Үшінші бөлім - екінші кітап

Page 1

ҮШІНШІ БӨЛІМ КҮРЕС І Құдіретті тергеушім, ӛтірік қоссам тас тӛбемнен ұрыңыз! Үшінші жылдық оқуға тоғызыншы ай туысыменақ үлгеріп жетіп едім. Сабақтастарымның Үрімжіге жақын маңдағы он шақтысынан басқа, алыс аудандағыларының ешқайсысы қайтып келе қоймапты. Сабақ ресми басталмай, мектеп қақпасы кеңірек ашылып тұрыпты. Нұрияны ертеңіне-ақ Күләннің үйінен таптым. Ақ жүзі алабұртып, таңертеңгі ақ гүлдей ашыла қарсы алды мені. Түпкі үйінің есігінен алдымен қол алысқан Күлән біздің кӛрісуімізді тамашалағысы келгендей тұрып қалғандықтан тӛрт қолымыз ғана айқасты. Ол менің қалай келгенімді сұрады. Жанарлы кӛкшіл кӛздерін кең ашып, барлық жайымды кӛзімнен танығысы келгендей, телміре қарады. Мен астық тасыған доңған арбасымен келгенімді айттым... Дӛрбілжіннен шыға қытай болып ала қойған доңған арбакешті жолхат тексерушілер кідіртпеп еді. Бірақ, қазақ арбакештерше далаға түнемей, ыңғай деңге түсетіндіктен мен үнемі арбаның

1


үстінде болдым. Қайшылыса жүріп жатқан «сары аяқтар» дең жатақханасын бермейді, мені жолатпайды, қытайларды ғана қабылдап, түн бойы құмар ойнайды да, ұлар-шу болып арақ ішіседі. Ат күзетушіге жарыған арбакешім әр түні алаңсыз сауық құрып, күндіз жолда ұйықтау үшін божыны (тізгінді) маған ұстатып қояды. Жол бойы жалғыздық кӛрсем де, он күнде-ақ жеткенімді қосып айттым Нұрияға. Нұрия үй амандығын, әлгі шаруаның қалай шешілгенін сұрады. – Аманшылық. Ӛзімнің қалыңдыққа айналғанымнан басқасы ойдағыдай орындалды,– деп күрсіндім. Нұрияның жүзі қызғылт тарта сықылықтады да, Күлән аңыра сұрады: – Қалыңдыққа?.... Қалай?... – Оны айтпаймыз, айтпаймыз!– деп Нұрия ерке жалынышпен ернін қызыл күлтедей бүре қойды. – Қайтсеңдер де білмей қоймаспын,– деді Күлән есікке беттей күліп. Мен қайрыла сұрадым одан. – Күләш, әлгі... сүркей жолаушы келді ме? – Келмей-ақ керуен соғуын тілеп жүрмін! Күлән шығысымен құшақтаса түстік... – Кетеріңде айтып едім ғой не болса да сенімен тең кӛрерімді... айтпақшы әлгіндей сӛзді... саған қиыншылық болып қалмасын дегенім... Нұрия костюмының іш қалтасынан конверт алып ұстатты. Қабеннің хаты екен. Амандық сұраудан

2


соң ӛз амандығы жайында қысқаша айта келіп: «Қалған ахуалды Нұрияштан естірсің, ең толығын ағаң жеткізер, ол да аман. Енді мықты... оқыңдар, мықты оқитын кезең осы... Бітірер жылдарың ғой!...» деп кӛп нүктелеп жазыпты. Қолтығыма тығыла сүйеніп отырған Нұрия сыбырлап қана сұрады: – «Ағаң» деген сӛз бар ма?... Ол – Әлмен деген кісі екен. Маған Қабен аға ауызша ұғындыруды тапсырды: ол кісі осы күзде Ілеге, сонан соң Үрімжіге келіп қайтады, саған да жолығады деді. – Қабен қазір не істеп жүр екен? – Кӛтерілістің қаладағы жасырын қызметінде дейді. Ӛзі ашық айтпады, жеңгемнен ұқтым. Жағдай ӛте ауыр. Сақшының қолына бір адам түссе, қинап отырып кӛкітіп, кӛп адам ұстайды екен. «Ағаң да осыдан ӛлер ме екен!» деп жылады жеңгем. – Ӛзің онымен бірге жыластың ба? – Жоқ,– деп сыңқ ете түсті Нұрия, – онда ол үн салып, онан сайын жыламай ма? Мен оны қайрап, бекітуді ғана ойладым. «Халық бірлесті, мұнан соң тұтқындалғандарын тез құтқарып алады» дедім. Расында да сондай сияқты,– деп кӛзін кең аша қарады Нұрия маған. Бірақ, халықтың пиғылы тіпті қатты бұзылыпты. Ханзу кӛрсе-ақ кӛзі тұнып, ӛлтіре салғысы келетін болыпты. Қыр халқының кӛбі ат үстінде. Қай тобы партизан, қай

3


тобы қарақшы екенін білу қиын, ала сапыран!... Қазақ кӛрсе-ақ сары аяқтар да солай: потайдан мылтық шақпағын қайырады, сӛйтіп тұрып ата салғандары бар екен. Сататын малды айдап келген менің туыстарыма да сӛйтіп шақылдатқанда есақылым қалмай, алдыларына шауып бардым... Кеудемдегі мектеп значогын түрткілей беріппін, – деп сыңғырлаған Нұрия омырауыма бетін баса, қыстыға күліп алып, тамағын кеней жалғастырды сӛзін. – Артымнан Қабен аға мен аудандық үкіметте істейтін бір құдамыз жетіп құтқарды. Алдыларында атпен бұлай шапқан адамды потайдағылар пулеметпен түтіп тастайтынын артынан Қабен аға түсіндірді маған.... Нұрияның бұл сӛздерінен Алтайдағы шиеленіс Дӛрбілжіндегіден кӛп қиын екенін түсініп едім. Кейінірек қайтқан сабақтастарым басқа аудандарда жағдай онан әлдеқайда қатерлі екенін айта келді. Кейбіреуі ханзудың жеті атасын жездей қақтайтын, қайтадан қытай деп атайтын болыпты. Ынтықбай мен Шақандар қатты сағынғандықтарын айтып кезек-кезек құшақтаса кӛрісті менімен. Мектептегі қазақ оқушылардың бәрімен, тіпті бұрын ӛздері жек кӛретін ұйғыр сабақтастармен де шындап шүйіркелесіп, тым үйірсек болысып қалыпты.

4


Ең соңынан келген Серәлі Шақанмен тіпті қызу кездесті. Серәлі мен Түгелбайдың келгенін естіп, жатақхана есігінен жапырлай шығыппыз. Серәлі күлімсірей келіп құшақтағанда дәу Шақан солқсолқ жылап қоя беріп еді. Онысын кӛре сала Серәлі еңіреп жіберіп, иығынан қойып қалды. – Ұр, ұра түс мен ақымақты!.... Ӛзің таңдаған бүйірімнен-ақ ұршы! – деп солқылдады Шақан. – Енді сен ұр мені! – деп Серәлі тұқыра кемсеңдеді де, бір тізелеп отыра кетті. Сида Серәліні Шақан мойнымен тақымынан қапсыра құшақтап, кӛтере жӛнелді. – Ішшу... Ей Салық, нәрсесін кіргіз жатаққа! – Мына мінездеріңді ұқсам бұйырмасын,– деді Оралқан маған қарап, кӛзін жұма, жуан қарнын солқылдата күлді, – ӛздерің қалайдан-қалай жылауық, бауырмал болып қайтқансыңдар мұнша! Бір жағымда тұрған Тілеуқанның домалақ мұрны жыбыр ете түсті: – Саясаттың былтырғы шіріген жұмсақ сабанын таусып жүріп, мына Оралқандар ешнәрсе ұқпапты-ау әлі. Біз биыл қалың ӛскен қалақайға аунап қайттық. Ӛне бойымыз дуылдап бара жатқан соң сабақтастарымызға қасытқанымыз емес пе? Кәменнің даңғырлаған үнін естіп, жалт қарадық. Әудем жердегі бізге тетелес класс

5


жатақханасының алдынан жағалап келеді екен. Дүмдей болып семіріпті ӛзі. – Ӛй, әлгі Серәлі ме?... Тым сағынысып қалғансыңдар ма, қалай, құшақтан құшақ болып жатыр ғой?! Оралқан үндемей қалды да, Тілеуқан қайырды жауабын: – Жылқы мінездес жануар емеспіз бе, ертең-ақ тістесіп, басыңызды ауыртамыз Калаусы! Кәмен алшаң басып, кісіліктене ӛтті алдымыздан. Қайтып келгелі кездеспесем де такаппар қабағын байқаған соң маған да «кісілік» біте қалып, үнсіз жӛнелттім. Тілеуқан қушыкеш мінезімен елең ете түсті де, әлгі сӛзінің соңын сыбырлай жалғастырды. – Ей, ешкі мінездес болудың пайдасы бар екен. Қой мінезді болудың қорлығын осы жолы кӛп кӛрдім. Қойды бауыздағанда қыр ете түсіп қана қоя салмай ма? Әлепетсіз ӛлетін болған соң да сол бейшараны кӛп жейді екенбіз. Ешкі бақырауық болғандықтан ұры қорқады ғой. Адамның да дәл солай бақырып-шақырып, шұрқан шаша ӛлуі жақсы сияқты. Біздің Морида қытай кӛп қой. Гоминдан оларды дәл қазақтай оңай ӛлтіре алмай жатыр, ӛліммен қорқытады екен олар; бір-екеуін атып еді. Атыларда-ақ ойбайға басып, оқ тигенсоң да шырқырап, бүкіл қалашықты бір-ақ жиды.

6


Қабырғамызды қайыстырды айқай. Біздің қазақтарша бекер тырая салған жоқ!... Кӛп себебі бар бұл жайтты Тілеуқанның күлкі үшін сыңар жақты баяндап тұрғанын ұқсам да, түзету айтып қойғым келді: – Ханзу мінезі жалпылық жақтан ешкіге мүлде ұқсамайды ғой, ӛзімізді де түгелімен қой мінезді деуге болмас; шошқа, сиыр, ит мінезділеріміз жоқ па, ешкі мінезінен де тым тақыр емес шығармыз, бір шыдамас ешкінің мың шыдамдыны нақақ ұстатып шыжғыртатынын кӛріп жүрміз ғой? Қуым, ешкі мінезін кӛксей кӛрме, ыстыққа да, суыққа да шыдамай шыжбалақтап, күні бұрын ӛлерсің! – Малдың шонжары – сиыр, – деді Оралқан, – сиыр сүйегін кӛрген бір сиыр ӛкіріп-бақырып жүріп, сол аумақтағы бар сиырды бір-ақ жимай ма? Қасқырдан қандай қорғанғыш!... – Гоминданды да қорқытатын сол мінез ғана, – деп қостым мен. – Ынтымақпен ұйысқан күштен қорықпайтын жолбарыс жоқ. Ешкіше бақырып қорқытайық дей кӛрме!... Сабақтастар арасында ӛлім жайлы әңгіме кӛбейе берді. Әр ауданды кӛріп келгендер ӛз аудандарындағы ашынышқа толы, аянышты ӛлімдерді күрсіне, ӛкси әңгімеледі. Туған елі үшін құрбандыққа жарап, халық жүрегінен ӛшпес орын, ӛлмес тірлік таба батырлық ӛліммен ӛлгендер

7


баршылық екен. Кейбірі тіпті жаза алаңында күрескерлікпен әндетіп-ұрандатып, ӛз дастанын ӛзі жаза жығылыпты. Сұлубай, Бүркітбай сынды ерлердің сондай әндері елге найзағай жарқылындай, дауыл екпініндей тез тараған екен. Біздің сабақтастар бір-бірінен лездеақ үйреніп, мектеп жатақханасын, бүкіл Үрімжі кӛшесін жаңғырықтырды. Бір ғажабы, ашықтан ашық ӛз атымен, ӛз сӛзімен айтылып жүрген сол әндерді ешқандай сақшы, ешқандай қару-жарақ тия алмады. Тектеп, тергеуші Кәмен сияқтыларға: «кімнен тарағанын қайдан білейік, әйтеуір елдің бәрі айтып жүрген халық жыры» дей салып, әндете береміз. Халық жүрегін ешқандай тажал тоқтата алмайтындығын осыдан түсінгендей болдық. – Ӛлсең осылай алал ӛліммен, адамша – азаматша ӛл!– дейді біздің сабақтастар бір-біріне. – Ең жиркенішті, ең арам ӛлім Кәмендердің ӛлімі болады, әлі кӛресің, жігітім,– деп кіжіне сыбырлайды. – Кәмендейлердің ең масқара бір ӛлімін ӛз кӛзіммен кӛрдім,– дейді біреу сыбырлап, – осындай біреуін кӛтерілісшілер шолғыншылары аңдып жүріп ӛлтіріпті де, екі езуін құлағына жеткізе тіліп, ӛз тәнін ӛзіне тістетіп кӛшеге тастап кетіпті. Басқа адамды бұлай жазаласа жауыздық деп атаймыз ғой, халықты үкімет сақшысына

8


нахақтан қырғызып жүрген Тәйниді «мәлімдеген аузың осы ма?» дегенді ескерте бұлай жазалаудың несі жауыздық?! – Иә, халықтың кекті қаһары осы дәрежеге жетіп отыр ғой!... Ӛлетін жағдай келе қалса, басқаларды шарпымай, ӛзіміз ғана ӛлгеніміз жӛн!... Сабақтастар жиылып болысымен оқу ресми басталса да, күнделікті сабақ кестесі Гоминданның жалған ғылмы мен саяси нәсихатына тіпті толып кеткенін, ӛткен жылдағыша ӛз мүддемізге сай кітаптарды оқуға уақытымыз жетпейтінін байқастық. – Енді лаусылар былжырап тұрған сағаттың ӛзінде-ақ ұрлап оқымасақ болмас,– деп сыбырладым Ынтықбайға, – ол үшін ӛлім туралы осы әңгімелерді пайдаланып, алдымен ӛз арамыздағы жеңіл ауыздарды мықтауымыз керек... Мұны Ынтықбайдан естіген Шақан партасынан атып тұрды, мұғалім кірмеген бір сағатта. – Сабақтастар, екі жылдан бері бір-бірімізді шағыстырып, аңдысып жүріп оқи алмай қалдық. Енді біреуімізді әкем шағыстырса да міне!– деп жұдырығын білеп-білеп қалды. – Ендігі шағыстырушыларға жұдырық жазасы аз болар!– деп Ынтықбай үстемелей сыздықтатып еді, Серәлі түрегеліп, жазалау заңын жариялай салды:

9


– Естідік қой, жансыздардың қалай жазаланғанын! Ендігі шағымпаздар езуін кім тіліп... тістетіп кеткенін ӛзі де сезбей қалатындығында дау жоқ! – Енді ондайлардың езуі желкесіне жеткізіле тілініп тістетіледі,– деп Салық қызарақтай кесетті. – Былтырғы ӛз істегенімнен қазыр ӛзім қорқатын болдым, енді түсінген шығармыз! Онан да уақыт тауып, білім алатын жолда ғана жүрейік! Формуламен айналысып отырған Омарқан Салықтың сӛзіне күліп жіберді. – Ендігі оқуларың салпаңқұлақ икісті қос нӛлге айналдырып, ортасына бір тік сызық қоя салу болғаны ма! – Сӛзді мәнсіз күлкіге айналдырмалық!– деді Қуат Омарқанға ренжи қарап. – Аузымыз күйіп болды ғой,– деді сонсоң. – Ендігі шағымпаздыққа қатал шара қолданатын уақыт жетті! – Жақсырақ оқулары үшін ондайлардың жазасын ашық ескертіп қоюлары дұп-дұрыс! Ханзу тілін оқытатын Кәменнің сағаты жеткен бір күні: – Енді ептеп тӛбелесе отырайықшы,– дедім мен, – тым татулық жақпаушы еді ғой бізге. Тілеуқан қу тілдесе кетті Серәлімен. Салық тілеуқанға ара түскенси шаңқылдағанда Серәліні Түгелбай жақтағансып серпіле тұрды орнынан. – Атаңның оуызын... ілелік неңдерді алды сенің!

10


– Ей қырғыз, ей, ... қыс!– деп Салық та атып тұрды. Әкеңнің кеңірдегін... Кәмен кіріп келіп, үстелді бір қолымен таяна жымиғанда, ірі денелі Түгелбай іштегі күлкісін сездірмеу үшін түксие қалшылдап, аузынан кӛбік шаша гүрілдеді. – Наймандікін ғажап болуп, енді қырғыздікі қалды ба?.... Жалғыз деп бӛзек қылабысын, шықшы былай, атаңдың гӛріне тығайын!... Кәмен оқушыларының ӛзі «шығарған» тілдеріне сүйіне тамашалап тұрғанда есік қағылды. «Қойыңдар!» деген ыммен қолын сілтеп қалған Кәмен шалқақтай барып есік ашты да біреумен қол алысып амандасты. Бӛтен адам келгенін білген біз де ӛтірік тӛбелесті тоқтата қойып, жымжырт бола қалып едік, аз күбірлескен соң Кәмен қағаз ұстаған қолымен ымдап мені шақырды да: – Міне, Биғабіл деген оқушымыз осы,– деп таныстырды. Бейтаныс қызыл шырайлы жігіт маған қол ұсынды. Кәмен оны таныстыра жалғастырды сӛзін. – Бұл кісі газет редакциясында істейді. Сені «Шинжяң газеті» тілшілікке тартқан екен. Тілшілер мәжілісіне шақыра келіпті. Еріп бар да мәжіліс бітісімен тура қайт, ұқтың ба?... Тәртіп меңгеруші солай рұқсат етіпті... «Газет қызметкері» қақпадан шыға күлімсірей ымдап мені велосипедке мінгестіре жӛнелді, ешқандай тіл қатпады. Қарашаның күңгірт сұр

11


бұлты мен сүркей лебі менің ойыма ӛзіндей ызғары бар күдік тудырды. «Меңгерушіден тӛте сұрап әкеткен бұл қай сұмырай екен?... Қалай да тыңшылыққа тартатын бір орынға апарар-ау!... Әлде, тілшілік деп алдап апарып Мұсатайдың кебін кигізе қоймақ па екен?.... Жоқ, Нұрияштың алдында қара бет болып тірі жүре алмаспын. Мұсатай бола алмаспын!» деген сертті күдікпен алдымды бағдарлай отырдым. Расымен-ақ газетхана жаққа зырылдатты... жоқ, газетхананың сыртына қарай тартты ғой бұл, осы жақта бір түрмесі бар ма еді? ... «Ӛзін велосипедімен бірге тоңқалаң асыра жӛнелсем қайтер?!...» – Бауыр, тынышсызданып келесің бе?– деп қалды бейтаныс «газетші». – Бұл кӛшеде қатер жоқ!... Жолымыз тегіс дегенім ғой... Міне, жеттік!... Мектебіңе қайтқанда «тілші болдым» дей бер! Қазір тілшіде тізім де, белгі де, тіпті қызмет те жоқ. Шым-шытырық тар кӛшедегі аласа ғана жүдеу тамы бар, кішкене есіктің алдына әкеліп, мені түсіре салды «қызметкер». – Осы үйге кір, бір туысқаның бар екен, шақырып жібер деп маған біреу тапсырып еді. – Осыны айта сала артына бұрыла жӛнелді. Әйтеуір астыртын бір сыр барын мӛлшерлегендей болдым да: «не де болса сырт кӛзге шалынбай сүңгиін»,– деп, тар есіктен зып бердім. Кішкене

12


ғана аулада жалғыз семьяның екі бӛлмелі үйі бар екен. Күңгірт ауыз үйде күйбеңдеп қазақ кемпір отыр. – Сәлеметсіз бе, шеше?– деп амандаса кіріп едім, аңыра қарап ауыз жыбырлатты. – Шеше бұл кімнің үйі? – А...а!– деп құлағын қалқалады кемпір. Тӛргі үйден ағаш тӛсектің сықыры естілді. – Құдайға шүкір, құлақтан тұлдырмыз!– деген таныстау үн шықты да қиуы қашан кішкене есік ашылып, ірі ақ тістері жарқ ете түсті. Әлменнің тісі сияқты. Бірақ бет шырайы мен білетін сіріңке қара емес, семіз қара күрең, кең кеуделі керме иық екен. Ӛжеттігін бейнелей шүңірейген шұңғыл қара кӛзі мен түкті қара қасы да соныкі екендігіне екінші, үшінші дәлел бола қалды да құшақтаса түстім... Тӛргі үйдегі тозғын ағаш тӛсекке қатар отыра қалып, қазақтың кесімді де, келте сӛзімен асығыс қана жай-жапсар айтыстық. Сонан соң ол ірі мәселелерге тоқ етер шолулар жасады: Оспан батырдың алты-жеті жылдан бері бұрынғы-соңғы үкіметтерге қарсы жүргізген шайқасы «алға басар идеялы болмағанымен», халықтық кӛрініс жағынан «батырлық күрес» саналатынын, «жоғары программасы соқырлық» болғанымен, «алдамшылыққа, ұлттық езгіге, тұтқындауға ымырасыздығы кӛрегендік» екенін, сӛйтіп, «ӛзінің

13


надандығынан әлдеқайда жоғары, нағыз халық батырына лайық іс» істеп келгенін тұжыра айтты. – Бірақ, санасы толық, қабілеті жоғары ақылшы болмағандықтан, кӛтеріліс тізгінін мықтап ұстай алмай, бұлаңшылыққа жол беріп қойған зор қателігі де бар. Бұл қателіктерді Дәлелқан түзетіп жатыр!– деп бір кідірді Әлмен. – Басқа аймақтар тыныш па? – деп сұрадым. – Саған негізгі айтпағым сол жағдай. Гоминданға қарсы кӛтеріліс бар аймақта, бар ауданда қоздап келеді. Шинжяң тауларының бәрінде де бар. Ең зор ошағы Алтай мен Іле аймағында, бұлар ӛзара байланысып, осы жуықта ғана «Шығыс Түркістан халқының тӛңкерістік комитеті» деген атпен тӛңкерістің басшылық органын құрды. Оның қазіргі программасы – Шинжяңдағы Гоминдан үкіметін жойып, халықтық демократиялық үкімет орнату болып отыр. – «Шығыс Түркістан» болса ... Шинжяңдағы мұсылман ұлттардың үкіметі болғаны ғой? – Иә, бірінші кезеңде осылай атамақ.... Қазіргі ауқым тӛңкерістің осы сипатын ғана қабылдатып отыр. – Сонда... орта ғасырдағы «мұсылман» мен «кәпір» соғысы болмақ па?! – Олай болмайды. Мұндағы халықтың да, ұлттардың да басым кӛпшілігі мұсылман ғой. Басқа діндердегі моңғол, сібе-солаң, орыс ұлттары

14


Гоминданға қарсылығы бойынша мұсылмандарға ӛздіктерінен бірлесіп кетті. Бұлай бірлесуді үйреткен «ұстаз» – Гоминданның ӛзі. Гоминданның зор ұлтшылдығы Шинжяңдағы осы ұлттардың бәрінде де ханзу ұлтына қарсы жауығушылық тудырды. Ұлттық байланысты қатты ушықтырғаны соншалық, халық кӛтерілістерінің бәрі түгелімен «қытайға қарсы» атпен от алып отыр. Қазіргі Шинжяң тӛңкерісі бұл ұрансыз Гоминданды жоя алмайды. Бұл ұранды қоса тұрмайынша халық жұртшылығы бізді қолдамақ емес. – Сонда, бүкіл ханзу халқына, еңбекшілеріне де қарсы болғанымыз ба? Чын танчиулерде ханзу емес пе еді?... Олай болғанда Жұңго Гұңчандаңы қалай қарамақ, Совет коммунистері қалай қарамақ?!.... Біз сонда қалыптасып келе жатқан халықаралық екі лагердің қайсысына сүйенбекпіз?! Әлмен қарқылдай күліп, менің иығымнан қағыпқағып қалды да құшақтай алды: – Биғанім! ... бауырым!... Ӛткен жылғы ахуалыңды Қабеннен толық естіп едім. Зор ұлтшылдық соққы мен зор ұлтшылдық таратқан менингиттің арасында жүріп-ақ, интернационализм оқыпсыңау ӛзің!... Жақсы оқыған шовинизм уын дарытпайтын мұндай қызыл жүрек Шинжяңның қанша адамында бар дейсің қазір? ...Мен де сенің

15


осы пікіріңді сӛйлегенмін. Осы пікірдегілердің бірнешеуімен қанаттасып, осылай айтысқанбыз. Алтай жотасында да, әнеу күні ғана Іле бойында да осылай айтыстық. Тӛңкерістің негізгі басшылығы да осылай қарайды, мұның дұп-дұрыс. Бірақ халықтың қазіргі талабын бірден тойтару үлкен хауіпке соғады. Қанды кектерден туылған бұл жойымпаздықты шектеу үшін уақыт шарты және үлкен шеберлік керек. Ол тізгінделеді әлі. Біздің тӛңкеріс, қазірше Гоминданға – қытайға қарсы деген ұран кӛтергенмен әрине, бүкіл қытай халқына емес, Гоминданға ғана қарсы, әділетті ту етеді. Марксизммен дамиды, сотциализм лагеріне сүйенеді. Негізгі тетік діншілдердің қолында емес, нағыз еңбекші халық ұлдарының, яғни біздің қолда болмақ!... «Бұл да тӛңкерістік зор кеңеспен ашылған, ғылымилығы бар жол екен!» деп, іштен мойындай сұрадым Әлменнен: – Үрімжі не істеу керек деп ойлайсыздар? – Үрімжі аймағы, әрине, бізбен бір дене ғой... Жергілікті ұлттар жӛнінен осы қаланың ӛзі ыңғай оқушылар мен жұмысшы, қызметкерлер қаласы, тӛңкерістің қайратты қолы осында. Гоминдан бұған сондықтан да қатты шұқшиып, қанды тұяғымен бүріп, тыпыр еткізбей отыр. Оның үстіне ірілі-ұсақты қытай буржуазиясы ең кӛп орналасқан қала. Демек, бұл қаладағы іс қатал

16


сақтықты талап еді. Ұйымдастыру ісі тізімге, азды-кӛпті бас қосқан жиынға сүйенсе-ақ, үлкен сәтсіздікке, қырғынға ұшыратады. Сондықтан, бұлай ашық ұйымдаспауға тиісті!... Қатарға қосылған жауынгер ӛзін қабылдаған адам мен ӛзі қабылдаған адамнан басқа ешбір кісіні танымауға тиісті!... Биған, және есіңде болсын: сабақтастардың арасында күні бұрын кӛңіліңе бүккен жандарың болу керек, соған дайындала жүр!... Сыр-сипатын іс жүзіндік әрекетінен мұқияттап толық игеру ұйымдастырушының ең негізгі қабілеті есептеледі. Бірақ, ұйымдасудың ашық сӛзі болмасын!... Дер кезінде сені бір адам, тек бір ғана адам табады. Пікіріңді соған ғана айтып, соның айтқанымен ғана істейсің! Әлмен осылай сӛйлеп келіп, маған ойлана қарады. Мен толық ұққанымды, сырға әрқашан, әрқандай жағдайда да берік болатындығымды айтқанымда, ол басын изеп-изеп қалды. – Ӛзіңді қорғауға тиісті жерде алға шығып кӛрінуші болма! Әсіресе, шпион-тыңшылардан сақ бол!... Ӛсу жолыңды Қабеннен, сонан соң Ақылбайдан естуім бойынша, солай болар деп сенемін!... Әлменнің қасынан ӛз қуатымнан артық бағаланып, ауыр міндет арқалайтынымды түсініп шықтым. «Туған елімнің еркіндік-теңдігі үшін әрқандай ауырлықты болса да кӛтерер, бәріне кӛне білер

17


кезеңге жеттім ғой!» – осылай мығым басып ойлай алатын дәрежеге келгеніме де қуандым ӛзім. Әділетті тергеушім, іздегеніңіз Гоминданның қылмысы емес, әрине менің қылмысым ғой. Осы тарауды оқи келе қаһарлы қолыңыз қалтырап, соңына келгенде бас жағыңыздағы қылышқа жабыса түскен-ақ шығар. Шағын санды ұлтқа ұлттық-теңдік, еркіндік кӛксеу қандай әділетке сиюшы еді; ол, кертартпа буржуазияның кері тӛңкерістік ұраны емес пе! Менің қанқұйлы образым кӛзіңізді қанға толтырса да қылмысым ӛзіңізді әлі тойдыра алған жоқ. Солай болса да, қолында құдіреті бар адамның кӛңілінде сабыры болуға тиісті. Сабыр етіңіз, қылышқа жерік қылмысым енді қылтыңдап келеді! Қылт еткенді қиып түскеннің бейімі кӛрінгенімен мейрі қанбақ емес. Кӛптен кӛп күттіріп қаталатқан қылмысыңызға қандырып-ақ ӛлейін, соңын күтіңіз! Айтқызып болмай ажал шартының да толмайтыны бар емес пе, сабыр, сабыр! ІІ Тәртіп меңгеруші жарқылдап, тым жайдары кейіпке кіре қалды осы мезетте. Бәріміздің

18


атымызды да күле атап, «хау-хауын»1 изектей айтып, үйіміздің қайда екенін, «қалада ма, қырда ма?» деп те, «тауда ма, қыстақта ма?» деп те сұрайтынды шығарды. Саясат сабағынан лекция бастасымен-ақ оң қолының жеңін түріп, ақ қолғап ішіндегі салалы бес саусағын тарбита жаяды да, алдымен білегін кӛрсетеді: «міне, Жұңхуа ұлты деген осы. Ұлы Жұңхуаның дәл мына бес саусақ сияқты бес тармағы бар. Олар: ханзу, мәнжу, моңғол, мұсылман, заңзу. Кӛрдіңдер ғой, біздің кімнен туылғандығымызды! Бәрі білектен – Жұңхуадан тараған. Егер осы білектің күші болмаса, мына бір саусақ не бітірмек? Білектен айырып, кесіп тастаңдаршы қане, не болар екен?» Дӛңгелек кӛзілдірігін қиық кӛзінен алып та, қайта салып та сұрайды бұл сұрауын. Мезі қылған бұл сұрауға да, қасқа тісімнен жирендіріп болған құбылмалы ӛзіне де назар салмай, кӛбіміз парта астындағы кітабымызға сақтықпен ғана үңілеміз. Аударушы Ақылбай кӛрмегенсиді де, «шешен» меңгеруші ӛз сӛзімен ӛзі мәз, сӛйлей береді. Әлгі сұрауына келгенде ғана кӛпшілікке ыржия қарап тұрып алғандықтан, Тілеуқан қайырды жауабын. – Кесіп тастасаңыз, шоршып-шоршып барып ӛліп қалады. Қане, кесіп кӛрсетіңізші!

1

Хау (ханзуша) – жақсы, жарайды.

19


Ақылбай мырс ете түсіп алдыңғы жауабын ғана аударып берді. – А... а... міне, солай болады. Құдіретті білектен, ұлы Жұңхуадан айрылу деген арам ӛлу ғана, басқа еш нәрсе емес! Дұрыс жауап! – Менің түсінбеген бір жерім бар,– деді Тілеуқан, домалақ мұрны жыбыр ете түскенін ӛзі де сезгендей, қатты түйіле түсті. – Ӛзін барлыққа келтіріп жарылқаушы білектен айрылып күн кӛремін деу-саусақтар үшін үлкен ақымақтық. Жұңхуаның бес баласы, әрине, ондай ақымақ емес. Ал, кейбір таудағы кейбір ақымақ қазақтар құйыршық болып кетіпті. Соларды да біз туысқанға санап, бір Жұңхуаның баласы дейміз бе? – Қайдан естідің?– дегенде меңгерушінің қиық кӛзі жылтыңдай ойнақтап, әрқайсынымызды бірбір түртіп ӛтті. – Жаздық демалыста үйге барғанмын ғой, Құдайға шүкір, біздің үй қалада, жұп-жуас қазақпыз. Ал таудағы қазақтардан құйыршық шығыпты. – А... а... сен енді барып кӛр, қазір қайда екен сол бандыларың, ха.... ха... ха!... Сӛзге кӛнгендері тыптыныш орнына келді де, кӛнбеген кей бұзықтарының ӛлігін қасқыр мен қарға жеді. Банды жоқ қазір, ешқай тауда жоқ, тып-тыныш... Банды болу – ӛлу деген сӛз. Кӛрдіңдер ме, біздің армияның қанша екенін?... Бәрлерің де үйлеріңе

20


хат жазыңдар, Оспан қарақшының азғыруына ерсе-ақ қырылады, сендер тірі кӛре алмайсыңдар, оларды сақтандырыңдар!... Бізде Минго үкіметі, яғни ең-ең халықшыл үкімет бар, түрмеге алмайды. Шың Шысайдың ашқан түрмесі жабылып жатыр. Түрмелердің орнына мектеп, аурухана салмақшымыз! – Түрмеге қамап асырап әуре болғанша, осылай қырып тауысу тыныш емес пе, түрме не керек?– деп күбірледі асау Әмірқан. Қасында отырған бір сабақтасы бүйірінен түртіп қалды. Ақылбай оның «түрме не керек» деген сӛзін ғана меңгерушінің ӛз сӛзіне үйлестіріп аудара салды. – Меңгеруші, Шың Шысай қамаған адамдарды қайтетін болдық?– деп тағы жылтыңдай қалған Тілеуқанға мен басымды шайқап қалдым. – Олардың кӛбі қазір үйлеріне қайтарылып болды,– деді меңгеруші, жүзі жанбай, кӛзілдірігі жарқ-жұрқ ете түсті. – Банды шыққан жерлердің кейбіреулерінің адамдары ғана қайта алмай жатыр. Үкімет оларды бандылар ӛлтіріп кетпесін деп әдейі осында сақтап отыр. Енді олардың бар наразылығы ӛз жерлерінен шыққан бандыларға ауған. Банды тазаланып болған соң бәрі қайтады, қызмет пен ақша беріп қайтарады оларды. Сондықтан, бәріміз де халықты тынышталуға шақыруымыз, бас бандыларды құртуымыз керек. Сендер бәрің де ұлы Гоминданның мүшесісіңдер,

21


осы тез уақыт ішінде ата-аналарыңа, туысқандарыңа, тіпті тамыр-таныстарыңның бәріне де хат жазып, насихат айтыңдар, сӛйтіп, қырылып қалуынан сақтаңдар!... Біздің санминжуий – Сұн жұңшан...– деп қалып, ыршып түсті ӛзі. Кӛсем атын атарда ізетке тосыннан осылай келетін әдетімен, оқтау жұтқандай кердие қалды, – әпенденің ұлы мұраты, біздің қолбасшымыз – ұлы философ, генералисимус Жяң жұңжың – Жұңхуа халқының бақыт жұлдызы ол батпайды да, ӛшпейді де, жеңістен жеңіске жете береді. Дүниенің ұлы бірлігін сӛзсіз іске асырамыз!... Хаттарыңа осылай жазыңдар!... Бір кезде Наполеон: шығыста ұлы алып ұйықтап жатыр. Ол оянса дүниені алақанында ойнатады деген екен. Сол алып – Жұңго мемлекеті қазір оянып, тік тұрды. Дүние енді кӛзін ашуға тиісті. Ешқандай жабайы мақлұқ бұл алыптың шынтағына ілінбек емес, қырылып қалмай тұрғанда біздің кешірімімізге кеңшілігімізге ие болсын, басқа жолы жоқ!... Хаттарыңа осылай жазыңдар!... Меңгерушінің осы сӛзін Ақылбай тыжырына тұрып, аударып болды да ол шыға бергенде, салқын ғана ресми дауыспен: – Биғабіл,– деп шақырды, шяужаңның бір лекциясын аударып едім. Соны кӛшіріп берші, қазір жүр!

22


«Шығыс Түркістан» қимылының бұларды енді шыңғырта түскенін осы «жеңімпаз» үгіттен байқаған мен партамнан күлімсірей түрегелдім. «Бандыларды мүлде жоғалттық, тып-тыныш болды» дей салып, тынышталуға шақырыңдар деген мына сасқалақ сандырағына күліп едім. Түрмедегілерді бұрынғыдан бетер тұмшалап, балаларын маңайына да жолатпай отырып, «түрмедегілердің кӛбін қайтарып болдық, кейбіреулерін бандылардан қорғау үшін ғана бағып отырмыз» дегені есіме түскенде ызам мұрнымнан шыққандай мырс-мырс ете түсіппін. Алдымда келе жатқан Ақылбай күлімсірей қайрылды. – Менің аударған «дәрісімнің» дәміне тамсанып келемісің? – Жоқ, болдырған сиырдың жапалауына таңырқап келемін. – Түр-түрімен жібере ме екен?– деп күлген Ақылбай, менімен қатарласа жүріп күбірледі. – Қазір осы үгіт бар тауға шапқылады. Басшысын жұртқа таныс Сәдулерден сайлап, топ-тобымен жіберіп жатыр. Түлкі боп келіп азулап қойған қасқыр түлкі жылмаңға қайта ауысты. Ақылбай мені ӛзі жататын үйге ертіп кірді. – Отыр, – деді күлімсіреген қалпымен, шағын үстелінің жанына орындық қоя сӛйледі. – Кӛшіретін жұмысқа емес, әңгімелесетін жұмысқа

23


шақырдым. Сонда да менің мына аудармамды алдыңа жая отыр. Басқа біреу келіп қалса әңгіменің «кӛшіру» жұмысына айналуы оңай болсын... Жә... қазіргі оқудың да, қызметтің де түгел үгітке ауысып жатқан себебін түсінетін шығарсың? Әлменнің айтқан байланыстырушы адамы осы Ақылбай болар ма екен деген ойға келсем де, анықталғанша сыр бермеуге бекіп, сұрауына бас изей салдым: – Түсінікті ғой. – Олай болса, бұл аттанысқа біздің де қатынасуымыз, үгітке кірісуіміз керек қой! – Не тақырыптағы үгіт? – Меңгерушінің жаңағы нұсқауы бойынша болады да, – деп Ақылбай жымия қарады. Мені байқағысы келетін сияқты. – Мұндай керемет «шешендік» талап ететін «үгітке» менің қабілетім жетпейді ғой, мұғалім! – Жетісінше істей тұрамыз да, – деп ол енді мырсмырс күлді. – Ондай қабілет біткенше мен ӛзімнің шәкірттік тыңдаушылығымды сақтай тұруым керек қой. – Ендеше, «керемет шешендікке» емес, шындыққа ғана сүйенетін үгітке қалай қарайсың?... Мәселен, ӛтірігіне қарсы шынын ашу, ұйықтатуға қарсы ояту мақсатындағы мақала жазуға қалайсың?

24


– Ондайды ғой ойлап кӛруге болар. Бірақ, қалай жазып, қалай жариялау керек екенін білмеймін. Қазіргі білетінім – тілімнің қышуы ғана. – Бәсе,– деп Ақылбай ірі ақ тістерін жарқырата күлді, – Енді келістік!... Осы реткі жалпылық үгіт науқаны маған бір ой түсірген, менің де тілім қышулы. Сыпыра ӛтірік үгіттің ішінде бірер шыны да болу керек қой. Менің тілім санминжуийдің шын сырын аша «үгіттеуді» аңсап қышыды. Мен соның үшіншісін – ұлт мұратын «үгіттеймін», сонысын қазақшаға аударып бастырамын. Мұным қалай?... Мақсатымды түсіндің бе? – Түсіндім,– деп жымидым мен, – бірақ, онысын ӛздері толық жарияламай отырғанда, сіздің аударып, айырым бастыруыңызды шектемей ме? – «Халықшыл» үкіметіміздің ең негізгі саясаты сол болғандықтан, оны ӛз халқына оқытып түсіндіру қаншалық айып болмақ?... Тергей қалса, ӛзін тергейміз, «біз Жұңхуа ұлты емеспіз бе, бізге «ұлт мұраты» керек емес пе, санминжуиймізді халыққа үгіттеп, үйреткізбейтін сен қайдан келген немесің» дейміз бе!... Кәменді де осы теориямен мойындаттым. Ақылбайдың бұл амалына қарық бола күлдім мен. Дәл қазір мұның үкімет саясатын үгіттеу емес, ӛткір әшкерелеу болатыны айқын еді. Кӛтерілісші халықтың отына май құятынына кӛзім жеткендей.

25


Осылай ӛз далдасына тұрып алып, ӛзін атқылау мұндай ақымақ жаумен Үрімжі жағдайында күресудің ең ұтымды бір тактикасы болатынына сүйінішпен күлдім. – Осындай қазақ оқушылары ең кӛп мектеп – осы мектеп қой, – деді Ақылбай тағы да. – Бізде қазір жас әдебиетшілер кӛбейіп қалғанын, олардың бәрі «үгіт қызметіне құлшына» дайын тұрғанын айтып алдыңғы күні «Шинжяң газеті» редакциясымен келістім. Аптасына қазақша газеттің бір бетін бізге бермек. Сол бетті сейсенбі сайын бір толтырып тұратын болдық. Мектеп атында болғанымен негізгі шығарушы сендердің класс пен мен ғанамын. Осыны шығара алмыз ба, жоқ па? Жұртшылықты, тіпті осындағы сабақтастардың ӛздерін де түгел оятып, жұмылдыра түсудің сәтті орайы табылғанын сезе құлшындым: – Сіздің әлгіндей аудармаларыңыз қосылып тұрса, толық шығара аламыз. – Мұндай әшкерелеу үгітінің аударушылық қана емес, одан әлдеқайда ӛткір, алуан түрі болады ғой... Сабақтастарыңа қалай жазудың, нені жазудың жӛнін ашық айтпай, еппен бастап әкетуді міндетіңе аламысың? – Мақұл, шамамның келісінше... – Бұл сыр екеуміздің арамызда ғана тұрсын... Бүгін кеште Кәзен мен Кәменді қосып, жай ғана «әдеби журнал шығару» сӛзімен жиын ашамыз.

26


Мектеп атынан әсіресе Кәменді қоса шақырып кәукелетпесек қатерлі болады. Оның ӛз идеясы мен ӛз тілінде сӛйлеп қабылдатуды ұмытпайық... Сырттан қарағанда қойдай қоңыр осы ат жақты, сұрғылт кӛзді кексе жігіттің ақылды аударушылығы мен доп ойнына асқан шеберлігін ғана кӛріп жүретінмін, ішінде алай-дүлей толқынды теңіз барын бұрын мұншалық сезбеген едім. Әлде де толық ұқтырмай-ақ толқындатып ала жӛнелгені байқалды маған. Соншалық ауыр жүретін қарт мінезді жігіт баскетболға түскенде киікше орғытып, неше метр биікке кӛтеріліп кеткенін ӛзі сезбейтінін айтушы еді. «Бұл жолы да менің алдымда қаншалық биікке кӛтеріліп кеткенін сезді ме екен?» дей шықтым ішімнен. «Жай ғана жымиысты сӛзімен жылжытып, күрес тактикасының тың толқынына міндіре салды ғой мені, «Шығыс Түркістан», «ұйым» дейтін сӛздерден иіс те сездіргені жоқ!... Мені толық түсінеді ӛзі, Әлменмен сырлас. Бірақ, Әлмен маған айтқан тӛте байланысты басшы бұл емес сияқты, сӛзі тӛте емес, кӛлбегейлілеу, кӛлбей шығып жатыр ғой?» Ақылбай жиынды сол күні кеште, ашықтан-ашық ғылыми бӛлімінің кеңсесіне шақырды. «Кәмендердің ӛз тілі, ӛз идеясы бойынша сӛйлеудің» қайнарына кіре түстік келіп. Біздің кластан менен ӛзге Оралқан банжаң мен

27


Ынтықбай, Серәлі келді, тӛменгі кластардың банжаңдары қатынасты, үш оқытушыны қосқанда он-он бір ғана адам екен. – Мектебіміздің абыройы үшін, осындағы барлық қазақ оқушылары үшін әсіресе тіл-әдебиет әуескерлеріміз үшін ӛте игілікті бір істі ақылдаспақпыз,– деп бастады Ақылбай сӛзін. Бұл ӛзі біздің санминжуийлік саяси теория мен философия үйренуімізді кемелдендіретін, болашақ қаламгерлеріміздің бетін ашып, тілін ұстартатын, сӛйтіп үкіметіміздің үгіт-насихат тәрбие қызметіне елеулі үлес қосатын іс... Ақылбай ӛстіп ағындата келе, мектебіміздің қазақ оқушылары атынан апталық журнал шығатынын, «Шинжяң газеті» қамқорлық етіп, бір бетін біздің сол журналға арнағанын хабарлады. «Шындап бірлікке келсек, бұдан екі есе кӛлемді журнал шығаруға да күшіміз жетеді» деп сенетіндігін айта сұрады сонан соң бізден. – Мұнымыз ақылдасу жиыны, мектебіміздегі қазақ оқушыларға ӛкілдік ете алар деп сендерді ғана шақырдық. Осы журналды шығара алатындығымызға мына ұстаздарыңды сендіре аласыңдар ма? – Толық сендіре аламыз, – деп қалып едім, жиынға келе жатқанымызда пейілімді байқап қалған сыралғы Ынтықбай мен Серәлі маған ере сақ-сақ

28


ете түскенде, қалғандары түгел от алғандай сақылдады. – Мұндай шабыттандыру болса ғой, біздің класс түгелімен ақын,– деп үстемелей қуаттады Оралқан, – басқа кластарда да жазуға талаптанып жүргендер кӛп, шығара алады. – Тӛбелесе жүріп Биғабіл мен Ынтықбай-ақ толтырар оны,– деп күле күбірледі Кәзен мұғалім Кәменге қарап. Кәмен басқаша пікір айта алмай қипыжықтай түсті де, кӛпшіліктен сырт қалғысы келмегендей бас изей салды. Аз кідірістен соң бәріміздің алдымызға түсе жӛнелді: – Аптасына бір рет болған соң, тіпті екі бетін де толтырар едік,– деп Ақылбайға қарады. – Мен барып сұрап, тағы бір бетін қостырып алайын... Мақала реттеуге уақытым жеткілікті ғой! Ақылбай «сүйінген» бейне кӛрсете, ақ тісін жарқырата күліп жіберіп изеді басын. – Дұрыс, бірақ алдымен осына қамдауымыздың сапасын байқаған соң ақылдасайық. Сегізінші әріп ұсақ қой, бір бетке де недәуір мақала сияды.... келістік пе кӛпшілік? Ал енді журналымыздың аты туралы пікірге келейік. Лайықты деген аттарыңды кӛрсетіңдерші қане! – «Бақыт» болсын,– деді Кәмен. Тыпыр еткізбей басып отыра қалғысы келгендей, алдымен қамтуды ойлаған сияқты. «Осы апатты бақыт деп

29


үгіттетпекші ғой бұл шошқа» деген ойдан тісім шықыр ете түсті. – Мен... «Күрес» деп атауды лайық кӛремін!– дедім. Кәмен адырая қарады да, Ақылбай мен Кәзен маған да, Кәменге де кӛз астыларымен бір-бір қарасып қойды. – Тағы да қандай атты ұсынасыңдар?– деді Ақылбай жымия түсіп. – Алдымен айтып алайық, онан соң талқылап кӛріп, бірін қабылдаймыз! Басқа қатынасушылар «Үміт», «Жас талап» сияқты оқушыларымызға лайық тағы бірнеше аттар ұсынды. Ақылбай бәрін жазып алды да: – «Түлек» деген ат лайық па екен деймін,– деді. Кәзен де осы атқа қосылатындығын білдірген соң, Кәмен ӛзі ұсынған атының дұрыстығын дәлелдей жӛнелді: – «Бақыт» деген сӛздің мағынасы айқын,– деді ол, бұл журналға қоюға лайық ат. Жяң уииуанжаңның басшылығындағы Жұңхуа Минго – біздің бақытымыз. Бұл журналда біз сол бақытты ғана жырлаймыз. Ұлы кӛсемімізді, санминжуийді жырлаймыз, бақыт – осы! – Калаусының бұлай жырлауы да, оны бақыт деп атауы да ып-рас... дұп-дұрыс! – деп «ып-рас» деген сӛзді әдейі жаңылғанси қостым. – Бірақ, бұл ат журнал мазмұнының бір жағын ғана қамти алады. Біз сол бақыттарымызды шын сүйсек,

30


жырлап қана қоймай, оның жауларымен күресуіміз де керек! Бұл журналда шығатын мақалалар сыпыра жырлау, үгіті ғана емес, жауларға қарсы күрес үгітін де қамтуы қажет. Мәселен, Жұңхуа Мингоның бірсыпыра жерлерін басып алып, қанды қырғын салып отырған жапон фашизміне қарсы, оның Шинжяңдағы құйыршығы Оспанға қарсы мақалалар да жазылады. Сондықтан, «бақыт» жақсы ат болса да, журналымыздың мазмұнын толық қамти алмайды. Менің «күрес» деген атты ұсынған себебім осы. Жақсылықты жырлаудың ӛзі де күрес қатарына жатады. Ақылбай Кәменге «жеңілдік» дегендей күлімсіреп қарады да, Кәзен маған жуан басын изеп-изеп қалып еді Кәмен ӛз пікірін қызарақтай қуаттап, толықтай түсуге тырысты: – Осы журналды шығару құқығына ие болуымыздың ӛзі де бір үлкен бақыт емес пе? – Әрине, бақыт, Калаусы, жырлайтын бақыт қой бұл да, оған дауым жоқ. Бірақ сол бақыттардың жауын түйрейтін мағына бере алмай қалып тұрғаны ғой пікір тудырғаны! – Сенің бір сӛзіңде қате түсінік бар. Шинжяңдағы бандылар жапоннан жәрдем алып отыр ма?... Бұл бандылар кімнің құйыршығы? Білесің бе ӛзің?

31


– Қате болса түсіндіруіңізді ӛтінемін. Бірақ кімнің құйыршығы болса да, оған қарсы күресті де үгіттеуіміз қате болмас!... Қате ме иә?! Кәмен жауапсыз тоқырды да, мен Шинжяң кӛлемінде Гоминданның Совет одағын әлі де «жау» деп атай алмай келе жатқан жағдайын пайдаланып, Кәменнің қате деген түсінігінің ӛзіне дүрсе қоя бердім: – «Құйыршықтың» қожайыны жӛніндегі ӛз түсінігім былай: біздің ішкі жауымызға әрине сыртқы жауымыз ғана жәрдемдеседі. Сыртқы жауымыз Жапон фашизмі ғана. Одан басқа жау бар деп айтпағансыз. Сондықтан, Оспан – Жапонның ғана құйыршығы деп түсінемін. Мұны қате түсінік десеңіз, оқушыңызбын ғой, анықтап ұғындырып қойыңызшы, қане! Бір-біріне қарасып қойып жымыңдасқан Ақылбай мен Кәзен басқа сӛздерге күлгенсіді де, сабақтастар менің талабымды қайталап, Калаусыдан бұл жӛнінде бәрінің де түсініп алғысы келетінін айтысты. Тұншыққандай тығыла күреңіткен Кәменнің бет-аузы бүлкілдей түсті. Қаншалық ширыққанымен де құлшылықтың рыздығы қоршылық қана ғой, қожайындары ұғындырған құпиялығын әшкерелеп алудан қорыққандай жұтынып-жұтынып қалды. – Ұғындырамыз әлі!– деп күмілжи күбірлеп қана қойды Кәзенге қарап.

32


Жеңілгені сезілді. Әйтеуір «бақыт» деп бағжиюдан қалғанын білген соң мен де ӛз шанағыма түсе қалдым; журнал шығаруды қабылдату үшін «асқазанын» дәрілей тұру керек қой. Оның «бақытын» желкемізге мінгізбей, жеңу үшін ғана айтқаным болмаса, марксизмнің «Күрес» дейтін ұранынан Гоминданның ат-тонын ала қашатынын білетінмін. Соны атағанымда бұл құйыршығының алара қараған себебі де сол ғой. – Калаусы, ұстаз алдында қайшы сӛйлеп, әдепсіздік кӛрсеттім ғой деймін, кешіріңіз!... Жақтырмасаңыз «күрес» дейтін атты ұсынудан мен де қайттым! Бұл журналға ол да сыңар жақты ат сияқты. – Иә, мұның да дұрыс,– деді Ақылбай, шындағандай сӛйлеп. Мәселе талқымен, айтыспен ғана шешіледі. Айтыс ата бетіне де қарамайды. Бетке қаралса айтыс бола ма? Сонда да ұстазыңның құрметін сақтап, бұлай кешірім сұрай айтысуың аса жақсы үлгі. Ӛз ұсынысыңның да сыңар жақтылығын түсіне қоюыңа Кәмен мұғалімінің тіпті разы. «Күреске» Кәмен де, біз де осылай қарап отырғанбыз. Кәменнің жадырай қалғанын байқай қарап сӛйледі. – «Бақыт» жақсы ат болса да, осы журналдың мазмұнын толық қамти алмайтыны рас сияқты ма, қалай?!

33


– Олай болса осы ұсынылған аттардың біреуін қабылдайық, қане?– деп Кәмен құлаған тағына қайта мінгендей тіктеле отырды... Реті бойынша талқылай келгенде кӛпшіліктің пікірі «түлек» болсын ба, «тілек» болсын ба деген екеуіне ғана құйылып еді. Кәмен «түлек» дегенге тағы да түксие, түйіле қалды. Бірақ, Ақылбай мен Кәзен мұғалім ұсынған ат болғандығынан ашық қарсы пікір айта алмай қипыжықтай сұрады: – «Түлек» деген жас бүркіт пе еді, кӛзіне кӛрінгеніне түседі деуші ме еді? Ақылбай оған жымия қарап қалды да, Кәзен қайырды жауабын: – Рас, жас құс. Алғыр келеді дейді. Оқушыларымыз сондай алғыр болса екен деген тілекпен ұсынып отырмыз. Журнал солардікі ғой! – Бұл да «күрес» мағынасындағы ат болып кетер ме екен?!– деп күмілжіді Кәмен, – алғыр емес, албырт құс дейді ғой! – Оқушыларым қыран болып кетіп бүре түсер ме екен деп қорқамысың?– деп күлген Кәзенге Ақылбай қосыла сақылдап күлді. Сабақтастар жымиыса қарап қалды Кәменге. «Бәрін қойып, осы журналымыздың атын «күшік» қойсақ, иттерге қалай жағар еді? – деген оймен күлдім мен. – Әйтеуір қырандығы жоқ, ит аяғына құйғаныңды ғана ішіп, құйрығын бұлаңдата беретін «ерке назды» жануар ғой!».

34


– Олай болса «тілек» болсын, – дедім мен күлкі басылған соң. – Болсын, – деді бірнеше дауыстан соң Ақылбай мақұлдап. – Жақсы тілектің жағымсыз жері бар ма. Әйтеуір, қайыр тілеу мағынасында болмас, басқа қатер жоқ, үйлеседі... Атында не тұр, мәселе затында ғой... Ендеше, келістік, істеріңе сәт болсын, сабақтастар! Бас мақаланы мына мұғалімдеріңмен ақылдасып, мен жазып берейін. Класс басшылары сендер сабақтастарыңа толық хабарлаңдар! Бірінші реткі жазғандарың алдағы үш күн ішінде келіп болсын... Қысқа әңгіме, мақала, ӛлең керек. Қазірше осы үшеуін қабылдаймыз!... Ақылбайдың «мәселе затында ғой» дегені, маған тағы бір ескерту еді. Сол «затын» қалыптастыру мені түн бойы ойландырды. Журналдың «заты» халықты ояту – күреске шақыру болуға тиіс. Әлмен: «алға шығып кӛрінуші болма, шпионнан сақ бол» деп еді; Ақылбай: «не жазуды сабақтастарыңа ашық айтпай жетекте» деді. Бұл да кӛзге түспе дегені. Ұйымдастыру қызметі маған жүктеліп, оның түбі қатерлі болған соң сақтандырғаны ғой бұл, қалай «жетектесем» кӛрінбей тұрармын?... Сол түні ӛлеңнің бейнелей әшкерелеу әдісіне лайық үш-тӛрт түрлі тақырып тауып едім. Оны да

35


шу дегеннен алға түсіп, шұбырта жӛнелгім келмеді... Оралқанның журнал туралы хабарландыруын естісімен жазудан дәмелі сабақтастар бас сипаса бастады. Астыңғы ернін салпитып жіберген Тілеуқан кемпір бейнесіне келе қалып, бетін шымшыды. – Бетім-ау, немді айтайын!... Ыппырт, адыра қал, ӛнейлісін ӛзінің, мақтатып алмақ! – Мақтай алсаң мақтай бермеймісің, онда не тұр? – деді Оралқан. – Е, «ағамды дәл басынан жақсы аттың, жасай бер айналайын» деп жазсам, үлкен ұлының миы шашылып кеткенде шыңғырып жіберген шешемнен ұят болмай ма? Тілеуқанның бұл сӛзін тез жаба салғысы келген Ынтықбай күлкіге айналдырды. – Тілеуқан, ей, Тілеуқан!... «Базардан алып келген бес тиын деп, сӛздерін екеуіңнің естиін деп» дейтін ӛлеңің бар еді ғой, тым болмаса соны жазсаңшы! – Ондай сӛз газетханадан ұят болмай ма? – «Былай жүрсең ӛгіз ӛледі, былай жүрсең арба сынады» дегеннің ӛзі болды ғой мынау, – деп күлді біреуі. – Бір кезде Шың Шысайды кӛкке кӛтерген Жаңқабайлар жерге кіргендей ұялып жүрмей ме қазір?– деп біреуге Қуат күбірледі.

36


Кӛп кӛрінбейтіндіктен «бейтаныс» аталып жүрген кӛзілдірікті мұғалім келмей қалған бір бос сағатта әдебиетшілеріміз тағы да бас сипасты. Әрқайсысына үңіліп байқасам, Ынтықбайдың ғана бет алысы дұрыс сияқты. Ол мисал ӛлең жазып жатыр екен. Басқаларының кӛбі ӛздері газеттен кӛріп жүрген мақтаудың кӛне шиырында сүрініпқабынып келе жатқандай. Бірсыпырасы жаза салып, айқұш-ұйқыш сызып тастапты. – Қай бабамның басы бар еді осы зиратта, – деп қалған Серәлі атып тұрды орнынан, – ей, Биғабіл, ей, не жаздың, сен бір оқып берші, есіме бірдеме түсер ме екен! – Бір тақырыптың мазмұнын дайындап едім. Ӛлеңге айналдыра алмай жатырмын,– дедім мен әдейі. – Соныңды айтып берші тым болмаса. – Сен туғанда неге қуанып едім,– деп Тілеуқан қу жабыса қалды, – айтшы кӛкешім, айналып кетейін! – Ӛздерің ойласаңдаршы! – деп кейігенсідім мен, тақырып деген кӛп қой!... Осы қойылып жатқан киноның бәрі мысал емес пе? – Ӛтінген соң бұлданбай айтып бере салсаңшы, одан нең кетеді,– деп қалды Қуат. Немқұрайды кейіпке келе қалып, түнде дайындалған бір ӛлең тақырыбын атадым да, қара сӛзбен кестелеп қойған мазмұнын оқып бердім:

37


аты «Сары бақай жапон» еді. Гоминдан әскерінің бейнесі беріліп, қадаға шаншылған адам басына қанды қолын соза, арандай ашқан аузынан сілекейі шұбырып тұрғаны суреттеледі. Соңына «мына қарақшының еті тәтті екен» деген сӛзін айтқызу жобаланған. – Мағналы екен мынауың, қандай әсерлі!– деп қалды түсіне қойған Серәлі. Оралқан аңыра сұрады: – Мына қанды қолың кім, ей, Биғаш?... «Шибиген арық саусақ, ши борбай, ақсиған орсақ тіс, сары бақай» екен ӛзі. – «Жапон» деп екі жерде айтылып тұрса, басқа кім болушы еді шырағым-ау?– деді Қуат. Сасқанынан ӛзінен үлкен Оралқанға «шырағымын» да қосып жіберді. Ӛзі кім деп танитынын байқағым келіп, Оралқанға сұрау тастадым: – Ожа, мұны кімге ұқсатып отырсыз, ӛзіңіз айтшы!... Жапоннан басқа осындай жауыз бар ма еді, әлде? – Жоқ, жоқ,– деді аңқаулық етіп қойғанын енді ұққан Оралқан, – олар да сары киімді, сары балтыр екен ғой, дәл ӛзі, жапон! – Мұның қылығын ӛзіміздің сары аяққа таңатын болсаңыз,– дегенде Тілеуқанның мұрны жыбырлап кетті, меңгеруші «Минго армиясын

38


осындай кӛремісің» деп қарныңыздан бес шелек май ағызар!... Бұл тақырыпты ӛлеңге айналдыра қоймағанымды байқаған Серәлі демалысқа шыққанымызда сұрап алды да, Тілеуқан, Шақан, Салықтар бірінен-бірі жасырына келіп қолқалап, қалған үшеуін әкетті. – Қалай жазу керек екенін осы тақырыптарыңнан бәрі ұқты,– деп сыбырлады Қуат, «керуен сарай» қорылға басқан кезде. – Сенің осы үлгіңмен Ынтықбай да бір-екеуіне үйретті. Мұнан соң тақырып ауыстырмай-ақ қой, тергей қалса, біреуі айта салар!... Біздің кластан екінші күні-ақ бірнеше жауынгер ӛлең шыққанын байқап қатты қуандым. «Жол анасы – із», із түсіп соқпаққа айналған соң-ақ жол болғаны ғой. «Әлі талай түр, талай дәу табан түседі бұл соқпаққа» деген ойға келіп, журналдағы міндетімнің негізі орындалғандай кӛңілім жай тауып отыр еді. Кәмен жетіп келді класқа. Жүрісі сұйықтау, жүзі суықтау кӛрінді. Кең танауы ісініп алыпты. Бір қолы сымының қалтасында. Партаға бір қолымен ғана тіреніп, ширай сұрады: – Мақала жаздыңдар ма? – Бос уақыттарында жазып жатыр,– деді Оралқан. – Сендерге сабақ болатын бір мәселені айтып қояйын: екінші жылдықтағы оқушылардың бір-

39


екеуі үкіметті алқайтын ӛлеңге қарсы шығыпты, сендердің араларыңда ондай сӛз болды ма? – Естімедік,– дей салды бірнешеу. Кәмен «Тілек» журналы, оған қандай шығарманың зәрулігі туралы сӛйлей жӛнелді сонан соң. Ӛзінің ең аңсаған тағамын атағандай жұтынып, «Жяң зұңсайынан» бастады да, «Жұңхуа Минго», «Санминжуийлеріне» тамсанып, олардың «данышпандығы» мен «ақиқаттылық», «құдіреттіліктерінің» бірін қалдырмай сӛйлеуге тырысты. Бұл лекциясы ӛзінше меңгерушінің сӛзінен де «дәмділеу» сӛйленіп тұрған тәрізді, сарғыш кӛзіне қан жүгіріп, екі езуінен кӛбік бұрқырады. Бірақ ол қаншалық кӛпіргенімен зер салған ешкім жоқ. Сабақтастардың кӛзі парталарының астына жайылған ӛз қағаздарында ғана еді. – Осылай жазыңдар, ұқтыңдар ма?!– деп сақ ете түскенде ғана басымыз кӛтерілді. – Ұқтық,– деді Серәлі, – жазып болған соң кӛресіз ғой. Қате болса баспай-ақ қоярсыздар, қиналмаңызшы Калаусы! Ӛзінің бүгінгі «ханзу тілі» сағатын осындай арсылдап тұрып жеп болды да, езуінің кӛбігін жалана жӛнелді ӛзі. Демалысқа шығып, класқа қайтып кірісімізбен танауы бұрынғыдан да ісініп қайта жетті. Бұл жолы бет терісінің сарғыш бояуынан ніл де жоқ. Сұп-сұр болып кірді.

40


– Журнал шығарып, бізге мақтатып алмақ қой дегендерің қайсыларың... Бағана, таңертең... тұрсын орнынан! Кӛпшілік жым-жырт тына қалды. Мұны айтқан Тілеуқан қыбырсыз отырып алды да, оны ешкім қузамай, «білмейміз», «естімеппіз» дей салды. Оны Кәменге кім айтып қойғанын сезе қойдым: жаңағы демалыста Сәбит атты «үнсіз күрең» аталған сабақтасымыз Кәменнің артынан қарағыштап қойып солай кеткен болатын. Сол «үнсізге» жасырын тіл біткені белгілі бола қалды; құлақ болуға тартылған екен. – Мақтанышты жазуға қарсы сӛйлеген кім, айтыңдар!– деп ақырып қалды Кәмен. Үнсіз бедірейген Ынтықбайдан бастап, арт жақта отыратын Оралқанға қарасам, жуан денесін партаның астына сиғыза алмағандай мыжырая тығылып күреңітіп алыпты. Оның қасында отырған Түгелбай түксие күңгірледі: – Ӛлігіңе отыройындар, сабақ оқытатын емес қой бұ! – Не дейсің ей қырғыз?! – деп түйілді оған Кәмен. Түгелбай тұрып әлгі сӛзін анықтап айтты да, жалғастыра түсті: – Біресе тӛбелеседі, біресе тілдеседі, біресе жалған пәле жабады бір-біріне, шӛйтіп отырғанда бірбіріне не дешіп қойғонын біз қайдан білеуіз!... Былай жазба, былай жаз деп енді сіз дәріс ӛткӛнді

41


қойдығыз, тігі біз оқибыз ба, оқыбайбыз ба, мұғалім?! Түгелбайдың бұл сӛзінен ӛтірік тӛбелестің ұшқынын тауып, мен түрегелдім де, сабақтастарыма атыла қарадым. «Үнсіз күрең» де «мӛлиіп» отыр еді. – Ей, кім еді солай сӛйлеген, біз естімегенді естіген – сендерсіңдер ғой тағы... Біреуімізге жала жауып, тағы сорлатқасыңдар ғой!– деп Ынтықбайға тӛнгенсідім. – Ашық айтыңдаршы! – Пәле жауып отырған тағы сен жылансыңдар,– деп Ынтықбай да атып тұрды. – Біз қашан естіппіз? – Бар ӛтірікті шығаратын сендерсіңдер! – деп Серәлі атып тұрғанда: – Кім айтыпты ӛтірікті? – деп қатарынан Шақан мен Салық кӛтерілді. – Найманнан басқа шағатын кім бар мұнда! Ӛш ауылдың итінше жаппай үріп тағы да «тіктесе» қалғанымызды бұл жолы Кәмен қолмақол пайдаланғысы келді. – Отырыңдар... отырыңдар!– деді зекіп. Қайта отыра қалған Шақанды тұрғызды орнынан. – Сен айт, «мақтатып алмақ қой» деген кім? – Ол ӛтірік,– деді Шақан, – айтыңызшы, сол ӛтірікті айтқан... егер найман болса, ӛңешін жұлып алайын! – Серәлі, тұр!... Кім айтты осы сӛзді?

42


– Керейдің біреуі айтқан болсашы, шіркін аяр ма едім мен сізден... естімедім! – Биғабіл, сен естідің бе кім айтқанын? – Естімедім,– дедім мен де қайта түрегеліп, – маңайым ондай сӛзден аман екені анық... Осыншалық пәлеге қалуымыздың себебін де түсінбедім. Бұл журналға ӛз шамамыз неге келсе сонымен кӛмектеспек едік. Үкіметтің үгіт қызметі болғандығы үшін үлес қосу ниетімізбен қиналып отыр едік. Жазу құқығы бізде, жарамай қалса, баспаға бермей қою құқығы сіздерде емес пе, анау бірдеме деп қойыпты, мынау жазып қойыпты дегендей сӛзбен тергей берсеңіз ешнәрсе жаза алмайды екенбіз калаусы! Үлес қосамыз деп үлкен шатаққа қосақталатын сияқтымыз. Біздің негізгі міндетіміз оқу ғана, тып-тыныш қана оқиық! Қойдық енді жазуды, айтыңыз осыны мектепке. – Жоқ, олай емес, олай емес, бұл тергеу емес, біреудің мәселесін анықтау ғана... жазыңдар, жазыңдар!... Ей, сен бері жүрші ей! – деп Кәмен сұқ қолын шошайта салды да Тілеуқанды ерте жӛнелді. Сабақтастар кӛрсетушінің кім екенін талқылап, ӛзара күбірлесе жӛнелгенде, Ынтықбай «білдің бе» деген пішінмен маған қарады. Бұқпа Сәбитті иегімен ымдап кӛрсетіп, партаны түйіп қалдым мен. Ынтықбай, Шақан, Салық үшеуі сыбырласып, орнынан Салық түрегелді. Ӛтіп бара

43


жатып Сәбиттің аяғына сүрінген болып жығылды да, қайта тұра сала жұдырықтап ала жӛнелді Сәбитті. Қара тақта алдына сүйреп апарып тепкілей берді. Жауын енді тапқан ашулы сабақтастар арашаласын ба, тұс-тұсынан кіжінді. – Ұр, ӛлгеніңді..., аяма! – деп бір жағынан ұмтылған Серәліні мен ұстап жібермей қойдым. – Енді аяқтан шаламысың? – Қашан шалдым? Ӛзің ғой... – Тілеуқанды да шалмадың ба, шақпадың ба! Міне шалмадың, міне!... міне!... шаламысың енді?... Енді шаламысың?... ша...ла...мысың?! – Ағатай-ай, ағата...й!... Шалмайын енді, шалмайын ағатай шалмайын! – Енді шағамысың деймін, шағамысың!... – Шақпайын!... шақпа...иын!... шақпайын енді!... – Ей, сабақтастар, енді мынаның жон терісін сылимын!... Айтқанымыз бар ғой! – деп Салық бұрышқа сүйрей жӛнелді. Оралқанды арашаға енді жібердік. Бойкүйез арашаға Салық бой берер емес, анда-санда бір мұрсат тапқан болып ұрып, жұлқынып кіжіне берді. – Мұның шалуынан тұмсығым бұзылса, тұмсық салып бермейсің банжаң, арашалама!... Міне, міне, әкеңнің аузын!... Араға түспе деймін банжаң, қоя бер!... Бұл сүмелек Тілеуқанды ӛлтірсе, сен тірілте

44


алмайтын болған соң былай тұр деймін!... Міне!... Шаламысың енді!... Шағамысың? – Ой, енді мұнан соң қойсын деймін ғой, ешкімді шақпасын, – деп бажалақтағансыды Оралқан, – енді тыныш жүреді, ешкімге қастық қылмайды деймін, ей енді тыныш жүремісің?!... Айтсаңшы ӛзің! – Айтайын, айтайын, тыныш жүремін ағатай!... енді... енді... – Ей мақлұқ, енді... қысып жүремісің?!– деп барып Ынтықбай түсті араға. – Қысайын!... Қысайын!... Кӛпшілік Салықты тоқтатып, Сәбитті талқыға сала жӛнелді де, шынын айтқызып, қашан, не деп шаққанын сӛйлетті. Тілеуқанның «нақақ» екеніне де мойындатты. Мұнан соң тәртіп бӛліміне барып жасырын шағым айтса, «ӛлетінін» де кесетті. – Егер енді шақсаң, осы кластан біреуміз тірі қалсақ сені ӛлтіреміз!– деп Түгелбай кӛрсетті жұдырығын. Осы кезде домалақша мұрны томпақ бетімен бірдей боп тегістелген Тілеуқан келіп кірді. Жылтыңдап тұратын қушыкеш кӛзі де ойнағанын енді қойғандай, «бүркеніп» алыпты. – Ӛлгісі келмеген адам «ӛтірікке» мойындай ма? – деп бұртиды сонда да. Бұртиғаны – күлгені екенін әрең таныдық. Ынтықбай Сәбитке соңғы ескертуін соны кӛрсете айтты да:

45


– Ішшу, ей кісім... ей Шақан!– деп шақырды. – Мына екеуін суханаға апарып, ыстық су алып берші, беттерін жусын! Үстілерін тазалауға кӛмектес! Мына сүмелек енді бүлк етсе, бүйрегін оямыз! Есепші Омарқан таяқ жеген екеуінің жүрісіне қарап күлді: – Екеуінің жеген таяғы тура пропорция1 болыпты! – Мұндай есепті дұрыс шығарудың әдісін енді толық түсінген шығармыз,– дедім мен кӛпшілікке ескерте. – Мұнан соң икстың2 орнын бәріміз іздей жүрелік, осы сабақ басқа кластарға да дұрыс оқытылса, миымыз кӛп ашымайтын болар еді! Кӛреген тергеушім, дүниеде ӛзіңізден бұрын нелер бұзықтықтың ӛткенін кӛріп, тісіңіз қышыған-ақ шығар. Олай болатыны – сондағы үкімет ісі сіздің алдыңызда «тӛмен сауат», «әдеттегі ғана» үйреншікті қызмет қой. Олардың қабілетсіздігіне сіздей шебер қайраткердің әрине жаны ашиды. Жұңхуа3 Миңгода4 адам желкесінен найза түсірмеуге міндеттелген үкімет емеспе еді. «Үкімет» деген – «үкім ет». Ал, үкімет үгітіне 1

Тура пропорция (математикалық атау) – теңдік қатынас. Икс – математикалшық таңба (х). Жасырын, жұмбақ санның белгісі. 3 Жұңхуа – орталық гүлжазира (ӛз ішінде Қытай мемлекеті осылай аталады). 4 Жұңхуа Миңго – Гоминдан құрған мемлекеттің аты (Қытай халық мемлекеті). 2

46


келгенде «қабілеті жоқ» болып, оған қарсы үгітке келгенде «тілі қышитын», «үкіметтің далдасына тұрып алып, ӛзін атқылайтын», тыңшыларын тыныштандырудың есебін «оқытатын» мендей қатерлі бұзықты дүниеде болар деп ойламаған да шығарсыз. Қылмыс түлегі жақсы тілектің астынан, міне, жыртқыш тұяқтарын сапсита ұшпады ма! ІІІ Нұрияның сенбілік сәлемі жексенбі таңын құйынша үйірді. Мұндай кезеңде гаңфанды аузым ғана емес, мұрным да асайтын болған. Сол бір албарынды «қызмет» үстінде Юсуф Қасымның қасыма отыра қалып айтқан қалжыңы да құлағыма естіле қойған жоқ. – Асығыспын!– деуге аузым әрең үлгерді. – Асықсаң жан қалтаңа салып ала кетпеймісің, бір қадыра гаңфан сияр!– деп жан қалтама қолын салды да санымнан түртіп қалып, ӛзінің тамақтанатын орнына кетті. Бір жапырақ қағаз салған екен. Кӛшеге шыға оқып аң-таң болып тұрып қалыппын: «таңертеңгі сағат оннан қалмай, саңырау кемпірдің үйіне жет, шайға шақырды!» депті. Юсуф Қасымның ӛз жазуы. Ал мен жатқан үйді мұның қайдан білгеніне аңырып едім. Артымнан Кәменнің келіп қалғанын кӛріп, қалталарымнан бірдеме іздеген болдым. – Неғып тұрсың?– деп ӛте берді Кәмен.

47


– Почтаға салатын хатым ұмытылып қалыпты. «Сары желім» жабысарлық жерін енді тапқандай қайрылып тұра қалды. – Хатты тәртіп бӛліміне кӛрсетпей, почтаға ӛз бетіңмен апарып салып жүрмісің?! – Жоқ, соны бас мұғалімге бермек едім, жатақханада ұмытып кетіппін,– деген сылтаумен қайта жӛнелдім мектеп қақпасына. Қапылыста жауаптан жаңылып, тергеуге бір түсетін қылмыс тапсам да, Кәменнің бақылауына түспеу үшін шегіндім. «Е – е... Әлмен келіп, сол үйде Юсуф Қасыммен де сӛйлескен болар!... Ол да тартылған екен ғой ұйымға, олай болмаса саңырау кемпірді қайдан білсін» деген оймен күдігім тиянақтаса да, кӛңілім тиянақтар емес. Жатақханаға кірмей бұрылып, қайта шықтым. «Япыр-ай, Нұрияшты тағы да кӛп күттіріп қоятын болдым-ау мына суықта! Бүгін ертерек баруымды кеше Күләнға қайта-қайта тапсырып қайтуына қарағанда асығыс жұмыс бар болғаны ғой!» Бірақ, қатері бар жұмысқа қатал тәртіп, кесімді уақыт зәру ғой. Әлменге ӛзі шақырған уақытында жетуім қажет болды. Кәменнің қарауылдауынан сақтану үшін ӛзен бойына түсе, тура тарттым. Жұқа қатқан ойдым-ойдым мұздың тұтасқан ӛткелі әрең табылды. Тәуекелмен жүгіріп келіп сырғанап едім, сыр етіп ӛте шығыппын.

48


Екпінмен келіп сырғанаудың мұзға кӛп жеңілдік беретінін талай рет кӛргенмін ғой. Бірақ, мұндай тәуекелшілік екпінінің екбетіңнен түсіріп, жылымға батыра салатыны да баршылық-ау. «Сақтан, Биғабіл ӛмірдің ең қатерлі кезеңіне ӛрлеп келесің! – дедім ӛзіме ӛзім күбірлеп. – Бірақ, қатерден қорқып қас жауыңа қарсы шықпау одан да қатерлі. Жеймін деп желкеңе мініп тұрғанда сақтанатын нең қалды! Атып тұр да алыса кет, күреспегенге күн жоқ, бұдан басқа жол бар ма?... Ӛзін жемесең ӛзіңді жейді. Ең зор қатер сол ғана!...» Айтулы үйге кіріп келсем, Әлмен емес, Гоминданның әскери сары киімін киген сары шашты, ақ сары біреу отыр! Алдына жаюлы қағазға қарап тұқырып алыпты. Аңыра қарап тұрып қалып едім: – Келіңіз,– деп орнынан атып тұра қолын ұсынды. Әлуетті, жалпақ алақанымен қолымды қатты қыса амандасты да қотыр үстелдің қарсы жағындағы арқалықсыз орындықты нұсқады. – Отырыңыз! Кӛз алмай қарап амандаса тұрып тани кеттім: Момынбай ауырғанда жатақханамызды дизенфекциялаған әскери ат дәрігері екен. «Ақылбай ертіп барған ғой сонда, бәсе кӛптен сырлас, істес екен-ау» деп мӛлшерледім. Ол танымаған адамдай сынай қарап отырды да байырғы қазақ тілімен жӛн сұрады.

49


– Атыңыз кім болады? – Биғабіл. Сыфан мектебінің оқушысымын... Ӛткен қыста Ақылбаймен бірге барып, біздің жатақхананы дизенфекциялап бергенсіз. Атыңызды білмесем де ӛзіңізді танып отырмын. Ӛзімнің Биғабіл екендігіме тез сендіру үшін осылай толығымен жауап қайырып едім. – Дұрыс, дұрыс,– деп басын изеді ол. – Жә, енді танысып қалдық. Менің атым – Репқат... мұнда не жұмыспен келдіңіз?– деп сұрай күлімсіреді. Бұл сақтығын ұната жауап қайырып мен де күлімсіредім: – Таныс үй еді. Шайға шақырыпты ғой. – Кімнен? – Юсуф Қасымнан. – Бұл үйде кіммен таныс едіңіз? – Осы үйдің ағайынды екі азаматымен де таныспын... Үлкенімен сабақтас та болғанмын. Ірі ақ тісті, қарасы бар ғой, білесіз бе? Ӛзін де сынай жауап қайыра келіп, Әлменнің атын ӛзіне сұрау етіп қойғаныма Репқат сүйіне күлді. – Дұрыс, Әлмен айтқандай сақтығың да бар болды... мен... соның елшісімін,– деді де, сымының жан қалтасынан бүктелген қағаз алып берді. – Алдымен мынаны оқып шығыңыз. Ұйғыр тілінде май баспамен басылған жарнама екен. «Шығыс Түркістандағы барлық мұсылман туысқандарға!» деп басталыпты. Енді айтылатыны

50


маған түсінікті сияқты. Екінші беттің аяқ жағына үңілдім. «Хақ дін жолында ӛлсек шәйіт, қалсақ қазы! Мұхаммед ғалайссаламның ақ туын биік кӛтеріп, жалпы аттанысқа келейік! Құралды, қабыл күш ұйымдастырып, дініміз бен халқымыздың қас жауы Гоминдан қытайларын қуып шығайық!» деп тоқтапты да, соңына «Әлиқан тӛре» деген қол қойылыпты. Сол есімге қарап отырып қалдым. Репқат үлкен кӛкшіл кӛзін кең ашып, маған қарап отыр екен. – Бұл кісі... кім?– деп бӛгеліп барып сұрадым. Репқаттың ақ сары жүзі сәл қызғылт тартқаны байқалды да кең маңдайлы жуан басын сол жақ иығына жыға изеп қалды. – Құлжалық ӛзбек дамолла!– деп жымия күлді ӛзі. – Бұл жарнама «Шығыс Түркістан тӛңкерістік комитеті» атынан неге шығарылмады екен? – Біздей оқығандарды ғана емес, жалпы халықты аттанысқа келтіру үшін алдымен дін басылары жағынан ояту керек болған. Біздің халық, әсіресе оңтүстік қазыр діннен басқа ешкімге сенбейді. Халықты толық қозғай алмасақ, жеңіліске, зор қырғынға ұшырауымыз сӛзсіз... Тӛңкерістік сипаты мен тактикасын сізге Әлмен ұқтырған шығар, солай ма?– деді ол. Мен басымды изеп, тӛмен қарай бердім. – Біздің саналы қауымның – Марксизмнен хабардар, алғабасар оқыған азаматтардың нысанасы бүкіл ханзу халқы емес,

51


Гоминдан мен гоминданшылар ғана ғой. Мұны бүкіл жаңаша оқығандар ертең-ақ түгелдей қолдайды. Тӛңкерістік үкіметтің бел буып істейтін негізгі қызметтері осылай болмай ма! Сондықтан, тізгінді кертартпа қара күштерге мүлде бермейтіндігімізге сенеміз, оған күмән жоқ!... – Бұған сіздердің соңдарыңыздан ілескен мен де күмәнданбаймын. Гоминдан салған ұлттық ӛшпенділіктің лаңынан құтылу үшін күресіп жүргенімізде Гоминданның ӛзінше істесек, бӛріден үйренген бӛрі ғана болып шығатындығымызды ескерсек болғаны! – Мынауың үлкен сӛз, мықты екенсің азаматым!... Ұлттық сатқындардан, тыңшылардан ӛте сақ болу керек. Ондайларды барынша шектеу амалын ойлай істейміз. Мұнан кейін сіз мені ғана танитын болыңыз, бірақ, менің атымды ешкімге айтпау жағы есте болсын! Хабарласып тұруды мен орайластырамын. Ұйымдасу, мүше тарту тәртібін Әлмен ұғындырған шығар? – Ұғындырған... алды-артындағы ӛзі байланысқан екі серігін ғана танитын әдіспен ұйымдасуды айтқан. – Шынжыр форымында ұйымдасу тәртібі..... қызмет бастадыңыз ба? – Ресми бастамадық, ой жағындағы дайындығымыз жақсы. Біздің мектепте ұйымдасудың шарты толық. Сіздің нұсқауды ғана

52


күтіп отырмыз. Маңайымыздың жағдайына үйлесіп жүргізуіміз керек қой. – Дұрыс!– деп Репқат басын иығына жыға қойды. – Енді кіріссеңіз болады. Ӛте сақтықпен істеңіз! Сыфан – біздің жауынгерлеріміздің мол орналасқан негізгі орындарының бірі. Қайталап айтайын, қатарға бір жауынгер тарту үшін, оның ӛзінің ең жақын адамын ғана салу керек, ӛзіңіз кӛрінбеуді ұмытпаңыз! Алдағы сәуірдің жарымына дейін ұйымдасу қызметі толығымен орындалсын! Оған тӛрт жарым ай ғана уақыт қалды ғой!... – Қозғалатын күніміз нақтылы белгіленді ме? – 17 сәуірдің кеші. Қалибек бастаған зор партизан отряды Қызыл ӛзен арқылы Еренқабырға бӛктерімен жетіп, Үрімжіні қоршауға алады. Біз – қаладағы барлық мұсылман оқушылары мен халық соған ұштаса іштен бір-ақ кӛтерілуге дайын тұруымыз шарт. – Құрал табыла ма? – Құрал мәселесі ойланылып қойылған, жетерлік табылады. Қай жерден, қалай алатындығымыз ӛз уақытында айтылады... Осы мығым денелі сары жігіт маған пілдей күшті кӛрініп, мызғымас сенім бітірді. – Рахмет ағай, енді уақытыңызды ала бермейін, ұқтым,– деп түрегелдім орнымнан. – Мына жарнамадан қанша керек сізге?

53


– Біздің мектепке ме?– деп ойлана кідірдім. – Бізге Әлиқан тӛренің бұл үгіті кӛп керек емес сияқты, Гоминданның ӛз мылтығының ұшымен, ақсиған тісімен, ұлтшылдық мұратының күшімен-ақ ұқтыра үгіттеп болған, маған екі нұсқасы ғана керек. Соның ӛзі жылжып жүріп бәрімізге жетеді! Репқат қарқылдай күлді. Күлкісі де тым нанымды екен. – Олай демеңіз,– деді сонан соң, – Мұхамметтің орнатқан дін сеніміндей жалпыласқан сенім біздің жұртшылықта әлі жоқ. Сізге материялизмшіл – марксшыл болып кӛрініп жүргендердің кӛбі-ақ ішінен күбірлеп, иманын үйіре жүреді. Бұл жарнама қазіргі күнде сондайларға да қызмет істей алады. Бұл сӛзі шындық екеніне мойындасам да, жарнамадан кӛп алғым келмеді. – Кӛп болса иісшілдердің қолына түсіп, бізді әлекке салады, біреу де болса халыққа молырақ тарағаны қатерсіз ғой. Осы екеуін бар сабақтасқа жеткізе аламын!... Сӛйтіп, екі нұсқа ғана алып шықтым. Ойқастай жортып келіп, ӛткен жазда Нұрия екеуміз сӛйлескен тар кӛшеге ілініп едім. Содан шыға келгенімде әйелдер институтының қақпасы оңтүстікке қиыс қарап ашық тұр екен. Дәл қарсымда ӛлкелік үкімет үйінің алдындағы қары күрелмеген ызғарлы алаң түскі ашық күнмен

54


жарқырап-жарқылдап ӛтірік күліп жатқандай кӛрінді маған. Аржақ шетіндегі мылтықты қақпадан шашқан удай зәрлі суық жел гулейді. Ықшам ғана қара дырап пальтосы кӛзіме оттай басылып, үлкен тӛрт кӛше жақтан Нұрия шыға келді. Сәлден соң, алаңды кесе, мектебіне тӛтелей жӛнелді. Тым асығыс сияқты, қоңыр түбіт салысымен аузын тұмшалап алыпты. Оң жақ бүйіріндегі уағдалы кӛше аузында тұрған маған бір де қарап қоймай тыпыңдаған суыт жүрісі менің кӛп күттіруіме ӛкпелегенін немесе келуімнен үміт үзгенін танытқандай. Айғай салғым келді. Ерсілі-қарсылы ӛтіп жатқан кӛп адамды жалт қаратып айғайлаудан тиыла қойып, ұмтылып едім, Нұрияның соңынан қуып келе жатқан сары киімді Кәмен кӛрінді. Нұрияның қарамай зытуының себебі сол екен, мен де жалт беріп, тар кӛше мүйісіне далдаландым. Жұрт кӛзінше жүгіре қашудан ұялып, бар жүрісімен лыпылдаған ұсақ қадамды қызды орғи қуған ожар адым құтқарсын ба, он адымдай қалғанда ыршып барып қолтығынан іле түсті Кәмен. Серпіліп шыққан Нұрия қайрылып тұра қалды. Амандасқанси созған арсыз қолдан шегіне беріп еді, Кәмен қос арсызын қосарлай созып барып, бір қолына жабыса түсті. Тұтқындалған қолын шығара алмағандай тартысып біраз тұрған Нұрия, енді бір сәтте босай қалған қолын ӛзі қайта

55


ұсынғандай кӛрінді маған. Сүйікті қыздың сүйріктей саусақтарынан енді Кәмен безінгендей жалт беріп жүріп кетіп еді, Нұрия қуып жетіп және созды қолын. Кәмен Нұрияның қолын қағып тастап тұра жӛнелді. Аяулымның қолын зорлықпен бір ұстап қана жадырап кеткендей мына кӛрініске күлдім мен. Кәмен зорлап хат ұстатып қашып, Нұрия сонысын қайтарып беру үшін қуғанын сезіп тұрмын. Кәмен қайрылмай жӛнелгенде, Нұрия оның артынан қорқытарлық бір сӛз айтып қайтқанын Кәменнің алыстай бере жалтақтап тұрып қалуынан байқадым. Нұрия жан-жағына да, мен жаққа да қарай-қарай кірді қақпасына. Мен кӛрінбеуге тырысып, мүйістен жартылай сығалап қана тұрдым. Оның үстіне, қыс бойы түспеген малақайымның құлағын да түсіріп, алыстан ешқайсысы тани алмайтындай кептеп кигенмін. Алаңнан алыстаңқырап барып қайрылып тұрып қалған Кәмен, не себептен екені белгісіз, қолын сілкіп тастай жӛнелді бір кезде. Тӛрт кӛшеден Яңхаң кӛшесіне бұрылып, қарасы әбден ӛшкен соң ғана жүрдім. Мектеп қақпасына жақындағанымда Нұрия терезесінен кӛрген сияқты, мақталы мешпетін киіп шыға келді. – По, осынша неге...– деп соңын айтпай бұртия қарады да, ӛкпелегендей түйілген болып, кӛзін бір тӛңкеріп тастады. Түйілгені де тым ыстық кӛрінді

56


маған, жүзінен жүрегі кӛрінгендей, сүйістің жалынды емеуріні ернінен жалт ете түсті. – Кешір Нұрым, осымен үш рет ұзақ күттірдім сені!... Бұл жолы үлкен себеппен кешіктім. Жадырай күлімсіреп, ілесе берді ыңғайыма. Кӛзі тӛрт кӛше жақты кӛп шолды, Кәмен әлі аңдып тұрғандай сезілетін сияқты. Жаңағы мен жасырынған тар кӛше аузында кідіріп, тағы біраз қарауылдады да, артымнан жете сұрады: – Кәменді кӛрдің бе? – Кӛрдім,– дей салдым, – мен осы кӛшемен келдім. – Сен кешіккен соң, жолыңды тосып жүре беріппін. Яңхаңға шыға бергенімде Кәменді кӛріп, қайта қайтып едім. Алыстан қалай танып қойғанын білмеймін, қуып жетіп осы жаңа ғана хат беріп кетті маған. Лақтырып тастайын деп едім, маңайымнан ӛтіп жатқан адам кӛп болған соң ұялдым. «Ӛзің қайтарып алмасаң, оқушыларыңның біреуінен жіберемін, масқарасы ӛзіңді табады» деп қайттым. Кәменнің кейінгі қайрылып тұрып қалуы Нұрияның осы сӛзінен екені түсінікті болды. – Хатын алаңда лақтырмағаным жақсы болыпты, – деп жалғастырды Нұрия сӛзін. – Мен қорқатын сӛйлемдер бар екен. Мә, оқып шық та сен апарғаныңды айтпайтын біреу арқылы ӛзіне

57


жеткізе сал!... Ӛзің енді қатты сақтан, жаным, – деп қалып, соңғы сӛзінен ӛзі ұялғандай, жүзі қызарыңқы тартты да тұқыр сӛйледі. – Жеңгемнің жазған хатына қарағанда Қабен аға қолға түскен сияқты... Мен тұра қалдым. – Не деп жазыпты?! – «Менің қауіптенуім дұрысқа шықты, ағаң ауруханаға түсті. Бірақ, сенің айтқаныңдай... «дәрігерлер» құтқармай қоймайтынын айтып жүр. Менің де үмітім толықтанды» деген сӛзіне қуандым. Жеңгемнің тым қорқақ екенін де айтып едім ғой ӛзіңе, мұндай адамның толық үмітті болуы халықтың күшейгендігі шығар? – Дұрыс, ӛзің мен туралы неге қауіптенесің? – Ыңғай жаман түс кӛретін болдым,– деп және тұқыра түсті Нұрия, – маған қарамай алыстан кӛрінетін болдың. Алдыңғы күнгі түсімде суға түсіп кеттің... шошып ояндым. – Түске сенемісің? – Сенбей... жаман түстің келетіні кӛп қой! – Ояуыңда ойлағаның басқа бір сипатпен түске кіре береді, жаным. Сенбей-ақ қой оған! – Саған айтайын деген тағы бір ісім бар: ӛткен жексенбіден бері шешемнен екі рет хат келді. «Тез қайтып кел» дейді маған. Едел-жедел хат жазып, сонша шұғыл шақыруынан ауырып қалды ма дейін десем аманшылығын жақсы баяндапты.

58


Үлкен кӛтеріліс болса менен айрылып қалармын деп қауіптенетін сияқты. Жауабын қалай жазайын? Мен Үрімжі кӛтерілісінің мезетін ойлап, қатерлі кезеңде Нұрияның ӛз үйіне қайтып тұра тұруын жӛн кӛрдім. – Ол кісінің солай қауіптенуі де дұрыс шығар. Тез қайт десе... қайта тұрсаң болмай ма? – Сені... сенші?! – Амандық болса ӛзім-ақ таппаймын ба, ант аттамайтындығымызға сенім толық қой! – Үйге қайтып барып алсам... ол антты біз бұзбағанымызбен басқалар бұзар деп қорқам. – Қалайша? – Айтып едім ғой ӛзіңе, мені шешемнен сұрап жүргендер кӛп болатын. Ала топалаң бола қалса... Үйде әкем болмаған соң зорлап алып қашудан тайынбайтындар бар... Қорған боларлық Қабен аға да түрмеде жатыр... Әлде... жаңа жыл да келіп қалды ғой, қыстық демалыста барып қана қайтсам, қалай?... Сені де, мектептің қатерсіздігін де түсіндіріп қайтсам, шешем менен алаңсыз болар еді. Маған Нұрияның сол «барып қайтуы» да қатерлі кӛрінді. Жауапсыз ойланып қалдым. Нұрия менің бұл бӛгелісімнен елең ете түсті. – Жаңа, «үлкен себеппен кешіктім» деп едің ғой, соны айтшы алдымен.

59


– Иә,... кӛше аузына келіп қалыппыз, қайта жүрейік!... «Шығыс Түркістан» ұйымы Үрімжіде де құрылыпты. Таңертең мені соған шақырып әкеткен. Мұны естігенде жаңағы менше Нұрия да кілт тұрып қалды. Жүзі нарт жанып, аңыра қарады маған. – Қабен ағаша қолға түсіп кетесің-ау! – Олай болмайды, Нұрияш... кете қоймаспын, біздің ұйымдасу тәртібіміз ӛте берік. – Қалай? – Мені ұйымға ӛзім тартқан ең сенімді бір адам ғана білетін болады,– деп бастап, ұйым жайында білетінімді қысқаша түгел айта салдым. – Үйге барып қайтуды да қойдым енді,– деп Нұрия білегімді кӛкірегіме баса қолтықтап ілбіді. – Неге? – Қатерлі кезде сені жалғыз тастап кете алмаймын! Мен де қатынасамын. Сен мені ғана тарт осы ұйымға, тартуға тиісті адамың нешеу болса да мен орындайын, ӛзім ғана кӛрінейін оларға! Сонда ғана қамсыз болармын! Аса адалдықтан аңғалдық туылатыны бар ғой, қатерлі істегі, әсіресе, тӛңкерістік жұмыстағы аңғалдық ақымақтықтан да асып түспей ме. Ұйым жайын Нұрияға түгел айта салуым осылай сезілді ӛзіме. Кіршіксіз махаббат иесі ӛз аяулысына апат тӛндірмейтіні анық. Бірақ, аяушылықтан ӛз

60


басына апат тӛндіру де бар. «Ӛзі қайғылы жанның кӛкірегін қасыретпен қаритын болдым-ау енді! – деп ӛкіндім аңғалдық еткеніме. – Ең шыдамды болғанда да маған алаңдап, ұйқысыздықтан солмас па... шыңап, қайрап тұру керек болды ғой енді!» Жаутаңдай қарап жауап күткен кӛзіне мысқылдағандай қарап сӛйледім. – Күресте туған күшті нұр болар деп жүрсем, үйде терезе алдында ғана ӛскен, әлсіз-әйеншек гүл ме едің, Нұрияш? – Не бопты?! – Қабеннің ісіне алаңдаған жеңгеңді «қорқақ» деп мінеуші едің ғой, енді сондай іске қатнасқанымды айтқанда ӛзің не боп келесің?... Кӛрген түсіңнен де қорқады екенсің. Сыңғырлай күлді Нұрия. – Жоқ, әлгі талабымның мәнісін түсінбей қалыпсың... Әйел ісіне үкімет жеңілірек қарайды, осы іспен сендер қолға түссеңдер атып тастауы мүмкін. – Әйел үгітіне үкіметке қарсы азаматтар да жеңіл қарайды. Ӛзің танитын екі-үш қызға сыбырлаудан басқа ештеңе істей алмай қолға түсуің тіпті мүмкін!– деп «күміс қоңырауымды» тағы бір сыңғырлатып едім. Бірақ, бұл сыңғырының соңы сынға ойысып, күбірлеп тұқырды:

61


– Мені тым қор санайтыныңды біліп қойдым... Қыздар ғана ма екен?... Сені ешкімге кӛрсетпей Ынтықбайлар арқылы бар сабақтасыңды бірбіріне жалғастыра қояр едім! – Қор санауым емес Нұрияш, қорғаштауым. Ӛзің де мені қорғаймын деп қорлап алғаныңды сезбей қалдың! – Қалай? – Ел-жұрты үшін құрбандыққа шыдау ғана азаматтық атқа лайық іс. Сен мені ол аттан жұрдай етіп, ӛзің аттанбақсың!... Сен ұйымдастырмақ болған Ынтықбайлар әлдеқашан ӛздіктерінен ұйысып болған. Менің міндетім – ӛздігінен, ешқандай қатерсіз-ақ орындап қалған міндет. От жағады деп отқа түсетіндей қорықсаң, қорлағандық болмай ма? – Ал қойдым ендеше!... Жалғыз-ақ... сенімен бірге кӛрмесем... кӛңілім тыншымайтын сияқты, менің де бір себім тиіп қалар, қатынасайыншы! – Мақұл, бірақ, менімен ақылдаспай ештеңе істемейсің, ақылдаспай қатарға ешкімді тартпайсың! – Мақұл! – Алдымен жағдайды әркімнен сұрастырып біліп, қатерсіз болса демалыс кезінде апаңды тыныштандырып қайтсаң қалай?... Алтай ахуалын, Қабендердің жайын біле келесің!

62


– Мақұл, бірақ, онда үш күннен артық тұрмаймын!... Репқаттан алып шыққан жарнаманың біреуін Нұрияға оқытып, бұл тӛңкерістің «сӛзсіз» жеңетіндігін толық түсіндіріп қайттым. Кӛңілі орныққандай болып қалды. Кәменнің Нұрияға жазған хаты кӛше бойы ойландырды мені. Бастабында ӛліп-ӛшкендей құштарлығын баяндай келіп, епті сӛзбен қорқытуға кӛшіпті – әкесі үкіметке ежелгі жау қатарында түрмеден шыға алмай жатқанда, ағалары одан да асып түсіп Жұңхуа Мингоға қарсы шыққанын, «банды» болып кеткенін жазыпты. «Осы жайыңның ӛзі ғана жеткізілсе мектептен қуылар едің. Ӛзіңнің де кей кезде ерекше киініп, жүзіңді ӛзгертіп, мұрт жасап шығатыныңды менен басқа біреу білсе, қандай халге түсер едің, ойлап кӛрші! Ғашықтығым ғана саған қорғаныш болып келе жатпай ма? Әлде де айтарым, ӛзіңдегі сол үмітімді жандырсаң екен!... Ӛзіңді де, әкеңді де, сонымен бірге мені де аясаңшы, Нұрия жан!... Зарығып жатқан әкеңе кепіл болып, жарық дүниеге шығарар едім ғой! Егер шешең мен туысқандарыңның қасында болғың келсе, ӛзіңмен бірге кетер едім ғой!» деген сӛзі Нұриядан басқа қызды ойлантар еді. Сақшының ішкі жағынан осындай кепілі бар әкені қазіргі У Жуңшин үкіметінің шығара салуы оп-

63


оңай ғой! Бірер ауыз жылы жауап қайтарып, Кәменді алдай салса, түрмеде сарсаң болып жатқан сол әке шыға келгендей екен. «Нұрияның қорқуды былай қойып, титтей илікпей, бейхабарсып тұрған маған сол хатты бере салуы – неткен беріктік, неткен бір беттілік!... Ӛзіне зор қасірет орнатып жүрген әке тағдырын да екінші орынға қойыпты ғой! Махаббаттың осындай жансебіл пірісін, ыстыққа да, суыққа да шыдамайтын әлсіз-әйеншек үй гүліне қалай теңерсің?»– осылай жанып қайттым жар қасынан. Кәменнің бұл хатын басқа біреу арқылы қайтарып бермей-ақ, сол тыңшының ӛзін іштен бүре түсетін құралға айналдыруға болатынын да ойлап келемін. Әділетті тергеушім, терімнен қырынды шел тілеп отырғаныңызда «Шығыс Түркістан» ұйымы жӛнінен қос тегенедей құйрық асата қойғанымды түйсініп, кӛзіңіз шырадай жанған шығар! Мұндай қылмыс фактысы арқылы мені қай саққа жүгіртіп, қай сотқа тартқызсаңыз да тӛрт аяғы байланған семіз ӛгізіңіз бола қалмадым ба? Шпионның ішінен мұжитын құрал боларлық хат жайындағы кесек қылмыспен тандырыңызды тағы да жібіте түсермін деп сенемін! IV

64


Гоминданның Шинжяңға арнаған саясатын алғашында Жушауляң әкелсе де, азулы әскери қолбасшы сахнадағы рӛлді толық атқара алмай, тез танылып қойған. «Аппастың» қанды қырғыны жетесіне жеткен құсалы халық «жаппас» келген соң буырқана түспесін бе? Сол тасқынды тыныштандыру үшін Жяң Жиеші ӛзінің ең «ӛнерлі» артисі У Жұңшинді ӛткен күз басында жіберіп еді. У Жұңшин жетілген улы тырнағын ішіне бүгіп, халық халіне қайғырғанси жетті. Ежелден ел сатып, халық жеп әдеттенген шұбар тӛс ақсақалдардың аузына бұл мен шәйді топ-тобымен тықпалауға кірісті. Мұның аты «халықтан хал сұрау» еді. «Қан ішер Шың Шысай қамап кеткен адамдарыңды түгел азат етеміз» дейтін сӛзбен бұл да аузын кӛпіртіп алды да, ӛзіне қызмет кӛрсетер деп сенген қытай тілділердің екі-үшеуін ғана түрмеден шығара қойды. «Жастар Жұңхуа Мингоның кең құшағында еркін жасайды» деп алып, артына қайырып тұрған қолымен мектеп оқушыларының ӛз үйлеріне жазған хатын да тексеріп тұруды бұйырды... Таңертең кӛшеге шығып бара жатқанымда Кәменнің хат жӛніндегі тергеуіне ілінуім осы «еркіндік» саясатты ескермей жауап беруімнен еді. Кәменнің алдына түсіп, аңдуына қалмаудың

65


сылтауын тауып «жатақханада қалыпты» деген сол хатты қайтып келе сала жаздым да конвертке сала қойдым. Енді бас мұғалімге тапсырып бере қояйын деген оймен жүгіріп жеткенімше алдымнан Кәмен шыға келді де, арсылдап тұра қалды: – Ей, сенің әлгі таңертеңгі хатың қайда? Почтаға ӛз бетіңмен.. ешкімге кӛрсетпей ӛз бетіңмен салып жіберіпсің ғой! – Олай емес шығар, Калаусы! Олай емес?!... – Солай болған, Кәзенге тапсырмапсың! – Таба алмай қойғанмын, жаңа таптым Калаусы! – Қане?! – Міне!... Кәмен ашық конверттен хатты суырып алып қарап жіберді де: – І... міне солай!... жүр бері!– деп ерте жӛнелді тәртіп бӛліміне. – Калаусы, Калаусы!... Әр кластың ӛз бас мұғалімі тексеруші еді ғой? – Енді мына мен тергеймін! Осы мектептегі қазақша хат бүгіннен бастап түгелімен менің қолыма ӛтті, біліп қой! Бұл мәнсаптың бағана алаңнан қайтысымен тәртіп меңгерушіге келіп менің хат жайындағы сӛзімді жеткізу арқылы жеткен биігі екенін түсіне қалдым. Тәртіп бӛліміне қарасты бір кішкене

66


бӛлмедегі жалғыз орындыққа отыра қалып, тергей жӛнелді: – Таңертеңгі хат қайда? – Осы! – Неге мұншалық қысқа жазылған?... Асығыс сүйкей салғансың! – Үйге үнемі осылай қысқаша амандық айта саламын. – Мені бұл сӛзбен ақымақ қыла алмайсың, шыныңды айт! – Ал, шыным сізше қалай?– деп тігіле қарадым. – Таңертеңгі хатты жӛнелтіп жібергенсің де, мені алдау үшін асығып, осыны жаза салғансың, міне осылай! – Ендеше жексенбі ғой, бүгін жүрген жоқ. Барыңыз да, почтаханадан тауып әкеліп, мені жазалай беріңіз! Кәмен ақырып қалды. – Қай почтаға салғаныңды ӛзің білесің, тап ӛзің! Менің де ақыраңдай жауап қайыратын жӛнім табылып еді, алдағы міндетімді ескеріп егестірмегім келді де бәсең үнмен сӛйледім: – Калаусы, осыдан басқа жазған хатым жоқ, сондықтан іздемеймін. Сенбесеңіз іздейтін міндет сіздікі. Бас почтаға менің атым мен адресімді айтып телефон берсеңіз, бар болса сізге қайтарып бере салуы сӛзсіз. Ал сӛзсіз іске ендігі сӛз керексіз! – деп шығып жүре бердім.

67


Сары жүзі қызғылт тартып, тығыла қалды Кәмен. – Кӛрерміз әлі керекті-керексізін! Бұл ит кейін тағы да тақымдай қалса арашашы болсын деген оймен осы жауабымды Кәзенге баяндап шықтым. – Мұнысы болмапты!– деп қалды Кәзен. Ызаланғандағы дағдысынша, бет ұшы алмадай қызара қалды.... Кәзеннің алдынан шығысыммен-ақ «Шығыс Түркістан» жӛніндегі істі бұрыннан сырласып жүрген Қуатқа толық сӛйлеп беріп едім, жарнаманы іңірдегі сабақ пысықтау уақытында ептеп оқып шықты да, жуан басын сипалай берді. – Болады, тәуекел,– деді жатақханаға қайтып бара жатқанымызда, – енді осы жарнаманың екі нұсқасы да менде болсын, осы қазір-ақ жылжытып жіберейін. Мектептегі тыңшы емес сабақтастардың барлығы оқып болған соң ӛзімізге қайтып келетін амал қолданамын! – Қалай қайтады бізге? – Әрбір сабақтас ӛзі алған адамына қайта тапсырып бере берсе, қайтып маған келмей ме? Ӛзім берген адамға «тауып алдым» деп қана қоямын... Ал, шырағым, ұйымға ресми тарту мәселесін осы жарнаманы бәріне оқытып болған соң байқап жүргізелік. Ӛздігінен сыбанып шығушылар кӛріне қалар да, ұйтқы күшімізге

68


айналар. Мұндайлар ӛздігінен келіп, сенімді ақылдасады, кӛресің әлі! – Ол да мүмкін... Бірақ, оқитын адам аса сақтанып оқысын... Жау қолына түсіріп алмауды мықтап тапсырып берсін бір-біріне. Егер біреуінен оқыс кетсе, ӛзі ғана дәретханадан тауып алған болсын... «Екі молламыз» сӛйтіп ел аралап жүре берді. Біреуі екінші жылдық кластағы бір досына, және бірі сол кеште Ынтықбайдың «ауылына» қонғанын білдім. Ынтықбай ертеңіне таңертең менен ақырын ғана сыбырлап сұрады: – Бір қызық хат тауып алыпты біреу, оқыдың ба? – Оқымадым, не хат екен ол? Оқымасаң қайта тауып бір кӛрсетейін саған, сонан соң әңгімелесерміз. Сағат ара демалыс кезінде осылай екі-екіден ғана күбірлесулер кӛбейе берді. Біздің кластағы үнсіз күрең Сәбиттен басқасы түске шейін түгел-ақ оқып болған сияқты, жайнаң-жайнаң қағады, бірбіріне қарап. «Басқалардың бәрі оқып болғанда бұл оқымай қалсын ба» дегендей, Тілеуқан қу маған жылтың-жылтың қарай берді... Түстен кейін бірінші сағаттағы мемлекет тілі сабағына Кәмен кіріп келгенде тәртіп бойынша орнынан тұрып әдеп кӛрсетудің орнына кӛбі шалқалай қалысты. – Не болды сендерге, әдеп қайда? ... неменесіңдер сендер? – деп зекіді «Калаусы». Ешқайсысы үн

69


қатпай қойған соң, «саяси лекциясын» тағы бастай беріп еді. Әлгі алға қарап шалқалақтағандар, енді артқа қарап отырып алды. Істің насырға шауып бара жатқанын байқап отырған Қуат пен Ынтықбай маған қарай берді. Бұл үшеуімізден сырт Оралқан мен Сәбит қана оң қарап отыр екен. – Бері қарап отырыңдар, тәртіп қайда?– деп ақырды Кәмен. Ешкімнен үн шықпады. Калаусының топырақ сары жүзі бір ағарып, бір қызарды. – Ей, сиырлар, тұрыңдар орындарыңнан. Оқығыларың келмесе шығып кетіңдер! Ешкімнен жауап ала алмаған соң Калаусының мысы құрыды білем, класс бастығын тұрғызды. – Оралқан!... Мына иттерің не дейді, айтшы маған! Партаның қыспағынан қарнын күшене суырып әрең шығарған Оралқан бір күрсініп алып, мырс ете түсті: – Білмеймін, мұғалім!... Оқу бітіретін жылымыз келіп қалды ғой, биыл ханзу тілі сабағын оқи алмай қалдық. Соған ӛкпелеп отырған шығар? – Ендеше бұл пікірлеріңді дұрыс айтпай, шошқаша неге күржиесіңдер?.. Кімге арқаланасыңдар осы, соны айтшы! Сендерді құтыртқан кім?! – Шошқа дегенге Оралқан да шамданғандай, партасына қарнын қайта нығарлап жіберіп, отыра кетті. – Ей, сен тұр!– деп Калаусы мені нұсқады. – Кімге арқаланасыңдар осы, сен айтшы!

70


Мен «кӛзге түспеу» үшін ғана әрең шыдап отыр едім. Әрең түрегеліп, жуас жауапты әрең-пәрең таптым. – Арқаланатын ешкімім болмаған соң сізге қарап отырмын ғой Калаусы, кӛріңізші, міне,– деп орындықты бӛксемен қойып қалғанымда теріс қарап отырғандар мырс-мырс күліп жіберді. Кәменнің «күржиесіңдер» деген сӛзі шыққалы қатты күржиіп, бұқаша сүзе қарап отырған Ынтықбайдан басқасы түгел күліп еді. Бұл сойқан істі бастаушы кім екенін айыра алмай тұрған Кәмен осы күлкіні пайдаланып екінші қырына ала қойды. – Ондай талаптарың болса, дұрыс қарап отырыпақ айтсаңдар болмай ма?... Ал, бері қарап отырыңдар, мемлекет тілі сабағын бастадық! Кӛпшілік мұнысына мизей қоймап еді, ендігі қыр кӛрсетудің қисыны табылмай қаларын байқаған Қуат кірісті сӛзге. – Сабақ бастайық деді ғой, сабақтастар, оң қарап отыралық. Кӛпшілік бір-бірлеп оңына келе бастады... Ендігі қыңыратқудың қисынын таба алмай отырғанымызда қолтыққа түртудің қисынын Калаусының ӛзі тапты. Ханзу тілі сабағын «Жұңхуа, Жұңхуа, о, Жұңхуа» деп бастады. Мұнысы әлдеқашаннан жатталып болған, Гоминдан оқулығы алғаш келгенде-ақ ӛтілген

71


сабақ еді. Соны ханзуша бір-бір сӛйлемнен ӛршелене оқып, қайта-қайта айтқызды. Кеудесін асқақси керіп, үстемдігіне масаттанған кейіппен қасақана нығарлап оқиды, ӛз ішінен: «менің арқаланатыным – үстіңдегі осы Жұңхуа Минго» деп тізерлегендей бізді. «Жұңхуа, Жұңхуа, а, Жұңхуа, Бес мың жылдық тарихы бар Ұлы Жұңхуа! Бес жүз миллион халқы бар алып Жұңхуа! Теңдессіз парасатты дана Жұңхуа, Теңдессіз құдіретті батыр Жұңхуа!...» Кәмен соны шалқалап оқып, кеспелтек танауы қоңқия түсті де, оқушылары сырт айналып тоңқия түсті. Сол танауға қаратқан арқа қайтадан кӛбейді сӛйтіп. Ұстазының танауын қоңқитқан Гоминданның уы еді де, оқушыларының арқасын қампитқан молла жарнамасының буы еді. «Калаусы» оқулықтың үстінен оқушыларын сығалай аңдып оқып тұрды, мен қабағымның астынан қалт жібермей барлай қарап отырмын. Екеуміздің де білмегіміз – осы сайысты бастаушы мықтылар. Калаусы оларды соғу үшін іздеп тұр да, мен оларды сылтаумен құралдандырып, осы тыңшының ӛзін соқтыру үшін іздеп отырмын. Сол сабақтың әр жолын үш реттен қайталап, үш рет айтқызып шыққан Кәмен енді қызыл сияға малынған бормен қара тақтаға жазды:

72


– Бұл осы кітаптың ішіндегі ең жақсы сабақ, жаттап алуларың қажет... Тағы да еріп оқыңдар,– деді сонан соң, мен жаңағыдай бір сӛйлемнен оқығанда, сендер одан екі есе жоғары дауыспен қайталап оқисыңдар. Сонда тез жатталады. Ал, оқыдық! Калаусы бізге қадағалай қарап тұрып, алғашқы сӛйлемін қайта бастап оқығанда бесеуімізден басқа ешкімнен үн шықпады. – Бері қарап отырыңдар!– деп ақырып қалған Кәмен кеңірдекше түтіктеріне зақым келтіргендей, алқымын сипалап біраз тұрды да, тамағын қырына түсіп қырылдай сӛйледі, ей, жойыттар, бұл сабаққа теріс қарағандарың оңбағандықтарыңды ескеріңдер!... Маған ғана емес, Жұңхуа Мингоға қарсылықтарыңды кӛрсетеді! Бері қарап оқисыңдар ма, жоқ па?! – Оқымаймыз сенен!– деп екі жерден екеу күбірлеп еді. Сол сӛзді бәрі бір-ақ кӛтерді. – Кет!... Кет алдымыздан! Шық кластан! Алғашқы шыққан баяу күбірлер – Серәлі мен Салықтың үні еді. Кәмен олардың кім екенін біле алмай алақ-жұлақ қарағанша, соңғы қатал зекулер тасқындай лап ете түсіп, ӛзін іліп әкеткендей, борды лақтырып тастап, шыға жӛнелді. – Тым асығыс іс қылдыңдар-ау, шырақтар,– деп Қуат басын сипап, жан-жағына қарай берді.

73


– Жә, сендер неғып қалтырай қалдыңдар? – деп Салық қызарақтады. – Жандарыңды алса, Құдай алмай ма, Кәмен алушы ма еді? – Бұл атаңның аузын... не істемеді уызге? – деп Түгелбай гүж ете түсті. – Жақшы кӛрінейін дейтін ағайындар соның гүнжарасын жалай берсін, біз кӛрдік осының күшін! Шақан партаны қойып жібергенде бәріміз жалт қарадық. Үндемес Сәбитке құжырая қалған екен: – Мұнан кейін осыған жағайымсып, сӛз тасып кӛріңдерші қане? – Енжар болмай бәріміз түгел теріс қарап алсақ, жаңағысын да оқыта алмай, мазақ қыла алмай кететін еді! – деген Серәліге жауап қайтарған болып, бәріне ескерте сӛйледім мен: – Жоқ, бұл оның кетуі емес, мықтап келу үшін кеткені. Қазір клас бойынша тергеуге алынамыз. Сойқан шығарған бәрімізді жазалай, алмай басшы деп бір-екі сорлыны ғана тықыратын әдеті бар емес пе еді. Бізді енжар екен деп ойламай, соны ойлаңдар! Бізге мемлекет тілін оқытпай қойды ғой, Жұңхуа Мингоның ханзу тілді жақсы азаматы болып шықсақ, Кәменге не зияны тиер еді?... Оның жеңілер жері осы сұрауда. Біз бүгін қатты талап еткенде оқытып тұрғаны мынау, былтыр ӛтілген сабақ қой!... Біреу келіп тергей қалса, осылай... жалпылай жаудырып... тең жауап береміз. Енжар емес, бәріміздің талабымыз осы!

74


Ӛз пікірімді Сәбиттен сәл кӛлегейлеп, осылай сӛйлеп тоқтап едім. Кӛпшілік дұрыстап, жауап даярлауға кірісті. Есік жақты ымдауым бойынша қарауылдап-сығалап тұрған Әмірқан зып етіп келіп орнына отыра қалды бір кезде. – Келді, келді, ғылыми меңгерушіні ертіп келді! Кетеген түйе бастанып кекжиген, ұзын бойлы, жуан танау қара келіп кірді. Мектебіміздің ғылыми меңгерушісі болып Чұңчиңнен келгеніне жыл ӛтсе де, бұл жылтыр қара шаштының біздің класқа кіргені осы-ақ еді. Сорайған ұзын мойнын кекшите жүретіндігі, орсақ тісі кӛтеріп, салпитып тұратын қалың ерні түйені бейнелегендей, бір бейуазы осы болар деп ойлайтынмын. Алдымыздағы үстелге келе салпиып, қаңбаққа қараған түйеше әрқайсынымызға үңіле қарап алды да, артынан еріп келіп қатар тұра қалған Кәменге ым қақты, «аудар» дегені екен: – Мұғалімдеріңе неге бағынбайсыңдар?– деп сұрады бізден. Бұл сӛзді Кәмен: «неге мұғалімдеріңе қарсы кӛтерілесіңдер?» деп аударды. – Бастағандарың түрегеліп, толық ұқтырыңдар, талаптарыңды орындап берейін! Бағана теріс қарағандар түгелімен бір-ақ түрегелді. Оң отырған бесеуіміз қозғалмай отырып қалып едік, ғылми меңгеруші бізге бірбірден үңіле қарап алып, баяу үнмен сұрады: – Сендер неге тұрмайсыңдар?

75


– Біз дұрыс қарап оқыдық,– деп Оралқан жауап қатты. – Ал, сендер неге теріс қарап алдыңдар? Кӛпшілік түгел жауап қайтарып, әрқайсысы ӛз бетімен дабырлай жӛнелгенде ғылыми меңгеруші тыжырынып, қолын сілкіп-сілкіп жіберді: – Тоқтат!... Бас бар ма сендерде!... Басшыларың кім?! Біреуің-ақ сӛйлеп бермейсіңдер ме! – Бәрімізде де бас бар,– деп тағы дабырлады сойқандар. – Кәмен бізге қыс бойы сабақ ӛтпеді! – Мынау былтыр оқыған сабағымыз! – Мұны ӛзіне оқыта аламыз! – Отырыңдар!– деп зекіді ғылыми меңгеруші. Кӛпшілік отыра қалып дабырласты. – Тоқтатыңдар!... Біреуің-ақ сӛйле дедім бе! Қане, қайсының кӛпшілікке ӛкіл болып сӛйлеп бересіңдер? Сойқандылар тағы да түгелімен кӛтерді қолдарын: – Мен! – Мен сӛйлеп берейін! – Мен толық білемін! – Мен басынан сӛйлеп түсіндіре аламын! – Мен бәрін сӛйлейін, Кәмен былай тұрсын! – Оралқан аударсын, мен тұқым-тұқиянымен түсіндіремін!... Осы сӛздерді айтысып бәрі қайта түрегеліп болды.

76


– Отырыңдар!– деп зекіген «түйе» сұқ саусағымен бір-бірден нұсқап отырғызды да, бәрінен биік Түгелбайды қалдырды. – Сен сӛйле! Түгелбай сӛйлей бергенде Кәмен меңгерушіге: «бастаған бұл емес» дегендей күбірлеп қалды да: – Сен сӛйлеші!– деп Серәліні нұсқады. – Мен сӛйлей алуайым ба? – деп Түгелбай гүж ете түсті, – Кәмен, біз – сенің үстіңден арыз айтып тұрбыз, сен ӛзің былай тұр, ханзуша ӛзім-ақ түшіндіре алауын! Түгелбай ханзуша сӛйлеп, Кәменнің кӛптен бері сабақ ӛтпей қойғанын, мемлекет тілі сабағын бос мылжыңмен ӛткізгенін айтып келе жатыр еді: – Басқа қандай мәселе бар?– деп ғылыми меңгеруші Түгелбайдың арызын аяқсыз қалдырды да, Серәліні тұрғызды. – Сен сӛйле! Серәлі орнынан тұра сӛйлеп, Түгелбайдың сӛзін қуаттады: – Түгелбайдың сӛзін түсіндіңіз ғой, ғылыми меңгерушімізге бәріміздің айтатын арызымыз осы... Кәмен, сен аудармай-ақ қой, біз ханзуша тіл білсек тілмаштығымды тартып алады деп оқытпай жүрсің ғой, Оралқан аударсын! Кәмен атыла қарады Серәліге. Елеңдеп үңілген «түйе»: – Не дейді,– деп Кәменнен сұрады.

77


– «Меңгеруші, сен Түгелбайдың сӛзін неге тыңдамайсың, ғылыми меңгеруші осылай бола ма дейді» деп аударды Кәмен. Бәріміз ханзуша сӛйлеп шу ете түстік: – Қате аударды, Серәлі бұлай сӛйлемеді! – Бұзып аударды! – Сізді бізге ӛшестіру үшін, бүкілдей бұзып аударды! – Оралқан кім? ... Ал сен аудар!– деп «түйе» ернін салпита тістеніп, жараған бураша шақырлатты тісін, шықшыты бүкілдей берді. Оралқан Серәлінің жауабын да, Кәменді шектеген сӛзін де дұрыстап толық аударғанымен, меңгеруші шықшытының бүлкілі тоқтамады. – Бәрібір оттаған сӛз... және қандай пікірің бар? – деп Серәліге басын кекжең еткізе салды. – Біз тек оқу үшін ғана келгенбіз,– деп жалғастырды Серәлі сӛзін, – Кәменге біз осыны неше айтып ӛтінсек те оқытпай қойған соң, бүгін теріс қарап отырып алдық... – Алдымен бастаған кім? – Міне біз, «кластан шығып кет» деп те айғайладық!– деп кӛпшілік секіре тұрды орындарынан. Дауыстары бірдей шықты, – сабақ оқытпайтын мұндай мұғалімнің керегі жоқ бізге! Ғылыми меңгеруші қолын үнсіз сермеп оларды қайта отырғызды.

78


– Ал сӛйле,– деді Серәліге, – тағы қандай мәселе бар? – Сабақ уақытын ыңғай бізді жәбірлеп тілдеумен ғана ӛткізеді! – Бұл жаман найман сӛзін қашан жеткізіп айта алушы еді! – деп кейігенси түрегелді Ынтықбай, Оралқан банжаң, алдымен мына сӛзімді аударшы «бақытымызға ғылыми меңгерушінің ӛзі келіп қапты. Бір мәселені ғана анықтап алайын!... Педагогикада оқытушының оқушыларды жағалата боқтап шығуы «сабақ» деп атала ма? – Отыр, кім рұқсат етті саған?! – деп зекіді меңгеруші. Ынтықбай отырмай жауап қайтарып тұрып алды: – Рұқсат етпегеніңізбен осы кластағы мәселеге менің де қатысым бар ғой! – Оқу басталғалы Кәменге дұрыс қарап бағынып отырғанымызбен біздің де пікіріміз бар,– деп Қуат түрегелді, – Ынтықбай сабақтас мәселені анықтау үшін сұранды сізден, рұқсат етіңіз! Ғылыми меңгеруші қол сағатына қарап жіберіп тыжырынды да: – Олай болса, маған сұрау қойып былжырамай, қысқа ғана жауаптарыңдыр беріңдер! Осы ереуілді бастаған кім? Ұстазға қарсы шығуды кім үйретті сендерге, осыны айт! – Осыны бастаған адамды мен анық білемін,– деді Ынтықбай. Бұл сӛз шыққанда Кәмен дәмелі итше

79


жалана қарады да, қожасы ернін шүйіріп, мойнын соза үңілді. Бірақ, іле-шала бірі ырсиып, бірір қаңқая қалатын жауап шықты. Ол – Кәменнің дәл ӛзі!– деді Ынтықбай сүзе қарап, – Кәмен кӛптен бері мемлекет тілінен сабақ ӛтпеді. Оның орнына «малғұн», «шошқа», «ит» деп тілдеумен келеді. Жаңа сабақ ӛтуді қатты талап еткенімізде оқытқаны мынау! Былтыр ӛтілген сабақ! Мұны былтыр жаттап алғанбыз. Нанбасаңыз осы қазір қара тақтаға қарамай-ақ зулатып берейік... Кәне сабақтастар, бәрің артқа бұрылыңдар! Ынтықбайдың осы сӛзімен бәріміз сырт айнала зулатып жібердік те, қайта оң қарап отыра қалды. – Міне,– деді Ынтықбай, – бізді Кәменге теріс қаратып қойған Кәменнің ӛзі емей кім?... Бізге мемлекет тілін жақсы оқытып, біз де ханзу тілді жақсы азамат болып шықсақ, Кәменге не зиянымыз тиер еді? Осыны Кәменнің ӛзінен сұраңызшы, қане! Қара тақтаға жазылған сабақты теріс қарап алып саудырлатқанымыздан «түйенің» ерні жыбырлап, күлкіге бейімделіп еді. Сонысынан үміттеніп, әділ жауап күте қалдық. – Мына сабақ,– деді ғылыми меңгеруші, қара тақтадағы Кәменнің жазуына қарап қойып, байыпты, баяу үнмен сӛйледі, – күніне неше рет оқысаңдар да татитын сабақ екен, дұрыс Кәменнің үлкен әріппен жазып қойып оқытқаны тіпті дұрыс!

80


Мұның ішкі мәнін түсінулерің қиын. Сондықтан, теріс қарап отырып алғансыңдар!... Сендер теріс қараған сайын жабайылықтарыңды, хайуандықтарыңды кӛбірек ескертіп оқытқаны жақсы!... Құлақтарыңды таяқпен қағып тұрып оқытса тіпті жақсы болар еді деп ойлаймын. Есектің құлағы ұруға ыңғайлы, бірақ, қаттырақ қақса ғана ұғады. Демек, оның ақылы құлағында. Сиырдың ақылы мүйізінде, түйенің ақылы тұмсығында... Мұны айтуымның себебін қате түсініп қалмаңдар! Қате түсінсеңдер, бұдан да кӛп қылмыс ӛткізіп қоясыңдар. Сендер осындай мал сияқты, мешеу ұлттан туған ұрпақсыңдар. Сендерге осылай түсіндірмеген ұстаз ешнәрсе ұқтыра алмақ емес!... Кейбір хайуанның ақылы қай жерінде болатынын білу ӛте қиын. Мәселен, шошқа сондай жануар. Сӛз ұққанды былай қойып, қай жерінен ұрсаң да, бәрібір, былқ етпейді. Сондықтан, ӛндіршегінен ұзын пышақты бойлата тығып, бұлғап-бұлғап жібереміз. Ӛйтетініміз, жүрегін тілгілемей ол ӛлмейді... Ғылыми меңгеруші осындай сӛздерін бір сӛйлемнен нақтап айтып, Кәмен үстем шыраймен рахаттана аударып тұр. Сабақтастар арасында сыбыр-дыбыр үдеп барады. «Жабыла қопарылып бір-ақ шығып кетейік» деседі. Меңгерушінің оны сезбегенсіп сӛйлей беруіне қарағанда, мақсаты бізді әдейі шоршытып, орға түсіру иә мектептен

81


безіндіру сияқты кӛрінді маған. «Бұлай қорлап, шымшуға шыдамай, ӛз ықтиярымызбен шұбап шығып жүре берсек, мұндай мақлұқ не зиян тартпақ» деген ойға келдім де, бетімен қараған әрқайсысына «шыда!» дегендей ишара кӛрсете бердім. «Бұл қай шыдамдылық?» дегендей жазғыра қарады Ынтықбай маған. Оған да, мұндайға ең шыдамсыз Шақанға да бұрыла қарап, соны қайталап ишараладым. Ынтықбай біраздан соң бұл «конымпаздығының» да, бүгінгі «момақандығымның» да жарнамадағы үлкен іске дайындық екенін түсінгендей шырай кӛрсетті, енді бір қарағанымда ӛзі де менше ишаралап, сабырға шақырып отыр екен. – Оспан дәл сол шошқа сияқты мақлұқ,– деп ғылыми меңгеруші сӛзін үзбей жалғастыра түсті, – біз Шың Шысай емес екендігімізді, ол түрмелеген адамдарды азат ететіндігімізді айтып, неше рет тыныштыққа шақырсақ та, жыртқыштығын тоқтатпай, әлі дүрбелең тудыруда. Енді оған ӛндіршегіне қылыш бойлатпай қалай түсіндіреміз?... Мына сабақтағыдай ұлы Жұңхуа Мингоның шошқаға күші жетпей ме?... Түсініп алыңдар, бұл рет құлақтарың мен мүйіздеріңе ұрмай сӛйлеп тұрмын. Сендерді қайтсек те хайуаннан адамға айналдыру – біздің міндетіміз. Біз нені үйретсек, пышаққа ілінбей түсініп алу –

82


сендердің міндеттерің!.... Ұқтыңдар ма, жоқ па?! – деп тастап, жауап, пікір күтпей адымдап шыға берді меңгеруші. – Кәмен жолдас, осы сабағыңды қанша оқытсаң да ықтияр ӛзіңде, қашан түсінгенше оқыт!... Енді қыңыр қарағанын тізімдеп әкеле бер маған!... Ғылми меңгерушінің осындай «жуас» сӛзінен жуан ғылым игергендей «қанағаттанған» бейнемен недерімізді білмей отырып қалыппыз. Қалай екен бәлем дегендей, бізге үстемси қарады Кәмен. Сабақтастар қатты шӛлдегендей түтікті, тым-тырыс. Екінші сағаттың кӛзілдірікті бір оқытушысы мен Ақылбай кіргенде Кәмен шығып жүре берді... Қалай дегенмен де «ғылым иесі» ғой, ұйымдастыру ісімізге ғылыми меңгерушіміз осы сӛзімен тым жақсы орай тауып берді: соның кешінде-ақ ықпалы бар қабілетті сабақтастар оңашаға шақыра түсті бірін-бірі. Жарнама жӛнінде толық түсінік, жол-жоба аңсап жүрген сияқты. Жым-жырт отырған мені де шақырысады. Жарнаманы оқыған-оқымағандығымды сұрайды. Мен қысқаша сӛзбен басу айтып қана қайтамын: – Оқыдым. Оған елеңдеп жүгіре берудің пайдасы жоқ. Желкелеріңде иіскелеп Кәмен жүрмей ме? Таратушысы мезетінде ӛзі шыға келер де түсінігін айтар, асықпай, сабақтарыңды тып-тыныш оқи

83


беріңдер, жарым жылдық сынау басталып қалды ғой? Тӛте келгендерін осылай тыныштандырып қойдым да, ұйқыға жатар шақта «Шығыс Түркістан» жӛніндегі барлық сырды Ынтықбайға сӛйлеп бердім. Ұйымдасудағы тәртіп-ережені айта келіп, әркім ӛз байланыстырушысымен ақылдаспай іс істемеуін мықтап тапсырып едім; сеңдей соғылысқан ашу кек тасқыны ертеңіне-ақ ақыл сабасына түсіп, тағы бірер күн ӛткенде тәртіптің ең жым-жырт класына айнала қалдық. Бұл жайымызды Кәмен ӛзінің мықтылығы арқылы жуасытқандығынан кӛріп, қомақтана, қоқилана түсті. «Құтыртушыны» жерлестерінен тағы сұрастырып, іздеп жүргенін естідім. Ӛзара түртінді-кӛрсетінді шықпай қойған бұл жымжырттықтан секемденіп, класымызды енді «мерез» деп иянаттайтын болыпты. Тәртіп меңгерушісі мектеп бойынша «үлгі» деп келе жатқан бұл басаламандар табыны, ынтымақтасып Кәменге қарсы шыққан күннің кешінен бастап-ақ тағы да сол меңгеруші жағынан «хуайдан» аталып еді. Осы жаңа атауымыз жалпы жиындарда бірнеше рет атала келе, жарым жылдық сынаудағы мінездеме дәрежелерімізді күрт түсірді. Сабақтастар қатты ызаланды бұған. Осы демалыста Кәменді «келістіріп бір соғу» талабы

84


бірден бірге қуаттала-қуаттала келіп, тәртіп бойынша Қуат пен Ынтықбайға жетіпті. Ол екеуі мені қузай түсті: – Бір рет тоқпақтап алсақ қайтеді, кӛпшілік қой, қатты жазалана қоймас. – Шегінен тым асып кетті, сондай бір қатты таяқ жемесе бұл тыңшыға дауа табылар емес, – десті. Мен ойланып қалдым: тыңшы шектеу талабы дұрыс талап болса да, Кәменге бұрыннан қарсы екендігіміз мектеп бойынша әшкере жарияланып тұрған осы мезетте бізді мерт ететін тәуекелшіл талап сияқты. Кәменді жазалау үшін, оған класс бойынша түгел ӛштік себебімізді жауып тұратын басқа бір мықты сылтау керек. Бұл сылтау Нұрияға жазған Кәменнің ӛз хатынан толық табылар еді. Ол хатты ӛзіне қайтармай сақтап тұруым да осындай керекке жарату үшін болатын. Бірақ, Нұрия қыстық демалысқа қайта алмайтын болды, Алтайға аэроплан жолы бекіп қалыпты. «Кәменді осы хат сӛзін желеу етіп соққылатуға ӛртіміз Нұрияшты шарпып кетер ме екен» деп хауіптендім. Бұдан басқа ұтымды сылтау табылар емес. – Қазірше қоя тұралық,– дедім мен, – тыңшысын сабап қойсақ, мектептің бізді ауыр жазалайтын дәлелі дайын тұр. Ең кем болғанда ұрушыларды мектептен қуалайды. Тергеуге ешқайсымызды түсірмей соққыға жығатын сылтау табайық...

85


Соны мен тауып қалармын. Осы реткі ӛштесумен ұрғандай болмай, із тастап, біраз уақыт ӛткізелік. Сабақтастарға осыны ӛз пікірлерің ретінде жалғастыра тұрыңдар. Кӛпшіліктің қызу талабын осы сӛзбен шектеп қалдым. Тергеушім, сіз қылмыс табуға, әсіресе оны талдауға келгенде сегіз ғана емес, сексен қырлы қайраткерсіз ғой. Менің бұл тараудағы қылмысымды нағыз тӛңкерістік қырыңызбен талдайтындығыңызға сенемін. Осы бір ӛткір қырыңызбен қарамағанда бұл тарауда менен ересен зор жаңа қылмыс табылмай қинайтындығын бесікте жатқанда-ақ ойлап қойғандығыңызға күмән барма. Бұл қырыңыздағы әйнектен Кәмен, сізге, әрине, нағыз сасық кері тӛңкерісші болып ӛз қалпында кӛрінетіндігі даусыз. Сонда оны «қорғаштаған» менің «әзелде кім» екендігім, осы тараудан ойнақтап шыға келмеді ме: Гоминдан қарақшыларының Кәмен сынды ең жексұрын жендетіне қарсы күресте бұғып қалғаным, оны соғарманға келген тӛңкерісшілердің ағынына кесе кӛлденең болуым нағыз кері тӛңкерісшілдік емей немене!... Осыған тӛңкерісшілер қатарына «жалбызбалап кіріп алған» қылмысымды қоссаңыз нем қалды!

86


V Қыстық демалысқа жақын маңда үйі барлардан басқа ешкім қайта алмай қалды. Әсіресе Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтары мен Үрімжінің теріскей аудандарына қайтушыларға мүлде тиым салынған еді. Юсуф Қасымнан сұрасам, Оңтүстік оқушыларына рұқсат бар екенін айтып күрсінді. Бұл күрсінісінде бір мән барын байқап, таңертеңгілік тамақтан бірге шықтым. Екеуміз тәртіп бойынша ұйым мәселесі жӛнінен ашық сырласпасақ та, ішімізден түсінісетінбіз. «Саңырау кемпірдің» үйін екеуміз де білетіндігіміз осындай жете таныстық орнатқан. – Не хабар бар?– деп сұрадым. – Біздің Іле Талқы кезеңінен әлдеқашан буылыпты ғой. Партизандардың бұл жақтан барған армияны ӛткізбей тастағанына кӛп болыпты. Оқушылардың барып қайтуына рұқсат болғанына қарағанда оңтүстік аймақтар қозғалмай жатқан сияқты. – Ӛз ісің қалай? – Жаман да, жақсы да. Кӛпшілік сабақтаста жақсы түсінік бар. Бірақ, сол жақсы түсінгендерді иіскелеп жүретін тұмсықтың ӛзі жиырма шақты... Оңтүстіктен, әсіресе Ақсудан келген оқушылар кӛп. Солардан тұмсыққа бейімдер және шығып жатыр. Тыңшыны «тұмсық» деп атайтынын білетінмін.

87


– «Тұмсықтардың» иіскелей бермеуі үшін шара қолданбадыңдар ма? – Қолданып жүрміз. Жабық сӛзбен де, жұдырықпен де бірнешеуін соққылап кӛрдік. Бірақ, одан жақсы нәтиже шықпай, ӛзіміз зиян тартып келеміз. Бірнеше наушымыз1 тәртіп бӛлімінен таяқ жеп шықты, – деп Юсуф Қасым арт жағына қарап қойып жалғастырды сӛзін. – Бізде бірер түн, тіпті бірнеше күн жоғалып кеткен сабақтастар бар еді. Оларды сақшы түрмеге апарыпты да, қорқытып-қорқытып мызғымас тыңшыға айналдырып шығарыпты. Ит болғанын сықақтасаң қызарады, ұрсаң жылайды. Сӛйте тұра иттігін тағы қоймайды... Әне, біреуі біздің соңымызға түсті. Жатақханаңа қарай бұрылып кет... Сондай бірер түн жоғалған сабақтастан сақтанғайсың... Әлгі тұмсыққа сездірмеу үшін артқа қарамай, қақпа жаққа тарттым да, «базардан сабын алып қайтуға» Кәзеннен рұқсат алып шықтым. «Бұл байқұстар тұмсықтарды жемпіреміз деп ӛздері тұмсықтан жеп қалған екен ғой. Сабақтастарымды тоқтата тұрғаным жақсы болыпты. Және біздегі «тұмсық» ұстаз атындағы ұстарадай «тұмсық» қой, ұрамыз деп қолымызды кестіріп алмайық... Бірақ, қайтсек те мұны түйтеге айналдырмай 1

Наушы (ұйғырша) – балуан, батыр.

88


болмас. Осы қылшылдаған күйінде тұрса, бәрімізді қырқып түсер. Оның Мұсатай сынды бошалаңдау бірімізді түрмеге түнеткізіп, тұмсыққа айналдыра қоймасына кім кепіл, бұған шара таппай болмас... Пәлені ӛзіне артып қойып мыжысақ, сӛйтіп жеген соққысын қожасына айта алмайтын етсек...». Осы оймен қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйымының ауласына кіргенімді сезбей қалыппын. Әйтеуір артыма Кәменнің түспегенін ғана байқағанмын. Қыстық демалысқа босап, Алтайға қайта алмай қалғалы Нұрия Күләннің үйіне әр күні ерте келетін болған. Жан-жағыма қарап жіберіп, қысқы Үрімжінің сұр түтінінен басқа ештеңе кӛрінбеген соң, тӛр жақ бүйірдегі дауал кетігінен іргелес аулаға аттай жӛнелдім. Асыға кіргендігімнен есік кӛзінде сүзісіп қала жаздаған Күлән күліп жіберді. – Сүзегенің-ай күйеужан, былтыр қыста қалыңдығыңмен сүзісіп тұрғаныңды кӛріп едім. Енді мені сүзе жаздадың ғой!... Тӛр үйге кіріп отыра тұр, мен ұйымға барып кӛрініп қана қайтайын. Апам базарға кетті. Нұрияш келсе, бұл үй сендердікі,– деп қалжыңдай шықты. Терезе алдындағы орындыққа отыра бере қайта түрегеліп, тӛргі бұрыштағы үстелге тізілген кітаптарға бардым. Күлән естелік дәптерін «ұмыт қалдырып» кеткен сияқты, кітап тізілген үстелде

89


ашық жатыр. Бір бетіндегі жазу жылы ұшырай қалды. Ақылбайдың жазуы: «Дүниеде бірер рет қателеспейтін адам бар десе, соны ақымақтар ғана айтар, меніңше жоқ, ал, ӛзіңнен абзал ойлы қыз да жоқ сияқты» деп қана қойыпты. Соны оқып, сүйіне ойланып тұрғанымда естелік арасынан бір жапырақ қағаз түсе қалды. Бұл да Ақылбайдың жазуы екен. «Күләш! Мен әлгі асығыс жұмыспен тауға шығып кеттім. Демалыс уақыты бітерде қайтып келемін. Жабысқақ оспақтап сұрай қалса, білме!» «Жабысқақтың» Кәмен екені белгілі. «Ол сұраса айтпа» деп тапсырып кетіпті. «Әлгі асығыс жұмыс» жӛнін ойлай тұрып қалыппын. Күлән күліп жібергенде селк ете түстім. – Батыр екенсің-ау күйеу жан!– деп онан сайын күлді. Мен естелік дәптерін рұқсатсыз оқып қойғаныма кешірім сұрай барып отырдым. – Ӛзіме таныс жазу болған соң екеуін ғана оқып қойдым! – Осы дәптерімнің «ашық қалғаны» есіме түсіп жүгіріп едім... Басқа біреу кӛрсе... екеуін ғана оқығаның рас па? – Хатындағы «әлгі асығыс жұмыс» дегені не? – Саған да мәлім жұмыс,– деп жымиды Күлән, – кеше кеште Нұрияшты шығарып сала шыққанымда жазып кетіпті.

90


Бұл жұмыстың «Шығыс Түркістан» жұмысы екенін тұспалдасам да әдейі аңыра сұрадым. – Маған қандай «мәлім жұмыс» бар еді, Нұрия екеуміздің жұмысымыз ба?... Күлән күліп ап қайырды жауабын: – Сендерде одан әлдеқайда асығыс жұмыс барын білемін! – Кім айтты? – Ағаң айтты... Менен жасырмай-ақ қой күйеужан. Мен ӛздерің екенімді білесің ғой? Ақылбай біздің ұйым жұмысына толық қатысты екеніне де, тауға соны ұйымдастыру байланысымен кеткеніне де кӛзім жеткендей болып, Күләшқа сақтық керектігін үнсіз ескерткім келді. Ақылбайдың хатын қайта алдым да, түрегеліп барып, ошақтағы отқа тастап, толық жанып біткенше қарап тұрдым. – Бәсе,– деп сықылықтады Күлән, – ағаңнан емес, енді ӛзіңнен толық түсіндім! – Қалай?!... Нені?! – деп бажырая қарадым мен. – Осы хатты отқа салып, жанып болғанша мұқияттауыңнан!... Ұйымдарыңды... бір ұйымның мүшесі болмасаңдар, осы хаттың ашық қалуынан қалтырай қорқып, отқа жағамысың!.. Хы...хы, хы... сені сынамаққа... естелікті әдейі ашық қойып кеткенмін, – деп тағы да сықылықтай түсті. – Ақылбайдың хатындағы «асығыс жұмыс» дегенін мен де білетін «асығыс жұмыс» етіп кӛрсету үшін

91


«әлгі» деген сӛзді ӛзім қосып қойғанмын, «әлгі» дегеннің не екенін сен тез түсіне қойып, отқа жағып жібердің... Қу қыздың ұйым құпиялығын ашқан амалына таңырқай түстім де, ӛзімнің мұндай жасырын іске әлі де шорқақ екенімді байқап, басымды тӛмен сала жымидым. – Оның асығыс жұмысын ұйым жұмысы деп қалай мӛлшерледің? – деген сұраумен қайта үңілдім жүзіне. Сықылықтауын тоқтатып Күлән да жымия жалғастырды сӛзін. – Ақылбай маған: «Шығыс Түркістан» болып тез ұйымдасу туралы Іледен шыққан бір жарнаманы ғана кӛрсеткен. Мұны Нұрияшқа айтқанымда ол да білетіндігін сездірген. Қазбалап сұрағанымда бұл жӛніндегі әрекетті екеуі де айтпады. Осы маңда да екі-екіден ауыр ойлы күбір-сыбырлар болып жүр. Бұл да сол жарнама нұсқауы бойынша ұйымдасып жатқаны деп сезгенмін. Ақылбай кеше кеште маған «асығыс жұмыс» деп хат жаза сала жӛнеліпті. Бұрын менен басқа асығыс жұмысы жоқ болатын... маған неге айтпайды бұл сырларын, елден ерекше сенімсіз, қауіпті адам болғаным ба?! Нұрияға «менімен ақылдаспай іс істеме!» деп тапсырғаным есіме түсе кетті. Тіпті ең жақын досы – Күләнға айтпай қойғанына сүйінсем де,

92


осы дана қыздан жасыруымның жӛні жоқ екенін біліп, кӛңілін аулауға тырыстым: – Сізге сенбейтіндей күмән бізде жоқ қой Күләш. Бірақ, сіздің жағдайыңыз ерекше жағдай, сіз қазір осы үйдің жалғыз тірегісіз әрі аңдудасыз ғой. Достарыңыз сізді аман жүрсін дейтін шығар. – Е, міне осылай десеңдерші... Әлгі қу қыздың да айтпай қойғанына ішім әбден пісті. Сенің келетініңді біліп, әлгі қулықты дайындап отырғанмын. – Нұрияштың да сол жарнамадан басқаны білмейтіні рас. Оны да менімен ақылдаспай ешкімге айтпауын тапсырғанмын... Менен де сондай ант алған біреу бар. Ақаңа да бұл жӛнінде ӛкпелемеңіз!... Естелігіңізге жазған сӛзінде ӛзіңізді қандай әділ бағалаған! – Әділ баға ма сол, «сенен жақсы аспанда да, жерде де жоқ» деп мақтамай, «барсың» десе, әйел иліге ме? – деп күлді Күлән. – Мен Мұсатайдан қателескенімді ашық айтып, тойтара берген соң жазғаны ғой. – Мұсатайдан хабар бар ма? – Іледегі Гоминдан Талқы кезеңінен буылыпты ғой, естіген шығарсың? ... Халық қолында алдымен сол ӛлген шығар! – Ӛлген хабары келсе, жылар ма едің? – Жау ӛлді деп жылай ма екен?... Күйеужан, мені әлі сынайсың-ау!

93


– Жоқ, Күләш, сізді сынауға менің ақылым да, дәтім де жетпейді! Бірақ... дегенмен Мұсатай сізді алғаш мақтап, қолына алғаш қондырған адам ғой! – Ит болған соң оның мақтауы не керек енді... Сондағысы құйрығын бұлаңдатқандай ғана бейнемен есіме түседі. Кәменнің Нұрияшты мақтаған хатын оқыған шығарсың? – Мақтағаны емес, Кәмен қорқытсам қолға түсер деп оны үркітіп жүр. Мақтаса жолы болуы мүмкін. «Мүмкін» болатыны, Кәмен қайын атасын түрмеден құтқара алатын мықты күйеу ғой... Осыны айтысыммен мен аңсап отырған күлкі есіктен сыңғыр ете түсті. Нұрияш кіріп келді, сӛзімізді есіктен тыңдап тұрған екен. Маған сыпайыгерлікпен ғана амандасты. Мұнысын Күләннің алдында әдеп сақтағандыққа ұйғарсам да, жасаураған нұрлы кӛзінен бір түрлі кейістік оты жылт ете түсті. Менің әлгі сӛзімнен намыстанғандықтың ұшқыны екенін сезе қалдым. Нұрия тӛрдегі керуетке отыра кеткенде, Күлән есікке күлімсірей беттеді. – Ал, осы сӛзіңді ӛзіне айт, мен қызметіме кеттім!... Ол есіктен шығып, біз оңаша қалғанда Нұрия дағдыдан тыс салмақпен мӛлтілдей қарап отыра берді. Ыршып барып құшақтай алдым мен. – Не болды, әлгі сӛзімді шын кӛріп қалдың ба?!

94


Ол басын иығыма үнсіз сүйеді. Шаралы кӛзінен қос тамшы домалап менің омырауыма түсті. Жан қалтасынан жасыра алған қол орамалымен бұға еңкейіп жасын сүрткені байқалды. Аз кідірістен соң: – Мені соған қиясың ба?– деп томсара күбірледі. – Сол жексұрн мені қорқытпай, аспанға кӛтере мақтаса, «әкеңді түрмеден шығарар едім» деп уәде етсе кӛне кетер деп ойлаймысың... Осыны тыңдап отырған Күләш «мына жігіт салқын екен, біздің қыздың ӛзі жабысып жүріпті-ау» деп ойламай ма, мені қорлау ғой жаным мына сӛзің... Ӛзің жат адамша күлкі етіп сӛйлейсің тағы! Нұрия ӛксіп қалып, орнынан тұрып кетті де, кӛзін сүртті. Мен оның тағы да нені ойлағанын білейін деп жауапсыз отыра бердім. Ол теріс қараған бойы үстел алдына барды да, суретке қарай тұрып сӛйледі. – Сендерді Кәмен болып қорқытайын деп тұрғанымда осыны айттың... әлде,– деп маған жалт қайрылды біраз кідірістен соң,– әлде, менің келгенімді терезеден кӛріп отырып әдейі... Ашуландырайын деп қалжыңдағаның ба? Соңғы осы мӛлшерім рас болса екен дегендей жаудырай қарады жүзіме. – Бұлай да емес,– дедім мен, – саған шындықтан басқаны сӛйлесем опасыздық сезінемін Нұрияшым! Шыны былай: сенен Кәменнің хатын

95


алып қайтқан соң оқып шығып, жеткенше ойландым. Сен маған соншалық адал екенсің, мен үшін тіпті әкеңнің құтылу жолын бӛгеуге де барып отырсың. Кәменді бірер ауыз жылы сӛзбен алдай салсаң ана кісіге кепіл болып шығаруы мүмкін ғой. Ал сен ӛз жүрегіңнің маған арналған пәктігіне шаң қондырмай, Кәменге тым болмаса «әке-шешеммен сӛйлес» дей салудан да безіндің. Мұндай махаббатты кімге қиярмын!.. Жаңағы сӛзді Кәменнің топастығын күлкіге айналдыру үшін бастап едім. Сен келдің де соңы айтылмай қалды. – Әкемді құтқару жолын ойламай жүр деймісің? – деп Нұрия келе құшақтады мені. – Бірақ, Кәменді алдап әкемді босаттыру үшін сенің жолыңда екі сӛзді болсам... кім деп аталар едім, ар-ұятым қайда қалар еді?... Сол иттің бақылауына шығып, жарық кӛргенше жата тұрсын, үйренген түрмесі ғой! – Сендің бе, Нұрияш... менің сӛзіме? – Сендім!... Рас, солай екен!... Сол хат Кәменнің ӛзіне қалай жетпей қалған?... Бүгін кӛшеде тағы да алдымды тосып тұрып алды. Сондықтан кешіктім. – Хатын ӛзіне қарсы құрал болар ма деп сақтап жүр едім... Не дейді? – «Хатымның сені ойландырғанына қуаныштымын» дейді. «Енді ойланып болған шығарсың, разылығыңды беріп, мұратыма жеткіз» дейді. Хаты ӛзіне қайтпаған соң, мені ойланды деп

96


есептеген сияқты. «Ойландың» дегені «қорықтың» дегені емес пе, алдымен содан қорландым. Есік алдына келіп сенің әлгі сӛзіңді естігінімде... Онысын әліге дейін ӛзіне жеткізе салмаған себебіңе балап күмәндандым!... Сені артық кіналап қойған сияқтымын... – Кәменге қалай жауап қайырдың? – «Хатың сол күні қайтқан, қызметтестерің мен оқушыларыңнан ізде, біреуі тапсырып алған шығар» дедім. Бетінде қаны қалмай сұрланып тұрып қалды. – Біздің сабақтастар оған қатты ӛшіксе де соқтығудың ұтымды орайын таба алмай жүр. Сол хатындағы үкіметке екі құйрықты сӛзін кӛрсе-ақ бассалар еді; соның сылтауымен мықтап шеңбектер еді. Бірақ... ол арқылы сен тергеуге түссең қайтеміз?... Не деп жауап берер едің? Соны ӛзіңмен ақылдасу үшін тоқтатып тұрмын. Нұрия жауабын кідірмей қайырып күткен жерімнен шықты. – Мен туралы алаң болма, туыстарым кӛтеріліске қатынасқанын кӛргенім жоқ қой. «Олар бандыға қосылса кӛрмеймін, әкеммен бірге Үрімжіде тұрамын. Менің ендігі қорғанышым – Гоминдан» дей салмаймын ба... Ол жӛнінен әкемді қорғауға да дәлелім кӛп... тек ӛзің білініп қалмасаң болғаны.

97


– Менен титтей де алаң болма,– дедім мен, – хатының ӛзі-ақ баптайды, айтып берермін.... Кел, осы құшағымызбен бір ән салайықшы Нұрым!... – Иә, айтайықшы!... Қайсы әнді бастайын? – «Елім-айды». Нұрияштың үні ауыр мұң зілінен созылып шегіне жеткен нәзік күйінішпен үзіле тербелді де, бір шумағы айтылып болысымен ӛксіп-ӛксіп қалды ӛзі. Мен қосыла ӛксіппін. – Жоқ жыламаймыз,– деп Нұрия күліп жіберді де, қол орамалымен менің кӛзімді, сонан соң ӛз кӛзін сүртті, – біз бақыттымыз... Сенің құшағыңда отырғанда әсіресе менен бақытты кім бар? – Менің де бақытым сенімен бірге болғанда ғана... – Ән қайта басталғанда Күлән күле кіріп келіп еді. Нұрия бұл жолы одан именбей, маған ығыса, қолтығыма кіре толқытты... – Ән емес, зар ғой мыналарың? – деді Күлән біздің отырысымызды елемегенсіп. – Бұл ән зор апатты қырғын уақытында шығыпты ғой, жаман ырым бастамасаңдаршы! Соны айта сала қатарымызға келіп отырып, ӛзі де «Елім-айға» қосыла кетті... Осы күннің кешінде-ақ Кәмен кеудесі иіліп, маған жылы ұшырай қалды. Басқа сабақтастарға да жаутақ-жаутақ қарай береді. Хат қайсымызда екенін байқап, жең ұшымен ғана ала қоймақ тәрізді. Мені кӛп айналсоқтады. Кәменге арналған

98


дағдылы салқын ғана салмағымды ӛзгертпей, жауабына ілмексіз жауап қайыра бердім. Қабағына қырау қатқандай ашулы кӛрінуді Ынтықбайға ғана тапсырғанмын. Хатты ертеңіне таңертең соған ұстата қойдым. – Міне, сілтейтін құрал, алдымен ӛзің жақсылап оқып шық! Ынтықбай дәретханаға жүгірді де, күле жетті бір кезде. Жатахқана есігіне сүйеніп тұрған мені бері жүр дегендей қаға ӛтті. – Табылыпты! Ынтықбайдың жатын орнына екеуміз қатар сұладық. – Ойпыр-ай, қайдан түсірдің мұны?– деп таңдана сұрады ол. – Мұндай тыңшыға ӛшпенділік күшейгенде, оны соғатын тоқпақ бірден бірге жалғаса бермей ме? Менен алдым демейсің, қыздың ӛзі саған жіберген болады, жерлесің ғой. Кәмен соншалық қорлап, қорқытып некеленбек болған осы байқұс қызға жаны ашырлық туыс-қиыстардан кімдер бар мұнда? – Мен ғой Нұрияшқа құдандалы келемін. Басқасынан Салық та жақынырақ... жақыннанжаттан демей-ақ, жерлес сабақтастардың бәрінің де намысын қозғайды бұл хат. Қорқытуын былай қойып, үкіметі алдындағы қылмысын қарашы, ӛзі банды деп жау санап тұрып, тек Нұрия берілсе

99


ғана сол жауына кепіл болып түрмеден шығармақ, ӛзі бірге кетпек, сол «банды» деп иянаттағандарына барып қосылмақ. Белсенді тыңшы болып жүрген адамның бұл сыры қожайыны алдында ӛзін құртатын факт қой. Жарадың кісім!... Ал, қалай бастайық? Кәменді соғуға бұл хаттың ең тиімді желеу болатын жері осы еді. Ынтықбайға мұны қайталап түсіндіру керексіз болып шықты да, Кәменді дабырасыз соққылап, тиудың әдіс-амалын ғана ақылдастық... Ертеңіне таңертеңгі тамақтан соң «керуен сарайымызға» кірген Кәменді Ынтықбай мен Салық қолынан тартып апарып қастарына отырғызды да, сыбыр-күбірмен тергей жӛнелді. Хатты оқып берді. Басқамыз ӛзді-ӛз орнымызда, Кәменнің кіргенінен де, олардың сыбыркүбірлерінен де бейхабарсып сабақ пысықтаумен оны талқылаумен дабырласа бердік. Кәмен жанжағына қарап қойып жауап береді. Салық пен Ынтықбай екі бүйірінен түйіп-түйіп жібергенде жан-жағына бүкшие қарап қойып күбірлейді, жалынышты сияқты. «Сен соншалық қорлайтындай, ол иесіз қыз ба?» «Нұрияның ӛзі банды болып таудан ұсталды ма? Неге қорқытып кӛндірмек боласың оны?» дегендей күбірмен екеуі тағы да бүйірлеп жібергенде, Кәмен атып тұрмақ болып еді, екеуі екі жағынан басып отырғызып,

100


тағы бүйірледі. Іш баса мықшиып қалған Кәмен біраз үнсіздіктен соң: «оңашаға шығып сӛйлесейік... кісілерім... сендерді разы етейін» деген сияқтанды. Ынтықбай орнынан тұрып күбірлей кіжінді енді. – Бізге пара бермекпісің? Иә бізді де бандыға қосуға ертіп әкетпекпісің?... Мына кӛпшілік не кӛрмеді сенен, шыныңды айтпасаң, осы хатыңды бәріне оқып беремін! Ынтықбайдың жауап күткен сұрағын Салық айқындап ұқтыра сұрады. – Бандыға кепіл болып түрмеден шығаратындай, Үрімжіде тып-тыныш оқып жүрген қызымен қоса Оспанға жеткізіп салмақ болатындай не байланысың бар бандылармен? Айт соны! Кәмен мен жаққа әрең бір қайрыла қарап қойып сыбырлады. Бұл кезде мен бір есеп жӛнінде Тілеуқан қумен «айтысып» жатқанмын. Басқа сабақтастар үшеуінің жанжалын енді естігенсіп үдере жетті қастарына. – Не болды?... – Не мәселе?... – Не мәселе екенін оқып берейін, отырыңдар!– деді Ынтықбай тағы да күбірлей сӛйлеп, жан қалтасынан пәле хатты суырып алды. – Нұриядан маған осы хат тапсырылғалы жарылып кете жаздап жүрмін, мына иттің қоршылығынан! Бүкіл керей аруағының намысын қоздырғандай!...

101


Түгелбай мен Серәлі елеңдегенси түрегеліп қастарына барып еді, Салық арланғанси тыжырынды: – Ағайындар, сендер тыңдамай-ақ қойыңдар, бұл біздің ӛз арамыздағы ғана әңгіме! – Ал онда тыңдамай-ақ қойдық!– деп қайтты екеуі, түкпір жақтағы бос орындарға барып қисайды. Ынтықбай хатты оқып болысымен жерлестері жұтына түрегеліп, сыбай жӛнелді Кәменді. – «О, әкеңнің...», «о, ӛлгеніңді...», «о, азғын», «о, иттің күшігі». – Енді қарындасымыз қалыпты ғой сен қорқытпаған! – Жерлес мұғалімдерің де құйыршық болып кетті деп бәріміздің намысымызға тигенше ӛзіміз шағайық сирағыңды! Осылай күркіреп ұмтылғандардың арт жағынан Шақан жолбарыстай атылып барып Кәменді бассалды. Кеудесінен тізерлеп-тізерлеп жіберіп, сирақтан сүйрей жӛнелді. – Басқаға шақтырғанша ӛзім-ақ шағайын!... Аяқ пен жұдырық мықтап бірнеше тиген соң ғана арашалады Ынтықбай: – Тоқтай тұрыңдар, кісілерім, қоя тұрыңдар!... Тоса тұрыңдаршы, әлгі сұраққа жауап берсін, мойындап тәубеге келсе, қаншалық ит болғанымен жерлесіміз ғой, кешірелік!

102


Жерлестер алғаш гулегеннен-ақ біз де енді байқағандай үдірейе қарасып қалғанбыз. Ынтықбай Кәменді орнынан тұрғызып, әлгі бір қорқынышты сұрағын қайтадан қойып еді, «Калаусы» күйген тарамыстай бүрісті, жауап қатпады. – «Не болды?!» «не болды?» – десіп жӛнін сұрауға сол кезде ғана кірістік біз. – Ағайындар, бұл тіміскі ит тәубеге келсе, тыптыныш ӛз ішімізде бітсін деген ойда едік, – деп Ынтықбай кӛпшілікке енді жариялауға кірісті. – Қылмыс фактысы қолымызда тұрса да, ӛз аузымен мойындар емес! Міне енді бәріңе оқып берейін, тӛрелігін айтыңдар!... Хатты Ынтықбай дауыстай оқып болғанда, «найман» жақтағы бір-екеуінің әдейі дайындаған ажуалы күлкісі шыға қалып еді. Жерлестері Кәменді тағы да бассалып тепкілей жӛнелді. – «Бізді енді найманға масқаралаттың ба, иттің баласы!»– деп алғаш жұдырық салған біреуінің сӛзінен басқа сӛз толық ұғылмай араласып, сапырылысып кетті: арашаға түскен Қуат, Түгелбай, Серәлі тӛртеуімізден басқа сабақтастар түгелімен гуілдесіп, тӛпештеуге кірісіп еді. «Калаусы» арашашылардың бұттары арасынан жан-дәрмен тӛрт аяқтап ӛтіп, бұрыш жақтағы менің артыма келіп тығылды. Жұдырықтар енді

103


менен аса жауды. Екі қолымды бірдей кӛтеріп, арашалағанси айғайладым. – Тоқтатыңдар, сабақтастар, тоқтатыңдар!... Үй, мені ұрып жатырсыңдар ғой!... Қоя тұрыңдаршы аз уақытқа!... – Шығып кет былай, Биғабіл! – Кет былай, бер бізге! – Бұған болысқанға рахым жоқ! – Арашалама деймін, ӛзің де кӛргілікті кӛріп едің ғой бұл иттің «торапайынан»! – Енді жаны аши қалуын бұл ынжықтың, әлі қорқасың ба осы бандыдан?! – Үй, ұрмаңдар деймін, менің жазығым не?– деп ышқындым әдейі, – бір сӛз тыңдаңдаршы, бір сӛз ғана! – Шық, былай, арашалама қарақшыны! – Ой, ағайындар! Ой сауақдаштар!– деп бар дауыстан асыра айқайлады Түгелбай. – Ұрумен ешнәрсе бітпейді! – Бітеді, бітпесе Катуфи1 бітеді, міне!... міне! – Тоқтандаршы! Бұлай ұрып әуре болғанша біреуің ошы хатты апарып, тура Хугожынның ӛзіне тапсырып беріндер! Банды болғысы келсе шоның қолынан қашып кӛрсін қане! Кӛпшілік ұруды тоқтатып, тына қалысты.

1

«Калаусының» орнына әдейі аталған «Кәмен банды» деген сӛз.

104


– Мұнан кейін тәубаға келмесе ұруларың қашпас, – дедім мен, – мынау хат сақшы басқармасына тӛте тапсырып беруге тиісті документ екен. Мұндай арам сыры бар қызметкерін мықтап ұстауды бізге қарағанда ӛздері жақсырақ біледі. Түгелбайдың пікірі дұрыс! – Хатты тапсырып бермесең, мына ойы тұрғанда Калаусыларың қашпай қоймайды, шырақтар,– деп Қуат шықты. – Мұның ӛз туыстары да, қыздың туыстары да сол жақта ғой, қыз кӛнбесе сол жаққа ӛзі бұрынырақ қашып барып, қызды солардың күшімен апарып алудың қисынын ойлап жүргенін мен де естігенмін: бұл іште жүрген банды сол қыздың шешесі мен туыстарына бірнеше рет жасырын хат жазыпты. Қызды шешесінің қазір де хат жазып шақырып жатуына Кәменнің сол хаттары себеп болған сияқты. Солай ма, шырақтар?! – Солай, дәл солай!– десіп Қуаттың анықтамасын Ынтықбайдың жерлестері бір ауыздан жақтады. – Шырақтар, олай болса Кәменнің «ӛз қолымен жазылған бұл документке» ӛзіміз білетін осындай материалдарды тізіп, анықтама жазып қоса жіберелік! Түтігіп тұрған Ынтықбайдан басқамыз осы пікірді түгел қуаттап, ду ете түстік. Кәменнің ауылына хат жазып тұратындығынан және Нұрия шешесінен келген шұғыл хаттардан

105


осы тұспалды қисындастырған мен едім. Кәменді мықтап қорқытудың материалына айналдырып, Қуатқа ұғындырып қойғанмын. Бұл сӛз шыққанда Кәмен тіпті бүрісті. Ондай хат жазбадым дей алмады. – Ей ит,– деді Ынтықбай, – қаншалық құтырғаныңмен жерлес күшік едік, қалауыңды әлде де бір беруді кӛпшіліктен сұрайын, тәубеге келесің бе, жоқ, әлде мына хатыңа ӛзіміз білетін бар материалды қосып жолдайық па?! – Тәубесінің бізге керегі жоқ,– деп дуылдады сабақтастар, – Бұл жасырын банды, бізді бір шақса, екі тісін біз шағамыз да отырамыз! – Маған ӛшігетін жӛндерің бар,– деп тұқырды «Калаусы», – бірақ, жаман болсам да ұстаз қатарында жүрмін ғой, кешіріңдер! Хатты сыртқа шығармай ӛз қолыма беріңдер, жақсылыққа қарыздар болайын! Шақан мен Салық екі жағына ыршып келе бассалып, жұдырықтай жӛнелді. – Құйрығыңды бізге де бұлаңдатып қатерден құтылып алмақсың ғой... Бұл сұмдығыңды білмейтін мақлұқ дейсің ғой! ... Ұстаздығыңды.. сенің... тісің таусылғанша шағатын жылан екеніңді... жылан екеніңді кӛріп болмадық па!.... «Жақсылығыңды кебін қыл ӛзіңе!... Жамандығыңды аяма, ӛтінбейміз сенен!

106


Түгелбай екеуміз ұрушы екеуін қапсыра құшақтап әрең ажыраттық: – Кәменнің осы «Калаусылығы» тұрғанда ұруларың ешқайда кетпес,– дедім мен, – мұнан кейінгі «ұстаздығын» сынап кӛрмейсіңдер ме?... Ұстаз ӛз қолдарыңда екен ғой, Калаусы да ӛз қолдарыңда екенін білдіріп тұр. Артын күтейік! Егер қоймаса қолқасын үзетін материал менде де бар, қосып берейін. – Хат менде тұрсын,– деді Түгелбай, – бұдан кейін қырын-пырын шығарса, кӛзін жарқ еткізіп Ху чужаңға ӛз қолұммен жеткізвін!... Қортынды үкімді Ынтықбай шығарды. – Мәлімдейтін материалды қазір-ақ толықтап жазып қоялық, жылан қымыр ете түскенде қиып түсетін болсын... Кет,– деді Кәменге, бар, шағып кӛр енді қане!... Әділетті тергеушім, «мәселені принципке кӛтере» мың еселеп үлкейте кӛрсетіп құрту ӛнері жӛнінен сіздердің шалымдарыңызға келмейтінім, талассыз шындық қой. Кәменнің ӛз қолымен жазылған хаттарынан қисыны бар ғана пәле тудырып, сол қалпында ғана кӛрсетуім, жартымды ӛнер болып сізді әсерлендіре алмайтыны хақ. Ал, менің бұл тараудағы қылмысыма ӛткен тараудағыдай сол жақ қырыңызбен қарамайтындығыңыз да анық. Себебі, маған

107


қылмысымды жаздырып отырғандағы мақсатыңыз, менен тӛңкерісшілдік іздеп тауып, силау үшін емес қой. Бұл тараудағы қылмысыма жоғарыдағы бірнеше тараудағыдай оң жақ қырыңызбен қарамайтындығыңыз да анық. Себебі, бұл тарауда менен шовинизмге қарсы тар ұлтшылдық кӛрінбей, яғни жартымды кері тӛңкерісшілдік табылмай қалатындығын білесіз. Сондықтан бұл тарауды, тек, қыртыс-қалтарысы мол ішіңізге бүгіп, заһарлы кислатаға айналдыратындығыңыз күмәнсіз. Себебі, шпионды ішінен мұжитын мендей сұмды жоғалтпай, жүрек тыншымас. Мӛрті келсінкелмесін тәуекелмен жұтып кеп аларсыз-ақ. Сол мезетте асқазаныңызда ондай уытты кислата болмаса, лоблып-лоқсып, қылмысқа ӛзіңіз жүкті болатындығыңыз белгілі ғой. Бұл тараудағы қылмысымды әшкерелеу арқылы асқазаныңызды маған айдаһарша жұтындыратын тәбет қышқылын жасап бердім. Әйтеуір мені мылжаламай, бітеу жұта салғайсыздар! VI Қыстық демалысқа қайтқандардың кӛбі ханзу сабақтастар еді, уақыты бітіп, түгел қайтып келді. Мұсылман оқушыларға, әсіресе қазақ сабақтастарына айқұлақтанып, шақшия қайтты.

108


Бізге қараған кӛздерінің шелі ӛсіп, тілдері онан ары қайралып, қылшылдап қайтыпты. «Сыңку», «иеман», «маулүйзілерін» кӛздеріне кӛрінгенімізге сәлемдемесіндей ұсына береді. Бұл «молшылық» ӛз аудандарында ӛнген мыңгүй «жемісі» екенін, бұл жемістен кӛп халық уланып болғанын түсіндік. – Жағдай қатты ушығыпты; «Мыңгүйің бірер жылдың ішінде-ақ миллион гүй болып ӛсіпті» деп күбірледім Юсуф Қасымға. – Ақыр ушығатын болған соң тезірек ушыққаны жақсы!– деп күрсінді ол. Кӛрінген жерде түртісіп қалатын сабақтастар, асхана есігіне сығылысқанда ауыздарына қойысып ӛтетінді шығарды. Тәртіп меңгерушісі асханаға кірерде ауыздарды аман-есен сақтаудың «қамқорлық» тәртібін орната қойды: – Бір-бірден тізіліп кіресіңдер, алдыңғы сабақтасымен қатарласа кіргендерге тамақ берілмесін!– деп әмір етті ол. Тамақ уақыты ең ұзағанда жиырма минуттан аспайтын әлгі тәртіп тізілу кезегі бойынша ең соңынан кіретін қазақ, моңғол кластарын тамақтан қаңтаратын тым ұтымды тәртіп болып шықты. Бұл тапқырлығына меңгеруші миығынан күліп жүрді де, біз томсара түстік, «ауыздарыңды қорғаймыз» деп, аузымызды сорғыштай құрғатқанына ашындық. Асханаға алдымен кіргізілетін ханзу

109


сабақтастар қарындарын сипалай шалқайып, үстелдерінен әрең түрегелгенде, біз еңкейіп, үстелімізге әрең жетеміз. Сақпыларымыз сақылдап аузымызға енді тие бергенде тамақ уақыты бітуінің ысқырығы тартылады. Бұл кезеңде ысқырық тартылғаны – іштің де тартылғаны ғой... Осылай екі күн ӛтті, тамақтан қаңтарылып қалғанымызды елеп-ескерген ешкім кӛрінбеді. Үшінші күні таңертеңгілік ту шығару жиынында біздің класс бас болып, меңгерушіге талап қойды: «тамақ уақыты ұзартылсын немесе алдыңғы кезектегілер ауыстырылсын!» деп алдымен Оралқан банжаңға айтқызып едік. Меңгеруші бірдеңеге асыққансып жӛнеле берді, бәріміз шу ете түстік. Қазақ, моңғол кластарына түгел айтып қойғанбыз. Юсуф Қасымдар жаққа ым қақтым мен. Олар да тобын жазбай тұра қалып, біздің талапқа қосыла кетті. Бүкіл ұйғыр, қазақ, моңғол кластары болып бірдей кӛтерген дауысымызды меңгеруші тағы да елемей, кете беріп еді. – Бақырмаңдар!... Есектер!– десіп ханзу кластары иянаттай жӛнелгенде, біз жақ та дүрсе қоя берді. Сонда ғана артына қайрылды тәртіп меңгерушісі. Маңдайына түскен қою қара шашын артына сілке, басын кекжең еткізді де, ақ қолғапты саусағын біздің класқа шошайтты:

110


– Нимін зүйхуай1 ... Талаптарыңды тәртіп бӛліміне біреуің ғана барып айтсаңдар болмай ма?! Бүйтпесеңдер сиыр аталасыңдар ма! Ашыққан оқушылар ұйымдасып алған соң «зұйхуай» түгіл Құдайынан қорықсын ба, бар дауыспен тағы бір-ақ кӛтерілді: – Тәртіп бӛліміне барсақ тамақтан тағы қағылмаймыз ба?! – Аштан қырмақпысың бізді?! Ұйғыр, моңғол кластары жапа-тармағай сӛйлеп, біздің қойған талабымызды қуаттай жӛнелгенде ғана илікті меңгеруші. Сӛйлеушілер түгел ханзу тілінде айтып тұрса да қасақана бір хұйзу сабақтастан сұрап, талабымызды енді түсінгенсіді. – Малша шуламай, осылай адамша сӛйлеп түсіндірсеңдер болмай ма?– деп тастады да, асханаға бір күн ханзу кластары, бір күн басқа кластар алдымен кіруді бұйырды. Ханзу сабақтастар «туфи!», «сыңку!» десіп дабырлай қайтысқанда, біз жабыла қақырыныптүкіріне тарадық... Осы тәртіп бойынша біз ең соңынан кірген бір таңертеңгі тамақта қақырынысулар қанды соғысқа бір-ақ кӛтерілді. Асхана суық болғандықтан, қыс күндері іңірде пысырылған момы бізге таңертең мұз болып, 1

Тимін зүйхуай (ханзуша) – ең бұзығы сендерсіңдер деген сӛз.

111


тастай қатты күйінде келетін де, тас аяғымыздағы ыстық суға тоғыта отырып мұжитынбыз. Сол күні таңертең әлгі жұдырықтай-жұдырықтай «боз тас» әр үстелге тӛбе-тӛбе болып үйіліпті. Бір үстелге қанша оқушы отырса, сонша ғана тас аяқ қойылатын. Біздің үстелдегі сегіз оқушыдан үнсіз күрең – Сәбит сүзек ауруымен жатып қалған, жеті аяқ қана қойылып жүр еді. Аурудан енді тұрған Сәбит сол таңертеңгі тамаққа артымыздан ілбіп жетіп орнына келгенін тамаққа кешіге кіріп, тым асыға кіріскендігімізден байқамаппыз. Орта қатардағы ханзу сабақтастардың бізге тұстас үстелінде бір аяқ артық тұрғанын кӛре барып, соны сұрапты. Қуатсыз Сәбиттің тас кірпіш еденге шалқасынан түскенін бір-ақ кӛрдік, бір жуан қара ӛндершектен итере салған екен. Қан-сӛлі қалмаған «үнсіз күреңді» кӛтермелеп тұрғыза алмай жатқанымда, оның жанында отыратын сабақтас сол иесіз аяққа тағы ұмтылды. – Сендер алдымен кіріп, тамақ жеп болдыңдар ғой, және бұл артық ыдыс емес пе? – деп ханзуша түсіндіре ұмтылды, жуан қара оны да итеріп қалып еді, кӛлденең жатқан Сәбитке аяғы шалынып, менің үстіме құлады. Үшеу болып шӛмеледей үйіле қалғанымызға ханзу сабақтастар қасақана қарқылдап күле жӛнелді де, Оралқан

112


банжаң ауыр палтосын сыпыра сала атылып шықты. Қарнын кӛтере алмайтыны жайшылықта ғана екен, жуан қарынды кӛтере алып, тас еденге періп кеп жіберді. Соғысқұмар үстелдегі сегізі бір-ақ қаптады. Жуан сары Оралқан оларға бой бере қоймап еді. Екі жағындағы екі үстелдің он алтысы лап берді. – Бар,– дедім мен Шақанға, – ісіміз теріске айналмау үшін басқаларың кіріспей тұра тұрыңдар! «Жауларының» ұзын орындығын жұлып алып, оңды-солды жайқаған Оралқан үш үстелдегі жиырма тӛртін маңына келтірмей ығыстыра жӛнелгенде, жуан қара шулай кӛтерілген қалың сабақтастарының арасына тығылып еді. Шақан соны іздей жӛнелді. Алдынан кескестеп тұра қалды бірнешеуі. Шақан ханзуша шала тілмен саңқылдап, кимелей сӛйледі. – Сабақтастар, мен сендермен тӛбелескелі келгемін жоқ. Тӛбелес бастаушы ғана шықсын бері! Оралқан да осы талапты айта шайқап жүр. Ханзу сабақтастар бұл талапқа кӛнгені сол, қопарыла шулап, айғайға баса қаптады екеуіне. – Сен де шық, Түке!– деп Түгелбайға күбірледім енді. Қасыма жетіп келген Юсуф Қасымға, – сендер де ең күштілеріңнен екі-үшеуін ғана

113


шығарыңдар!– дегенше отыз-қырық ұйғыр сабақтас ханзу сабақтастардың сырт жағынан қирата кірісіп кеткен екен. Әрең шыдап тұрған қазақ сабақтастар мұны кӛре сала түгел лап берді. Мың шақты оқушының дүлей құйын үйіргендей жұлқыласы, жұдырықтар сартылы, кеңірдектердің жыртылғандай тарғыл қырылы, қалың айғай-шу кең залдың ішін керіп барады. Есеңгіреп қалған Сәбитті кӛтеріп апарып терезе алдына отырғыза сала ӛзім де ыршып шығып қарап тұрмын. Шақан, Оралқан, Түгелбай үшеуі қалың қытай сабақтастың дәл ортасында жүр екен. Бет келген жақтары ыдырап, жол ашыла қалады да, жұдырық арт жақтарынан жауады. Қайта қайырыла соққанда оң жағы ыдырап, жұдырық және арт жақтарынан қаптайды. Үшеуінің де іздеп жүргені әлгі жуан қара сияқты. Ханзу сабақтастарды екі бүйірден жара сілтеген ұйғыр, қазақ жұдырықтары сол үшеуінің тұсынан келіп, енді түйіліскенде Әшім жяугуан есіктен кіре ақырды... Екі жақ ӛзді-ӛз орындарына қайтып келіп отыра бергенде ханзу сабақтастар жеуден қалған момыларын жаудырып кеп жіберді біз жаққа. Әшім жяугуаннің зіркілін тыңдамады. Мұны кӛре сала ұйғыр сабақтастар оларды атқылады. Біз әлі тамақтанбаған едік. Момымызды қимай, малақай бауын шарт байлап алып, жеуге кіріскенбіз.

114


Ұйғыр сабақтастардан лақтырылған «боз тасты» ханзу сабақтастар жерден ала салып бізге қарай лақтырады. Ұшып жүрген момыдан зал іші боз тұман басқандай кӛрінеді. Алдымен Сәбит сорлының бетіне тиді біреуі. Момыны үстелге тӛңкере салып, дасты соның басына кигізе қойдым. Ханзу сабақтастар лақтырған бір момы шекесіне тиген Әшім жяугуан шыға жӛнелді. – Атыңдар, сендер де!– дедім ол тоқтата алмай шығып кеткен соң. Атқыза бермеу үшін ату керек қой. «Боз тастың» біреуін ӛзім ала сала жуан қараны беттен кӛздеп тұрып періп қалдым. Біздің қалпы құрамаған кӛп момы пулеметша құйылды. Тауда тас лақтырып ӛскен қазақ алдына мұндай ықшамды домалақ «тас» үйілген соң қойсын ба, сілтегеніміз құр кетер емес. «Әйялаған» үн кӛбейе түсті. Ӛздеріне атылған момыны жерден алып лақтыру ханзу сабақтастарды қанағаттандыра алмады білем, енді тас аяқты лақтыруға кірісті. Мұз момыдан қаттырақ тиетін тас аяқ залдағы бар оқушының күшті құралына айнала кетті. Зал кеңістігін тас аяқ қаптады да, шақ-шұқ етіп тӛбемізде сүзісті. Мың шақты аяқтың сынығы да атылды бір-бірімізге... Қағаз терезелер алғашқы атыстан-ақ аңырайып қалған еді. Боз момыдан аттап басарлық еден жоқ.

115


Саудыраған тас аяқтың сынығы кӛп табан астында шақыр-шұқыр етеді. Шяужаң айғайлай кіре бере қайта қашты. Әр терезеге бірден жяугуан келіп шақылдағанда ғана саябырлап барып тындық та, бір-бірімізге сонда қарастық: қан ұйыған тұмсық, жұмылған кӛз. Томпайған бет, дал-дұл киім, жарылған бас... тӛбелеске ең аз араласқан менің жағымды да тостаған сынығы қауып ӛткен екен, қолыма жұққан қан мен ашығанынан білдім. Мақталы қара мешпеті арт бойынан жарылып, жеңі дал болған Шақан жуан қараны бассалды да, сирағынан сүйрей жӛнелді. – Міне, бар сойқанды бастаған осы!– деп айғайға баса сүйреді. Қазақ, ұйғыр оқушылары түгел соны айтып, шулай ерді соңынан, жяугуандар кәрлі айғайға аңыра қарап тұрып қалды да, Шақан жуан қарны сүйреген бойы есік алдындағы асхана суы тӛгілген арықтың мұз қуысына сүңгіте салып, бӛкседен теуіп жіберді. Шу ете түсті ханзу сабақтастар. Жяугуандар, «шығар» деп зекіріскенде бір тобы жабылып келіп, жуан қараны мұз астынан шығарып алды да, орталарына ала сүйемелдеп әкете берді. Жяугуандар Шақанды ала жӛнелгенде, тӛбелестің басталу жайын ханзу сабақтастардан ғана сұрап «түсіне қойған» тәртіп меңгерушісі ауру Сәбитті

116


айдай жӛнелді. Тӛбелес бастаушы бұл екеуі де емес екенін тұс-тұсынан айта ілескен кӛп оқушының сӛзін тыңдар емес, аты да, ісі де баяндалып келе жатқан жуан қараға шаң жуытар да сиқы жоқ, екінші жағында ілесіп келе жатқан ханзу сабақтастарға қарамай, біз жаққа шақшия ақырды: – Қайтыңдар, кластарыңа!... бірде-бір оқушының еруіне рұқсат жоқ! Жазаланасыңлар! Басқа кластардың бір қауым оқушысы осыны естіп тұрып қалды да, біз түгел ілесе бердік. – Мына аурудың жазықсыз таяқ жеуіне шыдамай, алдымен барып тӛбелескен менмін. Мына ханзу сабақтастар да айғақ,– деп Оралқан алдыға түсе қойқаңдады, – анау Шақан емес, бастаған мына мен!... Меңгеруші оны да итермелей жӛнелді. – Олай болса, сен де жүр! Қайтыңдар басқаларың, кім ерсе осылармен бірге мектептен қуылады! – деп жаза таяғын артына қайрыла білеп-білеп жіберді. Бұл айбардан сабақтастардың дені-ақ тоқтады. – Бізден де сұрар... бірлесіп арыз жазармыз, – десіп қалып жатыр. – Ӛші мектептен кеткен адам ӛліп қала ба! – деп Түгелбай артына қайрыла айқайлап барып айдалушыларға қосыла кетті осы кезде, – міне

117


соғыш баштаған – мен!... Ханзулардын бәрі кӛрген ғой мені! Ілесіп келе жатқан Юсуф Қасымға қарасам, қасында үш-тӛрт қана сабақтас қалған екен. Бізден басқа қазақ кластарынан да тым аз еріпті. Меңгеруші Шақанды мектеп кеңсесінің алдына айдап келіп тұрғызып қойды да, жяугуандарға: «арттағыларды қуып жіберіңдер» деген ишара жасап, ӛзі шяужаңның кеңсесіне кіріп кетті. Жяугуандардың шыбықтары ысқыра ұмтылды бізге қарай. Бір-екі шыбықтың шартылдап ӛте шығуына шыдаған біздің клас тағы да тапжылмай топталып тұрып алды да, Юсуф Қасым бір жерде жалғыз қалды. Мұндай жағдайда жалғыз қалғанға таяқ жамырағыш келмей ме, шыбықтар ысқырып жіберіп қауып, ысқырып қалып арс ете ала түсіп, талай берді оны. Міз бақпай тұрып алған Юсуф Қасым Шақанды тергеп тұрған Әшім жяугуанға айқай салғанда ғана тоқтады таяқ. – Әшім, жяугуан!... Ұрғандар қалып, ұрылғандар мектептен шығарылатын заң болса, ұлттық оқушылардың барлығы қуалануға тиісті, анау тӛртеуі ғана емес, бәрімізді шығарсын!.. Ӛзіңіз де кӛрдіңіз ғой! – деп қатты зекіре айқайлады Юсуф. Арт жақтан баспалай қарап тұрған барлық ұйғыр, қазақ оқушылар осы дауысқа үн қоса айқайлап, кеңсе алдына лезде жиналып болды.

118


Ӛңкиген ұзын Әшім түнерген бойы қарап тұр. Қолын артына қайырып алыпты. Ұйғырша жетік тілді, Ян яң атымен хұйзумын деп жүретін ханзу мұғалім келіп сұрай берді одан. Әшім жерге қараған күйі қысқа-қысқа жауап қайырып тұр. Неден екені белгісіз, басқа оқытушылардың ешқайсысы кӛрінбейді. Тәртіп меңгерушісі таңба басылған бір парақ қана қағаз алып шықты да жариялай салды, мектеп кеңсесінің «қаулысы» деген: «мектеп бойынша үлкен ойранды жанжалшығарып, асхананың барлық мүлкін шағуға себепші болған Шақан мен Сәбит мектептен дереу айдалсын! Қалғандар тергеліп, анықталған соң, мектептің ішкі тәртіпережесі бойынша жазалансын!» делініпті. Кӛпшілік шу ете түскенде, тәртіп меңгерушісі шақ ете қалды. Әшімнен басқа жяугуандар қоса шақылдаса, кейбірі жан құралдарын суырды. Сида бойлы, сіріңке қара Ян яң күліп жіберді де, Әшім түнере түсті. – Мектептен шығарылған мына екі бұзықтың барлық нәрсесін алып келіңдер!– деп шақылдады меңгеруші бізге. Жуан қараның соққысынан Сәбит екеуміздің үстімізге құлап түскен сабақтасты қолынан ұстап алдым да, басқа сабақтастарға күбірледім:

119


– Мына екеумізден басқаларың түгел барып кӛрпе жастықтарыңды алып келіңдер!... Ана екеуі қуылса, біз де кетеміз дейміз, тез шығыңдар! Екеумізден басқасы түгел жүгірді жатақханаға. Кеңсе алдындағы аласа текшеге Сәбиттің сыңарын итермей шығарып, Сәбитті де шақырып қатар тұрғыздым. Жиылғандардың да, үкімшінің де кӛздері бізге ауды. Жиылған ханзу сабақтастарға қарап шала тіліммен ханзуша бастадым сӛзімді: – Сабақтастар, мына үшеуімізді таныдыңдар ма? – дегенімде ханзу сабақтастардың бірнешеуі мырсмырс күліп жіберді де, бірнешеуі қатар жауап қатты. – Таныдық! – Әрине, танисыңдар, Ли диңшяңның соққысынан ең алғаш жығылып, жусап қалған осы үшеуіміз едік те, жабыла күлген сендер едіңдер ғой! Бұл жанжалдың қалай басталғанын меңгерушінің алдында, мына жяугуандардың алдында енді ӛздерің айтыңдаршы, бәріміз бірге оқып жүрген сабақтаспыз ғой! Менің дүмше тілімді ұқпады ма әлде басқаларынан тартынды ма, ханзу сабақтастардан жауап шықпады. Әшім жяугуанмен жеке сӛйлесіп тұрған Ян яң қасымызға жетіп келді де, әлгі сӛзімді түсінікті етіп ханзушаға қайта аударып берді. Ӛзінің тӛте талабын қосты соңына.

120


– Шынын айтудан тартынатын не бар, ешкім обал кетпесін, кӛргендеріңді дұрыс айтыңдар! Меңгеруші бізге шытына қарап, қолын сілке түсіп, «кет» дегендей ишара еткенімен, Ян яң кіріскендіктен түсіре алмады. Ханзу сабақтастар арасын күбір-күңкіл кеуледі. Келісе алмай бірінбірі тиып тұрған тәрізді. Ян яң мұғалім маған кӛз қиығымен күлімсірей қарап қойып, ашық үнмен ұйғырша сӛйледі: – Кӛбі біледі екен, қазақша сӛйлей бер, мен аударамын! Бұл қамқорлыққа кӛңілім босай қалды да, ол жайымды сездірмеу үшін түйіле сӛйледім енді: – Сабақтастар, мектептен қуылғанның бірі мына Сәбит, ӛзі сүзектен бүгін ғана тұрған. Артық ыдысты сұрағандығы үшін ғана Ли диңшяң ұрып жықты. Солай емес пе? Талықсып кеткен бұл ауруға кӛмектесуге барғандығымыз үшін ғана мына екеумізді ұрып түсірді. Біз үшеуіміз бірбіріміздің үстімізге солай үйілгенбіз де, сендер соған күлгенсіңдер, жанжалсодан басталмады ма?... Ал мектеп мүлкін шағуды-қатқан момымен, тас аяқпен ұруды бастаған кім? Ян яң сӛзімді аударып болғанда ханзу сабақтастардың бір тобы сӛзімді құптай үн қатып еді. Оларға кимелеп келіп тӛне түскен бірнеше жуан азуларын баса күбірлеп, араларына тұра-тұра қалысты. Жай да емес, мықындасып түртісе

121


киліккендіктен соның сылтауымен және бірнешеу келіп кірігіп, үміт күткендерімнің үнін ӛшірді. Түйіле қалған Ян яңға бір қарап қойдым да: – Олай болса,– деп жалғастырдым сӛзімді, – осы үшеуіміздің мәселеміз бір мәселе, жанжалбастаған біз боламыз. Ли диңшяңға бір жұдырық қайтара алмай үйіліп қалғандығымыз үшін қылмысты болып тұрмыз. Үлкен жанжалосы үшеуіміздің себебімізбен туылды. Егер, Ли диңшяңды біз ұрып кетсек, мектептің мына қарары сүйенген «заң» бойынша қазір ол қуылып, ұрған біз қалатын едік қой?... Біреудің жұдырығына жауап қайтара алмаған сорлыны екі жақтап соғудан басқа «әділдік» болмағаны ма?! Жұңхуа Мингоның заңы мектептің осы «қарарын» қуаттаса, яғни ұрған адамның құтылып, ұрылған адамның құртылуын қуаттаса, сонда да үкімет заңының толық орындалуы шарт емес пе? Таяқ жеген мына ауру Сәбит мектептен айдалғанда, сол таяқты бірге жескен сап-сау мына екеуміздің қалып қоюымыз мұндай «заңға» сияр ма?... Бір ғана Ли диңшяңды іздеймін деп жүздеген адамның жұдырығын жеген анау Оралқанның қуылмай қалуы мұндай «заңға» сияр ма?... Мынау жұлма-жұлма болып, бет-аузы ісіп кеткендердің де таяқ жеген күнәсі осы бейнелерінен кӛрініп тұрмай ма? Бұлардың да мектептен қуылмауы мұндай заңға сияр ма?... Таяқ жегендер ғана мектептен қуылатын

122


болғандықтан, осы бәріміз бір-ақ қуылуға тиістіміз! Ұйғыр, қазақ оқушылар ду кӛтеріп қуаттай жӛнелді бұл сӛзді. – Таяқ жеген оқушылар мектептен қуылатын болса, осы тұрған бәріміз бір-ақ кетеміз! – Жанжалдың бас қылмыскері жазалансын! – Мектеп мүлкін шағуды бастағандар жазалансын! – Бұзақы Ли диңшяң жазалансын! – деп жаппай ашына ұрандады. Мен сӛйлегенде меңгеруші тістене тыпыршып тұр еді. Мені тілдеп тұрған шығар деп ойлағанмын. Сӛйтсем, біздің кластағы сабақтастар кӛрпежастықтарын түгел әкеліп үйіп тастапты да, меңгеруші соларға «ренжіп» тұрыпты. Ян яң бірдеме деп күбірлесімен соған еріп, шяужаңның кеңесіне кіре жӛнелді... Оқушылардың ушыққан ызалы үні, біздің кластың жеке-жеке буылып үйілген кӛрпе-жастықтары мектеп қызметкерлерін қатты абыржытты. Оқытушылардың таныс бастары тәртіп бӛлімінің, оқу бӛлімінің терезелерінен қылтыңдай берді. Мұндай драма қойылып жатқанда сыртқа шығып кӛруден ерінбес те еді, «оқытушылардың ӛзара берекесі» себепті бұл мәселеге араласудан шектелген сияқты. Біздің айғайымызға ешқайсысы шықпады.

123


Бір кезде тәртіп меңгерушісі мектеп бастығы мен ғылыми меңгерушінің ерте шығып, бізді тәртіпке шақырды. Ян яң соңынан шығып, солғын ғана қарады бізге. Айтысып-тартысып мардымды шешім қабылдата алмағандай. «Түйенің» ерні салпиып тұр да, бастықтың қасқа басы қақшиып, арса тісі ақсиып тым нәнденіп алыпты. Ол қолын артына ұстай сӛйлей жӛнелді, мұндай ғалымсынған бейнеге келгенде «қайырымдылық» үйрететін. Бұл жолы ыңғай «ӛкінішті» сӛйлеп, бұл оқиғаға ӛкінетіндігі және қатты ашынатындығы үлкен аузына кесек-кесегімен түсе берді. «Болған мәселені жіктей тексеріп, бұзақыларды бұлтартпай» жазалайтынын айта келе Шақанды ғана нұсқады: – Мынау, Шахаң, а, Шахаң ғана қалсын, бар нәрсесін алып қалсын! Басқаларың түгел қайтыңдар! Қазірше анықталғаны осы ғана, Шахаң мектептен шығарылды! – Жанжалды кӛпе-кӛрнеу жұдырықпен бастағаны анықталмай, оны іздеп шыққаны анықталғаны ма? – деп біз тағы да дуылдай жӛнелдік те, қақшиған қасқа бас кеңсесіне кіріп кетті. – Нәрселеріңді жатақханаға апарып қоя салып сабаққа кіріңдер!– деп шақылдай бұйырды меңгеруші. Соғыс қылмыстысы болып, ӛздігімізден тұрып алған үшеуімізді текшеден итермелеп түсірді.

124


– Кірмейміз!– деп шаңқылдадық біз. – Жұңхуа Минго үкіметі анық-қанығына жетпей тұрып ешқай оқушыны мектептен шығармайды, қайтыңдар!– деп зекірді меңгеруші. – Қайтпаймыз!– деп біз зекірдік. – Бүкілдей қате шара қолдандың! – Ли диңшяңнан кейінгі жазаланатыны Шақан емес, міне біз! – Нахақ таяқ жеген үшеуінің кегін алуға Шақанды жіберген біз! – Қайт, Шақан, жатақханаға!– деп ұйғыр, қазақ оқушылар енді Шақанға зекіді. – Сен қылмысты емес, қылмыстыны іздеп табушысың! – Қайт деген соң қайт, жазаланатыны сен емессің! Меңгерушінің сілтеуі бойынша екі жяугуан Шақанды қақпа жаққа итермелегенде, біздің сабақтастар ӛзді-ӛз жүктерін кӛтерісіп түп-түгел жарыса ұмтылды. Үнсіз тұрып қалған бір жяугуан Әшімнің ишарасымен жүгіріп барып қақпаны басып тұра қалды... Бұл мектептегі әскери тәрбие мұғалімдерінің бастығы Әшім еді. Шақанды итермелеуші екі жяугуан соның райына қарап кідірді де, амалсызданған меңгерушінің ӛзі жүгірді қақпаға, закүн таяғын білей ұмтылды бізге. – Қайтыңдар!

125


– Мектептен шығарылған оқушыға закүн таяғың жүрмейді!– деп мен алдына тұра қалдым. Меңгеруші мені салып жібергенде, Ян яң ыршып келіп арамызға тұра қалды да, әлгі сӛзімді ханзушаға аударып айта қойды. Меңгеруші зекіп қалды: – Кім шығарды сендерді?! – Сен!– дедім мен. – Қылмыстыны қорғап, оған қарсыларды мектептен қуалап тұрған сен емес пе?! Ян яң бұл сӛзімді де ажарлана, ӛжет әуенмен аударып айтты. – Нақ қылмысты қорғалып, нахақ кісі қуаланса, біз сол нахақтың қорғаушысымыз!– деп Ынтықбай менің алдыма шыға келді. Меңгерушінің таяғын менен ӛзіне аудармақ болған ісі еді бұл. Түнеріп тұрған Әшім жяугуан бізге зірк ете түсті осы кезде. Меңгеруші де жалт қарады оған. – Қайтып келіңдер, бері! Біз үнсіз тұрып алдық. Әшім мойнын Шақанға бұрды да, ханзу тілінде сӛйледі. – Қайт, жатақханаңа, жақсы оқы!... Үш жыл оқып, мектеп бітіруге үш-ақ айың қалғанда қуаланды болмақпысың?... Мұнан кейін қандай бұзақыны кӛрсең де ұрмай, құлағынан ұстап ғана меңгерушіге, яки маған әкел!... Мақұл ма?!– деп, «мақұл масын» ғана ұйғұрша айтты.

126


Біз Шақанды жатақханаға ерте жӛнелдік. Ұйғыр сабақтастар біздің кластағылардың жүгін бірбірден алып, иықтарына сала қайтты. Меңгеруші біздің бұл ыңғайымызға қарап үнсіз тұр. Ұлттық оқушылармен мұнан кейін қалай байланыс жасарын ойлап тұрғандай. – Ян яң жақсы мұғалім екен ғой!– деп Юсуф Қасымға сыбыр ете түстім. – Ол – коммунист деп естідім,– деді Юсуф күбірлеп, – біз жақ. Бірақ, ӛте жасырын жүреді дейді. Шың Шысайдың қолына сонысымен түспей қалған ғой... – Тәртіп бӛлімінен Кәмен шығып, еріп келеді,– деп арт жағымыздан Ынтықбай күбірлеп ӛте шыққан соң, Юсуф екеуміз бір-бірімізден алыстай бердік. Юсуф ұйғырдан шыққан «тұмсықтардың» да ойқастап жүргенін маған кӛзімен ымдай кетті. Әділетті тергеушім, Ли дыңшаңды момымен періп жібергенімді оқығаныңызда мені қылышпен шауып жіберуге оқталған-ақ шығарсыз. Сізде сол жүйенің батыры емессіз бе? Ағаның ісін ағынан туған іні жақтайды. Сіз де мені түріме қарап талай тұмсықтаттыңыз ғой. Ли дыңшаң сіздің ағаңыз екендігінде ағат бар ма. Ағама асатқан қатты момысын маған да асатар деп жармасарсыз қылышқа. Амал қанша, одан қауіптене кӛрмеңіз,

127


сізге асату түгіл, ол қазір ӛзім кеміруге де табылмай отыр. Ян яңның әділ кӛзі тыймаса, мені бұл қилы қылмыстан қылыштың жүзі тия алмақ емес. Істің қыбын, қылмыстың жымын қылышқа сенгендер емес, сенбегендер табады. Қылыш жағына сабыр ете тұрып, бұл тараудағы маған тағы да оң жақ қырыңыздағы әйнектен қарауыңыз абзал. Оңдағы әйнектеріңіздің қайсысынан қарағаныңызда да менің осы реткі қылмысым, қауызын жара толған ең семіз кері тӛңкерісшілдік болып бадырая қалатыны даусыз. Кері тӛңкерісшілдікке толды деген сӛз – кебінге кірмей ӛлді деген сӛз ғой.

128


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ АШЫЛҒАН ҚҰПИЯ І Құдіретті тергеушім, ӛтірік қоссам тас тӛбемнен ұрыңыз! Іле аймағының азат болған хабары бізге қаңтардың соңғы кезінде жетті де, онда болған соғыс қаһармандарының шабыты ақпан соңында Үрімжіні үйірді: – «Нылқыдан Әкбар батыр бастаған партизандық әрекет күшейе-күшейе, Гоминдан армиясын әр ауданнан қуа соққылап, тамтығын Құлжаға түсірген екен. Тас жол қатынаса Талқы кезеңінен буылғандықтан, Құлжадағы күшті жолбарыстар ӛз ауыздарына тамақ жетістіре алмай жатқанда, қалжаурай жеткен бұл сілімтік шие-бӛрілеріне несін бермек, талаңдар депті Құлжаны. Олар тап бергенде халықтың қаһарлы тасы жауып, жӛкесі жатқан Айранбақтың ӛзіне қайта қуып тығыпты». – «Іленің бар ауданындағы халқы бірлесіп, жауларын Айранбаққа қамап, ашықтырыпты да, олардың склаттарында қалған ӛз оқтарын ӛздеріне жегіп, кӛкесін танытыпты. Кӛкесін кӛп танытқанның бірі – Ризуангүл атты құлжалық жап-жас қыз екен».

129


– «Қоршауды бұзбақ болып қопарыла шыққандарына ӛз пулемоттарынан оқ асатыпасатып жібереді екен де: ал, жатыңдар меймандар!– деп күліседі екен халық. – Ешкім тойға шақырмай, мұншалық топырлап басатын неткен бейбас құда едіңдер?... Құйрықтарыңа қоныс таптырмай қоқаңдатқан осы ендерің ғой, енді тынышталарсыңдар!» – «Арт жақтарынан келетін күш-кӛмектен жұрдай болған Гоминдан армиясы Айранбақтан аспанға қарап ұлуды ғана кәсіп етіпті. Үрімжідегі Жушауляң оларға аэропланнан азық-түлік тастатады екен. Онысын да ӛздеріне бұйыртпай кӛздерін бақырайтын қойып, халық қағып әкетеді екен». – «Іледен қан ішуге ғана барған Гоминдан Айранбақтан бӛлініп-бӛлініп қашуға ғана жол «тауыпты» ақырында. Ол жол – арам қандары қаланы былғамауы үшін, халық әдейі берген «жол» екен, кезеңнен тосып, кеңірдектерін қия берген соң кӛпшілігі құралдарын тастап қол кӛтере шығыпты!» Іледегі жеңістің бұл хабарын Үрімжіде біз құлпыртып, үгіттің күшті құралына айналдыра қойдық та, қатарымызды кеңейте, нығайта түстік. Бар азуын ақситып, бар тұяғын сапсита ашып алған Гоминдан кертартпашылары түгі қырылып жалаңаш қалған түлкілігіне де баса түсті. – «Хал

130


сұрау» мен «кеңшілік» жӛніндегі ашық үгітін үдетіп, астыртын тыңшыларын кӛбейтті. Біз онысын басып тізгіндеу қызметіне кӛштік. Әр орыннан, әр кәсіптен ӛрмелей шыққан «құлақ» пен «тұмсықтардың» әрқайсысына сол ӛз орындарынан бірнешелеп бақылаушы қойылды. Олар қайсы «иттің» кімді тіміскелейтінін, ненің иісін сезгенін барлайды; кейбір күмәнді-күңгірт кӛрінген адамдарды айқындайды. Бірер тыңшы ұйым жайымыздан дерек таба қалса, оның үнін дереу ӛшіру қамына кіріседі. «Үкімет жағы қаншалық хабарсыз болса, дер кезінде құралдануымыз да соншалық оңайға түсетінін» бәрі де ұқты. Кӛтерілістің белгіленген уақыты жақындаған сайын Үрімжі кӛшесінде тыңшылар мен осылай аңдысушылар тізбегі кӛбейе түсті. Жексенбі күндері үкімет тыңшыларының әрқайсысы ӛз бақылауына алған «досының» ізін баға шығады да, біз жақтан оның ізін баға бірнешеу шығады. Бұл бірнешеудің біреуін бақылап жүрген тағы бір тыңшы түсе қалады олардың соңына. Бұл тыңшының соңында және бірнешеу бар да, олардың соңына тағы бір тыңшы келе жатады... Саяси жағдай тудырған осы ұзын шұбырындыдағы «бірнешеулер» кейде артындағы тыңшыға естірте атысып-қағысып, ӛзара

131


«қалжыңдаса» жүреді; ол тыңшыға танылмайтындары «қалжыңдасады» бұл кезде: – Ей, іш бүйен екенсің, ә, сен?! – Шпион екенімді қайдан білдің?! – Дәмеленген итше соңымнан қалмай қойдың ғой?... Дәретке әлі отырмаймын, аузыңа менен ешнәрсе түсе қоймайды, кет, жоғал! – Шпион деген ит емес, жігітім, сақшы қызметкері ғой ... қыс! – Мен қыспай, миың болса, сенің қысқаның жӛн. Иттің де жақсысы болады. Тойғызғанға туған елін сататын иттен жаман ит жоқ. Халық мұндай иттердің терісін сыпырып жатқанын әлі күнге естімей жүрген неткен керең ит едің! – Ажалыңнан бұрын ӛлгің келмесе, құйрығыңды енді қыса қойғаның жӛн,– деп тағы бірі қадалады оған, – сен сияқты бір иттің қожайынының дәретханасына тұмсығы шаншылып ӛлгенін де естімедің бе!... Осындай ӛжет ескертулерден сынып, жуасып қалған тыңшыларды да кӛріп жүрдім. Мұндайлар суыққа ұшырап, шағудан қалған жылан сияқты. Жиырылып қана, мең-зең ирелеңдейтін болды. Соңыма кӛп түсіп, сақтыққа әдеттендіріп қойған Кәмен, сонау күнгі соққыдан соң арт жағымнан кӛрінбей жүр еді. Осы бір аптадан бері қырма сақалды қырқылжың ұйғыр жігіт артымнан екі-үш рет кӛрініп қалды. Киіммін ауыстырғыш екен.

132


Алғашында сары киіммен, құлақшынын кептей киіп, анда-санда бір кездесетін кӛше таныс, кӛк киіммен де, сұр, қоңыр, қара киімдермен де еретін болды. Қаншалық құбылса да бас киімі милығына кептеле жүретіндігінен таз екені байқалады. Сол белгілерімен сұрастыра жүріп, бір линиядағы шпион тобының бастығы – Абдығұпыр екенін, бұрын кӛбінесе қаланың оңтүстік қақпа сырты районын тіміскілейтінін естідім. Мұны бақылаушы ұйғыр жігіттердің мәліметі іле-шала Юсуф Қасым арқылы жетіп, Абдығұпырды түсіндірді маған. Ӛткен жексенбі күні түстен кейін Кәмен «мәдениет клубының» жанындағы «қараңғы базар» деп аталған тар кӛшенің аузында тұрып, Абдығұпырды ымдап шақырыпты. «Тӛрт кӛше» жақтан келе жатқан мені оған нұсқап кӛрсетіпті де, бірсыпыра сӛзбен күбірлеп таныстырыпты. Бақылаушылар Кәменнің күбірінен: «аты Биғабіл» деген сӛзін ғана естіген екен. Мен жақындағанда Кәмен зып беріп, қараңғы базарға кіре жӛнеліпті де, Абдығұпыр алдымнан бағдарлай қарап тұрыпты... Менің соңыма сол күннен бастап түскен екен. Бақылаушылар оның іңір қараңғылығымен Сыфан мектебінің тәртіп бӛліміне де екі рет кіргенін жеткізді. Сенбі күні кешке жақын осыны естісем де, еріксізден сәтсіз сапарға шықтым. Кәмен

133


соңымызға түспейтін болғалы сенбі кештерінде Нұрия екеуміз киноға бірге баратын болғанбыз. Гоминдан күлгенсіп ауыз «кеңшілігін» жариялай берген соң мектеп тәртібі де кеңігенси қалған кез еді. Билет алғанымды Күләннан хабарлап қойғанмын. «Аспаннан қаһар жауса да Нұрияшты алдамақпын ба», Үрімжі кӛшесінің кӛк сұр тұманын жамыла жетіп, Күләннің үйінен таптым да, апақ-сапақта қолтықтай жӛнелдім. Билетті Нұрияның мектебіне жақынырақ мәдениет клубынан алғанбыз. Мен сенбейтін, бірақ Нұрияшты құрсаулап алған түс қорқынышы оның тұнық кӛгілдір кӛзін жасаурата беретін болып еді. Менің жүзіме тағы да тұна қарап қойып келе жатты. Шексіз мейірімнің кең жаралған сол сұлу кӛзі жасаурағанда қараңғылықты жара кӛрінетін бір нұр менің жүрегімді балқытып толқыта жӛнелді. Маған не айтпақшы болып қарайтынын, айта беруден ӛзі тартынатынын, қанша тартынғанымен онысы еркіне қоймай қинай түсетінін біліп келе жаттым. Ол қолтықтағанда жүрегіме ұлпа мамық тӛсегендей сезілетін жұмыр білегі неше қабат киім сыртынан жалын боп шарпыды қолтығымды. Тұла бойымды лапылдатып, қыс соңының кешкі ызғарын құлағыма да жуытар емес. Маңдайым терши түсті.

134


Қалыңдық жүрегінде келе жатқан «бақытты болудың ауыр күмәні» – тәтті ләззаттың ашты қатері мені де қинағандай, сол күдіктен біржолата құтқарудың қамы жалтақтата берді кӛзіне. Кӛнелік сенімін мысқылдағандай жымия қарауға тырыстым. – Тағы да түс кӛрдің бе? – Кӛрдім, – деп күбір ете түсті де, тӛмен қарап жасырын соза күрсінді. Сол жӛніндегі менің тілегімді қабылдашы Нұрияшым! Сенбеші сол түйсік алдамшысына! – Қабылдағамын ғой!... Бірақ... неге кӛре беремін сол түсті?!... – Хауіптеніп ойлаған сайын кіре береді түсіңе. – Сені танитын... достарың да, жауларың да кӛбейіп кетті. Атыңды бір-біріңе сыртыңнан таныстырып келе жатқандарын кӛшеде жиі естіп ӛтетін болдым. Дәл осы жағдайда таныстың кӛбеюі үлкен қатер ғой? – Сол қатердің – тыңшылардың Іле оқиғасынан бері жеңіліп келе жатқанын да естіп-кӛріп жүрген шығарсың?! – Аз уақыт бой тасалап, Күләннің таудағы бір туыстарынікіне бара тұршы!... Күләш айтты оңаша бір үйдің жайын... алаң боламын десең, мен де ӛз қасыңда болайын. – Ел жағдайы артып отырған мына міндетті қайтеміз?

135


– Бұл міндет сенсіз де орындалатын болды ғой!... Халықтың жеңуі сӛзсіз... Ал, сенсіз мен жоқ. Сен бір...кетсең... қайта табыса алмаймыз... Кӛрген түсім ыңғай осылай. – Иә, әрине солай, күндіз соны ойлайсың да, түнде соны кӛресің,– деп күлдім мен. Күлкімді әдейі жалғастыра қайырылсам, Ғұпыр таз он метрдей ғана аралық сақтап соңымызда келе жатыр екен, – иіскелеп келеді,– деп қалыңдық білегін қысып қойдым да, жүзіне қараған болып таза естірте сӛйледім. – Сіздің жігітті күтеміз деп кинодан қалып қоймайық, қыз керек болса, ӛзі тауып алмай ма? Артымыздағылардың бәрі озып кетті. Біздің бұл жүрісімізден ит те зерігер, тез жүрейік. Абдығұпыр озып, алдымызға түсе қойды. Нұрия оны танымаса да, менің сӛзімнің нысайынан түсіне жауап қайырды. – Асықсаңыз жүре беріңіз, ол маған «қуып жетемін» деп қалған. – Дәл жауап болды,– деп күбірледім, «жүрісімізден зеріккен ит» ұзаңқырап кеткен соң. Бұл пәлені менің ізіме Кәмен түсіргенін айтып едім, Нұрия сескене қалды. – Кәменнің сайлауы сенің басшылығыңнан болғанын осы жүрісімізден біліп кетті ғой онда? – Екеуміздің әлгі сӛзіміз содан құтылудың мықты жауабы болмады ма?

136


– Сенер ме соған?... Не деп едім жаңа, сенің сӛзіңнің тұспалына қарап сӛйлей салып едім, ұмытып та қалдым. Мен ӛз сӛзім мен Нұрияның оған қайтарған жауабын қайталап айтып бергенімде күліп жіберді ӛзі. – Рас, рас жақсы жауап болыпты. Сұрай қалса, осы ізбен жүре берем ғой. – «Жігітіңнің» аты кім екенін сұраса, Ынтықбайды айта сал, мен оған мойындай салуының оңайлық келтіретінін айтып қояйын. – Қойшы, аға ғой ол!... Жоқ тіпті, айтпашы мұндай сӛзді, айтпайықшы, жаман ырым болады ғой!... «Жігітім» деп басқа ешкімнің атын атамай-ақ құтылармын! – Онда, егер қинайтындай болса айта бер мен екенімді. Менің құтылар жауабым тіпті оңай. – Сені сұраққа тартқызбақпын ба?– деп күрсінді Нұрия. – Басқадай жауап та табылар... Саған кір жұғатын бір сӛз туылса, есім шығып кетеді. – «Мәдениет клубының» қақпасына келсек, Ғұпыр таз бізге сол жерден баспалай қарап тұр екен. Біз қасына әдейі барып тұра қалдық. – Ой, «әлгіңіз» келмеді ғой,– деп мен жан-жағыма қарай түстім. – Келер,– деді Нұрия, – кино басталғанша келмесе, мейлі.

137


Ғұпыр таздың ӛзін бақылаушылар да тұс-тұсынан келіп тұрғаны байқалды. Бірін-бірі танымайтында дара-дара тұрған бірнешеуге таз да кӛз қиығын тастай береді. Талайды кӛріп, байқап болған мығым тӛбет сияқты, құйрығын қайқайта түскендей, дүрдиіп, керіліп тұр. Кӛптен қырылмаған сақал-мұрты тал-тал болып, ерекше түксиіңкі кӛрсетті. – Келмеді ғой,– деп оған естірте күбірледі Нұрия, – енді кіре берейік, келсе тауып алар. Кӛп адамның арасымен Нұрияның соңынан жылжи барып, клуб залына ӛткенімде, кіріп келе жатқан тізбектің соңынан таз да кӛрінді. Билет тексерушілерге кӛк кінешке тәрізді бірдемесін жеңінен жылт еткізіп қана ӛте шықты. Бақылаушылар бастырмалатып ере кірді. Біз орынға келіп отырып, маңайымыздан тазды кӛре алмап едік. Бүйірдегі шығар есіктің алдына барып түрегеп тұр екен. Кӛзі біз жақтан ауар емес. Кино қойылып жартылап қалған бір алакеуім шақта Нұрия менің білегімді қаусыра құшып сыбырлады. – Осындай уақытта алдыңғы есіктен шығып кетші! – Менен алаң болма Нұрияш!... Артымыздағы тӛртінші қатарда сабақтас қыздарың отыр, сен қазір солардың қасына барып отыра қал да,

138


солармен бірге қайт. Сенімен енді бірге кӛрінбесем болғаны, маған хауып жоқ. – Мақұл, бірақ, сен кино бітпей шығып кетші!... Таңертең ерте жет Күләннің үйіне!... Таңертең аман қалған-қалмағанымды білуге соншалық асығатынын, тіпті түн бойы кірпік айқастыра алмасын да түсіне мұңайып қала бердім. Ол жете бере сабақтас ұйғыр қыздары сырылып орталарынан орын берді. Мен қайтпадым; ерте шығып кетуім тыңшының күдігін қоздырады. Және Нұрияны аңдуға қалдырмауым кӛңіліме тыныш қой... Кино бітіп, зал дүр ете түскенде, Нұриялар да тұрып есікке беттеді. Менің қозғалмай тұрып қалуыма жалтақтай жетті есікке. Таздың назарын ӛзіме тартпақ ойым бекер екен; Нұрияның соңынан ере жӛнелгенде, мен де ұмтылдым. Тӛрт қыздың соңынан таз қалар емес, арт жағына қарай-қарай ілесті, негізгі нысанасы мен ғой. Соңынан андыздап бақылаушылар да кетті. Қақпа алдынан баспалап аз кідірдім де, ықтиярсыз мектеп жаққа тарттым. Арттарынан кӛрінсем-ақ Кәменнің дәлелдемесі дәл баса түспек. Қайтушылар тізбегінен артта қалыппын. Жатақханама түнгі күзет шаңқылын кеше жетіп, қанша түйілсем де ұйқым келер емес. Нұрияның қамшылдығы енді менің басыма түсті. Жексенбі

139


таңын аунақшып атырып, күн шыға Күләннің үйіне жеттім. Ауыз үйде шешесі от жағып күйбеңдеп жүр екен. Сәлеміме жауапсыз сӛйлей жӛнелді. – Балам-ау, бұл жалмауыз тыныштық бермеді-ау сендерге, әкелеріңді алып болып, аузын енді сендерге ашыпты ғой! Әлгі Нұрияшты сақшы ұстап, таң атқанша тергепті. Маңдайымнан тер бұрқ ете түсті: – Келді ме, аман ба?! – Келді, аман!... Үш сабақтасы осында жеткізіп салып қайтты. Тӛр үйге ұмтыла бергенімде ұзын қара қоңыр шашын тарқатып алдына жайған Күлән есіктен шыға келіп, менімен тағы да сүзісе қалды. Қолындағы тарағы жерге түсіп кетті, тағы да күліп жіберді ӛзі. Шешесінің кӛзінше қалжыңдай алмай күлді бұл рет. – «Қарындасыңыз» ұйықтап жатыр, – деп жерден тарағын ала сықылықтады да, зорға тиды күлкісін, – үндемей ғана барып отыра тұрыңыз, ұйықтап алсын! Мені кіргізіп жіберіп, есікті жаба салды сол сӛзбен. Нұрия керуетте жатыр екен, аппақ білегін тӛбесінен айқастырып, алқымдағы екі түймесі ағытылған ал қызыл кофтасымен ұйықтапты. Жай-күйін сұрауға да, аймалауға да асыққан жүрегіме «тәк-тәк» айтып, терезе алдындағы

140


орындыққа үлкен зорлықпен беттеген сияқты едім. Толқын соққандай ығыппын да, дәл қасынан жанай ӛтіп барып тоқтаппын. Кӛрпе омырауына жетер-жетпес қана жабулы. Алдымен қабағына қарап едім, ашудың да, қайғының да дағы жоқ. Кірбеңсіз, кӛңілді ұйықтағанын кӛріп, жай тапқандай болған жүрегімді ӛз жүрегіне тартып әкеткендей, үйріліп тұра қалыппын. Албыраған ақ сары жүзінде, шығар күннің шұғыласына шомылған үкі бұлттай бет ұшы нарт жанып, одан да биікке ӛрлеген қыран қанатындай қайқия екі қасы керіліпті. Жұп-жұмыр алқымы атқан таңдай арайланып, кӛзіме нұр құяды. Сол таңды қарсы ала енді ашылып келе жатқан қызыл гүлдей ерін «сүйші» дегендей емеурінмен еркімді әкетіп барады. «Иә, таң нұрына бӛленген бұл маған ғана арналған, бәрі менің ғана меншігімде, мына жас қайыңдай майысқан ақ білектер де менікі, мен үшін ашылған ыстық құшақ, нұрлы бақ! Бұл бақ жәннәтіна бӛлену, менің қолымнан ғана келеді!... Бірақ, жағдай қатері тӛніп тұр-ау, қатал тағдыр қоспай кетсе қайтерсің!... Пәк жанын кірлеп, сау жүрегін жаралап, ақ кӛңілін қаралап қойып, ӛліп кетсем иә дауыл айдаған жаққа ықтиярсыз кете барсам, мен бір шіріткіш бактерияның ұяса, қара қазанның күйесі болмаспын ба?... Қабен сынды адал дос, «адамгершілігіңе тапсырдым» деп еді

141


ғой! Иә, ӛзі де менің адамгершілігіме берілген... Мұның кӛңілін де, ӛз кӛңілімді де мезгілсіз қытықтамай, аулағырақ барып отырайын!» Сабыр тынымын шақырғандай бұл ой әпсәттік қана салқын лебімен желпіп ӛте шықты. Саждаға тӛнген сопыша бар итағатыммен еңкейе түскенімді сезбеппін. Кӛкірегіне құлай бере қайта кӛтерілдім; әлгі ӛзім шақырып алған «сабыр жолдас» кеудемнен тірей қалғандай болды. Ашық алқымын кӛрпесімен жауып қымтадым да, қайта айнып, қайта аштым. Сол сәулелі алқымға жабыса кетті ернім. Нұрия селк етіп оянды. Мен де селк ете түскендей кӛтеріле беріп едім, қос білек жабыса тартты құшағына. Басымды оттай ыстық кӛкірегіне басты. – Түсім бе?!– деді қыса құшып. – Иә, түсің... осы жолы жақсы түс кӛрген шығарсың? – Мұндай түс кӛрсем ешқандай қатерден қорықпас едім... Екеуміз қатар күрсіндік. Нұрия есікке қарап алаңдады да, мен тұрып барып орындыққа отыра кеттім. Нұрия басын кӛтеріп, байпақшаң аяғына туфлиын іле түрегелді. Беті-қолын асыға жуып, сүртінді де, жандаса келіп отырды қасыма. – Түнде не болды?– деп сұрауға мұрсам енді жетті:

142


– Жолымызда сақшының жасырын бӛлімшесі бар екен,– деп күлімдей бастады Нұрия сӛзін. Шашын ӛріп болған Күлән да екеуміздің ашық үнімізді ести келіп отырды, – сол қақпаға жете бере әлгі таз менің білегімнен ұстай алды. – «Сізбен сӛйлесетін біраз іс бар» деп жан қалтасындағы кішкене кӛк книшкасын басқа қыздардан далдалай шығарды, «мен жыңса1 қызметкері» деп маған ғана естірте күбірледі. «Сізден бір ахуалды сұрап анықтамақпыз, қорықпаңыз, басқадай жаман іс жоқ; бұл мекеме» – дейді. Қасымдағы үш қыз қоршай шулады оны. Бәрі Ілелік қыздар. – Бармайды, мұндай қыз оқушыға түнде мекеменің не ісі бар екен! – Іс болса, күндіз барып, мектептен сұра, қазір саған қосып бере алмаймыз! – десті. Артымыздан келе жатқан тӛрт-бес жігіт жақындап келіп топтаса қалған екен. Біз жақ екенін түсініп кӛңілім орынға түсті. Шпион оларға бір қарап қойып, екі рет ысқырық тартып еді, қақпадан мылтықты екі сақшы шыға келді де, таздың ишарасымен мені айдай жӛнелмекші болды. Қыздар енді олардың алдына тұра қалып, ханзуша тілде айтыса кеткенде, таз жайма-шуақтап, «жай ғана бір ахуалды сұрап» алатынына сендірді. Үш қыз 1

Жыңса (қытайша) – сақшы.

143


сонда да менімен бірге кірді қақпаға. Жігіттер сол орындарында ӛзара қалжыңдасқан, күлген болып қала берді. Қақпа босағасындағы есікке кіргізді бізді. Үш сабақтасымды ауыз бӛлмеге отырғызып қойып, аттарын сұрап жазып алды да, мені тӛргі бӛлмеде тергеді. Атымды, әкем атын, жасымды, жерімді сұрады. – Әкең қайда? – деп сұрады сонан соң. – Шың Шысай қамаған түрмеде. – Не себеппен кірген? – Білмеймін, мен онда кішкенемін. «Бандыға ермей қойғандығынан ұсталды» деп шешем ұқтырған. – Үйің бандыға қатынасып кеткен ғой? – Жоқ, қатынаспайды! Осы ӛткен күзде де үйіме барып қайттым. Біздің ауылдан банды шыққан емес! – Сіз не үшін жүзіңізді ӛзгертіп, еркекше киініп жүресіз? – Қашан ӛзгертіппін? – Былтыр қыста, биыл да... еркекше киініп, мұрт жасап ӛзгеріп жүргеніңізді қазақ клубынан, кӛшеден кӛргендер бар! – Мұныңыз ӛтірік... Ӛзіңіз ұялып қалатын ӛтірікті айтпаңыз маған! – Бұл рас!... Сіздің ӛтірік айтпауыңыз ӛзіңізге жақсы, қашан да мойыныңызға қойылады!

144


– Мойныма қойшы айғағыңызды әкеліп, мойындата алмасаңыз, үлкен болсаңыз да, ӛз бетіңізге түкірігім тимей қоймайды. – Не дейсің? Мен ауыз бӛлмедегі қыздарға естіртіп, ӛршелене жауап қайырдым. – Мойындата алмасаң бетіңе түкіремін деймін... Сол кӛрген кісілерің, еркекше киініп, құбылып жүрген кезімде неге ұстап алмаған? – Бап болды, – деп қалды ауыз үйден тыңдап отырған ұйғыр қыздардың бірі. Таз тергеуші күреңітіп тығыла қалды: – Ақырын сӛйлеңіз, басқа адамға естіртуіңізге рұқсат жоқ! – Бұл, ақырын жауап қайтаратын сұрақ емес... Бұдан қатты жауап естігіңіз келмесе, осы нақақ жала жабушының атын айтыңыз... не үшін жала жабатынын мен айтып бере аламын! – Егер бұл жала болса, кім айтты деп күмәнданасың? – Күмәнданбаймын, фактым бар, ол жалақорың «бірнешеу» емес, біреу ғана. Оның ӛз бетіне де келістіріп түкіргенмін!– деп күлдім мен, қасақана қатты күлдім (Нұрия осыны айтып, тағы да «қатты күліп» – сыңғырлап алып жалғастырды сӛзін). Ӛз бетіне түкіртіп алған жаласымен сіздің бетіңізге де түкіртіп, күйе жаққызатыны сӛзсіз. Жасыңыз үлкен адам екенсіз, одан сақтанғайсыз!

145


– Сіз кімді айтасыз, аты кім оның? – Кәмен!... Ол маған хат жазған. Мен қабыл алмағанмын. Екінші рет тағы бір хат жазып, мені қорқытып кӛндірмек болды. Мен сонда түкірдім. Сол хаттағы қорқытқан сӛздерін тергеу материалы етіп, сіз де қорқытпақсыз ғой. Ол ақымақтың сӛзінен сіз де ақымақтық жұқтырып алмағайсыз! Осыны айтқанымда Ғұпыр таздың басы қышып, қатты қиналғандай, қалпағының сыртынан қаси берді. Мен «қалпағыңызды алып қасынсаңызшы, жыртылады ғой» дей жаздап күле бердім. Сол күлкім де ем болған сияқты, басыла берді, ойланып қалды. – Ол хат қайда?– деп сұрады бір кезде. – Ӛзіне қайтарып бергенмін,– дедім мен. – «Хатты кім арқылы қайтардың?» деп сұрар ма деп дайындалып едім. Ол жағын Кәмен айтпаған сияқты, таз сұраусыз ойланып қалды. Хабарсыз екенін байқадым да, бізге ең керекті сырды анықтай түскім келді: – Егер ол хатты ӛзіне қайтарып бермей, ағаларыма кӛрсетсем, ұрып жығар еді оны. Қисынсыз жалаға кім ызаланбайды!– деп тӛмен қарап бұртия қалдым. Таз жалт қарап сұрады: – Ағаларың кім? Мен Кәзеннен бастап, Үрімжідегі үкімет күмәні азырақ деп саналатын ағайларымның тӛрт-бесін атадым.

146


– Ілелік жігіттерден кімдерді білесіз? – Анық танитыным жоқ. – Сізбен амандасып, күліп ӛтетін бір әскери татар жігіт бар ғой, аты кім еді соның? – «Атын білмеймін» дедім мен. – Расында да мен танымайтын бір жуан ноғай кӛшеде кӛрген сайын жылы ұшырап, сәлемдесіп ӛтетін болған. Сенің достарыңның бірі болар деп мен де жақсы амандасып жүргенмін... Нұрияның айтып отырған ноғайы – Репқат екенін, Нұриямен байланысымды да сыртымнан біліп алғанын түсініп жымия түстім. Бірақ Абдығұпыр таздың Репқатты тіпті қатты тіміскілеп жүргенін сезіп, жүрегім ӛрекпи қалды. Сіңлісінің бұл сӛзін қызықтап Күлән күліп жіберді. – Қайын ағаң шығар, сәлем етпедің бе?– деп күлді ол. – Қойшы, жай-жапсарды толық түсіндірейін дегенім ғой,– деп қызғылт тартқан Нұрия сӛзін жалғастыра берді,– шпион таз соны қайталап кӛп сұрады менен. – «Атын білмейтін, таныспайтын жігітпен қыз қалайша күлісіп амандасады?... Осының себебін айтыңызшы!» дейді. – Кім біледі?– дедім мен. – Атын білмейтінім рас. Біз атын білмесек те күлімсіреп амандасатын

147


жігіттер кӛп, кӛңілі бар жігіттер күлімсіремей, түксиіп амандаса ма,– демесіме болмады. – Сіз неге күлімсірейсіз?... Ұялып отырған сияқтысыз, айта беріңіз, махаббат байланысын тексеріп, шектемекші емеспін! – Олай болса, не үшін сұрап отырсыз менен?! – Жігітіңіз сол ғой?– деп күлімсіреді тыңшы. Мен тағы «ашулана» бастадым. – Түні бойы иен бӛлмеде менің жігітімнің кім екенін тергейтін не хақыңыз бар?!... атын да білмейтін біреу, менің жігітім болмақ па, шатпаңыз, албаты сӛйлемеңіз ӛйтіп! – Олай болса, жігітіңіздің аты кім? – Жігітімнің аты пәлен деп сүйінші сұрамақпын ба сізден? – Оны сұрап білуге хақымыз бар, сақшы қызметкері бекер сұрамайды! – Сақшы бекер сұрамаса, алдыңғы сұрағаныңыздай бандының қызы бандымен махаббат құрмақшы деп күмәнданады екенсіз ғой? Мен Гоминдан қамқорлығындағы Гоминдан мектебінің оқушысымын. Бандыға барсам, басымды кесіңіздер, ұқтыңыз ба?... Әлі уағдаласпаған жігіттің атын сақшыға жігітім деп мәлімдеп, күлкіге қалмақшы емеспін, мұны да түсініп қойыңыз! – дедім... Ит те күле алады екен,– деп күлді Нұрия сонан соң, – таз күлімсіреген бейнеге келді.

148


– Айтпақтайын,– деп жылтыңдай қарады маған, – киноға сізбен бірге кірген кім? – «Биған» деп атайды ғой біздің сабақтастар. Ол жӛнін сіз білмесеңіз, мен түсінбеймін,– дедім. – Бірге жүріп қалай түсінбейсіз? – Менің жерлес ағаларыммен бірге оқиды. Ол да сіз сияқты ана жігітің, мына жігітің деп қылжақтайды. Сіздер сияқты ӛсек аңдыған кезбелерді түсіну мүмкін бе?... – Ол да сізден біреулердің ахуалын сұрап тұра ма? – Ол сіз сияқты тергеуші емес, оқушы ғой. Бірақ ол да маған біреулерді «жігітің» деп таңа жүреді. Сізге ұқсайтын жері сол... Осы сӛзіме таз күлімсіреген болып, кӛп ойланып қалды да, соңынан Ынтықбай, Салық, Қуат ағайды, тағы бірнешеуді сұрады. Ынтықбай мен Салықтың бір жерлік туыс екенін айттым. Басқаларын танымайтындығымды түсіндіре сала, терезеден кӛрінген таң қылаңына қарап шындап ашуланбасыма болмады: – Маған байланысты іс болса, сұра, болмаса, ӛзім түсінбейтін құрғақ мылжыңыңның керегі жоқ! – деп түрегелдім. – Мұнда болған сӛзді бірде-бір адамға айтсаң, қатал жазаға тартыласың!– дей салып, тіл хатты менің атымнан ӛзі жазды да, маған ұсында. – Қол қойыңыз!

149


– «Бір түнді түгел алған бұл тергеуіңді мектеп кеңсесіне мәлімдеймін!» деп жаздым да, шыға жӛнелдім. *** Абдығұпырдың Нұрияны тергеуі осылай ӛтіпті. – Қалай?– деп күлімсіреді Күлән маған қарап. – Біздің сіңлі емтиханнан ӛте ала ма екен? – Ӛте алатынынан күмәндансам, кӛруге асыға жүгіріп, ӛзіңді сүзе берем бе? Бұл сӛзіме екеуі қатар сыңғырлап, ұзақ күлді. Мен Абдығұпырдың тергеу әдісіне шынымен сезіктене қалдым. Мәселені психикалық жақтан зерттеуге тым пәле таз сияқты кӛрінді маған. Мұндай жайма-шуақсыған ұсақ-түйек сұраулар қоюшы адамның жауап берушінің ажар-жүз құбылысын қатты аңдитыны белгілі ғой. «Нәзік сезімді жас Нұрияны айлакер, сұм таз сол жағынан ұтып, кей сырларды жүз құбылысынан тартып алып қалған шығар» деген күдік пайда болды: – Нұрияш, ол таздың сұрақ қойған кезінде кӛз қырын сенен алмай байқап отырған шығар?– деп сұрап едім: – Иә,– деді Нұрия маған жаутақтай қарап, – сырды менің шырайымнан іздейтінін бірінші сұрағындаақ біліп қойдым. Бірде ашуланып, бірде мазақ

150


қылғандай күліп отырғаным сол. Оның ойындағысын жоққа шығаруға тырыстым. – Мен туралы сұрау қойылғанда бетің қызарған шығар? – Жоқ, ӛзімнің ең сақтанайын дегенім сол болатын,– деп жайнай түсті Нұрия, – мұрнымды әдейі тыжырып, тәкаппарланып алдым. – Ғұпырды кӛрген соң Биғабілдің атынан да жиренген екенсің ғой?– деп жымиды Күлән. – Сӛйтпесем... Мұны ӛзім ұстатармын, – деп Нұрия қызара қалды да, бетін екі алақанымен басып, кӛкірегіме сүйене құлады. Күләннің күлімдеп отырған отты қара кӛздері де жасқа тола кетіп ауыз үйге шыға жӛнелді. Ол есіктен аттасымен Нұрияны кӛкірегіме құшырлана тартып қыса түстім. – Рұқсат берсін-бермесін, біраз күнге тауға шыға тұрайықшы!– деп тығылды Нұрия. – Неге?... Тергелуден аман тұра тұрғың келе ме? – Жоқ, ӛз басым... Түрмесінен де қорықпас едім ғой.. сенің... сенің амандығың үшін. – Мен не болады екенмін, шешуші күрес кезеңінде тайқап шыға берсем, кім болмақпын? – Елдің мұратына бір жететіні сӛзсіз. Ал, менің бар қорқыныш, бар қатерім сенде тұр,– деп ӛксіп қалған қалыңдық, жеделдете сӛйледі, – қазіргі кезеңдегі азаматтық негізгі міндетіңді орындап

151


болдың. Енді мен үшін, менің ӛмірім үшін апталық уақытыңды қи! – Неге бұлай дей бересің жаным-ау, ӛз азаматтығыңа да лайық сӛз емес қой мұның! – Лайық емес, ойлағамын... бұл сӛз де қатты батады, шынымды айтайын... Осы келер аптада ел-жұртқа емес, екеумізге ғана керемет құйын соғатындай сезіледі... Сенің тағдырыңа ӛте қатерлі... Сенің ол халың әрине маған қатерлі... ӛлмейтін адам болмайды ғой, рас, тағдырда солай жазылған болса... ӛлсе ӛле берерміз... Бірақ... бұл ӛмірден не қызық кӛрген болып ӛлеміз сонда... тым болмаса... екі-үш күн бірге тұрайық та... аз күн кӛз жаздырып қайтсақ, мүмкін аман қалармыз. – Нұрияшым!... Нұрым! Рухи сенім жағынан жеңілген екенсің сен... дұрыс емес... тағдырды дерексіз рухқа байлаған сенім қателестіреді. Болмашы құбылыстан үрей туылады да, кӛлеңкеңді де кӛр етіп кӛрсетеді. Үрейлене берме, біз жеңеміз!... Қорқынышты түс кӛруден үрейге берілу дәл қазіргі біздің ісіміз емес... Біздің ісіміз – ӛмір үшін ӛлгенше күресу. «Күрессіз күн жоқ» дейтініміз – күрессіз ел жоқ. Ел жоқ болса, сен де жоқ, мен де жоқ. Ерлік күрес үстінде күл болсақ та күніміз қалады, ел аузында үніміз қалады, Нұрияшым, қателеспе, кӛппен бірге кӛрелік. Ӛзіміз бастап беріп, ӛзіміз тастай қашсақ, бізді не дейді ел.

152


– Ал, қойдым енді, қойдым,– деп Нұрия басын кӛтеріп алды, серги кӛтерілді. – Сені аяймын деп ар-ұятыңнан айыра жаздаппын,– деп қызғылт тарта күлімсіреді. Күлән кіріп, кішкене үстелге дастарқан жайды да шәй құйды. Мен заттық болмыстан сырт рухани қиялдың адам сезімін алдағыштығынан туылатын жат құбылыстардың бірнешеуін әңгімеледім. Оның ішінде түс кӛру де, бастырылу да бар. – Сіз де біраз жылап қойдыңыз-ау деймін,– деп Күләнға қарадым сонан соң, – қалайдан қалай жылауық бола қалдыңыздар? Күлән демін соза алып, кӛзін жұма күлімдеп әзілдеді: – Елдікі соншалық аяулы болып, «айрыламын-ау» деп жылап отырғанда, біздікі арзан ба екен? Ол қазір осында болса, мен тіпті дауыстап кӛрісер едім онымен... – Оның да келетін уақыты болған шығар, – деп мен орнымнан тұрдым, – кӛріскендеріңізде қосыла жыламай, кетіп алайын. – Қайда?– деп жаутаңдай қараған Нұрияға бүгінгі жұмысымның кӛп екенін, кешке жақын келе алмай қалуым да мүмкін екенін айтқанымда, оның үлкен кӛзі тағы да мӛлтілдей толып, тӛмен қарай бере белдемше кӛйлегіне тырс-тырс еткізді. «Ендігі жексенбіге дейін кім бар, кім жоқ» дегені екенін түсініп, жүрегім сыздай жӛнелді. Тамағыма

153


қап-қатты бірдеме тірелгендей, кӛңілім босай қалды. Менің кӛз жасымды кӛрсе, Нұрияның енді үн салатынын байқай жұтынып, тия қойдым да қатал пішінге келдім. – Жыламашы Нұрияш, ӛзің айтқандай жаман ырым болады ғой... Онан да ертең мектептеріңнен топ құрап барыңдар да, әлгі тазды шектейтін қатал талап қойыңдар. Мүмкін болғанда қалалық сақшыға мектептеріңнің наразылық хатын ала кіріңдер. Түнде тергелуге қарсы әйелдер жұртшылығының сӛзі ӛтеді. Нұрия ширап, енді жайнаңдай қарап сӛйледі: – Мақұл, тӛртеуіміз келе жатып осы пікірге келіскенбіз. – Олай болса, ертең таңертең мектептеріңе мен де барайын,– деп Күлән қоштай кеткенде «екі жылауықты» күреске баптай қойғанымды сезіп шыға бердім. Оңаша шыққан соң кӛңілім тағы босады. Еркіне қоя берсем, Нұрияның ӛзінше ытқытатын сияқтымын. Нені сезетіні белгісіз жүрегім ӛрекпи тулайды. Ержүрек, берік Нұрияның соншалық босап кеткен жайы да тым түсініксіз жұмбақ сияқты. Бұл жолы оған болған аянышымның асқындай түскенін ғана түсінемін... Мектепке қайтып келіп, түндегі тергеудің жайын Ынтықбайға айттым. Оның да тергеуге түсетіні байқалды ғой. Оқушыларынан жеген соққыны

154


Кәменнің таздан жасырғанын біліп, тергей қалса, біздің де айтпай қоя салуымыз жӛн екенін ақылдастық. Кәменнің хатын енді Нұрияның ӛз арызы мен мектептің наразылық хатына қоса жолдауын ұйғардық. Нұрияға хатты тапсырып беріп, ұқтыра шығуға енді Ынтықбай кетті. Репқатты іздей жӛнелдім мен. Бұл жексенбіде кездесуге белгіленген тағы бір сырт кӛшедегі үйге жетіп қалғанымда қақпадан шыға келген Репқат қайта сүңгіді. Мен кіргенде оңаша түп үйдегі үстелге бір қолын тіреп тұр екен. Тым абыржыңқы, асығыс кӛрінді ӛзі. Біздің бар жайды менен бұрын естіпті. – Биғаш, қалыңдығыңмен бүгін кӛрістің бе? – деп сұрады қол алыса бере, – ӛткен түні Абдығұпыр дейтін таз соны тергепті, естіген шығарсың?... Ал бір апта бойына ӛз соңыңда жүргенін біліп пе едің?... Не сұрапты Нұриядан? Ӛз сұраулары сияқты, жауабын қысқа-қысқа қайыра салып, соңғысына келгенде ұзағырақ баяндадым да, әйелді тергеу жағынан тазды тежеңкіреп қоюға қолданған шарамызды қосып мәлімдедім. Репқат бас изей тыңдап разы болды. – Таз ӛте қатерлі,– деді сонан соң, – Үрімжіден «Шығыс Түркістан» іздеп сүмеңдегеніне бір айдан асты. Тергеу орны, жатын орны бірнеше кӛшеде, қазірге дейін біз жақтан ешқандай тиянақты дерек таба алмай жүр. Сонда да үлкен тізімі бар, біз

155


сонысын қолға түсіре алмай жүрміз, ол бірдеме таба қалған күні-ақ үкімет бізді бассалғалы отыр, ал біз күткен партизан отряттарының келуіне әлі бір ай бар, – деп кідірген Репқат шекесін қасып, шытына сабақтады сӛзін, – біз әлден әшкерелену хаупіне ұшырап тұрмыз. Кейбір жолдастар толық анықтамай, ұйымға асығыс тартып қойған шикі адамдар бар. Ғұпыр таз сияқтылар соларды тапса қатерлі болады. Біреуін Юсуф Қасым біледі. Кәмен сендерден тайқап, жақыннан бері соның соңына түскен. Юсуф екеуің ақылдасып, соны бүркеп тастай тұрудың амалын табыңдар... Мен бүгін басқасына жӛн табуға асығып тұрмын. Кәменнің жасырғанын Ынтықбайға ескертіп қойғаның жақсы болыпты... Ғұпыр таздың маңайыңдағылардан не сұрағанын құныттай ұғынып, хауіптірек болса, маған дереу жеткізіп тұр... Бұл кӛшеден де тыңшы шықты. Ендігі кӛрісетін жеріміз – Бахуландағы әлгі 11-ші номерлі қорадағы үй болсын. Уақыты бұрынғыдай, таңертеңнен сағат онға дейін. Ал сау бол, сақ бол!... Мен шығып жүре бердім. Абдығұпыр тергеуін сол жексенбі күннің кешінен бастап біздің мектептің тәртіп бӛлімінде жүргізді. Қазақ, ұйғыр сабақтастардың жеті-сегізін бірбірден шақырып, екі түн ӛткізіп еді. Үшінші түнді жартыдан бӛліп, Ынтықбай мен Қуатқа әрең

156


жеткізді. Бұл екеуімен кӛп «қалжыңдасыпты». Енді «Юсуф Қасым екеумізбен мылжыңдасар-ақ» деп жүргенімде ғайып болды, келмей кетті. Ешқандай сүйегі бар дерек таба алмағаннан ұялған сияқты; Юсуф Қасым екеумізбен «амандаспай» кеткені, тергелгендердің жауабы мықтылығынан екенін түсіндік. Қырағы тергеушім, сол кезде Үрімжінің барлық орындарынан құралып, басым күшке айналған бар ұйым мен бадырайып тұрған мені Гоминданның сол қыраны кӛрмеп еді. Қазір жоқ ұйым «мәселесінен» жоңқадай болған мені осыншалық құрсаулап отырған сіз қыран емей, кім қыран! Сонда қолға түсе қалған қылмысым үшін қудалайсыз-ау. Оң жақ қырыңыздағы әйнектен қарағанда оның тым толымды соғымдық қылмыс болып кӛрінетіндігіне сӛз бар ма? Ян яң кӛрмей тұрғанда сойып ала қоюыңыз жӛн шығар! ІІ Іленің Талқы кезеңіндегі соғыс хабары таралғалы үнсіз күрең Сәбит маған жақындаса, естіген ұсақтүйек хабарларын айта жүретін болған. Бұл жақындасуын баяғы жымсымалығына балап, «мұндай ӛтірікті айтпа маған» дегендей тойтара салатынмын. Сүзек ауруынан тұрысымен асхана

157


тӛбелесінде соққыға ұшыраған оны соншалық қорғасам да, қорсынып шеттетуім сол қалпында болатын. Іленің азат болған хабарын естісімен маған келіп тағы сыбырлады. Мен тағы тойтардым. Ғұпыр таз Ынтықбайларды тергеуге келген кеште маған алдымен келіп хабарлаған да сол. – Тергесе сендердің жалаларыңмен тергейтін шығар?– деп қалдым әдейі, ол жылап жіберді. – Биға, мен ӛлгенде де сенімсіз болып кете берем бе енді?... Менің бір кезде надандықпен істеген ісім болған. Ол қиянатымнан таяқ та жегенмін. Содан бері сендердің араларыңдағы талай сӛзді естіп жүрмін ғой, соның қайсысын мәлімдеппін?.. Асханадағы тӛбелестің нәтижесінен кімнің дос, кімнің қас екенін айыра алмайтын ит емеспін ғой!... Әсіресе сондағы сенің маған істеген жақсылығың ӛмірі ұмытылатын іс пе?... – Болды, болды... соны түсінсең болғаны, – деп шыға бердім мен, – енді күдіктенбей-ақ қояйын. Бірақ, досқа адалдығыңды соңғы нәтижеңнен кӛрейік!... Мен оны пайдаланғым келген осы кӛмескі ескертуім есінде жүрген екен. Содан екі-үш күн ӛткен соң, кешкі сабақ пысықтаудан қайтып келе жатқанымызда жеңімнен тартып қап, басқа сабақтастардан аулаққа бастай жӛнелді. Жан-

158


жағына қарап алып, асыға күбірледі былай шыға бере: – Биға, бүгінгі пысықтау уақытында Кәмен мені шақырып апарып сӛйлесті. – Не айтады? – «Тілек» журналын шығарарда сабақтастарың мақала жазуға кірісті ғой. Сонда не жазу керектігі туралы кім-кім сӛйледі? Әсіресе сонда Биғабілдің үйреткені болса есіңе түсір деді, – деп кідірді Сәбит. Кәменнің бұл мәселені дәл осы тергеу кезеңінде тіміскілеуінен түршігіп қалдым. «Тілекті» бесалты сан шыққан соң Ақылбай тоқтатып қойған. «Іле тӛңкерісінің жеңістері жӛніндегі ауыз үгіті бұдан енді әлдеқайда ӛткір болады. Мұнымен күдіктендірмей-ақ қояйық» деп қана айтып еді маған. Кәменнің ӛзі қатынаса жүріп, аңғырттығынан қақас қалдырған бұл әңгімені қоңырсытып отырған Ғұпыр таз екенін сезіп күдіктендім. Бірнешеуіне тақырып бергенім әшкереленсе, шатақтың басы сол болатындай кӛрінді. – Не деп жауап бердің? – деп іле сұрадым Сәбиттен. – «Кімнің сӛйлегені есімде жоқ» дедім. «Ал Биғабіл ол күні ешқандай сӛзге қатынаспады. Мақала жаза алмай, бір-екі күн үнсіз жүргені есімде» дедім. Кәмен маған: «сабақтастарыңның

159


таңдаған тақырыптарын бір адам ғана кӛрсеткен сияқты, мақала бір-біріне үндес жазылыпты. Мұны жоғарғы жақ тексеріп жатыр. Сен әшкерелесең үлкен сыйлық аласың, соны ойлан» деп тапсырды. – Бұдан басқа не сұрады? – Басқа ештеңе сұраған жоқ. Кӛптен бері еш мәлімет бермей қойғанымды сӛкті,– деп күлімсіреп алып күрсіне сӛйледі Сәбит. – Кӛнбегеніме болмай зорлап, тыңшылыққа бүгін ресми тартты. «Біреуге білдіріп қойсаң басың кетеді» деп қатты ескертті... Енді қалай етуім керек Биға?... Маған Құдай алдында сен... сенің ақылыңсыз ештеңе істемек емеспін... «Істей алмаймын» деп ада-күде бас тарт десең, оны да істейін. Сәбиттің мұншалық қатерлі сырын айтуына сүйінгенімді сездірмей және сұрадым: – Не міндет арттты? – Әлгіні ойланудан басқа, бір-екі ұйғырды бақылауды ғана тапсырды; Юсуф Қасым, Абдыкерім дегендерді... Оның бізге келер-кетері жоқ, жеңіл ғой,– деп жымиды Сәбит, – несін кӛрсек, сонысын айта салармыз баяғы, не зияны бар. – Үлкен зияны бар,– деп тӛне түстім мен, – ұйғырлар білсе, ӛзіңді ӛлтіреді. – Енді қайтейін?

160


– Кәменге тыңшы болғаның – ауру кезіңде ӛзіңді ұрып жыққан атамандарға сатылғаның болады! Оны біз де кешіре алмаймыз. Олар сені ұрғанда ұйғыр сабақтастар сен үшін тӛбелеспеп пе еді? Осыны есіңе сақта, Сәбит. Біз десең, сол Кәменнің ӛз ізіне түссең де қия басқанын маған айтып тұрасың! – Мақұл... дұрыс!... Ал әлгі екі ұйғыр жігіт туралы не айтайын оған?... Алдауым керек қой! – Екеуі «боқтасты» деп қисындырып бір бар, «тӛбелесті» деп бір бар.. Юсуф Абдыкерімді: «тұрпандық таз... дадаң молла болған соң шарқидың құйрығын жалайтын шығар» дейді деп бар. Абдыкерім Юсуф Қасымға: «Ілелік банды!.. қанқор!» деп ұмтылды деп бара бер! – Осылай мәлімдегеніммен ӛздерінен сұрай қалғанда, олай айтпаса... Маған шатақ болмай ма? – Жоқ, олардың ӛздері осылай боқтасып жүреді. Бұл жайттерін қалай түрлендіріп айтсаң да ол екеуі «еріксіз» мойындай береді. Күмәнданбай айта бер. – Мақұл Биға, достығыңа достық, маған сен, бәрін істеймін, – деп Сәбит дәретхана жаққа бұрыла бере кілт айналып келіп күбірледі, – Биға, Кәменнің мұнысын мен айтты деп ешкімге аузыңнан шығара кӛрме.

161


– Сенікін мен айтсам да, менікін сен айтсаң да жазасы – ӛлім екенін жақсы түсінемін, – деп күлімсірей бӛліндім Сәбиттен. Ӛткен кездесуде Репқаттың Юсуф Қасым екеумізге тапсырған «шикісі» осы Абдыкерім екен. Шың Шысай уақытында бір рет тыңшы болып, таяқ арқылы тиылған, әлі де қорыққанда сата салатын екі жүзділігі бар оқушы дейді. Сол күні келе сала Юсуфпен сӛйлесіп, Абдыкерімді тергеуге түсірмеудің қамымен екеуін кӛрер кӛзге қатты қырқыстырғанбыз. Қолыма бүгін сәтімен қона қалған Сәбитті де тыңшыларды соған шындап сендіру үшін салдым. Жазғытұрымның бүгінгі іңірі тым жылы сезілді. Жаңа үміт ұшқынындай жұлдыздар жымыңдайды. Бетіме лүп етіп кӛктем лебі тиді де, әлдеқайдан кӛктем иісі келе қалды. Ызғардың орнын жылылық алып келеді екен. «Ие, қыс сірестіріп, ӛзіндей бозқырауға айналдырған мына теректің де нілсіз сұр қабығы жасарып, нәрлене түспеді ме. Кәменге тыңшы болып тымпиған тоң Сәбит те міне енді шын жүрегімен жібіді ғой! Бұл да мезгіл құбылысының сондай нысаны шығар» деген оймен жылына кірдім жатақханаға... – Кәмен Ян яңның тӛсек-орнын ақтарып жатыр екен,– деп жеткізді Сәбит бір күні түскі демалыс уақытында. – Мен кіріп барғанымда селк ете түсті де, зекіп қалды. «Неге келдің?» дейді. Мен:

162


«Абдыкерім мен Юсуф Қасым тӛбелесіп, кӛйлектерін айырысып тастады. Ауыздарынан мен естімеген сӛздер шығады» деп заулата жӛнеліп едім. «Шыға тұр, кейін» деп қолын бір-ақ сілтеді. Неден қорыққанын ұқпадым, маңдайынан тер бұрқ ете түсті. Сонан шығып келгенім осы. Кәменнің Ян яң жоқ уақытында тінтіп жатқанын түсіне қойып, ӛзім жүгірдім. «Одан жасырын материал іздеп жүрген шығар» деген ой туып, онысын басқа мәселеге айналдыра сықақтап, тінткізбей қоймақ едім. Кіріп келсем, әпер-тәптері шыққан тӛсегіне таңдана қарап Ян яңның ӛзі тұр екен, Кәмен жоқ. Ақ жібек кӛйлегінің жеңі түрулі Ян яң аяздай суынып сұрланып алыпты. – Орныңызды жаңа ғана Кәмен тінтті,– дедім. – А... а... Кәмен!... Бәсе!– дегенде Ян яңның сопақша ӛткір қара кӛзі жарқ ете түсті. – Есікте құлып бар еді ғой, қалай ашқан? – Білмедім, терлеп-тепшіп, асыға тінтіп жатқанын ғана кӛрдік. – Тез шығып кет,– деп жымиды Ян яң, – Кәмен кезіге қалса, «Кәзенді іздеп келіп едім» дей сал. Кәзенді іздеген болып, енді Ақылбайдың жатақханасына соқтым. Керуетінде шалқасынан жатқан Ақылбай есік қағысыммен қабылдай түрегелді.

163


– Ағай, Кәмен Ян яңның есігін жасырын кілтпен ашып, орнын тінтіп шықты. Сізді де айналдырып жүрген шығар, есігіңізге сақ болыңыз. – Кел, отыр,– деді Ақылбай күлімсіреп. Қалған жайды мен отырған соң ептеп қана сұрап шықты. – Бұл әлгі Абдығұпыр дейтіннің тапсырмасы болса керек. Аты шулы екенін түсінетін шығарсың?... Ал, ӛздеріңде біреудің аты жазылған қағаз, әлдеқандай бір тізім болмасын.. Әлгі жақсы кітаптарыңның енді мықтырақ жасырылғаны жӛн шығар! – Мақұл. «Тілекке» жазылған тақырыптардың да нұсқаушысын іздестіріп жүр екен,– дедім мен, – сізден бұл жӛнінде бірдеме сұрамады ма? Ақылбай ӛзінің іштен түсінгендегі әдетімен жымиып, басын шайқай салды да: – Мұны Кәмен сенен сұрады ма?– деп қайыра сұрады. – Үнсіз күрең Сәбиттен сұрапты, сол айтты. – Ол ондайды саған айтпаса керек еді ғой? – Жақыннан бері айтатын болды,– деп мен жымидым. – Ғажап екенсіңдер... Бірақ, қатты сақтана тыңдайтын шығарсың? – Иә, әрине солай. – Шяужаңның әнеу бір конспектінің аудармасына қарай отыршы, «киелі ахлақ» қой, пәле-жаладан сақтар, – деп жымиды Ақылбай. Ұзағырақ бірдеме

164


сӛйлемек екенін түсініп, айтқанын орындадым. – Іле партизандары ақпан айында ресми армия болып құрылыпты,– деп күбірін анық естірте сӛйледі сонан соң. – Мұны естіген Жу шауляң қатты ашуланып, тез құртып жіберу үшін қыран аталған Чи фамилиялы туанжаңын он неше мың әскерге қолбасшы етіп жіберген екен. Наурыз айының ішінде-ақ отыз мыңға жеткен үш аймақ армиясы Жың қалашығы маңында оны қоршап соғыпты. Чи туанжаңның ӛзін генерал Сқақбек тірі ұстапты да, екі-үш күн тергеп қана қоя беріпті. «Данышпан генералдарыңа сәлем айт, бізді құртамыз деген ақымақ ойдан аулақ болсын, халық құртылмайды» деп қайтарыпты. Чи туанжаң соқа басы сӛлмірейіп алдыңғы күні қайтып келіпті,– деп Ақылбай ашық қарқылдап күліп алды. – «Оларды жеңу мүмкін емес» депті Ужұңшинге зәресі қалмаған «қыран» туанжаңы. «Біздің Іле қорғанысына жіберген барлық мықты қару-жарағымыз солардың қолында екен. Кемпіршал, кішкене балаларына дейін мылтықты. Мені айыпқа бұйырмаңыз... бара жатқанымда осындай сӛзді айтқан екі әскерімді ӛзім атып тастап едім; солардың сӛзін тағдыр енді ӛз аузымнан сӛйлетті, шындық екен» деп бүк түсе жылапты Чи батыр... Ал, Биғабыл, мұндағы аңдысудың енді қандай болатынын түсінген шығарсың?...

165


Ақылбайдың осы соңғы сӛзіне: «қатты сақ бол» мен «тез жӛнел» деген мағынаны қоса түсініп шыға бердім. Жатақханаға бара сала сәкінің үстіне орындық қойып шығып, тӛбемдегі шкатор қағазды жапсарынан сӛгіп едім, сабақтастар аңыра қарасты да, Әмірқан аңғара қойып, есік алдына барып тұра қалды. Жасыруға тиісті кітаптарымды түгелімен шкатор үстіне сүңгіте бастағанымда ғана түсінген сабақтастар жымиысып ӛзді-ӛз тӛбелеріне қарасты. Сӛйтіп, жасырын қазынамызды мықтап жасыру қажеттігі тілсіз ұғылып, үнсіз науқанға айналды. Қайта жапсырғанда тышқанға қажатпайтын дәрі жӛнін ғана күбірлестік... Қозғалыс уақыты жақындаған сайын сабақтастар ара мылтық жайында жайраң әңгімелер кӛбейе түсті. Құрал аңсағандықтарын, атып машықтануға кейбірі тым асық екендіктерін сол арқылы білдіріседі. Бізге әскери тәрбие сабағын ӛтеуші – Әшім жяугуан еді. Мылтық шақпағын бӛлшектеп қайта құрастыруды, оны сақтауды жақсы үйреткен. Жақыннан бері нысанаға алу, ату қағидасын аса тәптіштеп үйретіп жүр. Сабаққа кірген сағаттарында сабақтастар оны тым кӛңілді қарсы алатын болды. Сұрау қойғыштап, бар ықыласымен үйренеді.

166


– Әттең,– дейді Тілеуқан қу, Әшім әкелген бесатарға қарап, мұрны құмалақша домалағандай жыбырлап кетеді, – тарс-тұрс, қойып-қойып жіберсем... Сәбиттің сұғанақ қоңыр кӛзімен не қилы қызықты құбылыстарды кӛретін болдым. Ян яңды тінткен күннің ертеңіндегі екінтіде Кәмен кӛшеге шығып кеткен екен, Ян яң тінтушінің ӛзіне тінту жүргізіпті. (Бірінің құлпын ашатын кілтті бірінің қайдан тауып тінтетіні қызық). Кәменнің қағаз салған жәшігінің құлпын да ашып, бір дәптерін алыпты Ян яң. Дәптерді сымының жан қалтасына тыққанда есіктен сығалап тұрған Сәбит, зытып беріпті. Сол беті маған жетті. Кәменнің меңгерушіге таныстыруы бойынша, Сәбитке күндіз-түні қақпа ашық болатынын ӛзі айтқан. «Ян яңның енді қайда баратынын да біліп берші кӛкешім» дедім мен. Ол тағы жӛнелді. Сол сапарды кешкі пысықтау аяқталғанда қайтты Сәбит: – Ян яң апақ-сапақта Бахуландағы бір кішкене қақпадан кіріп кетті. Артынан барып қарасым, 11ші номерлі қақпа екен,– деп сыбырлады. Репқаттың осы аптада мені қабылдайтын үйі сол екенін ішіме түйдім де: – Онан соң?– деп қана соңын сұрадым. Сәбит онан соң «Ян яң шыға келсе, кӛріп қояр» деген оймен қайта жүгіріпті де, қазақ-қырғыз

167


мәдени-ағарту ұйымының бұрышына келіп бақылапты. (Ян яң Бахуланға сол жолмен барған екен). Жарты сағаттай уақыттан соң қайтып келе жатқанын кӛрген Сәбит, үлкен кӛшемен құлдап барып далдаланыпты. Ян яң мектепке қарай ӛрлегенде Сәбит те қайтуға бет алған екен. Ұйымның қақпасынан Кәмен шыға келіпті. – Кәменнің қасында жартылай қалаша киінген, таулық екі қазақ бар. Танымадым, бірақ, жүрістері сӛлекеттеу, – деп тағы бір тың хабардың шетін шығарды Сәбит, – Бірі – орта жасты жуан сары, бірі – ұзын бойлы қара жігіт. Кәмен мені кӛре сала жуан сарыға күбірлеп еді. Ол ұзын қараның жеңінен тартып қойып, құлдай жӛнелді. Бастарын тӛмен салып маған қарамады. Кәмен маған бұрылып, қайда барғанымды сұрады. «Нан іздеп шықтым» дей салдым. Ол екі қазақтың артынан кетті. Мен баспалап кӛрейін деп ойладым да, тым кеш болып кеткен соң ерініп қайтып келдім,– деп аяқтатты сӛзін. Сәбиттің Кәмен қасынан кӛрген қазақтары туралы «осы таулардан тапқан тыңшылары шығар, іңір қараңғысымен қожайындарына кӛрістірмек қой» деген ғана тұспал жасадым. Ян яңның бүгінгі әрекетінен бір түрлі ыстық ағын пайда болып, менің ойымды баурай жӛнелді: біздің ісімізге қатынасушылар ғарыш пен жер ядросына дейінгі, қыры мен сыры сан алуан, сан қабат, сан түрлі

168


қауым ғой. Соның ішінде біріне бірі от пен судай не қилы Дарвиндер мен не қилы Мұхаммедтер, не қилы Кегендер жүр. Ханзу коммунист Ян яңның хұйзу болып қатынасуы, осы түрлердің бәрімен сәйкесу қабілетінің күші ғой. Біздің мұндай жаңа да жас қауым жеңбей қояр ма? Абдығұпырдың қойынындағы тізімі ғана емес, Ібліс ұялаған жүрегін де жұлып алармыз-ақ!... Ұрлаймын деген Кәмені бүгін-ақ тоналмады ма... Алып ұшқан осы асқақ үмітім мен үшін аса тәтті болып алған сенбі кеш жеткенін де сездірмей қалыпты. Кешкі тамақты жеп шыққанда ғана қай кеш екенін сабақтастар аузынан естіп, Сыфан матасын жатақханаға кіре тастадым да, бір киер «әдемімді» киіне қойдым. Кӛк шұға мешпет, сым, жылтыр қара батинка, кең маңдайды кӛмкере толқыған қою қара бұйра шаш ұнасып-ақ тұрған тәрізді, теңдессіз күшті махаббат байлаған сағынышты қалыңдықпен кӛрісерде қара кӛз қандай жайнайды. Дӛңгелек айнаға бірер қаранып та жіберіппін. Ӛткен жексенбіде енді қайтып кӛреріне кӛзі жетпегендей жылап қалған Нұрияшқа махаббат кӛктемінің дәл ӛзінше жайнап кӛрінуім керек қой! Жебей басып, жеделдете жӛнелдім. Алдыартымды бағып келемін, ағып келемін. Мені аңдыған ешкім кӛріне қоймады. Лепірген жас жүрегім қарғып келеді. Жақындаған сайын жар

169


иісі аңқи түскендей, жан жүйем балқи түсті... Маңымды шола келіп, таныс есікке лып бердім. Мұндайда сүзісе қалатын Күлән кӛрінбей, кәрі шешесі қарсы алды. Сәлемімді қабылдай сала, Күләштің Нұрияшқа кеткенін айтып, тӛр үйді нұсқады: – Отыра тұр балам, қазір келіп қалар. Босағадағы электр кнопкасын бастым да, Күләннің қолыма ілінген бір кітабын алып отыра қалдым, жүрегім асыр салып тулай жӛнелді. Бұрынғымдай кітап оқи тұруға зорлансам да, мойным иілер емес, есікті тыңдай бердім, жүрегім лобли берді. Сенбі сайын осында ерте келіп күтетін Нұрияштың аман кӛрісуге бүгінгідей ерекше асығатын күні осынша неге кешіккені кӛкірегіме сияр емес... Соншалық тықыршып, сарыла күткен хабарым, құлағыма жұдырықпен қойып жібергендей болды бір кезде. Тұла бойым зың ете түсті. – Жоқ па?... Не бопты?– деп қалды ауыз үйдегі шешей... Жауап естілмей, жаутаңдай қараған Күлән кіріп келді. Кӛзім атылып шығардай қарадым білем: – Сабыр, Биға, сабыр!– деп жайшылықси күлімсіреді. Бірақ шырайы солғындау. – Қайда кетіпті?– деп мен де сабыр шақырғандай жымидым.

170


Күлән үстіндегі жұқа пальтосын шешіп ілді де, менің жанымдағы орындыққа келіп отырды. Аппақ саусақтарын уқалады. Бұл «баптануына» қарап, басынан бастайтын бір суық әңгіме барын сезгендей тітіреніс пайда болды маған. Күлән тӛмен қарап отырып, сӛзін аса ыждағатпен бастады. – Сақшы жӛніндегі тапсырмаңды ӛткен дүйсенбі күні жеңіспен орындағанбыз. Бізге мектептегі барлық ұйғыр қыздар қосылған. Мектеп кеңсесінен қалалық сақшыға наразылық қатынас жаздырып алып шыққанбыз. Кӛшеде бірінен-бірі естіген мұсылман әйелдер түгел ілесіп, шулай кірді сақшыға. «Әйелдерді сұраққа түнде шақыру тоқтатылсын», «түнделетіп тұтқындау тоқтатылсын!» деп ұрандадық. Жұйжаңдары1 шығып кәукелектеп, біздің талабымызды мәжіліс залына кіргізіп отырғызып тыңдады. Жүрердегі ақылдасуымыз бойынша Нұрияны сӛйлетпей, түнде болған ахуалды қасындағы үш қыз сӛйледі. Жабыла тағы бір ұрандатып жібердік. Әйелдер мектебінің наразылық қатнасы мен Нұрияның ӛз арызына Кәменнің хатын қоса түсіндіріп мен ұсындым. Тапсырып алған бастығы бар талабымызды изектей қабылдаған болатын,– деп Күлән бір тынып күрсінді. Күрсінді де тағы да 1

Жүйжаң (ханзуша) – мекеме бастығы.

171


күлімсіреген болып жалғастырды сӛзін. – Содан мектебіне қайтқан Нұрияш осы үйге бейсенбі күні кешке жақын бір келді, сенің ахуалыңды сұрап қайтқан болатын... Кеше мектебіндегі бір ұйғыр қыз Нұрияштың мектепке бармағанын айтып іздеп келді. Жаңа Ақылбай екеуміз барып, таба алмай қайттық. «Мектепке бүгін де келмеді» деп оқытушысы бізден сұрайды. – Жоғалғаны ма?– деп ышқынып қалдым мен. Маңдайымнан тер бұрқырай түсті. Кейін күлкіге қалатын қылық болмасын деген сақтықпен сонда да қалпымды сақтауға тырыстым, – кӛрпежастығы, киім-кешегі орынында ма екен?! – Бар, бәрі орнында тұр. Нәрселерін тізімдеп, қасындағы ұйғыр қызға тапсырып қайттым. – Бейсенбі күні келгенде басқадай не сӛйлеп еді?– деген сұрауыма Күлән ойланып барып жауап қатты. – Иә, бұдан тӛрт-бес жыл бұрын Сарсүмбеден кӛрген екі-үш кісіні сол күні Нәнміннан1 кӛріпті. Боғдаға қоныс аударғанын айтып, Қабеннің үйіне де бір қонған кісілер екен. «Ӛздері танымаған шырай кӛрсеткен соң амандаспай ӛте бердім» деді Нұрияш. Мен елең ете түстім. – Түрі қандай кісілер екен? 1

Нәнмін – түстік қақпа – Үрімжідегі жер аты.

172


– Оны айтқан жоқ. – Сол алдыңғы күні кеште Кәменге ілесіп, қазаққырғыз ұйымына кірген екі кісіні ӛзің кӛрдің бе? Күлән таңырқай қарады маған: – Жоқ. – Әттегене! – деп түрегелдім орнымнан. Ауыр күйзелгенімді шырайымнан байқағандай, Күлән сырт айнала беріп кӛзін сүртті, – сол кӛрген кісілерінің тым болмағанда бірінің түрін айта кетпегені-ай! Күләннің үні дірілдей шықты. – Кәмен осында жүрсе, бұрын бірер рет қана кӛрген бейтаныс адам қалай әкетпек оны?... Олардың ырқына Нұрияш кӛнер ме?... Биғаш, қиналмашы, сабыр етші! Осы Үрімжіден табылар ол!... Ақылбай сақшы орындарынан сұрастырып, іздемек болды ғой... «Кӛп адам іздейді» деді оны... жоғала қоймас... Осы ақшам үйілерде ғана ағындап лепіре жеткен үйімнен күйреп сенделектей қайттым. Аспан қапқара бұлт, күлім қаққан бар жұлдызымды түнек жұтыпты. Қатты мас болғандаймын, жер жүзі жӛңкіліп, мені қақпақылдай қағып, қақпайлап ала жӛнелгендей. «Кәмен еріп жүрген болса сол қазақтар әкеткені ме Нұрияшты? ...Иә, қара қақпа жұтты ма?... Кӛрген түстері рас келгені ме?.. Жоқ... жоқ, мүмкін емес!... Мүмкін емес, айрылыспақ емеспіз!... Нұрияш!... Нұрияш,

173


қайдасыңдар, тез жетсеңдерші, жеткізсеңдерші тез!... Әкел, әкел, ең жойқынын ұстат қолыма! Қара аспанын қара қақпасына күйретіп түсірейін!» Жан жүрегім астаң-кестең болып, осылай ала бұртып, жатақханама албырта жеттім де, орныма бүк түсіп құлай кеттім. «Белгіленген кӛтеріліске енді екі күн қалды... япыр-ай, келетін партизан отряттарының хабары неғып кешікті? Қарулану әрекеті сол хабарға ғана байланысты ғой!» деген ой орнымнан серпіп жібергендей, ыршып тұрдым. Қарама-қарсы екі қатар тақтай сәкеннің арасындағы есіктен тӛрге созылған дәлізді бойлап, арлы-берлі кезе беріппін. Жым-жырт жатқанымен сабақтастар түгел дерлік ояу екен. Менің нағып тықыршып жүргенімді бәрі сезгендей, бәрі де сол қамда сияқты, аунақши түсті. Темекі тартатындары бастарын кӛтеріп, темекі орасты. Ешқайсысында сіріңке жоқ екен. Мұндайда отпен қамдаушы Шақан еді. Жалбажұлба қыстық мешпетінен мақта жұлып алып, «Құдай берген» қуатты алақанымен «престеп» ширататын да, сәкі тақтайына тас кірпішпен ысқылап тұтататын, бұл жолы мешпетінен мақта ала алмай, қасындағы Салықтың мақталы мешпетін жұлмалады. Сӛйтіп тұтатқан кере қарыс темекісін оуып-оуып жіберіп, түтінін мұрнының апанша үңірейген қос тесігінен будақ-будақ еткізді.

174


– Ей, Биғаш, кел отыр, темекі тарт! Ұсынған темекісін ала салып, екі сорып ӛзіне қайтардым. Тұңғыш тартқаным сол еді. Ӛз күйігім үшін сорғанымды үре салып, Нұрия үшін сорғанымды шырғасын шығармай сіміріппін. Шашалып қалдым. Кезе жүріп жӛтеліп қайта оралғанымда: – Биғаш,– деп кідірді Шақан. Мен қарап тұра қалдым. – Әттең! Әттең! ... Мылтық болса, ит болсын, қасқыр болсын, ең семізін атып жер едім қазыр.... жүрегім қарайып барады, бір дәрменің бар ма? Мен жауапсыз кезе бердім. – Ӛзінің де соған ашығып-асығып жүргені шығар?– деп күбірледі Ынтықбай. Тілеуқан күлдіргісін қоса жауап қайырды бұған. – Осы бәріміздің кӛзіміз неге бақырайып жатыр дейсің, түгел соны аңсап жатпаймыз ба? Қасқырың тұрмақ қабаның болса да әкелші, қабырға, қыртысын іздемей-ақ бітеу жұта салайын! – Ой сабақтастар, ұйықтаңдаршы!– деп семіз Оралқан ышқына аунап түсті. Бәрі қайта қисайысты да мен кезе бердім. «Қара нар» әнін айтқым келді де кӛңілім босай берді. «Қой, айтпайыншы, айтпайыншы соны боздатып... ырымы жаман ән ғой оның... Нұрияш ертең-ақ жарқ етіп шыға келер бір жерден!...» – Сол

175


үмітпен шешініп кӛрпеме кірдім. Басымды жастыққа қойғым келмеді. Нұрияның алғаш танысқанда айтқан «Ағажайын» айта жӛнелдім. Аса ықыласпен айтқандығымнан нақышы Нұрияштың ӛзі айтқандағыдай толық шықса керек, сабақтастардың бәрі бас кӛтеріп қосыла кетті. Кӛз жасым тырс-тырс тамды кӛрпеге. «Иә, бәрі де жылай қосылып отыр екен. Туған жерін сағынған ғой шіркін азаматтар!»... Біраз үнсіз кідірістен соң Нұриямен бірге сол отырыста айтқан «Айнам кӛзіме» шырқата жӛнелдім. Басқа сабақтастар қосыла қоймады бұл әнге, аяқтата бере қос тамшыны тастап жіберіп тоқтаттым. – Биғаш, не болған саған мұнша?– деп Қуат бұл жылауықтығымды жақтырмай қалды да, Ынтықбай соза күрсінді: – Е, бір мәні бар шығар, оңайға жылаушы ма еді? Кӛзімнің бұл тамшылары кӛңілімнің демеушілері болғандай, тарылған тынысым біраз кеңігендей сезілді де енді «Елім-айды» айтқым келді. «Нұрияш екеуміздің осы жақында ғана қосылып айтқан әніміз ғой. Құшақтасып отырып айтып, қосарлана жылап едік қой, неге жыладық екен сонда!... Енді жалғыз күңіренуге тура келді!». Мұны да сондағы Нұрияның нақышымен айта жӛнелдім. Бұл әнге Оралқаннан басқа сабақтастар түгел бас кӛтеріп, «үнсіз күрең» аталған Сәбит те

176


қосыла кетті. Енді мен ғана емес, бәріміз түп-түгел «жылауыққа» айнала айтып шықтық. – Ой сабақтастар, жыламайтын уақытта жыладыңдар-ау осы,– деп Оралқан да басын кӛтеріп алды. – Ақыр ұйықтатпадыңдар ғой, айтыңдаршы тағы да, Биғанның шабыты тӛтенше келіпті бүгін, адамның сай-сүйегін сырқырататындай. «Жүрек-бауырым езіліп бара жатса қайтермін, Ағыке?» деген оймен тағы бір тастап жіберіп, тағы да Нұрияшпен бірге айтқан «Япыра-айға» бастадым. Мұны білетін Салықтан басқасы қосылып айтпаса да қам кӛңілдер қосылып жыласа тыңдады. Бәрі де Нұрияштарынан қатерлі кезеңде менше айрылып қалып отырмаса да, жүректерінің қылы бірге тартылып, бірге шертілгендей, бірінің ыршып кеткен кӛз жасын бірі кӛріп ыршытады. Іштерінен жете түсініп болған тағдырластық, жүрек тамырларын тұтастырғандай. Бұл түнді түгел дерлік ұйықтамай ӛткіздік. Киініп жуынуға шыққанда Ынтықбайдан Кәменнің осы Үрімжі маңында туыстары баржоғын сұрадым. – Жемсары ауданында нағашым бар деп жүрген, – деді ол, – бес-алты жыл бұрын Алтайдан кӛшіп келген екен. Оны неге сұрадың? – Ӛткен бейсенбі кешінен бері Нұрия қарындасың,– деп кідірдім де, – «жоғалыпты» –

177


деуге батылым әрең жетті. – Дәл сол кеште Кәменнің қасында бӛтен екі қазақ жүргенін кӛргендер бар. – Солар әкетті дейсің бе?... Олар Нұрияшты басынып әкете алмас! Әкесі түрмеде жатқанмен аруағы да қорқытады оның: туысы ӛте кӛп, Нұрияның ӛзі тіпті де... – Сӛйтсе де Кәменді бақылаушы мықты болсыншы... әсіресе бүгін! Кәменді Сәбитке де мықтап тапсырып, тамақты шала-шарпы іше сала Репқатқа жӛнелдім. Репқаттың үлкен кӛк кӛзі қызарыңқы тартып, ерні жымқырылып алыпты. Ұйқысыздық та, қатты ыза да бар сияқты, қол алыса сала менің қабағымды билеген мәселені айтты. – Келін қолды болды ғой, шыда! Кеше кеште естігеніңнен де хабар таптым. – Кімнің қолына ілінгенін білдіңіз бе? – Кіші тӛрт кӛше жақтағы бір сақшы бӛлімшесіне екі сақшы екі білегінен ұстап кіргізіп әкеткені анық. Соның ертеңіне ол бӛлімше қорасында жоқ болып шықты, бұл да анық. Ұры түрмелердің бірінен табылар, сабыр ет! Мен дәл сол ақшамдағы Кәменге ерген қазақтардың жайын қысқаша айтып, Кәменнің сыбайлас сақшылары соларға беріп жіберу мүмкіндігін де қостым.

178


– Олай болса, Кәменді қайткенде де бір апта Үрімжіден шығармай ұстай тұрудың амалын табыңдар! Қастықтан ӛліп кетпесе құтылады, зорлап ауылдарына апарса да, алдауға кӛніп кететін бала емес, құтқарылады! – деп Репқат нық сенімін айтты. – Бұл осылай болсын, енді үлкен қайғыға келейік. Біз күткен партизан отряттарын Үрімжі аймағын да ӛтуден тиыпты... Бұл хабарды айтқанда Репқаттың жүзі ӛрттей жанды. Мен тыныс ала алмай қалғандай тығылып отыра кеттім. – Кім тиыпты? – Тӛңкерістің жоғары басшылық орны. – Не үшін, Гоминданнан азат болмай-ақ қойсын дей ме? – дегенде үнім қырылдай шықты менің. – Жоқ, жастар зор шығынға ұшырайды дейді, бұл қамқорлық... Бірақ, кӛзі жетпегендіктің, біздің күшімізге сенбегендіктің қамқорлығы,– деп үстелді жуан алақанымен салып жіберді Репқат. – Бізді соншалық әлжуаз, қор санайтын сияқты. Гоминдан ӛз жауыздығы арқылы халықты дүниеде болып кӛрмеген құдыретті жұдырықтай жұмылдырып болып еді ғой?... Үрімжі азат болғанын естіген қайсы аудан қозғалмас еді сонда? Бізден де арман қопақтап, тарпа бассалуға дайын тұр еді ғой?! Үрімжі Гоминданына сыртқы аймақтардан кӛмек келе алар ма еді сонда?... Біздің аман қалуымызды ойлаған-ақ болсын,

179


ендеше ашық та, астыртын да тез ұйымдасуымызға сонша неге шақырды? Зор күш екенімізді екі-үш ай ішінде ғана кӛрсетіп, тыңшылар жағынан тізімделіп болғанымызда бұл тиюы, тып-типыл болып, түрмеде қырыл деген сӛз болып шықпасына кім кепіл?... – Ызамен түйіліп кӛтеріле күбірлеп келіп кідірген Репқат енді бәсеңдей жалғастырды сӛзін. – Жә, бауыр, біз туған еліміздің тағдыры үшін де, коммунизм ӛрісінің кеңеюі үшін де ӛзімізде бұрын болып кӛрмеген қабылетпен тырысып бақтық. Бесіктен беліміз кӛтерілісімен-ақ жұғымды, ұтымды ұйымдастырушы бола алдық. Ендігі бар қабілетімізді аман-есен жасырынып қалу үшін жұмсайық, әрқандай жағдайда да осы ұйымды мынау үкіметке білдірмеу жағын ғана ойлайық. Кӛп санды достарымыз сонда ғана аман қалады. Қазірге дейінгі алып отырған мәліметтерге қарағанда, осы қаладағы тыңшылардың материал топтаған склаты – Абдығұпыр таздың басы, олар әлі де топтап жатыр. Ол әшкерелей алатын толық фактыге ие бола қалса, сендер де уақытында хабарланасыңдар. Олай болғанда кӛзге түсіп, белгілі болғандар Ілеге иә Алтай жаққа қоныс аударуға тура келеді... Оншалық қатерлі кӛрсетіп, шошытып алмай осыны жеткізе тұр... Ӛте кӛп адам ғой, бұрын кӛрініп қалмағандарына хауып жоқ шығар...

180


«Босып кетуге тура келсе, Нұрияш қайда қалар екен» деген ашыныш ішімнен бүре шықты менің. Енді соған құлақ түруге жӛнелдім де, мектебіне барып, жатақханасындағы сабақтас қыздарынан сұрадым. Тӛсек-орны, киім-кешегі кӛзіме оттай басылды. Ӛзі жоқ... Иә, құшағыма кіргенде мастандыра түсетін ал қызыл кофтасы да чемоданның үстінде қаттаулы тұр. Кілті ӛзінде кеткендіктен салынбапты... Қайтып шықтым. Кӛшеде қайшалыс ӛтіп жатқан адамдар легін тінтіп келемін. «Біреу» мен «бірнешеулер» бүгін тіпті кӛбейіпті. Сӛйтседе аспан асты аңырайып бос қалғандай, тӛбесіне асылған жалғыз «шырақтан» басқа еш нәрсесі жоқ, қаран қалған қуыс күмбез сияқты кӛрінді маған. Ӛзім де құп-қуыс құр қаңқадай сезілемін. Сенделіп келіп, Күләннің үйіне кірдім. Ол да жоқ. «Бір хабарын табам ба» деп кӛшеге шығып кетті дейді. Ұзыннан-ұзақ кӛшені «тӛрт кӛзіммен» тінте жеткен маған кӛрінбеуіне қарағанда, ол ӛзінің әкесін ӛлтірген түрме мен Мұсатайын итке айналдырған таныс түрмеден сұрастыруға кеткен болса керек. Сол қақпадан қайта шыққанда бір-ақ білдім: менің соңыма да «біреу» түскен екен. «Мәдениет клубынан» бері қарай ақ кӛйлек, сұр шұға мешпет киген әдемі ұйғыр жігіт арқан бойы артыма келіп

181


еді. Сол жігіт қазақ-қырғыз ұйымы қақпасының алдына келіп кино құлақтандыруын оқыған кісімси күтіп тұрыпты. Мектепке қарай ӛрлегенімде артымнан және ілесті. Ӛзімді-ӛзім жиып, ширай аяңдадым. Кӛшенің қарсы жақ шетімен бізге қатарлас келген үш ұйғыр жігіт бір дүкеннен шыға келіп, бізбен тағы да қатарласа ӛрледі. Бұлар менің артымдағының соңына түскен біздің «бірнешеу» екенін түсіндім де, артымдағы аңдушыны тосып тұра қалдым. – Ашуымды кімнен аларымды білмей келе жатқанымда, «Алланың берген несібесі» шығарсың?– деп күле қарадым ӛзіне. Қазақша сӛзімді түсінбей: – А... не дейсің?– деді ұйғыршалап. Енді мен де ұйғыршалап түсіндіре сӛйледім. – Мен баратын жерге сіз де барып қайтатын болған соң бірге жүрейік деймін... Жол қысқарту үшін әңгіме айтайын: баяғы заманда ені асқабақтай қара қошқар ӛз қорасынан адасып қалған екен,– деп күлімсірегеніме таңдана қарады тыңшы, – сол қошқарды жемек болып, соңына бір кәрі қасқыр түсіп еріпті де отырыпты. Қартайғандықтан тісі түсіп қалған қасқыр екен. Қошқарды бассалып жеуге күші жетпейтінін біліп, сонда да енінің түсіп қалуынан дәмеленіп еріпті! Әнеу салақтап бара жатқан бірдемесінің бауы тым жіңішке кӛрінеді. Соншалық салпаңдауға шыдай

182


бере ме, енді үзіліп түсер-ақ» деп жалақтай еріпті. «Тым-ақ нығыздап толтырыпты, жұп-жұмсақ май ғой сірә, бір тоярмын-ақ» деген сезіммен сілекейі шұбыра беріпті. Сӛйтіп «әне түсер, міне түсер» деген үмітпен үш тәулік ілескен аш қасқыр бір шақта бұраң етіп құлай кетіпті де, ыржың етіп жан үзіпті. «Қошқардың ені түсер деп қасқыр аштан ӛліпті» деген мәтел содан қалған. Әңгіменің мәнін түсіне қойған тыңшы менен бӛліне жӛнелмекші болып сырғи бергенде білегінен ұстай алдым. Кӛшенің екінші жағымен келе жатқан әлгі «бірнешеу» аң-таң болып бізге қарай берді. Тыңшы да аң-таң күлімсірей тоқтады. – Тұра тұрыңыз, әңгіме аяқталған жоқ,– дей ұстадым, – маған қанша ергеніңізбен қошқардікі сияқты салпаңдаған ештеңе шала алмаған шығарсыз, аштан ӛлесіз ғой ӛстіп жүріп! Тыңшы қолын сілкіп босатып жүре бергенде, қарсыдағы «бірнешеу» жымың-жымың күлді. Мектеп қақпасына кіре бергенімде, қарсы алдымнан келе жатқан Кәмен кӛрінді: қуаныш сырын сездірмегісі келгені ме әлде ол да қуаныштан құралақан ба, әйтеуір қабағы жабыңқы-жабырқау кӛрінді. Қайғымды сездірмеуге тырыса күлімсіреп мен ӛттім. Бізге тетелес екінші жылдық кластағы ірі денелі екі сабақтас Кәменнің соңынан ере шықты да, қолын артына қайыра ұстап дара теңселген Шақан

183


олардан кейінірек ӛтті. «Шоқтықтан алдық» деп сыбырлай ӛтті маған. Кәменді қалай тұсағанын жатақханада Ынтықбай түсіндірді. Нұрияшты қолға түсіру үшін соңынан қалмай хат жазғыштап, қорқытып жүрген сен едің, сақшыға да сен тергетіп едің, қазіргі қолды болуы да сенен ғана екені хақ. Факт кӛп, бұлтара алмайсың, соңыңа енді бүкіл жантекей түседі. Аспанға шықсаң аяғыңнан, жерге кірсең шашыңнан тартамыз. Онан да жақсылықпен ғана тауып бер қарындасымызды, болмаса қамалған түрмесін айт, деп Ынтықбай бас бірнеше жантекей тӛне түсіпті таңертең. Кәмен ант-су ішіп, азардабезер болған екен. «Олай болса, ақтығыңа сендіресің, ол үшін: Нұрия табылғанша бізге айтпай ешқайда шықпайсың! Егер жасырын шықсаң осы қылмыстың саған жабысқаны жабысқан. Бір жантекей кезіккен жерде-ақ кеңірдегім сурылды дей бер, обалың ӛзіңе, деп ескертіп шығарыпты. – Қалың жантекей аты шыққанда керейдің қайсы текесі ықпаған, осылай бағындырдық,– деді Ынтықбай күліп, – жаңа ғана бізден рұқсат алып шықты. – Жарапсың құрышым!– дедім де қолтықтай алдым, сонсоң Репқат айтқан ауыр хабарды күрсіне баяндадым. Алдымыздағы қатерді

184


недәуір-ақ жеңілдетіп түсіндіруге тырыссам да, қаншалық жеңіл болып естілсін? – Мына сыболштардың ісі-ай, е! – деді Ынтықбай, партизан отряттарының шектелуіне қаратқанын түсіндім. – Жеңіп тұрғанда желкемізді қидырар ма екен мына жауға! «Жоқ, олармен қайткенде де осы соғысқанымыз соғысқан. Болмай бара жатса, қашып шығып қаруланармыз!» Кӛреген тергеушім, сізге сол кездегі күрес жӛнінен ӛзімнің барлық білгенімді әшкерелеп отырмын. Сіз менің ӛз алды-артымдағы сыбайластырымды әшкерелеуіме әрине қуаныштысыз, бірақ мен барымды әшкерелеймін деп, сіз үшін зор реніш болатын бір жайтты де айтып салыппын. Ол – әлгі бір сұлу тыңшыға аштан ӛлу хаупін ескерткен жайытым еді. Қасқырға қасқырдың ұқсамайтын тағдыры бар ма. Сіз де соның аяғын құшудан хауіптенерсіз-ақ! Солай да сіздің аштан ӛлмейтіндігіңізге азуыңыз кепіл. Ӛздігінен үзіліп түсе қоймаса ӛткір тісіңіз бар ғой. Құдіретіңізге шек келтіріп, үмітіңізге тұман түсіретін осы әңгімені айтқан қылмысым үшін-ақ қылша мойным талша! ІІІ

185


Асыға күткен 17 сәуірімізді қадір түніндей күзетіп ӛткіздік. Үміт-тілегіміздің орындалмайтын болған хабарын бар класс естіп болса да, күдерлерін үзе алмай, тыңдай күзетеді, Үрімжінің тұс-тұсынан тарс-тұрс ете түссе екен деп елеңдейді. Сӛйтіп, күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер ӛтті. Басқа ұрған балықтай мең-зең сенделіп мен жүрдім. Нұриядан дерек жоқ. Азын-аулақ дерегінің ӛзі ауыр дерттей тиді. Жендеттердің жайын тұрғындардан аулақ, тұйық кӛшедегі сол бір сақшы бӛлімшеге апаруы мүлде дерексіз жоғалтудың кӛріндей елестейді кӛзіме. Ақылбай сақшы қызметкерлерінің ӛз ішіндегі сыбайластарын салып тексеріпті. Олардың кӛше күзетшілерінен сұрастырып жүріп тапқаны тым суық жұмбақ болды: Нұрия кіргізілген сақшы бӛлімшесіне ертеңіне ымырт үйіріле ұзын-қысқалы екі қазақ пен бір сақшы ханзу жігіт барып, жарты сағаттан соң шығыпты. Сонан соң үшеуінің тым асығыс жүріспен сақшы басқармасына барып кіргенін де кӛргендер бар екен. Бүгінгі жиырмасыншы сәуірге дейін Нұрияның Үрімжідегі сақшы орындары мен Түрмелердің ешқайсысында жоқ екені анықталыпты. Кешінде мектептің дауалынан секкіріп шығып барғанымда Күләннің айтқаны – осы құрдым сұм хабар. Нұрияш екеуміз бір-бірімізге жабыса

186


отыратын қатарлас орындықтарда енді Күлән екеуміз үн-түнсіз сопидық. Мен ӛксіп-ӛксіп қалғанымда, Күлән солқ-солқ ете түсті. Екеуміз бірге солқылдастық сонан соң. Мен Күләннің алдына жығыла солқылдадым да, ол басымды екі алақанымен сипалай солқылдады. «Бауырым» деп те, «ағатайым» деп те аялай жылады ол. Екеуінің қайсысы екенімді ойлауға мұрсам жоқ, әйтеуір енемдей қамқор бейнеге келіп сӛйлеп отырғанын ғана естідім. – Жыламашы, сабыр етші ағатайым! ...Тірі тұрғанында басқа ешкімге кӛне алмайды ол... Сені таппай тоқтамайды. Оның жүрегі солай бекіген, аса қуатты жүрек болатын бауырым!... «Саяпыл» желі саябырлау соғып тұр. Шаңытты қараңғы іңірде мектепке қайта ӛрледім. Кӛшедегі электр бағаналарының шамы алакеуім ғана қызғылт сәуле шашады. Нанлиңның ұзын бойынан ешкім кӛрінбеп еді. Жел жақтан маған қарсы келе жатқан бір адамның байсалды қадам дыбысы естілді. Сұр киімді жуан біреу құлдап келеді екен. Электр шамы орнатылған бір бағана түбінен ӛте бергенімде таныды білем, қырық-елу метрдей жақындағанда бәсең дауыстап сӛйледі. – Тұсыңдағы қақпаға тез кіріп ал! Жел жақтан анық естілген сӛзінен мен де тани қойдым, Репқат екен. Қақпаға лып беріп кірдім де, қайрылып тұра қалдым.

187


– Тазды ертіп келе жатырмын,– деді Репқат жақындап келіп, артынан баспалап келе жатқан шпионды бері жүргізбей тоқтата тұру үшін болса керек, артына қайрылып тұра қалып, жел жаққа естілместей үнмен жалғастырды сӛзін. – Бұл таз деректі бүгін тапты. Сол үшін ӛзім кӛрініп, қызықтырып ертіп келемін. Бұл бүгін менің тұрағымды таппақ. Сәті болса, үнін ӛшіріп, сендерді жей алмайтын етіп кетемін. Сәті келмесе, хабары жетеді. Белгілі болып қалғандарың қашып құтылып шығарсыңдар. Ал, қош! Енді арырақ барып жасырын. Соңғы сӛзін жүре айтты да, құлдай жӛнелді. Мен қараңғы босағаға жабыса кеттім. Жиырма шақты секунттан соң аяғының ұшымен жүгіріп келген біреу қақпа алдындағы жуан үйеңкіні далдалап тұра қалды да, қақпадан үңіле қарап тағы ырши жӛнелді. Баспалай қарасам, тағы бір теректің далдасына жеткен екен. Біраз алыстатып алып, мен де сол әдіспен ілесе бердім. «Сәті келгенкелмегенін» біле қайтқым келді.... Артына қайтып қарамай, суық жүріске түскен Репқат Ырдашаузыдан батыс жақ сырт кӛшеге бұрыла тартқан сияқты. Кӛше күзетшілері мен сақшы бӛлімшелерінен тазды алыстатып әкетуі керек қой; Ғұпыр сол кӛшенің мүйісінен қылтыңдап тұрды да ырши жӛнелді.

188


Бірнеше қысқа кӛшеден осылай ыршып ӛткен таз үлкен тӛрт кӛшенің батыс жақ тармағына шыға келіп, түлкіден кӛз жазып қалған тазыша алақжұлақ қарады жан-жағына. «Репқат сол жарық кӛшеден анық кӛріп тұрып атпақ болар, сол маңдағы бір далдаға тұра қалған шығар» деген оймен тоқтай қалдым. Кӛшенің екі басына кезек қарап, қалт тұрып қалған таз тӛрт кӛше жаққа жүгіре жӛнеліп еді, шақ ете түсті жан құрал дауысы. Мылтық шақ еткенде-ақ мықты шпион жалп ете түспесе, іле-шала тағы бір шақ ете түспей қояр ма?» Қараңғы кӛшелер арқылы ӛзен бойына түсе зытып, Нанлиңның басынан бір-ақ шықтым да мектептің шығыс жақ іргесіне жоңышқалықпен жетіп, дәретқана дауалынан секірдім. Терден малмандай болған киімімді шешіп, жатақханада керме арқанға жайып жүргенімде, ұйқысыз аунақшып жатқан сабақтастар түгел қарады жүзіме. Абдығұпырды ӛзім атқандай-ақ сұрланып, тым суық кӛрінген сияқтымын. Кӛрпеге кіріп мен де аунақши түстім. – Не болды?– деп қасымда жатқан Қуат қана сыбырлап сұрады. Жайшылықси қайтарған жауабыма қанағаттанбай, анықтап қайталады сұрауын, – тым қатерлі жол басып келген сияқтысың ғой?

189


– Жоқ, қатер жоқ, қамсыз ұйықта,– дей салып, жауабыма ӛзім де қанағаттанбай, ең жақын сырлас туысқанның кӛңілін тыныштандырғым келді. – Қатерлі жауың ӛлтірілді,– деп үстемелегеніме елең қақты Қуат. – Таз ба?... Кім ӛлтірді? – Басқа біреу ӛлтіріпті... қалғанын кейін естірсің, үндеме... Ертеңіне таңертең Ынтықбайға да осыны айттым. – Япыр-ай, жақсы болғаны-ай!– деп қуанды ол. – Тірі тұрса кӛбімізді қиратар еді ол шошқа!... Сол күннің кешінде жеткен анық хабар біздің бұл қуанышымызды құлдыратып, тағы да күдікке салды: Таз мүлде тілсіз кетпепті. Үлкен кӛшеге едәуір бұрын шыққан Репқат тӛрт кӛше жаққа сәл ойыса барып, қарсыдағы тағы бір қараңғы кӛшенің мүйісіне далдаланған екен, алақ-жұлақ жүгірген Ғұпыр тазды ӛзінің тұсынан ӛткізіңкіреп барып атыпты. Ту сыртынан жүрегін кӛздей атылған оқтан шалқалап барып құлапты жауы. Мылтық дауысын естіп, ысқырық тарта жүгірген үш-тӛрт сақшы іле-шала жетіпті. Бірнеше рет жұлқылап сұрағанда, «Репқат» деген бір ауыз жауап шыға қалмасы бар ма! «Ол қай жаққа кетті» деген сұрауларына тіл қата алмай үзіліпті, қолы қаймана ербең етіпті де, сылқ түсіпті.

190


Бұл хабар Репқаттың аман құтылуынан дерек бергендей үміттендіріп еді. Бұл үмітіміз тағы бұлдырып барып ӛшіп, ӛлім дерегіне айналды. Күні бұрын дайындап қойған атына міне қашқан Репқат Оспанның Боғда теріскейінде жүрген бір тобына қарай жӛнелген екен, таң ата Жемсарыдан ұсталыпты. «Әттегенені» екінші рет айттым мен. Осы «әттегене» екінші күні таңертең тағы қайталанды: ӛткен кеште әскери мектептен екі ұйғыр жігіт тұтқындалған екен. Қасымыздағы Шинжяң Институтына ежелден таныс қара машина түн ортасында тағы келіп, Махмұт аттас екі оқушыны ала жӛнеліпті. Бұл «әттегенелер» үшінші күні таңертең тіпті үдей түсіп «қаш-қашты» ала жетті. Жексенбінің таңертеңі еді, мектептегі барлық оқушыны «Шүймогу арасанына» апаратын болып, тамақты ерте берген. Сапқа тізілуге ысқырық тартылды. Жатақханадан шыға келгенімде, ӛткен күзде Әлменге жолықтырған тілші қолымнан ұстай алды. Аты Иысқан екен, кейінірек толық танысып алғанбыз. Алаңға қарай ӛтіп жатқан сабақтастардан оқшаулап шығарып, асыға сӛйледі маған: – Екі-үш күннен бергі ахуалды естіген шығарсың. Қара машина осы ӛткен кеште біздің заводтан үш жұмысшыны әкетті. Әскери мектептен тағы екі оқушыны, «Жаңа нұр» электр стансиясынан бір

191


жұмысшыны әкетіпті. Алдағы кеште осы мектепке келмек екен. Аңдуға кӛбірек түсіп жүргендерің тезірек құтылып кетіңдер. Хайыр, қош! Иысқан осыны айта сала жүріп кетті. Бет-жүздігі сияқты бір книшкасын қолына ұстай жӛнелді. Сабақтастардың сапқа тұрып қалғанына «әттегенені» тағы бір айта жеттім мен. Тізіліп кӛшеге шықтық. Жяугуандар сӛйлестірмей сақылдап келеді. Совет елшілігінің қақпасы мен қорғанын тұс-тұстан әскер аңди қалғанын кӛріп, «әттегенені» тағы айттым. «Шүймогуден келе сала соған кіріп, құтқаруын ӛтінсек, бір жӛнін айтар еді ғой... Бірақ, қайткенде де.. Нұрияшым іздеусіз қалғаны ма енді?!... Қайран Нұрияш!... Нұрияшым! – деген зәрдей ащы ӛкініш азабынан қиналып маңдай терім бұрқ ете түсті. – Жоқ, тірі болса таппай қоймаспын!...» Жүрегімді қатер мен қасіреттің құйынындай жұлқылаған бір жарым сағаттық жолды басып, бұрала толқыған мӛлдір бұлақты сайға түстік. Ерке назды бұл сұлумен де, бүршік атқан қалың терегі бар жасыл пұлыстей жасаңмен де шаруамыз болған жоқ. Кӛктемнің сәскеге кӛтерілген жаймашуақ күні жадыгӛйше ӛтірік күліп, кеш батқанша осылай алдай тұрайық дейтін сияқты. Кӛңілімдегі алай-дүлей боран осылай сезіндірді. Ынтықбай мен Қуатқа айтып, тұтқындалар деген бірнеше сабақтасты жоғары жақтағы оңаша бір

192


қойнауға бір-бірден шақырып жиюға келістік. Юсуф Қасым да хабардар екен. Олар ӛз жағдайларымен санасып кӛрмек болды. Юсуф Қасымның ӛзінен басқасы тым кӛзге түсе қоймаған сияқты. Қойнаудағы қалың тоғай арасына түске жақын жиырма шақтымыз жиылдық та, бар қатерді ортаға жиып салып, талқылауға кірістік. Қашып құтылмаса болмайтын айқын хауіптілер он ғана екенбіз. Бірге қашқан кӛп адамның кӛзге түсуі оңай ғой. Басқасын қозғалмай оқи беруге кӛндіріп, қош айтыстық. Ынтықбай ӛзінің қалада қалатын жантекей туыстарына Кәменді мықтап аңдып ұстауды тапсырды. «Ұрланған қыздың» туысқандығы жӛнінен Кәменді олай тұсаудың ешқандай қорқыныш емес екенін, бас қылмыстың ізі соныкі екенін мен де дәлелдеп, толық түсіндірдім. Қалатын сабақтастар жылай-жылай түсті сайға. Біз онымыз бірден-екіден бӛлініп, қалаға қайта зыттық. Жатақханадан алатын киім-кешегіміз, ыңғайластыратын мүлкіміз бар ғой. Мен алдымен Күләнға қош айтып, шыға қалса Нұрияның мені алаңсыз күтуін тапсырып шықтым... Екінді кезінде Ынтықбай екеуміз мектептің сыртындағы Бахулан сайын серуендеген бейнемен ӛрлей тарттық. Мақталы мешпет киіп алғанбыз. Сабақтастардың жастығы астынан екі-екіден алған

193


тӛрт қана момыдан басқа жүгіміз жоқ. Олар да жан қалтада. Сонда да қала шетіндегі қарулы қарауылдардан ӛту қиын кӛрінді. Сайдың екі жағындағы екі тӛбеден екі потай тӛніп тұр. Қалың қара ағаштың далдасымен ӛтіп кетпекші едік, дәл сол тұсқа келгенде тоғай сирей қалады екен, алаңқыға шыға келдік. – Қуып бер мені, шыбық жұлып ала қу! – деп кейін қайта қаштым. Солай ойнап жүрген бала болып, қалыңға қайта кірсек, бізге баспалай еріп Әмірқан келеді екен. – Қалмаймын сендерден,– деп жылап жіберді ол. Ары айтып, бері айтып кӛндіре алмаған соң, қоса жыластық та, талабын қабыл алып, әрең уаттық. – Жә, Ынтықбай, енді осы екеуміздің шапкымызды бұлаңдатып ала қаш, әлгі жерден ӛтеміз!– дей салып, екі шапкыны екі қолына ұстата қойдым. Бірімізді біріміз қуып жетіп, әлгі қатерлі алаңқыға қайта шықтық. Ынтықбайды қуып жетіп, әдейгідей алыса түстім. Ол жұлқынып шығып, тағы қаша жӛнелді. Қос қарауыл арасынан солай ӛте шықтық та тағы бір қалыңға сүңги жүгіріп белден астық. Басқа жолдастары күтетін уағдалы жеріміз «Тақыр кӛлдің» шығысындағы құрғақ тоған еді. Арттағыларымыз қарауыл бекіністерінен іңір қараңғысында ӛтіп, әрең тапты. Кӛнбей еріп шыққан тағы бір сабақтасымызбен он екі болып,

194


қалай жүру туралы талқынды бастағанымызда тасыр-тұсыр ат дүбірі естілді. Ынтықбай жата қалып тыңдап, «бес атты қуғыншы» екенін айтты да, жанымыздағы құрғақ тоғанға құлай кетті. Бәріміз соған бүк түсіп жата қалдық. Екі жағасына мықыр шегіршіндер ӛскен терең тоған еді. Қуғыншылар жаяулап түсіп тінтпесе, қараңғыда ешқайсынымыз кӛрінбейтіндігімізді біле жатсақ та, жүректеріміз сол аттардың тұяғымен бірге дүрсілдейді. Бес атты әскер дәл жанымыздан шапқылап ӛте шықты. Іле-шала екінші жағымыздан да сондай дүрсіл шығып, тағы бес атты әскер шауып ӛтті. Сабақтастар арасында күбір үдей түсті де, үшеуі тоғаннан шыға қашты. – Із тастап шығыстағы қызыл бӛктерге шығып алайық,– дейді біреуі. Жап-жазық тастақ тақырда бадырайып кем болғанда екі сағат жүрер едік оған дейін. – Атты әскерлер бассалмай ма?– деп үшеуін ӛзіміз бассалдық та, тоғанға қайта түсіріп жатқыздық. – Енді аттарынан түсіп, осы тоғанды тінте құлдилады, – деді Серәлі. – Гоминдан әскерінде ондай жүрек болушы ма еді? – деп Шақан зықынады оған. – Онан да ірі-ірі тас жиып жатыңдар қастарыңа... Таяп келе қалса бастарына періп-періп жіберіп, мылтықтарын тартып алайық!

195


– Сӛйлеме! – деді Ынтықбай оған зекіп. – Қайта құлдап келеді. Мен Шақанның пікірін қуаттадым: – Иә, сақтықта қорлық жоқ, тас жия жатыңдар... Біз акоптамыз ғой, олардың мылтығынан біздің тасымыз дәлірек тиеді. Бірақ, қоянба-қолтық келмей кӛрініп қоймаңдар!... Бес-бестен шұбырған екі тізбек әскер екі жағымыздан тасырлатып қайта қайтты. – Енді бұлар қайтады, «маңайдың бәрін тінтіп шықтық, бұл жақта ешкім жоқ» деп баяндайды шырақтар, деп Қуат орнынан тұрды, – оған бастықтары сене қоймайды. Қалғанын мына қызылға шығып алып сӛйлеселік! – Жат! – деді Ынтықбай оған. – Кӛл жақтан жаяу әскерлер ӛрлеп келеді. Бәріміз тым-тырыс тыңдай қалдық. Батыс жақтағы тастақ арқылы жаяу адамдардың ӛрлеп келе жатқаны рас екен. Шығыс жағымыздан да екі адамның сӛйлескен дыбыры естілді. – Осы тоғаннан шықпай ӛрлеп кетейік,– деп алдыға түсе жӛнелдім мен, – қоршауда қалатын сияқтымыз. Бәріміз бұғына шұбай жӛнелдік. Дыбырымызды білдірмей он минуттай жүгіріп, тоғанның бір бұрылысына жеткенде сұр киімді бір дәу шыға келді алдымнан. Қолымдағы таспен салып жіберуге оңтайланып, шоқшия қалдым. Арт

196


жағымнан Шақан ыршып ӛтіп, дәудің алқымынан ала түсті. – Үй-үй, – біз,– деп қазақша сӛйлей қырылдады дәу. Оның артынан тағы бірі шыға келді. – Үй, Шақанбысың?... Үңілісе қарап күлістік. Әскери мектептен қашқан екі жігіт екен. Сұр киімді дәуі – Ақай, артындағы қара киімдісі – Мақай болып танысты. Отыра қалып, қалай қашарымызды енді ақылдаса бастағанымызда жоғары жағымыздан тағы бір күбірлер естілді. Кӛл жақтан шыққан «жаяу әскер» тобы осылар шығар десіп, үн-түнсіз тыңдадық. Олар алғашқы байқалған орнынан алыстамады да жақындамады. «Жанбағар шеріктің бір тобы шығар, отырып-отырып уақытты толғанда қайтар» деп топшыладық. Тоғаннан шыға жӛнелсек, күрсілдетіп жіберер деген оймен ұзақ тыңдап едік, олар қозғала қоймады. Таң қылаңынан асығып, сыбдырсыз шықтық та, екіден-үштен ғана сытылып тауға қарай тарта жӛнелдік... Бізді қатты қауіптендіргендер қарусыз тӛрт-бес қана адам екен. Олар да сол тоғаннан шығып бізге еппен ілесе берді. Біздей қашқын екенін білсек те, таң ағарып, Қызыл таудың екі-үш қырқасынан асқан соң ғана тіл қатыстық, Шинжяң Институтының оқушылары, Мұса атты қазақ жігіт

197


пен екі татар, екі ұйғыр жігіт екен. Олар да бізді біліп ілесіпті. Отыра қалып бағдарымыз туралы сӛйлестік. Санымыз оннан отызға бір-ақ шықты ғой, құралы да, кӛлігі де жоқ мұншалық кӛп адамның бірге жүруі апатты екенін айттым мен. Тамақ табу да, тіпті жасырынып жүру де қиынға түсетін сияқты. Менің ӛз ойым тӛрттен-бестен ғана бӛлініп кету еді. Сонда ғана шағын топпен тау бӛктеріндегі қазақтарға паналай жүріп Жемсары жаққа ӛтсем, жанашыр-жақын да, солар арқылы Нұрияш та табылатын сияқты сезіледі. Бұлай бӛлінуге жолдастар кӛне қоймады, жол бағыты жағынан екі түрлі пікір қойылса да, «мынадай әжептәуір қуатты топтың» бӛлінбеуі жағына бәрі бір-ақ ауды. Енді жол бағытын белгілеу жӛнінде кеңестік. Серәлі бас жеті-сегізі Еренқабырғаны бӛктерлей барып, Манастан ӛтуді қуаттады. – Ол жақ соғыс майданы,– деп қырма сақалды, сары Ақай гүж ете түсті, – ол жаққа қашып барып ұсталсақ, Гоминдан табында атып тастайды. – Бірнеше күндік ұзақ жолға азық та табылмайды, – деп Қуат құптады оны, – ұрласаң-ақ қолға түсесің, мұны түсініп қойыңдар, шырақтар! Осыны бәрі түсініп, «мына Боғдадан ғана асып түсе салуға» түгел разылық білдірді. Тӛтенше риза болғаны – Ақай мен Мақай. Боғданың теріскей

198


бӛктерінде Оспан партизандары кӛп екен. Мыналар Оспанның жақын туыстары болып шықты. – Мұсылмандық әсіресе шашымызды жұлудан, «теріс оқыған» деп ұрудан, «кӛменес» деп құртудан қорғайсыңдар ғой, – деп қалжыңдасып, күлістік. Бұл күлкіге татар, ұйғыр жолдастар кӛп үлес қосып, ашыла түсті. – Ол жағына мына Мұса да мықты кепіл, – деп Ынтықбай таныстыра сӛйледі. – Алтайдың мықты «біреуінің» баласы екен. Бұл бізді осы жолда азықпен де қамдай алады. Осы тауда әкесінің тамыр-танысы кӛп кӛрінеді: – Жолдастар, осы таудан асып түскенше ешкімге кӛрінбейік, – деп ӛтіндім мен. – Қазақтың «ұзын құлағы» телефоннан да жүйрік екенін білеміз ғой, бір тыңшының құлағына сүрінсек-ақ әскер сүйреп ала жӛнеледі. Бұл пікірімді танысы кӛп делінген Мұса да құптады. – Бұл тау биыл қыстан жұтап шыққан. Кӛтеріп жүре алатын атты былай қойып, жілігі татитын ұсағы да жоқ... Күн бата аттанып, түн ортасына дейін Шолақтерекке жетсек, ертең сәскеде Сәнгесарыға жетіп тамақтанамыз. Сенімді ауылдар бар. Бірақ, Шолақтерекке жеткенше шӛлге шыдаңдар,– деп кӛсіле сӛйледі орта бойлы, жарау қара Мұса, – бұл Қызыл – құрғақ тау.

199


Кейбір сайындағы кішкене бастауды қоршап ауылдар отырады. Оған түссек-ақ кӛрініп қаламыз. Осылай келістік те, күн батқанша ұйықтап алу үшін, желкеміздегі биік жотаға қос-қостан кезектесіп қарауыл қойдық. Ұйқы келер емес, кӛңілім ұйқы-тұйқы болды да жатты. Кӛзімді жұмсам-ақ қара киімді жендет Нұрияшты қылқындырып жатқандай, кейде жібек бұрымын қанды қолына орап алып, сүйретіп жүргендей әртүрлі елес пайда болады да басымды кӛтеріп аламын. «Нұрияш... жаным» деп айқайлап жібергім келеді. Тағы бір мезетте ақыл қайнарындай кең кӛгілдір кӛз жаспен мӛлтілдеп, кірпік қақпай қадалады маған. Енді ашылып келе жатқан қызыл гүлдей ерні әлде бір ойын білдірмек болып айта алмай тұрғандай емеуірінмен бүріледі. Онысынан «сүйші» дегендей ерке наз сезіледі. «Кетейікші, тауға шыға тұрайықшы» деген сыбыр естілгендей болады. «Әттегене» деп отырған жерімдегі тасты да қойып жіберемін. – «Соның айтқан жеріне бара тұрсақ, мұндай дерексіз айрылу болмас еді ғой, дүние!... Құтылудың сәтті бір жолы сол жерден-ақ табылар еді ғой!...» Ӛкінішпен ойран-ботқам шығып отырғанын қарсы тұсымда жатқан Мұса кӛріпті. Қасыма келіп отырып, темекі орап ұсынды. Тартпайтынымды айттым.

200


– Бір сорып кӛрші, сенде бір ауыр ӛкініш бар сияқты, – деп күрсінді, – тасты жұдырықтап отырсың? Темекісін алып, шаққан шырпысына тұтаттым. Құсалығым ашылса да, құпиялығымды қазірше сақтағым келді. Нұрия жайын Жемсарыға жақындағанда бір жӛнін тауып айтсам, кӛмегі тиетіндей, қабілетті ӛткір жігіт екенін байқадым. Менен жасы да үлкен, кӛргені кӛп азамат сияқты. Неше күннен бері ұйықтамай, қатты шаршаған басқа жолдастарым түгел қорылдап жатыр. Атымның Биғабіл екенін бағана танысқанда естіген Мұса мені ӛткен күзден бері білетінін айтты. Ӛзін де қысқаша таныстырып, Шинжяң институтындағы жасырын ұйымның ұйтқысы екенін сездірді. Мұны мақтан үшін емес, менің ауырымды жеңілдету үшін айтты. Сӛйлеген сайын кӛзінен от жанып, жүзі нұрлана түсіп, туған еліне арнаған кіршіксіз таза жүрегін жайып салып, тамсандыра үйіріп әкетті. Тархшы екен, қазақтың ӛткен, апатты ғасырын біраз сӛз етті. – ...Біз дүниежүзі шиыршық атып шиеленіскен, азаттық пен апаттың ең ауыр, ең жауапкер күресі ӛршіген ғасырда туылыппыз,– деді сӛзінің соңында. – Туған еліміздің ӛмір сүру болашағы біздің, біздей саналы, кӛзі бар ұрпақтарының осы күресіне ғана байланысты. Ең баянды бостандық марксизм мұратында болса, бізге ең үлкен апат

201


Американ қаруландырған Гоминдан шовинизмінен тӛніп тұр. Біз осы күрес міндетін ӛз еркімізбен арқалаған жандармыз. Бұл – туған еліміздің артып отырған міндеті. Азамат саналатын адамға дәл қазір бұдан ұлы міндет жоқ. Бұл жолда ӛлсек ӛкініш те болмақ емес. Ӛмірдің ӛлімді жеңуі үшін қажымас қайрат керек.... Қаншалық сүйіне тыңдап отырсам да, мынау үгітке ішімнен намыстанғандай болдым. Ӛзімнің үйреншікті тұжырымым есіме түсе кетті. – Дұрыс айтасыз, күрессіз күн жоқ,– деп изектеп, ширай қостадым оны. – Күн жоқ болатын себебі, ел жоқ! – Міне, жарадың!– деп Мұса мұныма разы бола күлді. – Олай болса, осы жұдырықтарымызды тасқа ұрып қор етпей, жаудың басына ұралық! Мен жеңілгенімді сезіп, іштен моий күлімсіредім. – Ӛз тағдырым үшін ашуланып отырған жоқпын... Кейін түсінісерміз,– деп жеңіл кӛтерілдім орнымнан. Күн батысымен Боғданың оңтүстік қойнауындағы Шолақтерекке қарай тартып бердік. Құрғақ Қызылдың қырқаларынан асып, жазыққа шыға жӛнелгенімізде Мақай ілесе алмай, артта қала берді. Сүзектен тұрғанына екі-үш күн ғана болғанын Ақай енді айтты. Кезектесіп екі-екіден қолтықтай жүріп едік, шойдай қара жігіт тіпті ауырлай түсті. «Біраз дем алып, Үрімжіге қайтып

202


кетейін, мен үшін бӛгелмеңдер, жолдарың болсын» дей береді. Оның жалғыз қалуына Ақай кӛнер емес. Екеуін де қалдырайық десек «Оспанға апаратын бет-жүздігіміз» деп Ынтықбай бастатқан кӛпшілік ауылдастары кӛнер емес. Айтыса-айтыса түннің жарымын ӛткіздік. – Енді мына мидай далада таң атқызсақ, ұсталамыз,– деді Мұса, ешбір лаж таба алмай, қатты сасқанын білдірді. Дағдарып тым-тырыс отырып қалдық. Айсыз қараңғы аспан да тымтырыс, жұлдыздар жүдеп, нәрсіз, күңгірт қарайды. Теріскей жағымыздан ит үргені естілді. – Осында «сары дүкеннің» бірнеше қора қойы кӛктейді,– деді Ақай, – содан бір ғана қой ұрлап жеп, Мақайды дем алдырайық та, ертең жүрейік! – Су қайда?– дедім мен. Бұған Мұса жауап қайырып, Ақайдың пікірін еріксіз қуаттағанын сездірді: – Әнеу биік қызылдың теріскейінде сүрі қар мол болушы еді. Ол әлі еріп бітпеген шығар... Сол биікке қайта ӛрлеп барып «Мақайды қалжалауды» құлшына құптады кӛпшілік. Оны Қуат пен Серәліге қолтықтатып, тӛте жӛнелттік те, басқамыз ит үрген жаққа тарттық. Жартас түбіндегі жалғыз киіз үйдің алдында бір қора қой жатыр екен. Осы ең шеткі қораны торыдық, амалсыздан осы «кәсіптің» шеберін іздестіріп, бәрінің де қыран ұры болып

203


белсенгеніне қуаныппыз, шықпай жатып түптүгел ашыққанын білдіруі тіпті «қуаныш» сияқты. Таңдап жүріп үш қойды бір-ақ кӛтеріп шықпақ болған Шақанға Ынтықбайды қосып, «бірегей біреуін» ғана әкелуді тапсырдық. Қотанның ар жағынан кӛрініс беріп, ит алдандыруға екі татарымызды жіберіп едік, олар үш итті шулата шұбыртып тұп-тура ӛзіміз жаққа ерте қашты да баспалап жатқан «ұрыларымыздың» үстінен түсірді. – Үй, бүйтіп ұры болғаныңды... – деп оларға «ең мықты ұрымыздың» ӛзі ақырып жатыр, – ары қарай қаш! – Бәле... ұры қотан шетінде осылай ақыра ма? – деп Шақанға Ақай даңғырлады. Мұса екеуміз «ұрыларды» да, қара кӛрсетушілерді де шегіндіріп жіберіп, бір қиырдан мешпет сүйрете қашып едік, иттер енді біз жаққа жүгірді. Қотанның аржақ сыртына әкетіп, алыстата бердік. Үш ит пен екі «философтың» қанша «ырылдасқанын» кім санапты, әйтеуір еңбегіміз жанғандай, шығар тұсқа қайтып келсек, бір топ «сайыпқыран» ұрының ортасында сүйегі арсиған бір саулық тұр екен. Бауырына кезек-кезек қол жүгіртіп күңгірлеседі. Желіні салақтаған жануардың қозысы бар екенін, артына қарап маңырай беруінен түсіне қойсақ та,

204


«ұрыларымыздың» кӛзі сенбей немесе қимай тұрғандай. Киіз үйдің бер жағындағы белеңге ұзын бойлы біреу шығып қарап тұрғанын кӛрдік. Қотан шетінде шуылдасып жүрген «епті» ұрылардың соншалық даңғырынан ӛлі қойшы да тіріледі ғой. Арттарынан ере келіп қарап тұрған қойшының ӛзі екен. – Ей ағайындар, анау, қозылы саулық еді, жас қозысына обал ғой,– деді ол. – Орнына бойдақ қой шығарып берейін, қоя беріңдерші! – Иә, солай екен,– деп күрсінді Ақай, – бізге бір ғана еркек қой керек еді. Алыстан арып келе жатқан жолаушымыз, ең семіз біреуін беремісің? – Мақұл, ағатайлар, мақұл, ең жіліктісін әкеліп берейін. Қойшының осы уағдасымен саулықты қоя беріп едік, маңырай жӛнелді қотанына. Қойшы да қайтты. Бізбен айқасып жүріп әбден шаршаған иттер де, біз де тым-тырыс шоңқиып отырып қалдық. Қотанның аржағындағы белден қараңдап біреу асып кеткендей болды. Қой да жоқ, қойшы да жоқ, тым-тырыс сызылып таң кӛрінді. Енді қайта барып қорқыту емес, қашуымыз жӛн сияқты; «белден асып кеткен қойшы болды, арғы ауылдарынан қол жиып келмек» деген қортынды шығардық та, зытып бердік...

205


Қайқайған кер жотаға күн сәскеге кӛтеріле бере еңбектеп әрең шықтық. Шақшырая жарқылдаған күн, жалындай жалаңдаған аңызғақ таңдайымызды қуырып әкетті. Бара сала қарға басымызды тығармыз деген үмітіміз ӛшіп, кӛздеріміз шүңірейіп барады. Бұрын келіп алған жолдастар тас-тастың түбінде бұралып жатыр. Осы жотаның теріскейін кезіп-кезіп, бір шӛгім қар таба алмапты. Кеше кеште аттанған жұртымыздың тұсындағы бір биікке қайтып келіппіз. Жуан түйе тастың астындағы бір үңгірге кіре жығылып, дымды топыраққа кӛкірегімді бастым. Бүгін де кешегідей жатсақ, шӛлден қырылатындаймыз. Тырналап жатып, бір күректей салқын топырақ босаттым да, кӛйлегімнің омырауынан қарныма құйып алып қайта шықтым. Осы бір тәуліктің ішінде-ақ бір-бірімізді тани алатындай семіппіз. Кӛбінің сӛйлеуге де халі жоқ, тілі күрмеле берді. – Мұса-еке, әлгі айтқан ақсақалыңызға тез жете кӛріңіз!– дедім мен Мұсаны бір тастың астынан әрең тауып. Жотаға ӛрлеп келе жатқанымызда, осы елдің мұсылманға қастық істеуден Құдай алдында қорқатын бір ақсақалын айтып еді. Соған баруды ӛтіндім. – Осы бүгінгі шӛлден ғана құтқарсын, басқа ешкімге білдірмей қамқорлық етсін!

206


Сол қарттан бір кӛмек болмаса, мына ыстық желден бүгін-ақ қырылатын иә жанталасып барып қолға түсетін жағдайға тап болғанымызды жолдастар түгел-ақ түсінген екен. Бәрі шулай қостады бұл пікірді. Мұса мешпетін тастай салып, сайға қарай кӛйлекшең домалай жӛнелді. Әр тастың далдасында үнсіз жатырмыз бәріміз. Нұрияның қатерлі жұмбақ тағдыры жүрегімді қатты тулата берді. «Осы Боғданың Жемсары жақ бӛктерінде шығар ол. Сақшы басқармасы Кәменнің нағашысына ұрлап беріп жіберген болса, сӛзсіз осында... Мына Мұсалардың кӛп туысының бірі болмаса бірі білмес пе? Осы таудан аман ассам, табармын-ақ!» Осы үміт демеуімен орнымнан тып-тың адамша ыршып тұрдым. Түс ауып қалыпты. Әр тасқа бір отырып, бір тұрдым. Су есімнен шығып, Нұрия елестей берді кӛзіме. Тағы да атын атап айқайлап жібергім келеді. Жемсары тұсына тура қарап отырмын. Қарсымдағы аласалау тұрғыдан ақ кӛйлекті біреу қол бұлғады. «Нұрияш болсашы, – деп үңілдім оған, – ұшып-ақ жетер едім ғой!» ... Қарсы тұрғыдағы адам қолына шапкісін алып бұлғай берді, бұлғап-бұлғап алады да, арамыздағы терең сайды нұсқайды. Мұса есіме түсе қалды, сол екен, «сайға түсіңдер» деп тұрғаны түсінілді. Дауыстап жолдастарымның бәрін тұрғыздым да, сырт кӛзге айқын шалынбаулары үшін, әр түстен

207


бірден-екіден ғана бӛлініп-бӛлініп түсуді айтып, ӛзім ең соңынан құлдадым. Қиялай құлдап келіп, бір мойынақтан асып едім, алдымдағы қия соқпақта біреу шалқасынан жатыр екен. Мақталы мешпеті кӛп жоғары қалғанына қарағанда недәуір домалаған сияқты. Қасына жетіп келсем, Әмірқан болып шықты. Аузы бүрісіп бір кішкене тыртықтай ғана кӛрінді. Отыра қалып құшақтап, басын алдыма алдым да оятқандай атын атап, шайқай бердім. Бар денесі былқ-сылқ етеді. Кӛзін ашып қарасам, қарашығы байқалмай, кірлеген сұп-сұр томпақ «әйнек» қана кӛрінді, ағы мен қарасы араласып кеткен сияқты. Құрғап кеткен аузымнан жалма-жан түкірік жинап, ерніне жағып едім, аузын жас балапанша ашып, тамсанып-тамсанып жұтынды. Тірі екенін сонда біліп, тастақты екі қолдап тырналай бердім. Дымы бар топырақты әрең ашып, бауырын жалаңаштап соған бастым. Біреуіміздің құлап түскенімізді қарсы жақтан кӛрген Мұса жан ұшыра жүгіріп жетіпті. Қолында бір бӛтелке сүт бар, жете бере ӛзі жығылып, бӛтелкені маған ұсына берді. Әмірқанды алдыма қайта алып, аузына сүт тамызып едім, екі қылғыған соң кӛзін сығырайтып әрең ашты да бірдеңесін іздегендей жан-жағына қарана түсті. Сайдың тұсымыздағы бір жырасын күбірлей нұсқап қалып, кӛзін қайта жұмды. Бір бӛтелке

208


сүтті жұтқызған соң ғана есін толық жиғандай болған ол жерге екі қолын тіреп, орнынан күрсіне түрегелді. Әмірқанның нұсқаған жағына құлдап түсіп, шӛңкесін таптық. Ӛзі алғаш құлағанда, онысы домалап ылдиға кеткен екен. Шіркін тіршілік, су аңсап келе жатып, соны ішетін ыдысы қолынан шығып кеткенде, ең аяулысынан айрылғандай сезініпті ғой! Жан үзерде сол құрғақ ыдыс қолында болса, құшағына қысып ӛлуі де мүмкінау!... Мұсаға Әмірқанды таныстырып, бір жесір кемпірдің жалғызы екенін сыбырлап айттым. Екеуміз қосыла еңкілдеп, сай табанына дейін тілсіз жылап түстік. «Жәннәт» пен «жаһаннамның» арасы жарты шақырымдай ғана екен, біз түскен бүргенді сайдың кӛлеңкелі тұйығы қармен сіресіп жатыпты. Келе соған бас қойып едім, іле-шала шелек-шелек тары кӛже жетті... Сеніп барған қарты Мұсаға зор сенім орнатыпты: Боғданың бұл күнгейінде қастандық етерлік ешкім жоқ екеніне «Алланың хақтығын» қоса ант етіпті. Биылғы қыстан күш-кӛліктерінің «сіңірі әрең қалып, әлі де жіліктене алмай тұрғаны» болмаса, арғы бет деген екі-ақ түндік жол екен. «Сонда да жеткізіп салуды ойластыратын азамат кӛп» екенін, оларға хат жазып беретінін айтыпты.

209


– «Теріскейде бұл үкіметтің Қабдолла атты ғана иті қалған. Ол орынбасар район бастығы. Соның құлағын қақас қалдырсақ болғаны. Бір ауылдан бір ауылға жылжытып отырып жеткізіп салады. Бүгін кешке жақын осы ауылға бӛлініп-бӛлініп келіп, ыстық тамақ ішіп шығыңдар да ақшам бата Сәнге сарыға жӛнеліңдер!... Ауру жігітке ат беремін және жол бастаушы қосамын», – деп қайтарыпты... Біз мұны қуана тыңдап, сүт қатқан тары кӛжемен малшына терледік те, лық толтырылған торсықтай теңкиісіп, бүрген арасына құлай-құлай кеттік... Ымырт жабыла бере бабына жете жаралған аттай заулата жӛнелдік. Бар бӛгетіміз болған Мақайдың аңшы атына қонып алға түсуі, жол бастаған сида қара жігіттің жасынан тауешкі атып ӛсуі бізді жақпар тастардан текеше орғытты. Шолақтеректен Сәнгесарыға баратын тау соқпағының үрейді ұшырғандай ұшпа жар, қысаң қияларынан ертеңіне күндіз ӛттік. Аңшы аты ӛткен жерден бізді ар-намыс әрең ӛткізеді. Сыңар табан ғана сиярлық аттамасы бар ұшпаның жарына жабысып, ары да, бері де ӛте алмай «Аллалағандарды» тері шақайлы аңшы жігіт тәйтәйлаған баласынша жетектеп ала жӛнеледі. – Сендер партизан да, құйыршық та бола алмайсыңдар-ау осы!– деп күледі келіп.

210


«Аллалап біз ӛте алмай жүрген жерден – «Әиялаған» сары аяқтар қалай ӛтпек, енді ұстала қоймаспыз» деген еркінсу пайда болды бізге. Не дәуір озып кеткен жолбасшымен атты Мақайдан басқа жолдастар ұйқыдан мас адамша сенделектеп, андыздап әр жерде келді. Бірнеше тәулік ұйықтамаған мені де жайдақ жолға шыға ұйқы жеңді. Жүріп келемін, жолдың екі жағына кезек ауып, ұйықтап келемін. Биғаділдің «Қырау қайда барасың» деп жыламсыраған дауысы естіледі. «Балам-ау, не болған саған осынша!– деп маған ренжігендей шешем кӛрінеді. Кӛзінің алдына іркілген тамшысын сүрте тұрып, – қайтсаңшы, бізді ұмытқаның ба?» дейді. Кӛзімді аша күрсінемін, бұл – ӛңім, «Алтайды айнала ӛтіп, Қобықтан түсемін ғой апа!... Сендерді құтқаруға қол ертіп барамын» деп күбірлеп алып, қайта ұйықтаймын. Қызыл кофта жарқ ете түседі, жалт қараймын, бірақ, сол кофтаның ӛзі ғана бір кӛрініп ғайып болады. Басымды шайқап қойып, кӛзімді қайта жұмамын. Бір кезде тым жарасымды ұзын ақ кӛйлек киіп нұрлана түскен Нұрияның ӛзі кірді түсіме: әудем жерде ғана құшақ жайып тұр екен. Ұйқым шайдай ашылды, ғайып болды, тұра жүгірдім сонда да. Сол жердің мӛлшеріне бара етпеттеп құладым.

211


Солқылдап жатқанымда арт жақтан жүгіре жеткен біреудің аяқ дыбысы естілді. Әмірқан екен: – Биға, Биға! ... Не болды?– деп, басымды тізесіне қойды. – Жоқ... жетемін саған!– дей тұрдым орнымнан, менің жығылғанымды кӛріп, арттағы жолдастар түгел қоршай қалыпты.... Ұйқымыз осылай ашылып, заулата жӛнелдік. Озып кеткен атты-жаяу екеуі кӛп бұрын барып, қонатын аулымызға хабарлап қойған екен. Күн бата біз де жеттік. Келіскен жуан басына кӛне тақия киген, селдір ғана шоқша бурыл сақалды тӛртпақ қара шал қарсы ала шығып, сәл қиықтау үлкен қоңыр кӛзі күлімдей амандасты. Бар тұлғасы жас шағында мығым күштің иесі болғанын байқатқандай. Алты қанат қоңырша үйіне нан, құрт-ірімшік салған мол-мол дастарқандар жайылды. Орташа ғана ешкілі ауыл сияқты. Мүйізі қарағайдай ақ серкені кіргізіп, бата сұратты да, біздің сойғызбайтын ниетімізді байқап, ӛзі бата қылды. Біреуіне бата сұратып, алтауын жыққызғанына аяныш білдіріп едік: – Етті болса екеу-үшеуі ғана жетер еді ғой, шырақтарым,– деп ақтарыла жӛнелді үй иесі, – биыл мал тым арық, күйлірек болса осы жолдарыңа атан ӛгіз сойып берер едім! Сендерден немді аяйын, елім деген ер азамат не кӛрмейді. Кейде осылай азады, осылай тозады. «Темір етік

212


теңгедей, темір таяқ тебендей болғанша» дейтін бұрынғы батыр бабаларың талай жорық кешкен ғой. Тоздым деп қажи кӛрмеңдер әйтеуір!... Қажуқайту – ердің ісі емес, елдерің бар, ер ағаларың бар, бәрінің тілеуі сендермен бірге. Ертең-ақ кӛресіңдер сол бірлікті. Бірлік болмай тірлік жоқ екенін бәрі біліп болған... Баратын жерлеріңе, қосылатын қолдарыңа ӛзіміз-ақ жеткіземіз... Бәріңнің де маңдайларың жазық балалар екенсіңдер, «ақыл жастан, асыл тастан» дейді, үкімет сырын сендер білесіңдер, бастай беріңдер азаматтарым, халқың міне,– деп үзіліссіз зулата келіп, бір дем алды шал, – «қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар» деген екен. Бір кезде арғымақтай арыным, қара нардай қарымым бар еді. Мӛрті енді келгенде мерт болғандай мезгілсіз қартайып жанбасымнан жантайып жатқаным осы... Сергек ойлы, шешен қарт мұнан соң арғы-бергі ӛткен батырлардың сайысын әңгімеледі. Оның бәрінде де батырлыққа баулу, қайратымызды қайрау бар. Сол түнгі әңгімеден недәуір күш алып, баулынып ұшқан бала құстай серпіліп аттандық. Бұл кедей елдің ең жиын жері Ақсу ӛзенінің бас жағы екен. Қаһары бар қарлы таудан солардың бірлескен кӛмегі ғана асыратынын білдірген қарт бізге тағы бір жол бастаушы қосып, солай жӛнелтті.

213


Ақсу бойына кеш іліндік те, шеткері отырған бірекі үйдің пысырған сүтін бӛліп ішіп, паналы тоғайдың арасына түнедік. Терең қайыңды, нулы ӛзен екен. Түні тым зәрлі тиді. Бұдан жоғарылап қарлы тауға кіргенде халымыздың не боларын ойлап, дірілдеп таң атырдық. Қайырымды қарттардың қағазы бойынша ауыл бастығының үйіне бірнеше ілікті азамат жиналыпты. Біз сәске кӛтеріле жетіп, топты тоғай арасына қалдырдық та, үйге тӛрт-бесіміз ғана кірдік. Жиналған ауыл адамдары арасында отырған мысық мұртты, сары шегір ауыл бастығы мен ұзын бойлы ат жақты, қызыл күрең мектеп меңгерушісі ӛздерін таныстыра амандасты. Мектеп меңгерушісі бізді күле құшақтаған қапсағай қара мен екі-үш қара қошқыл атпал азаматтың атын атап ӛтті. «Бұрын аңшылық істеуші еді, қазір сары аяқ аулайды» деп жымыңдады соңында. Тау кезіп жүрген бұл үшеуі асуларды әлі қар алып жатқанын, олай болмағанда арғы бетке жаяу адамның екі тәулікте ғана асып ӛтетінін әңгімелеп еді. Мұса екеуміз бір-бірімізге қарап қынжылыса қалдық. Ақай тік мінезді тӛтешіл жігіт екен: – Олай болғанда, бұл тұйыққа ұсталу үшін келгеніміз бе?– деп турасынан қойып қалды. – Жоқ, бауырлар, біз тұрғанда бұл ауылдан сендерді ұстап беретін ешкім шықпайды,– деді

214


қапсағай қара, томпақ кӛзі жалтылдап, насыбайлы ернін жымқыра түсті, – ӛзіміз де осы үкіметке... қанымыз қарайып отырған халықпыз. Жолдарыңа құрбандыққа шалып, бауыздай салармыз. Бұл бекім бұрын-ақ айтылып болған... – Таңертеңнен бері сӛйлесіп отырғанымыз осы жәйт болатын,– деді мектеп меңгерушісі, аңғарлы, ойлы пішінмен баяу сӛйледі. – Бұл ауыл қаншалық сенімді болса да, сыртымыздан тіміскілеу арқылы аброй тапқысы келетін ел басылары жоқ емес. Біреу жығылмай, біреу үстіне шыға алмайды ғой, сӛздің шынын айтайық, ӛздерің алғаш кӛрген ақсақалдың мойнына мінгісі келетін орынбасары бар. Оған тӛте қарасты ауылдар Боғданың батыс солтүстік тұмсығында ғана отырады. Сіздерді соның құлағына шалындырмай тезірек ӛткізіп жіберу туралы таң атқалы сӛйлесіп жатырмыз. Мына елу басы – үкіметтен елу тиын алып күн кӛргісі келмейтін сенімді кісі. Тезінен күйлірек кӛлік табуға бекіді. Бірақ, жиырма шақты аттың бүгін-ертең табыла қоюы қиынға соғатын сияқты. Күтіп мінетін бірбір жарамды атымызды Гоминдан сыпырып әкеткен, тағы сол қанқұйлы орынбасардың кесірі. Онымен туысқандығын ту қып кӛтеретін жендеттер бар. Олай болмағанда мына азаматтар оның басын әлдеқашан кесіп тынар еді ғой... Мен

215


ғой, ӛз ағаларыңмын, сендердің тілектеріңдемін, тұп-тура мұраттастарыңмын, мына Мұса біледі!... Мұса маған қарап басын изеп қалды да: – Шинжяңдағы тұңғыш Марксшілдердің бірі,– деп сыбырлады. – Қандастығымыз тағы бар,– деп мектеп меңгерушісі ӛз сӛзінің түйініне кірісті, – бірдебіріңе қастандық істеуші шықса, ол ӛзінің қанымен жауап беретіні сӛзсіз. Бұған сертіміз берік!... Осы ауыл болып қолымызды қанға малып ант ете аламыз. Сӛз осы жерге келгенде кешегі қарт жанбастай басып кіріп келді. Бәріміз ыршып тұрып амандасып, ол тӛрге жайғасқан соң ғана отырдық. Мектеп меңгерушісі ендігі сӛзін асыға айтты: – Ылғи жалаң киіммен шығыпсыңдар, қазір бұл таудан кӛліксіз ӛту ӛте қатерлі. Кӛлік дайын болғанша күйлірек үйлерімізге бір-бірден тарап, екі-үш күн жата тұрасыңдар, басқаша шара жоқ... жататын үйлеріңе тапсырамыз, сырт біреу келе қалса, пәлен туысымның баласы деп қисынын таба салады. – Менің ойлағаным да осылай еді, кӛлік бір-екі күнде жиылып қалар,– деді қарт. – Ал жігіттер, бұған не дейсіңдер? Біз бір-бірімізге үнсіз қараса бердік. Бӛлінбесек тобымызбен бір-ақ кӛзге түсуіміз мүмкін, «бірбірден тарап жатсақ бӛріге оңай азық боламыз ба,

216


ұлысып табыса-табыса тарпа бассалар ма» деген ой алаңдата берді мені. Ынтықбай да осыны айтқандай сүзіле қарады маған. Бұл ойымды айтудың ебін Мұса тапты: – Қанымыз бір, оның үстіне туыс тартып бастап келген мен едім. Сӛздеріңізге сендік, ып-рас,– деп күрсінді де сӛзін күлімсірей жалғастырды. – Бірекі күнге бӛлінбей бір жерде тұрсақ, екі-үштеген алдашы келсе алдырмас едік. Ол қол жиып келгенше жолымызды табар едік. Бір-бірден тарап жатқанымызда, қару-жарақты бір жендет те, екі жендет те бір-бірден байлап әкете алады!... Егер солай бола қалса, мына жиырма шақты азаматтың қан қарызы ертіп келген маған және ел деп паналаған сіздерге артылады ғой! – Бір-бірден солай ұстала қалсақ, бір-бірден байлатқан сіздерді Құдай мен аруаққа тапсырайық па? – деп қалды Ақай. – Іздеусіз, иесіз кететін азамат сендер емес,– деп мектеп меңгерушісі еселей бергенде сӛзді қарт жұлып әкетті: – Біздің ауыл ұстап берсе кімге тапсырсаңдар да сияды, оны қазір шешеміз. Бірақ, осынша кӛп азамат тобыңмен бір ауылда тұрғанда кім кӛрмей қалар. Ӛздерің құтылсаңдар да мына ауылдарыңды жауға құртқыза кетпейсіңдер ме?... Олай болғанда біз кімге тапсырармыз?

217


Қарттың тарпа бассалып жеңуіне бәріміз күлдік. Қапсағай қара Қали маған сыбырлады: – Құралымыз аз, «банды жасырған ауыл» деп кӛп әскер шығып қоршай қалса, ең зор қорқыныш сол ғой, бауыр. Азамат басына бір-бір бесатарымыз болса, дәл қазір айниық деп те тұрғанымыз жоқ... Біз бас изеп мақұлға келдік. – Қалған күмәндарыңды мен шешейін... әумин! – деп қол жайды қария. Үйдің іші-сыртындағы ауыл адамдары түгел қол жайды. Қарт жылай отырып бата емес, ант берді. – Алаштың осы алал азаматтарын қастық ойлап, ұстап беру ниетінде болғандарды Алла Тағаланың қаһары атсын, елжұрт алдында беті қара, қатын-баласы қара болсын! Қабанбай мен Жәнібектің аруағы атсын, Аллаһу әкбар!... Бұл кӛне сенім адамының мызғымас, аудырмас анты еді. – Рахмет әке, мың жаса!– деп қалдым мен. Бӛлініп-бӛлініп жата тұрудан басқа жол да жоқ сияқты. – Біз де ант етейік,– деді біздің үлкеніміз Ақай. Бізде қол жайдық. – Қандай кесірге ұшырасақ та осы ел қамқорлығын үкіметке бірде-біріміз әшкерелеп, титтей кір жұқтырсақ, сол Алла мен аруағы бізді де атсын!... Осы анттардан соң әр ауылға бір-бірден тарап орналастық.

218


Кӛреген тергеушім, оң жақ қырыңыздағы әйнектер быжынап-құжынап, бандыға толып-ақ кеткен шығар. Міне, ой мен қырдан қаптаған қалың жау, жерлік ұлтшыл залым жау, қара жау, ақ жау, қызыл жау, аралас бояу сары жау, бала жау, жас жау, кәрі жау, малшы, жалшы, аңшы, әнші, малды, малсыз, надан, баран, құдайлы, құдайсыз... «тӛрт теңіз, бес құрлықтан» табысып, бірін-бірі жасырып жүрген зәрлі жау, неден бұлай бәрі жау!... Гоминданның осыларды кӛрмеген кӛр соқырлығына, жазасын бермеген кӛк соқырлығына қаныңыз қайнар-ақ! Бар салмақты сізге тастап кеткен жоқ па! Осының бәрін кӛреген ӛзіңіз ғана жиып құртпасаңыз, қылмыс тұралатқан есалаң дүниенің құрттап кеткені ғой!... Алдымен кӛзіңізге кӛп түскен мені!... Мені!:.. IV Аппақ айым, айналайын: Айтшы жайын, жӛн сұрайын: Кірпігінен меруерт тӛккен, Кӛкірегінде қасірет бүккен – Нұрияшым сенде ме екен, Кӛрсетші бір жүз-шырайын? Жасырасың күннің нұрын,

219


Қылғымассың кімнің нұрын! * Ерке бұлақ, еркін бұлақ, Ерте тұра-ақ келдім сұрап: Таза күміс қоңырау үнді, Жайлы жаздай жаны гүлді, Жарқылдаған жалын сынды – Сенде күлген кім сыңғырлап? Тасты жарып, таудан ӛндің, Таныс үннің айтшы жӛнін! * Айтшы жӛнін, жансын кӛңлім, Тапсын күнін!... О, дәриға-ай!... Тұнығыңдай толқын атқан. Мӛлдір сезім қанат қаққан, Жар алдына жанын тартқан – Жарды айырмай, жанды айырғай! Емін айтшы жан жарамның – Қайда екен, қайда ақ маралым?! Тоғай арасында екі-үш үйден ғана отыратын шағын қоңыр ауылдардың бірінде жатырмын. Менмұндалап мӛңірейтін қоралы малы жоқ, үкіметтен ӛздері де жасырынып жатқандай жым-

220


жырт, шағын жанды үйлер екен. Үйдегі кемпіршал жалғыз ұлындай күтті, сауатын екі түйесінің шұбаты маған құйылды. Күндіз естен айырып, түнде түстен шошытатын Нұрияға арнап осындай ӛлеңдер жаздым да жаттым. Әндетіп айтсам-ақ аңырап қоя беретін сияқтымын. Бұл ауылға жоқтау айтуға келгенім жоқ, үкіметке ӛшіккен мені де батыр деп түсінеді ғой. Іштен егіліп, қабырғадан сӛгілулімін. «Шырағым» дейді кемпір, «қарағым» деп қара шал атады. «Осындайда шашыңды қырғызып тасташы. Арғы бетке ӛтеді екенсіңдер, онда құйыршықтар да бар деседі. Құйыршық құрғырлар үкіметті соққылағанның үстіне қарапайым халықты да тонайды екен. Тіпті іш киімге дейін сыпырып әкететін бетсіз қарақшылар бар дейді. Сендердей шашы бар жігіттерді «шоқынған» деп, шашын да жұлып алатынын естіп тұрамыз. Кім біледі қандайына кез болатындарыңды, оларға қинатпай, ӛткір ұстарамен ӛзім алып берейінші!» Ертеңіне таңертең хал-жай сұрап, хабарласуға келген мектеп меңгерушісінен осы сӛздің шындығын сұрадым. – Рас,– деді ол, – партизан атымен құралданып жүргендердің кейбіреуі ел-жұрттың бостандығы үшін тӛңкеріс жасап жүргендер емес, сол атпен мал табуға, қазына жиюға кіріскен қарақшылар. Кейде Оспанның атын жамылып, ойлағанын істей

221


береді. Бұлардың ішінде бұлаңшылар да, әсіре мұсылман – шаш жұлғыштар да бар кӛрінеді. Сендерді бастап апаратын біздің жігіттер ондайларға қоса қоймас, сӛйтсе де «сақтықта қорлық жоқ», шашыңды алғыза тұр! – Енді сенен шүйінші сұрайын!– деп арықтағаннан ұзын жағы сорая түскен меңгеруші тағы күлімсірей сӛйледі. – Алыңыз, алыңыз!– деп елеңдедім. Нұрияш табылғандай сезіммен денем лап ете түсті. «Бұл кісі Нұрияға жақындығымды былай қойып, оның ӛзін қайдан білмек» деген ой болсашы менде. – Совет армиясы Берлинге кірді,– деді, – Китлер талқандалды деген сӛз, енді жапонды шайқай салады! Жұңго Кұңчандаңы Гоминданды соқты дей бер! Енді Жұңгода коммунизмнің жеңімпаз туы кӛтеріледі! «Олай болса Нұрияш екеуміз де азат болдық, табыстық» деген тәтті үміт жүрегімді тербете жӛнелді. Сүйінші сұрап хабарлаған меңгерушіге жақсы шұғадан тігілген шапкімді ұсына бердім. – Сүйіншіге мынаны киіңіз, кәде болсын! – Мұндай ортақ қуанышқа сүйінші сұрау – жаңа салт, жақсы лепес үшін ғой, алмаймын, рахмет бауыр! – Жоқ, тым болмаса естелік үшін киіңізші!... Ендігі жолда маған ескі тымақ қолайлы!... Қанша ӛтінсем де сыпайы ұстаз шапкімді алмады. Ӛзі бұдан тӛрт-бес жыл бұрын Сыфан мектебінен

222


оқып шыққан аға сабақтас екенін айтып, киіп жүрген сұр палтосын жолға киюге ұсынып еді, ұзын келетінін айтып мен де алмадым... Күн еңкейіп, екінтіге құлаған шақта шашымды алдырып болып, жата беріп едім, ат дүбірі естілді. Бұлай дүбірлетіп келіп, күбірлесіп қайту екі-үш күннен бері дағдыға айналған. Сӛйтсе де бұл дүбір жүрегімді қатты дүрсілдете жетті. Елеңдей ұмтылып, ашық тұрған есіктің босағасынан сығаласам, елу басы екен, түсі тым салқын кӛрінді. Ақ тобық ала атының тізгінін есік алдына келе тартты да, үстінен еңкейе қарады, жасаураған кӛк кӛзі мұз сүңгідей суық қадалды маған. Бұлай қарағанына жарай мен де жылы шыраймен амандаса қоймай аңырдым. – Бері шықшы! – деді. Шыға келдім, артымнан шал да шықты. – Уақыт осылай болды... һы!... Хаупің неден болса, – деп кідірген елу басы мақалының соңын айтпай, арт жағындағы тоғайға жалт қарап қойып, шалға қамшысын білей бүйірді. – Байла, мына жігітті! Тігіле қараған шал да кесек қайырды жауабын: – Е, неге?... Әкелген ӛзің едің ғой, ӛзің байла, ант атқыр! Ауылға зобалаң күштің жеткенін сезе қойып, мақталы мешпетімнің жеңін кидім де, қолымды артыма қайырып, шалдың алдына тұра қалдым:

223


– Сырттарыңыздан мылтық кезеніп қарап тұрған болар, жауапкершілік келмеуі үшін сіздің байлағаныңыз ӛзіңізге жақсы! Шал сонда да тұнжырап тұрып алды. – Түсіндім елу басы, – дедім енді оған бұрылып. – Сендерге кесел келтірмейміз, антымыз – ант. Байлауды бұйырған болса, ӛздеріңізге пәле таппай, неғұрлым тезірек... ӛзіңіз түсіп байлай салыңыз! Елубасы атынан қарғып түсіп шалдан ұзынырақ жіп сұрады да ӛзі байлай кемсеңдеді: – Шарағым, кейін түсінерсің кімнен болғанын, – дей салып, дереу ақырды. – Ей шал , біреу келгенше босағаңа байлап қоя тұр!... Елубасы атына міне шауып, жоғары тартты. Әр босағадан, әр теректің түбінен сығалап тұрған ауыл адамдары маңыма жиыла бастады. Шешей тоғайдан теріп шыққан отынын тастай сала ұрысты шалына: – Неғып тұрсың, босат мына баланы! Осы жас ӛрімдерді ұстап бергенше ӛздерің атылсаңдаршы!... Босат деймін қақбас, неғып маңқия қалдың! Қашып кетті дей салмаймысың, құтылып кетсін осындай да! – Мені қойшы, жау келіп бәріңді ойрандайды ғой, әйтпесе... – деп күмілжіді шал. – Бізге не қылмақ?! Әкетсе орнына сені әкетсін! – деп кемпір менің қолымды шешуге ұмтылды.

224


– Босатпаңыз, шеше, босатпаңыз, – деп шегіне бердім, – құтылсақ осы ауылдан емес, жолдан құтылармыз. – Алда, жарығым-ай! – деп кемпір боздады, – кесірім тиер дерсің-ау енді! Бір ауылды жанға не қылмақ бұл лағынаттар?! – Жоқ, шеше, пулеметтың астына алады. – Дәм татшы жарығым тым болмаса, дәм татшы!... Батамды берейін, анаңмын ғой мен де!... Ей шал, мына тӛбеге шығып қарай тұр енді! – Мен қарап тұрайын, келе жатса дыбыс беремін, – деп бір жігіт қарауылға жӛнелді. Кемпір болмай шешті де, мен жіпті үйге ала кірдім: – Олай болса мынау дайын тұрсын, айдаушы келсе үйден байлап шығарыңыздар. Үш үйдің адамдары түгел кіріп, кӛздерін сүртісті, кей мұрындардың піш ете түскені болмаса, тымтырыс. Аяныш пен ашыныштың ажарлы кӛздері жасқа толып, бәрі де маған мӛлтілдей тӛнулі. Шешей ақ жаулығын мойнына сала жылап, маған бата бергенде, бәрі де қол жайды, бәрі де дір-дір етеді, кемсең-кемсең қағады. Шешей дастарқан жайып, шұбат құйды. Кӛрші екі үйден екі тостаған құрт, ірімшік әкелініп, менің алдыма қойылды, екеуінен екі түйір ірімшік ауыз тидім. Қапсағай қара Қали кіріп келді осы кезде. Бәрір үдірейе тұрды орындарынан. Қали табалдырықтан

225


озбай тұра қалып, аман-сәлемсіз-ақ асыға сӛйлеп кетті: – Бауыр, қалаға шауып, әскер бастап әкелген әлгі Қабдолла дейтін ит екен. Оған кім жеткізгені қазірше белгісіз. Жолдарыңнан кешіктіріп обалдарыңа қалдық. Сол күнәміз үшін енді сендерді қаматпауға, қамаса да уақытын ұзарттырмауға ел болып бар күшімізді салмақ болдық. «Тұтқындалған жастарды босат» деген талапты Үрімжі маңындағы барлық тау халқы бірдей жаудыратын болады. Қорықпаңдар!... Осыны жолдастарыңның бәріне жеткіз. Ал, кеттім, аман шығасыңдар! – Бізден пәлендей үлкен мәселе таба алмайтын болады, – деп ескерттім мен. Қали «бәрекелдісін» айта сала жӛнелді. Іле-шала үйдің арт жағынан ханзуша саңғырлаған үн естілді. – Келді, мені тез байлай қойыңыздар,– дедім есік алдында тұрған қартқа. Ол дір қаға келіп, екі қолымды жіптің бір ұшымен бостау байлады. Үй сыртына ұзын жіпті сүйрете жүгіріп шығып едім, жуан кері ат мінген ұзын бойлы қара сұр жалт беріп шегіне барып тоқтады. Ұйғырша жағасыз қара шекпен жамылып, қазақ тымағын киіп алған Гоминдан офицері екен, шекпен ішінен автомат асынып, маузерін жалпақ сары белбеулі қарнына қыстырыпты. Күн батып барады. Осы бойы айдай

226


жӛнелсе ну орман, қараңғы түн жамыла жол шегетін сияқтымыз. Офицер маған түйіле қарап алды да шалға ханзуша бұйыра сӛйледі. – Мынаны алып жүр, тӛменгі ауылға апарасың! Ханзуша білмейтін шалға ӛзім аударып айттым да, «алып жүре алмайтыныңызды айтып, жіптің ұшын ӛзіне ұстатыңыз» деп қостым. – Мен алып жүре алмаймын, кәрі кісімін, ӛзің айдап әкет,– деп қарт мені байлаған жіптің бір ұшын ӛзіне берді. Сол-ақ екен, офицер шалды қамшымен шықпыртып-шықпыртып жіберді. Ауыл адамдарының жасырағы түгел тығылып қалған екен. Ұмтылып барып шал мен алдашы арасына тұра қалдым: – Баугау жүнгуан! – деген «итағатты» сӛзіме айдаушы үдірейе шегінуімен жауап қайырып тұра қалды. Ӛзім білетін ханзушаммен бұлдырықтата жӛнелдім, – мына шалда күш жоқ, маған ие бола алмайды. Жолда жұла қашсам, сен оны атасың, шал содан қорқады. Мархабат қылып, ӛзіңіз айдап жүріңіз мені. Олай болмаса мына шалдың қолынан қашуым мүмкін. Офицер таңданыспен мырс ете түссе де, кӛзі қанталап, тістенуден жақ сүйегі қисая қалды. Мендей сыпайы қашқынды Үрімжіге апарып тексермей ата алмайтынына сенімім толық еді. Мен де тік қарадым кӛзіне.

227


– Сен қашамысың?– деп зекіп, маузерін ұстай қойды. – Қорыққандықтан қашуым мүмкін ғой. Мына шалдың қолынан құтылуым оңай. Жіптің ұшын күшіңіз бар ӛзіңіз ұстаңыз. Жолда қателесіп қалмауым үшін шынын айтып тұрмын. Жаспын ғой, маған да жан керек. Ол әр үйді түгел тіміскілеп, бала-шаға мен кемпіршалдан басқа ешкім таба алмады да, жіптің ұшын шалға еріксізден ұстатып, екеуміздің соңымыздан маузерін кезей ерді. Мен тұспалдаған жерге ымырт үйірілгенде жеттік. Жіп білезіктігімде қолқылдап бос келеді. «Мына жартастың түбіндегі құмайтқа ыршып түссем, маузерін шақылдатып тӛгіп жіберер еді. Атылған оқ далаға түскен менің үстімнен ысқырып ӛтіп, жер қаба берер еді. Жартас далдасымен бұлтарып барып, әнеу жерден түсе қалсам, меңіреу орманға сүңгігенім емес пе. Амал қанша, бұл жерде қашсам, жазықсыз қарттың алал қаны мойнымда кетеді ғой!» Сай аузындағы жалғыз үйлі малшының қотанына келдік. Жолдастарымды түгел ұстап әкеліп, бір арқанға үштен-тӛрттен қосақтап, екі қолдарының қарынан кӛгендей байлап отырғызыпты. Ең соңы ӛзім екенмін. Жартыкеш айдың ала екеуім сәулесімен санап та үлгірдім. Сұр палтолы мектеп меңгерушісін де Мұсаның қатарына байлапты. Екі

228


әскер екі қолымнан қос қолдай ұстады да енді біреуі екі татарға қосақтады. Ыңғай қол пулемет, автоматпен жарақталған жиырма шақты әскер тӛрт жағымыздан қоршап тұр. Олардан арырақта, қарсы жағымызда жуанжуан тӛрт-бес тымақты қазақ отыр, ел шонжарлары болса керек. Бұл ауылды осылардың салмағымен басып, бізді осылардың қармағымен ұстаған тәрізді. Әскерлерден үн шықпайды, құтырған қасқыр екендіктерін бұл жерде білдірмегісі келгендей сып-сыпайы тұр. Бұларды осы әдепке еріксіз кӛндіріп тұрған халық қаһары, тӛңкеріс айбаты еді. Мені айдап әкелген ұзын бойлы, қара сұр офицер ғана тінту жүргізіп, пышақ-қағаздарымызды жиып алды да, аты-жӛнімізді, ата-мекенімізді, қазіргі орнымызды сұрап, қол шырақ жарығымен тізімдеуге кірісті. – Иттен жаралған сатқын!– деп қалды Ақай қарсы жақта отырған тӛрт-бес жуанға қарап, әдейі естірте кіжінді. Ортада отырғанның бірі айтулы Қабдолласы екен, соған тісін баса қадалып, сӛзін дағдап-дағдап тастады. – Сенің адам аты қойылған ит екеніңді Үрімжіде тұрғанда-ақ естіп болғанбыз. Осы маталуымыз сенің ісің!... Осыдан біреуіміз аман қалсақ, сендік боламыз, кӛресің әлі-ақ!... Олардың ешқайсысы үн қатпай қала берді де, бізді тӛрттен қосақтаулы қалпымызда айдай жӛнелді.

229


Беталыс оңтүстік, Дауаншың1 жақ. Ӛңшең атты, автоматты әскер қамай айдап келеді. Ел кӛзіндегі сыпайылығы сол шеткі қотанда қалғандай, былай шыға шақылдап, қамшылауға кірісті. Суға, батпаққа келгенде қой айдағандай батырлатып, ат омырауымен соға, қылышын суыра соққылап түсіреді де, орман арасындағы жолда шеп жайып қоралай қуады. Біздің тілімізді білетін ешкімі жоқ екені байқалады. Орманға келгенде ӛзара күбірлесіп кетеміз. – Менің қолым босады,– деді Ақай бір қалыңға кіре бергенімізде. – Жанаса жүріп біріңді-бірің босатыңдар... Әрқайсынымыз ӛз тұсымыздағыға ыршиық, тым болмағанда жарымымыз құтылып, ат пен құралға ие боламыз. Оны Салық, Шақан бас бірнешеу қостады, бірнешеуіміз басу айттық. – Бекер қырыламыз, шақпақтары қайраулы. – Масасын басқанша желкесіне қонып болмаймыз ба... – Жолдастар, бұлар қазір бізден сылтау іздеп келе жатыр,– деді Мұса, – біреуің қарсылық кӛрсетсеңдер-ақ осы иенде қырып салады да, «қарсы кӛтерілді, ӛзіміз қырылмау үшін қырдық» деп баяндай салады. Онан да осы жолдан аман жетіп кӛрейік. 1

Дауаншың – Үрімжінің шығыс оңтүстігіндегі жер аты.

230


Бұл пікірді мектеп меңгерушісі де қостады: – Күрес әлі де алда ғой, жігіттер, құр тәуекелмен қырылып қалмайық! Осы әңгімемен түн ортасында жазық далаға түсіп, жол үстіндегі екі бӛлмелі там үйге жеттік. Жылтыраған май шамы бар түп үйге бізді қамады да, байлауымызды шешкізбеу үшін болса керек, ішкі босағаға бір күзетші қойып, тӛрт-бесі ауыз бӛлмеге ұйықтауға жатты. Келе сала босағадағы қазандық үстіне отыра қалған күзетші сары аяқ маңдайын автоматына сүйеп, аздан соң-ақ қорылдай бастады. Шақан мен Ақай байлаулы қолдарын арқаннан босатып алды. Түстері бұзылып кетіпті. Мектеп меңгерушісі мен Мұса екі жақтарынан бірдей күбірлеп, тоқтау айтып отыр. Терезе тостаған аузындай ғана әйнек екен. Оның сыртында да мықты күзет бары белгілі. – Кеңірдегінен шап беріп шиқ еткізбей құртуға міндеттімін,– дейді Шақан. – Осы автоматтың бір оғын құр жібермеуге мен міндеттімін,– деп Ақай серт етті. Екі жағындағы екеуі тым қатерлі жәйтті ескертті. – Сырттағы он неше автомат пен қол пулеметтарды да шиқ еткізбеуге міндеттімісің?!... – Қалған жиырма екі сары аяқтың бір гранат тастауына да мұрсасын келтірмеуге міндеттімісің?!

231


Бұл ескертулерге де бой бермей ӛкірештеген екеуін шорт тимасақ, ауыз үйдегілердің біліп қоятындығы байқалды. Ханзушалап күзетшіге зекідім мен: – Ей зангуан1, ұйықтама, тұр орныңнан! Күзетші селк ете түсті де, орнынан ытқып тұрды. Менің дауысымды естіген ауыз үйдегі екі күзетші кіріп келді де, менен арман шақ-шақ ете түсті оған. Жатқандарының да ұйқысы шайдай ашылып, менің «қожайындығыма» күлісті. – Анық шпион мынаның ӛзі болды ғой енді?– деп қисая кетті Ақай, – әй мынауың тергеуші алдында бәрімізді күйретер! – Есіңнен адастың ба?– деп Ынтықбай шошына қарады маған. – Жоқ, екеуі де емеспін,– деп күлдім мен, – апаман құтылатын жолдарыңды таптым. Оны анықтап айтып беруім үшін, алдымен бір-екеуің даңғырласып сӛйлесіңдерші, иә, жақсылап бір күлісіп алайық, қане! Осы сӛзбен түгел күлісіп едік: – Тама... ды,– деп тілдеді ауыз үйдегі сары аяқтың бірі, – есек!... Мал!... – Ей мықтылар, – деп дауыстадым ханзушалап,– әскери тәртіпте дұшпанға қойған күзетші ұйықтаса малдан да жаман болады, солай ма, 1

Зангуан (ханзуша) – күзетші.

232


солай емес пе?... Сендер дұшпандық қылып қылыштап, киімімізбен су кештірдіңдер. Біз ғой, ұйықтап кеткен күзетшілеріңді оятып, достық қылып отырмыз, қайсынымыз есек? Ұйықтаған күзетші мен ауыз үйдегі біреу кәрленіп, зеки тілдегенде, кейі менің сӛзімді құптағандай басу айтып жатты. Мен жолдастарға қапсағай қара Қалидың сәлемін жеткіздім. Залың жағынан мұндай күшті талап қойылса, қазіргі жағдайда бізге үлкен жеңілдік келетінін Мұса қуана сӛйледі. – Жеңілдік үстіне жеңілдік әперетін шараны, егер бопсаға шыдап берсеңдер, мен таптым,– дедім тағы да, – ол жеңілдік алдағы тергеушіге беретін жауабымызда, бір ауыздылығымызда. – Рас, рас!– деп Ынтықбай мен Қуат, Мұса үшеуі қатар қуаттады да, Ынтықбай ақылдасып, бірлікке келіп алуға шақырды. – ...Алдымен ӛз ойлаған жауабыңды сӛйлеші. Мен ойымды жалпылай, қысқаша баяндадым: – Осы қашып шыққан он тоғызымыз түгел шет ауданнан, кӛпшілігіміз батыстағы үш аймақтан келген оқушылар екенбіз, қараңдаршы... Мен жауабымда шарқи-парқиыңды да, ұйымсұйымыңды да «түсінбей» қоямын. Біздің қашуымыз екі-ақ себепке байланысты: бірі, «құйыршықтар» Үрімжіні қоршай қалғанда ханзу сабақтастар құралданып, бізге кезенеді екен

233


(ӛткен қыста солай болып, үш түн бойы жатақханада дәреттендірген ғой). Енді соғыс хаупін естіп, солардың атып тастауынан қорықтық. Екінші, үйіміз алыста жатыр, дүрбелең бола қалса далада қалмай, ертерек үйімізді тауып алу үшін қаштық. Осы жауаптан басқаны білмеймін. Бұл жауаптан жазсам бәрімізді құртады. Ұйымға қатысты мәселенің әрқандайын жасыру үшін де мұның тиянақты жауап болатынын жолдастар түгел түсінді. – Бірден-бір дұрыс жауап осы,– деп Ынтықбай айқындай толықтыра түсті. – Біз ұйым арқылы емес, бұрыннан сырластығымыз, жерлестігіміз арқылы, үйді сағынғандық пен әлгіндей қорқынышымыз себебінен бірлестік. Сонда ұйым жоқ болып шығады. Бұл екі себепке сендіруіміз оп-оңай болуы мүмкін. Мұнан соң Мұса ұзағынан сӛйлеп, басқа кейбір сұрауларға беретін жауапты нақтап түсіндірді. Ұйым мәселесінен жылт шығармай, мүлде мойындамай қоюға келістік. Сары аяқтар күн шыға қайта тізіп, арқанымызды мықтап байлап жатқанда, үш қазақ қағаз әкеліп, мектеп меңгерушісін алып қалды. Біз айдала жӛнелдік. Сары аяқтар түндегідей қылыштап шақылдауын азайтса да, суға қой айдағандай киімшең итермелеп түсіруін қойғаны жоқ. Таудан

234


алыстап, құлдаған сайын күн қуырып барады, желсіз тымырсық ыстық. Кешіп ӛтіп бара жатып, суға бас қоямыз. Бұл жайымыз айдалған сиырға ұқсаса да, бір жайымыз сиырдан да тӛмен еді, қосақталған тӛртіміз бірдей бас қоймасақ, ерніміз суға жетпей жыбырлайды. Суға біріміз бас қойғанда бәріміз бас қойып келе жатып, тағы бір қырсыққа тап болдық: қосағымдағы татар жігіт іш ауруға шалдықты. Дәретке ол отыра қалғанда мен де отыра қалмасам және болмайды, ол әлсін-әлі отыра кетеді, шарасыздан қалған үшеуіміз де отыра қаламыз. Артымыздан тірсектей қуып келе жатқан айдаушылар аттарын тоқтата алмағансып, үстімізден бір-екі рет бастырып та ӛтті. Сары аяқ айдаушымыздан қара тұяқ аттың рахымдылығы молырақ екен, баспай аттап қана ӛте шығады. Ауырған іш шұр ете түскенде, бәріміз шу ете түсіп отыра қалуға біз әдеттендік те, кілт тоқтай қалуға ат жануарлар әдеттенді. Бірақ, арсылдамауға сары аяқтар әдеттене алар емес, шақшырайған күн еңкейгенде Дауаншың абақтысына жеткізіп қамаған соң ғана тынды. Екі босағасы еркек ит дәреттеніп, сиыр жапалағандай дайраққа толған, терезесі иә булығы жоқтығын былай қойғанда, әнденектей ғана «әдемі» абақты екен. Еденіндегі дәретсіз, тазарақ топырағына жуан бір ұйғыр ғана сиып жатыпты.

235


Алды болып «тышқақтар тізбегі» аталған біздің қосақ кірді. Симай қалған артқы қосақтарды нығарлап сары аяқтар сақылдады да, «тұрсаңшы, ака!» деп жуан ұйғырға біз сақылдадық. Кіргеніміз соның астындағы қалың борбасты «артқы аяқтарымызбен» мысықша тарпып жүріп, жапаларды жаптық. Сонда да сиысып отыра алмай біз даңғырласақ, дайрақтан ақталып жалғыз ұйғыр саңғырлайды: «бүгін шыққан гӛйлер толтырып кетті» дейді ол. Абақты ішін ақ түтек тозаң басты. Қысылыстан шүмектеген ащы терден дем ала алмай тұншығып, шу кӛтердік. Тыңдарлық сары аяқ жоқ еді, есікті ұрған әлгі ұйғырдың жұдырығы тыңдатты, екі қойып жіберіп, бір тепкенде есік шарқ ете түсті де, шалқасынан ашылды. Құлып салған ілгегі үзіліп кетіпті. Сары аяқтар қайта қаптап жетіп келді: – Кім бүзді?! ... Кім?!... Кім?!... – Біз!... Біз!... Біз! – деп шуладық. – Ӛлтірсең топырақпен тұншықтырмай атып ӛлтір!... – Мен!... міне, мен! Не қыласың? – деп ұйғыр ыршып тұрды. Дӛңгелек қара сақалы қалшылдап кетті. – Бұл молаңды салсаң адам сиғандай етіп салсаң болмай ма?... Біздің кӛп халық екенімізді білмеймісің?... Сақшы сожаңы келіп қарады да:

236


– Есік ашық тұрсын, қашсаңдар атыласыңдар!– деп сұқ саусағын шошаң еткізді. – Су!...Су!– деп біз тағы шулап, су алдырып іштік. Енді қарастық бір-бірімізге. Лайдан бетіміз кӛрінбейді, баттасқан әлем-тапырық батпақтан әрең таныстық. Бір-бір момы жеген соң ғана кӛзіміз шалшық ботқасы арасынан әрең жылтырады... Таңертең бәрімізді қосақтан айырып, жеке-жеке матай бастады. Қолымызды артқа қайырып, дымдалған жіңішке кендірмен бас бармақтарымызды қосып бір байлады да жуан кендірмен шынтақтан қайырып бір байлады. Үрімжіден келген екі машинаның біріне дағарланған ет шығарғандай домалата берді сонан соң. Машинаға қатар-қатар отырғызып, қораптың тӛрт бұрышына автоматты тӛрт сары аяқ шоқиды. Ендігі бір машинаға қалған сары аяқтар шығып жатқанда жүріп кетіп едік, олар Саяпыл кӛлі тұсында қуып жетті. Кабина желкесіне екі орындық қойып, тымақты екі қазақты отырғызып алыпты. – Әне Қабдолла,– деді Ақай кіжініп. Кӛкшіл кӛзі қиықтанып, қалың қырма сары сақалы тікендей тікірейе қалды. – Силыққа Ужұңшин беретін бір шәй, бір топ шытын алып қайтпақ қой!... Сол шәйін ішкізбей бассалып аузына шаптырсам еді!.. Ынтықбай күжірейіп, тұқыра қарады Қабдоллаға:

237


– Асықпасын, күн туғанда анау шоқша сары сақалынан басып тұрып, аузын ӛзім ашып беремін! – Қолыңа шаптырып қоймай ма?– дегенде Шақанның қалың ерні болп ете түсті. – Қойсаңшы ей, сен,– деді Салық шамы келгендегі әдетімен беті қызара қалды, – ӛлім алдында неткен қалжың? – Ӛлмеспіз?– деп Мұса серпіле түсті, – ӛлсек те бетіміз жарық қой, қалжыңдаса, күле тұрып ӛлу – бізге ғана тән қайрат!... Биған, сені әнші дейді ғой, басташы «Елім-айға», мына шалқар Саяпылды мұңымызбен бір толқыта кетейік. «Елім-ай» аталғанда Нұрия екеуміздің соңғы жыласқанымыз есіме түсіп, шиқ ете түстім де, кенет ширап, жұтына сала бастай жӛнелдім. Жолдастарым түгел қосылып, күңірентіп әкетті. Тӛрт сары аяқ бажырайысып, таңдана қарады... Ӛлім табалдырығынан аттағалы тұрғанда ойынтойға келе жатқандай әндетуімізге ауыздарын қисайта жымиды... Екінші түрмеге түс ауа жеткізіп түсіріп еді. Үстінен тікенді тоқ сымын керіп тастаған биік дауалды, шой құлыпты темір қақпаның ішіне енген соң таудан айдап келгендерден де кӛп сақшы қоршап тұра қалды бізді. Бірінен соң бірі келіп тінтіп жатыр. Белбеуді ғана емес, іш киімнің бауына дейін суырып алып, ескі кӛрпеден

238


жыртқан шүперектермен байлатты да, киімімізден түйме қоймай үзіп тастады. Түкпірден түкпірге бір-бірден итермелеп әкете берді сонан соң. Кешегі тұңғыш кӛрген түрмедей емес, солай нығарлап жүз адам қамаса да сиярлық, едені мұздай жалтыраған цементті түрмеге жалғыз ӛзімді қамады. Шинжяңда қамалатын «халық кӛп» екенін біліп салған түрме осы сияқты. Былтыр күзде «түрмелерді жоғалтамыз» деп жүргенде қалаған шыт-жаңа түрме кӛрінеді. Неше қараңғы залдан ӛтіп, неше иін айналғанымды, қай жақтан қалай кіргенімді білмей қалыппын. Артымдағы темір есік шарқ етіп жабылғанда алдыма ыршып түстім, маузермен атып қалғандай жабылады екен де, құлпын салғанда құлақты ыңғуырлағандай шаңғырлап, «сӛйлеп» кетеді екен. Ертегідегі жеті басты жалмауыздың тылсымды сарайларының бірі сияқты. Кешегі жуан ұйғырдай неше дәу шалжайса да сиярлық тақтай сәкіге жалғыз мешпетімді жайдым да құлай кеттім. Бір босағада ғана дәреттің бӛшкесі бар екен, қанша уақыттан бері ашытқанын кім білсін, ішіндегі сұйық дәрет кеңсірікті ірегендей мүңкиді. Кең «жәннәтқа» кіргендей-ақ қол-аяғымды кере жатып ұйықтап кетіппін. Есік тағы да шаңғырлап «сӛйлеп» қалғанда, басымды кӛтеріп алдым, есік емес, есік ортасынан тӛрт бұрышты тесік

239


ашылыпты. Күлшедей бір момы мен бір аяқ су кірді. Есік шақ ете түсті тағы бір кезде. Қатты ұйқыдан ыршып тұрыппын. Есік ӛзінің құлақ жейтін үнімен «сӛйлеп» барып, шалқасынан ашылды. Түннің қай шағы екені белгісіз. – Шық,– деді қара киімді сақшы, жан мылтығы қолында тұр. Сол бойыммен шыға беріп едім. – Нәрселеріңді қалдырмай ала шық!– деп, мынау «сарайымнан» біржолата әкететінін білдірді. Күндіз тінтіп, тонаған аулаға жолдастарымды түн ортасында қайта әкеліп, қайта байлап жатыр екен. Тас қараңғы бұлтты түн, бір-бірден әкеліп, тағы да тӛрттен қосақтап түгендеді де айдай жӛнелді. Сыбанып алған кӛп сақшы тұс-тұсымыздан мылтық кезей шақылдап, тіл қатыстырар емес. Асфалтті жарық кӛшеге шығарып, үлкен тӛрт кӛшеге қарай айдады. – Мына меңіреу түнде атқалы алып шыққан шығар,– деп сыбырлады қатарымдағы Қуат. – Сиықтары тым зәрлі, сыбанып алғандарын кӛрмеймісің? Артымыздағы Ақай да осына айта берді. – Шұймогу жақ шеттегі кер жотаға шығарып атар! – дегенді қосты ол. Кӛбінің ауыр оймен арпалысып келе жатқаны байқалады. Кейбірі солқ-солқ жылап келеді. Тӛрт кӛшеге жақындап, Ғұпыр таз атылған жерді

240


кӛргенімде мен де хауіптеніп қалдым. Бәрімізден кіші Әмірқан ғана мығымдық кӛрсетіп, ашық жариялай сӛйлеп қалды: – Ата алмайды... Атсыншы қане, мықты болса! – Сӛйлеме, кішкене есек!– деп зекіді тұсында келе жатқан сақшы. Жан мылтығымен Әмірқанды мықыннан түйіп қалғаны байқалды. – Не дедің, не дедің?– деп тағы екі сақшы тепсіне жетті. Әмірқан да ханзушалап сілке қайтарды жауабын: – «Ұйқым келді, шаршадым» дедім, естімедің бе? Неше күн болды осылай қосақтап қуалағандарыңа, не істеппіз сонша? – Ұйқың келсе мәңгі ұйықтатамын, сӛйлеме!... Сақшылардың назары Әмірқанға ауғанда, Мұса айтатынын айтып үлгірді. – Ата алмайды, ел кӛрді, жұрт хабардар. Тергеуде де осылай қорқытады, жауаптарыңды мықты ұста! – Әлден жыласаң тергеуде артыңнан жіберіп, әлемді былғарсың,– деп күлдім мен. Бәрі күлді бұған. «Біздің қорқытуымызды келемеждеп келеді» деп түсінгендей сақшылар сӛзді де, күлкіні де тергеусіз қалдырды. Сақшылар бізді ӛлкелік үкімет үйі алдындағы алаңды жанай айдап әкеліп, тӛртінші түрмеге кіргізді де, қорғанның дәл ортасына салынған сары ғимараттың алдына, абажурлы үлкен шыраққа қаратып тоқтатып еді. Шет елден келген

241


силы мейманды қарсы алуға тағайындалғандай сәнді киінген екі «шансың»1 күлімсіреп шыға келді. Бірі, қара кӛк костюм-сым киген, кӛк сұр шляпалы сида ақ сұр. Енді бірі, шолақ жең ақ жібек кӛйлекті, жуан тұмсық, жалаңбас ақ сары. Ақ сұр сидасы күлімсіреген қалпында сӛйлей жӛнелді де ақ сары жуаны ұйғыршаға аударды. Екеуінің кескінінен қайтсем түсіндіремін, қайтсем жазадан құтқарамын дегендей «жанашырлық» бейне байқалады да, сӛз мәнінен қайтсем түсіремін, қайтсем құртамын деген жадігӛйлік танылады. Ол Жұңхуа Минго заңының «әділдігін» мақтай сӛйлеп алып, онан соң біздің ісімізге оралды: «Титтей мәселені жасырамын деп қатал жазаға ұшырап қалмаңдар, бәрібір таппай қоймайды. Бәрің де жап-жассыңдар, бәрің де біздің үкімет мектебінің оқушысысыңдар, ӛмірлеріңді аяңдар! Әрқандай мәселені жасырмай, партияға, Жяң зұңсайға алалдықтарыңды кӛрсетсеңдер, қоя бере саламыз! Мектептеріңе барып оқи бересіңдер, қызмет алып, мемлекетіміздің үлкен дәрежелі қызметкері боласыңдар. Бәрің жассыңдар, жас болғандықтан алдандыңдар, оны біз кешіреміз, жүректеріңде титтей де кір қалдырмай айтып берсеңдер болғаны, тез болғанда тез кеңшілік 1

Шансің (ханзуша) – мырза деген сӛз.

242


етеміз, а... қамқорлық етеміз! Бар мәселені түгел ашып тастап, қайта беріңдер!» деп екі мырза ұзақ сӛйледі. Батыс жағымыздағы айқын кӛрінген бір тізбекті ескі балшық үйдің әр номеріне таң бозара үштентӛрттен қамалдық. Терезесіз-шырақсыз қараңғы үйдің сыз еденінде қоқыс шӛп-шардан басқа тӛсеніш жоғын сипалап жүріп білдік те құлай кеттік. «Үһ» деп кӛз жұмғанымыз сол-ақ екен, қалақайға жалаңаш аунағандай-ақ, тұла бойымыз дуылдап ала жӛнелді. Ыршып-ыршып тұрдық. Киімшең жатқан денеге жайшылықта ӛлерін білмейтін балапандары ғана «қол салатын» қандала қаптап толып алыпты. Арқамызды қотыр сиырша дауалға үйкеп, қол жететін жерлерімізді мыти бердік. Сонда да тоқтар емес, балақтан андағайлап жарысып келе жатқаны сезіледі. Ышқыр байлаған шүперектен жыртып балақты таңдық та, түрегеп тұрып жұлына бердік. Қояр емес, ӛлермен жануарлар жеңнен де, мойыннан да заулатады екен. Әлгі шүперектен енді жыртсақ, сымымыз тұрмайды ғой, кӛйлегімізді айырып-айырып жіберіп білек пен мойынды будық та бет-ауыз бен құлақты тырналай тұрып таң атырдық. Іші-сыртымыз, тіпті ауыз-мұрнымыз түгел қанға малынғандай, қырылған қандаланың қанымен боялып болыпты. Дауалдар бұл «күрең сырмен»

243


әлденеше қабат «сырланған» екен, оның бетін езілмеген «тірі сыр» қаптай қыбырлап ӛріп барады. Таң атса далдаланатын бұл түн шиебӛрілерінің енді қаптап түсіп келе жатқанына да сан жетер емес. Тӛбедегі қуыс қалтарыстарға симай, қайта қаптағаны болса керек. – Мынау түрме емес,– дейді Қуат дал болғандай күрсініп, – әлгі күлегеш шансыңдардың қандала бағатын үйі екен. Бізді осы балапандарын жемдеу үшін әкелгені ғой! – Жоқ, бұл балапандары емес, ең қанқұйлы армиясы,– дедім мен. – Жазалаушы армиясы; қинап қырындымызды шығаруға зорлайтын жендеттері! Екі татар Гитлер армиясының тұтқындарды итке талататынын әңгімеледі де, «олардың итінен бұлардың аш биті қатерлі» екенін дәлелдесті. Біз жақтан үйдің есігі алдынан басына кенеп дорба кигізіп, жамылғы жапқан әркімді тепкілеп, жұдырықтап айдаған сақшылар ӛтіп-қайтып жатты. Дәретке бір-бірден шығарып жатқан қылмыстылар екен. Бізге кезек түске жақын әрең жетті. Дәретханаға дорба киіп, жұдырықталып барып, тепкіленіп қайттық. Кӛбірек соққыланған сары шегір татар мен Қуат болды. Біреуін «лаумаузы»1 деп, біреуін, «хаса» деп соғыпты. 1

Лаумаузы (ханзу дялекті) – орыс деген сӛз.

244


– Қанды кӛз сақшылары қандаласынан кем түспейді екен, – деп күрсінді Қуат. – Осында енді үш күн қамалсақ ӛлерміз-ақ! Тӛртеуімізге сықпадай ғана бір-бір момы мен бір тостаған су келгенде Қуат айтқан түсінікке бәріміз жеттік. Бұл тағам тәулігіне екі-ақ рет екен. Тергемей қолданған осынша жазасы бізді айтқанына мойындату үшін ғана болып жатқанын айтысып, қалай қинаса да мойындамауға бекіністік те бекемделе түстік. – Жауға мойындап, туған ел алдында қара бет болғанша, мойындамай қараңғы кӛрде жатқанымыз мың абзал, – дедім мен, – бірін мойындасаң мыңын мойындатуға, жолдастарыңды әшкерелеп сойылдатуға зорлайды. Қинаса мойындай береді екен деп мойның үзілгенше қоймайды. Сонда екі ӛліммен ӛлген боласың ғой!... Бұлар мұнымен ғана тоймайды, әшкерелеген достарыңды әкеліп, осында тағы қинайды, саған кӛрсеткенімен сыйлайды. Тағытағы солай жинайды, тағы-тағы-тағы қинайды. Мүлде мойындамау мың абзал дегенім осы. Фактіне сылтау тауып мүлде дарытпай қойсаң, ӛлтіре салуы екіталай, бізді ел кӛрді, – дедім де, қанды саусағымдағы сықпа момыны қансоқталы езуіме жолатпай, кӛмейіме тоғыта салдым. «Күрең сырлы» дауалда қыбырлаған «сырларды» жеңімізбен жайпай салып, сүйене қалғыдық.

245


Сүйеніп тұрып баршылық еді.

сылқ

ете

түсушілеріміз

де

Әділетті «тергеушім», түрмедегі қандаланың қанша талағанын айта бергеніммен арқамды қасымайсыз. Ашыққанымды айтқанымда кӛңіліңіз босап, кӛжеге тойдыра қоятын кісі де емессіз ғой. Қайта, ӛткендегі бар жегенімді желкемнен шығарып отырмайсыз ба! Оның бәрін айтудың сізді тыжырындыра беруден басқа титтей де пайдасы жоқ. Пайдасы жоқтығын былай қойғанда, «шоқ-шоқ!» деп те отырған шығарсыз. Осы тарауда тергеушінің қинап мойындату қызметінде жүрген бірнеше жүз жасағын қырған қанды қол қарақшы, қанды ауыз қасқыр екенімді әшкереледім. Солай емей немене, мәселен, ӛзіңіздің бізді аспаққа асатын арқаныңызды қиып, кӛзімізге құятын кӛк сияңызды демесе дүреден тілінген арқамызға құятын қайнаған суыңызды тӛксем, ең арзаны – тергеу үстінде тізерлетіп отырғызатын әйнек қиыршықтарыңызды сырып қойсам да «фангымиңшылдік» емес пе еді. Бұған салыстырғанда, «жасақ қыру» деген жаныңызды түршіктірер! Мұндай қылмыс үшін қырқа салудан басқа жазаның бәрі жауды қорғаушы кері тӛңкерісшінің ісі! V

246


Ӛзі «енді үш күн қамалсақ ӛлерміз» деген Қуатты сол қандала ордасынан үшінші түннің жарымында әкетіп еді. Сарыдан тұп-тұтас қан күреңге айналған татардың бірін тӛртінші түні іңірде, бірін түн жарымында жатқан жерлерінен екі сақшы сүйемелдей тұрғызып әрең әкетті. Мен жалғыз қалдым, жалғыз да емеспін-ау, құжынаған қалың қандала мені ғана ортаға алып, «аймалай» берді. Бұл түнде мен де дауалға сүйеніп тұрудан қалып, шалқамнан жатқанмын. Содан қанша уақыттан кейін алып шыққанын, алып шығып не істегенін білмеймін, бір кезде есімді шала-шарпы жисам, киімім шылқылдаған су екен. Әйтеуір бір жарық үйдің цемент еденінде жатқан сияқтымын. Шор болып жұмылып алған кӛздерім анда-санда зорға бір сығыраяды. Екі мырза баяғы күлімсіреген қалпында екі жағымнан тӛніп тұр. Еріндерінің жыбырлауына қарағанда сұрақ қойып тұрған тәрізді. Ісіп кеткен құлағым еш дыбыс естір емес. Ақ киімді біреу денемді аяғымен аударып, укол қойды. Онан соң аяғымен қайта аударып шалқалатты да, бетіме бірдеңе жаға бастады. Онысын қабағыма да, құлағымның қуысына да таптіштей жағып жатқанда ұйықтап кетіппін. – Тұр!– деген үн естілді бір кезде. Кӛзім де икемге келіңкіреп қалыпты. Екі қолымды тіреніп, басымды кӛтеріп отырдым. Екі мырза үлкен үстел

247


тӛрінде, орындық арқалықтарына шалқалап жатыр. Түн екен. Тас тӛбеден абажурлы қос шырақ жанып тұр. Есік жақ бір бұрыштың тӛбесіндегі «шығырдан» ӛткізілген жіңішке жібек арқан астындағы үстелдің ірге жағынан ұршыққа ілінгендей, қос қабаттала керіліпті. Оның айналмалы қайыс екенін түсінсем де, қинаудың қай тылсымы екенін айыра алмадым. Тӛр жақ бұрышта мен білмейтін әртүрлі аспаптар жатыр. Тағы бір бұрышта жуан тӛрт сирақты, адам бойы, қоян жон, бүкіс дӛңбек кӛрінеді. Қалай да етпеттетіп таңып дүрелейтін «сүйіктіміз» сияқты, екі жағындағы жалпақ белдіктер сол апай тӛске жабыстыра құшақтататын «жеңгелеріміз» шығар. Соларға бажырая қарағанымды қызықтағандай екі мырза күлімсіреді. Мен де тез ширап, күлімсіреуге тырыстым. – Неге күлесің?– деді ақ сары жай ғана шырай кӛрсетіп. – Алдыңдағы орындыққа отыр! – Станокты... ұста дүкені сияқты екен,– дей салып, ӛзімді тағы да бекемдей түстім. Бірақ, суға тоғытқан ба, иә, дизенфекция насосы соншалық «жомарт» па, киімім сумен шылқылдап, тым ауыр сезілді. Тӛрт аяқтап әрең тұрып, орындыққа отырдым. Ақ сары ақ сұрға қысқаша аударып отырып, менің аты-жӛнімді, адресімді, орын-тұрағымды сұрап жазды да, расты мойындау жӛніндегі ӛсиетін

248


қысқаша айтып ӛтті. Әнеу күнгі ӛсиетіне қосқан жаңалығы – мұндағы «қамақ бӛлмелерінің» қандала жӛнінен қатерлі «ескі үй» екенін ескертуі ғана болды. – Бес-алты күн ғана жатқанның ӛзінде-ақ есіңнен танып, ӛлім халіне түстің. Жеті-сегіз күн жатып қалсаң, ӛлгенің ғой! Шыныңа келмесең, мына Кыжаң ыза болады да, бір ай, тіпті одан да ұзақ жатқыза береді. Расыңды айт та құтыл!... Мен хұйзумын, мұсылманмын, саған жаным ашығандықтан айтамын: расыңа келсең – құтылғаның, жасырсаң – ӛлгенің ӛлген, ешкім ара түсе алмайды!... Ұйымдарыңды серіктеріңнің бәрі мойындап болды,– деп шын жанашырлық сырын айтқандай ақырын ғана күбірледі. Сонан соң. – Тезірек мойындай салмасаң – қиналып ӛлесің! Мойындағандарды түгел мектептеріне қайтармақ, жақсы, таза үйге шығарып, жақсы тамақ беріп жатыр, ұқтың ба?! – Ұқтым,– деп мен де шын ниетке келгендей, басымды изеп-изеп қалдым. – Кыжаңға менің жауабымды дәл ӛз қалпында жеткізіңізші, расын айтайын. Ақ сарысы аударып еді, ақ сұрсы «рұқсат» дегендей иегін нәнси қақты. – Рас сӛз әрқашан бір-ақ түрлі болады,– деп бастадым мен. – Екінші түрге айналса, ӛтірік болғаны. Ӛйтетіні, ӛтірік сан түрлі құбылмалы

249


болады. Ӛтіріктің ӛтіріктігін де, растың растығын да сіздердей білімді, тәжірибелі адамдар тез-ақ айырады. Мен сіздерге ӛтірік айтып, ӛлмекші емеспін. Мен жаспын ғой, ӛлгім келмейді, жан керек маған! Бұл сӛзімді аудармадан тыңдаған Кыжаң тағы да иек қаға салды. – Бірақ, кӛп сӛз болмасын, ұйым мәселеңді, оған кім тартқанын, ӛзің не қызмет кӛрсеткеніңді ғана айтсаң болғаны,– деп қосты Кыжаң. – Қандай ұйым ол?... Мен тек Гоминданның ғана мүшесімін, соны сұрайсыз ба? – «Шығыс Түркістан» ұйымын айт!– деп Кыжаң үстелді тықылдатты. Ақ сары мұны ұйғырша аударды да, ӛз сӛзімен ӛңдеп жіберді: – ...Міне, ұйымдарыңның атына дейін белгілі бізге, айтқамын ғой, серіктерің расын айтпаған болса, бұл атты біз қайдан білеміз? – Шығыс Түркістан!– деп мен аса ғажаптанғандай кезек қарадым екеуіне. – «Шығыс Түркістан!»... Бұл не деген сӛз?... Біздің Гоминданға қарсы ұйым ба, иә, дос ұйым ба?! Кыжаң жаман тілмен кӛсіп жіберіп, үстелді қойып қалды. – Гоминдан досын қамай ма?... – Ендеше, мен ондай дұшпанды мүлде білмеймін!– деп басымды бір-ақ шайқадым.

250


– Олай болса, неге қаштыңдар?– деген сұрауын ақ сары аударды. – Қорқып қаштық. – Неден қорықтыңдар? – Ӛткен 44-ші жылдың қысында мектеп ханзу сабақтастарымызға мылтық, тіпті пулемет таратып беріп, ұлттық оқушыларды қаматты, түнде дәретке шықсақ мылтық атты. Үш түн бойы жатақханада дәрет қылдық. Артынан естісек, Үрімжі тауларына құралды «банды» келген екен. Биыл, осы жақында ғана «банды» тағы да кӛбейіпті. Алтай тауларынан ғана емес, Іле тауларынан да кӛп шығыпты деп естідік. Олар келіп Үрімжіні қоршай қалса, ханзу сабақтастар бізді қырып тастайды деп қорықтық. Бұл қорқынышымызға тағы бір себеп қосылды: Осы қыстық демалыста бізді үйімізге қайтармай қойды. «Жолда банды бар, қатынас бекіп қалды» дейді. Жол беки берсе әке-шешемізді мүлде кӛре алмай қаламыз ғой, үйге тез жетіп алайық деп қаштық. – Сонда, бандыға барып қосылмақсыңдар ғой, солай емес пе? – Жоқ, біздің үйіміз қалада. Қалада «банды» бола ма екен? – Қаладан банды шықпайды деп кім айтты саған? – Банды деген таудың жабайыларынан шығады, қаланың оқыған мәдениетті адамы «бандыға» қосыла ма?

251


Екі мырза бір-біріне қарап жымиысты. Шырайларында «осыншалық хабарсыз ба» дескендей аңырыс бар. – Жақында Іледен не хабар жетті сендерге? – деп маған кірпік қақпай қадала қалды Кыжаң. Жарнаманы меңзеп отырғанын сезе қойдым. Бұл мырза да адамның бет құбылысынан ішін біле қоямын дейтін «гипноздардың» бірі болса керек. Бӛгеле ойлансам-ақ «пәлеге» қосақтамақ тәрізді. Мен де түзу қарап, іркілмей қайырдым жауабын: – Мен ілелік емеспін ғой, Іледе хат жазысып тұратын ешкімім жоқ. – Бірге қашқандарыңның ішінде ілеліктер де бар ғой? – Бар, олар да қаланікі. Үйлеріне аман жетіп алуды айтады. Ойланысып қалды екеуі. Іледе болған оқиғаны ашық айтып тергемесе үстемдік ете алмайтынын ойласқан сияқты. – Сендерді кім бірлестірді?– деп Кыжаң ыңылдай сұрады енді. – Осы қашқан он тоғызымыз мектепке келгелі таныспыз. Былтыр қыста қорыққанымыздан бастап сырласпыз. «Биыл банды тағы да шықты» деген сайын қорқа сӛйлесіп жүрдік. Қыстық демалыста үйді-үйімізге қайтып кетейік десіп едік, демалысқа қайтармай қойған соң, күн

252


жылынысымен жаяу болсақ та жетіп алайық деп келістік... – Үйлеріңе тура тартпай, Боғдаға қашқандарың бандыға қосылу мақсаттарыңды дәлелдемей ме? – Үйге қарай тура кетсек, жаяу адамға ӛте алыс. Боғдада «банды» жоқ және бірнеше сабақтастың туысқандары, жиен, нағашы, бӛле, құдалары кӛп екен. Солардан кӛлік, кӛмек сұрауға бардық, олар әскер шақырып ұстап берді... Кыжаң ақыра тұрды орнынан: – Ұйымыңды мойындаймысың, жоқ па?! – Бірігіп қашқандарымызды ұйым десеңіз, осындай ұйым бар. Ал әлгі... әлгі немене еді?... А... шықсын түркін!.. шықсын түркін дегендеріңізді түсінбеймін де! Ӛтірік айтып сіздерді алдай алмаймын! – Серіктеріңнің бәрі айтып отырғанда сен неге мойындамайсың? – Сіздерді алдап құтылмақшы болса, ӛздері біледі, мен сіздерді алдамай, алалдығыммен қамқорлықтарыңызға ие болмақпын. – Қамқорлық?... Мойындамасаң ӛлесің! – Ӛтірікке мойындамағанды ӛлтірсеңіздер ӛлтіре беріңіздер! Бірақ, Жяң зұңсай ондай бұйрық түсірмес! Кыжаң арт жағындағы электр кнопкасын басып қалып еді, сарт-сұрт басып екі жендет кіріп келді. Әлгі қос арқан тартқан үстелді ымдап қалды

253


Кыжаң. Екі жендет екі білегімнен ұстап, арқан тұсына апарды да, қожаларына қайта қарасып алып, үстелдің тӛр жақ шетіне сүйреді мені. Бұл шетте қияметтің тағы бір жұмбақ қинауы барын сездім. Бір жендет оң білегімнен ұстап, қолымды үстел бетіне тигізіп еді, екінші жендет бүйірдегі бір тетікті қайыра қойды, кәрі қасқырдың азуындай мұқыл тістер сап ете түсіп, қолымды білезіктігіне дейін жұтып ала қойды да, мыжып жіберетіндей, қысып бара жатты. – Ей, шыныңды айта салмаймысың, қолыңнан айрыласың!– деп ақ сары қасыма жетіп келді де жендеттерге ханзушалап, тоқтата тұруды сұрағансыды. – Серіктеріңнің бәрі мойындаған ұйымды әшкерелей салсаң болмады ма, мынау қолыңды қазір-ақ мылжалап жұлып тастайды. – Білмесем немді әшкерелеймін, басымды жұлып тастаса да расы сол. Ондай ұйымды біз білмейміз. Оларды шылғи ӛтірікке мойындатқан осы станок шығар. Қайтадан... әкеліп... тергеңіздер!... Қайтадан... расына келеді олар!... Олар... а.. олар ӛтірік.... Қаншалық шыдайын десем де соңғы сӛзді еріксіз шыңғыра қостым. – Тоқтат! – деді жендеттерге ақ сары. Екінші бір тетікті басып қалғанда тістер сәл босата беріп,

254


қысқан бойы тоқтай қалды. Ақ сары Кыжаңына қарады. – Мойындаймысың, жоқ па? – Кыжаң үстелін шарт еткізді. Мен де сақ ете түстім: – Ӛтірікке ме?... расын айт деп тәрбиелеген ӛзің, енді ӛтірікке мойындамасам ӛлтірмекпісің? – Шын ұйым бар!... айтпасаң ӛлесің! – Жоқ!... Бар болса мен ӛзім білмеймін бе? – Білесің, айтасың! – деді жағы қисайып, тістене қалған Кыжаң, – Мойындамасаң – қинап ӛлтіремін сені!... Апар сол камераға!– деп енді жендеттеріне сақылдады... Қашан шынына келгенше жатады. «Қасқыр» аузынан қолым әрең шықты, мұқыл тістер кірігіп, жабысып қалған екен, шықса да жанынан айрылып шыққандай сылқ түсті. Тұла бойымнан тер шүмектеп ағып барады. – Шынын айтып болдым, ӛтірік айтпадың десеңіз, қалай ӛлтірсеңіз ӛз еркіңіз, шыны керек болса, бұдан басқа шындық таба алмайсыз! Таба алмайтын себебіңіз, шындық біреу ғана! Айтқамын ғой, ӛзіңіз ойлануыңызды ӛтінемін, – дей салып жендеттердің алдына түстім. Таң бозарса да әлі қап-қараңғы тұрған сол қандала ордасына қайта бардым. Қатарлас камералардың бәрінен күңіреніс, қиналыс үні естілді. Бәрі де хал жеткенше қандаламен қырқысып болып «мә, жесең жеге» келген сияқты, дәрменсіз ыңыраныс кӛп естілді. Мен де құлай кеттім...

255


Қолымның қақсауынан ба, әлде қандала шақпай ма, әйтеуір денем тыныш сияқты. Тісімді қатты басып тілдеп жібердім бір кезде. Анау бір уақыттағы Репқатша түтек бір ашу билей қалды. «Партизандар ӛз уағында келе қалса қасқырларға бұлай жем болмас едік қой, әттегене... Репқат!... Батырым!... Қаза болған-ақ шығарсың?... Таздың үнін дер кезінде ӛшіріп, жауды фактыден тотитып-ақ кетіпсің! Қолға түскен жарнамадан ұққан «Шығыс Түркістан» атын ғана ұстап отырып қалыпты ғой... Репқат!... Есіл аға!... Тірі қалсам құз жартастарға атыңды қашап жазармын!... Кел, Нұрияш, бірлесіп жырлайық, жоқтайық оны!... Қайдасың жаным, қайдасың?!... Қайдасың?!... Қайдасың?!– деп қатты айқайлап жіберіппін. – Бақырма!– деп ақырды сырттан біреу ханзушалап. Басымды кӛтеріп алдым, есік саңлауларынан жаңа шыққан күн сәулесі түсіпті. Тұрып барып сығаласам, басына кенеп дорба кигізілген әркімді дәретке шығарып жүр екен. Сақшылар бұрынғыдай жұдырықтап, теуіп айдамай, сүйемелдеп әрең әкетіп барады. Тұтқындар ӛлім халыне түскен соң ұруды тоқтатқан сияқты, кенеп жамылыштан аяқ жақтары ғана кӛрінеді. Бірнешеуі біздің жолдастар екені байқалды. Бәрі кібіртіктеп-сенделектеп ӛтті. Жүрістерінен қайсылары екендігін айыра

256


алмадым. Тергеу бастығының «тойғызып, борлап жатқаны осы болғаны ғой! – деп күбірледім. – Иә, расында мойындатқан-ақ екенсің аш қандала!» Қайта тұрып абақты қабырғаларына үңілдім. Қандаланың ӛрбіген мол ұрпағы күрең сырға айналған ӛз аруақтарының үстінен ерсілі-қарсылы ӛріп жүр. Бір ғажабы, менің үстіме қаптамапты. Тергеу бӛліміне кіргізерде малшындырған дизенфекция дәрісінен жолай алмай, мысы құрып жүрген сияқты, кӛбі менше әрең қыбырлайды. Жендеттер мені де тұмылдырықтай жетелеп, ұрмай дәреттендіріп қайтты. Бұл реткі сықпа момы мен елу грам суды күндегі сатала аспаз емес, таза киінген бір лаухан1 әкеліп есіктен ұстатты да, сыртқы босағаға сүйеніп үңіле күбірледі маған. Ұйғыршаны ханзу үнінде қаудырлатып шала сӛйлейді екен: – Атаң-анаң бар?... Менің бала ұқшайды, әдемі бала ұқшайды! Ай-хай-хай, жап-жас ӛлу қиыңқиың, менде жүрек ауырады, – деп жанашылғанси кіржиіп, басын шайқап-шайқап қалды. – Бұл үкімет сен мойындайды, қоя береді. Сенікі ұқшайды, ӛзің ұқшайды, бірнеше шяухозыңды2 жақсы үйге шығарды, тамақты хоп-хоп жегізді. Қайтарамыз дейді. Сен де мойында, мектеп қайтасың!... Бекер-бекер қиналып ӛлетін 1 2

Лаухан (ханзуша) – шал, қарт деген сӛз. Шяухозы (ханзуша) – жас жігіт, бозбала.

257


болмайды, мына жан жақсы, тірі жақсы. Ӛлесің, атаң-анаң жылайды, не болды!... Ұқтың?... мойында, қайт-қайт!... – Ей, лаухан, жаның ашыса суды неге молырақ әкелмейсің? – Әия, кӛріп қояды, осы үйге меніңді қамайды! Менің балаң кӛп, мен бахады! – Ӛз балаңды бағу үшін әзәзілдік істеп, ӛтірікке мойында деп азғырып, елдің баласын қырғызбақсың ғой! Ӛз балаңды біреу осылай ӛлтірсе қайтер едің?... Алдай алмайсың бұл ӛтірігіңмен, біреуі тұмсығыңды жапыра ӛледі... Жоғал, кәрі сайтан!– деп айғай салдым. – Бақырма, бақырма, менікі жанашиды айтады, – деп бүкшеңдей жӛнелді. Сол лауханның екі камераға тамақ апарған кезінде ылғи осылай күбірлеп жүргені сезілді, қатарлас камералардан менше айғайлаған ызалы үн естіліп жатты. Киімімдегі дәрі иісі тарап кеткен екен, екінші күні түнде денем қайта дуылдай бастамасын ба. Есіме енді түсті, мойын ораған кӛйлегім мен балақ таңғышымды тергеушілер жоғалтыпты. Майкамды шешіп алып, мойныма енді соны орадым. Бұрынғыдай түрегеп тұра хал жоқ. «Шие бӛрі» ӛріп жүрген дауал мен киім сыртын сипап тастар артық қол да жоқ. Жалғыз қолым бет-ауыз бен құлақтан босар емес, сүйеніп отырып алып ыңырсудан басқа «шара» қалмаған. Түн ортасында

258


есік ашылып, қол шырақ жарқ ете түсті. Ұйғырша сӛйлеуінен ақ сары сұрқия екенін таныдым. – Ей, ойланып болдың ба? – деп сұрады. – Нені ойланамын, бар шынымды сӛйлеп болғанмын. «Мұсылман» тергеуші басқа камераға естілмейтін бәсең үнмен сӛйледі. – Ӛлуіңе енді тіпті жақын қалды, мен ақырғы рет сұрауға келдім. Расын айтсаң қазір-ақ құтқарамын. Қатарлас камерадағылар естісін деп әдейі бар дауысыммен айғайлай жауап бердім: – Басқадай расым жоқ!... «Шарқын түгін» деп пе едің, ондай ұйымды кӛрмеппін де, естімеппін! – Ақырын сӛйле!– деп зекіп қалды тергеуші. – Ақтық рет ашық дауысыммен сӛйлеп, ақ ӛліммен ӛлейін, ұйым мәселесі бізде жоқ, мүлде жоқ!... Мойындағандары болса темір қасқырыңызға қайта бір шайнатыңыз, менің айтқанымның рас екеніне сонда сенесіз. – Ей, басқа сӛзді қой, екінші қайталай келмеймін, айтатының болса, тез айт! Мұсылмандық үшін қайталап сұрарым тек осы ғана! – Мұсылмандығыңыздан ӛтінерім «тек» мынау ғана: мені біреу іздеп келсе, «біз емес, біз асыраған мына қандалалар ӛлтірді» деп сүйегімді тапсырып беріңіз... Басқа сӛз жоқ. Қош, ақыреттегі қарасат майданында кӛрісерміз әлі-ақ!– деп қалдым әдейі.

259


Тергеуші есікті қатты жапты да шақылдата құлыптап кете берді. Жылдай күн батып, ғасырдай түннің және бірі жартылағанда есік тағы ашылды. Есек дәмелі тергеушім тағы сұрамақ шығар деп, үмітін мүлде кесе үзуге дайындалып едім. Жан құралын жалаңаш ұстаған қара киімді сақшы екен, «шық!» дегендей бұлғаң еткізді құралын. Жалғыз қолыммен дауалдан дауалға сүйене шығып алдына түстім. «Ұста дүкеніне» ілби беттегенімде шақ ете түсті де, сары ғимараттың арт жағындағы ала кӛлеңкені нұсқады. «Ататын алаңы сол болғаны ма» дегендей үңіле қарасам, жалғыз атты жеңіл арба тұр. Ақай айтқан кер жотаға осымен апарып ататынын немесе орын ауыстыратынын – осы екеуінің бірі болатынын сезіп, тыңая түстім, қолымның сырқырағаны да, қандаланың уыты да сезілмей қалды. Ӛлім жалмар болса ӛлігім масқараланбасын деген сезіммен мойын ораған майкымды сым қалтасына тыға салып, тӛрт дӛңгелекті жадағай арбаға жетіп тоқтадым. Үстіне жабылған брезенттің қымырлап қалуынан бір адам жатқаны байқалды. Екі сақшы мені соған айқастыра шалқалатып, брезенттің қайрылған жарымымен жапты да, шетін баса отырды. Алдыда отырған бірі арбаны айдай жӛнелді. Темір шеңберлі дӛңгелектердің шақ-шұқ шоқалақтауына қарағанда, шеткі кӛшемен кеткен

260


сияқтымыз. «Енді мәңгі кеткен сияқтымыз» дегендей, «бейтаныс қабырласым» санымды қысып-қысып қалды, «атады» дегендей бір жазуды қайталай сыза берді. Менің ол жақтағы «қасқыр» шайнаған оң қолым икемге келер емес. Білегімді әрең жиып апарып, аяқ киіміне үйкедім. Қуаттың березент батинкасы бар еді, жуан тұғыр қысқа сирақты сол тәрізді. «Атпайды» деген белгі бергім келеді. «Ӛлімге айдаған адамды байламай, бұлай бос жатқызар ма» деп те, «бір үлкен қылмысқа зорлап болса да қол қойғызбай атар ма» деп те дәтке қуат дәлел айтқым келеді. Бірақ, Гоминданның қара ниеті әрқандай қара жазаға жете алатындығын ескеріп, ӛз дәлеліме ӛзім де сенбей, «бақыл бол, Нұрияш, ақтық рет бір кӛре алмай кеттім» деп қалғым да келеді. Бұрыла-бұрыла шоқалақтап келген арба тоқтай қалғанда жүрегім ӛрекпи жӛнелді. Қасымдағыны жерге үнсіз сүйрей түсіріп әкетті. Брезентті сиырып жіберіп жіберіп жалт қарадым. Тӛніп тұрған бір сақшы кеудемнен қойып жіберіп, брезентті жаба қойды. Қарақшының қолы қышығаны болмаса, ұратын жӛні жоқ екен, екінші түрмеге келіп кіріппіз. Тӛртінші түрмеге кетерде кӛрген зал маңдайшалығындағы абажурлы шырақ маңайын айқын кӛрсетті. Қасымнан түсіріп әкеткені, ӛз сезгенімдей, Қуат екен, зал есігіне кіре бергенінде кӛріп қалдым.

261


– Түс!– деді маған біреуі. Мен де кірдім сол залға. Есік-есіктен ӛткізіп, ең түпке итермелеп әкелді де, шарқылдатып шойын құлыпты ашты. Бір кілтші, шырақсыз камераға итеріп қалып, есікті жапты. Шақ ете түссе де алғашқы кіргенімдей ырши қоймадым. Дәл тӛріндегі білектей-білектей темір торлы терезесінің жақын кӛрінуіне қарағанда, шағын ғана камера екендігі байқалады. Тақтай сәкіде қатарынан бес-алты адамның жатқанын ұйқы пысылынан байқадым. Шаңғыр ете түсті біреуінің аяғы, кісенді екен. Жүрегім зу ете қалды. Жағалай теңселіп келіп, бір кісілік бос орын барын білсем де, қандала таратқым келмеді. Есік жаққа ілбіп қайта барып, тас кірпіш еденге қисая кеттім... Қатты ұйықтаппын. Түрме тұрғындарының бетіме тӛне қарап, сӛйлесіп тұрғаны естілді бір шақта. Оянғаныммен «жайлы» орыннан қозғалғым да, кӛзімді ашқым да келмеді. Зіл батпан денем қыбыр етуді жақтырмайтындай. Ұйғыршасы да, шала тілді ханзушасы да бар бейтаныс үнділерден сиқыма кӛрімдік сұрардай жалт етіп қарауға зауқым да жоқ сияқты. Кӛзімді жұмған бойы жата бердім. – Астағыфиролла, жүзі қаннан кӛрінбейді... Бұ қанқорлар қанға тойып қалған ба?– деді бір ұйғыр. – Мұншалық шашыпты, мақталы шапанымен қоса жеп қойса бір тұң қан пайда таппас па еді?

262


– Қансырап қатып қалған ба, тірі ме ӛзі? – Тірі, демі бар екен,– деді бірі. – Бірақ қинаудан ӛлер шағында ғана шығарған сияқты ғой?.... Бір қолын шағыпты. – Жас жігіт екен ӛзі,– деп біреуі үңілді, – дүңген бе, сібе ме? – Емес, моңғол яки қазақ қой деймін. – Қане, мен кӛрейінші,– дей жетті бір қазақ, – қазақ қой, анық қазақ. Бет-аузы ісіп кетіп танылмағаны ғой... балам, ей балам, ояншы, кӛзіңді ащы! Мен кӛзімді сығырайтып әрең аштым, тағы да шор болып жұмылуға тақағандай. Селдір ақ сақалмұртты, арық сұр қарт та кӛзін сығырайта тӛніп тұр екен: – По, бейбақ-ақ, қабағын жауып алыпты ғой! Сызға жатып қалыпсың! Талып қалғаныңда сүйретіп әкеп тастай салған ғой тегі!... Жігіттер, кӛтеріп сәкіге жатқызыңдаршы! – Жоқ ата, киімім толған қандала!– деп қалдым. – Түсіндім, асыл азамат екен бұл,– деп бір кісенді ұйғыр құшақтай кӛтеріп алды мені, – бізді қандаладан аяп жатыпты. Ақсақал мен семізше ханзу бүкшеңдей ұмтылысып, астыларынан тӛсеніш суырып, сәкідегі бос орынға тӛседі де ұзын қара мұртты ұйғыр кісенін шаңғырлата кӛтеріп келіп отырғыза

263


қойды. Бас жағындағы одеялын алдыма тастай салды да: – Бар киіміңді шешіп таста!– деп бұйырды. – Қазір адалаймыз! Мен басқа киімімді шештім де ұялыстан жымиып, сымымның жанқалтасынан іш киімімді суырдым. – Ұялма, балам, оны да таста!– деді шал. – Лағнаттың ол абақтысын жақында мына Жамал да кӛріп шыққан. Оң қолымның икемге келмей жатқанын кӛрген егде ханзу батпаққа тола қатқан батинкемді байпағыммен суырып тастап, сымымның балағынан тартты. Жастау жігіттердің бірі кӛйлек, бірі қысқа ыштан әкеліп кигізді де дәрет бӛшкесі тұрған бұрышқа апарды мені. «Моншасы» да осы бұрыш екен. Бұла денемдегі қанды дымдалған орамалмен ысқылап тазалап жатқанда, шалдар ашылған есік алдындағы күзетшіге адам санын айтып, шыныдай-шыныдай ақ момы мен бір шелек күріш кӛже кіргізіп алды... Түрмеде кӛп жатқан ыспор тұтқындар сол күні кешке шейін мені сүндетке отырған жалғыз ұлындай, орап-шымқап күтумен болды. Киімімді жуып кептіріп те, бастан кешкендерін айтысып та үлгірді. Маған да сұрау аз қойылған жоқ. Кӛргенімді қысқаша айтып, жауап беріп болған

264


соң, қатарымда отырған қарттан алдымен сұрағаным Нұрияның әкесі болды. – Ата, Алтайлық екенсіз, Үмбетбай дейтін кісіні білесіз бе? – Білуші едім, балам... Онымен қандай таныстығың бар еді? – Ол кісінің інісінің баласы менімен сабақтас еді. – Е...– деп алып күрсінді шал, – Үмбетбай осы тӛрт-бес күннің алдында ғана мына бізбен жандас «қабырда» жатқан. Денсаулығы жақсы, пәлежаладан аман келіп еді. Ӛткен жарым айдан бері ол кісіні тағы бір қырсық шалған. Қазақ тыныш жүре ме, «осы Үрімжінің ӛзіндегі бір жаудан кӛрсетінді бар кӛрінеді. Күмәнданның саясатына таңып қинап жүр, қатты қорқытып жатыр» дегенді хабарлап еді маған. Бүгін бес күн болды, сол кісі «қабырында» (камерада) жоқ, қайда әкетілгені белгісіз... «Түрмеден босатамыз» деп үміттендіріп отырғанда ғайып болды. Кәменнің ісі екенін сезіп, бойым түршіге жӛнелді. Қандала шабуылдата келіп, дәл тӛбеме улы тісін басып қалғандай болды. «Соның ісі... Нұрияны жоғалтысымен шырмаған екен... Әкесі түрмеден шыға қалса қызын зорлап иемдене алмайтынын біледі ғой. Іздеусіз қалдыру үшін сол мықты әкені түрмеден шығармай құртпақ болғаны ғой» – деген оймен қынжыла отырып:

265


– Киім-кешегі мен кӛрпе-жастығы Камерасында қалып па, әкетіп пе? – деп сұрадым. – Екі күннен соң әкетіпті, «қабырында» ешнәрсесі қалмапты. – Онда басқа түрмеге ауыстырып жіберген шығар? – Бізді біржолата алып қалу ниетінде болмаса, енді олай ауыстырар қисыны жоқ еді, балам, «қазақ-қырғыз ұйымының кепілдігіне шығарамыз» деп әр күні айтып, жақсы тамақтандырып жатқан қазақтары осы қатардағы «қабырларда» ғана... бұдан бӛліп әкетудің.... құрып-ӛртеніп кетсін, бәрі қинау. Бұл сӛзден ӛзім үміттенер камераға келгенімді ұқсам да, Нұрия тағдыры серпілдірмей, баса түсті. – Осында бірге жатқандардың ішінде тыңшы бар ма? – деп сыбырлап сұрадым қарттан. – Жоқ, балам... тыңшыға не табылады бұл «қабырдан?»... Кӛре-кӛре кӛзі тесілгендер ғой бұлар. Ондайдың жағын ұсатып жібереді мына Жамалдар! Таусылмас мұңын ұзақ сонар нақшасымен толқытып, шалқасынан жатқан Жамалға қарадым. – Бұл кісі де босап шығу үмітіндегілердің бірі ме? – Бұл сегіз жылға кесілген. Әлі үш-тӛрт жылы бар. Бірақ, артында ақтап, іздеп-сұраушылары кӛп сияқты. 

Нақша (ұйғырша) – ән, ӛлең.

266


– Неге кісенделген? – Бұл мықты сарт,– деп күлімсіреді қан-сӛлден айрылған сұр шал. – Мұны қалқа моңғолдың шпионы деп Алтайдан ұстаған екен. Неше түрлі зығырықтан ӛткізіп, қинап-қинап, ешнәрсеге мойындата алмай кесіпті. Содан қызып ауырған адам. «Шың Дубан нақақ кессе, Гоминдан болған неме әділ болса неге босатпайды мені, сендер де сол қанқорсыңдар» деп соқтыға береді. Анау ӛлеңі айтылып болғанша ештеңе ұқпайды, еш сӛзді тыңдамайды да. Жамалдың асқақ әнін тыңдап, аянышпен қарай бердім. Мықты әнші, қарағайдай тік ӛскен, сымбатты адам екен. Қара қоңыр жүзі мен қасқа басынан, қайратты қара мұртынан еш қатерден тайынбайтыны кӛрініп тұр. – Анау семізше лаухан не қылмыспен келген?– деп сұрадым. – Ол келгелі үш жылға әлі тола қойған жоқ,– деп жымиды шал, – қытайлығы жоқ деп қамаған сықылды. Шонжы жақтікі, қазақ ішінде ӛскен, жерлік қытай. «Құйыршық» деп ұстаған бірнеше ел адамын ақтап сақшыға барғанда, «олай болса сен де банды» деп қосақтап айдап әкеліпті. – Ӛзіңіз «құрал тапсырмады» деген қылмыспен келдім дедіңіз ғой, құралыңыз бар болса да тапсырмай қойғансыз ба?

267


– Жоқ, балам, ӛзім құрал ұстап кӛрмеген адаммын. Бір кезде жалғыз ұлыма қос ауыз құс атар сатып әпергенмін. Онысын қолқалай берген соң ұлым балдызына беріп жіберіпті. Балдызы тағы біреуге беріп жоғалтыпты. Соны тауып бере алмағаным ғана... Міне, жеті жыл болды, кӛрмеген қинауым қалмады сол үшін. Қазақ оңған ба, соны қозылатып кӛбейте берген сықылды. – Оңбағаны бар қазақ емес, атқа мінер ел басылары шығар,– дедім мен, – кӛрсетінді солардан болады ғой, халықты ӛз қорасындағы қойындай бӛліп, ірітетін де, шірітетін де солар емес пе? – Мұның миыма қонады балам, бӛліп қана қоймай сүзістіре жүреді бірі мен бірін. Содан ӛзімізгеӛзіміз жауығып телім-телім болдық та жүрдік қой... Кім ойлаған бұлай боларын? «Бӛлінгенді бӛрі жейді» деп айта жүріп-ақ ауыл басыларының етегіне жабысып бӛліне кететініміз бар. «Иттің сорлысы кӛш басшыға ереді» дейді, сӛйтіп жүріп аштан ӛлетін-ақ халық екенбіз. – Сіз оқығансыз ба?– деп қалдым шалдың пікірлілігіне таңдана түсіп. – Бізде оқу дерлік оқу бола ма, балам. Ескіше әптиектік қана бірдемем бар еді, одан да айрылып қалғанмын. Айтып отырғаным – кӛргенім ғана ғой. Кӛре жүрсек те кӛрмеппіз бұрын, осы түрмеде жатып ойландық.

268


Қарт осы сӛзін айта салып, жанбасы астынан жамаулық боз шүперек алды да қара батсайы тысты тымағын жамай бастады. «Шыға қалсақ бүтінірек шықсын» деп күбірлеп кӛктеді. – Балам, осы оқығандарыңнан оқымаған соқырлықтың ӛзін жақсы кӛріп қалдым,– деп қарт енді бір тақырыпқа кӛшті. – Оқығандарың үкіметке алданғыш келеді екен. «Ана үкімет», «жаңа үкімет», «мына үкімет» десіп алданады. Бәрінің бір үкімет екенін уақытында бірі ұқсашы! – Бәрі солай емес шығар? – Осыны бәрінен-ақ кӛргендеймін балам. Ең ақылды, кӛзді, оқыған деп сенетініміз Шәріпқан мархұм еді ғой, еститін шығарсың?... Сол да алданды ғой Шың Дубанға, ажалдың аузына ӛз машинасымен, ӛз еркімен шауып келіп түсті ғой! – Шәріпқанды ғана емес, Совет одағын да алдап кетпеді ме, ол сұрқия?... Шақаң басқа не жӛнінен алданыпты? – Сол сұрқияңның түгі қызылдығына қызықты ма екен, алғашында тым белсеніп кетті Шақаң... Әлгі, алдымен кеткен бұқат бейсіні Шың Дубанға сол ұстатыпты деседі. (Ондағы Алтайдың дутыңы сол кісі ғой). Бұқаттың туысы Манкей де қолды болып келіп тергеушіге берген жауабында Шәріпқаннан сол кегін алыпты: «Шәріпқан Шың Дубанмен соғысу үшін Советтен Жеменей шекарасы арқылы кӛп құрал алды» депті ол мархұм...

269


– Ол кісілер айтпаса да айтты деп басқаларыңызды мойындатпақ болған ғой, тергеушілер осы жолы бізді де сол сұрқиялығымен қинады. – Ӛтірік болса жандары шықсын, әйтеуір Шың Дубанның құрал жию қырғыны содан басталды ғой... Мені де шарпып күйдірген сол құрал, құс атарда не әкесінің құны бар дейсің әйтпесе! Мойындағаныңа молшылық-кеңшілік қыламын дегеніне алданған оқығандарымыз қырылып болды. Солардың ішінен әйтеуір Дәлелқан ғана қалқа моңғолға қашып құтылыпты. Алданбай қалған – біздің надан ақсақ1 қана. Қазір жақсы деседі ғой, жолдары болсын, кісілерімнің! Тӛңкеріс жайында тұңғиық түрменің не естіп жатқанын білгім келді: – Не жақсылықтарын естідіңіздер? – Е, балам-ай, «ел құлағы елу» ғой... Ӛздеріңнің де темір қасқыр мен аш қасқырдан, ашаршылық тажалынан тез құтылып, мұнда келулерің солардың айбыны шығар. Олар күшеймесе, ең болмағанда жарым сүйектеріңді кемірмей, жапжас сендерді шығарар ма?... Әр күні түске дейін нақша айтып жататын Жамал бір күні таңертеңгі тамақтан соң терезе алдына таман барып еді. Бір кезде сәкіден түсе жүрелеп 1

«Ақсақ» деп Оспанды атайды, Оспан бір аяғына оқ тигендіктен сылти басады екен.

270


отыра қалып, терезенің тӛменгі кӛзінен баспалай сығалады. – Бері кел, бері кел,– деді маған, – отырып қара, бұ гӛйлердің саяси ойынын кӛрсетейін саған... Анау байлаулы сары жігітті кӛрдің бе? – деп түрме ауласының арғы шетіне таман, қолы байлаулы тұрған жігітті кӛрсетті. – Бұл – Алтайлық қазақ жігіт, мен танимын. Ӛңі сары болғандықтан алып шықты. Әне, әр камерадан ыңғай сарыларды жиып, байлап алып шықты. Осылардың бәрі де Шинжяңда туып-ӛскен азаматтар, бәрі де бізге таныс. Анау қырма сақал – құмылдық татар, мына бергі бұйра бас – шәуешектік орыс. Мына шыққаны құмылдық қазақ, анау ұзын сары ілелік орыс!... Анаған қара, тепкіленіп шыққаны... қарсылық кӛрсеткен сияқты, қарап тұр, оның аузын тұмшалап тастайды, кӛшеде сӛйлеп әшкерелеп қояды деп қорқады. Ол ханзуша жақсы сӛйлейтін ақсулық татар... Міне біз жақтан шыққаны сенің жерлесің. Бері қараса танисың әуелі, ӛзің құралпы ғана... Жерлесің деген татарға кӛз алмай қарап тұрмын. Оны аржағындағы үш-үштен тізіліп жатқан жиырма шақты ақ сары, шикіл сары, кӛк кӛз күреңдерге апарып қосты. Бері қарап тұрса да кӛзім бұлдырап, тани алмадым. – Бұларды қайтеді?– деп сұрадым Жамалға таңырқай қарап.

271


– Бұлардың кӛбі сары, кейбірі қоңырша болса да орысқа ұқсайды, кӛзінің кӛкшілдігіне қылмысты. Тӛрт кӛшеден соққылап ӛткізеді де «қолға түскен Совет әскері» деп жариялайды. Алтай мен Іледен басталған халық тӛңкерісін «Совет одағының шапқыншылығы» етіп дәлелдемекші... тұра тұр, тұра тұр, қақпа жақтан келе жатқан мына шикілдерге қара енді, бұлар – американдық қожайындары,– деп кідірген Жамал артымыздан ентелеген «қабырластарды» отырғызды, – терезеден кӛрініп қалмайық... Мен кӛз алмай қарап қалдым. «Американдық» дегендерінің арасында еуропалық басқа елдердің тілшілері де бар сияқты. Бәрі де фото аппараттарын дайындай жетіп, әлгі байланған сарыларды сыртылдатып суретке түсіре бастады. Мен орнымнан ыршып тұрғанымды сезбей қалыппын: – «Совет одағы Шинжяңға шапқыншылық жасады» деп дүниеге жар салмақшы екен ғой, мына саяси жалдаптар! – Отыр, отыр!– деп Жамал иығымнан баса қойды. – Терезеден қарағанымызды кӛрсе бәрімізді жазалайды. – Бұлар ӛздерінің анық шинжяңдық екенін неге айтпайды?– деп булыға түстім мен. – Олай десе атып тастайтынын айтып қорқытып қойған. Сонда да айтатындарының аузы

272


тұмшалаулы тұрмай ма?... Саясат әшкерелейтіндерді атып тастайтыны рас, «соғыс қылмыстысы» деп атып, жариялай салғандары бар! Келген алты-жеті тілші суретке түсіріп болысымен «соғыс тұтқыны» аталған сарыларды толық құралданған сары аяқтар келіп айдай жӛнелді. – Енді кӛше аралата ұрып, «батырлықтарын» кӛрсетеді,– деп тістене күрсінген Жамал иегін ұстап, басын шайқап-шайқап жіберді де, кісенін шарқылдата қайтып барып, орнына құлай кетті. Қапалықтың тері кең маңдайынан бұрқырап, күреңіте құлады. Гоминданның осылайша әшкере арсыздыққа кӛшіп, халықаралық зор жала жабуы Шығыс Түркістан тӛңкеріс ӛртінің ӛзін шала бастағандығының белгісі еді. – Бұлардың ішінде расымен соғыста қолға түскендер бар ма?– деп сұрадым Жамалдан. – Жоқ, бұлардың бәрі Құлжа соғысының алдында түрмеге айдалып келгендер ғой... Жамалдың сӛзін бір бұрышқа жантайған сұр шал бӛлді. Ол сіріңкенің бір қорабын құлағына басып, енді біреуін аузына тӛсеп саңғырлады. – Ей, не дейсің, анығырақ айтсаңшы?... Мә, Жамал, мә, менің құлағымның жайы келмей қалды, тӛртінші «қабырдан».

273


Кісенін шалдыр еткізіп ыршыған Жамал шалдың орнына жетіп құлады да, сӛйлесе жӛнелді (ірге кірпіштері арасынан ӛткізілген машина жіптен құрылған «телефон» екен). Кӛшеге айдалған сарылар жайында қысқаша хабарлап, екінші жауабында, мен туралы болу керек: «бүгін үшінші күн, бір жас жігіт келген... оқушы... Сыфан мектебінен» деп салып, соңынан естігенін маған келіп айтты: – Жолдастарың осы залдың қарсы камераларына келіп орналасыпты. – Нешеу екен? – Олардың кӛргені он шақты... Түрмеде кӛп жатқандардың қысым кӛре жүріп-ақ соншалық техникаласып алғанына таңдандым. Берік ынтымақ бар жерде алынбас қамал жоқ екенін енді анық кӛргендеймін. Бұл дүниеде бұларға естілмейтін хабар жоқ сияқты. Содан тӛрт-бес күн ӛтіп, бойым үйреніп қалған кезімде қамаудағы әйелдердің қай камерада екенін сұрастырып едім. «Қазақ қыздың» ешқандай дерегі шықпады. Қайнатадан хабар тіпті жоқ. Дерттің ең ауыры осы Нұрия жайы болып, басымды уқалата берді. – Балам, бұлай тұқырып отыра берсең қызбаға душарласасың, – дейді шал («қызбасы» жүйке ауруы екен). – Онан да мына Жамалша әндете бер.

274


Содан бастап әнші екеу болдық. Қарттың сүрленіп алған қатты жүрегін неше рет еріте мекірендіріп, неше рет езіп жылатып та алдым. – Балам, осы сенің Нұрия дейтінің кім?– деп сұрайды шал. Ұйықтап жатып айғайлап қоятын сияқтымын. – Қарындасым,– дей саламын. Шал басын изектетей отырып: – Жассың ғой, балам, адамның басынан әр не ӛтеді. Талай-талай қызықты дүние ӛткен ғой бізден де, – деп күрсінеді. – Хабарсыз қалған кәрі ата-анаңның күйігі сенікінен де қиын шығар. Бәріне күйіне берсең не оңарсың? Тас түрме – тас бауыр, тастай бекіп алмасаң мыжып тастайды. Кӛп кӛріп, «кӛзі тесілген» қарттың бұл сӛзі зор қайрат бергендей ыршып тұрып, арлы-берлі жүріп кетемін. Тастай берік қайратқа мінгенсіп жүргенімнің ӛзінде де аспандай кең ойлы кӛз жаспен дымданып, «жаудырай қарап тұрады» маған, «біраз күн тауға шыға тұрайықшы» деп қалғандай сезіледі. Бордай боп қайта үгілемін. Оның аса ыстық жүрегі мені отқа түскен теміртектей майырады. Бір жексенбі күннің түс кезінде Жамалға сырттан мәнті келіп қалды. Сенделіп мен жүрмін, Жамал мәнтіні қатарға тұрғызғандай іріктеп тізе бастады. Байқасам, бір бүрмелісін бірінші қатарға, екі бүрмелісін екінші қатарға, үш, тӛрт, бес

275


бүрмелілерін тағы сол ретіне қарай тізіп отырыпты. Сонан соң үлкен аяққа бірінші мәнтіден бастап жара бастады да, ет аралас сәбіз қимаға тесіле қарап отырып әр мәнтіден екіденүштен сәбіз әріп тапты. Ол әріптерді әлгі реті бойынша үш қатар етіп тізді де, кісенін шалдыр еткізе атып тұрды орнынан: «Жың», «Бұратала», «азат» деген үш сӛзді жазу құрапты. – Кел, Биғабіл, бәрің кел, бәрің кел!... Кӛріңдер мынаны: Жың мен бұратала Гоминданнан құтылыпты!... Алыңдар, қуанышқа, жеңдер мынаны!– деп ӛзі біреуін қолына алып отыра кетті. – Қашан азат болғанын кӛрсететін бір-екі сифр қоса салғанда ғой бізге қашан жететінін есептеп шығар едік!... Осы қуаныштан үш күн ӛткеннен соңғы бір сәскеде тыртық тамақ хұйзу кілтші есік ортасындағы тесікті ашып қалып, менің атымды шақырды да: – Мә, мынау анкет, толтырасың, қанша тез толтырсаң соншалық жақсы,– деп қағаз ұстата сала жӛнелді. Кестенің сұрайтыны: ӛзім ең кӛп жазып әдеттенген аты-жӛнім мен мекенім, ең ұзағы – жиырма жасымның кейінгі жарымы болған оқу тарихым, ең қиыны – бұл жолғы қашу себебім екен. Атқа жеңіл ӛтірігімді желдіртіп жіберіп, шапшаң толтырдым да, ӛткізе салдым.

276


Ертеңіне таңертең, ойламаған жерде сақам алшы тұрғандай, есік шалқасынан ашылды. Кілтшісінің «шықтың» деген сӛзі кӛзімді шырадай жандырды. Бір ай ішінде-ақ бірге туғандай біте қайнасқан «қабырластарымды» қайта кіре бір-бірден құшақтай қоштасып шыға бердім. Түрмеден шыққан адамға түнек те нұрдай кӛрінбей ме, сәскеге кӛтерілген күн қалай жарқырайды десеңші?! Тұнық аспан Нұрияшымның кӛзіндей жаудырап кӛрінгенде жалын атылғандай болды жүрегімнен. – «Аһ, қайдасың, Нұрым?!»... Кілтшінің бастаған жағымен екі иін айналысыммен жарқ ете түсті жолдастарым, асхана алдында жуынып сүртініп жатыр екен. Түп-түгел! – Ау, Биғаш, аманбысың?.. Денсаулық қалай? – деп алдымен Мұса жетіп, ең сағынышты інісіндей қыса құшақтап сүйді бетімнен. Бұрынғы жарау ғана қара түрмеден қаңылтақ қараға айналып шығыпты. Қаңбақтай кӛтеріп алдым... – Осында қайтып келе жатқанымызда санынан шымшып амандасқанмын. Терісін қандала сыпырып алып қалмағаны анық,– деп езуін құлағына жеткізе күліп тұр. Бәрінен Ынтықбай ыстық амандасты: – О, балуаным! – деуге ғана үлгіріп құшақтады ол. Қалың қабағының астындағы ӛжет кӛзіне жас

277


іркіле қалды. Ешқайсымен күресіп кӛрмесем де, «балуан» атауы – сенің жауабыңмен жықтық дегені екен. – Халықтың қалилары қырқай шалған ғой шырақтар,– деп Қуат анықтады бұл сӛзді, – Халық талабы болмаса, біздің жауабымыз жыққанды қойып, жұқпас еді бұл жауызға! Мына Әмірқанның құлағы мен тамағына, ана Серәлінің иегіне қараңдаршы, жауаптан жығыларын, ертеңіне одан ұяларын білетін болса, осылай істей ме?... Серәлінің иегінен қармақ салып асыпты, тесіп ӛткен қармақтың терең тыртығы тұр. Әмірқанды жіңішке сыммен қылқындырып, мойнын қиып түсіре жаздапты. Оған мойындамаған соң құлақтан іліп құлағын жыртып жіберіпті. Дәрігерге тіктірсе де мәңгілікке тілік ен салғандай. Осы ең жасымызды мойындатып алуға бар зұлымдығын жұмылдырған екен. Үйренген жауабынан сонда да жаңылмай, жаза баспай шыққан қайсар, Әмірқанды құшақтап сүйіп-сүйіп алдым. – Мінеки балуан деген!... Мінеки батыр деген!... Тойға келгендей сәнді киінген ақ сұр Кыжаң жетті. Ақ жағаға қара галстугын қатыра байлап, сұр шляпаны бір шекесіне қондыра киіпті. – Беттеріңді таза жудыңдар ма?– деп бәрімізге үңіле-үңіле қарап шықты. – Жағаны түзеңдер,

278


түймені толық салыңдар... екіден тізіліңдер... тәртіпті жақсы сақтаңдар, а, ӛте жақсы сақтаңдар, үлкен кісі кездеседі сендермен. Оның алдында иіліп, аяқтарыңды қосып тұрыңдар... Ал, ілесіңдер менің артымнан! Үлкен тӛрт кӛшеден ӛтіп, бұл күнде «Бау-ан слиңбо»1 аталған бұрынғы Дубан мекемесіне барып кірдік. Бәрімізді Жу шауляңның «қабылдау залы» алдындағы ұзын орындықтарға отырғызып, генерал келгенде қақшия қалатын жӛнжосындарын тәптіштеп үйретті. «Сары аяқтардың әскери сары ала қолбасшыларын қарсы алармыз» деп отырғанымызда, жырық етек ұзын қоңыр торғын шапанның етегі сүйретіле жалбыраған дәу «Жаңгүдүй» мамырлай келе жатты. «Еркек» екенін қоңыр шляпасы әйгілегенімен де генералымыз тіпті қызық кӛрінді бізге: шүперек түйме-баулы, иінсіз жеңді қара торғын кеудешесін сыртынан кигендігінен жырық етек шапанының ұзын етегі «тайтайларының» белдемше кӛйлегіндей кӛлбеңдейді, «тәңірі» мол құйған шойын табадай қалың бет-жүзді, қисық кӛз, жуан тұмсық қара сұр аспансыған асқақ ханымша сыздана жетті. – Бізге үлгі етпек «ұлы мәдениетімен» келді ғой, тікейіңдер!– деп күбірледі Ақай. Қазқтай қатып 1

Бау-ан слиңбо (ханзуша) – амандық сақтау қолбасшылық штабы.

279


тұра қалдық. Арыстандай ажар, жолбарыстай жон кӛрсетпек раймен кекірейіп, кӛз құйрығымен шола қарап ӛтті генерал. Түп жақтағы бір есікке барып кірісімен, тергеушіміз қолын шошаң еткізіп, қабылдау бӛлмесін нұсқады. Жиырма-отыз адамдық қана кішкене зал екен. Қонақасыға даярланғандай таза ақ дастарқан жабылып ұзыннан тізілген үстелге әйнек стакандар мен термос, сигар, гүл сауыттар қойылыпты. Біз отырысымызбен ақ халатты әйел кіріп, стакандарға қайнаған су құйып, алдыалдымызға қойып шықты. Ақай мен Серәлі «қандала ордасында» мұндай бір стакан судың неше адамға жететінін есептей күбірлесіп отырғанда ұзын етек генерал кірді. Тағы да шақ-шұқ қаздия қалдық. Ол есік жақтағы орындыққа шірене жайғасып, бізді қол ишарасымен отырғызды да нән қоңыр үнімен сыздықтата сӛйледі. Аударушы сұрсы да нән үнімен тереңсіте-қымбатсыта, нақтап аударғанымен миымызға қонары үш ауыз ғана сӛз болды: «сендер тым надан, ӛте мешеу оқушысыңдар, сондықтан, кімге алданғандықтарыңды да білмей қалдыңдар», «зор қылмыс ӛткізсеңдер де сол себепті бір рет, тек бір рет қана кеңшілік еттік. Жұңхуа Мингоның бұл қамқорлығына мәңгі борыштарсыңдар. Газеттерде үкімет алдындағы осы борыштарыңды жазыңдар»,

280


«бәрің жап-жас екенсіңдер, ішкеріге, әсіресе Чұңчиңге барып оқысаңдар кӛздерің ашылады» дей келіп, «толық түсінікті Ху чужаңнан» еститіндігімізді ескертті де, қайқая жӛнелді. Тергеушілер бастығы енді бізді сақшы басқармасына ертіп апарды. Ху гожынның қабылдау бӛлмесі шыжыған ыстықтан терлеп келсек те тоңдыратындай ызғарлы сезілді бізге. Үш қабырғаға бірдей іргелете қойылған арқалықсыз ұзын орындықтарды боз қыраудай тозаң басыпты. Әйелдерді керуетінде қабылдайтын бұл қан ішер бӛлмесінде кӛптен-ақ ешкімді қабылдамаған сияқты. Есік жақ қарсымызға қойылған шағын қоңыр үстел мен екі орындық қана мұздай жарқырап, таза сүртіліпті. Қою қара шашын жалтырата майлап, жыға тараған, қыры пышақ жүзіндей қоңыр сымкостюмды, ұзын бойлы қара сұр келе жатқанын ашық терезеден кӛрдік. Артынан сәулетті екі офицер дедек қаға еріп келеді. Қанталай шатынаған кӛзіне қарай сала ыршып тұрыстық. Ол бізді құтырған қасқырша ырсия шолып тұра қалды. Жалтыр үстелді сұқ саусағымен сипап жіберді де, арт жағына мойнын бұра түйілді. Екі офицер жарыса жүгірді сыртқа. Екеуінің қатар жүгіргені бір ғана үстел сүрткіш орамал екен. Біреуі соны ұстап, біреуі қосар аттай бос шауып

281


келді де, бірі әкелген орамалымен, бір алақанымен орындық үстелді ысқылап-ысқылап жіберді. – Бүйтіп тапқан шендеріңді...– деп Қуат күбірледі. – «Қан ішер» десе қан ішерім-ақ екен-ау!– деп сыздықтата Ақай жымиды. Сұраулы пішінмен таңырқай қарап Мұса отыр. – Германияның шпиондық мектебінен ӛрбіткіш қандала нәсілдендіруді де жақсы оқыған екен-ау,– деп күбірледі бір орайда. Екі қызметкер офицері орнын қанша ысқылапсүрткенімен бастығы үстел-орындыққа жирене қарап, тік тұрған күйі сӛйлей жӛнелді. Әлгі екі сорлының бірі аудармашы екен. Басқарма бастығы ішкі ауқым жӛнінен «Шығыс Түркістан» мәселесін ашпай, бұрыннан ел құлағына қанық «Оспан бандысының сегіз жылдан бергі лаңын» сӛз етіп еді. Оның «толық құралды қарақшылығын», әліге дейін жойылмай «халықты бұлап-талап», «қырып» келе жатуы «жиянгердің» «тірек болып құтыртуынан» екенін сӛйлегенде ӛз құтырығы да асқынып, жараған бураша зіркілдей жӛнелді. Ақ кӛбік атқан езуі мен шоқтай қызарған кӛзі, әр сӛзінің арасына «а» дыбысын нығарлап қосса да тістенулі қалпында ырсиятын ірі тістері атылғалы тұрған аса ірі жыртқыштай тым суық кӛрініс береді екен. Сӛйте келіп, ең сойқанды бір сұрауды қойып кеп қалды бізге:

282


– Оспан бандыларын қаруландырып, құтыртып отырған кім? Бұл қандестің ататпақ болып тұрғаны Совет одағы екенін білсек те, әдейі аңыра қарап жым-жырт отырып қалдық. – А... кім?... Кім жауап береді?... Айтасыңдар ма, жоқ па?! Ешқайсынымыз жауап қатпай тұқыра түсіп едік, ең үлкеніміз екені сақалынан танылатын Ақайды нұсқады: – Сен сӛйле! – Оспанды қаруландырған жапон жиянгерлігі! – деп шімірікпей қатып тұра қалды Ақай. – Қоянның миы құрлы миың жоқ екен! – деп зекіді Хугожын. – Алтай мен жапонияның арасы қанша жер екенін білмеймісің? Аралығында біздің ӛлкеміз, миллиондаған армиямыз тұрғанда жапон қайтып қаруландырмақ!... Сен жауап бер!– деп сонан соң Ынтықбайды, Шақанды, Қуатты, Салықты бір-бірден тұрғыза берді. Бәрі де сол бір жауаптан жазбады. «Жапон» аталған сайын атылып шығардай шақшия түсті қанды кӛз. Бәрін бір-бір тілдеп ӛте берді. Бұл сұрауға Шинжяң кӛлемінде «жапоннан» басқа жауап лайық келмейтінін түсіндіргім келді. «Сонда осы боқтықтарымен ӛздерін тілдеу ғана дұрыс болатынын қоса түсінер» деген оймен рұқсат сұрай түрегеліп сӛйледім.

283


– Оспан «бандысы» – біздің мемлекетіміздің жауы. Ішкі жауымызға, әрине, сыртқы жауымыз ғана кӛмектеседі. Жауға досымыз кӛмектеседі десек, тілдемек түгіл қайта түрмелеп қойсаңыз да дұрыс болар еді. Жапон фашизмі – елімізге кӛптен шапқыншылық жасап келе жатқан ең қас жауымыз ғой. Сондықтан, Оспанды жапоннан басқа ешкім де қаруландырған жоқ деп түсінеміз! – Ы ... һы... – деп гүж етті Ху Гожын. – «Қызыл жиянгер» деген кім? – «Қызыл жиянгер!» ... Ол немене? – деп мен таңданғандай ӛзінен сұрадым. – Ондай жиянгерді мүлде естімеген екенбіз. Біздің мемлекеттің маңында жапоннан басқа жиянгер жоқ, шекаралас досымыз – Совет одағы ғана бар. Оны бізге жау деп ешкім оқытқан емес... «Қызыл жиянгер» деп Жапонды айтып тұрған шығарсыз, әлде? Ху Гожын ырсылдай күлді, күлкісінің ӛзі де ырылдағандай естілді. – Сендерде ми жоқ!... Сендерді «адам» деп атағанның ӛзі ақымақ!– деп зіркілдеп алды да, бәсең үнге ауысып, түсіндіруге кірісті. – Бәрің отырыңдар!... Қызыл жиянгер сол «досыңның» дәл ӛзі. Оны «дос» деп саясат үшін ғана айтамыз, – деп бастады да, «Жұңхуа Мингоның нағыз жауы сол» екенін, «еліміздің ішіндегі бандыларды үздіксіз қаруландырумен ғана тынбай, ӛз армиясын Шинжяңға жіберіп үздіксіз

284


шапқыншылық-қырғыншылық жүргізіп» жатқанын «ұғындырды». – Оған біздің құдіретті армиямыздың қылшығы да сынбады, біз жеңдік! – деп сӛз соңында арландық кӛрсете тоқтады. – Мұны сендерге толық түсіндіру үшін ғана айтып тұрмын. Сендер оған алданып зор қылмыс ӛткіздіңдер, бұл рет кеңшілік еттік. Екінші рет қателессеңдер қатал жаза қолданылады. Қайта қателеспеулерің үшін ғана түсіндіргенім ғой. Мұны ӛзге ешкімге айтпайсыңдар! – деген ескерту ӛлекшіндігін қайта әшкерелей салды. – Бір адамға айтатын болсаңдар менен рахым күтпеңдер, ұқтыңдар ма? Ұқпаған мәселелерің болса осы жерде сұрап алыңдар, басқа жерде сӛйлесеңдер бастарыңды мылжалаймын! Ақай тым ибалы қалыпқа түсе рұқсат сұрап орнынан тұрды: – Біз оншақты жыл оқып білмегенімізді бүгін сіздің сӛзден ғана бідік, түсіндік. Қателеспеуіміз үшін үлкен қамқорлық еттіңіз, рахмет чужаң, – дегенде кӛгілдір сары кӛзі ойнақши қалды да, қырма қоңыр сақалы тікірейе түсті. Ӛлекшіндігін бетіне басқалы тұрғанын сезе қойдық. Алғысын қайталай айтты Ақай. Дәл «қызыл жиянгер» жағынан қателесе қоймаспыз, мың рахмет. Советтің «жиянгер» екендігін біз расында да білмейтінбіз. Білмейтіндігіміз «ақымақтығымыздан» емес, біз оқығаннан бастап

285


оқытушыларымыз «дос» деп қана түсіндіріп келеді; жау екенін газеттен де кӛрмедік... газеттен «қызыл жиянгер» деген атау оқып кӛрдіңдер ме, сендер?! – «Кӛрмедік», «ондай мақала да жазылмады», – деп біз шу ете түстік. – «Мінеки, чужаң, сауатымызды сіз ғана аштыңыз. Осы түрмеге түсіп, сізден осындай «ұлы түсінік» алған біздің бақытымыз зор екен, біз енді қателеспейміз. Сізден түсініп алатын бір ғана сұрауым қалды. Ол былай: қалған сабақтастарымыз тіпті надан, «қызыл жиянгер» дегеннен мүлде бейхабар надан. Сіз «ешкімге айтпа» дедіңіз, басымыз үшін біз, әрине, айтпаймыз, газет те, оқытушылар да солай, айтпайды. Солардың бір тобы тағы да біз сияқты үйін іздеп қашса, біз сияқты ұсталып, сіздің алдыңызға келеді. Осы қиын жұмбақ «қызыл жиянгерді» сізге олар да айтып бере алмай қиналады. Олар да «қоянның миы құрлы миы жоқ» ақымақ емес пе, әрине, айтып бере алмайды. Сонда, білмеген оларды боқтайсыз ба, біліп тұрып айтпаған бізді боқтайсыз ба? Ху чужаң бұл рет кӛбірек ырылдағандай күліп алды да, ұзағырақ «түсінікке» кірісті. Бұл реткі түсінігінен түйір таба алмай мезі болдық та әйтеуір, алғашқысындай арланша емес, ӛлекшінше қыңсылағанын ғана түсініп жымиыстық.

286


Бірдемесін солай күбірлеп айтып бола сала, арландығы қайта ұстағандай адыраңдай жӛнеледі. – Бұл реткі ауыр қылмысқа сендерді надандықтарың жетектеді. Мұндай хайуан түйсігі қайта қателестіреді. Бұдан құтылып, адам болуларың үшін Чуңчиңге барып оқыңдар. Жұңхуа Минго үкіметі сендерді адам ету жолында қамқорлығын аямайды. Аэропланмен барасыңдар, әрқайсыңа қырық мың доллардан жол расхотын береміз. Бұдан үлкен қамқорлық қай елде бар... рас па, рас емес пе?!.. Қайсысың Кулидің қай қаласына барып оқимын десеңдер рұқсат, қырық мың деген соң сол қырық мың... Мына Жяу фугуан1 мен Уаң тілмашқа тізімделгеннен кейін мектептеріңе қайта тұрасыңдар. Аэроплан билеті алынып болған соң, ақшаларыңды қолдарыңа беріп, жолға саламыз. Солай ма, солай емес пе?! – Үйімізді сағынғандықтан, ӛзіміз іздеп келген осы мектептерімізді де тастап қаштық қой,– деп бірнешеуіміз қатар кӛтерілгенде Ху Гожын есіктен шығып та үлгіріп еді. – Әлі де хайуан түйсігімен сӛйлеп отырсыңдар, ойланыңдар! – деп қайрыла жауап қайырды да, екі қызметкері біздің тізімді үстелге жайып жіберіп, бір-бірден сұрай бастады.

1

Фугуан (ханзуша) – адютант, кӛмекші офицер.

287


«Адам ету» дегені адам сайтан ету, «шпион заводына» жіберу екенін түсінген біздің жолдастардың ешқайсысы жазылмай, әлгі сӛздерін қайталады. «Үкіметіміз шын қамқорлық еткісі келсе, үйімізге жіберсін, әке-шешемізді кӛріп, ақылдасып келейік» деген пікір айтысып отырып алды. Сыфан мектебінен тәртіп меңгерушісі мен «түйе» журынды шақыртқан екен. Ху Гожын олармен кеңсесінде айырым сӛйлесті де, сабақтас он екімізді соларға тапсырып берді. Екі «ұстаз» есіркеген рай кӛрсетті. Екеуі де қасқыр еркелетіп, айдаһар аялағандай «елжірей» күлімсірейді. – Әйя, қатты жүдепсіңдер, тозқыпсыңдар! – деп меңгеруші бастай жӛнелді де: – Сіз де сынған кірпіштей, майрылған қылыштай азыпсыз-ау!– дегенді күлімсірей күбірлесіп біз ілестік. Әділетті тергеушім, сол кезеңде біздің тозуымыз да, аяздай қысқан тәртіп меңгерушінің ызғары сынып, азуы да анық еді. «Құдай есіркегенде» сізге де жоғары жақтан бір нұсқау келе қалса, мұзыңызға жылы нұр құйғандай аза қалуыңыз ғажап емес шығар. Қасқырдың қоян болуы мен қоянның қасқыр болуы адамзат қоғамында асусыз кезең, ӛткелсіз ӛзен емес қой, ысқыра бермесеңіз екен!

288


Осы тарауға байланысты ӛзіңізге айтылған осы пікірден зор қылмыс жоқ-ақ шығар. Ӛмір ӛзгереді дейтін «қанқұйлы» кері тӛңкеріс сӛзімен қазіргі жаһаннам ошағында жатқан оңшылдар ғана езеуреп ӛліп жатпай ма, кӛреген қырсығым! VI Мектепке келе аласапыран айғайдың үстінен түстік. Оқушылар астық клетінің алдын мектеп кеңсесімен қоса бір-ақ қоршап алыпты. Дәл ортада астық тиелген екі үлкен жүк машинасы тұр, Хуаңхы тасқын апаты себепті былтыр күзде келіп біздің астық нормамызға ортақтасқан оқушылардың бір тобы сол тиелген астықтың үстіне шығып алған екен, жергілікті ханзу, ұйғыр сабақтастар сирақтарынан тартып түсіріп жатыр. Қонақтар шяужаңның бұйрығымен қайта шығады да Сыфан оқушыларының сүйреуімен қайта түседі. Тәртіп меңгерушісі ұйғыр сабақтастарымызға келе тиісіп, алдарынан бӛгеп еді, олар кеудесінен итеріп-итеріп тастады. – Біз не жейміз, шяужаң жауап беріп кетсін, – деп шуласады. Қасқа бас шяужаң мен кӛзілдірікті екіүш «маман мұғалім» машинаны айнала жаза таяқтарын үйіріп жүр. Қамауға түскен кӛк жалдай әр жағына бір арс ете қайырылып жүрген шяужаңның желкесінен Әшім

289


жяугуан келіп қыса қойды бір кезде. «Талай генерал, талай ғалым оқыттым» деп кеудесін есіктей керетін қасқа бас желкесінен мытылған мысықтай бүрісті. – Кімнің бұйрығымен қашпақсың?!... Мына мың оқушының астығын кім бұла деді саған?!– деп қадалған шұңғыл кӛз жяугуан бірдеңе деп міңгірлеген шяужаңды дедектетіп кеңсеге ала жӛнелді. – Түсіріңдер астықты, жолдарына азықтық үшін екі дағарын қалдырыңдар!– дей кетті. Оқушылар астықты кілетке қайта кіргізіп, құлыптап тарасты... Ертеңіне таңертең естісек, шяужаң сол елу-алпыс оқушысымен түнделете зытыпты. Сабақтастар үрімжідегі жемеңгер жадыгӛйлердің үрейі тіпті шашылып кеткенін айтты. Бұларды «шыңғырта шашып» жатқан құбыжық. – Шығыс Түркістан тӛңкеріс дүмпуі екені бәріне түсінікті сияқты. Біз мектепке қайтқанда биылғы оқу бітірушілердің ақырғы сынауына тӛрт-бес-ақ күн қалыпты. Ӛзіміз жуықта ӛтілген сабақтарды қалған сабақтастардың кӛшірмелерінен күндіз-түні оқып, тӛрт тәулік дайындалдық. Бірде-біріміз Кәменнің табасына, меңгерушінің қапасына қалмау үшін қасарысаегесе дайындалып едік. Ынтымақ пен егес қайраты біріміздің миымызға сіңгенді бәрімізге бірдей сіңіргендіктен, күн ара сынау беретін

290


сабақтардан үздік шықтық та отырдық. Кластан қашқан жетеуіміз осы он бес күнде дұшпанымызды табалаудан еріксіз таңдануға түсірдік. Сынау нәтижесі жарияланған тізімнің ең алдына сол «жеті қарақшының» есімі іркес-тіркес жазылып шыға келді, ортақ нәтижелеріміздің алды тоқсан неше, арты алпамсадай сексен болыпты. Оқу бітіргендерді жиып жіберіп сӛйлеген тәртіп меңгерушісі мектептің бізге қолданған жазасын ірі тістерін ақсита тұрып жариялады. Мінездемемізді ең тӛменгі шекке түсіріп, одан жаза үшін жиырма номер тартыпты. Мұндай «қырық номерлі ғана мінезі бар» бітірушілер мектеп бойынша сегіз екенбіз. Бірі Юсуф Қасым кӛрінеді. Бізден бір күн кейін қашып, сол бойы құтылып кеткен ол ӛзіне нӛл қойылса да мыңқ етпейді ғой. Біз де тым ӛкпелей қойғанымыз жоқ, ортақ нәтижеміз сонда да алпыс-алыпыс бес номер екен. Әйтеуір «жигырына»1 түгел жарап шығыппыз. «Диплом тисе қызмет алу шартымыздың толғаны. Бұл табысымыз батыс жаққа ӛтіп алуымызға да ыңғайлылық тудырады ғой» дестік. «Қарақшылықтан аман» қалған сабақтастарға үш күннен соң-ақ диплом мен қызмет жолдамасы шыға бастап, екіден-үштен кетіп жатты. Азайған сайын алаңдап, алаңдаған сайын азып-жүдеп 1

Жигыр (ханзуша) – емтиханнан ӛтудің ең тӛменгі шегі.

291


барамыз. Қоштаса-қоштаса жиырма шақты күн ішінде қошқардай бӛлініп жеті қарақшы ғана қалдық. Мені қайту қамы емес, Нұрия қамы тынышсыздандыра түсті. Диплом шыға қалса Жемсарыдан іздеуге асығып жүрмін. Бірақ, Нұрия Жемсарыға әкетілген болса, оны білетін Кәмен алдымен асығуға, жаздық демалыс басталысымен кетуге тиісті еді. Нұрия жоғалғалы мектептен ешқайда шықпапты. Әлі де бұрынғысынша бізді бақылаумен ғана жүр. Басқа ешқандай алаңы да, арманы да жоқ сияқты. Неден екені белгісіз, есі ауысқан немесе мас болған адамша бұлғақтап, бізді баспалайды да жүреді. Бұрынғы асқақтықаусарлығы да жоқ, еріксіздік пен кӛңілсіздік шыжғырғандай бұл күйкі күйіне қарап, біз тиіспей де тіл қатпай аңыстадық. Ынтықбай арқылы ғана сыр тартып, Нұрия мен түрмедегі әкесі туралы сұрастырып байқадым, білмейтінін айтып, ант су ішіпті. Жемсарыдағы нағашысының әдресін де сұрапты Ынтықбай, Кәмен кідіріссіз айтып, жазып та беріпті, «сенбесеңдер барып сұраңдар» дегені сияқты. Мектепке қайтып келген күннің кешінен бастап Күләнмен кездесіп тұрдым. Біз тауға қашқан кезде Ақылбай қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйымының «үгіт қызмет» сылтауымен тауға және кетіпті де, тӛрт-бес күннен соң жасырын келіп қайтыпты. Іле

292


жақтан Шиху, Сауан аудандарындағы партизан қозғалыстарын тәртіптестіру қызметіне тартылғанын, ең ұзағанда екі ай сол тауда болатындығын айтып, Күләннің разылығын алып қайтыпты. – Ағаң Үрімжіде тұрса тұтқындаларына кӛзім әбден жетті. «Қатерсіз жағдай туылғанда бір-ақ қайт, алаңсыз күтемін» деп аттандырдым,– деп күрсінді Күлән. Беретін сынауым біткенше Күлән маған Нұрияның табылатындығы жайында үмітті сӛздер айтып, кӛңілдендіріп тұрды: «Жемсарыдан шешемнің бір бӛлесі келіп қайтқан, соған тапсырдық. Егер Кәменнің нағашысы жақта болса, ол таппай қоймайды. Ӛз үйіне ұрлап келтіріп алып, хабарын жеткізбек болды. Тез арада хабарлайды» деді. Онан кейін бір барып кездескенімде, қазақ-қырғыз мәдени-ағарту ұйымының клубы түрмеден шығатын «үш аймақ» адамдарын жатқызуға даярланғанын айтты. «Әр күні үштен-тӛрттен шығып келіп жатыпты. Келетіндердің тізімінде Нұрияның әкесі Үмбетбайдың аты да бар екен. Ол кісі шықса әрқандай жерден іздестіруге де мүмкіндік туылады ғой!» Ӛшіп бара жатқан үмітімді осылай үрлей жылтылдатып жүрген Күлән, мектеп сынауы аяқтап, нәтижеміз жарияланып болған соң, мені кӛрсе-ақ жылайтын мінез тапты. Күлімдеп

293


тұратын ӛткір қара кӛзі мӛлтілдеп жасқа тола қалады да, сырт айналып, екі алақанымен бетін баса солқылдайды. – Ӛлгенін естімесең неге жылай бересің Күләш, осыныңды ғана айтшы!– деп ӛтіндім бір ретте. Тӛр үйінде оңаша отырғанбыз. Үн қатпай тұқыра егілді. – Әлде ағайдан хауіптенемісің?! – Жоқ, оны ӛзім аттандырдым ғой, Мұсатайдың керісі ғой... Жаудан кек алуды айтып жібердім, одан хаупім жоқ... мен... сендер үшін... сендердің жүректерің... сен бұлай жүдегенде... ол ерекше еді ғой!... Қандай халге түсті деймін!– деп Күлән қайта егілгенде мен кеңк ете түстім. Қасіреттің қатты қысталып тұрған кӛлінен саңлау таба қойған ірі тамшылар ыршып-ыршып кетіп еді, Күлән кӛзін сүрте салып жалт қарады. – Кел, соның бір әнін айтайық! – Қайсысын?– дегенді әрең айттым да, ӛзімді ӛз уысыма алғандай түйіліп, беки қойдым. – «Япыр-айды»... ӛзіңе алғашында... сәлемдемеге жіберген әні еді ғой,– деп Күлән да бекемделгендей тамағын кенеп алып, ширақ әуенмен бастай жӛнеліп еді, Нұрияның ӛзі таңдап қосқан ӛлеңінің бір шумағын аяқтата алмай, екеуміз де еңк-еңк етіп қалып тоқтастық. Үнсіз жылас, тілсіз дағдырыспен отырып қалыппыз. Жан қалталарымды сипалай бердім. Нұрияны аңсап, тауда жазған ӛлеңім түрме тінтуінде

294


жоғалғандықтан есімде қалғаны бойынша қайта жазғанмын. Соны тауып ұсындым Күләнға: – Ӛзім оқып бере алмаспын қазір, соған арнап жазғанмын, – деп ұсындым. Кӛзін сүрте отырып, екі қайтара оқыған Күлән: – Ӛлмепті!– деп қалды да бармағын тістей жылады. – «Ӛлмепті» деген осы сӛз «ӛлген» дегендей мағынасымен миыма шоқтай басылды: – Ӛліп...пе? – деп ышқынып қалдым. Күләннің ширай қойғаны сезілді. – Жо-жоқ, кім айтты?... Айтпашы мұндай сӛзді!... Ӛлмес, әлі-ақ кӛрісерсіңдер.... мұндай ӛлең арналған адам мәңгі жасайды дегенім ғой... Күлән оқыс сӛзін осы сӛздермен жуып сендірмек болса да, мұндайда аса бекем болуды, жас адамның мұндай күйіктен қатерге ұшырайтынын да ескертуі күдігімді қоздыра түсіп еді. – Ӛлеңге ән жасап кӛрейін, ӛзі келгенде қосылып айтармыз,– деуі ғана үмітімді демегендей, мүлде ӛшірмей жылтыратып шығарды. Ертеңінде таңертең сол кӛңілсіз қалпымызбен асханаға кірдік. «Жеті қарақшы ұрлаған үркер қызындай» тығылып Кәмен де қарап тұр бір жағынан. Жақыннан бері тіпті ӛлегзи күзететін болған. Диплом мен қызмет жолдамасын күттіріп сарылған сағыз күндерді аяқтастырардай айқайлай кірді тәртіп меңгерушісі:

295


– Жетеуің тамақты тез жеңдер де, тізіліңдер!– деді. Үмітіміз жанғандай жадырай шығып, тізіле қалдық. Кәмен соңымызда, меңгеруші алдымызда, қақпадан шығып құлдай тарттық. – Жолдамамызды оқу-ағарту меңгермесінен тӛте беріп, тағы да ӛсиетпен тартпақ шығар,– деп Шақан күбірледі. – Жоқ, кісім, мынаның түсі тым суық, басқа шарасы бар ма екен әлде?– деп Ынтықбай күбірледі. Соңғысы расқа шығатындай, меңгермеге бұрылмай ӛте шықтық. Нанляңның ұзын кӛшесі жайылған қалың жаймамен, дуылдаған қалың саудагермен және аларманмен азан-қазан болып жатыр. Бұл базар ішкеріге қашатын жемеңгерлердің дүниеліктерін арзанға сататын базары екенін ұққанбыз. Кӛтерілген сәскенің тымырық ыстығынан терлеп келе жатқан біздің кӛңілімізге бұл сасқалақ базар самал соқтырғандай, жайлы леп береді. Жаза майданына апара жатпағандай сезілсе, жадырап, желпіне жүрер едік. «Заманның қай сыры, маманның қай қыры» тап боларын ойлап, жерге қарай береміз. Алаңға жетпей бұрылып, «мәдениет клубының» қақпасынан кірдік. Ауланың түп жағындағы шағындау залға кіре бергенімізде жазаға емес,

296


азаға әкелгенін түсіндік. Зал тӛрінде қызыл-жасыл болатпен безелген кішкене сахна құрыпты да, Ғұпыр таздың үлкейтілген суретін қара лентамен кӛмкеріп, дәл тӛрге іліпті. Үш жүз шақты адам соған қарсы қарай тізіліпті. Кӛбі біздің ұйымнан ұсталған адамдар екен. Тұс-тұста қарулы сары аяқтар тұр. Кӛпшілікті жара жүрген меңгеруші бізді ең алдына қатарлады. Сахна маңдайшасы мен босағасы, зал қабырғалары түгел ұйғырша ұрандармен толыпты. «Батыр Абдығұпыр мәңгі жасайды!» «Мархұм Абдығұпыр мәңгі тірі!» деп айқайлағандай бадыраяды. – «Батыр Репқат мәңгі жасайды!» десе сияр еді,– деп Серәлі күбірледі. Қалпағын баса киген Таз суреті тірісіндегідей сес кӛрсетіп, түксие қарайды. «Сен де келдің бе, басыңды и, мойында» деп тікірейгендей. Аза сахнасының алдына бірнеше жуанды «бастап» Бұрһан Шаһиди шықты. «Бастап» шыққандай кӛрінгенмен айдалып шыққаны айқын ұғылғандай. Артындағылар қошаметтегенсіп, итермелей берді. «Сіз сӛйлеңіз, сіз сӛйлеңіз!» деген ханзуша күңкілдер естілді. Ұзақ түрмеден жаңылшақ болып шыққаны ма иә бұл араға сӛйлермін деген даярлығы жоқ па, «нісінісі» деп бӛгеліп, тым кібіртіктей сӛйледі ғалым. Ӛзі сияқты сӛзі де нарау, жүдеу басталды. Шың

297


Шысайдың алғашқы қызғылт дәуірінде «Алтайдан әз келді, Үрімжіден Таз келді, кӛктен Бұрһан түсті, жерден Шұрқан шықты...» делінгеніндей, талай мығымдардың жиынына, сӛздің қиынына қатынасып ӛскен шешен сӛзден жақұты емес еді, мына Таз жаудың батырлығынан жағжұты болып қиналып тұрған сияқты. Берекесі шашылған сӛзінен ӛзі де қысылғандай тершіп, қызыл сары жүзі нарт қызылға айнала қалды бір кезде, үкімет «батыр» деп жариялаған соң, аза жиынында батырлық құрап бермеуге еріксізденіп күшенгені екен. – Мархұм Абдығұпыр Үрімжіні зор қырғыннан сақтап қалды, – деп жуан басын изей сӛйледі енді, – Ғұпыр ахұн болмаса, неше мыңдаған азамат, оның ішінде мына тұрған сендер де қырылатын едіңдер... Сондықтан, оның рухы Үрімжі халқымен мәңгі бірге жасайды!..». – Ғалым шырақтар да «сондықтанына» жауап табу үшін талай соқпаққа ұрына береді екен-ау?– деп күрсінді Қуат. – Таз тажалдың орнына оны дер кезінде ӛлтірген Репқаттың атын қойса бұл сӛз алтынмен жазылған арнаудай болар еді ғой?– деп Ынтықбай түксиді. Мен оларға кешірім ойлата күбірледім: – Қатердегі басын осындай жел сӛзбен құтқара тұрғаны да жӛн шығар, аман болса талай септігін жасайды бұл кісі бізге!

298


Бір жуан сұр залдағыларды «үш минут азаға» шақырды, жуандардың бәрі суретке қарап тұра қалғанда, арт жақтан әскери бұйрық шақ ете түсті: – Ли жың!1... Абдығұпырдың құрметіне үш минут тағызым! – Бас имей, осы ли жыңына ғана тұралық, – деп жолдастарыма күбірледім, – сылтауға дін жауабы бар. Ӛзім бұл үш минутты залға қиырлай қараумен ӛткіздім. Алдағы жуандардан басқа ешкім бас имей, бізше кекірейе қарап тұра берді. Басқарушылар осы райды байқап, кӛпшіліктің қосылмағанын ӛздеріне сәтсіздік келтіретінін білсе керек, ұран шақырмай-ақ тарауға бұйыра салды. Меңгеруші бізді тізілген бойы ертіп оқу-ағарту меңгермесіне апарды. Жаза кесімін естіртуге осы аза күнін белгілеген екен. «Себепсіз салдар жоқ» екенін қаншалық қанқұйлы болғанымен Гоминдан да біледі ғой, осы қаралы жиын арқылы «қылмысымызды» аңғартса қыңқ етпей дабырасыз кӛнетіндігімізді ескеріпті: Алдыңғы жылы тоқ соққан Тоқты Сәметтің ӛлім себебін жаба тоқып жасырып кеткен керди сұр бастық есіктен шығып, бізді шола қарады.

1

Ли жың (ханзуша) – тіктел, түзел мағынасында.

299


Қолындағы қағазды жайып, жетеуіміздің атымызды шақырып, азуын баса сӛйледі: – Аза жиынына қатынастыңдар, кім ӛлгенін кӛрдіңдер, а... кӛрдіңдер. Сендердегі мәселе туралы... Біз білмейміз, саяси басқарманың тапсырмасы осы, сендерге үш шарт қойылған: бірінші, 1945 жылғы 5-ші айдың соңынан бастап екі жылға дейін Үрімжі қаласынан басқа жерге бару құқықтарың алынды; екінші, сол екі жыл ішінде қызмет сұрау құқықтарың алынды; үшінші, жастықтарың үшін, кенже қалған жарты миларыңды толықтыру үшін үкімет расхотымен оқытамыз, бұл – қамқорлық! Ұқтыңдар ма, жоқ па?... Бүгіннен бастап Шүнлянтуанға1 ӛттіңдер, мерзімі бір ай. Қалған орналастыруды сонан соң кӛреміз, ұқтыңдар ма, жоқ па?... Барыңдар, меңгеруші ӛзі апарып салады. «Кӛшеге шығу құқығымыздан» да айырылып, түрмеге түсіп қалмау үшін сілтеген жағына үнсіз жүре бердік. Шүнлянтуан дегені қайталай тәрбиелеу ретіндегі үш айлық саяси курс еді. Шинжяңға Гоминдан үкіметі орнағалы аудан бастығы дәрежелі мәнсаптылар кезектесіп осында оқып жатқан. Бұл кезегінің айлық қана болып ашылғанына шүкіршілік айтқандаймыз. «Құтылу орайы соны бітірісімізбен-ақ табылар» дестік. 1

Шүнлянтуан (ханзуша) – курс деген сӛз.

300


Сыфан мектебінің сырт жағындағы дӛңге Бахулан сайын кесе ӛрлей салдық, «Шүнлянтуан» мектебі сонда еді. Тағы да меңгеруші жетектеп, Кәмен айдаған малша тізіліп жеттік те, жүгімізді мектеп арбасы әкеліп тастады. Мұндағы әскери-саяси шонжар меңгерушілердің алдында біздің меңгерушіміз каукелек қақты. Арс етіп ала түсе алмайтынын байқап, қайтуға беттегенінде соңындағы Кәменді ұстай алдым. Жол-жӛнекей ақылдасуымыз бойынша Ынтықбай жетіп келді де: – Кәмен, үш жыл дәмдес болдық, ақырғы ақылымыз болсын,– деп сүзе қарады, – Нұрияның жоғалуы сенен болғаны анық. Оның құтылу жолын енді ӛзің ашпасаң ажалың бізден болмақ! – Біздің ӛлмейтінімізді қаншалық ақымақ болсаң да түйсінген шығарсың,– дедім мен, – Нұрия сынды жазықсыз жас жан іздеусіз, сұраусыз кетпек емес, әкесін ӛлтірсең де туысын, туысқанындай қиысқан дос-жарандарын ӛлтіріп бітіре алмайсың!... Кінәңді жуатын кезең де осы кез. Жақыннан бері тірі ӛлік болған сиқыңнан енді түсіне бастағаныңды байқаймыз. Біреу ерте, біреу кеш түсінеді. Бірақ, бұдан ары кетсең аспанға ұшсаң да құтыла алмайсың! Енді айт бізге, қазір қайда?... Жӛнін айтсаң ол құтылады, ал сен ол құтылғанда ғана құтыласың... Қаныңа мұқтаж емеспіз, сондықтан ақырғы рет сұрап тұрмыз!

301


Кәменнің маңдайынан тер бұрқырап, ӛңі күреңіте түсті, қызарған сарғылт кӛзі жасаурай қалды. – Менің де ӛздеріңдей сорлы екенімді кейінірек... түсінерсіңдер, Нұрияның жоғалуы оллаһи менен болған емес, білмеймін! – Сен білетін боласың да, біз білдіреміз, онан да ӛзің құтқарып жібер,– деп қоя бере салдым. Сол күні жатын орнымызды ыңғайлап алуға демалыс берілді. Дайын ағаш керуеттерге тӛсеніштерімізді жая салып, қақпа алдына шықтық. Ӛзіміз кӛрген жоғарғы Қызыл тау жағы тастақты белес, қалың зират еді. Сонда былтыр жерленген Момынбай мархұмның сайғақ ағаш мектеп қорғанының шығыс жақ іргесінен ғана кӛрінді. Соған барып құран оқып едік. Аржағындағы цементтеп қатырған сәулетті жаңа зират «мен мұндалап» кӛзімізге шалынды. Таңертеңгі аза сахнасының маңдайшасына жазылған ұран осы зиратта тұр. Ғұпыр Таздың «ӛлмес» ескерткіші екен. Қаһарлы ашу қолымен қату тиген балға немесе керке, іргесінің әр жерін әлден-ақ қопара жарыпты, зират үсті дәретханаға айналдырылып, «даңқты ескерткіш» сары ала, қызғылт қоңыр, кӛк бӛрте жапалармен әлем-жәлем «безеліп» қалыпты. «Мәңгі жасайтын қаһарман» әлден-ақ асарын асап болған екен. – Қожасына ұстап бере алмаса да, дәлелдеп кӛрсете кеткен «еңбегі» үшін біз де дәм татыра

302


кетейік, – деп Серәлі шаптырып болған соң, Шақан да жалпиып отыра кетті... Аты дардай саяси мектеп аталғанымен, «Шүнлянтуан» да ӛз алдына бір күлкінің ұясы екенін байқадық. Оқытушылары майордан генаралға дейінгі сыпыра «данышпандар» болғандықтан, сақалды оқушыларын мұрнын сүртуден бастап қайта тәрбиелеуге кірісті. Ақ сәлдебоздан бір-бір тӛсек жапқыш берді де, ағаш керуетке тегіс жайылған кӛрпелерімізді сонымен қымтатып, ағаш сылақпен ысқылатып, сылатып үйретті. Құйған кірпіштей қырланып, тӛрт бұрышталып шыққанға дейін ысқылаймыз. Бір айлық курстың бас сабағы осы екен. Таңертеңгі бір сағатта терлеп-тепшіп осыны «оқимыз» да, тізіле салып, алаңды айнала жүгіреміз. Бұл сарпылдақ дене тәрбие емес, қиын қыспақты екінші сабақтың қоңырауы іспетті еді. «Тәңір таразысы – қыл кӛпірден» ӛтердей жияугуандардың ӛздері де қысыла тершіп, қодырайысып алады. Жүгіртіп әкеліп бір-бірден қазықша қадап, тӛбемізден баса тоқтатады да: «Шапкыңды түзеп ки!» деп бірі, «аш қабағыңды, кӛтер иегіңді!» деп бірі сақылдайды... Кіші жяугуандар солай зықынасып болған соң «қалай, мынауымыз» дегендей ӛз бастықтарына жаутақтасады.

303


– Алып тастаңдар жанқалталарыңдағыны!– деп бізге енді бас жяугуан сұқтанады. – Сымдарыңның түймесіне сақ болыңдар, Санмужаң келгенде ашық тұрмасын!... Әйя, ол бір қарағанда-ақ ішегіңдегіні кӛріп қояды... Атылатын жолбарысша қарап, ӛз аттарыңды дауыстап атаңдар!... Бас жяугуан дара-дара қалшиып, сирек тізілген үш жүз шақты курсантқа осы ӛсиеттерін айта жүріп, арт жағына жалтақтаумен болады. «Санмужаң» деп қана аталатын ақ қолғапты, сары саржы киімді курс меңгерушісі мамырлап келе жатқаны кӛрінгенде ғана жақтары тынған жяугуандар тінтуге бар мүлкін жайып салғандай, сытылып алыстап шыға береді. Аса қымбатты бірдеңесін жоғалтқан кісіше тімтіне тікірейген бастық әрқайсынымызға «сенен басқа ешкім алған жоқ» дегендей шыраймен қадала қарап бір тоқтайды. Әр-қайсынымыз «ақпын да саумын» дегендей раймен атымызды ақыраңдай атап қаламыз. «Атылатын жолбарысша», қабаған итше немесе құтырған қасқырша кӛрінетін кескінімізге кӛбірек тігілетін бастық, егер ӛзі сау, ақылды адам болса, біздің бәрімізді де құтырғанынан сау емес деп иә атқысы келіп тұрған ыңғай жаудан басқа жай адам жоқ деп түсінер еді. Ӛзіне азуымызды қанша бассақ, сонша сүйінетіндей, кӛзімізді шадырайтқанша қарап тұрып алады, бойымыздағыны кӛзіміздің ағынан

304


кӛретін «гипноз» сияқты тесірейеді. Осы бір ай ішінде, «мақтанның делқұлысы екенсің, түртіп қалып ағызар ма едім» деп кӛзіне әлде неше білегенімізді де түйсінбей ӛтті. Дегенмен үкіметтерге адырайып, бадырайып ӛскен қулармыз ғой, «кӛреген ұстаздың» отыз рет ӛтеген осы «сабағынан» да жақсы нәтиже алғандаймыз. Гоминданның ӛз ӛлшемімен айтқанда үшінші сабағы ғана нағыз сабақ тәрізді ӛтті. Лектор – сол бастықтың ӛзі. «Жұңгоның тағдыры» арқау етілген тарихтық, саяси теориялық қойыртпақ тақырыпта жеті-сегіз рет лекция берді. Бір лекциясы екі-үш күн талқыланады. Әр лекцияның ақырғы талқысы күні мақтан делқұлысының ӛзі келіп қатынасады. Сол лекциядан түсінілмеген мәселелер жайлы сұрайды. – Түсінбеген қандай мәселелерің болса да сұрап алыңдар, бізден осы жерде сұрап түсінулерің алалдық, түсінбей де сұрамай кетсеңдер арамдық болады,– деп тақауырлайды. Бір емес, бар лекциясында сӛйленсе де «миымызға қондыра алмай» қойған бір «мәселесі» бар еді. Лектордың бұл сӛзіндегідей демократияны Гоминдан шаңырағынан күтпейтіндігімізден сұрамай келгенбіз. «Хұңхуа халқы ӛзінің ұзақ тарихында екі рет құлдыққа-бағыныштылыққа түсті. Бірі – Моңғол билеген дәуір, бірі – Манжу билеген дәуір» деп, бұл дәуірлер «Жұңхуа халқының

305


басынан ӛткен ең қаралы дәуір» екенін әр лекциясының бас жағында қынжыла, қайғыра сӛйлейтін де, соңында керісіне шығып, бес саусағын тарбита жаятын: «Мынау білек – Жұңхуа ұлты, оның бес тармағы міне мыналар – ханзу, манзу, моңғол, мұсылман, тибет. Кӛрдіңдер ғой, бұл бесеуі – бір білектен тараған туысқан, бір ғана Жұңхуа ұлты. Бұлардың тез арада бір-біріне қайта кірігіп тоғысуы, бір ғана тұлғаға айналуы сӛзсіз. Бӛлінуі мүмкін емес» деп тепсіне кӛтерілетін. Курстың соңғы кезеңіндегі бір күні лектор сұрау қоюды қузай түскенде біздің сабақтастар күбірлесе жӛнелді, лекцияларының бір-біріне қарама-қарсы осы екі «логикасы» туралы күбірлесіп едік, естіп отырған бір ұйғыр сабақтас, орнына қол кӛтере түрегелді: – Жұңхуа ұлты дегеніміз ханзу ұлты ма? – деп сұрады ол лектордан. – Ханзу – Жұңхуа ұлттарының бірі, ең негізгісі, деп,– лектор бас бармағын шошайтқанда ұйғыр сабақтас одан басқа тӛрт саусағын жая қойды: – Мына тӛртеуі ӛгей ме? – Ӛгей емес, ... айттым ғой, олар да Жұңхуаның ӛз балалары, естімедің бе? – Жұңхуа ұлтының тарихтағы ең қаралы екі дәуірі моңғол мен манжу билеген дәуірлер екенін бар лекцияңызда сӛйледіңіз... әкесінің құрған мемлекетін үлкен ұлы билеседе, екінші яки

306


үшінші, тӛртінші ұлы билесе де бола береді, әйтеуір бәрі Жұңхуаның ӛз балалары екен, мұрагерлік етіпті, ӛзге бір мемлекет басып алмаған кӛрінеді, ендеше ол дәуірлер тарихымыздың құлдық беттері болып есептелетіні несі? Мен осыны түсінбедім. Тілмашынан тыңдап, сирек қырма сақалы тікірейе қалған Санмужаң лектор орнынан атып тұрды. Ӛзі жариялап отырған «демократиясына» ӛзі қайшы келмеуге тырысқандай күлімсіреген болса да, кексе саясатшының қара торы жүзі қызғылт тарта қалуынан сасқаны байқалды. Курсанттардың кӛбі осы сұрауды қуаттай дуылдағанда тіпті сасқандай, әр жаққа жалтақтай берді, енді ӛз шындығына басып қалмаса, ӛз артын ашып қалғандай ұятқа бататынын сезіп састы. Шинжяңдағы қазіргі ұлттық мәселенің ең шиеленіскен кезеңіне қарай киіп алған түлкі терісін ызамен тастай салып, аюлығын аша, шоңқия отырды да, ақыра сӛйледі: – Жұңхуа ұлттарының ұлы ханзудан басқасы алғашқы жабайылық дәуірден әлі алыстап шыға алғаны жоқ. Олар ханзуға тоғысқанда ғана толық адамға айналады. Жұңхуа мемлекеті үшін айтқанда, билік басында ханзу болмаған дәуірдің бәрі жоғалу дәуірі есептеледі. Қазір кімде кім бұдан басқа идеяда болса, алдымен сол жоғалады! Ұқтыңдар ма, жоқ?!...

307


Ұстаздың осы сӛзі басымызға сойылдай шақ ете түсті де, мұнан басқа дұрысырақ сӛздерін ести алмадық. – Ұқтық, енді ұқтық, – деп ду ете түсті курсанттар, күлкі аралас сұрауды жаудыра ұзақ дуылдады. – Жапон, әлде, Американ басып алса ғана жоғалмайтын шығармыз?! – деп бір тобы Гоминдан ісіне жарай дұрыс сықақпен күлсе, бір сыпырасы тізгінін алды-алдына қоя беріп егеспен лаға күлді. – Бір ұлының ғана «ұлы», басқа ұлдарының сыпыра «жабайы» аталуы неліктен екен? – деген сайқы сұрауға тағы бір тобы «жауап» қайтара күлісті. – Кейінгі ұлдарының шешелері маймылмен ашына болған-ау тегі? – Шешей әкені менсінбей, маймыл ашынасына бір жола ауып кеткен ғой! Кейінгі тӛртеуінің түгел «жабайы» болуы соның дәлелі! – Асқазаны шіріп, бактерияға толып алмаған болса, ауыздың сасығы мұншалық жиренішті болмас еді, – деп біз де күбірлестік. Әр курсант ӛз ойындағыны күлкімен ақтарып, ерегестің лақпа жауабымен осылай дуылдасып жатқанда, ӛз идеясына сӛзбен нандырып кете алмайтынын түсінгендей лекторымыз сахнаның артқы есігінен шығып кете берді.

308


Лекторымыздың ең білгірлігі – курстың мұнан соңғы уақытын «түсінбеген мәселелеріңді сұрап ал» деген талабының пұшпағын да кӛрсетпей аяқтауы болды. Әрқайсынымызға Жяң Жиешының бір басы тартылғандай, соның бас мүсіні түсірілген бір-бір знак қадап қайтарды, алған дипломымыз да, қызметіміз де сол бас қана еді. Оқу-ағарту меңгермесінен келген кісі бізді Шинжяң институтының ханзу тілі факультетіне тапсырып берді. Оқушылар жаздық демалысқа босатылған кез болғандықтан, Шың Шысай қызыл шырайлы кезінде салдырған қызыл үйдің бір бӛлмесі мен асханасы «жеті қарақшыға» еркін тиіп еді. Бұл мектептегі бақылаушы да, бастық та тозып кеткендей. Жолдастар ӛзді-ӛз бетімен Үрімжіден кетіп алу қамына түсті. Қала іші де сондай, зорлықпен тұрған армиядан басқасы ӛз қамымен қайшалыс. Кӛше-кӛшесі мен түкпір-түкпірі түгел құжынаған жайма базар, алатынын алып, сататынын сатып шұбырып жүрген жұрт. Үкімет қанша кіріссе де мұндай арзаншылық болмас еді. Қашушылар қара басынан басқасын қалтаға сиғызбақ кӛрінеді. Мінгі жылқы ғана қымбат екен. Одан басқасының бізге керегі де жоқ қой. Алуға қолда ештеңе жоқ, біздің жолдастар алабұртып, айнала жортты. Нұрия мен әкесінен дерек іздеп мен жорттым. Түрме қинауынан ӛлісімен-ақ

309


«кеңшілік» тізіміне аты ілінген Үмбетбайдың хабарын шыға сала Күләннан естідім де, «Шың Шысай түрмесінен» ұлттық ұйымдардың кепілдігіне енді шығып жатқандарды айнала кезіп, қазбалай сұрастырдым, ӛзім түрмедегі кезімде естіп, ойлаған тұспалым дұрысқа шықты. Үмбетбай сол бесінші ай ішінде жалалы қинаудан ӛліпті. Бірақ, «түрмедегі қазақ қызы» жайында қазағы да, қырғызы да, ұйғыр, ӛзбек, татар, моңғолдары да ештеңе естімепті. Ешқандай хабар шықпады. Орындамай кетуге болмайтын екі міндетім барын ғана ескеріп сенделе бердім. Бірі – Үрімжі маңында болса Нұрияшты тауып, бірге әкету. Екіншісі, қызы мен әкесіне істеген қастығын толық анықтап алып, Кәменді ӛлтіру... «Ӛлтірген қол сенікі болмаса да ӛлтірер жерге жіберген жала сенікі ғой, Кәмен»– деп зіркілдеп қалғанымды ғана білемін. Тӛрт кӛшеге келіп тұрыппын, Кәмен жоқ, ӛзім ғана екенмін. Нұрияшты кіргізіп әкеткен сақшы бӛлімшесін шолуға, қисыны келгеннен жӛнін сұрауға шыққандай едім. Тӛрт кӛшенің оңтүстік тарамын кесіп ӛте бергенімде сары аяқтардың екі-үші бірақ ақырды. Қайта шегініп шетке тұра қалдым. Алдыңғы айда түрме терезесінен Жамал кӛрсеткен сарылар мен кӛк кӛз күреңдердің бір тобын тағы да матап айдап шығыпты, сары аяқтар тұс-

310


тұсынан қамап мылтық найзасымен түрткілеп келеді. Олар тӛрт кӛше түйілісіне жете бергенде, жиылып қалған халық арасынан бір екі шляпалының тамағын жырта айқайлаған ханзуша ұраны кӛтерілді: – Жерімізге басып кірген Совет армиясын жоғалтайық! – Қызыл шапқыншылар рахымсыз жазалансын! Ұраншылардың сырт жағында сыбанып тұрған оншақты жігіт бері шыға келді де, айдаушы сары аяқтар шебінен ыршып ӛтіп, кӛк кӛз сарыларды тепкілеп, жұдырықтай жӛнелді. Сары аяқтар енді арашалағанси қалды да, халық жазалаушысы болып кӛрінгендер ӛршелене түсті... – Рапайыл!– деп айғай салдым мен. Қырқыншы жылы күзде Шәуешек гимназиясына менімен бірге барып, сынаудан ӛтпей қайтқан сабақтасым Рапайыл кӛзіме оттай басылды. Ышқына жылап жіберіп қайта айқайладым. – Рапайыл, бауырым!... Ол жалт қарағанда сары аяқтардың бірі беттен тартып жіберді де, желкелеп айдай жӛнелді. Әлгі ұрандаушы шляпалылар адырая бұрылып, сарылардың соңынан арсылдап тұрған жұдырықшы жендеттеріне жалтақ-жалтақ қарасып қойып, маған беттеді. Үш-тӛрт ұйғыр жігіт алдыларына тоса қалып сӛйлесе кетті. Мен бар дауысыммен құтыра айғайлап, жиылғандарға ханзуша түсіндіруге тырыстым.

311


– Бұлар Советтік емес, ӛз адамдарымыз... Анау бірі менің Дӛрбілжінде бірге оқыған сабақтасым. Аты – Рапайыл, әкесінің аты Ғарып, Шәуешекте туылған, Жұңголық!... Қабырғамнан біреу түртіп қалғанда жалт қарадым. Шашын жыға тараған ұзын бойлы, қырма мұрт орта жасты ханзу екен. – Біз біледі, халық біледі, бұлар сулян1 емес,– деп ұйғырша шала тілімен күбірледі, – сен тез кет, тез, тез, сақшы ұстайды! – Жүрің, жүрің,– деп бейтаныс екі ұйғыр жігіт қолтықтай жӛнелді мені, – мына жендеттер – халықша киінген сақшы, енді сені ұстағалы беттеді, қаш!... Әшкерелетпеу үшін аузыңды таңып әкетіп жоғалтады!... Артыма қарасам, әлгі жендеттердің екеуі ӛндіршектеп, кимелеп келе жатыр екен. Иін тіресіп, жиын тұрған халық жол бере қоймай, қағыса кетіп бӛгеп қалды. Зыта жӛнелдім. Шляпалы ұраншыларды алғашқы бӛгеген ұйғырлар да жіти басып ӛрлеп барады. Бұрынғы бір қашып құтылған жағыма бұлтара жӛнеліп, сазға жеттім де, ашумен шешіне салып, таяз суға етпеттей құладым. Ал солқылдамаймысың келіп...

1

Сулян (ханзуша) – Совет одағы

312


Қой!... қой, мықты бол Биғабіл,– деп бетімді сумен жуып-жуып жібердім бір кезде, қызып кеткен басымды тоғытып-тоғытып алдым. – Жылау деген қиыншылыққа мойындау ғой. Қазір ӛлімге де мойындамау – азматтық шарт. Айдаһар заманда ӛскенге шыдадың, енді соның басын кескенінше шыда.... «Ӛмір үшін ӛлгенше күрес, күреспесең күйрегенің – күл болғаның, шыдамасаң, шымырлана түспесең күресе алмайсың. Бәріне де шыда!... Ал кегін, бәрінің де кегін ал! Сол үшін егесіп тірі қал!» Осы сӛздерді бір-бірден айта тұрып малта таспен судың ту талақайын шығарыппын... Ертеңіне таңертең орнымнан ширай тұрдым да сәскеге дейін жуынып, қайта ӛсіп қалған шашымды қайыра тарадым. Нұрия жоғалғалы ұмытылған тарану еді бұл. Содан бері гримделмеген батинкамды да гримдеп, тамақтанған соң барыммен сәндене бастадым. Қуат пен Ынтықбай кӛңілденді мұныма: – Е, жиді бермей, осылай жүрсеңші шырақ! – Жігітіңде жидіп, шал болмай шірімекпісің дегелі жүр едім,– деп Ынтықбай күрсінді. – Тау мінездес болмаған азамат мұндайда тез таусылатын кӛрінді. Тау басын қар мен мұз қауып жатқанда, тӛсінде жайлау жайнап, сай саласы сан түрлі гүлмен құлпырып тұрады ғой. Жігіт басына қар да жауады, оны ерітіп нұр да жауады, нұрыңды

313


ӛшіріп қар жауса, ол қарды қайта ерітетін нұр қайда кетпек, «кезекті дүние, кезбелі несібе» ғой! Менен кӛз алмай қарап, бажайлай сӛйлеуіне күйігімді айтып шағынбасам да, күйімді әбден түсініп кӛмекке айтуға дайындап жүрген достық сӛзі екенін сездім. «Нұрияштай нұр қайда!» дей жаздап барып тоқтата қойсам да толқыным тоқтамай, қызарып сала берген сияқтымын. – Түсінемін, түсінемін,– деп Ынтықбай басын тӛмен сала сӛйледі енді. – Осы бірге болған үш жыл ішінде бізге үлкен азаматтық кӛрсетіп келдің Биғаш. Әсіресе, мен үстіртте ӛскендігімнен үстірт мінезді кӛп кӛрсеттім; қатты хауіп те салғанмын. Қажымадың, қаруын жақсылықпен қайырып отырдың... Оқыс қақпаннан талай құтылдық қой. Ӛшіремін деген кешуден ӛсіп ӛтуден үлкен қажырлылық бар ма? Әлі де қатерлі кешулер бар шығар, ӛшкіндемей сол қайсарлығыңды сақтап, қурамай ӛсе беруіңді тілеймін! – Тым жақсы талапты дер кезінде қойдың, Ынта, рахмет!... Бірақ, бар жақсы нәтижені маған үйе бермеші!... Әрқандай жақсылық кӛпке ортақ болмай, жақсылық қатарына жатпақ емес, ортақ сипатты болғандықтан кей кішкенесі де үлкен жақсылық болып кӛрінер. Шын үлкен жақсылық кейінгі сенен шықпады ма, «түйе» журынның жазасынан бүкіл класты құтқардың, Кәменнің қырсығынан сен болмасаң кім құтқара алар еді

314


бізді? Қол-аяғын байлағандай, тиып бергеніңді қалай ұмытайық!... Ұстаз атындағы ең сойқанды тыңшыны ашықтан-ашық соққыға жығу қандай оқушының қолынан келетін ерлік?... Айырылысар шақ жетіп тұрса да, ӛз жанымдағы әурешіліктен айта алмай жүрген талай... – Менің айтпағым, осы «жан әурең» жайында болатын Биғаш, іздегенің Алтай маңында болса, дәл ӛзіңдей іздеп тауып берейін, ӛз жаныңды аман құтқаршы әуелі! – Алтайдан табылмайды, ол анық. – Біздің ұйымдағыларды қалғанымен қоса қайта ұстау сӛзі шығып жатыр, енді асқардай азамат жанды құтқарудан басқаны қоя тұр!... Ол аман болса Алтай жаққа ӛтпей қоймас!... «Қайта тұтқындау» жайындағы сӛзді тектеп, талқылай шықтық кӛшеге. Қуат екеумізден басқа «бес қарақшыға» жақын маңнан құдандалықиыстық паналар табылып қалған екен. Қуат түрмеден жақында шыққан ағасын тез әкету қамымен асығып жүр. Менің қамым ғой ӛз алдына. Қайғы-қуанышымның тетігі Күләннің кӛмейінде тұрғандай сезіледі: Нұрияға арнаған ӛлеңімді оқып-оқып, «ӛлмепті» деп қалғаны бар ғой, жылай беретіні де қатерлі белгі сияқты, мені аяп, айта алмай жүргендей. Рухи жақтан күйреу жағдайына түскендігім себепті, зілдей ауыр хабарды зәредей

315


ашты күйінде алқымына сақтап келе жатқан секілденеді. Соны батыл сұрап, айтқызып алуға дәтім де, күшім де бүгін ғана жеткендей. Қуат ағасы жатқан ұйым клубына бұрылып қалғанда, мен құлдай түсіп Күләннің қақпасынан кірдім. Тӛр үйінде тағы да жалғыз, ойда отыр екен, қайратқа мініп келгенімді қабағымнан тани қойғандай: – Ә, бәсе, ақылды Биғаш, осылай жүретін,– деп түрегеліп, қолымды алды да, қасындағы орындыққа отырғызды. – Әр күнді, әр сағатты батырлық қайратпен ӛткізетін кез осы, түсінесің ғой? – Қазір тіпті толық түсіндім. Ӛлгеннің кегін тірісі қайтармаса, ол кек қалай қайтпақ? Кірпігін қаға түсіп, жаутақтай қарады Күлән: – Ӛлгеннің?... ол кім?... не естідің?! – Ӛлген аз ба, кеше ғана ӛзіңнен де біреуін естідім ғой, бірін оның алдында күңгірттетіп, кӛлегейлеп қана қойғансың. Бұйырса енді соның анығын да еститін шығармын?... Не кӛрмей жүрміз, бәріне шыдаймыз да! Біраз кідіріп тағы да байыптай қараған Күлән, түйіле түсіп жұтынды, улы хабарды тағы да жасыра түскісі келгендей. – Сен оған басыңды ауыртпашы, бір хабары шығар!

316


Мен кеше сарылар жайындағы кӛргенімді айттым да, Іле жаққа тез ӛтіп алып, Гоминданның осы сұрқиялылығын әшкерелеуге асығатынымды білдірдім. – Бірақ, алдымен Жемсарыны адақтап қайтуым шарт,– деген сӛзді тығылған сырын тартып шығару үшін әдейі қоса қойдым. – Айтпақтайын, саған бір қуанышты хабар жеткізейін, кеше кеште ғана естідім, – деп қунақылана қойды Күлән. – Сенің Дӛрбілжінің және Шәуешек, Шағантоғай аудандары азат болыпты. Ұлттық армия мен партизан отряттары енді Шихуға тӛніп келеді дейді. – Солай болатын қисыны әлдеқашан келген ғой,– дедім мен оған. – Менің кеудемде қазір Жяң Жиешінің басы бар, оның жолын сары аяқ кесе алмайды. Кәмен нағашысының адресін де таптым. Ертең солай шықпақпын, бұған қалай қарайсың? – Бармай-ақ қой, бекер қиналасың, – деп күрсінді Күлән. – Ол жақта болса тауып келетін адам бар дедім ғой! Бейсауат жүрген адамның бәрін ұстай беретін болыпты. Сендерді қайта ұстау сӛзі де шықты, оны естіген шығарсың? Түрмеден босаған адамдар әлі де қатты бақылауда екен. Жаны алқымына келгенде халықты алдай тұру үшін ғана шығарған болып отыр ғой. Таңжарық ағаны да қайта тексеріп жүріпті. Енді сенің аман қалатын екі-ақ жолың тұр, сен келерде мен осыны ойлап

317


отырғанмын. Бірі, тау жолын білетін серік таба алсаң, кӛлікпен ұлттық армияға жетіп ал. Нұриядан алаң болма... Тірі болса... осы жерден күтіп аламыз. Болмаса... кетудің қисыны келмесе, Ұланбай жақтағы бір қазақтың үйіне паналай тұр. Бұл жағына ӛзім жәрдемдесейін. – Күләш, қамқорым менің!... Нұрияның Үрімжіде жоқ екеніне алдымен ӛзің сендіргенсің, «Жемсарыдан іздеуші бар» деуің естірту уақытын кешеуілдету, мені күйіктің оқыс қатерінен сақтау үшін ғана айтқан сӛзің ғой, бұған әлгі бір ӛлеңді оқып шығып «ӛлмепті» деп қалуың айғақ, – деп кідірдім. Күләннің сырт қарап алып, басын тӛмен сала егіліп отырғанын, жауырынының бүлкілінен біліп кідірдім. – Енді Жемсарыға барып әуре болмауымды айтуың ол жерден табылмайтынын білгендігіңнің белгісі ғой! Мені қатерден ғана емес, әуреден де сақтағың келеді. Мұндай жанашырлығыңды бұрыннан түсінемін. Ӛлітірісін білмей, қайтып жатармын бір түкпірде! Бұл хал бәрінен де қатты батады маған!... Қанша күннен бергі азапты ойды қайратпен жеңгелі келіп отырмын бүгін. Қанды кекті қайтару үшін ақыл мен қайрат керек қой, ендігі шыдамдылықты менен сұра, жылауды қой! Жылағанға қайтып келмейді, бәрін де біліп отырмын! Күлән еңіреп жіберді:

318


– Кекті қолма-қол қайтарамын деп оқыс кетесің ғой!... – Жоқ, кек үшін ақыл-айла керек екенін айттым ғой әлгінде, кек аламын деп ӛзім де кетсем бәрінен жаман ӛлім сол болмас па?! Күлән атып тұрып асыла түсті мойныма. Үн сала жоқтап, зарлай жӛнелді. Ыршып-парлап кеткен кӛз жасымды сүрте бердім. – Тоқтата, қой енді,– дедім бір сәтте, – қызылдығы үшін қызын ӛлтіріп, қызын іздемесін деп әкесін ӛлтіріпті!... Әкелі-балалы екеуі де едел-жедел ӛлтіріліпті! Бұған кӛз жасы шақ келмек емес!... Қалай ӛліпті?!... Соны айтшы! Менің буынымды қайта босатып алмау үшін Күлән да зарын тоқтата қойып, бекем үнмен қысқаша ғана әңгімеледі. – Сол қамаған сақшы бӛлімшесінің бір бастығы түнде кіріп, зорламақ болған екен. Нұрияш дайындап жатқан жарты тас кірпішін ала түрегеліп, шекесінен қойып қалыпты. Ол сенделектеп тұрғанда артынан екінші бір офицер кіріп, ананы сүйемелдеп шығарып жіберіпті де, ӛзі кіріп зорламақ болыпты. Нұрия екеуі жұлқыласып тұрғанда әлгі жараланғаны қайта кіріп, екіншісінің шығып кетуін бұйырыпты. «Сен шық, әйелің бар, мен мұны әйел етіп аламын!» деп екінші офицер таласқан екен. «Ендеше міне» деп Нұрияны атып кетіпті.

319


– Сонан соң?... Ӛзін кім қаматқан екен? – Сақшы басқармасы... «Жемсары түрмесіне жіберілсін» деп бұйырған біреуі «жақсы тӛсеніші бар, таза үйге» қамауын да тапсырған екен. Сол түні іле-шала ӛзі келіп, ӛлімнің үстінен түсіпті де, сүйегін белгісіз бір жаққа жоғалтқызыпты. – Мұны кім тексеріп анықтаған? – Ақылбайдың бір дос сақшысы... Сол түні күзетте болған кезекшіден сұрап ұғыпты да, жараланған атушының таңулы шекесін кӛріп анықтапты... Ақылбайдан сұрарсың!... Саған да, маған да зор қаза болды Биғаш, қайтеміз, шыдаймыз да! – деп Күлән шыр ете түскенде, есік сыртынан тыңдап тұрған шешесі кіріп келіп, кӛңіл айтып, екеумізді де сабыр-қайратқа шақырды. Шәй құйып, ұзақ сӛйледі. – Кәменнің талабы бойынша ғана ұсталғаны, қожасының Нұрияны Жемсары түрмесіне жіберуді бұйыруынан да кӛрініп тұрмай ма? – дедім мен, – Жемсары сақшысынан нағашысы арқылы кепілдікке шығармақ... Түрмеден құтқардым деп кӛңілін алмақ екен ғой?... Иә, Кәменнің сол тілегін орындаушы қожасы да алал құлына «ақ кӛңілімен қамқорлық» етпек болыпты... Кәменнің қазіргі «мастығы» қожаларының сол «мейірінен» «тойғандығы» екен ғой!... Таласып ӛлтірген сақшыларды жазалатып па?!

320


– Иесінің үстінен шағым айтуға иті шыдай ма, әлгі анықтаған сақшы ғана тәртіп бойынша жасырын шағым кӛтеріп, әркімге айта берген соң, сол екеуін орындарынан ауыстырып қана қойыпты. Атқан офицер ауысып барған жерінен Кулиге қайтып та үлгіріпті. Сертіме қанша бекінгеніммен күйзелістен тер бұршақтап кетті. Кӛзім қанталап қиықтана, аузымұрным қисая түсті. Есікке беттегенімде Күлән тоқтатып, жүзін жуды да бірге шықты. – Кӛшеде сырт біреуге сездірмеу үшін, жайшылықтағы қалпыңа түсші,– деп күбірледі шыға бере. – Біз институтқа келгелі Кәмен кӛрінбеді, қайда кеткенін білемісің?– деп күбірледім мен. – Сақшы басқармасында. Астыртын курста оқып жатыр дейді... Азат болған аймақтардың біріне жіберуге тәрбиелеп жатқан болар. Одан кек алуға асығып, қатерге ұшырап қалма, иә!... Уақыты келгенде кӛрерсің... Әлгі шпионды атқан Репқатты кескілеп ӛлтіріпті ғой... Артымыздан Қуат та шығып ӛрлеп келеді екен. Күлән соны тосып тұра қалды да менің аяңдай беруімді сұрады. – Сәлеметсіз бе, Қуат аға?– деп амандасқанын ғана естідім. Қатарласа жүріп күбірлесіп келе жатты. Менің қатерге ұшырап қалмауымды тапсырған сияқты, екеуі қуып жетіп, екі жағымнан

321


қатарласа жүргенде, Қуат маған жалтақтап қарай берді. Жайма-шуақ қалыпқа түскенси қойдым да: – Күләш, сен енді үйге қайта бер, рахмет!... айтқаныңның бәрін орындаймын, менен қамсыз бол,– дедім. – Иә, қайта ғой шырағым,– деп Қуат та қостап, Күләнді қамсыздандыру сылтауымен мені қайрай жӛнелді. – «Жолбарыс ізінен, ер жігіт сӛзінен қайтпайды». Біз Биғабілді жолбарысымыз деп те, жолбасшы боларлық ақыл азаматы деп те сенеміз. Ақыл азаматының елі үшін ақтайтын борышы кӛп болады. Оны ұмытса ақымақтыққа ауғаны. Биғабіл оны кәміл түсінеді, шырақ!... Биғаш, таңертең Ынтықбайдың ӛзіңе айтқаны есіңде шығар. «Тау мінездес болмаған азамат мұндайда тез таусылады екен» деді ғой, неткен кемеңгер ақыл! «Тау мінезі» қалай: «басын қарлы боран бүріп тұрғанда, бауыры гүлдеп тұрады». Басыңа қандай қиыншылық түссе де ӛзіңді мықты ұстап, ішіңнен гүлдене бер деген сӛздің шебер суреті ғой! ... Алдыңғы жылы ӛзіміз ақымақ санайтын Ынтықбай кӛре-кӛре ақыл данасы болып шықпады ма?... Ал, шырағым, сен қайта ғой!– деп Күләнға қарап тұра қалды Қуат, – Биғабілдің тіпті де аусай кетпейтініне сен! Біз де бар! Күлән бізге кең тыныс ала қарады да, күлімсірей сӛйледі:

322


– Араларыңызда қиыншылық кереметі ғана емес, ақылдың керемет сӛздері де жүреді екен. Осы сӛзіңізден мен де кең тыныс тапқандай болдым. – Иә, ақыл анасы – қиыншылық екен, осы үш жыл ішінде соны ғана оқыдық... Біздің ақылдан тыныс аламын деп Гоминданнан тынышың кетіп жүрмесін, біздің ақылды қарақшының қанжары деп түсінеді олар, қайта ғой шырағым, рахмет! – Әлгі ӛтінішімді Ынтықбайға да айтып қойыңызшы, Қуат аға! Ал Биғаш, неғұрлым тез болсын,– деп Күлән жүре сӛйледі, – таңертең кездесейік!... Мектепке кіріп келсек, ыңғай бала сары аяқтар сары масадай қаптап кетіпті, қызыл үйдің бӛлмелері ғана емес, залы да быжынай қалыпты. Ішкеріден жаңа жеткен армияның бір баталионы осында түсіпті. Институттың ӛз адамдарына асхана қатарындағы кішкене залды ғана қалдырыпты. Біз де соның бір кішкене бӛлмесіне тӛсенішімізді тасып жүргенімізде терлеп-тепшіп түтіккен Ынтықбай жетті. Келе Қуат екеумізді шақырып, құшақтай алды: – Сен екеуіңді Дӛрбілжіннен келген туыстарың іздеп жүр!... Келді ме осында?... Ал іздеңдер, Санпакудың1 басында күркесі бар екен. «Біз таба 1

Санпаку (Шаңфаңгу) – Үрімжінің оңтүстігіндегі жер аты.

323


алмасақ, ӛздері келсін, қайтседе келсін» деп кӛп тапсырды, әкетеді! – Дӛрбілжін мен Шәуешек азат болыпты ғой, бұлар қалай ӛтті екен? – Одан бұрын бір бай ханзудың қойын айдап ӛткенбіз дейді.... Қуат ағасының қамын ойлағанда, мен Кәменнің қанын ойлап тұрып қалдым. Аспан мұнаралы, күн батып қалған шақ еді. Аз кідірістен соң Қуат Ынтықбайды оңаша шығарып, бірдеме айтты да ағасына жӛнелді. Күләннің тапсырмасын айтқан екен. Ынтықбай мені қолтықтай тартып, керуетке отырғызды: – Ал, айтшы, Нұрияға не бопты?! – Ӛлтіріпті! – Қалай?! ... Кім ӛлтіріпті? Неге ӛлтіріпті? – Қазір сұрамашы!... Айта алмаймын! Кӛзімнен жас ыршып кеткенде құшағына баса қойған Ынтықбайдың тамшысы менің желкеме тамды. Тез жиыла қойдым. Тұқыра отырып болған оқиғаны, оның ішінде Кәменнің ісін баса баяндап шықтым. Ынтықбай да тұқырып алған екен. Басқа жолдастар қасымызға келіп тыңдап тұрғанын да байқамаппыз. Біреуі менің самайымнан аққан терді қол орамалымен сүртіп қалғанда жалт қарадым. Шақан Салықтың кеше сатып әкелген қанжарын алып, жүзін кӛріп тұр екен, сымының белдігіне қынымен тыға қойғанда:

324


– Не қыласың оны?– деп қалды Серәлі. Танау бүйірлері тостағандай теңкиіп алған Шақан жұқа мешпетін түймелеп тұрып, қырылдай жауап қатты: – Қасқыр аулаймын! – Қоя тұр қазір, ӛзің ӛлесің,– деп Ынтықбай да қырылдады. – Әкесі мен баласын бірдей ӛлтіріп отырса!... Томпақ беті жыбырлап, қатты тістенуден шықшыты бүлкілдеп кеткен Шақан осы сӛзімен жұтына жӛнелді. – Ей, тоқта!– деп ыршып барып ұстай алды Серәлі. – Ол қазір саған алғызбайтын жерде. Серәліні сілке тастап, кішкене залды бойлай жӛнелген Шақанды Ынтықбай екеуміз қуып барып ұстадық. Кӛзін сүрте артымыздан жеткен Салық та, шынтақпен қағылып қалған Серәлі де қайта жармасты. – Тым болмаса бір шолып келсінші!– деп Әмірқан ғана қарап тұр. – Үй, кӛшеге де шығармайсыңдар ма мені?– деп кеуделеді Шақан. Ынтықбай қаусыра құшақтап алып зекіді. – Шықпайсың!... Таба алмайсың оны кӛшеден, сақшы басқармасының күзетті жатақханасында жатыр ол.

325


– «Нағашың келді» деп шақыртып шығарамын... Алдап бір бұрылысқа апарамын да ұра саламын... Ымырт қараңғысында жетемін, дәл уақыты! – Жан мылтық беріліпті оған, сені кӛре сала дайындап алады ол! Бесеуіміз бір Шақанмен жұлқыласып, жатақханаға кіргізе алмай тұрғанда Қуат келіп ту сыртынан жармасты. Жетеуіміз еденге екі-үш ескі кӛрпені жая салып, құлақтаса жаттық. Кітаптар мен керекті киімкешегімізді қаладағы тұрғын сабақтастардың үйлеріне жүйткітіп болғанбыз. Қуат ұйым жатақханасынан ағасын шығарып әкеле алмағанын айтып күрсінді. «Азат еттік» деп отырған үкімет мырза қамақтан босатыпты, «Бүлікті тыныштандырып болған соң, ӛз расхотымызбен, сыйлығымен апарып саламыз» деп «жарылқапты». – Жақын емес пе, бәріңнен бұрын мен жетіп аламын ғой. Тіміскілеп шыға қалса мен «күтіп» аламын ғой? – деп шихулық Әмірқан тістенді. – Кәменнің атын атаудан жиіркеніп, бәрі де «ол» деп қана атай берді. – Шпион қанына жерік қатындар кӛп шығар, оны кім соқбас дейсің, тұра тұрсын!– деді Серәлі. – Жүрек ауруына оның еті дәрі болатын кез жетті ғой шіркін!... Менің қолыма түссе, тұмсығын тұтас кесіп, ӛзіңе жіберіп беремін, Биғаш!– деп

326


Ынтықбай құшырлана қысты мені, – осыным серт болсын!... Тұмсығы оның негізгі белгісі ғой. Ӛлтірілгеніне сенесің де сергисің! – Тәрбиелеп жатқан қожайыны біз жаққа бір жібермей қоймас,– деп Салық сипады басымды, сонда жол түйіні – Шихудан иә ӛз Дӛрбілжініңнен ұсталмай кетпейді! Осыныма сен, әлі ӛз қолыңа түседі ол! Қоштасарда айтайын деген бір сӛзім ойыма түсе кетті. – Жеткеніміз ұлттық армияның ең алдыңғы шебінде болайық жолдастар!– дедім ӛтінішті үнмен. – Сендерге ӛмір бойына қоятын достық қолқам осы ғана болсын!... Үрімжіге қайсынымыз тірі кірсек, кіші тӛрт кӛше маңындағы барлық сақшы бӛлімшелерін тергеп, Нұрияның сүйегін тапқызайық! Зираты Момынбай, Ақай мархұмдардың қасына қалансын, атын берік тасқа ойып жазайық! Сеніңдер, достар, ол... ол... қыздар әлемінің ең пәк жүректі періштесі болатын, туған еліне тән ар-намыс жолында батырлықпен күресіп ӛлді ғой! Ӛл....ді!..– деп ышқынып қалдым да, – «тоқтат» – деп ӛзіме-ӛзім күбірлеп тістендім... Қайта-қайта құшақтаса қоштасумен, бас, арқа, маңдай сипасумен таң атты. Қуат екеуміз күн шыға ӛзенге Санпаку тұсынан түстік. Жоғарғы жағымыздан, арнаның батыс жағасындағы кер жотадан екі пулимет кезек-кезек сақылдайды.

327


Былтыр жазда Дӛрбілжіннен кӛргеніміздей, қорыққан сары аяқтардың халыққа жан алғыш болып кӛріну үшін қоқиланып арсылдауы еді бұл. Ар жағындағы сай аузына тұмсықтан айналып ӛттік. Екі жерден тосқан күзетші әскерлер кеудеміздегі Жяң Жиешінің сопақ басына қарап, жүре қайтарған жауабымызға кӛне берді. «Әнеу тоғайдағы хұйзу сабақтасымыз қонаққа шақырған» деп шірене ӛттік. Кезеңге шыға қайрылып, иіліп тұра қалыппын. Үрімжінің Нұрияш жұтылған тұсы айқын кӛрінеді екен. Аяулымның ақырғы басқан ізіне, тӛгілген қыпқызыл қанына қарап иілгендеймін. Кӛзім қанға толып кеткендей, Үрімжі тұтасымен қанға батып, қып-қызыл кӛл болып кӛрінді. – Қалдың ба Нұрым?... Жан жүрегім, бақыл бол! – деп күбірлегенімде жүрегіме қатал соққы енді тигендей, ұйып бара жатты. Жалт бұрылдым, – тоқтат!... то...қта...т!– деп зекіп-зекіп қалдым ӛзіме. Қуат қолтығымнан сүйемелдеп ала жӛнелді. – Сен ӛзің мына қалпыңда сау қалмайсың, шырақ, жассың ғой, жүйкеңді сақта!... Ӛзіңді мықты ұста, мықты ұста!... «Ӛзімді мықты ұстап», аузымды қатты бастым, кӛкірегімді кере, нық адымдай жӛнелдім.

328


Әділетті тергеушім, менің осы халіме қарқылдап күлерсіз, «қанқұйлы қарақшыға қалыңдық тұрсын ба, осы қалыңдықтан да тас қауып қалғаны ғой» деп күлерсіз. Қылмыстының қиналуынан ләззәтті қызық бар деп түсінбейтін жаныңыз кенеліп-ақ қалар. Абдығұпыр «мархұм» тірі болса бірге күлісіп, тіпті рахаттанар едіңіздер ғой?... Амал қанша, оның басын қылмыскерлердің қиы басып қалды. Ӛз басыңызға саңғыттырмау үшін, тірі кезіңізде тып-типыл етіп кетпесеңіз, күлкіңіз соның астынан шығар ма екен! Қылмысымның екінші томы осымен аяқтайды. Сізді әлі талай күлкіге кенелдіріп, әлі талай қылмысыммен бӛлендірермін! (Екінші кітаптың соңы)

329


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.