момынбай алдымыздан шыға келді. Кҽменнің алыстан шолып келе жатқаны байқалған соң із тастап сырт кҿшемен жҿнелдік... Нұрия «мұқияттаушы емеспін» деді ғой, менің де мұқияттарлық жағдайым жоқ екені белгілі. Ҽйтеуір бүгін де жаздың кешегідей жайма-шуақ, жақсы күні екенін


сезінемін. Ҽсіресе Нұрияның кҿзі кҿріп келе жатқан аспанымнан да жадыраңқы, аса тұнық, тым кҿңілді кҿрінеді... Бау-бағы болмаса да жұмбақ себеппен ұжымақтай кҿрінген кешегі жатақханаға тағы келдік. Кроватта керіліп, кітап оқып жатқан тағы бір аппақ қыз атып тұрды, реңі Нұриямен ұқсас болса да, табиғаттың бұған да берген бір ерекшелігі бар сияқты, сҽл тұқыра қарайтын тікшелеу қара кҿзі күлімдеп, ұшқын ата тұрды. Нұриядан жуантұғырлау, сҽл аласарақ кҿрінгенімен, желіге байланбаған күйлі құлын мүсінді, қаншалық бір тоға жігіт болса да, жонынан сылай түскісі келетіндей қыз екен. Біз де жымия қарап амандастық. Бірімізді бірімізге Нұрия таныстырды. Күлҽннің осы мектепті биыл, жақында ғана бітірген, бұрын құтыбилік, қазір үрімжілік қыз екенін ұқтық. Молла алдындағы шҽкірттей ибалы қалпымызбен, дүниедегі бар оқушының ҽдеп-ұятын арқалағандай ауырлай келіп отырдық. Келіншекті – балалы сабақтасым осы қыздардың беті ашылмаған келініндей-ақ менен ары тұйықтала түсті. Қыздар шай мен дастарқан дайындығында жүргенде: – Ей, Момыным,– дедім сыбырлап, – балдызың тағы да «ынжық» деп, борбайыңнан түртіп қалмай тұрғанда ҿжеттеніп ала қой!... Балдыз деген басынып алса қиын, ҿзіне соқтыға бер! Момынбай серги қалды, ҿзі де «ынжық» дегізуден ҽбден ерқашты болғандай. – Балдыз, ей балдыз,– деп қалғанда Нұрия жалт қарады, – мұнда келіп, тіземе біраз отыршы, шҽйді сонан соң ішерміз, ҽпекеңді сағынып жүрмін! Нұрия оған таңданғандай қарап алып, маған сҿйледі: – Жаңа бірдеме деп сыбырлаған сияқты едіңіз, қайрап қойдыңыз-ау деймін, ҽйтпесе бұл ынжыққа мұндай ҿнер қайдан бітті?! – Жоқ, ойбай, ҿзімді қайрайтын біреу таба алмай қиналып отырмын. Жала жаба кҿрмеңіз! Жездеңіздің сүйегінде барын білмейді екенсіз-ау! Бұл сҿзіме Күлҽн сүйінгендей, ашыла күлді. Расында ҿзімді баса қалған ояңдық бұлтынан серпілу үшін қайрап едім, еңбегім бекер кетпегендей, дастарқан жайылып, шай құйылған соң ойын-ҽзіл сҿз ойнақшып шыға берді. Нұрия күле жалғастырды сҿзін: – Мені жездеммен сүзістіріп қойып «мұқияттау» үшін қайрағаныңызды біліп отырмын. – Жоқ, оныңыз жаңсақ болар, ҿзімді мұқияттағысы келмейтін адамды мұқияттайтын жынды емес шығармын! – Ей, қыз, ҽпекең мені былтырдан бері қанша қайрағанын білмейсің бе, жала жаппасаңшы елге! Қазір мен қылшылдап жүрмін!– деп кіріскен жездесінің сҿзін елеусіз қалдырған Нұрия маған бағдарлай қарап, сҿзімнің тҿркінін іздеді: – Сіз бағанағы бір сҿзімді кҿңіліңізге алып қалған сияқтысыз ғой?! – Жоқ,– деп мен тұна түскен кҿгілдір кҿзге баға қарадым, – қандай санамен болса да, бір-біріне назар салмайтын адам болмаса керек. Солай да қадағалап мұқияттаспауды жақсы кҿремін. Сол сҿзіңізге дҽн ризамын! Ойлана қалған Нұрияның назарын тізелесіп отырған Күлҽннің сұрауы бҿлді:


– «Мұқияттау» дегенің немене, қайдан шыққан сҿз?– деп күбірледі ол кҿзі күлімдей түсіп. Нұрия оның құлағына қолын далдалай сыбырлады да, Күлҽн сықылықтап күле берді. – Ақымақтық қой мұнысы!– деп тына қалған Күлҽннің кҿзі менің кҿзіме ұшыраса кетті де, лып ҿтіп Нұрияның кҿзіне тоғысты. Қосыла тағы сыңғырлады қос қоңырау. – Нұрияш, бізге де айтсаңшы ҿздерің күле бермей! –деп Момынбай аңқиып еді. Нұрия шай құя отырып жауап қайырды: – Құлағыңа алтын сырға жездетай!... Саған лайық сҿз емес, естімей-ақ қой! – Е, жастар арасындағы сҿз болса, қойдық. Осы күлкілеріңнен жарылқасын!... Ішімді пысырмай ҿлең айтып беріңдерші онда! – Ҿлең бастан басталмай ма, отағасы, ҿзің баста! – Ҿлең кҽрінің не теңі, жастар бастайтын!... Ауылдың алты ауызы деген де бар емес пе?! – Кҽртейіп ала қоюында да мҽн бар екен-ау, қуын ҿзінің!– деп қойып, Күлҽнға қарады Нұрия. – Ал, тілеген «алты ауызын» айтып-ақ берейікші! Нұрия «Ағажай» ҽнін үйіре тҿңкерілтіп бастай жҿнеліп еді, Күлҽн қосыла кетті. Екеуінің бірге айтып машықтанғандығынан ба, иҽ үн, саздарының табиғи ұқсастығынан ба, бір ғана күміс кҿмейден шыққандай сылдырап, бір ғана сыбызғыдай сорғалай жҿнелді. Екінші шумағын айтқанда ғана аңғара бастадым, ҽн ҽуені ҿрлегенде Нұрияның үні айқындалып, тым айшықты, ҽсем толқиды екен. Асуға ҿрлеген сайын жазылатын тұлпар бауырындай, аспандаған сайын қайқаятын қыран қанатындай тым ҿрісті үн сияқты. «Қыз Жібектің ақмаралына» жеке бір жіберіп алар ма еді ҿзін!.. Ҿзі де нағыз ақ марал ғой, білер ме екен?!... оны білмесе «Гаккуді» ҿтініп кҿрейін!... бірақ, оған жеке айтқызудың жҿнін қалай келтіруге болар?!...» «Ағажай» айтылып бола бергенде осы ойға кетіппін де, мелшиіп отырып қалыппын. Күлҽннің күбірінен оянғандаймын: – «Мұқияттап» отыр,– деп ол күбірлегенде, маған Нұря да бір қарап алып, Күланға қосыла сыңғырлады. – Жоқ, ҽндеріңіз есімнен тандыра жаздада... «Ақмаралды» айтып жіберіңізші! Мен Нұрияға ғана қарап ҿтіндім де, ол ыңғайсызданғандай қызара күлімсіреп тойтарды: – Олай ҽсірелесеңіз, айтпаймыз. – Сізді ҽсірелегенім емес, ҿз ҽлсіздігімді айтқаным ғой. – Ал, айтып-ақ берші!– деп Күлҽн құптады. – Ҿтінді ғой, «ер мойнында қыл арқан шірімес». Мына сҿзімен қу қыздың ҿзіме тұзақ тастай қоюынан қысылыңқырап едім. Нұрияның сҿзі тынысымды кеңіткендей сезілді. – Олай болса, сіз де қосылып айтыңыз, менің білетінім толық емес қой деймін. Жеке айтып қиналмай, мұндай бұлбұлға ере кету қарғаға да сҽтті орай ғой, мақұлдық білдіріп қосыла кеттім. Бірақ, оның шалығына ілесіп, шарықтау шегіне бірге шығу қайда, ҿрлей бергенде жарты дауысқа түсе қойдым да, ҿзі күткен сынды кезеңде «мұқияттап» тыңдай ілестім. Тұспалым дұп-дұрыс


шықты, тотыдай сыланған осы бір ҽнді одан ҽрі құлпыртып, құйылтып жібереді екен. – Сіз матившыл екенсіз,– деп қойды ҿзі маған тҿмендей қарап. – Тҿмен алған даусыңыз ҿте келісіп шықты. – Бұлбұлға ілескен қарға да бақытты болар?! – Ҽне,– деп ол жҽне ыңғайсыздана күлімсіреді,–тағы да асырып жібердіңіз. Мұнысы қылымсу емес еді, мақтаудан расында да қатты қысылатыны байқалды. – Енді Күлҽштің «Гҽккуін» ҿзіміздің Күлҽш орындаса қалай, кҿпшілік?– деп едім, балдыз бен жезде құптай жҿнелді. Күлҽн іркілмей бастады да, Нұрия қосыла кетті. Маған «сен де қосыл» дегендей тұңғыш рет «сен» деп атағандай болып жұмыртқадай жұп-жұмыр иегін кҿтеріп қалды, ҿзімсінген достың батылдық шырайы жарқ ете түсті. Айнадай тұнық кҿзінен ҿзімді кҿргендей қадала түсіп қосыла жҿнелдім. Екі қыз бұл ҽнді де тамаша орындады. – Ал,– деді Күлҽн кҿзін маған күлімдете қадап,– «Ауылдың алты ауызы» айтылып болған шығар. Енді «қонақ кҽдесін» тыңдайық! Мұндай ҽнші қыздардың қасында отырып жеке ҽн орындаудан кҿрі алқымнан ала буындыруды жеңілірек кҿретін мен бұл жолы сол ауырды жепжеңіл кҿтеретіндей рай байқаттым; ҽлгінде қыздардың бастаған ҽніне ілесуім де, шынымен балқуым да шабыттандырғандай. Ҽсіресе қыздар тҽлімсімей орындап отырғанда менің тартынуым тым оғаш болады ғой, «Айнамкҿзді» іркіліссіз кҿтере жҿнеліп едім, Құдайым қолдап, аруағым жебегендей Нұрияшым қосыла кетті де, шырқатып ҽкетті. Бұл ҽн жҽннҽттің кҽусарындай тҽтті сезілді ҿзіме. Ҽн аяқтаған соң бажайлағанымда қыздардың жүзі де албырап, бал-бұл жанып кеткендей кҿрінді. Бұдан соң да бірнеше ҽнді қосыла айттық. Ҿмір қасіретін шертетін мұңлы «Дүние-ай» мен «Япыр-ай» да, махаббатқұштарлықтың құлақ күйі – «Айттым сҽлем қаламқас» пен «Кҿзімнің қарасы» да айтылды. Бҽрінде де Нұрия тҿтенше ынтамен, айрықша нақышпен мұратына жеткізе толқытады. Ҽнге қалмай ілесіп, бірдей толқытып отырған Күлҽннің жүйрік кҿзі Нұрияның мұншалық ықыласынан ҽлде не іздегендей күлім қағып, екеуміздің жүзімізге кезек аунайды. Бірақ, мен Нұрияның ҽн ҿнеріне берілген үлкен дарын қызуынан басқа дерек аңғарғаным жоқ. Оның «сізден» «сенге» кҿшкендей, тҿтенше жақындық білдіргендей қарасын да «ҿнер сүйгендіктің нысаны» деп ұйғардым. Қыздардың күні бұрын пысырып, дайындап қойған еті бар екен. Қазақ салтымен тҿртеу ара бір табаққа ҽзіл-қалжың рахатына бҿге отырып, жеп болған соң, Момынбай екеуміз қайтуға ыңғайландық. Қақпа алдында шығарып салмақ болған Нұрия менімен именіссіз-іркіліссіз, ескі досынша немесе аға-бауырша қолдаса жүрді. – Мен басқа күндері қазақ–қырғыз ұйымына, одан Күлҽннің үйіне барып қайтып тұрамын. Ал, сенбі-жексенбі күндері... Сіздерді күтіп, жатақханада боламын, үзбей келіп тұрыңыздар!– деді.


– Кҽменше зеріктіріп алмасақ?– деп сыбырладым құлағына таман еңкейіп. Қыз сҽл қызарыңқырай күлімдеді: – Зеріктіру келіп тұрудан емес, келіссіз сҿзден ғой, сіздер... зеріктірмессіздер!... Уатып, тербететін ҽндеріңіз бар екен. Бүгін бір сергіп қалдым. – Зеріктірмеу жағынан уағда берейік, бірақ бізді келген сайын қонақша күтпеуге уағда беремісіз? – Болсын!– деді қыз сыңғырлай күліп. – Одан қысылсаңыз қарасумен-ақ «қонақ қылып» тұрайын. – Мақұл, онда. Момынбай кірісе кетті: – Мен бір шарт қосайын, сенбі күні сен барып тұр бізге! – Желімі бар қақпаның алдынан ҿту де қиын,– деп қыз маған қарап күбірледі,– мен бармайын! – Желімің не?– деп қадалған жездесін мен жетектей жҿнелдім. – Мақұл дей сал Момыным, жүр. Сабақтасымды қолынан жетелей жҿнелсем де, кешегідей емес, артымда бір қымбатты дүнием қалғандай қайрылып қарағым келе берді. Қарасам сезіктендіріп – «зеріктіріп алармын» деген оймен мойнымды зорға кҿндіріп, жүз метрдей алыстағанда жалт қарағанымды сезбей қалыппын. Қыз қозғалмай қарап тұр екен. Тез қайрылып, жеделдете жүрдім. Тағы да соншалық ұзап барып, тағы да қайрыла қараппын, Нұрия ҽлі тұр. Жатақханасында қалған тағы бір қонағын ұмытып кеткен секілді. Енді қарамауға ҿзімді мықтап кҿндіргендей-ақ едім, бұрылатын кҿшенің мүйісіне жеткенде қайта қайрылып тұра қалыппын. Қыз ҽлі қарап тұр, бұл жолы «қош» дегендей, оң қолын кҿтеріп қалып, екі қолын желкесінен айқастыра керілді. Жүрегім шым ете түскендей сезілді ҿзіме. – Біздің балдыз қалай екен, бҽлем?– деп Момынбай күлімсірегенде бір-ақ біліппін, момыным тым қу екен, менің күйімді байқап келе жатыпты. Бетім ду ете түсті де үнсіз жүре бердім... Нұрияның жатақханасына осыдан соң ҽр аптада барып тұрдық. Қосылып ҽн салыстық, қосарланып қатар отырыстық, қосыла күлістік. Сондай достықтан ҿзге рай кҿрсетіспедік. Құштарлығымыз қоштасып айрылысқан соң алыстан ғана жарқылдасады да, жақын келіскенде жасырына қалып, кҿздердің түбінен ғана ұшқындап қояды. Нұрия қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымына келген кездерінде Кҽмен екі-үш рет құсбегіше шырғалап шақырып кҿріпті де «түспей», ыңғайға кҿнбей қойған соң ҽтешше қанат сүйреп, алдын тоса беретін болыпты. Оған тоқтар түрі кҿрінбей қойғаннан кейін, соңынан еріп, қалмай қойыпты бір күні. Мектеп қақпасына дейін еріп келіпті. Жатақханасына баса кҿктеп кірерге, енді қырғиша түспек мінезге келгенін байқаған Нұрия қақпа алдында тұра қалып, ақыл сҿзбен қайтара алмапты да үзілді-кесілді бір-ақ тойтарыпты: – Аулақ кет, жабыспа!– депті жалғыз-ақ. – Аттаушы болма осы қақпадан, оқушы қыздар алдында масқараңды шығарамын!


– Нұрияш-ау, менің не жазығым бар еді?!... Жатағыңа кірейікші, түсінісейікші! – Кірмейсің енді, келмейсің мұнда!... Сыртымнан не деп тон пішіп жүрсің, мен білмеймін бе!... Қашан қалыңдық болыппын мен саған!... Жоғал, кҿзімнен, қара жүз! – «Қалыңдығың» не айтып тұрған?! Кім айтты? – Кімнің аузын жаппақсың, бҽрі айтты!... Бар қыздың кҿзінше бетіңе күйе жағармын, масқараланбайын десең енді келуші болма! Нұрия сол сҿзбен жатақханасына тартыпты да, Кҽмен сүмірейіп артына қайтыпты. Бұл жҽйтті сол аптаның сенбісінде Нұриядан естіп қайтып едім, кешінде жатақханама Кҽмен жетіп келді. Бұрынғы ҽдетімен күле келіп, ҽр нені сҿйлеп отырды да, ҿзінше елеусіз ғана етіп Юсуф Қасымның жайын сұрады. Оның құлжалық екенін ғана білетінімді айттым. – Бұрыннан дос екен десем... басқа ұйғырлармен мұндай жақындығың жоқ қой, қалай етене бола қалдыңдар? – «Етене болғаның» қалай? – Бірлесіп кірпіш құйып, кҿрісе қалғанда, күлісе қолдасып жүретіндіктеріңді айтқаным ғой. – Бір мектепте сабақтас болған соң, ең кемінде түс таныс болмай ма? Түс таныстардың құятын кірпіш іздеп жүріп іс таныс бола қалуы қиын ба?... Соншалық кҿп ұйғырдың біреуінің таныстығын қимаймысың маған? Мұның несін сұрадың? – Сендей тұйық жігіттердің жақындығы жоқ ұйғырмен қойындасып кетуін ғажапсынып сұрағаным ғой!– деп қарқылдай күлді Кҽмен, «мені іздейтіні осымен екі болды» деп мен түйдім ішіме. Орнында шалқалап жатқан Момынбай сыртқа шығып кетіп еді. – Ҽншейін сҿз ғой,– деп Кҽмен «жуа салды» бұл тергеуін. – Жҽ, Биға, сен ҽлгі Нұриямен ҿте таныс екенсің? – Біздің Момынбайдың балдызы екен ғой, сонымен бірге жүргенде кҿшеде бір кездескенбіз. – Қандай қыз екен ҿзі, жиы кездесіп тұрады екенсіңдер! – Алғалы жүрген сенен жиі кездесіппін бе?... «Қалыңдығым», «сен бір кҿрші», «мұқиятташы» деп жүріп, енді «кҿп кҿріп қойыпсың» дегенің қалай?!... Кҿрмесем «кҿрмедің» десең, кҿрсем «кҿп кҿріп қойдың» десең, қай бабыңа кҿнейін енді сенің? Кҽмен су жұқпас пішінге келіп күле сҿйледі: – Биғабіл, сен күлдіргіге айналдырып барасың! Ҽнеу күні менің алдымнан кҿпе-кҿрнеу жетектеп ҽкеттің ғой, сонда «мұқияттауды ұмытпаспын» деп маған уҽде беріп кетіп едің, қалжыңды қойып, сонда не сҿйлескендеріңді айтшы маған! Қалай-қалай сҿйлестіңдер, қалай екен ҿзі? – Онда мен жатақхана қақпасына дейін ғана ілестім. Енді мұқияттайын дегенімде алдымыздан Момынбай шыға келіп, сонымен кетті. Мен жатағыма кіріп, онан соң Бахуланға бардым. «Қалайын» сол қалайлап, сол мұқияттаған шығар, Момынбайдан сұрашы!


– Бахуланда кімдікіне бардың? – Тоғайдікіне бардым. Қара ағаштың саясында сабақ пысықтадым. Қара ағаштың саясы айтылғанда Кҽменнің сары жүзі ҿңіп, сұрғылт тартты да, үнсіз түйіліп отырып қалды. «Нұрияны сол саяға апарып, кешке шейін мұқияттаған екен» деп ойлады білем, «олай болғанда, оған менің қалыңдығым дегенім айтылмай ма, Нұрияны қатты ҿшіктіріп қойған осы» деген тұжырымға келген сияқты. – Ҽзҽзіл екенсің-ау ҿзің,– деп қалды бір уақытта,– арамызға бүлік болып кірген сен екенсің! Бұл сҿзіне ызам қатты келгенімен «алдағы күзде бізге мұғалім болып тағайындала қалса арқамнан ала түсер» деген ой түсіп, келе қалған қатал сҿзімді тия қойып, баяулай сұрадым: – Не істеппін? – Ол үндемей қалды. – Тыңда Кҽмен, екеуіңнің араларыңа сұғынып, ҽзҽзілдік етейін деген титтей де ниетім болған емес. Бұл жерге қыз іздеп келмегендігімді ҿзіңе де айтып едім ғой... Сол қызды «мұқияттап сынап бер» деп ҿзіңнен ҽлдеқайда тҽжірибесіз менен не мақсатпен ҿтіне бердің, соны айтшы?! – Мақсатым сені Нұриямен таныстыру, сол арқылы қасындағы Күлҽнді саған қиюластыру еді, жаман ба?! – Құб, мен сұрайын енді... оқуды бітіріп, қызметке шыққалы отырған Күлҽнға жаңа келген менен басқа лайық кісі табылмады ма? – Кҽмен жауап қайырмады. – Үйлену түгіл ата-анасын кҿріп қайтуға ақша таба алмай жүрген жалаңаш кедей баласын сол Күлҽныңа қызықтырудан не пайда кҿздедің, соның шындығын айтшы? – Кҽмен тағы да жауапсыз ыржия түсті. – Ҿзіңе ешқандай жазығы жоқ меңгерушіні менің алдыма келіп не мақсатпен боқтадың? – Ойбо...й, қайдағы сұрақты жаудыра бермеші маған, арамызда қалжың да, шын да бар ғой! – Мені неше күннен бері тергеуге алып келесің, қалжың болсын, шын болсын, бҽріне шын жауап беріп жатырмын. Енді менің сұрауыма сен де шын жауап беруге борыштысың, ҽлі бірнеше сұрауым бар, тоса тұр!... – Жҽ, болды Биғабіл, қойшы енді, достық ҽзілге соншалық бүлінгенің не? – «Ҽзҽзілсің» дегенің ҽзіл ме? ... Меңгерушіні маған жамандауың да ҽзіл ме?... Мұның менің адал жауаптарыма арам ойыңмен от алып күйіп кете жаздағаныңнан шыққан «ҽзҽзіл» «ҽзіл» болса, менікі шын сұраулар, кім ҽзҽзіл екен?... Жауап бермесең осындай бірнеше сұрауымды бір-ақ қосып меңгерушінің алдында жауап аламын! – Болды, болды, кетейін енді! Түсің бұзылып барады, тҿбелесіп қалатын сияқтысың,– деп Кҽмен орнынан тұрып, кетуге ыңғайланды, мен қолынан ұстай алдым. – Осы сҿзіңнің ҿзі де ҽзҽзілдік. Ҿтірік сҿзде қадір, шын сҿзде содыр болушы ма еді? Шындықты айтудан басқа титтей ашу кҿрсетпесем, қайтып «тҿбелесіп қалатын сияқтымын?» Жауаптан жалтару үшін тапқан ҽзҽзілдігің бұл! Тұра тұр!... Мені мақлұқ екен деп ойламағайсың, қия басқаның маған аян, қия басқаның түгелімен ҽзҽзілдік!... Соңыма осынша түсетін не жазығым


бар еді менің? Ұстап алған қылмыстыңдай күндіз-түні қалайша тергей бердің мені?!... Табан астымнан ор қазып жүргеніңді айқын түсінемін мырза, бірақ, сен де ҿзіңді ҿзің түсініп ал! Сол үшін ғана, жҽбірлеп алу үшін емес, жақсылық үшін ғана айтпақшымын: сен, «ет пен терінің арасында» кҿрінбей жүретін ҽзҽзіл емессің, қыбыр еткеніңнен кҿрініп жүретін ең дҿрекі-дҿкір ҽзҽзілсің! Бұл ниеттен кешпесең ҿзіңе ешкімнен жақсылық келмейді! Кҽмен шығып жүре берді де, орындарына келіп тыңдап отырған Түгелбай мен Момынбай күліп жіберді. – Бұл ҿлігіңе отырайынға жақсы айттың! – Сауап болды!– десіп күлді екеуі. Ҽділетті тергеушім, қылмысымның бұл бҿлімінде бастан-аяқ ала бүлік қозғаушы болғандығым баяндалды ғой. Ҽсіресе осы соңғы тарауында ҿзімді тіпті ашық ҽшкереледім. Адал құл Кҽменнен қалыңдығын айырып, ҽзҽзілдікпен тартып ҽкеткенімді байқаған шығарсыз? Тартып ҽкеткен емей немене, Кҽменді бет бақтырмай тойтарғаныма екі апта ҿткен соң Нұрия үйіне барып қайтуға менен рұқсат сұрады. «Ҽкем түрмеден тез уақыт ішінде шыға алмайтын сияқты, үйге барып бір апта болса да дем алып қайтсам қалай?» деп менімен ақылдасқаны – рұқсат сұрау емей не болмақ? «Жарым ай ішіндеақ қайтып келермін» деген мҿлшерін де айтып қайтты. Мұны «қалыңдығым» деп жүрген Кҽменге айтпай маған айтуы сол қалыңдықты менің тартып алғандығымның ғана емес, сіздің логика бойынша, тіпті, заңсыз-жасырын некеленуімнің талассыз дҽлелі емес пе? Кҽменнің кім екені сізге тайға таңба басқандай айқын ғой. Ол сол дҽуірдегі зор ханзушылдықтың адал қорғаушысы, қандес үкіметтің адал құлы, теңдік тілегендерге қойған бақылаушы кҿзі, ұстаушы қолы еді. Сондай адал құлдың мұрындықтау алдындағы қалыңдығын тартып ҽкеткен жҽне оның итпелеушілерін ит етінен жек кҿретін қылмысты мен боламын... Мұны да шекесінен шерте отырып тарихи қылмыс қатарына қосатындығыңызға сенемін!


ЕКІНШІ БҾЛІМ АҚЫЛ І Құдіретті тергеушім, ҿтірік қоссам тас тҿбемнен ұрыңыз! Екінші жылдық оқу сентябрь кірісімен басталса да үйі шалғай оқушылар октябрь жарымдағанда ҽрең жиылды. Ҽр аймаққа, ҽр ауданға барып қайтқан сабақтастардың айтуларына қарағанда, үкіметтің алман-салығынан халық тұрмысы тҿмендеп қалған екен. Базар бағасы күн сайын ҿрлеп, қымбатшылық қысып барады дейді. «Сары аяқтардың»1 тімтінуі, зорлықзомбылығы кҿбейіп, лауға алған кҿлігі де қайтпайтын болыпты. Жақсы аттар түкпірден түкпірге тығылып, баужаң-жяжаңдардың кҿзіне түсуді қойыпты. Шақылдап жетіп келген «сары аяқтың» ызғарына шыдамаған олар «ҽкесінікін де жұлып бере салады» дейді. Ұлттар арасындағы ынтымақсыздық та ҿршіп қалыпты. Жаңгүдейлер ҿзді-ҿз маңайының шексіз биіне айналыпты да, оларды бу кҿрген шағын топтар ҽтешше қоқиланып, шақ ете түсетінді шығарыпты. Алтайдың жай-жапсарын Қабен сыбырлап қана жеткізді маған: Осы Үрімжі түрмесінен қашып шыққан Сүгірбаев Дҽлелқан сол беті сыртқы Моңғолияға ҿтіп кеткен екен. Сыртқы Моңғолиядан қару-жарақ сатып алуға келісім жасасып қайтыпты да, Оспанмен бірлесіпті, оны ықпалына кҿндіріпті. «Дҽлелқан – саналы, оқыған кісі, -деп түсіндірді Қабен маған, – осы жақында Гоминданға қарсы, кҿлемді партизандық соғыс жүргізетіндігін жасырын жариялапты. Қазір соның үндеуіне Алтайдың бар ауданы қосылып, астыртын дайындалып жатқан кҿрінеді». Тағы бір тың хабар ойына орала кеткендей, Қабеннің үлкен кҿзі жарқ ете түсті: «айтпақтайын, Ҽлменді кҿрдім,– деді күбірін бҽсең сыбырға айналдырып, – Сарсүмбеде жасырын жүр. Атын «Құдайберген» деп ҿзгертіп алыпты. Осы мектептегі жай-күйді жік-жапсарына дейін анықтап сұрады менен. Мезеті келгенде Үрімжіге де барып қалармын дейді. Сенің жайыңды да сұрап, үш қайтара сҽлем айтты. «Ақылды болыңдар» деп дастарқан үстінде екі-үш рет қайталады, бір түрлі, ҿтінгендей мағынамен қарайды. Бұл сҿзінің «ынтымақты болыңдар» деген мағынада айтылғанын, «бірлік болмай, тірлік болмас» деп тоқтауынан түсіндім...» Қабеннің бұл хабарларынан недҽуір кҿңілдене кірістім оқуға. «Халық қозғалысы Гоминданға ең болмағанда бір аз кішпейіл болуды үйретер, зұлымдыққа шек қойылар да тұрмыс аз да болса жақсарар!» дегендей, езгіні кҿп кҿргендіктің қанағатшыл үміті жылт ете қалып еді. Бірақ, тұрмысымыз күн сайын нашарлап, жазда кірпіш құйып тапқан ақшама аузым ашыла берді. 1

«Сары аяқ» – Гоминдан ҽскеріне жергілікті атау болып кеткен сҿз. Сары бұлдан жасалған балтыр орауышы мен сары шақайына қаратылған атау болса да, жиреніш мағынасымен жалпыласқан.


Сабақтастар арасында тұрмыс жақсы қамдалатын сақшы мектебіне ауысып оқу талабы күшейе түсті. Ханзу тіл-жазуы сынауынан ҿте алатын Асылқан сияқтылар ең алдымен ауысып, су жаңа «сақшы сарыны» киіп шыға келгенде, ол талап тіпті күшейді. Біздің кластан да екі-үш сабақтас сол мектепке кетіп, партамыз сиысатын болып қалдық. Бізді бұрынғы он-оннан ғана жататын жатақханадан кҿшіріп, мектептің ең түкпіріндегі бір залға бір-ақ қамады. Мұндай тұтас қамалу басқа кластарда да болып жатты. Бұрынғы жатақханамызды Хуаңхы жағасында су апатына ұшырағандардан бағуға ҽкелген балаларға бергендігін естідік. Оларды қамдау расходы да бізге бҿлінген тамақ қаражатынан тартылыпты. Тұрмысымыздың тҿмендеп кету себебін енді түсіндік, түсіндік те түксие түстік. Бҽрінен ауыр түксиетін жҽйт ұрлап-жырлап кітап оқудың қиындауы болды: «жау» да, «жақын» да бір жатақханада, күндіз бір қағаз терезе түбінде, түнде бір шам қасында отырысса, бірінен бірі қалай жасырып оқи алмақ! «Жасыра алмай қалсақ, жарғыласамыз ғой!...» Жалпы жағдайымыз ауырлай берді. Гоминданның бізге арнаған «кішпейілдігі» мен «қамқорлығы» бір ғана науқаннан кҿрінді. Ол мектеп оқушыларын жаппай Гоминданға мүшелікке тарту науқаны еді. Октябрь айының соңғы бір күні түстен кейін біздің кластың есігінен меңгеруші ыржия қарап: – Бҽрің шығып тҽртіп бҿлімінің алдына тізіліңдер! – деді. Біз бір бірімізге хауіпті кҿзбен жалтақ-жалтақ қараса бердік. «Жаппай тергелетін қандай мҽселе шықты екен, қай қу ауыз шақты екен?!» деген күдік кеулеп, Серҽлі мен Ынтықбайға кҿбірек қарадым. Ол екеуі бірін-бірі ата қарасып тұрды. Меңгеруші сол күйімізді сезгендей тағы ыржиды. – Бұл класс – үлгілі класс!– деп кіре сҿйледі. – Мен айтқанмын ғой, сендер жақсы, партия жақсы кҿрді!... Партияға мүше болғыларың келе ме? – «Келеді», «боламыз!» десіп, бірнеше сабақтас ҽр партадан қатар үн қосты. – Олай болса, тез шығып тізіліңдер! Меңгеруші шыға бере Қабен, Қуат, Бексапа, Ҿмірбек бастатқан сабақтастар күреңіте қалды. Бірнешеу жайраң қағып шыға жҿнелгенде, олар күбірлесіп тұрып қалды да, ең соңынан жылжыды. Оралқан үнсіз дағдарып тұрып қалған менің қолымнан тарта берді: – Жақтырмағаныңды білдіріп қойма, бұл – үлкен сын, жалбарақтай бер!... Үшінші, екінші жылдықтағы оқушылар тҽртіп бҿлімінің алдына барып үштен тізіле қалыпты. Біздің «үлгілі класс» ең соңынан тізіліп жатты. Мен ғылыми бҿлімнің есігі жаққа қарай бердім. Іздеп тұрғаным Ақылбай еді. Ол бір буда қағаз кҿтеріп шыға келгенде, алдынан барып тоса қалдым. – Сізден бір жайды сұрап ұғайын деп едім. – Не жай?– деп Ақылбай жолынан бұрылып, оңашалау барып тоқтады. – Партияға кірмей қалуға жол бар ма? Ақылбай жымия күлді де, ойланып алып үн қатты: – Кірмеймін десең зорламайды ғой. Бірақ, қарсы деп есептеп, артыңнан аңду кҿп болар,– деп маған бағдарлай қарап кідірді. – Қабылдаушылардың


сұрайтын бірнеше сұрауы бар. Егер кіргің келмесе, ҽкең иҽ туысқан ағаңның біреуі «түрмеде» болсын, ондайларды қабылдамайды! – Қабылданбағандарды нысанаға алмай ма? – Жергіліктілерде нысанаға алынбайтын адам дҽл қазір жоқ,– деп Ақылбай тағы жымиды, – қалай да ашық қарсы болып кҿрінбей, кіре тұрғаның жҿн шығар... Мен сол сҿзбен орныма барып тұрдым. «Қалай екен?» деп сұраған сырластарыма сыбырлап, қысқаша айта тұрдым. Тҽртіп бҿліміне шақырылып кіргендер алғашында біраз кідіріп, сұрауларына жауап беріп шығып жатқан сияқты еді. Күн еңкейе келе жұмысты кідіріссіз тездетті де ымырт үйіріле қызыл кінішкҽсін бір-ақ кҿтеріп шығып, далада үлестірді. Ақтарып кҿрсек, сұрайтынын мектеп басқармасындағы анкеттерімізден ҽлдеқашан жазып, қабылдайтынын қабылдап болған екен. Біздің «үлгілі кластікін» ҿзіміздің Оралқан бҿліп алып бір-ақ құшақтады. Бҽріміз-ақ қабылданған сияқтымыз, партбилетті соның қолынан алдық. Құдайдың нақ иігендегі рахымы осындайақ болар, «аспаннан былғары жауған» деген осы шығар. Біздің ең жуасымыз Момынбайға ғана тимепті, ҽкесі тұрмеде ғой. Шың Шысай қамаған түрмеден ҽкесін азат етіп жарылқамақ болып тұрған «жаңа үкімет» ұлын да «оқшантайсыз» қалдырды. «Гоминданның пҽлендей бір ішкі жиынына қатынаса алмасақ та ҽйтеуір партбилетіміз бар, соның мүшесіміз ғой, бізге енді шұқшия бермей кеңірек қарар» деген ой кҿп сабақтасымызда болғандай, еркінірек оқуға тырысты. Біздің іздейтін еркін оқуымыз – ҽрине, Қазақстан кітабын оқу еркіндігі. Славян жазуындағы кітаптарды кҿбі бір-бірінен жасырмай, пікір ауыстыра оқитын болды. Тек кҿбірек сүзіскен екі жақтың атамандары ғана іштей аңдысып, оқитын кітабын тым жасырын сақтап, кҿп шимайлы сабан қағазға орай сығалай оқып жүрді. Кҽмен кіргенде ол кітаптарды қайсымыз болсақ та зым-зия жоғалтамыз. Кҽмен мектептің ҿзінде қалып, бізге ханзу тілі сабағын ҿтетін оқытушы жҽне педагогика сабағының аударушысы болған. Жаздағы сайыстан соң маған бетпе-бет келіп, ашық ҿктемдік жүргізе қоймағанымен, астыртын бақылауы арта түскенін сеземін. Ол біздің «керуен сарай» аталған топтық жатақханамызға кҿбірек келеді. Ҿзінің ұстаздығына лайықсыз қимылмен мысықша баса келіп, бір сабақтасымыздың тҿсегіне жатып жүргенін білмей де қалдық. Іңірлерде дҽретке шыға қалған сабақтастарымыздың «сен кім?» деп қалғанын естиміз, қағаз тереземіздің сыртынан тың тыңдап тұрған тағы сол «ұстазымыз» болып шығады. Бұл тіміскілеуіне қарай Кҽменді сабақтастар түгел жек кҿре бастады. Жазда ауылдарына барып қайтқан Ынтықбайлар тобы да одан іргесін іштей бҿлген сияқты, қайтып келгеннен бері оған жақындап, ҿзгелерді кҿрсетіп жүргенін естімедік. Сҿйтсе де араздығымыз сол күйінде сақтаулы еді. Бірбірімізден қатты сақтанатындығымыздан, соншалық тімтінген Кҽмен де ешқандай жемтік түсіре алмай, аш бҿріше жалақтай берді.


Қай жақтан қарағанымызда да біздің партбилетіміздің ешқайсымызға пана болып, пайда келтірмейтіні байқалады. Пана болғаны сол, пҽлелі дертке қойындастырып, ажал қамшысын үйіргенін кҿрдік бір күні. Ханзу тілі класының үшінші жылдығындағы Ақай атты аса жақсы бір сабақтасымыздың ауырып қалғанын естіп едік. Соның кешінде бір дҽрігер келіп тексере сала «менингит» деп тҽртіп бҿліміне жүгіре жҿнелгенін кҿрген бір сабақтас соны қайғымен айтып отырғанда «керуен сарайымызға» меңгеруші келіп кірді. Тҽртіп бойынша орнымыздан тұрдық. – Сендер жақсы класс, партия мүшесі кҿп, бҽрің жақсы... а... жақсы болыңдар!– деп аралай ҿтіп, Қабен екеумізді танығандай кезек қарады. – Сен екеуің менімен бірге жүріңдер! Қабен аңтарыла қарады: – Қайда барамыз? – Осында ауырған бір сабақтастарың келіп жатады, жақсы қараңдар, а ... сендер жақсы класс! Менингит болған сабақтасты бізге қоспақ екенін сезсек те, шақырылған екеуміз не дерімізді білмей, жан-жағымызға қарай беріп едік: – Лаж жоқ, барыңдар енді,– деп Оралқан күбірледі. – Құдай сақтар, айтқанын орындатпай қоймайды бұл. – Қолғап ки,– дедім Қабенге, ҿзім бас жағымнан шарфымды алып, мойныма салдым. Жұқпалы аурудан сақтану үшін аузымды тұмшалауым керек қой, Қабен де солай дайындала бастады. Меңгеруші біздің не үшін осылай киініп жатқанымызды біліп, сабақтастардың түгел түксиген қабағына кҿз қырын жүгірте сҿйледі: – Күн жылы, қазір қолғап не керек? –деп арсия күлді алдымен. – Үлгілі класс болғандықтарың үшін, ауырған ҿздеріңнің қазақ сабақтастарың болғаны үшін, сендердің ғана күте алатындықтарыңа сендік. Жақсы қараңдар оған! Орталарыңнан, жылы жерден орын ашыңдар... а... мына жерден!– деп қатар жатқан сабақтастардың дҽл ортасын нұсқап шыға берді. Қазақ атымызға жығып, қатері зор аса жұқпалы дертті дҽл ортамызға ажалды гранаттай тастамақ болғанына тістердің шықырлап кеткені байқалды. Мен Қабеннің соңынан еріп бара жатып, Оралқанға тҿр жақ шеттегі балшық пештің түбін ымдадым, ол ең шеткі орын еді. Ханзу сабақтастары босағаға жатқызып қойған Ақайды Қабен екеуміз тұмшалана келіп қолтықтап кҿтере бердік, артымыздан Оралқан мен Қуат та тұмшаланып жеткен екен. Олар тҿсеніш-жамылыштарын киізімен орай буды да, қаумалай кҿтеріп шықты. – Иерін,– деп қалды бір ханзу сабақтас. – Ҿздерінен ҿздері жиіркенеді, адам емес. Оралқан қайырыла қарап, саңқ ете түскенде, алдындағы біз де қалт бұрылдық. Екі сабақтас ҽлгі мықтыға оқты кҿздерімен ата қарап тұр екен. – Сен жабайы, сен жауыр!... Адам болсаң ауырған сабақтасыңды неге суық босағаға шығарып тастайсың?... Неге аю кҿрген есекше үрпиесің?! –деді Оралқан.


Ханзу сабақтастар қаудырласып ала жҿнелгенде, араларынан шала-шарпы қазақша сҿйлеген біреуінің сҿзін ғана ұқтым. – Болды, болды,– деді ол Оралқанға қарап, – бұлар ит, қабады, қалады!... – Екі-үш бала Ақайға мұңая қарап қош айтқандай бізбен ере шығып еді. Сыртта тұрған меңгеруші шығып келе жатқан бізден шегініп, ере шыққандарға «кейін тұрыңдар» дегендей қолын ербең еткізіп алыстан сұрады: – Не болды, не сҿз? Тісін тісіне баса ыңқылдап шыққан Ақайдан үріккендей едірейіп, тағы да шегіне түскен меңгерушіге жауап қайырмай ҿте бердік. Оралқандар тҿсекорынды бізден бұрын апарып, тҿрдегі пештің түбіне жайлап салып қойған екен. Ауру ҽрең жетіп жығылды. Басқа сабақтастарды маңына келтірмей, тұмшаланған сол тҿртеуіміз ғана шешіндіріп жайлап жатқыздық. Жарым сағаттай уақыт ҿткенде меңгеруші келіп, есікті ашып қойды да, тағы да алыстан ақырды: – Неге ортаға жатқызбайсыңдар, жылы жерге жатқызыңдар дегенім қайда?! – Ең жылы орын пештің түбі болмай қай жер болушы еді?– деп Оралқан ханзу тілінде ызалана жауап қайырды. – Ҿзіңіз кіріп кҿріңізші!... Кеше ғана сіздердің сҿздеріңізді аударып жүрген ең жақсы тілмашыңыз емес пе еді, неге қасына келіп, халін сұрамайсыз?... Ауруханаға жатқызбайсыз ба?! Меңгеруші қарқылдай күліп жүре берді: – Ха-ха-ха... аурухана қайда сендерге!... Сабақтастар наразы үнмен дабырлай жҿнелді, ханзуша, қазақша аралас бетбетімен сҿйлеп кетті: – Тұрмысы нашар оқушыларға арналған емдеу расходы қайда?! – Біріміздің ауруымызды бҽрімізге таратып, қырмақпысың? – «Партия жақсы кҿрді» деп едің, жақсы кҿргенің осы болыпты ғой! – Ауруға тым болмаса жылы үй бермейсіз бе?!... Артындағы шуылдың райын бағып тұра қалған меңгеруші қайта оралды. Есікті шалқасынан серпе ашып тастап, кҿзінен кҿзілдірігін алды да, тікірейе қалды, маңдайын жаба сұлаған қою қара шашын артына сілке, кекшең ете түсті. Қиықша кҿздері қисая жыртиып, зҽрлене қарағанында, атылғалы тұрған сұр жылан бейнелі кҿрінді. Жыланнан айырмашылығы тілін жалақтатпай, сойдиған ақ тістерін арсита қадауы ғана еді. «Жоқ, бұл жыланның емес, одан зор жыртқыштың бейнесі!» деп тұрмын ішімнен. – Неге шулайсыңдар?!– деп ақырып жібергенде, біз жым-жырт бола қалдық. Оралқан екі-үш пікірімізді жуас қана аударып жеткізді. – Се..ннде..р....кім?– деп дауысын соза сұрады меңгеруші. – Кҿшіп жүрген таулықсыңдар! Онда больницаға жатушы ма едіңдер?... Мына ауруларыңа больница не керек, бір құлағына ғана суық тиген. Қазақ суықтан қорқа ма, ҿздеріңнің емдеріңді істей беріңдер!... Ұқтыңдар ма?!... Партия мүшелері ҿстіп есекше шулай ма? Ақырғы сҿйлемін ақыра айтқан меңгеруші есікті қатты серпіп тастап жҿнелгенде, бір-бірімізге қарастық, шырайымыз бұзылып, сұрлана қарастық. «Ұқтың ба?», «Ақыл кірді ме?» дескендейміз бірімізге біріміз. Мойнын ішіне


тартып, меңгеруші жапқан есікке сүзе қадалып қалған Ынтықбайға кҿбірек қарадым. Ол тұқырған бойы кҿзін жағалата қыдыртып маған сҽл кідіртті де, ұялғандай тҿмен қарап кетті. – «Бізді есектер партиясының мүшесі» деп кетті ме?!– деп Қабен үлкен кҿзін тҿңкере қарады оған. Танауы ісіп кеткендей талаурап отырған Салық тіл қатты: – Мүше болып мұратымызға жетіппіз! – Жақсы кҿрмесе неше қатар кең жатақханалардан таңдап келіп бізге ғана дерт таратқысы келе ме? –деді Ҿмірбек. – Мүше болмасақ, осындай «үлкен больницаға» қойып ауру тарата ма?– деп қостаған Бексапаға есікті нұсқап ым қақтым, сырттан бір тықыр естілгендей болып еді. Сезе қойған Ҽмірқан есіктен ыршып шықты да шақ ете түсті: – Сен кім? – Мен ғой,– деген Кҽменнің үні естілді, – Ҽмірқанбысың? – Е, мұғалім екенсің ғой, есікті таба алмай, терезеден түскелі тұрсыз ба? – Терезең не, жаңа келе жатпаймын ба, ҿзің қарауылда тұрмысың? – Мен шыға келсем терезе алдында тұрыпсыз, жаңа келе жатсаңыз мына жолмен жүрмей, дауалдан асып түстіңіз бе? – Ей, бері жүрші ей, бері!– деп Кҽмен Ҽмірқанды бұйыра сүйреп бара жатқандай сезілді. Бірнешеуіміз есікті саңлаулай ашып тыңдап тұрдық. – Кім үйретті саған бұлай тергеуді?– деп күбірлей сҿйледі Кҽмен. – Сізді ҽмісе терезеден тың тыңдауға кім жібереді? – Жүр бері,– деп зекіген Кҽмен Ҽмірқанды қолынан сүйрей жҿнелді енді. Тҽртіп бҿліміне қарай ҽкетті. Ауру сабақтас құсып, ышқына түскен соң есіктен қайтып келіп соған үңілдік. Сол құлағын басып ап лоқиды. Меңгеруші «құлағына ғана суық тиген» деген соң-ақ шҽугімін ала жүгірген Момынбай бір шҽугім ыстық су тауып ҽкеліп, құлағын булауға кірісті, «менингит» дегеннен қаймығар емес, жастығын биіктетіп, артын қымтап, асты-үстіне түседі. Сүйдің ауданынан келген Ақай ханзу тілі класында оқып жүргендердің ең алғыры да, ең арындысы да еді. Қандай қиын делінетін лекцияларды да тұтықпай-мүдірмей тұп-тұнық қазақ тілімен жаттық аударатын. Ол бар жерде тілмаштардың кҿбі жалтаң еді. Орта бойлы, жуан бас бұл сары жігіт бауырмалдығымен де бар сабақтасын баурап жүретін. Бүгін мұндай болып жатқанда Момынбайдан басқа ешқай қимасы тұмшаланбай жақындамайды. Амал не, сақтанбаса ҿзі де ҿлмек иҽ кемтар – жарымес болып қалмақ! – Момынбай ҿзіңді қорғай кҿмектес,– деп мен арт жағынан сыбырладым, – жұқпалы ауру, тұмшаланып ал! Ол маған қайырыла күбірледі: – Құдай сақтар!... Ыстық су таусылды. Енді қайдан табамыз? – Мен іздейін!... Ей, жұқтырып алсаң ҿзіңе ғана емес, осындағы бар сабақтасқа апат келтіресің! Қабен Момынбайды аурудан ауашарақ шығарып сҿйлеп жатқанда мен шҽугім алып су іздей жҿнелдім. Күздің сүркей бұлтты, тас қараңғы түнегін жүгіре кешіп, мектеп алаңының шығыс жақ шетіндегі асханаға жетіп едім.


Есігін бекітіп алған аспаз ханзу «жоқ» деді жалғыз-ақ. Тышқан соғысынан кейін оның бізге оң қарамайтын жҿні де бар ғой. Ауру түгіл қырылдық десек те қыңқ етер емес. Енді алаңды батысқа қарай кесе жүгіріп ауыз ауладағы тҽртіп бҿліміне жете тыңдай қалып едім – Ҽмірқанның жылаған дауысы естілді. Кҽмен сақылдап тұр, қинап жатқан сияқты: – Айтамысың, жоқ па, тіл бітірген кім саған?... Сені қарауылға қойған кім?... Не үшін есіктеріңді кезекпен күзетесіңдер?... Біреуің күзетте тұрғанда, басқаларың не істейсіңдер, шыныңды айт! Ҽмірқан солқылдай тұрып, қарсы сұрау қойды: – Сізден басқа ешқандай мұғалім... һы-һы-һы... тың тыңдамайды... һы-һыһы... тура келіп, тура қайтады... һы-һы-һы... ал, сіз не үшін біздің терезеден кетпейсіз һы-һы-һы, алдымен ҿзіңіз айтыңыз? – Ей, сенің мені тергейтін не құқығың бар?– деп барқылдап кеткен Кҽмен сарт-сұрт шапалақтап ұра жҿнелді. Жаным түршігіп кетті. Мұнда келгенде «баугау1» деп кіретін салтымыз да есімнен шыға жҿнеліпті. Есікті сақылдатып ұрып-ұрып жібердім. – Сен кім? – Мен, Биғабіл, мұғалім есік ашыңыз! – Е, не жұмыс? – Ҿлім мен ҿмір таласындағы жұмыс, асығып келдім, тез ашыңыз мұғалім еке! – Қайт! Кейінірек кел, ашылмайды! – Меңгерушінің тапсыруымен келдім, ашыңыз! Есіктің ілгегі сақ етіп ашылды. Алдымен ҿзім емес, шҽугім кірсе де, секем алғандай шегіне берді Кҽмен. Қолында мықты закүн таяғы бар. – Асханаға барып едім, есік ашпай қойды,– деп тік тұра қалдым мен, – Ақай қысылып жатыр, құлағын булауға қайнаған су керек. Меңгеруші «жақсы күтесіңдер!» деп бұйырып еді. Сіз барып айтпасаңыз, аспаз су берер емес! – Оның суы менің қолымда емес, шық!... Асығыс жұмыс бар. – Ақай – сіздің ежелгі сабақтасыңыз ғой, ҿлгелі жатқанда да бір қайырым етпейсіз бе, аспаздың есігін ашқызып беріңіз! – Бара алмаймын, қайтып кет деген соң қайтып кет! Мен кескінінен кҿз алмай қарап тұрып қалдым. Ақай ҿлмей аман оқып бітірсе, бұл сұмпайыға осы мектепте тыңшылықтан басқа міндет қалмас еді. Оның сауығуына мұның оң қарамайтын да себебі бар ғой! – Олай болса, мына термостағы суды алайын! –дей ұмтылып барып, термостағы суды шҽугімге құйып алдым. Сылтау айта алмай қалған Кҽмен: – Тез шық! – деді де, тҿмен қарап түнере түсті. – Ҿй, Ҽмішпісің, не болды саған?! – деп жалт қарап тұра қалып едім. Ҽмірқан жылай қайырды жауабын. Кҽменнің итермелеуіне миземей, таңданғанси тыңдадым:

1

Баугау (ханзуша) – рұқсат па, дҽт... деген мағыналарда.


– Бағана жатақтан шықсам, терезеден біреу тың тыңдап тұр, «сен кім?» деп қалсам, мына .... мұғалім екен... һы-һы-һы... «Қарауылға сені кім қойды, қарауыл қойып жатақта не істейсіңдер?» деп ұрып жатыр. Һы-һы-һы... Мен Кҽменге жалт қайырылдым. Ішім алай-дүлей болғанымен күлімсірей қараған болдым. – Мұғалім, бұл сұрағыңызға мен жауап берейін, естиярмын ғой, жатақтағы істің жайын мен толық білемін. Біздің керуен сарайда қырық шақты оқушы жататынын ҿзіңіз білесіз. Кҿп адам болған соң бірі кіріп, бірі шығады. Есік тыншымайды. Терезеде сіздің тұрғаныңызды білмей шыға беретініміз рас. Сіз дыбыс беріп қойсаңыз, біз шықпас едік те, кімсің деп сұрай алмас едік қой! Ақымақтығынан білмей шыға қалатындар кҿп. Мұнан кейін ҿзіңіз «мен тыңдаймын» деп хабарлап, тым болмағанда қақырынып қойсаңыз болғаны, Құдай тҿбемізден ұрсын шықсақ!– дедім. Кҽмен не дерін білмегендей, шытына қарап алды маған: – Шығып кет, шығып кет! Мен қатты күліп жібере жаздап зорға тиылдым да, сҿзімді жалғастыра жҿнелдім. – Біз қарауыл қойып, жасырын іс қылатын болсақ, арамызда да аңдысып жатқандар бар емес пе, оларға да сенбейсіз бе?... – Кіріспе, сен, бұл іске, шық!– деп зекіді Кҽмен. – Бір-ақ сҿзім қалды, – деп ҿзелендім мен де, – ҽділін айыруыңыз үшін керек болар, айтып шығайын: мынау – кҿңіліне келгенін ірікпей айтып салатын тура мінезді бала, ҿзіне бір сұрау қойылса қарсы сұрау қоятын ҽдеті бар, сізге ғана емес, бҽр мұғалімге, тіпті шяужаңға да солай. Ал олар мұның сол мінезін білетіндіктен кешіреді. Сіз де кешіріңіз!... «Жас ҿседі, жарлы байыды». Сізді бір айдың алдында ғана «сен» деп, «сабақтас» деп атаушы едік қой. Соған екі ай толмай жатып, бізді мынадай тергеу арқылы қинағаныңызды естіген жан етегін ашып күлер. Мұғалім болған кісінің ұялатын беті де болады. Ҽсіресе осы сұрақтарыңызбен терезеге келу жҿніндегі менің ҽлгі күлкілі ҿтінішімді ешкім естімей-ақ қалсын, кешіріңіз!... Ал, кеттім, Ҽмірқан, сен де жуас жауап бер, білмеген адам, ноған болады!... Қарсы сұрау қоймай, жауап қана бер! Ҽмірқан менен жарты сағаттай кешігіп қайтты. Мен кеткен соң оны біраз «қорқыта» отырып «тҽрбиелепті». «Мұғаліммен енді қарсыласпауға», оған «тіл тигізбеуге» тіл хат алып, «ҽдеп», «адамгершілік, ахылақ» жҿнінде недҽуір ұзақ нҽсихат сҿйлеп қайтарыпты. Ақайдың ауруы сол түні-ақ ҿршіп, ыстығы ҿрлей жҿнелді, құсады, құсқан сайын қиналып ышқына береді. Ертеңіне меңгерушіге Кҽзен мұғалімді салып едік. «Больница алмайды, орын жоқ, мою бҽнфа1» деп теріс айналыпты. Ақайды класс бойынша кезектесіп үш-ақ тҽулік бақтық, екінші күні кеште дҽрменнен мүлде айрылды, құсарда басын кҿтеруден қалды да, есінен танды. Үшінші түні таң біліне үзілді. Жас ҿмірі, жарқын үміті бір-ақ кесіліп, күндізтүні бас алмай оқитын кітабынан мҽңгіге қол үзді. Арыз-арманы да, ата1

Мою бҽнфа (ханзуша) – амал жоқ, лаж жоқ.


анасына арналған аянышты сҽлемі де айтылмай, қара жерге ҿзімен бірге кҿмілді. Біздің қолымыздан бар келгені жылап-сықтап табыт кҿтерісу, басына аты-жҿнін жазып, сайғақ қадау ғана болды. Ақай ҿлер кезінде түтін мен тұманнан кҿре алмай кеткен Үрімжі аспанын біз кҿріп, сол бір аянышты ҿлімді күрсіне еске алып тҿрт-бес күн ҿткізіп едік. Бесінші түннің таңы білініп, «сары айғыр кісінегенде» Момынбай басын таңып ҽрең тұрды да, қайта жатпақшы болды. Киініп алғанына жарай «ту шығаруға» қатынасып, жоқтама ҿткізген соң келіп жатудың жҿнін айтқан Оралқан банжаңның сҿзіне кҿнді де, бізбен бірге шықты. Қызғылт қоңыр сопақша жүзі сұрланып, жағы тым суалыңқы кҿрініп еді. Бағана түбінде сапқа тұрып, «Санминжуий» ҿлеңін озандата бергенімізде Момынбай отыра кетіп, құса бастады. Ақайдың құсуы естеріне түсе қалған сабақтастар күбір-күбір сҿйлесіп, ығыса жҿнелді сол құсықтан. Жалт қарап сабымыздың бұзылып кеткенін кҿрген меңгеруші, шақ ете түскенімен, онысы ҿнім бермеді, ортада тұрған Момынбай сол отырған орнында жалғыз қалды. Лоқсып құсып отыр. Ҿзінің кімге у тастағанын білетін меңгеруші бізге қарап қолын бір-ақ сермеді. «Алып кетіңдер» дегені еді. Ханзу сабақтастар «Санминжуийді» мүлт жібермей айта берді. Жұңхуа Минго туы бағана басына ҿрлей жҿнелді. Қазақ кластарының онымен ісі де болған жоқ, қасқыр кҿрген қойдай иіріліп, елеңдей қалыпты. Минингит қолтықтап үйренген Қабен екеуміз Момынбайды да қолтықтай жҿнелдік. Жатақханаға апарып, орнына жатқыздық та, екі жағындағы сабақтастардың орнын сырып ауашалаттық. Ақайдың құсығынан тазарған елеген енді Момынбайдың алдына қойылды. Қабен екеуміз бірімізге біріміз жаутақтай қарап, күрсіне шығып едік. Жоқтамадан тараған біздің сабақтастар тҽртіп бҿлімінің алдында жиналған екен. Оралқан бас болып, ауруға айырым үй талап етіп тұрыпты. Меңгеруші қасқа тісін ырсита сҿйлеп тұрғанда жеттік. – ...Осыларың адамгершілік пе?– деп сұрағанын естідік біз, – сау уақытында парталас-сабақтас болып, ауыра қалғанда қарайласпай, айырым жатқыз дегендерің қалай?!... Қайтыңдар, сабақ басталып қалды! Кҿмейдегімізді айта алмай бҿгелдік. «Мұны Ақайдың сабақтастарына не үшін айтпадыңыз? Осы адамгершілігіңізбен бізден бір жыл бұрын тҽрбиелеген оқушыларыңыз еді ғой, ауырған соң Ақайға олар қалай қарады, сіз қалай басқардыңыз, бұл адамдық па?» деген сҿздер бір-біріне күбірмен ғана ұғылып тұрды. – Бұл жұқпалы менингит, – деді Оралқан, – кҿпе кҿрнеу Ақайдан жұқты. Айырым жатқызбасаңыз бҽрімізге жұғады! Ҽмірқан ғана асаулығына бір басып қалды: – Ақай ауырғанда ҿз класынан шығарып, бізге қосқаныңыз не?! Меңгеруші бұл сҿзді елемей, кҿзілдірігіне түскен шашын сілкіп қойып Оралқанға жауап қайыра келе шорт бұйырды: – Қазір ауа ҿзгеріп, суық түсті, суық тиіп жатыр. Қайдағы жұқпалы ауру!... Ҿздерің суықтан сақтанбайтын мал сияқтысыңдар! Суықтан болатын бар


ауруды ҿздерің табасыңдар, жылы жүріңдер! Қайтыңдар кластарыңа, ауру қарайтын екі сабақтастарың ғана жатақханаға барсын! Меңгеруші сҿйлей бұрылып, бҿліміне кіріп кетті. Біз сҿлмірейіп-сҿлмірейіп класымызға тарттық. Ҿлім қорқынышы мен ашыныштан арандатушы сҿздер туылып, асау толқындай жарыса, бірін бірі қуаттай кірді класқа. Бұрынғыдай бір-біріне шҽп ете түсетін қиғаш пікір жоқ. Бірін-бірі кҿрсете қоятын да шырай жоқ. Ҿйткені, «жау» мен «дос» пікірі қосыла, қосарлана шырмалды бір-біріне. Меңгеруші дұрыс ақылды енді үйретіп жатқан сияқты. Момынбайдың ауруы да алдыңғы аурудың жолымен кетіп бара жатты. Айырмашылығы – Момынбай кҿзін кең ашып, сҿйлеп қойып жатты: «дҽрігерге апарыңдар мені» деп алып бір құсты да, «қанша расхоты болса да ҿзімнен» деп бір құсты. Ҿзін емес, артын қимай қиналатын сияқты шіркін жас; «ҽкем түрмеде ауру еді, оны қайтермін?» деп лоқсиды да, «апатайым!... Жҽмікенім!... Замашым!» деп үзіп-үзіп айтып, талықсып кетеді. Кҽзен мен Ақылбайға тағы жүгірдік. Ақырғы бір кіргенімізде: «бұл жҿнінде бастықтармен қатты айтысып қалдым, енді кірмеймін!... Басқаларың сақтаныңдар, жұқтырып алмаңдар» деп Кҽзен қызарды да, сырттан емші іздеп Ақылбай жҿнелді, лажсыздықтың шегіне жеткен сияқты. Үшінші күннің кешінде біздің «керуен сарайға» ҽскери киімді, толық денелі татар жігіт келді. Ҽскери ат дҽрігері екен. Жатақханаға дҽрі шашыпдизенфекциялап шықты. Ақылбайдың қолынан келгені осы ғана еді. Момынбайдың алақтап сҿйлей жатып құсуы алты күнге созылды. Есінен жетінші күні түстен кейін айрылды да соның түніне үзілді. Адам баласына тиындық-қиянат ойлағысы келмейтін осы бір момын жігіт маған тҿтенше ыстық кҿрінетін болып еді. Оның ҿзім кҿрмеген ҽкесі мен шешесін, жаңа түскен келіншегі мен тұңғыш ұлының аянышты халін ол ауырғалы ойлап, ұйқым қашып жүрді де, жан үзген шақта үн салып, қатты егілдім. Ауырғаннан айтып жатқан сол қимас жандарын соңғы рет бір кҿре алмай, ҿксіп ҿтті ғой жиырма бірге жаңа келген қайран жас!.. Момынбайды Ақайдың қасына ҽкеліп жерледік. Ол ауырып біздің жатақханаға кҿшірілгенде ҿзін жан сала қорғап қалғысы келген құрбысы мҽңгі қойындаса барып жатты. Сабақтастары құран оқып болып қайтқанда, үйілген жас топырақ түбінде отырып қалған Қабенді құшақтай алып ҿксідім. Біріміздің кҿкірегімізге біріміз долы нҿсердің алғашқы түйірлеріндей ірі тамшыларды тҿгіп-тҿгіп жібердік те үйінді тҿмпешікке қарап отырып солқылдадық. – Жан біткенге жайлы мамық балауса едің, орныңа тікен ҿсірмек үшін сені де жұлды-ау! – дедім мен. Қабен бҿліп-бҿліп жауап қатты: – Алдымен екеумізге... тҿнген ғой бұл амал... бізді де... бізді де жұлмай қоймас!... Ҽділетті тергеушім, тҽртіп меңгерушінің сол кездегі бізге қарай айдаған менингит амалы мені ала алмай кетіп еді. Сіздің сол қармағыңызға ілінбей тұмшаланып қалып қойғаныма қатты ҿкінемін. Мұндай шексіз қиналып


ҿлуден сол кезде тҿрт-бес күн ғана ауырып ҿле салсам кем дегенде мың есе жеңіл екен, ҽттеген!... «Құдай басқа салған соң мыжымай кҿрісу керек» шығар, енді ҿкінгеннен не пайда, езіп-қыртпай қылмысыма оралайын: «Гоминданмен байланысың қандай еді?» деген сұрау – Қытай зиялыларына бір ғана мҽселе болғанымен бізге қаратылғанда екі жүзді қылыштай, екі басты тұзақтай құтқармас құрал ғой: Гоминданға мүше болғандығым ҽрине тарихи кері тҿңкерісшілдік. Ал, мүше болмаған болсам, «ұлы ханзу халқына қарсы тарихи тар ұлтшылдық» болып шыға келеді. Олай болатыны, Гоминдан – ұлы қытай зор ұлтшылдығының ҽшкере партиясы емес пе. Оған мүше болмай, ымыраға келмей қалу деген мҽселе – «ұлы Қытай халқына қарсылықтың ашық белгісі», «бҿлініп шығу идеясының негізгі желісі» болып шықпай ма! Сіздің теорияңыз резинкадай созылып, бұдан қашан бұлтартқан. Бұл тарауда мен сол екі бұғалығыңызға да тола түсетін, екі басты қылмыс ҿткізгенімді ҽшкерелеп отырмын; бірі Гоминданға мүше болған – тарихи кері тҿңкерісшілдік қылмысым. Екінші, мүше болғым келмей қибыжықтап, Ақылбайдан ақыл сұрауым – ұлы қытай халқына қарсы тарихи тар ұлтшылдығым. Демек бір басымда екі қылмыс қатарынан жатыр. Қос қолдап ұстай кҿріңіз! ІІ Жаңа жыл алдындағы жарты жылдық сынау аяқтай бере Қабен үйіне қайтуға дайындала бастады. – Осы мектептен аманымызда кетіп құтылайық,– деп маған да айтты. – «Есің барда елің тап», үйімізге тірі жетіп алайық! Бұл туралы мен де ойланып кҿргенмін, Бексапа мен Ҿмірбек те осыны айтып еді, қайтқым келмеген. Бұл қала қаншалық қатерлі болғанымен не оқимын десең де табылып тұратын қала еді. Мектептің оқытуы мардымсыз болса да ҿз бетіңмен оқып білім алуға қолайлы жағдай кҿп болатын. Сонсын ғана қимай жүргенмін. «Менингиттен аман қалған сияқтымыз ғой. Осылай сақтана жүріп оқысақ болмады ма?» деген ұйғарымға келгенмін. Қабенге осы жауапты айттым. – Біреуінен құтылсаң тағы бір пҽле дайын тұрған шығар, меңгерушінің ҿнері жетпей ме оған?– деді Қабен. – Адымың сайын арамдық ойлап жүрген дұшпаның баршылық екенін ҿзің де біліп жүрсің Биғаш, сенің де қайтып кеткенің жҿн, ҽйтеуір мен кетемін! Бексапа мен Ҿмірбек те осындай бекімін айтып еді. Жанашыр достарымнан тек Қуат қалатынын медеу еткендей, тағы да қалатынын ойлап тұрыппын да: – Нұрия да қайта ма?– деп қалыппын. Қабен күліп жіберді, қарқылдай күлгенде жүзі қызғылт тарта қалды. Оған таңданыспен қарасам да, бетімнің қызуынан ҿзімнің де қызарғанымды байқадым. – Неге күлесің? – Біліп қойдым, қуларым!


– Нені білдің? Қабен тағы да күліп ап жауап қайырды. – «Биғабіл да қайта ма?» деп, сені Нұрияш та сұраған менен. Енді жасыратын нелерің қалды... Ол да осылай қызара сұраған. – Қарындасың болған соң аға-бауырлық қана жақындығымыз бар, күлмей-ақ қой!– деп қызарақтадым мен. Оқу қайта басталғалы Нұрияға Момынбайдың ҿлімін естірту үшін Қабенмен бірге бір рет қана барып қайтқанымды есіме алдым. Жүректерді былай қойып, кҿздерді де сүзістірмей, ортақ қаза үстіндегі ортақ қайғымызды ғана білдірісіп айрылғанбыз. Алыстан жарқылдасып, жақыннан жылт етіп қана жасырынып тұратын ұшқынымыз ешқашан ашық тұтанған емес. Күзге жақындағанда Нұрияның үйіне барып қайту жҿнін ақылдасуы Қабеннің орнына аға тұтуы есебінде ғана ҿтіп еді. «Қисыны келмейтін іске қиырдан жүгіруді қояйын» деп ҿзімді шаужайлап жүргенмін. Жүзіме кҿз қиығымен бір-екі рет қарап қойған Қабен «күйеу жігітті» ұялтпайын дегендей күлімсіреуін тиып, бастапқы сұрағыма жайма-шуақ жауап қайырды. – Оның ҽкесі түрмеде ғой, соған қарайлайды, ол да қайтпай оқимын дейді... Бірақ, түбінде осы пҽлелі жерден аман шығып кетулерің жақсы, ҽсіресе ҿзің!... Ал, қайтқаныңша Нұрияға... мен үшін... кҿз қарақ бол, беті ашылмаған ҽйел бала ғой!... Оның ҿзіне де «Биғабілға тапсырамын, соның ақылы бойынша жүр» деп қайттым,– деп Қабен теріс айнала күлімсіреп жүре берді. – Ҿзі ерке ҿскен, тым ҿткір бала еді, не болғанын білмеймін, осыны айтқанымда жүзі қызара қалып, тҿмен қарай берді. Арада екі күн ҿтіп, енді жүрер кезінде Қабен мені құшақтай алды. Екі бетіме бетін кезек-кезек басты да қолымнан жетектей жҿнелді. Кҿңілім босай қалып еді. Жұртқа «екі апта демалысқа ғана шыққан сабақтастар осылай құшақтаса ма!» деген күдік туғызбау үшін беки қойдым. Қабен қақпа алдына шыққан соң қолымды қатты қыса күбірледі. – Нұрияшты ҿзіңнің адамгершілігіңе тапсырдым!– деді жалғыз-ақ. Бұл сҿзіне іштей қысылсам да алаң болмауын айтып жолына амандық сұрай бердім... Бастауыш мектептен бері бірге оқып келе жатқан Бексапа мен Ҿмірбектен де бҿлініп, кҿңілсіздік күй тағы да баурай қалып еді. Қыстық демалысқа босағанымызға екі үш күн ҿткен соң жатақхана терезесінен бір сабақтасым шақырды. – Ақылбай мұғалім шақырады, тҽртіп бҿлімінде отыр. Оқып жатқан кітабымды тыға салып, сыртқа шықтым. Қырбақ қардан соң серпіле бастаған сұр бұлт астынан түске кҿтеріліп қалған күн кҿрінді. Тҽртіп бҿліміне барып кірдім. Ақылбай тҿрдегі орындықта отыр, қорқынышты бҿлімде «үлкен құбыжық» кҿрінбейді, жайы мҽлім кіші құбыжық Кҽмен ғана бар екен. Маған етене, ақ жарқынсыған шыраймен күлімсірей қарап, орындық нұсқады. – Театр сахнасына шығып кҿріп пе едің? – деп сұрады Ақылбай менен. – Дҿрбілжінде шығып кҿргенмін. Бірақ ыңғай қыз рҿлін ойнайтынмын. Енді қыз болудан үмітім үзіліп барады.


– Тым болмағанда кемпір болып шығарсың?– деген Кҽменге қарай қалдым. Кекесіні яки рас екенін байқағым келе қалып еді. – Неге?– деп күлді Ақылбай менің сҿзіме. – Үнім ҿзгеріпті. Ақылбай мырс-мырс күле түсіп: – Болады, басқа рҿль да бар ғой,– деді, – сені Сҽду хұйжаң1 атап тізімдетті. Былтыр сендерге бас мұғалім болған ғой. Біледі екен. Қазақ-қырғыз мҽдениағарту ұйымы «Шұға»2 пъесасын дайындамақ. Кеш сайын соның жаттығуына қатынасасың. Бұл мектептен мына Кҽмен екеуміз, сенен басқа жҽне екі оқушы бар. Ҽр күні кешке жақын бірге барып, бірге қайтып тұрыңдар! Мектеп осы шартпен рұқсат етті, қалай дейсің? Мен мақұлдық білдіріп шықтым. Күлҽн сол ұйымға жҽрдемші хатшы болып орналасқан еді. «Ол Нұрияны қалай да, осы жаттығуға шақыртқан шығар» деген оймен қызулана шықтым, «Сҽду бізге мұғалім болғанда мені сахнадан емес, партадан ғана кҿрген ғой, мені де Күлҽн таныстырған болса керек...» Мҿлшерім дұрыс сияқты, сол күні кеште барғанымызда Күлҽн мені ежелгі досынша қол соза қарсы алды. Ҽр мекемеден, тіпті семья ҽйелдерімен де келіп, бірқыдыру кісі жиналып қалыпты. «Нұрия қашан келер екен?!» деген ынтызарлық кҿзімді есіктен айырар емес. Уақыт ҿткен сайын кҿңілім күңгірттеніп бара жатты. Нұриядан ҿзімді тежеу, аға болып алу шартым ойыма да келер емес, онсыз тіршілігім тіршілік еместей, ынтыға, үзіле қарадым есікке. Оның шақырылған-шақырылмағанын қасымда отырған Күлҽннан сұрайын деп қанша оқталғаныммен, қызара қалатынымды біліп, батылым жетпеді. Беймаза кҿңілім ҽлем-тапырақ... Сҽду клуб сахнасын қоралай отырған бізге сҿйлей жҿнелді. Ҿзінің бұрынғы оқушылары «алты жыл киді» дейтін ала трике шапанын тастап, жарқыраған су жаңа қара құрым пальто, құрым етік киген, сиректеу қоңыр шашты, аққұба Сҽду тіл-ҽдебиет лекциясына он шақты жыл тҿселген жаттық та жетік тілмен бүкіл қазақ мҽдениеті туралы сҿйлеп, қазақтың мешеу сахна ҿнерін дамытуды баса дҽріптеді. Бұрынғыдай принциптік қана үкімет сҿзі емес, ҿз жүрегінен шыққан, ҿз ұлтының мҽдениетіне жаны ашыған қамқор сҿз тыңдаушыларын үйіріп ҽкетті. Мұнысы жалпы жағдайдан тапқан жалқылық беталысы, жаңа ҿрісі екенін түсінгендеймін. Сонда да кҿзімді есіктен аудармай отырып тыңдадым. Бұдан соң ұйымның тағы бір кексе қызметкері қағаз жайып, күні бұрын бҿлінген рҿл орындаушылардың есімін оқып шықты. Пъесаның бас кейіпкері Шұғаның рҿлі Күлҽнға беріліпті. Соны ғана естіген сияқтымын. Басқа рҿльдарға кімдерді ұйғарғанымен ісім болған жоқ, кҿзім де, кҿңілім есікте. «Жарқ етіп неге кіріп келмейді сол Шұға! Неге сонша зарықтырды?!» бұл жайымды сезіп отырған Күлҽн білегіме тіреулі шынтағымен түртіп қалды бір кезде. Жалт қарадым.

1 2

Хұйжаң (ханзуша) – ұйым бастығы. Бейімбет Майлинның трагедиялық драмасы.


– Ҿзіңіздің қай рҿлға шығатыныңызды естідіңіз бе? – деп күбірледі де, сық ете түсті. Мен жауапсыз жымиып қана қойдым. Тағы сұрады, тағы үнсіз жымия салып, есікке қарадым. Қыз аузы мен мұрнын баса еңкейіп, ұрлана күліп алды да: – Келмейді ол!– деп қалды. – Кімді айтасыз?– деп мен білмегенси сұрап жалтарсам да, олай созақтатып отыруға дҽтім жетпей, бажырая сұрадым. – Неге келмейді? – «Неге келмейді» деп кімді сұрайсыз? – Соны, – деп тұқыра түсіппін. Ішкі күйімді толық сезіп отырған қыз қыстыға күлді. – Нұрияны іздеп отырсыз ғой?– деп тамағын керней түсті. – Ол шақырылмаған ба? – Шақырылған, мен де барып қайттым. «Кеште қайтуым қиын, қатынаспаймын» дейді. Жҽне... Күлҽн «жҽнесін» айта қоймаған соң: – «Жҽнесі» қалай? – деп тағы сұрадым. Ол маған Кҽменді иегімен нұсқап қойды. Аз кідірістен соң аузын құлағыма тақай сыбырлады: – Кҽменнен қорқады. Сізге айтқан шығар... – Мен тҿмен қарап отырып қалдым. Қыз тағы да шынтағымен бүйірімнен түрте сыбырлады, – сҿйтіп, ҿз рҿліңізді де ұқпай қалдыңыз-ау!... Ол қызға айтайын, бар жайыңызды осыдан-ақ түсінсін. – Нені айтасыз, жаңсақ болады!– деп жалбарына қарадым мен оған. Ҿзімді тежейтін жайым есіме енді түскендей, енді бекінген райға келе қалдым. – Айтарлық ештеңе жоқ!... Жаттығу басталды да, сахна ортасына тұра қалған Кҽмен Күлҽнді да, мені де шақырды. – Сіз Кҽрімнің рҿліндесіз, жүріңіз!– деп Күлҽн маған күбірлей орнынан түрегелді. Ақылбай Шұғаның сүйгені Ҽбіш рҿлін алып, маған оның жолдасы Кҽрім рҿлі біріліпті. Кҽмен махаббат жауы – Қарасай рҿлінде екен. Драмма ауыл жастарының кешкі сауығынан, осылардың арасындағы тартыстан басталатын. Мен де барып тұра қалдым... Дҿрбілжіндегі Айтбек пен Дҽулетке жетпегенімен, бұл жерде де мықты актерлар бар кҿрінеді. Бірақ, мұндағы мҽдениет қайраткерлері сырын да, сипатын да ішіне тартып, ҿздеріне ҽлде бір қалып жасап алып қана саяси бақылаудан аман жүрген адамдар тҽрізді. Рҿлге шықпай, бос отырған уақыттарында тіс жарып сҿйлеспейді, ҽзіл де, қалжың да жоқ, түп-түзу келіп қатынасып, түп-түзу қайтысып жатады, тасқынға кҿп соғылып, кҿп мұжылған малта тастардай тым биязы кҿрінеді. «Араларында шпион-тыңшы кҿп болғандықтан осылай отырыса ма екен» деп те ойлаймын. Бірақ, мен білетін шпиондар жоқта да сол бҽз-баяғы қалыптарынан аумайды. Рольға шықпаған шақтарында Күлҽн ҽмісе менің қасыма келіп отырады. Қуа келіп бір жағынан Кҽмен қоныстанады. Сондықтан, бізден де құтымды сҿз шықпай жүрді.


– Арырақ отыршы, Кҽмен!– деп қалды бір кезекте Күлҽн. Қабағы сҽл шытынып, ақ сары жүзі сҽл қызғылт тарта түсті. – Қастарыңа отырғызғыларың келмей ме?– деп Кҽмен күбірледі. – Мен саған тың хабар айтайын деп отырмын! – Ал, айт онда! Кҽмен Күлҽннің аппақ құлағын қос қолымен бассалып, ұзағырақ сыбырлады да, орнынан тұрып кетті. – Не дейді?– деп сұрадым мен ол кеткен соң. Күлҽн күліп жіберіп, сҽл кейкіштеу болса да келісті мұрнын бір шүйіріп қалды: – Мұның сҿзін қойшы, «Үрімжінің бар тауына банды келіп ұялапты, Үрімжіні қоршап алмақшы екен, ешкімге айтпа» дейді. – Сенуге болатын сҿз сияқты ма? – Бұл бір суайт қой... бірақ,– деп Күлҽн күлімсірей кідірді, – менімен дос болғысы келеді ҿзінің. Мені тарту үшін шынын айта беретіні де бар. Алдыңғы күні... Пьесаға суфлер1 болып отырған Сҽдудің рҿльға шақыруымен Күлҽн сахнаға шығып кетті де, он шақты минуттан соң қайта келіп жалғастырды сҿзін. – Бандылар Баркҿл мен Мори жақтан аттанып, Шонжы тауына келіпті деп ҽнеу күні басқа біреуден естігенмін. Бірақ, үкімет ҽскері қуалап тастапты деп еді. Қайта келген ғой, бұл сҿзінің біраз шындығы бар. – Сізге бұл желім қай жҿнінен дос болмақ екен, білдіңіз бе? Күлҽннің кҿзі күлмің қақты. – Нұрияның кілті менде деп білетін сияқты. – Біздің мұғалім ҿзіңізді «мұқияттап» жүрген болмасын? Күлҽн күліп жіберді де мұрнын шүйіріп, иегін кҿтеріп қалды. – Біреудің сырын тартуға шебер екенсіз, маған бҽрімді айтқызып болдыңыз, енді сіз айтыңызшы... Нұрияға ҿкпеңіз бар ма? – Жоқ... ешқандай! – Оған неге кҿрінбейсіз? «Кҿрінгеннен не пайда» дей жаздап барып, қарсы сұрау қойдым мен. – Кҿрінбеді деп кім айтады? – Айтпасаңдар да білемін,– деп күлімдеді Күлҽн, – Нұрияның жатақханасында алғаш кҿріскенде-ақ ыңғайларыңды кҿзқарастарыңнан түсінгенмін. Нұрия менен сырын жасырмаушы еді, кейінірек сіз «келіп тұра ма?» деп сұрасам, үнсіз қызарып тҿмен қарайды. Тақауырлатып қайта сұрағанда ғана басын бір шайқап қояды. Ол жасырса да мен жасырмайын, сіз кҿптен-ақ кҿрінбей қойғансыз... Оған қарап кҿңіліңіз жоқ па екен десем, халыңыз одан қалыспайтын сияқты ғой? Күлҽн сық-сық күліп, аузын басып алды. – Қалай?– деп аңтарыла қарадым мен. Жүзімнің тағы қызара жҿнелгені байқалды. Күлҽн мені кҿз қиығымен аңди қарап:

1

Актердың сҿйлейтін сҿзін сыбырлап оқып отыратын театр қызметкері.


– Ҽне,– деді, – сен Нұрияшша қызардың... пьеса дайындығына алғаш келген күні оның қатнаспайтынын естігендегі жүдеуің де қалай екеніңді түсіндірген... Кҿріспейтіндерің, ҿздеріңді осыншалық қинайтындарың не? Күлҽннің тым сезімтал, кҿпті білетін кҿсем қыз екеніне кҿзім жеткендей болды. Нұриямен қисынымыз келіспейтін ахуалымды айтайын деп оқталсам да, қимастығым қия бастырмай тоқтатып қалды. – Жатақханасында адам кҿп екен,– дей салдым, – жаздағыдай емес. – Қақпа алдындағы хабарласу бҿліміне айтсаң шақырып береді. Немесе келгеніңді білдірсең ҿзі шықпай ма? Қазір демалыс уақыттарың ғой, барып кҿрісіп тұр!... Келеді деп ҽр күні күтеді, үнсіз сарылып кҿп отыратын болыпты. – Ҽр күні күтетінін қайдан білдің? – Білемін, сол... сырын менен тартпақсың ғой күйеу жігіт, мұнан соң менің алдымда ибалы болғайсың! – Хұп!– дедім мен түзеліп отыра қалып,– қайынбикем қайырымдылық етсе, ибам түгіл, иманымды да үйірейін! – Е, міне, жас жігіт деген осылай болады, есікке құр жалтақтап болжырай бермей, ҿстіп шыныңа келсеңші!... Ҽнеу күні мҿлмеңдей бергеніңді де айтып қойдым оған! – деп Күлҽн енді аңдысуды қойып, ашыла түсті. – Осында алғаш келген күні Нұрияны күтіп, кҿзің тҿртеу болып кеткенін, келмейтінін естігеніңде бар дүниең селге кеткендей кҿз жанарың ҿше қалғанын... бҽрін айттым! – Неге сонша асырып айттың енді? – Қайдағы асыру, қайта менің тҿмендетіп айтқаным бұл. Бҽлем сол кездегі ҿз жүзіңді ҿзің кҿрмедің ғой, адам баласының жаны ашырлықтай мүсҽпір болып қалғансың!... – Шұға!– деп шақырды суфлер Күлҽнді. Күлҽн сахнаға шығып рҿлін атқара берді. От пен судың ҿтінде бірдей қалғандай бір түрлі қиналысты ойға кеттім. Алыстайын десем арман-мұратым Нұрияның жанында екені хақ, жақындайын десем жауыз тағдырдан хауіптенемін. «Кҿзге оттай басылатын кҿркем қыз, жұртты таңдандыратын дарын талай мықтының таңдайын тақылдатпай ма... Шарты жетпей, жағдайы келмей кҿп күттіретін мені күтіп, ең қызықты ҿмірін ҿксітіп отыра ма! Менен жақсы мыңдап табылмас па оған? Кешегі Халима сияқты келемежге айналдырып, тіпті одан жаман жан азабына жығып кетпес пе?!... Ҽй, болмас, сап-сап айтып, ҿзімді сақтап қалуым керек қой бұл ҿрттен!» – Осы оймен қынжылып отырғанымда Күлҽн қайтып келді. – Нұрияға неге олай айттың?– дедім мен. – Не бопты, ол да қуансын... сен білмейсің күйеу, қыз деген ҿз кҿңіліндегі жігітінің ҿзімен бірге ауруын жақсы кҿретін халық. Сенің жүрегіңнің де сол ауруға душарласқанын естісе, оның ауруы жеңілдей түседі. Ол жас қыз ғой жҽне жүрегі тым нҽзік екен... Тани білсең,– деп күлімдей кідірді Күлҽн, – мен кҿп қызбен сырлас болдым, дҽл Нұриядай қызды табу қиын!... «Ҽй, ҿзің осы аурумен кҿп ауырған қызсың-ау!» деген оймен жымиған мені кейінгі «жүрегі тым нҽзік екен» деген сҿзі тасқын боп ағыза жҿнелгендей


сезілді. «Нұрия, сірҽ, менен де ауыр халге түскен-ау, ол тіпті ауырып жүр екен ғой!... Қой, қой, сҿзсіз кҿрісіп тұруым керек, мҽн-жайды ашық айтып, пікірін білуім, түсінуім керек!» – Бүгін таңертең біздің үйге келіп қайтты, – деп жалғастырды Күлҽн сҿзін, – сенің ҽлгі мүшкіл халіңді айтқанымда тіпті елжіреп кеткендей сезілді. «Пьеса дайындығына мен де қатынасайын ба онда?» деп қалды да, ашыққа шыға қалуын ҿзі іле-шала сезіп, қызара түсті. Мен: – Қазірше осы бойы қатынаспай тұрғаның жақсы,– дедім оған. – Екеуің бір-біріңе қарап мҿлтеңдесе бересіңдер де, бҽріне сездіріп қоясыңдар, оқушысыңдар ғой, ҽсіресе Кҽменнің қастығына ұшырарсыңдар! Алдыңғы ҽзіліме «қойшы!» деп күліп жіберді де, кейінгі сҿзіме мойындағандай, тҿмен қарап басын изеді. Күлҽннің бұл ақылына мен де мойындап, шын разылықпен сүйіне қарадым ҿзіне. – Ақылың абзал екен-ау Күлҽш! Күлҽннің ақ сары жүзі сҽл қызарыңқы тартты да, тҿмен қарап сҿйледі: – Екеуіңді жақсы кҿремін. Табысуларыңа қолымнан келгенінше кҿмектескім келеді.... тіпті бар ниетіммен тілеулеспін сендерге. Мен рахмет айттым.... Жаттығудан кеш тарадық. Ертең таңертең Нұрияны іздеуге асыққандай құлшына келіп жатып едім, ұйқым келер емес, аунақши бердім. «Нұрия маған рас солай ынтызар ма екен?!... Бірақ, мендей кім табылмайды оған... Тҽуір біреу табылып үшкірсе, ұмыта салатын Халима сияқты соқпалы дерт пе ҽлде?!... Емес... емес... мұның мінезі одан мүлде басқа. Халима қашан бұлай ауырып еді, мен ол жҿнінде қашан мұндай балдан тҽтті, қылдан нҽзік, қорғасыннан ауыр қиял кешіріп кҿріп едім! Жай-жағдайым тұрмыс құруды ойлауға да қазірше мұрса бермейтіндігін айтып қоя салу ойым, ҿз жүрегіме удай ащы тиіп жүрмей ме! Ҿзімді ұстауға, тиуға келгенде пілдей күшім Нұрия елестегенде шам маңындағы жынды кҿбелектей қалтырай қалатынын неше рет басымнан кешіріп кҿрдім ғой!... Жоқ, бұдан жүрегімді тия алмайды екенмін... қой, тұра тұр, тұра тұр, басымның ақылын тыңдайыншы! Жүрек ҿз жетегіне ере кететін қай пендесін жындандырмаған, махаббат мҽселесіне алдымен бастың қызмет істеуі абзал шығар!...» «Мол тұрмыста ҿскен ерке бұлан сұлу сені қашанға дейін күтіп отырар,– дейді басым, – қыздың кҿзі қырымға түспей ме, қиырдағына тартпай ма. Нұрия қанша ақылды болғанымен, азғантай ғана жастық ҿмірі сені күттіріп тұрар ма, ол қырық күндік қана бҽйшешек сияқты емес пе. Жиырма жастан асқансоң-ақ кекселік тартатынын білер де, біреумен кетер. Бүкіл жүрегіңмен сүйген құштарыңнан айрылғанда кҿр сен ҿзіңді, бүкіл махаббат атаулыдан безе суынған жүрегіңе кҿз жасың сүңгі боп қатар!» – Басымның кері тартып кекжиіп жүргені осы хауіп қой. Ал осыны қайталап тексеріп кҿрейікші, мен ол қызға ҿзімнің қаншалық кедей баласы екенімді кірпіш құюыммен-ақ ұқтырып едім ғой! «Қалыңдық ойлауға халым жоқ, үйіме қайтуға да қарымы жетпейтін, жайы мүшкіл сорлымын, кербездігіме қарап, ҽлде кім екен деп қалма!» дегенді екіүш рет ишаралап едім-ау. Момын жездесінің ерлене қалжыңдауы менің қамшылауымнан екенін сезе қойып, «бұл ынжыққа бұл ҿнер қайдан бітті, сіз


қайрап қойдыңыз-ау деймін!» деп іле түскен алғыр қыз бұл ишарамды түсінбей ме. Тіпті қалт жібермей түсінгендіктен күрсінген ғой. Сол кедейлік жайымды біле тұрып-ақ мен үшін еркінен осыншалық айрылып, ынтызарлығын паш етсе, ең болмағанда енді үш жыл күте алмас па!... Кҿрісе жүріп кесетіп айтсам, келісуіміз иҽ кетісуіміз армансыз болмай ма, жүректі мұндай бітеу жарамен сыздатып, асқындата беруім қайткенім? Жоқ, енді сырды ашуым керек. Жайымды ауырлата ашық айтып кесетейін, шыдап күте алмайтыны білінсе, алыстасу екеумізге де жеңіл болмас па?... Ҽй сол «жеңілің» құрып-ақ қалсын-ай, қалай алыстай аларсың?! Кінҽратсыз, тұнық мҿлдір жаны қандай оның!... Нұрын құя тамылжыған ҽні қандай оның!... Гүлін тосып, күлкі үйірілген ерні қандай шіркін!.. Жанға тыныс, жүрекке от-жалын атқан лебі қандай?... Ҽр күні ашық аспандай кең, мейірім тҿккен кҿзі қандай?... Сезімге бай, сергек ойлы, терең сырлы сҿзі қандай?... Шындап сүйсе – шыдап күтсе, жаным болар! Жанға балап мҽңгі айтар ҽнім болар! Күте алмаса – кете барса, қанып ішкен зҽрім болар. У берсе де лажым не, сімірем де сезіп балдай!...

«Қарашы, құштарлықтың тілін, неткен тҿкпе ақын еді, тілге оралған осы ойымды ырғаққа салып жіберсе, от ҿлең болып шыға келмеді ме?» деген оймен кҿрпемді серпе тастап, басымды кҿтеріп алдым. Денем от боп жанып, бұлауға түскендей терлеп кетіппін. Бас жағымнан орамал алып, желпінгенімді сеземін. – «Талай тіл, талай жыр берерсің Нұрым!... Гүлім!» – деп қалғанымды сезбей тақпақтаппын. – Не болды ей саған, не айтып отырсың?– деп қалды бір жағымда жатқан Қуат. Мен сылқ түсіп жата кеттім. Бір жағымдағы Тілеуқан басын менің жастығыма қоя сыбырлады. – Саған бір жынның шалығы тиген екен, ҽ?!... Ей, сен осы ҽртістігіңді маған берші, ақысына сол «нұрың» мен «гүліңнің» пірісі – күннің ҿзін тауып берейін, шыжылдатып күйдірсін де жатсын! – Былжырамашы, ей! – деп теріс аунап түстім. – Түс кҿріп едім, сандырақтаппын ба? – Түс кҿрсең жҽннатқа кірген сияқтысың ғой, қайырлы болсын! – Ары жат, ары жат! «Ертең сҿзсіз барып кездесуім керек!» деп ойымды жалғастыра бердім... Таңертең асханаға алдымен кіріп, ботқа күрішті бұрын құйып-ақ ішіп едім, зал есігінің алдына тұра қалған меңгеруші ысқырық тартып, бар дабырды бір-ақ басты. – Тамақтан соң зор жиын бар, ешқайда шықпайсыңдар!– деп тасқынды ағыныма дҽу «қара бурасын» шҿгере салмасы бар ма. Булығып отырдым да қалдым. Үйіне қайтпай қалған оқушылар алаңға түгел тізіліп, жоқтама жүргізіле бастады. Пагон-какардаларын асынып-тағынып толық ҽскери форымға келіп алған жяугуандар жан-жағымыздан шақылдап, тым зейіл түске еніпті. Мамырлай басып келіп қасқа бас мүдірдің ҿзі сҿйледі.


Сҿйлегені сҿз емес-ау, тұп-тура ҽскеришесінен қайырған шорт-шорт бұйрық болды. – Бүгін, осы қазірден бастап мектебіміздің тҽртіп-ереже қолданбасына мынадай ҿзгерістер енгізілді: бірінші, ҽрқандай оқушы тҽртіп бҿлімінің рұқсатынсыз мектептен шықпайды, кҿшеге рұқсатсыз шыққан оқушы қатал жазаланады; екінші, сыртқа шығатын жұмыстары болса бес оқушы бірлесіп келіп тҽртіп бҿлімінен рұқсат сұрайды, беске толмаса рұқсат берілмейді, беске толған соң ғана тҽртіп бҿлімі біреуін тҿртеуіне міндетті группа бастығы етіп сайлап шығарады, оған бағынбағандары қатал жазаланады. Группа бастығы жауапкерсіздік етіп, мектептен шыққан соң ҽрқайсысын ҿз еркіне қоя берсе, оған мектептің ең жоғары жазасы беріледі, мүшелеріне үлкен күнҽ жазылады; үшінші, сыртқа шыққандар басқа мектеп оқушыларымен сҿйлеспейді, басқа мектепке бармайды, кҿшеде басқа мектеп оқушыларымен сҿйлескені, кҿшеде басқа мектепке кіргені қатал жазаланады, ұқтыңдар ма?... Бұл – оқу-ағарту меңгермесінің бұйрығы... Тҿбемнен жай түскендей мелшиіп тұрып қалыппын. Түн бойы «Кҿкірегімді сипалап, қасымда отырған» Нұрия, жаңа ғана ыстық ботқаны ҿңешім күйгеніне қарамай бырылдата тартып жатқанымда да «асықпай ішші, мен қасыңдамын ғой!» деп жанымда тұрған сияқты еді! Енді ҽпсҽтте арамызға темір тор құрылып, мҽңгіге айырғандай сезілді, қол жетпес айға айналғандай алыстап, құштарлығымды қоздыра тым биіктен нұрлана түсті, бір сҽтке шақшиған күнді күйдіріп барып, қара бұлтқа енді, міне, кҿз жасы ыстық тамшы болып тамды... тас қараңғы түнекке кіре, май шырақтай қалтылдап, ҿшкіндей күйіп барады!... Жиын сол бұйрықпен таратылды, қолымнан тартқан Қуатқа ілесіп жатақханама кетіп барамын. – Түрме болды-ау мынау! – деп егілемін ішімнен. – Ҽлгі Алтай кҿтерілісшілерінің қоршап келе жатқаны рас болды ғой? – деді Қуат. – Қаупы күшейген сайын қысады ғой енді! Жатақханаға сүлдерім жетіп, орныма құлай кеттім. Қатерлі ҿртке іліккенім, мұның кемінде оқуыма кедергі болатынын сезулімін. «Еңбек – айықтырушы күш» деген сҿзді оқып едім бір романнан. Дереу кітаптарыма жармастым, ҿзімді алдандыруым керек қой! «Суға кеткен тал қармайды» дегендей, оқығаным миыма қонбаған сайын түйіле үңілгеніммен, ҿзім құмарта оқитын ғылыми оқулықтар бүгін кҿкейіме қонар емес. Оны тыға салып роман іздедім. Қолымда бар ҽдеби шығармалардың ішінен қазіргі ҿз күйіме сҽл лайық келетіні – Пушкиннің «Капитан қызы» мен «Дубровский», Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуы», Спандиярдың «Қалың малы», Сҽбиттің «Адасқандары» сияқты. Тҿртеуін жастығымның астына жастанып, біреуіне үңіле жатып едім, оқымай құшақтап жата бергенімді кешке жақын айыққанымда бір-ақ білдім. Айықтырған – тҽртіп бҿліміне Ақылбайдың шақыртуы болды. Ақылбай қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымына барып мектеп мекемесінен бізді сұраған қатынас ҽкеліпті де, Кҽменді меңгерушіге салыпты. Ҽр күні


кеште жаттығуға қатынастырып, ешкімге сҿйлестірмей «аман» ҽкелуге сол тыңшысы міндеттелген соң баруымызға рұқсат етілген екен. «Нұриямен тілдесе алмай қалдым-ау» деген опығым жеңілдеп, қуана шықтым қақпадан. «Бар жайымды Күлҽнға айтып ұқтырсам, ол менің ҿзімнен де айқындай жеткізіп, байыптап түсіндірмей ме» деп құлшына жетіп едім. Бірақ, ҿткен күндердегідей кеңірек сҿйлесудің орайы табыла қоймады, Кҽменнің сұм кҿзі менен айрылар емес. Рҿлін орындау үшін сахнаға шыққанда да мені аңди отырады да, далаға шығарында ҿзіне жақын біреуіне тапсырып кетеді. Менен ҿш алмақ екенін түсіндім де, Күлҽн бұрынғысындай қанша жақын отырып, қанша сҿйлескісі келсе де, тіл қатпай қойдым. Менің жүзіме таңдана қарап қойып отырған Күлҽн, аңдуға түскен жайымды сезе қойды білем: – Желіміңнің айтқан «бандысы» рас болды,– деп қалды басын тҿмен сала беріп. Жалғасын біраз кідірістен соң айтты. – Боғданың бізге жақын бҿктеріне дейін келіпті. Мен қолымды мұрныма апара беріп тіл қаттым: – Соның шарпуы бізді буды!... Кҽмен сезіп қойғандай, маған сүзіле қарай келіп алдыма тұра қалды: – Мұнан соң анау сабақтастарыңның қасында бол! – деп ызбарлана күбірледі де орныма отыруға ыңғайлана берді. Мен оның ту сыртынан Күлҽнға кҿзімді қыса түрегеліп, екі сабақтастың қасына барып отырдым. Дҽретке шыққан болып барып, Нұрияға хат жазғым келді. Бірақ не деп жазарымды білмей қинала бердім. «Дертім де сен, дауам да сен, ҿзің білші не деймін мен» деп, Мҽжнүнше жазу да келіссіз сияқты. «Ҽлі сҿйлесіп келіскеніміз жоқ қой, межелеген уақытымды күте ала ма, күте алмай ма?! Күте алмайтын жағдайда басын құр ауыртып, бекер ҽуреге салып қайтпекпін!» деген ой қинайды. «Мені күте аламысың?» деп тосын жазудан ҿрескел сҿз бар ма!...» Сонда да сыртқа шығып, дҽретханаға беттедім. – «Жаным, қатты сағындым, деп жазу одан да бетпақтық қой!» – Тіліме оралған осылардан басқа сҿзім жоқ сияқты. Сонда да қаламым мен қойын дҽптерімді суырып алыппын. Жадағайлап қана амандық сұрай тұрудан басқа басар жол, ашылар есік табылмады: «сҽлем, Нұрияш!... Бүгін таңертең сізбен амандасып қайтпақ едім, мектеп тҽртібі түрмеге айналып кетті. Аман болыңыз, деніңізге саулық тілеймін!» – Осы сҿздерді дҽретхананың күңгірт шырағы сығалап тұрған дауалға жастай сүйкедім де алты бүктеп бармағыма қыстырдым. – Кҿзімді қыса кетуімнен бұйымтайымды сезген Күлҽн мен есікке таяй түскенде алдымнан шықты. Жанай кіріп пальтосының қалтасына хатты сүңгіте бергенімде, қолымды іліп ҽкетті. Күлҽннің артынан Кҽмен баспалай шығып келеді екен. Қыздың маған кідірмей кеткенін кҿрсе де, сарғыш кҿзі тімтіне қарады маған. – Мұнан кейін далаға беталды шыға берме! – деп күбірлей ҿтті. Ыза келетін сҿз болса да ыңғайына жүре тұрмай жал жоқ еді, ұстара қазір соның қолында ғой. Қайрыла қалсам да жайдары сҿйледім: – Дҽретке бардым, мұғалім еке, мұнан кейін рұқсат сұрап шығайын!...


Жаттығудан тарағанымызда Күлҽн сүзе қарайтын ҿткір қара кҿзін күлімдете ҿтті жанымнан: – Таңертең-ақ... а... ертең келесіздер ғой? Жаңылғансып, сұраумен ҽдейі бұза қайтарған жауабын түсініп, кҿңілдене қайттым. Кҽмен үшеуімізді тізе айдап мектеп қақпасына жеткенде, кулиң1 сұраған бірнеше дауыс шақ-шақ ете түсті. Мылтық кезенген тҿрт күзетшіге аңыра қарап тұрып қалдық. Мұғалімдер мектебінің қақпасын қарулы ҽскер күзетуші ме еді? Кҽмен алдыларына барып кулиңін күбірлеп қана айтты. Қол ишарасымен қақпадан кірдік. Мылтық шақылдатып тұрғандар ҽскер емес, ҿзіміздің ханзу сабақтастар екен. Ұйғыр, қазақ, моңғол оқушылар жатақханаларының тҿбесіне де ыңғай ханзу сабақтастар шығарылыпты. Бҽрі де зекіреді, бҽрі де мылтықты. Тұсына келгенімізде ҿңшең күзеннің айғырынша шақылдасады. Кейбірі жолымыздан атып тұра арс ете түсіп қалып жатты. Бҽрінен де Кҽменнің сыбырлы кулиңімен ҿттік. Егер осы сұр бұлтты түні қасымызда шпион Кҽмен болмаса, мына сабақтастарымыз кулиң білмейтін адамды атып тастайтын сияқты. Ату бұйрығын алғандықтары деміктерінен аңғарылады. Сұмдықтың ҽкесін ең түптегі ҿз жатақханамның тҿбесінен кҿрдім: үш сирағын кере бұғып пулемед тҿне қалыпты, мойнын дҽл маңдайшаның үстінен созып тұр. Меңгерушінің «үлгілі класын» «силауға» қаншалық құмарта тҿнгенін пулемед далдасында отырған жуан-жуан тҿрт-бес ханзу сабақтастың шақпақ қайыра шақылдауынан тани қойдым, сұр түтекпен бірдей түтеп, аязша жұтынады. «Тоқта!» «тұр, солай!», «кҿтер, қолыңды!» деседі. Даңғырлай сҿйлей барып күбірлеген Кҽмен есік ашты да, солардың ҿздерінше бір шақ ете түсіп кіргізді мені. Сабақтастарым ҽлі ұйықтамапты, кҿбі киімшең, сұрланып отыр. Ақай мен Момынбайдан қалған елеген енді дҽрет астауына айналған сияқты, сары суға толып «керуен сарайдың» есік алдында тұр. – Бұл не?!– деп тіксіне сұрадым мен. – Сыртқа шығармай қойды,– деп алдымен Ҽмірқан тұтана қарады маған, – жатақханаға отырдық! Ашуланғандағы дағдысынша танауы қызарып, едірейіп алған Салық тҿмен қарап тілдей күбірледі: – Иттің балалары!... Кҿсеу мен тас кҿмірдің ірілерін де алып кеткенін қарашы мына суықта! – Тҿбемізден пулемед мылтық кезеніп отырып, жатақханамыздағы қысқаш пен тас кҿмірден қорқып, жиып ҽкетті, Биға,– деп Серҽлі күлді, – мына батырлығына не айтарсың? Ұзын жағы мен иегін сипалап ауыр ойда отырған Қуат жуан басын қаси сҿйледі: – «Қорыққан бұрын жұдырықтайды» ғой шырақтар, бҽрінен осылардың қорқақтығы қорқынышты! 1

Кулиң (ханзуша) – қарауылдан ҿту үшін айтылатын құпия сҿз.


– Рас,– деп басын изей тұқырды Ынтықбай, – егер ҽлгі... тауға келгендер Үрімжінің шетіне ілінсе, бізді алдымен ҿзіміздің мына сабақтастар қыратын сияқты... Мынасы соның нысайы! Ҽшім жяугуанға барып баяндауға жіберер ме екен?! – Міне қырады! – деп гүж ете түсті жуан Шақан. – Ұзынырақ арқандарың болса ҽкеліңдерші, қазір-ақ ҽкелерін кҿзіне кҿрсетейін! Тілеуқан елең қағып, күлімсірей сұрады: – Не қыласың оны? – Шалма тастап жіберіп, плимотын жерге топ еткіземін де, Ҽшім жяугуанға апарып беремін!... Ханзу сабақтастар осы мектептің оқушысы болғанда, біз жауы болып келіп пе едік осынша? – Қолыңда кҿсеу де жоқ, артыңды қысып отыр, – деді Салық, – бҽрімізді қырғызасың! – Бҽрібір, тыныш отырсақ та қырыламыз ғой,– деп Ынтықбай күбірледі оған. – Таудан қарулы қазақ келе жатқанда, қолында байлаулы тұрған қазақты аясын ба, «қасқырдың баласы тауға қарап ұлиды», бҽрі жау демей ме? Серҽлі тағы күлді: – Таудан керей түскенде ойдағы найман қарсы шығар деп мылтық бере қоймайды-ау ҿздері! «Міне, ақылға енді келе жатыр,– дедім мен ішімнен, – пулеметтің аузы ақыл түсіре бастаған екен!» – Шырақтар, жайшылықта бір-бірімізге қырғи қып салғанмен жаугершілікте бҽрімізді бір-ақ матап қырар!– деп Қуат Ынтықбайдың түсінігін күшейте қуаттады.... «Ұлтшылдықтың ҿртін мылтықтың түтігімен кҿсеп ҿршіткен деген осы ғой» деген оймен күлімсірей шешіндім, – «аңқау пенделердің талайы-ақ түсер осы ҿртке, оқыр да үйренер ҽлі!...» Тҿбемнен қандай қатер тҿніп тұрғанына қарамай толық шешініп, кҿрпеге кірдім. Жүрегім сҽл жай тапқан сияқты, Нұрияшқа аз да болса лебім кетті ғой ҽйтеуір. Кешегі ұйқының орнын енді толтырармын. – Қазірше қыра қоймас, – дедім Қуатқа қарап, – күзетуі тым жақсы, сергек екен, бізді ең болмағанда ақымақтықтың қасқырынан қорғай алар!...» Ұйқымды қандыра оянып, күндізгі уақытымды кешегідей зая жібермей, кітап оқып ҿткіздім. Жатақханаға дҽреттендіргеніне наразы болған сабақтастар шамдана бірлесіп, тҽртіп бҿліміне шағым айтып жатты. Оған кіріспей тұра тұруды жҿн кҿрдім. Оралқан таудағы үйіне демалысқа кеткен. Ынтықбайлардың пиғылына ҽлі сене алмай отырмын. Кешегі жаттығуға барып біраз уақыт ҿткен соң Күлҽн сыртқа шығып бара жатып, маған ымдай кетті. «Сыртқа шық!» дегені еді. Кҿпшілік алдында Кҽменді бір ұялтып, сҽл еркіндік ала шыққым келді. – Баугау, мұғалім еке,– дедім кҿпшілікке естірте дауыстап,– дҽретке барып келейін! Ҽртістер ду күлді. Суфлерлік істеп отырған Сҽду де жалт қарап, күліп жіберді. Кҽменнің сары жүзі күреңітіп тығыла қалды. – Мұның не?– деп қызғылт тарта жымиды жақын отырған Ақылбай.


– Дҽретке бармай болмайтын сияқты,– деп ҿзім де ұялғанси тұқыра міңгірледім, – кешегі бұйрығы бойынша рұқсатсыз шықпайтын болғам! Кҽменді қағытқан мысқылдар ҽр жерден шығып жатты. «Рұқсат» ишарасын кҿргенше қадалып мен тұрмын. Иегін тым ыңғайсыздана кҿтерді Кҽмен. Күл беттенген ыңғайсыз рұқсатын солай тартып ала жҿнелдім. – Мҽнсабың қайырлы болсын, Кҽмен! Екі ай оқытушы болғаныңда ҿзіңе тете жігіт оқушыларға бүйтсең, тҿрт айда бұтына жібертерсің!– деп қалды бір ҽртіс. Күлҽн зал есігінен сҽл қиыстай шығып, шам жарығынан шалғайырақ мүйісте күтіп тұр екен. – Нұрияш саған сҽлемдемеге «Япыр-ай» ҽнін айтып берді,– деді, – есіңде шығар, ҿз жатақханасында үшеуіміз бірлесіп айтып едік қой. Осыны айтты да кешегі ҿз хатымдай бүктелген бір жапырақ қағазды ұстата салды. Ып-ыстық тиді алақаныма. Асыға ашып, түн қараңғылығында үңіле түстім де, маңдайшадағы шам түбіне ұмтылдым. «Шыға алмай жүрген халыңызды ұқтым. Маған денсаулық тілегеніңізге рахмет. Сізге де соны тілеймін!» деп жазыпты Нұрия. Ақырғы сҿзінің дҽл үстіне бір тамшы су тамғандай, дақ түсіп қалыпты. Кҿзінен оқыста ыршып түскен жас тҽрізді. Клуб залына қайтып кіре бергенімде алдымнан Кҽмен шықты. – Бұл жерде «баугау» айтып, рұқсат сұра деген кім саған?! – «Далаға беталды», рұқсатсыз шықпайтынымды білдіргенім ғой, сізден рұқсат сұраудың несі айып? – Мұнан соң бұлай рұқсат сұраушы болма, маған қарап ымдай салсаң болмас па еді!... Жоқ, тіпті мұнан соң менен дҽретке рұқсат сұрамай-ақ қойшы сен! – Құп, мақұл! Қайтып келіп екі сабақтастың Күлҽн отырған жақ шетіне отырып едім, Нұрияның сҽлемдемеге айтқан «Япыр-айы» кҿмекейімді бүлкілдете берді. Тым тереңнен шалқитын сол мұң ағыны ағытыла шығып ала жҿнелгісі келгендей, қызықтырып, елітіп барады. Бірақ, орындыққа еңкейе отырып, Күлҽнға естілердей ғана ыңылмен айтып отырмын. Күлҽн естіп отырғанын білдіріп, басын изеп-изеп қойды. Бұл ҽнді жатақханасына екінші рет барғанымда Нұрияның ҿзі бастап айтқан болатын. Онда «Қамар сұлудағы» Ахметтің мына ҿлеңіне қосып айтып еді: «Япыр-ай, кҿзқарасың тҽуір еді, Мінезің салмақтылау ауыр еді. Жауабың кеше-бүгін болмаған соң, Кҿз жасым кҿктен құйған жауын еді...» «Ҽннің ҿз сҿзі бұл емес, бір қыздан осы сҿзімен үйреніп қалыппын» деп, ҿлеңінің ҿз жағынан ешкімге қаратылмағанын сездіріп еді сонда. Бүгін мұны сҽлемдемеге жолдауы ҿзінің жүрек күйін, бар сырын маған тҿккені емес пе? Бұған жауап ретінде мен де сол рет ҿзім бастаған «Айнам кҿзді» жолдағым келді. Бұл ҽнге сонда мен мына ҿлеңді қосып едім: «Кҿзімнің жанарындай сҽулем едің, Кҿңілімнің шын қуаныш дҽурені едің.


Кетпейсің күндіз естен, түнде түстен, Басымды не сиқырмен ҽуреледің?!» Бұл да «Айнам кҿздің» ҿз сҿзі емес, халық ҿлеңі екенін, ҿз сҿзін білмейтіндігімнен қосқанымды мен де ескерткенмін. «Осы ҿлеңді есіне түсірсе, жауап сҽлемдемемнің ҿз сҽлемдемесіне сай келгені» деп ұйғардым. Бір орайы келгенде Күлҽнға мұны анығырақ айтып тыңдаттым да, жолдай қойдым: – Менің сҽлемдемем осы, оған айтып бергейсің!... Күлҽн түсінгендігін білдіре күлімсіреп, бас изеді. Тергеушім, мұндай «ҽділетті замандарда» қылмыскер пенде қысым кҿрмей жүрмейді ғой. Қысым күшейген сайын оған қарсы кернеу күші де үстемелей ҿсетіні табиғи құбылыс. Бұл, адамзатта ғана емес, бүкіл жан-жануар, мақұлықтарда да, тіпті барлық жансыз заттарда да бар қасиет. Бірақ, сізше болғанда бұл, «сары ғылымның сайқал теориясы». Бұлай дейтін себебіміз ұлы ҽділет иесі болған сіздің заңыңызда: қысымға ұшыраушы қысушыға қарсы кернеу белгісін білдірсе «нақтылы кері тҿңкерісші» есептеледі ғой. Қысылушы ҿзі жойылғанға дейін қысымға бойұсынып, қыңқ етпей ҿле салуға міндетті. Демек, кернеу күші – кері тҿңкерістік күш. Осы қағида бойынша бұл тараудағы менің қылмысым, жер бетінде жасауыма мүмкіндік бермейтін қылмыс. Мҽселен делік: қуығым кернеп кеткендіктен дҽретке шығуға Кҽменнен рұқсат сұрадым; құрсағым кернеп кеткендіктен арқамнан жасырын ағытқан желім, саяпыл боранның бір тҽулік үрлеуінен кем түсе қойған жоқ; ал, Гоминданның қыстауымен шақылдаған қытай сабақтастарымыздың кҿзімізге мылтықпен түрткілеуіне қарсы кернеу күші, менен тіпті қатерлі сҿз шығарды: «Гоминдан ұлтшылдықтың ҿртін мылтықтың түтігімен кҿсеп ҿршітті» деп жіберіппін; Нұрия екеуміздің ынтызарлығымыз кернегенде жай бір ҽндердің аттарын ғана сҽлемдеме етіп бір-бірімізге жолдап, тұтас бір күн сҿйлескендей құмардан шықтық; жатақ үй тҿбесіндегі мылтықтар сыртқа шығармай қамап, қуық-құрсақтарымызды кернеткенде толтырмаған қуыс ыдысымыз қалмады!... Мінеки кері тҿңкерісшілдік деген. Жер шарында мұндай кернеу күші аз ба? Кері тҿңкеріс қылмыстыларының басымен ғана (неше миллиард болсаңыздарда) тойдыра алатындығымызға енді де күмҽнданасыз ба?! ІІІ Тҿбемізден тҿнген пулемет пен мылтықтар осылайша үш түн шақылдап, жатақханаға үш түн дҽреттендірген соң ғайып болды. Алтай партизандарының Үрімжіден алыстағанын содан білдік. Бірақ, мүдір жариялаған тҽртіп сақталып, қақпа алдындағы қарауыл сол бойы қақшиып тұра берді. Сыртқа бесеу болып қосақталып шыққанымызбен, кездескен адамымызға тілдесе алмасақ, онан не пайда, қамалып отыра бердік. Бұл тҽртіпке қарсы шығушылар ұйғыр сабақтастардан кҿбейе түсті. Олардың мектеп сыртына шыққысы келгендері қақпаға жақынырақ барып қарап


отырады да, ханзу сабақтастарының емін-еркін шығып бара жатқанын кҿрген соң солай шыға бермекші болып жетіп барады, қақпа күзетушілер кҿкіректен тірей қалады: – Анауыңды неге шығарасың, мен неге шықпаймын? – деп ұйғыр сабақтас кимелейді. – Сен шықпайсың, маулүйзы1. Ҽрине, ұйғыр жұдырығы бұрынырақ тиеді мұндайда. Жұдырық тиген ханзу сабақтастар: «да!» деседі, «са!» деседі, бір-ақ қаптайды сонан соң. «Ұр, гойларны!» дейтін айғаймен қосыла жауатын ұйғыр жұдырық аз болып қалады да, олар таяқты жеп-жеп, тҽртіп бҿліміне айдап апарылады. Меңгерушінің «ҽділ» таяғын тағы жеп қайтады сҿйтіп. «Кіші күнҽ» мен «үлкен күнҽнің» біреуі желкесіне қона шыққанын кештегі ту түсіру жиынында бір-ақ естіседі. – Жабал аттанбасақ бірдеме дегелі бола ма бұ гойларге!– деп Юсуф Қасым сақылдайды. Ханзу сабақтастарға қару беріп, тҿбемізге шығарғалы ұлттық сабақтастардың кҿбінің зығырданы қайнай бастаған еді. Қайраты бар Юсуф Қасым, Шақан сияқтылар жҽне қақпа алдында таяққа тойғандар ашық сақылдап жүрді. Жатақханамызға дҽретхана орнағаннан бастап Ынтықбайдың райы маған тҽп-тҽуір жылығандай кҿрініп еді. Екінші күні түнде, бұрыннан тату-тҽтті сабақтасша, тура қарап сыр айта сҿйледі: – Осы бізге күні бұрын ойласатын бір мҽселе қойылып жатыр. Естуімше, Алтайдың жолы бекіпті. Енді Тарбағатай жолы бекісе, үйлерімізге мүлде қайта алмай қалатын сияқтымыз, қайтсек болар екен? – Оны кімнен естідің?– деп мен бажайлай қарадым. – Басқа кластардағы сабақтастардың бҽрі айтып жүр. Кҽмен де солай дейді. – Кҽмен қалай айтып жүр мұны?!... Оның да қайтып кеткісі бар ма екен? – Жоқ, ол қайтпайды ғой, бізге қиын болатын сияқты, партизандар Үрімжінің шетіне ілінсе, мына пиғылына қарағанда, бізді осылардың ҿздері-ақ қырып салады! «Аузы күйген үріп ұрттайды, бұл жуан бас қараның маған істеген қастығы аз болды ма. Кҽменмен ҽлі сырласады екен ҿзі» деген ой буып, бұл жылтырауына жіби қойғым келмеді. Сенбедім де кекете тойтардым: – Тек, олай деме, біз үлгілі класпыз ғой, бір-бірімізді аямай шаға берсек, бізді бұлар аямас деймісің. «Қырады» деген сҿзді маған екінші айтпа! – Маған бұдан қаттырақ сҿйлейтін де жҿнің бар-ау Биғаш, бетіме басатыныңды біліп-ақ келгемін қасыңа. Сҿйлеселік, түсініселікші! Мен кҿрпеме кіріп, үнсіз жатып қалған соң да, лебіз күтіп, недҽуір отырып қалған Ынтықбай күрсіне түрегеліп, ҿз орнына қайтты. Қамалудың үшінші күні Қуаттың аржағына келіп отырып, ҽр не жайында ұзақ ҽңгімелесіп еді. Түнінде жаттығудан қайтып келсем, ҿзі бұрын жат, жау санайтын сабақтастарының ҽрқайсысымен-ақ іштесіп, шүйіркелесіп отырыпты. Тіпті

1

Маулүйзы (қытайша) – есек.


«қанжыға қосса да қақтығысармын» деп санайтын «қас» Серҽлімен де қалжыңдасып қояды. – Енді жетті,– деді Қуат маған күбірлеп, жақындасқысы келіпті, сен де сырт айнала берме! Ҿзің айтқандай, береке-бірліктен жақсы тіршілік жоқ. Сенбесең де ішіңе сақта, сырына қанып, сынасып кҿрмеймісің! Тҿртінші күннің кешінде тҿбемізге қару құрылмай кеңи қалдық. «Кеңу» дегенім, ҽрине, дҽретке барудың ғана еркіндігі ғой. Қақпадан шықпай тағы үш күн ҿткен соң, қыстық демалысымыз аяқтап, сабақ басталды. Менің достарымнан қоштасып кеткен үшеуінің келмейтінін енді білген Ынтықбай бір үзілісте менен сұрады. – Үй, ҽлгі Қабен, Бексапа, Ҿмірбек қайтып келмейтінін саған айтып па еді? – Жоқ,– деп жүре бердім де, бір мысқылдың орайы келіп, қайрыла қалдым. – Оларды қайтесің, шағуыңа мен-ақ жетіп жатпаймын ба? – Ей, Биғаш, осыны қояйықшы енді, бізге не жетпейді осы?! – Бізге ҽйтеуір бір нҽрсенің жетпейтіні анық! – Ал, соны айтшы, ұғысалық! – Оны білсем бүйтіп ұрыла берер ме едім. Ұрушы болған соң ұғарсың, ҿзің айт! Ҿзі қара қоңыр, қалың пұшпақ жігіттің қызарғаны біліне ме, ҽйтеуір мойығандай күлімсіреп тұрып қалды... Кештерде Кҽменнің алдына түсіп, жаттығуға қатынаса бердім. Кластағы ҿміріміз бұрынғыдан недҽуір ҿзгеріс тапқан тҽрізді. Ҿзара арбасып, ырылдасып жүрген сабақтастардың анық татуласқаны байқалды. Шақан да, Салық та маған ежелден тату адамша сҿйлеп жүрді. Тым ашық рай байқатпасам да, қалың бұлтымды да кҿрсетпей, жауабына жай ғана жауап айта беретін болдым. – Биғаш, бері жүрші,– деп бір демалыста Ынтықбай қолымнан тартып, оңашаға шықты. – Сен алдыңғы күні маған: «ҽйтеуір бір нҽрсенің жетпейтіні анық, ҿзің айт!» деп едің ғой. Кҿп ойландым да таптым, соны айтайын. Бізге, ҽсіресе маған ақыл-сана жетпей қалған екен, дұрыс тауыппын ба? – Тауыпсың. Ал сол ненің санасы? – Адамдық-азаматтық сана! – Ол кімде кем екен? – Менде дедім ғой, менде кем екен! Бҽрі де менен болды!... Ескі салттың санасымен ғана қалыппын!... – Болды, болды, жеткізіп айттың, қалғанын сҿз етпесең де түсінікті!... Құшақ ашсаң қойным дайын, борыш артсаң мойным дайын!... Айтқаныңа нандым, қайтсаң-оңба! Ынтықбай құшырлана ұмтылып келіп құшақтай алды. Менің кҿзімнен жас та ыршып кетіп еді. Екеуміздің қатты құшақтасып тұрғанымызды кҿрген Салық: – Ей, ананы қара, ана екеуін қара!– деп саңғырлағанда, маңындағы сабақтастар түгел қарасып, қарқылдай күлісе жетті де, қоршай қалды....


– Міне, дұрыс ақылды енді таптыңдар,– деп жуан қарнымен түгел солқылдады Оралқан. – «Алтау ала болса арадағы кетеді, тҿртеу түгел болса тҿбедегі келеді»... Осыдан соң-ақ бізге расында да «тҿбедегі» келе бастады, тығынды кітаптарымызды бҽріміз де ашық, еркін оқи алатын, бірімізде жоқты бірімізден ауысып пайдаланатын болдық. Бақылау күшейіп, мектеп сыртына шығудан қалғалы қапасқа түскендей тарылған жағдайымыз ҿз арамызда солай кеңіп, класта да, жатақханада да бҽрімізбен базар жасағандай, білім алудың аңдусыз, арбаусыз кҿңілді шағы басталды. Шыны ыдыстағы суға қамалған бір топ алтын балық сияқты, аядай суымызда айдын мұхитта жүргендей жарқылдастық. Бұл базарымыз жатақханаға Кҽмен кіргенде ғана жабылып, қазналарымыз құлыптала қалады. Оны бұрынғыдай қарсы алатын ешкім жоқ еді. Ешкімнен жылылық тани алмаған ол алшаңдай басып бір айналып қана шығып кетіп жүрді. Сҿйтіп оның кесел-қырсығы бізге дарымайтын жағдайға түсіп қалды. Алалық болмағанда «арадағымызды» ол ҽкете алар ма! Берекелі тобымыздың ақылымен сыртқа да шығып, «тҿбедегіні» келтіре алатын болдық: біреуіміз «ауырсақ» класымыздың ҿзінен-ақ тҿртеуіміз бірдей «ауыра» қоямыз. Бірі жҿтеліп, түшкіріп, бірі арсы-күрсі ыңқылдапкүрсілдеп, бірі ішін, бірі бүйірін, бірі құйрығын ұстап шыға келген саны толық, шарты жетік бес оқушы болған соң, тҽртіп бҿлімінің біреуімізді бастық сайлап шығарудан басқа лажы қала ма? Мұндай сыбайластар тобы «мектепке жақын» Совет азаматтары ауруханасынан басқа нені іздемек, екеуі ауруханаға, үшеуі оның артындағы кітап дүкеніне жетіп бір-ақ тоқтайды. Сҿйтіп, кҿптен бері ала алмай жүрген кітаптарымызды да алып қайтатын болдық. Біздің ҿзара ынтымақтасып алғанымызды сезген Кҽмен шиыршық атты. Ханзу тілі сабағына кіргенде де, педагогика сабағына аударушылық еткен сағаттарында да ҿзінің бұрынғы сабақтас тұстастығын ұмыта ақыраңдап, шақар сҽуірік бастана берді. Кішкене Ҽмірқан қарсылық кҿрсеткелі сиреген терезе тыңшылығын қайта жиілетіп, тіпті күндіз де кластың қағаз терезесінен тыңдай жүретінді шығарды. Сүркей, шайпау мінезінен жасқанатын болып қалғандығымыздан, онысын кҿрсек те кҿрмегенсіп жүре бердік. Ол ханзу тілін оқытудың орнына саяси лекция ҿтуді жиілетті. «Ұлы данышпан кҿсеміміз, дүниеде теңдесі жоқ ұлы философ, құдіретті қолбасшымыз Жяң Жұңжыңға1 – данышпан Зұңсайға2 үкіметтің үгіт-нҽсихат аппараттары түгелімен кҿсемдерін осылай кҿпіртіп, кҿбік шаша жҿнелген. Менің тілім тіпті күрмеулі. Класымызға ынтымақ орнағанын Кҽмен, тек менен ғана тараған «кесапат» деп қарайтындай, маған тіпті шұқшия түсті. Кеште қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымына барғанымызда менен кҿз жазуды қойды. Күрмелетін тағы бір жайым – Кҽменнің осы театр дайындығынан мені тайдыруға сұқтанғандығы, тек Сҽду мен Ақылбай ғана 1 2

Жұңжың – Жяң Жешінің ҽсілі есімі. Зұңсай (ханзуша) – партия тҿрағасы.


сақтап келе жатқанын білемін. Кҽмен амал тауып, шын үшкірсе, меңгеруші мені шыжымдай салмай ма? Сол театр дайындығына қатынаспай қалу маған тынысым буылумен бірдей сезіледі. Ҿйтетіні, ҿзі кҿрінбесе де Күлҽн арқылы Нұрияның лебімен ғана тыныстап жүрмеймін бе? Сол ұйымға барып тұрмасам, сол леп жетпей қалар еді маған. Сҿйтіп, тынысым үшін тілімді Кҽменнен тарта тұруым, оны қазірше ушықтырмауым керек сияқты... Кҽменнен қанша теперіш кҿрсем де, сҿз қайтармай шыдап, асыға күткен күніме ҽрең жеттім. Ол Нұриямен кездесетін күнім еді. Күлҽннің айтуынша, Нұрия ресми ойын қойылатын кеште келмек болатын. Сол қасиетті күннің қадыр түнін күзеткендей түн бойы дҿңбекшіп, ұйықтай алмай шықтым. Таңертеңгі ботқаны іше сала партама келіп қалғып отырғанымда Кҽмен шошытып оятты. – Жүр, ей, тҽртіп бҿліміне! «Тҽртіп бҿлімі» аталғанда үдірейе қалатын дағдымыз бойынша сабақтастар түгел қарады маған. Театрдың ақырғы дайындығы бүгін күндіз жүргізілетінін білетін менің де жүрегім сол ызғарлы атаудан зырқ ете түсті... Ызғарлы бҿлімде аяздың дҽл ҿзі отыр екен. Оқушылардан қатынасатын үшеумізді қатар тұрғызып қойып, маған қарап қытымын тіге сҿйледі меңгеруші: – Бүгін ойын кҿруге оқушылардың да баруы мүмкін. Басқа ешқандай мектептің ешқандай оқушысымен сҿйлесулеріңе рұқсат жоқ!– деп, арса тістерін ақсита тістенді. – Мүлде рұқсат жоқ!... Ұқтың ба, жоқ па? Тҿте маған ғана қаратқандығы үшін: – Ұқтым, – дедім Кҽменге қарап қойып, – бұдан бұрын да «сырт оқушы» кҿрмедік!... Мына Калаусы1 біледі. – Сен сҿйлеспедің бе?!– деп тҿне түсті меңгеруші. – Сҿйлесу түгіл сырт оқушы кҿрмедім!.. Пьеса дайындығында оқушыдан осы үшеумізден басқа ешкім жоқ! – Бір қызбен сҿйлеспедің бе?! – Ол қыз сол ұйымның хатшысы. Пъесаның бас рҿлінде. Алғаш барғанда ол пъеса туралы біраз сҿйлеп түсіндірген. Одан кейін Калаусының бұйрығымен мына сабақтастардың қатарында отырдым. Дҽретке «баугау» деп рұқсат сұрап шығып тұрамын. Рас қой, мұғалім еке?! Кҽмен тыңдамағансып, қожайынына қарай берді. – Дұрыс, рұқсат сұрап шығуың дұрыс,– деп қалды меңгеруші, – мұнан соң ешкіммен сҿйлеспейсіңдер, дҽретке де рұқсатсыз шықпайсыңдар!... Ұқтыңдар ма, жоқ па?!... Егер бұл тҽртіп орындалмаса, қатты жазалаймын! Осы ораймен жолымды бүгінше кеңітіп алғым келді. «Толық дайындалып болған пъесаның сахнаға қойылатын күнінде мені жібермей қоя алмайды ғой!» – Баугау, меңгеруші!– деп тік қарап, жебедей қата қалдым. Ҿздері осындай ҽскери итағатты жақсы кҿруші еді. – Сізден «қатты жаза» емес, жұмсақ жаза да тартқым келмейді, осы пъесаға бармай-ақ қояйын! 1

Калаусы – Кҽмен мұғалім.


– Не үшін, мектеп тҽртібіне наразылығың үшін бе? – Олай емес, оқушылық тҽртіпті толық орындау үшін бармаймын. – Қалайша? – Сыртқы адамдар, мҽселен, сол ұйым қызметкерлері оқушыны тілсіз, құлақсыз деп түсінбейді. Бірге жүргендіктен істің жайын сұрасып, сҿйлесіп ақылдаса, түсінісе жүреді, оған жауап айтпай болмайды. Жауап қатсам жазаланады екенмін, жауап қатпасам назаланады екенмін. Бұдан да бармағаным мың жақсы. Меңгеруші түйіліп қалып қолын бір-ақ сермеді. «Барма» дегені ме, «бар» дегені ме, қайсысы екенін түсінбесем де, ҽйтеуір «бҿлімнен шық!» дегені толық түсінікті ғой, шығып жүре бердім. Кҽмен мен екі оқушы қақпаға беттегенде мен класқа беттеп едім. Кҽмен қуып келіп, білегімнен ұстай алды. – Қайда барасың, жүр былай, мұның не сенің? – Меңгерушіге айттым ғой, бармаймын! Шықпаймын сыртқа!... Сҿйлеспейақ қойдым ешкіммен! – Ей, ес бар ма ҿзіңде, меңгерушіден ҽрең сұрап алып жүрсек... Енді бармай, бүгін қойылатын театрды бұзбақпысың? – Бұзған кім, бүгін рҿлге шыққалы тұрған ҽртісті кҿрсетіп, сұраққа тартқызған кім?!... Соттату-жазалату үшін, мылқау болып, еркінен айрылу үшін есі дұрыс адам ойын қоюға қатынаса ма?.. Мектептен шықпаймын, оқимын! – Ей, сендер жүре беріңдер,– деді Кҽмен тұрып қалған екі оқушыға. Бізге қарап тұрған қақпа күзетшілеріне: «шығарып жібер» дегендей ым қақты да, маған қайта тҿнді. – Меңгерушіге сені кҿрсеткен кім, неге шата бересің сен! – Күлҽнмен бір-екі ауыз сҿйлескенімді Калаусы айтпай, меңгерушінің ҿзі барып кҿрді ме? Шын шатпақ дҽлелімен сҿйлеушіден емес, дҽлелсіз сҿйлеушіден шығар мұғалім еке! Айтпағаныңды дҽлелдеші қане? – Анығын түсінбей сҿйлеме, Биғабіл!... Жүрші, жол жҿнекей ұғындырайын, кеш қалдық!– деп Кҽмен қолтығымнан сүйрей жҿнелмекші болды. Мен тұрып алдым: – Қазір ұғындырыңыз, маған да жан керек, анығын түсінбей шықпаймын! – По, неткен бірмойын едің, кім білген мұндайыңды?! «Сҽдудің кешегі тапсыруы бойынша бүгін күндіз барып дайындалуға меңгерушіден рұқсат сұрағанбыз... Ақылбай екеуміз... сен үшеуіңнің кіммен сҿйлесіп жүргендеріңді сұрағанда, Ақылбай екеуміз бір-бірімізді бажырайтып қойып ҿтірік айта алмадық, мұғаліміміз ғой. Күлҽнмен біраз сҿйлескенің сонда айтылды. – Ақылбай айтты ма, сіз айттыңыз ба? – Ұстаздар арасындағы мҽселені тексеруші болма, зор қателік болады, Биғабіл!... Істі мен айтқан-ақ болайын. Бірақ соншалық жеңілдетіп айтпасам, меңгерушінің мінезі ҿзіңе белгілі ғой, неге жазаламады? Жаңа саған сыпайы сҿйлеп отыруы біздің жеңілдетіп қана жеткізуімізден екенін неге түсінбейсің? – Түсінейін-ақ, бірақ одан ауырлатып жеткізерлік не мҽселе бар еді? Сіз ұстазсыз ғой, бұған жауап күтуім ҽдепсіздік болады. Есіңізде қалар, артық


шағымға ашты жауап қана қару болатынын түсінерсіз... Енді сіздің уақытыңызды зая етпейін, жаңа ҿзіне де айттым ғой, жұмсақ жазаны да кҿргім келмейді, мұғалім еке, бүгін театр кҿретіндер кҿп. Жазатайым біреуі келіп, бірдеме сұрай қалса, үндемей қала алмаспын. Оны сіз тағы жеткізесіз де, меңгеруші жазалайды. Екінші реткісі болғандықтан оңай тиіспес. «Аш құлақтан, тыныш құлақ», бармай-ақ қояйын! – Бармай қалуыңды Сҽду бізден кҿрмей ме, қандай адамсың ҿзің!– деп Кҽмен жан-жағына назалана қарады. – Жҽ, болды, мұндайыңды енді тергетпей-ақ қоялық! – Осы сҿз шыққан соң жетегіне кҿніп, ілби жүріп едім, – тек ҿз орныңды сақта!– деп Кҽмен желім бопсасын енді ҿз аузынан еселей шұбалтты. – Оқушылық тҽртіпті бұзсаң... Біз де ұстазбыз ғой... басынсаң ашуымыз келеді. Жазалау деген содан шығады, есіңде болсын!... Ҽртістерден сырт адам келсе, сҿйлеспей-ақ қойсаң болмады ма, қазіргі ең үлкен тҽртіп осы ғой! Бұл сҿзінен бүгін Нұрияның келетінін Кҽменнің де сезгені, сол үшін бүгін меңгерушіге шегелетіп, мені сонымен сҿйлесуден мықтап тимақ болғаны айқындалды. Жаңа ғана жариялаған кеңшілігінен ҽпсҽтте тана қалғаны да сол үшін ғой. Тесілген шелекте су, уағдада қу тұрған ба? Мұғалім-екемнің аға жҿнелген сол үлкен тесігін тығындай тұру керек сияқты. – Мұғалім-еке, «оқушының ең үлкен тҽртібі – сыртпен сҿйлеспеу» болды ғой. Ал, бұл тҽртіптен шеттеудің жеке ҿз басыңызды қорлаушылық – «басынушылық» есептеліп, ашуыңызды келтіретін себебі не? Соны ашық айтыңызшы, мен толық орындайын!... Кіммен сҿйлессем, сізді басынғандық болатынын анықтап айтып қойсаңыз, содан мықтап тиылсам болмады ма!... «Олда-білде» дейін, айтыңызшы соны!... Ойланып қалған Кҽмен бұл ҿтінішке жауап қатпай, басқа сҿзге жетектеді. – Мұнан кейін «мұғалім-еке» деп атауыңды қойшы Биғабіл, жаңағы «Калаусы» деп атауың дұрыс! – Мақұл!... Жақтырғаныңыз болсын, «Калаусы» деп-ақ атайын!... Калаусы, сізді «басынудың», «ызаңызды келтірудің» маған ешқандай зҽрураты жоқ! Бірақ бірге істеп, бірге жүріп ешкімге тіл қатпайтын адам бола ма, ал мен сҿйлессем-ақ үлкен қатер сияқты. Сонда да, бұл қатерден аулақ боламын деп, адамша сҿйлеген бар адамға тіл қатпай қоюым тіпті де мүмкін емес... Кейбір адамдармен сҿйлеспей-ақ қоюға болар, айтыңызшы соны, мен аузымды шегелеп-ақ қояйын! – Сырт адамдармен, оқушылармен сҿйлес пе деді ғой жаңа меңгеруші, сол болмады ма?– деп тыжырынды Кҽмен. – Меңгерушінің басқа оқушыларға айтпағанын маған ғана айтқызып тҿндірген сіз ғой, мұны ҿз сҿзіңіз-ақ түсіндірді ғой. Күлҽнмен сҿйлескенімді «Ақылбай екеуіңіз» айтыпсыз. Ал сҿйлессем, «басынушылық» болып ҿз ызаңызды келтіретіндер бар екен, «жазалау деген содан шығады» дедіңіз. Егер анықтап ұқтырып қоймасаңыз, қатерге ұшырайтын сияқтымын, Калаусы!... Клубқа барған соң осы жағдайымның бҽрін Сҽду мен Ақылбайға айтамын да сҿзсіз қайтып кетемін! Ұйым не қылмақ маған, тек «ұстаздың қаһарына» ұшырамасам болғаны!


Қызарақтай ойланып тыңдаған Кҽмен: – Ойбо-о-й, қоймадың ғой тіпті. Кіммен сҿйлессең де сҿйлесе берші, шатағым болмасын.... Қуымның бірінші рет ағызып жіберген осы уағдасын шағымға Ақылбайды қосақтаған ҿтірігімен түртпектеп екінші рет айтқыздым. Үшінші рет айтқызып, бекітуге уақыт жетпеді. Клубқа кірсек, сахна безеудің сасқалақ жұмысы жүріп жатыр екен. Бірі олай, бірі бұлай тартып, дұрыс орналастыра алмай даңғырласады. Біз де кірісіп кеттік. Кҿшпелі, тұрақты сахналардың бҽрін ыңғайласқандығымды, декорация жұмысына ысылғандығымды кҿрсеткім келді. «Нұрияш ҽлі-ақ бұл сахнаның періштесі болып шығар, менің де осы бастан кірігіп алуым, Кҽмен түртіп қалғанда ұшып түспейтін аброй тауып үлгеруім керек қой!». Бізден бұрын келген ҽртістер құрып қойған «алты бақанды» бекемдеп қайта құрып, сахна тҿріндегі таулы декорация қанаттарын да ауыстырып түзеп шықтым. – Міне, енді келісті, – деді Сҽду. Мұнан соң екінші акттегі1 киіз үйді де тігуге кірістік. Мұндағы артистердің кҿбі уық бауын да байлап кҿрмеген сияқты. Сахналық жарық жарты үйді тігуге де менің нұсқам дұрыс шығып, айтқаным қабылданды. – Енді жақсы гримші тауып қоюымыз керек,– деді Сҽду, – арнаулы гримші болмағандықтан, бірімізді біріміз бояумен баттастырып, тым үйлесімсіз безеп қоятынымыз бар! Нұриямен еркінірек сҿйлесіп алуыма гримшіліктен қолайлы міндет жоқ сияқты кҿрінді маған. Ҿз рҿлім орындалып болған соң ыңғай гримханада отырамын ғой. Кҽмендер сахнаға шыққанда біз оңаша қалатын орайлы уақыт кҿп болады. – Гримшілікке мен тҽуір едім,– десем де, ҿзімді-ҿзім ұсынғаныма жүзім қызара жҿнелді. Бірақ, оқасы жоқ сияқты, Нұрия үшін ҽр неге де кҿніп, бҽрі де болуға тиістімін ғой! Сҽду ойлана қарап сұрады менен: – Бұрын істеп кҿріп пе едің? – Үш-тҿрт жыл істегенмін. Мына Шұғаңызды бұдан ҽрі құлпыртар едім! Артистердің бҽрі күліп жібергенде, Кҽмен тҿмен қарап сызданды да, «бұдан ҽрі құлпыртып» дегеніме Күлҽн қызарып сықылықтай түсті. «Жұп-жуас» оқушысының бекер белсенбейтініне сенген Сҽду разы болғандай, басын изеп-изеп қалды. – Бірақ ҿз рҿліңді орындауға қайшы келіп қалмай ма? – Мұның рҿлі алғашқы пердеде, сонан соң ақырғы кҿріністе ғана, Кҽрім рҿлінде ғой!– деді Күлҽн. – Онда болды! Бүгінгі декорацияның құрылысын бҽрі де кҿрді ғой, басқа артистер осы бойынша істей берер. Сен енді ҿз рҿліңнен сырт жұмыстан гримшілікті ғана істе!... Жарайтын сияқтысың! – «Сияқты» ғана емес, болып-ақ тұр,– деді Қали атты бір кексе артист күрсініп, – сахнамызға мықты бір азамат қосылған секілді! 1

Кҿрініс перде.


Ҿлкелік қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымының мҽдениет бҿлімін басқаратын бұл кісінің мына мақтауы мұнан кейін де мені сахнаға тартып, Кҽменнен еркіндік ҽперетіндей кҿңілдендірді. – Енді түскі тамаққа барып қана қайталық, – деді Сҽду. – Кҿшеге құлақтандыру жапсырылып болған. Азаматтар, бүгін дем алып отыратын күніміз емес, осы бір тамаша трагедияны сҽтті орындап шықсақ, клубымыздың мұнан кейінгі базары кеңейетіні анық. Бұл үшін бар күштеріңді аямаңдар!... Мына үш оқушы бүгін осы жерден тамақтанып, сахнадағы бұйымдарды күзетсін! Басқа артистер тарай жҿнелді де, Кҽмен Сҽдумен сҿйлесіп қалды. Бізді айдап қайтуға таласқан сияқты. Сҽду кҿнбеді білем, Кҽмен сазара шықты. Сыфан1 асханасының жайын білетін Сҽдудің бізді бүгін тойдырмақ екенін түсіндік: Қалиға базардан үш адам тоярлық мҽнті алдырып беруді тапсырып қайтты. Сахнаның артқы есігінен Күлҽн ымдап шақырды. – Бүгінгі белсенділігіңе разы болдым,– деп күлімсіреді мен жете бере. – Ҿнерің менің сіңілімді сиқырлауыңда ғана екен десем, бҽріне жетеді екен ғой?! – Маған ҿнер үйретіп жатқан сол сіңіліңнің ҿзі, бір ҽңгімелесу үшін бар ҿнерді игергім келді. – Ол қазір біздің үйге барды, артқы жақпен жүгіріп барып қайтпаймысың?! – Бармайын, аңдушым қиын шығып тұр. Кҽмен бүгін мені тҽртіп меңгерушісіне бір тергетіп шегелетіп шығарды! – Олай болса кеште, бірінші пердедегі рҿлің орындалған соң ауланың түп жағындағы тал арасынан кездеседі. Гримшілік шаруаңды тездетіп бітірерсің! – Негізгісі ойын басталғанша бітеді ғой... Кҽмен рҿлге шыққан кездерде ҿзі гримханаға «жылынуға» да кіріп тұрмай ма... бірақ, мектеп значегын қадамасын. – Иҽ,– деп Күлҽн сық ете түсті, – ойласқанбыз. Күлҽн соны айтып қайтты да, біз тамақтанған соң үй жасауына ҽкелген кілемге қисая кеттік. Мұндайда ұйқы келерме, аунақши түстім де, сахна артындағы кереуеттің үстіне үйген кҿрпе-жастықтан ҽкеліп тҿсенбек болдым. Жетіп барып ірге жағындағы бір қалың кҿрпені жұлып алғанымда, Кҽменнің мақталы сары сым мен құрым етікті борбайы жарық ете түсті, мен селк ете түстім. Қатты ұйықтап жатқансып пысылдай қалды ҿзі. Алдыңғы есіктен қайтып кеткен болып, артқы есіктен қайта кіріп, дҽл желкемізден баспалай жатыпты! «Күлҽн екеуміздің сҿзімізді естіп қойды-ау» деп хауіптене қалып едім, Күлҽн артқы есіктен ымдағанда бұл сұмның зал бойлай алдыңғы есікке кетіп бара жатқаны есіме түсті де ол күдіктен серпіле қайтып, астыма кҿрпе салып жаттым. Сонда да кҿзім ілінер емес. «Итаяғын да ұмытып, тападай тал түсте кҿз айырмай аңдыған мына ит кеште сирек ҿскен балапан тал арасында тақымымыздан ала түспесе не қылсын, – деген күдікті ой андыздап кеулей түсті. – Тал арасы болғанымен аппақ қар үстінде кҿзге айқын түсеміз-ау, қалай далдаланар екенбіз!... Ҽй, байыз тауып 1

Сыфан – педагогикалық мектеп.


сҿйлесе алмай қалармыз-ақ! Сҿзді қысқа кесіп айта салайын оған: менің жағдайым сізді ұзақ күттіреді, шыдап күте аласыз ба, дейін..». «Жоқ, мұны оның рас сүйетінін білмей тұрып қалай айта аларсың!... Алдымен құшаққа тартып, сүйіп байқау керек шығар!... Беріліп сүйгізсе, сүйгені ғой... бірақ, жігітке сүйдіргені – пҽк қыздың кірленгені емес пе! Оның арына дақ түсіріп алған соң шарт қойып кергудің ҿзі арсыздық болмай ма, сүйісіп алған соң қайтып айтарсың!... «Нұрияшты ҿзіңнің адамгершілігіңе тапсырдым» деп кеткен ғой Қабен. Егер ол мені ұзақ күте алмайтын болса, Қабеннің алдындағы адамгершілігім қайда кетпек?...» «Қой, сүю түгіл қолын да ұстамай тұрып кесетісіп алуым жҿн! Сүю деген – некелену, некеленіп алған соң, түбінде мені күте алмайтын болсаң, қазір ажырасайық деу – Нұрияштай қызға ең дҿрекі соққы болмай ма!... Иҽ, оның жанына кіршік түсіре алмаймын!... Кетсе, сол пҽк күйінде кетсін!» «Ҽй, бірақ, сүйіспей-біліспей тұрып, ҽлгі сҿзді қайтып баттита аларсың, бетіміздің бір былғануы былғанарақ!» «Қой шырағым, нҽпсінің айтқанына кҿніп, айдауына жүре берсең, бауырыңа тҿрт аяқ бітер!» «Жоқ, бұл сүю – нҽпсі үшін емес, сүйемін деп, оның жан сезіміне жел-желік бітіріп, тат-дақ түсіріп, шартты сонан соң қоймақпысың? Ол – жылы-тҽтті у беріп мастандыратын, сезімін солай алдап тұтқындайтын жадыгҿй жауыздың қылығы! Алдымен ашық сҿйлесіп кесетісу ғана ҽділет!...» Артистер қайтып келді, Кҽменнің тамаққа қашан кеткенін тағы білмей қалыппыз. Дайындық жұмысына қайта кірістік. Кешке шейін айтысқан осы екі ойды келістере алмай, екеуіне кезек ауып мен жүрмін. Бұрын ашық сҿйлеспегендігіміз иҽ айқын хат жазыспағандығымыз, бір рет ҽрең тілдескелі тұрғанымда, ҽуреге салды. Кеш батып, тҿрт кҿзбен күткен уақытым да жақындап келеді. Міндетіме асыға кірісіп, алдымен бірінші пердеде шығатындарды гримдеп жатырмын. Күлҽн грим орындығына кешірек келіп отырды. Нұрия ере келген шығар деген оймен маңайға жалтақтай түскенімді сезе қойып күліп жіберді де «кейінірек» деп күбірледі. Есік ашылған сайын жалт қараймын, жарқ етіп кіріп келгендей, тұла бойым ду ете түседі. Күлҽн тағы да күледі. Жұрт кҿзінше «бояуыңыз бұзылып кетпесін!» дегеннен басқа ештеңе айта алмай гримдеп шығардым. Ол арт жағымдағы ұзын орындыққа отырып алды енді. Ҽр артисті безендірген сайын кҿпшілікке сыдырта қарап шығып, есікке телміргеніме сыңқ ете түседі. Терезеден қараңғы түскені байқалды. Гримханада артистерден сырт адамнан бір ғана жігіт отырған. Ол – мақталы кҿк мешпет-сымды, мұрты жаңа ғана тебіндеген, сұлу қара торы жігіт екен. Малақайын баса киіп, бұрышта отыр. «Нұрия келмеді ғой» дегендей Күлҽнға жалтақтадым. Ол қатарындағы Кҽменге қарап күле береді. Ожар, суық Қарасай мырзаның харакеттеріне лайық гримделген Кҽменге, басқалар да Күлҽнша қарап қойып, жымиысып отырған. Бір мұртын құлағына қарай қайқайтып, бір мұртын иегіне салбырата иіп жасағанмын. Қасы мен кҿз ҽлпеті де қисық. «Күлҽн соған күледі, Нұрия есінде де жоқ сияқты» деп таңырқаймын.


Есік ашылған сайын Кҽмен де елеңдей қарап отыр еді, грим жұмысы аяқтай бере бұрышта отырған кҿк киімді жігітке кҿз астымен үңіле түсті. – Ана жігіт кім?– деп сұрады қатарында отырған Күлҽннан. – Менің Құтыбиден келген немере туысым. Ауырып келіпті, ойын басталғанша жылырақ үйде отырсын деп осында кіргізіп алдым. – Грим бітті ме?... Ойынды басталық енді!– деп Сҽду кіріп келді де, кейінгі актке кіретін екі-үш «кемпір»-«шалдан» басқа артистер түгел тұрып, сахнаға кетті. Ҿзім асыға гримделдім. Айнаға қарап сұйық қара бояумен жаңа тебіндеп қалған мұрт жасап тұрғанымда, бұрышта отырған жігіттің маған қарап жымия күлгені алдымдағы айнадан кҿрінді. «Дҽл ҿзінің мұртындай болып шыққанына күлгені шығар» деген оймен бір қарап қойып қана асығыс гримделе бердім. Жігіт орнынан тұрып, есікке қарай ҿте бере, айнадағы менің жүзіме тағы қарады. Ұшқын атқан кең кҿкшіл кҿз – ҿзегімді ҿртеп жүрген кҿкейкесті, нақ таныс кҿз жарқ етіп кҿзіме бір тоғысты да лып беріп ҿте шықты. Тұла бойым лап ете түскендей, жалт қарадым артынан. «Жоқ, ол емес, бүкіс екен ҿзі, реңі де қара торы ғой... Кҿзі қалай ұқсаған Нұрияшқа!... Қайта бір қарамай кетті-ау ҿзі!» деген оймен шала-шарпы гримделе салдым да рҿліме лайық тымақ пен қазақша жеңіл мешпетшені киіп, белбеуді жүре байладым. Жаңағы бүкіс қара торы жүгіт сахнаның оң босаға жақ бүйіріне, аспа пердені далдалана келіп отырыпты. Мен гримханадан шыққанда кҿз алмай қарап отырды да, жақындай бергенімде сол құштар кҿзімді сахнада тұрған артистерге аударып ҽкетті. Нұрия қайда отырғанын білу үшін алдымен сахнаның екі жақ бүйірін қыдыра қарадым. Жоқ, кҿрінбеді. Сҽду шымылдық сыртына шығып, кҿрермендерге пъеса жайында түсінік сҿйлеп тұр, сахнаның сол жақ босағасына келіп шымылдықтың шетінен сығаладым. Ділгір кҿзім залда отырған кҿрермендерді тінте аралады. «Ұқсамады-ау бірі де, арт жақта ма ҽлде келмеді ме?!...» Жалт қайрылдым сахнаға. Күлҽн алты бақан түбінде маған қарап күлімсіреп тұр екен. Ҽлгі кҿзі ыстық «бүкіс жігіт» те қарсы босағада жымиып отырған сияқты... Зал қол шапалақпен шатырлай жҿнелді. Сҽду қайта кіріп, сахна табалдырығындағы суфлерлік ұяға түсе ойын бастау ысқырығын тартты. Жарма шымылдық сырт ете ашыла сала «Ҽбіш» екеуміз сахнаға кіріп, «Шұғаға» жақындай барып амандастық. (Пъеса осылай басталушы еді.) «Бүкіс жігіттің» ҽлгі теңдессіз ыстық кҿзі маған енді кірпік қақпай қадалды. Кҿрермендердің мыңдаған кҿзін елең құрлы кҿрмей, мен де сол кҿзге қарап тұрып қалған сияқтымын. «Ҿзің екенсің ғой!... Бҽсе, Күлҽн неге күле беред десем, танымай қалыппын-ау, ҽ!..» деген оймен рҿлде тұрғанымды да сезбей қадалыппын. «Шұға» залдағы кҿрермендерден бетін сырт бұра беріп күбірлеп қалғанда бір-ақ түсіндім: – Енді бҽрлеріңіздің маған қарауларыңыз жҿн шығар! – деп маған күлімсірей қарап қойды. «Менің Шұғам ҽне, енді таптым!» дегендей жымидым да, жиыла қойып, Кҽрім бейнесіне келе қалдым...


Нұрияға телміріп қалмауға зорлана шыдап жүріп бірінші акттегі рҿлімді тҽуір орындадым. Шымылдық жабыла сала артистер абыр-сабыр болысып, декорация ҿзгертуге кірісіп кетті. Бұл артистердің ең асығыс, ең қарбалас мезеті болушы еді. Гримін ҿзгертетін бір артистің бетін сүйкектете салып, гримханадан шыққанымда «кетті» деп қалып Күлҽн ҿте шықты алдымнан. Жалт қарасам, отырған орнынан Нұрия кҿрінбеді. Кҽменнің рҿлге шығуын бошалағандай кезе жүріп күтіп, ол сахнаға кіре бергенде артқы есіктен мен де шыға жҿнелдім. Ҽне, Нұрия, талдың шетіне іліне, қайрыла қарап тұр екен! Бүкірлік рҿлден ол да азат болғандай, бойын түп-түзу ұстайтын қалпына келе қалыпты, түн бұлыңғыр болса да ақ қар үстінен айқын кҿрінді. Тымағымды қолыма ала жүгірдім. Ол маған қарай түсіп, тал арасына кірді де, жетіп қалған маған кілт бұрылып, екі қолын жая ұмтылды. Қолға бҿгет тымақты басыма қондыра сала құшақтадым, ол да іркіліссіз құшты, кірпік қақпай қарасқан күйі еріндеріміз жақындаса берді. – Сүй?1 – деген ҽскери зейіл үн сақ ете түсті осы мезетте. Айқасқан құшақтарымыз сылқ түсті. – Уо!2– деп мен де сақ ете түсіп, Нұрияштан екі адым шегіне қойдым. Ауланың түп жағындағы талдың арасынан аяқ сықыры естілді, бері жүрген сияқты. Мен Нұрияға клуб жақты нұсқап қойып, қарсы жүрдім. Мылтығын кезеніп келеді екен біреу, шошайған тымағымды алдымен кҿріп, нақ «банды қазақты» елестетті білем, кілт тоқтай қалып, мылтық шақпағын қайырды: – Тұр, солай!– деп ханзуша зекіді. – Кҿтер, қолыңды! Мен қолымды кҿтерісіммен жақындап келіп тоқтады: – Сен кімсің? – Ҽртіспін,– деп тымағымды жұлып алдым, – клубта ойын қойып жатырмыз. – Мұнда не қып жүрсің? – Дҽретке шықтым, асығыспын! – Туфи!... Дҽретхана қайда? Қайтып кет! Мен қайта оралғанда Нұрия тал арасынан шығып клубқа жақындап барып күтіп тұр екен. Кҿзін қол орамалымен баса ҿксіп қалды да, бір қолымды алып, сол орамалын алақаныма басып ұстатты. Оттай ыстық екі алақанымен ысқылай сылады қолымның сыртын. Оның сүйріктей саусақтарын қос қолыма алып, кҿкірегіме апара бергенімде тағы бір сықыр естілді. Арқасынан аялай сылап, клубтың артқы есігіне тарттым. Үнсіз-дыбыссыз келіп кірдік. Кішкене ғана ауыз бҿлмеде шам жоқ еді. Тұра қалдық та бас киімдерімізді қолға алып, құшақтаса түстік. Екі жүректің жарыса соғуынан басқа сыбдырсыз қараңғыда бетке бет алма кезек тҿселе келе, еріндер енді табыса қалып еді. – Кімсің?– деді гримхана жақтағы есіктен біреу. Бері қарай аяғын тақ-тұқ басып келіп тоқтады. – Мен, Биғабіл. 1 2

Сүй (ханзуша) – кім? Уо (ханзуша) – мен.


– Мен алдыңғы есіктен кірейін!– деп сыбырлаған Нұрия лып етіп шыға жҿнелді... Мұнан соң гримханада да, сахна бүйірінде де жас дымымен жаудыраған кҿздердің шағылыса ҿтуінен басқа үн де, тіл де қатыса алмадық. Нұрия сахна босағасында отырған бір кезде Кҽмен үңіле түсті оған. Мен оның арт жағында сабақтастарыммен бірге отырғанмын. Қатарына келіп отыра қалды Кҽмен. – Сіздің атыңыз кім?– деп сұрағандай болды. Нұрия естімеген кісіше үн қатпай, қойылып жатқан ойыннан кҿз алмай қойды. – Сені танып отырмын! – деп Кҽмен тағы үңілді. Нұрия тағы да елеместікке салынды, міз бақпай тамашалау тҽрізінде отыр. Бұл тұс уланған «Шұға» тҿсек тартып қалған, Базарбай қойшыны шақыртып алып, Ҽбіштің ҿлеңін сонымен қосыла айтып жатқан кез еді. Бүкіл зал тымтырыс тына тыңдаған махаббат зарының бұл ҽнін «бүкіс жігіттің» де бар назармен беріле тыңдайтын жҿні бар болатын. Нұрияның Кҽмен сҿзіне осы сылтаумен құлақ аспай қоюы дұрыс кҿрінді. Кҽмен тағы сыбырлады. Сахнаға мен де бар ықыласымды салғандай ентелеп, оның сыбырын құлағымды тоса тыңдадым: – Түріңді осынша ҿзгертіп, осынша сырлы құбылысқа кҿшуің ҿзіңе үлкен қатер ғой Нұрия!... Бандылардың шпионы ғана осылай жүреді. Мен сені қимаймын, жылы жауабыңды бер маған!... Ойланып болған шығарсың, осы қазір естігім келеді! – Нұрияңыз кім?!– деп Нұрия таңданғанси сыбырлады. – Нұрия – сен. Мені сынауың жетті ғой енді, жаным дейін, жақсы жауабыңды айтшы!... Менде титтей кҿңілің болса жасырмай қазір бер жауабыңды! Нұрия ойынға қараған бойы қатқылдау сыбырлады: – Сҿз айтып жүрген сол қызың мен болсам, Құдай біледі, шапалақпен тартып жіберер едім, жауабым сол ғана болар еді... Неткен дҿрекі адамсыз? – Осылай де, бірақ ҽлі де ойланып кҿр Нұрия, түбінде менікі боласың! Кҽмен орнынан тұрды. Мен ешнҽрседен хабарсызсып, шалқалай қалдым, Кҽмен теңселе жүріп сахнаның арт жағына кеткенде Нұрия маған жалт қайрылды. «Залға түсіп кет!» дегендей есікті ымдап қойып, ойынға қарағанси түстім. Менің қасымдағы оқушыға қарап сыбырлады Нұрия: – Күлҽнға айта салыңызшы, Құтыбиден келген туысы едім, ауырып тұрмын, жатқан үйіме ертерек жетіп алайын, мені іздемесін! Соны айтты да маған қарап қойып, оң жағымдағы бүйір есіктен шыға жҿнелді. Ҽлден уақытта артқы есіктен бір ұйғыр сақшы келді біздің қасымызға, алақ-жұлақ етіп ҽрқайсынымызға бір қарайды. – Мына орында отырған кҿк киімді жігіт қайда? – Білмедік,– дей салып ойынға үңіле түстім. Сақшы сахна маңын айнала іздеді. Рҿлге шақырылған Кҽмен арт жақтан асыға келіп сахнаға кірді. Тергеушім, бұл тараудан менің тым қатерлі қылмыскер екендігімді кҿрдіңіз. Қылмыскер қауымның ынтымақтасуынан зор қырсық бар ма. Жікшілдікпен жидіп, азулыға ҽзір ас болып жатқан «үлгілі класыңыздың» ынтымағына


ұйтқы болып, сол ырыздығыңызды тасқа айналдырдым; тастай қатып бірікті де, үкіметіңіздің тазын ҽшкерелейтін оқулық тауып, ҿздерінің еркін оқу жолын тапты. Мұндай ынтымақты қылмыс деп атамай, ақыл деп атауымыз ашуыңызды келтірер-ақ. Кешіріңіз, бұлай атауымның сізге жағарлық себебі бар: «ақылды Мыңгуйдің мылтығынан үйрендік» демей, «қылмысты Мыңгуйдің мылтығынан үйрендік» десем, ашуыңыз одан да қатты келмей ме? Қылмысты басқадан үйрендім деуді сіздің заң кҿтермейді ғой. Қылмыскер аталған адам, дүниенің бар қылмысын ҿзіне сорғыштай тартып алуға, бҽрі менің қылмысым деп мойындай беруге борышты ғой. Сонда ғана рас қылмысты болып айқындалады. Сондықтан бұл жерде «қылмыс» атауын «ақыл» деп атамасам, ҿзім ақымақ болып, арам таяқ жеймін ғой. Қалай атасам да ҽйтеуір сол кезде ынтымаққа ұйтқы болған ең зор қылмысымды мойындадым. Ал, осыған сол дҽуір белсендісінің қалыңдығын тартып алғанымды қосып мойындаған соң не қалды! IV Драмма сахнаға қойылып болған түннің ертеңінде Нұрияның жайынан хабар ала алмай, жүрегім қатты сыздады. «Құтылып шығып, мектебіне аман жетті ме екен ҽлде клуб есігінен-ақ ұсталып сақшыға қамалды ма екен?!... Ұсталып қалса, ҽйел адамның ойынға еркекше киініп, реңін бүкілдей ҿзгертіп кіруінің себебі үрей сезімді сақшыны сендіре алар ма? Ҽсіресе, ҿзінің қазақ болғандығы талай азапқа салады-ау!» деген хауып қабырғамды қарсылдата сҿккендей. Сахнадан таба алмай қалған сақшылар мен Кҽмен шыға салып тағы сҿйлесті ғой. Ол Нұрияның ҿз жатақханасын да, Күлҽннің үйін де білетін. «Иісшіл ит ізшіл итке қуалатқан-ақ шығар, ҽй, ұсталды-ау!» деген ой жүрегімді жеп барады. Таңертеңгі тамақтан соң сабақтастарымның тҿртеуін «ауырттым» да, бесеу болып барып, тҽртіп бҿлімінен емханаға рұқсат сұрадым. Іздейін деген дҽрігерім, ҽрине Күлҽн еді. Нұрия қолды болса, сол біледі ғой! – Сендер ыңғай хуайдан!– деп жауап қайырды меңгеруші. – Сендерді дербес группа етіп сыртқа шығаруға бола ма? Кластарыңда біреу кісі ҿлтірсе де айтпай кҿметін болдыңдар. Қайтыңдар! Басқа кластардан сенімді біреулер шықса, қосып жібереміз!... Сен қал!– деді маған. Тҿрт сабақтас шығып кетті де, мен тұрып қалдым. Қарсы бҿлмеден бір ұйғыр тілмашты шақырып алып, тергей бастады мені. – Кеше сахна босағасында кім отырды? – Кім отырыпты?!... білмеппін! – Сенің алдыңда отырған кҿк мешпетті кім? – Танымаймын! – Танымайтын адамды сахнаға кіргізіп, алдыңа қалай отырғыздың? Жҿнін қалай сұрамадың?! – Сіз ешкіммен сҿйлеспе дегенсіз ғой!


– Калаусыға неге мҽлімдемедің?! – Ол біздің мектебіміздің іші емес, қоғамдық ұйым. Ойын кҿріп отырған неше жүз адамның қайсысын анықтап, қайсысын мҽлімдемекпін? Маған артылған міндет онсыз да аз емес қой. «Ешкіммен сҿйлеспей» рҿль орындайтын артиспін, мылқау гримшімін. Осылай істеп, сіздің айтқаныңызды ғана орындадым! Меңгеруші маған барлай қарап отырып қалды. – Менің алдымда отырған кім екен, меңгеруші? – деп мен сұрадым. Меңгеруші жауабын зеки қайырды: – Алдыңа ҿңін бұзып, жасанып келген шпион отырған! Кҿріп отырып мҽлімдемегенсің! Мен опық жегенси алаңдап, иегімді ұстай алдым: – Шпион!... Оның белгісі қандай болушы еді?!... Білмейді екенмін! Үйретіп, таныстырып қойсаңыздар тарпа бассалып ұстар едім ғой!... Қолға түсіп пе ҿзі?! Тілмаш сҿзімді күлкісін ҽрең тежей аударып еді. Соңындағы сұрауымды ести сала, «кет!» дегендей қолын жалғыз-ақ сілікті меңгеруші. Нұрияның құтылған, құтылмағанын бұл қатігезден ұға алмай шықтым. Ҽйтеуір Кҽменнің мені Нұриямен қосақтап кҿрсетпегені ғана анық болды. Олай қосақтаса, менің жауабым «мұқияттап бер» деген ҿзін шатаққа қалдыратынын түсінген сияқты. Берік орнаған берекеміз беске толып барсақ та сыртқа шығармайтын қырсыққа айналғанын білдік. Татуласып алғанымызды меңгерушіге жеткізе қойған тағы да Кҽмен екенін сҿз етті сабақтастар. – «Бізді айрықша қаматып отырған да сол» десті. – Олай болса, Кҽмен ханзу тілі сабағына кірерде жақ-жақ болып қайта бір «соғысайық»,– дедім мен, бірақ шын тҿбелеске айналдырып алмайық. Бірбіріңе меңгерушінің тергеуі мен жазалауына толатындай жала жауып алмаңдар!... Сҿйтіп, бұл «соғыс» түстен кейін Кҽмен класымызға кірерде ғана басталды. Сағат арасындағы демалыстан есікке қатарласа келген Серҽлі мен Шақан иықпен қағысып-қағысып қалды да, жұдырықпен қойысып-қойысып жіберді. Талай рет соғысып, талмау жерлерін табысып үйреніскен екі «мықты» осы реткі соғыста ғана сүйіндірді мені: адуын Шақан бұрынғы дағдысымен «жауының» басын кҿздемеді де, түпкіш Серҽлі мықындатпады. Шабуылды екеуі де еті қалың, сүйегі кесек, соғыс тілімен айтқанда «қорғаны мықты жерлерден» бастады.... Біздің бұл қаулымыздан бейхабар Оралқан екеуінің арасына долдана айқайлай барып арашаға кірісті. – Керей! – деп «тілдеді» Серҽлі кіжіне ұмтылып. – Найман! – деп кеуделеді Шақан. Оған мен ұмтылдым. – Ей, найман неңді алды ей, сенің?! – Керей нелеріңді жеп қойып еді! – деп Ынтықбай менің жағамнан ұстай алды. Иықтан қойысып-қойысып қалғанымызда Оралқан ақырын келіп, енді біздің арамызға түсті. Ҿтірік шыжақ болып арашалаушылар жетерлік еді,


шын шыжақ қиын екен. Ұлпершектей тығылып, терлеп алған семіз Оралқан екеумізді екі партаға құлатты. Кҽменнің есіктен сығалап тұрғанын жығылып жатып кҿрдім де, тұра сала ұмтылдым. Қарама-қарсы ұмтылған Ынтықбай екеумізді Оралқан екі қолымен тіреп тұра қалды. – Бұларың не сендердің?! – деп шаңқылдады. – Енді ғана татуласып берекелі болып қалғанымызда, ең есті деп жүрген екеуіңнің бұл соғыстарыңды кешіруге болмайды!... Серҽліні ұстай алған Салыққа Тілеуқан ұмтылды: – Ей ҽкеңнің... Қарақас! Біреуін ұстап біреуіне ұрғызамысың? – О, ҽкеңнің... күл-паршаңды шығарайын ба! – Жұлыныңды үземін, Жантекей ҽкеңнің кҿріне тығады міне!... Екеуі салыса кетті де, алыса түсті. Класс жалпылай аттанысқа келіп, ию-қию, айғайға лық толғанда кірді Кҽмен. Кірсе де анықтап байқай түсейін дегендей, тағы тұрып қалды. – Мұғалім, мұғалім!... Бірдеме десеңші мыналарға, партаны шағады ғой! – деп Оралқан бажалақтағанда ғана: – Тоқтатыңдар! – деген сүле дауыс шығарды. Оның дауысы шығысымен оқытушылығына бағынғансып барып, орнымызға отырыса қалдық. – Не болды сендерге, кім бастады бұл жанжалды? Шақан орнынан атып тұрды: – Анау қызыл найман бастады, «ей керей!» деп иығымен қағып қалды мені! – Бҽсе, ысқырмай найман тыныш жүре ме?... Ал, ол «керей» дегенде, сен: «шүкіршілік, ҽйтеуір жылан емеспін ғой» дей салсаң жетпес пе еді? – Жоқ, жылан десе бҽрі қаптайды бұлардың!... Тіпті біздің керейден де солардың сойылын соғатындар бар! – Ол қайсысы? – Ҽне, анау Тілеуқан!... Сонсоң мына біздің бҽнжаң да солай! – Тілеуқан, тұр! –деді Кҽмен. – Сенің найманмен не шатысың бар? ... Шешең найман ба еді?! – Жоқ, мұғалім, Құдай сақтасын! – дегенде Тілеуқанның домалақ мұрны жыбырлап кетті. Қу сҿзге сҿйтіп алдымен мұрны бастайтын. Зорлана түксиісіп қарай қалдық. – Менің шешем, сіздің ҽпекеңіз ғой; ҽкем ат артына салып, алып қашып келіпті. Сіз маған – нағашысыз! Бұл сҿзге қызарақтай қалған Кҽменнің назарын мен бұрып ҽкеттім: – Калаусы... Калаусы! – дегенімде жалт қарады маған. – Осы жанжалды ҽмісе Ынтықбай бастап жүр. Олай дейтінім, сабақтастардың бір-екеуі осындай сҿзге келіп, жұдырықтаса қалғанда кім арашаласа сонымен тҿбелеседі. Жаңа менімен де солай тҿбелесті. Абайсызда аямай ұрып жіберді. Енді мен де мұны адам деп аяудан мҽңгі кеттім! Адамдар кейде болымсыз мҽселе үшін ғана ерегісіп, бірін-бірі ҿлтірерменге жетеді, қан ағызысады, сүйек сындырысады. Ал Ынтықбай соны қызықсынады, арашалатпай кҿріп, кҿңіл кҿтергісі келеді, ҿз тіршілігі сол екеуінің соғысуында-шағысуында сияқты рахаттанады. Адам түгіл ит те бұлай болмаса керек; тҿбелесті ит қызықтап тұрмайды ғой, сезімі иттен де тҿмен жҽндіктердің ішіндегі қанқұмары ғана осылай болар!


Ҿз қылығын ҽшкерелеп, ҽдейі ашты тілдегенімді. Кҽмен сезбегендікке салса да сазара қалды. – Тарт тіліңді!– деп Ынтықбай тұра ұмтылды маған, арамыздағы сабақтастар ұстап жібермеді. – Ҽне,– дедім мен, – сағынып жүрген ҽкеңді кҿзіңе кҿрсетермін... Қысып тұр енді! Мен Калаусыға сҿйлеп тұрмын. Мұнан кейін қымыр еткеніңді Калаусыға жеткіземін де тұрамын! – Менің алдымда қыбыр етші, кҽне!– деп Ынтықбай «кіжінді»,– меңгерушіге айтып, жоныңнан таспа тілгізгенімді кҿр ҽлі! Кҽмен масайрай қарады жан-жағына, екі қолын артына қайырып кердие сҿйледі. – Жҽ, болды, қоя тұрыңдар енді!.. Меңгеруші екеумізге айтып тұрсыңдар, шешілмейтің мҽселе жоқ... кейін жҽне сҿйлесерміз... ал сабаққа кірістік! «Жаң Зұңсай», «данышпан философ», «генералиссимус» деп ханзуша бадырайта жазды да, дҽптерімізге кҿшіртті. Сҿйтіп, тағы да саяси лекция сҿйлей жҿнелді. Бүгінгі артистік соғыс ҿнерлеріміздің күлкісіне қыстығып ҽрең шыдаған сабақтастар Кҽмен шығып кеткен соң күлісті. Оралқан аңырая қарап қалыпты. Класымыздың «тҽртіп меңгерушісі» алдындағы «абройын» қалпына келтіру үшін ҿтірік тҿлебескенімізді ұққан соң жуан қарны солқылдап ала жҿнелді. – Бҽсе, бұларға тағы не бола қалды десем!... По, Құдай сақтасын, шімірікпейді екенсіңдер тіпті!... Бірде-біріңнен сезсемші бұл қулықтарыңды, – деп үзе-үзе күлді де, шындай сҿйлеп күрсінді. – Жоқ, сабақтастар, ҿтірік болса да тҿлелеспеңдерші мұнан соң, менің есім шығып кетеді екен!... Ҿзара тҿбелесе беруіміз, меңгерушіге жақсы кҿрінгенімен, басқа кластар алдында масқарашылық қой! Ҽсіресе осы, «керей», «найман» болып соғысуды қойыңдаршы! – Бұдан басқа себеппен тҿбелесу «рақымдыларымызды» толық разы ете алмаса қайтеміз енді?– деп Қуат жымиды. Шырақтар, сҿйтсе де біріңді-бірің байқап ұрыңдар! Серҽлі түйіле күлімсіреді Шақанға қарап: – Үй, сенің ҽлгі бір жұдырығың кусетіп кете жаздады қабырғамды!... Ҿлгеніңді... ау, ұратын қолыңа қолғап киіп алсаң болмас па еді! – Сен де бұрынғы ҽдетіңмен мықыныма бір кҿсіп қалдың, байқамай қалғаныңды білдім, ҽйтпесе басыңды шағар едім! – Ҿлігіңе отырайындар, енді ҿтірік соғышауыз деп бір-біріңді ҿлтіру аларсындар!– деп Түгелбай қырғыз күжілдеді... Кҽмен енді сіңермін де сірнелерін суырармын деп қуанған сияқты. Бұл күні кеште Ынтықбайларды кҿп айналдырып, Ынтықбайды тҽртіп бҿліміне апарып та сҿйлесті. Оның не сұрап, не міндеттегенін Ынтықбай айта келді маған: «Биғабіл – ең қатерлі жылан. Мен естіп жүрмін, оның қас жауы – сенсің, саған бҽрін жауластырып жүрген сол. Сенің үстіңде жазған материалын кҿрсең!... Бір оқып тҿбе құйқам шымырлады менің. Адам туысын қияма, сол үшін айтқаным саған, оны бұрынырақ шоңқитпасаң ҿзіңді


күйретпей қоймайды, есебін таба жүріп соққылаңдар!... Есіңде болсын, бір қатерлі шпион қызбен байланысы бар оның, Совет шпионы секілді. Ҽсіресе сонысын қолға түсірсек соққанымыз сол! Қандай қыздармен кездескенін, жасырын кітапханамен байланысын табуымыз керек!... Юсуф Қасыммен байланысын да байқай жүр!» депті. Кҽмен Ынтықбайға тапсырманы осылай беріпті. «Шпион қыз» туралы қадағалауына қарағанда, Нұрияны сол түні ұстата алмағаны байқалды. Кҽмен олардан соң мені де шақырды: «былтырғы жылдық сынауда кҿрсетіп, мінездемеңнен тартқызған Ынтықбай бүгін меңгерушіге сен туралы талай кҿкіген екен. Меңгеруші жаңа менен сұрады. (Ішкі жағдайды анық сҿйлеуге болмайды. Біреуге айтып қойсақ жауапқа тартылып қаламыз!) Мен бүгін сендердің тағы да тҿбелесіп қалғандықтарыңнан жабылған жала екенін айтып, түсіндіріп қойдым. Бітті, ол енді саған дарымайды. Мен бағана саған ҿте разы болдым. Ынтықбайлардың мҽселесін маған айтып тұратын болдың ғой. Бірақ дҽл сол жерде «Калаусыға мҽлімдеймін» деп ашық айтып қойғаның қате. Маған мҽлімдейтініңді ешкімге айтпауың керек, есіңде болсын! Ынтықбайлар туралы тым жасырын ҽшкерелеп тұр!... Олардың кім екенін білемісің, ҽке-шешесі, туыс-туғандары түгел банды, ҿте бұзылған жұрт, жасырын шоңқитпасаң, мҿртін тауып ҿзіңді мерт қылады. Саған деген ешқандай қастықтан аянбайтынын білем. «Жауды аяған жаралы» дейді ғой, оларды аяп, кешіре берсең, айтпады деме, ҿз сорың!... Оларды сенің ең мықтап соғатын жерің – қыр қазақтарымен болатын байланысы. Ол қазақтарының атын біліп алуға тырыс! Сұрай алмасаң, маған дҽл кезінде айтып тұр! Ұқтың ба?» деп тапсырды ол маған. – Ұқтым. Бірақ, біз сыртқа шықпай, мектеп ішінде ғана үздіксіз қырқысып, аңдысып жүрміз ғой Калаусы, қыр қазақтарымен олар қалай байланысады?! – Бҽле, олардың амалы кҿп, қадағалап аңдысаң ғана білесің... Айтқанымды аузыңнан шығарма, ҽ! – Құп, Калаусы, мұқияттаймын!– деп қалып, күлкімді ҽрең тежедім... Мұқияттайтынымды жасырмайтын ҽдетім бойынша, шыға сала жеткіздім Ынтықбайға... Үлгілі болуға тырысып, ҿліп-ҿше «тҿбелескен» еңбегіміз зая кетпеді. Ертеңінде Ынтықбай, Шақан сынды «қас жаулар» араласқан бесеу болып барып рұқсат сұрап едік, ауруханаға жарты сағатта барып қайтуға Ынтықбайды бастық сайлап шығарды. Совет азаматтары ауруханасының алдына бара сала, жиырма минутта осы жерден табысу уағдасымен тарай жҿнелдік. Мен ұйым кеңсесіне алқына жетіп, есіктен Күлҽнға ентіге ымдадым. – Аманшылық па, ҿзің тым асығыс кҿрінесің ғой?!– деп шыға елеңдеді «қайынбике». – Нұрия аман ба?– деп турасынан күсіп қалыппын. Ол күліп жіберді: – Аман!... Менен неге амандық сұрамайсың?! – По, есімді енді жидым-ау Күлҽш!... Енді сұрайыншы, ҿзің аман-есенсің бе?– деп мен де күлдім. – Алдыңғы күні қатер анаған тҿніп еді ғой, түлкілік етемін деп тазыға қақтырып кете жаздамады ма... қалай құтылыпты?


– Иҽ, қызарып-сұрланып Кҽмендерге сездіріп қоймауларың үшін сен танымай тұра тұрсын деген оймен мен бояған едім. Ҿзі ҿзгермей-ақ барып ашық кездесе беремін деп тұрып алған. Кҽменнің қастығынан сені қорғау жҿнін айтқанымнан соң ғана кҿніп еді. Кім білген, ол сұмның танып қоятынын!... Ҽйтеуір аман қалды. – Иттің тұмсығы тым иісшіл болатынын білмейді екенсіңдер-ау!... Іздеп барып па Нұрияның соңынан? – Іздегенде қандай!... Мен қайтқан соң біздің үйге екі сақшы кіріп сұрап шықты. Құтыбиден келген менің бір бауырым бар еді, соның куҽлігін кҿрген соң сеніп қайтты. Нұрияның кигені соның киімі болатын. Сақшы қол шырақ жаға келіп қақпа қаққанда Нұрия кілетке кіріп алған.... Кҿңілім енді жай тапқандай болды менің. – Сыртқа шығуға рұқсат алудың ҽдісін енді тапқан сияқтымыз, Нұрияның мектебіне барып кездесіп шығуға болар ма екен?– деп сұрадым. – Жоқ, қазір оның мектебі де тҽртібін күшейтті. Ҽсіресе қазақ, ұйғыр оқушыларды оңайлықша кездестірмейтін болыпты. Сол мектептің ҿзінен оқып шыққан мені таныстығымнан ғана кіргізіп жүр... Байқұстар-ай, кҿрісе алмай шҿлдейтін болдыңдар-ау енді,– деп Күлҽн күлімдегенде мен: – Шҿлдеу емес, сҿйлесе алмай қалдық... Менің бір ҽңгімем бар еді!– деп мҿлиіп тұрып қалыппын. – Біздің үй күн жылынысымен мына іргедегі қораға кҿшіп келеді. Сонда келіп кездесіп тұрарсыңдар!... Онан да бір орайлы іске талпынып кҿрмейсің бе? – Қандай іс? – Мектеп атынан театр иҽ концент қоятын болып, дайындықты осы клубқа ҽкеліп жүргізбейсіңдер ме?... Нұриямен кездесудің орайы сонда табылмаса, күн жылынбай қояр ма екен!... Күлісе айырылыстық. Мен бұл амал жҿнінде ойлана қайттым. Жылымық сарғыш нұр тҿгіп тұрған күнге, аула ішіндегі жіпсіп жылтыраған қарға қарап, ыстық үмітті жақыннан елестетсем де, жазғытұрымның «ұзын сарылары» кҿп сарылтатын ұзақ-ұзақ жылдардай сезіледі. «Мектепті театр қоюға қалай кҿндіруге болар?!... Ақылбай мен Кҽзенді салсақ, олар күшеп кіріссе!... Ҽсіресе, қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымының талабы болса... Бұларды қызықтыру үшін тамаша драмма керек қой, ол қайдан табылар екен?...»– деп осы қаммен асыға басып, бас қосатын жерімізге жеттім. Ынтықбайлар келмепті, маңайымды барлай салып, ауруханаға жүгіре кірдім де, түкпірдегі кітап дүкеніне тура тарттым. – Сҽлем!– деп бас ие сала сұрадым мұртты ҿзбектен. – Ағай, қазақша сахна шығармалары бар ма? – Жоқ, келмеді. Мұқтаждықтың қиналысымен түйіле шықтым қақпадан. Группа жиналып мені ғана күтіп тұр екен, бесеу болып қайта қайттық. «Ҿзім жазып кҿрмеймін бе бір драмманы,– деген ой сап ете түсті, – адам істегенді адам істей алмай ма?.. Бҽрін де істей аламын Нұрияш үшін!...»


Осы оймен келе жатқанымда Спандияр Кҿбеевтің «Қалың мал» романы есіме түсе кетті. «Сахналастыруға оңай да, қоғамға қонымды, аңдымпаздар мұжи алмайтын тақырып қой...» Сол күні кеште жатақханаға кірісімізбен Ынтықбайдың иығына асыла келіп отырдым. – Інтеке, бір жақсы ақыл табылып тұр. – Не ақыл? – Осы қақпадан сыртқа еркін шығып тұрудың ақылы... Екеуміз бірлесіп драмма жазамыз. Алдымен Ақылбай мен Кҽзенге кҿрсетеміз де, олар жаратса, қазақ ұйымына ұсынамыз. Сахнаға қоюға ұйым тез бекіттіріп береді. Біздің осы класс түгел артист екенін кҿріп жүрсің, сахнаға алдымен ҿзіміз қоямыз. Ақшасын, мейлі мектеп алсын, бізге ұйым клубына барып театр дайындауға еркіндік тисе болғаны! – Онда жақсы болар еді, бірақ соны жаза аламыз ба? – Сен жҽрдемдессең жаза алармыз! – Жарадың онда Биғаш, қолымнан келісінше кҿмектесуге мен дайын!... Тіпті барлық сабақтастар жардемдесер! Романның оқиға желісін сол кеште-ақ бес пердеге бҿліп жобалап алдық та, ертеңіне кірісіп, бос уақытымызды соған түгел арнадық. Қысылған адам қиядан қорқа ма, асықтырмай арман бола ма, қой тастарынан құланша орғып, құзына қыранша ҿрлеппіз. Ішті ҿрттей жалаған ынтызарлық түндерінде аунақши түсіп, атып тұра сала Ынтықбайды оятамын. Байқұс «бұқа» пысылдай түрегеліп, «мүйізін» бір шайқай салады да, айтқанымды ыңырана түзетіп жаза береді. Ол менің күткенімдей шықты, қазақтың тұрмыс салтына да, ҽрбір кейіпкердің сҿз саптау ерекшелігіне де менен жетіктеу екен. Драммалық сюжет пен кейіпкерлердің сҿз логикасы роман екеумізден шықты да, сҿйлеу ҽдісін кҿбінесе Ынтықбай жетілдіріп отырды. «Қалың мал» бір аптада-ақ драмма болып шыға келді сҿйтіп. Тҽуір шыққандығы алдымен ҿз сабақтастарымыздың ереуілдеуінен кҿрінді; ҽрбір кейіпкердің рҿлін, «мұны мен келітіремін! Мен орындаймын!» десіп, күні бұрын ҿздері бҿлісіп ала қойды. Қызы мен жігітін де, кемпірі мен шалын да – бҽрін де ҿз класымыздан ҿздері сайлап, Кҽзен мен Ақылбайға ҿздері жүгірді. Албырт тасқын абайсызда Кҽменге де алқына жетіпті. Кҽзен мен Ақылбай «қазақ кҿркемҿнерінің бір жақсы туындысы болыпты» деп қарсы алса, алдамкҿстігін мақтаныштығына араластыра жүргізетін Кҽмен: «біздің мектептің туындысы», «біздің ҿнерімізді кҿрсін Үрімжі!» деп шықты. Соның ішінде, сабақ пысықтап, асхана үстелінде отырғанымызда арсы-күрсі жетіп келді менің қасыма: – Ҽкел, пъесаны, меңгерушіге бекіттіретін болдық... Ол бекітсе ешкім қол сұғып қымырлай алмайды – мен бекіттіремін! Меңгерушінің ҿзін қымырлатпайтын біреу бекітпесе, оның бізді қымырлатпай тастайтыны хақ еді. Пъесаны ханзушаға аудартып түсінудің ҿзіне ең кемінде бір ай уақыт кетеді де, сонан соң тапшыл-қызылдық жағынан ұстап, қирата салар еді. Сонан соң «Советшіл», «қызыл» деп бізді


қырына алуы тіпті хақ. Бұл – Кҽменнің айыр құйрық амалы екенін сезе қойдым. – Қайта ҿңдеп кҿшірмекпіз. Бекітуге сонан соң ұсынбақпыз!– дей салдым да, Кҽменнің бұл ниетін ертеңіне Ақылбайға айттым, ол күдігімді күлімсірей құптап, қазақ-қырғыз мҽдени-ағарту ұйымы арқылы бекіттіруге ҽкетті. Гоминданның ҿлкелік бҿлімшесіндегі саяси орны бекемірек бір қазақтың қызыл сиямен құттықтай салған бекімін алып, үш күнде-ақ қайтты пъесамыз. Ұйымның мектептен сахнаға талап еткен қатынасын да бізге ҽкелген Ақылбай меңгерушіге сонан соң апарды. «Бұл пъесаны қазақ-қырғыз ұйымы иемденіп алмай тұрғанда солардың клубына ҿзіміз қойып, мектепке кіріс кіргізейік!» деп сҿйлесті ол. «Куайчян» сҿзі шыққанда «куай» демейтін меңгеруші жаралған ба, Сарҿзеннің тасқын апатынан келген балаларына аузымыздағыны жырып беріп отырғанда тосын олжаны тойтару қайда, «тұңий!»1 депті жалғыз-ақ. Мен Нұриямен табысқандай қуандым да, Ақылбай «ҽлеуметтік келелі іске» қатынасқанымызға азаматтық тілеулестігімен қуанып, бізден «үлкен үміт» күтетіндігін білдірді. Түлкілігімен ештеңе бітіре алмай қалған Кҽмен енді иттігін іске қосты, арсалаң қағып алды-артымызды орады. Арамызға кіре жүріп қана қаба алатынын толық түсінген сияқты: – Бас рҿлдің бірін мен орындаймын!– деді ол. Нұриямен кездесуіме тағы да қырсық болатынын ұмытармын ба? Оны бұл пъесадан сырт қалдырудың амалын кҿп-ақ іздестіріп едім, иелі «бҿрі басар» бой берер емес. – Калаусы, ыңғай оқушыларыңыз қатынасқан ойынға сіздің қатынасуыңыз ұят!– деп те кҿрдім. «Ҿзіңіз оқытып жатқан педагогикаңызға қайшы, методикаға қарсы!» деп тұмсығынан да итердім. «Оқушыларыңыз ұялып, рҿлін атқара алмай қалады. Басқа ұстаздарымыз соны біліп, қатынаспайтын болды. Сіз де ҿз дҽреже-абыройыңызды сақтаңыз...» деп те кҿрдім. «Калаусымызға» бұл дҽрілерден шипа қонбады. «Қыз», «жігіт» болып ойнап жүрген оқушылары арасындағы жалғыз «ұстазға» жұрттың айтарлық сықағын да айтып күлістік. – Не десе о десін, мектебіміздің табысы, абыройы үшін ҽрқандай міндеттен аянбаймын! – деп сыбана түсті. Кҽменнің бұл райын кҿрген соң, оған суфлерлық міндет артып, сахнаның астына қамағым келді: – Олай болса бұл пейіліңізге бҽріміз алғыс айтамыз, суфлер болып, осы пъесаны басқарыңыз. – Жазған пъесаңның бар сыры ҿзіңе белгілі, суфлер де, режиссор да ҿзің боласың. – Мені кҿпшілік Ғайша рҿліне белгіледі. Класымызда бұл рҿлді орындайтын басқа ешкім жоқ. – Сенен де артық орындайтыны табылады, дауысы жіңішке не қилы ҽнші сабақтастарың бар ғой?– деп қисындаған Калаусы, ҿзінің қиындығын да 1

«Куайчян» (ханзуша) – ақша, теңге; «куай» – тез; «тұңий» – құптау, қолдау, құптаймын.


кҿрсетіп, ҿз құқығын жариялай қойды. Меңгеруші бұл ойындарыңды менің басшылығыма тапсырды, мен қай міндетке бҿлсем, тҽртіп бойынша соны орындауға борыштысыңдар! Суфлерлыққа ҿзіңді тағайындаймыз. Сахна астына қамауды мен ойластырғанша, құқық иелері ҿзімді ҽлдеқашан түрмелеп болғанын сездім. Қанша айтқанымен қамап дағдыланған қарулылар ғой?! Бұл ағаш желімнің айрылмастай жерден жабысқанын біліп, суфлерлыққа қамамай қоймайтынына кҿзім жеткен соң, енді оның ҿзіне ҿз иттігін бейнелетіп ажуалағым келді: «қалай мақтасаңдар да Кҽменді ҿз қасиетіне лайық Итбай рҿліне шығарыңдар!» деп сабақтастарға сыбырлап қойдым да, класқа Ақылбай мен Кҽзенді шақырып, рҿлге қатысушыларды кҿпшілік талқысына салдым. Тұрлығұл байдың жуындысына мҽз бола жарамсақтанып, қызы түгіл арын да саудалайтын Итбай молланың рҿлі «Кҽменнен басқаға лайық емес» деп жасырын күлісіп алған сабақтастар, Итбайлыққа Кҽменді қауқалап кҿтермелей «сайлады» да, Кҽзен мен Ақылбай миықтарынан күле бекітті. Сҿйтіп, дайындықты ҽр күні түстен кейін ұйым клубына барып жүргізетін болдық. Суфлер аузы қарбалас қой. Асығыста «Калаусысын» қайсы атымен шақырса да еркі бар. Рҿліне «Итбай» деп атап шақырғанымды естігенде Күлҽн ішек-сілесі қатқанша күліп жүрді де, бір күні есік босағасынан күтіп тұрып, жан қалтама ҿткендегідей бір жапырақ қағаз сүңгітті. Нұрияның айшықты жазуы: «Табысыңызды «мұқияттап» қойдым. Құттықтаймын, күлуге де, қуануға да татиды екен!» деген ғана екі-үш ауыз сҿзді оқығанымда, тҿбем кҿкке екі-ақ елі жетпей қалды. Жеткенді былай қойып, тесіп те ҿтер еді-ау, «сіз» деген сҿзді Нұрияның ҽлі тастамағанына ғана ойсырап, бүгіле оқыппын. Арман қанатына мініп, алысты жақындатқан бұл талабым ҿзімді ауыр жұмысқа салғанына жарай, осы ойын дайындығында тілегіме тағы да жеткізе алмай жүрді. Суфлерлық пен «ҿсиетшіліктен» босар емеспін. Тасаға тығылып алып, рҿл орындаушылар мен пъесаға кезек үңіле бердім. Есікке жалтақтау орайымнан да айрылған сияқтымын. «Осы халге түсірген Кҽменді» «Итбай, Итбайлап», үстемелеп атап шақыратын болдым. «Былай сҿйле, Итбай!...», «құйрығыңды бұлаңдат», «мойныңды бұлаңдат», «жүгініп шоңқия отырсаңшы Итеке!» «Жоқ, былай... жағайымсу үнімен сҿйле, ҽйтпесе образың айқындалмай қалады!» дегендей бұйыра үйретуді жиілеттім. «Калаусының» ҿзі «басқар» деп бұйырған соң басқармасыма лаж бар ма? Сол бұйрық иесінің ҿзін ғана қатал бұйрықпен басқардым. Дайындығымызды кҿруге келген кейбір аға буындар мен Күлҽннің алдында Кҽмен күл беттене орындап жүрді, бұйрығымды. Кейіпкер ерекшелігіне сай дұрыс режиссорлық болғандықтан, күл беттенсе де күңк етуге шарасы жоқ еді. Сҿйтіп, менен именетін жағдайға түсе бастады. Үкіметке жұртшылықтың ұйымдасып қойған талабы бойынша түрмеден босатылған Дубек Шалғынбаев бастатқан бірнеше қайраткер бір күні клубқа келіп, біздің жаттығуымызды кҿрді. Ісімізді Сҽдуден сұрап танысқан Дубек Ынтықбай екеуміздің қолымызды алып, алғыс айтты: «бұл драмманы жазған


да, сахнада орындамақшы да ҿздерің екенсіңдер! Қыз да, кемпір де, шал да, би де, қара да, тіпті режиссор да, суретші декоратор да... Бҽр-бҽрі жап-жас ҿздеріңнің бір ғана кластан шығыпты, неткен үмітті жайт!» деп ҿзінің қоңыр сазды, бҽсең үнімен сҿйлеп, жағалата қарап шықты бҽрімізге. – Ҿркендерің ҿссін!... Бұларды ұйым құшағына тартып, қамқорлық етулеріңіз жақсы, – деді сонан соң Сҽдуге қарап. Дубек қолын да алмай, елеусіз қалдырып шыққанына Кҽменнің «басшылық дҽрежесі» мен қампиған жүні жиди жығылып еді. Ертеңіне түстен кейін сахнаның артқы есігінен Күлҽн кіріп, мені шақырды: – «Сізді» Сҽду шақырды үйінде. Жаттығуды Кҽмен басқара тұрсын дейді! Пъесаны Кҽменге ұстатай салып, тұра жҿнелдім. Дубек Сҽдуге тапсырған қамқорлықтың иісі бҽріміздің мұрнымызға келіп еді. Мен үшін ең зор қамқорлық Күлҽннің ҿзінен болғанын есік сыртында күлімсірей күтіп тұруынан сезе қойдым. Оның үйі жоғары жақтан кҿшіп келіп, ұйымның арт жағындағы іргелес қораға түскеніне екі-үш күн болған. – Нұрияш бағана келген, біздің үйде отыр, қақпадан айналып тез жет!– деп Күлҽн ҿз үйіне тҿте ҿтетін дауал кетігіне жҿнелді. Күлҽннің кҽрі шешесі мен жалғыз бауыры ғана бар еді. Нұриямен оңаша кездесетінімді сезіп, секіре жҿнелдім. Айнала «ұшып» жетіп барғанымда Күлҽн есік кҿзінде күтіп тұр екен. Шешесі ауыз бҿлмеде бірдеме істеп, сырт қарап отыр. – Кіріңіз, қарындасыңыз келді, мына үйде! – деп Күлҽн маған тҿр үйдің есігін ашып кіргізді де, нықай жапты. Терезе алдындағы орындықта отырған Нұрия орнынан атып тұрды. Маған қарай бір қадам баса амандасты да, нарт жанып тҿмен қарай берді. Мен де солай ұмтыла амандасып, солай тұрып қалған сияқтымын, арамызда мұндай тартыншақ қадамның ҽлі де тҿрт-бесіндей жол жатыр. Нұрия жалт етіп қайта қарағанда кҿзіміз тоғыса қалды. Кірпігі лып-лып қағылып, қайта тҿмендегенде бір қадам бастым. Жүрегім апалаң-топалаң. Тҿмен қараған күйі ол да бір қадам ілгеріледі. Анау бір сҽтсіз түндегі ерлігімізден танып, есімізге келе алмай тұрған сияқтымыз. Мен ашық күрсініп жіберіппін. Ол да күрсінгендей демін соза алды. – Сізді қатты сағынатын болдым!– деп едім. – Мен де...– деген сыбырмен қызыл гүлдей ерні сҽл ашылды. «Енді неғып тұрсыңдар?!» дейтін ершікеш біреу болсашы... Мен ҿзімді ҿзім қайрағандай екі адым ілгерілеп барып тұна қарадым. Құшағым түгіл еңкейе созсам ернім де жететіндей жақындаппын. «Бірақ, соншалық мол ақылдың кҿзін жаудыратып, қалай сүйе аларсың, қосыла алмай қалсақ, қорлағандық болады ғой?» Ол тұқыра түсіп, кҿз астымен мҿлтілдей қарап қойды. – Нұрияш, мен сізге аса ынтықпын... бірақ... Ол селт ете тура қарай қалды: – «Бірақ» дегеніңіз не? – Бірақ... Мен сізге тұрмыс ахуалымды айтып едім ғой, есіңізде бар ма? – Есімде. – Мол тұрмыста ҿскен қызды тым кедей семьяға ҿтіну қиын ғой?


– Неге ... қиын? – Кҿп қиыншылық болатынын ойлап кҿрдіңіз бе? – Бҽрін ойлағамын,– деді ол тұқырған бойы,– қиыншылық емес! – Менен үлкен екеуі ҽлі үйленген жоқ, қосылуымызды кешіктіреді ғой? – Қанша кешіксе де... ҽйтеуір түбі... – Ҽйел бала «кҽрі қыз» аталып отыра алар ма, асықпай ма? – Шын күттіргені болса... асыға ма?... Мен ҽлі он жетідемін ғой! – Асықпағаныңызға ҽйел табиғаты кҿтерер ме екен?! – Сен мені шын...– деп қойып «сүйесің бесін» де, «күтесің бесін» де айта алмай қалып едім. – Шын емей,– деп күлімсірей иілді Нұрия,– қанша жыл күттірсеңіз де... ал, сізші? – Шынның шыны болмаса ҽлгіндей тым жіңішке сұраулы шындығымды айтармын ба? Құшағымыз енді ашылып, жүректер бір-біріне магнитше жабыса бергенде есік сықыр ете түсті. Айқасқан білектерімізді түсіре қойдық. Есік сықырлап барып ашылды. Бұл сҽтте екеуміз де басымызды тҿмен сала қойыппыз. Күлҽнға тҿбелерімізді түйістіріп тұрғандай кҿрініпті. – Екеуің сүзісіп тұрсыңдар ма?– деп күліп жібергенде, бірге күле шегініп барып, екеуміз екі жақтағы орындыққа отыра қалдық. Тергеушім, сіздің маған қаратылған ҿшпенділігіңіз дҽл осы тарауды оқығанда асқындап-ақ кеткен шығар. Олай болатыны, мұнда мен ҿтірік тҿбелесіп, шпионның ішіндегіні суырып алатын ҿнерлі залымдығымды ҽшкереледім. Мендейлер тірі қалса, қазіргі ҿз тыңшыларыңыздың шебіне де аса қатерлі болатындығын кҿрдіңіз. Ал, Гомендаң қақпадан шығармай қамап тастағанда да ұшып шығып, қанқұйлы белсендісінің қалыңдығын қағып ҽкеткен қанатты пері екендігімді де ҽшкереледім. Мендейлер тірі қалса ҿз жендеттеріңіздің қалыңдық-келіншектерінің де қатерсіз тұрмайтындығын білдіңіз. Бопсалап алған келіншектің бос болатыны, алдап алған келіншектің алдырмай қоймайтыны да айқын ғой. Түрмеңізден тағы да ұшып шықсам қаншалық қатерлі болатындығын қу ішіңіз біліп отырған шығар. Ҿздеріңіздің құйрықтарыңызды қопақтатып отырған барлық қатерден құтылуларыңыз үшін мені қатыра салуды ойлап, оқталсаңыздар да бабын толық таба алмай жүрген жайларыңыз белгілі. Қылмыстың дҽрежесін күдік пен күмҽн белгілеп жатқан күпті кезеңдеріңізде мұның несі қиын! V Күлҽн Нұрияның қатарындағы орындыққа күле, жеңіл келіп отырса да үлкен адам бейнесіне түсіп, салмақпен ойлана күрсінді. – Құттықтаймын, бақытты болыңдар!– дегенде қос қарашығы мҿлтілдеп, екеумізге кезек аударылды. Сҿзін Нұрияға қарап сабақтады сонан соң. Менің басыма түскен ҿкініш,– деп қалғанда Күлҽннің қызғылт тартқан ақ сары жүзіне білінер-білінбес мұң кҿлеңкесі іліне қалды. – Иҽ, ҿкініш сендерден


мүлде аулақ болатынына сенемін. Мұны алдымен Момынбайдың естелігін оқығанда байқап едім. Биғабілдің ҿмірге кҿзқарасы мен мінезі қазір маған ҿте айқын. Екі басты, екі тілді опасызға тіпті де ұқсамайды... Ал,– деп, Күлҽн енді маған қарап, күле сҿйледі, менің сіңілімнің мойны берік. Беті кҿз алдындағы сенде ғана. Басқа жаққа ешкім бұра алмайтынына бір сҿзді мінезі кепіл. Бірақ, сендерге кесір келсе, ҿз маңайларыңнан келуі мүмкін. Сондықтан, бұл жақындықтарыңды менен басқа ешкім сезбесін. Басқалардың алдында жат адамша байланыс жасаңдар, кҿзқарастарыңнан байқап қоймасын... Игіліктің ерте-кеші жоқ, – деп тағы қызара түскен Күлҽн, сҿзін тұқыра сҿйлеп аяқтатты. – Ҽлі жассыңдар ғой, асықпассыңдар. Адамгершілік опалыққа ғана тұрақтайды екен. Екеуіңе айтарым осы ғана. Енді мен шай жҿндейін! Мен шайға қарамайтынымды айта бергенімде Күлҽн лып етіп есіктен шығып та үлгерді. Орнымыздан тұра құшақтастық. – Кҽмен бар ма еді?... Кездесе алмай қалған кездерімізде үзбей хат жазысып тұрайық... тез қайт,– деп құшты Нұрия, – ал... қайта ғой,– деді ернін ҽрең ажыратып, бұрыла бердім мен. – Тоқтай тұршы,– деп енді ҿзі асыла түсті де ҿзі сүйді, қайта ғой! Құшағын жазып шегіне берген оны мен тарттым: – Тұра тұршы... ал... кеттім!... – Тоқтай тұршы!... ал, бар енді! Бұлдырап ашылған кҿзіммен есікті ҽрең тауып, бытырап шашылған есімді ҽрең жиыппын. – Шай ішіп кет?– деген Күлҽнға не айтып шыққанымды да білмеймін... Күлҽннің «Менің басыма түскен ҿкініш» деп атаған сҽтсіздігіне «Қалың мал» сахнаға қойылып болғанша ҿзінен сұрай жүріп, айта алмай, қысқарта сҿйлеуінен түсініксіз болып қалған жайларын хат арқылы Нұриядан сұрап ұғындым: Күлҽн бұдан үш жыл бұрын – 1941 жылдың кҿктемінде бір оқушымен кҿңіл қосыпты. Ҽкесі Шың Шысайдың алғашқы түрмесінде ҿлген, жаңа ҿспірім оқушы қыз аурулы жесір шешесі мен жалғыз бауырының күн кҿру қамын ертерек ойлаған кҿрінеді; жоғары мектеп бітіріп, «Шынжаң газетінен» жаңа ғана қызмет алған, бұрыннан кҿз таныс Мұсатайдың қолтығына іліне кетіпті. Ілініпті де бірігіпті – шешесіне айтып, тұрмысқа шығу рұқсатын алыпты да кинодан қайтқан шақтарда күйеуді үйіне түнетіп жүріпті. Қатпарлы Еренқабырғаның ерен семіз қартасын сорған ауқатты кісінің шырайлы ұлы білімді азаматтардың бірі саналып жүрген екен. Той жасау қамына енді кіріскен кезеңде бір түні «қара машина» алыпты да жоғалыпты. Түн кезген қара машина, ҽрине, барса келмес қараңғы үйге апарады ғой. Мұсатайдың қандай кереметі бары жұмбақ, кеткеннен үш күн ҿткен соң-ақ қалыңдығын жасырын шақыртып алып, түрмеде кездесіпті. Қатты жүдесе де қабағы ашық, кҿңілді екен. «Екі-ақ күн қиналдым. Бүгіннен бастап қызметке шығарды, үкіметке аса маңызды қызмет, ешкімге айтушы болма! Сен алаңсыз болсын деп қана айтып отырмын, мен туралы екі ойлы болма!» деп бетінен сүйіп қайтарыпты. «Тойды үш жыл ғана кешігіп жасаймыз, сонысы


болмаса, дҽреже жақтан ҽлдеқайда ҿсіп шығамын. Үш жыл деген үш-ақ күн ғой. Оған дейін оқып ал, сонан соң... мұратымызға жеттік дей бер!» деп қалыпты. Жасынан қам кҿңіл болып ҿскен зерделі Күлҽн саналы деп қосылған «жан сҽулесінің» жартымиша сҿйлеген мына сандырағынан опық жеп, ойлана қайтыпты: Түрмедегі ауыр күмҽнді ҽр қылмыстының камерасына бір түнеп қайтып жүретін «кенеп дағарлы тыңшы» барын естуші еді. Жазалаушылар қанды дағарға салып, сүйретіп ҽкеп тастаған тыңшы, ҿте рақымсыз соққыланған қылмыскер бейнесімен ыңыранып жатып, камерадағылардың сҿзін, есіркеуін тыңдайды, жҿн сұрағандарына «қинала-қинала» жауап қатып, сыр тартып қайтады да, сол есіркеушілерді ертеңіне-ақ жазалатады. Күлҽн ҿз сүйгенінің дҽл сондай «дҽрежелі қызметке» тағайындалғаннан секем алып жылайды. Мұндай жиіркенішті қызметке, ҽрине, ҿз ықтиярымен емес, «қиналуға шыдамай кіріптар болды-ау!» деп еңірейді. «Бірақ мұнысын «Мұратқа жетудің кілті» дегендей тым түйсіксіз сҿйлеуі қалай, Мұсатайдың осынша жылтсыз болғаны ма?» деп ҿкінеді. Сҿйтсе де сүйген жүрек кешірімшіл болмай ма, бұл рет Мұсатайдың мұнысына кешірім етудің пҽтуасын тапқандай болыпты. «Мұрат – дҽреже деп менің кҿңілімді аулау үшін ғана айтқаны шығар... Тіпті, басқа қызмет те бар емес пе» деп қорытып, ҽйелдер институтына оқуға кірген соң да жексенбі сайын барып кездесіп тұрыпты. Аңсаған тамағын апарып, кірлеген киімін жууға алып қайтады. Алғашта киімдері қанмен сіресіп, аз дегенде қан дағы түсіп қайтады екен, кейінірек таза қайтып, таза жуылып тұрыпты. Ҿзі де бұрынғы іспетіне сҽл ұқсаңқырап, Күлҽнды айырым, таза бҿлмедегі керуетінде дем алдырып қайтаратын болыпты. Сҿйтіп, Мұсатайдың қызмет алғанына сенсе де, сол қызметінің алалдығынан күманданып жүрген Күлҽн бір күні жууға алып қайтқан сымының артқы қалтасынан жұмарланған кірсіз жаңа қағаз тауып алыпты. Жарты бетіне жазылған, Мұсатайдың ҿз жазуы. «Дағарға түскен соң Шҽріпқан қамалған камераның есік алдында бір сағаттай жаттым. Шҽріпқан қасындағы біреуге сҿйлеп отыр екен: «шыға қалсаң Оспанға сҽлем айт, бұл үкіметпен келісімге келемін деп алданбасын, соғыса берсін. Қару-жарақ Жеменей шекарасы жҽне Қобда арқылы Советтен келіп тұрады. Оны Дҽлелқан қамдайды» дегенде, бір шалдың: «мақұл, жеткізейін» деген сҿзі естілді. Осыдан соң еш дыбыс естілмей қалып еді. Кілтші есік ашып мені камера ішіне...». Мұсатайдың аяқтамай қалған бұл жазбасын түйіле оқыған Күлҽн сымды елегенге тастай салып, кҿйлекті алып қараса, арқа ҿңірі қанмен жабысып қатып қалған екен, Күлҽн еңіреп жіберіпті. Бұл жаланы үкіметтің Мұсатайға осылай қинап жаздырып жатқаны елестеп жылапты да, кҿз жасын тез тиып, қайта қатуланыпты: «бір-екі аптадан бері Мұсатайдың бұлай қандалмай, ҿңі кіре қалғаны, тіпті жақсы бҿлмеге, тҽуір краватқа ие болуы қалай?... Басқа тұтқындарға апат тҿндіргеннен кҿрген рақаты шығар!»


Осы жорамалымен кейінгі жексенбіде бара тергепті күйеуді. Түрмедегілерге қандай зұлымдық істегенін жалпылай сұрап, ештеңе айтқыза алмапты. Шҽріпқан дутұңның үстінен жазылған шағым қағазының жуылатын сым қалтасында кетіп, Күлҽннің қолына түскенін Мұсатайдың ҿзі сезбейтін сияқты. – Дағарға түсіп, басқа камералардан тың тыңдадың ба?– деп Күлҽн шытына үңілгенде күйеудің үлкен қоңыр кҿзі жарқ ете түсіпті. – Кім айтты? – Сырыңды менен жасырамысың, уағдаң қайда? Істеп жүрген қызметің не қызмет? Соны айтшы маған! – Тілмаштық,– деп күрсініпті Мұсатай. Не істесем де сен үшін, тірі қалып сенімен үйлену үшін істеймін Күлҽш, қылмыс сұрама менен! – «Дҽреже» алып, «мұратқа жету» үшін дейтіндерің де бар еді ғой? – Дҽреже де, мұрат та сенімен бірге... жаным, маған бір үлкен пҽле жабысқан. Екі тҽулік қатты қинап, еріксіз мойындатқан. «Алтайдың Оспанымен байланысқансың» дейді. Расында титтей де таныстығым жоқ еді, бірақ, тірі қалайын деп мойындағанмын... Енді соны тергеушілерге тілмаштық қызмет істеп ҿтемекпін. «Қорқып мойындадың да тыңшы болдың, тілмаштық емес, басқалардың тілін суыртып ҿлтіріп, «мұратыңа» солай жетпекпісің!» демек болып барып ҿзін тоқтата қойыпты Күлҽн, сүйгенін оншалық жамандыққа тағы да қия қоймапты. Оның сондай пҽлелі қағазын ҿзі мыжып, жұмарлай салуынан үміт күтіпті. – Тілмаштықтан басқа міндетің жоқ па?... Дағарға түсіп, басқа камералардан тың тыңдамадың ба? Екі сұраққа да жауап қатпай едҽуір ойланған Мұсатай, ақыры басқаша жауап айтыпты: – Күлҽш, жаным, екеумізді айыру үшін ҽртүрлі ҿсек таратушылар болуы мүмкін. – Шҽріпқанның камерасының алдында, дағар ішінде жатып не естідің?! – Жоқ, ондай іс істемедім, ол – ҿсек! Күлҽн бұл жігітпен алғаш уағдаласқаннан бері тастаған «сіз» деген сҿзді енді қосыпты: – Сабаса ғана мойындайтын жігіт екенсіз-ау ҿзіңіз... Мынау кімдікі?! Күлҽн ұсынған қағазды бассалыпты Мұсатай: – Е-е-е-е!– деп ойлана қалыпты да, есіне енді түскендей сыдырта жҿнеліпті. – Бұл... бір қылмыстының тергеушіге берген жауабы... Мен осылай жазып алып, ханзушаға аударып бергенмін... Мұны қайдан таптың? – Сымыңның қалтасынан,– дей салыпты қисынына сеніңкірей қалған Күлҽн. Біраз ойланып отырған соң сенгенін селге кетіргендей бір факт тағы жеңіпті – «тілмаштың арқасын тілгілеп, қан жоса етіп аудартушы ма еді?» деген логика еді ол. Бірақ, бұл жолы Күлҽн турасынан тергеуден тайсап, жігітінің ҽлгі жауабына сенген шыраймен орағыта сұрап анықтауды жеңіл кҿріпті: 

Дутұң (қытайша) – уҽли (аймақ бастығы)


– Дағарға түскен кісі Шҽріпқанның осы сҿзін рас естіп пе? – Кім білсін оны, ҽйтеуір осылай ҽшкереледі ғой... Шҽріпқандай сақ адам есік сыртынан тыңдаушыға естілетіндей етіп сҿйлей ме? – Онда не үшін ҿтірік жала жабады?... Шҽріпқанға ҿш адам ба екен ҿзі? – Жоқ жаным, түрмеде ҽр адам ҿз жанын ойлауға тиісті. «Ҿзіңді ақтау үшін оның сырын ҽшкерелейсің» деп бұйырған соң... Ҿтірік болса да естідім деп ҽшкерелегені ғой! – Онан да шынын ғана айтса болмай ма? – Шынын айтса сенеме тергеуші... «Сыбайласың болғандықтан сырын жасырдың» деп қинамай ма? Жҽне Шҽріпқанға ең сенімді бір сырлас ақсақалын камераға ҽдейі қосып, сол екеуінің не сҿйлесетінін тыңдатып отырмай ма? – Жала жаппаған тыңшыны ұра ма? – Ұрғанда қандай!.. Тергеуші ҿзі күткен жерінен шықпаса ҿте қатты жазалайды екен. – Қай жеріне ұрады? – Басың-кҿзің дей ме ол, жалаңаштап қойып, тілгілей бермей ме?.. Бірақ... мына ҽшкерелеген адам сол ҿтірігінен танып алып еді, жатқызып қойып дүреледі. – Не үшін танып алды ол? – Шҽріпқанда бір камерада екеу ғой, бетпе бет келгенде мойындата алмайтынын біліпті жҽне оған жала жапқысы да келмейді. Тергеуші сонда да зорлап қол қойғызып алды оған! Сол дағардағы тыңшы Мұсатайдың ҿзі екеніне кҿз жеткізген Күлҽн тітіреніп қалып жҽне сұрапты: – Ол адам дағарға түсіп, неше камераға тыңшы болып барған екен? – Дағарға түс десе түсіп, бар десе бармай лажы не оның, бірнешеуін тыңдап шығыпты. – Сол арқылы силанған жері бар ма? – Оны қойшы жаным, білмеймін. Келші сағындым ғой!– деп құшақтап қыса түсіпті Мұсатай. – Ал, ҽлгі тыңшы Шҽріпқанды сыртынан ғана тыңдап қайтып па ҽлде камерасына да кіріп пе? Қызық екен, толық айтшы! – Камераға кіргізіп тастамайтын болса дағарға сала ма... Бірақ, ешкімге айтушы болма, жаным, бұл ҿзі үлкен құпиялық... – Маған сенбеймісің!... «Бір-бірімізден жасыратын ісіміз болмасын» дегенің қайда ҿзіңнің! – Байқамай біреуге айтып қоймасын дегенім ғой. Оны екі сақшы дағарымен есік алдына қаумалап апарып, біраз жатқызған соң камераны ашып, ішіне лақтырып тастайды да, есікті қайта құлыптайды. Бұлай лақтырып тастамаса түрмедегілер оның тыңшы екенін сезіп, сҿйлемей қояды... дейді... дағар ҿте сирек тоқылған екен, ішіндегі адам бҽрін айқын кҿріп жатады. Шҽріпқан камераның бір жағында, сом темірлерден жасалған тар қапасқа зор денесін ҽрең сиғызып, тұқырып алыпты. Оның камерасына тыңшыдан сҽл бұрын кіргізілген шал, Шҽріпқанның қарсысындағы кеңірек қапаста малдасын


құрып отырыпты. (Ол – бұрын Шҽріпқанға жақын жүретін ел адамы екен. Сырласатынын білгендіктен үстілеріне тыңшы кіргізіп отырмай ма?) Шал қан-қан дағарға түршіге қарап: «ой бейшара-ай!» деп қалғанда тұқырып отырған Шҽріпқан оған кҿзінің астымен бадырая қарады... Тергеушінің кҿзі дҽл осындай болса, адамның жүрегі жарылып кетер еді. Шҽріпқан шалға соншалық суық қарады. Арықтағаннан ішіне түсіп кеткен үлкен кҿз шарасы бос күбідей үңірейгенде ар жағынан бірдеме жарқ ете түскендей болды. «Сҿйлеме» дегені екен, шал үнсіз бедірейіп отырып қалыпты!... Содан ертеңіне сақшылар дағарды қайта сүйреп ҽкеткенше ол екеуі тіл қатыспапты, – деп тоқтатты Мұсатай сҿзін. – Дағарға түсіп тыңдап жүрген ҿзің екеніңді шүбҽсіз ұқтым,– деп суық жымиған Күлҽн қатты күрсініпті. Тым болмаса, сҿзіңнің етістік жалғауларынан жасыра алмасың бар, менен жасырамын деп несіне ҽуре болдың екен?... Бірақ мұнан соң ешкімге жала жабушы болмаңыз!... Осыны айтып шыға берген Күлҽн у ішкендей сенделектеп қайтыпты үйіне. Ҿмірден күткен серігі осындай су жүрек, ынжық па еді! «Екі күн қиналуға шыдамай есалаңға айналыпты-ау... Сҿйлеген сҿзінің сиқын қарашы, қанша жалтарса да жаңылып, Шҽріпқанның камерасына кірген ҿзі екенін дҽмілдҽміл ҽшкерелеп алады. Тыңшы болған ҿзі екені Шҽріпқанның кҿзін суреттеуінен де кҿрініп тұрмай ма. Япыр-ай неткен масқаралық еді!... Бар пҽлені қорқақтығы мен шыдамсыздығынан тапқан ғой, сол ҽлсіздігін біліп алған тергеуші не істетпейді оған! Қылмыс іздететін иті, қаралайтын күйесі, атса мылтығы, шапса қылышы, сҿйтіп ҿлім ұрығын артқан есегі болғаны ғой!... Қайтып қана жар етерсің бұл арамды!... Жоқ, арамдықпен емес, шарасыздықтан істеп жүр ғой соны, бейшара! Ҿзі де айтпады ма, жала жапқысы келмейтінін... намыссыз «қызметін» менен жасырғаны – арланғандығы ғой, ҽйтпесе маған деген ақ ниеттілігі бар... біреуге азап келтіретін жала жаппайтын етсем! Одан басқа не шара бар бұған?... Басына мұндай іс түскенде тастап кетсем, опасыздық болмай ма? Қандай жанға қосақталсам да, ҿзім таптым ғой, боларым болмады ма!... Ой ҽттеген-ай!...» Ой талқысына осылай түскен Күлҽн мең-зең болса да, ҽр жексенбіде барып кездесіп жүріпті. Барған сайын басқаға пҽле тауып бермеуін тапсырыпты. «Жала жаппа. Жаппадың деп қанша қинаса да шыда. Жазасына екі-үш рет шыдап кетсең, ҿздері сынуы, босап қалуы мүмкін.... біреуге жала жаппадың деп ҿлтіре ме?... Ҿлтірсе де халық алдында, менің алдымда алал ҿлім болсын, мені... десең, осылай бол!» деп те айтып кетіп жүріпті. Жууға алып шыққан киімінен жараның қанын кҿргісі келіп, үңіле іздейтін болыпты. Ол киімдерден кейде азын-аулақ қан дағын кҿрсе де, кҿбінесе таза қайтатын болыпты. Таза қайтқанынан басқаларға тартқызып, қанын тҿккізіп жүргенін сезеді. «Болары болған ғой», артын күтейін деп, ҿсиеттен жалықпапты сонда да. Сҿйтіп жүргенде түрме Гоминданға ҿтіпті. Бұл үкіметтің «Шың Шысай қамаған адамдарды босатамыз, енді түрмелемейміз» деген «жайдарылығына» сеніпті де, күйеуінің киімін бұрынғыдай тҽптіштеп зерттемейтін болыпты.


Қан кҿзіне түсе қалған күнде де «ҿз мҽселесін анықтап шығару үшін қинағаны болар» дей салады екен. 1943 жылдың күзінен соң киімдерінен қан түгіл сірге де кҿрінбей, тап-таза шығатын болыпты. Ҿзі де ажарланып, қалыңдыққа құшақ жайғыш халге қайта жеткенін кҿреді Күлҽн. Бірақ, ондай құшаққа сүйінуді кҿптен бері қойған ол бұл ажарланудың жайын анықтағанша тіпті ілінбеуге де бекіп алыпты. Сҿйтсе де, ажар астынан анық ит болғандығын кҿрмей, «үкіметтің кеңшілік күтімінен» деп мҿлшерлеген екен. Түрмеден тараған хабарлар бұл мҿлшерін де қатеге шығарып, Мұсатайды қаралай тарайтын, қабаған итке теңей тарайтын болыпты. Жансебіл махаббат сонда да жан үзе алмай, «опасыз» аталғысы келмей, «ҽлде де анықтайын» деп іздеп барыпты бір күні. Бірақ, түрме күзетшісі: «кездесуге рұқсат жоқ» деп қайтарыпты. Мұның себебін түсіне алмаған Күлҽнға Мұсатайдың басқа атпен Құлжада жүргені 44 жылдың басында ғана естілген екен. «Бҽсе!» деп қалыпты да, қолын бір-ақ сілтепті – «дағар ішінен тіміскілеп жүріп, күткен «дҽрежесіне» жеткен екен ғой! Пҽлеқорлықтан еңбек сіңірмеген болса ел аралатып еркіне жіберер ме? Ол жерде қанша сорлыны сойғызар екен... Болды енді, бітті... Сондай жаладан ҿлген ҽкем үшін түкірдім сол опасызға...» Сҿйтіп, ой-сезімі енді тынышталып қалған Күлҽнді осы жақында сақшы басқармасы шақыртып, бір кеште жеңіл машина келіп ҽкетіпті. Шақыртқан Ху Гожынның ҿзі екен. Ҿз кабинетіне жалғыз қабылдапты. Фашистік Германиядан оқып келген қанқұйлы жендет, спор шпионның қанды кҿзі күле қадалыпты Күлҽнға: – А... а... Күлҽн жолдас, кел! – деп, қуатты қолымен қолын қаба тартыпты ҿзіне. Шошып қалған Күлҽн ханзуша ең сыпайы тілмен амандыққа амандық айтыпты да, қолын күшей тартып шығарып, шеткі бір креслоға отыра кетіпті. Оның оңай-олпы қыз еместігін байқаған Ху Гожын ҿз орнына барып отырыпты да, одағайлықтан сыпайыгерлікке ойысып, ҿзінің «қамқорлық» күшін кҿрсете арбапты енді. – Сіздің ҽйелдер институтынан жақсы диплом алып шығуыңызға, мына жақсы қызметке орналасуыңызға мен кҿмектескенмін. Сіздей білімді ҽйелдердің кҿбеюін тілеймін! – Рахмет!– депті Күлҽн күлімсіреген болып. – Сіздің мені қалай танып, неліктен қамқорлық еткеніңізге ғажаптанып отырмын. – Мен Мұсатайды жақсы танимын. Сіз соның қалыңдығысыз, сол таныстырған. Күлҽннің беті дуылдап қыза жҿнеліпті мұны естігенде. «Итпен құда болсаң боқпен той жасайды» деген осы ғой. Соның қалыңдығы болған соң маған да соның кебін кигізбек шығар» деген оймен ҿзін одан біржолата аулаққа тартыпты. Ашу екені де, қорлану екені де белгісіз, алқымын бірдеме керней түскендей сезіліпті ҿзіне. – Қазір мен Мұсатайды танымаймын, одан безгенмін! 

Гоминданның саяси ҿкілдері «жолдас» деген атауды қолдана беретін.


– Не себепті?! – Ол қылмыс істеді. Біздің Жұңхуа Мингоға опасыздық етті! Сол үшін оған тұрмысқа шықпайтын болғанмын! – Олай емес, белгілі дҽрежеде қылмыс ҿткізсе де, кейін одан жақсы тазарды. Енді ол біздің ҿз адамымыз. Оның семьясын біз қорғаймыз. Одан ажырадым дегенді айтпаңыз! Ол, опасыз емес! Күлҽн Мұсатайдан құтылудың қиын екенін енді түсініп, қақпанға мықтап түскендей қысылыпты. Одан мүлде суынғанын ашық білдірудің қатерлі болатынын сезіп, жаңағы сҿзінен жалтара тұрудың амалына кҿшіпті: – Ол жағы маған түсініксіз, қылмысынан арылып, жақсы адам болса, түрмеге неге жатады? Кҿптен бері менімен кездесуден де шектелді. Түрме басқарушылар кездестірмей қойды... Жақсы адам болса неге олай?! – Ха – ха – ха... ол, түрмеде емес, ҿте жақсы қызметте. Ол қызметі біткен соң... сіздің қасыңызға келеді. Түсіндіңіз бе? Оғанға дейін сіз менің қамқорлығымда боласыз... тұрмысыңызға не керек?... Жұңхуа ұлтының барлығы бір семья, не керек болса, тартынбай айтып тұрыңыз маған... тұрмысыңыз қандай? – Тұрмысым жақсы, ешнҽрсе керек емес. – Ха-ха-ха... Күлҽн жолдас, менен титтей де тартынбаңыз! Сізді мен ҿте жақсы кҿріп қалдым, неткен сүйкімді ҽйелсіз!... Сіз жоғары тұрмысқа лайықсыз, сізге не керек болса, бҽрін қамдаймын! Ху чужаң1 осылай кҿкіп отырғанда, Күлҽн ҿзі естіп-білген талай мҽселені, талай ұждансыздықты елестетіп, кҿз алдынан ҿткізіп болыпты. Осы сақшыға шпион болған бірнеше ҽйел барын еститін. Бір-екеуі ҿзі оқыған мектепті бұрынырақ бітіріп шыққан таныс қыздар еді. Олар күндіз дем алып, түн бойы осы чужаңның сайранында болады екен. Таң бозара жеңіл машинамен мас қайтып, ҿз үйлері тұратын аулалардың қақпалары ашылғанша босағада сұлап жатқандарын да естіпті. «Сол ҿсектерде айтылатын атышулы тҿсек міне, керме шымылдықпен қоршалып тұрмай ма!»... Осыларды ойлай отырып Күлҽн тітірене жауап қайырыпты: – Мұндай сҿзді маған айтушы болмаңыз, мен сіз білетін «сүйкімді» ҽйелдерге тіпті де ұқсамаймын жҽне маған ешнҽрсе керек емес! – Ха-ха-ха... бұл сіз айтуға лайық емес жауап. Менен ешқандай жамандық кҿрмейсіз,– деп чужаң үстел үстіндегі америка вискиінен екі рюмкаға құйыпты. Сіз санминжуийді сүйесіз бе? Бұл тажалдың алдында «сүймеймін» дей алсын ба: – Ҽрине, сүйемін,– депті Күлҽн. – Жұңхуа Мингоны қорғайсыз ба? – Қорғаймын. Чужаң екі рюмканы екі қолына ұстап, Күлҽннің алдына келіпті. – Келіңіз онда, екеуміз бір тілектің адамы екенбіз, осы сҿзіңіз үшін ішелік! – Мен ішпеймін, рахмет!– деп Күлҽн орнынан тұрып бас иіпті. – Мен ешқандай жағдайда да ішпеймін! 1

Чужаң (ханзуша) – басқарма бастығы.


– Ендеше сіз үшін мен ішейін,– деп чужаң екі рюмканы да ҿзі қағып алып, Күлҽннің қатарындағы кең креслоға шалқалай түсіпті, – Санминжуийді сүйсеңіз мені де сүюге, Жұңхуа Мингоны қорғасаңыз Синжяңда алдымен мені қорғауға міндеттісіз! Солай емес пе? – Солай... мен Санминжуийдің «халықтық құқық мұратын» ҿте сүйемін. Ол Жұңхуа Мингоның ҽрбір азаматының құқығын қорғайды. – Мені қалай кҿресіз? – Сіз – сол мұратты қорғауға ең борышты чужаңсыз. Хугожынның қанды кҿзі бағжаң ете түссе де күлген болыпты: – Ха-ха-ха... дұрыс, дұрыс! Менің қасыма отыруға құқықтысыз, мен сіздей жүрегі бар ҽйелді сүюге құқықтымын. Солай емес пе, келіңіз! – Мен ҿзіңіз жақсы кҿріп зор міндет артқан адамның қалыңдығымын ғой. Ешқай жақсы кісі ҿзінің жақсы кҿрген қызметтесіне опасыздық еткен емес. Егер оған опасыздық етсеңіз, сіздің оны жақсы деп бағалауыңыз жалған. Олай болғанда мен одан да, оның қожайыны – сізден де безуге құқықтымын. Мұны мен Жушауляң слиңның1 алдында баяндауға да құқықтымын. – Ха-ха-ха... ҽзілдесуге татитын ҽйел екенсіз... жақсы. Солайда, сіздей сұлуды сүймеуге еркім жоқ қой!... Азаматтық міндет бір басқа да, жүрек бір басқа болады. Бар адамда да сондай, солай емес пе?! – Адамның жүрегі қалай қойса солай тұра қалатын ойыншық емес,– деп кідірген Күлҽн дҽл қазір ашық тойтарыс жасаса, бұл қабанның зорлық күшке кеткелі тұрғанын сезіп, ойланып қойған бір сылтауын айтыпты. Чужаң, бүгін сізді кҿргеніме қуаныштымын. Менің шешем қатты науқас, қайтамын, рұқсат етсеңіз. – Не ауру? Күлҽн чужаңды ҿзінен жирендіретін аурудың атын атауға ұялғанси, тұқыра қайтарыпты жауабын: – Сиплс... мен туылғаннан бар, ескі ауру екен. Ана жылдар емделіп, жазылғандай кҿрінген соң дҽрісін тоқтатып қойып еді. Енді тіпті күшейіп кетті. Кеште қиналады. Тез қайтып жетуім керек! – А-а-а... мақұл, сізді менің машинам апарып қояды. Күлҽн жолдас, мен сізге Мұсатайды ұмытпауды тапсыруға шақырғанмын. Ол – біздің ең жақсы азамат. Қызметі бітісімен қайтып келеді. Сіздің тойыңызды мен жасап беремін. Тұрмысыңызда қиыншылық болса, маған келіп айтып тұрыңыз. Біз мұнан соң бір семьяның мүшелері сияқты боламыз. Бірақ бұл байланысымызды ешкімге, тіпті шешеңізге де білдірмейсіз!... Егер біреуге айтып қойсаңыз, үлкен жазаға ұшырап қаласыз, ұқтыңыз ба? Сіз мұнан соң ҿзіңізді Жұңхуа Мингоны қорғауға ҽрқашан дайын тұратын, шын берілген азаматша деп біліңіз! Мұсатайдың семьясы сондай бақытты семья болуға тиісті! Қалған істі кейін сҿйлесеміз!... Хугожын бұл рет осыны айтып шығарыпты да, үш-тҿрт күн ҿткен соңғы бір кеште тағы шақыртыпты. Машина келгенін білісімен кҿрпе жамылып, жата қалған Күлҽн, «ауырып» жатқанын айтып, бармай қалған екен. Ертеңіне 1

Слиң (ханзуша) – қолбасшы.


кеште шақырушы шофер тағы келіп, чужаңның хатын ұсыныпты. «Дереу келіңіз, ҿзіміздің дҽрігерге емдетемін, тез жазыласыз!» деген сҿз екен. – Рахмет айтты деңіз,– депті Күлҽн, – дҽріленіп жатырмын, соны байқайын. Жазылмасам ҿзім-ақ барамын... Бұдан соң аурудың сылтау бола алмайтынын білген Күлҽн, бауырын күзетке қойып, қақпа алдына машина келгенде-ақ бҿтен киіммен үйінен шығып кететін иҽ жасырынатын болыпты. Күлҽннің Нұрия екеумізді құттықтай отырып, «басыма түскен ҿкініш» дегені осы екен. «Ҿкініш қана емес, үлкен қырсық» деп түсіндім мен. Пъеса сахнаға қойылатын күні түсте үйіне бір кіргенімде Мұсатаймен байланысының енді қалай болатынын сұрадым ҿзінен. – «Доңызға ерген балшыққа аунайды» деген мақал бар ғой. Қайтсем де енді ере қоймаспын... Мына түсірген құйынан құтылсам, ҿзінен құтылу қиын емес қой,– деп күрсінді. Бҽрінен қиыны Хугожыннан құтылу сияқты. Ол мені таппай қоймайды ғой. Аңдушыны шұбыртып-ақ қойған шығар қазір!... Шпиондыққа тартса, не десем болар екен? – Тапсырғанын мүлде орындамай таста,– дедім мен, – бір дҽніктіріп алсаң, Мұсатайдың ҿзіне айналғаның. Бір жағымда отырған Нұрия бұл сҿзімді бас изеп құптады да, Күлҽн қарсы сұрау қоя күлімсіреді: – Саясатына қарсы болып ашық кҿрініп қалмаймын ба? – Ҿзіңше қалай еткің келеді? – Құрғақ емізік берсем қайтеді? – Хуың оған алдана қоятын кішкене бала емес шығар... Мен ҿзім осы саясатын емгім де, емізгім де келмейді. Бұл сҿзіме келгенде жатып атар күлкісімен сық ете түсті Күлҽн: – Күйеужан, саясат дегенді бүкіл ұстазыңа, барлық сабақтасыңа емізгеніңді ұмыттың ба? Сіңіліммен қазіргі отырысың ненің күші?... Класыңдағы ҿтірік тҿбелес пен мына пъесаң қалай шықты?! – Бұлар шпиондық емізік емес шығар? – Бҽрі бір емізік, бір саясат, сенің сол саясаттарың ойға орала береді... Ал, кейеужан, осы оқиғаны Нұрияш, Ақылбай үшеуің ғана естідіңдер, басқа ешкім естімесін. Осыны айтты да Күлҽн ауыз үйге шығып кетті. – Бұл Ақылбаймен сырлас,– деді Нұрия менің иығыма басын сүйеп. – Бҽсе, ҽлгі «саясат» соның ақылы екен ғой?– дей құштақтадым. Гоминданға мүше болуда Ақылбайдың маған айтқан сол іспеттес ақылы есіме түсе қалып еді. – Екеуі кҿңілдес пе? – Иҽ, бірақ, Күлҽн сҿз бермей жүрген сияқты, «мына пҽледен құтылмай уағда бермеймін» дейді. – Мұсатаймен байланысын Ақылбай біле ме екен? – Біледі дейді,– деп күліп жіберген Нұрия бетін менің омырауыма басты. – Неге күлдің?


– Ойламай күліппін, мұндайға күлуге болмайды... Бүгін кеште ойындарыңа келгеніммен сені кҿре алмайтын сияқтымын ғой, иҽ?... Екеуміз бір мезет үнсіз жабысып қалыппыз. Нұрия алқына жалғастырды сҿзін. – Кҽмен соңымнан ҽлі қалмай жүр, қасыңа бармасам бармай-ақ қояйын, сен үшін бҽріне шыдаймын. Сен де шыда!... Тағы да бірдем тына жабысып алып, құшақ жаздық. – Қайтып кетейін бе?– деп сұрандым мен. Нұрия оған жауап айтпай, басқа сҿзге кҿшті: – Жаңа Күлҽнға: «сақшы тапсырмасын мүлде орындама» дегеніңе ҿте разы болдым. Бір беттілік жақсы ғой. – Ақылбай аса ақылды жігіт, Күлҽн ҿз теңін енді тапқан екен... Ҽлгі «құрғақ емізік» соның айтқаны болса, мүмкін дұрыс та шығар. Бірақ, мен де бірбеткейлікті сүйемін!... Құдіретті тергеушім, Гоминдан мен сіздің Гуңшандаң ҿліспей беріспейтін қарама-қарсы екі партия емес; мҽнсапқорлардың жеке мүдделерімен ғана қан тҿгісіп, екі атпен аталып жүрген бір партия екендіктеріңізді бас ұрандарыңыздың бірлігінен ғана танитынмын. (Гоминдан «дүниенің ұлы бірлігі» деп, сіздер «коммунизм» деп ұрандағандарыңызбен екеуі бір мағынадағы «дүниені басып алу» сынды бір ғана ұран ғой). Екеуіңіздің де ҿкпелеріңіздің бірдей зор ұлтшылдықпен қабынатындығы да сол бірліктеріңізді түсіндірмей ме? Кітабымның осы тарауында ҽшкереленген Гоминданның сақшы бастығы Хугожыңның қолындағы тұтқындары мен олардың ҽйелдеріне жүргізген саясатынан екеуіңіздің ұп-ұқсас қылмыс тҽңірлері екендіктеріңіз анықталды. Мҽселен, ойы түгіл түсінде кҿрмеген қорқынышты қылмыс жасап шығып, Мұсатай сияқтыларды сол қылмысқа қинап мойындатып алып, жан түршігерлік қылмысты іс істету, ҽйелдерін ерлері жҿнінен жалынышты етіп, кҿңіл ашар ретінде қорлық-күңдікке салу, ол жауыздың ҽдеттегі ермегі болыпты. Ал, сіздерде ондай ермектің алуан түрлісі жетіліп, ҿтіліп жатпай ма! (Кҿсемдеріңіздің «мылтықтан ҽкімшілік жаралады» дегендегісі осындай шегіне жеткен зұлым арман екен ғой). Қазір бір миллиард екі жүз миллион халықты тонап-бұлай, ыңғай бомбы-аэроплан, танкы сатып алып жатқандықтарыңыздан сұмдықтың енді қандай кереметін кҿрсетпек екендіктеріңіз белгілі болып жатыр-ау!... Қылмыс тҽңірлері жаратқан қылмыстардан Қытай аспаны қуырылып, жершары шіріп, сасып, тіршілік тынысы буылып барады? VI «Қалың мал» сахнаға қойылып болған соң мектепке тағы қамалдық. Жылдық сынаудың уақыты таяп қалып еді. Соған дайындықтың қамы қамалғанымызды есімізден шығарып та жіберіпті. Мұның үстіне үйімнен осы кезде келген бір хат қамға ғана емес, қайғыға батыратын бір жҽйітті жеткізді.


Екі жылдан бері мені кҿре алмай сағынған ҽке-шеше ҿздерінің күші жетпейтін мың доллар ақша жіберіпті маған. Бұл қазір орта қолды бір аттың құны. «Осы жаздық демалысыңда қайтсең де қайт, қартайып қалдық қой, бізге бір кҿрін» деп жаздырыпты. Бҿлек бір жапырақ қағаз тағы да Бағдарқанның қолымен жазылған Биғазының сҽлемі екен. Ол ҿзінің кҽсіпсіз қалып, Бигелдінің жалшылығынан басқа «сауын» табылмағандығын, ҽкешешеміздің маған жіберетін жол расхот таба алмай қиналғандығын, сҿйтіп жүргенде «елдес, бұрыннан құдандалы» біреудің Биғайшаға құда түсуді қолқалағандығын жазыпты. «Мына ақшаны жіберген сол құда – ҿзің білетін Оспан молла, саған сҽлем айтып отыр» депті Биғазы... Денем түршігіп, бет-аузым жыбырлап кетті мұны оқығанда. «Он тҿрттен он беске енді шығатын жалғыз қарындасымды менің бұл расхотым үшін сатыпты-ау!– деген ашыныш қинады. – Жоқ, обалына қала алмаймын оның!... Алдымен оқып, сауатын ашуы керек. Сонан кейін, барғысы келсе ҿз ықтиярымен барсын!... Сол!... Мен ҿзімді сатқызсам да оны сатқыза алмаспын!...» Жылдық сынау алынып біткен соң Дҿрбілжінге қайтуға дайындалдым. Дайындықтың ең алды жасырын кітап дүкенінен Биғайшаға оқу құралдар алу болды. Демалысқа қайтатындығымның тұңғыш хабары ҽрине Нұрияшқа жеткен ғой. Айтылған уақыт бойынша, күн бата мектебінің алдына шығып күтіп тұр екен. Ауасы түтін болса да бал татыған ұшырасуымыздың аспаны сұсты, аясы тар болып шықты, аймаласар дал да, ҽңгімелесер пана жоқ. Жатақханаларында сабақтас қыздар бар, анау Күлҽн маңында аңдушы пайда болған. Кҿшеде ҿрген шарлаушы енді бір сағаттан соң-ақ сақылдамақ. Тұна қарасып тамсанысып қана қойдық та, сол маңдағы бір қалтарыс қысқа кҿшеге тарттық. Нұрияштан жасырған сыр арам болмай ма, үйімде болып жатқан «қалың мал» мен маған келген «қарғыбаудың» сырын қалдырмай айттым. Күрсіне тыңдап келе жатқан Нұрия қол орамалымен кҿзін сүртті. Мұным Нұрияға қазірше айтылмауға тиісті сыр екенін енді түсіндім. – Болмайды, жастай шырмамасын,– деп кҿзін қолжаулығымен тағы бір сипай салды да, маған тура қарап ашыла сҿйлеп кетті. – Кімге барғысы келсе де, кейін ҿз еркімен барсыншы.... Сенің расхотың қазір-ақ дайын, оныкін барған соң қайтарып бер, мал билеп кетпесін! – Сен ҿзің де жол жүресің, ҽкең түрмеде. Расход ҽсіресе оған кҿп керек. Бұл іске кіріспе, жаным, барған соң мен ҿзім-ақ шешемін! – Үйіңдегі ісіңе мені кірістіруді қаламасаң, ол ҿз алдына. Бірақ ұлдың оқуы немесе бай болуы үшін қыздың сатылуына қарсымын. Ҽпекелерім үшін де талай құсаланған жайым бар. Олар ҽлі жылап жүр, мен ҽлі ҿкінемін. «Бҿрік кигеннің намысы бір», Биғайша менің де сіңлім. Сол үшін... – «Кірістіруді қаламасаң» дегенің не, неге қаламайды екенмін, бірақ, малы жоқ болған соң-ақ малға сатылады деп мені қорлағаның болмай ма бұл? – Неге қорлайды екенмін, бірақ, «жоққа жүйрік жете ме?» – Ҽне,– деп қалғанымда Нұрия құшақтай алды мені: – Болды, айтпайын енді!...


– Жоққа жетпесе де мына істің жҿніне жетуге болады Нұрияшым!... Тұңғыш ҿтінішім болсын, дҽл осы іске сен ҽуреленбе! – Қазір маған ешқандай ҽуре емес... «Тұңғыш ҿтінішім болсын» дейсің ғой ҿзің, осындай «тұңғыш ҿтініш» бола ма екен?– деп Нұрия сыңғырлай күлді. – Жақсы серік бол десеңші онан да... «жақсы адам бол» деп ҿтінші, намысы бір сіңіліңнің мұңына ортақтаспа деп ҿтіне ме екен? – Жеңдің ғой Нұрияш, бірақ бұл мҽселені сенің тілегіңдей етіп ҿзім-ақ шеше аламын, менің ар-намысымды аяшы! – Оны аямай нені аяйды екенмін? Соны ҿзіңмен тең тұрып аяуыма рұқсат етерсің!... – Кім сендер? – деген ханзуша зейіл үн естілді артымыздан. Жалт қарасақ, бір жабық қақпаның алдында келіп сҿйлесіп тұрыппыз, «тергеушіміз» ішінде екен. Қолтықтасып жүре бердік. Яңхаңның1 ҽр тұсынан кҿше қарауылдары шақылдай бастады. Шын аяныштың айтылмай, іштен кернеп тұрған күшті сезімі білектерімізден қыса түсті. Аспан түксиіп, Үрімжі зекіріп, зор құдыретпен екеумізді екі жаққа тартып бара жатқандай, бір-бірімізге бар күшпен жабысып келеміз. Үрімжі – Сарсүмбе ауа жолының да бекіп қалу хаупі бар еді жҽне Алтай партизандары Қостолағайдан батыс оңтүстікке қарай бір жылжыса, Тарбағатайдың арба жолы да бекиді. Екеуміздің осы себептен қайта кездесе алмай қалу хаупіміз ішімізден қақсатып барады. Оны айтудан қиналамыз. Еріндеріміз екі адым сайын бір түйіседі. – Сҽті келсе, ҽкеммен тіл қатысып, асықпай қайтайын деп жүр едім. Енді ертең-ақ билет алуым керек болды. Мені аясаң тоғызыншы ай туысымен осы жерде бол,– дегенде Нұрияның сыбыры дірілдей шықты. – Жетемін, алаң болма... жүруге неге соншалық асықтың? – Тез қайтып келуім керек, Шҽуешек – Дҿрбілжінге Алтайдың почтасы тоқтап қалса... айтпақтайын, жаңағы хатыңның конвертін берші!... адресі толық шығар? – Иҽ, ал!... Маған сенімің аз ғой деймін... – Олай емес... Нұрия солқ-солқ ете түсті, құшақтай алдым. – Жүрегім тоқтап қалмаса, аяғым жетеді Нұрияшым! Үйге жетісіммен хат жазамын, Қабеннің адресі ғой? – Сол. Тез-тез жазып тұр... Бірақ, он неше күнде ҽрең жетесің-ау!... Сен де маған толық сен!... Кҿп алаң болма, иҽ!... Мҽңгі алалыңмын, міне!... міне!... Таңертең ерте жүресің ғой, ертерек қайта ғой!... Кҿше қарауылдары тосып ҽурелемесін!... Мектебіне таяп келіп тоқтаған екенбіз. Ол құшағын жазды да тез басып жҿнеле берді. Қақпаның кіші есігінен кіре қайрылып, қолын бір кҿтерді де, ғайып болды. Мең-зең тұрып қалған мен де бұрылып жүре беріп едім. Жан қалтама түскен қолыма жібекке оралған бірдеме іліне кетті. Қол жаулыққа оралған ақша 1

Яңхаң – Үрімжідегі жер аты.


екен. Қақпадан кіргенше бір қайрылмай зыта жҿнелуі сонсын сездірмей ҿткізу үшін екенін түсіндім. Бетім ду ете түсті. Қайта қайрыла қарап тұрып қалдым, енді ол кҿрінсін бе? Жігіттік намысым қалыңдықпен бірге кеткендей қадалдым: «сол құдалық сырын айтып, ҿзімді соншалық мүсҽпірсіткенім не ҽлі! Аттанарда жол расхоты жҿнінен тым аянышты болып кҿрінуім неткен түйсіксіздік еді, тіпті ақша сұрағандай болыппын ғой!» деген қиналысты сезіммен ақша тиген қолды сілкіп тастап жүре бердім. «Қалыңдықтан қалың мал сұраған қайыршы қайда бар мендей... Ҽлде ол сырымды айтудан бұрын дайындап қойған жолдығы ма екен?!» деген оймен қайта суырып алып, ашып қарадым. Жаңа қол жаулықтың ішінде ақ қағазға таптіштеп оралған ҿзінің суреті де бар екен. Расында да бұрын дайындап қойған жолдық болды. «Бірақ, ол неге ақшалай жолдық береді?... Ой дүние-ай, алдаушы болмайын деп алғаш танысқаннан-ақ қайыршылығымды таныстырып болған екем ғой!...» Шошынып қалған жылқыдай секемшіл ойлардан шақ ете түскен зейіл күзетшінің дауысы айырды. Осыдан бастап бұқаралық книшкамен жол хатымды жая жүріп мектепке жеттім. Шҽуешек кірекеш арбаларын тауып қойған сабақтастарыммен бірге таң бозарысымен жолға шығып едім. Куҽліктерім мен таныстыруларым бекет сайын жайылды, оған омыраудағы мектеп знашогы қосыла кҿрсетілді. Кей бекет сақшыларын сонда да алал азамат екендігімізге сендіре алмай кҿп «ҽурелейтін» болдық. Бекет сақшылары біз батысқа жол басқан сайын қиналып, тыжырына түседі. Куҽліктерімізге ғана емес, тіпті жүзшырайымызға да үңірейе қарап, маңдайларын уқаласады. Одан қайта үңірейе қарап келіп, бет сүйектерімізді түрткілейді. «Бҽрі қазақ, ұйғыр.... арбакеші де қазақ!» деп күңкілдейді біріне-бірі. – «Бұларға неге жолхат бере берген» деп сырт беріп, тілдей теңселеді. Ұзақ жол бойына осы тілді естіп, нервымыз ширап қалып еді. Жҽйірдің жолындағы Ұты бекетіне жеткенімізде осы суық тілді тағы естіп, айтыса кеттік: – Ҿзің тамады1! – деп қалды бір ұйғыр сабақтас. – Шымы, шымы?!2 – деп тікірейді сақшы. – Жолхатымызды кҿріп тұрып неге боқтайсың сен?!– деді Қуат, жуантұғыр қысқа білегін бүйіріне тіреп алғанын сезбей де қалды ҿзі. «Шырақ» деп қана сҿйлесетін соншалық сабырлы Қуаттың ашуға тосын келгенін кҿргенім осы. Мықынына қатты тірелген білектері дір-дір ете түсті, – біз Гоминдан мектебінің оқушыларымыз, белгі-билеттеріміз айқын кҿрініп тұр, бір тізбек арбамен келе жатырмыз. Бізге осыншалық жиренішті кҿзбен қарап, осынша тергесең, жай-қарапайым жолаушыларға не қылмайсыңдар! – Ханзуша, адамша сҿйле!– деп ақырды сақшы. – Не дейсің?! – Адамша сҿйлемей, аңша сҿйлеп тұрмыз ба? – дедім мен ханзу тілінде. Сенен басқа кісі адам емес пе екен? 1 2

Тамады (ханзуша) – шешеңді... Шымы (ханзуша) – не, немене, немене дейсің деген сҿз.


– Сендер бандысыңдар,– деп ызбарлана күлімсіреді сақшы. Қанша тергесек те құқық бізде, ұқтың ба, жоқ па? – Бір ұқпаған жерімді сұрайын сенен,– деп алдыға таман шықтым. Біз Үрімжі жыңса жүйінің3 жолхатымен келе жатырмыз, таңбасын ақтара кҿріп тұрып сенбей біздің бет сүйегімізді түрткіледің! Сақшы таңбасын сүйегімізге емес, осы жолхатқа басқан. Ұқтың ба, жоқ па?!... Ҿзіңнің бас мекемеңе сенбейтін сен сақшы болып қайдан келдің?! – Мен сендердің бандылықтарыңды тиюға келдім, танып қой! Шешеңді...! – Ей, тарт ауызыңды! – деп ұйғыр сабақтас сұқ саусағын кезеп қалғанда, жолхат тексеруші шақ ете түсті. Арт жағында тҿрт-бес «сары аяқ» тұр еді, соларға бұйыра шақылдады: – Қама! .... бҽрін қама!... Мылтық шақпақтары тұс-тұсымыздан шақ-шұқ қайрылғанда бір-ақ білдік: жолдың екі жақ жиегіндегі тас қоралар түгелімен ҽскер ұясы екен. Қатқыл үніміз шыққанда-ақ қоршап болыпты. Олар бізді мылтықтың найзасымен түрткілеп, биік дауалға қарай айдады. Ҽлгі сақшы арбакештерге ақырды енді: – Барлық арбадағы жүкті түсіріңдер!... Тас тасисыңдар! Арбакештер шу кҿтерді: – Тасымаймыз! – Кҿлігіміз болдырып келеді, тақсыр! – Тасымаймыз!... Түсірмеңдер жүкті! – Ей, жігіттер, осылардың бастығына сҿйлесейікші, соған айтыңдаршы! Ҿзі тіл білетін кҿрінген. – Соған барайықшы бҽріміз, соған!... Біз айдалып қақпа алдына жеткенде іштен қызыл шырайлы біреу шыға келді. Арбакештердің айтқаны сол екен. Жолхатымызды түгел кҿріп шықты да, бізге жағалата қарап, түйіле зекірді: – Жолхат тексерушіге неге қарсы тұрасыңдар! Қайдан келген мықтысыңдар?... Енді мұны ерегестіріп алсақ, жолхатымыздың қолхаттық күші де қалмай сорланатынымызды біліп, шағым жауабымызды жуаси қайырдық. – Кҿрешектеріңді Дҿрбілжіннің қызыл кҿпіріне барғанда кҿресіңдер... Сақшы қызметкерлерімен ойнамаңдар!... Мақұл ма? «Пайзысо сожаңы»1 осыны айтып, тағы бір зекіп тастады да, жолхат тексерушісіне күле келіп күбірлесіп, біздің жүріп кетуімізге рұқсат етті. Арбаларымызбен тым болмағанда екі сағат тас тасып алмағанына тыжырынып, жағы мен мұрны қисайып кеткен қара сұр тексеруші сырт айналғанда, болдырған аттарымызға бҽріміз жабыла сыбырлап «шу-шу» айтыстық та жаяу шұбыра жҿнелдік. – Япыр-ай, пиғылдары қатты бұзылған екен, бізді жҽркемдеп тастай жаздады-ау мыналарың!– деп күрсінді Қуат. 3 1

Жыңса жүй – Жинча жүй (ханзуша) – сақшы мекемесі, прокуратура. Пайзысо (Пайчусо) – (ханзуша) – сақшы бҿлімшесі. Сожаң – бҿлімше бастығы.


– Ҽлгі бастығы тҽуір екен, «түсі жылыдан түңілме» деген ғой. Менің кҿз алдыма Нұрия жайнай қарап жарқ ете түсті де, ғайып болды. Бар жҽннҽтім сонымен бірге кеткендей елең ете қалдым. «Біз Үрімжіге қайта алмайтын жағдай болса, кҿтерілістің орталығы болған Алтайдан оны қайтарар ма?... Осы бойы кездесе алмай кетер ме екенбіз?... Жоқ, Нұрияшты кҿрмей тұра алмаспын... Ондай жағдай болса, Алтайға ҿзім кетемін! Осы сұмырайларға қарсы соғысқа Қабенмен бірге аттанамын!... Жақсы ат тауып, жол білетін біреуге ерсем болған!...» Ұты сожаңының «қызыл кҿпір» жайындағы жұмбақты сҿзін жол-жҿнекей сұрап ұғыстық та, содан бес күн ҿткенде жетіп, кҿзбен кҿрдік. Сҽске түс, күн шыжғырып тұрған ыстық еді. Дҿрбілжін қалашығы сары ҽйнек бҿтелке ішінде қусырылып, тұншығып жатқандай тым-тырыс. Шҽуешек кірекештері ат тынықтыру үшін Емілдің бер жақ жасаңына тоқтағанда біз кҿпірге қарай жүгірдік. Бір ғажабы, ары-бері ҿткендер кҿпірмен жүрмей, Емілдің суын кешіп ҿтіп жатыр. Қолдарымен иҽ орамалымен тұмшаланып, ауыз-мұрындарын баса ҿтеді. Кҿпірдің аржақ аузында күзет үйшігі, оның аржақ сыртында бүкіл қалашыққа қақшия тҿніп тұрған биік потай. Тұс-тұсқа қаратылған атыс тесіктерінен ұзынды-қысқалы мылтықтар үңіледі. Ұшар басына сирақты плимоттан үшеуі құрылып, үш жаққа қаратылыпты. Ҽйт десең-ақ ажал тҿгемін деп тұрғандай. Ҿздерінің қорқпауы үшін түн бойы тарсылдап шығатынын жолда естігенбіз. Кҿпірдің орта шенінде қадаға шаншылған адам басы қарауытады. Біздің жолай естіп, кҿруге асыққанымыз осы еді. Бұл – Түсіпбек атты мерген аңшының басы. Мылтығы бар деген кҿрсетінді бойынша Мойынталдағы үйінен ұстау үшін сеп жая жеткен «сары аяқтардан» Түсіпбек жалғыз атымен ғана қашып құтылған екен. Бесатар мылтықты түтігі мен дүмін кесіп ықшамдап, «жеңілмылтыққа» айналдырыпты да, екі-үш ай дала безіпті. «Қашып бара жатып, жеңін қайрыла бір кҿтергені бір сары аяқ» деп, батырлық аңызға айналған. Бір реткі қоршауда оғы таусылып, қолға түсіпті.... «Сары аяқтар» ҿз мықтылықтарын ҽйгілеп, халықтың үрейін алу үшін, «Түсіпбек бандының» басын атақты қызыл кҿпірге ҽкеліп шанышқанына бір апта болған екен. Үкімет жүрегі де, ҿлген аңшының басы да соншалық сасып-шірігендіктен адамзат жоламайтын болған сол кҿпірді сасық кҽнік «сары аяқтар» ғана мекендеп тұрыпты. Ҿлі сасықтан тірі сасық қорықсын ба, осындай батырлықтарымен де айқұлақтанып, мақтана түсу қажет болғаны ғой!... Қала халқы қайшылыса базарлайтын сол кҿпіріміз Түсіпбек басы шаншылудың алдында да талай асыл денені шіріту кҿрмесі болғанын сыбырлардан ести шегіндік. Қалада туыс-қиыстарымыздан ешкім қалмай, ҽр қыстақ, ҽр түкпірге кҿшіп шығып кеткенін хаттардан ұққанмын. Бағдарқан ҿзі сол ұйымның хатшылық қызметіне орналасқанын жазған ғой. Бұрын ойдан-қырдан тоғысып, тойдай сапырылып жататын ұлттық қызмет ауласы иен қалған тҽрізді, алабота мен ошаған қаулап тұр. Есіктердің


тұтқалары мен салынған құлпын тат басыпты. Ашық тұрған бір есік алдына барсам, Бағдарқан сонда жалғыз отыр екен. Ұшып тұрып құшақтай алды. Денсаулық-амандық біліскен соң-ақ ұйым қызметкерлерін сұрадым. «Хатшы бҿлімі» аталған Бағдарқанның ҿзінен басқа ешкім қалмапты, ұйым қызметі жабылып, ат-атағы бар қызметкерлер тегіс халық арасындағы үгіт қызметшісі атымен ҽр жаққа тарап кеткенін айтты. – Соларға үгіт қолданбаларын жіберіп тұратын кҿшірмешілікке мен ғана қалып отырмын,– деді Бағдарқан. – Үгіттерің не жайында? – Ең негізгі тақырып – Гоминданның «зор қамқорлығы»,– деп күлімсірей күрсінді. «Шың Шысайдан қамалған азаматтарды түгел босатамыз, түрмені азайтамыз, бандылар тазаланып болған соң тіпті түгел дерлік шағып тастаймыз» дейді. Бірақ, ҿздері түрмені бұрынғыдан үш есе кҿбейтіп, іргесін бетон-сементпен қатырып жатыр. – Одан басқа қандай үгіті бар? – Басқасы «үгітшілердің қосымша міндеті» деп аталады. Куҽлік – жолхатсыз қонақтарды, кҿбірек қыдыратын «суық жүрісті» адамдарды байқай жүріп, пайзысоларға ұстасып беру керек. – Тыңшылық деші! – Жоқ, тыңшылықтан «абройлырақ»,– деп күлді Бағдарқан. Түрмені босатамыз деп сҿйлей жүріп түрме толтыру, қылышты шағамыз деп адам шабу – мұның аты. Жҽ, Биға, кҿшеден тамақтанып келіп сҿйлеселік! Алға қарағанси тұрып, артқа шаптыру сияқты талай «зор қызметтер» бар ғой! – Ораз сақау бар ма?.... Соның үйінен ішерміз... О, сенің қызметіңе болайын,– деп түрегеле құшақтап сүйдім Бағдарқанды. Оның етті, сопақша қара кҿзі қызғылт тартып, жасаурай қалды. – Ашынышты-ақ, Биға!... Қызмет емес, миыңа ине шанышқандай ең ашты азап!... Бағдарқанның бүйректей томпақ қызғылт жүзі сұрланып, ашаң тартқан екен. Қамшыл, ойлы болып ҿскендей, екі қасының арасына ҽлден қос сызықша ҽжім түсіпті. Одан жол-жҿнекей сұрағаным, Нұрасыл ағасының жайы болды. Кҽкім мырзаның ең алдымен Нұрасылды кҿрсету арқылы мҽнсапқа шыққанын айтты ол. Сақшы мекемесі «жыңса жүй» аталып Гоминданға ҿтісімен, «Нұрасыл менің атымды ұрлап беріп, Советке адам қашырды» деген шағыммен бір қаматқан екен. Нақақтығына куҽлік үшін Дҿрбілжіннің кҿп адамын ертіп апарған Құрышбек құтқарыпты. Кҽкім екінші рет «Нұрасыл бандылармен астас, Алтайға Қобық арқылы адам жіберді» деп шаққан екен. Жіберді деген саудагер досы Қобықтан қайтып келіп, ақталғанша тағы бір жатып шығыпты. Сҿйтіп, нақақ болса да нақ қаматқан соң-ақ Кҽкімді Гоминдан бауырына тарта жҿнеліпті. Мұндай қыран жалақордың мыңдап қыруға да сылтау тауып бере алатынын қожайыны білмесін бе? «Іздегенге сұраған» солай табыса кетіпті. «Қанқұйлы Кҽкім – Шаңзұң Кҽкім болғалы шақылдауы күшейіп кетті, үшінші рет қамалса қайтып шыға алмаспын, кҽсіпті қаладан алысырақ кетіп


істей тұрайын» депті Нұрасыл бір күні. Сҿйтіп, бала-шағасын қыстақтағы қайын жұртының қасынан жер үй қазып орналастыра кеткен екен. – Міне, екі ай ҿтті, Нұрасыл ағаның қайда жүргенінен хабар жоқ,– деп күрсінді Бағдарқан. Жер Дҿрбілжіннің теріскей жақ етегіндегі Ораз үйінің желкесінен бір потай орнап, тҿбелерінен қыдия қалыпты. Есік алдынан шешесі амандасып кіргізді бізді. Ораз сақау үйленіп алған екен, үлкен үйінің қарсысындағы қызыл шымылдықты отауында қарсы алды. Құшақтай амандасқан соң-ақ қолтықтап апарып жас келіншегіне жабыстыра қойды: – Сүйші бір-р-р, қане!... Ҿй, кемпір-р құшақтасаңшы, алыстан шар-ршап келді ғой, сен сүй... Сҿйтіп, біраз күлісіп алған соң күрсіне келіп отырды қасыма. – По шір-ркін, аман кҿр-р-ріскеніме қуанғаным-ай!... Мына потайдың астында отыр-р-рып, тір-рі кҿр-р-рісуден үмітім аз еді. Ір-ргесіне бір-р гранат түссе-ақ мені баса құлағалы тұр-рмай ма? – Қазірше басқа кесірі жоқ па? – Кесір-рі болғанымен кет дейтін күш бар-рма бізде, ҿзіміз кеткелі отыррмыз. Бізден қайнаған су алып тұр-рғандықтан қазір-р шақылдаған жоқ, қатынымның тҿбесінен қар-рқылдасып қана қояды. Мынау қызыл желекті емес пе, қызыл кҿр-р-рген қар-рға сияқты, жапыр-рлай тҿнеді бер-ргі тесігінен. – Қойшы-ей! – деп күңк ете түскен келіншегі сықылықтап күле жҿнелді есікке. – Мінеки, солармен құпиялығы бар-р осының!... – Қазір не істеп жатырсың? – Қазір қатыныма қар-рап отыр-рамын, ішім қу. Мұны бағамын деп шығып кетсем-ақ сол бағатынымды қағып кетпей ме анау құзғындар-р. Есіктің алдына отыр-рып ап балтамды қайраймын, «үйіме басынып кірсеңдер-р-ақ бастарыңды кесемін» дегенім ғой!... Түнде тҿбемізден плимот тақылдатып тұр-рады. Қатыныма ең болмағанда бала тастатады-ау деп қор-рқамын. – Газет-журнал оқып тұрмысың? – Бұлар-рдың газеті қазір шылғи ҿтірік, сонда да оқимыз оны. Ал мына жақтікін ҽкем анда-санда шығып тауып ҽкеп тұр-рады. «Қазақ елі», «Шаррық ақиқаты» деген журналдарының да бір-р санын кҿр-рдім. Ҿте тамаша!... Оқып болған соң қайтар-рып бер-реміз...ей, мына жақ күшейіп кетті, немісті қусыр-рып, қуып бар-рады, қазір-р күн сайын жеңіс!... Ораз шҽй жасауға кірген шешесіне қарай кідіріп, қалпағын тастай салып еді. Қырылған басы жарқ ете түсті. – Ҿй, Айдарың қайда кеткен? – дедім мен. – Қатын ҽпер-рді ғой, айдар-рын апам енді немер-ресіне қояр-р,– дегенде шешесі қарқылдап рахаттана күлді. Енді шынымды айтайын,– деді шешесі шығып кеткен соң, – айдар-рлы баланың қатынын ҽркім айналдырмай ма. Мына тҿбедегі құзғындар-р құр-рқылдай бер-рген соң, мені баласынып, басынатын шығар-р деген оймен алдырып тастадым...


Бағдарқан менің келгенімді үйге хабарлау үшін кҿшеге шығатынын айтқанда, бірге қозғалған менің тіземді қолымен баса сҿйледі Ораз: – Шырағым, сен кҿшеге шықпай-ақ қой, қазірше ешкімді іздеме! – Ие, Ожа, жағдайды ҿзің толық түсіндірерсің, – деп Бағдарқан жҿнелді. – Соңдарына енді Гоминдан түскендіктен сабақтастарыңның кҿбі Советке қашып кеткен, – деп сыбырлады Ораз. Үрімжіден келе салып Бексапаң да жоғалды. Үйдің жалғызы болғандықтан қор-р болып мен отыр-рмын. Ҿмірбек те мен сияқты жалғыз ғой, ол да отыр-р. Алдыңғы күні ғана қыр-рға шығып кетті. Қалаң бұр-рынғындай емес, қатал түске енді. Гоминдан ҽсіресе мұсылмандарға ханзулар-рды қайр-рап салды. Байлар-ры түгел дерлік қан ішер-р сҽндуаға ұқсап кетті, қазақ кҿр-рсе-ақ «зиуазы», «туфи» десіп, кҿздеррі қанталап кетеді. Екі адам бас қосып сҿйлескенін кҿрсе, балаларын жіберіп итше талатады. Қала тұр-рғындары далаға, тауға кетіп жатыр-р. – Соншалық қашпай-ақ, іргесін бекітіп отырып алса қайтпек? – Бҽле... Биғабіл, ҿзің ҽлі бала екенсің-ау! – дегенде Ораздың үлкен қоңыр кҿзі жұмыла жымиды. Тыныш отырудың пайдасы қалды ма қазір!... Сарраяқтардың қызықпайтын нҽрсесі жоқ, қыз-келіншек иҽ ешкі, сиырларымызға ғана емес, тіпті ыдыс-аяқтарымызға дейін кҿзі тұнып тұрады, ар-ра түсушінің мылтық дүмінен аяғы иҽ қолы шағылады. Қайыр-ршыларды тінтіп, алтын-күміс іздейді... Зҽбір-р-зұлымға адам шыдағысыз, қайтып тыныш отыр-рар-рсың?... Ҿзіңнің оқып шыққан алтын бесік – ана мектебіңді кҿр-рдің бе?... Ие, кҿр-ре алмайсың жігітім, маңайына бастырмайды, сарраяқтар-р құжынап, кҿбі сонда жатыр. Мектептер түгел жабылып, ҽскер-ри казар-рмаға айналған!... – Айтпақтайын біздің мұғалімдер қайда?... Бар ма? – Бар-р. Бірнешеуі жала тұр-рмесін кҿріп, қызметтен қуылған. Қалғандарында да тұр-рақты қызмет жоқ, ауыл-қыстақ, сай-салада тышқаншылап күн кҿр-ріп жүр ҽйтеуір-р. Аттары – «үгітші». Олар-рды боррдай тоздыр-рған «сҽр-рсен саясат» болды ғой... Гитлер-рді «ғазырейіл» дегенім үшін Бексапа үшеуімізді тер-ргейтін Сҽр-рсен мұғалім ҽлгі?... Сондаақ шпион екен ғой. Гоминдан баптаған соң ең қыр-ран тазы сол болып шықты. Қазір Гоминданның аудандық бҿлімшесінде. Осы ауданда дҽуірлеп тұр-рған Кҽкім бай мен сол Сҽр-рсен саясат қана. Саған кҿшеге шықпа деп отырғаным сол, сабақтастар-ры Советке қашқан сені Сҽрсен жазбай таниды. Ол таныған соң-ақ құйр-рығыма «қалжур-р байланды» деп біл. Советке иҽ бандыға таңып, баужаң-жяжаңдар соғады сонсоң... Үй, тілімді кҿлденең тістеп алып, мен сақау сҿз бер-рмеппін ғой саған.. Жҽ... а... Үрімжіде не боп жатыр-р, соны сҿйлеші! – Ол қаладан «баужаң-жаужаң» дегендерің ғана кҿрінбейді. Басқа, шпионтыңшыларымыз жетерлік, бҽрібір осы ғой. Жалғыз-ақ ол жерде адам басын кҿшеге ҽлі шанышқан жоқ. Тұзақ-қақпандары мектеп пен мекемелерде, қасаптары жасырын, түрмеде. Дегенмен, орталық қала ғой, бұл жерге қарағанда сыпайыгершілігі ҽлі бар екен. – Бұл жер-рде шегінен асып кетті, Биға Түнде жүр-рген адамды қала ішінде сар-раяқтар-р ата салады да, қыстақтар-рда жаңгүдейлер-р ата салады. Мал


екеш малдың ҿлімі де ізделуші еді ғой, бұл жерде ҿлген адамыңды іздеп барра алмайсың. Осы кішкене қаланың ҿзінен-ақ он шақты қазақ баласын ұррып ҿлтірді. Оны тер-ргейтін үкімет жоқ. Тіпті ҿздер-рі құр-рал беріп қойған сияқты, ҽйтпесе кішкене балалар-р ыңғай икемді темір-р шоқпар-рды қайдан табады!... Сҿйтіп, халықтың жүрегін тҿтенше қар-райтты!... «Мың асқанға бір-р тосқан» дейді ғой, осылар-рға бір-р зауал! Халық бұлар-рдың жазасын бір-р бермей қоймайды, мен біліп отырмын. Таулы, далдалы жерлерде халық ыңғайланып қалды. Соны білген сараяқтар-р қаладан шыға алмай, қорржалардағы кейбір ханзулар-рды құралдандыр-рып жатыр-р.... Бҽр-рін естіп, кҿріп отыр-рған менің қаным тіпті қар-райып бар-рады. Бір-р шұр-рқан шыға қалса, жалғыздығыма қар-рай алмайтын сияқтымын, Биғабіл!... Ораздың осыншалық ашулы сҿйлеуінен зұлымдыққа қаны қайнап алғанын байқадым. «Иҽ, ҿмір бҽрін үйретеді. Жан біткенге жазық-жҽбірсіз ҿсуді бесігінен бастап үйренген осы жалғыздың енді қанға шҿлдегендей күйге түсуі, ҽрине, сол ҿмір молланың сабағы ғой!» деген оймен күрсіндім. Жолжҿнекей кҿргендерімнен ҿзімнің де осындай ызалы ойға келгенім есіме түсе қалды. – Жалғызсың ғой, сенің сақтануың керек, – дей салдым. – Жалғызсың деп сақшының сақтамайтыны белгілі болған соң, сақтануымнан «сақтанбауым» жақсыр-рақ сақтап қалатындай кҿрінеді. Екеуміз қатар күлгенде Бағдарқан тауып келген Биғазы кіріп құшақтай алды мені... – Келетініңді біліп ат ҽкелгенмін, аржақ шеттегі бір қораға байлап қойып келдім. Жүр, күн батпай шығып кетелік... Жүруге дайындала тұрып, Ораз бен Бағдарқанға бір пікірімді айта кеткім келді: – Екеуіңнің де жүректерің қарайған екен. Қарайғанда да Гоминданның қара ниетіне ғана емес, бүкіл ханзу халқына қарайған сияқты. Естеріңде болсын, барлық ханзу атаулы жау десек, қатері бар қате жолға түсеміз. Зор ұлтшыл Гоминданға шын ҿшіккен адам сол Гоминданның ҿзіне титтей де ұқсамауға тырысады. Ханзу халқы түгел жау емес, жергілікті кҿршілеріне ара түсетіндері де бар шығар.... – Бары бар,– деп жымиған Бағдарқан бҿлді сҿзімді, бірақ, ондайлардың ҿздері тұншығулы, ара түсе алмайды! – Ар-ра түскісі келетін ханзулар-р бар-р ғой, олар-р сыбыр-рлап қана жанашыр-рлық білдіреді. Мен ондайлар-рға титтей де бҿтен кҿзбен қаррамаймын, – деп Ораз күлгенде, бҽріміз күліп едік, менің қолымнан Биғазы тарта жҿнелді: – Ал, тез шығып кетелік... Екеуміз бір атқа мінгесіп, Емілдің шығыс жағындағы Ақсу, Маралсу ҿзеншелерінің қан жолды, күзеті бар қыстақтарынан алыстап, ҿткелдерден ҿттік те, түнделетіп «Бұрқанды қарасу» шалғынына сүңгідік. Үйіміз соның ортасында, бір тепсеңге салынған ескі тамда екен. Шалғайырақтан моңғолдың мұңлы ҽн сарындары ғана естілгені болмаса, жалғыз там тас қараңғыда жым-жырт мүлгиді.


Есік алдынан Биғаділдің үні саңқ ете түсті: – Қырау келді, Қырау!... Қырау! Түгелімен шүбіріп шыға келген үй іші жеткенше аттан ұшып түстім де, Биғаділмен құлақтаса кеттім. Құшақтасуымыз еді бұл. Бала кездегі қылығымызды сағынған сияқтымыз. – Бҽ...ле, баяғыларынша құлақтасып тұр ғой мына екеуі,– деп ҽкем жетіп келді де, кішкене сҽбиіндей басынан асыра кҿтеріп кетті мені. – О-о-о, күшігім, күшігім!... Қане, мұрыныңды ҽкелші, мұрыныңды!... Қане, кҿзіңді!... Маңдайыңды аш, маңдайыңды!.... О, күнім-ау, күнім-ау, ҽйтеуір аман келдің бе, құлыным?!... Соңғы сҿзі кемсеңдеп жылай шықты да, шешемнің алдына мені қоя салып жҿнелді. Құшақтап сүюге кезек күтіп тұрған Бигелді күлді онысына: – Енді Қырау үшін намаз оқығалы кетті, Құдай біледі! – Қуанышты кезде кҿрісу үстінде жылағаны несі албасты басқырдың?– деп екі шықшытымнан құшқан шешем, бойын созып екі қасымның арасынан ғана бір сүйді де, мені Бигелдіге ысырды... Сол кең пейілді құшақтардан күле шығып құшып едім Биғайшаның басын. Маңдайынан иіскеп, сүйе тұрып жылап жіберіппін. – Неге жылайсың аға, аманбыз ғой бҽріміз!... Бҽ...ле!– деп жайнаңдай күлді қарындасым. Мен ҿкси жҿнелдім үйге қарай... Ҽкемнің намаз оқуға кеткені рас екен. Түн ортасында оқылған уақытсыз намазға ата-анадан басқа бҽріміз күлдік. – Иҽ, дұрыс, бҽрің де күліңдер,– деп тұрды ҽкем жайнамазынан, бастарыңа келсін!... Илаһи сендер де оқудағы балаларыңды менше аман кҿріп, ҿмірлі болуын осылай тілеңдер!... Ал, келші Құрауым, менің алдыма отыршы, сағындым ғой! Екі жылдан бері ұмытып қалған еркелігім ұстай қалды сол кезде. – Алдыңа енді отырмаймын, кенжең ғой, Биғайша отырсын. Енді оны жылсыз сол орыннан тұрғызсаң разы емеспін! – Мен жаңа ғана тұрдым ҽкемнің алдынан,– деп күлімсіреді Биғайша, енді сен отыр, аға! Үнсіз қызықтағандай қарай қалған ҽкемнің орнына шешем тіл қатты: – Қарағым-ау, енді он жыл да кім бар, кім жоқ, ҿлмейтін сайтан деймісің оны! – Ҿлсе де сол мейірімді ҽке күйінде ҿткені жҿн. Кім ҿлмейді, тек жақсы қалпында ҿту ғана бар адамның қолынан келе бермейтін жұмыс! – О-о-о... құлыным,– деп тыныстады ҽкем, – бҽсе, тілің де ержеткен екен! – Тілім кҿсеудей болды, ертең-ақ кҿсегенімді кҿрерсің! – Кҿсеп ҿртеп жіберсең де енді ҿз билігіңдемін құлыным, келе ғой,– деп ҽкем емірене жайды екі қолын. Мен барып тізесін жастана құладым. Ол басымды алақанына сала аймалады, – енді сенің ақылыңнан шығатын ешқайсынымыз жоқ... Алдыңғы күні түсімде де осыны айтқамын саған... Жасаған жар бола кҿр осыны ма! – дегенде ҽкемнің жасаурап тұрған ұшқынды кҿзінен қос тамшы ыршып түсті менің кҿкірегіме. Екі шекесі қасқаланып, қылаусыз шашы сирей түсіпті де, сирек қара сақалына оншақты тал ақ кіріпті. Жап-


жарық оныншы шам жарығында мен ҽдейілеп тарай санап шықтым сол ағарғандарын. Дене бітімі тым берік, қайғы мен қамға шыдамды адамның талай қиын жылдар қыспағынан қурылған екі қасының арасындағы үш ҽліп сызық, қатар үш шатқалдай, тым тереңдеп кҿлеңкелене кҿрінді. Ҽлгі жылауы мен мінҽжатына қарағанда, мен туралы қорқынышты түс кҿрген сияқты ҿзі. Онысын айтпай, Биғайшаға бір қарап қойып, жаңағы маған қайтарған жауабына жаба тоқи үстеме қосты. – Биыл сені демалысқа келтірудің расходын таба алмай, қатты қиналып едім. Ҽйтеуір қайырымен... кҿріп отырмын. Ендігі істің бҽрі де сенің ықтиярыңда болады! – Менің жол расхотымнан қиналуларың бекер болған. Сақтаған жол расхотым толық еді. Ҽлі де жетерлік, – дедім мен. Биғайшаның алдында Оспаннан қанша мал алғандықтарын сұрай алмай буылдым да, үй мүлкіне қарай түстім. Жолда Биғазының айтуынша, қазірше алғаны бір ат, бір бұзаулы сиыр жҽне маған жіберген мың доллар ақша екен. Үй ішіндегі мүлік жаңалығынан менің кҿзіме алдымен түскені бұрынғы білте шам орнында тұрған жарық шам болды да, онан басқа үш-тҿрт жаңа кҿрпе, екі кесек жаңа киіз, толықтаныңқырап қалған ыдыс-аяқ кҿрінді. «Бұл ұсақ-түйек мүліктер – ҿз қолдарының кірі болар» деп тынышталып едім. Маған онан-мұнан құрап сақтаған тҽтті-дҽмді тамақтарын жеп ұйқыға қисайған соң екі жағымдағы ҽке-шешені тергеу арқылы Оспаннан жҽне тҿрт-бес қой-ешкі алғаны естілді. Ҽкемнің аржағында жатқан Бигелді бар сҿзімізді естіп жатыпты. – Астыларыңдағы екі кесек киіз естеріңде жоқ қой!– деп күліп жібергенде ҽкем оны шынтағымен түртіп қалды. – Тыныш жат қу шұбар!... Ақырын сҿйлеуді білмейтінің-ай осы сенің! «Екі кесек киізді адам торлау жолымен есептегенде тағы да екі қара ғой! – деген ойдан маңдайым бусанды. Дереу қайтаруға ҽке-шешені тағы да тақыр жерге отырғызып азаптаймын-ау!... Бұзауымен жеті-сегіз қара болады. Жан қалтамдағы ақша тҿрттен біріне жетер. Бірақ, Үрімжіге қайтуыма жҽне керек!...» Оспан молладан енді ешнҽрсе алмай қоя тұруды қинала ҿтіндім. – Биғайша жиырма жасқа дейін оқиды, мектеп жоғалса, үйде оқиды. Күйеуді сендер жақтырғандарыңмен ҿзі жақтырмаса, бҽрібір, жаман. Олай болғанда, мына алғандарыңның ине-сабақ жібіне дейін қайтарамыз. Тағы бірдеме аламын деп азапқа түсіп қалмаңдар!... Күн сҽске кҿтеріле ояныппын. Менімен амандасып қайтуға келген Бигелді таң атысымен қожасының егіндігіне кетіпті де үй іші абыр-сабыр бірдеменің дайындығына кірісіпті. Менің аман келуіме той, хауіп-қатерден аман сақтап қалу үшін тілеу ырымын жасамақ сияқты; есіктен шыға келгенімде, қосақталып байланған ақ сары бас қой мен қара серке елең қағып, үрке қарады маған. «Қалың малға мүлде шырмалып, тыпыр ете алмай қалармыз!» деген қатер мені де елең еткізді. Қоя бермек ниетпен байлауын шеше бастағанымда ҽкем кҿтеріп ала жҿнелді мені.


– Бұл Оспаннан алған мал емес, құлыным!– деді үйден ауаша кҿк жасаңға тікемнен тік тұрғыза қойып. Қойды сенің тілеуіңе шалуға Ерсұлтан атаң берген, серкені Құрышбек ағаң жіберіпті. – Құрышбек Ерсұлтанның ешкісіне қосқан серке.... Тойын да, тілеу-тиязын да тойтаруыма ҽкем тойтарылмай қойды. Маңайдағы алыс-жақын, туыс-жұрағат, құдандалар түс кезінде жиналып болды да, Биғазы сақалдылардан ақ сарбасқа бата тілеп алып ұрды.... Қонақтар аттанып тарасымен ҽкем маған ым қағып, Оспанды кҿк майсаға апарып отырғызды. Мен арттарынан ере барып, қиыстап отыра бергенімде бастады сҿзін: – Ал Молла, сен жақыннан бері жақсы тілекпен «сүйек жаңғыртуды» сұрағансың. Балаңды да, ҿзіңді де кемсітпейтіндігімді, бірақ ант етіп сайлап қойған Биім бар екенін айтқанмын, солай еді ғой?... Сол биді алыстан ҿзің арқалап ҽкелдің, рахмет, міне отыр, енді ҿзің сҿйлес! Оспан молла кҿп дҽретпен бұйраланған дымқыл сары сақалын сылай тыңдап отыр еді. Соңғы сҿзге келгенде шұлғып-шұлғып жіберді. Қарашығы томпақтау сопақша кҿзі жұмыла күлімдеп, түлкіше жылтыңдай қалды: – Иҽ, айтқансыз Жҽке, Қабыкен менің де балам ғой. Сіз «биім біледі» дегенде, мен де осыған жүгінуді құптағанмын. Алла Тағала ғұмырлы етсін. Кішкене кезінен-ақ ақылы кҽміл екенін сезетінмін. Менің Дүйсенімді ҿзі де білуі ықтимал, замандасы ғой. «Теңін тап та тегін бер» дейді, бірақ мен тегінші емес, осы балалардың жолына қолда барымды тҿгушімін ғой... Ҿзі айтсын қане, жүгіндік ақылына! – Ҽкелердің алдына түсіп ақыл айту бала үшін ұят шығар,– дедім мен. Сҿйтсе де келешекте болуы мүмкін, үлкен ұяттың алдында кішкене ұятты құрбандыққа шалуға тура келеді, сҿйлейін. Мҽселен, сіздер жасы толмаған балаға мал алысып, мал берісіп отырсыздар. Бұл оның кҿзін қара шүперекпен кішкене кезінен таңып, мал құйрығына байлап, малша сатудың құдалығы болады. Мұндай құдалықтарыңыз қарындасым үшін обал да, мен үшін намыс. Биғайшаның адамдығы қашан жасы толып, камелетке келгенше оқуды, ақыл толған соң ҿз еркімен, ҿзі ұнатқан жеріне баруды шарт етеді. Сол кезге жеткенде балаларыңыз бірін бірі ұнатпай қалса, сіздерді ұят қана емес, үлкен масқаралық басады. «Теңін табу» деген ҿздері бірін-бірі шын теңім деп таныған шақта ғана дұрыс сҿз. «Теңі» деп сырттарынан тели салу зорлықпен малша қосақтау болмақ. Ал теңім деп табысқандарды «тегін беру» – адамның ісі... Ҽкелердің алдында тілмарсып кеттім-ау деймін, менің айтпағым мынау: балаларыңыздың ҿздері теңім деп табысатын шаққа жеткенше екеуіңіз бір-біріңізге жабыспаңыздар, ақылдары толып, сондай жарастыққа ҿздері жеткенше қалың мал ауысуларыңызды құптамаймын! Сҿзім жартылай бергенде қасыма шешем келіп отырып еді. Ол тҿмен қарап ойланып қалды да, екі шал бір-біріне қараса берді. Ҽкем, «айтпап па едім» дегендей үстемірек салмақпен қарады да, Оспанның томпақ қарашығы тағы да жылтың қағып, түлкі бейнесін айқындай түсті. – Хұп сҿз, бір сҿзінде ағаттық жоқ... Бірақ, Қабыкен біздің ағайын ара азынаулақ ауыс-күйісімізді қалың мал деп ұғатын тақылетті.


– Ҽрине, солай,– дедім мен сол қу кҿзге енді тура қарап. Ол қалың мал болмай қара Жаппардың бетіне берген кҿрімдік болмақ па?– дегенімде шешем сақылдап күлді де, ҽкем тұла бойымен солқылдады. «Ағайындық» арасына келіспеушілік кіре қалса тебеннің теңге болып терілетінін кҿрмей жүрсіздер ме?... Иенге жайылса да есепсіз мал қайда болған? Оспан кеңкілдей күліп шұлғыды басын. – Қулықты кҿп-ақ оқыпсың-ау балам, хы-хы-хы ҿркенің ҿссін айналайын, Алла Тағала бақыт берсін. Болыпсың! ...Жҽке, «жақсы туса ел ырысы» дейді, иншалла, біздің сүйегімізге сіңір, берекемізге ырыс болғай-ақ!... Биррахматика иҽ архамар-рахимин, ҽмін Аллаһу ҽкбар! – деп молла бетін сипағанда ҽкем де сипап жіберді. – Ал енді, сиынарымыз Алла, жүгінеріміз ҿзің ғана боларсың мұнан соң, айнығанымызды аруақ атсын, біздің хақ тілеуімізді ҿзің бекемде! Берекемізді күшейтетін тоқ етер сҿзді айтшы қане! – Айттым ғой молла еке, «айтып қойған соңғылыққа жақсы». Қалың мал алмаймыз. Биғайша камелетке толып, ҿз басын ҿзі билей алатын кезге жеткенде, разы болса отауын сізбен қатар тұрып тігісіп береміз. Шынайы жақындық береке осылай болмақ. Одан бері «ақ бата», «күйеу», «қалыңдық» деген сҿз шықпасын! – деген сҿзіме молла ыңылдай ойланып қалды да, сҿзді сол ыңылымен қоздатқалы отырғанын байқап мен шорт қайырдым. – Ҿзіңізге белгілі, біз «бай болып кҿргеміз жоқ, кедей болып ҿлгеміз жоқ». Берген малыңыздың ҿзі тұр, кештетіп айдап Биғазы жеткізіп салады. Ал маған жіберген ақшаңыз, міне!– деп мың долларын алдына қойдым. Алмақтың бермегі бар. Рахмет! Ал мұным сіздің талабыңызды бүкілдей тойтарғандық емес, уақыты жеткенде балаларыңыздың жарасқанын кҿрсек, біз бар ниетімізбен дайынбыз! – Алла сақтасын, балам, Алла сақтасын, бұларды қайтара кҿрме! Иншалла, мен бардам кісімін ҽрі кҿне сары сүйегіңмін ғой. Жақынның жақындығы қиыншылықта кҿрінбей ме? Алланың ұлы есімімен ант етейін, бұл ақша қалың мал есебінде емес, ел азаматы болғалы тұрсың, сенің жолыңа еткен жақындық кҿмегім ғана. Балам, мен де ҿз ҽкеңдей дұғагҿйің болайын, ізгі ниетпен созған қолымды сыртқа қаға кҿрме! «Алла» аты шыққанда шешем маған жалтақтай түсті де, ҽкем ҿз уағдасын сақтағандай, қасарған қалыппен отыра берді. – Қырау,– деді шешем ақырын ғана, – Алланы ауызға алып отыр ғой, молланың бұл ықыласын қайтармашы балам!... Құдалыққа құдай қоспаса қайтарып берерміз, сенің айтқаның болсын, қарындасың оқысын да, разы болса ҿз еркімен барсын!.... Солай ғой молла, Алланың бұйрығын сабырмен күтеміз, асықпаймыз, дұрыс қой?! – Солай құдағи! Қамсыз оқуына хақ-алал ниетпен ұсынған кҿмегімді қайтармақ болғанына қамыққаным болмаса, айтқанының бҽрі дұрыс. Мен де ҿздеріңмін, осы Билеріңнің аузына Алла нені салса сонымен-ақ жүрдім. Илаһи амин... Аллаһу ҽкбар!... Алалы ма, арамы ма, маған берген хақ батасы ма, құдалыққа жасаған «ақ батасы» ма, ҽйтеуір бетін едел-жедел екі сипап молла қайтты.


– Амалсыз кезімді пайдаланып алдырып қойған малымен жығып... ертең-ақ «бер баламдысымен» асықтырарма деп... қиналып жүр едім,– деді ҽкем, кідіре-кідіре сҿйлеп. Шоқыншақтығыңның пайдасы бір тиді-ау осы жолы, құдайын аузына алғыздың ғой, енді шарт-жағдайы келмей жығыла қоймаспын!... О-о-о құлыным! – Байқамасаң жыққанды былай қойып, жұтып қояды ҽке, кҿрмеймісің сақалының ҽр талы кеңірдегіне қарай тармақша иіліп, тартып тұрғанын! – Қарашы тілін... о, күшігім-ау!– деп емірене күлді ҽкем. Қанша айтқанмен молла ғой, Құдайын ұмыта қоймас!... Ҽкемнің сол «күшігін» ҿзі мен Биғазыға қоса Оспан молла қонаққа шақырды бір күні. Мұнысының да қармақ екенін білгеніммен бармай қалуыма сылтау табылмады. «Маңдайға біткен» жалғыз атқа ҽкем мені зорлап мінгізіп, Биғазы мен ҿзі Оспан жіберген кҽрі биелерге мініп барды. Ауылы не дҽуір алыс, тау бҿктерінде екен. Бізге туыстас келетіндерден де, ҿз жағының күйлілерінен де кҿп адам шақырыпты. Қой емес, серке емес, құнандай құла тайды айтулы Дүйсені жетектеп келіп, алты қанат киіз үй есігінен бата сұрағанда басталған жүрек қобалжуым ҿрекпуге кҿтерілді бір кезде. Ауыл сыртынан тасыр-тұсыр шауып келген кҿп ат дүбірі естілді. – Кім мына аттың иесі?– деді біреуі ақыраңдап. «Баужаң!», «баужаң келді!» «бұл пҽле не іздеп келді екен!» деп күбірлесті де, үй толы адам тына қалды. – Үрімжіден келген силы қонағымыздың аты, – деді бір ҽйел сырттан. – Шақыр, ер тоқымын алсын! – Қабыкен ҿзің шығып бірдеме айтпасаң бізден лаж жоқ бұл мұнапиққа,– деді Оспан күбірлеп, – атыңды ҽкеткелі тұр. Ҽттегені-ай, жасыруды ескермей қалғанымыз-ай!.... Бұл елдің сыпыра тай, құнан, кҽрі бие мініп жүрген себептері есіме енді түсті. – Таста қалпағыңды, кердиіп шық,– деп күбірледі артымнан ерген Биғазы. Қолыңды артыңа ұстап бар да, жауап бергенде мықыныңды тіреп, түйіле сҿйле! Тетелес ағаның бұл режиссорлығына күле шықтым. Айтқанын орындамадым. Дҽл қазір ҿзім де кердиюден құралақан емеспін ғой: құрым етік, галифе сым, ҽскери форымдас сұр кител, шекеге орнаған фуражка, шырай ақ сұр. Мұндайда от шаша қарау керек екенін кҿзімнің ҿзі де біледі.... Келгендер он шақты кісі екен, жеті-сегізі биелердің артына тҿніп, шабына үңіліп жүр. Мұны кҿргенде сескенсем де сес білдіріп, күле сҿйледім: – Ҿй, сіздер не бұйымтаймен келіп едіңіздер, мойын созғандарыңыз биенің аузы емес қой? – деп сымымның жан қалтасына қол сала, шалқалай күлдім. Үйдің іші, сырты ду күлгенде үңірейгендердің ҿздері де күліп жіберді. – Мынауың бір пҽле ғой ҽке,– деп күбірлей шегінді біреуі. Ат үстінде шіренген жуан қара сұр, түскі шақырайған күннің ыстығынан түтігіп, ҿзі де шақырая қарады ҽлгі шегінгенге. – Мына ат сіздікі ме?– деді сонан соң маған қайта қарап, бҽсеңдеу үнмен сұрады.


– Иҽ, менікі! – Ҽскерге ат керек, ер тоқымын ала тұрыңыз, ертең қайтып келеді! – Келу-келмеу жҿнін қоя тұрып, менен жҿн сұраңыз, қазір мен ҽскерден де асығыспын ғой! – Сіз қай жерден? – Үрімжі сыфан мектебінен! – Үрімжі сыпа!... сот мекемесі ме? – Иҽ,– деді арт жағымда тұрған Биғазы іле жауап қайырып, – бұл кісі соның тергеушісі. Күлкіден жымия түстім, сонымның ҿзі мығымдықты бейнелегендей сезілді. – Баужаң, мырзаға сҽлем айтыңыз,– дедім сол жымиған қалпыммен, – менің атыма ауыз аша кҿрмесін, қонағымын ғой, иҽ, ҿзім де ұшырасып қалармын! – Ауыз ашқан біз емес, ҽскери бұйрық қой тақсыр... болды, сіздің аттың жҿнін айтармын... Ей жігіттер, басқа ат жоқ па екен?... Басқа ат жоқтығын білген баужаң «шап зерттеушілерін» далақтатып шаба жҿнелді.... Екінтіде желінген түстіктен соң «Үрімжі сотынан келген тергеуші» күлкіге қалған баужаңға енді кҿрінбеуге асығып, кештете қайтты. Үрімжіден келгелі Нұрия мен Қабенге екі рет хат жазсам да, жауап ала алмай жүр едім. Сегізінші айдың жарымында бір конверт ҽрең жетті. Нұрияның ҿз қолымен, Қабеннің атында Үрімжіден жазылыпты. Алтай-Тарбағатай почтасы жүрмей қалған соң, Нұрия тез қайтып барып Үрімжіден жазғанын біле қойдым. Қабеннің сҿзі ретінде «достық сағынышын» айтқанда жүрегімді махаббаттың мамықтай жұмсақ, ыссыз тұнық жалыны балқытып еді, хаттың соңына келгенде сол жалын шыжғырып, бүріп жібергендей сезілді. Тҿрт мың доллар ақша жібергенін айтыпты. Маңдайымнан намыс қиналысының тері бұрқ ете түсті. Жағдайларын ел билеп кетпесін дегені ғой тағы да. Намыстану сезімі лезде аяныш сезіміне ауысып, мен үшін соншалық қиналған, дем алмай қайтқан жанқияр махаббатқа, тірі жетім жас қызға жаным қатты ашыды. «Ҽкелі-басқорғанды қыздың мен үшін маталуына ашынғаны ғой!» Ақша шегі конверттің түбінде екен. «Достасқан Алтайлық бір сабақтасымнан сұрап» алғанымды айтып, Биғазыға ұсындым да, Оспаннан алған малдарының есебін қайтара тұруларын ҽкеме тапсырдым. «Тез жетуім керек оқуға, ҽрине, ҽсіресе Нұрияшқа», ҽке-шешенің айрылғысы келмейтін ҽйеншектігіне қарасам, кім болмақпын. – Қара судың азғантай қамыс-құрағы қанша жасыра алмақ, «сот тергеушісі» кім екені ашылмай тұрғанда Үрімжіге жетіп алайын, енді бір жылдық қана оқуым қалды ғой, – дедім оларға, – қасқыр баужаңнан тергеушілік айбармен ҽрең алып қалған атты тығыңдар иҽ иесіне қайтарып беріңдер!... Ұлы, мҽртебелі тергеушім, бұл тарауда ашылған қылмыстарымның алдамшылықпен ат жасырғанымнан ауыры жоқ шығар. Ҿтіріктен тергеуші болып кҿрінуге дҽтім қалай жетті екен!


Құдай болып кҿрінгісі келген перғауынның1 Құдай тағала алдындағы қылмысынан аспаса, кім түспес-ау бұл! Олай болатыны, бұл сіздің алдыңызда ҿткізілген саяси қылмыс қой! Бірақ бізде, «құба құстың2 аузы етіңе тисе, атаңның түрі тұрмақ кҿріне кірерсің» деген мҽтел бар. Атымды алғалы ажал келгенде тажал болып кҿрінуден басқа не лажым болмақ? Бұл бҿлімнің қай тарауынан болсын, дҽрменсіз айланың қылпын кҿріп отырсыз. Соның бҽрін қылмыс демей, «ақыл» дей бергім келеді. Тіршіліктен тиылмаудың, яғни қылмыстан тиылмаудың айласы ғой бҽрі де.

1

Перғауын – (ерте заманда Мысыр патшалары осылай аталыпты) Дін аңызында бір Перғауын ҿзін Құдаймын деп жариялаған. 2 Құба құс – итке қойылған ат.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.