28 03 2015

Page 1

Ñ

àðûàðêà

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІ www.saryarka-samaly.kz

1929 ЖЫЛҒЫ 15 АҚПАННАН ШЫҒАДЫ

Несібе – көктен емес, еткен еңбектен!

28

наурыз, сенбі 2015 жыл №32 (14764)

ñàìàëû

САЙЛАУ-2015

БӘСЕКЕДЕ ҮШ ҮМІТКЕР!

«Қазгидрометтің» мәліметтеріне сүйенсек, 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың наурызына дейінгі аралықта облыста жауған жауын-шашынның көлемі тиісті мөлшерде болған. Железин, Успен, Шарбақты аудандарында ылғал нормадан жоғары. Бірақ мамандар жауын-шашынның көптігі мен қардың қалыңдығы егіннің бітік шығатынына үнемі кепілдік бермейтінін шаруаларға ескертіп отыр.

26 сәуірде өтетін Президент сайлауында бәсекеге түсетін кандидаттар есімі белгілі. Олар – Нұрсұлтан Назарбаев, Әбілғазы Құсайынов, Тұрғын Сыздықов. Кандидаттардың сайлауалды штабтары өз жұмысын бастап кетті. Үміткерлер қандай өзекті мәселелерге баса мән беруде?

3 БОЗТОРҒАЙ

Суреттерді түсірген - Төлеген Нұрғазы.

ЖЕР БЕТІ ЖАҢАРҒАН КҮН

Керек дерек: Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Тұрақты демеу Яғни, диқандарды ғалымдар ұсынған ақыл-кеңеске құлақ түруге шақыруда. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде агротехникалық амалдарды орындап, ылғал сақтау технологияларын барынша пайдалану қажет, дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ернұр Әйткенов. Өйткені ұтымды пайдаланғандардың әр гектарынан алатын өнімін қосымша 4-5 центнерге арттыруға мүмкіндігі болады. Жалпы, көктемгі егіс жұмыстарына әзірлік қалай? Жер-Анадан несібесін терген шаруаларға мемлекет тарапынан қандай қолдау бар? Бұл мәселелер облыстық әкімдіктің кеңейтілген кеңесінде талқыланды. Мемлекет қолдауы ағымдағы жылы да толастамайды. Мысалы, облыста көктемгі дала жұмыстарын сәтті өткізу мақсатында «ҚазАгро» АҚ құрылымдық бөлімшелері 1 млрд. 200 млн. теңге көлемінде жеңілдікті несие қарастыруда. Бүгінде шаруаларға 555 млн. теңге шамасында несие берілген. Сондай-ақ, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының кепілдігі негізінде несие алуға 573 млн. теңгенің өтінімі түскен. Оның 400 млн. теңгеден астамы диқандарға үлестірілді. Яғни, 76 шаруа қожалығы жеңілдікті несиенің жемісін көруде. Жалғасы 4-бетте

- Биыл облыста 1 млн. 169 мың гектарға егін егіледі. Былтырмен салыстырғанда егіс алқабы 49 мың гектарға артты. - Алқапты әртараптандыруға мән берілуде. Мәселен, сұлы алқабы 5,8 мың гектарға ұлғайтылса, тары дәні себілетін аумақ 3,7 мың гектарға артады. - Бір жылдық шөптің де үлесі 7,5 мың гектарға өспек. - Алқап көлемін арттыруда Шарбақты, Железин, Ертіс аудандары – алда.

Ақ түйенің қарны жарылған күн – әз Наурызды өңірдің жұртшылығы кеңінен атап өтті. Мереке күні облыс орталығында 40-қа жуық киіз үй тігілді. Мейрамға жиналған халық санында есеп жоқ.

9

ҚАС ҚАҒЫМ

РЕДАКЦИЯДАҒЫ НАУРЫЗ Ұлыстың ұлы мерекесін облыстық «Ертіс Медиа» ЖСШ-нің журналистері шынайы пейілмен, ақ ниетпен тойлады. Қарашаңырақ, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің бастамасымен ауқымды шара ұйымдастырылды. Оған аталмыш серіктестік құрамындағы облыстық басылым ұжымдары, ардагер қаламгерлер, газетіміздің оқырмандары, жастар қатысты.

11 КӨҢІЛАШАР

«МАЙТОҚТАН« БАЙЫҒАН ЕМШІ Білегін сыбанып тастаған Жұмырбек он минуттың ішінде-ақ қалталы бәленің миын шайқалтып жіберді. Басының қышуы қанған саудагер қалтасынан екі мың теңгені алып, темір кереуеттің үстіне тастай салды...

17


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.