11 маусым, 2019 жыл №65 (15385)

Page 1

SARYARQA Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

ssamaly29@gmail.com

SAMALY

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

11 маусым, сейсенбі 2019 жыл №65 (15385)

@saryarka_samaly

САЙЛАУ - 2019

Біртұтас ел - лайықты болашағымыз!

Алдын ала қорытынды қандай? Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 9 маусымында өткен кезектен тыс Президенттік сайлауда кандидаттарға сайлаушылардың қанша дауыс бергендігін жария етті. - Қазақстан Республикасы бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249 дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153 дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын жинады, деді ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

ЕXIT POLL:

Қ.Тоқаевқа басым дауыс Жедел мәліметтерге құралған Еxit poll нәтижесі бойынша 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 пайызы кандидат ҚасымЖомарт Тоқаевқа дауыс берген. Сайлауға алғаш қатысқан павлодарлық Әнел КӨБЕНОВА Суретті түсірген – Валерий Бугаев.

9 маусым. Жаздың екінші жексенбісіне тап келген бұл маңызды күнді көзі ашық, көкірегі ояу, саналы жұрт жүрегінде ұзаққа сақтап қалары анық. Барша қазақстандықтармен бірге бұл күні Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары да дауыс беру құқығын пайдаланып, ҚР Президентін сайлауға қатысты. Еліміздің жарқын болашағы үшін таңдау жасаған жерлестеріміздің саяси науқанға белсенді әрі ұйымшылдықпен келгендері байқалып тұрды. Алдын ала мәлімет бойынша өңірдегі сайлаушылардың 81,2 пайызы белсенділік танытқан. Жалғасы 2-3-беттерде

«Рухани жаңғыру»: ӘДІЛДІКТІҢ АҚ ТУЫ - ШОҢ БАБАМЫЗ Биыл Ертіс-Баян өңірінде алғаш рет Баянауыл сыртқы округінің алғашқы аға сұлтаны және «Төртуыл» одағының төбе биі болған Шоң би оқулары байқауы өтуде. Өткен айда Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы байқаудың аудандық кезеңін ұйымдастырса, облыстық кезеңі Павлодар қаласындағы №37 орта мектебінде өтті. Алғашқы облыстық Шоң би оқуларына аудандық кезеңнен жеңімпаз атанған 60-қа жуық оқушы қатысып, тарихи тұлғалар туралы білімдерін көрсетті. Толығырақ 8-бетте

Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова мәлім етті. - «Қоғамдық пікір» институты күні бойы сайлау учаскелерінің шыға берісінде азаматтарға әлеуметті к зерттеу Exit poll жүргізді. Сұхбаттасушылар 325 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізді. Оның ішінде облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ал ауыл округтерінде 134 учаске қамтылды, деді А.Мәжитова. «Іріктеме қателігі шамамен 3 пайызды құрайды. Сауалнама жүргізу жұмысына 350-ден астам интервьюер қатысты», деді А.Мәжитова. Сонымен, 9 маусым - сайлау өткізілген күні түнге қарай шығарылған Exit-poll нәтижесі келесідей: Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз; Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз; Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз; Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз; Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз; Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз; Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс берілді. Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген Еxit-poll нәтижесі бойынша, «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевқа сауалнамаға қатысқан сайлаушылардың 69,94 пайызы дауыс берген.

Inform.kz


2

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл

САЯСАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Біртұтас ел -

Сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

9 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында күні бойы учаскелердің ашылуына және дауыс берудің басталуына арналған брифингтер өткізілді. Сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың сайлау комиссияларының сайлаушылардың келуі туралы мәліметтерін ұсынды. Республика бойынша дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, тек қана Батыс Қазақстанның бес өңірінде, уақыт айырмашылығына байланысты, сағат 21.00-де аяқталды. 22.20-да Орталық сайлау комиссиясының дауыс беру күні сайлаушылардың келу қорытындылары туралы отырысы өтті. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес 2019 жылғы 9 маусымда тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,4%-ы сайлау бюллетеньдерін алды. Еске сала кетсек, ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидаттардың пікірлері ҚР Президентін сайлаудың алдын ала қорытындылары жария етілгеннен кейін кандидаттар дауыс беруге қатысты өз ойларын жеткізді. «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне

сенім білдірген барша отандастарына алғысын білдірді. – Сайлауалды науқан өркениетті әрі жүйелі түрде жүргізілді. Шын мәнінде бұл науқан бағдарламалардың бәсекесі болды. Халық бізге сенім артып, өз таңдауын жасады. Сондықтан алдымызда ауқымды жұмыстар күтіп тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол үгіт-насихат кезеңіне қатысқан республикалық қоғамдық штабтың мүшелеріне, барлық белсенді азаматтарға және партия жақтастарына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, электоралды науқанның ауқымы мен технологиялық мүмкіндігін атап өтті. – Бүкіл әлемдегі сияқты біздің елімізде де жағдайдың өзгергенін көріп отырсыздар. Әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі болғандықтан Қазақстанға жаһандық оқиғалардың да ықпалы болары сөзсіз. Сондықтан біз еліміздің жарқын болашағы үшін жұдырықтай жұмылуымыз керек, – деді Қ.Тоқаев. Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның бүгінгі жетістіктері Елбасы есімімен тығыз байланысты екенін айтты. – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған қуатты, көп ұлтты мемлекет құрды. Бі зді ң енді гі мі ндеті мі з – қолдағы барымызды қадірлеп, жетістіктерімізді сақтап, өрлеу мен жасампаздық жолында болашаққа батыл қадам басу, – деді Қ.Тоқаев.

«Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінен сайлауға түскен Әміржан Қосанов бұл

сайлаудың жөні бөлек болғанын, тәуелсіздік тарихында алғаш рет ешбір саяси партияның қолдауына иек артпаған, ешбір қауымдастықтың күшіне арқа сүйемеген оппозицияның жеке-дара өкілі екі бірдей саяси партия парламент сайлауында жинай алмаған дауыс жинап, салмақты саяси деңгейге көтерілгенін мәлім етті. - Маған қолдау танытқан барша бұқараның алдында басымды иемін. Менің бағдарламам ел ішінде қаншалықты қолдау тапқанына куәмін. Осы қолдау, осы электораттың екпіні бізге билікпен тең дәрежеде тілдесуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Әлбетте, бір жұдырыққа жұмылған оппозицияның атынан додаға түссем, сайлаудағы көрсеткіш те көбірек болар еді. Билік транзиті халықтың қатысуымен, оның пікіріне құлақ асуымен жүзеге асарына көзім жетті, – деді ол. Сөзінің соңында Ә.Қосанов сайлауда жеңіске жеткен Қ.Тоқаевты құттықтады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан қатысқан Амангелді Таспихов

үгіт-насихат барысында ешқандай да кедергілер болмағанын атап өтті. Бізде ешқандай да кедергі болған емес, үгіт-насихат жұмысы барысында ешкім жұмысымызға араласқан жоқ. Сондықтан, ешқандай да шағым жоқ. Өз басым 12 өңірде болдым, менің сенімді өкілдерім,

жақтастарым барлық аймақтарды аралап шықты. Біз, кәсіподақтар, өзімізді осы сайлау арқылы көрсете алдық, менің көзқарасымды жақтағандар бір командаға жұмылдық. Мені қолдайтан көптеген достар таптым. Барлық жерде де бізді жылы қарсы алып, қолдауларын білдіріп жатты», - дейді Таспихов. Оның айтуынша, сайлауға қатысу үлкен абырой, үлкен жауапкершілік. Сондықтан да, кандидат осы маңызды кезеңде өзін қолдағандардың баршасына алғысын жеткізді.

«Ұлы Дала қырандары» қозғалысынан кандидат болған Сәдібек Түгел былай

деді: - Қасым-Жомарт Тоқаев exit poll қорытындысы бойынша 70,13% алғанын естідік. Кандидаттардың бірі ретінде оны шын жүректен құттықтаймын. Мен халықтың ұйымшылдығын, белсенділігін, сонымен қатар демократияға бетбұрысын байқадым. Бұл сайлау болғандықтан да, онда жеңіс те, жеңілуші жақ та бар. Сайлау әділ өтті. Әсіресе, халықтың белсенділігіне тәнтімін. Мұның өзі үлкен жетістік.

«Ауыл» халықтық демократиялық партиясы атынан Президент сайлауына түскен Төлеутай Рахымбеков те

Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, оның алдағы жұмысына сәтті лік ті леді. Десе де, ол exit poll нәтижесі не қарап қорытынды жасауға болмайтынын айтады. «Мұнымен уақыт тоқтап қалған жоқ. Біздің партияның саяси платформасы түгелдей ауылдық елді мекендерді гүлдендіруге бағытталған. Ал бұл - өміршең бағыт. Алда Парламент сайлаулары бар. Соның бәрінде осы ұстанған бағытымыздан таймаймыз», деді ол. Ал Қазақстанның Коммунистік халық

Басы 1-бетте

Таңдау жасалды Павлодар қаласындағы №15 учаскесіне тіркелген сайлаушылар сайлау күні таң ата дауыс беруге ағылды. Алғашқылардың бірі болып аталмыш сайлау учаскесіне облыс әкімі Болат Бақауов отбасымен келіп, өз таңдауын жасады. Бұрыннан ертемен дауыс беруге асығатын жандардың бірі 86 жастағы зейнеткер Иния Шафигулина да учаске ашылысымен таңдауын жасап үлгерді. Адам қарасы аз кезде алаңсыз дауыс беруге үйренген қария қашан да саяси науқаннан қалмайтынын айтады. Елдің болашағы үшін әрдайым сайлауға қатысуды өзінің азаматтық борышы санайды. Саяси науқанға алғаш рет қатысып, дауыс беру мүмкіндігіне ие болған жастар да аз емес. Солардың бірі – Әнел Көбенова. - Алғаш рет дауыс беріп, өзімнің азаматтық ұстанымымды білдірдім. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасадым деген ойдамын. Жалпы, еліміздің саяси өмірінен хабардармын. Әрдайым қызығушылық танытып, жан-жақты ақпараттанып отыруға тырысамын. Сайлауға түскен әрбір үміткердің сайлауалды бағдарламасымен жақсы таныспын. Кім қандай ұсыныстарын алға тартқанын да жақсы білемін, - дейді №15 учаскеге алғашқылардың бірі болып келген әрі алғаш рет дауыс берген Әнел Көбенова. Дауыс беруді азаматтық борышына балап, үлкен жауапкершілікпен қарап, учаскелер жұмысы басталған сәтте таңдау жасаған азаматтарға естелік сыйлықтар табыстады. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада орналасқан №15 сайлау учаскесінің төрағасы Ғалым Шаймардановтың айтуынша, саяси науқанға дайындық мұқият жүргізілді. - Біздің учаскемізде 1633 сайлаушы тіркелген. 24 азамат үйде дауыс беруге ниет

білдірді. Бұрынғы сайлауларға қарағанда биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кабина қарастырылып отыр. Мұнда көзі нашар көретін, құлағы нашар еститін немесе мүлдем естімейтін азаматтардың таңдау жасауына жағдай жасалған. Арнайы құралдармен жабдықталған, - дейді Ғалым Қинаятұлы. Сонымен қатар, сайлаушылар тізімінде аты-жөнін таба алмаған жандарға мекенжай анықтамасын лезде алып беруге көмектесетін арнайы маман жұмыс істеді. Еріктілер қатарынан сайланған бұл қызметкер халыққа қызмет көрсету орталығына тікелей өтінім жіберіп, азаматтарды мекенжайы бойынша тізімге қосуға жұмыс жасады. Сайлау учаскесінің алғашқы бір сағатында сайлаушылардың екі пайызы таңдау жасап үлгерді. Аталмыш сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын бұқаралық ақпарат құралдарын қоса алғанда барлығы 42 байқаушы бақылаған. Олардың арасында шетелдік байқаушылар да бар. Төрағаның айтуынша, ешбір заңбұзушылық тіркелген жоқ, бәрі қалыпты жағдайда өткен.

Жастар белсенділік танытты Еліміз үшін маңызды саяси науқанда Павлодар қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Шаһар басшысы отбасымен бірге қалалық Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта бі лі м беру мектебі ндегі №75 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасап, жергілікті тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы – мемлекетіміз үшін тарихи оқиға. Еліміздің

партиясы атынан кандидат Жамбыл Ахметбеков exit poll мен Орталық

сайлау комиссиясы қорытындысының арасында үлкен алшақтық болмайтынын, демек Қ.Тоқаев жеңіске жетті деп есептейтінін айтты. «Біз тәжірибелі мамандармыз деуге болады. Парламенттік, Президенттік сайлауларға бұған дейін де қатыстық. Сол тәжірибеме сүйене отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс тілегім келеді. Демек, оның бағдарламасы сайлаушыларға жақын болды деген сөз. Осыған қарамастан жеңіске жеткен үміткерге қарсы шықпастан, өз бағдарламамызды қатар алып жүретін боламыз», - деді Ж.Ахметбеков.

«Ақ жол» партиясының өкілі Дания Еспаева: «Сайлау мен үшін үлкен мектеп

болды. Өз басыма керекті дүние жинадым. Әсіресе, өңірлердегі халықпен кездесу барысында көптеген мәліметтерге қол жеткіздім. Алдағы уақытта мағлұматтармен тереңінен танысатын боламын. Ал нәтижеге келсек, алдын ала қорытынды бойынша, 3-орындамын. Ол - мен үшін үлкен көрсеткіш. Одан бөлек, тәуелсіз Қазақстан тарихында Президенттікке кандидаттар арасында алғаш әйел болып қалдым. Бұл қуантады», - деді ол.

Өз тілшіміз.

С


САРЫАРҚА САМАЛЫ

саясат

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл

3

лайықты болашағымыз! Суретті түсірген - Владимир Бугаев.

көркеюі жолында адал еңбек етсін деп тілеймін, - деді қария. Сайлау учаскесінде жұмыс істеген бақылаушы Диана Геделинг аталмыш учаскеде заңбұзушылық орын алмағанын айтады. - Бақылаушы ретінде комиссия мүшелерінің жұмысын қадағаладық. Яғни, сайлау учаскесіне келген адаммен сөйлесу мәнері, дауыс беру қағидасын түсіндіру барысын назарға алдық. Сонымен қатар, учаскеде үгіт-насихат жұмыстарына жол бермеуді де бақыладық. Заң бойынша мұндай әрекетке тыйым салынады. Бүгінгі учаскеде 7 бақылаушы болды. Олардың қатарында кандидаттардың сенімді өкілдері мен тәуелсі з бақылаушылары бар, - деді Д.Геделинг. Осылайша, павлодарлықтар таңғы сағат 7.00-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасады.

Перзентханада дауыс берді Өңірде азаматтардың дауыс беруге қолжетімділігін арттыру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылды. Әсіресе, ауруханалар мен перзентханалар секілді емдеу орындарында арнайы сайлау учаскелері жұмыс істеді. Павлодар облыстық перинаталдық орталығында орналасқан №124 сайлау учаскесінде жас босанған аналар таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс берді. Кезектен тыс

Павлодар облысындағы 543 сайлау учаскесінің 23-і қолжетімділігі шектеулі орындарда азаматтарға қызмет көрсетті. Мәселен, облыс орталығындағы №3 қалалық ауруханада, №1 қалалық ауруханада және облыстық туберкулезге қарсы диспансеріндегі емделушілердің дауыс беруіне мүмкіндік жасалды.

Суретті түсірген - Ольга Бугаева.

«Үлкен жауапкершілікті сезіндік»

- Өмірімдегі осындай саяси науқанға алғаш қатысуым Президент сайлауына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл - мен үшін зор жауапкершілік. Ерте тұрып дауыс бергенім үшін қуаныштымын. Биыл – «Жастар жылы». Сондықтан еліміздің болашағы үшін біз осындай тарихи оқиғадан қалыс қалмауымыз керек деп білемін. Өз басым ел тізгінін ұстауға лайықты деп білген кандидатқа дауыс берді м, - дейді Жоламан Ақылбек. Осы орайда, еліміз үшін саяси маңызды додада жастар ерекше белсенділік танытқанын атап өткен жөн.

Бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ Павлодар қаласының тұрғыны, тыл ардагері Бозжігіт Тұрғанбекұлы жасы 91-ге келсе де немере-шөберелерінің келешегі үшін дұрыс таңдау жасау үшін отбасымен бірге келіп, дауыс берді. - Денсаулығыма байланысты Ұлы Отан соғысына қатыса алмасам да, оның зардабын көрдім. 13 жасымнан елде еңбек еттім. Сондықтан бейбітшіліктен асқан бақыт жоқ дер еді м. Жасым 90-нан асса да ұрпағымның жарқын болашағы үшін жұбайыммен дауыс беруге келдім. Жаңадан сайланатын Президентіміз елімізге жақсылық әкелсі н. Елі мі з аман, жұртымыз тыныш болсын! Жастарымыз Отанымыздың

Президент сайлауына аталған орталықтағы 29 ана қатысып, өз таңдауын жасады. Маусымның 8-інен 9-ына қараған түні облыстық перинаталдық орталығында 10 сәби өмір есігін ашыпты. Дүниеге келгендердің 8-і - ұл, 2-еуі - қыз бала. - Бұл - қолжетімділігі шектеулі жандарға арналған сайлау учаскесі. Осы жерде қанша адам дауыс береті нді гі алдын ала белгілі болғандықтан 8 маусым күні сайлау бюллетеньдерін дайындап қойдық. Басқа учаскелерде дауыс беру науқаны кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болса, біз сайлаушылардың барлығы келіп болған соң жұмысымызды аяқтайтын боламыз, деді №124 сайлау учаскесінің төрайымы Әлима Омарбекова. Перинаталды орталықта өз таңдауын жасағандардың бірі Ақсу ауылдық аймағына қарасты Сарышығанақ ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Анар Сәуленова: - Мен жуырда төртінші баламды дүниеге әкелді м. Үш қыздан соң көптен күткен ұл бала сүю бақытына бөлендім. Қуанышымда шек жоқ. Перзентханада жатып ел үшін маңызды науқаннан қалыс қалып қоямын ба деп алаңдаған едім. Олай болмағанына қуанып тұрмын. Бүгін мен де ел қатарлы өзім лайықты деп таныған кандидатқа дауысымды бердім. Саяси науқаннан бізді, яғни, аналарды шет қалдырмай, елепескергені үшін орталық сайлау комиссиясына алғыс айтамын. Ел болашағы мығым болып, сайлаудың әділ өтуіне тілекшімін.

Ал Инновациялық Еуразия университетінде орналасқан №588 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген қала тұрғындарының қатары көп болды. Кәмелеттік жасқа жаңадан толған бозбала мен бойжеткендер де, ақ самайлы қариялар да ел үшін маңызды шарадан тыс қалған жоқ. Бақылаушылар мен комиссия мүшелері сайлауға келген қала тұрғындарына дауыс берудің шартын түсіндіріп, тәртіпті бақылады. Аталған сайлау учаскесінде 2257 адам тіркелген. Комиссия мүшелері өз аяғымен учаскеге келі п дауыс бере алмайтын 18 азаматтың үйіне барып, таңдау жасауына мүмкіндік сыйлады. Ал кәмелеттік жасқа енді ғана толған 15 сайлаушы тұңғыш рет дауыс берді. Алғаш рет сайлауға қатысқан азаматтың бі рі Павлодар қаласының 19 жасар тұрғыны Ғалым Қарагасеков: - Мен бүгін алғаш рет сайлауға қатыстым. Үлкен жауапкершілікті сезініп тұрмын. Бұл - біздің еліміздің болашағы. Достарым мен бірге оқитын курстастарым да осы күнді тағатсыздана күті п жүрді. Мені ң тобымда оқитын 18 қатарласымның барлығы да

сайлауға белсене қатысуда. Болашақ Президентіміз жастарға көбірек көңіл бөлсе екен деймін. Жаңаша бағытта, ғылым мен техниканың тілін еркін меңгергіміз келеді. Шетелге шығып білім алуға зор мүмкіндік туғанын қалаймын, - дейді қала тұрғыны. Сайлау учаскесіне келіп, дауыс берген азаматтардың бірі - жасы 86-ға келген еңбек ардагері Тоқтар Басабиев: - Кіндік қаным тамған өлке - Ертіс– Баян жері маған қашан да ыстық. Балалық шағымның бақытын сұрапыл соғыс жылдары ұрлады. Содан бері өмірде әртүрлі кезеңдерді бастан өткізіп, осы күнге аман-есен жеттік. Инженер-гидротехник болып жарты ғасыр уақыт еңбек еттім. Көп жылдар шетелде оқып, елеулі қызметтер атқардым. Кейін Қазақстанға оралып, жұмыс істедім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне құрметпен қараймын. Ол кісі аз ғана уақыттың ішінде жас мемлекетті аяғынан нық тұрғызды. Келер Президентіміз де Нұрсұлтан Әбішұлының салған жолын жалғастырса екен деймін. Аллаға шүкір, бүгінде Отан тыныш, ел аман. Менің көңілім толмайтын бір ғана дүние бар. Ол - жемқорлық. Ел тізгінін қолға алатын ендігі Президент осы кесепатты ауыздықтаса деймін. Елімізде ауызбіршілік болсын, - деді. Осылайша, өңірде тұратын әрбір Қазақстан азаматы сайлауға қатысып, ел алдындағы міндетін абыроймен атқарды. Сайлау учаскелеріне келген азаматтардың жүзінен мерекелік көңіл-күйді байқадық. Себебі олар болашағымыздың баянды, келешегіміздің кемелді болуы үшін өз таңдауларын жасады.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ, Айдана ҚУАНЫШЕВА, Алпысбай ХОНЖ.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

азаматы ретінде жұбайым екеуіміз өз таңдауымызды жасадық. Павлодарлықтар ел болашағы үшін белсенділік танытты деп ойлаймын. Бастысы – бірлігіміз мығым, бейбі тші лігімі з мәңгі болсын, - деді қала әкімі. Бұл күні аталмыш сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-ден бастап дауыс беруге келген адамдардың қатары көп болды. Саяси додада Заманбековтер әулеті бірінші болып өз таңдауларын жасады. Сайлау учаскесіне алғашқы болып дауыс берген бұл отбасыға арнайы сыйлық табыс етілді. - Отбасымызбен таңғы сағат 6.00-де оянып, Президент сайлауында дауыс беруге келдік. Мұндай маңызды оқиға кезінде ерте дауыс беруді әдетке айналдырғанмын. Ең бі рі нші болып дауыс беремі з деп ойлаған жоқпыз. Сәті түскеніне қуаныштымыз. Мемлекетімізге тұрақтылық пен береке, халқымызға қоғамның әл-ауқаты мен өркендеуі мен ертеңгі күнге деген сені мді лі к керек. Саяси науқан тұңғыш Президентіміздің саралы саясатын жалғастырып, кемелді келешекке жол бастайтын тұлғаны таңдауға мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан тарихи шешім қабылданатын кезде сайлауға қатысуды азаматтық мі ндеті мі з деп бі лемі з, - дейді отағасы Танабай Заманбеков. Жалпы, №75 сайлау учаскесінде барлығы 1940 адам тіркелген. Оның ішінде тұңғыш рет дауыс бергендердің саны 13-ті құрайды. Алғаш рет саяси науқанға қатысып отырғандардың қатарында Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенті Жоламан Ақылбек те бар.


4

ОЙ-ПІКІР

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл СЫРТ КӨЗ - СЫНШЫ

Қазақстаннан үйренеріміз көп 9 маусым күні еліміз бойынша өткен сайлауға әлемнің әр түкпірінен халықаралық тәуелсіз сарапшылар көптеп тартылды. Мәселен, Павлодар өңіріне ТМД уәкілдігінің атынан Ресейдің Новосібір облысынан 6 тәуелсіз сарапшы келген.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Ынтымақты елдің ырысы - алда Ертіс-Баян өңірінің тұрғындары елімізде өткен маңызды науқанға асқан белсенділікпен қатысты. Олар өздерінің дұрыс таңдау жасағанына әрі мемлекетіміздің жаңа Президенті Қазақ елінің гүлденуі жолында аянып қалмайды дегенге бек сенімді. Осы ретте қоғам белсенділерінің пікірін білген едік... Рымтай ШӨКЕЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: Сайлау өткеннен кейін журналистермен жүздесіп, өз ойын білдірген ТМД уәкі лдігінің өкі лі Ольга Благо Ресейге қарағанда саяси науқанның Қазақстанда әлдеқайда жоғары деңгейде өткенін айтты. - Сайлау учаскелеріне кірген кезде ерекше күйге бөлендім. Онда ел тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі адамдар да аталмыш маңызды шарадан қалмай, сайлау учаскелеріне келгенін көргенде таң қалдым. Арбада отырғандарға жеке кабина, құлағында кемістігі бар және көзі нашар көретін жандарға компьютер құралы берілген. Сол арқылы адамдар кандидаттар жөнінде ақпарат алуына болады. Біздің делегациялық топ Павлодар өңіріне өткен жұма күні кешке келді. Әрі птестері м Павлодар, Екі бастұз, Ақсу қалаларында және өзге аудандарда бақылау жұмысын жүргізді. Біз барған жерлерде үміткерлердің, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бақылаушылары да бірге болды. Ешқандай заң бұзушылықтар мен ескертулер болған жоқ, деді Ольга Благо. О.Благоның айтуынша, Новосібір облысынан келген 6 бақылаушы Павлодар облысындағы 65-тен астам сайлау учаскелерінде болған. Сөз арасында шетелдік тәуелсіз сарапшы Қазақстандағы сайлауды өз еліндегімен салыстыра отырып, оның ерекшеліктеріне тоқталып өтті. - Мені таң қалдырған тағы да бір ерекшелік, әр учаскеде сайлаушылардың өтініші бойынша жауапты мекеменің өкілдері тұрақты ті ркеу жөні ндегі анықтамаларын шығарып бері п жатты. Осылайша тізімде жоқ адамдар сол учаскеге тіркеліп, дауыс беруге мүмкіндік алды. Мұндай тәсілдер біздің елде әлі күнге дейін қолданысқа енгізілген жоқ. Негізі, Қазақстаннан үйренеріміз көп екен, - деді ол.

- Әрбір қазақстандық кезектен тыс Президент сайлауының ел үшін маңыздылығын түсініп барып, дауыс берді деп ойлаймын. Бұл елдің бірлігі, жас ұрпақтың келешегі, халықтың тыныштығы мен татулығы жолында жасалған үлкен таңдауы болды. Биылғы маңызды науқанға біздің облыстың ардагерлері толығымен атсалысты деп айта аламын. Тіпті, облыстағы 117 мың ардагер 9 маусым күні түскі сағат 13.00-ге дейін өздерінің сайлау учаскелеріне барып, дауыс беріп үлгерді. Осыған қарап-ақ, аға буынның белсенділігін көруге болады. Бұл жолғы сайлаудың баршамыз үшін жөні бөлек болғаны айтпаса да түсінікті. Таңдауымыз арқылы еліміздің болашағының жарқын болатынына да бек сенімдімі з. Президенттікке үмі ткер болған 7 кандидаттың ішінен халықтың басым дауысын жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев елдің гүлденуі жолында аянбайтынына сенеміз. Бастысы, аналар жылап, балалар аш болмай, ел іргесі тыныш болса болғаны.

Кенже КЕҢЕСБАЕВ,

Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: - Биылғы жылдың 9 маусымы ел тарихында айшықты орын алатын датаға айналды. Бұл күні тұтас ел болып, мемлекетімізге жаңадан Президентті сайладық. «Сырт көз - сыншы» демей ме? Өз басым бірнеше сайлау учаскесіне арнайы барғанда көргенім - сайлау дәл біздің өңірде ұйымдасқан түрде өтті. Ардагерлер мұндай маңызды шарадан ешқашан қалып көрмеген. Олар өткен дәуірден бері қалыптасып қалған дағдылары бойынша ерте келіп, өз таңдауларын жасап жатты. Біздің елге ең бірінші тыныштық пен бірлік керек. Бұл еліміздің дамуы үшін, әлемде дамыған алпауыт мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін ауадай қажет. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еліміздің Президенті болып сайланғалы отырған Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі күнге дейін қазақ даласында тұрақтаған тыныштықты сақтап, Елбасының сарабдал саясатын әрі қарай жалғайтынына сенемін. Жасыратыны жоқ, елімізде әлі күнге дейін өз шешімін таппаған мәселелер жетерлік. Осыны халықпен бірлесіп, олардың ойларымен санаса отырып шешкені абзал болар еді деп ойлаймын. Бастысы, ел аман, жұрт тыныш болсын!

Қ.МҮСӘЙІП.

Ольга НИКОЛАШИНА,

Ашық әрі әділ сайлау Сайлау күні Павлодар облысы бойынша «Аманат» азаматтық платформасынан 1 мыңнан астам бақылаушы мен 23 мобильдік капитан жұмыс істеді. 9 маусым күні таңғы сағат 6.00-ден бастап маңызды шара басталғанға дейін біздің бақылаушыларымыз әрбір сайлау учаскесіне барып, дауыс беруге арналған орындарды толығымен тексеріп шықты. Дәл осы маңызды күні облыс бойынша бірде-бір заң бұзушылықтың орын алмағаны бізді қуантады. Бұл павлодарлықтардың адалдығы мен үлкен жауапкершілігін көрсетеді. Сонымен қатар, біз сайлау учаскелерінде мониторинг жүргізу аясында дауыс берушілер мен сондағы бақылаушылардың жұмысын да қатаң бақылауда ұстадық. Атап өтерлігі, дәл осы күні бізбен бірге Президенттікке кандидаттардың сенімді өкілдері мен шет мемлекеттерден келген бақылаушылар қатар жүрді. Яғни, әр сайлау учаскесіндегі комиссия құрамында 8-10 адамға дейін болып, тыңғылықты жұмыс істеді. Жалпы, сайлау әділ әрі ашық түрде өтті деп үлкен сеніммен айта аламыз. Сөз соңында «Аманат» бар жерде ақиқат та бар дегім келеді.

Алма ҚОЗЫБАЕВА,

облыстық «Аманат» азаматтық платформасының төрағасы.

облыстық «Фин-угор» этномәдени орталығының төрайымы:

- Ең әуелі барша қазақстандықтарды жаңа Президенттің сайлануымен құттықтаймын! Мен Қазақстан Республикасының азаматы әрі қазақ жері ні ң тумасы реті нде мұндай маңызды әрі ауқымды шарадан қалуға құқым жоқ еді. Сол себепті отбасыммен бірге өз таңдауымызды жасадық. Ең әуелі балаларыма сайлаудың маңыздылығын түсіндіріп, таңертең ерте азаматтық борышымызды өтеуге асықтық. Меніңше, елдегі әр отбасы мен әр тұлға солай жасады деп ойлаймын. Сайлау күні қызмет бабымен екі учаскенің жұмыс барысымен таныстым. Сонда көргенім, бақылаушылардың да, халықтың да көңіл-күйлері жоғары болды. Негі зі, елі мі зді ң Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев уақытынан бұрын өз өкілеттігін тоқтатқан күннен бастап, халықтың санасында көптеген сұрақтың болғаны анық. Бұл сан алуан сұрақтың жауабы табылған күн болды. Барша қазақстандықтардың ең бірінші тілегі ол елдегі тұрақтылық пен бейбі тші лі кті ң сақталуы және Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарыштап өсуі. Жаңа Президент осы бағытта жұмыс і стеуде аянып қалмайтынына, Елбасының бастап кеткен маңызды істерін жалғайтынына біз сенеміз.

Роман КРАСНОЩЕКОВ,

облыстық «Жасыл ел» штабының жетекшісі: - Біздің халық өз таңдауын жасап, сайлаудың алғашқы қорытындысымен танысып та үлгерді. Еліміздің жаңа Президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлануы заңдылық еді . Бі з, жастар, елі мі з үші н маңызды шарадан шет қалмай, өз таңдауымызды жасадық. Бұл әрбір қазақстандықтың басты парызы деп білемін. Жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстанның алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғаны анық. Осы орайда бі з Қазақ елі ні ң жастары үлкен белсенді лі к танытып, жаңа Президенттің әрбір ісін құлшыныспен атқаруға дайынбыз. Себебі, еліміздің жас буыны ретінде мемлекет тарапынан көптеген қолдауларға ие болып отырмыз. Бұл үрдіс әлі де жалғасын табатынына сенемін! Қазақстан Республикасының азаматы ретінде, отбасыммен бірге маңызды шарадан қалмай, таңғы сағат 7.00-де өзіміздің сайлау учаскемізге барып, бізге жарқын болашақ сыйлай алатын, еліміздің тұтастығын сақтай алатын адамға дауысымызды бердік. Сонымен қатар, осы маңызды шарада «Nur Otan» партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі ретінде тіркеліп, басқа партияның және шет мемлекеттен келген бақылаушылармен бірге жұмыс істедім. Байқағанымыздай, сайлау ашық өтті. Пікірлерді үйлестірген - Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ. Суреттер pavlodarnews.kz сайтынан алынды.


ТІРШІЛІК

САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл

5

ТАЛАПКЕР-2019

ЭКСПОРТ

Көрсеткіш қалай? Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өнімді экспорттау көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 33%-ға азайып, 540 млн. АҚШ долларын құрады. Ал шикізаттық емес экспорт көлемі 305 млн. АҚШ долларына төмендеген. Былтыр бұдан екі есе артық өнім шетел нарығына шығарылған екен. Тілеуберді САХАБА Бұл туралы облыстық индустриялықинновациялық даму басқармасының басшысы Ғанибет Әубәкіров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты. Оның сөзінше, шикізаттық емес экспорт көлемінің төмендеуі сыртқы нарыққа шығарылатын металлургия және химиялық өнімдердің азаюына байланысты болып отыр. Яғни, ферроқорытпа, бастапқы алюминий, алюминий тотығы, темірден жасалған жартылай өнімдер мен полипропилен, хлор және тұз қышқылы және тағы да басқа химиялық заттар биыл аз шығарылған. - «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 67 млрд. теңгені құрайтын 10 кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған кәсіпорындар бір жыл ішінде 1,5 мың жұмыс орнын ашып, 80 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Оның ішінде экспорт 32 млрд. теңгені құрайды. Биылғы

жылдың бірінші тоқсаны бойынша тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 млрд. теңгеге өскен. Бюджеттің жеке инвестицияларға қатынасы 1:12 теңгені құрады, - деді ол. Жақында Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында еліміздегі барлық арнайы экономикалық аймақтар дина-

микасы бойынша, біздің өңір жетекші орын алатыны туралы айтылған. Еске сала кетейік, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы Солтүстік Македонияның Скопья қаласында өткен Еуропалық саммитінде бүкіләлемдік World Free Zones Organization ұйымының Орта Азиядағы өкілі мәртебесіне ие болған.

БАЙҚАУ

Мүмкіндікті құр жіберме Өткен жылы пилоттық жоба ретінде іске қосылған «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Әрекет» жобасы кезекті байқауын жариялады. Мұнда кез келген коммерциялық емес ұйымның әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн. теңге көлемінде грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ «Samruk-Kazyna Trust» қоры биылғы «Әрекет» жобасының жеңімпаздарына берілетін грантқа 150 миллион теңге бөліп отыр. Мұнда еліміздегі кез келген коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін бақтарын сынамақ. Өзгелерден жобасы дараланған әрбір ҮЕҰ аталмыш қор ұсынған 3 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие бола алады. Жуырда «Азаматтық альянс» үйінде 30-дан астам павлодарлық ҮЕҰ өкілдері бас қосты. Мұнда оларға байқауға қатысудың шарттары кеңінен түсіндірілді. «SamrukKazyna Trust» қоры жобаларды басқару департаментінің бас менеджері Жанар Жақсылықова байқаудың негізгі мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамыту екендігін атап өтіп, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға кеңінен жауап берді.

- «Әрекет» жобасы үш кезеңнен тұрады. Байқаудың бірінші бөлімі 3-30 маусым аралығында өтеді. Олардың алғашқы екеуі сырттай – электрондық поштаға өтініш беру арқылы жүзеге асады. Алғашқы екі кезеңнен өткен ұйымдар Нұр-Сұлтан қаласында болатын байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алады. Ол үстіміздегі жылдың тамыз айында өтеді. Мұнда қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша үш күндік оқудан өтіп, төртінші күні байқау комиссиясы алдында өз жобаларын қорғайды. Биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры 50-ге жуық грант бөлуді жоспарлап отыр, - дейді Ж.Жақсылықова. Аталмыш жиынға өткен жылғы байқаудың жеңімпаздары да қатысты. Былтыр облыс бойынша 9 коммерциялық емес ұйым дәл осы байқау ұсынған 500 мың теңгенің грантын жеңіп алған

болатын. Солардың бірі – «Берегиня-БИО» қоғамдық қоры. Қор жетекшісі Татьяна Пономарева, былтыр ұтып алған гранттың арқасында жалға алынған ғимараттың құнын және есту қабілеті нашар жандармен жұмыс істеуге көмектесетін аудармашылардың жалақысын төлеген. - 2018 жылы біз есту қабілеті нашар павлодарлықтарды бағбаншылық және егін шаруашылығының негіздеріне үйреттік. Жылыжайлар мен экологиялық мектептердің арнайы орындарында 12 адамға 5 ай бойы сабақтар өткізілді. Біз оларға өсімдіктерді көрсетіп, эксперименттер жасап, тұқымдар өсіріп, оларды сорттау туралы кеңінен түсіндіруге тырыстық. Осының нәтижесінде біздің екі қатысушымыз тұрақты жұмысқа орналасты. Қалғандары бағбаншылықты өздерінің дағдысына айналдырды, дейді ол. Байқау шарттарымен қосымша ақпараттарды sk-trust.kz сайтындағы «ӘРЕКЕТ» бөлімінен алуға болады.

100 НАҚТЫ ҚАДАМ

Жауапкершіліктен жалтармайды Павлодар облысында жеке сот орындаушылар алимент төлеуден бас тартып жүргендердің ісімен айналысуда. Бұл ретте «қашқын әкелерді» іздеп, қарызын өндіріп алудың барлық амалын қарастыруда. Айдана ҚУАНЫШЕВА Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот ісін жеңілдету жолын ұсынған болатын. Сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту қажеттігін тапсырған еді. Бұл ретте жеке меншік сот орындаушылар институтын дамытуды жүктеді. Бүгінде жеке сот орындаушылары алимент өндірудің барлық амалын қарастырып келеді. Алдымен

борышкердің тұрғылықты мекенжайын анықтап, жұмыс орнына берешегі жөнінде хабар береді. Сөйтіп, мойнындағы қарызды еңбекақысынан өндіреді. Тұрақты жұмысы болмаса, жеке басындағы мүлікті тәркілеп, көлігін айыппұл тұрағына қояды. Облыстық әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбектің айтуынша, павлодарлық жеке сот орындаушылары жыл басынан бері 27 мың құжат бойынша істерді аяқтаған. 2010 жылы Франция елінің атқарушылық жүйесі негізінде елімізде сот орындаушысы мәртебесі енгізілген болатын. 2011 жылы аймағымызда

олардың саны алтау болса, бүгінде мамандардың саны 90-ға жетіп отыр. Жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттар саны күн сайын артып келеді. Алғашқы жылдары олардың орындауында 30 құжат болса, 2018 жылы істердің саны 180 мыңнан асып кетті. Өңіріміздегі жеке сот орындаушылары жыл сайын 170 мыңнан астам құжатпен жұмыс істейді. Бұдан бөлек, сот орындаушылары қайырымдылық іспен де айналысады. Мәселен, заңгерлер Павлодардағы отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен Шақат балалар үйіне тұрақты түрде көмектеседі.

Бұл бұрынғыдан өзгерек... Аймағымызда ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға ниетті түлектер қатары жылдан-жылға артуда. Нұржайна ШОДЫР Мәселен, өткен жылы 1 ғана мектеп бі ті руші тесті леуді шет тілінде тапсырса, биыл 30 түлек ағылшын тілінде білімін сынауға өтініш берген. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық бі лім беру басқармасының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Әлия Жәкиенова мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде 2018 жылдан бастап түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуді үш тілде тапсыруға құқық берілген. Содан бері шет тілінде тест тапсырғысы келетін талапкерлер саны артуда. Бұл – павлодарлық түлектердің жан-жақты білімді екендігінің көрсеткіші, - дейді спикер. Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтырғы жылдан бері түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына 4 рет тапсыруға мүмкіндігі бар. Алайда, алда болатын тестілеудің маңызы зор. Себебі, бұл додада мемлекеттік білім грантына үміткер талапкерлер бақ сынамақ. - Мектеп бітірушілер қаңтар, наурыз және тамыз айларында да тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына түсе алады. Бірақ, олар тек ақылы бөлімдерде ғана оқитын болады. Ал грант иелену үшін міндетті түрде маусым-шілде айында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу қажет. Сонысымен де алдағы тестілеу өзгелерден өзгерек, - дейді Әлия Жәкиенова. Айта кетерлігі, биыл ҰБТ-ға павлодарлық мектеп бітіруші 3 590 түлектің 2 927-сі, яғни, 81,5 пайызы қатысып, білімдерін таразыламақ. Ал тестілеу науқаны облысымызда 20-шы маусымнан 5-ші шілдеге дейінгі аралықта өткізіледі деп жоспарлануда.

АКЦИЯ

Тыйым салынды Павлодар облысында бір айдың ішінде су айдындарынан 15,9 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Аталмыш шара «Таза су айдындары» акциясы аясында жүргізілді. Өткен жылы су айдындарынан 14,7 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылған. Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Нұржан Қазтайдың айтуынша, 1-31 мамыр аралығында өткізілген акцияға 283 адам қатысқан. Ауқымды шара кезінде өзен-көлдер қараусыз қалған аулар, тұрмыстық қоқыстар мен қатты қалдықтардан тазартылды. Табиғатты қорғау акциясы Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында өткізілді. Акцияға жергілікті атқарушы органдар мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері белсенді қатысқан. Аймағымызда 10 мамыр - 20 маусым аралығында уылдырық шашуға байланысты балық аулауға тыйым салынған. Бүгінде бекіре тұқымды балықтарды аулау фактісі бойынша бір адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жыл басынан бері 16 материал сотқа және 3 материал полиция департаментіне жолданған. Заңбұзушылардан 216 келі балық тәркіленді.

ҚАУІПСІЗДІК

Судың түбі салқын Павлодар облысында суға түсу маусымы кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау мақсатында оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Арнайы әзірленген оқиға желісі бойынша құтқарушылар Усолка шағын ауданындағы су айдынында ата-ананың қарауынсыз шомылып жүрген жасөспірімдерді құтқарды. 17 бала рұқсат етілмеген орында суға түскен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері 9-13 жас аралығындағы балаларды бөлімшеге жеткізіп, ата-аналарымен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, ауа райы ыстық болғанымен су асты әлі жылыған жоқ. Сондықтан тұрғындарға шомылу маусымы ашылмағанша суға түсуге тыйым салынады. Салқын суда жүзген адам бұлшық еттерінің тартылуы салдарынан қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін. - Суда орын алған қайғылы жағдайлардың 80 пайызы ішімдік салдарынан орын алады. Арнайы құрылғымен жабдықталмаған орындарда суға түсуге болмайды. Катамаранмен жүзгенде қауіпсіздік кеудешесін киген абзал. Көп жағдайда адамдар жағалаудың бір бетінен екінші бетіне жүзіп өтуге шешім қабылдап жатады. Мұндай әрекеттің соңы қайғылы жағдайға әкеледі, - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.


6

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл

RÝHANI JAŃǴYRÝ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚР Әділет министрлігі Сот-сараптама орталығының Павлодар облысы бойынша сот сараптама институтында латын әліпбиіне көшу жөнінде бірқатар жұмыс жүргізілуде. Сот-сараптама институтында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша соттық, сот-медициналық сараптамалар жүргізіледі.

Сот төрелігінде латынша - тиімді Сот-медициналық сараптама саласында латын тілінің маңызы зор. Себебі анатомияны латын тілінсіз ойлау мүмкін емес. Медициналық терминдермен қоса, химиялық, биологиялық, фармацевтік терминдер, дәрілік атаулар, классификациялар латын тілінде. Латын тілі - медицинаның базалық тілі. Терминология жүйесінде ең терминге бай сала медицина боп табылады. Оның қорында 500 мыңнан аса терминдер бар екен. Кейбір ұлттар (ағылшын, француз, неміс, т.б.) медицина терминдерін аударып ұлттық термин жасағылары келгенімен латын терминдері қалған. Ол латын тілінің медицина негізі екенін дәлелдейді. Сот-медициналық сараптама барысындағы түрлі зерттеулерде латын терминологиясы кең қолданылуда. Сонымен қатар, Сот-сараптама орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңес отырысында бас сарапшылар И.Исмаилов, О.Азарова, Л.Сансызбайдың авторлығымен «Қазақ тілі әріптерін элементтерге бөлу альбомы» (1-тарау) бекітіліп, қолданысқа ұсынылды. Бұл жұмыс «Жазу мен қолтаңбаны зерттеу» сараптамасы бойынша латын харпімен жазылып, түскен материалды зерттеуге бағытталған. Латын графикасындағы әріптердің жазба түрі бойынша: әріп иірімдері, сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен байланысы, әр әріптің бастапқы, үстіңгі, ортаңғы, сол жақ, оң жақ, төменгі бөліктері элементтерге бөліп көрсетілген. Бұл альбомды «Жазу мен қолтаңбаны зерттеу» сарапшылары көмекші құрал ретінде пайдалана алады. Институтымыздың мемлекеттік

тіл маманы А.Жандарбекова облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада «Барлық санаттағы азаматтарды латын қарпі негізіндегі қазақ тіліне оқыту» курсын аяқтап, сертификат алды. Алдағы уақытта кеңсе қызметкерлері мен сарапшы мамандар да осы курстан өтуге ниетті. Институтымызда латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар басталып кетті. «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол» дей отыра, сот-сараптама жүйесіне де оң өзгерістер болатына сенімдіміз. Сот-сараптама зерттеулерінде халықаралық деңгейде қолданы-латын әдістемелер, зерттеу техникалары, түрлі техникалық базалар, техникалық құралжабдықтар озық технологияларға апарар жол деп ойлаймыз. Латын әлі пбиі не көшу тек қана ресми емес, сонымен қатар, елімізге қазақ тілінің ерекшеліктерін сақтай отырып, әлемдік жаңашылдыққа апарар жол деп білеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан болатын. 2017 жылдың 27 қазанында қазақ тілі әріптерін кириллицадан латынға ауыстыру туралы тарихи жарлыққа қол қойды. Сөйті п, Қазақстан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне ресми

түрде көшті. Енді 2025 жылға дейін кезеңкезеңімен толық көшіп болу керек. 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар – бәрі де латын графикасына негізделген әліпбимен басылатын болды. Осыған байланысты Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылғанынан, қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төрт арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданғанынан хабардармыз. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Қазақ жазуы бірнеше рет өзгері ске ұшырады. Жазу тарихында қазақ тілінің әлі пби жүйесі бі рнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.

Айта кету керек, латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан мен Әзербайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысқан. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейі н өзбек ті лі араб әлі пбиі н қолданған. 1928-40 жылдар аралығында жазулары латын әлі пбиі негі зі нде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек ті лі қайта латын ті лі не көші п, қазіргі кезге дейін қолданып келеді. Сол сияқты Әзербайжанда 1925 жылға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарған. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латынға көшкен. Бүгінгі күнде ғалымдарымыз латын әліпбиінің қолданудың маңыздылығын жан-жақты талқылап, тиімді тұстарын саралап беруде. Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» дегендей, бүгінгі бастаманың бәрі болашақ үшін екенін түсінеміз.

А.АУШАИХОВА,

ҚР ӘМ ССО-ның Павлодар облысы бойынша Сот-сараптама институтының сарапшысы.

Қазақ тілінің жаңа көкжиегі Елімізде алға қойылған ең басты идеологиялық міндеттердің бірі – қазақ алфавитін латын әліпбиіне ауыстыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін жаңа жүйені толық қабылдап үлгеруіміз қажет. Бүгінде облысымызда осы тақырып бойынша әртүрлі семинарлар ұйымдастырылса, кейбір мемлекеттік мекемелердің маңдайша жазулары мен ауылдардың атаулары латын қарпінде жазылуда. Тілеуберді САХАБА ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жөнінде: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық», - деген болатын. Содан бері қазақ жазуын латын графикасына көшірудің көптеген сатысынан өтіп, жаңа алфавит құрастырдық. Қазір елімізде осы жаңа нұсқаға көз үйретіп, халыққа насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Кейбір

оқуға және жазуға қолайсыздау болған белгілерді ғалымдарымыз қайта талқылап, ыңғайлы нұсқаларын ұсынатындарын алға тартуда. Дегенмен, елімізде Латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиін түсіндіру және оқып, жазуды үйрету жұмыстары басталып кетті. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы Дәулет Темірболаттың сөзінше, қазіргі таңда әрбір ауданда латын әліпбиін оқытатын курстар ашылып, семинарлар ұйымдастырылуда. Көшпелі семинар төмендегідей екі тақырыпқа бөлінген. Бірінші бөлімде латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту мәселелері және қазақ тілін оқыту жөніндегі типтік бағдарлама мен стандарт талаптарын іске асыру мәселесі айтылады. Екінші бөлімде латын әліпбиін енгізудің тиімді әдістері, терминология және ресми құжаттарда

қолдану, аудармадағы жиі кездесетін орфографиялық, пунктуациялық ережелерді ескеру мәселелері талқыланады. - Бірінші көшпелі семинар Екібастұз қаласында және Май ауданында ұйымдастырылды. Көшпелі семинардың екінші кезеңі Павлодар мен Баянауыл ауданында өтпек. Жалпы, жыл соңына дейін 200 адамды қамту жоспарланған. Негізінен, әр аудандардағы тіл мамандары мен іс жүргізу қызметкерлері қатысуда. Бұған облыстық «Ана тілі» орталығының мамандары жауапты. Мұғалімдер латын әліпбиінде сауатты жазу, оқу, іс жүргізу және грамматикалық ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өтеді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы ғалымдар мен тіл мамандарының онлайн семинарын біздің мамандар тікелей тыңдай алады. Бұған дейін Ақсу қаласы мен Железин

және Аққулы аудандарының мамандары онлайн режиміне қосылған. Онлайн семинарға жыл соңына дейі н 250 адамды қатыстыру жоспарланған, - дейді Дәулет Темірболат. Жақында елімізде латын алфавитін кішкентай балалардың меңгеруін жеңі лдету мақсатында «Әліппе» оқу кешені құрастырылғаны мәлім. Бұл - мектепке әлі бармаған балаларға арналған оқу құралы. Біздің өңірде мектепке дейінгі мекемелерге дәл осындай 200 «Әліппе» кешені таратылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер мен жеке қызмет көрсету орындарының маңдайша жазуларын, елді мекендердің стеллаларын латын әліпбиінде жазу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көше атаулары да латынша жазылуда. Бұған бі зді ң облыста ағымдағы жылдың қаңтар айында рұқсат берілген. Ертіс аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Толғанай Рахметованың сөзінше, аудандағы үш ауылға кіреберістегі стелланың жазуы латыншаға ауыстырылған. Сондай-ақ, тағы төрт ауылға тапсырыс берілген. Қалған ауылдар бойынша жұмыс жүргі зі луде. Ал, аудан орталығындағы үш мекеменің маңдайша жазуы мен еңбек ері және батырлар алаңының мекенжайы латын әліпбиіне ауыстырылған. - Алдымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маңдайша жазуын латын қарпімен жазып ілдік. Кейін бұл үрдісті басқа мекемелер де іліп әкетіп, ауыстыруда. Сонымен қатар, Голубовка ауылының кейбір көшелерінің тақтайшалары латын графикасы бойынша жазылуда. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Біздің бөлім мамандары қажетті әдістемелік көмек көрсетуде. Шығындар жергілікті бюджет есебінен төленіп жатыр, дейді бас маман.


МЕЗГІЛ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл ТАҒЗЫМ

Сағыныш сазы Сағыныш адамның жүрек қозғалысының өлшемі екен-ау! Әкеміздің өз ордасында, ағайынжұртының ортасында жүрген кезі аса мәртебелі дәурен екендігін сүйсіне еске алатын болдық. Әкеміздің қасымызда жадырап жүргені біздің өміріміздің жайлауы екенін енді ғана сезе бастадық. Қазір анамыз Зекен және біздің отбасының - үлкені Зеннәт, Ләззат, Дана және мен Арман дастархан жайылған сәтте үнсіз томсырайып отырамыз. Ешкімнің дауысы шықпайды. Бәрі бір-біріне қарайды. Әкеміз отыратын орын бос тұр. Әкеге деген сағыныш осылай үнсіз жоқтаудан басталды. Сағыныш сезімінің құдретін де енді ғана байқадық. Әкеміз туған және жастық шағында қызмет еткен ауылдарындағы ауыл өмірін ұдайы еске алып отырушы еді. Өзі ауыл жастарының алды болып жоғары білімді мамандық дипломын алған. Ауыл қариялары әкеміздің аузына қарап, айтар жақсылықты күтеді екен. Ол кезде ауыл адамдары радионың не екенін білмеген. Газет-

журналдарды жылына екі -үш рет қана көріпті. Жоғарыдан келетін ақпараттарды, қоғам жаңалықтарын ауылдағылар әкемнен еститін болған. Әкем – қазақ жазушыларының шығармаларының көпшілігін оқыған сауатты адам. Бізді тәрбиелеу кезінде олардың парасатты ойларын сараптап айтушы еді. Әкеміз Қуантай 1930 жылы туған. Оның салауатты ғұмыры Ақтоғай ауданының «Шұға» ауылында өтті. Ұзақ жылдар бойы осы ауылдағы сегіз жылдық мектептің директоры болды. Ауылдың үлкен-кі ші сі тегі с тұрмыс-тіршілігі жайында біздің әкемізбен ақылдасады екен. Ауыл жастарының жоғары дәрежелі білім алуына септігі тиген. Ол өзі өте жинақы киініп, көпшілікке сәндік өнерін сыйлаған. Бұл кезде ауылда клуб деген мүлде болмаған. Сондықтан әкеміз көпшілікті қызықтыратын қызықты сәттерді ойластырыпты. Ауылда алғаш рет велосипед, мотоцикл, «Москвичтің» әр жылдардағы жаңа маркаларын, «Волга» автокөлігінің алғашқы маркасын сатып алып көрсеткен. «Шұға» ауылында бұрын

шағын үш көше болыпты. Оның көшеге велосипед тебуге шыққанын көргендердің бәрі бір жерге жиналады екен. Әкем велосипедті екпіндетіп алып, зырылдап келе жатқан бойы велосипедтің орындығына бір аяқпен тұру шеберлігін көрсетеді екен. Осындай өнері бар әкемді ауылдың

үлкен-кішісі керемет сыйлаған. Оның шәкірттерінің көпшілігі қазақ еліне танылған мамандар атанып жүр. Ол Республикадағы басты тәжірибе институтының құрамындағы Краснокутск ауданының Октябрьдің 25 жылдығы атындағы тәжірибе шаруашылығындағы орта мектепте директорлық лауазымын абыройлы атқарды. Әкеміз 89 жасында дүниеден озды. Өмрінің барлық кезеңінде ол ширақ болды. Күн сайын аулаға шығып, көше бойын аралап, қала тіршілігін қызықтайтын еді. Әкемізді еске алғанда алдымен ерекше мейірімді жүзі көз алдымызға келеді. Ол анамызды ерекше құрметтеді. Әкеміздің ренжіп, мұңайып жүрген кезін көрген жоқпыз. Ол адал әрі таза ғұмыр кешті. Әділдікті жаны сүйетін. Міне, сол күндер келмеске кетті. Асқар тауымыз әкеміздің бойындағы адалдық, ізгілік, қайырымдылық, адал пейіл – біздің өміріміздің мәні деп санаймыз. Марқұмның жатқан жері мамық, иманы мәңгілік болсын.

Арман ҚУАНТАЙҰЛЫ.

Әкеміз Қуантай Нүкішұлының қайтыс болғанына 40 күн толуына орай дұға ас 2019 жылы 15 маусымда сағат 11.00-де «Нұрсағат» мейрамханасында беріледі.

ӨНЕГЕ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

МЕНШІК ИЕСІ

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.

Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны: 66-15-30

Аймағымызда тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері атанған білікті мұғалімдер аз емес. Солардың бірі – Исина Дәмелі Бәкібайқызы.

Білімнің нұрын төккен Ол Май ауданы, Кеңтүбек ауылы, Жалтыр орта мектебінде география және тарих пәнінен сабақ береді. Ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп келе жатқан маманның өз жұмысына деген адалдығы мен ерекше еңбекқорлығы жайлы жақсы естеліктер көп айтуға болады. Ол - отыз жыл бойы әрбір шәкіртінің жүрегіне жылулық, мейірімділік нұрын төгумен қатар, сапалы білім мен

7

мықты тәрбие бере білген жоғары санатты ұстаз. Педагогика саласында еңбек еткен жылдарында Дәмелі Бәкібайқызы мектеп директоры, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жаратылыстану-математика пәндерінен әдістеме бірлестігінің жетекшісі, мектеп бойынша бала құқығын қорғаушы инспектор, сынып жетекші сынды қызметтерді абыроймен атқарып, ғибратты

ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буынды оқыту ісіне арнап келеді. Әрдайым көп ізденуден жалықпаған ол қолданбалы курстар мен тереңдетіп оқыту бағдарламасын құрастырды. Оның қызықты, танымдығы мол сабақтары республикалық «Ғылыми педагогикалық әдістемелік» журналда, «45 minut KZ», «Қазақ ұстаздары» республикалық журналында, «Мектеп –

ұстаздардың әлемі», «Қазақстан ұстазы» республикалық ғылыми-практикалық конференци материалдарының жинағында жарияланды. Жас ұрпаққа білім беру жолында аянбай тер төккені үшін ол аудан, облыс деңгейіндегі түрлі марапаттарға ие болды. Бұдан басқа да жетістіктері толағай. Атап айтар болсақ, Дәмелі Бәкібайқызы «Ғылымбілім KZ», «Ғылым-білім» халықаралық интернет ресурсы олимпиадаларының жүлдегері, «Май аудандық мұғалімдер олимпиадасында І, ІІ дәрежелі диплом, «Қазақстан ұстаздары республикалық қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі, «Ғылыми жоба» оқу-әдістемелік орталығынан І дәрежелі дипломды қанжығасына байлады. Оның

шәкірттері де жетістіктерден кенде емес. Оқушылары бүкілресейлік қашықтық олимпиадаларында І орын, республикалық интернет олимпиадаларында тағы да І, ІІ орын, республикалық «Ғылыми шарайна», халықаралық «Адам және табиғат», «Жаңа сабақ», «Ақбота» интеллектуалдық ойындары мен өзге де байқаулардан жүлделі оралуда. Кәсіби шеберлігімен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ұжымына сыйлы, шәкірттеріне үлгі бола білген ұлағатты жанның еңбегі мен өмірі баршаға өнеге боларлықтай.

Айсана САХИМЗАДИНОВА,

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің 1-курс студенті.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың неге назар аударуы қажет? Қаржылық сауаттылықты арттыру және банктердің қазіргі, сол сияқты әлеуетті клиенттерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалы төмендегілер туралы хабарлайды. Банктер клиенттермен шарттық қарым-қатынастар негізінде банктік қызметтерді көрсетеді. Осыған байланысты, банкті таңдау кезінде банкке қатысты қабылданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларға ғана емес, оның қаржылық жай-күйіне және банктік қызмет көрсету және/немесе банктік қарыз шарттарының талаптарына да (ағымдағы шоттың, жинақ шотының), әсіресе, мыналарға назар аудару қажет: 1) ағымдағы шот шарттары бойынша: - банк тарифтері (бірінші жылы және кейінгі жылдары банктік шоттарға және/немесе төлем карточкаларына жылдық қызмет көрсету), қолма-қол ақшаны банкоматтарда және банк кассаларында алу үшін, ақшаны банктік шотқа аудару үшін, төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін, банктік шоттағы ақша қалдығына сыйақы үшін); - банктің тарифтеріндегі өзгерістер туралы хабарлау тәртібі; - шот иесінің келісімінсіз банктік шоттан ақшаны өндіріп алу тәртібі; 2) банктік салым шарттары бойынша: - сыйақы мөлшерлемесінің, оның ішінде айналыс күніне сенімді, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеулермен (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері; - сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінің өзгеру тәртібі және ол жөнінде хабардар ету тәсілі; - салымды толықтыру/алу мүмкіндігі; - салымды мерзімінен бұрын ішінара алу және салым шартын бұзу тәртібі; - мерзімді және жинақ ақша салымдарын мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымды банктік салым шарты салымды қайтаруды байла-

ныстыратын жағдайлар басталғаннан кейін мерзімін ұзарту тәртібі (ҚР азаматтық заңнамасына сәйкес банктік салым шарты, егер өзгесі шартта көзделмесе, талап еткенге дейінгі салымның талаптарымен ұзартылған болып саналады); - банк депозиттік өнімді жапқан жағдайда банктік салым шартын шартта көзделген талаптарда ұзарту мүмкін еместігі туралы салымшыны хабардар ету тәртібі. Бұл ретте, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардан ұлттық валютада жаңадан тартылатын депозиттердің талаптары өзгергеніне назар аударамыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасының ережелеріне сәйкес жеке тұлғалардың салымдары (§4. Банктік салым) белгілі бір мерзімге салынатын жинақ салыммен толықтырылған. Салымшы жинақтау салымын белгіленген мерзім өткенге дейін талап еткен жағдайларда, салым бойынша сыйақы салым бойынша талап етуге дейінгі белгіленген мөлшерде төленеді. Осылайша, салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі салымның мерзіміне және түріне, мерзімінен бұрын алу және толтыру құқығына байланысты сараланатын болады. 3) банктік қарыз шарттары бойынша: - жылдық сыйақы мөлшерлемесін есептеу мөлшері және тәртібі, сондай-ақ оны өзгерту талаптары; - өтеу әдісі, өтеу кестесі; - комиссия мен өзге де төлемдер тізбесі, олардың түп соңында кредиттің нақты құнына әсер ететін мөлшері; - жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері, ол қарыз алушының кредит алуға және қызмет көрсетуге жұмсалған барлық шығыстары есебімен, кредиттің нақты құнының көрсеткіші болып

табылады. Бұл көрсеткіш әртүрлі банктердің ұқсас кредиттерін салыстыру үшін қолданылады; - қарыз бойынша берешекті, оның ішінде қарыз алушының келісімінсіз оның банктерде ашылған банктік шоттарынан өндіріп алу тәртібі; - банктік қарыз шарты бойынша үшінші тұлғаларға құқықты (талап ету) беру тәртібі; - берешекті сотқа дейін өндіріп алу және ден қою үшін коллекторлық агенттікке беру. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың назарына: Сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда, Сіз: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Павлодар филиалына: S03B4H4, Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша өтіне аласыз, анықтама телефондары: 8(7182)704422, 8(7182)704423. Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасының «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөліміне («ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасы AppStore және PlayMarket дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүктеп алу үшін қолжетімді); Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінде (https://nationalbank.kz/?docid=1129&switch=kazakh); - қарыз алушының және банктің, банк қызметтерін жүзеге асыратын ұйымның заңымен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк және жеке тұлға қарыз алушы арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырушы банк омбудсманына өтініш жасауға құқыңыз бар. Банк омбудсманының деректемелері: А15GП8Е2, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй, 302-офис, тел. +7 (727) 261 22 16, +77089833016, е-mail: office@ bank-ombudsman.kz, сайт: www.bank-ombudsman.kz. (20111)

ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары - 66-14-61. Жауапты хатшы - 65-12-74. Әлеуметтік бөлім - 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат- 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» - 66-14-63. «Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі - 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 13446 дана, бүгінгі көлемі 2 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1129 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.


8

11 маусым, сейсенбі, 2019 жыл

ТҰЛҒА

САРЫАРҚА САМАЛЫ СПОРТ ТЫНЫСЫ

Әділдіктің ақ туы Шоң бабамыз Биыл Ертіс-Баян өңірінде алғаш рет Баянауыл сыртқы округінің алғашқы аға сұлтаны және «Төртуыл» одағының төбе биі болған Шоң би оқулары байқауы өтуде. Өткен айда Баянауыл ауданының Торайғыр ауылы байқаудың аудандық кезеңін ұйымдастырса, облыстық кезеңі Павлодар қаласындағы №37 орта мектебінде өтті. Алғашқы облыстық Шоң би оқуларына аудандық кезеңнен жеңімпаз атанған 60-қа жуық оқушы қатысып, тарихи тұлғалар туралы білімдерін көрсетті. Тілеуберді САХАБА Биыл Шоң би Едігеұлының туғанына – 265 жыл. Бұған дейін өз заманында ел басқарып, халқына әділ төрелігін жүргізген тарихи тұлға туралы көп айтылмай келіп еді. Биыл сол олқылықтың орны толды деуге болады. Оқушылар жаңа деректер анықтап, Шоң Едігеұлы туралы мол мағлұматтарды жарыққа шығаруда. Бұл байқауды ұйымдастырушы – облыстық «Мәшһүр Жүсіп» қоры екенін айта кету керек. Аталмыш қордың президенті, тарих ғылымдарының кандидаты Ертай Жүсіповтің сөзінше, шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарамасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ұйымдастырылған. - Байқаудың облыстық кезеңіне 5-11-сынып аралығындағы 60-қа жуық оқушы қатысуда. Алдағы жоспарымыз Шоң би оқуларының аясын кеңейтіп, республикалық деңгейде ұйымдастыру. Себебі, бұған дейін елімізде Шоң би Едігеұлының өмірі мен елге сіңірген қызметін насихаттауға бағытталған мұндай оқулар болған емес. Яғни, бірінші болып біз қолға алып отырмыз. Жалпы, Шоң би туралы мәліметтер өте аз. Көрнекті жазушы, жерлесіміз Қалмұхан Исабаевтың романы бар. Мақсатымыз – еліміздегі

ұмыт болған ұлы есімдерді қайта жарыққа шығарып, халыққа насихаттау, - дейді Ертай Қуандықұлы. Шоң би оқулары байқауының ережесі бойынша қатысушылар үш аталым бойынша бақ сынады. Біріншісі – «Эссе жазу» яғни, Шоң би туралы оқыған, білгендерін белгіленген уақытта жазып шықты. Екіншісі – «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» деп аталатын жас ақындар мүшәйрасы. Бұл тақырыпты таңдағандар Шоң би Едігеұлының тарихи портретін, тарихи тұлғасын поэзия тілінде сөйлетуі керек.

Ал үшіншісі - тест түріндегі сұрақ-жауапқа жауап беру. Байқаудың нәтижесі бойынша, «Эссе жазу» номинациясының бас жүлдесін Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 6-сынып оқушысы Ұлжан Төлеубай жеңіп алды. Ал Шоң бидің тарихи тұлғасын өлеңмен әспеттеген жас ақындар мүшәйрасының бас жүлдесі Екібастұз қаласы С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 8-сынып оқушысы Бексұлтан Қайдаровқа бұйырса, сұрақ-жауап аталымында №38 орта мектептің оқушысы Шоң Абдуллин жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, бірнеше бала Торайғыр би, Шорман

би, Тәйкелтір би, Едіге би, Қазанғап би аталымдарымен марапатталды. Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлау Байбосын өз сөзінде оқушылар байқауға ерекше дайындықпен келгенін атап өтті. - Мен ақындар мүшәйрасына қазылық еттім. Шоң би туралы жазбаша мәліметтердің аздығына қарамастан, оқушылар жақсы дайындалып келіпті. Тұшынып оқуға тұрарлық өлеңдер болды. Кейіпкердің образын жан-жақты ашқан жақсы туындылар болды. Жалпы, Ертіс-Баян өңірінде ашылмаған, айтылмаған тарихи тұлғалар баршылық. Көбі - ерте заманда болыс болған, би болған адамдар. Мысалы, көп аталмай жүргендердің қатарында Қазанғап би, Исаның Қабышы, Оразбайдың Сүлеймені, Райстың Әйтімі секілді тұлғалар бар. Солардың есімін шығаратын уақыт жетті. Екіншіден, Успен, Железин, Тереңкөл аудандары туралы көп айтылып, жазылмай қалады. Негізінде бұл аудандарда да құрмет тұтар тұлғалар болған. Міне, соларды да насихаттауымыз керек, деді Сайлау Әшенұлы.

Шоң АБДУЛЛИН, облыстық Шоң би оқуларының

жеңімпазы:

- Мен байқаудың сұрақ-жауап номинациясына қатыстым. Сұрақтар күрделі болды. Мысалы, Шоң бидің өмірбаяны және атқарған қызметі жайлы. Жалпы, бабамыздың халыққа сіңірген еңбегі ерен. Сол кездің өзінде ағарту саласына көңіл бөліп, кедей-кепшіктердің балаларының білім алуына жағдай жасады. Сонымен қатар, ел арасында болған дау-шарға әділ төрелігін айтып, тыныштық орнатқан екен. Осы байқау арқылы біздің тарихымызда осындай ірі мемлекеттік қайраткердің, халықшыл тұлғаның болғанын білдік.

Бас бапкер тағайындалды Бұдан былай «Ертіс» футбол клубын сербиялық маман Милан Миланович жаттықтырады. Клубтың жаңадан тағайындалған бас бапкерін облыстық футбол федерациясының президенті Ойрат Сәдуов таныстырды. 56 жастағы М.Миланович бұрын белградтық «Чукарички» командасында ойнаған. Кейін бапкерлік қызметке ауысып, Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. Одан соң сербиялық «Новый Пазар», «Колубара», «Хайдук», «Земун», «Рад», «Раднички», сондай-ақ босниялық «Лакташи» командаларында қызмет етті. Бұдан бөлек, есімі қазақстандықтарға жақсы таныс Молдованың «Шериф» футбол клубына жетекшілік етті. - Облыс әкімі Болат Бақауов пен павлодарлық жанкүйерлердің артқан сенімін ақтауға тырысамын. Қазақстанның 5 дүркін чемпионының қазіргі жағдайынан хабарым бар. Алдағы уақытта турнир кестесіндегі нәтижені түзету үшін жұмыс істейміз, - деді Милан Миланович өз сөзінде.

Шығыс жігіттері шымыр «Қазақстан Барысы - 2019» турнирінің жеңімпазы анықталды. Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының жігіттеріне тең келер ешкім болған жоқ. Осы өңірдің намысын қорғаған Айбек Нұғымаров «Қазақстан Барысы» атанса, шығыстан келген тағы бір палуан Ерасыл Қажыбаев күміс белдікке қол жеткізді. Сайдың тасындай іріктелген 33 палуанның арасынан жартылай финалға 4 палуан шықты. Нұр-Сұлтан қаласының палуаны Айбат Сейтеннен айласын асырған Ерасыл Қажыбаев ақтық сында белдесуге мүмкіндік алды. Ал Айбек Нұғымаров алматылық Руслан Әбдіразақты жеңіп, финалға шықты. Турнирдің үшінші орны тәжірибелі палуан Руслан Әбдіразақовқа бұйырды. Ал финалдық белдесуге шыққан шығысқазақстандық қос палуан арасындағы кездесуде А.Нұғымаров жеңіске жетіп, екінші мәрте «Қазақстан Барысы» атанды. Ал Ерасыл Қажыбаев болса екінші жыл қатарынан аталған турнирдің күміс белбеуін қанжығасына байлады. Ал Павлодар өңірінің намысын қорғаған Мұхтар Дәлелханұлы турнирдің екінші айналымында Ерасыл Қажыбаевқа есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

Ардагерлер абыроймен оралды! Түркістан қаласында самбодан ардагерлер арасында ел чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 200-ден астам спортшы қатысты. Үміткерлер арасында халықаралық дәрежедегі бірнеше спорт шеберлері, Қазақстан, Азия және Әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері мен еңбек сіңірген спорт шеберлері бар. Дүбірлі додаға 35 жастан асқан спортшылар қатысып, 7 жас және 7 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Павлодар облысының самбошылары жарыста сәтті өнер көрсетіп, өңір қоржынына 6 алтын, 7 күміс, 2 қола медаль салды. Әзірлеген - Алпысбай ХОНЖ.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.