22 10 2013

Page 12

Ñàðûàðêà ñàìàëû

РУХАНИЯТ

22 қазан, сейсенбі, 2013 жыл

Шаханов пен Евтушенконың

достыєы

www.saryarka-samaly.kz

ОҚШАУ ОЙ

12

Жақында Екібастұз қалалық орталық кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов пен орыс ақыны Евгений Евтушенконың достығына арналған поэзия кеші болып өтті. Әдеби шараның мақсаты – қазақ және орыс поэзиясында өзіндік орны бар қос ақынның шығармашылығына терең үңілу, сөз өнерімен өрнектелген әсемдікті түйсіне білуге баулу және шығармалар желісіндегі рухани құндылықтарды оқырман бойына сіңіру. Ал Евгений Александрович қазақ ақыны туралы «Әсіреұлтшылдық – кез келген ұлтты азып-құлдырауға бастайтын жол. Ал, Мұхтар, сен үшін мен бақыттымын, себебі, сен – кең құшақты дарқан тұлғасың. Сен Қазақстанға да, Ресейге де және бүкіл адамзатқа да бірдей ұлтжандылық ете аласың. Сен – қара қылды қақ жарған әділетті адамсың және болашақтың қазағысың!» деген өзінің ақ ниетін, шын жанашыры екендігін білдірген. Қос тұлғаның шығармашылық және азаматтық жолындағы ажырамас достығы, бір-біріне деген шын ықыласы бүкіл халыққа үлгі болды десек, артық айтқандық емес. Осы ретте Мұхтар Шахановтың:

Айқындалмас жақының мен алысың, Доссыз жүру мүмкін емес сол үшін. Өз көңілінен сенім таба білмеген, Досқа досша ұсына алмас қол ұшын,

Тілеуберді САХАБА

Ж

алпы, Мұхтар Шаханов пен Евгений Евтушенко өнерде де, өмірде де өте жақын достық қарым-қатынаста екендігі баршаға аян. Мұхтар ақын өзінің бір сөзінде: «Анам марқұм орыс ақыны Евгений Евтушенконы жақсы көрді. Мәскеуге барған сайын міндетті түрде Евтушенкоға арнап қаттама нан пісіріп жіберетін. Өзім анамның нанын әлі күнге дейін сағынамын. Арасына май жағып, керемет етіп пісіретін. Жұп жұмсақ болатын. Евтушенко «Вкусная лепешка! Матушка передала?» деп қуанатын» деген екен.

- деген тіркестері ойға оралады. Екібастұз қалалық кітапханасының бөлім меңгерушісі Ардақ Жұмағалиеваның айтуынша, аталған шара көпұлтты мемлекетіміздің уыздай ұйып отырған ынтымағын сақтау, қазақ ұлты мен өзге ұлттар арасындағы достық көпірді жалғастыру мақсатында ұйымдастырылған. Поэзия кешіне мектеп оқушылары қатысып, қос ақынның достық, береке-бірлік, татулық тақырыптарында жазылған өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Шаханов пен Евтушенконың достығы» атты электронды кітап көрмесіне шолу жасалды.

СЕЗІМ

Мұхтар ШАХАНОВ

СҰЛУЛЫҚТЫ СЕЗІНУ

Нар көңілдің жастығы ма, Әлде оянған арман ба, Жүз жасаған Жамбыл ақын кешегі, О, керемет, Грузияға барғанда, - Бір сұлуға ғашық бопты деседі. - Міне, нағыз бүгінгінің батыры, Қатал уақыт қарияны сала алмапты-ау тезіне. Неткен қайсар сұлулық бұл, деп бір орыс ақыны Жас алыпты көзіне. Иә, қарттар бар арғымағы арманнан, Жігерімен дүр сілкінткен даланы. Сұлулықты сезінуден қалған жан Бәрінен де қалады. Жер бетінде жел өшірген із аз ба,

Ñàðûàðêà ñàìàëû

ПАТШАЛЫҒЫ

Жігерсіздің өрісі әркез тар болған. Отызында кемпір болған қыз аз ба, Жігіт аз ба отыз бесте шал болған?! Кім жас, Кім қарт, Уақыт өзі іріктер, Ер көбейсін ат қып мінер қиялды. Қарттық � оттың азаюы, оты азайған жігіттер Қай кезде де қоғам үшін зиянды. Бақыттысың әр таң сайын көзіңді Сұлулыққа суарудан қашпасаң. Қартайдым деп алдай көрме өзіңді, Қарттық жаспен өлшенбейді ешқашан.

ЖШС директоры Ж.О.СМАНОВ Телефоны 61-81-10

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Центр аналитической информации» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 23.11.2012 ж. №13191-Г куәлігі берілген

Басылым Қазақстан Республикасы және Ресейдің Омбы, Новосібір облыстары, Алтай өлкесі және Монғолияның Баян-Өлгей аймағына тарайды.

Бас редактор А.Ә.ӘБІШЕВ Телефоны 61-80-15 ЖШС-нің мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143-үй, e-mail: kense-cai@mail.ru Редакцияның мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 143 үй. Теле/факс 61-80-15

Газеттің электронды поштасы: s_samaIy@maiI.ru Біздің сайт: www.saryarka-samaly.kz Бас редактордың орынбасарлары – ГАЗЕТ 1979 ЖЫЛЫ «ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ. 61-80-23, 61-80-19.

Кезекші редактор -

Сая МОЛДАЙЫП

Прагматик қайдан шығады? «Біздің халық әдебиетші, тілге шешен, өнерге бай, суырып салатын талантымыз болған, екінің бірі ән айтып, домбыра тартқан. Соғыс кезінде жігіттер үйлеріне сағыныш хаттарын өлеңмен жазған, оны ауылдастары әндетіп (зармен) айтып, елден елге тараған. Сондай зарлы өлең хаттың бірі пәлен деген ауылда, түген дегеннің баласынан келген... ». Алдыңғы буын аға ұрпақтың осындай әңгімесін естіп жүріп өстік. Олардың арасында «Қыз Жібек», «Зар-Зар», «Еңлік-Кебек» немесе батырлар жырын жатқа айтатын көкірегі зерек, сұңғыла адамдар көп болды. «Қазіргінің баласы әңгіме, шығарманы қайдан жазады, көркем әдебиетті оқымайды, оқи алмайды, оқығанмен көңіліне тоқи алмайды». Мұны қазіргі аға буын айтады. Олардың арасында әдеби кітапты тұшынып оқитындар аз болса да, бар. «Уақыт кетіріп оқығанша, бәрі интернетте дайын тұрған жоқ па?! Көшіріп алып, түзете салсақ болды. Бұрынғылар кітап оқыса, ол кезде теледидар, интернет болған жоқ». Бұл – бүгінгі студент пен оқушының сөзі. Оларға уақыт қымбат! Нағыз прагматиктер осылар! Міне, әр заманның ерекшелігімен дейміз бе, адамдардың құлқынан дейміз бе, әйтеуір халқымызға тән небір тамаша қасиеттерден айрылып, өркениет деп аталатын ұлы көштің жалына жармасып келеміз. «Қалып қоймау керек!». Рас, бүгінгінің баласы әдеби кітап оқымайды, содан болар, ойын көркемдеп жеткізе алмайды, төл ертегілерді біле қоймайды. Ер Төстік, Шойынқұлақ, Толағай, Күнікей қыз, Қырық өтірік... секілді ертегі кейіпкерлерін балаңыз яки немереңіз айтып отыра ма? Жоқ. Оның орнына бүгінгі күні балалардың газет-журналдарын былай қойғанда, сәбидің іш киіміне дейін суреті басылған Маша мен Медведьті жақсы біледі. Тіпті, еңбектеп жүрген сәби осы екеуінің тілін түсінбесе де, суретін, «мультигін» көрсе болды, емізігін тастай салып, кірпік қақпай қарап отыра қалады. Сан ғасырдан бері қарым-қатынас жібі үзілмей келе жатқан көршіміз орыс жұртынан үйренгеніміз көп. Өкініштісі, солардың жамандығын әбден сіңіріп, «төл ісімізге» айналдырып алдық, ал жақсы қасиеттерін дұрыс қабылдай алмай келеміз. Мәселен, Павлодарға симфониялық оркестр, яки осы музыканы ойнайтын, ән шырқайтын өнер адамы келсе, кішкентай балаларын әке-шешесі, ата-әжесі қолдарынан жетектеп алып барады. Олар музыканы қалт жібермей тыңдап отырады, қол шапалақтайды, сахнадағы өнер иесіне гүл апарып береді. Орыс кішкентай баласына өздерінің барлық ертегі-аңыздарын үйретеді, кейіпкерлерін айтып отырады. Ал біздің ата-ана, аташка мен ажешкалардың көпшілігі бала-немересіне «туда нельзя», «сюда нельзя»-мен шектеледі. Тәрбие негізі отбасынан басталады. Үйдегі ересектердің газет-журнал, кітап оқығандарын көрген бала, міндетті түрде соны қайталайды, олар да рухани дүниеге жақын өседі. Оқиды, тоқиды, ойланып, толғанады, ізгілікке жақындайды, жақсы мен жаманды пайымдайды. Бірақ, көптеген ата-аналардың осыған мән бермейтіні түсініксіз. Баланың әлемі, жандүниесі тап-таза, сондықтан оның қияларманы, түсінігі, жадында сақтау қабілеті орасан зор. Бірақ, бірақ...

Жауапты хатшы - 61-80-18. Әлеуметтік қорғау - 61-80-20. Денсаулық, білім, спорт - 65-12-74. Тіл, әдебиет - 61-80-20. Экономика, саясат, құқық, имандылық, мәдениет, «Айналайын», «ЖАС times» 61-80-20. Жарнама бөлімі е-mail: s_samaIy_reklama@maiI.ru 65-12-75, 62-59-24. Маркетинг және тарату бөлімі 61-80-32. Фототілші, корректорлар - 61-80-17. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 47345 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Вестник» ЖШС-нің «PrimaLux» баспаханасында басылды. ҚР Павлодар облысы,

Пікіріңіз болса, газет редакциясына немесе www.saryarka-samaly.kz сайтындағы «Қойын дәптеріме» жолдаңыз.

Екібастұз қаласы, Әуезов көшесі, 15-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны: 8/7187/75-50-44. Баспа индексі 65441. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - Г-13-2579. Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 3 беттен асатын материалдар қабылданбайды. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды. Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді. Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды. Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.