Б.C.Иманғалиева Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту

Page 8

сүре алмайды, яғни өз мақсаты үшін бірі басқасының жетістігін пайдаланады. Диалектика-материалистік философия мен жаратылыстану ғылымдарының тығыз одағы идеясының негізін В.И.Ленин қалады. Осыған жақын ой тұжырымдарын В.И.Вернадский еңбктерінен де кездестіруге болады /9,503-512-б.,78-б./. Белгілі жаратылыстанушылар Д.И.Менделеев, В.В.Докучаев, И.М.Сеченов, П.Н.Лебедев, А.Г.Столетов,А.М.Бутлеров, И.И.Мечников, К.А.Тимирязев, Н.А.Умов, В.О.және А.О.Ковалевскийлер, В.И.Вернадский және басқа көптеген ғалымдар әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. В.И.Вернадский өз естеліктерінде былай деп жазды: «Д.И.Менделеев... басқаларға қарағанда біздің еркіндік рухымыз бен оппозициялық көңіл күйімізге көп әсеретті. Ол бізге ақиқат білім салаларының шексіздігін, оның өмірдегі және адамзат дамуындағы мәні туралы айқын және әдемі, көрнекі және күшті бейнелеп жеткізетін... Оның дәрісі кезінде біз қыспақтан құтылғандай болып, жаңа бір әлемге тамаша әлемге енетінбіз...» /11,104-б./. Д.И.Менделеев өз шәкірттерінің ғылыми қызығушылығын қалыптастыруда көп еңбек етіп, олардың жаңа химия идеясына, дәл ғылымға құштарлығын оятты, эксперименттік жұмыстарға үн қосуына себепкер болды. Ол жастарды ғылымның жаңа, зерттелмеген жолдарына шақырды. В.В.Докучаев - өзінің еңбегі мен еркі нәтижесінде алдына қойған мақсатына жете білген жаңашыл, табанды адам. Өз дәуіріндегі философиялық және қоғамдық саяси идеялардың күшті ықпалы арқылы ғылымдағы материализм үшін күресіп, жаратылыстануды этикалық және қоғамдық пәндермен байланыстыра қарастырды. Ол осы қызығушылығын өз төңірегіне жиналған жастарға үйреткен. Тамаша биолог-дарвинист А.Н.Бекетов ғылымның дамуын халықтың тілегімен үздіксіз байланыстырып отырған. Ол эволюциялық даму идеясын Дарвинге тәуелсіз, өз бетімен негіздеді. Осы идеяны қамтитын «Табиғаттағы үйлесімділік» атты еңбегі Ч.Дарвиннің «Түрдің шығу тегі» еңбегінен бұрын жарық көрген. А.Н.Бекетовтың табиғаттағы үйлесімділік туралы идеясының үлкен әдіснамалық маңызы бар. Ол табиғаттағы өзара диалектикалық байланысты терең түсінуге көмектеседі. Бекетов мұндай үйлесімділіктің негізіне материяның мәңгілік қасиеттерін алады. Материяның қозғалысы процесінде табиғаттың жалпы заңдылықтары бойынша тірі және өлі табиғат өзгереді. Ал А.М. Бутлеров жаңа атомдық ілім негізінде тбиғат бірлігі туралы идеясын дамытты, материя туралы ілімнің дамуында маңызды рөл атқарған зат құрылысы теориясын жасады. В.И.Вернадский еңбектерінде жаратылыстану мен философияның өзара байланысы тұрақты және шығармашылық сипатта болды. Мұндай байланыс оның ғылыми зерттеулерінің сыртқы көрінісін ғана емес, оның негізін де құрайды. Оның философиялық қорытындылары жаратылыстану саласындағы ғылыми ізденістердің негізінде жасалған. Бұл өз кезегінде жаңа ғылыми мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдарын табуға түрткі болды. В.И. Вернадский еңбектерінде жаратылыстану мен философияның байланысы терең шығармашылық, жаңа философиялқ қорытындылар мен тұжырымдарға әкелетін байланыс болып есептеледі /10, 80-б./. В.И.Вернадскийдің ой-тұжырымдары практика критерийлерін түсінуге көмектеседі, оның ғылыми қызметпен, ақиқатқа жету процесімен байланысын ашып көрсетеді. Ол былай деп жазды: «Ғылыми шындықты логикамен емес, өмірмен ғана тануға болады. Әрекет – ғылыми ойға тән сипат. Ғылыми ой – ғылыми шығармашылық – ғылыми білім өмірдің қақ ортасында жүреді, олар өзара тығыз байланысты бола отырып, өздерін мекен ету ортасында белсенді көрсете біледі, олар 8


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.