Issuu on Google+

Еркін аспан өлеңі

Еркін аспан өлеңі Мұрат Шаймаран 1969 жылы 13 қарашада ҚХР-дың Үрімжі қаласында дүниеге келген. Іле педагогикалық институтының қытай тіл-әдебиеті факультетін бітірген. 1993 жылдан бастап «Күйтің газеті» қазақ тілі басылымында әдеби редактор болып жұмыс атқарған. 1

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН

УДК 821.512.122. ББК 84 Қаз 7-5 Ж 33 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы

Ж 33 Жасыл қанат нұрлы сөз. Жыр жинағы. - Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы. – 2009 жыл. 104 бет.

ISBN 978-601-7023-22-5

2

Қазақтың қайталанбас жазушысы, белгілі қоғам қайраткері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын құрушылардың бірі Қалдарбек Найманбаевтың 70 жылдығы мен мемлекеттік тілді насихаттауға байланысты жарық көріп отырған бұл жинақта «Отаным-жаным, ана тілім-арым» атты халықаралық мүшәйрасына қатысқан 30 аса ақынның өлеңдері іріктеліп отыр. Бұл Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жылда өткізетін дәстүрлі халықаралық жыр мүшәйрасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды. Жинаққа мүшәйрада жүлделі орындар алған жас қаламгерлермен қатар аталмыш байқауға шығармаларын жіберген алыс-жақын шетелдерде тұратын қазақ ақындарының туындылары топтастырылды. Бұл жинақтан қазіргі жас ақындардың қарымы мен шығармашылық қуатын байқауға болады.

Еркін аспан өлеңі

А 4702250202 00(05)-09

УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5

ISBN 978-601-7023-22-5

© Ұжымдық жинақ, 2009 © Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы “Атажұрт баспа орталығы, 2009


Еркін аспан өлеңі

Өлеңдер

3

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН

Алғашқы әуендер

Тырналар Жеткенін күздің естіртіп, Тырналар кетті тыраулап, Кеудемде жатқан ескі үміт Түсетін еді бір аунап. 4

Сарғаяды екен несіне, Самарқау жатқан дала бұл? Тырналар қайтса, есіме Келеді туған сол ауыл.

Еркін аспан өлеңі

Барады ұзап бал дәурен, Оралмай кеттім ол маңға. ...Әкеміз ескі арбамен, Кететін күзгі қырманға. Өтті екен бастан неше күз, Неше жаз өтті күлімдеп?! «Өмір-ай!» дейтін шешеміз, «Өмір-ай!» дейтін күбірлеп. Секемшіл еді жас жаным, Келердей суық бір хабар. Бозамық ауыл аспанын, Бөлейтін мұңға тырналар... Ол күндер өтті тым қатал, (Өткеннен белгі жоқ, сірә.)


Ағарды қанша шаш-сақал, Азайды қанша жақсылар.

Жанымда менің көп сұрақ: - Кім кетіп, ата, кім қалар?! - Өмірде байлау жоқ, шырақ... Барады қайтып тырналар.

Еркін аспан өлеңі

Тірліктің соңғы сәтінде Алқынар жүрек бұлқынып. Ұзақ бір жолдың шетінде Қария отыр күрсініп.

1990 ж. 6 қазан Студент сағынышы Қысқы кеште, пеш түбінде Ұршығыңды иіріп, Отырсың ба, жаным Апа, Көздеріңе мұң ұйып?!

5

Мазасыз бір түн үңіліп, Боран әнге сала ма? Кештеу қайтқан тентегіңдей Терезеңді қаға ма?!

Қиялшылдау жым-жырт бөлме, Үмітіңді сабақтай, Қуандың ба менен барған Әр хаттарды парақтай?! Терең сенің әжіміңде, Аналардың бар мұңы.

Мұрат ШАЙМАРАН

Отырсың ба секем алып, Әлде неден алаңдай. «Ер төстік» пен «Нан батырды» Тыңдайтын жан таба алмай?!


Мұрат ШАЙМАРАН

Бір аллаға тапсырдың ба, Жалғызыңың саулығын?! Қысқы кеште, пеш түбінде, Ұршығыңды иіріп. Отырсың ба, жаным Апа, Көздеріңе мұң ұйып... 16 желтоқсан 1990 ж. Мазалап мені Жанымда сыздап жарақат табы, «Қош!» дедің маған, Кеттің де жырақ. Тілейсің білем ішіңнен тағы, «Бақытты бол!» деп айтпайсың бірақ. Өзіңді қатал ұстағаныңменен, Көзіңнен тамшы барады құлап.

Еркін аспан өлеңі

6

Күндерді ойлап баянсыз болған, Күрсініп қана қоямын мен де. Ғайып боп кетсе аялсыз арман, Теңіздей толқып тулайды кеуде. Құлазып қалды жан дүнием менің Жолаушы болып қу медиенде. Тағдырға қандай боларсың сен кез, Несібең жатыр қаншама жерде?! Жаныңды сенің жұбатар бір сөз, Таба алмай-ақ болдым мен әуре. Жалғыздығымды сезіндім сонда, Көз жасым менің айналды селге... Қыз едің балғын, көктемнің желі Аймалап өтсе, кекілің ойнап. Басылмай қалған жанымның шөлі, Отырам сені оңаша ойлап. Мазалап мені елесің тағы, Жүрегім, құрғыр, сыздайды бейуақ. 1992 ж. 24 қараша


Сүмбіле жұлдыз туғанда

Қорқыттың қоңыр күйіндей, Жаулады мені тыныштық. Сүмбіле жұлдыз дірілдей, Маңдайда тұрды тым ыстық.

Еркін аспан өлеңі

Мүлгіген қою орманда, Адасып кеттім деп едім. Сүмбіле жұлдыз туды алдан, Жамылып бозаң желегін.

Ойлы орман жайса қанатын, Жанымды жұлқып секемім. Мезгілдің соққан әр сәті, Мен саған тәуәп етемін. Арыстан ойым жоқ әлі, Кәдігім менің әр сақта. Жетелеп мені барады, Бұраң да-бұраң соқпақтар...

7

Қалғиды таулар балбырап, Үрейлі түнді бүркеніп. Сүмбіле жұлдыз албырап, Тұрады жарқын нұр сеуіп.

Жортатын елес бұл маңда, Жаңғырып тұрса күлкің де. Сүмбіле жұлдыз туғанда, Адасып кету мүмкін бе?! 1992 ж. 27 шілде

Мұрат ШАЙМАРАН

Ақырғы күннің аңсаған Көзімде оты жарқылдап, Білмеймін, қалай мен саған Барамын шексіз жақындап?


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

8

Махаббат, қандай күйге салдың мені Махаббат! Қандай күйге салдың мені?! Құндағыңа алдың да әлдиледің, Нәрестедей аймалап, сүйіп-құшып, Сосын мен кеттім алыс биікке ұшып. Мың жүрекке тіл қатып көздеріммен, Сенен өзге дүниені сезбедім мен, Сезбедім мен бақытты кездерімде... Бойыма жан ыстығын қуат қылдым, Құшағыма ап мен сені, О, махаббат! Қуаныштан егіліп жылап тұрдым. Сонда мен ессіз ғашық екенімді, Дариға-ай, бірақ білдім. Махаббат! Қандай күйге салдың мені?! Баянды боп тұрмады шырақ сезім, Өзен кеуіп, суалды бұлақ көзі. Кеудемді асау қайғы ұрғылады, Сонда мен тұңғыш сездім шын жылауды. Көкірегімде көлкілдеп нала жатты, Шыр айналып аспаным бара жатты... Махаббат! Қандай күйге салдың мені?! Ес жидым, Сосын менің бар білгенім – Мәңгілік қасіретім боп қалдың менің... 1992 ж. 13 желтоқсан


Бозаң үміт

Музыка үні үздігіп, Даңғырлады барабан. Биге басты қыз-жігіт, Биге басты бар адам.

Еркін аспан өлеңі

Мен отырмын көңілсіз, Сен отырдың тіл қатпай. Екеумізде тек үнсіз, Шешілмейтін жұмбақтай.

Сонау қырда тынбайды, Кеудемдегі жасындар. Үміт-күдік тулайды Мына менің басымда. Ішілмеді шарап та, Тұрды бокал у толы. Тап болдым-ау тағы отқа, Сорлы жүрек үркеді.

9

Бозаң тартып тұрды үміт, Ойға баттым мен бөлек. Биге тартты бір жігіт, Сен биледің дөңгелеп.

Сөнді сезім, кім ие?! Өзімді-өзім құр алдап. Бара жатты дүние, Бұрымыңдай бұлаңдап... 1992 ж. 7 желтоқсан

Мұрат ШАЙМАРАН

Мені нұсқап жанарың: –Қызық, – дедің, – бұл «кісі». Тек жадымда қалғаны, Сол жігіттің күлкісі.


Мұрат ШАЙМАРАН

Жұбату жыры

10

Қамықпа сен, көктем де оралады, Бар әлем жылулыққа оранады. Көзіңде тұрған қатып бір тамшы жас, Ериді, жоғалады. Құдіретін сыйлайды саған әлі, Өтер-кетер күндер де санамалы. Жусан исі бұрқырап, жұпарға орап, Рухыңды оятады даладағы. Тентек теңіз кеудесі дамыл алып, Шағалалар шалқарға қонар әлі. Шың басына шығып ап ару – арман, Саған әлі бұлғайды орамалын. Еркіндіктің ақ қанат періштесі, Арнайды саған әнін. Қамықпа сен, өмірге бекер налып, Кесеңдегі бақыттың шарабына, Көз жасың кетер тамып... 1992 ж. 28 қараша.

Еркін аспан өлеңі

Сен отырсың қиял кешіп... Сен отырсың қиял кешіп тым ыстық, Әлдилейді сені жалғыз тыныштық. Терезеңнен үңіледі марғау түн, Еш алаңсыз періштедей бар қалпың. Иығыңнан төгіледі бұрымың, Есігіңнен ене алмайды ұры мұң. Түпсіз қара көздеріңе нұр ұйып, Әлденеге қоясың сен жымиып. Әйнегіңнен ұшқан бозғыл сәулеге, талпынады, Түсті көңілім әуреге. Хафиз айтқан ғашықтыққа сенбегем, Енді, міне, діріл қақты бар денем. Балғын бейнең баянсыз бақтай сезілген, О, дариға, барам құлап төзімнен.


Жетелеп мені... Жетелеп мені бір мұңды ойға, Асығып, өмір, барасың қайда?! Арылтар едім жанымнан дертті, Сен мені жалғыз қалдырсаң нетті. Шақырып мені жолдарым алыс, Кетер ем жайға жетпейтін дауыс. Барар ем өзен сағасын қуып, Жүзімді сынық толқынға жуып. Ауылдың қызы демімен шарпып, Уайымсыз, ойсыз отырсам балқып. Ішер ем шарап Хафизше шалқып, Қалар ем сәтке масаңдау тартып...

11

Мұрат ШАЙМАРАН

Маңына қазір мәз емес көңіл, Менсіз де жыршың аз емес, өмір. Ғаламның зарын құшақтап, сүйіп, Езіліп жүрек, Барады күйіп. Даламның нұры – көзімнің нұры. Үзілер ме екен төзімнің жібі?! Қайғының қара бұлттарын жасқап, Келейін шығып тауларға асқақ. Жадыма түйіп Махамбет жырын, Өршілдеу тартып, бекітіп буын – Қалтырап тұрған сары жапырақтары, Аулама сосын, оралам тағы... 1992 ж. 6 қараша

Еркін аспан өлеңі

Сосын аяз, Табанымнан сыз өтіп, Тұрдым сені үн-түнсіз мен күзетіп. 1992 ж. 5 қыркүйек.


Мұрат ШАЙМАРАН

Жас жүрек Махаббатшыл жас жүрек, Секемі көп әр неден. Шемен ойға бас тіреп, Тазармайды әуреден. Нені іздейді ол тегі, Еркіне қой, жекірме! Жұбаныш па ертеңі, Қуаныш па көпірме?! Жыртқыш аңдай ол да аса, Аласұрар тынымсыз. Өз дегені болмаса, Қалғаның жөн тек үнсіз.

12

Жансын, күйсін, мұрсат бер, Бетін қақпа, жасқама. Қыз ернінен бір сәтке, Дамыл тапсын, масқара! Тұрлауы жоқ біл енді, Шамшыл оның мінезі. Мынау байтақ дүниені, Құшақтардай бір өзі...

1992 ж. 25 қазан

Еркін аспан өлеңі

Өміріме Қарашаның күні бір, Қалтыраса жапырақ. Тартады аспан бұлыңғыр, Сарғаяды атырап. Жасын ойнап, жай атар, Алуан ойлар басымда. Қалғып кетсем оятар, Өмірім бар қасымда.


Қасіреттер жаныма, Көлеңкесін түсірген. Жалынбаймын тағы да, Өмір сүру үшін мен.

Еркін аспан өлеңі

Өзгеменен келіспей, Қарғыс жауса шелектеп. Төзім етем мен іштей, Өмір сүру керек деп.

Өмір барда аһ ұрдым, Қуаныш пен көз жасым. Сірі жаны ақынның, Білемін мен тозбасын. Намысымды еңселі, Жат біреулер пышақтап. Жатса дағы мен сені, Сүйіп өтем құшақтап... Жасын ойнап, жай атар Алуан ойлар басымда. Қалғып кетсем оятар, Өмірім бар қасымда. 1992 ж. 2 желтоқсан

Үн-түнсіз ғана қолымды создым бокалға, Ішінде оның шымырлап қана тұр шарап. Ескі дос отыр күрсініп қойып алдымда, Өткенін ойлап, қайыра қайта жыл санап. Өзгеше, тіптен, бүгінгі түннің реңі, Дірілдеп тұрды бозамық айдың сәулесі. Әлдебір нені жоғалтып оның жүрегі, Әлдебір нені тапқандай оның кеудесі.

Мұрат ШАЙМАРАН

Науаидың ғазалы

13


Мұрат ШАЙМАРАН

– Өткенді айтпа, Салауат болсын, – дедім мен, – Еңсеңді көтер, бүгіле көрме, батырым. – Жыр оқы, – деді. – Түңілдім мынау өмірден, – Жыр оқы, – деді, – Жырыңды сүйем, ақыным! Шараптың уы қанында ойнап сол сәтте, Қотарды маған ескі дос көңіл азабын. Үшінші адам, орнынан тұрып бір шеттен, Оқыды бізге Науаидың мұңды ғазалын. Отырдық сосын тілдесіп қана көздермен, Алдағы ұзақ жолдарды ойлап шақырған. Шараптың сыйы үстемдеу келіп өзгеден, Науаидың жыры қымбатты болып ақылдан... 1993 ж. 25 қыркүйек

14

Мен деген енді...

Еркін аспан өлеңі

Кім еді мені шақырған ымдап, Өткен бір күннің елесі ме еді; Бақыт па әлде баянсыз, жұмбақ, Әуре етті неге осы мені?! Дауылдар тербеп, көк теңіз алдан, Ашады құшақ, ашады бір сәт. Мазасыз тірлік, аялсыз арман, Дариға-ай, маған бермеді мұрсат. Кекілі ойнар күн нұрыменен, Жас махаббат, жас дәурен қайда?! Шақырса мені өз жырыменен, Үн-түнсіз ғана шомамын ойға. Өшіріп кеткен өз қолыменен, Тағдырым менің ізгі беттерін.


Шақырма мені көздеріңменен, Кездеспей кеткен, Қыз Жібектерім.

Еркін аспан өлеңі

Қорғасын бұлттар тұмшалап айды, Жырымды оқып елтеді бала. Мен деген енді махаббат жайлы, Айтылып кеткен ертегі ғана... 1993 ж. 7 желтоқсан Аян

Мұрат ШАЙМАРАН

Ұйқылы-ояу мүмкін мен, Түс те көріп жатырмын: Кейпін киіп сонау жыл өткен мұңды ақынның – Ұқсадым ба Науаиға, ұқсадым ба Омарға, Хафиз болып кеттім бе дала кезіп жоғалған? – Жалған! – деді, – дүние! – Жалған! – дедім мен іштей, – Ішу керек! – дегенде 15 Қалғаным жоқ келіспей. – Арман! – деді, – махаббат, Бас тартпадым мен әсте, Сұлулыққа сұқтану бізге мандат емес пе. Көзімізге қан толып, Ашу тепсе шырайға, – Айт! – дедіңдер, Айттым мен өз дәтімді құдайға. Шырылдаса шегіртке талмай жағы тамызда, Біз де солай зарладық, Кешіп жүріп қар-ызғар. Ақын деген алдымен ақиқатқа қарыздар... Опасыз ұл кетсе де намысымды пышақтап, Мен сендерше жыладым туған жерді құшақтап. ...Жүрегімді елітіп, Еркімді алса жыр асыл, О, Бабалар, түсімде аян беріп тұрасың. Өлеңімді құшақтап енер едім жұмаққа, Ол туралы ештеңе айтпадыңдар бірақ та... 1993 ж. 15 мамыр


Мұрат ШАЙМАРАН

Тоналу Жым-жырт қала көшесімен, Жандарша бір әңгүдік. Маған келіп кетесің сен, Елесіңді қалдырып. Жарық аспан, Мұңсыз дала, Тереземнен ай күліп, Мен қаламын үнсіз ғана, Әлденеден айрылып. Бейтаныс бір сезім үдеп, Жол бермейді матауға. Бірімізді біріміз кеп, Тонап жүрміз, О, тоба!.. 16

Іздеп таппай бір тұрағын, Жанымда жоқ еш тыным. Күрсінумен толтырамын, Көңілімнің бостығын.

Еркін аспан өлеңі

Қатал әрі кешірімді, Жұмбақ еді нағып бұл?! Таныс бір қол есігімді, Тағы, міне, қағып тұр. Бейтаныс бір сезім үдеп, Жол бермейді матауға. Бірімізді біріміз кеп, Тонап жүрміз, О, тоба..! 1992 ж. 23 желтоқсан


Егіз ғұмыр

Жатқан өлке дым тамбай ғасыр жүдеп, Бір нөсерді күтеді жасыны көп. Жете алмайтын зәулімнен құлаш ұрып, Жұлдыз ағып түссе де тым асығып – Қара жерге мейірімі құламастан, Мәңгілікке телміріп тұрады аспан... Бұл тірлікте бәрі де жөн сияқты, Өйткені, олар мені мен сен сияқты. 1993 ж. 11 қараша

Еркін аспан өлеңі

Қаңғыбас бұлт сүйейді тауға басын, Одан өзге сенері болмағасын. Аласұрған ақ толқын Қуат көріп – Аймалайды жағаны құлап келіп. Таба алмастан еш сабыр, Тағат, тыным, Әлденені іздейді сағат тілі... Жапан кезген жат елде жолаушы да, Қоналқы аңсап, сандалған болар, сірә?

17

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН

Мың жүрекке тіл қатып...

Сен тағы

18

Сен тағы жарқ еттің бе, Ғашық арман! Кезіктің бе өзен боп тасып алдан. Жеттің бе менің сонау күндерімнен, Көзімнің жасы қалған?! Сезімімді әлдилеп жөргектегі, Ғаламат күй кештірдің сен кеп мені. Сұрапыл тағдырымның суығынан, Махаббат, сөнбеп пе едің?!

Еркін аспан өлеңі

Киік – ғұмыр, секем күн секектеген, Кетті бәрі, парызын өтеп бергем. Сен бе едің түңілісті шақтарымнан, Тірлікке жетектеген?! Нөсер ұрып, Кездерде қар бораған, Балауса үміт дал ұрып жол қараған. Сен бе едің менің тентек жүрегімді, Үн-түнсіз жаулап алған?! Көз алдымда теңселер шынар – қайғы, Ұмыттым мен, айтпаймын мұнар жайды.


1994 ж. 5 қазан

Қош, жиырма бес Қош, жиырма бес! бүгін мен, Көзімде жас, көңіл мұң, Жіберемін өмірден, Қимасымды өзімнің.

Еркін аспан өлеңі

Махаббат! Оралды ол ән боп қайта, Өшпейді бұл ән мәңгі...

Жасынындай аспанның, Оқыстан тіл қататын. Көзіндей тас бастаудың, Шым-шым қайнап жататын. Діріліндей ауаның, Иісіндей жусанның. Жиырма бесім – даланың Төсіндегі нұр – сағым.

19

Жанарында күн жанған, Жалаң аяқ қар кешкен. Жиырма бесім – Біржаннан Маған қалған наркескен.

Уақыт, мені ырқыңа ап, Буындырсаң, буындыр! Жиырма бесім – шырқырап, Жүрген асау құлын – жыр. Шырқап салар әнімді, Маған соңғы сағат бұл.

Мұрат ШАЙМАРАН

Булығамын сөздерге, Лап еткізіп айта алмай. Ашусың сен көздерде, Тұнып қалған байқалмай.


Мұрат ШАЙМАРАН

Қанат, құйрық-жалыңды, Жіберейін тарап бір. Асқақтығым себепті, Мені мезгіл жүр аңдап. Желмен ойнар жел өкпем, Кете барғын бұлаңдап. Ақыныңа жығылмас, Қалса өмірдің қысы кеп. Қолдан ұшқан құлын жас, Жүресің-ау, кісінеп... 1995 ж. 13 қараша Сен ән салсаң

20

Сен ән салсаң, Жарқыл қағып жаныңның оттарынан. Арылам да жабырқау шақтарымнан, Көктемдегі сеңдей боп ақтарылам. Сен ән салсаң, Құдіретке кетемін сеніп бірде, Ұмытамын ақылды, ерікті де. Қасіретім кетеді көз жасыммен Еріп бірге...

Еркін аспан өлеңі

Қыран шабыт ұшады тым алысқа, Бар үмітім жүреді шырақ ұстап. Кеудем менің қайнаған жанар таудай, Жарылады қуаныштан. Сен ән салсаң, бұла қиял жетегінде, Дәріуішің боп дала кезіп кетемін де, Сеземін астан-кестен дүниенің, Әдемі екенін де. Құпиясын ашқандай тілсіз ғалам, Өрекпиді жүрегім жыр сыздаған. Ойға батқан ояу бір теңіздейін, Сосын, мен үнсіз қалам.


Еркін аспан өлеңі

Иіріміне батырып бұлаң ағыс, Жүрген мені мың құлап, Мың адасып, Құтқара көр, бұла дауыс! ...Қайтып тағат табамын жан ұшырмай, Сенің әнің ендігі тағдырымның, Асқақ бір дауысындай... 1994 ж. 6 қараша Далаңмен қайтқын сырласып (Қабай Сүлейменұлына) Тұңғиық ойға жол алып, Әуре болма, жарқыным. Тылсым бір сәтке тоналып, Байызда бүгін, ал тыным! Аулақта шулы күндерден, Ат мініп сонау қырға шық. Жұпарға толып жыр кеудең, Далаңмен қайтқын сырласып.

21

Басталар жолың ертеңге, Жаныңа жалын от берсе. Баябан туған өлкеңде, Айқайла даусың жеткенше!

Дауысы жаулап әр қырды, Бұлқынып жатыр бұла ағыс. Бұла ағыс сенің даңқыңды, Кетеді алып тым алыс. Лапылдап іштен өртеніп, Еркіңе қойма қарауыл.

Мұрат ШАЙМАРАН

Табылар бейнең бұл маңнан, (Жай ғана сезім емес бұл). Шық-тағы биік шыңдарға, Ойыңды көкпен теңестір.


Мұрат ШАЙМАРАН

Айтады саған ертегі, Ертегі сынды бар ауыл. Жымысқы уайым жеткенде, Жаныңа сенің бұрау сап. Беймаза мынау көктемде, Кеткенің абзал қыр аңсап. Жеріңнің туған нарқын бақ, Қазақтың ақын жас ұлы. Жанарыңда тұрсын жарқылдап, Қырдағы көктем жасыны. 1995 ж. 20 қараша Іңір келе жатады

22

Іңір келе жатады... Мендегі бар ақылдың көзін байлап, Аласұрды бұл жүрек өзіңді ойлап. Кешкі сәуле жан-жаққа шашырайды, Шашыраған бойыңнан сезімдей-ақ. Мен отырам оңаша жанып іштен, Сағыныштың шарабын қанып ішкен. Кешкі шапақ қызарып тұрып алды, Бетіңдей-ақ ернімнің табы түскен.

Еркін аспан өлеңі

Іңір келе жатады... Мынау жарық әлемді жаулап бірде, Меңіреу боп бір сәтке қалмақ дүние. Ақ қайыңның түбіне түн ұялап, Екеумізді беймаза салмақ күйге. Көзін ашты жұлдыздар нұрға бөгіп, Көкірегімді бір тәтті мұңға көміп. Аймалайды жүзімді бір ыстық леп, Сенің демің алыстан тұр ма келіп? Іңір келе жатады... Ұйқы пыр-пыр ұшады кірпігімнен, Төзім деген өртенді шырпы бірден.


Қазақ қызы Сен елес емессің, Табыласың өмірден. Қара көздерің мөлдіреп, Қолаң шаштарың төгілген.

Еркін аспан өлеңі

Өзіңе ұқсап кеудеме түн құлайды, Сыбырлайды ол маған жыр тілімен... 1994 ж. 12 қазан

Алма бетіңде нұр ойнап, Алмағайып өң берген. Жусанның иісі бұрқырап, Тұрады сенің кеудеңнен. Қиялдап шаршап не етейін, «Мың бір түніңнің» гүл қызын. Жүресің ертіп айдай боп, Аспанның барлық жұлдызын.

23

Дала қызғалдақтарына, Қызыға қарап келем мен; Сен соның рухынан, Жаралдым десең, сенем мен!

Майданға шапсам ту алып, Тағынып жарақ береннен; Мен мінген тұлпар сауырында, Кетемін десең, сенем мен! Жадыңда бір мұң, бір арман, Жанардан жалын сөнер ме?! Мынау бір жаңбыр – ақ жаңбыр Көз жасым десең, сенем мен!

Мұрат ШАЙМАРАН

Ән қосып Баян жырына, Салтыңды тұтып көнерген; Ғашығым үшін у жұтып, Өлемін десең, сенем мен!


Мұрат ШАЙМАРАН

Қиялдап шаршап не етейін, «Мың бір түннің» гүл қызын. Жүресің ертіп айдай боп, Аспанның барлық жұлдызын... 1996 ж. 27 қараша Көктемім келе жатыр Көктемім келе жатыр. Жасын ойнап жанарда және аспанда, Алма ағашы бүршігін жаңа ашқанда, Аласұрып жүретін бар ағайын Мін тақпайды ақыны адасқанда. Оятады бір үміт сілкіп мені, Жылулықтың кеудемде кілкіп демі. Ғаламаттай қара жер теңселеді, Қан жүгіріп, бойына шыр біткелі.

24

Жайды уақыт жап-жасыл жапырағын, Жүректерді билейді батыл ағын. Әр сөзіме булығып жүрем іштей, Мен соны айта алмай аһ ұрамын. Сейілмейді жаным бұл бір күрсінбей, Сосын ұзақ адасып жүрем, рас. «Соқыр теке» ойнаған бүлдіршіндей.

Еркін аспан өлеңі

Адастырған жанымды үміт-күдік, Мені өмірге жіберді құнықтырып. Сең ойнаған өзенге барамын да, Сосын қайтып келемін тұрып-тұрып. Көктемім келе жатыр... Күнді өткеріп, беймаза түнді өткеріп, Қырды аңсаймын кетсем деп дүрмекке еріп. Тебіреніс пе, білмеймін, теңдесі жоқ, Көкірегімде ағындар тұр кептеліп. ...Аспан толы құс үні ала бөтен, Жусан иісіне елітіп мас бола кетем.


Сен, өмір Әлемнің түрлі бояуын, Қабылдап жаным мың дүркін. Әзірге, өмір, ояумын, Келетін емес мүлде ұйқым.

Еркін аспан өлеңі

Жиырма бесінші көктем бұл тым өзгеше, Мені қайда жетелеп барады екен?! 1994ж. 13 көкек

Ғарыштан құлап бір сәуле, Ғаламнан мені тапқандай. Жымия қарап түн сәлге, Сыбырлап тіл қатқандай. Ай туып көкте бозамық, Боз ала таңға нұр жайған. Тылсым бір сәттен сөз алып, Жататын жүрек – бір майдан.

25

Оттарым жанған өлермен, Лап етіп барып сөнердей. Бір жұлдыз ақса төбемнен, Елеңдей берем, елеңдей...

Сен, өмір, Менің жарқылды, Жырымды тыңда өт-өкпек. Мәңгілік ұйқы ақынды, Кетпесін десең жетектеп! 1995ж. 27 қараша

Мұрат ШАЙМАРАН

Кірпігім кетсе айқасып, Қорғасын ұйқы ырқына ап, Сен, өмір, алға қайта шық, Оят та мені жұлқылап!


Мұрат ШАЙМАРАН

Басылмай жүрген шөлім бар Басылмай жүрген шөлім бар, Қанып ап шым-шым шұбатқа. Көкейде – күмбір, көңілде – әр, Отырар ма едім шуақта. Дүние мынау дүбірлі, Аулақта қалып, аулақта. Қайғысыз-қамсыз күнімді, Табыстап жасыл аумаққа – Отырар ма едім мен, тегі, Әлдебір үнге елеңдей, Күнменен бірге өртеніп, Күнікей қыз жетіп келердей.

26

Жауласа менің кеудемді Жусанның иісі, жарықтық! Ақындық, даңқ дегенді, Жіберсем бірден тәрк қып. Төсінде сағым билеген, Күн батса, мұнда таң атса. Атам бір шерткен күйменен, Үзіліп бірге баратсам.... 1991ж. 7 мамыр

Еркін аспан өлеңі

Көктем Көктем, сен бір әсем әнсің, Қиялсың сен шарқ ұрған. Тамырымда асау қансың, Жүрегіме тартылған. Сілкініп бір оянамын, Аспандағы жарқылдан. Дүркірейді сая-бағым, Самал соқса әр қырдан.


Мені ойға батырды Сан қуарып, сан туған – Қарт еменнің жапырағы, Жарық нұрға талпынған.

Еркін аспан өлеңі

Көкірегімді жұпарға орап, Жусан иісі аңқыған. Ағыл-тегіл төгіліп ап, Бұлттар маңғаз қалқыған.

Самарқау мен жүргенімде, Салқын көңіл, салқын қан. Сағындырған күндерімдей Жеткен қуып артымнан – Көктем, сен бір әсем әнсің, Қиялсың сен шарқ ұрған. Менің жастық жамалымнан, Аумайды екен бар тұлғаң. 1991 ж. 4 сәуір 27

Бозамық түннің бозарған айы Табиғатын мың жылатып, Даланың өңін тонайды уақыт. Бозамық күздің бозарған айы, Қырлардан ары барады батып.

Атыздар анау, тұманды алап, Тұрады маған мұңдана қарап. Шыңға өрлеп баратқан сұп-сұры бұлттар, Шытырман ойдай алады қамап. Сайраған құстар көктемде келіп, Мезгілден қатал қалдың ба жеріп?

Мұрат ШАЙМАРАН

Демінен күздің жапырақ ұшып, Құлайды келіп жолдарды құшып. Түсімде менің: Өшкен ошақтар, Иен жұрт және иесіз күшік...


Мұрат ШАЙМАРАН

Қапасты мынау тас-талқан етіп, Мен саған алыс кетсем бе еріп?! Мекенім менің мәңгілік қыстар, Жанымды суық қолымен ұстар. Мені тастап барасың қайда, Жаралы құстар, қаралы құстар... Демінен қүздің жапырақ ұшып, Құлайды келіп жолдарды құшып. Түсімде менің: Өшкен ошақтар, Иен жұрт және иесіз күшік... 1996 ж. 27 тамыз Ақын

28

Жырыңды тағы оқыдың еркін, Асқақ бір үнің дауылдап. Құпиясын айттың ел менен жердің, Өзің де жердей ауырлап. Пенделер мынау тозаңдап тұрған, Пәнидің бұраң жолында – Қасірет қанша мазаңды ап тұрған, Уыттар қанша қаныңда?!

Еркін аспан өлеңі

Шараптың сенде десі де басым, Жүресің ұзақ мастанып. Тірліктің сенен есі де қашып, Тұрады, білем, жасқанып. Ақындықтың даңқындай сақтап, (Өртенсін елдің өзегі! ) Алтыннан әрмен жүресің мақтап, Омарлар тұтқан көзені. Тапшылық саған жайса да ірге, Уайымның бұлтын бүркеніп. Сүмбіл шаш сұлу қыздармен бірге, Кетесің қырға гүл теріп.


Арбайды сені көктегі нұрлы ай, Арбайды сені кеңістік. Өзіңе-өзің жүресің симай, Мекен бір болмай жер үсті...

Еркін аспан өлеңі

Кенеліп бір сәт сезімге тегін, Жаныңды өртеп бұл жалын. Білесің сосын, Көзінде оның Ажалдың оғы тұрғанын.

Риза болар қара жер саған, Құшағына алды, Шақырды. Жұмаққа қарай бастады ғалам, Сәбидей аңқау ақынды. Тозаққа қарай беттеді ақын, таңданды Алла, Аһ ұрды... 1996 ж. 5 қыркүйек 29

Мен саған өкпелемеймін Мен саған, өмірім, өкпелемеймін. Нұрлы күннің сыйладың шуақтарын, Содан мен таптым да қуат дарын, Сен берген адалдықтың аппақ туын, Ешқашан құлатпадым.

Мен саған өкпелемеймін. Омырауымды боясын жасым қанды, Сонда да мен сүйемін тасынғанды. Жақпай қалсам біреуге, Ол өз кінәм – Білмегендігім бас ұрғанды.

Мұрат ШАЙМАРАН

Мен саған өкпелемеймін. Сен сыйладың жасынның күркіреуін, Жасын осса, қара жер сілкінеді. Сен маған жылы жүрек бердің, білем. Сәбилік меніменен бір түнеді.


Мұрат ШАЙМАРАН

Мен саған өкпелемеймін. Кесесінен біреудің у жұтсам да, Кетсем тағы құрдымға сырғып қанша, Жалғандықтың қолынан жазым болған, Бейшара шындықтарша. Жердің мұңын айтамын кемеңгерге, Желдің сырын айтамын кереңдерге. Қияметті болсаң да сен қымбатсың, Қақым жоқ өлем деуге. Мен саған, өмірім, өкпелемеймін. Саусағымды созамын таң нұрына. Дәруіштердің елітемін ән-жырына. Ақын болып толғану қандай бақыт, Әлемнің тағдырына. 1996 ж. 29 қараша Арман

30

Мені күтіп тұрғандайын бақтар сан, Өзімді-өзім ебіл-дебіл ақтарсам. Анау көше, қара нөпір адамның, Арасына кірсем дағы жоқ болсам.

Еркін аспан өлеңі

Сосын барып өзімді-өзім ұмытсам, Күйкі күннен көңілімді суытсам. Қалтылдаған көше шырақтарына, Қалтыраған жүрегімді жылытсам. Бар иісті басып түсіп бұл маңға, Жетсе самал мен аңсаған қырлардан. Мен тамсанған әрбір сұлу қыздардың, Жанарында жайнап тұрса нұрлы арман. Хор қызындай тым тәкәппар ол да аса, Мені ешбір кәперіне алмаса. Біріне де тіл қата алмай солардың, Таң алдында қайтсам үйге далбаса. Бұл-бұл ұшып жаз күндерім бастан бұл, Мен боп сонда мұңға батса аспан кіл.


Көктем келеді Көктем келеді. Жер түлейді өзгеше, Мынау өзен сел тілейді өзгеше, Бір жарақат сыздатады жанымды, Көкірегіме шер түнейді өзгеше.

Еркін аспан өлеңі

Ал, ертесі төсегімде аһ ұрып, Не ауру, не сау емес жатсам бір... 1997 ж. 25 қыркүйек

Өзгеше боп басталады тіршілік, Аспан тұрар бір жылап, бір күрсініп. Нұрлы жырға, улы жырға құлшынып, Жүрегімнен жарып шығар бір шыбық. Көктем келеді. Емініп бар шуаққа, Жынды көбелек жармасады шыраққа. Енесінен жетім қалған бір құлын, Ауық-ауық кісінейді қыратта.

31

Қаз келеді, қаңқылдайды өзгеше, Жасындар да жарқылдайды өзгеше. Жалғыз қонған жалбыр құстың ішінен, Мұңға толы ән тынбайды өзгеше.

Арлы-берлі бұлт ағады өзгеше, Жаңбыр емес, мұң тамады өзгеше, Нөсер тілеп тұрған дала төсіне, Көздің жасы мың тамады өзгеше. Көктем келеді... 1997 ж. 9 сәуір

Мұрат ШАЙМАРАН

Көктем келеді. Адастырып сері үміт, Күнде баяу батады, енді, ерініп. Сонау таудан жеткен бөрі үніне, Біздің иттер шуылдайды еліріп.


Мұрат ШАЙМАРАН

Саған ұшып барар едім...

32

Саған ұшып барар едім, жоқ қанат! Жоқ тағы да байлық, атақ, Бақ-талап. Саған берер асыл бұйым жоқ менде, Бар болғаны – Жалқы жүрек, от кеуде. Тағы, тағы салар мұңды әнім бар, Айта алмай бір кеткен сонау көктемге. Қиын болар демеп едім сонша хал, Жырлай-жырлай сезім сөнген, Шаршаған. Жапыраққа, Өскен жасыл аршаға, Тасқа, суға, Топыраққа мұң шағам. Қызыл иттей қызғанышым бар тағы, «Арс!» ететін жуықтаса кім саған.

Еркін аспан өлеңі

Емендеймін дауыл ұрып, жел жыққан, Елеңдеймін әр ізіме жол жұтқан. Ақ айдында адасқан бір қайықпын, Толқын шайқап шағар болды, кел, құтқар! Басымда бұлт, жанарымда жаңбыр бар, Көз жасымнан көктейді көк шалғындар. Аспаныңды бұлт боп жаулап, Мен сені, Нөсер болып төпеп-төпеп алғым бар. Бірақ, бірақ елемейсің сен мені, Елемейді қайсар, қатал тағдырлар... 1997 ж. 2 желтоқсан


Еркін аспан өлеңі

Сапар айы

Мұрат ШАЙМАРАН

Миымдағы сан күдік бораннан да қатерлі, Мені желп-желп еткізіп, мұнда қалай әкелді?! Атқа қондым, әманда, жетелейді бір құйын, Ырымшылдау адамға сапар айы тым қиын! Жалғыз жортқан пендеге уайым – көкжал жолығар, Иен жатқан кеудеңе үрей қонар, толығар, 33 Аспан, Жұлдыз, Түн, Дала қимылыңды көтермей, Қарайды үнсіз ұрлана, үнсіз жұтып кетердей... Жалғыз жортқан пендеге уайым – көкжал жолығар, Жақын қалдық елге де, шу, жануар, жануар! Қарманбасқа шараң не, жүздеспеуге өліммен, Алыстағы бір сәуле ел боп бізге көрінген. Жеттік, жеттік ақыры, тұр оңаша мұжық там, Соның оты шақырып, соның оты жылытқан. Адасады ай көкте, тұр аулада жүдеп тал, Аржағында әйнектің жылтыраған бір от бар. Пысқырынды арғымақ, менде де жоқ кымсыну, Түрдім қақпа ұрғылап, жатыр ұйықтап бір сұлу. Кірпігіме қатқан мұз жүрегімді тоңдырып, Тәтті ұйқыда жатқан қыз оянбады – соңғы үміт... 1998ж. 29 желтоқсан


Мұрат ШАЙМАРАН

Ақталу Айығу үшін үрейлі, сүркей түстерден, Арылу үшін уайымнан мынау ішке енген, Әлемнің әділетсіздігін сәтке болса да, Ұмыту үшін ішкем мен. Ақ өзен болып аққанмын сосын күркіреп, Ақ дауыл болып соққанмын сосын дүркіреп. Ішкенмін сосын тозаңнан, Алуым үшін өзімді-өзім сілкілеп. Шырқағам таңға Шәмшінің әнін құлаштап, Шайырдың көңілін шараптан өзге кім ашпақ?! Жымысқы тірлік алдында, ��шкенмін тағы, тұруым үшін тым асқақ.

34

Қырларға сонау ақ нөсер құйса шелектеп, Көйлегін бұлттың көтеріп өтсе жел ептеп. Аспанның сұлулығына, Ішкенмін тағы, мастана қарау керек деп.

Еркін аспан өлеңі

Әдемі көздің жарқылы үшін ішкем мен, Әдемі қыздың балтыры үшін ішкем мен. Опасыз махаббатымды, Мәңгілік ұмыт қалдыру үшін ішкем мен. Ақылдың күшін теңгермен шарап күшіне, Құтылу үшін марапаттардан ісінген; Айтылған сөздер үшін де, Ішкенмін тағы айтылмаған сөздер үшін мен... 1999 ж. 6 қаңтар


Елес

Мен ояумын, Ілінбей кірпіктерім, Жатқан күдік жүзіме бүркіп демін. Мен өзіңді аядым құстан бетер, Үркітпедім.

Еркін аспан өлеңі

Тереземді қақтың ба түнде келіп, Қырау болып кеттің бе мүлдем еріп? Есалаң бір адамдай жүрдің бе әлде, Өз-өзіңнен күбірлеп бірдемені?!

Айдай бейнең басылып құмар көзге, Қайталайсың күбірлеп «дұғаңды» өзге. Мен білмеген тылсым бір дүниеден, Ала келдің бе туар кезде?! Аласатқан тұмсығын көкке білей, Тұрды жүдеп жүрегім көкбөрідей. Тастай суық төсекте жаттым үнсіз, «Кел!» деуіме Әл жетпей «кет» деуіме.

Мәңгілікте бір іздеп табам-ау деп, Сәтке ғана бұл көңіл табады ермек. Өзің қаққан терезем тұр құлазып, Аяз келіп қолымен салады өрнек. Мен ояумын... 1999 ж. 23 ақпан

Мұрат ШАЙМАРАН

Баратұғын жақындап отқа қарсы, Бітті бәрі, Ақынның жоқ шамасы. Қасиетті дұғаңды бұзды білем, «Шу-шу еткен ауылдың топ баласы».

35


Мұрат ШАЙМАРАН

Құлап жатқан жапырақ деп ойлама... Қарашада, қара нөпір алаңда, Тұрды емен тағдырынан алаңдап. Жүрегімдей қалтыраған жапырақ, Басылады сұп-суық бір табанға. Аспанымда күрсінеді күн жүдеп, Тұман емес, шөгіп жатқан, Мұңды леп! Құлап жатқан жапырақ деп ойлама, Мың жапырақ құлап жатыр – мың жүрек... Сол жапырақ арасында мен бармын, Қара жолдың жағасында мен бармын, Қаймақтанған қара суда мен бармын, Білем, мені алдап соқты делдал күн.

36

Қайтады құс еркіндігін ұқтырып, (Мекеніне қайту қандай мықтылық!) Көше бойы, жалғыз шырақ түбінде, Жалқы күшік таң атқанша шықты ұлып.

Еркін аспан өлеңі

Мезгіл енді ән салмайды өтімді, Қыздырмайды, қызық, думан не түрлі. Дүние бұл өлі көзбен қарайды, Суып біткен жар құшағы секілді. Жыр мен сөздің лаулар шағы емес-ті, Көкірегімді жаулар қайғы көмескі. Мені күтіп жатыр әне жанұям, Һәм қиялшаң һәм ескі. Сен айтасың: «Бауырмал шақ жоқ күздей», Мен айтамын: «тым ауыр шақ жоқ күздей». Жетер едім, жетер едім мен соған, Етегімнен тартады жел жеткізбей...


Сағыныш

Еркін аспан өлеңі

Аспанымда күрсінеді күн жүдеп, Тұман емес шөгіп жатқан, мұңды леп! Құлап жатқан жапырақ деп ойлама, Мың жапырақ құлап жатыр – мың жүрек. 1999 ж. 9 қараша

... Аппақ еді-ау ол күнде арман – бақыт, Ақ қаздар қанатымен самғар уақыт. Он сегіздің, кім білсін, желігі ме, Құрбы қызды кетуші ек қарға аунатып. Жасырмаймын сырымды, іркімеймін, (Сұлулыққа жігіттің құлқы бейім) Бізді көрсе сол қыздар қашушы еді-ау, Қырдан қашқан ор қызыл түлкідейін.

37

Жауатын-ды онда қар баптап тұрып, Дала жатар көрсетіп аппақ қылық. Қашқан қыздар қайырылып тұрар еді, Жете алмаған біздерге сақ-сақ күліп.

Сабыр деген салмақты құлыпты ашып, Тентек үміт тізгінін жұлып қашып. Сосын бар ғой, сосын біз қу қыздарды, Қарға аунатып кетуші ек қуып басып... Бойыңдағы желікке мастау сеніп, Қызыл майдан бір ойын бастаушы едік. Ыстық-ыстық қойынға аппақ-аппақ Ұлпа қарды нығарлап тастаушы едік.

Мұрат ШАЙМАРАН

Өжет қылық, өр мінез, таныс үнді, Естіп талай жаманның сағы сынды. Қыз күлкісі қанжардай тілгілейтін, Он сегізде оянған намысымды.


Мұрат ШАЙМАРАН

Сөгер дейсің кім қызды, кім ақынды, (Сағындым ғой сол жастық – сұрапылды) Абайсызда қолымыз тиген төстен, Бір жылы бу бұрқырап тұратын-ды. ... Боз бала күн, Бір соғар керемет пе ең, (Жүрегімді жылытып келем ептеп) Еске салып сол өткен зарық күнді, Қар жауып тұр далада ебелектеп... 1997 ж. 1 қаңтар Айға Менің арпалысымды, Сен білесің, ай нұрлы! Кекке толы даусымды, Һәм орасан қайғымды.

38

Тереземнен үңіле, Енер сәулең бозаңғырт. Жүрегімнің түбінен, Жүргендей бір сөз аңдып.

Еркін аспан өлеңі

Көңілде көп естеме, Жанымда дерт, шаршағам! Күнге айтпаймын ештеме, Бәрін айтам мен саған. Және айтамын теңізге, Өзендерге тасынған; Сен ортайған кезіңде, Аптығы бір басылған. Көзімдегі іркінді, Сенің бозаң шұғылаң. Мен де теңіз сықылды, Саған қарап құбылам.


Менің арпалысымды Сен білесің, ай нұрлы! Кекке толы даусымды, Һәм орасан қайғымды. 1998 ж. 17 қараша

Еркін аспан өлеңі

Сені көкке өрмелеп, Аққан тұман жасырар. Мені адамдар термелеп, Айтқан күмән жасырар...

Таңғы дауыс Таңғы дауыс еді қандай керемет! Сен ұйқыда, мен ояумын, не керек. Аспан өзі адастырып келген бұлт, Тағы жауып өте шықты себелеп. Тереземді тамшы қағып тұр анау, Ол да мені іздеп жүрген шығар-ау. Қызыл күрең жапырағы қайыңның, Сияқты бір лаулап жанған мың алау.

39

Қара жаулық жамылып ап өлі түн, Мұңға бөлеп кетті, білем, мені тым. Сен ұйқының құшағында жатырсың, Таң сәріде тәтті түске елітіп.

Құсы қайтқан даладай ма ен көңіл, Сырын айтып күбірлейді желге өңір. Әжең айтқан ертегідей емес бұл, Тәтті түске ұқсамайды енді өмір. Күн болмаса көктің жүзін кім ашпақ, Шығар ол да бар екенін растап.

Мұрат ШАЙМАРАН

Келді, міне, сап-сары ала алтын күз, Біз өмірге неге сонша салқынбыз, Жыр боп жанып келе жатқан, жалынды ұл, Әнге айналып келе жатқан, жарқын қыз?!


Мұрат ШАЙМАРАН

Оян, жаным! Бар дауыспен құлаштап, Әніңе сал тым асқақ... Таңғы дауыс билеп алар еркімді, Қайыршының қолындағы ең соңғы Жарты жармақ секілді... Тереземді тамшы қағып тұр анау, Ол да мені іздеп жүрген шығар-ау. Қызыл күрең жапырағы қайыңның, Сияқты бір лаулап жанған мың алау. 1999 ж. 20 қараша

Мен теңізді аңсаймын

Еркін аспан өлеңі

40

Мен теңізді аңсаймын, Түсімде көрем, Бір құмарлық жатады ішімде ерен. Шақырғандай болады қолын бұлғап, Барып қайтар едім мен, Жолым жырақ. Тамашалап қызығын сайран қыздың, Қалса деймін ақшамда қайранда ізім. Ақ балықтай денесін айдынға ұрмай, Қор болып жүр сұлулар қайран біздің. Мен теңізді аңсаймын дауылды күн, Тыңдасам деп толқынның жалын жырын. Асып-тасқан көңілім арнасынан, Шексіздікті сүюші ем мен жасымнан. Тұрсам, шіркін, ой кешіп жағада бұл, Өмір сүру болмас ед маған ауыр. Ендей өтіп құрлықты жетсе саған, Кеудемдегі шарқ ұрған шағала жыр. Мен теңізді аңсаймын жауынды күн, Шөгіп жатқан тұмандай қалың мұңым.


Мен теңізді аңсаймын қысты күні, Құлағымда жаңғырған құстың үні. Ақырған бір аязы ауызға ұрып, Қарығанда жоңғардың үскірігі. Қара жердің бойынан кеткен сенім, Мен теңізді аңсаймын... Құшағында жатқандай көктем соның. 1999 ж. 10 қараша

Еркін аспан өлеңі

Жыймастан-ақ қиялдың кең етегін, Айқайласам, ән салсам және тегін. Дауысымды жартастар қайталаса, Әйгілеп бір ақынның бар екенін.

«Жетпейді де тұрады»

Мұрат ШАЙМАРАН

Шарап па әлде керегі?! Құяр едім жыл-айлап, 41 Күн нұры ма, әнеки, терезеңде тұр ойнап. Әкіреңдеу үшін бір мынау момын халыққа, Лауазым ба керегі, әлде асқақ даңқ па? Алданыш па керегі, жұбаныш па, егейім?! Барлық қызды жинап ап ән салдырып берейін. Сенімменен серт ұстар семсер тілеп жүрсің бе? Оны да әкеп берейін, күрсінбе сен, күрсінбе. Кең сарай ма сайрандар, жабыққанда дем алар?! Оны да ептеп көрейін, менде өзге жоқ амал. Дейсің: «маған бір нәрсе жетпейді де тұрады», Сол бір сөзің жадымнан кетпейді де тұрады. Бұл әлемнің бар мұңын жанарыңа жиып ап, Лашығыңда үн-түнсіз отырасың сен ұзақ. Анау шулы дүние, оған елең етпейсің, Бәрін берем десе де, бірақ керек етпейсің. Аласұрып әр таңды атырасың шаршаумен, Елде де жоқ, менде жоқ бір нәрсені аңсаумен. Жүрген жоқ па ол әлде еркін өлең тілінде, Жатқан жоқ па қан жұтып жүрегіңнің түбінде?!


Мұрат ШАЙМАРАН 42

Дейсің: «маған бір нәрсе жетпейді де тұрады», Сол бір сөзің жадымнан кетпейді де тұрады... 1999 ж. 9 қараша Жаса, еркіндік Көк аспаннан тамшы тілеп талыққан, Қауашағын келе жатыр жарып дән. Мен еркіндік жайлы жазам жырымды, Тыңда мені, ғарып маң! Сұлулығын жарық күн мен нұрлы айдың, Көне ғасыр шайыры боп жырлаймын. Жанарларда тұнып тұрған теңіздің, Толқындарын дауыл болып ырғаймын. Шылбырыңа жармасамын дүлдүл күн, Әр сәтіңнен алдым мұңын мың жылдың. Мен өзіне берем бүгін қайталап, Сиқырлы үнін қапастағы бұлбұлдың. Өмір, маған секілдісің қыз демі, Сен жымисаң кірпігімнен мұз да еріп – Айтып берем ақ қайыңның көйлегін, Алып қашып баратқанын күз желі.

Еркін аспан өлеңі

Сынса, сынсын төзіміңнің шөлмегі, «Ақымақ!» деп кінәлай бер сен мені. Мен кеудеме өз өсіне сия алмай, Ағып түскен жұлдыздарды жерледім. Жаса, еркіндік, тағы, тағы жаса, мұң! Сенің мұңсыз жұмағыңнан қашамын. Бұл әлемнің жара-жара тәніне, Жүрегімді басамын... 1999 ж. 16 қараша


Күз келді

Жаз өтті, өтті ғой бір ұғым, Сен неге мұңайдың, сұлуым. Құлағың аулайды, аңсайды, Айлы кеш шегіртке шырылын.

Еркін аспан өлеңі

Күз келді, тағы да өтті өмір, Көктемгі қызғалдақ жоқ көңіл. Қып-қызыл қырмандар, ормандар, Оранып жатқандай өртке өңір.

Күз келді, таулар да көз ілді, Өзен де жасырды сезімді. Сен маған жатырқай қарайсың, Мүмкін мен жат болып сезілдім. Қысқа өмір балтаның сабындай, Тұманға құлады тағы да ай. Жүремін қараша күндері, Өзімді өзім де танымай.

43

«Пешке от жақ, көрпеңді жап маған! Онсыз да жүрегім ақ боран». Салсаңшы мұңды бір әніңе, Оятып түндерді қап-қара.

Кәрі жел құшағын ақтарды, Қайыңдар жылауға шақ қалды. Кеудемнен аттанған жолаушы Тұманға кірді де жоқ болды... 1999 ж. 27 қазан

Мұрат ШАЙМАРАН

Күз келді, өзің де білесің, Ауылдың оттары тұр өшіп. Әйнектен қарайды бір елес, Кетсем бе ілесіп?!


Мұрат ШАЙМАРАН

Сен мені ұмыттың ба

Еркін аспан өлеңі

44

Сен мені ұмыттың ба, Ұмыттың ба жастықтың жалын шағын?! Бақытсыз – махаббатқа табынса кім. Сан қуарып қайыңдар, сан көктеді, Есейіп кетті сезім жөргектегі. ...Қасыңда кердең басқан жігітің бар, Кетіп едің көзіңмен жерлеп мені. Ұмыттың ба сен мені, Кім біледі?! Құбылмалы әйелдің күн – жүрегі. Тұман тартты жолдарым алдымдағы, Көзім жасы сан ағып, сан құрғады. Менің жаным езіліп жатты сол кез, Лайсаң дала сынды жаңбырдағы. Сен мені ұмыттың ба, Ұмыттың ба бақытты батып ішкен, Жырымды оқып, айттың ба атымды іштен?! Жаныңда өткен күннің жылты қанша? Басылмас ғашық жүрек бір туласа. Басымды тауға да ұрдым, Тасқа да ұрдым, Сенің бейнең санамнан ұмытылғанша. Сен мені ұмыттың ба?! Бекер, бекер, қайтейін, бірақ бәрі, Көп қой мынау өмірдің сұрақтары. Кеттім мен де артыма бұрылмастан, Айтар саған күркіреп жырымды аспан. ...Көшкен жұрттай құлазып жатыр әне, Іргеңдегі жасыл бақ сыбырласқан. 1999 ж. 3 қараша


Еске алу

45

Мұрат ШАЙМАРАН

Жарым жатыр тәтті ұйқыда, балам жатыр балбырап, Өзіңді ойлап таң атқанша тыншымадым мен бірақ. 1999 ж. 21 қараша

Еркін аспан өлеңі

Жарым жатыр тәтті ұйқыда, балам жатыр балбырап, Өзіңді ойлап таң атқанша тыншымадым мен бірақ. Кірпіктерім бір-бірімен құшақтаса бергенде, Күбір-сыбыр пенде тірлік ұзап қаша бергенде, Тар төсектің бал қызығы буынды ала бергенде, Басымдағы тұман мұңым қырын қала бергенде, Сен келесің көз алдыма, Көз ілуге жоқ амал, Сенің балғын сол бейнеңнен безінуге жоқ амал. Тереземнен бозаң айдың сәулесі кеп төгілер, Сол толған ай толықсыған дидарың боп көрінер. Сен білмейсің, тарттым қанша сағыныштың азабын, Құр елеске сен екен деп саусағымды созамын. О, тәйір-ай, қайрылмастан жылдар қалай озған, ә, Сыбырлайды жұлдыз маған: «Ескі дертті қозғама!» Сағыныштың сайтан оты көкірегімде қоздана: «Бәрін бірден ұмыттым деген – Жай, әншейін сөз ғана». О, тәйір-ай, жолдар бұраң, Көңіл неген тым кіршең?! Жүдеу тартқан жүрегіме әжім түсті, (сен білсең) Менің алғаш бастау алған тұнықтығым секілді ең, Албырт, қызба, һәм қиялшаң жігіт күнім секілді ең, Адалдығым, Аңқаулығым, Осалдығым секілді ең, Сүю деген жалғыз сөзге масаң күнім секілді ең... Сол қалпыңды сақтау үшін, Қайғы – шарап мың іштім Және сенен кеттім алыс, көрінбеуге тырыстым...


Мұрат ШАЙМАРАН

Кездесу Аттанып кетермін мен ертең, Таңдарым нұсқаған жол маған. Әрі ыстық, әрі жат бұл өлке, Сондайсың сен маған. Есімде қалары: Көк орман, Шаң басқан ескілеу жолдарың. Шыққаның бекетте сен алдан, Және үнсіз қалғаның. Бір лебіз ерніңнің ұшында, Қып- қызыл бояуға көміліп. Әдемі сөз болып ұшуға, Ұқтым мен, Жоқ үміт... 46

Сол балғын дидарың нұр атпай, Салалай бердің сен шашыңды. Жүрегім жүгенсіз құр аттай, Бір тулап басылды.

Еркін аспан өлеңі

Жастыққа айтатын уәжің не?! Альбомы сияқты бір сырдың. Жүзімді торлаған әжімге Қарадың күрсіндің. Ұрғылап жанымды тар тасқын, Арманның ағысын келді үзіп. Мен деген жалқы бір жартаспын, Жататын жел мұжып... Сен мені несіне шақырдың, (Опасыз екен ғой бұл жалған!) Кірпігіңе ілініп, ақылдым, Мөп-мөлдір тұр маржан.


Аттанып кетермін мен ертең, Таңдарым нұсқаған жол маған. Әрі ыстық, әрі жат бұл өлке, Сондайсың сен маған. 2000 ж. 5 қазан

Еркін аспан өлеңі

Тұманға бұлама тым ұзақ, Көзіңді, Береді кім аршып?! Күзде боз жусанға қонып ап, Осылай тұрар шық...

Ли Байға Таңғы ұйқыдан дүлдүл шабыс оятқан, Таңғы ұйқыңнан бұлбұл дауыс оятқан... Ұлы жыршы болу үшін шынында, Туу керек шығар мүмкін Соябтан. Маған енді ондай салым жоқ мүлде, (Жүрегімді қанжар осып, оқ тілген.) Аттанарда бала бауырың елжіреп, Балқашыңа қарай-қарай кеттің бе?!

Қымбат саған тақтан да әрмен ат үсті, Шарап іштің, уайым іштің, от іштің. Ақ айдыны қандай сырлы балқаштың, Туған айы қандай сырлы батыстың! Кеткендей бір жігеріне бөлеп таң, Ер болыпсың көкірегінен сел аққан. Ақындыққа бастап жүрді қаншама, Бір түйір қан – тамырыңда бөлек қан...

Мұрат ШАЙМАРАН

Жат өлкеде өлең – серік, ән – көрік, Жүрдің бе сен сұлуларға әр беріп? Тас баспалдақ табаныңды талдырып, Жүрдің бе сен түсіңде ылғи тау көріп?

47


Мұрат ШАЙМАРАН

Әр талына кірпігіңнің мұң қамай, «Шудың жолын» басып өттің сен қалай? Тұрдың ба екен жағасында мұңайып, «Сары өзеннен» өткің келіп бері қарай? Білесің сен қонатын бақ қанша, (Қапастағы көкжалың да жасқаншақ.) Боз жусанға қонды күзгі қыраулар, Қонды қырау көз жасыңдай ақ моншақ... 2000 ж. 3 қараша Шарап толы көзелер Шарап болып тұрған тұнып көземде, Теңіз бе әлде өзен бе? Көздер ме әлде мөлт-мөлт еткен, Еріндер ме кезерген?!

48

Бір тал дән бе? Көктеді, ол гүл ашты, Тамыр тартты, ана – жерге ұласты. Жетімсіреп аққан бұлақ суы ма, Запырандай тым ащы?!

Еркін аспан өлеңі

Асау қан ба тамырымда жүгірген, Махаббат па тәңіріне жүгінген? Нілі ме әлде жапырақтың ең соңғы, Сабағына ілінген?! Жел шайқайды жусандардың боз басын, Жығылды үміт тәй-тәй басып, Қаз басып... Мен көземе алдым ба әлде толтырып, Туған аспан көз жасын?! «Жыр мен шарап тұрса маған жоқ өлім», Хафиз айтса, мен Құдайдай сенемін. Лашығыма басын сұқса шайырлар, Ең алдымен шарап құйып беремін.


Қайыршының қиялы

Еркін аспан өлеңі

Қандай сұлу, қандай мұңлы тіршілік, Мылқауды да жібереді жыршы қып. ...Түсімде ылғи шарап толы көзелер, Өліп жатам тұншығып... 2000 ж. 7 қазан

Бір құмарлық жүрегімді мекендеп, Қалтыраған буынымды бекемдеп, Жұлдыз жанған терезеңнің тұсынан Мұңға батып өтем мен. Аласұрған алпыс екі тамырым, Аққан қан ба, өзен бе әлде, Тәңірім! Жыртық шекпен иығымды тұр басып, Жамау-жамау аяғымда шарығым.

49

Келе жатқан жаңа көктеп, бүр жарып, Кім тыңдайды қайыршының мұң-зарын?! Әйнегіңнен сен қарайсың тым асқақ, Мені жасқап, гүлзарым.

Тойым тойлап жыршы құстар жеткенде, Бұл өмірге менің өзге өкпем не? Кетсем ұйықтап басым сүйеп кеудеңе, (Білесің ғой мамық жастық жоқ менде.) Байлық, даңқ, бәрі де жоқ, бәрі өлген, Уақыт оны тұрған жоқ па дәлелдеп.

Мұрат ШАЙМАРАН

О, дариға, сен жалындап, мен сөнбей, Сенің мені сүйгеніңе ел сенбей, Сарайыңнан алып қашып, мен саған, Тау басынан лашық жасап берсем ғой. Асыл-асыл торғын жапқан тәніңді, Жасыл-жасыл жапырақпен көмсем ғой...


Мұрат ШАЙМАРАН

Керек етсең, мынау дала менікі – Тауларым мен өзенімді берем мен. Атқан таңды, батқан күнді сездірмей, Мезгіл бар ма, мен аңсаған мезгілдей! Босағада жатса жамау шарығым, Сенен өзге дүниені көзге ілмей... О, дариға-ай, сен жалындап, мен сөнбей, Сенің мені сүйгеніңе ел сенбей, Сарайыңнан алып қашып, мен саған Тау басынан лашық жасап берсем ғой. Асыл-асыл торғын жапқан тәніңді, Жасыл-жасыл жапыраққа көмсем ғой... 2000 ж. 7 қазан Сен өлгенсің 50

Сен өлгенсің, көзіммен көргем мұны, Қайғың қалды артыңда жерден де ұлы. Сен өлгенсің батыста баба таулар, Өз жұлдызын арулап көмген күні.

Еркін аспан өлеңі

Өтті уақыт жалт еткен жасын сынды, Әр тал шөпке ніл болып жасым сіңді. Мынау түндер әлемді жаулап тұрған, Сенің қара мақпалдай шашың сынды. Сен өлгенсің жалынның шарпуында, Елірген есер боран тарпуында. Кеңістікте көлбеген күміс өзен – Құс жолы емес, сенің ақ балтырыңдай... Қаралы құс қанатын қағады әрең, Жанарымнан жас болып ағады әлем. Кеңістікке кебіндеп қойдық сені, Шайырлардың жырымен, әуенімен. Сен өлгенсің, өлісің, нанасың ба, Тарықпайсың бір тал дән, қара суға.


Құлпытасы қалқиып тұрды молаң, Қара жер мен көк аспан арасында.

Еркін аспан өлеңі

Сен өлгенсің, айғақтап тұрады аспан, Құба құмдар, жартастар қына басқан. Сенің ұлы рухыңдай ұшып шығып, Бұл өлкеде жүрегім жүр адасқан... 2000 ж. 5 тамыз Өмір ғой бұл – себебі (Әзия Мағыперқызына) Мекеніне қайтады құс, Өмір ғой бұл – себебі. Отырады ақын байқұс, Көңілде көп елеңі. Жапырақтар құлайды кеп, Суық жерді құшады. Қатал аспан жылайды көп, Бұл да өмірдің нышаны.

51

Жан жүрегің жаттап ұққан, Айтпақ еді-ау расын. Қымтайды кеп ақ мамық қар, Кір әлемнің күнәсін.

Әр мезгілің тойдай болмас, Өмір ғой бұл – себебі. Кірпігіңе байланған жас, Мұз боп қата береді... Бұлаң басып қайта келер, Гүл құшақтап көктем қыз.

Мұрат ШАЙМАРАН

Санаң сартап, селтең кеште, «Салқын ақыл» меңдетіп, Енді ешкімге өртенбеске, Ант етесің сен бекіп.


Мұрат ШАЙМАРАН

Нұрлы сәуле шайқап енер, Жаңғырығып өткенгі із. Жұлдызды аспан, алдың жарық, Жаның улап күбірге. Отырасың бал-бұл жанып, Терезеңнің түбінде. Айдындағы жалау сынды, Көңілдің көк желегі. Сағыныштан бар асылды, Тауып алғың келеді. Қайта сүйе бастайсың сен, Өмір ғой бұл – себебі.

2001 ж. 7 тамыз

Апама 52

Әр күніңе таң болып күле кірем, Гүлің болам, бағыңа мың егілем. Саған алқа сыйлар ем, қалтам тесік, Мөп-мөлдір ғып мойныңа жүрек ілем.

Еркін аспан өлеңі

Тыныштығын жанымның түнге ұрлатып, Жыр жазамын, бұл – азап, бұл бір бақыт! Қиялымның шетінен қиып алып, Сырға тағып беремін сыңғырлатып. Олқы соғар бір саған бұ да, сірә, (Сыйлық күтпес ұлынан кім асыға.) Жүзіңдегі жылдардың дағын анау, Жуып берем ойымның тұмасына. Шырқасам деп халқымның аяулы әнін, Сағат сайын, сәт сайын ояу жаным. Самайыңның ағына берем жағып, Қара түннің тұп-тұнық бояуларын.


Одан өзге қолдан жоқ түк келері, (Байтағынан байлықтың күтпе мені!) Қазірше мен ел кезген диуанамын, Адастырған өлеңнің нүктелері...

Еркін аспан өлеңі

Сырқатыңның жараса бір еміне, Сөзім менің, басқаша тілегім не. Нұры тайған көзіңе сәуле беріп, Мақтанышпен қаратам жыр еліне!

Тарқамаған бойынан далам шері, Жұмақ күнге жетелеп барам соны! Қартайсам да, қайрыла, бір еркелеп, Алу үшін, жан Апа, табам сені! 2001 ж. 8 мамыр Туған күніңе

Мұрат ШАЙМАРАН

Сенің туған күніңе гүл сыйлар ем құлпырған, 53 Бірақ гүлден аумайды сенің әсем түр-тұлғаң. Жыр сыйлар ем, ол дағы емес саған мінәсіп, Жырланбай-ақ келбетің тұрған жоқ па ұнасып! Ән сыйлар ем сиқырлы, дыбыстардан мың түрлі, Өзің әнсің телегей, өзің әнсің сыңғырлы. Жырлау үшін тудым мен махаббаттың мерейін, «Жұлдызды – жүзік, Қаласаң, айды – алқа» ғып берейін. Менен бұрын бұл сөзді Мағжан айтты демесең, О, құдірет, құдірет, иланбайсың неге сен?! Бәрін қойшы, тәйірі, күн сыйлауға бекідім! Симайды ғой, қайтейін, аспаныма екі күн. Енді бұған не бітім?! Мұң сыйлар ем тұп-тұнық, кір шалмайтын көмсең де, Көз жасымнан кристалл сарай салып берсем бе?! Көктем өтіп барады, әр бүршігі гүл атқан, Сені сүйгенімменен, сыйлығым жоқ бірақ та... 2001 ж. 1 маусым


Мұрат ШАЙМАРАН

Мұң «Өтіп жатыр, кетіп жатыр бекер күн», Баяғы мұң, мендегі сол – шетен мұң. Құйттай жүрек құпиясын мәңгілік, Жырлай-жырлай тауыса алмай өтермін. (Сорға бола ақын болған екенмін!) Жатпады деп тірлігімде қызып ән, Мың түзеліп, күніне мың бұзылам. Аңызғақта атыздағы диқанның, Ескі жүзін көремін де, қызығам. Ерке таңның аймалаған алауы, Еркіңе ешкім қоя алмаған қарауыл. Мен өзіңнен кеттім бүгін алыстап, Қайран ауыл! Сол ауыл... 54

Көк күмбезді аспан анау көк айдар, Сол аспанға тұрды асылып сан ойлар. Ұзатып сап тұрды мені әжімдер, Ұзатып сап бордай болған самайлар.

Еркін аспан өлеңі

Өкініштер, қуаныштар, тағдырлар, Ескі шарбақ, шаң басқан жол, жаңбырлар. Ұзатып сап тұрды мені адамдар, Ұзатып сап тұрды мені нар мұңдар... Дала кездім, кездім байтақ көп елді, Қала бардым, талшық еттім өлеңді. Мен өзіңді сағынармын қаншама, Бірақ саған қайту маған жоқ енді. Маған ауыр – сен даңққа шөлдесең, Саған ауыр – сезімімді жерлесем. Қалай қайтам?! Сенің барлық мұңыңды, Бар ғаламға жыр қып айтып бермесем. 2001 ж. 19 мамыр


Арнау

Ойладым сені, Жасыл көктемнен көрсем деп! Жасынның жарқылдарын мен, Жанарыңа нұр қып берсем деп.

Еркін аспан өлеңі

Ойладым сені, Арасынан гүлдің көрсем деп! Қырдағы қызғалдақтарды, Алқа қып өріп берсем деп.

Ойладым сені, Көлдің ішінде көрсем деп! Балауса, балғын тәніңді, Көзіммен шешіндірсем деп. Ойладым тағы, (Есалаң жоқ-ау, әй, біздей!) Көлдегі сұлулығыңнан, Аспанда қалса ай жүзбей...

55

Есен бол енді, тағдырдың солай жазуы, Әсемдіктің қол жетпес темір қазығы. Айна көзіңнен көрініп тұрды маңдайымның терең әжімі... 2001 ж. 5 тамыз

Сия алмай мынау әлемге, Қиянаттардан сан аттап. Жүрегіңе сенің енем де, Қаламын ұзақ қонақтап. Адасып жүрсем аңсаудан, Көңілде кірбең, көп күдік. Көзімнің жасын мен сонда, Аламын қайта кептіріп.

Мұрат ШАЙМАРАН

Жансаяға


Мұрат ШАЙМАРАН 56

Қонғандай бақыт түсімде, Өзімнен-өзім жымиям. Мына мен пақыр үшін де, Жүрегің сенің – жылы ұям. Білмейтін шығармын, бәлкім, Өмірім сенің садағаң! Жүрегіңе түнеп мен әр күн, Сәби боп қайта оралам... 2001 ж. 27 мамыр Тағдыр (Бетховенге еліктеу) Тағдыр есік қақты! Соқпағындай ауылдың түнге сіңген, Мәңгілік жалғыздығым тұрды алдымда, Құлазулы күн кешірген. Қабылдадым – қабағы кірбең ғұмыр. Тәкәппарлау, тағылау һәм мұңлылау, Сол ма деймін жырымда жүрген күбір.

Еркін аспан өлеңі

Тағдыр есік қақты! Адалдығын жанына бүккен аппақ, Жаралы махаббатым тұрды алдымда, Кірпігіне мөп-мөлдір шық қонақтап, Қабылдадым – еншісі келер күннің, Әсемдігін әлемнің, азабын да, Жаудыраған көзінен көрем бүгін. Тағдыр есік қақты! Мен сияқты жанатын ендігі үміт, Тылсымдардан жеткен бір хабаршыдай, Муза жыр келді кіріп. Қабылдадым, жүректен мекен алды. Тым құпия, тым мұңды жолға мені, Жетелеп кете барды. Тағдыр есік қақты! Қолымыздан жасалған мың күнәдан,


Еркін аспан өлеңі

Жат анаға телінген сәбидей боп, Жаутаң қағып жанары тұрды далам. Қабылдадым, жетердей сенім – күшім, Ескі ошақта қалған бір қоламтадай, Ұлы рухын жандырып беру үшін. Тағдыр есік қақты... 2002 ж. 9 қараша Аңсау Суыт жүрген хабаршыдай, жол жақтан, Тағы, міне, келді ақпан. Мен өзіңді үнсіз тосып отырам, Жел қағады есігімді сен қаққан. Боран үні – сыбызғы үні қайғылы, Қалған дауыс айбарынан айрылып. Таулар мені тосып тұрған секілді, Артына бір қайрылып.

57

Аяз сіңген тұп-тұнық бұл еріндер, Мені тағы аймалаңдар, өбіңдер! Таулар, таулар, мен сендерден сұранам! Қарамай-ақ маған кете беріңдер.

Суыт жүрген хабаршыдай, жол жақтан, Тағы, міне, келді ақпан. Мен өзіңді үнсіз тосып отырам, Жел қағады есігімді сен қаққан. Жұлдыз біткен әр сәтімді тұр бағып, Жырлай-жырлай кетермін-ау жынданып. Кәрі ақпанның кеудесінен қақ жырып, Көктем болып жетіп келмей жүр нағып?!

Мұрат ШАЙМАРАН

Қандай аппақ дүние бұл, қарашы! Бәрі бірден тұрған жоқ па жарасып. Ербеңдеген еменнің де бұтағы, Менің жалғыз отырғаным адасып...


Мұрат ШАЙМАРАН

Келсеңші енді, желмен бірге зуылдап, Асыл шарап секілді бір буынды ап! Арбауына түскен құстай жыланның, Көкте асылып қалғансың ба шырылдап?! Ағыттырып менің селдей мұңымды, Жарық қылып менің көрдей түнімді. Келсеңші енді, үнсіз тосып отырам, Біле тұра сенің келмейтініңді... 2001ж. 18 ақпан Таңғы шықтай мөлдіреген махаббат Қараша айы, Менің туған жерімде, Меруерт пе көк аспаннан себілген?! Таңғы шықтай мөлдіреген махаббат! Ол кездері он сегізде едім мен.

58

Қандай ғажап еді онда таңғы нұр, Өтті дәурен, Бәрі де алыс қалды бір. Тұрушы еді боз жусанға шық қонып, Тұрушы еді мөлт-мөлт етіп бар ғұмыр.

Еркін аспан өлеңі

Таңғы шықтай мөлдір кезің ол сенің, Албырт кезім қиялшаң һәм еңселі. Әлсін-әлсін бір сөзіңді қайталап, «Күтем сені!» деуші едің... Кеттім кезіп тау мен дала, өзенді, Шөлім қанбай сонда да ернім кезерді. Таңғы шықтай мөлдіреген махаббат, Таңғы шықтай тез өлді... Мен мезгілге алдым бәрін ұрлатып, Таңғы шықтай мөлдіреген, махаббат! Жүрегімде бір түйір мұз тұр қатып... 2001ж. 6 сәуір


Тамыздағы жылы-жылы жаңбырда

Еркін аспан өлеңі Мұрат ШАЙМАРАН

Тамыздағы жылы-жылы жаңбырда, Бауырым төсеп жатар ма едім шалғынға! Мың құбылған тау бұлтының мінезі, Қылықты қыз секілді ғой күн өзі. Нұр кірпігін бірде қағып, бір қақпай, Қойды маған тіл қатпай. Мың иістің арасынан танимын, Жер – ананың төсін емген сәбимін. Не қыламын нұрлы күннің шапағын, Бауырым төсеп көк шалғында жатамын. Әнеу шөпте жалғыз тамшы тұр тұнып, Жаһұт болып, әлем болып құлпырып. Ол күннен де шұғылалы һәм таза, Оны ешкім де бөле алмайды балталап. Ешқашан да алдамайды ол сені, Кір ғаламның кінәсіз бір бөлшегі. Енді саған сене алмаймын, көк аспан! 59 Күн шығыстан шығады деп адасқам. Қан шашырап батқан күннен дерт емдім, Қарай-қарай кірпіктерім өртенді. Жолым ауыр, жүрек сыздап, жаншылар, Құтқар мені, мөлдір, салқын тамшылар! Біздің таудың құзарына бұлт үйір, Жанарыма тұрар тамшы бір түйір... Әнеу шөпте жалғыз тамшы тұр тұнып, Жаһұт болып, әлем болып құлпырып. 2001 ж. 4 тамыз


Мұрат ШАЙМАРАН

Алып келе жатыр маған түн хабар

60

Алып келе жатыр маған түн хабар, Мен білмеймін, кімдер өшіп, кім қалар?! Ыстық маған туған аспан жұлдызы – Жаутаңдаған мың жанар. Мұңды әніне бөлеп туған даланы, Түстік жаққа қайтқан күзгі тырналар. Тал-теректен төгілген сары жапырақ – Арулардан қалған алтын сырғалар. Ыстық маған ала кеуім ақшамда, Қыр басынан көрінетін тұлғалар. Жылғадағы сыңғыр-сыңғыр бұлақтан, Таныс бір үн естіледі құлаққа. Жылт-жылт еткен алыс ауыл оттары, Ыстық маған күннен қалған шуақтан. Терезелер өлеусіреп шам жанған, Уақыт табы қалған ескі қорғандар, Арғымағы ауыздықпен алысып, Жолаушылар суыт өткен шаң жолдар. Ыстық маған күлкісінен әрдайым, Күрсінісі көрінетін сол жандар... Жетімек ұл жылу тілеп іңірден, Әлденені отырады күбірлеп. Соның бәрін айтып берем ғаламға, Жусан исі сіңген ащы жырыммен. 2001ж. 29 сәуір

Еркін аспан өлеңі

Қыран тағдыры Қансонардың алғашқы шағы түсіп, Қанаттарын ауаға жанып ұшып, Көкке атылды қанды көз кәрі қыран, Көкжалдан да көрмеген сағы сынып. Тұғырынан алапат босанды алып, Атылған бір оқтайын қашанғы анық. Жиренімен артынан қоса шапты Құсбегі шал сақалы шошаң қағып.


Дұспанының қарымын жақсы білген, Әккіңіздің айласы қашты мүлдем. Қыран солай істеді қырандығын, Ор түлкіні шеңгелге басты бірден.

Еркін аспан өлеңі

Қыран ақты – аспанда алау ақты, Бір қызыққа таңырқап дала жатты. Зымқап ұшқан қыраннан көз айырмай, Қарғадай шал қалбаңдап бара жатты...

Жетті шалың артынан «арашаға», (Салтың солай болғасын жарасады, ә) Бір жапырақ қызылды қыран құсқа, Тастай салды, кездігін ала сала. Құсбегі шал біледі: «жөні-ақ осы... Қазір, қазір кигізем томағасын...» Сол қыранның бойында бір ашу бар, Тұратұғын алысқа ала қашып. Өрлік билеп үйренген дара басын, 61 Ол ештеме айтпайды далаға осы. Сол қыранның көзінде бір аңсау бар, Бір аңсау бар, бар тағы томағасы... 1999 ж. 18 қараша Көктем де келеді

Ағытып ақ сырма құрсауын, Қашады тау жаққа «сұм шалың». Мендегі құштарлық лебіндей, Бұрқырап жатады жусаның. Шылбырын ұстатпай жыл – ағын, Зымырап барады пырағым. Өзен боп күркіреп жатамын, Гүл болып үлбіреп тұрамын.

Мұрат ШАЙМАРАН

Көктем де келеді, келеді, Желбіреп желегі. Пенделер жасаған ұяттан, Күн көзі өртене береді.


Мұрат ШАЙМАРАН

Сезем де сезімнің шалқуын, Жайымды айтпастан, алтыным, Отырам қызықтап мен бақта, Қайыңның аппақ жас балтырын. Дөңгелеп төбемде нәсіп күн, Тұрады сәулесін шашып мың. Әйтеуір, бір мұңға жерікпін, Әйтеуір, көктемге ғашықпын. Арылып уайымнан мың батпан, Қараймын бөктерге гүл жапқан. Аспанға айтамын бәрін де, Ақынға айқайлап тіл қатқан. Көктем де келеді, келеді, Желбіреп желегі. Алғашқы жасынның жарқылы, Жаныма ұялай береді.

62

2001 ж. 30 сәуір

Менің мекенім Жүрсің бе сен әлі мені іздеп, Жаныңнан жалғыздық айықпай. Жел айдап шығарған теңізге, Иесіз қайықтай?!

Еркін аспан өлеңі

Алдыңда – тойымсыз ақ айдын, Соңыңда – құлазып жағалау. Толқындар үрей боп қамайды, Толқындар, ол анау! Тәкәппар емес пе ең, күнім-ау, Жылдарға береді дес иінің. Шақырып жатыр ма шыңырау, Жалмады иірім?! Тұманы теңіздің, жұрт оны: «Тым қалың һәм соқыр» деседі. Күтеді, күтеді, күтеді, Суынған төсегің.


Санаңды сарғайтпа, жүдетпе! Өмірден өгей бір күй аңсап. Мекенім – ып-ыстық жүректер, Алғанмын ұя сап...

Еркін аспан өлеңі

Алқынба, шарқ ұрма, қайт енді! Теңізден таппассың сен мені. Өзекті өкініш өртейді, Басады кеудеңді...

Жүрсің бе сен әлі мені іздеп, Жаныңнан жалғыздық айықпай. Жел айдап шығарған теңізге, Иесіз қайықтай. 2001 ж. 2 қыркүйек

Өмірге Жалаң аяғымен қар басып жүрген, Мен едім сенің «желөкпең». Бақыт пен қайғы алмасып жүрген, Өмірім, саған жоқ өкпем!

Адалмын саған, асқақпын, тіптен, Жырыңды жаттап ескірген. Қияндарға жанарын тіккен, Қиялшыл болып өстім мен... Жауынгердеймін бүгін майданнан қайтқан, (Жарама қара сен менің!) Қара басымның қайғысын айтпан, Даланың дерті – емгенім.

Мұрат ШАЙМАРАН

Ержеттім нұрлы талпынып күнге, Ей өмір, ғашық балаңды ұқ! Қасқая қарап тұрдым мен бірде, Арымды аппақ жалау қып.

63


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

64

Тарихым менің – Қағбам, кием, Кеудемде менің көмулі. Елімді сүйем, жерімді сүйем, Махаббатыммен ең ұлы. Аңсаман даңқ, аңсаман төрді, (Айқайлауға менің қақым жоқ.) Мұңында көптің қалсам бір болды, Азабы күшті ақын боп. Онсыз, өмір, мазмұның болмас, Онсыз болмас сөз басы. Көзімде менің жас болса, ол жас – Қара қазақтың көз жасы. 2001 ж. 3 қыркүйек


Еркін аспан өлеңі

Тұрады бір сөз Таусылып түгер өмірдің соңғы тұсында, Өсиетімдей көрінген – Тұрады бір сөз тілімнің ғана ұшында, Айта алман қазір оны мен. Сол сөзді туған даламнан ұқтым кеше мен, Алжыған ойға ес бітті! Ауырлап барып қара жерге бауырын төсеген, Қобыздың үні естіртті.

Сол сөзді ана – аспаннан ұқтым тағы мен, Жұлдызы сынық, күні өлген. Сол сөзді ана – бұлттардан ұқтым тағы мен, Шаштарын жайып жіберген. Әуенді аулап жол шектім азап ішінде, Қалғаны мүлдем жоқ есте. Сол сөзді – Менің бейуақта көрген түсімде, Шырылдап айтты нәрестем... 2002 ж. 3 сәуір

Мұрат ШАЙМАРАН

Көне бір елес жанымды қанша жылытады?! Іңкәрмін, әйтеу, мен оған. Естідім оны тұяғынан ұшқан тұлпардың, Мүжіліп біткен тағадан.

65


Мұрат ШАЙМАРАН

Ескі сағат Жылдар бойы қасқая тұрып алып, Сол ескі қабырғада сызат жүрген. Жаңылмай әр сәтіңнен жылжып ағып, Қаншама ғұмырларды ұзаттың сен?! Балалық мұжық тамды мекендеген, Келеді көз алдыма қаншама елес! Сен ғанасың көрген жан етер елең, Сосын сынық терезе, қаусаған пеш. Балалық мұжық тамды мекендеген, Келеді көз алдыма селтеңді өмір. Мен бүгін берсем айтып ел сенбеген, Тынған ән, сынған домбыра, өртенген жыр.

66

Шашылған мезгілдерін жоқтасын кім, – дейді маған ақшамда «араз кісі». Сен ғанасың бар көркі отбасымның – Уақыттың әділ, ұлы таразысы.

Еркін аспан өлеңі

Кеңістікке сабалар қанатын мың, Дәуірлердің көтермес егесін бой. Суарып қойған уға, Қара тілің Белін жазса, садақтың жебесіндей. Тіледім мінәжәт қып жан-тәніммен, Алапат һәм қаталдау арыныңды. Тағы да алабұртып аңсадым мен, Сол күнге мәңгі тоқтап қалуыңды. Тағдырдың тізгіні бар уысыңда, Айта алмай әлденені «тілсіз ғаріп». Қалдың сен сол бір үйдің бұрышында, Мен қалт жіберген ғаламды үнсіз бағып... Отырмын кең сарайда жүзім сынық, Сен тұрсың төр алдында жаңаланып.


Жеткендей «сырт-сырт» етіп үнің суыт, Ескі күн ескерткішін маған алып.

Еркін аспан өлеңі

Мен, әйтеуір, аңсамаймын гүл өмірді, (Ешқашан шайқалмайтын сенім бұлай?!) Бір әуен сыздатады жүрегімді, Қап қойған денемдегі жебе уындай... 2002 ж. 7 сәуір Жырым менің – домбыра (Ұран Ақатайұлына) Күй бастадың бір мұңды, Ойға баттым тым ауыр. Дыбыстарға күмбірлі, Тұтқындалды бұла жыр. Мың үздігіп, мың алқып, Маң қиялға жол ашқан. Көз алдымда мұнартып, Тұрып алды көк аспан.

67

Тамырымда шымырлап, У боп қанға жайылды. Мені арбаған бір ырғақ, Солбір ырғақ байырғы.

Талантқа жол бұраң, Арпалысып батар күн. Сен болмасаң, домбырам, Мен сақаумын, сақаумын... Дүниенің жұмбағы, Шанағыңда шешілген.

Мұрат ШАЙМАРАН

Өксігенде бір әуен, Жаспен жудым бетімді. Мен боп сонда бұл әлем, Жылап тұрған секілді.


Мұрат ШАЙМАРАН

Сен тұрғанда, жынданып Ақын болдым несін мен?! Әлқисса айтып берсем деп, Өрт боп жанып өзегім. Күттім қанша мен сен боп, Бір сөйлеудің кезегін... Жырым менің – домбыра, Сен өмірдің күйісің. Тұратұғын бұрқырап, Қорғасынның иісі... 2002 ж. 18 сәуір Еліме

68

Тым тәкәппар, тым мұңдылау әсерден, Ағып түскен көздің мөлдір жасы ем мен. Тым құпия жаққа бастар жолдаймын, Тұлпарлардың тұяғына төселген. Тым албырттау, тым аңқаулау кезіңмін, Уайым мұжып сірі болған төзіммін. Сенің айтар ең алғашқы және де, Ең ақырғы сөзіңмін.

Еркін аспан өлеңі

Менің үшін жырдан өзге жоқ үстем, Жырсыз болса, тірлікпен де келіспен! Тағы сенің ең соңғы ақымағыңмын, Диуанамен бір бокалды бөле ішкен. Патша болсаң, басыңдағы тәжіңмін, Ойға батсаң, маңдайыңда әжіммін. Беру үшін шын сүюді дәлелдеп, Ләйлі қызды іздеп жүрген Мәжнүнмін. Сенің жасың – жанардағы іркінді, Сен қайғырсаң қабағымда түн тұрды. Жырлау үшін жаралдым мен өмірге, Сенің батпан мұңыңды һәм рухыңды... 2002 ж. 9 мамыр


Нөсер

Көк жүзіне көкпері бұлт шықты да, Айдап салды тыныштықты ықтыра. Ауық-ауық айқай салып тұрады, Ақиқатын ұқтыра.

Еркін аспан өлеңі

Аспан – ана келе жатыр кемсеңдеп, Қара жерде қаймығады, мен сенген. Долы нөсер, ғашықпын ғой, өзімді, Дәл сен ұсап баян етіп берсем деп...

Алды ару күн алау жүзін қалқалап, Ғалам мұңын тұрды таулар арқалап. Мен қол созып үлгірмеген қайыңның, Жапырақ – шашын өте шықты жел тарап. Кеңістіктің сауырынан қамшылар, Киелі қол, Оған қалай жан шыдар?! Кірпігіме жатты менің қамалып, Әрі қышқыл, әрі мөлдір тамшылар...

69

Өзенге өксік, айта бермей көлге сыр, Тула дала, биле дала, енді есір! Сенің ұлы махаббатың ғарыштан, Нөсер болып төпеп жатыр көл-көсір.

Мұрат ШАЙМАРАН

Шөліркеген ескі қорған, моласы, Бұл өлкенің сенен өзге жоқ асы. Сырқау шалдың қалтылдайды саусағы, Тасбиықтың тасынан бір адасып... 2002 ж. 13 сәуір


Мұрат ШАЙМАРАН

Қырандағы бала қайыңдар Көңілде кірбең, көзімде тұман, Дәурені өткен уайымдар... Жеттім-ау саған, айтылмаған бір ән – Қырандағы бала қайыңдар. Жанымды ора жапырағыңа да, Жұмаққа мені жетелер. Аласатып жүрген ақымаққа мына, Аз ғана рахым ете көр! Жақынмын саған, жатсынып қума, Сыбырла маған, еркеле. Мендегі тәтті бір мұңды тыңда, Жүрегімді бірақ өртеме.

70

Кеудеме менің тамырын жайған Жап-жасыл қайың әлемі. Сан жылғы сара оянсын арман, Айтары саған бар еді... Бүгілтті тағдыр қаншама белін, – Дегейсің, – жалқы жігіт қой. Қыранның мөлдір моншағын менің, Кірпігіме әкеп іліп қой.

Еркін аспан өлеңі

Төгілер жасым көлдетіп неше, Сенбесең қайта үзіп көр! Сол балғын қыздың (жұбансын десең), Суретін суға сызып бер! Барамын таппай, сені іздеп едім – Сағымды күннің қиялы. Көкірегімдегі теңізге менің, Қырандар келіп құяды... Көңілде кірбең, көзімде тұман, Дәурені өткен уайымдар... Жеттім-ау саған, айтылмаған бір ән – Қырандағы бала қайыңдар. 2002 ж. 8 маусым


Омарғазы Айтанұлына

Шайырдың басқа көзге ілмей бірін, Ойымды саған жүз бөлем. Жырсың ба әлде құпия, мұңды, Кіндігін жерден үзбеген.

Еркін аспан өлеңі

Нұр ма едің құлар ұлы күн жақтан, Кристалдай таза, мың қырлы. Өзенсің бе әлде күркіреп аққан, Бұлақсың ба әлде сыңғырлы?!

Ұлы бір қайғы етегін жимай, Кеудеңе тынды бар ғалам. Қазақи қара ұйқасқа симай, Кеттің бе, соған таң қалам?! Қамшыдан қалған жаныңда сызат, Аға, сен түссең есіме. Кірпігім тала қараймын ұзақ, Ақ эхрам – аспан төсіне.

71

Жоқтайды бүгін аңырап іздеп, Артыңнан ойлы ғасыр кеп. Қайтарып сені бере ме бізге, Бауыры суық «тас ілгек»...

Ғазиз жан, менің түсіме кірдің, Жорысам жұмбақ жолы тым: ...Құлпытасыңды мекендеп жүрді, Киелі үкің – сары үкің... 2002 ж. 14 тамыз

Мұрат ШАЙМАРАН

Адал да, албырт жастыққа серік, (Жанарын қаннан аршыған.) Қолыма менің қонбайды келіп, Сол шыбар қанат қаршығаң.


Мұрат ШАЙМАРАН

Сен мені шақырма биіңе... Бір сарын ілескен күйіме, Көңілдің айнасы – тасталқан! Сен мені шақырма биіңе, Бәрібір бас тартам. Сиқыр нұр тұр кілкіп көзіңде, Сен – жылан, мен торғай секілді. Арбалғам аңғалдау кезімде, Кеудеңе басқанмын бетімді. Билегем дөңгелеп, шалқығам, Қыса бір құшақтап беліңнен. ... Маңайым толған бір жарқын ән – Сезімі себілген...

72

Бәрі де алдамшы елес пе, Өмірдің өзгеріп тұр мәні. Баяғы сол ритм емес пе, Бүгінгі музыка ырғағы. Жамылып жатсам да тораңғы, Бетбақтың даласын паналап, Санамнан жуа алмай сол әнді, Жанымды жаралап –

Еркін аспан өлеңі

Қашқынмын, бұл күнде жоқ тыным, Адамдар есігін ашпаған. Сеземін құйынның екпінін, Тауларды жасқаған... Жүреді қуалап қашанға, (Жынданып кетермін, сірә, мен.) Мезгілдер билеген тамсана – Үрейлі бұл әуен?! Бір сарын ілескен күйіме, Көңілдің айнасы – тасталқан. Сен мені шақырма биіңе, Бәрібір бас тартам...

2002 ж. 26 тамыз


Түнгі дала

Ақ жүзін аршыған мұнардан, Аппақ бір бояуға малынды ай. Қап-қара рельс шұбалған – Қасірет табындай.

Еркін аспан өлеңі

Поиездар зымырап барады, Алыс бір жақтарға түн қатып. Жұлқылап оятып даланы, Екпінін тыңдатып.

Ойыңды жетелеп апарар, Қиялдай таулардың сілемі. Бүк түсіп жатты бұл жоталар, Бүлк етіп жүрегі... Соңғы бір вагонда мен бармын, Бар тағы айдың сүт сәулесі. Өксігі басылмай арманның, Қыстығып кеудесі –

73

Отырмын ешкімге тіл қатпай, Тірлікке секілді жаным қас. Ескіден қалған бір жұмбақтай, Шешімі табылмас.

Мың жылдар еш тыным алмаған, Мұңая салғаны – өз әні. Терезе сыртынан ол маған, Саусағын созады. Аһ ұрдым, күрсіндім ауырлау, (Жер ғана көтерер салмағын.)

Мұрат ШАЙМАРАН

Білмеймін қай жаққа шашылдым, Қараңғы қамаған бұл алап. Жеткендей байырғы ғасырдың, Елесі қуалап.


Мұрат ШАЙМАРАН

Қасыма шақырып алуға, Қол бұлғай алмадым...

Еркін аспан өлеңі

74

Ақ жүзін аршыған мұнардай, Аппақ бір бояуға малынды ай. Қап-қара рельс шұбалған – Қасірет табындай... 2002 ж. 11 қазан Жырым менің... Жырым менің тым мұңды, Жырым менің тым асқақ, Улы жебе сияқты тартқан біреу құлаштап – Ауалардың дірілін бұза көкке самғаған, Уақыттардың ағысы ұстап қала алмаған. Түйреп өтер бұлттарды жататұғын шарпылып, Жасын оның – айғағы, Жасын оның – жарқылы. Адастыра алмайды қап-қара түн, қара түн, Жұлдыздардың сәулесі күйдіре алмас қанатын. Менің жебелеріме шексіздікке жол ашқан, Аңтарыла қарайды адал, момын ақ аспан... Көлдер ағып көзіме жететұғын секілді, Шарасынан төгіліп кететұғын секілді, Сардалада сандалған үміттей боп бір ғарып, Жетім оты даланың жанарымда тұр жанып, Боз жусанға шық қонған меруерттей, Бір-бірден (Өрт боп жанып кетердей.) Кірпігіме ілдім мен. Әр сәтінің елесін бермей қара шығынға, Тарихымды қайғылы көмдім қарашығыма... Жырым менің тым мұңды, Жырым менің тым асқақ, Улы жебе секілді тартқан біреу құлаштап. Қасиетті ақшамның аруағына дұға қып, Тартқан жебе еді бұл көз жасыма суарып.


Саған рахат, маған азап болса да

Еркін аспан өлеңі

Түс көремін мен ылғи, Түс көремін, Туысқан, Қанға бояп жатамын шыққан күнді шығыстан... 2002 ж. 3 қараша

Тұңғиық көзіңде тұншығып жүрдім қаншама, Бір күйік сезімге құлшынып жүрдім қаншама; Білмеймін өзім де Күрсініп жүрдім қаншама; Саған – рахат, маған азап болса да. Мәжнүндей болып дал ұрып жүрдім қаншама; Ақылдан, естен арылып жүрдім қаншама; Нәркес жанарыңды найза кірпіктерің жапқанда, Мен де бірге жабылып жүрдім қаншама; Саған – рахат, маған азап болса да. Сәулесіз түндерде тайғанап жүрдім қаншама, Сен боп туар деп ай қарап жүрдім қаншама; Қоңыр кештерде ескен самал боп, Қайың – балтырыңды аймалап жүрдім қаншама; Саған – рахат, маған азап болса да.

...Өтті дәурен әрі мұңды, әрі ізгі, Жапты уақыт басып өткен бар ізді. Кеудем менің ескі сарай секілді, Жүрегім иесіз шырағданы тәрізді. Саған – рахат, маған азап болса да... 2002 ж. 8 қараша

Мұрат ШАЙМАРАН

Жауатын күндей бұзылып жүрдім қаншама, Дауасын білмей қызынып жүрдім қаншама; Сенің бақытың бал-бұл жанған күн, Аспаныңнан жұлдыздай үзіліп жүрдім қаншама; Саған – рахат, маған азап болса да.

75


Мұрат ШАЙМАРАН

Мен өлеңді көрдім

Еркін аспан өлеңі

76

Мен өлеңді көрдім: Жалған боп, жаһұт болып мың құбылып, Қайқы қанжар кірпікте тұрды ілініп. Көл сынды тұңғыйқтау көзден ерен, Тұншығып өлем-ау деп безген емен. Жанымның жақпарына жақтым жарық, Өзімді сан айдынға аттым барып... Баққандай тамұқ күнді, ғаріп тұсты, Сол жаһұт жасқа айналып ағып түсті. Берілген жүрегіммен сенімге ұлы, Тостым мен жас – тамшыға ерінімді. Сияқты ащы шарап қанды улаған, Шөлімді қандырмаған... Мен өлеңді көрдім: Уа, жасын, сен оқыған әр дұғаңмен, Дүркіреп оянғанда барлық әлем, Қасиетті сертімен мәңгі берік, Ніл болып жапыраққа тамды келіп. Ашқарақ құшағымды толтыруға – Кеттім мен асау өзен толқынында... Мезгіл ме, әлде мен бе күнә басқан?! Жер жатыр жылы қойнын тұманға ашқан. Қалтырап қатал уақыт қабағынан, Жапырақ үзілді де сабағынан, Жел жұлып әкетті оны нән ағаштан, Мені де ала қашқан... Мен өлеңді көрдім: Кетердей кеудесіне құлап аспан, Жапанда не жартаста қына басқан, Бөрідей жанарына от жайған үдеп, Тұрды ұлып тұмсығын айға білеп. Зарлы әуен толғандырып ғарыш-көкті, Сіңді де тылсым түнге алыс кетті. Бақытын баянсыздың қанып ішпей, Жол шектім иендерге дәруіштей.


Еркін аспан өлеңі

Салқындау сәулелерін жамылшы ғып, Қол жайды жұлдыздарға қайыршы – үміт. Сол әуен қайта соққан секілденді, Тұрды ұлып көкірегімде жетім бөрі...

Мен өлеңді көрдім: Қалды артта орамалын бұлғап дәурен, Аттандым арғымақпен қыр жаққа мен. Ақшамда сақ-сақ етіп елес күлген, Ешқашан тізгін тартқан емеспін мен. Қақпайлап қараңғыны, екіленіп, Шақырды ол мені ауылдың оты болып. Таусылып түгердей-ақ жан шыдамым, Атымды астымдағы қамшыладым, ...Жаратқан, келсем жетіп алқып ұшып: Ойран жұрт, өшкен ошақ, жалқы күшік. Жаураған, жадау тартқан, жолығуға, Отырған сөнген оттың орынында, Мен өлеңді көрдім... 2002 ж. 31 қараша 77

Хафизге шағыну

Мұрат ШАЙМАРАН

Құй, қанеки, сахи дос, мөлдіреген шараптан! Мекенім менің – мәйхана, өзге жерім жоқ аттам. Байлық үшін ішпеймін, ол итіңе не төлем? Ең алғашқы кесені Хафизге арнап көтерем! Бір меңіне арудың қос шаһарды атаған, Бұл не деген жомарттық әлемдегі, о, тоба?! Алабұртқан ақынның аңқылдаған жыры үшін, Ақсағың да ер екен суырмаған қылышын... «Қолыңдағы барыңды қолаң шашқа жайып сал!», – деп тұрғандай болады шығыстық сол кәйіп шал. Сан шаһарды берер ем сылқымдарға мен тегін, Ол деген бір – арман ғой, Ол деген бір – ертегі... Жамау-жамау болса да шекпеніңнің өңірі, Еліктейді бір саған тәкәппарлау өмірім.


Мұрат ШАЙМАРАН

Сұлуларға іңкәрмін қайың – балтыр, гүл – ерін, Сол ерінде бояу боп тұрған менің жүрегім. Кірпіктері – сұр жебе адырнадан ағылған, Менің улы дертіме секілді ғой малынған. Жаңа піскен қос алма, үзілердей өзегім, Ақ мамықтай кеудеден шарап исін сеземін. Қабақтары болғасын қиылған бір ай мүсін, Мен нұрлы айды жырлаймын, Жырлаймын һәм қайғысын. Әсемдіктің әсері қуат беріп соңғы шақ, Бақыт екен шайырға асқақ жүру сен құсап. О, Хафизім, ардағым, табынатын аруағым! Еркеліктің салмағын көтермейтін жолдамын. Алабұртқан ақынның аңқылдаған жыры үшін, Ақсағың да ер екен суырмаған қылышын... 2002 ж. 21 қараша Көкжал даусы

78

Дәметпеймін сөз айтар деп кім жылы, Саған сенем, ертеңгі күн – нұрлы күн! Құлағыма еміс-еміс жетеді, Көкжалдардың ұлып салған «түн жыры».

Еркін аспан өлеңі

Талпынамын ешбір тағат таба алмай, Шарқ ұрамын бәйге атына шабардай. Жүрем ессіз ай сәулесі астында, Айкезбе боп аласатқан адамдай. Қараңғыны тіле көкке самғаған, Көкжал даусы! Сол дауысқа арбалам... Тұрды дауыс жұлдыз жарығы арқылы, Маң далаға сорғалап. Селебедей жарып кіріп кеудемді, Жүрегіме төгіледі ол менің. Қандай бақыт, қандай бақыт! Тек сенің Ақ сүтіңді емгенім.


Күнім менің – бүгінгі күн, қыли күн, Мың өртенем және де мың суимын. Үрейге сап мынау тұнжыр ғаламды, Жасыл жыңғыл арасында ұлимын.

Еркін аспан өлеңі

Мен де сенің бөлтірігің, (сене бер) Жанарыңның жасыл отын бере гөр! Өтер ме едім, кетер ме едім мәңгүрт боп Өзіңді ембей, доңызды емсем мен егер?

Ұлимын мен, анам – бөрі (бар шыным!) Бар күдіктің тұманынан аршылып, Қалар менің ащы, азалы дауысым, Қара аспанның көкірегіне шаншылып. Тәрк етіп тірлігімнің бар заңын, Ұлимын мен, кеудем толы ақ жалын. Жаңғыртып бір менің туған өлкемді, Солай ұлып жататұғын көкжалың... 2003 ж. 10 қыркүйек 79 Ақшамда ақ боран

Мұрат ШАЙМАРАН

Ақшамда ақ боран ойрандап тау ішін, Әлек сап жатады, тындым ғып бар ісін. Жалғыз көз жарықтан тамсанып өмірге, Мен жатам ескілеу жер үйдің төрінде. Құлақтан кіріп ап жүрекке жүгірген, Бір дауыс мазамды алады түнімен. Үскірік жүзімді жалайды тілімен, Ұлыған боран ба, Бөрінің үні ме?! Боран ба, қойшы әрі, ұлыса, ұлысын, Кімді іздеп шарқ ұрып, табады кімісін, Онда не жұмысым..! Тас керең тағдырдан мейірім сұранып, Ұлыған Бөрі ғой, Бөрі ғой бұл анық. Әнеу бір сараң бай бір тоқты бермеген, Жыладың сол үшін, жыладың сен неден?!


Мұрат ШАЙМАРАН

Өртеніп құлаған жұлдызы батыстың, Секілді көздерің шашады от ұшқын. Адамдар мекені өзіңді жатсынған, Өлі бір ұйқыда, тарт бері, Ақшулан! Малымды шауып кет, саған да жем керек, Онсыз да шаруамыз тұрған жоқ дөңгелеп. Тойдың ба, қалғанын кеткейсің бауыздап, Қалсын бір жемтіктер киелі ауыздан... Малынан басқасын жоқтамас бұл халық, Қалсын бір егіліп, қалсын бір тұлданып! Үрей боп үрпиіп, Ажалдай ұрланып, Бұрышта тұр мылтық, сүмбісі сұрланып. Ешқашан саусағым сипамас құндағын, Өйткені, таңдайда сүтіңнің тұр дәмі... 2003 ж. 10 қыркүйек Жусан иісі

80

Алыс сапар азабына қарамай, Ауыл жақтан келді маған нар ағай. Аңғал-саңғал төріме кеп отырды, Бұл недеген бақыт еді толағай!

Еркін аспан өлеңі

Оған таңсық мынау қала – нән қала, Суық көзбен қарайды бір паңдана. Көз алдымда олпы-солпы қарт диқан, Еркіндігін жоғалтқан жоқ сонда да. Күн деймін-ау мынау күйбең күнімді, Тас көшеде көңіл талай сүрінді. Үстіндегі жамау-жамау шекпеннен Жусан иісі танауға кеп ұрылды. ...Ешбір иіс жаулай алған жоқ мені, Баурай алмас арудың да от демі. Исі қандай ғажап еді жусанның, Исі қандай ғажап еді көктемгі!


Бөрте дала, бөртіп жатқан мың сан қыр, О, жарық күн, нұрыңды сеп, Бусандыр! Бабалардың қан мен тері төгілген, Топырақтан өніп шыққан жусан бұл!

Еркін аспан өле��і

Мезгіл ғой бұл дархан дала құлпырмақ, Жібермейтін сиқыр сезім ырқына ап. Кеудемдегі менің ащы мұңымдай, Жусан иісі жатушы еді бұрқырап.

Бөрте дала, бөртіп жатқан мың сан қыр, (Желге самал кеудемді ашып тұрсам бір) Көп телмірген арайлы азат аспанға, Топырақтан өніп шыққан жусан бұл! Бөрте дала, бөртіп жатқан мың сан қыр, (бала шақтың елестерін қусам бір.) Аманатын ақынына тапсырған Топырақтан өніп шыққан жусан бұл! Жусанды өлке: мөлдір аспан, қара аспан, Тауы да асқақ, зары да асқақ, бәрі асқақ! Менің ерлік ертегідей әлемім, Менің еркін қиялыма жол ашқан...

81

Кездерім көп намыс өлген, бақ сынған, Кездерім көп төтеп берген көп сынға. Қоржын толы сарқытыңды қайтейін, Бір түп жусан ала келген жоқсың ба?!

Ізде мені жаныңды шер басқанда, Ізде мені көл аңсаған, қасқалдақ! Жусан исі кеңсірігімді ашытып, Жанарыңнан тұрар сенің жас парлап... 2003 ж. 5 наурыз

Мұрат ШАЙМАРАН

Әкелмедің? Білем оны, жарады! Жазып-жазып, Айтып-айтып мен әлі – Тастаймын да туған дала, дертіңді, Мен өзім де жусан болып қаламын.


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

82

Мен сені сүйемін (Сергей Есенинге) Сергей Есенин! мәйхана төрінде кемсеңдеп, қайғылы жыр оқып өзіңді, улы бір шараппен көмсең де, Мәскеудің тәкәппар көшесін, шұлықсыз қыдыра берсең де, заманның зар толы әуенін, сен маған жетелеп келсең де, өмірді ескілік деп ойлап, жеңіңе асылып өлсең де, мен сені сүйемін. Сергей Есенин! өзектен өріліп жатты өлең... тағдырдан несібе – бір саған, талақ боп даңқ пен бақ деген, кетсең де таң алды оралмай, қып-қызыл, күп-күрең атпенен; (Жан үшін жалтаңдап біреуге, Табынбас талант... әттеген!) Жел өкпе желінді қыздарға Бөлсе де жылуын от денең, Мен сені сүйемін. Сергей Есенин! Симайтын ғұмырсың ақылға. Ғаламның ғаламат мұңы үшін, сор кешкен ақынға, бұл тірлік мақұл да... Жоғалтып жеті жас күшігін, сол иттің сен айтқан қалпында, жаңғыртып Ресейдің даласын, әлі ұлып жатыр ма?! Менің де кеудемде бір ит бар, уайымға шақырған...


Қырдағы жылқы даусы

Еркін аспан өлеңі

Сергей Есенин! білемін, білемін, білемін! Сен барсың, бар болса жыр елі. Дауысың жаулайды әлемді, есімің аңыз боп жүреді. Арнаған жырыңды оқиды, аруы Шираздың, түлегі... Білемін, ыңғай да осылай, тұрмайды, өзгерер күн өңі... мен сені сүйемін, О, Сергей – Орыстың жаралы жүрегі. 2003 ж. 18 қараша

83

Қандай ғажап қара қостың жыртығы! Жұлдыздары жанған жақын қыр түні. Қандай ғажап үрей толы шатқалдан, Үйір аңсап кісінеген жылқы үні!

Кім анықтап бере алады әр ізді, Кім адақтап бере алады парызды?! Сол бір дауыс менің көкірегіме Сыналарын қағып жатқан тәрізді. О, жануар, отпен ғана отасқан, Талай ерді шыққан алып қапастан. Бала кезім, айтқан маған қарт бабам Жеттің бе сен ертегі мен эпостан.

Мұрат ШАЙМАРАН

Жатқан шұбап түтіндері ұзынға, Ауыл біткен елітеді ғұзырға. Сол бір дауыс – әрі мұңды, әрі ауыр, Ойландырар айға жалғыздығын да.


Мұрат ШАЙМАРАН

О, жануар, қадіріңді кім білген, Кімдер баптап, ереуілге кім мінген?! Қапияда басы ұшқанда домалап, Махамбеттен қалып қойған дүлдүл ме ең?! О, жануар, о, жетім жыр, жырланбай, Жанарыңда қан боп ұйып тұрғандай. Сен де өтерсің қамшы салар қол аңсап, Мен де өтермін тақым құрышым бір қанбай. Уақыт сені жетегіне ап, жел мініп, Сенің асқақ жігеріңді жер қылып, Сен де өтерсің иесіз елеңдеуменен, Мен де өтермін иендерге телміріп...

84

Бәрі қайғы жылқы мінез кісіге, Кетті менің жүрегіме от, ішіме от! Төсегімде жатам ұйықтап, түсімде, Жылқы болып жүрем сосын кісінеп... 2003 ж. 14 тамыз

Еркін аспан өлеңі

Мен елеспін Мен елеспін. Тұманды түндерде үрейлі, молалар басында түнеймін. Ақ алау, аппақ нұр жан-жағым, шақырып бабалар аруағын, кеудемді ескі бір мұңға ашып, отырам сырласып. Молалар, молалар, көнерген, өткен күн жоқ өлген! Жаһан бұл жалғандық ісінген, келешек өмірлер үшін де, аруақтар, соны айтып берер ме ең?! Ақиқат! сенем мен.


Білесің, білемін, тегінде, мүмкін бе рухты көмуге...

Еркін аспан өлеңі

«Зарымды адам ұқ, аспан ұқ!» – дегендей, көзінен жас тамып, өксігі бір келіп, бір қайтып, ол маған бәрін де тұрды айтып. Тұрды айтып ықылым жұмбағын, қатпары тым қалың...

Мұрат ШАЙМАРАН

Мен елеспін, Кеземін далаңды, саламын жадыңда жоқ әнді. Қаңтардың кешінде боранды, күзетем қораңды. Ошағың сөне бір бергенде, есіктен өлі ұйқың енгенде, селт етіп қаламын, ақырын әйнекті қағамын. Бесіктен оятып сәбиді, 85 (ол мені таниды) отырам қасында сыбырлап. Әлдидей естіліп бұл ырғақ, балбырап жатады, тым ұзақ қиялға батады. Нені ұқты, нені айттым келелі?! ертең-ақ ол сөйлеп береді... Елеспін, елеспін, қарашы! кеше мен бүгіннің арасын жаныммен жалғаған, уақытқа тәуелді болмаған... 2003 ж. 10 қыркүйек


Мұрат ШАЙМАРАН

Нөсерді аңсау Кеуіп біттім су таппадым өзеннен, Ыршып аққан бұлақтың да көзі өлген. Ебіл-дебіл жаңбыр жауа бастаса, Балауса мен шалғын исін сезем мен. Бүгін нөсер, ағыл-тегіл болады, (Қарлылғаштар жер бауырлап барады.) Аспан-тәңір қаһарына мініп ап, Айқайымен жаңғыртады даланы. Жасқа малар самырсындар кірпігін, Ақ қайыңдар қалар дүр-дүр сілкініп. Талай болды-ау тамшы күтіп тұрғалы, менің ескі лашығымның жыртығы.

86

Жолдар анау таптап өткен кір табан... Жайып тастап қара шашын бұлт – ана, Оңды-солды сілтеп-сілтеп алады, Жасындарын жанып-жанып қырқаға.

Еркін аспан өлеңі

О, жасындар, жарқылда, сен, жарқылда! Жатып алмай бұлттың жақпар артында. Шұғылалы болу керек күн деген, Қалу керек нөсер – нөсер қалпында. Оны неге байқамайсың, байқұсым, Толастамас көк пен жердің айтысы. Жату керек ойға шомып ормандар, Жату керек ордаларға жай түсіп! Даңғой мезгіл даңқын кімдер тасытты?! Ойсызға бақ, ойшылдарға нәсіп мұң. Зеңгірлерге талпынады көгершін, Сол бір күнге мен де сондай ғашықпын. Ғашықпын мен айтқан қыздар таусыла, Тау әніне, менің дертім сол шығар...


Ғашықпын мен таң сәріде ауылды, Оятатын еркін қораз даусына.

Еркін аспан өлеңі

Іздеймін мен шапағатшыл құдайды, Іздеймін мен кездерімді былайғы. Іздеймін мен, Үміт менің тұлпарым, Маған бұлттың жез қамшысы ұнайды. Пайғамбардың үмбетіндай киінген, Жырлай-жырлай тіліне бұлт үйірген. Отырады күнді жайлап бір ақын, Отырады тамшы тескен үйінде... 2003 ж. 18 шілде Ай Мөлдіреген шарабыңнан тұмадай, Құй, Інішек! сыңғырлатып құй, Ағай! Кірпік ілсем, түсіме ылғи кіреді, Құлпытасқа шаншып қойған қияқ Ай.

Тәңір өзі кінәсінен аршып ап, Семді гүлің, сөнді солай жан – шырақ. Саудыраған сүйегіңе ніл болып, Сүт сәулесі тұра ма екен тамшылап?! Кім біледі, таусылады қайда дәм? (Өмірдің мен соңғы сәтін ойланам.) Шығысыңнан шыққан күннен, ендеше, Шұғылалы көрінеді Ай маған.

Мұрат ШАЙМАРАН

Жақын дейді көк пен жердің арасы, Ай көтерген молаларға қарашы! Ойға батам... неменеге ниет қып, Қойды екен деп мұсылманның баласы?!

87


Мұрат ШАЙМАРАН 88

Соған бұрып әжім сызған бетімді, Ұмытпаймын әр түн тәуәп етуді. Тұрады Ай – іліп қойған аспанға, Пайғамбардың жайнамазы секілді. Кешір, Аллах, Бұл күпірлік сезімге – (мен өзіңнің шафхатыңнан безінбен.) Айды кейде ұқсатамын мен қызға, Мәйханадан масаң қайтқан кезімде. Таңдайына қонған жырдың бұлбұлы, Мен боламын әсемдіктің бір құлы. Тұрады Ай – Балғын тәні балбырап, Сонадайдан қарауытып кіндігі. «Жамалының жарасы-ай!» деп сөкпе, аға, Сұлулықтың құдыретіне жоқ баға! Жаһандағы жан біткенді қайран қып, Сол жалаңаш жүре алады тек қана.

Еркін аспан өлеңі

Шариғатқа баққан шәкірт пішінмен, Әр дұғамды қайталаймын ішімнен. Айды сүйем және айдай аруды, Екі дүние қараңғылығы үшін мен. Жақын дейді көк пен жердің арасы, Ай көтерген молаларға қарашы! Ойға батам... неменеге ниет қып Қойды екен мұсылманның баласы?! 2003 ж. 25 қыркүйек


Күз жыры

Жел сыңсиды, қурай зарын қосады, Көкжиекте күннің қызыл тосабы. Көк аспанның кеудесіне қадалып Тұрды жебе – алтын дәннің масағы.

Еркін аспан өлеңі

Тамыз – сараң ұсынбады сыйға түк, Қуаң атыз, жігер жүнжіп, ми қатып – Тұрды диқан саусағының ұшымен, Шылым сіңген жирен мұртын ширатып.

Барады құс түстік жаққа жиі ағып, Жетегінде кетті дала қиялы. Тұрды диқан, қолындағы орағы, Секілді бір күңгірт айдың қияғы – Бар тірлігін жарық қылып сәулесі, Айлардан сан аман алып келді осы. Жады болып турап өтті және де, Арман толы кеудесін.

89

Орақ, саған басымды мен иемін, (Адал еңбек, ашты терге киелі!) Соқа жүзі тіліп өткен көктемгі, Бұрқыраған жер иісін сүйемін.

...Бала кезім еді менің бүр жарған, (Қалған маған естеме көп жылдардан.) Мұңды әніне бөлеп ауыл ақшамын, Сол бір қыздар қайтушы еді-ау қырманнан. Барады құс түстік жаққа жиі ағып, Жетегінде кетті дала қиялы. Тұрды диқан, қолындағы орағы, Секілді бір күңгірт айдың қияғы.

Мұрат ШАЙМАРАН

Мөлдір тамшы қалған тұнып ізінде, Аңызғақта аптап өткен жүзін жел. Сүйем тағы қоламтада күреңітіп, Піскен нандай егіншінің қызын мен.


Мұрат ШАЙМАРАН

Жердің шөлі – ерінінде кезерген, Көрер ме едің, оны, мезгіл, сезер ме ең?! Қарғайды кеп жаумай өткен жазыңды, Тамбай өткен бұлттарды да безерген. Қарау күннен қайыр күткен қара там, Атар қашан ырыс таңы, дара таң! Тұрды диқан бір ысынып, бір суып, Орақ сабы ойып түскен алақан. Енді өмірдің орай берер жоқ шағы, (Ешкім оны жылытпайды от жағып.) Тұрды диқан сүреңсіз бір түс көріп: ...Сабан болып сұлап жатты сап-сары. 2003 ж. 9 қазан Аңсаймын бір өлеңді

Еркін аспан өлеңі

90

Дүркіреген тұлпардың жалындағы, Аңсаймын бір өлеңді; Текті дала тебіренген шағындағы, Аңсаймын бір өлеңді; Нұр ойнаған алдаспан жүзіндегі, Аңсаймын бір өлеңді; Шатырлаған найзағай ізіндегі, Аңсаймын бір өлеңді; Зау биікке ұшқан сақ жебесіндей, Аңсаймын бір өлеңді; Ғарыштағы бостандық елесіндей, Аңсаймын бір өлеңді; Киіз болған кітаптар арасынан, Аңсаймын бір өлеңді; Жылдар салған жүректің жарасынан, Аңсаймын бір өлеңді; Қабағынан қаһарлы дала шытқан, Аңсаймын бір өлеңді; Қайғы жұтып, қан жапқан қарашықтан, Аңсаймын бір өлеңді...


Бадет Ахыметжановқа Жаралған сұлу дүние сыңғырынан, Тынды бір ән. Құлады маңып барып ақжелең күн, Маңдайы түнге ұрылған...

Еркін аспан өлеңі

Жер сыбырлап, айтады аспан нені?! Мен, әйтеуір, аңсаймын бір өлеңді, Өрлікке бастар мені! 2003 ж. 15 қазан

Мен сенің қабіріңе тұрмын келіп, Жанымды бір мұң көміп. Баяғы мынау ғалам қаз-қалпында, Бақастық, дүр-дүр желік. Бүлініп болмаса не кемелденіп, Кеткен жоқ сен өлгелі... Кетті ағайын, ең соңғы жақсылығы – Тепкілеп, терең көміп.

91

Таланттың талғары тұман ұдай, Топырағынан мұң арылмай. Қалды молаң, тірексіз тірліктегі, Жұпыны тұрағыңдай.

Мезгілдердің бермесін, берерін де, Ойладың ба сөнеріңде?! Ескерткіш қып қоятын мраморлар, Жатыр тек сарайлардың еденінде. Құлқынға құл тобырдан тілеп баға, Жаныңды жүдетпе, аға,

Мұрат ШАЙМАРАН

Кеш батып, енді саған ағармас таң, (қалар рух, қайтадан оралмас тән.) Ағып түскен жұлдызын жоқтағандай, Телміріп қарайды аспан.


Мұрат ШАЙМАРАН

Жоқтаушың бар артыңда халық деген, Мекенің – жүрек қана.

92

Ғұмыр кешпес пенденің санатында, Дара тұлға! Көктемдерді жетелеп жүрер әнің, Құстардың қанатында. 2003 ж. 15 қазан Жер, мен саған табынам Жер, мен саған табынам, Сен үшін әр өлең, әр ұран. Мен саған табынам, Өзге бір мекенім жоғынан. Белгісіз әлемнің бедерін, Қолыммен ұстағым келеді. Ғарыштың кеңдігін қайтейін, Сендегі еркіндік – керегі!

Еркін аспан өлеңі

Қиялдың қанатын сындырған, Болса да тым шұғыл, Тым жылдам, Сендегі өмірге ғашықпын, Кеңістік сыйлаған мың жылдан. О, менің қазығым, Байтағым, Бастың да бауырыңа шайқадың. Өзіңнен мен қалай басталсам, Мен солай өзіңе қайтамын. Арылып кір тірлік, күнәдан, Сен жазған тағдырды хұп алам. Жек көрем мумия ғасырын, Топырақ боп қаламын, (қуанам..!) Сенбеймін «жоғалту» дегенге, Жатамын сап-салқын тереңде.


...Тамырдан қауызға жетемін, Беруге жаралғам мен елге...

Еркін аспан өлеңі

Жер, мен саған табынам, Сен үшін әр өлең, әр ұран. Мен саған табынам, Өзге бір мекеннің жоғынан. Жұлдызды – шафхаты – шырағы, Мәңгілік күлімдеп тұрады. Мен тағы аспанды сүйемін, Көк аспан – тәңірдің тұрағы. Жамылып сәулесін әр айдың, Сен берген дәнімді санаймын. Аллаға қоспаймын атымды, Диқанның көзімен қараймын. Өтеді күн алаң, Түн алаң, Ырысым, төгілмей, Тұр аман! Тозаң боп кетпесін деп сені, Мөп-мөлдір жасыммен суарам...

Сен жайлы ұғымдар киелі, Көмескі көп ойды түйеді: Зәулімнен құлаған сені іздеп, Күл болған Гагарин сүйегі... Тағы да ұшты адам, о, бәлі! (есімде Ескендір жамалы) Ғаламға әмірлік ақыры – Жер, саған табыну болады!

2003 ж. 15 қазан

Мұрат ШАЙМАРАН

Көңілде күпірлік қалмай түк, Тәу етпен өзіңе мен қайтып. «Жер, енді, адамға табын!», – деп, Даңғаза дәуірлер салды айтып.

93


Мұрат ШАЙМАРАН 94

Қысқы қонағасы «Мезгілсіз шақырған қораздың басын кес!» Қытай нанымы

Құйдың шарап, Асыл тағам... (түсінем), Менің ең бір жампоз, жақын кісім ең. Отыр жарың миығында күлкісі, Кесе әперіп саусағының ұшымен. Тамашалап әйнегіңнің бедерін, Салады қыс сәнді сурет, көр өңін! Табиғаттай ақынмын мен, өзім де, Не қаласам, соны сызып беремін. Қаңтарымның қатал түнін бөлісіп, Көп сөйледің, менің сөзбен жоқ ісім. Отырдым тек уыз ернін жарыңның, Жанарыммен жеп-ішіп. Желбуаз сөз жаулап болған осы елді, Кешір мені, кешір, кешір, дос, енді! Адамдардың лебізінен лепірген, Сұлулардың аққу мойны әсерлі...

Еркін аспан өлеңі

Жалықтың ба менің үнсіз қалпымнан, Жансыз жартас секілді ме бар тұлғам? Терезеңе жел жабысып жылайды, Мұңды сырнай дауысындай тартылған. Мәңгілік түн. Атар емес таң әлі, Мың құбылған жұлдыздардың жамалы. Жырақтарда жарық барын дәлелдеп Тұрғандайын құс жолының жолағы. Сәулелерді сүйем, тағы мен отпен тағдырласпын, Жетер қанат жоқ әттең!


...Сенің маңғаз ойларыңды ойран қып, Өз қоразың айқай салды кенеттен.

Естігендей бұл ғаламда жоқ үнді, Түсті кесең, быт-шыт болып шағылды. Маржандайын шашыраған шараптар, Әр түкпірде алау-жалау жағылды.

Еркін аспан өлеңі

Кетті дауыс зәу биікке шарқ ұрған, (Ұлы сөздер керек болса, ал, тыңда!) Дей бердің сен, бордай болып бозарып, «Жақсылықтың нышаны емес, антұрған!»

Бар қимылды бағып тұрған кез бүгін, Пенде біткен жүр көтеріп өз күнін. Шықтың сосын сен есіктен атылып, Жалт-жұлт етіп қолыңдағы кездігің. Қандай тылсым еді мынау түнгі шақ?! Қар үстінде қалды бейнең жын құсап. Өңіріңді қаны бояп қораздың, Аяз алып кірдің қайта бір құшақ.

95

Сүтпен сіңген талғамың ба бұл сенің, Ырым етіп жасап берді кім соны?! Жарың менің құшағыма тығылды, Дір-дір етіп әдемі қос тірсегі.

О, қораздар, қанаттарың бір аршын, Азан үшін озандауға құмарсың. Мерез түннің мезіреті мезі қып, Таң ертерек атса деген шығарсың?! О, қораздар, сені солай білемін; Ашты айқайың аждаһаның жүрегін.

Мұрат ШАЙМАРАН

Сол бір ескі айтылымнан беделді, Уақытсыз шақырған өлді қораз, (көп өлді) ...Тұрды жарың, қан сасыған қолыңа, Ару қойнын ашқызбайды ол енді...


Мұрат ШАЙМАРАН

Тілгілейді һәм үрейге батырып, (Таңды аңсағандарға жақын тым өлім.) Тіл астында қалды сөзім мекендеп, Қылша мойын мезгіл қалай көтермек?! Тауық жылының перзентімін, Ойлаймын, Таң атпастан ояндым ба екен деп? 2003 ж. 6 қараша Көріктісің көзді арбаған... Көріктісің көзді арбаған, бүгін сен, Жетер ме екем жел боп қуып, жүгірсем. Ғашық болсам Мәжнүніңнің өзімін, Түпсіздерге кетем құлап, түңілсем.

96

Жанарыңа салған ұя таң – арай, Тағы, тағы тәкәппарсың, о, бәлі-ай. Гете құсап кеңк-кеңк етіп жылармын, Тобырлардың табасына қарамай.

Еркін аспан өлеңі

Дәрдманд болып дертке жазған жыр ем бе, Біржан болып байланам ба шідерге? Маңдайымда бұйра шашым жалбырап, Пушкинге ұқсап шығып өлем дуэльге! Есалаңның ескі заңын түсінбе, Түсін мейлі, Дұғаңдай тұт ішіңнен. Александрға алғыс айтам: өмірін Әсемдікпен аяқтатқаны үшін де... Гүл ерніңе қараймын да, тамсанам, Мағжан сынды «сен сұлу» деп ән салам. Қалай болса солай болсын әйтеуір, Оқыс мінез байқатамын мен саған. Басыма кеп баян тапқан бар қайғы, Сені сүйдім, бағым, сірә, жанбайды.


Қос бұрымың – мен асылып тұратын, Қара жіптен аумайды.

Көріктісің көзді арбаған, бүгін сен, Жетер ме екем жел боп қуып жүгірсем. Ғашық болсам Мәжнүніңнің өзімін, Түпсіздерге кетем құлап, түңілсем. 2003 ж. 12 қараша

Еркін аспан өлеңі

Махаббаттың бар маңызын ұқтырып, Әрбір мұңды кірпігіме шық тұнып. Мен кетермін, қалар жүзімде тамшы жас – Ып- ыстық боп әрі сондай сұп-суық.

Махамбетке ...Қандай бақыт ақын болып туғаным, Сені ақын деп білер ме едім, әйтпесе! – О. Сүлейменов

Ерлік жайлы ескерткішсің сен елге, Һәм керексің өрлік үшін өлеңге! Айбар тұтып сенің ұлы рухыңды Ертең ұлым талпынады беренге.

О, Жайықтың перзенті, егейі, Орып-орып тасыр тағдыр көмейін – Дүркіреген тұлпарлардың жалында, Жалындаған жырмен айтар ол ойын. Жайық қандай болса мөлдір – мөлдірсің, Жасқанады айбатыңнан зеңгір шың! Менің мұңды жүрегімде жырың бар, Жанарында жас ұланның сен жүрсің.

Мұрат ШАЙМАРАН

Мен сенемін, (сенім жоқ та, жоқпын мен,) Жаңғырығып жасын даусы көк тілген – Шығады ұлым, жарқ- жұрқ етіп жарағы, Ереуілге, серке санды ат мініп.

97


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

98

Желбіретіп жеңіс күндер желегін, Мен сенемін, шеру тартып келеді. Бостандықтың бодауына, әмандә, Бас керек пе? Оны да олар береді. Запыран жұтқан зау заманды зар қысап, Жұмақ күнді аңсайды кеп әр құшақ. Домалайды сенің басыңдай болып, Қызыл қаны қызыл арай таңға ұқсап. Атар сосын сұлу бір таң – қыр таңы, Сәулесімен сахараны жылытады. «Ез тірліктен ер өлімі артық» деп, Өмір сүрер еркіндіктің ұрпағы. Ел бағынан өзге бақыт жоқ асқақ, Аспан жүзін дауыл тұрып, Сол ашпақ! Батыр баба, мен ұлымның бесігін, Отырамын жырыңменен аластап... 2003 ж. 13 қараша


Мағжанның соңғы сәтін елестету

(Мағжан Жұмабаев туралы деректемелерден)

Еркін аспан өлеңі

1938 жылы көктемде ату жазасына кесілген он тоғыз адамның арасында қазақтың ұлы перзенті – Мағжан Бекенұлы Жұмабаев та тұрды... 1988 жылы ғана азаматтығы ақталған ақынның сүйегі қай жерге жерленгені әлі күнге белгісіз...

Сыңсып желі сол сәуірдің бөрідей аш мың ұлып, Көмескіде жатқан күбір көкірегіңе тығылып. Мың тоғыз жүз отыз сегіз – жыл еді тым сұрапыл, Қайран, Мағжан, тұрдың ба сен қарауылға ілініп?! Көктем ғой бұл жапыраққа жан беретін ніл жасыл, Баян дала бусанатын кеуде керіп күнге асыл. Көктем ғой бұл, сен жырлаған көктем ғой бұл, баяғы, Ақ қайыңдар, ару талдар тағынатын сырғасын. Аспан – ана желбіретіп аппақ шағи орамал, Алуан гүлдің арасынан іздейтұғын ара бал. Көктем ғой бұл, оған ғашық көгілдірдей адамды Айтшы, тарих, айтшы маған! Өлтіруге бола ма?!

Айдай маңғаз маңдайынан арылмаған қырсығы, О, қазақтың көркем ұлы, Және сондай жыршы ұлы! Ақтық рет алақанын саған қарай созды ма, Алма ағаштың ақ көбелек сияқты жас бүршігі. Әсемдіктің әрлі әлемін ақындарсыз кім ашпақ? Өткен өмір – отты өлеңдей оқылған бір құлаштап. Тұрдың ба сен қап-қара бір дуалдардың түбінде, Тәкәппар һәм шамшыл басың қалпында сол тым асқақ?

Мұрат ШАЙМАРАН

Тұп-тұнық бір тұмадай боп тулап жатқан сөз анық, Дәуіріңнің әр әмірін жібердің бе қаза қып? Тұрдың ба сен, сұлу тәнің тамұқты да толғантып, Гүлсім ханым аймалаған алау ернің бозарып?!

99


Мұрат ШАЙМАРАН

Тым ертерек ояндың ба, Ояндың ба таң сәрі? Ояндың ба қатыгез түн жатқанда бір қан сауып?! Қайсы қаяр қаламының ұшыменен сызылдың, Қалды басып шүріппені қандай сұмның саусағы?! Талпынғанда ұлы жүрек тар қапаста күш қыла, «Мені де, өлім, әлдиле» деп айтып салдың қыстыға? Кәззәп қоғам қолындағы қызыл отпен құйылған Қорғасындар ажал алып саған қарай ұшты ма?! Қасіретті жырдай болып қалды сол бір күнгі ырғақ, «Қайғылы айдың» жанары жас, Мың ағады, мың құрғап. Көз алдыңнан бұл дүние бал-бұл жанып өтті ме, Бала қыздың «шолпысындай» Сыңғыр, сыңғыр, сыңғырлап...

Алашыңды адал сүйген – сол ма сенің айыбың? Еркіндіктің елесі ме ең – сол ма сенің айыбың? 100 «Мен жастарға сенем...» дедің, Сол ма сенің айыбың? Мұңды, сырлы өлең бе едің – сол ма сенің айыбың?

Еркін аспан өлеңі

Аспан – ана желбіретіп аппақ шағи орамал, Алуан гүлдің арасынан іздейтұғын ара бал, Көктем ғой бұл, Оған ғашық көгілдірдей адамды, Айтшы, тарих, айтшы маған! Өлтіруге бола ма?! Арпалыссыз тіршіліктің тамырында бар ма мән, Табынамын саған, Мағжан! Түс көремін мен жаман: Белгісіз боп кеткен сенің бейітіңнің басында, Аруақтай боп отырам, оянамын, таң қалам... Уақыттың самайына қырау түскен, қарашы, «Ізгі елшісі жұмақтың» сол жүрген жоқ па адасып?!


Өмірге дәт Тағы да өлді, тынды, жапырақ – жасыл ғұмыр, Зымырап бара жатқан, ей, өмір, басыңды бұр! Жаралған әлемдегі ең ұлы бір арманнан, Мен сенің шайырың ем, шашына қылау қонған. Шаршаған шағым қанша, Беймаза түнге ояумын, Өлеңге көшірсем деп әлемнің мың бояуын. Үзілсе сабағынан, Ұшса гүл тозаңданып, Елесі көбелектің жүреді мазамды алып. Шырылы шегірткенің ақшамда, жаз айында, Жетеді туған дала мұңды бір ғазалындай. Жарығын жауыздықтар кетердей желге сүйретіп, Ізгілік – жалқы шырақ, Күзетем сөнбесін деп! Жаһанның жарасын бұл жаныммен мен емдедім, Басымда қайғым қалың, әжімім терең менің...

101

Мұрат ШАЙМАРАН

Тағы да өлді, тынды, жапырақ – жасыл ғұмыр, Зымырап бара жатқан, ей, өмір, басыңды бұр! Көзімнен жасымды сүрт, Көңілден тұманды аршы, Бозбала кезім болып алдымнан бұлаңдашы! Арқырап айғыр мініп кетейін қырға шығып, Оранып қызғалдаққа, Қалайын нұрға сіңіп. Жылуын сыйласын жер, Қандырсын шөлімді аспан, Ертегі елін кезген қиялшыл едім жастан. Таранар дүлдүл жалы самалдың саусағымен, Сахара – салиқалы күндерді аңсадым мен.

Еркін аспан өлеңі

Моласыз еш шайыр болған емес мынау жалғанда, Тар замана – сендей талғар таланттың моласы. Мола – заман, заман – мола... 2003 ж. 14 қазан


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

102

Еліткен есі кете жырымның сыңғырына, Сүзіліп тұрсын сұлу оралып шылбырыма. Сезімнің желпуімен, Көкірек серпінімен, Сылдырлап шашбаулары, сөйлесін шолпы бірден. Бауырына тартсын мені балғын тән, балаң қылық, «Келгендей бейіс лебі» Тұрсын бір танауға ұрып. Дірілдеп салпы еріні, Дегендей: «қалай мұның?!» Кісінеп берсін сонда астымда қара айғырым. Жүдеген жүректерге мен талай от жағармын, Бағымнан күйіп іші өртенсін бәтшәғардың! Шайнасын ауыздығын, Шайнасын қаршылдатып, Табандап сол ауылда таң асып алсын жатып. Пенденің ұры сөзін қайтемін ұрандатып, Ай нұры һәм арудың деміне тұрам балқып... Тағы да өлді, тынды, жапырақ – жасыл ғұмыр, Зымырап бара жатқан, ей, өмір, басыңды бұр! Тілімде тілегім ед наз еткен сөз ғана бұл, Құшпасын жас аруды, оралмас бозбала күн. Сен маған берші уақыт, Ажалға жуық қонбай – Қалтасын қайыршының қаққан бір суық қолдай. Сен маған берші уақыт! Шалардай қыраулы үсік, Көгілдір жердің шарын кеудеме тұрам қысып. Менсіз бұл тағдырға сан бір зауал жететіндей, Кірпігі дүниенің айқасып кететіндей... Ей, өмір, сен маған берші уақыт! 2003 ж. 16 қараша


Мен жалғыз түп еменмін

Бояудан қара нәр алдым, Күнәдан бойды аршып ап. Ағады жасы ғаламның, Жапырағымнан тамшылап.

Еркін аспан өлеңі

Үнімді ұқпай керең күн, Үлгімді көзге ілмеген. Мен жалғыз түп еменмін, Түндерде ғана бүрлеген.

Аңсарым – мөлдір ана – аспан, Мекенім – келең кең дала. Тұрағын таппай адасқан, Серігім – желген жел ғана. Жамырар самдар шағында, Жұлдыздар тартқан күйменен. Ербеңдеп бұтақтарым да, Есалаң жандай билеген.

103

Қаншама күзге шашылдым, Қасіретім жанды он орап. Елесі мұңды ғасырдың, Бауырымда қалды паналап.

Құлаған мезгіл әні улап, (Мен солар үшін жырлаймын.) Жуамын тәнін арулап, Сәулесіменен нұрлы айдың. Талпынар едім, таң жырақ, Табыттай түнде жатырмын.

Мұрат ШАЙМАРАН

Қайсар ғып әрі қайғылы Жаратқан екен мені кім?! Өтеді талант – тағдырым, Күзетіп үміт өлігін.


Мұрат ШАЙМАРАН

Тұрады басы салбырап, Саямда сарсаң ақынның... Үнімді ұқпай керең күн, Үлгімді көзге ілмеген. Мен жалғыз түп еменмін, Түндерде ғана бүрлеген. 2003 ж. 22 қараша бір ұлы музыка әуенін Жаралы жанымның табардай сол емін, Аңсаймын бір ұлы музыка әуенін. «Көгілдір дунай» ма, «Мәскеудің кеші» ме, Ашатын алдымнан әсемдік әлемін?!

104

Шопенге шөлдедім, Бетховен сырласым, Моцарттың үнімен ер түрік жырласын! Байырғы Мадрид көшесі бойынан, «Испандық бойжеткен» қолдарын бұлғасын.

Еркін аспан өлеңі

Жалтылдап алыстан желкендей көрініп, Жанымды баурайды қашан да көп үміт. Чайковскийге мың алғыс айтамын, «Аққулар көліне» қайтқанда шомылып. Мөп-мөлдір маржаным шашылып уыстан, Айбынды күндерім айдыннан жылысқан. Шақтарда, Мүлгіген бақтарда, Отырам мекен ап сыңғырлы дыбыстан. Рухымды көтерем алау ғып, аспан ғып, Жасындай үнімнен жасқанып қашқан бұлт. Сен мені жебей гөр! Киелі дыбыстар, Киелі дыбыстар – киелі бостандық.


Көзімді арбаған көркемдік жамалы, (кешіргін ақынды көңілі жоғары.) Кетер ем жыраққа мен сені қимаймын, Мұңды саз кернеген, домбырам шанағы.

Еркін аспан өлеңі

Сен мені жетеле жап-жасыл жұмаққа, Қалайын сол жерде мәңгілік тұрақтап. Әуез боп ғарыштан сорғалап келейін, Жып-жылы жүрекке, ынтызар құлаққа...

Қайғысыз ғаламның төгіліп шуағы, Сазыңа билейді желбіреп күн әлі. Мен басқан пернеден шашылған шаттыққа, Көгілдір жер шары тербеліп тұрады. Аңсаймын бір ұлы музыка әуенін... 2003 ж. 6 желтоқсан Қысқы жоңғар даласында

105

Суыт жүрген жолаушы ма, Суыққолды біреу ме деп. Қысқы жоңғар даласында, Можа жыңғыл тұр елеңдеп.

Бой алдырған құса-мұңға, Өзге тілде түн жырлайды. Қасат қардың құшағында, Айдың нұры сыңғырлайды. Ақыреттей аппақ әлем, Жатыр өліп бар маңайым.

Мұрат ШАЙМАРАН

Кештің шым-шым үскірігі... Менің шерлі жанымды улай – Бір әуенде күшті уілі, Күй тартады кәрі қурай.


Мұрат ШАЙМАРАН

Тамашалап тұрсың ба сен? О, жоңғардың толған айы! Нені айтасың күміс үнмен, Неге көңіл оязданып?! Онда менің жұмысым не, Жүректі тұр аяз қарып. Сандалады сезім санға, Бұл ғаламның сырын бағып. Ай, сен маған көзің салма, Ақша бұлтқа тығыл барып! Аңсамаймын әнді де әсем, Аңсамаймын ешбір үнді. Аңдыма сен, аңдыма сен, Алабұртқан кескінімді.

106

Өткен ызғар табанымнан, Маңдайыма жетсе мейлі. Мәңгілікке қалам мұнда, өзге мекен көксемеймін.

Еркін аспан өлеңі

Тарихтың парағынан, Ізде менің ғұмырымды. Төгілмес жас жанарымнан, Ақ сүңгі боп тұр ілулі. Тамұқ күннің халін сезіп, Кірпікте – мұз, іште шемен. Диуанадай жүрем кезіп, Сол тамшы ағып түскенше мен... Суыт жүрген жолаушы ма, Суыққолды біреуме деп. Қысқы жоңғар даласында, Можа жыңғыл тұр елеңдеп. 2003 ж. 16 желтоқсан


Жалаңаш әйелдің суреті алдында

Қандай ғажап кіндігінің шұқыры, Секілді бір сырлы сөйлем үтірі. Паң тірліктің тәкәппарлау жарығы, Кететіндей сол үңгірге жұтылып.

Еркін аспан өлеңі

Әлемдегі сұлу бояу – бұл бояу, Менің ынтызарлығымдай түнде ояу. Омырауда тұрған кілкіп бір сәуле Кеудедегі кіп-кішкентай күндей-ау.

Жайқын бөксе – жұлдыз жанып, ай туған, Бейне грек аңызында айтылған. Бермейді жол жай бір қарап өтуге, Бермейді жол ойсыз-мұңсыз қайтуға. Балғын тәні аршылып бар күнәдан, Кір ғаламның саусағынан тұр аман. Ақ балтыры арбап сан мың жанарды, Құсжолындай кеңістіктен құлаған...

107

Ең бір мөлдір, ең бір ұлы тұлғадан, Нені іздеді құдіретті қыл қалам?! Хауа Ананың нәпсіден пәк кезі ме, Гүлзарынан Тәңірінің қол бұлғаған?!

Бар еркімді алды менің кім ұрлап... Мифтерден жеткен әсер буынды ап. «Бостандықтың періштесі бұл өзі», – деді біреу құлағыма сыбырлап. Мезгіл улы қадаған көп сұғын да, Қанша бояу кетті айналып шығынға?!

Мұрат ШАЙМАРАН

Көркіменен көзін жаулар кісінің, Әлде Париж сұлуының мүсіні?! Сол жалаңаш әйел суреті алдында, Баратқандай адам біткен кішіріп.


Мұрат ШАЙМАРАН

«Болса болар, жатыр екен, – дедім мен, – Қасіреттің табы қарашығында...» 2004 ж. 22 қаңтар Ұлым, сенің іңгәлаған дауысың... (Мұхтарға) Өтсін айлар, өтсін жылдар ауысып, Енді менің ажалменен жоқ ісім. Ғаламдағы дауыстардың ұлысы – Ұлым, сенің іңгәлаған дауысың! Сүйіншіңе жазам әлі мың өлең, (Мен деген бір адал, аппақ жүрек ем.) О, тәңірім, ол да кемдік етсе егер, Өзімді де шашып-шашып жіберем.

108

Сен келер деп қанша күттім өмірге, Болат – төзім бордай болды тегінде. Күннен нұрлы менің темір қазығым, Күлімсіреп тұрып алды көгімде.

Еркін аспан өлеңі

Жаралдың ба әкең ынтық алаудан, Ең бір тұнық сәулелерден таралған. Мен шығыстың шайырындаймын дәл бүгін, Әбілхаят суын ішіп оралған... Сенсіз өмір өн-бойында қайда мән, Сенсіз анаң таңдайында қайдағы ән? Жарық жаһан тағдырын да, Мен сені, Бауырыма басып тұрып ойланам. Менің асқақ, менің мөлдір ғұм��рым, (Кешіре гөр, есалаңның бірімін). Арқалыққа асылып ап әр түні, Бесік жырын өзім айтам, құлыным. Қыдыртамын қиялдардың көп елін, Ханзаданың алтын тағын, беренін;


Аққу мүсін ару қыздар жайында, Әдемілеп әңгімелеп беремін...

Еркін аспан өлеңі

Сосын, ұйықта! Жатыр ұйықтап ұлы өлкең, Әрбір сәтін бағып соның күнелтем. Менің қайғым – сенің киіз кітабың, Есен болсаң оқырсың-ау күні ертең. Сенің даусың – дауыстардың ұлысы... 2004 ж. 26 қаңтар Күдік – үміт Өтті уақыт, ақты жұлдыз, жиі ақты, Мен жаныма табам қайдан миятты?! Боз аспанда қалып қойған асылып, Күннің өзі күзгі жапырақ сияқты. Тұр алдымда атаукерем – ақырғы ас, Мезгіл берген у шарапқа ақын мас. Қаңтарда бір қардан киіп көйлегін, Ару талдар енді биге шақырмас.

Мен отырмын. Тағы сен бар, өлеңім, Бір дұғамды мың қайталай беремін – «Ұйқас, ырғақ құрсауында тұрып та,» Сен екеуміз еркін болсақ деп едім. Аяз айбар жатыр шегіп, борап маң, Әттең, бізге барар жер де жоқ аттам. Самайыма қылау болып ілініп, Басыма кеп ұя салған бар ақпан.

Мұрат ШАЙМАРАН

Мені торып жүрген мынау қандай үн? Кім біледі, Кім айтады мән-жайін? Әлде жел ме сыртта сыңсып жылаған, Сұп-суық бір әйнекке ұрып маңдайын?!

109


Мұрат ШАЙМАРАН

...Алтын хауыз, асыл жұмақ дегеннен, Шәкірттердің әр сөзіне сенем мен. Шіркін, соған жетсем Жердің шарын да, Домбыра ғып толғап-толғап берер ем. Өтті уақыт, ақты жұлдыз нұры ұшқан, Сабыр, сабыр, о, өлеңім, суыспа! Менің сәби жүрегімдей мөлдіреп, Алау-жалау күн шыққанша шығыстан... 2004 ж. 31 қаңтар Сен жұмақты аңсайсың...

110

Сен жұмақты аңсайсың – Таңғы түстей бір шырын. Хор қызының жамалын: Қолаң шашын, Кірпігін, Және қайың балтырын, Әсем жырмен әспеттеп, Өтсе екен деп әр түнім.

Еркін аспан өлеңі

Алтын тостағандармен, Шарап ішіп мастанып, Мамық төсеніштерде, Жасыл жастық жастанып; Табы өшкіндеп кейістің, Жатсам дейсің балбырап, Лебі шарпып бейіштің... Батты ма қыл арқаны, Фәнидегі азаптың. Батпан жүгі тұрмыстың, Қыр арқаңды қажап мың?! Айы өтті ме зарықтың, Өлім жайлы ойланта, Бастады ма тамұқ – күн?!


Еркін аспан өлеңі

Жанардағы теңізге, Қабағымнан түн құлап. Мен махшардың күніндей, Отырамын тұнжырап. Жәннат әлем, Сырлы бақ! Өзіңді армандаймын да, Тозақ барам мен бірақ. Әміріндей тәңірдің, О, ұлы заң, Ескі заң! Жібер мені тозаққа, Болмаса да еш күнәм. Жанар отқа сұрапыл Керек шығар тағы да, Өр көкірек бір ақын? Жібер мені тозаққа! Пәрменіңді тұп-тұнық – Бере алмағаным үшін де, Пенделерге ұқтырып. ...Соза алмадым қол үшін Ұйықтап жатқан ғаріпке. Жібер мені сол үшін...

111

2004 ж. 4 ақпан

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН

Еркін аспан өлеңі Қандай әсем еркін аспан өлеңі! Бояулары, ұйқастары, бедері; Саусағыңмен сипап көргің келеді. Асыл сөзбен, тылсым сөзбен не түрлі, Жаратушым жазып қойған секілді, Дегендей-ақ: «Мына мені ет үлгі!» Керемет сөз жетпей қалып құлаққа, Қиял ғана керуен тартар жыраққа – Кеңістікте қалған сынды тұрақтап. Жұлдыз – үтір, Күні – нүкте жыраудың; Қиылған ай арасынан мұнардың, Белгісіндей көрінеді сұраудың. 112

Қай сауалың қинамады, енді өмір, Жауап іздеп байланады шер көңіл, Жапан кезген диуанамын мен де бір... Еліктірген жүрегі ояу адамды, Оқимын мен қызыл арай таң алды, Сырлы- нұрлы ұлы поэмаларды.

Еркін аспан өлеңі

Соның бәрін жатқа тұтып алам мен, Құстың жолы – сорғалаған ақ өлең, (Сені солай ұғынамын, о, әлем!) Бар ғаламды құндағына бөлеген, Мені рух шыңдарына жебеген, Сен аман бол, еркін өлең, өр өлең! Әлденені сыбырлап қап іңірде, Сор кешемін қяметтің күніндей, Аударам деп сені пенде тіліне... 2004 ж. 4 ақпан


Шығыс ертегісі

Тылсымат оқулар, тым күшті пайымдар, Жасалған ерліктер, Жасамыс уайымдар. Мәйхана төрінде масаңдау отырар Мұңды бір ғазалға ғарых боп шайырлар.

Еркін аспан өлеңі

Даңқты патшалық, даңсалы сарайлар, Миуалы иранбақ, күмбездер көк айдар, Белдерде жалтылдап жүретін берендер, Қылықты канизак, ибалы малайлар.

Рубабтың саздары рухыңды желпіген, Қанды көз қаршыға қанатын серпіген. Оңаша бөлмеде жатады ханзада, Заурені сарғайып ғашықтық дертінен. Сабырын тауысып, Санасын сағым қып, Шаһарлар: ем іздеп сандалған қауым жұрт. Әлдебір кемпірдің киелі демімен, Титімдей құс болып келетін қалыңдық...

Сен жақтан атпаған таң бүгін – қара таң, Өзімде мекен бар, сөзімде жоқ отан. Түсімде самұрық мініп ап, (о, Тәңір!) Күн туар тұстарға зымырап баратам. Жаза алмай еш дұға жанымның жарасын, Айналып ұшамын бостандық моласын. Дәуірдің мен де бір дәруіші сияқты, Жалғаған шындық пен қиялдың арасын... 2004 ж. 8 ақпан

Мұрат ШАЙМАРАН

О, менің шығысым – әсерлі шырайлым, Аңыздай айтылып тұратын күн-айы. Есімді білгеннен ертегіңді емдім мен, Еліктеп келдім мен елесіңе ұдайы.

113


Мұрат ШАЙМАРАН

Диуананың өлімі Өлді ақыры... Өліп тынды бір түні, Мәңгілікке кетті айқасып кірпігі. Аузы асқа жарымаған сорлының Езуінде қалды табы күлкінің. Байшыкеш – күн, саған тіккен бәсі анық Секілді бір жатты дене аш, арық. Салқын жанар жайқын ғарыш төсіне, Қарап ұзақ қасарып... Алдан жұмақ тосады һәм гүл қыздар, «Аймаламас» енді жүзін түнгі ызғар. Езуінде қалды табы күлкінің, Оның сырын біледі тек жұлдыздар. 114

Оны тағы білер біреу – жүрегі, (Жүрегі боп жайын ұққан кім оның?!) Оны тағы есігінде тот басқан, Қара құлпы біледі.

Еркін аспан өлеңі

Еріп жүрген етегіне пенденің, Айтар дейсің сумаң етіп жел нені? Біледі оны!.. Біледі оны соңғы рет, Шарап құйып ішкен кесе ернеуі. Тайқы маңдай болды талақ көп сидан, Тағдырына оның даңқы жоқ сиған. Біледі оны және туған аспаны – Азу тісі ақсиған... Ақыреттік орын сайлап жотадан, Жерлеуге біз алып шықтық, (жеті адам). Риза боп жатты жап-жас топырақ, Езудегі күлкіге ұқсап, о, тоба..! 2004 ж. 12 наурыз


Еркін аспан өлеңі Балғын тәнің ескі көйлек ішінде (Тамұқ дүние, даңғазаңда ісім не?) Сен биледің өткінші өмір үшін де. Алды жаулап алқызыл сол ақшамды, Балғын тәнің ескі көйлек ішінде.

115

Жанарыңды жасырғанмен кірпігің, Табар емес асау жүрек бір тыным. Сен биледің, Айдың уыз сәулесі, Тұрды жамап иығыңның жыртығын.

Тәкәппарлық тапшылыққа тұр сынбай, (Күңіренді Күн, Жанын мүжіп күрсінді Ай.) Ақ қайыңдар саған созып саусағын, Жапырақтар берді тартып мың сырнай.

Мұрат ШАЙМАРАН

Сен – жалынсың. (Даладағы от қандай?) Көңіл біткен ала қашар көкпардай. Аққу – мойын, ақ күмістей арқаңнан, Бұрым емес, бұлақ құлап жатқандай.


Мұрат ШАЙМАРАН 116

Есіне алып жасыл – жаһұт дәуірін, Отырды ақын қаны – салқын, Жаны – мұң. Сыңғыр-сыңғыр сенің шолпыларыңнан, Қалды көріп шолпан жұлдыз жарығын. Сен көктемсің аласата гүлдеген, Сен өктемсің аласара білмеген. Отырды ақын шарап ішіп, у ішіп, Суретіңді салғысы кеп жырменен. Охо, ғазиз сұлулықтың дастаны, Махаббаттан ұғынбайтын басқаны. Ал, адамдар сенің әсемдігіңді, Көздерімен шешіндіре бастады. Бауда сенің тұрған балқып бал – нұрың, Биле, Биле! Менің кәйіп тағдырым. Анау тентек табаныңмен таптап өт, Арам-арам пиғылдардың барлығын. Көктем келсе…

Еркін аспан өлеңі

Ұстап тұра алмайды ғой оны ақпан, Бұлбұлдары сайрап атар әлі ақ таң. Мен көктемнің күндеріне ғашықпын, Көкірегінен сел аққан. Барады, әне, уақыт-арба ышқынып, Жырлайды кеп түсіме ылғи құс кіріп. Көктем-қыздың деміндей боп тиеді, Жыртық үйді ұрған түнгі үскірік. Есеңгіреп кедейліктің уынан, Жатыр жарым жас көңілі суыған. “Көктем келсе, – ұйқысырап қояды – Жасындардың жарқылымен жылынам”.


Кететіндей “ұлы” ақыны адасып, Барлық шырақ тұрар бізге жол ашып. Сұп-суық сол терезелер тамсанып, Сенің мәрмәр омырауыңа қарасын.

Еркін аспан өлеңі

Көктем келсе жадырармыз, күлерміз, Тәнімізге жасыл жапырақ ілерміз. Теңге билер тексіз мынау қоғамда, Тас ғасырдың адамындай жүрерміз.

Гулесер жұрт “жер” ғып және “аспан” ғып, Айқайлайды Алатауды басқан бұлт. Еркін өмір сүргеніміз үшін де, Мың рахмет, О, киелі Бостандық! Көктем келсе… Түсіме ылғи арғымақтар кіреді Күн-үмітім секілді ме түнге ұлас, Мезі етті ме мені мезгіл жым-жылас. Түсіме ылғи арғымақтар кіреді, Арт жағына шаң қалдырып мың құлаш.

Ер-тұрманы алтынменен тысталған, О, Арғымақ, күйіксің-ау ішті алған. Тағат таппай асығады алақан, Сенің қайыс тізгініңді ұстауға. Жаратқаным жалынышымды жөн көріп, Қамбар ата қаныма бір дем беріп. Қолаң қара бұрымдарын тарқатып, Бір сұлуды қашсам ба екен өңгеріп.

Мұрат ШАЙМАРАН

Өстім бе екен қайғы емшегін ерте еміп, Өштім бе екен көкірегіме дерт еніп. Тұяғынан ұшқан оттың жарқылы, Жанарымда тұрып алды өртеніп.

117


Мұрат ШАЙМАРАН

Тентек ұлдың үкімін сен айт, елім, Маған желде жете алмайды-ау, әй, тегі. Алматының көне көшелерінен, Жұлдыздай боп ағып өтсем қайтеді?! Балғын тәнде бақытым мен несібем, Ақанға ұқсап ару сүйіп өсіп ем. Есеңгіреп қалар ма екен емендер, Жұрт адасып қалар ма екен есінен… Шіркін, сондай пырақ түсіп тақымға, Өтер өмір өтсе деймін аһ ұрмай. Зулап өтсем, жырлап өтсем, Бабамның Байырғы һам ұлы махаббатындай. Сол бір ескі әуендерге...

118

Алматы тұр басына бұлт үйірген, Алма ағаш тұр қардан көйлек киінген. Аласұрып аңсаймын да тұрамын, Сызылта тартқан қайршының күйін мен.

Еркін аспан өлеңі

Төбемдегі жыртық – аспан, жыртық – күн, Ақынмын мен, Бір-ақ талмын, бір түппін. Көзіндей боп қалған көне ғасырдың, Сол бір ескі әуендерге ынтықпын... Тарт күйіңді, тарт, Қайыршы! Сыңсытып, Жабырқаған жанардан жас ыршытып. Жібір ме екен әлде өмірдің жүрегі, Бауыры тас тағдыр қабақ тұр шытып. Тарт күйіңді жеңе алмайтын еш өлім, Тарт күйіңді, қайт��рма ақын меселін. Тарт күйіңді, жырсыз, нұрсыз һам күйсіз, Адамдар бұл қалай ғұмыр кешеді.


Сарқытындай Хафиз сынды жыраудың, Теңгесіз де тірі жүретін шығармын. Не болмаса шляпамды қолтықтап, Бір мүйісте өлең оқып тұрармын...

Еркін аспан өлеңі

Асырып бір ұлы өнердің мерейін, Баста, кәне, мұңды саздың егейін. Баста, кәне, қалтамдағы ең соңғы, Қалған жарты жармағымды берейін.

Алаң етіп алғы күнін былайғы, Ағыл-тегіл қарт Алатау жылайды. Бізді қойшы, Алматының өзі де, Қолын жайып көктен қайыр сұрайды. Ли бай кесенесі басында Көтер басыңды, Балқаштың ұланы! Серт тұтқан жұлдыз бен күмбезді күн атын, Сен туған өлкеден жусанды-жуалы, Келіп тұр бір ақын.

119

Сен менің шығысқа шашылған қанымсың, Үйсіннің немесе жауынгер Сақтардың. Тағдырын ойнатқан тәкәппар тағысың, Ұшында шоқпардың.

Пифаның әуезі, Қып-қызыл шырақтар, Мәйхана төрінде масаңдау шерменді ер. Жырыңда кісінеп жүреді пырақтар, Аңқиды ермендер... Аңсары жеті қат аспанмен өлшенген, Талпынған шалғайға Шайырдың жаны – құс.

Мұрат ШАЙМАРАН

Санаңда Сарыарқа сағымын бұлғаған, Ақырған қымызға кепті ме кенезең?! Шөліңді баспайды Шаңжияң да тулаған, Баспайды Сарыөзен.


Мұрат ШАЙМАРАН 120

“Шараптан өлді!” деп айтады, мен сенбен, Өлтірген – сағыныш! Дақпыртыңа елтіп, даңқыңды жырлаймын, Патша да қасыңда өртенген намыстан. Құшам деп сәулесін батыста нұрлы айдың, Мерт болған Арыстан! Мен енді кетемін, Шақырған жолдарым, Бостандық аңсаған арғымақ арманым. Мен ұстап қала алмас Қытайдың қорғаны, (Орыстың орманы). Алқынған ағыспын, Шу асау өлеңмін, Өзгенің қолында қалдырма, Тіршілік! Егер де мен өлсем, өлермін – Балқашқа тұншығып. Қош бол, Мұңдық... Ақын өлімі

Еркін аспан өлеңі

...Солай болды маңдайда өмір – жазу, (Қандай қиын Ақынның көрін қазу.) Шыр-пыр самғап кеудеңнен кетті бір құс, Қайрай-қайрай көз жұмдың өлімге азу. Енді сенің мекенің – басқа тұрақ, Кектенбейсің дұшпанға, Доска жылап. Хордың қызын аймалап жатасың сен, Жап-жасыл бір жастықты жастанып ап. Сосын Бейіс көгінде самғап ұшып, Сазға ауысып, Ғаламат әнге ауысып,


Сараң тірлік қолынан у жұтпайсың, Сары алтындай кесемен зәмзәм ішіп –

Еркін аспан өлеңі

Жүресің сен, Бақ қандай Хауыз қандай! Қиянатшыл қолдармен ауызданбай, Жүресің сен аласа адамдарға, Қарыз бермей немесе қарызданбай. Бахи жолы – емес ол қап-қара түн, Ақиқат ол – Жұмаққа ап баратын. Жыр оқисың АЛЛАХ-тың алдында сен, Кеңістікте көлбеңдеп ақ қанатың. Ақық дүние бойына талай сіңген, Тәңір – көкке шашылған бояусың сен. Кебенектің ішінде кемді күнді Мәзір тұтқан біздерді аяйсың сен... Қидым, қидым мен сені, (жұрт кешіргей?!) Еншісіне еркектің бітпес үрей. ...қыр басында қарайып молаң қалар, Өмір деген өлеңнің нүктесіндей...

121

Алатауға жеткен арқырап... (Жәркен Бөдешке)

Көлеңкесімен көлбеңдеп, Көңілге кірді бір іңір.

Мұрат ШАЙМАРАН

Майлы мен Жайыр жонынан, Жасыны ойнап бұлт аунар. Көзімде тұрған көгілдір, Сағыныш сынды бұл таулар. Қия бір жартас бетінде, Сұңқылдап қалды сұңқарлар, Бәрін де алып келер ем, Жібермей қойды-ау сым-торлар. Кешіргін мені, жан аға!


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

122

Сыбырлап мұңын айтады, Өзімдей жаны сірі жыр. ...Жаулығын бұлғап жаутаңдап, Қап қойған со-н-ау жылы бір, Жасаған өзің өреге, Құрт жайып апаң тірі жүр. Сүйінші маған, жан аға! Желкілдеп өскен сол тоғай, Желігіп аққан сол бұлақ. Өзің бір сүйген сол сұлу, Ақұлпа жүзі албырап, Жырыңды сенің оқиды, Жастыққа мас боп балбырап. Елітіп аңқыр сол ермен, Қылығы тәтті сол құрақ... Есіңде ме сенің, жан аға?! Кіндік бір қаның тамған жер, Ол енді саған тым алыс. Сағыныш деген самғар бел, Жаныңа серік – жұбаныш. Кіретін жиі түсіңе, Жазира дала, Бұла ағыс – Ертісің алып есіне, Құлыстай етер қуаныш. Сезесің бе соны, жан аға?! Аңсаудан артық ауыр не, Сөз бе екен ажал, тәйірі?! Көзіңе қамшы салдырып, Батты ма қайыс айылы; Алатауға жеткен арқырап, Қазақтың дүлдүл шайыры?! Соғып бір өтсе маңдайдан, Батыраштардың сойылы, Есіңе туған ел түсер... ...Бәрінде алып келер ем, Жібермей қойды-ау сым-торлар...


“АЛЛАХ-тың” Суреті

Біле алмай махбуздың мән-жайын, Адасқан бақсыдай әрдайым, Төрде озған бөтендеу біреуге Ұқсатып жіберді маңдайын.

Еркін аспан өлеңі

Малынып бар сия, бар уға, Қап-қара қарындаш қолында, Отырды Қоғам – шал ойланып, АЛЛАХ - тың суретін салуға:

Құлаған қылбұрау төзімнен, Уақыт тұр, Бауыры езілген. Аярдың айнасы секілді, Көзі де дәл соның көзіндей. Хадистер, Аяттар, Жақсы Иман. Қуықтай шанаққа жоқ сиған. Екі ұртын жем қылған азуы, Арланның тісіндей ақсиған.

Қалдың-ау, Жер – ана, сен ғапыл, Қалдың-ау, Күн – ана, сен ғапыл. АЛЛАХ-қа серік қып Қоғам – шал Адамның суретін салды ақыр. Ыңырсып Ібіліс – ой-арман, Қапастай кеудеден оянған. Сол аппақ ахырет матада Мәңгілік күнаһар Бояулар...

Мұрат ШАЙМАРАН

Ақ емшек үміттен қан сауып, Толтырған Аждаһа – жемсауын. Шүріппе басуға жаралған Сияқты қатыгез саусағы...

123


Мұрат ШАЙМАРАН

Ей, Қоғам! Жалқы көз, жарым бас, (Сенімен тағдырым тамырлас.) Шексіз, мол құдірет иесі – АЛЛАХ-тың бейнесі салынбас. Ей, Қоғам, Алқынба, дал ұрма! Сол сенің таппаған Жоғың да. Қолыңды сұқпа сен санама, АЛЛАХ ол – ақ адал жадымда. Намыс пен қорлықтан еті өлген, Ей, Қоғам, Көксаудай жөтелген. Бұл Қолдар – дәретсіз қолдар ғой, Шайтанның шашбауын көтерген...

124

Теңіз жағасында

Еркін аспан өлеңі

Көз алдымда желөкпелеу толқындар, Теңіз жатар аспан өңдес сұрланып. Әлі есімде сол бір қайраң, сол құмдар, Мен өзіңе тұрдым қарап ұрланып. Қара айдынға құлайды күн мастанып, Алау-жалау өрттей жанып жамалы. Қол тимеген сенің қолаң шаштарың, Аппақ мәрмәр иығыңды жабады. Сезіміңнің нәзік жібін кім ескен, Жаһанның да жанарында жалқы мұң!? Қайың сынды жұмырланып тік өскен, Және сазан бауырындай балтырың. Теңізге емес, мен өзіңе арбалам, Әсемдіксіз әлем мәні жоқ маған.


Төсіңдегі ақ толқынға таңқалам, Көкке шапшып, өркештене тоқтаған.

Шаһзадаға ертегі айт деп қиылған, Патша – көңілім бұл күн мың бір түнде ояу. Жұлдыздардың жарығымен құйылған, Сенің бейнең шұғылалы мың бояу.

Еркін аспан өлеңі

Кір өмірге кіріптармын – сол қайғым, Шайырлардан қалған ескі сарынмын. Сені адамнан туды десе нанбаймын, Туындысы сияқтысың Тәңірдің.

Тәугі шақтың суретіндей киелі, Қайсы ақынның кірмедің сен түсіне. Жыртып желге жем қылар деп кім оны, Бір алапат күман жүрер ішімде... Кетейік енді ауылға

Кетейік енді ауылға, Ауылда арман, мұратың. Сол жерде сылқым – сұлулар,

Мұрат ШАЙМАРАН

Кетейік енді ауылға, Ауылда арман, мұратың . Құлыстайда өскен құлан ем, Қорғасын қара тұяқпен, Жер тарпып қана тұратын. Бауырымда жатқан ғаламға Тәкәппарлана мойын бұратын. Құйрығым көкке шаншылып, Қыратта сонау таңсәрі, Кісінеп берем, Бұл бұл дауыс – Тәугі бір шағын сағынған, Азияттықтардың аңсары. Жалымды менің тараған, Самалдың ғана саусағы.

125


Мұрат ШАЙМАРАН 126

Бұлаққа қарап таранып, Бұлаққа бетін жуатын. Сүйемін деген сөзіңді, Көзіңнен ғана ұғатын. Қапаста қалған қабылан, Мен едім, күйер жиі ішім. Жатырмын ғұмыр кешіріп, Мына бір зағип заманның, Даңғаза әні мен биі үшін. Сағындым сабын күректің, Шылым мен тердің иісін. Кетейік енді ауылға, Ауылда арман, мұратың. Көкшатырлы мешіттен, Имамның қоңыр әуені, Асылып көкте тұратын. Алматы деген арман ба, Тұп-тұнық айды жамылып, Жамылып көркем күн атын, Жынысын қоспай ешкімге, Ауылда өлсін бір ақын. Кетейік енді ауылға... Мөлдірлік сезем (Бауыржан Жақыпқа)

Еркін аспан өлеңі

Асыл арманның жарып бір шыққан өзегін, Жырыңнан сенің жусанның иісін сеземін. Даланы сезем қанатын құстың талдырған, Сеземін тағы таулардың тентек өзненін. Күн көзін сезем қабағын тұрған бір шытпай, Мөлдірлік сезем шалғынға қонған мың шықтай. Өмірді сезем, Әжемнің саусақтарымен Зуылдап, зырлап айналып баратқан ұршықтай. Жазира өлкемнің сеземін жасыл желегін, Қайыңды сезем, Қыздарды сезем көкөрім.


Сеземін тағы тұлпардың болат тұяғын, Батырдың сезем майданда тұтқан беренін.

Жанарын қадап арайлап әрбір таңға атқан, Оятар дүниені бұлбұл–жыр сайрап әр бақтан. Тұрады жырың уақыттың алтын қолында, Тұрады жырың алаудай болып сен жаққан.

Еркін аспан өлеңі

Сағым боп аққан жезбауыр солбір киікті, Сеземін, аға, жырыңнан сенің сүйікті. Шүңет ойлардан шүленін шашқан ақынды, Жаратқан Тәңірім Хантәңір сынды биік қып.

Элегия Ақшамы нән қаланың, сірә, суық, Тұрды Төбет аштықтан бұратылып. Тұрды Төбет хан жолдың жағасында, Мұң ұялап жанарға бұла, тұнық. Сынық күлше бұйырмай елден кілең, Үміт атты білте шам сөнген білем. Шырақтары ажалдың көзіндей боп, Ағып жатыр машина лек-легімен.

Қанша ғұмыр, қаншама жол шеккенін, Қиялының жия алмай бөлшектерін, Тұрды Төбет сағынып енесінің, Уыз сүтке керілген емшектерін. Болар деп пе еді өмірдің арты бұлай, Арты бұлай – қасірет салқынындай.

Мұрат ШАЙМАРАН

Тұрды Төбет, Бар ойы қалмау құлап, Табылар ма тасбауыр жолдан қуат? Тұрды Төбет тұмсығын көкке білеп, Ұлығысы байқұстың келді-ау, Бірақ...

127


Мұрат ШАЙМАРАН

Енесінің ескірген елесіндей, Күлімсіреп қарайды жарылық – Ай.

128

Жылдар мынау даңғаза, ісіп-кепкен, Кетті бәрі: күшік – жаз, Күшік – көктем! Ет жүрегі елжірей есіне алды, Адал, албырт иесін – ішіп кеткен. Сахарадай санасын ойран қылып, Сайқал – дүние, тәкәппар тайраң-ды жұрт. Тұрды Төбет хан жолдын жағасында Адамзаттың қоғамы ойландырып. Талақ етіп салқын күн, Түнді ғаріп, Өлім биін биледі мың бұралып. Аштық па әлде, ��шу ма аласатқан, Доғалаққа ол өзін ұрды барып... Ем тауып бер демеймін жарама сен, Селт етпеді-ау Алматың оған әсем. Көкбөрінің қанындай қып-қызыл қан, Қып-қызыл қан: Қара – жол, Қара – көшең. Өлді төбет...

Еркін аспан өлеңі

Алматы Жалаңаш жалаулар, ұрда-жық ұрандар, Және де тұмандар, тұмандар – Күмәндар. Шаң басқан балағын шәкене Қазақтар, Ғаламның сиқырын білетін Сығандар. Кірленген Кіндіктер, ісінген Кеуделер, Лыпасыз әсемдік көшеде сенделер.

17.02.07


Қиқулы ғаламның, тойымсыз құшақтың, Рахатын мастана жырлайтын Теңгелер.

Қатыгез қарлы шың, тасбауыр белестер, Кемеңгер Ойлар мен кемелі жоқ Естер. Кеңсайда айқайлап жататын Әруақтар, Кештерде әйнекті қағатын Елестер.

Еркін аспан өлеңі

Қол жайған Бөбектер, иесіз Төбеттер, Жарқын күн! Бір саған апарар жоқ өткел. Атақты ақынның көшесі бойында, Бір тілім нан үшін өртенген Өзектер.

Қаңғырған Бұлақтар, қартайған Емендер, Еменге асылып өлетін Өлеңдер. Қайғының шарасын шайқаған Шайырлар, Шайырлар – Жүректер, Жүректер – Шемендер... Жазылмас жараңның тапсам деп бір емін, 129 Мойныма бұршақ сап Алладан тіледім. Булыққан төсімде бүлк етіп жатырсың, Алматым – О менің жаралы жүрегім. 13. 03. 2007 Жезөкшенің жыры

Қолаң қара шашымды түнді ұрлаған, Кәйіп ғасыр мастана мың жырлаған. Анау тентек мұртыңмен түртіп оят Менің күміс күлкімді сыңғырлаған. Ғазиз бастан алшақ мұң, алшақ қайғы, Өлез ғана өлгенше мал сақтайды.

Мұрат ШАЙМАРАН

Аз ғұмырда қайтесің сынып, құлап, Заман зәрі өзге удан уыттырақ. Құла менің құмарпаз құшағыма, Дүниенің боқтығын ұмыт бірақ.


Мұрат ШАЙМАРАН

Үлбіреген үрпімнен шыққан шырын, Асыл-асыл шараптан кем соқпайды. Жүре берер жүрегің балқып бірден, Кез боласың ғажапқа сен күтпеген. Ханның қызы – ханшадан қылықтымын, Әспеттеген арудан артықпын мен! Махаббат жоқ! Лаззат бар жанға құса, Шалқы, шалқы Хафиздің арманынша! Тар төсекте талықсыт, иле мені, Иле мені иім бір қанғанынша! Сөгілгендей көктемгі жағада сең, Бір мырзалық жаса да маған әсем. Жап та есікті жалқаулау кете бергін, Кете бергін, Артыңа қарама сен! 130

Таңның нұры әйнекте – тобылғы рең, Тобылғы рең секілді өмір білем. Жанарымның түбінде бір тамшы бар, Төгілмеген, Ешкімге көрінбеген.

Еркін аспан өлеңі

Ал сен болсаң ән салғын, Биле тегі! Ойла тағы: “ Әйелдің күйлі етегі”... Бәрін бірден сатуға болатынын, Қоғам өзі қолымен үйретеді.

13. 03. 2007


Түс немесе құлпытасымдағы жазу

“Тарымды таптап, Жоңғардан жортып келді , – деп – Қолтығынан демер Алатауына сенді, – деп – Ақыры оны алқаштау досы арулап, Осында әкеп көмді” – деп.

Еркін аспан өлеңі

Кеңсайда зират күмбезіменен көк тіреп, Көк тіреп тұрды Аллаһқа мадақ, көп тілек. ...Бейшара менің бейітімде тұрды бір жазу: “Белгісіз ақын өтті” – деп.

“Жасып та жүрді, тасып та жүрді алшаңдай, Жұмбақтау еді, өрімі қалған тарқалмай. Алматыны бір қазақ емес, мың қазақ, Сүйе алмаушы еді дәл сондай. Ханға да бітпес өрлігі үшін қашанғы, Танылмай жүрген талантқа талақ жасалды. Даңқтан қашты, Жек көре білді және де Даңқшыл далбасаларды.

Аңғал да саңғал нар атан сынды порымы, Оқитын еді шайырларды ғана ең ұлы. Қиялшыл ескі лашықта өскен жарлының, Жұмақта болсын орыны. Әмин...”

13. 03. 2007

Мұрат ШАЙМАРАН

Ақшулан еміп арқырап өскен осы ақын, Ардақтап өтті махаббат атын, Дос атын! Азаттығы үшін аспанның ащы жасына, Қайғылы ернін тосатын.

131


Мұрат ШАЙМАРАН

Алматыда көктем Қараймын сұлулыққа мас ғаламға, Дүние кербездене бастаған ба. Табиғат аққайыңның шашын өріп, Бұлаққа шолпы байлап тастаған ба. Тасқа да тамыр беріп еккен бе гүл, Кернеген көкіректі неткен дүбір! Сайрайды таң алдында тамылжытып, Шираздың гүлзарынан жеткен бұлбұл. Сілкініп қырандайын қырағы үміт, Көңілім көктөбеде тұр аңырып. Құмарпаз қызыл-жасыл беу, дүние! Байтақта баратқандай гүл ағылып.

132

Ақын ем тауды сүйіп, даланы ұққан, Бейіштің нұрларынан жаралып маң. Қыз – жауқазын жәудіреп тұрып алар, Әлденені күткендей бала бұлттан.

Еркін аспан өлеңі

...Талықсып тамырына тамшы сіңген. Құбылар қызғалдағың бар түсімен. Ал “бұзығың” бұрқырап кете барар, Боз атын борбайлатып қамшысымен... Жүдеме мұңды жүрек, Жасыма өлең, Барады сеңдей болып тасып әуен. Бұлқынба, бұлықсыма һам бұлданба, Сенсіз де бір-біріне ғашық әлем. 15. 03. 2007


Ақшам

Сұрапыл сол жылдардан қалған тығып, Серкенің терісінен шалбар тігіп; Барысты бөртеленген бөрік етіп, Ақырған бураменен белін буып;

Еркін аспан өлеңі

Алабұртқан көңілім неден елең, Шемен күнге, шарам не, шегеленем. Есігімді тағы да тұрды қағып, Қоғамнан таяқ жеген өлең.

Аттанып кетіп еді ұрандап-ақ, Арбаған сенсің бе, өмір, жылан қабақ?! Беріп едім кінасіз саусағыммен, Темірқазық тәрізді тұмар қадап. Ұстағаны қолында – шырақты үміт, Қою түнге саулесін лақтырып; Жалбызға орап өсірген жалғыз өлең, Кетіп еді арқырап пырақ мініп...

133

Жекпе-жекте желікпе сан ұланнан, Жанарында қасірет табы қалған. Сойылымен қандай сұм соғып өтті, (Көзін ойып, азуын қағып алған.)

Шашыраған жаһұттай сынады әлем, Сыңғыр-сыңғыр күлмейді бұлақ әуен. Босағамда теңселіп тұрдыдағы, Жер бауырлап ақыры құлады өлең... Шапағат жоқ желбүйрек, жемсау күннен, Ойым онға, Санам сан, делсал мүлдем.

Мұрат ШАЙМАРАН

Кірпігінде жұлдыздың тұр-ау жасы, Ақындықтың әруағы, бір аунашы! Алаулаған ақжелең аққу тәнін, Қалай осып өтті екен дырау қамшы?!


Мұрат ШАЙМАРАН 134

Менің тауап – тағдырым өтер ме екен, Өлімші болған өлеңге дем салумен? 29. 03. 2007 Отаным бар – қайғылы һам еңселі... Ернің сенің үлбіреген гүл сынды, Шарап сынды және жүз жыл сақталған. Шайқап ішер менің кәйіп ырысымды, Сақта, Құдай, нысабы жоқтардан. Әр көктемнің көркі тыным бермеген, Қапастағы таңғы бұлбұл құстаймын. Самараның сылқымысың сен деген, Мен шығыстың шайырына ұқсаймын. Ат жалында арқыраған кісің ем, Балдағында жалт-жұлт еткен селебе. Пәрәнжіңді ақсемсердің ұшымен Көтеретін баһадүрмін және де. Тұран жақтан тоғысар деп жолымыз, Бөрі жүрек аласатар мың ұлып. Тобылғының майын сүрткен торы қыз, Кірпігіңе қалған інжу ілініп.

Еркін аспан өлеңі

Еуропаның елесіне еліткен, Отаным бар – қайғылы һам еңселі. Құба құмда өскен құбан көрікпен, Алып барам мен сені! Көрсін сені, көргендей бір ертегі, Жетегіңе ал бейіштің сол самалын. Күннің өзі қызғаныштан өртеніп, Бұйра-бұйра бұлтпен жапсын жамалын. Бауда нұрың балқып, шалқып дәулетің, Кәрі құрлықтың бикештері аһ ұрып, Төстен сүйгіш Есениннің әулеті, Саған сәлем бере алмайды батынып.


Шаруа ұқсап...

Еркін аспан өлеңі

Жұпар шашқан алма ағашы бүрінен, Жапырақтың жанарында ұяң сыр, Тек Алатау жырлайды бар тілімен, Ол да мендей ақын шығар қиялшыл. 22. 03. 2007

Сағым жортқан салихалы сал қырда, Тамыздағы жылы-жылы жаңбырда, Шаруа ұқсап жастанып ап шалғымды, Жатсам ба екен жасыл көрпе – шалғында. Кімдер ноян, Кімдер ұлы, Кім ірі, Қызықтырмас мені пенде ғұмыры. Маған әсем сезіледі одан да, Сона ызыңы, Шегіріткенің шырылы.

135

Кеткеннен соң ақ пен қара қиысып, Өртенеді дүниенің жиі іші. Хикмет бір қиялдардан әсерлі, (Өлең емес!) Өлеңшөптің иісі.

Қоғам деген диірменде жаншылып, Қауызында жатып өлді қанша үміт. Ойға батып тұрам түнді жамылып, Қолымдағы құрық көкке шаншылып. Жортуыл ем жұлдыз қарап жол ашқан, Апта соққан ақборанда адаспан.

Мұрат ШАЙМАРАН

Шерлі жүрек не қыласың зар жылап, Сені баққа бастамайды ол бірақ. Айғыр мініп жылқы бағам ақпанда, Қырау қатқан жабағы мұрт жалбырап.


Мұрат ШАЙМАРАН

Тобырларсыз тәугі дала менікі, Менікі сол – қасиетті қара аспан. О, Мақпузым – мың құбылған шамшырақ, Жібер мені манар маңға қамшылап. Соқа сүйреп баратсам ба атызда, Маңдайымнан ащы терім тамшылап. Менсіз дағы шайырлар көп, мұңды жұрт, Қалдырамын қайғысы мол жырды ұмыт. Бәрін қойшы, Диуана боп ел кезем, Табанымды тікенекке тілдіріп. Жыр жазамын

136

Айдың аппақ сәулесінде, Шолақ орындық, шолақ шам. Жүрегімнің әуресімен, Жыр жазамын мен ақшам. Кекке уланған керіс кеуде, Дауа қайда, Кім емдер?! Жын ба, әлде періште ме, Сыбырлайды біреулер.

Еркін аспан өлеңі

“Қара таста бар ма сезім?” (Тапқанын-ай білгішті.) Айт дейді олар Алла сөзін, Құдіреті тым күшті: Зағип заман, ақкөз жарғың Мақұл емес екенін. Сол бәйітші Гомор шалдың Соқыр емес екенін... Сенен өзге жақыным кім, Раббым, саған жүгіндім. Сенің тентек ақыныңмын, Және момын құлыңмын.


Үнсіздік

Еркін аспан өлеңі

Жырымды оқыдым. Үн-түнсіз қалды зал іші, Естіліп тұрды масаның ғана дауысы. Ақсиып тұрды алдымда бетон қабырға – Құрыш қолдардың табысы. Күтетін едім алғы күндерден шапағат, Бәрі де үнсіз. Арқама менің батады-ақ. Желке тұсымнан желігіп өтіп баратты, Далбаса жырға соғылар даңғой шапалақ. Қауызын аршып ойымды менің кім түптер?! (жүрекке шөккен запыранды кәні іркіп көр!) Елітіп ағар бір тамшы жасты жібермес, Түрменің торы секілді қара Кірпіктер. Үзіліп кетпей қыл ішек–сезім безілдер, Бәрі де үнсіз. Жаратқан ием, төзім бер! Күмістей таза сәби күлкіні түнетпес, Ес біліп барып ескіріп кеткен Езулер.

Бұл күнде, білем, болып-ақ кеткен жұрт егей, Қайтесің сосын, Омар Хаямша сілтемей... Қайтесің сосын, күллі әлем мұңын мұңдамай, Үйіңде жатып күркедей... Өтеді жылдар қобыз кеудемді шертумен, Өтеді жылдар «Мен атайын да, Сен тұрмен!» Ақтық күніңнен – ажалдан да ауыр үнсіздік, Қазақтың барлық ұлы шайырларын өлтірген.

Мұрат ШАЙМАРАН

Сардала жортқан сағымдай сарсаң санам кіл, Ақиқат – өлең оқысам деймін саған бір. Оқысам деймін, мәңгіріп қалған маңайым, Өз тілін өзі жұтып-ақ қойған қоғам бұл.

137


Мұрат ШАЙМАРАН

Арман Қырға шығып кетсем бе, қызыл гүлін терсем бе, Қызғалдақтан мойныңа алқа жасап берсем бе. Қолаң-қолаң шашыңды жуармысың қуанып?! Мөлдір-мөлдір бұлақтан келейін бе су алып! Жастық деген неменің балқытып бір буынын, Тамағыңа сүртсем бе қымыздықтың шырынын. Алуан-алуан бояудан асылдығы жүз артық, Бүлдіргенмен ерніңді берейін бе қызартып. Тамсандырып жұлдызды, Айдың көзін сүздіріп, Айдынында аққудың қояйын ба жүздіріп... Еркелеген толқынға жүз шегініп, жүз барып, Тұрайын ба жағада сені түннен қызғанып. 138

Күлкің сенің бейісте тұрған күміс қоңырау, Жұпар лебін шашады шамдай отты омырау. Салиқалы самала салтанатын тойласын, Ақшабақтар арбалып балтырыңмен ойнасын.

Еркін аспан өлеңі

Жапырақтар жамырап сенен көзін ала алмас, Хордың қызы қорланып күйігіңе болар мас. Табиғат та ақын ғой, меніменен қаламдас, Суретіңді бәрібір мен сияқты сала алмас..! Зағип болған заманның зәрі сіңген денемді, Айлы түнгі Әсемдік, саған берем мен енді! Оқы тылсым дұғаңды ақыныңа адасқақ, Ыстық-ыстық деміңмен жібергейсің аластап. Жанар таудай атылып, сосын қайта сөне алмай, Бауыры суық қалаға қалсам ба екен оралмай...


Адамның сендей болар хас өңдісі, Сезінбес жүрегінде от бәсең кісі. Алдымда мың бұралып билейсің сен – «Бейістің жасыл сирақ әсем құсы» Көлбеңдеп көңілімді көп арбаумен, Барады бастан ұшып манар дәурен. ...Сол тентек жылдарымды еске салар, Бұлқынып жұпар шашқан анар – кеудең.

Еркін аспан өлеңі

Бейістің жасыл сирақ әсем құсы (Омарғазыға еліктеу)

Қайтейін, сұлулыққа құлқым бейім, Мен бейне қолың білер мүлкіңдеймін – Ай сырғаң сияқтанып діріл қағам, Үкіңдей төбеңдегі үлпілдеймін. Ақтарып ескі үміттің молаларын, Бозтаңда бозбала боп ораламын. Сосын мен алау-жалау тұрам жанып, Секілді қызыл жібек орамалың.

Қиылып қарайсың сен несін күліп?! Отырмын есім шығып, Есім кіріп. Кәнігі сұр мерген ем, Кететұғын Көзімен сан сұлуды шешіндіріп. Қарама! қарай берме бұлай маған! Құдірет бар екен-ау, (кім ойлаған?!)

Мұрат ШАЙМАРАН

Жаным – мас, Айдыным – күй, Шалқарым – ән, (Байлама жанарымды тарқа, тұман!) Ойнаймын сағым болып сақинаңда, Бұрым боп саусағыңмен тарқатылам...

139


Мұрат ШАЙМАРАН

Оюлы камзолың боп ойға батам, Қос етек көйлегіңдей шыр айналам... Жіберген ертегі елі, Дастан елі, Сен қыздың десі неден асқақ еді. «Бейістің жасыл сирақ әсем құсы», Кеттім мен, Жұмақ жаққа баста мені!

24. 10. 2009

Кездік (Қабдеш Жұмаділовке)

140

Ер жігітті танытар ісі егесте, Алып шығар ақылдың күші емес пе. Сені көрсем, Қабеке, Нар атамның Мүйіз сапты кездігі түседі еске.

Еркін аспан өлеңі

Кәнігі қарт аң жайын білетұғын, Білетұғын қуатын бұғы етінің. Қонышына шегірен етігінің, Сол кездігін жасырып жүретұғын. Еркін өскен, Ерке өскен зайырында, Ерлік енші даланың қай ұлында. Жұрт біледі: Сұлатқан атам менің Орқашардың апайтөс аюын да. Тұрған сосын, қасқайып тасып, толып, Жолдасына олжасын шашып, бөліп... Сүйсіне ол қараған кездігіне, Бармағымен жүзін бір басып көріп. Астындағы айғыры кісінеуік, Жаулары да жаситын мысы кеміп.


Ата кетті... Естіртпей ақырғы үнін, (Аңыздай ғып тек ескі батырлығын). Кездік тұтар тұқымның түрі менмін, Мойтап болып сандықта жатыр бүгін...

Еркін аспан өлеңі

Көкжалдар ма? Көкжалдар ауып кеткен, Атамыздың кездігі түсіне еніп.

Ер жігітті танытар ісі егесте, Алып шығар ақылдың күші емес пе. Сені көрсем, жан аға, Сол атамның Мүйіз сапты кездігі түседі еске. Ақиқаттай уыздың нәрі кетіп, Көңіл деген кесенің бәрі кетік. Ал, сен болсаң жүргенің шымболаттай, Жалғандықтың жүрегін жарып өтіп.

141

Ері жұртта қалса да, Езі көшіп, Ертеңгіге ойлының сөзі несіп. Сені ұстауға Қоғам – шал қорқақ тартар, Алам ба деп өз қолын өзі кесіп...

Енетін түсіме: (жатырдан жаны асыл). Кісіне, Кісіне, О, Жылқы баласы. Қонақтап қалады, Таға боп Ай қырда. Зымырап барады, Бесті ме, Айғыр ма?!

Мұрат ШАЙМАРАН

О, Жылқы баласы


Мұрат ШАЙМАРАН

Жазылып бауыры, Делдиіп танауы. Жылтылдап сауыры, Жалтылдап жанары. Тым ауыр сол түнді, Қорғасын сияқты. Ұрғылап өлтірді, Салмағы тұяқтың. Үстінде келемін, Аңсаймын Күн – қызын. Жалында – Өлеңім, Маңдайда – Жұлдызым. Дәурен бұл – мен сүйген... Шықпыртып тартасың – Бұзаутіс қамшыңмен, Ажалдың арқасын...

Еркін аспан өлеңі

142

Енетін түсіме: (жатырдан жаны асыл) Кісіне, Кісіне, О, Жылқы баласы. Жатпайды мені аяп, Сылқым – мұң, Сиқыр маң. Кісіне! Сен оят, Өлі бір ұйқымнан.


Өлең – қайғы

Еркін аспан өлеңі

Жаралдым қай дәуірден, Қай күндерден, Жаныма заман уын жайдым бірден. Тұманды теңіздерге жіберсем де, Қайыққа отырғызып қайғымды мен; Бәрібір тапты мені. Сайқал – күн, Салдақы арман сұғыменен, Барады мұзға айналып сірі денем. Аптадым алаулы отпен жүрегімді, Аластап жасыл арша бүріменен; Бәрібір тапты мені. Ғасырымның – Тұнады жанарына жасы мұңның. Қаймығар деп Қашқардың қанжарындай, Жарымның кірпігіне жасырындым; Бәрібір тапты мені.

143

Тағдырым тамыр тартқан тас қалаңда, Таландым өз буына мас ғаламға. Ғаріп боп жүргенімше Ғарых болып, Кеттім мен шарап толы тостағанға; Бәрібір тапты мені.

Әй, енді, жазылмаспын мен емделіп, Өлсем де, Кетсе ағайын терең көміп, Отырар осы қайғы шырақшыдай, Басында мазарымның өлең болып.

Мұрат ШАЙМАРАН

Қойдым мен талқанымды санамай-ақ, Қарайды қайыршы да маған аяп. Иығыма сарала қоржын асып, Ел ақтап кетсем-дағы жалаңаяқ; Бәрібір тапты мені...


Мұрат ШАЙМАРАН

ЕЙ, АЛАТАУ, АЛАТАУ

Еркін аспан өлеңі

144

Ей, тәкәппар Алатау, Сұлусың әрі суықсың. Жанымды менің қапалы Өзіңнен өзге кім ұқсын. Ей, тәкәппар Алатау, Өзіңе сенем, Сенетін басқа жоқ ешкім. «Оралман» деген пақырмын, Ордалы жылан емеспін! Ертіспен еңіреп тел өстім, Хан Тәңіріменен тең өстім, Қолынан жаттың у жұтып, Жомпоздың қамын жеп өстім. Сауырында тұлпар түнеген, Бауырында сұңқар түлеген, Еңсесі биік елеспін. Мейлі сен еле, елеме, Мен деген өзің қалдырған, Аймауыт пенен Селебе; Немесе Шүршіт төсіне Қадалып қалған жебе де. Және де асау өлеңмін, Алысқа шапса қызатын. (Бір жырым менің – жүз ақын). Ей, Алатау, Алатау, Алам деп саған келгем жоқ, (Кеткемін жоқ-ты тым жүдеп,) Берерім – ұлы махаббат, Берерім – ыстық бір жүрек! Жаным да Тудай тұнық көк, Мұны да місе тұтпасаң, Ата болмай-ақ құрып кет! Ей, Алатау, Алатау, Асуларыңа ай қонып,


Еркін аспан өлеңі

Асқарларыңды күн емген, Биіксің, бірақ, шіренбе. Тарыдай болып шашылған, Табанына жаттың басылған, Тағдырларыңды түгенде: Жер өссін десең, Ел өссін, Бүйрегің бұған бұрмаса, Қазақтың тауы емессің! Ей, Алатау, Алатау... Ұшында құрығымның Ай ілініп... Қаңтар бұл – қанжар жүзді қатал уақыт, Қабырғаңа сары аяз жатар батып. ...Мен ылғи бесті мініп қырға шығам, Сауырының көбігін отаулатып. Әлдебір зарық басар күйге елеңдеп, Жазармын жүрегімді күйген емдеп. Меңдей боп меңіреу түзде баратамын, Қолымда бұзаутісім ирелеңдеп.

145

О, дала, ұлың едім жолыңды ұғар, Баябан байтағыңа жаным құмар. Тек мені түсінеді борасындар, Тек мені түсінеді тобылғылар.

Арман-ай, аласұрып алға самғар, Сағындым, қайдасыңдар, арда асаулар?! Тек мені түсінеді қараша үйлер, Алдымнан қарсы шапқан бөрібасарлар... «Ей, Ата, малың аман, жұртың аман?!» Жан едім етегін жел жұлқылаған.

Мұрат ШАЙМАРАН

Жаныма жамылшысын жапқанда ойлар, Әр жырым нысана іздеп оқпанда ойнар. Тек мені түсінеді қар астында, Бұрқырап буы шығып аққан қайнар.


Мұрат ШАЙМАРАН

Болса да барымтасы, Қарымтасы, Бәрібір, сәурік мініп жылқы бағам. Жалшы – өмір, Жадау көңіл жайымды ұмыт – Қалдырам келер күнге қайырлы ғып. Тұрамын ұзақ таңға жал басында, Ұшында құрығымның Ай ілініп... Шет қалып барасың-ау, шерлі қалам Үрімжі. Жауады қар, жауады қар, Аспанда кәрі қыстың ауаны бар. Періштенің кіршіксіз қанатындай, Ақ әлем, ару дүние маған ұнар.

146

Демін тартып бір сәтке тынған ғалам, Суреттей кір саусаққа былғанбаған. Боғда – шалдың оранып шалғайына, Бүк түсіп жатыр менің туған қалам. Заман-ай, зауза сынды жылып өткен, Табаның талмайтұғын сірі неткен. Май сіңген, сәл майысқан көшеңменен, Менің сәби тағдырым жүріп өткен.

Еркін аспан өлеңі

Парағын ақтара ма жыл шежіре, Оқи ма сараңы мен дүмшесіне. Телміріп талай тұрғам әнеу маңда, Ұйғырлардың қып-қызыл күлшесіне... Құшағын құшырлана ашқанда өлең, Тілдескен тылсымы көп аспанменен. Сол ұлың әуресі мол ақын болды, Жаһанды бауырына бассам деген. Мен жоқпын, Сен де жоқсың енді маған, Тағдырын Алатауға берді балаң.


Кедейдің жылуы жоқ шекпеніндей, Шет қалып барасың-ау, шерлі қалам.

Еркін аспан өлеңі

Кеудеме қағылған бір сына – жырдай, Жанарда жас кептеліп, тұр ағылмай. «Алматы, менде туып, сен деп өлер, Ұлымды қабылда!» – деп дұға қылғай... Қарқара барып қайтсақ па (Сағатбек Медеубекұлына) ...Мұндай да мұндай болады, ә, Жаныңда сыздап ой-соқта. Қамыға бермей, жан аға, Қарқара барып қайтсақ па?! Сенуден қалдық міскінге, Сезуден қалдық бұл шақта. Ереуілтөбе үстінде, Еңіреп жылап тұрсақ па?! Заманның зарлы демінен, Тұншықты қанша жарқын ән. Әрбір тал қияқ шөбінен, Иісі қанның аңқыған.

Жаңғырар жартас, әр қатпар, (Тарихын ғалам тыңдасын). Шулайды дейді Әруақтар, Тіріден таппай мұңдасын. Ананың үні – жоқтаған, Тұлданып қайтқан Асаулар. Қарқара десе, Қап-қара Тастың да көзі жасаурар...

Мұрат ШАЙМАРАН

Алатау түнеп жатсаң да, Арыңа түсер салмақ бар. Алабөтендеу ақшамда, Шулайды дейді Әруақтар.

147


Мұрат ШАЙМАРАН 148

...Мұндайда, мұндай болады, ә. Жаныңда сыздап ой-соқта. Қамыға бермей, жан аға, Қарқара барып қайтсақ па?! Ұлтан болып жүріп... (Есқатұлы Азаматқа) Анасының сұңқары, Әкесінің тұлпары, Енді күліп атады Алатаудың бұл таңы. Шаймаран деп аталар момындау сол сары шалдың, Алматылық саналар, сен – алғашқы ұрпағы. Өтеді екен зымырап, Өтеді екен жыл бұлай, «Мамаң» аңсап жүруші еді, «Папаң» жүзі тұнжырай... «Оралман» деп айтпайды ел, Оған да жоқ өкініш, Орыс болып кетуден сақтаса екен бір Құдай.

Еркін аспан өлеңі

Өлең жазғам отырып, Әкең қуған кекілік, Тынымсыздау болатын тастан тасқа секіріп. Ес білген соң екеуміз Атажұртқа аңырдық, Алматыда туылмай қалғанымызға өкініп. Қиялдарды қырық бел қиырларға шаптырып, Жұрт білетін ұл болдық арман деген ат мініп. «Қайдасың, – деп, – Көктуым!» Жағып үміт оттығын, Сұлтандығын жат елдің жапан түзге лақтырып – Келдік Қазақ жеріне, Екеуміз де ұлтанбыз, Ұлтан болып жүріп-ақ ұлттың әнін шырқармыз. Ұлтан болып жүріп-ақ Отан деген атаңның, Табанында жатып ап тұла бойын жылытармыз...


Жап-жасыл табанында сайдың күтіп...

Еркін аспан өлеңі

Ей, кішкентай, Азамат, Ей, кішкентай, өренім, Көтеріп ап кеудеме сені қыса беремін. Аты мәшһүр ағаңның мінгізетін аты жоқ, Бәсіреңе байлайды бәсі мықты өлеңін. Мақтанышпен оқитын күнің туар себебі.

Ақ отау – мен өтермін жиі кірмей, Иеннің тағы болған киігіндей. Бұлаққа ілбіп басып сен барасың, Су таситын ағашың иініңде... Жол жатыр жалғыз аяқ – жағасы гүл, «Ол» жатыр құс төсекте санасы кір. Ақыны ғапыл қалған, Қазағыңның – Ғашығы өксік атқан даласы бұл. Шегірткең секеңдейді ыршып-тынып, Жайнайды жасыл қияқ мың шық тұнып. Сыңғырлап шолпыларың сала берді-ау, Бастаудың бал күлкісін тұншықтырып.

Бірі едім жыны буған керіс ұлдың, Көп сүйдім, Махаббаттан көп ұшындым, Жататын болып алды күйігімдей, Жоталар – ізі қалған кебісіңнің. Көруші ем сені күндей, Сені балдай, Жүрегім жүдеу тартар шөлі қанбай.

Мұрат ШАЙМАРАН

Сары алтын сарай – кеуде, Арман – басың, Ит – тірліктің сүйрейтін болды арбасын. Сенің келер тарғалаң тағдырыңды, Айтып тұрды бұлаққа тамған жасың...

149


Мұрат ШАЙМАРАН

...Ұзатып баратқанда неге қалдым, Шылбырыңа асылып өліп алмай. Құс едің жат көзінен тасада ұстар. (Қайтейін, бірге ақпады қос ағыстар). Неге кетті!!? Пәңгіңді шайнап кетпей, Жасауыңды артқан сол жасамыс Нар... ...Оралдың ақша жүзің сынық мүлде, Білмеймін, жанарыңа іріктің не?! Ақ отаудың түндігін серпе жаптың, Иығыңа асылып ымырт бірге. Арбайды-ау енді әлемді Ай мүлгітіп, У аралас шараптай қайғың жұтып – Тұрармын атым жарау, өзім жадау, Жап-жасыл табанында сайдың күтіп... 150

Жастық қашып бара жатыр...

Еркін аспан өлеңі

Жетелеген от пен желік, Қыз едің-ау көктем көрік. Жасыл жанат жайлауыңнан, Дүр-дүр ауып кеткен бе елік?! Сен мезгілге бүлінбесең, Қайда сол бір құлын мүшең?! Көздеріңнің шарасынан, Мөлт-мөлт еткен мұңыңды ішем. Қара жібек шарқатыңнан, Талай арман тарқатылған. Аққу мойның әсем еді, Айдай толып алқа тұрған. Қиқулатқан дос аралын, Қызығы едің осы араның.


Сан атылып аласарған, Жанартаудай қос анарың.

Жылдар бетін жылы жауып, Солған гүлдің күні ғаріп. Әркім тұтқан сырлы аяқтай, Сыры кетіп, сыны қалып –

Еркін аспан өлеңі

Жүрек біткен – бәрі бойдақ, Ән салушы ек «әри-айлап». Сен алыстап кете бердің, Балтырыңнан сағым ойнап...

Кездестің-ау, күнім, алдан, (Мыңына мұң – біріне арман). Ал, мен болсам ошақтаймын, Оты жанып, күлі қалған. Жанарыма қара батыл, Бір сағыныш арада тұр. Бәрін айтып қайтем саған, Жастық қашып бара жатыр...

151

Ертегі ...сонымен бәрі де мұратына жетіпті. (бала кезімде атамның маған айтатын ертегісі осылай аяқталатын)

Күн күлген, Жұлдыз күлген, Арман күлген, (Екен ғой оның бәрі жалған мүлдем). Ақ қалпағын басына алшы киген, Алатауды еншіме алғам бірден.

Мұрат ШАЙМАРАН

Ерке едік... Ертегіңе елітіп ек, Балалық нені аңсады, нені тілеп. Мен саған айтқым келген көп ішінде, Әне-еу қара аспанды «менікі!» деп.


Мұрат ШАЙМАРАН 152

Сахара: Бағдат барып, Мысыр барып, Сүйгенмін Шаһзаданы құшырланып. Біресе, жаһан кезген жолаушымын, Кететін Жалмауыздың тісін қағып. Біресе, бозбаламын желік күткен, Мойнында түймесі бар елік күткен. Біресе, зар жылаған жас ғашықпын, Зәурені махаббаттан солып біткен. Хандардың көк күмбезді шатырында, Сөйлегем сертке тұтқан батырындай. Біресе, Қобыланды боп садақ тартқам, Ойнатып Тайбурылды тақымымда... Ертегі, О, ертегі, ертегілер, Тас ұшып, Тау айналып, Жер тебінер. Білмеппін, Ертегі елі, сенен кетіп, Ертеңнің болатынын дерт егілер.

Еркін аспан өлеңі

Ақылға Аяз биін шақырмастан. Заман бұл: Пақыр билеп, Батыр қашқан. Ертегі, О, ертегі қайдасыңдар?! Бәрі де ақиқатпен ақырласқан. Киял – мөлдір әйнегім, Ол да сынар, Күнікейдің білегі кімге асылар?! Ертегі жоқ, Тек менің жүрегімде, Сарытап болған ақынның мүрдесі бар...


Жұмекен Нәжімеденовке Ісіндірген ындынын даңғазасы ғасырдың, Өзге түгіл, өмірге жұмбақ айттың, жасырдың. Әр жырыңның қатпары – жарқыраған жаһұттар, Асылыңды алуға қолы жетпей уақыт дал. Аға, сені ойлаймын болды екен деп сойы кім?! Өзің ұсап шымырлап аға ма екен Жайығың. Әуреміз бұл күнде (Мен білмеймін, не керек) Даңқымызды жұлдыз ғып аспан жаққа шегелеп. Өзегінде – өкініш, Өлең ғана –мұраты, Жерге тартып туылып, Жерге сіңер ұлы ақын. Ел айтады аңыз ғып сені Берен секілді, Едіге ойға тамыздық – қоңыр өлең секілді. Бояулары, болмысы мың сан әлем секілді, Жұпар шашқан бұрқырап жусан өлең секілді... Абжыландай арбағыш ажалың да билеген, Оңашада отырып өзің тартқан күйменен. Таланттың Тәңірі келгендей бір келісімге, Сырлы сөзбен сылқым үн сенің ғана еншіңде. Адасады ізіңнен сол бір тірлік, Сол ғарыш, Орман – ойлар ішінде жалғыз жортқан, Жолбарыс...

Еркін аспан өлеңі

Аға, сені ойлаймын болды екен деп сойы кім?! Өзің ұсап шымырлап аға ма екен Жайығың. Жай ақпайды Жайықтар, (Түсінбесін жұрт қағыс), Тереңінде тебініп жатады екен күшті ағыс! Өзегінде – өкініш, Өлең ғана –мұраты, Жерге тартып туылып, Жерге сіңер ұлы ақын...

Мұрат ШАЙМАРАН

153


Мұрат ШАЙМАРАН

Түңілу ...Бәрі солай болатынын ұқтырып, Қаңтар өтті, көзқарасы сұп-суық. Жалғыз шырақ – (Жана-жана білтедей) Бітті үміт. Ақпан келер – асыққан бір жолаушы, Сақа – көңіл, түспейсің-ау сен алшы. Көбелек – қар, көз алдымда көлбемей, Жоғалшы! Тұман – жолдар, Күмән –жолдар, Тұл өңір, Ақын – жүрек, жыла, жыла, жүде бір. Аққа бояп сен әуре болғанмен, Кір өмір. 154

Жауқазын боп құлақтары қалқайған, Көктем келер, жаның жанып өрт ойдан. Көктем бе бұл, Көктемің де көк тиын! Гүлдің бәрі қартайған.

Еркін аспан өлеңі

Тамыр түгіл, тасты ерітіп жылуы, Сосын тағы жаз келеді бір ұлы... Мені мұңға шақырады ақшамда, Шегірткенің шырылы. Уақыт берген уағдасына сенерміз, Сенерміз де уатылып, семерміз. ...Бәрі солай болатынын ұқтырып, Келер күз... Кеміреді кеудемді бір батыл – ән, Кемерге ұрған толқынымды сапырам. «Өмір – жалған!» соны біле тұрсам да, Қиялмаймын, аһ ұрам...


Анна кемпірге ода

Шалқар күннің шаттығынан тыс қалған, Сені қайтем, запыраны күшті арман? Әмияны – тымсақтардың әулеті, Тәні сусар терісімен тысталған.

Еркін аспан өлеңі

Анна Петровна! Бұл есімге тіл сындырғам әрең мен, (Келгенім бар Ивандары жоқ елден). Мәскеулік сол княздардың сарқыты, Тәкәппарлығы асып жатқан кемерден.

Және жанды жеген тұздай көзінен, Мұздай суық мысы барын сезінем. Жалға тұрған жадау лашығымда мен, Сол кемпірді ойлап жатып көз ілем. Мезгіл мені меңіреу етті десі – қыс, Жемін тауып жей алмаса несі құс?! Кемпір маған дәрі ме екен, Қызына... Көз саламын омырауы қос уыс.

155

Ол да солай әсемдігін білдірсін, «Мынау тегін Қазақ емес, кім білсін?!» Ойлы-мұңды қарағанмен ол маған, Бұйдасынан ұстатпайды бүлдіршін.

Мысығыңнан мысқал әрмен бітімі, Күшік, Күшік, Тым асылдан тұқымы. Қарғыбаудың өзі таза алтыннан, Ал адамнан артығырақ күтімі.

Мұрат ШАЙМАРАН

Анна кемпір, ақсары қыз ісігі, Қызықтырмас қыры қашқан кісіні, Одан гөрі мені баурап алады, Сойы итке ұқсайтұғын күшігі.


Мұрат ШАЙМАРАН

Ағылшын ба, заузаты қай жатырдың? Тегін тектеп біле алмай-ақ аһ ұрдым. Мен, әйтеуір, даламның маң төбетін Бала кезден ит деп білген пақырмын... Онсыз жетім көңілімді көкпар ғып, Оһо, жалған, теріп қайтем жоқ-барды. Бірде жарым: «Анна кемпір итіне қала жақтан пәтер апты,» - деп қалды. Өмір, өмір, емессің-ау жай ағын, Жоқ үмітке құшағымды жаямын. Есіме алып қайыры жоқ Көкемді, Анна кемпір «Молодец!» деп қоямын... Күллі ойлар өріп жатады менің күркемнен

156

О, Тәңірім-ау, несіне ақын болдым мен, Ақ емшек – Ақиқат, уызыңды сенің емдім мен. Кетпен көтерген шаруа боп неге кетпедім, Қара жерден ырыздығын тауып жеп жүрген.

Еркін аспан өлеңі

Шағылдай болып шашырап кеткен, нар талап, Ай менен Күнге сөз айттым неге шалқалап?! Ойсыздар жасаған заманның мынау обалын, Ақын болдым ба жүруім үшін арқалап. Ойраттар келіп ойрандап кеткен жерімдей, Ақсүйек арман иенде қалды көмілмей. Жырымда – запыран, Мұңым да менің тым ащы, Адалдың маңдай теріндей. Тазарту үшін тамырыңды сенің құрт енген, Күллі ойлар өріп жатады менің күркемнен. Көңіліңнің кірін, Көзіңнің жасын, о, ғалам, Өлең деген орамалыммен сүртем мен.


Жапырақ – ғұмыр Еменнің жапырағы құлап жатыр... Сарғайған сағыныштан тәні бірден, Жұмаққа кетпек жасыл жаны мүлдем. Сұп-суық жерде жатып қарайды олар, Мейірім күтетіндей әлі күннен.

Еркін аспан өлеңі

Құлқын баққанға құл болып кеткен Құдай – Ар, Табанда жатып күрсінер һәм мұңаяр. Салихалы күнді аңсаумен өткен, салқам – жыр, Білмеймін сені кім аяр?!

Осымен бітті бәрі... (доғарылған) Қайыр жоқ енді аспанның анарынан. Еменнің жапырағы құлап жатыр, Мен оның тамшы көрем жанарынан. Есінде барқыт–көктем, Бал шақтары, О, сәуір кімге нені аңсатпадың?! Мезгілмен араз болған аш бұтақтар, Қош айтып шошайтады саусақтарын.

Білте өмір біткенінше сабақтатып, Шаттықтан өзге жоқ-ау шанақта түк. Бұтақтар, о, бұтақтар бұлғаң қағар, Тағы да сан бұлбұлды қонақтатып. Емендер, еңсең биік, бойың әсем, Құлайды жапырақтар, Мойыма сен! Қарашада қасқайып тұрасың-ау, Туған жерді оралтып ойыма сен...

Мұрат ШАЙМАРАН

Жеткенше жетесіне зілдей хабар, Қайғысын жапырақтың білмейді олар. Жасынның жарқылынан бебеу қағып, Тағы да бүршік атып гүлдейді олар.

157


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

158

Әйтеуір аяр күннің айбары анық, Сарқылар сенім біткен майдаланып. Сабағынан үзілген жапырақ – ғұмырым, Желге ұшты, құлар екен қайда барып?! Еменнің жапырағы құлап жатыр... Түнге мадақ айтасың-ау... Таң атады, оятады. Кеш батады ләззатты. Жар төсегі – жаннат мекен, ұмыттырар азапты. Иен-тегін жайлағандай жасыл жайлау сонысын, Бар ғұмырдың бал шарабын екеу ара бөлісіп. Бұл шараптың теңін тауып айта алмағам бұрын да, Ғайып берген кәйіп сезім шабады-ау бір буынға. Құлан сынды құба мойнын толқын қара шаш жауып, Тоят тауып жатады жар жүрегіңді жастанып. Шөлі қанған еріндері шұғынықтың гүліндей, Кемеріне толған кеуде бір тынып, бір дірілдей; Жатады жар, Ал сен болсаң, көп әсерден көз ілмей, Түнге мадақ айтасың-ау ауырлығын сезінбей. Сенбейсің-ау, Сенбейсің-ау Айды суық дегенге, Көнбейсің-ау, Көнбейсің-ау қайғы жуық дегенге; Таудың тарпаң бұлақтары күліп ағар секілді, Құлаған көк жерден басын жұлып алар секілді: Шегірткенің шырылы да бұлбұл үні секілді, Жапырақтың сыбдыры да құрбым үні секілді: Жаңбыр бұлты кісінеген қара айғырлар секілді, Жалбыр тонды жадау бала сарай барар секілді; Алма ағашы ақиқат боп бүр жаратын секілді, Сенсіз-дағы мынау ғалам жырланатын секілді; Секілді бір қолтығында қоғамның бұл қытығы. ...Тіптен, әндей естіледі қаптесердің тықыры. Таң атады, оятады. Кеш батады ләззатты. Жар төсегі – жаннат мекен, ұмыттырар азапты.


Еркін аспан өлеңі

Шаймаранның шайыр ұлы, шараң асып шарқ ұрма, Бәрі алдамшы, бәрі жалған, Сабырыңнан сарқылма. Алуан бояу, әуейі дүние арбайды кеп жанарды, Өмір деген кейде жарық, кейде көрдей қараңғы. Көңіліңе қонақтайды көбелектей көп елес, Көкке қарап ұлитұғын жалғыз бөрі сен емес... Аңсау Өрте мені, күннің қызыл кірпігі, Жанып-жанып күл боп тынам бір күні. Заты бөлек безбүйрек бұл заманда, Ақын болып өмір сүру күлкілі. Жүрегімнің іші – заһар, Басында – у, Аласұру, Адасу һам тасыну. Мені өзіне баурайды да тұрады, Қожа – Хафиз ғасыры.

159

Ағыл-тегіл сөз емшегін идіріп, Аспан ойды алты жолға сыйдырып, Сол шалыңмен шарап ішіп отырсам, Сахи досқа құйдырып.

Тереңдігім теңізбен тек өлшенсе, Бір хикмет боларына ел сенсе. Аты аңыздай Хафизіңнің өзі де, Қызғаныштан өртенсе. Кемерім кең, төгілмеспін шайқалсам, Мен ұқсап айт! Арманыңды айта алсаң.

Мұрат ШАЙМАРАН

Мәйхананың мысын басып дүбірім, Жыр оқысам бар дауыспен бір ұлы. Көшпендінің шайырына көз сүзсе, Парсылардың пәранжалы сұлуы.


Мұрат ШАЙМАРАН

Айбатына сенген Ақсақ-Темірің Атбасындай алтын беріп қайтарса. ...Байлық-даңқ ете алмайды мені елең, (Сені ғана қайтам алып, о, Өлең!) Ат басындай алтыннан бар аруға, Сыңғырлатып сырға жасап берер ем... Қайың бүрлеп, Түзегенмен шетен бой, Гүлдің реңі, Нілдің өңі бөтен ғой. Оһо, жалған, ақындықтың мезеті Өтіп кеткен екен ғой... Қымыз құйып бердің сен ...

160

...Күлкің бұлақ секілді жырлай аққан, Қымыз құйып бердің сен сырлы аяққа. Қарлығаштай қағылез, қарағым-ау, Ұйықтап жатқан жанымнан мұңды оятпа!

Еркін аспан өлеңі

Қызыл да өзің, Қытықты қылық та өзің, (Томағасын тартпасын бүлік сезім). Өткенімді көрсетіп берер маған, Тұмасындай жайлаудың тұнық көзің. Мың сағыныш балталап бір түнімді, Отау – ойдың іргесі тұр түрулі. Жанарыңда жастықтың суреті бар, Қаға көрме, Қарындас, кірпігіңді?! ...Оу, өмірім, еттің сен неге ғапыл, Сайран күннің жұлдызы сөне ме ақыр. Атжалында желігіп алған жігіт, Ауыл жаққа желдіртіп келе жатыр. Сал-серісі даланың секілдіміз, Сүмбіл шашты сұлуға өтімдіміз.


...Ұяң басып кірді де ақбоз үйге, Сарқымызын сапырып отырды қыз.

Құс – тілек бір қиырға алып ұшып, Жас көңіл саятшыдай сабылысып, Шаңырақтан шашылған сәулелерге, Мойнындағы моншағы шағылысып, Сарқымызын сапырып отырды қыз...

Еркін аспан өлеңі

Осындай ма тірліктің бұл бейісі, Тулаған қан тамырда тұр ғой ысып. Ал, жігітің асаудай аласұрар, Қызды да, қымызды да бірдей ішіп.

Базар – күн, Балбұл жанған бала – дәурен, Түсімдей болдың ғайып жаңа көрген. «Сүйем!» – деп айта алмаған, о, Махаббат, Оралып шылбырыма қала берген. Мың сағыныш балталап бір түнімді, Отау – ойдың іргесі тұр түрулі. Жанарыңда менің сол суретім бар, Қаға көрме, Қарындас, кірпігіңді?!

161

Қымыз құйып бердің сен сырлы аяққа... Көңілдің өңі ағармас кірі ашылмай

Егер де өмір болса, қандай өмір? Қала ма тәтті дәмі таңдайда бұл. Ал, өлім... Атажұртын аңсап келіп, Соңында егесі жоқ сорлай ма ұл?!

Мұрат ШАЙМАРАН

«Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман», Күн – үміт секілді ме түнге айналған. Өмір ме, өңі суық өлім бе екен, Бір елес орамалын бұлғайды алдан.


Мұрат ШАЙМАРАН 162

Бермейді саған өткел өмір – ағын, Жетім – ой, Анаңды аңсап аңырағын! Білмеппін, қасіретің қандай ауыр, О, менің қасиетті Шаңырағым. Жалынан ұстатпайды жыр қашаған, Патшаның атын тасқа құл қашаған. Бәрін де көре, көре, Біле, біле, Адамдай сезінемін мың жасаған. Көңілдің өңі ағармас кірі ашылмай, Әйтеуір, жоқты медет қыласың жай. Сан сауал сансыратып болды мені, Қоғамның қырық қабат күнәсындай. Ал, өлім... Жарақатын жұрт емдесін, Жабырқап жанарымды сүртем несін. Хан өлер, Қараша өлер – Хақтың ісі, Тек қана ұлы дала рухы өлмесін! Жаратқан, шапағаты кең Құдайым, Қабыл ет, жанымды елге ем қылайын. Сен берген ақиқатқа ара түсіп, Зар жұтқан соңғы ақының мен болайын...

Еркін аспан өлеңі

Ақшамда ару Сайрам жағалауы Бұрын да солай болған, Болады әлі, Аспанның шағи бұлттар орамалы. Қыз күлкісі, Шулаған құс қиқуы, Ақшамда ару Сайрам жағалауы. Айдын мәз суретіңді ұрлап алып, Қайың мәз жапырағы сырғаланып.


Сен мәзсің езуіңнен лағыл төгіп, Әдемі балтырыңды суға малып.

Еркін аспан өлеңі

Секілді ернің шәрбат, Төсің – алма, Жұмақ – түн, Жұлдызы жарық кешің алда. Сүю деген сүннет қой, Сүйе алмасақ, Жаратты жүрек беріп несін Алла. Шалқисың обалыңды есіңе алмай, Мен тұрам шанағымда көсіле алмай. Ақ мамық алақанмен су шашасың, Онсыз да жанған отты өшіре алмай. Құмарым ұйып тұрған сүттей менің, Таусылмас бұл бір ләззәт бітпей демім. Бұлқынып құлын мүшең көзге ұрады, Малынып көл суына шыт көйлегің. ...Кеткендей жанартау боп жарып құшақ, Басталар одан әрі зарықты шақ. Бір ысып, бір суынып құм үстінде, Жатасың қайрандаған балық құсап...

Мұрат ШАЙМАРАН

Бұрын да солай болған, Болады әлі, Тарқамас жастығыңның жағалуы. Біз кеттік, жоғалттық не, Таптық нені, Қап қойған жасың сүрткен орамалың...

163


Мұрат ШАЙМАРАН

Еһ, Тырналар, Тырналар, Еһ, Тырналар, Тырналар, Барасың ұшып төбемнен; Тарғыл да таулар үстінен, Даладан бетбақ көнерген. Сарсаң да, сарсаң, сарсаң күн, Сағыныш, бірақ, жоқ өлген. Мен оны өріп өлеңмен, Қанатыңа байлап берерме ем, Жеткізесің бе туған сен елге…

164

Еһ, Тырналар, Тырналар, Қайда екен сол бір бақ-талап?! Тағы боп өскен тарпаңды Алатау қалды ноқталап. Көзіне ірің іркіліп, Көңілдің шыты жыртылып, Жүрме екен атам жоқ қарап. Жетер ем айлап, апталап, Қайтейін, мен де жоқ қанат...

Еркін аспан өлеңі

Еһ, Тырналар, Тырналар, Барасың ұзап тыраулап. Жаутаңдап көкке қараймын, Жанарымда жалқы сұрау қап. Арғы бетте өлген арман көп, Әруағын барып бір аунат!? Бұлақтың көзі бұлаулап, Орманның шашы қылаулап, Жататын еді бұл аумақ... Жетелеп жырды жет енді, Ертісті аттай тебінді, Еркелей аққан Емілді, Ентелей аққан Ілені Айналып ұшып өт енді! Аспанның әппақ өлеңі– Өзіңдей болып кім самғар. Ақынның ащы мұңындай, Бүр жарды ма екен жусандар?! Еһ, Тырналар, Тырналар...


Еркін аспан өлеңі

Толғау, Баллада, Поэма

165

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН Айбергеновтың ақырғы монологы «... Көбінде мақамды, әуезді қарақалпақ әні «Әмударияны» шырқай жөнелетін. Жаңағы өрік ағаштан жасалған домбыраны он бір жыл ұстады. Тек өзі қайтыс болатын жылы сол домбыраны абайсызда сындырып алдық...» Үрниса Айбергенова 166 (Төлеген Айбергенов туралы естеліктен)

Еркін аспан өлеңі

Аһ, Үрниса, Жалын толы кеудем бұл, Самарханнан сырнайлатқан керуен – жыр. Жез қоңырау үніндей-ақ сыңғырлап, Тым алыстап бара жатыр, енді, өмір. Аһ, Үрниса, тамырымда қан тулап, (Өмір солай, тулап барып сарқылмақ). Өлі дала шырайына нұр беріп, Мен көктеммін өте шыққан жарқылдап. Бұл фәниге кімдер келіп, Кім жасар?! Мен өтермін, қабірімді гүл басар. Бір жалт етіп сөнген шырақ секілді, Аһ, Үрниса, Халім менің тым нашар.


Жырдың мәнін, Жылдың сәнін тауыспай, Тұра алмадым ағындарға дара ұшпай. Аһ, Үрниса, Мен өтермін, өтермін, Жартастарға сіңіп кеткен дауыстай.

Еркін аспан өлеңі

Апай төсін жатқан дала күн қақтап, Ақ көбігі аққан өзен бұрқақтап. Қош бол енді, Күлімдеген қыз – өмір, Кәмшат бөркі бұлғақтап.

Қарт тауларға көп ��араймын тігіле, Сөйлейді олар маған адам тілімен. Жаңғырығып қайта келем мен саған, Жасын ойнап, Дауыл ұрған күні мен. Ақ қайыңның жапырағы боп тұрармын, Ақ Жайық пен Атырауым боп тұрармын, Басыңдағы ақыл, арын боп тұрармын, Қасыңдағы батыл ағын боп тұрармын, Әр сөзіңде жырың болып оқылып, Һәм көзіңде мұңың болып тұнармын.

167

Батам, енді, көкжиекке күнге еріп, Жатам сосын табиғатқа тіл беріп. Ғарыш-көкте жұлдыздарды серік қып, Мәңгіліктің құшағына бірге еніп...

Мұрат ШАЙМАРАН

Өлім өзі қасіретті қаншама?! Би билеймін, алдында оның ән салам. Аһ, Үрниса, байтақ қазақ жерінен «Бір тойым боп...» ораламын мен саған... Тамыз айы, кешкі шапақ қырмызы, Бірақ мені мазалайды түнгі ызың.


Мұрат ШАЙМАРАН 168

Әмудария, Саған ғашық болдым мен, Маған ғашық болды сенің бір қызың. Әмудария, жағаңда отырып мұң құштым, Сенсіз ешкім ұғынбайды сырды ішкі. Иірімің шымыр-шымыр қағады, Низамидың шарабындай тым күшті. Сенсің менің таусылмайтын ариям, Мен боп сөйле, Жалғандыққа мойыма! Тал бойымда тулап жатқан қан емес, Сенсің, Әмудария! Сен сұлусың, сұлу болса бұл ғалам, Сен болмасаң қуат берер кім маған?! Көзге сиған мынау нұрлы дүние, Құшағыма симайды ғой, Сол жаман. Әйтпегенде, мен өзіңді көтеріп Жүрер едім бір ғана...

Еркін аспан өлеңі

Менің жаным – шағалаң боп көрінген, Ақ моншағың – менің жасым төгілген. Сен керексің ертеңгілер үшін де, Әйтпегенде, алып кетер едім мен. Тәңірімдей табынатын ұлы анам, Сен берік бол, сен ешқашан жылама! Ақыныңның аманатын сен сақта, Әйтпегенде, ұмытшақтау бұл адам. Әмудария, білесің бе?! Ақ Жайықтан ұшқан жырдың құсы аппақ. Жеттім саған жалғыз болмау үшін мен, Домбырамды құшақтап. Жырақтарға – тылсымдардың мекені, Күлгенің мен күрсінгенің жетеді.


Домбыраның екі ішегі секілді, Әму – Жайық екеуі.

Еркін аспан өлеңі

Мен сендерді бір шанаққа сидырып, Шерттім ұзақ мұңды-сазды күй қылып. «Мен сендерді алдамаймын...» өзендер, Ұлың болып маңдайымнан сүйдіріп, Тұрам солай адалдығымды сый қылып. Мен халқымның сағынышында жүрем тек, Рухым қайта оралады күні ертең. Сендер барда мен тірімін, тірімін, Сендер барда шөліркемес ұлы өлкем... Әму – Жайық, мені өсірген жыр бесік, Амалым не, жолымды ажал тұр кесіп. Бір-біріңе асығасыңдар-ау Қарсы ағып, Менің даңқым арқылы үнсіз тілдесіп. Егіз дария – менің егіз ғұмырым, Жер – ананың екеуі екі бұрымы. ...Сынды домбыра, сынды, сынды, Білемін, Емес, әсте, жақсылықтың ырымы.

Әму – Жайық, мені өсірген жыр бесік, Амалым не, жолымды ажал тұр кесіп. Бір-біріңе асығасыңдар-ау Қарсы ағып, Менің даңқым арқылы үнсіз тілдесіп. Қош бол енді... 1999 ж. 2 мамыр

Мұрат ШАЙМАРАН

Бітті бәрі, маған зауал жеткендей, Жұмақ шағым қайырылмастан өткендей. Көкірегіме шер байланды қаншама, Домбыра емес, сендер сынып кеткендей.

169


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

170

Мекен іздеу Солғындап бір күн бетінің қызылы, Құлағымда кешкі боран ызыңы. Жырын жаттап шығыстық бір ақынның, Ен далада жалғыз келе жатырмын. Жел мұжып бір жемірілген молаға; Әлде кімдер бұғып жатқан обаға; Тұман шөккен ұзақ-ұзақ жолға анық; Кешеуілдеп қайтқан қазға зарланып; Көшкен бұлтқа бірін-бірі жұлып жеп; Әлде нені қоям айтып күбірлеп... Мекен қайда?! Енді менде жоқ тұрақ. Ол қалада боран бұдан қаттырақ, Қауіп бұдан қаттырақ! Мылқау көше, Мылқау адам, Мылқау күз, Бәріміз де жаралымыз, сырқаумыз. Аяз мұнда аямайды, расында, Ән салуға, «а» деп ауыз ашуға. Сені еркіне жібермейді бір сағат, Бір суық қол жүрегіңді құрсап ап... Тақуалар жұмақ дейді бұл күнді ең, Жұмағыңа түкірер ем мен мүлдем.


Кінәламан мен мезгілді, мен күзді, Бөліп тұр-ау ажал бізді, жер бізді. Жо, жоқ, баба, қателесіп барамын, (Есалаң ғып есер өмір алаңы), Таңғы шапақ арасынан мен әр кез, Қанға қанбас қанжар көріп қаламын... 1997 ж. 13 желтоқсан

171

Мұрат ШАЙМАРАН

Улы сөзден құлақ аман, бой таза, Ескі жырды мың оқысақ қайтара. Айтсам оған: «Ақындардың күні анық, Сол баяғы қасірет пен бұғалық». Майлардың да дәмі өзгеше екенін, Жайлардың да мәні өзгеше екенін, Шығысыңның мұңлы өлкесін, аптабын, Көздің жасы суарып бір жатқанын...

Еркін аспан өлеңі

Нағыз жұмақ, Түсінбейсің сен нағып? Омар Хайям айтқан кеше жерде анық. Тозақ өмір, ошағыңды ойрандап, Жетсем, шіркін, сол араға сайрандап! Шараптардың ең күштісін – асылын; Арулардың қылықтысын – ғашығын; Адамдардың ең аңқауын – жомартын; Наркескеннің ең өткірін – сабы алтын; Ең ләззатті жырларымен нұрланып, Кетсем деймін сол араға бірге алып. Сөнсе, Сөнсін, Өшсе, Өшсін сынап күн! Омар барда есігі ашық жұмақтың. Жанарында бір сағыныш дамылдап, Алары хақ өзі бізді қабылдап...


Мұрат ШАЙМАРАН

Бота (Үрімжі қаласының сайранбағында көрмеге қойылған бота тұр)

Еркін аспан өлеңі

172

Дуға толы бақ іші: Өтеді жұрт көздерімен танысып, Әзілдесіп, қағысып, Шығандайды аспанға бір ән ұшып... Бірте-бірте буынды ала бастайды, Қайыршы тартқан скрипка дауысы. Қылықты қыз көзді арбаған тоқ саны, Қылмыңдайды жігітіне жабысып. Сенделіп жүр менің «ағатайым да» Тағы ішіп... Жаныңды елтіп жапырақтар бүр жарған, Дөкей қала, күнде қызық, күнде арман! Тек күлуге жаралғандай бар адам, Сонадайдан езу тарта қараған. Арсалаңдап, Азу тісі ақсиып, Азу емес, қанжар көрдім мен одан. Бағлан етін бұрқырата қақтаған, Саудагерің нәпақа алып жатты одан. «Тағылардың» таңсық асы жомарт тым, Шұбыртады сілекейін «қонақтың».


Нәрлі тағам бітіргендей жанға алау, Аңсары ауып қарай берді тауға анау...

173

Мұрат ШАЙМАРАН

Дуға толы бақ іші: Шуылдардан жүрегі ұшып,

Еркін аспан өлеңі

Дуға толы бақ іші: Тұрды бота бүйірлері қабысып, Шуылдардан жүрегі ұшып, Жаны ұшып. Бәрін тәрк етер еді ол бірден, Жібермеді шынжыр арқан қарысып. «Тағылығын» тастамаған ол әлі, Көз алдында туған өлке жамалы. Бәрін тәрк етер еді ол бірден, Жібермеді тобырлардың жанары. Үзіп кеткен секілді бір жебе ұшы, Ғарыштағы уақыттардың желісін. Тұрып алды оған мүлдем жат көздер, Мынау ғажап момындықты жеп-ішіп. Кім әкелген, қойды кімдер арқандап? Мұздай сауал тұрды менің арқамда. Көшкен бұлтқа, өшкен күннің нұрына, Қарайды ол жаутаңдап. Тұрды бота, Бота көзде – мұң нала, Қолын созды мүсіркеген сұм бала. Тұрды бота ойға шомып тым ұзақ, Қайыршының күйін тыңдап бір ғана. Миында әлі сағымданған сардала, Ұшқан түтін мұнарменен жалғана; Жар басына жалқы қонған қара қос, Әлдебіреу шырқап салған арман ән. Оттар сөнген, Тау қалғыған, Көз ілген, Ен далада өзін еркін сезінген. Миында әлі: Тағдырына алаңдап, Әлсін-әлсін қарай берген Бозінген.


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

174

Жаны ұшып, Тұрды бота бөрілерді сағынып, Үйренген бір қан ішіп... Жер жылуы қарып өткен табанын, Миында әлі бар тарихы далалық. Бірте-бірте есіне ала бастады, Соры шыққан сорлы өлкені ол анық. Үрей біткен буынды ап, Бота тірсек әзер тұрды жығылмай. Жанарында қалып қойған бір тамшы, Боз жусанға қонған таңның шығындай... Қып-қызыл боп батқан күннің реңі – Рең емес – қып-қызыл қан, Білемін. Құлағымда бозінгеннің боздауы, Боздап тұрған мына менің жүрегім... Шашқан біреу қан сияқты уыстап, Ертең тағы күн туады шығыстан. Мынау дүние құлпырады, туысқан, Маған тағы мұң туады, туысқан! Кеудемдегі қырық жамау жүрегім, Бозінген боп бұлқынады, Туысқан! Кім әкелді? Қойды кімдер арқандап?! Мұздай сауал тұрды менің арқамда. Балам маған қарай берді – сәбиім, Бота көзі жаутаңдап... 2000 ж. 8 тамыз


Еркін аспан өлеңі

Ит Соңғы шарап кесесін сарқып ішіп, Аязында ақпанның алқып, ісіп, Келе жатсам отыр екен жол шетінде, Иесіз қалған сорлы жалқы күшік.

175

Ескі шапан етегін жел кеулеген, Ақынмын! Ешкімге мен жол бермеген. Кес-кестеп шықты алдымнан мына күшік, Қайыршыдай қол жайып телмеңдеген.

Барады мезгілің де мың құбылып, Аспанда «жартылық ай» тұрды ілініп. Қыңсылап аяғыма оралады, Тапқандай менен ғана бір жылылық. Тәйір-ау, бұл не сұмдық, тегін бе өзі?! Келген бір қасіреттің елін кезіп, Әрбір тал кірпігіне мұң байланған, Көздері секілді ғой менің көзім.

Мұрат ШАЙМАРАН

Бір бұлақ көкірегімнен қыстыға ағып, «Менменсіген» халімнен түстім ауып. Шоқиып қарсы алдымда отыр күшік, Жанарым жанарына түсті барып.


Мұрат ШАЙМАРАН 176

Кешетін міскіндердей тамұқ күнін, Көп сездім бұл ғаламның ғарып мұңын. Мен оның жаутаң қаққан жанарынан, Өзімді танып тұрдым... Қойса да шапағатын жыл ұсынбай, Бар менің қатқан күлше уысымда. Қарайсың неге маған әлсін-әлсін, Дәметкен әлденеден туысымдай. Туыспын, Туыспын мен саған, Күшік! Жоғалтқам інімді жеп, Ағамды ішіп. Қалғамын иен жұртта ұлып сенше, Кеудемді запырандай зар ән қысып. Бас көтерген бір арман көңілде өшіп, Быт-шыт болды! Шағылды сенім – бесік. Қасқайып мен де тұрғам бір кездері, Сұрапыл ағыстардың жолын кесіп.

Еркін аспан өлеңі

Жүрекке жөргемдеген көп сызығын, Өтті-кетті басымнан тексіз күнім. Аспанға аңырайып тұрғам мен де, Қызықтап бұл ғаламның шексіздігін. Асау аттай көнбейтін ырыққа мұң, Өз қолымен әкетті жұлып бәрін. Арши алмай келемін көзімнен мен Шашыраған жұлдыздың сынықтарын. Содан бері адасып жүрмін, Білем, Бейтаныс жолаушыдай, суық маңым... Қойса да шапағатын жыл ұсынбай, Бар менің қатқан күлше уысымда. Қарайсың маған неге әлсін-әлсін, Дәметкен әлденеден туысымдай...


Жұмақ мекен! Көремін түсімде көп, Барады жанды жалмап ішімдегі өрт. Барады әне біреу күбір қағып: «Бұл жердің күні суық, ішу керек!». 2001 ж. 17 ақпан

Еркін аспан өлеңі

Демеймін көкбөріңді оят, көңіл, Табылмас енді өмірдің жай өткелі. Қарайсың маған неге әлсін-әлсін, Тұрсың ба аяп мені?!

177

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН

Мола балладасы

(Ұстазым Ғабылахат Салтантаевтің рухына бағыш­ таймын)

Еркін аспан өлеңі

178

Егер мені іздесең, Думандардан іздеме. Ойсыз-мұңсыз шаттыққа, Алданамыз біз неге? Биіктерден іздеме, Самғаулардан іздеме, Әлдебіреу аңсаған армандардан іздеме, Қол жетпейтін жалғанға Шөліркейміз біз неге?! Көлдегі ерке мап-майда толқындардан іздеме; Тамбай кеткен бұлттағы жарқылдардан іздеме; Іздемегін тағы да хабақхана төрінен; Ащы-тәтті дегеннің бәрінен де жерігем. Таба алмассың сен мені сары алтынның буынан, Байлық-даңқ дегеннен қайран көңіл суыған. Махаббаттан іздерсің, Баса көрме ол маңға! Жазылмастай жас жүрек қамшы жеген одан да. Жоқтарсың-ау бір күні, жаным оны танып тұр. Әуре болма көрінген есіктерді қағып құр... Айтып едім өзіңе, сонау бір күз болатын... Бар еді деп бір адам: өзі мұңды, өзі ақын.


... Түс көремін, Түсімде жетпей күннің шуағы, Сол тас мола ызадан қалш-қалш етіп тұрады... 1991 ж. 20 қараша

179

Мұрат ШАЙМАРАН

Егер мені іздесең, Думандардан іздеме, Ойсыз-мұңсыз шаттыққа алданамыз біз неге?! Егер мені іздесең, Іздемегін жасыннан, Өтер-кетер дүние арнасынан тасынған. Сұрамағын және де достарымнан, қасымнан, Бейуақытта үн жетсе сонау қырдан, тосыннан, Іздеп мені табарсың сол моланың басынан. Ізде мені сол жерден, Тағар дейсің кім айып, Ақын рухы алдында алу керек мұңайып.

Еркін аспан өлеңі

Сол бейбақты пенделер аттандырды ескермей, Шаң-шаң болған архивін, Ақтармай да, тексермей. ...Қараушы еді тағдырға қабағымен тым суық, Тұр, әнеки, тас мола – Дәл өзіндей мелшиіп. Тарынғанда тәлейі, күн туғанда тымырсық, Бір сарынға басатын өзді-өзінен ыңырсып. Жабырқаңқы қиялын бір сәт еркін жіберіп, Сосын қайта кетуші еді жауар күндей түнеріп. Әйнегінен үйінің өлеусіреп шам нұры, Шам нұрымен тербеліп тұрушы еді тағдыры. Ал, ертесі ертемен шырылдаса сағаттар, Жатушы еді шашылып жырға толы парақтар... Шыңыраудай шым тартар күдік ашып күбірге, Заман деген «дәу кісің» оқымады бірін де. Жаны жүдеу ақынға берер дейсің кім азық, Көрінеді моласы содан бері құлазып. Жылытпады дүние, қара жерің жылытпас, Тұр, әнеки, қасқайып жел мүжіген құлыптас. Түсінбесе боздағын туып өскен елге сын, Құлыптаста ақынның туып-өскен бейнесі...


Мұрат ШАЙМАРАН

Қазақ батыры туралы баллада Шапағы қанға айналды, Таң суық хабар ап кірді... Беліне берен байланды, Серке бір санды ат мінді. Шылбырға сұлу жармасты, Бұрымын жайып жіберіп. Тұрды Ана Көзі ол жасты, Қараша үйге сүйеніп.

180

Жия алмай есін күн әлі, Шық болып тұнды түнгі ызғар. Бесікте сәби жылады, Шулады көкте құзғындар...

Еркін аспан өлеңі

Тоғыз да қабат ақ сауыт, Егеулі найза қолдағы. Шаттықтың шашын ақ шалып, «Қош-қоштап» ауыл – Ол қалды. Сахара сайын, Жал-қыры, Уайымға шомған бар алап: «Ұлыма менің тағдырым, Аманат, – деді. – Аманат!» Қабағы қату жас ұлан, Қабылан сынды қан аңсап.


Қайыңды ердің қасында, Ілулі кетті қорамсақ...

«Тәу етем саған, Туған тау, Табынарым сенсің, кең өлкем! Табанға таптап алса жау, Не деймін елге күні ертең?!

Еркін аспан өлеңі

«Қасиетті атамекенге. Келмесін жаттың аты ойнап!» – Деді де өңшең нөкерлер, Лап қойды жауға атойлап.

Түн қатып жүрдім қаншама, Алынбай дүлдүл терлігі. Не деймін, ұрпақ, мен саған?! Иесі – өмір ендігі. Жүзінде қылыш қан дағын, Жуады уақыт, (жоғалар...) Не деймін, ата аруағы, Не деймін саған, молалар?!

181

Арқамнан менің басқан жүк, Батпандай болып бар ұғым. Не деймін саған, бостандық? (Бостандық менің – тәңірім!)

Қарсы алам күліп сені, өлім, Қайғырып салар жоқ әнім. Жанымды саған беремін, Жерімді алып қалармын!

Мұрат ШАЙМАРАН

Не деймін?! (Ойдан болам дал), Өкініш орны толар ма? Тайынбан сенен, О, ажал, Бодаусыз жеңіс болар ма.


Мұрат ШАЙМАРАН 182

Ағытыл, қане, Сұр жебе! Уыңды сыртқа шық алып. Үнсізсің, берен, сен неге? Алайын қанға суарып. Берейін саған құс тағын, Қарғалар, жолды баста өзің. Сұлап жатқан дұшпанның, Шоқып бір өткін аш көзін!» Ойлады солай ер кеуде, Ойлады солай от жүрек. Айқай мен ұран кеу-кеулеп, Айқастың оты кетті үдеп. Намыстың қайсар пәрмәні, Жадында ұлан жүр әлі. Ойқастап келіп жау қолы, Орылған көктей құлады.

Еркін аспан өлеңі

Бесінге мезгіл алмасты, (Өткенім менің жыр бүгін). Батырлар жеңді, Жау қашты, Сүйретіп сүлдер ындынын... Күйікке дәру деді ме, Баурына бұлтты бір құшақ Басты да аспан Егіле, Анаға мұңды тұрды ұқсап. Өкситін сонша қия алмай, Кім шәйіт болды, кім өлді?! Жанардан жасын тия алмай, Көл қылып төгіп жіберді. Ашты ма қойнын баба – жер, Ұшты ма дәурен басынан?!


... Желдіртіп шықты қарагер, Жер құшып жатты жас ұлан.

Суынба, тірлік, суынба, Жалғанның шоғы сөнбеші! Жас ұлан қарашығында – Жасынның жарқын сәулесі...

Еркін аспан өлеңі

Оранып жасыл жалынға, Жаңғырып жатты атырап. Жас ұлан алақанында – Қан сіңіп қалған топырақ.

Күйікке дәру деді ме, Баурына бұлтты бір құшақ Басты да аспан Егіле, Анаға мұңды тұрды ұқсап. ... Боларын сезіп шалғайдан, Ананы запыран зар қысты. Тұлданып қайтқан майданнан, Тұлпардың жалын жар құшты.

183

Дауыс сап сыңсып жоқтаған, Қаралы қазақ әр үйі. Ұйқыда жатқан Тек қана – Батырдың жалғыз сәбиі...

Тарихыңды қайта жазарсың, Ұлы бір рух семер ме. Қолыңды сен де созарсың Әкең бір тұтқан беренге. Кештерде бозаң ай туған, Жаһанды жалғыз шоларсың.

Мұрат ШАЙМАРАН

Сен ертең өсіп жетерсің, Бүгінгі, сәби, балғын жас. Дүбірге елең етерсің, Боларсың қамал алдырмас.


Мұрат ШАЙМАРАН

Сырласып бір сәт қайтуға, Іздерсің әке моласын. Қойылмай кеткен белгілер, Өшіріп уақыт әр ізді. Ертегі болды ол күндер, Ерліктің даңқы тәрізді. Іздерсің қанат талғанша, Аңсарсың асқақ сол үнді. Белгісіз кеткен жан қанша, «Қызғыштай қорып өңірді». Шығарсың қырат-қыратқа, Қан қызыл жатқан гүл өніп. Таппасың оны Бірақ та, Қайтарсың сосын түнеріп... 184

Мені ізде! Жолдың бойынан, (Жыршыңа өрлік тіле де). ...Құлпытас қалды қойылмай, – деп ойлап, ұлан, жүдеме!

Еркін аспан өлеңі

Мені ізде ақыл-арыңмен, Қасымда қалғын дамылдап! Қазақтың батырларын мен Көкірегіме көмгем арулап. Сен мені ізде, Күнелтем, Тұтатып үміт оттығын. Оянар олар күні ертең, Мәңгілік өлім жоқ, күнім... 2003 ж. 16 қыркүйек


Еркін аспан өлеңі

Ақиқат туралы баллада Өлген едің ғой, адамдар ындынын алтын билеген күні...?! Жалғандық...

Байқамады жүргіншінің ешбірі... Ілесіп ап қара нөпір – көшке ірі, Келе жатты тірі аруақ, Ай астында алабұртып кескіні.

185

Көшелердің тұрған жанып кезі алау, Сөнген алау сияқты бір көз анау! Шырақтардан ұшқан салқын сәулеге Саусақтарын созады-ау.

Құлақкесті құлдай таңба басылған, Кім еді бұл – Келген мұнда тосыннан? Кім еді бұл – Абұйырын жапырақпен жасырған?! Таба алмаған бұл әлемнен бәһірә, Дәруіш пе, бәдәуи ме, тақуа?

Мұрат ШАЙМАРАН

Аза тұтып қайтқан күнге қансырап, Тұрды жұлдыз тұманнан жел аршыған. ...Қанып ішті, алақанына қайыңның, Тұнып қалған тамшыдан.


Мұрат ШАЙМАРАН

Болмаса әлде ықылымнан оралған, Алғашқы адамзаты ма?! Нәсіп етіп жаратушы рахымын, Жарып шыққан сияқты жан ақымын, Келе жатты тірі аруақ, Келе жатты аһ ұрып. Тіршіліктің құпиясы сан қырлы, Жырлаймын мен сан қырлы сол тағдырды! Кеуіп біткен тандыр-тандыр жылғаға, Жанарынан үзіп берді жаңбырды. Даулы дүние дабысына тұншығып, Жылауық тал басын иіп тұр сұлық. Жағасына барды өзеннің тірі аруақ, Аспан қалды күрсініп...

186

Тегі-түсін айтпайды енді ол кісің – Қасіреттің белгісі! Бірінші рет өлген күнін еске алды, Келді және өлгісі.

Еркін аспан өлеңі

Ағады өзен толқын ұрмай, (жоқ екпін) Бұған онда – себеп мың... Соңғы талғам әрі азапты талғам бұл – «Мен керекпін!» «...Мен керекпін, Мен керекпін, Немесе Керекпін мен бұрынғыдан он есе! Өзім бастап берген пәни қолында Неге өшем!? Сенім деген қасиетті, Сене бер! Бармын мен де Нұхтан қалған кемеде. Менің даңқым үшін қанша қан аңсап, Ақты қанша жебелер.


Емес, әсте, ұлы уағыз жоғалған, Жүрегімде ол, Келешекке жол алған. Ерте... Ерте он сегіз мың ғаламнан, Мен Алланың пәрменінен жаралғам.

Еркін аспан өлеңі

Алғанымен ажал бір сәт көгендеп, Тәңір өзі берген рух жоқ өлмек! Тұңғышы боп менің қайсар перзентім – Прометей берген жоқ па дәлелдеп.

Нұрлы күннің маңдайында тұрамын, Сырлы сөздің өн-бойында тұрамын; Іңгәлаған сәбидің Таңдайында тұрамын. Мезгілге мен суретімді көп сыздым, Қара бояу жақты бірақ тексіз күн. Қасіретім орасан, Және сондай орасанмын, Шексізбін..!»

187

Қиялдары қиырларға шығандап, Әр күмәннән самайында қылаулап. Жағасында жылып аққан өзеннің, Есін жиды тірі аруақ.

Мың даңғаза, Мың сабылыс, Мың ентік, Қаламайды жүйке менен жігер түк. Бір мүйісте отырды ол телміріп, Кетеді деп кім ертіп.

Мұрат ШАЙМАРАН

«Мен керекпін, керекпін мен», – екен деп, Белін буды бекемдеп. «Алу керек жайлы тұрақ тауып бір, Қалу керек мекендеп..!»


Мұрат ШАЙМАРАН

Әнеу мырза бүлдеменен оранған, Шертіп басып өте шықты, (о, жалған!) Тағы-тағы лыпасыз бір қыз өтті, Тағылымы тоналған. Улы дерттей жанды жаулап, ішті алған, Күпті тілек, Көмескі үміт, Күшті арман! Итін ертіп өте шықты Бір шонжар – Былғарымен тысталған. Жатты жолдар жылдар мұжып таптаған... Қалбаң қағып келді біреу тек қана – Сыбырлады қайыршы: Ертіп сені кетер едім, жоқ панам.

188

Замана бұл: тілі – жұмбақ, ой таса, Зәр төгеді елегін бір шайқаса... Сыбырлады Қайыршы: Суық тиіп қалмасын тек, байқа, шал!

Еркін аспан өлеңі

Мейірімді, Алла, кешірім ет, кешірім! Жаралғанда ол жамылғысыз, (несі мін!) ... Тұрды қағып тірі аруақ, Кең сарайдың есігін. Күңіреніп шыққан талай күле кеп – Сарай ғой бұл, (жатқан жоқ-ты мұны елеп). Терезеден мойнын соза жалғандық: Жоғал! – деді, – сүмелек. Қалды ақырып... Құлап түсті ай қалай?! Жадында жоқ ары қарай... Жалғандықтың өктем үнін қайталап, Тұрып алды бар маңай.


Тегі-түсін айтпайды енді ол кісің Қасіреттің белгісі! Бірінші рет өлген күнін еске алды, Келді және өлгісі...

Еркін аспан өлеңі

Зулап өткен уақыт деген ұлы ағын, Тосты айқайға құлағын. Күбірледі тірі аруақ: «Мен ешкімге керек те емес шығармын?!»

Әке! – деді, – Таптым ақыр сені іздеп, Құрлық кезіп, жеттім асау теңізден. Айтты маған дерегіңді Ай – Анам, Келдім, міне, сол ізбен. Әке! – деді... Біткен жасып мұңдана, Тірі аруақтың қарсы алдында тұр бала. Қайта көкке көтерілді Ай – Ана, Ақ шағидан жаулық салып тым жаңа.

189

Жеткен бала жырақтардан жол шегіп, – Жеткен бізге болашақтың бөлшегі. Әке! – деді, – ғарышыңды жаңғыртып, Лашығыма алып кетем мен сені!

Алтын дәндей пісіп шыққан қауыздан, Алды біреу асыл сөзді ауызға. Қалды біреу жынданып, Салды біреу өзін-өзі бауыздап... Содан бері бұл өлкеде, бұл елде, Есік таппай жарқ-жұрқ етіп кірерге, Риза болды тірі аруақ Сол баланың лашығында түнеуге...

Мұрат ШАЙМАРАН

Бұтақтарын қалды сілкіп қара ағаш, Бұлаң етті бозөкпе жел, шала мас. Өтті бала дүрліктіріп бар елді, Кетті әкесі жетегінде жалаңаш.


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

190

Жайнап шығар, ертең күннің көр өңін! О, тірі аруақ! Саған да сол керегі. Сенің патшалығың үшін зар жұтып, Запыран құсқан бір шайырың – мен едім! Соңғы кітап! Сарынына сенемін, Енді саған жоқ өлім! Сол ұланға мінәжәт қып әр таңда, Мен жырыммен тұмар жазып беремін... 2003 ж. 22 қыркүйек


Еркін аспан өлеңі

Әке

(1977 жылдардың шағын әңгімесі)

Бала кезім ол менің: Ауыл, іңір, тау елі. Жүрегімді тербеген Скрипка әуені. Шашыңды аздап ақ шалған, Шағың, әке, ол сенің. «Қасыма отыр, кел, қарғам, Күй бастаймын», – деуші едің.

191

Ұран улап жаттанды, Жанына көп бататын. Сенің скрипкаңды, Шешем дайындап жататын.

Жалыны шам білтелі – Қып-қызыл һәм сап-сары; Еппен ғана түртетін, Қараңғылық жапсарын. Мезгіл өзі егілсе, Мезі қылып бар ұғым.

Мұрат ШАЙМАРАН

Күннің кешкі шапағы, Қан боп ұйып тарайтын. Түн сүйретіп сақалын, Терезеден қарайтын.


Мұрат ШАЙМАРАН

Мен көзіңнен көруші ем, Шамның жалқы жарығын... Сызылта бір күй бастап, Бұлқынғанда сым ішек, Арманды ауыр ой жасқап, Мұңға батып тұрушы ек. Тұрушы едік аһ ұра, Күн қабағын мың бағып. Діріл қағып тағы да, Смочектің қылдары – Дыбыс біткен сәл тынып, Көмескіде күмән қап. Сосын көкке талпынып, Кететін-ді шығандап.

192

Басып өзен ентігін, Бұлақ сыңсып ағатын. Соққан жел де желпініп, Өксік атып алатын. «Қайда үміт, қайда бақ?!» Менің бала бұл қайғым. Сүт сәулесі сорғалап, Тұратұғын мұңды айдың.

Еркін аспан өлеңі

Жалған уағыз жанын жер, Талант тауы шағылып. Қатал-қатал дәуір де, Қалатын-ды қамығып... Жаулап әуез кеудемді, Жайған уын нәзік мұң. (О, нәзік мұң, сендерді, Жүрдім ұзақ азық қып!) Жүрек неге елтеді?! (Есейгем-ау, сірә, мен) Байқадың ба сен, тегі, Сырлы, сиқыр сол әуен –


Кетті керуен жол алып, Сапарларға бір ұлы. Тарихтың қаралы, Шемен толы күбірі.

Еркін аспан өлеңі

Симай ескі лашыққа, (Болды ма сол керегі?!) Кеңістікке асыққан, Алқып ұша жөнелді.

Кетті нұрдай тым өткір, Кетті түнгі бір сағым. Тұншықтырған түнектің, Талқан етіп құрсауын. Тұрдым, әке, Мен үнсіз, (Өстім қиял ерте еміп) Со-на-у көктен бір жұлдыз, Түсті аулаққа өртеніп. Жақынымдай оралмас, Жалын болып өткен бұл. Жанарымда тамшы жас, Қалып қойды мөп-мөлдір.

Еркін ғарыш... (Ұқтым мен!) Ашып содан бір есік, Мен де әуенге тұтқын боп, Кететіндей ілесіп – Сен қарадың жүзіме, ...Жүз құбылып реңім. Жұмбақ жырдың үзігін, Сонда жазып тұр едім.

Мұрат ШАЙМАРАН

Аққан жолақ ізіне, Аңырайып түн тұрды. ...Cен қарадың жүзіме, Скрипкаң кіл тынды...

193


Мұрат ШАЙМАРАН

Тұр едім мен... Көп елең, Миымда сан сұрақ қап: «Кетті қайда сол әуен, Қалды қайда тұрақтап?!». Жаным, әке, барыңды, Айтсаң маған не етеді: «Жеткен жері сол үннің – Бостандықтың мекені?!» ...Уақыт қолы пышақтап, Алғашқы асқақ мұратын. Скрипкасын құшақтап, Әкем үнсіз тұратын... Бала кезім ол менің: Ауыл, іңір, тау елі. Жүрегімді тербеген, Скрипка әуені...

194

Содан бері жиырма жыл! Сен қартайдың, мен өстім. Болдым ғашық жырға бұл, Жоғалатын емеспін.

Еркін аспан өлеңі

Әр жырымның әрі – мұң, Мен даланың тілімін. Содан шығар арымның, Арпалыста жүруі. Баурамайды басқа ойын, Қызығымен құндақтар. Мен бір сарын бастаймын, Қатпар, қатпар, Мың қатпар. Жаным, әке, күй аңсап, Сен бастаған зарлы ырғақ – Сол сарынға ұя сап, Қалған сынды дамылдап... 1997 ж. 17 қараша


Еркін аспан өлеңі

Қобыз дауысы (поэма) Бірінші көрініс Қағып тастап қараңғылық құрсауын, Аспан жаққа жатыр жағып кім шамын?! Секілді бір жылы-жылы сөз күткен, Жыпықтайды жұлдыз біткен, көз біткен... Шыдам етпей ағыстарға күшті, анық, Ең алғашқы туған жұлдыз түсті ағып. Аққан ізі – ақ жолағы қалды артта, Кетті құлап мен аңсаған аулаққа.

Мұрат ШАЙМАРАН

Жаһұт болып, Лағыл болып жанбайды ол, Алған үзіп көк зеңгірден қандай қол? Кім ұрлады асыл тасын тәңірдің, Қай кәнизак алқа қылып тағынды?! Ағытылған қозыдай боп көгеннен, Тағы, тағы ақты жұлдыз төбемнен, Аспан – Ана, сен жыласаң егер де, Көз жасымды орнына іліп берем мен! Соны саған берем қадап мықты ғып, Ол да сенің жұлдызыңдай тұп-тұнық.

195


Мұрат ШАЙМАРАН

Айтатындай қасіретін тауысып, Бар тағы да қайтқан құстың дауысы. Асығыстау қанаттардың сусылы, Елеңдетіп тастайды әр жыршыны. Жапан дала қызыл-сары түрге еніп, Оның да ұшып кеткісі бар бірге еріп. Күні өткенін жаны жайсаң жаз ұқты, Уақыт бәрін жеп түгетті азық қып... Қанатымен жаппақ қара түн, міне, Сонау тұстан берді қылаң сүмбіле. Айырылған соңғы жапырақ ағаштан, Желдің жіпсіз жетегінде адасқан. Жете алмасын білді күнге ғұмырлы, Қарашаның құшағына тығылды. Өлді, тынды, Кетті жасыл жан шығып, Қалды сосын табандарда жаншылып... Екінші көрініс

Еркін аспан өлеңі

196

Дәуірлердің азуында желінген, Мен отырмын мәйхананың төрінде. Әнге қосар жаңалар мен көнелер, Омырауы – оба тіккен төбелер. Бар қызығын кім бөлісер, Кім ие? Бөксе деген – бұлаң қаққан дүние. Қабағы – айдан, Кірпіктері – алтыннан, Сосын жанар жасқанады жарқылдан. Ерін анау – тұрған айтып бір сырды, Әрі әсем, әрі улы гүл сынды. Қандай зергер аптады екен күміспен?! Керме иығы тұр тәкәппар, Тұр үстем! Аққу – мойын, Қара ормандай шаш анау, Соған қиял шылбыр сүйреп қашады-ау. Қайың – балтыр, бұлықсыған балық сан, Қайтер едің қайраңдарда жолықсаң?!


Еркін аспан өлеңі

Қалар ма едің көзіңді алмай мәңгіріп, Алар ма едің құмарыңды қандырып?! Ұмыттырған күздің ызғырығын да, Уыз төс пе? Әлде бұлақ бұрым ба?! Тал бойына асыл торғын жарасып, Таңғажайып тәтті түске жол ашып. Көңілімнің бар кірбеңін азайтып, Әр қимылы тұрды маған наз айтып... Ақша жүзі алаулатқан ақшамды, О, жаратқан! Ондай ару жоқ сәнді! Сенбейсің бе? Бар ғаламнан сұрап қал, Сенбейсің бе? «Мың бір түнді» мың ақтар! Ескі-ескі теңеулерді тізбекте, Атаң-айтқан хисалардан іздеп көр! Сол сұлу қыз маған шарап ұсынды, Саусақтары дір-дір етті, Қысылды. Менің терең әжімдерім үшін де, Бал лебізі тұрды балқып ішінде. Жаным менің қыз өңінен тұр танып, Самайыма қонған ақтың бір талын...

197

Үшінші көрініс

Мұрат ШАЙМАРАН

Теңіз жым-жырт жатар толқын атарда, Соған ұсап тұрды шарап бокалда. Шайқап ішу шайырларға мінәсіп, Тұрды шарап жұпар сеуіп, Гүл ашып. Тұрды және шүңеттеніп, Аһ ұрып, Ғарых болар ақымағын шақырып. Кетер ме деп желкенімді жел жығып, Үнсіз қалдым ақ айдынға телміріп. Сімір! – деді, қыз талабы осал ма?! Шарап керек бар уайымды басарға.


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

198

Шаттық үшін! – деп қостады ол тағы, Сімір! – деді, – Еңсең биік тартады. Шапшып ағып, шарап болып кеткен бір, Туған өзен суы ғой бұл мөп-мөлдір. Туған өзен – көзден аққан өзендер, – деп күрсіндім. – сеземін мен, сезем мен... Зарық көңіл әлденені қойды ымдап, Ащы шарап бара жатты бойды улап... Жамыла сап қара барқыт желегін, Суыт басып түн – жолаушы келеді. Түнді сүйем және түнгі нөсерді, Нөсерлерден қалған ұлы әсерді. Құпиясын пәни менен бахидың, Жасындардың жарқылында оқимын. Бүгін нөсер болатыны анық-ты, Бұлттың өзі мұны жаңа ғана ұқты... Төртінші көрініс Бұл ғасырдың бұлғаң өскен өрені, Бір әуенге есеңгірей береді. Майыстырып мәйхананың еденін, Толқын-толқын биге басып келеді. Жүйке жұлған музыка еді бұл қандай?! Шырақтар да құтырынып тұрғандай. Даңғырлайды бая болған барабан, Баянсыз бір бақыт көрдім мен одан. Ышқынады гитара кеп, сыңсиды, Замананың тас жүрегін шымшиды. Пиянино! (Ақсүйектер серігі.) Сол жылдардан келген алып сені кім?! Бетховен мен Моцарттыңның Бүгін де, Саусақ табы тұр ма сенің тіліңде?! Олар неге сөйлемейді ән-күй боп, Мынау бейбақ дүниені әлдилеп?!


199

Мұрат ШАЙМАРАН

Саусағынан самалдың да күй аққан, Тынған дала, Тыңдаған һәм мұнартқан. Шегірткенің шырылы да кешкілік, Зарға айналып жататұғын естіліп; Тұлпарлардың тұяғының дүбірін, Ауалардың алқынысын, дірілін; Қуанышын бауыздаған қасап – мұң, Қан майданнан қайтқан атын жасақтың. Бұл жалғанның тоқтау болмай ешбірі, Жалын құшып жылаған жар өксігін. Жетегіне ап жүрген жетім үн қайда, Оны неге қозғамайды мұндайда?! Ескі әуенді сағынамын, інішек, Қайда сол бір ешкі ішегі – Қыл ішек?! Маған, сірә, ұнамады-ау бұл ырғақ, Бара жатты бір қорқыныш буынды ап. Жаңа әуеннің жансебілдеу екпіні, Дала жаққа жаңғырығып кетті ұлы.

Еркін аспан өлеңі

...Сезімдері себелеп, Шырағданға қонды жынды көбелек. Іңкәрлігі, Ынтығы асқан, елірген, Сол сұлуға «билейік бір», – дедім мен. Жанарынан үміт ыршып, нұр ыршып, Мойыныма оралды қыз қылымсып... Шойын, Темір, Қаңылтырдан құралған, Бұл әуезді кімдер қалап, Кім алған?! Бақсы ойыны сияқты ма жын буған, Осы адамдар неге сонша тым жылдам?! Неге сонша албарынған, Жініккен, Неге сонша күбірлейді күдікпен, Әлде Алладан бірер сыбыс болды ма, Махшар күні толды ма?!


Мұрат ШАЙМАРАН Еркін аспан өлеңі

200

Кешір, Дала, Кешір, Таулар, кеш Ана, Ұстап қала алмадым мен, не шара... Бесінші көрініс Мәйхана бұл – есалаңдар ортасы, Сан өкшенің шығарған тер-сорпасын. Алуан сәуле көз алдымда бұлаңдап, Сайтан оты секілді бір тұр арбап. Аруақ сынды адамдардың түр-түсі, Жатты жыртып делдал күннің жыртысын. Құшағымда қыздың толқып дидары, Аңсайды кеп әлденені беймәлім, Тар кеудеде тайдай тулап жүрегі, Шалықтайды, есі кете күледі. Бақайлары әр такттен жаңылмай, Билейді қыз, билейді қыз мамырлай. Үнсіз қалдым, үрей еді бұл нендей?! Құшағымда жылан билеп жүргендей... Жатты тарап желіктің көп ісігі, Терезеде тұрған Венус мүсіні – Жеткен өнер ғасырлардан мықты, алып, Қалды мені құтқарып... Әсемдіктің басыбайлы бір құлы, Мен боламын, тағзым еткен жырға ұлы. Көне күннен: Жаңбыр шайған, Дат басқан, Келді Венус аршын төсін жаппастан. Асқақ қарап мына бізге тұр бүгін, Қос анарын және шұқыр кіндігін – Талай нәпсі өтті білем, жеп-ішіп, Бірақ оның пендесімен жоқ ісі. Құдайы бұл – қиялшылдау гректің, Біздің мына мәйханада жүдеп тұр. Ақ мәрмәр ол – ақ арманнан құйылған, өкініші – қос білегі қиылған. Әнтек қана шаң басыпты үрпісін, Әнтек байсал тұрды тартып түр-түсі.


Еркін аспан өлеңі

Абұйырын жапқан көлбір көйлегі, Шешіндіріп алғың келер кейде оны. О, жасаған, Асылық қой былайғы – Жалаңаштау құдайды... Қыз өңіне қызыл жалын от кірді, Мен осыған табынамын! – деп күлді. Ант етемін: Дұға тұтып, Нан ұстап, Кетті сол қыз, Кетті менен алыстап... Беті ашылды бір сырдың, Мен далама қарап ұзақ күрсіндім. Туған таудың мұнар еміп тұр басын, Туған таулар – құдайлардың сұлбасы... Алтыншы көрініс

201

Мұрат ШАЙМАРАН

Даңғазасын талқан етіп әлемнің, Кенет қобыз үні боздай жөнелді. Шайқалтып бір шар тараптың сенімін, Жер бауырлап келе жатты қоңыр үн. Сарын еді мынау қайдан оянған?! Қоңыр-қоңыр, Қара-қара бояулар Ұйқысынан басын жұлып алғандай, Ғарыш көктен тамғандай. Жерік болып желпінерлік лебізге, Алакеуім арасынан мені іздеп. Алыстардан алабұртып жеткен бе, Аспан – шара шайқалып бір кеткенде?! Сарын еді мынау қайдан тірілген, Жүрегіме жүгірген?! Бір ғаламат тебіреністің тепкісі, Қайғы байлап, дертке буып кетті ішін?! Әлде өзінің өлмегенін ұқтыра, Жеті қабат жер астынан шықты ма?! Мың жыл бұрын орнатылған ақынға, Құлпытасы күйге басып жатыр ма?!


Мұрат ШАЙМАРАН 202

Керуенбасы қаһарына сүйенген, Бір ботаны қалдырды ма иенге?! Күзгі ормандар сояу-сояу бұтағы, Жабырқайды, кейде қабақ шытады... Сарын еді мынау қайдан телінген, Түнгі байғұз дауысындай егілген?! Түздің соқыр соқпағында сандалған, Қайыршы ма қоналқы іздеп, салған ән?! Зілзала ғып сай-салаңды, қырыңды, Кісінеуі шығар жетім құлынның?! Туған дала, буған сені шер-шемен, Сол шемендер әлде күйін шерте ме?! Жеткен мынау қобыз даусы, ұқтың ба! Бар құлақты алды мүлдем тұтқындап. Есі кете елеңдейді бас ұра, Мәйхананың ескі қабырғасы да. Қолдан құйған Венусыңның өзі де, Жас алып тұр көзіне... Роялыңда тұрған ойнап жігітің, Жасиды кеп жоғалтып бар үмітін. Бар дауысты басып өтіп тым өктем, Жетті сарын күні өткен. Жетті сарын құдыретті һәм қайғылы, Қоңыр үнін қойды сосын, айға іліп...

Еркін аспан өлеңі

Жетінші көрініс Кім еді ол, белі сәл-сәл бүгілген, Отырған сол жалғыз шырақ түбінде, Қабағына қауқарың жоқ қарар тік, Қара түнді аппақ шашы ағартып, Жеткен талып дәруіштей аш, арық, Отырған шал көзін ашпай қасарып?! Көзін ашса, мынау байтақ мекенге Астан-кестен теңіз құлап кетердей... Кім еді ол, кім біледі жол-ізін?! Тым арыдан сөз бастайды қобызы. Сиқыр сазы, Сырлы сазы өмірдің, Басын құрап, бармағынан төгілді.


203

Мұрат ШАЙМАРАН

Қорқыт шал ма?! Таныдым мен, Таныдым! Таныдым мен қобызының зар үнін.

Еркін аспан өлеңі

Төгілді саз, Жөнелді саз сел болып, Кір ғаламды алдына сап өңгеріп. Мен сенетін құдірет бұл, Ғайып бұл! Бара жатты жағалауын шайып бір. Таңдандырған табиғатты, өнерді, Оны ұстап қалатын күш жоқ енді! Көмейіне қойған уақыт тас тығып, Көп жылдарға жатқан сарын бастығып, Жан ашуын, нар айбынын шақырып, Шықты ақыры атылып. Ол айтады: Өмірді һәм өлімді, Тарихыңды, қанды ата тегіңді; Арғымақты құйрық-жалы түйілген, Сұр жебені... Ақ сауытты киілген; Ары үшін, Қамы үшін далаңның, Қанжығада кеткен басын бабаңның; Ана жоқтауын, Бала қайғысын, Ол енді Есіңе салып береді... Кім еді ол, кімге шақты зар-мұңын?! Қыл ішекке байлап қойып тағдырын. Жан біткенді бір сәт естен тандырған, Жаһанды да еш қыбырсыз қалдырған, Маған шарап құйып берген сұм қызды, Сәулесімен аластаған жұлдыздың, Кім еді ол, Кім еді ол, Кім еді?! Маған айтып бересің бе, Сыр елі!?


Мұрат ШАЙМАРАН 204

«Ол өлді», – деп айтып еді біреулер, Пәтуасыз боп бара ма бұл ел де. Мүмкін оған көр әр кезде қазылған, Маңдайына бірақ өлмеу жазылған. Ұлы тағылым, Ұлы аманат, Ұлы мұң... Тастатпаған ажалдың қыл құрығын. Қорқыт өлді – абыз өлді деген сөз. Қорқыт өлді – қобыз өлді деген сөз. Тілім өлді, жырым өлді деген сөз. Бірім емес, мыңым өлді деген сөз! Соны сезіп ғазиз көкірек, әз арман, Қашқан шығар ажалдан. Кеткен шығар, мүмкін, жердің түбіне, Жетіу үшін бүгінге... Мезгіл маған жалған айтып берсе де, Қорқыт тірі, Тірі Қорқыт! Мен сенем. Бағындырып бар маңайын үніне, Отыр, әне, жалғыз шырақ түбінде.

Еркін аспан өлеңі

Сегізінші көрініс ...Тынды қобыз, Күздің суық желі үдеп, Мазасыз бір ойға шомды төңірек. Мәйханадан тарамаған жұрт әлі, Айқайлайды, өңештерін жыртады. Түнгі аспанға сұп-сұры бұлт кетті өрлеп, Ол да айқай салғысы бар кек кернеп. Тынды қобыз, Қалды Қорқыт аһ ұрып, Аппақ жалын шықты аузынан атылып. Аңыз емес, емес, әсте, ертегі, Құлап бара жатты айың да өртеніп. Жанды жапырақ, Жанды жансыз көшеде, Жанды шарап тұнып тұрған кесемде.


205

Мұрат ШАЙМАРАН

О, масқара! Кім тапты екен бұл заңды?! Құшағымда жүрген сұлу қыз әлгі – Салқынымен шарпып өткен әр ізді, Сайқал күннің көлеңкесі тәрізді Тұрды елбеңдеп Ата – Қорқыт алдында, (Қалар дақ боп сүйегіме ол күнә). Тұрды сол қыз бір әуейлік үстінде, Тұрды қарап, қарағандай міскінге... Жармақ! Жармақ! Жазмыштың ындынын, Алдың жаулап жердің жеті құрлығын. Жармақ! Жармақ! Саған енді күн туды, Жадылайтын менің ұлы рухымды... Сол жармақтар қыздың биге шақырған, Жатты құлап аяр алақанынан. Жатты жармақ тас бауырлау сезіммен, Қорқытыңа қарап обыр көзімен... Жұлдыз сөнді, Сөнді жұлдыз, Жел тынды, Аңырайып Ата – Қорқыт сәл тұрды. Қыз жамалы түн пердесі бүркеген, Көрдей болып көрінді оған тым терең. Өзегі өрттей, кетті жанып жиі іші, Танауға ұрды жас топырақ иісі...

Еркін аспан өлеңі

Мен де жандым: Мың өртеніп, Мың күйіп, Ағып кетсем бе екен көкке тұңғиық?! Тынды қобыз... Қалды Қорқыт кіл тынып, Жүректейін тоқтаған бір бұлқынып. Отырды қарт ғаламменен арбасқан, Көзін жерден алмастан...


Мұрат ШАЙМАРАН

(Жыла бөбек, келер кемтар күн жыла!) Ата – Қорқыт алысқа бет бұрды да, Түнге сіңді, Сіңді түнге қап-қара, Қобыз даусы қалды артында тек қана. Қалды және жұтып жатқан бір-бірін Жармақтардың сыңғыры... Қорқыт ата, айналдырды неге өлім?! Сені ұлыма үлгі етейін деп едім. Айбар шашқан аждаһадай жүзінен, Ажал қашан жаңылады ізіңен?! Айтыңдаршы маған, Аспан, Маған, Жер! Қазылмайтын Күн туама оған көр?! 2003 ж. Тамыз

Еркін аспан өлеңі

206


ӨЛЕҢДЕР Алғашқы әуендер...................................................................3 Мың жүрекке тіл қатып.....................................................18 Құлап жатқан жапырақ деп ойлама.................................33 Жусан иісі...............................................................................65 Талпынған шалғайға шайырдың жаны – құс.......................................................115

Еркін аспан өлеңі

Мазмұны

ТОЛҒАУ, БАЛЛАДА, ПОЭМА Т. Айбергеновтың ақырғы монологі...............................166 Мекен іздеу...........................................................................170 Бота.....................................................................................172 Ит........................................................................................175 Мола балладасы.................................................................178 207 Қазақ батыры туралы баллада.......................................180 Ақиқат туралы баллада....................................................185 Әке......................................................................................191 Қобыз даусы........................................................................195

Мұрат ШАЙМАРАН


Мұрат ШАЙМАРАН

Еркін аспан өлеңі Мұрат ШАЙМАРАН

Еркін аспан өлеңі

208

Редактор: Ақберен ЕЛГЕЗЕК Суретшісі: Шәкен БӨКЕТАЙ Көркемдеуші редакторы: Бейсен СЕРІКБАЙ Корректор:

Жанар Муқашева

Баян Хасанова

Беттеген:

Айнагүл Ауанова

Теруге 20.03.2010 жіберілді. Басуға 04.04.2010 қол қойылды. Қалыбы офсеттік басылыс. Қаріп түрі «Тип-таймс». Баспа табағы 13. Таралымы 2000 дана.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 А


"Еркін аспан өлеңі" Мұрат Шаймаран