13 10 2015

Page 1

Ñ

àðûàðêà

ҚР Президенті жанындағы

қазан, сейсенбі 2015 жыл №113 (14845)

ñàìàëû Зиянды газдар азаяды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТІ www.saryarka-samaly.kz Орталық Коммуникациялар Қызметі

13

1929 ЖЫЛҒЫ 15 АҚПАННАН ШЫҒАДЫ

Еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында парниктік газдардың шығарындылары 15-25 пайызға азаяды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі В.Школьник мәлімдеді. «Қазақстанның ұлттық міндеттемелерді қабылдауы - еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы климаттың ғаламдық өзгеру қарқынын ұстап тұру күресіндегі жауапкершілігінің дәлелі. Сонымен бірге, Елбасының әлемдік экономиканың тұрақтылығына қол жеткізу үшін Астанада халықаралық «жасыл» технологияны дамыту орталығын құру туралы бастамасы халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары бағаланды. Өздеріңізге белгілі, бұл «жасыл» технологияларды енгізу климаттың өзгеруіне және оның салдарымен күресуге

газдар шығаралымын 2030 жылға дейін 40 пайызға азайтады. «Осы жылдың желтоқсан айында климаттың өзгеруіне байланысты Парижде өтетін 21-інші конференцияға Қазақстанның мұндай міндеттемелерді қабылдап, ұсынуы - әлемдік деңгейде климаттың жақсаруына өз үлесін қосады деп есептеймін. Бүкіл адамзат бұл мәселеге алаңдаулы бүгінгі күні. Еуропалық одақ 2030 жылға дейін парниктік газдардың шығарындыларын 1990 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайтуды мақсат етіп отыр. 2020 жылға дейін 20 пайызға төмендейді», - дейді Траян Христеа.

дұрыс шешімдер қабылдауға септігін тигізеді. Осындай мақсатпен, біз климаттың ғаламдық өзгеруінің өсу қарқынын ұстап тұру үшін 1990 жылғы деңгейден 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарылымын 25 пайызға дейін төмендетуді көздеп отырмыз», - деді ол. Сондай-ақ, тек Қазақстан емес, Еуроодаққа мүше елдер де мұндай маңызды шешімдерден шет қалмақ емес. ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Христеаның айтуынша, ЕО парниктік

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

СЕНБІЛІК

Айнадай болсын айналаң!

Өткен аптада Павлодарда ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке облыс әкімі Қанат Бозымбаев та атсалысты. Аймақ басшысы Ертіс өзені жиегінде орналасқан саябаққа шырша отырғызды. Бұл күні аталмыш саябақ жаңадан отырғызылған 44 түп шыршамен шырайлана түсті.

Суреттерді түсірген – Төлеген Нұрғазы.

Фархат ӘМІРЕ

Жалпы, көктем мен күзде жалпықалалық сенбілік ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Ғазизовтың айтуынша, тазалық шарасына 40 мыңнан астам тұрғын қатысқан. - Сенбілікке Павлодар қаласының 150-ден астам ірі кәсіпорны, 2 мыңға жуық шағын және орта бизнес құрылымы атсалысты. Сондай-ақ, 400-ге жуық білім беру және

денсаулық сақтау мекемелері қатысты. Қала көшелерінің тазалығына жауапты кәсіпорындар сенбілікке 100-ден астам техника жұмылдырды. Бұл күні шамамен 20 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Сенбілік аясында техникалардың қоқыс төгу алаңына тегін кіруіне жағдай жасалды. Тазалық шарасы аясында 2300ден астам жас көшеттер мен ағаштар отырғызылды, - деді А.Ғазизов.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.