Page 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Б.С. Иманғалиева

Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту

Ақтөбе, 2012 1


ББК 28.072 И 48 И 48 Б.С. Иманғалиева Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту: Оқу құралы (Өңделіп, толықтырылған екінші басылым). - Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекттік университетінің РБО, 2012 ж. - 111 б.

ISBN 9965-631-00-Х Оқу құралында экологиялық білім берудің теориялық негіздері, оқытудың әдістәсілдері, табиғаттағы зат айналым өзгерістері қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі кездегі экологиялық білім беру жайы, биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту жолдары ашып көрсетілген. Кітап университеттер мен педагогикалық институттардың жаратылыстану факультеті студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған. ББК 28.072 я 7 Пікір жазғандар:

Шығыс Қазақстан университеті ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Д.Х.Қамысбаев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекттік университеті педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы,педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Р.Бахтиярова

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекттік университетінің Әдістемелік кеңесінде мақұлданып,Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша баспаға ұсынылған. № 7 хаттама,15 қазан 2001 ж. И 1804020100/00(05) -02

© Иманғалиева Б.С. 2012. ISBN 9965-631-00-Х

2


Алғы сөз Оқу құралын алғашқы ұстазым Әділов Ізтұрған Жиеналыұлының рухына бағыштаймын. Қазіргі кездерде өндіргіш күштердің тез қарқынмен жетілуі, ауыл шаруашылығының дамуы және халық санының арта түсуі табиғатты сақтаумен, оның байлығын тиімді пайдаланумен тығыз байланысты. Елімізде соңғы жылдары табиғатты қорғау жұмыстарына және көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие беруге айрықша көңіл бөліне бастады. Республика тарихында тұңғыш рет «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заң 1991 жылы 18 маусымда қабылданып, онда экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттеріне ерекше мән берілген. Қазақстан Республикасының экология және табиғатты пайдалану жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1991 жылы қабылдаған Ережелерін барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындары орындауға міндетті. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымында» (1993) және «Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» (1994) атап көрсетілген. 1997 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы қабылданды. Осыған орай қоршаған орта жайында жүйелі де тиянақты білім беру, бүкіл халықты оны қорғауға тәрбиелеу және осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешу проблемасы заң жолымен жүзеге асатын болды. Ғылыми-техникалық прогресс өндіргіш күштерді дамытады, адамның тұрмыс жағдайын жақсартады, оның әл-қуатын арттырады. Сонымен бірге адам қызметінің артуы, табиғатқа араласуы кей уақытта қоршаған ортаны экологиялық және биологиялық тұрғыдан қайта қалпына келтіре алмайтындай етіп өзгертеді. Қоршаған отаның ластануы, бүлінуі, ресурстардың сарқылып, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы – адамның тікелей іс-әрекетінің нәтижесі. Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау және ол үшін экологиялық жүйені қосымша түрде зерттеп білу болып табылады. ХХ ғасырдың 40 жылдарында академик В.И. Вернадский адамның шаруашылық қызметі жаратылыстың күнделікті тіршілігіне табиғаттың өз ішінде болып жататын биологиялық дүмпуден кем соғып тұрған жоқ деп жазды. Ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың «зат алмасуы» бұрынғыданда бетер кең құлаш жайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұрын былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтың өмір сүру ортасына зор нұқсан келтіретіні сөзсіз. Сондықтан да адамзат қоғамының өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызу үшін, қазіргі және болашақ ұрпақтың материалдық, мәдени қажеттігін қанағаттандыру үшін қоршаған ораны ластанудан қорғауға бағытталған мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық шаралар жүйесі жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Адамның, қоғамның табиғат заңдылығымен санаспауы, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы салдарынан экологиялық қайшылықтардың кең өріс алғаны соншалық, қазіргі кезде экология проблемасы тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, дүниежүзілік,

3


әлемдік дәрежедегі ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Адам ақыл – ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, небір ғажайып көлік түрлері, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Бір ғана мысал: бүкіл дүние жүзі ғалымдарын толғандырып отырған климаттың өзгеруі, озон қабаты жұқаруының өзіақ жер бетіндегі тіршілік атаулы үшін зауал болмақ. Қазіргі қоғамдағы келелі де күрделі мәселелердің бірі – «адам–табиғат» қарымқатынасы. Адамзаттың бірлескен іс-әрекеті мен ынтымақтастығы нәтижесінде ғана адам, қоғам және табиғаттың өзара байланысы халық мүддесіне лайықты қызмет ете алады. Қоғам алдында тұрған мақсат – адамдардың табиғат заңдылығын ескермей, оның байлықтарын ретсіз пайдалану, экологиялық тепе-теңдікті бұзу, т.б. туралы кереғар ұғым – түсініктерін өзгерту. Ол үшін алдымен халықтың жаппай экологиялық білім деңгейін жоғарылату қажет, яғни әрбір адам экология ғылымының негіздерін оқып-үйренуі тиіс. Экологиялық білім мен тәрбие мәселелері жалпы білім берудің құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарымқатынасын қалыптастырумен және табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас. Оқушылардың экологиялық мәдениет деңгейін дамыту үшін мектепте барлық оқу мен тәрбие процесін, әсіресе жаратылыстану цикліндегі пәндерді экологияландыру қажет және олар пәнаралық байланыс арқылы іске асырылуы тиіс. Экологиялық білім беруге байланысты бірқатар зерттеулер жүргізіліп, оларда экологиялық білім берудің мақсат-міндеттері, теориялық, практикалық және әдістемелік негіздері анықталған. ХХ ғасырдың ортасында педагогтер В.Ф. Натали, Н.М. Верзилин, В.М. Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Табиғаттану пәні арқылы экологиялық білім беру негіздері Н. Сарыбеков, Е.А. Гринева, Д. Жангелдина, М.Н.Сарыбеков, физика пәнінде экологиялық ұғымдар қалыптастыру Е.В. Конорре, Н.М. Масимов, М. Уралов, А.Д. Болтаев, т.б. еңбектерінде қарастырылады. С.Орынбеков зерттеуінде өлкелік материалды пайдаланып, жануартану пәнінде биология – экология ұғымдарын қалыптастыру қамтылған. С.К.Ерімбетова химияны оқытуда экологиялық бағыттағы кіріккен сабақтар өткізу әдістемесін қарастырды. Қ.О. Шайхеслямова жергілікті материалдарды пайдалана отырып, болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім беруге әзірлеу әдістемесін зерттеді. Оқу құралының басты мақсаты – жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы арқылы зат айналымынан туындайтын экологиялық ұғымдардың ғылымитеориялық негізін айқындау, пәнаралық негізде биогеохимиялық экология ұғымдарын қалыптастыратын әдістемелік жүйе жасау.

4


Экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері Қоршаған ортаны қорғау, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері – егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік маңызды міндеттерінің бірі. Ғылыми-техникалық прогресс, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда болуына әкеліп соқтыруда. Республикамызда табиғатты қорғауға байланысты қабылданған қажетті шаралар жүйесінде қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты іскерлікпен ұйымдастыруға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылыми түсініктерді адамдарда қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік-педагогикалық процесс ретінде қоршаған орта туралы білім беруге зор көңіл бөлінген. Әлеуметтік-экономикалық білім берудің әдіснамалық іргетасы оқушыларға қоғамдық пәндерді оқытып үйрету барысында қаланады. Аталған пәндер арқылы мектеп оқушылары табиғат туралы ғылыми көзқараспен, қоршаған ортаны жаңартудың, ғылыми танымның теориясы және практикасымен қаруланады, «табиғат – адам – қоғам» жүйесіндегі диалектиканың заңдары және категорияларымен танысады. Әлеуметтануда адам мен табиғат арасындағы қатынас еңбек процесі арқылы жүзеге асатыны, бұл процесс кезінде адам ортаны өзгертіп, өз бойындағы қабілетін шығармашылықпен дамытатыны жөнінде ұғым алады. Экологиялық мәселелер – жаратылыстану пәндерінің ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ғылымдардың да зерттеу объектісі. Қоршаған ортаны сақтау және оны қорғау әлеуметтік зерттеулердің де пәні болғандықтан, әлеуметтанудың жеке саласы әлеуметтік экология пайда болды. Ол қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың даму деңгейін, құрылымын және заңдылықтарын зерттейді. Табиғи орта деградациясы ғылыми-техникалық прогрестің кең етек алуының нәтижесі ғана емес, сонымен бірге өндіргіш күштерді дамытудағы бір жақты, технократтық көзқарас пен экономикалық ықпалдың, экологиялық сананың төмендігінен болып отыр.Табиғи ортаны сақтау мен қорғауды тұтастай бақылау үшін жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың кіріктірілген пәнаралық ықпалы қажет. Осындай пәнаралық негізде қоршаған ортаны сақтау және қорғау мәселесін әлеуметтанудың арнайы саласы - әлеуметтік экология қарастырады. Табиғи экология тіршілікті, оның даму процестерін өз тұрғысынан қарастырады. Әлеуметтік экологияны да осы тұрғыдан түсіну экологиялық дағдарыс шиеленісіп, оның салдары мен оларды жою көптеген ғылымдардың зерттеу пәніне айналған кезде пайда болды. Әлеуметтік экология – жеке әлеуметтік ғылым, ол адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыстың ерекшелігін зерттейді./1,28-б./. Қазіргі кезде табиғаттың дамуы мен қоғамның даму процесіндегі адамдардың жасампаз қызметі арасындағы сәйкестікті түсіну үшін адамзатқа жоғары дәрежеде дамыған сана қажет. Сондықтан әлеуметтік экология өз зерттеулері арқылы мұндай сананы орнықтырумен қатар оны қалыптастырудың негізгі мәселелерін зерттеуі тиіс, бұл орайда білім беру жүйесі ерекше рөлді атқарады. Әлеуметтік экология арқылы қоршаған ортаның қоғамдық компоненттерін зерттеу кезінде әлеуметтік саясат білімі ескерілуі тиіс.Соған сәйкес әлеуметтік саясат әлеуметтік экология білімдеріне сүйенеді. Әлеуметтік саясат – қоғамдық топтар мен адам еңбегі, тіршілік жағдайлары мәселелерімен айналысатын саналы, еркін сарамандық, қоғамдық қызмет. Яғни әлеуметтік саясат осы сала тұрғысындағы білімді игеретін адамдар арқылы жүзеге асады. 5


Адам – табиғи тірі ағзалардың бірі. «Адам еңбегінің пайда болуы және дамуы оны қоршаған табиғи ортасымен тығыз байланысты, одан бөліп қарауға келмейді... Адам эволюциясы үнемі табиғатты өзгертетін климаттық катаклизмдер және басқа құбылыстардың әсері арқылы жүзеге асады» /2, 18-б./. Бірақ адам жай ғана табиғи тірі ағза емес, тіршілік күштерін, әр түрлі қабілеттіліктер мен іскерліктерді меңгерген белсенді тірі ағза. Ол өзін болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде көрсетеді. Қазіргі уақытта әрбір адам экологиялық тұрғыда жаңаша ойлай алатын, саналы және мәдениетті болуға, айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ережелерін білуге және оны сақтауға міндетті. Басқаша айтсақ, бүгінгі қоғам әрбір азаматтан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Адамға тіршілік ету үшін біраз қажеттіліктер керек, оларды қоғамдық ортада өмір сүру арқылы қанағаттандырады. Адам – тәуелді тірі ағза, өйткені өзінің әрбір қажетттілігін табиғатпен және қоғаммен байланыссыз жүзеге асыра алмайды. Адам – дамушы және өзгермелі тірі ағза. Ол жеке тұлға және түр ретінде үнемі өзгерістер процесінде болады. Сонымен қатар адам – саналы және іскер ағза иесі. Ол байлықтарды саналы игереді, мейірім-ділік пен жауыздықты ажыратады. Қазіргі қоғамдағы басты проблеманың бірі – «адам – қоғам – табиғат» қарымқатынасы. Оның шешімі барлық адамзат үшін біріктіруді талап етеді. Өз ортасын қорғаудағы адамзат-тың ынтымақтастығы мен іс-әрекетінің мақсаты – адам, қоғам және табиғаттың өзара үйлесімімен тұратын қоғам мәселесін шешу. Экологиялық білім беруде барлық жаратылыстану және қоғамдық ғылым білімдері байланыстырыла меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршілігі сапасының жақсаруына үлес қосуы керек. Яғни ол қоршаған ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына, адамдардың шығармашылық, еркін және құнды тірі ағза ретінде тіршілік жағдайын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады. XVIII ғасырда француз ағартушысы Ш.Монтескье «Климаттың құдіреті барлық биліктен де күшті» деп жазса, ағылшын социологы Г.Бокль адамдардың өмірі мен тағдырын төрт нәрсе – климат, азық, топырақ және ландшафт анықтайды деп тұжырымдайды. Оның ойынша, мысалы, адамдарды құлдыққа душар еткен өте ыстық ауа райы. «Табиғаттың өмірі – үздіксіз даму,» - деді Герцен. Бұл пікірді қоғам өміріне қолдана отырып, әлеуметтік өмірдің үздіксіз даму идеясын В.Г.Белинский барынша жақтады. «Адамзаттың дамуында шек жоқ... адамзат тоқта, жетті, енді одан әрі баратын жер жоқ деп ешқашан айтпайды,» - деп жазды /3, 146- б./. Абайдың дүниетанымында құдаймен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім мәселелері үлкен орын алады. Ол осылардың бәріне прогресшілдік тұрғыдан жауап іздеді. Абай, бір жағынан, құдай бар деп түсіндірсе, екінші жағынан, дүниенің, әлемнің объектілік заңдылығы бар екенін мойындайды. Сондықтан ғылымды меңгеруге, дүние құбылыстарын түсінуге шақырды. Ол айналадағы дүниенің мәңгі қозғалыста, дламуда болатыны былай түсіндіреді: «Дүние бір қалыпты тұрмайды. Әрбір мақұлыққа құдай тағала бір қалыпта тұрмақты берген жоқ». Сондай-ақ «Дүние – үлкен көл, Замана – соққан жел,» - дейді Абай «Отыз жетінші сөзінде». Оның рйынша, дүниеде өзгермейтін, құбылмайтын мәңгілік еш нәрсе жоқ., табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ. Мысалы, «Отыз жетінші» сөзінде ақын: «Адам баласын замана өсіреді, кімді-кім жаман болса, замандасының 6


бәрі виноват,» - деп жазды. Олай болса, адамды адам етіп тәрбиелейтін оның әлеуметтік ортасы, достары болмақ /4,43,78-79-б./. Қазақтың көптеген ғұламалары қоғам мен адамның байланысы туралы ерекше ойлар айтқан. ХХ ғасырдың басындағы ірі ақын әрі ойшылдардың бірі – Шәкәрім Құдайбердиев. Ол адамның қалыптасуы үшін еңбек, ақыл, мейірбандық, ұстамдылық, байқампаздық керектігін, ар-ұяты бар, қайырымды, ұстамды адам қоғамның кез келген кезеңінде өзінің лайықты орнын алатынын атап көрсетті. Ш.Құдайбердиев философ ретінде қоғамдық ойларға баға жетпес үлес қосты,өз өлеңдерінде адамның: ақыл-ой, ар-ождан, мақсатты әрекеттер т.б. сапаларын жырға қосты. Оның айтуынша, адам жақсы табыстарды және қиыншылықтарды кездестіреді, жақсысын қабылдап, жаманын алып тастайды. Шәкәрімнің «Үш анығында» сөз болатын басты мәселе – ар ілімінің негізі боп табылатын ынсап, әділет, мейірім тәрізді қасиеттер. Оның «Адамдағы ынсап, әділет, мейірім – үшеуі қосылып, ұждан деген ұғым шығады. Бұған илана алмаған адамның жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір заң тазарта алмайды... Ұжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды,» - деген ой толғамы бүгіндегі халқымыздың рухани жағынан жаңару талабымен үндес келеді /5,28-б./. Жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойғы тарих адамдар үшін қиын уақыт, қауіпті күйзеліс басталғандығын көрсетеді. Болашақ стратегиясын, қалыптасқан тәжірибені сын көзбен қарап, қайта ойлауды талап ететін жағдай туды. Осындай негізгі бағыттардың бірі – экологиялық мәселелерге философиялық талдау жасау. Биологиялық пәндерден бөліне отырып, қазіргі кезге дейін эволюцияланып, экология философиямен тығыз байланысты, қазіргі ғылыми білімнің әдіснамалық стандартын қалыптастыруда жалпы ғылыми және фиолсофиялық деңгейге көтерілді. Өз кезінде Гете былай деген болатын: «Өз түйсігіне сенбеген адам ақылсыз бақылаушыға ғана айналады... Ешқашан түйсік адастырмайды, пікір адастырады» /6, 32-б./. Шындық әлемде классикалық «әлемнің ғылыми бейнесінде» көрсеттілгеннен гөрі де күрделірек. әсіресе, бұл экологиялық мәселелерді шешу кезінде байқалады. Ғылыми-зерттеу процесінде өмірде бар болмыс «тіршілік әлеммен» қаншалықта хабардар болу керектігін Ф.И.Гиренок әділ ескертеді: «Өмірде болмыстың мәні емес, оның нағыз өзі құрып кетеді» /7,26-б./. Адам өзін ғылыми-зерттеу сферасында қалай ұстаса, сарамандық қызмет сферасында да солай көрсетеді. Р. Хиггинстің есептеуінше, «ғылым прожектор, пышақ, ине және хирургиялық аспаптар көмегімен әрекет етеді. Оған тән фокус, оның әдістері – бөлу, ажырату, жару, кесу, жеңілдету, редукция және механикалық өлшеу. Оның үлгісі – мазасыз, мұздай объективтілік. Сөзсіз тәжірибелі куәгерлікке бағыну және жаңа ашылуларға ұмтылу сондай күш тудырады, ол күш уақыт өткен сайын ғылымның өзі қызмет ететін мақсатына көлеңке түсіреді» /8, 41-б./. Философия мен жаратылыстану әр түрлі аспектілерді қамтып, оларды әр алуан әдістермен зерттесе де, олар қандай да бір объективтік шындыққа жетуге бағытталған. Көптеген жаратылыстану ғылымының дәлеледемелері қандай да бір философиялық негіздемені болжайды. Философияның өзіндік жеке зерттеу сферасы бар және оның жеткен нәтижелері тәуелсіз болып есептеледі. Олар жаратылыстану арқылы, егістіктегі жұмысқа қажетті құрал сияқты, қабылданады. Бұл – бірдей құқылы серіктестер одағы,олардың әрқайсысы белгілі бір кезеңде өз бетінше дербес, сонымен бірге олар бір-бірінсіз өмір 7


сүре алмайды, яғни өз мақсаты үшін бірі басқасының жетістігін пайдаланады. Диалектика-материалистік философия мен жаратылыстану ғылымдарының тығыз одағы идеясының негізін В.И.Ленин қалады. Осыған жақын ой тұжырымдарын В.И.Вернадский еңбктерінен де кездестіруге болады /9,503-512-б.,78-б./. Белгілі жаратылыстанушылар Д.И.Менделеев, В.В.Докучаев, И.М.Сеченов, П.Н.Лебедев, А.Г.Столетов,А.М.Бутлеров, И.И.Мечников, К.А.Тимирязев, Н.А.Умов, В.О.және А.О.Ковалевскийлер, В.И.Вернадский және басқа көптеген ғалымдар әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. В.И.Вернадский өз естеліктерінде былай деп жазды: «Д.И.Менделеев... басқаларға қарағанда біздің еркіндік рухымыз бен оппозициялық көңіл күйімізге көп әсеретті. Ол бізге ақиқат білім салаларының шексіздігін, оның өмірдегі және адамзат дамуындағы мәні туралы айқын және әдемі, көрнекі және күшті бейнелеп жеткізетін... Оның дәрісі кезінде біз қыспақтан құтылғандай болып, жаңа бір әлемге тамаша әлемге енетінбіз...» /11,104-б./. Д.И.Менделеев өз шәкірттерінің ғылыми қызығушылығын қалыптастыруда көп еңбек етіп, олардың жаңа химия идеясына, дәл ғылымға құштарлығын оятты, эксперименттік жұмыстарға үн қосуына себепкер болды. Ол жастарды ғылымның жаңа, зерттелмеген жолдарына шақырды. В.В.Докучаев - өзінің еңбегі мен еркі нәтижесінде алдына қойған мақсатына жете білген жаңашыл, табанды адам. Өз дәуіріндегі философиялық және қоғамдық саяси идеялардың күшті ықпалы арқылы ғылымдағы материализм үшін күресіп, жаратылыстануды этикалық және қоғамдық пәндермен байланыстыра қарастырды. Ол осы қызығушылығын өз төңірегіне жиналған жастарға үйреткен. Тамаша биолог-дарвинист А.Н.Бекетов ғылымның дамуын халықтың тілегімен үздіксіз байланыстырып отырған. Ол эволюциялық даму идеясын Дарвинге тәуелсіз, өз бетімен негіздеді. Осы идеяны қамтитын «Табиғаттағы үйлесімділік» атты еңбегі Ч.Дарвиннің «Түрдің шығу тегі» еңбегінен бұрын жарық көрген. А.Н.Бекетовтың табиғаттағы үйлесімділік туралы идеясының үлкен әдіснамалық маңызы бар. Ол табиғаттағы өзара диалектикалық байланысты терең түсінуге көмектеседі. Бекетов мұндай үйлесімділіктің негізіне материяның мәңгілік қасиеттерін алады. Материяның қозғалысы процесінде табиғаттың жалпы заңдылықтары бойынша тірі және өлі табиғат өзгереді. Ал А.М. Бутлеров жаңа атомдық ілім негізінде тбиғат бірлігі туралы идеясын дамытты, материя туралы ілімнің дамуында маңызды рөл атқарған зат құрылысы теориясын жасады. В.И.Вернадский еңбектерінде жаратылыстану мен философияның өзара байланысы тұрақты және шығармашылық сипатта болды. Мұндай байланыс оның ғылыми зерттеулерінің сыртқы көрінісін ғана емес, оның негізін де құрайды. Оның философиялық қорытындылары жаратылыстану саласындағы ғылыми ізденістердің негізінде жасалған. Бұл өз кезегінде жаңа ғылыми мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдарын табуға түрткі болды. В.И. Вернадский еңбектерінде жаратылыстану мен философияның байланысы терең шығармашылық, жаңа философиялқ қорытындылар мен тұжырымдарға әкелетін байланыс болып есептеледі /10, 80-б./. В.И.Вернадскийдің ой-тұжырымдары практика критерийлерін түсінуге көмектеседі, оның ғылыми қызметпен, ақиқатқа жету процесімен байланысын ашып көрсетеді. Ол былай деп жазды: «Ғылыми шындықты логикамен емес, өмірмен ғана тануға болады. Әрекет – ғылыми ойға тән сипат. Ғылыми ой – ғылыми шығармашылық – ғылыми білім өмірдің қақ ортасында жүреді, олар өзара тығыз байланысты бола отырып, өздерін мекен ету ортасында белсенді көрсете біледі, олар 8


тек ғылыми білімнің таратушылары ғана емес, сонымен бірге көрінудің шексіз формаларын жасайды, ғылыми білім дәрежесі көтерілуінің ірілі – ұсақты көздерін тудырады» /9,54-б./. Мұндай ой қорытындысынан ғылым мен практика бірлігі көрініс береді. Ғылым тіршілік ету барысында жүзеге асады, ғылыми ой тұжырымдары өмірді жаңартады. Сонымен бірге бұндай жаңа түзілулер ғылыми ойдың жаңа «көріну» формаларын тудырады, «ғылыми білімнің өсу» көздеріне негіз болады. Қазақстандағы экологиялық мәселелер А.Е. Еренов, Н.К. Мұқитанов, Н.Б. Мұхитдинов, Л.В. Ильяшенко және т.б. еңбектерінде қамтылған. Олар Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын қарастырады /12/. И.Н. Тасмағамбетовтың «Экологиялық проблемалардың дүниеге көзқарастық аспектілері» диссертациялық еңбегінде «адам-табиғат» объективтік қарымқатынасына талдау жасалып, бұл қарым-қатынас қайшылықтарын шешу тәсілдері сөз болады. Диссертант әлеуметтік экология материалы негізінде экологиялық қызметтің дүниеге көзқарастық негіздері, экологиялық ойлау, экологиялық сананы қалыптастырудың әлеуметтік-мәдени тетіктері мәселелерін ашып көрсетуге ұмтылған /13, 142-б./. Қазір дүние жүзінде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан өзекті мәселелердің біріне айналды, бұл азаматтан бұрынғыдан да дана, ақылды болуды талап етеді. Даналықты жүзеге асырудың бір жолы экологиялық хабардарлық, жете білушілік болып табылады. Экологиялық жағдайдың әсеріне байланысты бүгінде адамзат баласының рухани сапасын жетілдіру оларда ең алдымен жауапкершілік, даналық, ақылға салып көрушілік, аяушылық, табиғи ортаның әрбір байлығын бағалау және түсіну қабілеттерін дамытуға негізделген. Тіршілік сферасының дағдарысқа ұшырау қарқыны адамзаттың қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіптілікті сезіну және сарамандық қызмет саласынан басқаның бәрін тиімді «экологияландыру» құралдарын жасау қарқынынан біршама алға кеткендіктен, қазіргі экологиялық жағдайларды жете білмеушілік, экологиялық сананың толық қалыптаспағандығы байқалады. «Кей кездері мен өз ғылымымды жек көре бастаймын,-дейді белгілі эколог А. Яковлев, - өйткені ол менің алқымыма «кесек тықпалайтындай» біліммен қаруландырады». Экономикалық қайшылықтар және әлеуметтік-саяси екі ұштылық салдарынан экологиялық проблемалар екінші кезекке ығыстырылуда. Біздің қоғамымыздың рухани құлдырауға ұшырауының бір себебі экологиялық қауіпке біртіндеп етіміздің үйренуі, қоршаған орта жағдайына жауапкершіліксіз және немқұрайды қарау болып табылады. Бұл ретте экологиялық білімді насихаттау мен экологиялық ағарту жұмыстарының мәні зор. Олар шынайы экологиялық қауіпке бейімделудің қауіпті психологиялық механизм екендігін ескертіп, қорқыныш сезімін оятады /15,30,48-б./. Осыған сәйкес, батыс зерттеушілері жұртшылық назарын қазіргі және болашақ ұрпақ алдында табиғатты жаңарту әрекетінде жауапкершілік сапасы ретінде қауіп, қорқыныш рөліне аударады. Мысалы, Р. Хиггинстің есептеуінше, уайымсыз оптимизмге қарағанда, қорқынышта болу тиімдірек. Қорқыныштың және кінәлілік сезімінің болмауы қазіргі кездегі үлкен қауіптердің бірі болып есептеледі, ал нағыз «орынды қорқыныш» - ретімен жұмсалатын күш, тіршілік ету үшін қажетті биологиялық функция /16,36-б./.

9


«Қорқыныш»,«жауапкершілік»,«экологиялық сауаттылық» т.б. түсініктер соңғы уақытта ТМД және Қазақстандық әдебиеттерде де жиі айтылып жүр. Олар туралы келесі тарауларда толық қамтылады /17,18,19,20/. Бүгінде әлемдегі экологиялық жағдайдың шиеленісуі адамзатқа қауіптілікпен бетпе-бет келе отырып, терең ойлануды, істің жайын шынайы сезініп, қазіргі жағдайдан шығу жолын іздестіруді талап етеді. Метаэкология немесе экология философиясы – отандық философия ғылымындағы маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі жалпы ғылыми және философиялық деңгейдегі экология қоршаған ортаны қорғау теориясы шегінен шығып, ғылыми таным әдіснамасы және адамның дүниеге нақтылы көзқарасын қалыптастыру сияқты ең күрделі салаларда түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс. Қазіргі экология идеялары адамдардың адам болып қалыптасуына қажетті білім, іскерлік, дағдыларды игеруде маңызды рөл атқарады. Ертедегі грек философы Платон егер етікшінің шеберлігі төмен болса, онда мемлекет халықты етікпен қамтамасыз етуде зардап шегеді, ал егерде тәрбиеші өз міндетін дұрыс орындамаса, елде білімсіз ұрпақтар мен нашар адамдар пайда болатындығын айтқан. Қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстың нәтижесі деп есептеген жөн. Экологиялық дағдарыс күннен-күнге шиеленісіп, адамзат баласына қауіп төндіріп отырғаны мәлім. Экологиялық білім беруде өмір талабына сәйкес жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қалмай, оны табиғатты үздіксіз қорғау іс-әрекеттерімен байланыстырған абзал. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір тармағы – экологиялық оқу ағарту қажетті білім, тұжырым, түсінік, сенімдер қалыптастыруға бағытталады. Жергілікті материалдармен толықтырылған және өз мәнінде жеткілікті, анық түрде берілетін экологиялық мәліметтер табиғатқа кезек күттірмес көмектің қажет екендігін, көп жылдар бойы табиғаттан алғанымызды біртіндеп болса да қайтару керектігін ұғынуға көмектеседі. Жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибенің ұрпақтан-ұрпаққа берілуі – адамзат қоғамы дамуының маңызды алғы шарттарының бірі. Сондықтан да тәрбие беру адамзат қоғамы дамуынан бөлінбейді және пайда болу кезеңінен бастап онымен тығыз байланысты. Өндіріс неғұрлым дамып күрделенген сайын соғұрлым ғылыми білім көбірек жинақталып, өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге арнайы тәрбиелеуде арнайы ұйымдастыру жұмыстарының қажеттілігі арта түседі.осыған сәйкес, білім мен тәрбие беру қоғамның объективтілік қажеттілігіне айналады және оның дамуының маңызды алғышарты болады /21,8,12-б./. Білім беру мен тәрбиелеуге байланысты ғылыми, әдіснамалық және оқу әдбиеттерін зерттеу оқушылардың табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыру 20 жылдары негізгі фактор болып саналғандығын көрсетеді. Оқушылардың әр түрлі еңбек қызметі тек қана мектепте емес, одан тыс жұмыс түрлерінде де ұйымдастырылады. Ұлы педагогтер ерте кезден-ақ табиғат жеке адамның ақыл-ойы мен сезімін тәрбиелеудің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білді. Өздерінің педагогикалық теорияларында табиғатқа жауапкершілікпен қараудың жеке адамның адамгершілік қатынасын қалыптастырудағы маңызына ерекше мән беріп, сол арқылы қоғамға, оның материалдық байлығына және еңбекке деген қатынасының көрінетіндігін дәлелдеді.

10


Педагогиканың әр түрлі даму кезеңдерінде оқушылардың табиғатты белсенді түрде оқып үйренуі негізінде тәрбиелеудің формалары мен әдістері зерттелінді (Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б.). Біздің ата-бабаларымыз – Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қаз дауысты Қазбек бидің және белгілі қазақ жазушы-ағартушылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллиннің халықтың адамгершілік құндылығы туралы тамаша еңбектерімен қайта қауыштық. Мұндай мұралармен танысу арқылы олардың мазмұны туған өлке табиғаты туралы адамгершілік материалдарға толы екендігіне көзіміз жетеді. Бұл еңбектердің мазмұнын шығармашылықпен зерттеп, жастарға экологиялық білім мен тәрбие беруде қолдана білуіміз керек. Академик И.Д.Зверев былай деді: «Экологиялық тәрбиенің мақсаты қоршаған орта жағдайы үшін азаматтық жауапкершілікті қамтамасыз ететін ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін қалыптастыру болып табылады». Ғалымның пікірінше, экологиялық тәрбиенің негізгі міндеттері төмендегі мәселелерді қамтиды: табиғат туралы ғылыми білімдерді меңгеру; қоғам мен адам үшін табиғат құндылығының көп жақтылығын түсіну; табиғи ортада болу, құқық нормаларын меңгеру; табиғатпен қарым-қатынас талаптарын дамыту; табиғи ортаны көркейтудегі қызметті белсендіру. Соңғы жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде «экологиялық білім», «экологиялық тәрбие», «экологиялық білім мен тәрбие беру» сияқты ұғымдар кеңінен қарастырылады. Кейбір ғалымдар басқа ұғымдарды, мысалы, «ноосфералық тәрбие», «экологиялы-экономикалық тәрбие» т.б. ұсынады. Бұлардың ішінде нақты, дәлірек ұғым «экологиялық білім мен тәрбие беру» деп есептейміз, өйткені білім беру – оқушыларға ғылыми білім танымдық іскерлік пен дағдылар жүйесін меңгерту процесі, соның нәтижесінде, олардың шығармашылық қабілеттері дамып, адамгершілік және басқа сапалары, дүниеге көзқарасы қалыптасады, ал тәрбие беру – жеке адамның дамуына мақсатты түрде әсер ететін қоғамдағы мінез-құлық тәсілі, сенім, көзқарас, сапалық қасиеттер нәтижесі және процесі, жалпы олар бір-бірінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. 1-кесте Педагог-ғалымдардың еңбектеріндегі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәнінің анықтамасы № 1 1.

Авторлар 2 И.Д.Зверев

Жылы 3 1982

2.

Т.В.Кучер

1985

Еңбектің аты 4 Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін шешу Географияны оқыту процесінде экологиялық 11

Анықтамасы 5 Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік қарымқатынасын қамтамасыз ететін сенім, көзқарас, ғылыми білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады (22,111-б.). Экологиялық білім беру... мынадай мақсатты көздейді: мектеп бітірушілерге табиғат заңдары туралы қажетті білім беру, бұл білім жүйесі


білім мен тәрбие беру

3.

А.Н.Захлебный

1986

Экологиялық соқпақта

4.

Ә.А.Тұрдықұлов

1988

Физиканы оқыту процесінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру

5.

И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина

1988

Оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасы

6.

И.Н.Нұғыма -нов С.Орынбеков

1996

Экологиялық білім берудің педагогикалық негізі (мақала)

12

олардың еңбек процесінде табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін шешуде, табиғаттың жеке компоненттері жағдайына адамдардың әсер ету нәтижесін бағалау іскерлігін қалыптастыруға алдағы уақытта қоршаған орта сапасын жақсарта түсуге қызмет етеді (23,24,3-б.). Экологиялық білім берудің мақсаты қоғамның моральдық принциптері мен құқықтық нормаларынан туындайтын, қоршаған ортаға жауапкершілік қатынас негізіндегі экономикалық мәдениетті қалыптастыру болып табылады (25,8-б.). Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді табиғат ресурстарын қалпына келтіріп отыру және тиімді пайдалану, табиғатты қорғау бағытындағы белсенді өмірлік позициялар және табиғатты қорғауда ғылыми негіздегі білім, соған сәйкес сенімді сарамандық дағдылар қалыптастыруға бағытталған психологиялы-педагогикалық процесс деп түсінуіміз керек (26,12-б.). Оқу, қоғамдық еңбек қызметінің барлық түрлеріндегі оқушы-лардың қоршаған табиғи ортаға жауапкершілік қатынасын қалыптастыруға мақсатты бағытталған процесс экологиялық білім мен тәрбие берудің мәнін құрайды, оның мақсатын анықтайды және тереңдете түседі (27,3-б.). Экологиялық білім берудің мақсаты немесе табиғи ортаға жауапкершілікпен қарау - әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан саралауға болатын кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына мыналар жатады: Табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсінуі; Табиғаттың халық қазынасы екенін сезінуі; Табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білуі; Табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп түсіне білуі (20,50-б.).


Қызмет тәсілі мен білім жүйесін меңгерудегі білім мен белгілі бір құнды қасиеттер жүйесіне бағытталған тәрбие бір-бірінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Бұл екі процесс педагогтің күнделікті жұмысында үнемі бір-бірімен қатарласа отырып, өзара әрекет етеді. Экологиялық білімнің негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылса, экологиялық тәрбиенің мақсаты ғылыми білім, көзқарас және сенім жүйелерін қалыптастыру болып есептіледі. Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді. Біріншісі – көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады. Екіншісі – бір пәнді үлгі, орта мектептің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады. Үшіншісі – аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытатын арнайы пән бойынша оқытылады. /20,50-53-б./. Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғат пен қайта түлеген отраға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны меңгереді. И.В.Подласыйдың пікірінше, егер бала, жасөспірім өзінің жеке жақындары мен достарының бақыты ауа мен су тазалығына тәуелді екенін білсе, ол табиғат достары мен қорғаушылары қатарынан көрінері сөзсіз /28,610-613-б./. Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланысын бірте-бірте аша түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарасы мен сенімін тұжырымдап бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың ақылойын дамытуға бағытталған міндеттерді шешуді түбегейлі жақсарта түседі. Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық-психологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық және басқа гуманистік қасиеттерін дамыту барысында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады. Психология–педагогикалық идеялар туралы Гальперин П.Я., Блонский П.П., Выготский Л.С., Леонтьев А.Н., Эльконин Д.Б. және басқа ғалымдар еңбектерінде кеңінен қамтылған. Көптеген психолог, физиологтардың есептеуінше, адам табиғи трі ағза ретінде кейбір тұқым қуалау арқылы берілетін тума табиғи қажеттіліктермен ғана (жыныстық және тағамға қажеттілік) дүниеге келеді. Мұны өз уақытында П.Я.Гальперин «Адамдарға инстинктер туралы мәселелер» еңбегінде терең де нақтылы түрде қарастырған болатын /29,30-б./. Генетикалық эпистемология маманы Ж.Пиаже, балалар психологы және этнографы Мид, мәдениет тарихының маманы А.Я,Гурьевич еңбектерінде бұл жағдай толық дәлелденеді. Л.С.Выготскийдің ғылым мектебі (А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин және т.б.) зерттеулерінің нәтижесі де мұны толықтай қуаттайды. А.Н.Леонтьевтің түсінігінше, адамның барлық қабілеті оның тіршілік ету барысында пайда болады және дамиды /30,79-б./. Нейро – ғылыми зерттеу мәліметтері бойынша ми қабылдаудың творчестволық моделін және алдын ала сезетін күшті жасауға икемді. Сана – сезімі мол және үлкен дәрежедегі ерік-жігері күшті адам өзін қоршаған шынайы ортаны жаңартуда және

13


тануда өз еркін бағыттай алады. Тиімді ұйымдастырылған адам қызметі нәтижесінде ол белгілі бір ой тұжырымдап, сызбанұсқа, кесте, т.б. құрастырады. Адам неғұрлым өзінің жеке басының тәджірибесі арқылы танымға ие болса, соғұрлым сезінгіш, түсінгіш келеді. Мысалы, жазушы өз шығармасын жазу кезінде әрбір кейіпкерінің ішкі жан дүниесіне еніп, оның жан толғаныстарын өзінің сезімі арқылы өткізеді. Ал ғалым болса, өз идеясына әбден төселеді: математик – алгебралық немес топологиялық құрылымға, әлеуметтанушы – эксперттік жүйелерге, биолог әрбір тірі ағзаның білгілі бір қызмтін зерттеуде, өзінің жеке гипотезаларына сүйене отырып, ой қорытындысына келеді. Мұндай құбылысты психологияда эмпатия деп атайды. «Иіс түйсігі арқылы сезіну» Фрэнсис Бэконға тән болған. Ол исі бойынша тірі немесе өліп абар жатқан табиғатты сезінген: «Гүлді өсіп тұрған кезде иіскеген (осы кезде оның тыныс алуы музыка толқындары тәрізді ауаға таралады), оны жұлып алған және қолда ұстап тұрған кезде қарағанда жағымдырақ көрінеді» /31,454-б./. Эмпирикалық психология адамның ішкі түсініктері физиологиялық реакцияларды, яғни сыртқы стимулдарды тудыруы мүмкін екендігін дәлелдеді. Табиғатта пайымдап қарауға шолу мен өз басынан өткізген тәжірибесі арқылы қалыптасқан танымды психологиялық сана-сезім, білім ретінде қарастыруға болады. Адамның ерекше сезімталдығы, әсіресе, өсімдіктер және жануарлармен саналы қарым-қатынас жасау қабілетінің дамуы табиғаттың нәзіктігін түсінуге және оның үйлесімді ырғақтарына бағынуға әсер етуі мүмкін /32,125-б./. Психологиялық тұрғыдан экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз мынаған саяды: а) қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелділіктің бүгінін терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу. Ол үшін оқушыларды экологиялық ұғымдар жүйесін қамтитын біліммен қаруландыруымыз керек; ә) қалыптасқан білім деңгейіне сәйкес табиғи ортаны қорғауға жауапкершілік сезіммен қарау, туған табиғатты жалпы халықтық қазына деп қабылдайтын көзқарас пен табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғатпен қарымқатынас жасауда жеке мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру; б) экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-әрекетті, дағдыны меңгерту. Л.С.Выготскийдің ойынша, тәрбие процесі негізіне оқушының жеке қызметі алынуы тиіс, ал тәрбиешінің міндеті – сол аталған қызметті реттеп, бағыттап отыру. Психологиялық тұрғыдан мұғалім – тәрбиелеуші ортада тәрбиеленушімен өзара әрекет кезінде оның ұйымдастырушысы, реттеушісі және бақылаушысы... Әлеуметтік орта – тәрбие процесінің шынайы тетігі. Мұғалімнің қызметі сол тетікті меңгеру болып табылады /33,83-б. т.б./. Айтылған ойдан шығатын психолгиялық қорытынды: баланы қандай да қызметке үйрету үшін оны қызықтыра біліп, осы қызметке дайындай білу қажет. Сол кезде оқушы істі өздігінен бар жан-тәнімен беріле орындайды да, қажет болған жағдайда ғана мұғалымнен түсінбегенін сұрап алады. Сонымен экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеті мақсатқа сәйкес балалардың мінез-құлық, іс-әрекетттерінің жаңа формаларын қолдана білу, яғни олардың экологиялық санасын дамытуда жоспарлы түрде жұмыс істеу болып табылады.

14


Заттардың биогеохимиялық айнылымы – табиғатты зерттейтін ғылымдар байланысынан туындайтын негізгі ұғым Қандай ғылым болмасын бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар жүйесінен тұрады, оларды жетік түсінбейінше, ғылымның мазмұнын игеру мүмкін емес. Адам, қоғам және табиғаттың бірлігі, заттың жойылып кетпейтіні, атомдар мен молекелалардың анық барлығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру үшін оқушыларға заттар құрылысының деңгейлері және олардың биогеохимиялық айналымы туралы ұғымдар берілуі қажет. Оқушыларға химия – биологиялық білім берудің негізі биогеохимиялық экология ұғымдарын қалыптастыру болып табылады. Жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде орта білімді экологияландырудың мүмкін болатын бағыттарынан төмендегілерді атауға болады: Бірінші бағыт – химиялық негізге сүйеніп, тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы бірлікті және олардың өзара әсерін ашып көрсету. Бұл бірлік тірі ағзалардың қоршаған ортасыз тіршілік ете алмайтынына негізделген. Кез келген ағзаның тіршілік құрылысы, физиологиялық функциялары тіршілік ортасы мен зат алмасуына бейімделген. Зат алмасу – тіршіліктің негізі. Ағзалардың тұқым қуалау және өзгергіштік қасиеттері зат алмасуына тәуелді. Зат алмасу тоқталса, тіршілік те тоқталады. Табиғаттағы зат алмасу заттардың биогеохимиялық айналымы арқылы жүзеге асады. Жаратылыстану ғылымдарының зерттеу объектілері,олардың экологиялық аспектілері арқылы жаратылыстану-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру химиялық орта білімді экологияландырудың екінші бағыты болып есептеледі. Үшінші бағыт – жаратылыстану-экологиялық ұғымдарын әлеуметтік және техникалық ұғымдармен ұштастыру. Төртінші бағыт – алдыңғы үшеуінің негізінде химиялық экология ұғымдарын қалыптастыру. Бесінші бағыт – ол ұғымдарды биогеохимиялық экология ұғымдар жүйесіне дейін кеңейту. Алтыншы бағыт – экологияның әр саласы және әлеуметтік ұғымдарын қалыптастыру үшін жергілікті өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану /44,11-б./. Аталған бағыттардың ішіндегі негізгісі – бірінші бағыт. Яғни биогеохимиялық экология ұғымдарын толық талдай отырып, экологияның басқа ғылымдармен байланысын жүзеге асыруға болады. Заттардың биогеохимиялық айналымы – ағзалардың тіршілік ету қызметіне негізделген және тұйық сипатта болатын биосфераның әр алуан компоненттері арасындағы зат пен энергияның үздіксіз алмасуы. Бұл терминді ХХ ғасырдың басында В.И.Вернадский енгізген. Ол өзінің биогеохимия жөніндегі еңбектері мен биосфера туралы ілімінде биогеохимиялық оралымның негіздерін жасаған. Табиғаттағы барлық биогеохимиялық айналымдар өзара тығыз байланысты, тіршілік етудің динамикалық негізін құрайды, ал олардың кейбіреулері, атап айтсақ, биогенді элементтер айналымдары биосфераның қазіргі күйі мен эволюциясын түсінуге көмектеседі. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасындағы өзара байланыс заттардың биогеохимиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдарымен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесінің қалыптасуына негіз болады. Табиғатта үздіксіз жүріп жататын процестердегі адамдардың ролі үлкен. өздігінен дамитын күрделі жүйе ретіндегі биосфераға адам заттардың 15


биогеохимиялық айналымы арқылы ықпалын тигізеді. Ол кейбір биогенді элементтер мен олардың қосымшаларының таралуын арттырады, екінші біреулерін азайтады. Осыған орай, жаратылыстану пәндерін бір-бірімен кіріктіріп, өзара пәнаралық байланысты өткізу мектеп оқушыларының биогенді элементтер айналымының химиялық табиғаты туралы биохимиялық және геохимиялық білімдерін тереңдетеді. Жоғарыда аталған пәндер курстарында қоршаған ортаның сарамандық маңызын ұғындырумен шектеліп қалмай, оның танымдық және эстетикалық мәнділігіне де назар аударған жөн. Жаратылыстану пәндерінде экологиялық мәліметтерді тереңірек талдау негізінде биогеохимиялық экология ұғымдары қалыптастырылады, олар арқылы оқушылардың экологиялық ойлау және қоршаған орта заңдылықтарын игеру қабілетін, табиғатпен сырласа білу дағдысын орнықтыруға болады /45,161-б./. Қазіргі экономикалық жағдайдың шиеленісуі жаңаша экологиялық ойлау мен сананы қалыптастыру қажеттігін, ғылым мен өндірісті экологияландыруды, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуін тереңірек түсінуді және жақсартуды талап етеді. Осыған сәйкес, соңғы уақытта ғылыми білім мен сарамандық қызметтің барлық салалары экологияландырылуда. Мектеп білімін экологияландыру барлық оқу пәндері мазмұнын қайта қарауды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдап алуды, қазіргі экологиялық мәселелерді толық қамтитын, оқу бағдарламасына жаңа бағытта кіріктірілген курстар ендіруді қажет етеді. Экологиялық бағыттағы кіріктіру сабақтары құрылымының мақсаты – экологиялық мәселелерге бірқалыпты қызығушылықты дамыту және экологиялық мәдениет пен ойлауды қалыптастыру, оқушыларға химия мен биологияны оқытуда жүйелі де тиянақты экологиялық білім беру. Кейінгі кезді бейорганикалық., физикалық, органикалық химиямен қатар химия ғылымының жаңа саласы – химиялық экология немесе экологиялық химия қалыптасып келеді. Химиялық экология – ағзалардың қоршаған ортамен және олардың өзара химиялық әрекеттесулері туралы ғылым. «Химиялық экология» терминін академик Ю.В.Овчинниковтың пайымы тұрғысынан қарастырсақ, химиялық экология табиғаттағы адамдар қатысынсыз жүретін түраралық және тіршілік өзара қарым-қатынастардың химиялық негіздерін ғана емес, сонымен бірге биосфера мен адам қызметінің өзара әрекеттесулері туралы өте маңызды мәселені де қамтиды. Химиялық экологияға халық санының өсуі мен жоғары қарқынмен индустрияландыру кезіндегі энергетикалық, минералдық және тамақ ресурстары мәселелерінің де тікелей қатынасы бар /46,20-б./. Қазіргі әдебиеттерде «экологиялық химия» терминіне қарағанда «химиялық экология» жиі қолданылады. Бұл терминдер жеке-жеке қарастырылып жүргенімен, екеуінің зерттейтін объектілері бір, айтарлықтай айырмашылықтары жоқ. Айтылған салада химия-экологиялық ұғымдар қалыптасуда, олардың өзара байланысын мынандай сурет түрінде көрсетуге болады:

16


Негізгі химия-экологиялық ұғымдар Қоршаған орта (ҚО) ҚО заттар айналымы биохимиялық

геохимиялық биогеохииялық 1-сурет

Биохимиялық заттар айналымы – химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта бірнеше рет алмасуы мен өзгеруінің заңды процесі. Геохимиялық айналым – Жер қыртысы химиялық элементтерінің миграция процесі мен олардың биосферада таралуы /47,117-б.;234-б./. Ал биогеохимиялық айналымда осы екі процесс біріге әрекет етеді. Күн сәулесінің энергиясы мен ағзалардың тіршілік процесі арқылы жүзеге асатын биосферадағы заттар және энергия айналымы болып табылады. Ол тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуына жағдай жасайды. Осы аталған ұғымдарды жалпы идеялар тұрғысынан түсінуіміз қажет. Әрбір пәнді оқу барысында оқушылар әр түрлі түсінік, құбылыс, заңдылықтарды дұрыс түсінуі және есте сақтаулары тиіс. Ал барлық пән бойынша бұлардың саны бірнеше мыңға жетуі мүмкін. Осыған сәйкес, пәнаралық байланыссыз деректердің мұндай көлемін оқушыларға қабылдау қиынға соғады. Экологияландырылған білім беруде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімділігі төмендегі критерийлермен анықталады: а) әр түрлі пәндер бойынша түсінік, заңдылық және теорияларды зерттеудің бір жүйелілігі; ә) бір пәннен алған білімді басқа пәндерді оқу кезінде пайдалана білуді жүзеге асырудың жолдары мен әдістемелік ерекшеліктері. Жалпы білім беретін орта мектептегі экологияға қатысты пәнаралық байланыстың барлық жүйесін тұтастай көз алдымызға елестету үшін жеке түсініктер мен ғылыми деректерді топтастыратын жетекші идеяларды ажырата білуіміз керек. Мұндай идеялар жүйесін төмендегідей етіп көрсетуге болады: Пәнаралық мазмұндағы жетекші идеялар жүйесі Табиғат тіршілігіндегі біртұтастық және даму Қоғам мен табиғат тарихының өзара байланысы Еңбек процесіндегі табиғаттың өзгеруі

Орта және адам денсаулығы

Орта және жануарлар мен өсімдіктердің күйі

Табиғат – адам – қоғам жүйесіндегі өзара әрекеттесулерді ойластыру 2-сурет 17


Табиғаттың біртұтастығы идеясы – ғылыми-жаратылыстану пәндерінде қарастырылатын негізгі дүниетанымдық идеялардың бірі. Оқушылардың табиғат құбылыстарының өзара байланысы туралы білімдері табиғаттың химиялық, физикалық және биологиялық бейнесін, олардың бірлігі ғылыми жаратылыстық бейнесін құрайды. Әсіресе, табиғаттың біртұтастығы биосфера, оның құрамы, құрылымы және эволюциясы туралы ілімді оқығанда толықтай қарастырылады. Тірі және өлі табиғат бірлігі химияның биологиямен пәнаралық негізінде ашып көрсетіледі. Бұл кездегі байланыс сипаты әртүрлі. Мысалы, егер биологияны оқытуда табиғат құбылысының ерекшеліктерін түсіндіру үшін химиялық мәліметтер қажет болса, ал биологиялық процестер химияны оқыту кезінде тірі және өлі табиғаттың жалпы процестерін бейнелеу мақсатында пайдаланылады /49,33-б./. Биогеохимиялық экология ұғымдарын заттар құрылымының деңгейлері және оларды зерттейтін ғылымдар тұрғысынан түсіну үшін төмендегі суретті ұсынып отырмыз: Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың өзара байланысы Геохимия

Геология Атмосфера Гидросфера Литосфера

Химия

Т а б и ғ ат Мине ралдар

Элементар бөлшектер

Атом Молекула

Физика

Химия

Физикал ық химия

Биохимия

Тау жыныстары

Заттар Органикалық заттар Өсімдіктер

Ағзалар (Тірі ағзалар) Жануарлар

Биология

Химиялық экология 3-сурет

18

Биосфера

Бейорганикалық заттар

Адам Қоғам

Қоғамдық ғылымдар

Экология

Элемент


Жоғарыда келтірілген суретте зат құрылымының қарапайым бөлшектерден басталып күрделі деңгейлеріне дейін берілген. Мұны пайдалану арқылы заттардың биогеохимиялық айналымы, әр деңгейді зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының объектісі және аралық ғылымдар жөніндегі нақтылы ұғымдар жүйесін қалыптастыруға болады /19,15-б.;50,166-б./. 3-суретте табиғаттағы әр алуан заттар құрылымы жағынан түрліше зерттелетіні байқалады. Әр түрлі күрделілену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді. Химия солардың бірі ретінде, заттардың бір-біріне айналу өзгерістерін атом-молекулалық деңгейде қарастырады, өзінің зерттеу объектісі жағынан физика мен биологияның аралығындағы ғылым. Ал жоғарыда аталғаннан да гөрі төменірек деңгейдегі ауысу, өзгерулерді зерттеу физиканың химиямен шектес саласы – қарапайым бөлшектер химиясының еншісіне жатады. Химия заттардың химиялық қасиеттерін зерттеуде физиканың әдістері мен теориялық көзқарастарын пайдаланады, осыдан келіп, екі ғылымның бірігуінен - физикалық химия пайда болады. Өйткені олардың зерттейтін объектісі бір - әр деңгейдегі заттар құрылымы. Жер туралы ғылым – геология жер қыртысындағы химиялық элементтер миграциясы процесі мен таралуын зерттейді. Оның химиямен сабақтасуынан пайда болатын геохимия минералдар мен тау жыныстарындағы өзгерісін биохимия қарастырады. Ғылымдардың үштен бірігуі нәтижесінде биогеохимия ұғымы туындайды. Биогеохимия дегеніміз – биосферадағы химиялық элементтердің жинақталуы мен таралуын, миграциясы мен айналымын, тау жыныстары мен минералдар бұзылуындағы тірі ағзалар ролін зерттейтін ғылыми пән. Мұндай биогенді процестер біздің планетамызда маңызды роль атқарады. Осыған сәйкес, биогеохимия биогенді процестер геохимиясы ретінде де қарастырылды /51,13-15-б./. В.И.Вернадский – минеролог және геохимик, жер қыртысындағы химиялық элементтердің тарихын зерттеуші, жаңа ғылымдар – геохимия мен биогеохимияның негізін қалаушы. Оның айтуынша, атмосфера газдары – ағзалардағы зат алмасудың өнімдері, тіршілік нәтижесі. Оған фотосинтез және басқа тіршілік процестері кезінде түзілетін оттегі, көмір қышқыл газы, азот т.б. газдар жатады. Қазіргі газдардың азотты-оттекті құрамы, В.И.Вернадскийдің пікірінше, тірі заттар әрекеті нәтижесінде геологиялық процестер барысында пайда болған. Тірі ағзалар – Жердің беткі бөлігіндегі ең мықты геологиялық күштер болып табылады. 1926 жылы В. И. Вернадский былай деп жазды: «Жердің беткі бөлігінде тірі ағзалардан артық күшті және үнемі әрекет ететін химиялық күш жоқ» /52,71-б./. Ол осындай биосфераның биогеохимиялық қызметін талдау арқылы тұжырымға келді. Өзінің көптеген еңбегінде тірі заттардың (тірі ағзалар жиынтығының) табиғи ортадағы газдармен тығыз байланыста болатындығын атап көрсетті. 1928-1930 жылдары В.И.Вернадский биосферадағы процестерге салыстырмалы түрде қорытындылауды тірі заттың бес негізгі биогеохимиялық қызметі болатыны туралы түсінік берген. Бірінші қызметі - газдар тудыру. Планетаның жоғарғы қабаттарындағы газдардың көпшілігі тіршілік нәтижесінде пайда болады. Жер асты жанғыш газдары – ертеде жер қуыстарында сақталған өсімдік текті органикалық заттардың ыдырау өнімдері. Жиі тараған батпақ газы – метан (СН4) осындай ыдырау нәтижесінде түзіледі. Екінші қызметі – концентрациялау (жинақтау). Ағзалар өз денелерінде көптеген химиялық элементтерді жинақтайды. Соның ішінде бірінші орында көміртегі тұрады. 19


Көмірдің құрамында көміртегінің жинақталу дәрежесі жер қыртысына қарағанда орта есеппен 1000 есе көп. Мұнай – көміртегі мен сутегінің концентраторы, өйткені ол биогенді жолмен пайда болады. Металдардың жинақталуы жөнінен бірінші орынды кальций алады. Тұтас таулы үстірттерде ізбес қаңқалары бар жануарлар қалдықтары жиналған. Кремний концентраттары – диатомды балдырлар, радиолярия, ал йод – ламинария балдыры, темір мен марганец ерекше бактерияларда кездеседі. Фосфор омыртқалы жануарлар сүйектерінде жинақталған. Үшінші – тотығу-тотықсыздану қызметі. Ол ауыспалы валенттіліктері бар көптеген химиялық элементтер тарихында маңызды роль атқарады. Әр алуан су тоғандарын мекендейтін ағзалар өздерінің тіршілік ету процесінде және өз тіршіліктерін тоқтатқан соң, оттектік режимді реттейді және ауыспалы валенттіліктері бар бірқатар металдардың (V, Mn, Fe) тұнбаға түсуі немесе еруіне мүмкіндік жасайды. Төртінші – биохимиялық қызмет. Бұл кеңістіктегі тірі ағзалардың өсуі, көбеюі және орын алмасуымен байланысты. Көбею нәтижесінде тірі ағзалар әр алуан географиялық аймақтарға жылдам тарайды. Бесінші – адамдардың биогеохимиялық қызметтері. Олар өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы қажеттігі үшін жер қыртысындағы заттардың барлық өсу мөлшерін қамтиды. Бұл қызмет жер шары тарихында ерекше орын алады және көбірек көңіл қойып зерттеуді қажет етеді /53,35-36-б./. Сонымен, біздің планетадағы барлық тірі заттар бүкіл өмірін қимыл-қозғалыста өткізеді. Мұны барлық биогенді элементтер айналымынан байқауға болады. Биосферадағы тіршілік қозғалысы ағзалардың көбеюі мен өсуі арқылы бейнеленеді. Ағзалардың көбөюі, олардың өсуінің нәтижесі ретінде, биомассаның артуы мен қоректенуі, тыныс алу және эксперименттер бөлу жолымен зат алмасудың өсуіне әкеледі. Бұл процеске көптеген химиялық элементтер қатысады. Сондықтан да ағзалардың өсуі мен көбею жылдамдығы биосферадағы химиялық элементтер айналымымен байланысты. Біздің планетаның – биосфераның сыртқы қабатының химиялық күйі тірі ағзалардың тіршілік әсері нәтижесінде ғана толықтай сақталады. Биосфераға таралатын энергияның ғарыштан бастау алып, күннен сәулелі энергия түрінде бөлініп шығады. Тірі ағзалардың осы ғарыштық энергияның жер беті және химиялық энергияға айналдыру нәтижесінде дүние жүзінде заттардың шексіз алуан түрі пайда болады. Мұндай тірі ағзалар өздерінің тыныс алуы, қоректенуі, метаболизмі, жойылуы және орналасуымен, өз заттарын тұрақты қолдануымен, ең бастысы – миллиондаған жылдар бойы үздіксіз ұрпақ алмасуы, дүниеге келуі және көбеюі арқылы басқа еш нәрсе жоқ, тек қана биосферадағы ең ірі планеталық құбылысты тудырады. Биосферадағы химиялық элементтердің орын алмасуы ақиқатты заңдарға сәйкес, миллиондаған жылдарға үздіксіз созылған жер беті атомдарының қозғалысы арқылы жүзеге асады. Аса көрнекті табиғат зерттеушілерінің бірі Г. Кювье жоғарыда аталған молекулалар қозғалысын тіршілік негізіне жатқызып, оларды құйын қозғалысы тәрізді деп есептеген. Кювье бұл қозғалысты ағзалар тұрғысынан ғана қарастырғандықтан тұтас құбылыстың бір бөлігіне ғана назар аударған. Кювье өз ойын былайша білдіреді: «Тіршілік дегеніміз - азды-көпті жылдам, азды-көпті күрделі құйын сияқты, бірақ оның бағыты өзгеріссіз болады, бұл құйын әрқашан белгілі бір текті молекулаларды қамтиды, олар біресе оның айналымына түседі, біресе оны тастап кетеді, сонымен тірі ағза үшін маңыздысы материяға қарағанда түр болып табылады. 20


Әзірге мұндай қозғалыс болып тұрғанда, онда белгілі бір орны бар дене тірі болады: ол тіршілік етеді. Ал бұл қозғалыс қайтымсыз болып тоқтаған кезде дене тіршілігін жояды. Тіршілігін жойған соң, оны құрайтын элементтер ыдырай бастайды, мұнан соң ерте ме, кеш пе тірі дененің ыдырауы жүреді. Осылайша тіршілік құйыны жоғарыдағыдай ыдырауға кедергі келтіреді және белгілі уақыт бойы дене элементттерін бір жерег біріктіріп тұрады» /54,139-б./. Әрбір жеке ағзаның химиялық әсері аталған құйынға сәйкес қоршаған ортадан алысқа таралады. Оның ортадағы күші молекулалардың тұрақты және үздіксіз қозғалысы арқылы мүмкін болады. Сондықтан да Кювьенің құйынға берген анықтамасы толық емес. «Құйын» қозғалысы қоршаған ортаға, ағзалар шегіне шейін таралады. Бірақ қоршаған әлемде жеке ағзаның көрінуі байқалмайды. Мұндай табиғи құбылысты түсіну үшін сансыз тірі ағзалардың – тіршіліктің барлық жиынтығының өмір сүру қалпына көңіл аударуымыз қажет. Миграция, яғни жер беті атомдарының орын алмасуы табиғаттың белгілі бір ішкі немесе сыртқы күштерінің әсерінен пайда болады. Элементтер орын алмасуының өте маңызды ерекше екі белгісі бар. Біріншіден, биосфераның белгілі бір бөлігінде және оған жақын жатқан жер қабығы бөліктерді жүреді, екіншіден, ол тұтастай нағыз күш – тіршілік әрекеті арқылы пайда болған. Сондықтан мұндай миграцияны В.И.Вернадский жер беті атомдарының биогенді орын алмасуы, ал олар тудыратын күшті тірі ағзалар энергиясы деп атаған. Одан кейін бұл тір ағзалар энергиясын олардың геохимиялық энергиясы деп атауды ұсынған. Элементтердің биогенді орын алмасуы және соған сәйкес олардың геохимиялық энергиясы әрбір ағза, әрбір жануар мен өсімдік үшін әр алуан болып келеді. Тіршілік күші тудыратын химиялық элементтер миграциясы неғұрлым қарқынды болса, жеке түрге жататын әрбір ағзаның геохимиялық энергиясы соғұрлым көп болады. Химиялық элементтер миграциясы деп қандай жағдайда тудырылуына қарамастан элементтердің орын алмастыруларын атайды. Биосферадағы миграция химиялық процестер нәтижесінде болуы мүмкін, мысалы, ол жанартаулар атқылағанда, сұйық, қатты, газ тәрізді заттар буланғанда және тұнбаға түскенде, жел соққанда, теңіз, өзен ағыстары жер қабаттарының тектоникалық ауысулары кезінде байқалады. Биогенді миграция тіршілік әрекеті негізінде жүреді де, ол биосфераның нағыз ірі және оған тән процестерінің бірі болып есептеледі. Аса үлкен сандармен есептелетін атомдардың көп мөлшері үздіксіз биогенді миграция болады. Мұндай миграция Күн энергиясы мен Жердің тарту күші энергиясының әсері және биосферадағы жер қыртысы бөліктерінің ішкі әрекеті нәтижесінде мүмкін болады. Биогенді миграция – табиғи тепе-теңдік жүйесіндегі маңызды іс-әрекеттердің бірі. Соған сәйкес, ол осы іс-әрекеттердің ішінде өзін толық көрсеуге ұмтылады. Биогенді миграцияның бұл қасиетін негізгі биогеохимиялық принцип ретінде бейнелеуге болады, ол биогеохимиялық құбылысты автоматты түрде реттеп отырады және оны бұлжытпай жүзеге асырады. В.И.Вернадский айтып көрсеткеніндей, бірінші биогеохимиялық принцип мазмұны төмендегідей: биосферадағы химиялық элементтердің биогенді миграциясы өз көрінуінің максимум мәніне ұмтылады. Биосферадағы биогенді миграцияның жүруіне қарап, бірінші биогеохимиялық принциптің дұрыстығына оңай көз жеткізуге болады. Биосферада оның максимум мәнге ұмтылуын табиғаттағы екі құбылыс арқылы байқауға болады. Біріншіден, биогенді миграция тірі зат массасы бойынша және оның тіршіліктегі техникасы 21


бойынша барлық мүмкін кеңістікті – максимум кеңістікті қамтиды. Бұл құбылыс биосферадағы тіршіліктің барлық аумағын біз жоғарыда аталған принципке сәйкес байқаймыз. Қоршаған ортаға эмпирикалық талдау нәтижелері тіршіліктің барлық аумағы мен қысымы биосферадағы эволюциялық жолмен ғана мүмкін екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, планетамызда геологиялық уақыттар бойы бақыланатын тірі ағзалар эволюциясы аталған уақыт бойында биосферадағы химиялық элементтердің биогенді миграциясының мұндай білінуін анықтайтын механикалық жағдай тіршіліктің биосфера механизмінің үздіксіз бөлігі болып табылуы негізінде туындайды. Осыған сәйкес, түрлердің бақыланатын эволюциясы биосфераның құрылысымен байланысты. Тіршілік те, оның формаларының эволюциясы да биосфераға тәуелді табиғи құбылыс ретінде биосферадан тәуелсіз болуы да, оған қарсы қойылуы да мүмкін емес. Осындай негізделген жағдайдан және қазіргі биосферада көрінетін тіршіліктің барлық аумағы мен қысымы ғылыми бақыланып, дәлелденген эволюциялық процесс қатысуынан келіп, тірі ағзалар эволюциясын қамтитын жаңа биогеохимиялық принцип қалыптасады. Бұл принципті В.И.Вернадский екінші биогеохимиялық принцип деп атайды, оның тұжырымдалуы төмендегідей: биосферада тұрақты тіршілік формаларын жасауға әкелетін түрлер эволюциясы биосферадағы атомдардың биогенді миграциясы көрінуін арттыратын бағытта ғана жүруі тиіс /52,76-б., 54,140-б., 55,35-б., 56,27-33-б., 57,262-б./. Қазіргі кезде көптеген ғалымдар өз ғылымдарының дәл мәліметтері арқылы В.И.Вернадский көзқарасының дұрыстығын дәлелдеуде.Биогеохимия кең құлаш жайып, геология, география, химия, биология және т.б. ғылымдарға енгізілді, маңызды сарамандық мәнге ие болды. 1954 жылы А.П.Виноградов периодтық жүйедегі элементтерді түгелге жуық қамтитын тірі заттардың орташа құрамы бойынша жаңа мәліметтерді жарыққа шығарды. Кейбір элементтердің белгілі бір аймақта жинақталып шоғырлануы туралы ілімнің негізін қалады. Бұл ілім ауыл шаруашылығы мен медицинада үлкен қолдау тапты. ХХ ғасырдың 40 жылдарының аяғында Вернадскийдің ізін қуушы, ірі топырақ зерттеушісі және геохимик, академик Б.Б.Полынов – Докучаевтің табиғат зоналары туралы ілімін биогеохимиямен біріктіріп, жаңа ғылыми бағыт – ландшафт геохимиясының негізін салды. В.И.Вернадский жер қабығының гранитті қабықшасы – «бұрынғы биосфера» деген идеяны дамытты, мұндай ой бұдан он жыл бұрын көптеген геологтар үшін таңқаларлық жағдай болса, соңғы кездері оны жақтаушылардың саны көбеюде. Егістік жағдайында геологтар бақылауға алынған граниттердің химиялық және минералдық құрамын жүйелі түрде зерттеп, бұл жыныстардың екінші реттік шығу тегі туралы биосферада қалыптасқан бұрынғы тұнба жыныстарының граниттелуі мен қайта бақылауының нәтижесі деген қорытынды жасайды. Вернадскийдің бұл идеяларын дамыта отырып, профессор В.И.Лебедев және академик Н.В.Белов геохимиялық аккумуляторлар туралы гипотезасын түсіндіреді. Бұл гипотезаға сәйкес Күн энергиясы Жердің беткі бөлігіндегі органикалық қосылыстарға ғана жинақталып қоймайды, сонымен бірге сазды минералдарда және бұл минералдар батырылған геосинклиналды зоналардағы тұнба жыныстарының қайта балқуы кезінде де босап шығады. Радиоактивті ыдырау энергиясымен қатар саздардың ішіндегі энергияны да ғалымдар магматикалық және басқа эндогенді процестердің негізгі көзі болып табылады деп есептейді.

22


Бұл гипотезаға Б.Б.Полыновтың топырақтағы сазды минералдардың шығу тегі туралы теориясы толықтай сәйкес келеді. Сазды минералдар өсімдік қалдықтарының ыдырау процесінде түзілетінін эксперимент нәтижелері дәлелдеді. Өйткені өсімдік құрамында көміртегі, оттегі, сутегі, азот болады, ол қурағанда қара шірік (гумус) түзіледі. Өсімдіктер «күлінің» құрамына кремний, алюминий, темір және т.б. элементтер кіреді, өсімдік қалдықтары ыдыраған соң сазды минералдар пайда болады. Осы теория жарыққа шыққаннан кейін Лебедев және Белов жазған саздардағы Күн энергиясы аккумуляциясының механизмі түсінікті бола бастады /52,21-б./. Қазіргі кезде В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық идеялары қарқынды дамып келеді. Ғалымның айтып кеткен ойлары, оның еңбектері басылып шыққан кезбен салыстырғанда, қазіргі уақытта кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады. Табиғаттың дамуы барысында экологиялық жүйелер арасында заттардың биогеохимиялық айналымының жылжымалы тепе-теңдігі орнайды. Ал, антропогендік факторлар және абиотикалық әсерден экологиялық жүйе бөліктері арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Биосферадағы энергия мен заттың табиғи және антропогендік айналымдарының ұқсастығы мен ерекшелігін қарастырсақ: Тіршіліктің табиғи биохимиялық айналымы бұдан шамамен үш миллиард жыл бұрын пайда болған. Ал бірнеше ондаған миллион жыл бұрын осы күйге жетіп, толық қалыптасты. Оның негізгі ерекшеліктері: а) тіршілік көзі ретінде Күн энергиясын пайдалануы; ә) ол қалдықсыз принциппен жүзеге асырылады, яғни оның тіршілік әрекетінің барлық өнімдері соңында минералданады және келесі зат айналымына қосылып кетеді, Биогеохимиялық зат айналымы кезінде ерекше «қалдықтар» түзіледі, олар тас көмір, мұнай, газ және басқа минерал ресурстар күйінде болады. Антропогендік зат айналымы бірнеше онмыңдаған жылдар бұрын, яғни адамзат әлеуметтік даму кезеңіне көшіп, табиғат байлықтарын саналы игерген кезден бастап пайда болды. Бірақ антропогендік айналымның дамуы соңғы үш-төрт жылдықта ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге өз шегіне жетті. Екі айналым жүйесі де табиғат байлықтарын пайдаланады. Ал соңғы нәтижелері бойынша олар принципті түрде ерекшеленеді. Соңғы онжылдықта бұл ерекшеліктер, әсіресе антропогендік сипаты басым ерекшеліктер көбейіп отыр. Қалдықсыз табиғи айналыммен салыстырғанда антропогендік айналымның үлесі әрбір жыл сайынғы қалдығымен бірге өсіп жатыр. Үшіншіден, антропогендік зат айналымы тек Күн энергиясымен шектелмейді. Өзінің өндірістік қызметіне адамзат қосымша энергия түрлерін: гидро және атом электр станциясының энергиясын, органикалық отын және басқа энергетикалық ресурстарды пайдаланады. Антропогендік зат айналымы әсерінен атмосфераның ластануы биосферадағы энергетикаық алмасудың бұзылуына әкеп соғады. Бүгінгі күндерде биогеохимиялық талдау табиғатты қорғау, экологиялық білім беру, судың ластануымен күрес, топырақ эрозиясы, атмосфераны түтін мен шаңның басуы және басқа мәселелерді шешкен кезде қажет. Сондықтан геохимияның негізін салушының ойларының көптеген жылдар бойы маңызды мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп беріп отырады. Биогеохимия саласындағы ғалымдардың еңбектер осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдардың қалыптасып орнығына себепші болды.

23


Бұл ұғымдар қазіргі кезде әлемдік деңгейде күн тәртібіне қойылып отырған экологиялық проблемаларды түсінуге және экологиялық білім беруге жәрдемдеседі. Биология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Жатқанбаевтың «Биосфера» және «Фотосинтез құпиялары» еңбектерінде «биосфера», «фотосинтез» ұғымдары кең көлемде қарастырылып, жан-жақты сипаттама берілген. Бұл кітаптар қазақ тілінде жарық көрген. Сондықтан мектеп оқушылардың экологиялық ұғымдарын қалыптастыру үшін өздігінен істейтін жұмыс түрлерін ұйымдастыруға және оларды биосфераны қорғауға шақыруда аталған еңбектердің маңызы зор /58, 21-б., 59, 3-б./. Біздің Жер-анамыз бірнеше миллиард жылдар бойына дамылсыз жұмыс істеп келе жатқан аса құдіретті де қуатты, алып химиялық комбинат сияқты. Оның негізгі өндірісі- табиғат байлықтары- бүкіл тіршілік біткеннің тірегі. Демек, біздің айналамыздағы алуан түрлі заттар, адам, жан-жануар, өсімдік, жалпы бір сөзбен айтсақ, тірі және өлі материяның бәрі де табиғаттағы санаулы химиялық элементтердің белгілі заңдылыққа сәйкес түріше қосылуынан түзілген. Қазіргі ғылымда белгілі химиялық элементтерден сексенге жуығы тірі ағзалардың құрамына кіріп, табиғаттағы заттар айналымы процесіне қатысып отыратындықтан биогенді элементтер деп аталады. Биогенді элементтер - ағзалардың құрамында тұрақты болатын және олардың тіршілік қызметіне қажетті химиялық элементтер. Әдетте, тірі жасушаларда қоршаған орталарда кездесетін химиялық элементтердің барлығына жуығы табылған. Маңызды биогенді элементтер- оттегі (ағза массасының 70%-ке жуығын құрайды), көміртегі (21%), сутегі (10,5%), азот (3%), фосфор (1%), күкірт (0,16%). Бұл жан-жақты, кең таралған биогенді элементтер ағзалардың барлық түрлерінің жасушаларында болады. В.И.Вернадскийдің есептеуінше, ағзалардың ұлпалары мен жасушаларында тұрақты кездесетін барлық элементтер белгілі бір физиологиялық рольді атқарады. Сутегі, көміртегі, азот, оттегі, көміртегі, күкірт тәрізді биогенді элементтер жасушадағы органикалық қосылыстар құрамына кіреді. Барлық көмірсулар мен липидтер құрамына сутегі, көміртегі, оттегі; белоктар құрамына бұлардан басқа азот пен күкірт кіреді, ал нуклеин қышқылдарына азот пен фосфор кіреді. Биогенді элементтер ағзадағы әр алуан реакцияларда катализатор ролін атқарады, осмостық процестерді реттейді, буферлі жүйелердің құрамды бөліктері және биологиялық мембрана өткізгіштігін реттеушілер болып табылады. Аталған элементтердің ағзадағы құрамы және оның жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ орта құрамына, қоректенуге, ағзаның экологиялық ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты /60, 60-б/. Азот, фосфор, көміртегі, оттегі және сутек те нуклеин қышқылдарының құрамына еніп, жасушаның және ағзаның тұқым қуалау белгілерінің берілуі мен жаңарып отыруы солардың жәрдемімен жүзеге асады. Аккумулятор қызметін атқарып, табиғатқа энергияға бай заттар синтездеуге мүмкіндік беретін қосылыстар молекулаларында да осы бес элемент болады. Май тәрізді липидтер құрамында көміртегі атомдарының тізбекшелері, оттегі, фосфор, сутегі және кейде азот атомдары болады, белоктар мен липидтерден мембраналар- жасуша плазмасы мен оның бүкіл ішкі құрылымдарын түзіп қоршайтын жұқа қабықшалар құрылады /61, 10-б/. Сутегі- табиғатта кең таралған химиялық элемент, оның жер қыртысындағы құрамы масса бойынша 1%, атом саны бойынша 16%. Сутегі табиғатта су, көмір, мұнай, табиғи газлар және тірі ағзаларда қосылыс түрінде кездеседі. Адам денесінде 65% су бар десек, оның 10-12%-тін жоғалту қауіпті. Алма, сәбіз, қызылша 75%-тен аса бөлігі судан тұрады. Қиярда тек 3% қана қатты зат бар. Оттегі ауада бос күйінде, жер қыртысының қосылыстары құрамында кездеседі. Гидросферада-85,82%, литосферада-49%, атмосферада-23,15% оттегі бар. Тірі ағзалар 24


құрамындағы оттегінің мөлшері-70%. Оттексіз өмір жоқ. Ол- бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің тірегі. Ересек адам тәулігіне 420л оттегін жұмсап, 420л көмірқыщқыл газын бөліп щығарады. Егер ауадағы оттегінің құрамы 14% болса, онда жеткіліксіз дәрежеде болғаны, ал, 9%-тен төмендесе, тірі ағзаларға қауіпті. Қазіргі кезде жылына 1,55·109 тонна бос оттегі түзілсе, жылына оның 2,16·1010 тоннасы жұмсалады (сіңіріледі), яғни шығындалуы түзілуіне қарағанда артық. Күкірт биосферадағы активті элементтер жатады. Ол ортаның тотығутотықсыздану жағдайының тәуелділігіне орай әр түрлі валенттілік күйінде орын ауыстырады. Жер қыртысындағы күкірттің орташа құрамы 0,047%. Табиғатта бұл элемент 420-дан артық минерал түзеді. Адам ағзасында 0,16% болады. Өсімдік пен жануар ағзаларында да күкірт кездеседі. Азот ауада 78%, тірі ағзаларда 0,5%, ал жер қыртысындағы азоттың мөлшері0,04%. Гидросферадағы азоттың құрамы шамамен 5·10-5 моль/л құрайды. Соңғы кезде тыңайтқыштарды көп пайдалану және құрамында азоты бар қалдықтар шығаратын өндіріс көлемінің артуы нәтижесінде азот айналымының тұрақтылығы бұзылуда. Фосфордың жалпы айналымы екі бөлімнен- теңіз және жер бетінен тұрады, миграция процесінде газды фазаны түзбейді. Жер қыртысындағы салмағы 5,77·1015 т, құрлықтағы тірі ағзалар құрамында 5·109 т фосфор, ал мұхиттағы ағзаларда 0,08·109 т фосфор бар. Өзен суларындағы фосфор концентрациясы 0,057 мг/л, ал мұхитта-0,088 мг/л. Балдырлар мен Жер бетіндегі өсімдіктер құрамында 0,01-0,1% фосфор, жануарларда 0,1%-тен бірнеше процентке дейін, адам ағзасында 1-%ке жетеді. Көміртегі атомдары молекулаларының барлығына дерлігі ең алдымен тіршілік әрекеті процестеріне қатысатын белок бөлшектерінің негізгі «қаңқасын» түзеді, сондықтан көміртегін маңызды «тіршілік элементі» деп те атайды. Көміртегі тірі ағзалардың (адам ағзасында-21%) негізгі денесін құрайды, оның жер қыртысындағы жалпы мөлшері 0,1% деп есептеледі. Мұхит суында еріген көміртегінің 88%-ке жуығы 26 тәулік ішінде биосфераға қайтып оралады, қалғаны карбонаттар түрінде тұнбаға түседі. Мұхит атмосферадан шамамен 30% көмірқышқыл газын адсорбциялайды. Өзен, теңіз және мұхит суларында еріген көмірқышқыл газы құрамы, атмосфераға қарағанда, щамамен 60 есе артық. Жер беті өсімдіктері мен жануарлары жылына тыныс алу процесі кезінде шамамен 100000 млн т көмірқышқыл газын бөледі. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының ыдырауынан 2000-5000 млн т көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл көмірқышқыл газының мөлшері фотосинтез процесі кезінде сіңіріледі. Отынды жаққан кезде жылына ауаға 5000 млн т жуық көміртегі бөлінеді. Егер атмосфера құрамындағы көмірқышқыл газы мөлшері екі есеге өсетін болса, онда планетаның температурасы орташа 2-3° С-ге көтеріледі. Ал бұл көрсеткіш келешекте Жер бетінде үлкен өзгерістер туғызуы мүмкін. Көміртегінің қазіргі айналымында органикалық заттардың жануы және өндіріс пен көлік түрлерімен байланысты атмосферадағы көмірқышқыл газы құрамының біртіндеп артуы ерекше орын алады. Ғалымдардың есептеуінше, ғасырдың аяғына дейін оның концентрациясы 12-20%-ке дейін артуы мүмкін /62,8-б. 63,9-б. 64,170-б. т.б./. Экожүйеде айналымға түскен әр химиялық элементтердің өзіне тән ерекше жолы бар, бірақ барлық айналымдағы қозғалысқа келтірілетін энергия және де оларға қатысушы элементтер органикалық формасына және керісінше алма кезек ауысып 25


отырады. Элементтердің алмасу қорынан сақтау қорына түсу және алмасу қорына қайтып оралу ерекшеліктерін ескере отырып, күкірт айналымы мысалында қарастырып көрейік. Жер қыртысындағы және оның беткі бөлігіндегі күкірт қосылыстары үш түрлі типте: күкірт қышқылы (H2SO4), күкіртсутек (H2S) (олардың тұздарын қоса есептегенде) және бос күкірт күйінде кездеседі (4-сурет). Күкіртсутегі күкіртті бөле отырып, жеңіл тотығады. Бұл процесс тікелей ауа қатысында жүреді, ол бактерияның ерекше түрі-серобактериялар әсерімен бұдан да жылдам жүреді. Осы кезде экзотермиялық реакция нәтижесінде тіршілікке қажетті энергия бөлінеді: 2H2S + O2 = 2H2O + 2S + 127ккал Бөлінетін күкірт серобактериялар денесінде жинақталады. Күкіртсутегі жануарлардың да, өсімдіктердің де зиянкестерін жоюға қабілетті, бұл бактериялар тірі табиғат тіршілігінде маңызды роль атқарады. Ауадағы оттегі әрекеті күкіртсутегінің тотығуына әкелетін негізгі табиғи процесс болып табылады. Басқа типтегі реакция жанартау газдары кезінде ғана жүреді де, бөлінетін күкіртсутегі бір мезгілде бөлініп жатқан күкірт (IV) оксидімен сызбанұсқа бойынша әрекеттеседі: 2H2S + SO2 = 2H2O + 3S Бұдан кейін алынған бос күкірттің жайы оттегінің бар-жоғына тәуелді. Егер күкірт сутегі ұзақ және біршама концентрацияда бөлінсе, онда біртіндеп жинақталатын күкірт мұнан әрі тотықпай, нәтижесінде оның азды-көпті қоры түзіледі. Керісінше, ауада оттегі артық мөлшерде болғанда күкірт біртіндеп күкірт қышқылына алмасады: 2S + 3O2 + 2H2O = 2H2SO4 + 251ккал Егер серобактериялар күкіртсутегі жоқ ортаға түссе, осындай экзотермиялық реакция бойынша ағзада жинақталған күкірт те тотығады. Күкірт тотыққан кезде алдымен күкіртті қышқыл түзілуі тиіс. Бірақ табиғи жағдайда әрқашан күкірт қышқылы алынады. Мұндай қайшылық былайша түсіндіріледі. Соңғы екі реакцияның 2S + 2O2 + 2H2O = 2H2SO3 + 157ккал 2H2SO3 + O2 = 2H2SO4 + 94ккал екіншісі біріншісіне қарағанда тез жүреді. Сондықтан аралық өнім жинақталмайды. Бос күкірт қышқылы (H2SO4) табиғатта сирек кездеседі. Әдетте, ол түзілгеннен кейін топырақ немесе су құрамындағы әлсіз қышқыл тұздарымен химиялық әрекеттеседі және оларды төмендегі реакция бойынша ыдыратып жібереді: CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O Бұл кезде түзілген сульфаттардың көп бөлігі өзен суларымен таралып, теңіздерде жинақталады да, олар құрғағанша әртүрлі күкірт қышқылды минералдар түзеді. (Мысалы, ғаныш - CaSO4 x 2H2O).

26


27 4 сурет

Күкірт айналымы


Қарастырылған тотығу процесімен қатар табиғи тотықсыздану процесі де жүзеге асады. Сульфаттар жер қыртысының геологиялық ығысуы нәтижесінде біртіндеп Жердің терең қабаттарына түседі. Мұнда олар жоғары температура әсерінен органикалық заттармен әрекеттеседі, мысалы: CaSO4 + CH4 →CaS + CO2 + 2H2O → CaCO3 + H2S + H2O Алынған күкіртсутегі алдын-ала жер асты суларында ериді де, газ күйінде Жердің беткі бөлігіне шығады. Химиялық процесі жағынан бірақ сульфат- тотықсыздандырушы бактериялар әсерінен жүретін процестер құрамында еріген сульфаттары бар су қабатында органикалық заттар ыдырағанда да жүреді. Бұдан басқа тотықсыздану процесі құрамында күкірт қышқылды тұздары бар топырақта жүзеге асады. Өсімдіктердегі сульфаттар біраз күрделі химиялық өзгерістерге ұшырайды, нәтижесінде құрамында күкірті бар белоктық заттар түзіледі. Оларды жиі жануарлар пайдаланады. Жануар және өсімдік ағзалары ыдырап, күкіртсутегі (H2S) түрінде бөлінеді де, осылайша күкірттің табиғи айналымы қайталана береді. Геологиялық тарих барысы және Жердің жекелеген кейбір аймақтарында топырақ түзуші процестер арасындағы айырмашылықтар биогеохимиялық шоғырланудың - химиялық элементтер құрамы бойынша ерекшеленетін Жердің беткі бөлігі аймақтарының қалыптасуына әкеледі. Ортада қандай да бір химиялық элемент құрамының артық болуы немесе жетіспеушілігі берілген биогеохимиялық шоғырлану шегінде биогеохимиялық эндемияны- өсімдік, жануар мен адамдардың ауруларын тудырады. Экологиялық түсініктер жалпы білім беретін орта мектептің барлық пәндерінде де қарастырылуы тиіс, олар биология курсында басқаша көзқарас тұрғысынан, яғни аталған түсініктер жеке тұрғыдан емес, олардың тірі ағзалармен байланысы, өзара әрекеттесулері, биологиялық тепе-теңдік ұғымдарымен ұштастырылады. Ал химия курсы табиғат заңдарын, материя қозғалысының химиялық формасын қамти отырып, заттардың құрылысы, олардың өзгерістері, биогеохимиялық айналымдары және химиялық элементтердің биологиялық сіңірілуі туралы білім береді. Бізді қоршаған табиғи орта заттар жиынтығы, олардың тұрақты химиялық өзгерістері болып табылады. Химиялық элементтер түзетін заттардың биогеохимиялық айналымын, оның ішінде биогенді элементтер айналымын оқушыларға түсіндіруде химия мен биология пәндерін экологиямен кіріктіре оқыту - аса маңызды мәселелердің бірі.

28


Қазіргі кездегі экологиялық жағдайларға байланысты табиғаттағы зат айналымының өзгерістері Еліміздің қоршаған ортаны қорғау туралы Заңының бір бабында: «Экономикалық жүйенің басты мақсаты - адам үшін, қоғам үшін материалдық және рухани байлықтар жасау»- деп жазылған. Олай болса, тіршілік үшін қолға алынып отырған экономиканы өркендету тұсында биосфераға аса қажетті экологиялық жағдай сырт қалмауы тиіс. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында құрылған экологиялық қызмет- біздің ел үшін жаңа сала. Оның жеке қызмет ретінде дүниеге келуінің өзі бұл мәселелердің қаншалықты маңызды екенін білдірсе керек. Шындығында да қоршаған ортаның бүгінгі жағдайы алаңдатарлық. Адамзаттың күнделікті өндірістік әрекеті, әр түрлі көлік әсері, ауыл шаруашылық қызметі мен тұрмыстық қалдықтар нәтижесінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, оның салқыны бүкіл тіршілік атаулыға, табиғаттың сан алуан байлығына қатер төндіруге айналды. Жер планета ретінде шамамен 4,5-5 млрд жыл бұрын пайда болған. Құрылықта тірі ағзалар 500 млн жыл тіршілік етуде. Тіршіліктің дамуы Жер бетінде биосфера деп аталатын жаңа құрылымдық бірліктің түзілуіне әкелді /70, 192-б/. Ұзақ уақыт бойы адам қызметінің биосферада жүретін процестерге әсері елеусіз болды, яғни қалдықтардың мөлшері біраз уақыт халық саны мен өндірістің өсуіне пропорционал артып келді. Шикізат ретінде табиғат заттары пайдаланылды. Бұл кезде түзілген қалдықтар табиғат күшімен қалпына келіп, заттың табиғи айналымы жүзеге асырылды, табиғат өзін-өзі тазартатын. XVIII ғасырдың ортасында Жер бетіндегі халық саны 500 млн-ға жетті, 1830 жылы бұл сан екі еселенді, 1930 жылы 4 есе артты, ал 60 жылдан соң 10 есеге көбейді. 2000 жылдары, БҰҰ демографтарының есептеуі бойынша 6,4 млрд адамға жетеді /71,6-б/. Халық саны мен оның қажеттілігінің артуы табиғи ресурстарды интенсивті пайдалануды, табиғи ортаның біраз өзгерістерін тудырды. Олардың көпшілігі қайтымсыз және кері әсер етіп, күрделі табиғи жүйелер мен олардың байланысыныңгомеостаздың бұзылуына әкелуде. Адамның табиғатқа кері әсері, әдетте, қандай да бір алдын ала қойылған мақсатқа жетуге ұмтылған құштарлықпен байланысты, бірақ ол әрқашан да биосфераның мүмкіндігімен сәйкес келе бермейді. Адамның табиғатқа әсерінің жануарлар әсерінен айырмашылығы биологиялық тепе-теңдік сақталған шекараны бұзып өтеді. Өз кезегінде табиғатқа жасалған кішкентай өзгерістер өте үлкен кеселдерге душар етеді. Бірақ адам табиғат байлығын пайдалана игере отырып, осының бәрін ескере бермейді. Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген кітабында табиғатты жеңдік деп мақтаныш етуге болмайтындығын, өйткені ол әрбір жеңісіміз үшін әр алуан зардапқа душар ететіндігін ескертті /72/. Қоршаған ортаның ластануы- өте күрделі құбылыс. Ол экологиялық объектілерге түрліше әсер етуі мүмкін. Экологиялық объектілердің метаболизм процестері атмосфералық ауа, су және топырақпен тікелей қарым-қатынаста жүреді. Соған сәйкес, бұл компоненттер экологиялық объектілермен бірге биосфераны құрайды. Аэродинамикалық, гидродинамикалық, геофизикалық, геохимиялық және басқа процестер әсерінен ауа, су және топырақ өзгерістерге ұшырайды. Оларда адамның шаруашылық қызметі және табиғи жолдармен (жанартау атқылауы, орманның өртенуі, шіруі, сулардың тартылуы, жабайы жануарлардың, өлекселердің ыдырауы, т.б.) орта ластануының қалдықтары жинақталады. 29


Соңғы 25-30 жыл ішінде қоршаған орта ластануының негізгі себептерінің бірітабиғи жолмен ыдырамайтын қалдықтар мөлшерінің пайда болуы. Мысалы, синтетикалық жуғыш заттардың қалдықтарын ыдыратушы микроорганизмдер сіңірмейді де, олар ортаны ластайды /73,74,75,76/. Қоршаған ортаны ластаушы процестерге талдау жасау қандай заттар және олар қалай ластанатынын анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, ластанушы объектілер- ауа, су, топырақ ластауына тоқталамыз. Ауа. Адам тамақсыз оншақты күн, сусыз бірнеше тәулік, ал ауасыз бірнеше минут қана өмір сүре алады. Өйткені тіршілікке қажетті оттегі тек осы ауа құрамында кездеседі, онда оттегінен басқа 78,08% азот, 0,94% инертті газдар, 0,03% көмірқышқыл газы бар. Ауада осы құрамдық заттар тепе-теңдігінің бұзылуы: көбейіп немесе азайып кетуі тірі ағзаларға сөз жоқ нұқсан келтіреді. Ауа екі түрлі жолмен жасанды (яғни, қазіргі технология қалдықтары) және адам қызметіне тәуелсіз табиғи түрде ластанады. 1997 жылғы табиғи орта мониторинг Орталығы дайындаған Қазақстан Республикасы қалаларындағы ауа бассайні ластануын бақылау нәтижесін талдау және оны 1996 жылғы нәтижелермен салыстыру лас қоспалармен ауа бассейндерінің ластану дәрежесі біраз азайғанын (Алматы, Зыряновск, Ақтау, Жезқазған, Атырау, Павлодар, Ақмола) немесе өткен жылғы деңгейде (Петропавл, Семей, Қостанай, Қарағанды, Балқаш, Орал, Екібастұз) қалғандығын көрсетті. 1997 жылғы атмосфера ластануының жоғарғы деңгейі төмендегі қалаларда байқалады: Лениногор (атмосфераның ластануы индексі – АЛИ); (АЛИ5= 22,8), Өскемен (АЛИ5= 14,8), Ақтөбе (АЛИ5= 12,8). Ауаның ластану жағдайын бағалау Қазақстан Республикасы қалаларындағы тұрақты пост бақылаулары нәтижесінде жүргізілді. Ауа сапасының негізгі критериі шегі шектеулі концентрация (ШШК) болып табылады /77,7-б., 2-кесте/. 2-кесте Жергілікті жер ауасындағы шегі шектеулі концентрация мәні* Қоспалар атауы Көміртегі оксиді Азот(ІІ) оксиді Азоттың қос тотығы Шаң-тозаң (жүзгін заттар) Аммиак Күкірттің қос тотығы Күкіртсутегі Фторсутегі Хлорсутегі

ШШК мәні, мг/м3 бір жолғы Орташа максимум тәуліктік мәні 5 3 0,4 0,06 0,085 0,04 0,5 0,15 0,2 0,04 0,5 0,05 0,008 0,02 0,005 0,2 0,2

*Гигиеналық нормативтер: №3.02.025.97; 11.06.97 жыл.

«Атмосфералық

ауадағы

Қауіптілік класы

4 3 2 3 4 3 2 2 2 лас

заттардың

ШШК»-

Атмосфера ластануы деңгейінің сандық сипаттамасы атмосфера ластану жағдайын анықтайтын ластанудың кешенді индексі (АЛИ5) болып табылады /77,10-б/. Қазіргі өркениет өнімдерінің ауаны ластауы үлкен өзгерістерге ұшыратуы мүмкін. Солардың бірі - зиянды космостық сәулелерден сақтандыратын, қорғаныш 30


қабығы ретіндегі озон қабатының жұқаруы- озон концентрациясының төмендеген облыстарының байқалуы. Озонның негізгі массасы 20-30 км және 50 км-ге шейінгі биіктікте орналасқан. Атмосфералық озонның негізгі ерекшеліктері: ол- тұрақсыз газ. Бірте-бірте бұзылу процесі, сонымен бірге үздіксіз түзілу де жүреді: 3О2 ↔ 2О3. Озонның түзілу процесіне, негізінен, жоғары атмосферадағы оттегі, азоттың қос тотығы т.б. газдар қатысады және Күннің ультракүлгін радиациясының үздіксіз әсері болуы керек. Хлорфторметанды (фреон) сыр, лакты еріткіш ретінде кеңінен қолдану, әр түрлі аэрозольдерді пайдалану кезінде олардың миллиондаған тоннасы атмосфераның төменгі қабатында жинақталады. Ол біртіндеп жоғарылаған сайын таралып, 30-км-ден бастап, сәуленің әсерінен хлор мен фторды бөледі, олар озонның бұзылу процесіне қатысады. Фреондардан басқа озондардың бұзылуына азот оксидтері, атомдық жарылыс, авиация отынынан бөлінетін өнімдер, өндіріс өнімдерінің қалдық газдары әсер етеді. Сондықтан да әрі қарай өндірістің прогрессивті дамуында осы қалдықтарды болдырмау қажет, фреондардың орнына басқа жеңіл жанатын газдарды пайдаланған жөн. Атмосфера және оны қорғауға байланысты ауаның тұрақты, ауыспалы және кездейсоқ құрамы жөнінде түсінік беріліп, өзгеру себептері ашылады. Табиғатта үздіксіз жүзеге асатын биохимиялық және химиялық әрекеттердің әсерінен ауаның тұрақты құрамындағы азот, оттегі және көмірқышқыл газы мөлшері сақталып тұрады, яғни тепе-теңдік орнайды. Алайда өндірістік әрекеттердің және түрлі көлік әсерінен бұл теңдік бұзылады. Кейбір есептеулерге қарағанда жылына 7 млрд т отын жағылатын көрінеді, оған 20 млрд т оттегі жұмсалады. Бір әуе кемесі 8 сағат ұшқанда 50-70т оттегін жұтады, мұның орнын толтыру үшін 20-25 мың га орман ағаштары оттегін бөлуі керек. 1 га орман ағашы тәулігіне 220-280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 120-160 кг оттегін бөліп шығарады, орта есеппен 1 ағаштың тәулігіне бөліп шығарған оттегісімен 3 адам тыныс алады. Балтамен жарақатталған бір үлкен қайың ағашы маусымына 200л шырынын жоғалтады. Тағы бір мысал: жеңіл машина 1,5 мың шақырым жүргенде бір адамның жыл бойы тыныс алатын оттегін тұтынады. Осындай мысалдар табиғаттағы жасыл жамылғыны сақтаудың қаншама қажеттігін оқушыларға айқын дәлелдеп береді. Оттегін тұтынатын өндірістің және көлік түрлерінің көбеюі атмосферада оның азаю қаупін тудыруда. Қазіргі кезде оттегінің биогендік түзілуінен гөрі 10-16% көп жұмсалатыны есептелген. Мұның өзі үлкен қалаларда оттегі тапшылығын тудырып, жасанды ауамен тыныс алуға мәжбүр етуде. Ауа ластануының салдары ретінде Жер бетінің жылыну мүмкіндігі және соған сәйкес, экологиялық баланс өзгеруін де айтуға болады.Әлемдік мұхит деңгейінің артуына әкелетін мұздықтардың (Гренландия, Арктика мен Антарктида мұздарының жеке бөліктері) еру мүмкіндігін де ескеру қажет. Бұл Жердің беткі бөлігіндегі «жылу эффектісі» пайда болуы салдарынан жүзеге асады. Мұның себебі: атмосферадағы көмірқышқыл газы мен көміртегі тотықтарының артық дозалары бөлінуінен. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану және өндірістік әрекеттер нәтижесінде 100 жыл ішінде ауаға 400 млрд т көміртегі (IV) оксиді бөлініп, оның ауадағы концентрациясы 18%-ға артады. Көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%. Оның ауадағы үлесі екі есе артса, Жер бетіндегі температура орта есеппен 3-4°С-ге көтеріледі. Бұдан мәңгі мұз таулар еріп, ауа райы елеулі өзгеріске ұшырауы мүмкін. СО- көміртегі (ІІ) оксиді (иіс газы) – жану өнімдерінің бірі. Отын түрлерінің шала жануынан түзіледі. 31


Халықаралық статистика мәліметтері бойынша 150 млн машина бір сағаттың ішінде 60000т көміртегі (ІІ) оксидін бөліп шығарады. Бұл- өте улы газ. Ауада 1% иіс газы, яғни көміртек (ІІ) оксиді болса, адам қолма-қол, ал оның үлесі 0,1% болғанда 30-60 минутта өледі. Иіс газы қанға түскенде эритроциттер оттекті тасымалдау қызметін жоғалтады. Нәтижесінде ағзада оттек жетіспеушілігі басталып, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Иіс газының ауадағы шегі шектеулі концентрациясы (ШШК) 0,002%. Оның физиологиялық әсері гемоглобиндегі оттегін ығыстырып шығаруға байланысты. Гемоглобин көміртегі (ІІ) оксидін оттегіне қарағанда 200-300 есе тез қосып алып, карбоксигемоглобин түзеді. Азот қышқылын өндіретін зауыттың мұржасынан «түлкі құйрық» деп аталатын қызғылт сары түтін будақтап жатады. Бұл - азоттың улы оксидтері. Бір зауыт тәулігіне 20 тоннаға жуық оксидтер шығарады. Құрамында 3-6 мг/л тыныс алу адамға қауіпті. Бұл газдың өндіріс ауласындағы қанықпасы 0,005мг/л-ден аспауы керек. Азот тотықтары тыныс алу жолдарындағы су тамшыларымен қосылып, азот қышқылын және азотты қышқыл түзеді. «Қышқыл жаңбырлар» терминін 100 жылдай уақыт бұрын алғаш рет ағылшын химигі А.Смит сөздік қорға енгізген. Бірақ қышқыл жауын-шашынның салдарлары соңғы 10-15 жылда байқала бастады. Кез-келген отынды жаққан кезде бөлінетін газдар құрамынан күкірттің және азоттың қос тотықтары табылады. Отынның құрамына қарай олардың мөлшері аз немесе көп болады. Әсіресе, жоғары күкіртті көмір мен мазут күкіртті газға бай қалдықтарды бөледі. Осылайша атмосфераға бөлінетін газдардың миллиондаған тоннасы жаңбырды әлсіз қышқыл ерітіндіге айналдырады. Су буының конденсациясы кезінде түзілетін жаңбыр суы бейтарап реакциялы, яғни рН = 7 болуы тиіс. Таза ауаның өзінде де көміртегінің қос тотығы әрқашан болады, оны жаңбыр суы ерітіп, сәл қышқылданады (рН 5,6-5,7). Ал күкірт және азоттың қос тотықтарынан түзілетін қышқылы бар жаңбыр ерекше қышқылдана түседі. рН мәнінің бір бірлікке азаюы қышқылдықты 10 есе, ал екі бірлігі- 100 есе т.с.с. арттырады. Тірі ағзалар эволюция барысында белгілі бір физикалық және химиялық ортаға бейімделген. рН мәнінің өзгерісі су экожүйесінің химия-биологиялық ауытқуларын тудырады. Егер рН 6,5-6- ға дейін төмендесе, көптеген моллюскалар, шаян тәрізділер, қос мекенділердің уылдырықтары өліп қалады. рН 6,0-5,0 аралығы кезінде өе сезімтал планктон ағзалары мен насекомдар, балықтарға қауіпті. Көл суларында рН 4,5-ке төмендесе, микроорганизмдер жойылып, метан және күкіртсутегін бөлетін анаэробты процестер дамиды. Әрине, топырақ пен өсімдік те қышқыл жаңбырдан біраз зардап шегеді. Топырақтың құнарлылығы төмендеп, қоректік заттардың түсуі кемиді. Топырақ микроорганизмдерінің құрамы өзгереді. Ауыл шаруашылық дақылдарының қорғаныш ұлпалары зақымдалады, жасушадағы зат алмасу өзгереді, өсімдіктің өсуі мен дамуы бұзылады, аурулар мен паразиттерге қарсы тұру қабілеті төмендейді. Ғалымдар қышқыл жаңбырдың өсімдікке әсерін бақылау үшін тәжірибе жүргізген. Жүгеріге жасалған эксперимент төмендегідей нәтижені көрсеткен: қышқыл жаңбырдың үрықтанғаннан кейінгі үнемі әсер етуінен таза сумен суарылғанға қарағанда жүгері собығында аз дән өседі. Неғұрлым жаңбыр суының құрамында қышқыл көп болса, соғұрлым собықта дәннің аз мөлшері түзіледі. Сонымен, қышқыл жаңбырдың жүгері собығының қалыптасуына әсер ету дәрежесі мерзімге, оның ұзақтығына және жаңбырдың түсу жиілігіне екені анықталған. 32


Зерттеушілердің келесі бір тәжірибесі барысында өсудің ерте кезеңінде 18 түрлі ауыл шаруашылық дақылдары және 11 әсемдік өсімдіктерінің қышқыл жаңбырды қабылдау дәрежесі анықталады. Қолайсыз әсерге шыдамдылық көрсеткен томат, ас бұршақ, темекі, баклажан, күнбағыс және мақта жапырақтары, ал аз қабылдайтындар қара бидай, жүгері,салат, жоңышқа және беде. Қышқыл мрамордан және ізбес тастан қаланған ғимараттарды да бүлдіреді.Табиғатты қышқылданудан құтқару қажет. Ол үшін атмосфераға бөлінетін күкірт және азот оксидтері қалдықтарын азайтқан жөн. Бірінші кезекте күкіртті газдың бөлінуін барынша тоқтату керек, өйткені күкірт қышқылы және оның тұздары қышқыл жаңбырдың 70-80%-ке жуығын құрайды. Ауаның құрамында, жоғарыда айтылғандай, бірнеше зиянды қоспалар болады. Солардың ішінде адам, жануар және өсімдіктердің тіршілігіне ең қауіптісі радиоактивті заттар. Олардың жер бетіндегі көзі –атом және сутегі бомбаларының тәжірибе кезінде жарылуы, атомдық реакторлар мен электр станциялары, атом өнеркәсібінің қалдықтары т.б. Әсіресе, атом және сутегі бомбаларының жарылуынан пайда болған радиоактивтік заттардың ауаға қосылуы ерекше назар аударады. Радиактивті заттар тек ауа жолымен ғана таралып қоймайды, ол өсімдік қалдықтармен, жануарлардың өлексесі мен қалдықтары арқылы да, тамақпен де таралады. Олардың ауа құрамында көп мөлшерде болуы халық арасында тұмауды, түрлі ісік жаралардың таралуына әкеп соғады. АҚШ–та 1100 ядролық сынақ, оның ішінде 200 - атмосферада жүргізілген. ТМД-да 715 жарылыс, 212- атмосферада жасалған. Қазақстан территориясында 498 ядролық жарылыс, оның ішінде 25 жер бетінде, 85 ауада, 6 биіктікте және 343 жер асты жарылысы болған. Францияда 190,40-атмосферада, Англияда-40,22-ауада, Қытайда-45, оның 22-сі ауада. Ауа- адам баласының бәріне бірдей ортақ нәрсе. Ол үшін мемлекет шекаралары жоқ. Сондықтан да жер үстінде ауаны зиянды заттармен ластамау үшін ядролық қаруларды сынамау, оларды қолданбау мәселелері бүкіл халық талабы мен тілегіне айналып отыр. Ядролық қару Жер шарының қай бөлігінде жарылса да, радиоактивтік заттар ауа арқылы бүкіл жер жүзіне таралатыны анық.. Адамның денсаулыы, өсімдік пен жануарлар әлемінің жағдайы таза атмосфералық ауаға байланысты. Сондықтан да атмосфераны қорғауда төмендегі критерийлерді ескеру қажет:  Зауыттар мен фабрикаларға, сан алуан көлік түрлеріне сүзгі қою;  Энергияның жаңартылған түрлерін пайдалану;  Тыңайтқыштарды тиімді және көпшілік жағдайда зиянды емес турлерін қолдану;  Қоршаған ортаны ластаушы өндірістің зиянды заттары мен қалдықтарын жою;  Аз қалдықты және қалдықсыз технологияны дамыту т.б. Шикізатты комплексті түрде пайдалану да – ауаны қорғаудың бір тиімді жолы. Бұл кезде бір өндірістің қалдығы екінші өндіріс үшін шикізат болып табылады. Мысалы, Москваның мұнай өңдейтін зауытының ммандары ауаға жіберілетін көмірқышқыл газынан құрғақ мұз ( қтты күйіндегі СО2 осылай аталады) өндіреді. Құрғақ мұздың тез бұзылатын азық-түлікті тасымалдау үшін қолданылатын оқушыларға белгілі. Су-тірі табиғаттың негізгі құрам бөлігі. Барлық тірі ағзалардың 75%-ы судан тұрады. Су үнемі теңіздер, атмосфера мен құрылық арасындағы айналымды жүзеге асырады. Қазақстандағы су ресурстарының негізі өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері 100 куб км, 43%-ы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне келеді. Республикамызда тұрғындары таза ауыз суымен қамтамасыз ету жағдайы мардымсыз. Жоспарланған жөндеу жұмыстары және су өткізгіштерді 33


реконструкциялау жүргізілмейді. Көпшілік ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды. Қазақстандағы су объектілері-4,97 куб км. Тоғандарға жіберілетін судың жалпы көлемі бойынша оның 95%-ы нормаға сәйкес су, ал 4%-ы ластанған ағынды су. Республика территориясына келетін шамамен барлық ірі өзендердің- Жайық, Ертіс, Шу, Талас- беткі сулары ластанған. Экология және ресурстар Министрлігі Қазақстан, Ресей, Орта Азия республикалары және Қытай арасында су ластануын бақылау мәселесі бойынша келісімдер өткізуге белесене қатысады. Ертіс өзенінде судың беткі сапасының томендеуі байқалады, судың металдармен жоғары дәрежедегі ластануы сақталып келеді. Өткен жылғымен салыстырғанда Ертіс өзені суының ластану индексі 6,02-ден 8,24-ке өсіп отыр. Ақтөбе облысында кезек күттірмес экологиялық мәселелердің бірі- Елек өзенінің беткі бөлігі және жер асты суларының бром және хроммен ластануы. Олардың концентрациясы бор бойынша 44 ШШК және хром бойынша 10 ШШК-ға жеткен. Экологиялық апат аймағы Арал төңірегінде су ресурсының жетіспеушілігінен экожүйелер деградациясы жүруде және кеуіп қалған Арал теңізі түбінен тұзды шаң-тозаң ұшып, табиғи қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Соңғы 35 жыл ішінде Арал теңізі 1000км3 астам өзен суын ала алмады да, нәтижесінде теңіз деңгейі 17 метрге дейін төмендеді, көлемі 4 есеге жуық қысқартылды, ал су ауданы екі есе азайып, судың тұздылығы 35 промильге шейін артып кетті. Жер үсті сулары жағдайына су сақтау объектілерінің төмен деңгейде инвестрленуі, прогрессивті экологиялық таза технологияның болмауы, сондай-ақ, экологиялық бағдарламаларды мемлекеттік қолдаудың жетіспеушілігі көп әсер етуде. Қазіргі кездегі аса қауіп төндіретін мәселелердің бірітеңіз мұхиттардың мұнаймен ластануы. Мұнай және оның өнімдері өсімдіктер мен жануарлар әлеміне өте зиянды. Әсіресе, мұнаймен ластанудан теңіз сүт қоректілері мен теңіз құстары көп шығынға ұшырайды. Мұнай және мазут, май т.б мұнай өнімдері құстарға барынша зиян. Мұнаймен ластанған кезде құстардың қанаты жылу сақтағыш қасиетін жояды, ол денені салқындатып, ақырында өлімге соқтырады. Мұнаймен ластанған жеммен қоректену кезінде құстарда физиологиялық процестер болып, өмір сүру қиындайды. Мұнайдың кері әрекеті аналық құстардың жұмыртқада дамып келе жатқан эмбриондарға беріліп, оларға өлім қаупін туғызады. Тіпті жұмыртқаның өте аз бөлігі зақымдалса да, эмбрион өліп қалады, тірі қалғандарының салмағы, дене тұрқы аз болып, әр түрлі аномалиялар байқалады. Мұнай өнімдерінің су қоймаларындағы концентрациясы 0,05-0,1 мг/л болғанда, балық уылдырығы және жас балықтар қырылып қалады, ал концентрациясы 0,1-1,0 мг/л болса, планктон, концентрация аралығы 10-15 мг/л болса, балықтың үлкен особьтары үшін қауіпті. Су қоймаларында концентрация 0,05-0,5 мг/л және одан жоғары болған кезде балықтар жағымсыз «керосинді» иіске ие болады. Мұнайды жер астынан (теңізден емес) өндіргеннің өзінде Қазақстанның көптеген құнарлы жерлері істен шыққаны белгілі. Бұған Маңғыстаудың (Өзен, Жетібай, Бозашы), Батыс Қазақстанның (Қара Шығанақ), Атыраудың (Теңіз) т.б кен орындары мысал бола алады. Қазірдің өзінде Республиканың мұнай өндірілетін аудандарының көбінде мұнай ұңғырлары мен құбырларынан аққан мұнай топыраққа сіңіп, жердің құнарын жұтып, буланып ауаны ластап жатыр. Мыңдаған гектар жер қылтанақ өспейтін майлы топыраққа айналды. Жер бетінде шашылған мұнай қалдықтарының радиация бөлетіні анықталған. Ал мұнайды су астынан өндіргенде мұндай жағдайдың орын алмауына, оның бұрынғыдан да күшейе түспесіне кім кепілдік бере алады. Каспий өңірінің байлығын игеруді шетел инвесторларымен келісіп жүргізгенде экологияны, оның ішінде балық байлығын бірінші орынға қою керек. Каспий теңізінің экология жүйесін сақтау проблемасы тек қана озық технологияны пайдаланумен шешілмейді, оған 34


мемлекеттік, гуманистік көзқарас керек. Каспийдің мұнай қорын сату арқылы өз экономикасын нығайтудан гөрі оның өлі теңізге айналмауы жолдарын іздестірудің маңыздырақ екенін естен шығармау – Каспий теңізінің жағалығында орналасқан мемлекеттердің: Ресей, Иран, Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстанның басты міндеті ғана емес, бүкіл адамзат алдындағы борышы. Қолданылатын минералды тыңайтқыштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен- көлге, теңізге түсуде. Бұл судағы оттегі көлемін азайтады, суда тіршілік ететін балықтардың, басқа да тірі ағзалардың өлуіне себепші болады. Көптеген бақылаулар нәтижесі төмендегіні көрсетті: топырақтан пестицидтер өңделген егістік және ағынды сулармен шайылудың нәтижесінде су тоғандарына келіп түседі.Су көздері пестицидтер өндіретін өндірістің ағынды суларымен, балдыр, моллюска, адам және жануар ауруын қоздырушыларды жою үшін тікелей енгізілетін препараттар т.с.с нәтижесінде ластануы мүмкін. Су бойында пестицидтердің таралуы көптеген факторларға тәуелді : препараттың физика-химиялық қасиеттеріне, қолданылу формасына т.б. Пестицидтердің суда ыдырау жылдамдығына судың рН, жалпы ластану дәрежесі т.б. әсер етеді. Тұрақты пестицидтер су тоғанындағы қалыптасқан экологиялық жүйені бұзуы мүмкін. Дүние жүзінде сирек кездесетін қара уылдырықты өндіруші Атырау облысы екені белгілі. Ал Бекіре балықтарының негізгі ұрық шашатын, өніп-өсетін мекені - Жайық өзені. Бұл өңірде мұнай өндіру кеңінен қолға алынбаған, экологиялық қауіп-қатер жоқ, таза кездері Жайық өзенінен 4000-нан 10,5 мың тоннаға дейін бекіре балықтары ауланатын. Мысалы, әрбір он жылдық сайын алып қарағанда мынандай көріністі байқауға болады: 1967 жылы ауланған бекіре тұқымдас балық 4,3 тонна, 1977 жылы – 10,4 мың тонна, 1987 жылы – 4,1 мың тонна. Ал 1988 жылдан бастап, өзеннің де, жалпы аймақтың да экологиясы нашарлауына байланысты аталған балықты аулау мөлшері жыл сайын азайып келеді. 1988 жылы 3,2 мың тонна балық ауланса, 5 жылдан кейін, яғни 1992 жылы – 1,7 мың т, 1997 жылы – 1,1 мың тонна ғана балық ауланған. Бұдан біз Жайық өзеніндегі экологиялық өзгерістер бекіре балықтарының тіршілік етуіне тікелей әсер еткендігін көреміз. Ал алда Каспий теңізінен және Жайық өзені бойынан мұнай өндірудің молаюына байланысты бекіре балықтарының өміріне қатты қауіп төнгелі тұр. Соңғы жылдары мұнай танкерлерінің авариясы біраз келеңсіз жайттарға ұшыратуда. Жерорта теңізінің сынап және оның туындыларымен өте жоғары деңгейде ластануы экологтар назарын өзіне аударуда. Экологиялық қауіпті заттары бар контейнерлердің сынып қалуы да – қорқынышты жағдай. Осындай жолдармен Атлант және Тынық мұхиттары түптерінің радиациялық ластануы белгілі болды. Атлант мұхитының ластануы 30-70 есе, ал Тынық мұхиты – 20-25 есе артып отыр. 1998 жылы 20 мамырда Қырғыстандағы авариядан Барскаун өзеніне 1762 кг натрий цианиді төгілген. Ол өзеннен 14 км қашықтықта Ыстықкөл орналасқан. Мұндай мысалдар соңғы кезде жиілеп барады. Каспий теңізі деңгейінің қазіргі көтерілуі біраз жағымсыз экологиялық процестерді тудыруда. Олар: жағалау зоналарды су басуы және олардың жылынып кетуі, жағалар абразиясы, жағажайларды судың шайып кетуі, теңіз суының интенсивті ластануы, теңіз экожүйесін құрайтын үлкен бөлігі үшін тіршілік ету жағдайының нашарлауы. Каспий теңізі суын қауіпті ластағыштар ауыр металдар болып табылады, олардың органикалық ластағыштардан айырмашылығы ыдырамайды және жойылып та кетпейді, өзгерістерге ұшырай отырып (негізінен, ион күйіне ауысады), экожүйе компоненттеріне орнығып қалады. Микроэлементтер сияқты, металдардың да балық және басқа гидробионттар үшін маңызы зор. Олар фермент, витамин, гормондар құрамына кіріп, балықтар ағзасында өтетін биологиялық процестерге қатысады. Ал олардың мөлшері артып кеткен жағдайда ақуыздардың құрылысын бұзады, тиол топтарын қоршап алады, тіршілік 35


ету процестеріне антибиотикалық әсер етіп, генетикалық өзгерістер тудырады. Енді кейбір биогенді элементтердің судағы ШШК-сы және олардың улы әрекеттерінің гидробионттарға әсеріне тоқталайық. Сутегінің судағы үлесі 10,72% құрайды; теңіз суында сутегі және оттегі массаның 96,54%-ын құрайды. Табиғи биогеохимиялық процестердегі сутегі қосылыстарының маңызы ерекше. Көптеген молекулааралық сутекті байланыстар тірі ағзалардағы ферментативтік және басқа реакциялар ерекшелігін тудырады. Сутегінің су құрамына кіруіне байланысты оның биоатмосфералық айналым, биоэнергетикалық процестердегі маңызы зор. Сутегі қосылыстарының бірі – сутегінің асқын оксиді (Н2О2). Оның судағы шегі шектеулі концентрациясы 87 мг/л, егер одан артып кетсе, судың металл дәмі шығып кетеді./81,72-б./. Балықтар үшін оның улы концентрациясы 25 мг/л тең, бұл кезде терінің көгілдір түске боялып, кілегейленуі, желбезектері ағарып, тері және желбезектердің жарақаттануы байқалады. Оттегі байланысқан күйінде гидросфера массасының 85,8%-ын құрайды. Судағы оттегі (О2) деңгейі төмендеуіне әсер етуші негізігі факторлар – оттегінің биологиялық өнімділігін бұзатын және оның судан сіңірілуін арттыратын экзогенді ластанулар мен су түбінде жинақталу процестері. Соңғысы 0,009-1,2 г О2/(м2хсағ) шығындайды. Ағынды су көздеріне қарағанда тұрақты су тоғандарында оттегі (О2) құрамы аз, ол ластану дәрежесі артқан сайын төмендей береді. Ғалымдардың есептеуінше, оттегі (О2) концентрациясының 5 мг/л дейін төмендеуі химиялық ластағыштар, оның ішінде фенол мен оның туындыларының балықтар үшін улы әсерін арттырады, керісінше, оттегі концентрациясы 7,8 мг/л – ден артқанда олардың қауіпті әрекеті азаяды /82,127-б./. Атмосферадағы бос оттегі деңгейі құрылықтағы жасыл өсімдіктер нәтижесінде жүзеге асатын фотосинтез және әлемдік мұхит арқылы қамтамасыз етіледі. Оттегінің біраз бөлігі гидросферадан келіп түседі; бұл процестің интенсивтілігі судың беткі бөлігінің жай-күйі, желдің жылдамдығы, мезгілдік ерекшеліктерімен анықталады, орташа есеппен жылына 170 л О2/м2 құрайды (83,230-б.). Қазіргі кезде бірқатар елдерде фотосинтез нәтижесінде түзілетін оттегіге қарағанда шығындалатын оттегі мөлшері артып кетуде. Мұхит суында еріген көміртегінің 88%-ке жуығы 26 күн ішінде биосфераға қайтып оралады, қалғаны карбонаттар түрінде тұнбаға түседі. Мұхит атмосферадан шамамен 30% көміртегі (IV) оксидін (СО2) адсорбциялайды. Сонымен бірге ол су аудандарынан атмосфераға бөлінетін көмір қышқыл газының негізгі көзі болып табылады. Өзен, теңіз және мұхит суларында еріген көміртегі (IV) оксиді (СО2) құрамы атмосфераға қарағанда шамамен 60 есе артық /84,91-б./. Көміртегі (II) оксидінің жасушаға тікелей улы әсері бар, ұлпалық тыныс алуды бұзады және ұлпаның оттегімен қамтамасыз етілуі бәсеңдейді. Көміртегі (II) оксидінің (СО2) ағзаға кері әсері төмендегідей: көмірсу алмасуын бұзады, бауырдағы гликогеннің ыдырауы күшейеді, глюкозаның утилизациясы бұзылып, қандағы қанттың деңгейі артады. Ал көміртегі (IV) оксидінің (СО2) нашақорлық әсері бар, теріні және кілегейлі қабықшаны тітіркендіреді. Салыстырмалы түрде аз концентрацияда тыныс алу орталығын қоздырады, көп мөлшердегі концентрациясы қауіпті. Гидросферадағы азоттың барлық химиялық формасындағы құрамы шамамен 5х10-5 моль/л. Мұнда азотты байланыстыратын биологиялық жүйе, негізінен, көк жасыл балдырлар болып есептеледі. Бұл кезде аммиак түзіледі. Аммиактың гидробионттарға әсеріне тоқталсақ, табиғи сулардың оның құрамы 0-0,2 мг/л, өндірістік ағынды суларда 1 мг/л жуық, тұрмыстық ағынды суларда 1,9-7,1 мг/л, ал аммиактың тыңайтқыш есебінде пайдаланатын аудандарда 13 мг/л дейін жетеді. Концентрация 1 мг/л болғанда балықтардағы гемоглобиннің оттегіні байланыстыру қаблеті төмендейді. Аммиактың судағы концентрациясы 10 36


мг/л-ге жеткенде балықтың эмбриондық дамуы тоқталады; судың беткі бөлігіне шығып, бірнеше секундтан соң шалқалай жатады. Желбезегін және аузын ашып, өліп кетеді. Азот қышқылының судағы концентрациясы 1,6 мг/л кезінде кейбір балықтар (форель, дафния) өліп кетеді. рН < 4 болғанда бірнеше сағаттан кейін тері жамылғысы мен желбезектері кілегейленіп, респираторлы эпителий бұзылады, желбезектері бірбіріне жабысып қалады. Алғашқы кезеңде шаршағандық білдіріп, одан соң балық диагоналды күйге – басын судың беткі бөлігіне қаратып, уақыт өткен сайын қалшылдап, бір бүйірлеп тұншығып өледі. рН < 3 – 4 аралығында көптеген шаян тәрізділер және қарапайымдар өліп кетеді (85,147-б.). Теңіз сулары құрамында күкірт натрий сульфат-ион (Na2SO42-) және сульфат-ион (SO42-) күйінде 0,9 – 2,6 мг/г концентрацияда болады. Жел ұшырып әкеткенде және теңіз суы тамшылары буланғанда атмосфераға 130 млн т жуық сульфат-ион(SO42-) түседі (күкірт бойынша 44 млн т). Теңіз суында күкіртсутек (H2S) анаэробты бактериялар тудыратын сульфит-ион (SO32-) тотықсызданудың биологиялық процесі нәтижесінде түзіледі. ТМД елдері бойынша күкірттің судағы орташа концентрациясы 3,5 г/м3 құрайды. Күкіртсутегі сулы ортада жаздыгүні органикалық заттар ыдырағанда ғана емес, сонымен бірге температура 1 – 40С кезінде мұз астында да бөлінеді. Құрылық – мұхит – атмосфера – құрылық жүйесіндегі миграция процесінде элементтердің құрылық пен мұхит арасында таралуының маңызы зор. Бұл кезде қозғалмалы фактордың бірі өзен ағысы болып табылады, онымен сульфат-ион (SO42-) күйінде 9,3-11,9 г/м3 концентрацияда мұхитқа жылына 132-ден 168х106 т күкірт тасымалданады. Желдің ұшыруы нәтижесінде құрылықтан мұхитқа жыл сайын 1,3х106 т күкірт түседі /86,25б./. Шамамен есептегенде, қазіргі уақытта антропогенді көздерден бөлінетін күкірт (IV) оксиді ( SO2) қалдығының жалпы мөлшері жылына 120х106 т жетеді. Осыған байланысты отынды пайдаланудың жыл сайынғы өсуі 2000 жылдары 275-400х106 т жетуі мүмкін /87,85-б./. Күкірттің қоршаған ортаға зиянды әсерінен туындайтын проблемалардың бірі – қышқыл жаңбыр түзуі. Ол және оның гидробионттарға әсері 2.3 тармақта қарастырылған. Судың кермектігі, оның ішінде бикарбонатты кермектікке ерекше назар аудару қажет. Өйткені оның артуы қышқылданудың улы әсерін көбейтеді. Мұның өзі балықтар бірлестігі құрылымының, қоректік тізбектің, жыртқыш-жемтік қатынасы сипатының т.б. бұзылуына әкеледі. /88,208-б.; 89,275-б./. Фосфор – көміртегі, оттегі, сутегі, азот және күкіртпен қатар тірі заттың тіршілік етуі үшін өте маңызды биогенді элемент. Құрылықтағы тірі затта 5х109 т, мұхитта – 0,08х109 т фосфор бар. Әлемдік мұхитта ол фосфат-ион (PO43-),(HPO43-) және т.б. күйде кездеседі. Оның өзен суындағы концнетрациясы 0,057 мг/л, мұхитта-0,088 мг/л. Жыл сайын биогеохимиялық айналымға құрылықта 345х106 т, ал мұхитта 880х106 т фосфор түседі. Фосфор тұрмыстық және өндірістік ағынды сулар құрамында болады. Қаланың ағынды суларындағы фосфор концентрациясы 1945-1970 жылдар аралығында синтетикалық жуғыш заттар әсерінен 3-тен 8 мг/л-ге дейін артты. Судың табиғи қасиеті фосфордың 0,1-0,5 мг/л концентрациясы кезінде өзгереді. Гидробионттардың желбезегі, бауыры, жүйке жүйесі, қаңқасы мен сыртқы жабынына әсер етеді. Фосфор майды ерітіп жібереді де, липидтерге бай ұлпаларда жинақталады. Оның өлімге душар ету табалдырығы 1 мкг/л төмендесе, су жануарларының көптеген түрлері үшін қауіпті. Табиғатта артық, ауыс нәрсе жаратылмаған. Қандай да нәрсе болмасын ол өз орнымен, уақытымен пайдаланылған дұрыс. Жер асты, жер үсті суларының ластануы оның физика-химиялық құрамының өзгеруіне, оттегінің азаюына, балдырлардың көбеюіне, ондаған жануарлардың кемуіне т.б. проблемаларды тудыратыны белгілі. Сонымен қатар су ресурстарын қорғаудағы басты нәрсе – кіші өзендердің құрғап, тартылуы сол аймақтың бүкіл климаты ғана 37


емес, фаунасы мен флорасының теріс бағытта қалыптасуына әсер етуде. Су көздерін сақтау үшін оны қорғаудың шарларын алдын ала ұйымдастырып, тіршілік етудің үнемді және тиімді жолдарына көшудің бағдарламасының жасау т.б. жұмыс түрлерін жүргізу керек. Ол үшін, әрине, экологиялық сауатты, білікті мамандар қажет. Топырақ. Топырақты бейорганикалық текті заттармен толтырып, салмақ түсірудің қауіпті екендігін академиктер В. В. Докучаев және В. Н. Сукачев өз еңбектерінде айтқан болатын. Онда бірнеше миллиондаған жылдар бойы жинақталған ірі-ірі ресурстар потенциалды күйде орналасқан. Топырақты микроорганизмдер, су (ылғал топырақ) және ауа қосындыларынан тұратын бастапқы материал деп қарастыруға болады. Осыған сәйкес, оны жер бетіндегі барлық заттар (субстрат, ауа, су) қазынасы ретінде де қорғауды қажет етеді. Соңғы кездегі топырақтың ластануына қысқаша тоқталамыз. Ластаушы көздер уақытша және тұрақты болуы мүмкін. Ластағыштардың негізгі көздері – жетілдірілмеген технология кезіндегі атмосфераға, суға және топыраққа шаңды-газды, қатты және сұйық ластағыштар бөлетін өндірістік мекемелер. Қазіргі уақытта ластағыштар саны мыңнан асып кетті, сондықтан олардың негізгі көздеріне ғана экологиялық сипаттама бергенді жөн көрдік. Шаң -тозаң және сұйық ластағыштар бөлетін негізгі өндірістер төмендегідей: қышқыл, сілті және пестицидтер өндіретін химиялық зауыттар, мұнай өңдейтін мекемелер; пластмасса және резина бұйымдарын өндіруші және өңдеуші зауыттар, газ және коксохимия зауыты (фенол өндіреді), ағаш, смола өңдейтін мекемелер, сондай-ақ, тері илеу зауыттары. Техника қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кездегі ластаушы көздерге: көмір өндіруші мекемелер мен карьерлер, жуғыш заттар шығаратын зауыттар т.б. жатады. Белгілі ғалым Г. Волковтың пікірінше, табиғатпен барлық сәйкессіздіктерге техника да, өндіріс те кінәлі емес, ол – біздің табиғат пен зат алмасуды үйлестірудегі қабілетсіздігіміз, ынта-көңілді дұрыс бөлмеуіміздің салдары деп есептейді. Қант жасау, ағаш өңдеу, сусын, сыра дайындау зауыттары қоршаған ортаға зиянсыз сияқты. Бірақ олардан шығарылатын қалдық суларды қадағалау жеткіліксіз болғанда, экологиялық қауіпті жағдай тудыруы сөзсіз. Гидротехникалық құралдар да өздігінен қоршаған ортаны ластамайды, жабдықтарды орналастыру және пайдаланудың техникалық ережелерін сақтамау топырақтың тұздануына және батпақтануына себеп болады. Бұл, өз кезегінде, биогеоценоздағы айтарлықтай өзгерістерге әкеледі. Батпақтанудың тікелей себебі – бақыламаудың немесе нашар бақылаудың нәтижесінде бөгеуден судың ағып кетуі. Әсіресе, гидродинамикалық күш жобаларында ескерілмеген жағдайлар қауіпті, оның әсерінен су каналдардан және бөгеулерден үлкен қашықтықтарға таралады. «Тайыз сулармен» күрес – өзінше ерекше мәселелер. Тайыз сулар су қоймасы құрылысы кезінде пайда болып, көкжасыл балдырлар мен анаэробты бактериялар түзілуіне себепші болады. Судың жылынып кету салдарының бірі – топырақ латеризациясы, яғни адамдар үшін жағымсыз эффект ретінде оның сілтісіздендірілуі және біртіндеп темір тотығымен грунт фракцияларына цементтелуі. Мұндай топырақта өсімдіктер тіптен өспейді. Батпақтану мен тұздану қоршаған ортаны барынша ластайды, әлемнің көптеген елдерінде гидротехникалық құрылыстар пайдасына күдіктене қарайды, өйткені олар балық қорын өндірудің биологиялық процесін күрделендіріп жібереді. Табиғи орта ластануының кең тараған көзінің бірі – ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштар. Пестицидтер – өсімдік зиянкестермен және арам шөптермен күрес кезінде қолданылатын барлық химиялық препараттар. Олар қолданылу объектілеріне қарай: гербицидтер – арам шөптермен күрес, инсектицид – зиянкес насекомдарға қарсы күресте, фунгицид – ауыл шаруашылық өсімдіктерінің саңырауқұлақ ауруларына қарсы күресте т.с.с. қолданылады. Соңғы 50 38


жыл ішінде минералды тыңайтқыштарды пайдалану 48 есе, әр түрлі химикаттар 15 есеге өсті. Сонымен бірге топырақтың, ауаның судың және тағам өнімдерінің ластану дәрежесі де артты. Пестицидтердің антропогендік миграциясы оларды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдануымен байланысты. Дүние жүзінде жыл сайын 4 млн т пестицид егістікке шашылады. Кейбір улы химикаттар бірден улануға әкелмегенімен, бірте-бірте кумулятивті, яғни жинақтала келіп әсер етеді. Үй жануары аминотриазол гербицидімен өңделген шөпті жесе, ол жинақталып үлкен дозасы қалқанша бездің қызметін бұзады, ал мұның бұзылуы малдың зоб ауруын (алқымның ісуі, құста жемсаудың ісігі) туғызады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық қадағалау мекемелері қоршаған ортадағы, тағам өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдеріндегі пестицидтердің сондай-ақ, азық-түлік тағайындаудағы өсімдік өнімдеріндегі нитраттардың қалдық мөлшерін бақылап отырады. Пестицидтердің күнбе-күнгі өндіріс және пайдалану олардың таралуы және жинақталуымен кезектесіп отырады. Олар өсімдіктерді пестицидтермен өңдеген кезде топыраққа уланған тұқымдармен, жауын - шашын кезіндебеткі бөліктің ағындыларымен, жел ұшырып әкелетін топырақ бөліктерімен , органикалық тыңайтқыш және жануарлар экскременті т.б. арқылы түседі. Топырақта препараттардың жинақталу дәрежесі және олардың миграция жолдары уды қасиетімен, топырақ ерекшелігімен, агротехникалық шаралар сипатымен т.б. анықталады. Пестицидтердің топырақта ыдырауында маңызды рольді топырақтық микроорганизмдер атқарады, олар өте қарапайым өнім түзілгенге дейін ыдыратады. Соңғы кезде фитопатогенді және сапрофитті бактериялардың 30-ға жуық түрі белгілі, олар осы топ қосылыстарының көп бөлігін тасымалдауға қаблетті. Бірақ кейбір хлорорганикалық пестицидтер біраз тұрақты және топырақта өзгеріссіз бірнеше жылдар бойы сақталуы мүмкін. Пестицидтер жоғары биологиялық активтілікке ие бола отырып, адам ағзасына теріс әсер етеді. Олар топырақта, суда тағам өнімдерінде ғана жинақталып қоймай, зат айналымына да қатысады. Адам ағзасына әр түрлі жолдармен түсе отырып, оның улануын тудырады. Улану өте күшті, күшті және хроникалық деп бөлінеді. Өте кшті улану ағзаға бір мезгілде заттардың көп мөлшерде келіп түсуін тудырады, нәтижесінде ауру пайда болады. Хлорорганикалық пестицидтермен уланғанда ішкі мүшелер, сондай-ақ, нерв жүйесі бұзылады. Жалпы әлсіздік, бас айналу, көздің және тыныс алу жолдарының тітіркенуі байқалады. Фосфорорганикалық пестицидтермен өте күшті уланғанда құсу, сілекей бөліну, көздің қарауытуы, қол-аяқтың құрысуы байқалады. Бірте-бірте психиканың бұзылуы, дененің кейбір бөліктерінің және қолдың дірілдеуі басталады. Сынапорганикалық қосылыстармен уланған кезде сілекейдің бөлінуі жоғарылайды, ауыздан «металдық» дәм шығады, шөлге төзімсіздік, кейде құсу, бас ауруы байқалады. Мұндай улану өте ауыр, кейде жеңіл түрде өтеді. Күшті улану ағзаға препраттың салыстырмалы аз мөлшерде түсуі арқылы пайда болады және ол жеңіл формада өтеді. Созылмалы улану ағзаға препараттың ШШК-дан аспайтын мөлшерде ұзақ уақыт түсуімен байланысты. Барлық химикаттар берілген экожүйенің қоректік тізбегіне ұзақ және өте зиянды әсер етеді. Отынның жетіспеушілігі, химикаттарға жұмсалатын шығынның артуы және қоршаған ортаның ластануы интенсивті егін шаруашылығында күдік тудыра бастады. Сондықтан адамдар табиғи айналымды ескеретін егін шаруашылығының табиғи әдісіне қайтып оралуы тиіс. Бұл әдіс экологиялық прициптерге негізделген және эклолгиялық таза егін шаруашылығы ретінде белгілі. Тыңайтқыш ретінде көңді пайдаланатын және белгілі бір дақылдардың ауыспалы егісіне негізделген экономикалық таза егін шаруашылығы қазіргі күндері қарқынды дамып келеді. Ол қоршаған табиғи ортаға зиян келтірмейді, қайта топыраққа 39


органикалық қалдықтар массасын қайтара отырып, оны жақсартады, соның нәтижесінде топырақтағы гумус және минералды заттар құрамы артып, ондағы барлық табиғи айналымдар белсенді жүреді./90,15-б./. Ауыспалы егіс кезінде бір дақылдар топырақтан интриттерді сіңірсе, басқалары, мысалы, бұршақ пен үрме бұршақ оларды бөледі. Жыл сайын оларды еге отырып және әр алуан дақылдардың табиғаттағы айналымы ескеріліп аудандары ауыстырылса, бұл дақылдардың шығымын арттыруға болады. Экологтардың есептеуінше, ауыспалы егіс барлық жерде таралуы тиіс. Барлық адам экологиялық таза өнімдермен қоректенуді қалайды: өйткені олардың құрамында ешқандай химикаттар болмайды және таза өнімдер өндірісі қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Биологиялық ластану көздерінен биологиялық коррозияны айтуға болады. Бактериялар құм мен сазды грунттардағы, жердің терең астыңғы бөлігіндегі болат пен темірді ірітіп-шірітіп, жегідей жейді. Әрине, бұл жерде аралық байланыстар арқылы жүзеге асады. Күкірт қышқылы болат пен темірді бұзады, ал оның синтезделуіне грунттағы тионды бактериялар себеп болады. Мұндай бактериялар миллиондаған жылдар бойы грунт бойында анабиоз күйінде тыныштықта болып, олардың экологиялық қуысына оттегінің біраз бөлігі түскен кезде (мысалы, жер қазу жұмыстары кезінде) белсенді әрекет ете бастайды. Келесі бір қауіпті биологиялық зиянкестер саңырауқұлақтар болып табылады. Мысалы, XI ғасырдағы «Киевтік София» сарайы тамаша фрескалар әсерінен бұзылған /91,17-б./. Топырақ таиғи, тарихи дене ретінде жер қабатының беткі, құнарлы бөлігін қамтиды. Оның түзілуі үшін су, ауа, жылу, өсімдік және жануар ағзаларының, әсіресе топырақ түзуші тау жыныстары бар микроорганизмдердің өзара әрекеті мыңдаған жылдар бойы жүру керек. Топырақ – барлық материалдық игіліктің алғашқы көзі. Сондықтан да жерді ұтымды да тиімді пайдаланудың түрлі шараларын ескергеніміз жөн. Қоршаған ортаны қорғау проблемасын басқа да әлеуметтік проблемалармен салыстыратын болсақ, ол – шұғыл шешуді қажет ететін мәселелердің бірі. Табиғи орта ластануының және термоядорлық соғыстың қауіптілігі сол, бұлар жер бетіндегі адамзат тіршілігін жойып жіберумен байланысты. Термоядролық соғысты болдырмаудың және қоршаған ортаны қорғаудың ақырғы мақсаттары ұқсас: олар адамдарды жаппай қырылу қаупінен құтқару және олардың қолайлы жағдайда өмір сүруі мен дамуын қамтамасыз ету. Ластанудың келеңсіз жайттары уақыт өткен сайын дамып келеді және кеңістікке таралуда. Қоршаған ортаға түскен химиялық заттар адамның шаруашылық қызметі процесінде ең алдымен атмосфералық ауаны, суды және топырақты ластайды (5-сурет). Бұл кезде атмосфералық ауа, су, топырақ арасында лас заттардың таралуы жүреді. Мысалы, атмосферадан және топырақтан лас заттар жауын-шашынмен шайылады және олармен бірге суға түседі.

40


Лас заттар (қалдықтар) миграциясы жолдары

Грунтқа құйылған ұшқыш заттар (мұнай және мұнай өнімдері) бірте-бірте буланады, атмосфералық ауаны ластайды, ал ұшқыш емес фракциялары ағынды және жауын-шашын суларымен бірге өзенге және басқа суларға құйылады.

41


Қоршаған ортада МӨ (мұнай өнімдерінің) таралуы

6-сурет Табиғи ортаның жоғарыда көрсетілгендей дәрежеде бүлінуі салдарынан қоршаған ортаға түсетін лас қалдықтарды барынша қысқарту қажет. Бұл мәселені шешу үшін қалдықсыз технология өндірісін дамыту керек. Өндірістік орындар, автотранспорт мекемелері, басқа да коммуналды объектілер газ қалдықтарының ағынды су, қатты заттарды залалсыздандыру, оларды пайдаға асыратын немесе ұстап қалатын құралдармен жабдықталуы керек. Жаңа химиялық қосылыс шығарғанда, машинаның жобасын жасаған кезде олардың табиғи ортаға, адамға әсерін, яғни, экологиялық экспертиза жасаудың алдын-ала ойластырған жөн. Қоршаған ортаны қорғау қажеттігі өндірісітің экологиялық тиімділігінің қамтамасыз етілуін талап етеді. Экологиялық тиімділік дегеніміз — берілген өнімділік және өндіріске сәйкес шығарылатын өнім сапасы кезінде қоршаған ортаға кері әсердің минимум мәнге келуі. Қалдықсыз өндіріс - технологиялық процестерді ұйымдастыру формасы. Бұл кезде өндіріс қалдықтары минимум мәнге ие болады немесе екіншілік материалдық ресурсқа толықтай қайта өңделеді. Қалдықсыз өндіріс кезінде тұйықталған материалдық және энергетикалық ағындары бар, негізгі компоненттері бойынша балансталған технологиялық сызбанұсқалар пайдаланылады. Қалдықсыз технология термині шартты түрде алынған. Практика жүзінде қалдықтардан құтылу мүмкін емес. Ең болмағанда қоршаған ортаға өндірістің минимум әсері болады. Қалдықсыз өндірістегі технологиялық циклдер былай орналасқан: құрамында лас заттары бар барлық ауа, газ немесе су ағындары қоршаған ортадан оқшауланған, тұйық контурде орналасқан және одан шығар кезінде міндетті түрде арнайы тазартқыш қондырғылар арқылы өтеді. Лас заттардан тазалау операциялары, яғни көмекші операциялар негізгі өндірістік операциядан кейін жүргізіледі, бұл кезде қалдықтар негізгі өндіріс қажетін өтейтін пайдалы өнімдерге қайта өңделеді немесе басқа өндіріс орындары үшін шикізат немесе фабрикат болып табылады. Шикізатты комплексті түрде пайдалану — қалдығы аз және қалдықсыз өндіріс құрудың негізгі принципі. Шикізатты комплексті пайдалану жағдайындағы негізгі технологиялық операциялар: негізгі өндіріске керек емес, пайдалы заттарды табу, ол заттарды белгілі бір өнімге немесе жартылай фабрикатқа қайта өңдеу, одан кейін жекелеген негізгі өндіріске немесе басқа да өндірістерге жеткізу. 42


Экологиялық білім берудің қазіргі кездегі жайы Адам-табиғат жүйесіндегі байланыс — тарихи дамудың маңызды мәселелерінің бірі. Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатнасы ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі табиғи ресурстар қорын пайдалану көлемін арттыруда. Соңғы уақытта адамның өндірістік қызметінің әсерінен тірі ағзалардың тіршілік ортасы ластанып, қауіпті жағдайлар тудырып отыр.Адамзаттың болашағы өзекті мәселелердің шұғыл шешімін қажет етеді.Табиғи тепе-теңдік бұзылса, биосфераға қауіпті, қоршаған орта ластанады, түрлердің жойылуына әкеледі. Сондықтан да табиғат заңдарын танып-білу нәтижесінде оның байлықтарын ұтымды пайдалану, Жер табиғатын аялау әрбір азаматтан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Қазіргі кезде экология ғылымы көбіне адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің табиғатқа және оның құрамдас топтарына тигізетін әсеріне басты назар аударуда. Өйткені соңғы жылдары адамның іс-әркеті (антропогендік әсерлер) биосферада тарихи дәуірлерде қалыптасқан биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына орасан зор әсерін тигізетін осының алдында баяндалды. Келешек ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, биосфераны қорғаудың бірден-бір жолы - әрбір адамды табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарымен, оның теориялық негіздерімен қаруландыру. Өйткені, қазіргі кездегі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың пайда болуы — адамдардың экологиялық сауатсыздығының нәтижесі. Халық ертеден-ақ өзінің арман-мұңының бесігі болған, ерлік салт пен дәстүрге бай табиғи сыры мол, әсем жерлерді жырға қосып, оны мадақтаған. Мұндай жырларда жер мадақтау жалаң күйінде емес, халық тарихынан жарқын бір көріністерімен байланыстырылады. Осындай тамаша көркем, әсем жыр шумақтарын оқырмандар оқи отырып, оның әсерлі сырын көңіліне тоқып, сұлулығына сүйсінеді. Халқымыздың табиғатқа деген қайырымдылық, қамқорлық сезімі, аялы алақаны, көздің қарашығындай қорғай білуі аты аңызға айналған Асан Қайғы, күй атасы Қорқыттың өсиетке толы сөздерінен де елеулі орын алған. Қорқыт бабамыздың: «Қара орманың шайқалмасын, мәуелі ағашың құламасын» деген сөзі көп нәрсені аңғартады /92, 11-б/. Әрбір халықтың туған жерін, оның табиғатын сүйе білу – адамгершілік парызы. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романындағы кейіпкер сөзімен айтсақ, «Ыстық қой шіркін, туған жер! Туған жерге жеткенше, қайтіп дәтің шыдайды? Кім сүймейді өз жерін? Сүймесе, сүймес зердесіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек жетесіз...» /92, 102-б/. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ сыйып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленген, халқымыздың мақтанышы болған ақын Мағжан Жұмабаев «Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана» - дейді /94, 387-б/. Ата-бабалардың даналық сөздеріне қанып өскен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың еңбектерінде табиғатқа көзқарастарынның ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Қазақтың сыршыл, ойшыл ақыны Сәкен Сейфуллин, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов және Сәкен Жүнісов, Шыңғыс Айтматов, Сапарғали Әсіпов, Шерхан Мұртаза және т.б. ақын-жазушылар еңбектерінде табиғаттың кіршіксіз тазалығы, әсемдігі және шығарма кейіпкерлерінің әр кезде ахуалы мен пейзаждық бояулардың қатарласа келуі, неше түрлі аңыздар арқылы табиғат пен адам арасындағы өзара байланыстылық т.б. шебер бейнеленген. Мұндай туындылардың жастардың 43


экологиялық сана-сезімін оятып, экологиялық мәдениетін көтеруде ролі ерекше /95,50-52-б/. Ғылыми әдебиеттерде оқушылардың табиғатқа қарым-қатынасына олардың жеке ерекшеліктері, тұрғылықты жері, ата-анасының мамандығы және білімі де әсер ететіндігін де көрсетеді. Қоршаған орта жайында жүйелі түрде тиянақты білім беру, бүкіл халықты қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және осы мәселелерді ғылыми тұрғыда шешу проблемасы Заң жолымен жүзеге асатын болады. 1998 жылы Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасы (ҮЭБ және ТБҰБ) жарық көрді. Бұл бағдарлама «Қазақстан-2030» стратегиясына сәйкес, Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі концепцияларын (ҚР Үкіметінің 03.03.1998ж. №137 қаулысы) жүзеге асыру жөніндегі ҚР Үкіметінің жоспарының экологиялық білім берумен байланысты бөлігін орындау үшін құжат болып табылады. Бағдарламалардың авторлары жүйелілік тәсілге негізделіп, үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана экологиялық білімнің тиімділігі артып, табысқа жететіндігін, үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету екендігін т.б. мәселелерді қамтиды. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім мен тәрбие беруді қолма-қол енгізіп жетілдіру керек. Өйткені табиғаттағы апатты жағдайлар жасынан «экологияландырылған» ұрпақтың өсіп-жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды. Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесіне табиғатқа деген аяулы қарым-қатынасын қалыптастыруы тиіс. Мұны тездету үшін іс-әрекеттің нақтылы бағдарламасы және үздіксіз экологиялық білім беруге қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру қажет. Осындай қажеттілікті өтеу үшін ұлттық бағдарлама жасалған (96). Бағдарламада көрсетілгендей, біраз міндеттерді шешу тұрғысында 1980 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институты жаратылыстану-геогерафия факультетінде физикалық география кафедрасында бұрынғы КСРО-да бірінші болып республика жоғары оқу орындарында эколог мамандарды дайындау мен мектеп оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің жолдарын көрсеткен концепция жасалған. 1987 жылы кафедра жанынан Қазақ ССР оқу ағарту министрінің13 мамырдағы (№303 бұйрық), ландшафтар экологиясы және табиғат қорғау ғылыми-зерттеу лабораториясы ұйымдастырылды. 1991 жылы кафедра мен лаборатория негізінде университет қабырғасында жаңа «география-экология» факультеті ашылып, профессор Ә.С.Бейсенованың басқаруымен факультеттің оқытушылары орта және жоғарғы оқу орындарына арналған экологиялық пәндердің бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын жасап, бастырып шығаруда, ғылыми зерттеулер жүргізілуде /97,98,99/. Экологиялық мәселелер кешенді түрде шешуді талап етеді, осыған орай, 1993 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік университеті жанынан эколог-мамандардың бірігіп пікір алмасуы мақсатында экология мәселелерін ғылымизерттеу институты ашылды. Қазіргі кезде бұл институтта 60-тан астам қызметкер, оның ішінде 15 ғылым докторы және 36 ғылым кандидаты жұмыс жасауда /100/. 44


Қазіргі уақытта Қазақстанның басқа да облыстары Жамбыл, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды т.б. экология факультеттері ашылып, жұмыс жасауда. Мектептердің оқу жүйесінде экологияны жеке пән ретінде енгізу көптен бері көтеріліп келеді. Ресей Федерациясы 1994 жылдан бастапэкологияны жеке пән ретінде Мемлекеттік білім жүйесіне енгізді. Экология пәнінің алғашқы оқу бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулар мен оқулықтар жарық көрді /101/. Қазақстан бойынша Алматы қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Семей облыстарының мектептерінде экологияны дербес пән, факультативтік сабақ ретінде тәжірибеден өткізе бастады. Бұл бағытта Алматы қаласының №12, 159, 140, 137, 167, 60, 117 мектептерінің географ, биолог, химик мұғалімдері белсенділік көрсетуде. Ғалым академик Ә.С.Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың бірлесіп жоғары оқу орындарына арналған «Экология негіздері», орта мектептер мен лицейлер, гимназияға арналған «Экология және табиғатты қорғау» оқу құралдары жарық көрді. Бұл еңбектер – ана тіліміздегі алғашқы төл оқулықтар. Өйткені Г.Сағымбаевтың «Экология негіздері» (1995) кітабы техникалық оқу орындарына арналса, В.Н.Фурсов пен Т.Ерғалиевтің «Общая экология» (1996) оқулығы аз тиражбен шыққандықтан оқу орындарының сұранысын қамтамасыз ете алмай отыр. «Экология негіздері» оқу құралы екі бөлімнен тұрады /102/. Бірінші бөлімде экология негіздері курсының негізгі мәселелері қамтылған. Экология ғылымының қазіргі бағыттары, зерттеу әдістері, тарихы, жалпы экологиялық заңдылықтар, организм және орта жағдайлары, геоэкологиялық проблемеалар, популяциялар мен табиғи ортаның қазіргі жағдайлары туралы қысқаша мәліметтер берілген. Екінші бөлімде түр, популяция, популяциялар құрылымы, олардың табиғаттағы саны мен ауытқуы, тұрақтылығы. Биоценоздар мен экожүйелер, олардың құрылымы, биоценоздағы ағзалардың қарым-қатынастары, биологияллық өнімділік, экология ғылымының қазіргі әлемдік, аймақтық және жергілікті проблемалары, биосфера шегіндегі өзгерістер, ноэкология мәселелері жан-жақты баяндалған. Оқу құралы университеттер мен педагогикалық институттардың географияэкология бөлімінің студенттеріне және мектеп мұғалімдеріне арналған. Үздіксіз экологиялық білім беру дің бағдарламасында /96/ сәйкес, экологиялық тәрбие және білім беру мақсатына қарай үш сатыда өтеді: - алғашқы саты: мектепке дейінгі және бастауыш мектеп; - екінші саты: орта мектеп және колледж; - жоғарғы саты: жоғары оқу орындары. Көптеген жылдардан бері әр түрлі ұйымдар экологиялық білім мен тәрбие саласында зерттеу жүргізуде. Аталған үш саты мәселелері бүгінгі күні толық зерттеліп, нәтижесі жарық көрді дей алмаймыз. 1900 жылы «Қайнар» баспасынан Д.Е.Гуриковтың «Экология – наука для всех» кітаы жарық көрген. Мұнда ағзалар популяциясы, түрлері, бірлестіктер, экожүйелер және тұтастай алғанда биосфера, оның ішкі заңдылықтары, жануарлар мен өсімдіктер сипатының әр түрлілігі, Жердің флорасы мен фаунасы (генофонды) көптүрлілігі, адамзат қоғамының дамуы т.б. мәліметтер бар. Оқырмандар экология туралы көптеген сұрақтарға жауап ала алады. Кітап студенттер мен мектеп оқушыларына, мамандар мен туған жер тағдырын ойлайтын көпшілікке арналған /103/. Күні бүгінге дейін студенттер универвитеттер мен педагогикалық институттарда қазақ бөлімінің студенттеріне арналып ана тілінде жазылған геоботаникалан бірде-бір оқулықтың не әдістемелік нұсқаудың жоқтығы белгілі. Осындай олқылықтың орнын

45


толтыру мақсатындағы Н.М.Мұхитдиновтың «Геоботаника негіздері» еңбегінің мәні зор /104/. Биология факультетінің ІІ курс студенттері ботаниканы жалпы пән есебінде оқығанда ұсынылып отырған кітапты негізгі оқу құралы есебінде пайдалануларына болады. Оқу құралында қазіргі таңдағы ғылыми мәліметтерге сай геоботаниканың негігі проблемалары қамтылған: геоботаниканың мақсаты, ғылымдар жүйесіндегі орны, дамуының негізгі кезеңдері, зерттеу объектілері, фитоценоздың қалыптасуы және оның компоненттерінің қарым-қатынасы, фитоценоздың құрамы, құрылысы, маусымдық және әр жылдардағы өзгерулері, өнімділігі, динамикасы, географиясы, классификациясы және ординациясы. Оқу құралының құндылығы сол, ол студенттер үшін кейбір мәліметтердің көзі болып қана қоймай, оларда бар мәліметтерді және проблемаларды шешуге творчестволық көзқараспен қарауға тәрбиелеу және өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындайтындығында. Соңында геоботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі беріледі. 1992 жылы «Рауан» баспасынан Р.Сәтімбековтың «Табиғат қорғау» атты кітабы шықты /105/. Ол сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар жатады. Бұл еңбекте сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру мәселелері қарастырылады. Табиғат қорғау жөніндегі пәндік үйірмелерде, тақырыптық сынып сағаттарында, экологиялық тақырыптарға арналған кештерде, конференциялар мен ойындарда өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен әдістері нақтылы мысалдар арқылы айтылады. Көмекші құрал география, биология мұғалімдеріне арналған. Сабақта және сабақтан тыс кезде оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу, алған теориялық білімді іс жүзінде қолдана білуге үйрету қажет. Мұндай мәліметтерді Г.Орынбаеваның «Оқушыларға тәрбиелік білім беру» деп аталатын оқу құралынан /106/ табуға болады. Ол – география пәні мұғалімдеріне арналған көмекші құрал. Мұнда экологиялық білім мен берудің мақсат-міндеттері, қазіргі ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогресс жағдайындағы экологиялық проблемалар, мектеп оқушыларының табиғатқа деген көзұарасын дамыту т.б. шаралар қамтылады. Бұл күндері экологиялық мәліметтер жалпы білім беретін орта мектептің барлық пәндердің құрамдас бөліктеріне айналып отырған кезде әрбір мұғалім бұл құралдан өзіне қажетті деректерді алуына болады. Топырақ – жер бетіндегі тіршіліктің тірегі, ұясы, асыраушы анамыз, халық қазынасы. Одан сан қилы өсімдіктер, жемістер нәр алып, өніп-өсіп, адам мен жануарларға қорек болады. Адам қоғамы топырақ құнарын осы өсімдіктер мен жануарлар арқылы өз мұқтажына пайдаланады. Осындай көкейтесті мәселе туралы «Қазақстан топырағы және оның экологиясы» кітабында /107/ айтылады. Оның авторлары – А.Биғалиев, Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева. Кітапта жердің құнарлы қабаты – топырақ, сондай-ақ, оны тиімді пайдалану, қорғау мен жақсарту мәселелері ғылыми тұрғыда баяндалады. Сонымен қатар экологиялық жағдайлары төмен аймақтар жөнінде тың деректер берілген, одан құтылудың кейбір жолдары көрсетілген. Карта, кестелер келтіріле отырып, топырақтану ғылымының даму тарихы, топырақтың табиғатта таралу заңдылықтары т.б. мағлұаттар қамтылады. Еңбектің соңғы бөлімінде жалпы Жер шарының, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдеріндегі жер туралы нақты мәліметтер, олардың қанша халықты асырайтын мүмкіндіктері туралы болжамдар келтірілген. 46


Оқу құралы студенттерге, табиғат қорғаушыларға арналған. Қазіргі заманда адамзаттың алдында тұрған өте өткір мәселе – айналадағы табиғи ортаны қорғау, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, биологиялық ресмурстардың сан алуандығын болашақ ұрпаққа өзінің табиғи алпында жеткізіп отыру. Мұндай міндеттерді шешу үшін халықтың экологиялық сауатылығы қамтамасыз етілуі қажет. Осындай мақсатпен 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Экологиялық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» шығарылған. Авторлары – А.Сқақов, Ш.Есмұрзаев, Ж.Шайқақов, Қ.Елеуова /108/. Бұл – ана тіліміздегі экологиялық төл сөздік. Адамның қоршаған табиғи ортамен өзара әрекеті бұл күндері өте күрделі және маңызды мәселе болып отыр. Жер бетіндегі халық санының артуы және біраз елдердің өндірістік дамуы табиғи ресурстардың бірнеше есе көп жұмсалуын және адамға кері әсерінің келеңсіз жайттарын тудыруда. Ғылым мен техниканың прогресін тездетуші адамның ақыл-ой жетістіктері Жер бетіндегі халық игілігі үшін пайдалануы қажет. Г.К.Сағымбаеваның «Экология және экономика» еңбегі экономика негіздері және табиғатты пайдалану экономикасы бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған /109/. Кітапта қазіргі экологиялық жағдай, өндіріс пен мекмелердің қоршаған табиғи ортаға әсері, сондай-ақ, табиғи ресурстардың сипаты барлық ғаламшар көлемінде, оның ішінде Қазақстандағы дәл деректер мен мысалдар арқылы көрсетілген. Қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынас және табиғатты пайдалануға экономикалық баға беру бөлімі біршама жаңа мағлұматтар мен ғылыми проблемаларды қамтиды. Бұл халық шаруашылығы әр түрлі салаларындағы барлық мамандардың қызығушылығын тудырады. Еңбек орыс тілінде азылған. 1997 жылы жарық көрген М.М. Мамыштың «Топырақ және өсімдік экологиясы» /110/ еңбегінде топырақтың биосферадағы экологиялық маңызы және Қазақстандағы жер қорларының сипаты көрсетіле келіп, олардың адам іс-әрекеті мен басқадай ішкі-сыртқы ықпалдарының әсерінен теріс өзгеріске ұшырауының негізгі себептері талқыланған. Егістік жерлері эрозиядан қорғау жөніндегі кешенді шараларға, экологиялық тұрақты агроценоздар құруға көп көңіл бөлінеді. Экологиялық таза картоп, көкөніс және басқа өнімдерін өсіру үшін топырақ құнарлылығы мен тыңайтқыштарды тиімді пайдаланудағы топырақ-өсімдік диагностикасы әдісін қолдану жолдары жазылған. Екінші бөлімде өсімдіктің өсу ортасының күй-жайы, олардың өміріндегі жарықтың, жылудың, судың, ауаның және топырақтың маңызы тиісті деңгейде түсіндірілген. Биоценоздар мен агроценоздардың ерекшеліктері, жалпы өсімдіктерді және оның ішіндегі ауыл шаруашылық қорғау жолдары және осы саладағы ауыл шаруашылық мамандарының міндеттері көрсетілген. Оқулық ауыл шаруашылық жоғары оқу орындары студенттеріне және республиканың ауыл шаруашылық мамандарына арналған. Алматы қаласындағы «Ғылым» баспасынан 1997 жылы М.Н.Сарыбековтың «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің экологиялық әзірлігінің теориясы мен практикасы» атты ғылыми еңбегі орыс тілінде жарық көрді. /111/. Бұл еңбек экологиялық тәрбие бағытындағы тың ізденістерге толы. әсіресе, білім ұрығын себер ұстаздарға экологиялық тәрбиенің теориясы мен практикасын ерекшелеп, ғалым дидактикалық және әдістемелік материалдар негізінде болашақ эколог ұстаздар әзірлеудің біртұтас жүйесін жасаған. Сондай-ақ мұнда студенттер 47


мен практиканттарға, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған ұсыныстар бар. Табиғаттанудың дамуына болжам, дағдарыстарды шешуге талпыныс қосымша бөлімінде қарастырылады. Автордың монографиялық еңбегі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Бірақ ондағы әдіснамалық және әдістемелік байламдар экология мәселесі қызықтыратын басқа да мамандарға пайдалы. Екінші тарау практикалық іс-шараларға арналған. Оның да ауқымы кең. Мұнда экологиялық тәрбие берудің біраз жүйесі зерттелген. Кітап балаларға жете де ұғынықты жазылған. Кітаптың «Қорытынды» және «Қосымша» деп аталатын бөліктері және экология пән курсының бағдарламасы бар. 1977 жылы шығарылған «Аймақтың экологиялық жағдайына баға беру» әдістемелік оқу құралында Ақтөбе облысы Байғанин аймағындағы ядролық жарылыс, оның зардаптары, экологиялық тәрбие т.б. туралы айтылған. Жинақ тәрбиешілерге, студенттерге, мектеп оқушыларына арналған /112/. 1998 жылы 5-сыныпқа арналған «Экология», 6-8 – сыныптарға «Экология және табиғат қорғау», 9-сыныпқа «Адам экологиясы» бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар жасалды. Бұларды құрастырушылар Бейсеева Г., Қозыбаева Ф., Қазыханова Б. Әдістемелік нқсқаулар жоғарыда көрсетілген сыныптарда пәндерді оқытуда практикалық көмек көрсетуге негізделген. Аталған пәндердің тақырыптық жоспары, әр сабақты оқыту жоспары, лабораториялық және экскурсия сабақтарын жүргізудің әдістері келтірілген. әрбір сабақта балалардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының тақырыптары берілген. Әдістемедік нұсқаулар Қазақстан Республикасының орта мектебі және гимназияларының мұғалімдеріне ұсынылады /113, 114, 115/. Осы жылы А.В.Белыйдың «Основы экологии и природопользования» еңбегі жарық көрген /116/. Бұл оқу құралында Республика жоғары оқу орындарында оқу пәні ретінде енгізілген экология бойынша дәрістер курсы берілген. Экология түрлері: аутэкология, популяциялық экология және синэкология, биогенді элементтер айналымы туралы мәліметтер, биосфера және ноосфера концепциялары талданады. Әлеуметтік экология мен табиғатты пайдалану мәселелеріне біраз көңіл бөлінген. Қазақстан деңгейінде экологиялық проблемалардың глобальды және аймақтық пайда болу себептері мен оларды шешу жолдары, табиғатты қорғау, оны пайдаланудың экономикалық және құқықтық аспектілері қарастырылады. Оқулықтың құндылығы: материал жүйелі де түінікті баяндалады, соңында негізгі ұғымдар мен терминдер сөздігі беріледі, материалды өздігінен оқуға мүмкіндік беретін әрбір бөлім бойынша бақылау сұрақтары мен информациялық қор (библиография) қамтылады. Кітап жоғары оқу орындарының экологиялық емес мамандықтары студенттеріне арналады. Әдебиеттерді талдау нәтижесі болашақта білім мен тәрбие бірлігін, оқытудың үздіксіздігі т.б. талаптарға сай оқулықтар, оқу құралдары, компьютерлік оқыту бағдарламалары және басқа да материалдар жасауды қажет етеді. Жалпы ілім беру мен тәрбиелеуге байланысты ғылыми, әдістемелік және оқу әдебиеттерін зерттегенде қоршаған табиғи ортаға оқушылардың саналы да ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға көп көңіл бөліне бастағанын көрсетеді. Педагогтер Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. еңбектерінде табиғатты зерттеп білуде кітап, оқулықтармен қатар туған жердің әрбір кереметін көздерімен көріп, сұлулығын сезіне білуде табиғатқа саяхаттың маңыздылығы айтылады. Табиғи ортамен тікелей қарым-

48


қатынаста болу оқушылардың танымдық қабілеттерін арттырады, қазіргі экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттеріне сәйкес келеді. Белгілі ғалым эколог А.Яблоковтың елімізде халықтың 55-60 проценті, ол оның ішінде 20 проценті экологиялық апатты аймақтарда өмір сүруде деп атап көрсетті. Ондай аймақтарға Арал өңірі, Батыс Қазақстан алқабы, Балқаш бойы, Семей маңы жататындығы көпшілікке белгілі. Көрнекті ғалым, академик И.Д.Зверев мұғалімдерге қойылатын негізгі талапқа ерекше көңіл бөледі: біріншіден, мұғалімнің санасында табиғат үшін қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі болуға тиіс, яғни табиғат қорғау халықтық іс екенін және оның халықаралық маңызы ерекше екенін есте ұстау қажет. Әрбір мұғалім өз ой-пікірі арқылы бүкіл адамзат игілігі үшін, болашақ ұрпақтар үшін табиғатты қорғау және оның байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану қажеттігін түсінуі шарт. екіншіден, мұғалімнің өзі күнделікті өмірі мен қызметінде табиғаттың нағыз жанашыр қамқоршысы ретінде балаларға үлгі-өнеге көрсетуге тиіс. үшіншіден, әрбір мұғалім экологиялық біліммен қарулануы қажет. Ғалым-педагогтер Н.В. Скалон, Б.Г. Иоганзен, П.И. Лаптев және т.б. табиғат қорғаудың мектеп оқушылары үшін қажетті шарттарын ерекше атап өтеді. Оларға гуманистік, эстетикалық, патриоттық, санитарлық-денсаулық сақтау, экономикалық, құқылық және ғылыми-техникалық шарттарын жатқызады. Әдіскер ғалым Н.А.Рыков табиғат қорғау жөнінде мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптарға экологиялық білімді терең әрі жан-жақты білуге, оны үнемі дамыта түсуді, бағдарлай білуді, білімін іс жүзінде қолдана білуді және сол салада ғылыми зерттеу ісін жүргізе білуді жатқызады. Соңғы жылдары И.Д. Зверев, А.Н. Захлебный, И.Т. Суравегина, А.П. Сидельковский, И.Н. Пономарева оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін зерттеді. Олар экологиялық білім мен тәрбие беру мақсаттары мен қағидаларын ұсынды, мазмұнын айқындады. Экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір жеке аспектілері Г.Н.Каропа және Б.Култураевтың ғылыми еңбектерінде берілген. Г.Н.Каропа жалпы білім беретін мектеп практикасы мен педагогикалық теориядағы экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі тенденцияларын, оларды жетілдіру жолдарын көрсетеді /117, 118/. Өз зерттеулерінде Н.А. Рыков пен В.Г. Иоганзен оқушылардың табиғатқа деген қоғамдық мәні бар қатынастың қалыптасуында адамгершілік мотивтердің мәнін ашып түсіндіреді. А.П. Сидельковский зерттейді. И.Т. Суравегина мектеп оқушыларының экологиялық мәлениетін жетілдіре түсу мәселелеріне көп көңіл бөледі. Қазақстанда экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсат міндеттерін айқындап, оны шешу жолдарын көрсеткен педагог-ғалымдарымыз Ә.С. Бейсенова, Ж.Ж. Жатқанбаев, Н.С. Сарыбеков, А.А. Сотников, Ө. Танабаев және т.б. Әйтсе де педагог ғалымдар И.Д. Зверев, А.Н. Захлебный, И.Т. Суравегина, Ә.А. Тұрдықұлов, А.А. Бейсенбаева, С. Мұсабеков, И.Н. Нұғыманов, М.Н. Сарыбекова және т.б. еңбектерінде көрсетілгеніндей, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар /119-125/. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі бойынша жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі – орта мектеп химиясының басқа да пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу. С. Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысын, А.Г. Гатаулин – ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П. Калашникова – химияны оқытудың жер 49


туралы ғылымдармен байланысы, Л.З. Дүсіпова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А. Сарманова – химияны оқытуда оқушылардың IV-VI сыныптарда жаратылыстану – математикадан алған білімін пайдалану мәселелерін зерттеді /125,13-б/. В.Н. Назаренко Ресей мектептері үшін химиядан экологиялық білім берудің мазмұны мен әдістемелік проблемаларын қарастырып келеді. Ол табиғатты қорғау мәселесін, экологиялық білім беру үлгілерін, оқыту құралдарын, оның ішінде химиялық экспериментті пайдалану әдістемесін зерттеп, жалпы білім беретін орта мектептегі химия курсын экологияландырудың, біріккен экология курсының бағдарламаларын, оқушылардың экологиялық білімін тексерудің бақылау тапсырмаларын жасады /126-128/. 1997 жылы 15 шілдеде Қазақстан республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрады. Заңның 15-тарауы – «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық тәрбие мен білім беру, ғылыми зерттеулер» деп, 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім беру» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер» мәселелеріне арналған. Экологиялық мәселелердің кешенді ғылым аралық сипаты оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында барлық оқу пәндерін экологияландыруды талап етеді. Әрбір пән өтілетін сабақ мазмұнына сай экологиялық мәліметтерді өз тұрғысынан түсіндіруі тиіс. Ал, мүмкіндігіне қарай пәндер кіріктіріліп, экологиялық мәлімет, деректерді қамтып, ұғымдардың мән-маңызы қамтылса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі кезде пәнаралық байланыс оқыту принципі және оның әдістемелік шарты ретінде дидактиканың кешенді проблемасы болып табылады, ол көп аспектілі жолдарды пайдалану арқылы шешімін табады. Пәнаралық байланыс оқушыларға білім мен тәрбие берудің жалпы мақсаты мен міндетіне сәйкес әрбір оқу пәнінің мазмұны мен құрылысына байланысты, оқытудың әдіс, форма және құралдары, оқушыларға тәрбие беру тәсілдерінде көрініс береді. Барлық білімнің бастауы адамның миында бір орталыққа шоғырланған және жеке жүйеленген байланыстардың пайда болуында жатыр. Бұл байланыстар білім жинақталуынаң алғашқы баспалдағы, ақыл-ой қызметінің бастамасы болып табылады, бұлардың негізінде оқушының ойлауы арқылы жүзеге асатын ішкі жүйелілік немесе, пән ішілік ассоциация қалыптасады. Ассоциацияның жоғарғы баспалдағы пәнаралық ассоциация болып табылады. Олар бірқатар сабақтас оқу пәндері бойынша білім, іскерлік және дағдылар жүйесін қамтиды. Мысалы, химия заңларының ашылуы биологиядағы осындай заңдылықтардың айқындалуына мүмкіндік берді. Пәнаралық байланыстар оқушының ақыл-ой қызметінің біртұтастығын қамтамасыз етеді, ол оның көзқарасы, сенімі, дүниені түсінуі т.б. арқылы көрінеді. Пәнаралық байланыстар көрінуінің дидактикалық алғышарты – оқу пәндері мазмұнында табиғат-қоғам-техника-өндіріс арасындағы объективті өзара байланыстары болуы. Химия мен биология және басқа пәндер арасындағы пәнараық байланыстар арнайы қабылау нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін, мысалы, экологиялық ұғымарды түсіндіру барысына химия және биология мәіметтерінің үндестік табуы, яғни бір мәселені шешу кезінде екі пән деректері бір-бірін толықтырып, мазмұнының толық ашыуына септігін тигізеді.

50


Химияны оқытуда пәнаралық негізде биогенді элементтер жөніне берілетін ұғымдар жүйесі Таным объективті шындықтың адам санасында бейнелену процесі болса, ал ұғым – танымның баспалдағы, дүниені тану мен оның адам санасында бейнеленуінің формасы болып табылады. Оқыту танымның бір түрі, ал ол арқылы оқушыларда ғылыми түсініктерді қалыптастыру таным қызметі мен теориялық ойлауды жүзеге асырудың бір формасы ретінде көрінеді. Таным білмегенді білуге, жартылай білімнің толық және дәл білімге айналуына негіз болады. Оқушылар әлемнің шындық бейнесін белгілі бір ұғымдар жүйесі арқылы игеріп, ойлау нәтижесінде құбылысты бақылап, оның мән-мағынасына көңіл аударады, бір мәннен екінші және одан да жоғары деңгейлерге өте отырып, біртіндеп алуан жақтарын және бір-бірімен байланысын аша түседі. Қоршаған ортадағы барлық заттар мен құбылыстар өзара байланысты және өзара бір-біріне негізделген. Сондықтан да олар адамның ойында түсініктер мен байланыстардың қарым-қатынасы ретінде бейнеленеді. Табиғатқа жеке адамның жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру жылжымалы, көп баспалдақты және мақсатқа бағытталған процестер қатарына жатады. Берілген процестің әрбір жаңа баспалдағы адамгершілік ұғымдар (қайырымдылық, ұқыптылық, шыншылдық, ықыластылық, ұтымдылық, жауапкершілік) жүйесінің мәнін ашумен тығыз байланыста. Осыған сәйкес, белгілі психолог Л.С. Выготский белгілі бір ұғым немесе ұғымдар жүйесі арқылы ғана адам заттарға және өз-өзіне қарым-қатынасты тудыратындығын айтады /129,85-б/. Адамгершілік ұғымдардың адекватты жеке сапа мен қатынастарға алмасуында маңызды роль атқарады. Осыған байланысты жеке адамның әлеуметтік тәжірибесінің мәні зор, мұны өз еңбегінде И.Ф. Харламовтың атап көрсеткеніндей, оқушылардың неғұрлым моральдық тәжірибесі мол болса, соған сәйкес, соғұрлым адамгершілік ұғымдарды толық және терең меңгереді» /130, 328-б/. Адамгершілік тәжірибесінің жинақталып қалыптасуы екі түрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін: біріншіден, оқушылардың басқа адамдармен тұрақты түрде өзара қарымқатынасқа түсуі арқылы, екіншіден, алуан түрлі ақпарат көздерінен - әдебиет, кино, театр, теледидар, басқа да арнайы формаларынан олардың мінез-құлық нормаларын игеру нәтижесінде. Ал, экологиялық тәрбие кезінде де белгілі бір мінез-құлық нормаларын игеру көзделеді. Адам танып-білген құбылыстары және іс-әрекеттері арқылы өз миында сақтай отырып, оның елеулі деген қасиеттерін есінде ерекше қалдырады. Осыларға сүеніп, қоршаған орта жөніндегі ұғымын қалыптастырады. сондай ұғымдар арқылы таным және іс-әрекеттегі өз ортасының тізгінін ұғымдар арқылы ұстайды. Сөйтіп, адамның қоршаған таьбиғиорта жөніндегі ұғымдары белгілі бір логикалық жүйе және бірізділікпен қалыптасады. Жаратылыстану пәндерінің мектептегі курсының мазмұнын үнемі толықтырып отыру оқушыларға білім мен тәрбие беру сапасын арттырады. Бірақ жеке пәндік оқыту балалардың дүниеге ғылыми-танымдық көзқарасының толық қалыптасуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да жаратылыстану пәндерін кіріктіріп оқыту қажет. Осылайша оқыту барысында табиғаттағы зат айналымына байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін интенсивті түрде қалыптастыру біздің жұмысымыздың маңызды алғы шарты болып есептеледі. 51


Қазіргі уақытта Қазақстанда жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарына «Экология» жеке пән ретінде енгізілмей отыр. Осыған орай, әрбір пәнде, оның ішінде химия, биология сабақтарында оқушылардың экологиялық түсініктерін тереңдетіп, жетілдіре түсудің маңызы зор. Жалпы зат айналымы барлық геосфераларды – атмосфера, гидросфера, литосфераны қамтиды, химиялық элемент, су, газ және басқа заттар айналымдарының жеке процестерінен тұрады. Бұл процестерде заттардың шашырауы, оның құрамының өзгеруі, жергілікті концентрациясының бұзылуы жүретіндіктен толықтай қайтымды емес. Тіршіліктің эволюциялық пайда болуы және қалыптасуына сәйкес биосферадағғы зат айналымы міндетті түрде тірі заттардың, соңғы тарихи кезеңде адамдардың да қатысуымен жүреді. Қазіргі кезде геологиялық күштермен салыстырғанда адам әрекетінің кері әсері ғаламдық сипат алуда: оның барысында табиғатта қалыптасқан миграция жолдары өзгеруде, табиғатта бұрын болмаған жаңа заттар түзілуде, біреулерінің жинақталып, ал басқа химиялық элементтер концентрациясының төмендеуі жүріп жатыр. Заттардың биогеохимиялық айналымы дегеніміз – ғаламшар биосферасында жүріп жататын, тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің көп еселік алмасулары мен өзгерістерінң заңды процестері. Биогеохимияллық ұғымдар жалпы білім беретін орта мектептердегі жаратылыстану пәндерін оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негізі бола алады. Өйткені олар химия және биология – жеке оқу пәндерінен алынған арнайы дара ұғымдардың басын қосып, бір жүйенге түсіруге септігін тигізеді. Жүйелеуші негіз ретінде заттардың биогеохимиялық айналымы алынады. Заттар айналымы жөніндегі ұғым оқушыларда өсімдіктанудан алынған білімге негізделген. Заттар бізді қоршаған ортаның тірі ағзаларға, тірі ағзалардан бейорганикалық заттарға, бейорганикалық заттардан химиялық элементтерге, одан бізді қоршаған ортаға қайтадан бөлініп шығып, үзддіксіз айналыста болып отырады. Өсімдіктану пәні арқылы оқушылар өсімдіктердегі зат қозғалысы және зат қорының жиналуы, өсімдік бірлестіктеріне табиғат факторларының әсері, фотосинтез процесі, жасыл әлем жамылғысының табиғаттағы, халық шшаруашылығындағы және адам өмірріндегі маңызымен танысса, жануартанудан тірі ағзалар арасындағы қоректік тізбек, олардың мекен ету ортасы және олардың негізгі факторлары туралы мәлімет алады. Ал адам анатомиясы мен физиологиясы курсы арқылы өкпедегі және ұлпадығы тыныс алу ерекшеліктері, органикалық, бейорганикалық заттар алмасуы сияқты мәліметтерді қарастырады. Жоғары сыныптарда оқылатын тіршіліктану пәнінің төртінші тарауы түгелімен экология, бесінші тарауы биосфера туралы ілім негіздеріне және оныншы тарау биосфера эволюциясы және адам әрекеті нәтижесінде табиғи заңддылықтардың бұзылуына арналады. Химияны оқытуда табиғатты қорғау жөніндегі материалдарды ауаны, суды, топырақты қорғау және заласыздандыру мәселелері төңірегінде топтастыруға болады. Химия пәнін оқу нәтижесінде заттар туралы толық мәлімет алады, оқушылар айналамыздағы кез келген заттарды салыстыра отырып, оларға сипаттама береді. Заттар және олардың тірі ағзалар үшін маңызын талдай келе, табиғаттағы биогенді заттар айналымы, оған әсер етуші факторлар, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы, оларды қалыпқа келтіру шараларымен танысады, тотығу, фотосинтез туралы түсінік қалыптасады. Соңғы жылдары Ресей мектептерінде экология арнайы оқу пәні ретінде енгізіллді. Бұл 9-сынып оқушыларына арналған экология пәнінде популяция және 52


бірлестіктер экологиясы, адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы, биосфераның қазіргі жағдайы, табиғатты қорғаудың маңызы т.б. мәліметтер қамтылған. Қазақстанда мектептерге арналған концепцияға сәйкес пәндері экологяландыру, жеке пәндер арқылы, сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру бағытында оқу-әдістемелік ұсыныстар, оқу құралдары жазылды. Соның бірі мектептерге арналған «Қазақстанның физикалық гоеграфиясы» (Бейсенова Ә.С., Карпеков К.Д., Қалиев М.К., Молдағұлов Н.М.), «Табиғаттану пәні арқылы оқушыларға экологиялық білім беру» (Бейсенова Ә.С., Жангельдина Д.), «География пәнінен үздіксіз берілетін экологиялық білім мен тәрие беру бағдарламасы» (Бейсенова Ә.С.) 6-11 – сыныптарға арналған, «Лицей, колледж және биология мен географияны тереңдетіп оқытатын мектептерге арналған «Экология» пәнінің бағдарламасы» (Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б.). Жалпы білім беретін орта мектептердің 5-9 сынып оқушыларына арналған бағдарламалар (Құрастырушылар: Бейсеева Г.Б., Қозыбаева Ф.Е., Қазыханова Б., Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б.) 1998 жылы шығарылды. Жоғарыда аталған мектептерге арналған бағдарлама, әдістеме, нұсқаулар мұғалімдердің тікелей өздері немесе жекелеген мектептерде бірнеше жыл бойы эксперименттен өткізілуде. Мәселен, аталған бағдарламалар Алматы қаласының №12, №159, №117, №128, №167, №140, №141, №123, №136, №36, №164 қазақ орта мектеплицей, гимназяларында эксперименттен өтуде. Сол сияқты Алматы облысының Шелек, Іле, Қаскелең, Талғар, Панфилов, Семей облысының Шұбартау, Ақсуат, Абай Аягөз, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ аудандарыың бірнеше мектептерінде эксперимент ретінде «Экология» пәнін жүргізе бастады. Мектеп бағдарламасында оқушылардың биогеохимиялық экология ұғымдарын биогенді элементтер айналымын оқыту барысында қалыптастыруға болады. Экологиялық білімді түсіндіруде қазіргі уақыттарда экологияның ғылым ретінде даму деңгейі, оның негізгі теориясы, әдістері, ғылыми фактілер, түсініктер мен заңдылықтар сақталуы тиіс. Ғылыми ұғымдар оқушыларға дайын білім күйінде берілмейді, олардың санасында біртіндеп, өздерінің белсенді қатысуы арқылы қалыптасады. Ал, ұғымдарды қалыптастыру – күрделі және әр алуан сипаттағы процесс. Сонымен бірге химия-экологиялық ұғымдар мен олардың жүйесін қалыптастыру – ғылымдағы ұғымдардың дамуы мен қалыптасуы процесінен өзінің логикасы бойынша ерекшеленетін оқу-тәрбие процесі. Ұғымдар мен олардың жүйесін қалыптастырудың қажетті шарты олардың формасы мен мазмұны бірлігін сақтауда болып табылады. Ойлаудың логикалық айқындығы мен анықтылығы сақталганда ғана ұғымның мазмұны қалыптасқан болып есептеледі. Ұғым формасының мазмұндылығы осы ұғымды бейнелейтін қоршаған ортаның объективтік шындық бейнесі арқылы анықталады /131, 49-б/. Ұғымды және олардың жүйесін қалыптастырудағы маңызды талап - оларды бөлек күйінде емес, керісінше, бір-бірімен байланысын және қарым-қатынасын ескере отырып, теориялық жүйелілікті сақтап, әрбір ұғымның мазмұнын толықтай ашу. Мысалы, 8-сыныпта «Қышқылдар» тақырыбын қайталау, қорытынылау сабағында оқушылардың қышқылдар туралы білімдерін кеңейту, белгілі бір жүйеге келтіріп қайталау, биологиялық тұрғыдан қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста қолданылуы, қышқылдық жаңбыр туралы түсініктерін қорытындылау және қышқылдар тудыратын экологиялық мәселелер мәнін ашу мақсаты қойылды. Сабақ әңгімеесу, көрнекті көрсетулер, сұрақ-жауап түрінде пәнаралық байланыста 53


ұйымдастырылады. Химия пәнінен өтілген бұл сабақ биология, экология және әдебиетпен байланыстырылады. Сабақты химия пәнінің мұғалімі өз мақсаты тұрғысынан бастап өткізеді де, әрі қара биолог мұғалім жалғастырады. Аталған тақырыпта өткізілген бұл кіріктірілген сабақта оқушылар табиғатта кездесетін, күнделікті тұрмыста қолданылытын қышқылдар туралы көп мәліметтер алып, танымдық деңгейлерін дамытады. Сондай-ақ бұл тақырыптан жаратылыстану пәндері – химия, биологияның экологиямен өзара тығыз байланысты екеніне көз жеткізеді /132, 57-60б/. 1993 оқу жылынан бері қолданылып келе жатқан жалпы білім беретін орта мектеп бағдарламасын (химия, биология) талдау нәтижесі бойынша: химия пәнінің оқу тәрбиелік міндеттеріне «оқушыларды адамгершілікке, гуманизмге, табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу» деп берілсе, ал биология бағдарламасында «республикада экологиялық тәрбие мен білім беруді күшейту мақсатында қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер мен жануарларды қорғау мен көбейту жолдарын білдіру» деген бағыты бар. Яғни, бұл пәндердің әрқайсысының өз саласы тұрғысынан анық та айұын мақсатміндеттер қойылған, экологиялық білім мен тәрбиені қалыптастыру бойынша мақсат қойылмаған. Бағдарлама мазмұны бойынша химиядан 8-сыныптың 2-5 тақырыптарында, 9сыныптың 2-5, 9,10-тақырыпарында, 10-сыныптың 4-8, 11-сыныптың 5,6,12тақырыптарында экологиялық ұғымдар (жеке элементтер айналымы, өндірістерге қойылатын экологиялық талаптар т.б.) жеке тақырып күйінде болмағанмен де, химияның негізгі тақырыптары құрамында қарастырыады. Бұлар төмендегі 3-кестеде толық берілді. Биология бағдарламасы мазмұнында экологиялық ұғымдар 6-сыныпта оқушыларға өсімдіктер мен айналадағы ортаның өзара айланысын оқытқан кезде одан әрі дамиды, 9-сыныпта адам ағзасының айналадағы орта факторларымен байланысы қарастырылып, 10 және 11-сыныптарда орта факторларын, органикалық эволюциясын, биоценология негіздері мен биосфера туралы ілімді оқытқан кезде кеңейтіліп, жинақталып қорытылады. Ескерте кететін бір жайт – кестеде экологиялық ұғымдары да беріледі де, олар тақырыптың рет санында жұлдызшамен белгіленеді. Бұл екі пән бағдарламасын талдаудан шығатын қорытынды: әрқайсысында экологиялық проблемалар жеке-жеке қарастырылып тұр. Аталған пәндер арасындағы байланыс мүмкіндігіне қарай қазіргі экологиялық мәліметтермен толықтырылып, кіріктірілген сабақтар түрінде өткізілсе, оқушылардың материалды жүйелі қабылдауына және байланыс тудырылуына мүмкіндіктер мол болар еді. Оқушылармен экологиялық білім жүйесін оқып-үйрену барысындағы ең негізгі ұғым– қоршаған орта. Мұнан келіп қоршаған орталағ заттар айналымы туындайды. Ол екіге бөлінеді: биохимиялық және геохимиялық. Ал осы екеуінің бірігуінен заттардың биогеохимиялық айналымы шығады. Бұл айналым тіршіліктің сақталуына және эволюциялық дамуына жағдай жасайды. Әрі қарай биогенді элементтер: оттегі, көміртегі, сутегі, азот фосфор, күкірт айналымдары және сол әрбір тақырыпты оқыту барысында туындайтын ұғымдар қарастырылады. Ол төмендегі 4-кестеде берілген (55-бетте).

54


3-кесте Химия және биология мәндерінде берілетін экологиялық және биогеохимиялық ұғымдар Рет нөмірі № сыныбы 1 8-сынып 1*.

2*.

3*.

4*.

5*.

Осы тақырыптарға сәйкес экологиялық және биогеохимиялық ұғымдар мазмұны 2 3 Химия Табиғаттағы оттегі айналымы – Оттегі. табиғатта оттегі айналымындағы тірі Оксидтер. ағзалардың және табиғи процестердегі Жану. оттегінің ролі, адам әрекеті нәтижесінің өзгерістері, лас-тағыштар ретіндегі жану өнімдері,олардың табиғаттағы заттардың тепе-теңдік күйіне, адамға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тигізетін әсері. Атмосфераға бөлінетін қалдық заттарды азайту және оларды жою шаралары, атмосфераны қорғау жолдары. Сутегі. Сутегін экологиялық таза отын және Қышқылдар. шикі-зат ретінде химия өнеркәсібінде қолдану. Қоршаған ортадағы қышқылдың ролі. «Қышқыл жаңбыр»,«Экологиялық таза отын». Су. Негіз. Су - әмбебап еріткіш, табиғи ортадағы Ерітінді. экологиялық тепе-теңдік күйді реттеуші, белсенді тіршілік ретіндегі судың ролі, су-дың геохимиялық айналымы адамның әсері, биологиялық таза су негізгі көрсеткіш-терінің өзгерісі, тазалық сақтауға қойыл-тын талаптар. Ластағыштардың шегі шектеулі концентрациясы (ШШК). Су тоғандарын ластанудан қорғау, су ресурстарын қалпына келтіру және тиімді пайдалану. Д.И.МендеҚоршаған ортаның химиялық құрамын леев жасаған қалыптастырудағы тірі және өлі химиялық табиғаттың өзара байланысы. элнменттерді Заттардың сапалық өзгерістерінінің ң периодтық сандық өзгерістеріне тәуелділігі. жүйесі және периодтық заңдары. Галогендер. Оттегі Оттегінің зат айналымы балансына топшасы. қатысуы, озон – озоносфера, оның органикалық әлем тіршілігіндегі ролі. Планетаның озондық қабатына адамның тигізетін әсері. Табиғаттағы күкірт – табиғаттың Тақырыбы

55

Қалыптасатын және дамытылатын ұғымдар 4 Оттегінің табиғаттағы айналымы. Зат айналымы. Ауаның ластануы, биосфера, атмосфера. Бүлдірушілер, қоршаған ортаны ластаушылар. Табиғатты қорғау.

Сутегімен жұмыс істеген кезде сақталатын қауіпсіздік шаралар. ШШК. Экологиялық тепетеңдік, геохимиялық айналым, су ресурстарын қорғау.

Қоршаған ортаның бірлігі мен жүйелілігі, оны қорғау шаралары, ластаушылар. ШШК.

Құрамында күкірті бар ластағыш затар, «қышқыл жаңбырлар», күкірттің биогеохимиялық айналымы.


6*.

9-сынып 7*.

8*.

9*.

бірлігі мен жүйелілігін сақатаудағы күкірт айналымының ролі, орта ластағыштары ретіндегі күкірт қосылыстары, «қышқылдық жаңбырлар» туралы мәліметтер, ластанудан қорғау шаралары. Химиялық Орта ластануы нәтижесінде биокатареакцияның литикалық процестердің бұзылуы. негізгі заңды- Қоршаған ортаға бөлінетін өндіріс лықтары. қалдықтарын қысқарту шаралары, Күкірт табиғи ресурстарды тиімді пайладану, қышқылын қалдықтардың ШШК-сы, өндірістің өндіру. экологиялық принциптері, қалдықсыз технология. ЭлектролитТабиғаттағы заттардың биогеохимиятік диссолық айналымы. циациялану Қоршаған ортаны ластаушы ретінде теориясы. азот тотықтары. Табиғаттағы фосфор. Азот Табиғи орта биогенді элементтері топшасы. биогеохимиялық айналымының ролі. Ортаның сапалық қасиеттерінің сандық өзгерістерге тәуелділігі, адам қызметіне байланысты геохимиялық айналымның бұзылуы. Шикізатты (NH3 өндірісі, азот қышқылы және тыңайтқыштар) тиімді пайдалану, ластағыштар ШШК-сы, қазіргі өндірістерге қойылатын экологиялық талаптар, маңызды N, Р,К тыңайтқыштарын алу, оларды тиімді пайдалану мен сақтау жағдайлары. Табиғи ортаны қорғау. Көміртегі Ластағыштар ретіндегі көміртегі топшасы. (ІІ,ІV) тотықтары. Табиғаттағы көміртегі айналымы – табиғаттағы биогенді элементтердің геохимиялық айналымының ролі. Геохимиялық айналымының бұзылу себептері. Ластағыштар ретіндегі силикат өндірісі өнімдері, ластанудың алдын алу шаралары. а) Қоршаған ортаны ластаушы фактор металдардың және оның нәтижесі ретіндегі мтелдан жалпы коррозиясы, коррозиядан сақтану қасиеттері тәсілдері – табиғи шикізатты тиімді пайдалану шаралаы және ластанудан қорғау. ә) периодтық Ағзалардың тіршілік қызметі жүйенің процесіндегі металдардың ролі. негізгі топшасындағы металдар. 56

Ластағыштар, аз қалдықтарды және қалдықсыз өндірістер, қалдықсыз және аз қалдықты технология. Зат айналымы. Табиғи ортаны қорғау – халықаралық проблема. Ластағыштар ШШК-сы, азоттың және фосфордың биогеохимиялық айналым-дары, минералдарды тиімді пайдалану.

Көміртегінің биогеохи-миялық айналымы, «жылу эффектісі».

Ауаның металдануы.


10-сынып 10*.

б) периодтық жүйенің қосымша топшасындағы металдар. в) металлургия

Қоршаған табиғи ортаны ластағыштар ретіндегі ауыр металдар.

Альдегидтер және карбон қышқылдары

Ластағыштар ретіндегі мұнайхимиялық өндіріс өнімдер. Қазіргі өндірісіке қойылатын экологиялық талаптар. Гидросфераның мұнаймен ласта- Қоршаған ортаны нуының экологиялық салдарлары. қорғау. Қазіргі өндіріске қойылатын қойылатын экологиялық талаптар.

Көмірсутектер – табиғи көздері, оларды өңдеу. Қанықпаған көмірсутектер.

Биология. 1*. 6-7 сынып.

2*.

3*. 7-8 сынып.

Шикізатты тиімді пайдалану, қазіргі өндіріске қойылатын экологиялық талаптар. Металлургиядағы қалдықсыз өндіріс проблемасы.

Ластағыштар. Қалдықсыз өндірістер. Ауыр металдардың экологиялық ролі. Табиғи ортаны қорғау. Металлургия мен химия өндірісінің байланысы. Ластағыштар ШШК.

Жоғары молекулалы қосылыстарды Табиғаттағы пайдаға асыру проблемасы. өздігінен тазартылмайтын заттар. Спирттер мен Құрамында фенолы бар ластағыштар- Тазарту түрлері. фенолдар. дан, өндірістік ағынды сулардан Биологиялық Күрделі қоршаған ортаны қорғау тәсілдері мне тазартуды эфирлер. шаралары. ұйымдастыру. Синтетикалық жуғыш заттар туралы түсінік және олардан табиғатты қорғау. Бейорганика- Адам қызметі нәтижесіндегі табиғат Экологиялық және лық және әрекет-тері мен өзгерістерінің негізгі биогеохимиялық оргпникалық формалары мен қоршаған ортаны ұғымдар жүйесін химиядан қорғаудың әлемдік шаралары және қорытындылау. алған білімтабиғи ресурстарды тиімді пайдалану. дерді қорыТехнологиялық қамтамасыз етуді тындылау. қысқарту, қалдықсыз технологияны дамыту. Өсімдіктану. Тірі және өлі табиғат. Тірі ағзаның Тірі ағза, Қазақстан Биология – басты белгілері. Өсімдіктердің – қызыл кітабы. табиғат табиғаттағы, адам өміріндегі, халық туралы шаруашылығындағы ғылым. маңызы.Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген өсімдіктер. Өсімдіктерді қорғау. Балдырлар, Балдырлардың табиғаттағы, халық Сирек өсімдіктер. олардың шаруашылығындағы маңызы, оларды Өсімдіктерді қорғау. құрылысы қорғау. мен тіршілік әрекеті. Жануартану. Жануарлардың тіршілік ортасы. Тіршілік ортасы, Жануарлар Жануарларға адамның тигізетін әсері жануарларды және және қамқоры. Қызыл кітап. Қазақстан қорғау, қорықтар. 57


4*.

олардың тіршілігі. Балықтар класы.

5*.

Құстар класы.

6*.

Сүтқоректілер класы.

7*.

Табиғи бірлестіктер.

9-сынып. 8*.

Тәнтану.

10-11 сынып. 9*.

10*.

Зат және энергияның алмасуы. Тіршіліктану. Экология негіздері және биосфера туралы.

Биосфера туралы ілім және ғылымитехникалық прогресс.

қорлары. Зат алмасу. Балық экологиясы. Арал, Балқаш балықтарының тағдыры. Қызыл кітапқа тіркелген құстар және оларды қорғау. Құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Оларды қорғау шаралары. Қызыл кітапқа тіркелген құстар және оларды қорғау. Сүтқоректілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Зат алмасуы. Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілер және оларды қорғау.Организмді мекен ету ортасы. Ортаның негізгі экологиялық факторлары. Адам әрекетінің табиғи бірлестікке әсері. Табиғи бірлестіктерді қорғау. Организмдегі зат алмасудың маңызы. Аймақтық экологиялық жағдайларға байланысты тамақсапасын жақсарту.

Экология. Экологиялық проблемалар. Құстарды қорғау. Сирек құстар. Қатары азайып бара жатқан сүтқоректілер.

Мекен ету ортасы, экологиялық факторлар, табиғибірлестіктер. Зат алмасу. Экология, оның міндеті. Негізгі Экологиялық экологиялық факторлар. жағдайлар. Экологиялық өзгерістер. Семей, Арал, Балқаш жағдайлары. Биогеоценоз. Қоректену тізбегі. Экология, Эколгиялық пирамида ережесі. экологиялық Агроценоздар. Биогеоценозды қорғау. факторлар, қоректік тізбек, биогеоценоз, агроценоз. Биосфера, оның шекаралары. Зат Биосфера. Зат және айналымы және биосферадағы зат пен энергияның энергияның айналымы. айналымы. Ғылыми-техникалық прогресс Қоршаған орта кезеңіндегі адам денсаулығы және проблемалары. қоршаған орта проблемалары.

58


59

Табиғаттағы заттар айналымына байланысты экологиялық ұғымдар

4 кесте


Кестеде қарастырылып отырған ұғымдар қоршаған ортаны әртүрлі ластағыш түрлерінен қорғауға, оқушылапрдың білім деңгейлеріне, әрбір аймақтың жергілікті экологиялық жағдайларына т.б. мәселерерді ескеріп, толықтырылып отырады. Бүкіл биогенді элементтер айналымы туралы толық та тереңірек мағлұматтар 9сыныпта біртіндеп беріледі. Өйткені қазіргі кезде мектепте қолданылып жүрген бағдарлама бойынша химия курсының 8-сыныбында 2-тақырыпта (Оттегі. Оксидтер. Жану.) «Оттегінің табиғаттағы айналымы» ғана аталып көрсетілген. Ал 9-сыныптың 1- тақырыбында су, 2-тақырыбында оттегі және күкірт, 4-тақырыпта азот және фосфор, 5- тақырыпта көміртегі айналымдарын қарастыруға толық мүмкіндік бар. Пікіріміз дәлелді болу үшін «Көміртегінің табиғаттағы айналымы, оның қосылыстарының қоршаған ортаға әсері» тақырыбына өткізілетін сабақтағы оқу материалынан мысал келтірейік. Табиғаттағы көміртегі айналымы екі түрлі жолмен жүзеге асады: геологиялық және биологиялық.. Геологиялық айналым қазба отын түрлерінің пайда болуы, ыстық минералды көздерден, жанартау прцесінен бөлінетін газдар, тау жыныстарының мүжілуі, Сондай – ақ кальций және магний карбонаттарының тұнбаға түсуі кезінде жүреді . Бұл айналым өте ұзақ. Биологиялық айналым, керісінше, қысқа әрі жылдам жүреді: көміртегі көмірқышқыл газы түрінде атмосферадан өсімдіктермен сіңіріледі және биосферадан геосфераға қайтадан қайтып оралады- өсімдіктер мен көміртегі жануар және адам ағзасына түседі, ал бұдан соң эксперименттер түрінде және жануар мен өсімдік қалдықтарының шіруі кезінде топыраққа және көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға жетеді. Экожүйеде көміртегі қосылыстары болуының орташа ұзақтығы 15 жыл. Мұхит суында еріген көміртегінің 88%-ға жуығы 26 күн ішінде биосфераға қайтып оралады, ал қалған бөлігі карбонат түрінде тұнбаға түседі. Мұхит атмосферадан шамамен 30% көмірқышқыл газын адсорбциялайды және жылы су аудандарында оны (СО2) атмосфераға бөлетін негізгі көз болып есептеледі. Осылайша мұхит насос сияқты әрекет етеді, көмірқышқыл газын салқын аудандардан жылы ауданға ығыстырады. Өзен, теңіз және мұхит суларында көмірқышқыл газы атмосфераға қарағанда 60 есе артық екендігі дәлелденген. Табиғаттағы көміртегі айналымын қарастыра отырып, оның тұйық еместігін атаған жөн. Жоғарыда айтылғандай, көміртегі айналымнан ұзақ уақытқа карбонат, шымтезек, қарашірік және басқа органикалық қалдықтар түрінде шығып қалады. Жыл сайын атмосфераға табиғи процестер нәтижесінде шамамен 0,15·109 т көмірқышқыл газы келіп түседі, оның антропогендік түсуі (15-25)·109 т жеткен, яғни 100-150 есе артық. Төменде көмірқышқыл газының атмосфераға интенсивті түсуінің негізгі себептерін келтіреміз: - отын түрлерін жағу; целлюлоза-қағаз өндірісінің қалдықтары; - металлургия және химия өнеркәсіптеріндегі жану кезінде оттегінің өте көп мөлшерде шығындалуы; - ормандарды, әсіресе тропикалық ормандарды құрту; батпақтардың құрғап кетуі, оның нәтижесінде шымтезектердің интенсивті тотығыуның жузеге асуы; - өзен жағалауларындағы су өсімдіктерін жою, тоған мен теңіздердің ластануы, ол фотосинтездің бұзылуына әкеледі, оның салдары – атмосферадағы көмірқышқыл газы концентарциясының артуы; - әк тастарды күйдіру, цемент өндірісі; - карбонаттардың табиғи қорына қышқыл ьжаңбырлардың әсер етуі, нәтижесінде атмосфераға көмірқышқыл газының бөлінуі. 60


Атмосфера құрамындағы көміртегі (ІV) оксиді (СО2) концентрациясы көбейетін болса, «жылу эффектісі» құбылысын тудыратындығы, мұхит түбіндегі кальций мен магний карбонаттарының интенсивті тұнбаға түсуіне, фотосинтездің төмендеуіне (СО2 артық мөлшерде болғанда бұл процестің ингибиторы болып табылады) әкелетіндігі айтылады. Көмірқышқыл газы адамға нашақорлық сипатта әсер етеді, теріні және кілегейлі қабықшаны тітіркендіреді, салыстырмалы түрде аз концентрацияда тыныс алу орталығын қоздырады, ал көп мөлшерде жойып жібереді. Әдетте көмірқышқыл газының ауадағы көп мөлшері ондағы оттегі құрамының азаюымен байланысты, ал мұның өзі өлім қаупін тудырады. Көмірқышқыл газы орталық түтіктердің таралуын және жергілікті түтіктердің кеңеюіне (ацидоз) әкеледі, адреналин және норадреналин құрамының артуы және қандағы аминқышқылдары құрамының азаюын, ұлпалардағы ферменттер әрекетінің бәсеңдеуін тудырады. Жануарлар адамға қарағанда көмірқышқыл газына төзімдірек. Адам денсаулығына өте қауіпті көміртегі (ІІ) оксиді – отынның толық жанбауының өнімі. Бұл оксид қандағы гемоглобинмен оттегіге қарағанда 200-300 есе жылдам әрекеттеседі де, өте берік қосылыс – карбоксигемоглобин түзеді, оның диссоциациясы оксигемоглобинмен (гемоглобиннің оттегімен қосылысы) салыстырғанда 3600 есе жай жүреді. Мұндай жағдайда ағза ұлпаларының оттегімен қамтамасыз етілуі бірден төмендейді, гипоксемия дамиды. Көміртегі (ІІ) оксиді қан гемоглобинімен ғана емес, сонымен бірге бұлшық ет миоглобинімен де әрекеттеседі. Ол бауырдағы гликоген ыдырауын күшейтіп, қандағы, несептегі қант деңгейін арттырып, көмірсу алмасуын және азот пен фосфор алмасуларын бұзады, қан плазмасында белок құрамын өзгертеді. В6 витаминінің құрамын төмендетеді, плазмадағы липидтер құрамын арттырады, ал мұның өзі түтіктер қабырғасында холестерин жинақталуын күшейтеді, қанның ұйып қалуына әкеледі. Көміртегі атмосфераға күйе түріндегі қалдықтармен де түседі. Атмосферада көміртегі бөлшектерінің болу ұзақтығы ол бөлшектің көлеміне, концентрациясына,метеорологиялық жағдайларға байланысты. Жаңбырлы климат жағдайында олар атмосферада 40 сағатқа шейін, ал құрғақ аудандарда бір апта және одан да көп сақталуы мүмкін. Көміртегі бөлшектері ластану көздеріне тәуелді қабықшалармен қапталуы мүмкін. Ал бұл бөлшектер конденсация ядросы болып табылады. Көміртегі бөлшектерінің аэрозольдермен адсорбциясы атмосфера мөлдірлігін төмендетеді, ол шуақты күндер сайын азайтып, аймақ кликатына әсер етеді. Көмір бөлшектері күн сәулесін белсенді сіңіреді де , жылу эффектісінің пайда болуына әкеледі. Автокөлік түрлерінің пайдаланған газдар құрамынан атмосфераға күйе бөлінеді. Дизельді двигательдер, әсіресе ауыр жүк тасымалдайтын машина түрлерінен көміртегі бөлшектері біраз мөлшерде атмосфераға таралады. Бұл мысал арқылы оқушылар «көміртегі айналымының табиғаттағы маңызы», «жылу эффектісі», «көміртегі оксидтерінің зиянды әсері», «көміртегі айналымының бұзылу себептері» т.б. ұғымдармен танысады. Ұғымдар жүйесін бұдан әрі тереңірек игеру химия мен биологияны оқыту процесінде эколгиялық мазмұндағы танымдық есептерді шешу көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, 1.Көкөніс сақтайтын бөлмелерді үй саңырауқұлағы және әртүрлі насекомдардан дизенфекциялау үшін күкірт (ІV) тотығы пайдаланылады, ол массасы 1,6 г күкіртті 1

61


м3 көлемде жаққан кезде түзіледі. 20м3 бөлмені өңдеу үшін қанша күкірт жағу қажет? Жауабы:32г 2.Түйнек бактериялары 1 жыл бойына 1 га аудандағы массасы 400 килограмға дейінгі азотты байланыстыруы мүмкін. Осындай мөлшердегі азот түзілуі үшін аммиак селитрасының қандай массасын енгізу қажет? Жауабы: 1143 кг. 3.Марганец тұздарын қолдану дәнді дақылдарды қаракүйе ауруынан сақтандырады. Марганец сульфатын енгізу (1га-ға 1кг марганец) сұлының қатты қара күйемен бүлінуін 33 есе төмендетті. 40 га топыраққа кристаллогидрат MnSO4·4H2O түріндегі марганец сульфатының қандай массасын енгізу керек? Жауабы: 162,2 кг. 4.Қандағы гемоглобиннің проценттік құрамын есептеңіздер. Оның қандағы оттектік сиымдылығы 20 процентке тең екендігі белгілі (1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін байланыстырады).Жауабы: 14,9 5.Ағзаның кальцийге тәуліктік қажеттілігі масса бойынша 0,7 г құрайды. Бұл қажеттілікті сүтті пайдалану нәтижесінде қанағаттандыруға болады. Сиыр сүтіндегі кальцийдің массалық үлесі 0,13%. Адам ағзасының кальцийге қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның тәуліктік рационына сүттің қандай массасын негізу қажет? Жауабы: 538 г. 6.Целлюлоза-қағаз өндірісі мекемелерінің қалдық газы құрамында күкіртсутек және көмірқышқыл газы болады. Күкіртсутектің өте күшті улылығын ескере отырып, одан қалдық газдарды тазарту – кезек күттірмес міндеттердің бірі. Әдетте түтін газдарын сілтілік ерітінділермен тазарту әдісі қолданылады: H 2 S  2 NaOH CO

2

 NaOH

 Na 2 S  2 H 2 O  NaHCO

3

Бірақ түзілген натрий тұздары өзара бір-бірімен әрекеттеседі және түзілген көмір қышқылы күкіртсутегінің сіңірілу жылдамдығын азайтады. Мұндай мәселені шешу үшін күкіртсутегі (H2S) және көмірқышқыл газы (СО2) қосылыстарын активтелген көмір қатынасында натрий карбонаты ерітіндісімен сіңіру әдісі ұсынылған. Реакция теңдеулерін жазып, жаңа әдіс тиімділігін Ле-Шателье принципі тұрғысынан түсіндіріңіздер. 7.Әлемдегі жаңбыр суының қышқылдығы 35 жылға жуық орташа есеппен 5,6 рН бірлігін құрайды. Сол кезден бастап ол 40 есе артты. Қазіргі кездегі жаңбыр суының орташа рН мәнін есептеңіздер. 8.Ақшыл түсті қанаттары бар, қайың шұр көбелектері (березовая пяденица) өткен ғасырда Англияда қанаттарының түсін қара бояуға өзгерткен. Неліктен мұндай өзгеріс жүрген? Себебін түсіндіріңіздер. 9.Жарғанаттарға жарық әсер етпейді, бірақ олар жиі жарық үйлерге, ашық тұрған бөлмелерге кіріп кете береді. Жануардың мұндай әрекетінің себебін айтыңыздар. 10.Тәжірибеге тышқандардың екі тобы алынады. Олардың бір тобын бір ай бойы шектеусіз қоректендіреді де, қорегіне канцероген қосылады. Тәжірибеге алынған жануардың он төртінде рак ауруы пайда болған. Бақылау тобы 40%-ға дейін шектелген қорекпен қамтамасыз етілген. Сол канцерогенді затты бұлардың қорегіне де енгізгенде ауру түрі ешқандай жануар түрінде байқалмаған. Берілген тәжірибе нәтижесі негізінде қандай тұжырым жасауға болады? 11.Түнгі өсімдік текті насекрмдармен қоректенетін, салмағы 5 г жуық жарқанаттың бір аналығы әрқайсысының салмағы 1 г тең екі кішкене жарқанатты дүнйеге әкелді. 3-4 апта бойы балаларын сүтпен қоректендіргенде олардың әрбірінің салмағы 4,5 г жетті.

62


Экологиялық пирамида ережесінің негізінде берілген уақыт ішінде аналық өз ұрпақтарын қоректендіру үшін насекомдардың қандай массасын шығындайтындығын есептеңіздер.қоректі насекомдардың жоятын өсімдік салмағы нешеге тең болады? 12.Кета балық (албырт тұқымдасы) күзде уылдырығын Тынық мұхитына құятын өзенге салады; көктемде одан шабақтар пайда болып, мұхитқа барады. Онда ол жыныстық жетілгенге дейін тіршілік етеді де, одан соң оларда өзенге келіп уылдырық шашады. Кета балықтарының санын көбейту мақсатында бір өзенге жинақталған уылдырықты жасанды ұрықтандырып, пайда болған шабақтарды басқа өзенге жібереді. Бірақ ережеге сәйкес, балықтардың жаңа тіршілік ету ортасына жылдам адаптация жүре қоймайды. Берілген құбылыстың себебін түсіндіріңіздер. Мұндай есептер мысалын көптеп келтіре беруге болады. Мазмұнын таңдау барысында балалардың теориялық білімдері тағы да бір нақтыланып, дүнейтанымы кеңйе түседі. Есептеулер жасау арқылы біраз ұғымдардың мәні ашылып, деректі материалдардың түсініктілігі артады. Ұғымдарды талдау барысында пәнаралық байланыс жүзеге асады, оқушылардың өз ісіне жауапкершілігі артады, еңбексүйгіштік, табандылық т.б. дағдылары қалыптасады. Кез-келген оқу есебі – берілу шарты және сұрақтан тұратын тапсырма. Оның жауабын іздеу барысында оқушы теориялық мәліметтерді негізге алады, есеп мазмұнына сәйкес қосымша материалдар қарастырады, сөйтіп біраз еңбектенуге тура келеді. Берілген есеп түрлерін шешу оқушылардың экологиялық ұғымын кеңейтіп, оқу-танымдық қызметін арттырады, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады. Төменде 7және 12-есептердің талдауын және шешімін келтіреміз. 7-есептің шартымен тасысқан соң, оның мазмұны талданды. «Қышқылдық жаңбыр» ұғымымен оқушылар 9-сыныптың 2-тақырыбы «Оттегі топшасын» өткенде «Күкірт қосылыстарының табиғаттағы айналымы және экологиялық маңзы» сабағынан таныс. Бұл есепті талдау арқылы оқушылардың теориялық білімдері бекітілді. Төмендегі сызбанұсқа арқылы бірқатар ерітінділер қышқылдығымен танысты.

63


0,1М NaOH ерітіндісі Мүсәтір спирті

Бура Теңіз суы

14 13 12 11 10

Негізділіктің өсуі

9 8

Қан 7 Сүт Кофе

6 5 4

Қышқылдықтың өсуі

Асхана сірке суы 3 Лимон шырыны 2 Асқазан шырыны 0,1М НСІ ерітіндісі

1 0

Есеп шешуі 35 жыл бұрын жаңбыр суындағы сутегі ионының орташа концентрациясы мынаған тең: 1·10-5.6=2,5·10-6 моль/л, ал 40 есе артқаннан кейін 2,5·10-6·40=1·10-4моль/л, рН бірлігінде –lg(1·10-4)=4 Алынған мән асхана сірке суының қышқылдығына жақын. 12-есептің жауабы: берілген құбылыстың себебі ғасырлар бойы қалыптасқан экожүйе компоненттері арасындағы байланыстың бұзылуының салдары. Әрбір өзен – ерекше экожүйе, оның белгілі – бір тіршілік ортасына бейімделген тірі ағзалары болады (берілген жағдайда судың химиялық құрамы, ағыс жылдамдығы, температура және т.б.). Мекен еткен ортасының бірден өзгеруі, біріншілік қорек байланысының бұзылуына кета шабақтарының жаппай қырылуына әкеліп соққан. Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқу-тәрбие процесінің негізгі формасынан басқа сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс түрлерінде де дамытудың маңызы зор. Мұндай жұмыстарға жеке оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары: табиғатқа бақылау жасау, әр түрлі тақырыптар бойынша әңгіме, баяндама, дәріс оқу, жалпы оқушылардың табиғат аясында, үйірмелерде жүргізілетін жұмыстары, табиғат қорғауға арналған жұмыс істеуге дағдыландыру, мамандықты бейнелейтін іскерлік ойындар, көрнекі көрсетілетін тәжірибелерді, кесте, кинофильмдерді әзірлеу, экскурсия, олимпиада, викторина және басқа шаралар ұйымдастыру, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу, ғылыми-практикалық 64


конференциялар өткізу т.б. жатады. Бұған қоса экологиялық дала практикасы, экологиялық оқу соқпағы, табиғат қорғау жөніндегі әдебиеттерге шолу жасап, жоғары сынып оқушыларының конференциясы, айналадағы ортаны қорғаудың Бүкіл дүнйе жүзілік күнін (маусымның 5-і) атап өту және оқушылардың экология стансаларында жүргізілетін т.б. жұмыстарды атауға болады /133,59-63-б.,134,91-96-б., т.б./. Аталған жұмыс түрлері барысында балалар экологиялық білім және тәрбие алумен қатар өз ұжымдарының ынтымақты іс-әрекеттер атқаруларына, пікір айта білу, бір-бірін сыйлай білу т.б. игі қасиеттердің қалыптасуына әсері мол. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылар зерттелетін пән мен құбылыстың өзара байланыстылығы туралы қорытындыға келеді, яғни олардың дүниені танудағы диалектикалық көзқарастары қалыптасады, қызығушылық, танымдық белсенділіктері артады, экологиялық жаңаша ойлауға, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйренеді; парызды өтеу, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау және туған елі, жері үшін аянбай еңбек етуге тәрбиеленеді, қабылдау, есте сақтау, логикалық ойлау, алдына қойған мақсатқа жету жолындағы батылдық және т.б. қабілеттері дамиды. Экологиялық бағыттағы кіріктірілген сабақтарды өткізу барысында төмендегідей талаптарды ескеру қажет: - қарастырылатын экологиялық мәселенің негізгі сабақтық мазмұнымен тығыз байланыстылығы; - хабарлама ұзақтығының оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлеріне сәйкес келуі; - экологиялық деректің тартымды және қызықты болуы; Экологиялық мазмұнды сабақтарда химия-биология-экологиялық ұғымдардың сабақтастығы жүзеге асырылып, оқушылар экологиялық информацияны жеңіл қабылдайды, өз білімдерін көрсете білуге машықтанады. Тәжірибе жасау, есептер шығару арқылы оқушылардың теориялық білімдері бекітіледі, белгілі маман иелері ретінде табиғи экологиялық жүйеге баға беруді үйренеді.

65


Пәнаралық мазмұны бар сабақтарда биогеохимиялық экология ұғымдары жүйесін қалыптастыру Қазіргі уақытта химиялық және биологиялық білімнің мазмұнына экологиялық ұғымдар да енгізіліп отыр. Экологиялық мазмұнды мәліметтерді іздеу және оларды бір жүйеге түсіру, сондай-ақ, маңызды экологиялық терминдерді оқушыларға жеңіл де тартымды етіп жеткізу т.с.с. мәселелерде мұғалімдерге біраз қиындықтар кездеседі. Өйткені экологиялық, оның ішінде биогеохимиялық экология ұғымдарының терминдері және анықтамалары қазақ тіліндегі оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттерде бір жүйеге түсіріліп, толық қамтылмай келеді. Зерттеу барысында биогеохимиялық экология ұғымдар терминдері, оның мағыналары талданып, нәтижесінде оқушыларға және мұғалімдерге түсінікті түрде жеткізу жолдары қарастырылды. Химия курсында табиғаттағы заттардың айналымы туралы мәселе қамтылған, ал мұндай табиғи заңдылықтар экологияның да негізгі мәселелерінің бірі болып есептеледі. Сондықтан заттар айналымы екі жақты: әрі химиялық ұғым, сол сияқты экологиялық та ұғым. Оқушылар биогеохимиялық экология ұғымдарымен таныспас бұрын жалпы экологиялық ұғымдардың: «тірі зат», «экологиялық жүйе» немесе «экожүйе», «биосфера», «экологиялық факторлар», олардың түрлері: «абиотикалық, биотикалық, антропогенді», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны қорғау», «табиғи ресурстар», «экологиялық болжау», «экологиялық проблемалар» мағыналарын білуге тиіс. Бұл ұғымдар – мазмұны жағынан бір-біріне жақын , бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Алдымен «экология» сөзінің мәнін нақтылап аламыз. Өйткені, бұлтерминді толық түсіне бермейтін оқушылардың да бар екенін анықтаушы эксперимент нәтижесі көрсетті. «Экология» терминін біздің сөздік қорымызға 1866 жылы неміс ғалымы, зоолог, дәрігер, талантты биолог Эрнест Геккель енгізген. «Ойкос» - грек сөзі - үй, мекенжай, «логос» - ғылым денгенді білдіреді. Ол кезде бұған мынадай анықтама берілген: «Экология дегеніміз - организмдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасы туралы жалпы ғылым». Қазіргі экологияның қарастыратын мәселелерінің бұрынғыға қарағанда ауқымы кең. Экология дегеніміз – барлық тірі ағзалардың бір – біріне өзара қарым – қатынасын және олардың тіршілік ету ортасына әсерін тигізетін ғылым. Тірі зат – жер бетінде тіршілік ететін барлық тірі ағзалардың (адам, жануар, өсімдіктер) жиынтығы. Тіршілік ету ортасы – тірі ағзаларды қоршайтын және оның жағдайына тікелей немесе жанама әсер ететін табиғаттың бір бөлігі. 1935 жылы ағылшын экологы А.Г.Тинсли: «Экологиялық жүйе – бұл органикалық және бейорганикалық компоненттер жиынтығы, онда зат айналымы, яғни абиотикалық және биотикалық бөліктер арасындағы зат алмасу процесі жүреді» деп анықтама берген. Оқушыларға берілген тұжырымдама төмендегідей болады: Экожүйелер – тірі ағзалар және олардың тіршілік ету ортасынан тұратын табиғи комплекстер.Мысалы, мұхит экожүйесі немесе бір тамшы суда толық мәнді экожүйе болып саналады. Жер шараындағы ең ірі экологиялық жүйе – биосфера. Ол атмосфераның төменгі, литосфераның жоғарғы қабаттарын және түгелдей гидросфераны қамтиды, яғни 66


барлық тірі ағзалар тіршілік ететін қабат болып есептеледі.Биосфера терминін алғаш қолданаған австриялық ғалым Эдуард Зюсс (1875), ал оның мәнін ашып, әрі қарай дамытушы – белгілі ғалым Владимир Иванович Вернадский (1926). Тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін жеке қасиеттерді экологиялық факторлар деп атайды. Олар 3 түрге бөлінеді: а) абиотикалық - өлі табиғат факторлары (су,топырақ,ауа,жер сілкінісі,газ, судың тұздылығы); ә) биотикалық – тірі табиғат факторлары (өсімдік, жануар, микроорганизмдер); б) антропогенді – айнала қоршаған ортаға тигізетін адамзат іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы. Ал қоршаған ортаны қорғау дегеніміз – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. Табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, мәдениет және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері. Мысалы, жер және оның қойнауы, су,өсімдіктер мен жануарлар әлемі т.б. Күн сайын радио мен теледидардан, сондай-ақ, газеттерден ертеңгі немесе бірнеше күннің алдын-ала ауа райы хабарланады. Ауа «райы» сөзі «алдын – ала болжау» дегенді білдіреді. Әдетте ауа-райы бірнеше рет айтылады. Сонымен бірге экологиялық болжау немесе алдын-алу да бар. Ғалым-экологтар өз білімдеріне сүйене отырып, адамның табиғатқа қандай да бір әсерінің салдарын алдын-ала болжайды. Мысалы, қандай да бір насекомды жою үшін улы химикаттарды пайдалану әрекеті; зауыт, фабрикалардың қалдықтарының өзен – көлге түсуі, мұнай таситын танкерлердің аварияға ұшырауы; жабайы аңдар мен құстардың жойылуы т.б. Экологиялық болжамдар адамдарды көптеген ойланбай жасалатын, табиғат үшін де, адамның өздері үшін де қауіпті іс-әрекеттерден сақтандырады. Экология адамдарға зиян келтірмей, табиғатты сақтау жолдарын көрсетеді, өмір сүру және шаруашылықты жүргізу тәсілдерімен таныстырады. Экологиялық проблемаларға адамның табиғатқа зиянды әсері мен байланысты кез-келген құбылыстары жатады. Мысалы, Арал теңізі, атом бомбасын сыну полигондары т.б. Табиғаттағы тепе-теңдікті бұзу ғаламшар ресурстарының қорына, адамзаттың болашақ тағдырына қандай кесел келтіретіндігі айқын белгілі болып отыратын қазіргі кезеңде сол қауіпке қарсы күрес жүргізу күн тәртібіне батыл қойылып отыр. Табиғаттың өзіндік дамуында жоғарыда айтылған экологиялық жүйелер арасында заттардың биогеохимиялық айналымының жылжымалы тепе-теңдігі орнайды. Биологиялық энциклопедиялық сөздікте заттардың биогеохимиялық айналымына анықтама былай беріледі: «Заттардың биогеохимиялық айналымы – ағзалардың тіршілік қызметіне негізделген биосфераның әртүрлі компоненттері арасындағы зат және энергия алмасуы». Бұл мектеп оқушыларына лайықталып, төмендегідей түрде жеткізіледі: «ғаламшар биосферасында жүріп жататын тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің сан алуан өзгерістері мен алмасуының заңды процесі». 67


Табиғатта тоқсанағ жуық химиялық элемент кездесетіні белгілі, олардың шамамен 30-40 элементі тірі ағзаларға қажет, яғни биогенді элементтер қатарына жатады. Мұндай элементтердің кейбіреулері, мысалы, көміртегі, сутегі және азотты ағза көпмөлшерде, басқаларын аз және өте аз мөлшерде талап етеді. Тірі ағзаларға әрбір элементтің қаншалықты қажеттілігіне қарамастан бұлардың бәрі биогеохимиялық айналымға қатысады. Биогенді элементтер экожүйеде үздіксіз айналымды жүзеге асырып отырады, сонымен бірге оған тірі ағзалар да, қоршаған ортада қатысады. Өсімдіктер мер жануарлар жердің беткі бөлігіндегі немесе оған жақын жатқан биогенді элементтерді ғана пайдалана алуы мүмкін. Тіршіліктің сақталуы үшін қандайда бір ағзалар арқылы жинақталған материалдар басқа ағзалар үшін жеткілікті болуы тиіс. Әрбір химиялық элемент экожүйеде айналым жасай отырып, өзіне ғана тән ерекше жолмен жүреді. Бірақ барлық элементтер органикалық күйден бейорганикалыққа және керісінше өте отырып, энергия айналымын тудырады. Енді бірқатар биогенді элементтердің табиғаттағы биогеохимиялық айналымы қарастырылады. Сабақ тақырыбы: «Су – тіршілік көзі!» Сабақ ұраны: «Су – сұйық, ағатын және жалпы еріткіш болғандықтан дүниенің бастамы».Фалес Милетский. Мақсаты: 1. Оқушыларға судың еріткіш екендігін, оның тіршіліктегі, өндіріс, ауыл шаруашылығы, тұрмыстағы маңызын түсіндіре отырып, судың табиғаттағы айналым жөнініже және оның қасиеттері туралы нақты мағлұматтар беру, оқушылардың осы күнге дейін су айналымы туралы түсініктерін кеңейту. 2. Оқушылардың табиғи ортаға деген жанашырлық сезімдерін, қамқорлық жасау, аялай білу дағдыларын қалыптастыру. 3. Бақылау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, табиғатқа өз үлестерін қосуға баулу. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы. 2. Сабақтың мақсатын оқушыларға жеткізу. 3. Жаңа сабақ материалын түсіндіру. 4. Бекіту және жүйелеу. 5. Сабақты қорытындылау, тапсырма беру. Оқушыларға су және оның қасиеттері туралы мәліметтер таныс екендігі ескеріле отырып, оларды қатыстыра түсіндіріледі. Су салмағы бойынша 11,2 % сутегінен және 88,8 % оттегінен тұрады. Судың құрамын анықтауда француз ғалымы Лавуазье, ағылшын ғалымдары Г.Кавендиш, Д.Пристли т.б. еңбек етті. Агерагаттық күйі: қатты – мұз, қар; сұйық – теңіз, мұхит сулары; газ – бу, бұлт, тұман. Физикалық қасиеттері: су – дәмсіз, түссіз, иіссіз сұйық зат. Қайнау температурасы – 1000C, қату – 00 С, 1 г/см3; 0,92 г/см3 – мұздың тығыздығы. Таза су электр тогын өткізбейді. Себебі ол иондарға өте аз ыдырайды. Судың ерекше қасиеттерінің бірі – булануы, транспирациясы, сублимациясы. Булану – сұйық не қатты күйден газ тәрізді күйге өтуі. Сублимация – қатты қыздырғанда сұйық күйге айналмай булануы. Конденсация – буланған заттардың сұйыққа айналуы. Өсімдіктердің сыртқы беттері арқылы судың булануы транспирация деп аталады. Жер шарында жыл сайны 400 мың текше км шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. 68


Тағы бір судың қасиеті – ол дыбысты жақсы өткізетін акустикалық қасиеті, магнитті қабылдағыштығы, әртүрлі заттарды жақсы ерітетіндігі. Су – жақсы еріткіш дедік. Осы тұрғыда «Селитра суы» әңгімесін есімізге түсірейік. Белгілі ғалым Иоганн Рудольф Глаубер (1604-1670) ел кезіп жерген жас шағында Венада венгер ауруы деп аталатын ауыр сырқатқа душар болады. Ішіп-жегенінің бәрін құсып тастайтын болады. Оның мұндай мүшкіл халін көрген біреулердің ақылын тыңдап бір ауылдың маңындағы қайнарға әрең жетеді. Жей алмайтынына көзі жетпесе де өзімен бірге бір кесек нан алып шығады. Қайнарға келген соң, сол нанның ортасын ойыпыдыс жасайды да, судан татып көреді. Суды ішкен сайын тәбеті ашылып, ақырында әкелген нанын жеуге жарайды. Қайнараға тағы бірнеше рет келгеннен кейін сырқатынан құлан таза жазылып кетеді. Судың шипалық күшіне қайран болып, нендей су екенін сұрағанда, «селитра суы» ғой деген түсінік алады. Глаубер есейіп химиямен айналысқан соң қайнар суының ғажайып қасиетін зерттейді. Сонда ол ас тұзы мен купарос майының арасынан алынған тұз (Na 2SO4 x 10H2O) болып шығады. Оны Глаубер тұзы және мирабилит (ғажайып тұз) деп те атайды. Судың тағы бір ерекше қасиеті – «жабысуы» (адгезия). Оны қыл түтіктер арқылы байқауға болады. Мысалы, аса жіңішке шыны түтік алып бір ұшын бояу араласқан суға батырсақ, оның бойымен судың жоғары көтерілгені байқалады. Түтіктің ішкі диаметрі неғұрлым жіңішке болса. Су соғұрлым жақсы көтеріледі. Бұл құбылыстың өсімдіктер тіршілігінде атқаратын қызметі орасан зор. Судың осындай қасиеті болмаса, өсімдіктер жіңішке тамырлары арқылы терең қабаттағы суды бойына көтеріп, ыстықтан сақтанып, қоректене алмас еді. Сұйық күйдегі таза су көптеген заттарды дымқылдап ерітеді. Олармен уақытша химиялық қосылысқа түседі. Егер судың мұндай қасиеті болмаса, өсімдік пен жануалар өмір сүре алмаған болар еді. Судың химиялық қасиеттеріне тәжірибелер жасалып қолданылуы түсіндірілді. Тақырып бойынша оқушылар алдын ала хабарламалар дайындайды. 1-хабарлама: Гидросфераның жалпы көлемінің 94 %-ға жуығы мұхиттар мен теңіздер, 4 %- жер асты сулары, 2 % - мұз бен қар. Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларында біраз мөлшерде су бар. Каспий мен Арал тұзды көлдерін бізде теңіз деп те атайды,себебі олардың суларында тұз көп. Мысалы, Каспий теңізінің 1 кг суынад 14г тұз болса, Арал теңізінің 1 кг суында 12 г тұз бар. Алма, сәбіз, қызылша, картоптың 75 %-дан аса бөлігі судан тұрады. Қиярда тек 3% ғана зат бар. Адам денесінде 65 % су бар десек, оның 10-12 %-ын жоғалту адам өміріне қауіпті. 1т бидай өсіруге 1500 тонна су, 1т мақта өсіруге 10000 тонна су жұмсалады екен. Теңіз суын минералдардың минералы деп атайды. Өйткені теңіз суынада 70 %-ға жуық химиялық элемент бар. Олардың көпшілігі әртүрлі тұздардың құрамында кездеседі. Кейде теңіз суын сұйық кен (руда) деп те атайды. 1тг – ға тең теңіз суынан 1330 г магнит, 400 г калий, 68 г бром т.б. алуға болады. Теңіз суында жер қыртысында кездесетін элементтердің бәрі де бар деп айтуға болады. 2-хабарлама: Жер бетіндегі күрделі процестердің бірі – су айналымы. Биосферада су бір күйден екінші күйге өте отырып, кіші және үлкен айналым жасайды. Мұхитың беткі бөлігінен бөлінетін су, атмосферадағы су буларының конденсациясы және мұхиттың беткі бөлігіне түсетін жауын-шашын кіші айналым құрайды. Егер су буы ауа ағыстары арқылы құрлыққа жетсе, айналым күрделене түседі. Бұл кезде жауын-шашынның бір бөлігі буланып, қайтадан атмосфераға қайтып 69


оралады, ал басқа бөлігі - өзен, су тоғандарын қоректендіреді. Бірақ ақыр аяғында мұхитқа өзен және басқа жер асты сулары арқылы қайтадан келіп, үлкен айналымлы құрайды. Табиғаттағы су айналымы Мұхит

Атмосфера Құрлық

Атмосфера

Үлкен айналым

Кіші айналым Мұхит

Өзен,көл Мұхит 7-сурет

Су – тірі табиғаттың негігі құрам бөлігі. Ол фотосинтез процесіне қатысады. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне су айналымындағы биологиялық буынға жататын транспирация маңызды роль атқарады. Мысалы, ылғалды топырақтағы 1 га шырша орманы жылына 4000 м3 – ге жуық суды буландырады. Топырақ сулары транспирация процесінде өсімдік ұлпалары арқылы өте отырып, өсімдіктер тіршілігіне қажетті минералды тұздарды жеткізеді. Су айналымының ерекше қасиеті – литосфера, атмосфера және тірі заттармен өзара әрекеттесе отырып, гидросфераның барлық бөлігінің мұхит, өзен, топырақтағы ылғал, жер асты сулары және атмосфералық ылғалды байланыстыруы. 8-сурет көрсетіліп, мазмұны қысқаша баяндалады. 3-хабарлама: Қазақстандағы су объектілері – 4,97 км3. Тоғандарға жіберілетін судың жалпы көлемі бойынша оның 95%-ы нормаға сәйкес таза су, ал 4%-ластанған су. Ақтөбе облысында кезек күттірмес экологиялық мәселелердің бірі – Елек өзенінің беткі бөлігіжәне жер асты суларының бром және хроммен ластануы. Олардың концентрациясы бор бойынша 44 ШШК және хром бойынша 10 ШШК жеткен. Экологиялық апат аймағы Арал төңірегіндегі су ресурсының жетіспеушілігінен экожүйелер диградациясы жүруде және кеуіп қалған Арал теңізі түбінің тұзды шаң тозаңы ұшып, табиғи қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Каспий өңірінің байлығын игеруді шетел инвестицияларымен келісіп жүргізгенде экологияны, оның ішінде балық байлығын бірінші орынға қою керек.каспий теңізінің экология жүйесін сақтау проблемасын тек қана озық технологияны пайдалану мен шешілмейді, оған мемлекеттік, гуманистік көзқарас керек. Қазіргі кездегі аса қауіп төндіретін мәселелердің бірі – теңіз – мұхиттардың мұнаймен ластану. Мұнай және оның өнімдері өсімдіктер мен жануарлар әлеміне өте зиянды.Әсіресе, мұнаймен ластануда теңіз сүтқоректілері мен теңіз құстарыкөп шығынға ұшырайды. 70


Мұнай өнімдерінің су қоймаларындағы концентрациясы 0,05 – 0,01 мг/л болғанда, балық уылдырығы және жас балықтар қырылып қалады, ал концентрациясы 0,1 – 1,0 мг/л болса, планктон, ал концентрациясы 10-15 мг/л жетсе, балықтың үлкен даралары үшін қауіпті. Су қоймаларында концентрация 0,05 – 0,5 мг/л және одан жоғары болған кезде балықтар жағымсыз «керосинді» иіске ие болады. Келтірілген сабақта химиялық біліммен қоса, хмия-экологиялық ұғымдар: «судың кіш және үлкен айналымдары», «ластану», «шегі шектеулі концентрациясы» (ШШК) т.б. ұғымдар қарастырылады. 1-есеп Электр тогының әсерінен 100 г су айрылғанда қанша грамм және қанша литр қ.ж. сутегі түзіледі, бұл кезде қанша грамм О2 аоынуы мүмкін? Берілгені: m(H2O) = 100г

Шешуі: 100г хл 2Н2О → 2Н2 + О2 18 г/моль 22,4л/моль

m(H2) - ? m(O2) - ? V(H2) - ? 1)   Н 2 О  

m

М

 Н 2 О    Н

2

100 г 18 г / моль

 5 , 6 моль

  Н 2 О     V m  5 . 6 моль  22 , 4 л / моль  125 л  Н

2

2) 100г (Н2О) – Х2 (Н2) 18г (Н2О) – 2г (Н2) х 

100 г  2 г 18 г

 11 ,1 г  Н

2

3) m (Н2О) = 100г m (Н2) =11,1 г m (О2) = m (Н2О) - m (Н2) m (О2) = 100г – 11,1 г = 88,9г (О2) Жауабы: Н2О айрылғанда 125 л Н2; 11,1г Н2 және 88,9г О2.

71


72 8 сурет

Табиғаттағы су айналымы


2-есеп Егер барлық мұздықтар ерісе, мұхит деңгейі қанша метрге көтерілетінін есептеңіздер? Есеп шарты: а) барлық Жер беті мұздықтарындағы мұздың көлемі шамамен 24 млн км 3-ке тең; ә) Жер радиусы 6370 км; б) планета беткі бөлігінің 71%-ін мұхитар алып жатыр; в) мұз тығыздығы 0,92г/см3 ;су тығыздығы 1,00 г/см3. Шешуі: V(H2O, қатты) 24 ·1021 см3 R 6,37 ·108см

m (H2O) 22,1·1021г S 5,1·1018см2

V(H2O, сұйық) 22,1·1021 см3 S| 3,6·1018см2

Һ 6,1·103см

Есеп шешуіне түсініктеме. Есепті шығару кезінде төмендегідей формулалар пайдаланылды: Жердің беткі бөлігінің ауданы: S  4  R ; судың беткі бөлігінің ауданы S| = 0,71 S; мұздың еруі нәтижесінде түзілген судың көлемі: V (H2O сұйық) = S| x h; h – мұхит деңгейінің көтерілу биіктігі. Жауабы: h  61 м . Есептеу нәтижесі жоғары мәнге ие болып тұр, өйткені бұл кезде мұхит деңгейі көтерілгенде құрлықтың бір бөлігі су астында қалатындығы ескерілмейді де, соған байланысты судың беткі бөлігінің ауданы көбейіп кетіп отыр. Су айналымы арқылы оқушылар сутегі биогенді элементінің табиғаттағы айналымымен танысады. Мұғалімнің баяндауы және оқушылардың өздері алдын-ала дайындаған хабарламаларын тыңдау нәтижесінде, жоғарыда кестеде көрсетілгендей мынадай ұғымдар мынаны түсінеді: «транспирация», «сублимация», «конденсация», «үлкен және кіші айналымдар», «суды ластағыштар, олардың алдын алу шаралары», «экожүйелер деградациясы», «табиғаттағы су айналымының маңызы». Сондай-ақ «таза су», «қоспа» ұғымдары да нақтылана түседі. Мысалы, су буланғанда таза су (дистилденген су) алынады.ол айналым нәтижесінде жаңбыр суы, өзен, көл арқылы қайтадан мұхитқа келеді. Мұхит ішінде қоспа күйінде, яғни құрамында еріген тұздар – Na+, K+,Mg2+, Cl- т.б. иондары, ауыр металдар, радионуклидтер басқа да заттар болады. Сонымен қатар бұлақ суы да қоспаға жатады. Оның суы шипалы, құрамында адам ағзасына қажеттә минералды заттар бар. Есеп шығару кезінде оқушылар табиғаттағы су айналымының сандық сипаттамаларымен танысады. Мұның өзі кейін көміртегі тақырыбын өткенде толығырақ қарастырылатан «жылу эффектісі» құбылысы – мәңгі мұздықтардың еруі арасындағы байланыс туралы нақтылы ұғым қалыптастыруға жәрдемдеседі. 2

Сабақ тақырыбы: «Оттегінің табиғаттағы айналымы. Озон қабаты, оның қазіргі жағдайы» Мақсаты: 1. Оқушылардың оттегі топшасы туралы түсініктерін кеңейтіп, оттегінің табиғата таралуы, айналымды жүзеге асырушы компоненттер туралы ұғымдармен озон қабатының жұқаруы мәселелерімен таныстыру. 2. Балаларды ұқыптылыққа, табиғи ортаны аялай білуге, экологиялық саналылыққа тәрбиелеу. 3. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, экологиялық мәдениетін көтеру. 73


Сабақ жоспары: 1.Ұйымдастыру бөлімі. 2. Жаңа сабақты оқушыларды қарастыра отырып түсіндіру. 3. Тақырыпқа сай есептер шығару. 4. Бекіту. Қорытындылау. 5.Үйге тапсырма беру. - Балалар, оттегі қандйа газ? - Түссіз газ, дәмі және иісі жоқ. - Оттегінің қандай түзілу және алу жолдарын білесіздер? 1. Бос оттегі фотосинтез процесі нәтижесінде пайда болады және сақталады: h

6 CO

2.Лабораторияда: а)

2

 6 H 2O  C 6 H t

2 KClO

ә) 2 KMnO

3

4

12

O 6  6O 2

0

 2 KCl  3 O 2

 K 2 MnO

4

 MnO

2

 O2

б) NaOH сулы ерітіндісін электролиздеу арқылы алады. 3.Өндірісте: а) сұйық ауадан; ә) суды электролиздеу арқылы алады. Оттегін болат баллонда сақтайды және тасымалдайды. Енді осы оттегінің табиғаттағы биогеохимиялық айналымына тоқталайық. Биогеохимия дегеніміз – биосферадағы химиялық элементтер концентрациясы мен таралуы, миграциясы, айналымы, тау жыныстары мен минералдар бұзылуындағы тірі ағзалар ролін зерттейтін ғылым. Табиғаттағы оттегі айналымы

9 – сурет

Мұндағы терминдерге анықтама беріп, 9 – суретті толық түсіндіреміз. Аэробиосфера – атмосфераның төменгі бөлігі; Гидробиосфера –барлық гидросфера; Террабиосфера –құрылықтың беткі бөлігі және литобиосфераны қамтитын биосфера бөлігі; Литобиосфера –литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтитын биосфера бөлігі. 74


Тірі ағзаларда отттегі органикалық қосылыстар: көмірсу, ақуыз, майлар түрінде кездеседі. Оттегі – өте активті газ. Биосфераның шегінде оттегінің тірі ағзалар немесе олар шірігеннен кейінгі қалдықтармен алмасуы жүреді. Өсімдіктер, негізінен, ғасырлар бойы бос оттегін өндіреді де, ал жануарлар тыныс алу жолымен оларды тұтынушылар болып табылады. Жер атмосферасының құрамында оттегі азоттан кейінгі екінші орынды алады. Атмосферада оттегі жай зат оттегі (О2) молекуласы түрінде кездеседі. Биосферадағы оттегі айналымы күрделі, өйткені ол минерал және органикалық қосылыстарының көпшілігінің құрамына кіреді (10 –суреттен айналым көрсетілді). Қазіргі Жер атмосферасындағы бос оттегі өсімдіктер фотосинтезі процесінің қосымша өнімі болып табылады. Ол оттегі суреттің сол жақ бөлігіндегі тыныс алу, жану, баяу тотығу процестеріне қатысып баланс орнайды. Басқаша айтқанда, түзілген оттегі мен сіңірілген оттегі арасында экологиялық тепе –теңдік орнайды. Бұл –табиғи айналымдағы заңдылық. Экологиялық тепе – теңдік (реакция тепе – теңдігін еске түсіру) биосфераның барлық құрамдас бөлімдері арасындағы алуан түрлі байланыстармен сақталады. Бірақ олардың мүмкіндіктері шексіз емес. Сондықтан да табиғаттың тепе – теңдігін сақтап қана қоймай, сонымен бірге жердің сұлулығы мен байлығын аялап сақтау – әрбір адамның борышы. Алайда өндірістік әрекеттердің және түрлі көлік әсерінен табиғи тепе – теңдік бұзылуда. Кейбір есептеулерге қарағанда жылына 7 млрд т отын жоғалатын көрінеді, оған 20 млрд т оттегі жұмсалады. Бір әуе кемесі 8 сағт ұшқанда 50–70 т оттегін жұтады, мұның орнын толтыру үшін 20–25 мың га орман ағашы тәулігіне 220–280 кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 120–160 кг оттегін бөліп шығарады, орта есеппен 1 ағаштың тәулігіне бөліп шығарған оттегісімен үш адам тыныс алады. Балтамен жарақатталған бір үлкен қайың ағашы маусымына 200 л шырынын жоғалтады.Тағы бір мысал: жеңіл машина 1,5 мың шақырым жүргенде бір адамның жыл бойы тыныс алатын оттегін тұтынады. Осындай мысалдар табиғаттағы жасыл жамылғыны сақтаудың қаншама қажеттігін айқын дәлелдейді. Оттегін тұтынатын өндірістің және көләк түрлерінің көбеюі атмосферада оның аззаю қаупін тудыруда. Қазіргі кезде жылына 1,55 ·109 т бос оттегі түзілсе, жылына 2,16 ·1010 т жұмсалады (сіңіріледі), яғни шығындалуы түзілуіне қарағанда артық.

75


76 10 сурет

Оттегі айналымы


Оттегінің аллотропиясы (құрылысы немесе атом саны өзгеше болып келетін жай заттар)

Оттегі

Озон

O2

өкпе мен қанды байытып отырады. Артерияда O 2 және венада CO 2 болады. Егер ауадағы оттегінің құрамы 14 пайыз болса, онда жеткіліксіз дәрежеде болғаны, ал 9 пайыздан төмендесе, тірі ағзаларға қауіпті.

O3

Озон - иісі бар, тұрақсыз газ. Оның адам үшін ШШК-сы 0,5мг/м3 аспауы керек. O - қопарылғыш. Суды дезинфекциялау үшін қолайлы. Қылқанды ормандарда ағаш шайырының тотығуынан аз мөлшерде үнемі озон түзілетіндіктен ауасы өкпе аурулар дертіне шипа болады. 3

Оттегінің азаюы - ауаның әр түрлі зиянды қалдықтармен ластануының салдары. Енді сол ластану себептерінен қысқаша тоқталайық. Қазіргі өркениет өнімдері ауаны ластап, үлкен өзгерістерге ұшыратуы мүмкін. Солардың бірі - зиянды космостық сәулелерден сақтандыратын, қорғаныш қабаты ретіндегі озон қабатының жұқаруы, яғни озон концентрациясының азаюы болып табылады. Озонның негізгі массасы 20↔30 км және 50 км-ге шейінгі биіктікте орналасқан. Атмосфералық озонның негізгі ерекшелігі: ол - тұрақсыз газ. Бірте-бірте бұзылу процесі, сонымен бірге түзілу де жүреді: 3O 2 2O 3 Озонның түзілу процесіне, негізінен, жоғарғы атмосферадағы оттегі, азотың қос тотығы т.б. газдар қатысады және Күннің ультракүлгін радиациясының үздіксіз әсері болуы керек. 1 – есеп: Адам толық тыныштық күйде болғанда минутына 0,24 л оттегін жұтып, 0,19 л көмірқышқыл газын тыныс арқылы шығарады. Осы кезде көмірқышқыл газдың түзілуіне қанша оттегі процентпен жұмсалады? Берілгені: VO

л 0 ,19 л

 0 , 24 2

V CO

2

W O

2

Шешуі: 0,24л 0,19л С + О2 = CO2 1л 1л

 ?

1) Х л ˗ 19л 1 л О2 ˗ 1л CO2 X = 0,19 л (O2)

0 ,19

1

00% = 79 %

0 , 24

Жауабы: көмірқышқыл газының түзілуіне 79%

77

O2

жұмсалған.


2 – есеп: Су тоғанындағы еріген оттегінің қалыпты орташа концентрациясы 7 мг/л құрайды. Х өзеніне эвтрофикация әсерінен фитопланктонның жылдам дамуы жүруде. Бұл өз кезегінде еріген оттегі орташа концентрациясының жылына 1,910-6 моль/л төмендеуіне әкеледі. Ғалымдардың есептеуінше, егер O 2 концентрациясы төмендеуінің қарқыны сақталса, онда 50 жылдан соң Х өзені эвтрофты жағдайға ұшырайды – су лайланып кетеді; су түбі өсімдіктері, балықтар және ұлулар өліп қалады; жергілікті жер батпақтанады. Эвтрофты жағдайдағы еріген оттегінің орташа концентрациясының (мг/л) есептеңіздер. Есеп мазмұнын талдау барысында оқушылар «қоршаған ортаны ластаушы көздер», «ластаушы көздердің экожүйеге әсері», «су тоғандарының эвтрофикациясы» ұғымдарымен танысады. Эвтрофикация - қала канализациясынан шыққан қалдық сулар, жақын егістіктерден тыңайтқыштың шайылуы және топырақ эрозиясы нәтижесінде қоректік заттардың өте көп мөлшерде түсуі. Мұның негізінде судың физика - химиялық жағдайы нашарлап, жасыл және көк - жасыл балдырлардың мөлшерден тыс көбейіп кетуінен, балық және басқа да гидробионттардың тіршілігіне қауіп төнеді. Есептің шешуі: 1,9 · 10-6 моль/л · жыл · 50 жыл = 9,5 · 10-5моль/л, мұны мг/л өрнектегенде 9,5 · 10-5 моль/л · 32 · 103 мг/моль = 3,04мг/л 7мг/л – 3,04 мг/л = 4 мг/л. Жауабы: Әрбір литрге 4 мг/л келеді. Оттегінің биогеохимиялық айналымын оқыту барысында мынадай ұғымдар мәні ашылады: «экологиялық тепе – теңдік», «оттегінің азаюы», «озон қабатының жұқаруы», «ШШК (шегі шектеулі концентрация)», «хлорфторметан (фреондар)», «эвтрофикация». Оттегі айналымы сутегі айналымымен тығыз байланысты. Өйткені су молекуласы сутегімен қатар биогенді элементтердің бірі – оттегіден тұратыны оқушыларға белгілі. Тақырыпқа сәйкес экологиялық мазмұнды есептер шығару барысында оқушылардың теориялық білімдері кеңейіп, нақтылана түседі. Жоғарыда аталған ұғымдар бағдарламалық оқу материалымен байланысты толықтырылып, оқушыларға биогенді элементтер айналымы мәнін тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Оларға сабаққа қызығушылығы артып, қосымша әдебиеттер арқылы жаңа материалдармен танысу, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын іздестіру т.с.с. сана – сезімдері қалыптасады. Сабақ тақырыбы: «Күкірт қосылыстарының табиғаттағы айналымы және оның экологиялық маңызы» Мақсаты: 1. Күкірт қосылыстары жөніндегі білімді қорыту және генетикалық байланысын ашу.

78


2. Күкірт қосылыстарының халық шаруашылығындағы маңызы, олардың табиғи айналымдағы, экологиялық тепе – теңдікті сақтаудағы ролі, бұл қосылыстардың қоршаған ортаға әсері туралы түсініктер қалыптастыру. 3. Оқушыларды бақылай білуге, ұқыптылыққа баулып, экологиялық санасын жетілдіре түсу, табиғи ортаны аялай білуге үйрету. Сабақтың барысы: 1. 2. 3. 4.

Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ – лекция. Жаңа сабақты бекіту Үйге тапсырма беру, қорытындылау.

Сабақ оқушыларға сұрақтар қою арқылы басталады: 1. Күкірттің қандай қосылыстарын білесің, олардың байланысы қандай? H2 S

генетикалық

FeS сульфидтер

H2 S

S S 16 жай заты 2;8;16 1S2, 2S2,2P6,3S2,3P4

өзара

SO2 O2

H2SO3

Na2SO3 сульфиттер

SO3

H2SO4

Na2SO4 сульфаттар

2. Олардың ауыл шаруашылығындағы маңызы қандай? Тотияйн ерітіндісі зиянкестерден өсімдіктерді қорғауда, кейбір жараларды (қотырды) емдеуде ... т.б. қолданылады. 3. Табиғатқа күкірт қосылыстарының әсері жөнінде не айта аласыздар? Аталған заттардың ауада артық мөлшерде болуы адамның денсаулығына зиянды, өсімдіктерді жойып жібереді, қосылыстарды бұзады. Күкіртсутек ауамен қопарылғыш қосылыстар түзеді. Күкірт тірі заттың маңызды құрамды элементі болып табылады. Оның көп бөлігі тірі ағзаларда органикалық қосылыстар түрінде болады. Бұдан басқа күкірт кейбір биологиялық активті заттар: витаминдер, сондай-ақ кейбір ферменттерді активтендіруші және ағзалардағы тотығу-тотықсыздану процесіне катализатор ретінде қатысатын заттар құрамына кіреді. Күкірт биосферадағы активті элементтер қатарына жатады және ол ортаның тотығу-тотықсыздану жағдайынң тәуелділігіне орай әртүрлі валенттілік күйінде миграцияланады. Жер қыртысындағы күкірттің орташа үлесі 0,047%. Табиғатта бұл элемент 420-дан артық минерал түзеді. Адам ағзасында 0,16% болады. Өсімдік пен жануар ағзаларында да күкірт кездеседі. Күкіртті газ - улы. Ол тірі ағзалардың көз ұяшығын тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, онымен ұзақ тыныс алғанда өкпе ауруына шалдықтырады. Табылған жыныстарда күкірт сульфиті минералдар күйінде: пирит (FeS), пирронит, халькапирит түрінде болады. Тұнбалы жыныстарда ғаныш түріндегі саз құрамында, қазба көмірлерде, күкірт колчеданы қосасы түрінде, жиірек сульфат күйінде кездеседі. Күкірт топырақта сульфат күйінде, ал мұнайда ол органикалық қосылыстар күйінде болады. 79


Сульфат ионы күйінде күкірт бұзылу (мүжілу) процесінде сульфидті минералдар тотыққанда түзіліп, табиғи сулармен әлемдік мұхитқа келіп түседі, мұнда бұл анион таралуы бойынша хлоридтен кейінгі екінші орынды алады. Күкіртті тұщы су және жер бетіндегі ағзалармен салыстырғанда теңіз жануарлары көбірек сіңіреді. Кейбір теңіз ағзаларында күкірттің концентрациясы жоғары болады. Мысалы солтүстік теңізді мекен ететін бірқатар моллюскалардың ас қорыту бездері құрамында 4% күкірт қышқылы болатын сұйықтықты бөледі. Күкірттің көпшілігі тамыраяқтардың құрамында, олардың кейбіреулерінде барий сульфаты түрінде кездеседі. Бос оттегі болмайтын теңіз суында сульфат-редуцирлеуші бактериялар әсеріне ұшырайды. Олар теңіз суы сульфаттарын күкіртсутекке дейін тотықсыздандырады. Осындай жолмен пайда болатын күкіртсутек бассейннің жоғары бөлігіне жинақталады да, мұнда ол еріген оттегінің әсерінен тікелей, сондай-ақ, аэробты күкіртті бактериялар қатысуымен де тотығады. Бактерияның кейбір түрлері күкіртсутегін олардың денелерінде жиналатын бос элементарлық күкіртке дейін тотықтырады. Бактерия шіріген соң су түбіне тұнып, кейде биохимиялық текті таза күкірттің жинақталуын тудырады. Құрылықта өсімдіктр шіріген соң, күкірт топыраққа қайтып оралады және кейбір микроорганизмдерге ұсталып қалады. Олардың кейбіреулері органикалық күкіртті күкіртсутегіне дейін және минералдар түріндегі күкіртке дейін тотықсыздандырады. Бактериялардың басқа түрлері ыдыраудың өнімдерін сульфаттарға дейін тотықтырады. Топырақтағы суда еріген сульфаттар өсімдік тамырларымен сіңіріледі және осылайша күкірт айналымы жалғаса бере Табиғаттағы күкірт айналымы Гидросфера (ІІ орын) Мұнай Литосфера

S таза Табиғаттағы

Атмосфера күкірт

Тірі заттар

Минерал күйде (FeS2, CaSO4,т.б.) Литосфера

Атмосфера

Тірі заттар Гидросфера 11-сурет

Енді осы күкірт айналымының ауытқулары тудыратын экологиялық проблемаларға тоқталайық. Мұнай өнімдерін, мазутты және тас көмірді жаққанда атмосфераға түтін газдарымен бірге көміртек оксидтерінен басқа, күкірт оксиді бөлінеді, ол ауадағы оттекпен және су тамшыларымен әрекеттесіп, күкірт қышқылын түзеді, яғни "қышқыл жаңбырлар" пайда болады. Қышқыл жаңбырлар- атмосферада күкірт және азот тотықтарының артық мөлшерде болуы. 80


Күкірттің (IV) оксиді азот оксидтерімен бірге ауадағы су тамшыларымен әрекеттесіп рН<4,5 қышқылдық жаңбырдың түзілуіне әкеледі. Осыған байланысты жыл сайынғы антропогенді жалпы мөлшері көбеюде. Қышқылдық жаңбырлар биотаға тікелей зиянды әсер етсе, жасыл өсімдіктердегі концентрациясы артып, жанама түрде топырақпен су тоғандарын қышқылдандырады. Топырақ қышқылданған кездегі қажетті қоректік заттар мөлшері төмендеп, соған сәйкес, құнарлық төмендейді. Қышқылдану органикалық қалдықтардың ыдырау жылдамдығын төмендетеді, топырақ- өсімдік жүйесіндегі заттар нашарлайды. Азотты ыдыратушы бактериялар өнімділігі төмендейді: рН<5,0 болған кезде азотты бактерияларөліп қалады да, байланысқан азоттың өсімдік ағзаларына түсуі азайып, олардың өсу жылдамдығы бәсеңдейді. Өсідік жапырақтарының хлоропластары бүлінеді, содан ол сарғды, ішкі мембраналар қызметін бұзады. Судағы балықтар үшін қалыпты жағдай 6,5 < pH < 8,5; қауіпті жағдай 5,5 < pH <9 шекарасында. Су аз ғана қышқылданса (рН<6), балдырлар өсуі төмендейді. Әсіресе уылдырық пен май шабақ кезеңі қышқылдануға сезімтал келеді. pH<4,5 болғанда балықтардың өсуі тоқталады. Олардың желбезектерін сөл жауып қалады да, тыныс ала алмайды. Теңіз құстары қанатының жылу сақтағыштық қабілеті азаяды. Күкірт газ - улы. Ол тірі ағзалардың көз ұяшығын, тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, онымен ұзақ тыныс алғанда өкпе ауруына шалдықтырады. Күкірт өндірісінде қызмет ететін адамдарға құрамында күкіртсутек бар газдар тұншықтырғыш әсер етеді, зат алмасу процесін бұзады,жүйке жүйесі, ішек-қарын, қолқа-өкпе жүйесіне әсер етіп, қан айналым мүшелерін тітіркендіреді. Қышқыл түзілетін шикізаттың көп мөлшері бұлттарда ұшып жүр. Көмір, шымтезек, мазут және газбен жұмыс жасайтын электр станциялары , бензин мен солярка пайдаланатын автокөлік пен ауылшаруашылық техникалары бөлінетін иіс газдары құрамындағы күкірт атмосфера күкіртінің 85%-н құрайды. Бұдан басқа ауаға күкірт қышқылын өндіру түсті металдар кендері өртеу кезінде баратыны өздеріңе өткен сабақтан белгілі. Жануарлардағы әртүрлі қолайсыз жағдайларда атмосфераның күкіртпен ластануына байланысты. Көптеген елдерде, біздің елімізде де аңшылар бұғы, арқар т.б. аңдар мүйіздері сапасының төмендеуін байқайды. Мұның себебі ауада күкірттің, кейбір жағдайда ауыр металдардың артық мөлшерінің болуына байланысты. Осы айтылған қышқылдық жаңбырға төмендегідей тәжірибе жасаймыз. Тәжірибеде таиғаттағы атмосфераның күкірт, азот оксидтері мен ластануын тудыратын қышқылдық жаңбырдың түзілуін көрсетеді. Полиэтилен қағазын ауа беру үшін төсеп, оның астына бөлме өсімдігін, бидай дәнінің өскіндерін және ішінде моллюскасы немесе ұлуы бар ыдыс қоямыз. Бақылауды 7 күн бойы жүргіземіз. (бақылау эксперименті де қойылады) Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп: химиктер, биологтар және экологтар болып бақылау жүргізеді. Химиктер тобы ішінде жәндігі бар ыдыс суының және топырақтың беткі бөлігінің қышқылдылығын, иісін, түсін зерттеп, қағаз астындағы күкірт (IV) оксидінің шамамен концентрациясын анықтайды, өсімдік өсуі мен дамуының концентрацияға тәуелділігі графигін құрайды. Биологтар тобы өсімдіктің сыртқы түрі өзгерісін, ыдыстағы жәндіктер тіршілігін немесе мінез-құлқын бақылайды.

81


Экологтар күкірт қосылыстарының табиғи экологиялық жүйеге әсері арқылы бақылау нәтижелерін түсіндіреді. Қоршаған ортаны күкірт оксидтері мен күкіртсутектен қорғау жұмыстары туралы мәліметтер жинақтайды. Үш топтың материалдары талданып, күкірт қосылыстарының тірі ағзаларға, табиғи тепе-теңдікке әсері жөнінде қорытынды жасайды. Есеп Қышқыл жаңбырлар мәдениет ескеркіштерін бүлдіретіні белгілі. Мрамор берік зат болғанымен де күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттескенде, ғанышқа айналады. Температура алмасуы, жаңбыр суы ағыны және жел соғуы әсерінен мұндай жеңіл материал бірден бұзылады. Құрамында күкірт қышқылы (рН=4) бар жаңбыр суы көлемін есептеңіздер. Мұндай су ені 1 мм және ауданы 10 м мрамор қабатымен әрекеттесіп, оны ғанышқа өзгертеді. Мрамор тығыздығы 2,8 г/см; бірінші, сондай-ақ екінші реттегі күкірт қышқылының диссоциациялану дәрежесі 100%. Есеп шешуіне түсініктеме. Қышқыл мрамордан және ізбес тастан қаланған ғимараттарды да бүлдіреді. Қазіргі кездегі шешуі кезек күттірмес мәселелердің бірітабиғаттағы қышқылданудан құтқару. Ол үшін атмосфераға бөлінетін күкірт және азот тотықтары қалдықтарын азайту, болдырмау қажет. Бірінші кезекте күкіртті газдың бөлінуін барынша тоқтату керек, өйткені күкірт қышқылы және оның тұздары қышқыл жаңбырдың 70-80%-ке жуығын құрайды. Сутектік көрсеткішке сәйкес, күкірт қышқылының молярлық концентрациясын есептейміз. Мұнан соң мрамордың негізгі компоненті - кальцит көлемін, оның массасын және кальций карбонаты мөлшерінтабамыз; химиялық теңдеу бойынша кальций карбонатын ерітуге жұмсалатын қышқыл мөлшерін анықтаймыз. Қышқыл мөлшері және оның молярлық концентрациясы бойынша жаңбыр суы көлемі шығады. Шешуі: рН С(Н+) 4 1 x 10-4 моль/л V(CaCO3) 1 x 104 см3

m (CaCO3) 2,8 х 104г

280 моль СаСО

3

 Н 2 SO

С (H2SO4) 5 х 10-5 моль/л n (CaCO3) 280 моль

n (H2SO4) 280 моль

V0 5,6 х 106 л

280 моль 4

 H 2 O  CaSO

4

 2 H 2 O  CO

2

Жауабы:V0 = 5,6·106 л немесе 5600 м3 (Бірақ Европадағы мұндай жаңбыр суының қышқылдылығы салыстырмалы түрде сирек байқалады). Осы сабақтың нәтижесінде: 1. Күкірттің табиғи қосылыстары жөніндегі білім бір жүйеге түсіріледі. 2. Аталған қосылыстардың табиғи айналымдағы, экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы ролі, олардың қоршаған ортаға әсері туралы түсініктер қалыптастырылады. 3. "Қышқыл жаңбырлар", олардың тірі ағзаларға әсері қамтылады. 4. Тәжірибе жасау, есеп шығару арқылы оқушылардың теориялық білімдері бекітіледі. 5. Белгілі маман иелері ретінде табиғи экологиялық жүйеге баға беруді үйренеді. 82


Азот пен фосфор айналымдары "Күйдіргіштер мен бүлдіргіштерді соттау" деген тақырыппен дәстүрлі емес химиялық сот сабағы түрінде өткізіледі. Сол сабақтардан азот пен фосфордың табиғаттағы айналымдары туралы оқушылар хабарламаларынан үзінді келтіріледі. 1-хабарлама: Алдымен азоттың жағдайына тоқталайық. Азот, біріншіден, атмосфераға найзағай кезінде бөлінеді. Найзағай ауаның температурасын лезде көтереді де, сол маңдағы азот молекулалары оттек, сутек және басқа элементтердің молекулаларымен қызу әрекеттеседі. Жаңбыр бұл қосылыстарды ерітіп, топыраққа сіңіреді. Екіншіден, топырақта болатын бактериялардың кейбір түрлері азотты "аулайды". Кейбір өсімдіктердің жануарлардан айырмасы - азотты ауадан тікелей сіңіреді, азот олардың денесінде басқа заттармен қосылысады. Осылайша, оның топырақтағы қоры пайда болады. Азот ақуыз (белок) түзетін заттардың құрамына кіреді. Ал ақуыздар - күллі тіршіліктің ( бактерияның да, өсімдіктердің де, жануарлардың да, адамдардың да) негізі. Демек, Жер бетінде азотсыз тіршілік болуы мүмкін емес. Өсімдіктер топырақтан азот қосылыстарына бай қоректік заттар алады және Күн сәулесінің көмегімен бұл заттардан жаңа жасушалар түзеді. Шөп қоректі жануарлар шөптер мен жапырақтарды жейді де, олардан тіршілігіне қажетті азотты алады. Жыртқыштар шөп қоректілерді аулап, етпен қоректенеді, бұл олардың азот алу тәсілі болып табылады. Әрдайым жануарлар не өсімдік шірігенде азот топыраққа қайта оралады да, бәрі басынан қайтадан басталады. Ал адам двигательдер мен пештерде отынды жаққанда олардағы азот топыраққа емес, тікелей атмосфераға қайтады Табиғаттағы азоттың үздіксіз айналымы осылайша жүзеге асады. Азоттың қосылыстары тек егістікке тыңайтқыш үшін ғана қажет емес. Өзінде азоты бар заттарды адам жасанды талшық, дәрі-дәрмек, қопарғыш заттар, бояулар, лак және басқаларын өндіру үшін пайдаланады. Айтылғандарды 12 және 13суреттерден көруге болады. Азот айналымы Жанартау Атқылауы Бактерия Балдырлар

Литосфера 0,04%

Тірі ағзалар (өсімдік, жануарлар - 17%; адам - 3%)

Найзағай ойнағанда

Атмосфера 78,08%

Өндірістік мекемелер

12-сурет 83

Жер асты сулары

Гидросфера

Судағы тірі ағзалар

Өзен, көл, мұхит, батпақ


84 13 сурет


2-хабарлама: Фосфор жайына келсек, фосфор қосылыстары ағзалар тіршілігінде маңызды роль атқарады. Фосфор ақуыз құрамына кірмесе де, онсыз ақуыз синтезі мүмкін емес. Балдырлар мен Жер бетіндегі өсімдіктер құрамында 0,01-0,1% фосфор, жануарларда 0,1%-дан бірнеше пайызға дейін, адам ағзасында 1%-ға жетеді. Құрамында фосфоры бар нуклеин қышқылдары тұқым қуалаушылықтың берілу процетеріне қатысады. Биосферадағы фосфор айналымы өсімдіктер мен жануалардағы зат алмасу процесімен байланысты. Бірақ басқа биогенді элементтерден фосфордың айырмашылығы миграция процесінде газды фазаны түзбейді. Бұдан басқа фосфордың басты салмағы литосфераның минаралды бөлігімен байланысты, аз ғана бөлігі табиғи су құрамында миграцияланады және атмосфералық процестерге мүлдем қатыспайды. Фосфордың жалпы айналымы екі бөлімнен – теңіз және жер бетінен тұрады. Олар 14 және 15- суреттерде берілді. Тау жыныстарында фосфор, негізінен, апатиттерде жинақталған (қазіргі кезде фосфордың 190-нан аса минералы белгілі). Минералдардың мүжілу немесе құрылықтың бұзылу процесінде ол табиғи сулар мен әлемдік мұхитқа алмасады. Тұзды теңіз суларында фосфор теңіздің басқа ағзаларына керек қызметін атқаратын фитопланктон құрамына кіреді, біртіндеп теңіз жануарлары ұлпаларына, оның ішінде балық ағзасы құрамына жинақталады. Фосфор қосылыстарының бір бөлігі орташа тереңдіктер шегіне миграцияланады, мұнда ол ағзалармен тұтынады, басқа бөлігі үлкен тереңдіктерде жұмсалады. Ағзалардың шіріген қалдықтары фосфордың әр түрлі тереңдікте жинақталуына әкеледі. Фосфаттардың құрлыққа жекелеп қайтып оралуы жер қыртысының теңіз деңгейінен жоғары көтерілуімен байланысты. Фосфордың белгілі бір мөлшері теңіз құстары және балық аулау кәсіпшілігімен құрлыққа алмасады. Құстар фосфорды жеке аралдарға және жағалауларға гуано түрінде шығарады. Фосфор айналымы Эрозия Планктон Фитопланктон

Гидросфера Теңіз құстары Гуано 9% N2, 13% P2O5

Жанартау атқылауы

Тыңайтқыш өндіруші зауыттар

Литосфера Жануарлар

Жер өңдеу

Өсімдіктер

14-сурет

Жыныстар мен топырақ континенттерінен фосфор еріген күйде жер бетіндегі өсімдіктермен шығарылады және олармен құрамында фосфоры бар органикалық заттарға қайтадан өтеді. Жануарлар ағзасына фосфор өсімдік текті қоректермен түседі және әрі қарай өзгерістерге ұшырайды. Топыраққа химиялық байланысқан фосфор өсімдік пен жануарлар қалдықтарымен түседі және одан әрі циклдің қайталануы жүреді. 85


86 15 сурет

Фосфор айналымы


Сабақ тақырыбы: "Көміртегінің айналымы, оның қосылыстарының қоршаған ортаға әсері". Мақсаты: 1. Табиғаттағы көміртегі биогеохимиялық айналымының жүзеге асу барысын, көміртегі қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін толықтай түсіндіру, қоршаған табиғи ортаны химияық ластанудан қорғау шараларымен таныстыру. Табиғи ортаға жауапкершілік сезімін, ой – санасын қалыптастыру, еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, экологиялық мәдениетін дамыта түсу. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру жұмысы. 2. Сабақтың мақсатын хабарлау. 3. Жаңа сабақты оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру. 4. Сабақты бекіту. 5. Қорытындылау, үйге тапсырма беру. Көміртегі – тіршілікке тірек, өмірге өзек элементтердің бірі. Ол жан – жануардың, өсімдіктің негізгі денесін құрайды және оның миллионнан астам химиялық қосылыстары бар. Көміртегі –көмір, күйе түрінде өте ерте заманнан белгілі. Ол ыдырау өнімдерінің құрамына да кіреді, мысалы, табиғи газ құрамында көміртегі болады. Пластмассалар, синтетикалық каучук, және табиғи талшықтар, дәрі –дәрмек, кір жуғыш заттар т.б. да –көміртегінің қосылыстары. – Балалар, сіздер көріп жүрген боларсыздар, балмұздақ сатушының науасында кесек мұздар жатады. Айналасы қақаған аяз болғанымен ол біртіндеп ериді, бірақ кәдімгі мұз тәрізді суға айналмайды, көлемі кішірейе –кішірейе барып, ешбір қалдықсыз буланып кетеді. Бұл қандай мұз,балалар? – Құрғақ мұз. Енді мынандай бір тәжірибе жасайық. Құрғақ мұздың бір кесегін алып, іші бос банкаға салайық, ол буланған соң, банканың ішіндегі буды жанып тұрған май шамның үстіне еңкейтіп "құямыз". Май шам үстінен су құйған тәрізді сөнеді. Ендеше құрғақ мұз "ерігенде" ол бір газға айналып, банканы толтырған болды. Бұл газ жануды қолдамайды, ауадан ауыр, сондықтан банкадан төмен қарай төгіледі. Сонда бұл қандай газ болды, балалар? - Көмірқышқыл газы. Жер биосферасында көміртегң жиі қозғалмалы формадағы көмірқышқыл газы (СО) түрінде кездеседі. Ал СО –нің негізгі көзі Жер қыртысының төменгі горизонты мен мантияның ғаысрлық газдардан тазаруымен байланысты жанартау қызметі болып табылады.

87


Табиғаттағы көміртегінің айналымы

Фотосинтез Тыныс алу

Шіру Өндірістік және өңдейтін өнеркәсіптер

Жанартау процесі

СО2

Химиялық өнеркәсіп

Гидрросфера

Атмосфера

Литосфера

16-сурет

Биосферадағы СО миграциясы екі түрлі жолмен жүреді. Бірінші жолы органикалық заттар түзілуімен фотосинтез процесінде СО –нің сіңірілуін және біртіндеп олардың литосфераға торф, көмір,жанғыш сланец, тау жыныстары түрінде жинақталуын қамтиды. Екінші жолы бойынша көміртегі миграциясы әр түрлі су тоғандарында карбонаттық жүйе түзілуімен жүзеге асады, мұнда СО, НСО, НСО,НСО –күйлеріне алмасады. Бұдан соң суда еріген кальций (сирек магниймен) көмегімен б иогенді және абиогенді жолдармен карбонаттың (СаСО) тұнбаға түсуі жүреді де, қалың ізбес қабаттары пайда болады. Өсімдігі бар құрылықта (17-сурет) атмосферада СО күндізгі уақытта фотосинтез процесінде сіңіріледі, ал түнгі уақытта оның бір бөлігі өсімдіктермен сыртқы ортаға бөлінеді. Өсімдіктер мен жануарлар шіріген кезде беткі бөлікте көмірқышқыл газы түзілуіне сәйкес, органикалық заттардың тотығуы жүреді. Көміртегінің қазіргі айналымында органикалық заттардың жануы және өндіріс пен транспорттың өсуімен байланысты атмосферадағы СО құрамының біртіндеп артуы ерекше орын алады. Ғалымдардың есептеуінше, ғасырдың аяғына дейін оның концентрациясы 12-20% -ке дейін артуы мүмкін.

88


89 17 сурет

Көміртегі айналымы


Атмосфераның табиғи құрамына және сапасына, негізінен газ тьәрізді ластағыштар әсер етеді. Оларға, біріншіден, көміртегі оксиді СО және иіс газы СО жатады. Көміртегі диоксиді атмосфераға өтіп, нәтижесінде оның динамикалық тепе – теңдігін бұзады. Жер беті өсімдіктері мен жануарлары жылына тыныс алу процесі кезінде шамамен жүз мың миллион тонна СО бөлінеді. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының ыдырауынан 2000-5000 миллион тонна СО газы бөлінеді. Бұл көмірқышқыл газының мөлшері фотосинтез процесі кезінде сіңіріледі. Отынды жаққан кезде жылына ауаға 5000 миллион тоннаға жуық көміртегі бөлінеді. Егер атмосфераның құрамындағы СО мөлшері екі есе өтетін болса, онда планетаның температурасы орташа 2-30 С көтеріледі. Ал бұл көрсеткіш келешекте жер бетіне үлкен өзгерістер туғызуы мүмкін. Көміртегі (II) оксиді – ең көп тараған атмосфераны ластаушылардың бірі. Олар қан гемоглобинімен тез әрекеттесе алады және ағзаның улануын туғызады. Көміртегі (II) оксидінің негізгі көзі іштен жану двигательдері болып атбылады. Машинаның алғашқы екі минут жолында барлық шығарылған газдың 11%-ы сыртқа шығады да, оның 80%-ы иіс газы. Сөйтіп, жылына 1600т СО2 атмосфераға араласады. Көбіне иіс газы CO бензинді жаққанда көп түзіледі. 2-3 т бензин атмосфераға шамамен 1т CO2 бөледі. Зауыттар мен өнеркәсіп орындарынан шығатын улы газдар, автомашина түтіні, атмосферадағы әр түрлі улы газдардың, соның ішінде көмірқышқыл газының жиналуы адам баласының өміріне қауіпті. Біріншіден, ауа ластанады, екіншіден, табиғаттың тепе – теңдігі бұзылып, экологиялық проблемалар тудырады.Енді сол экологиялық проблемаларға тоқталайық. II. Күннен Жердің бетіне келетін сәулелер Жерді қыздырады. Артық энергия Жерден шағылысып, космостық кеңістікке инфрақызыл сәуле түрінде тарайды. Сөйтіп, жердің орташа температурасы тұрақты қалпында болады. Егер жану процесінен ауаға көп бөлінген көмірқышқыл газының әсерінен атмосфераның құрамындағы CO2 концентрациясы көбейетін болса, ол Күн сәулесінің инфрақызыл сәулелерін сіңіріп алып, оны космос кеңістігіне жібермей, Жерге қайтадан қайтарады. Сондықтан Жер қабатының температурасы артады да, "жылу эффектісі" деген құбылыс пайда болады. Ғалымдардың зерртеулері бойынша, егер жер бетіндегі отынның жану процесін 10 рет көбейетін болса, онда ол планетамызды өлім қауіпіне ұшыратады екен. Америкада осындай климаттың өзгерісі бола берсе, онда 100 жылда Америка территориясының 80% - н су басады. Міне, мұндай өзгерістердің болуы көмірқышқыл газының ерекше қасиеті - инфрақызыл сәулелерді сіңіріп алуына байланысты. Егер атмосферадағы CO2 концентрациясы көбейіп кетсе, Жердің бетін қуаңшылық басады Мысалы, сіздердің естеріңізде болар, 1991 жылы егін нашар шығып, көп жерлерде қуаңшылық болған. Оның салдары Кувейттегі мұнайдың өртенуінен атмосфераға шығарылатын әр түрлі газдардың әсерінен болады. III. Көмірқышқыл газын анықтауға есеп шығарамыз, содан соң демонстрациялық тәжірбие көрсетіледі. Есеп: 0,5 литрлік екі колбаның біреуіне көміртегі қос тотығын, екіншісіне ауа толтырылған. Екуі де термометрі бар тығынмен жабылған. Екі колбаны плитаның қасына бірдей қашықтыққа қояды. Осы екі колбаның қайсысы тез қызады? Жауабы: Ауасы бар колба тезірек қызуы керек. IV. Демонстрациялық тәжірибе. Көмірқышқыл газының инфрақызыл сәулелерін сіңіру қасиеті. Екі колба дайындап, екеуіне де газ толтырады. Аузын монометрмен тығындайды. Тәжірбиенің алдында монометрдің оң және сол жақ бөлігіндегі ертінділердің деңгейін кран арқылы теңестіреміз. Кранды жабамыз. Плитканы қосады да, монометрдің оң 90


жақ бөлегіндегі боялған судың көтерілу жылдамдығын байқайды. Сонда монометр ішіндегі қысымдар әр түрлі болғандықтан газдың температурасы да артады. Плитканы қосқасын бір минут уақыттан кейін көмірқышқыл газының тезірек қызғанын байқауға болады. Неге бұлай болады? Мүмкін есепте қате кеткен болар. Жоқ, қате кеткен жоқ. Себебі, көмірқышқыл газының тағы бір қасиеті: ол инфрақызыл сәулелерді өзіне сіңіріп алады. V. Енді осы қатер төндіретін көмірқышқыл газынан сақтанудың жолы бар ма деген сұрақ туады. Бұған ғыпымды Жер бетінде орманды, жасыл өсімдіктерді көбейту арқылы ғана қарсы түруға болатындығы дәлелденген. Төмен 5-кестеден көміртегі (IV) оксиді (CO2) құрамының тәуілік уақытына және биіктікке тәуелді өзгерісін көруге болады. 5-кесте Көміртегі (ІV) оксидінің тәулік уақытына және биіктікке тәуелді өзгерісі

Өсімдіктерде фотосинтез процесімен қатар органикалық заттардың тотығу процесі-тыныс алу процесі де жүреді. Бұл кезде көміртегі (lV) оксиді және басқада биохимиялық процестердіңжүруі үшін қажетті энергия бөлінеді. Кестеде көрсетілгендей, таңертеңгі уақытта фотосинтез процесі интенсивті жүреді де, CO2 құрамы төмендейді. Температураның артуы және ылғал құраының азаюы салдарынан тал түсте фотосинтез процесі бәсеңдейді, СO2 мөлшері артады. Әсіресе, оның құрамы түнге қарай арта түседі. Кестеде көрсетілген сандар ауадағы CO2 құрамы проценттің миллиондық үлесімен берілгенін көрсетеді. Оның концентрациясы биіктік бойынша әр түрлі. Жерге жақын ол көп болады, өйткені CO 2 топырақтың беткі бөлігінен органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде бөлінеді. 10 м-ге жуық биіктікте оның мөлшері күндіз проценттің 305 миллиондық үлесіне жуық болады. 1 га жасыл желек 200 адамды 1 сағат оттегімен қамтамасыз ете алады. Ормантоғай тек көмірқышқыл газын сіңіруші емес, ол-оттегін өндіруші де. Мысалы, 10 мың га жердің орманы тәулігіне 50-100 т дейін оттегін бөліп шығарады. Жасыл өсімдік алқабы өз бойына 86% шаң-тозаңды сіңіріп, 25% шамасында дыбысты бәсеңдетеді. Әрбәр ағаштың көмірқышқыл газын сіңіруі бірдей емес, оны төмендегі 6-кестеден көруге болады. 91


6-кесте Ағаш түрлерінің көмірқышқыл газын сіңіруі Ағаштың түрі Шырша Жапырақты орман Қайың Жөке ағашы Емен Қара терек

%-тік мөлшері 100% 120% 160% 150% 450% 700%

Бекіту: Атмосфераға қандай зиянды газдар бөлінеді? Көмірқышқыл газының атмосфераға әсері қандай? Көміртегінің айналымы қалай жүзеге асады? 4. Көміртегі қосылыстарына байленысты қандай экологиялық проблемалар туындайды? Зиянды газдардан тазарту шараларына не жатады? Уақыт қалса, сыныпта, болмаса, үйге есеп: 1-есеп. Машинаның карбюраторында 1 кг бензин жанғанда 800 г дейін иіс газы (СО) бөлінеді. 100 кг бензин жанғанда ауаға бөлінетін газдың массасы мен көлемін қ.ж. табыңдар. 2-есеп. Нигерияда нөсер кезінде жаңбыр суындағы сутегі ионының концентрациясы 0,001 моль/л жеткен. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар: а) жаңбыр суындағы сутегі ионының пайда болуын түсіндіріп, соған сәйкес реакция теңдеулерін жазыңыздар; ә) массасы 1 х 105т жаңбыр суындағы қышқыл массасын есептеңіздер; б) құрамында карбонаттық жыныстары бар жауын-шашын кезінде атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газы массасын анықтаңыздар. Шешуі : а) ауада электрлік разряд кезінде (найзағай ойнағанда) азот оксидтері, одан азот қышқылы түзіледі, бұл процестерді қысқаша төмендегідей теңдеулер арқылы өрнектеуге болады: эл. разряд N2+O2 → 2NO 2NO+O2 → 2NO2 4NO2+O2+2H2O→ 4HNO3 ә) түзілген қышқыл массасын есептейміз: mo → Vo → n(H+) → n(HNO3) → m(HNO3) 5 8 5 1x10 г 1х10 л 1х10 моль 6,3х106г 1х105моль С(Н+) 0,001 моль/л

92


б) карбонаттық жыныстарға қышқыл көмірқышқыл газы массасын есептейміз: n(HNO3) → n(CO2) → m(CO2) 5 5 1x10 моль 0,5х10 моль 2,2х106г

жаңбыр

әсер

еткенде

түзілетін

1х105моль-------------- → 0,5х105моль CaCO3+2HNO3 → Ca(NO3)2+H2O+CO2 Жауабы: m(HNO3)=6.3т; m(CO2)=2.2т. Бұл есепті шығару оқушыларға бұрын лабораторияда жасанды жүргізілген тәжірибелердің табиғи жағдайда қалай жүзеге асатынын түсінуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, табиғаттағы көміртегі қосылыстары қышқыл жаңбыр ретінде білінетін күкірт, азот қосылыстары арасындағы экологиялық байланыстарды түсінуге жәрдемдеседі. Көміртегі айналымын оқу барысында оқушыларда «инфрақызыл сәулелер», «жылу эффектісі», «көміртегі оксидтерінің ШШК-сы», «табиғаттағы көміртегі айналымының бұзылу себептері, оның қоршаған ортаға әсері» т.б. ұғымдар қалыптасты. Табиғаттағы биогенді элементтер айналымы тақырыбымен өткізілген қорытынды сабақ «аукцион» түрінде жүргізіледі. Оқушылардың химия, биология пәндеріне және экологияға деген қызығушылығын арттыру, қоршаған ортаны қорғауға, оны аялай білуге тәрбиелеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақ типі: сабақ-аукцион. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. 2. Ойын шартын түсіндіру. 3. Жүргізілу барысы. 4. Бағалау-жетондарды есептеу. 5. Қорытындылау. Ойынның шарты, «аукцион» деген сөздің мәні түсіндірілді. Биогенді элементтер айналымын оқып аяқтадық. «Ғыжайып алаң» ойынына арналған стол, 7 карточка орналастырылды. 1-карточка: «Су-тіршілік көзі» 2. «Оттегінің табиғаттағы айналымы. Озон қабаты, оның қазіргі жағдайы». 3. «Күкірт қосылыстарының табиғаттағы айналымы және оның экологиялық маңызы». 4. «Азот қосылыстары, оның айналымы». 5. «Фосфор айналымының мәні». 6. «Көміртегінің табиғи айналымы, оның қосылыстарының қоршаған ортаға әсері». 7. Музыкалық үрдіс. Оқушылырдың берген жауаптарына байланысты жетондар беріледі: қызыл жетон-5 ұпай көк жетон-4 ұпай сары жетон-3 ұпай Ең соңында жауап беріп, карточканы сатып алған оқушыға 2 ұпай қосылады. Қара жетон-1 ұпай шегеріледі. Бұл бірінің жауабын бірі қайтлаған уақытта беріледі.

93


1 – команда «Атмосфера» 2 – команда «Гидросфера» 3 – команда «Литосфера». Қоңырауға 5-7 минут қалғанда, музыкалық үрдіс жарияланады. Әділ қазылар мүшесі әр оқушының, жеке команданың ұпай сандарын есептеп, қорытындысын айтады. Биогенді элементтердің табиғаттағы айналымы оқушыларға таныс емес болғандықтан, негізінен, өтілген сабақтар жүйесі жаң сабақ түрінде болды. Жаңа материал болған соң көпшілік жағдйда мұғалімнің баяндауы арқылы түсіндіріледі. Сондай-ақ, әңгіме, әңгімелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, сөзкөрнекі-сарамандық әдістер қолданылды. Алдын ала берілген тапсырмалар бойыншаоқушылар хабарламалар дайындады, дәстүрлі емес сабақ түрлерінде әрбір маман иелері ретінде өз бетімен көп ізденіп, қызықтыматериалдар жинақтады. Әсіресе әрбір сабақ мазмұнына қарай оқушылардың өздері жасаған тәжірибелерге, экологиялық мазмұндағы есептер шығаруға баса назар аударылды. Оқушыларға экологиялық білім беру қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысына негізделеді. Осы байланысты заттардың құрылым деңгейі тұрғысынан қарастырып, әр ғылымның объектісі және олардың кірігуінің (интеграциялануының) шекараларын ашып көрсетудің мәні зор. Ғылымдағы кіріктіруден пайда болған салалар (биохимия, геохимия, физикалық химия, биогеохимия, т.б.) заттар және физикалық денелерде жүзеге асатын өзгерістердің заңдылықтарын ашады. Бұл ғылымдардың орта мектепте оқылатын негізінің мазмұнына жатады, экологиялық білім беруге педагогикалық мүмкіндік тудырады. Биогенді элементтер және олардың табиғаттағы айналымы пәнаралық негізде талданып, экологиялық рөлі туралы мәліметтер қамтылды. Бұл материалдар химия курсының мазмұнын және оны оқыту процесін экологияландыруға теориялық негіз болады. Табиғатқа саналы қатынас- адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға жататын жеке адам қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет қоғам мен табиғаттың өзара әрекетіне өзіндік талдау қабілетінде, табиғатты пайдалану міндеттерін шығармашылық ойлау арқылы шешуде көрінеді.

94


Негізгі экологиялық және биогеохимиялық экология ұғымдарының қысқаша сөздігі Абиотикалық факторлар - өлі табиғат факторлары (су, топырақ, ауа, температура т.б.) Азотты бактериялар (азотобактериялар) - ауадағы азотты байланыстыруға қабілетті аэробты бактериялар тобы. Аз қалдықты технология - ластағыш заттар мен қалдықтарды белгілі бір минимум деңгейге дейін қысқартуға әр алуан білім көздерін, әдіс-тәсілдерді және құралдарды пайдаланатын технология. Акклиматизация - ағзалардың өзгерген климаттық-географиялық жағдайына тіршілік етуге бейімделуі. Анаэробты бактериялар - тіршілік қызметі үшін оттекті қажет етпейтін микроорганизмдер. Антропогенді факторлар - айнала қоршаған ортаға тигізетін адамзат ісәрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Антропогенез - адамның шығу тегі, пайда болуы және дамуының тарихи процесі. Аэробиосфера - атмосфераның Жерге жақын (Жердің беткі бөлігінен 6-7 км жоғары), тірі ағзалар тіршілік ететін бөлігі. Аэрозоль - газды ортадағы қатты және сұйық заттардың жүзгін бөлшектері; сұйық бөлшектер- тұман, қатты бөлшектер- түтін. Биогенді элементтер - ағзалар құрамында тұрақты болатын және олардың тіршілік қызметіне қажетті химиялық элементтер. Биотикалық фактор - тірі табиғат (өсімдік, жануар, микроорганизмдер) факторлары (тірі ағзалар арасындағы байланыс, өзара әрекет). Биогеохимия - биосферадағы химиялық элементтер концентрациясы мен таралуы, миграциясы, айналымы, тау жыныстары мен минералдар бұзылуындағы тірі ағзалар ролін зерттейтін ғылым. Биогеохимиялық айналым - ғаламшар биосферасында жүріп жататын тірі және өлі табиғаттағы химиялық элементтердің сан алуан өзгерістері мен алмасуының заңды процесі. Биохимиялық заттар айналымы - химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта бірнеше алмасуы мен өзгеруінің заңды процесі. Биоценоз - бірігіп тіршілік ететін және бір-бірімен байланысты түрлер жиынтығы. Биогеоценоз - өзара байланысты ағзалардан (биоценоз) және оның абиотикалық ортасынан тұратын, сонымен бірге жердің беткі бөлігінің белгілі бір аймағын (биотоп) қамтитын табиғи жүйе. Биосфера - барлық тірі ағзалар (биотоп) жиынтығы және олардың мекен ету ортасынан тұратын Жер қабығы; тіршілік ететін қабық. Биотоп - бірыңғай абиотикалық жағдай және онда мекен ететін биоценоздан тұратын кеңістік. Геохимиялық айналым - Жер қыртысындағы химиялық элементтердің миграциясы процесі мен олардың биосферада таралуы. Генотип - ағзадағы гендер жиынтығы. Гидробиосфера - барлық гидросфера. Гомеостаз - табиғи жүйенің тепе-теңдік күйі.

95


Детрит - өлі органикалық заттар, ағзаның ыдырау және бөліп шығаратын өнімдері. “Жылу эффектісі” - атмосферадағы көмірқышқыл және басқа да газдар (метан, фторкөмірсутек, хлоркөмірсутек) жинақталуы нәтижесінде ғаламшарда климаттың біртіндеп жылыну құбылысы, ол күн сәулесін өткізе отырып, Жердің беткі бөлігінен инфрақызыл сәулелердің көтерілуіне кедергі келтіреді. Канцерогендер - зиянды жаңа түзілулердің дамуы немесе пайда болуына әкелетін заттар. Конденсация - буланған заттардың сұйыққа айналуы. Көміртегі айналымы - көміртегі (IV) оксидінің түзілу және жұмсалу процесі. Көміртегінің қазіргі айналымында органикалық заттардың жануы және өндіріс пен транспорттың өсуімен байланысты атмосферадағы көмірқышқыл газы құрамының біртіндеп артуы ерекше орын алады. Ғалымдардың есептеуінше, ғасырдың аяғына дейін оның концентрациясы 12-20% –ке артуы мүмкін. “Қышқыл жаңбырлар” - атмосфералық ылғалдылықта өндіріс қалдықтары (SO2; NO2; HCl және т.б.) еруінен жаңбырдың (немесе қардың) қышқылдануы (pH<5.6). Өз кезегінде қышқыл жаңбырлар су тоғандары мен топырақты қышқылдандырады, оның ақыры балықтар мен басқа да су ағзаларына қауіпті, орман ағаштары өсунің төмендеуіне, олардың кеуіп қалуына әкеледі. Қоршаған ортаны қорғау - Жер бетіндегі табиғи ресурстардыпайдалану, қайтадан өндіру және сақтауға бағытталған халықаралық, мемлекеттік, аймақтық, әкімшілік-шаруашылық, саяси және қоғамдық шаралар жүйесі. Ластағыш - шегі шектеулі мөлшерден артып кеткен жағдайда қоршаған ортаға түсіп, оның ластануын тудыратын кез келген зат, физикалық фактор немесе биологиялық түр. Ластағыш зат - адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиянды заттар. Негізгі ластағыш заттар: жүзгін заттар жиынтығы, күкірт (IV) оксиді, көміртек (II, IV) оксидтері, көмірсутектер, азот (IV) оксиді, қорғасын. Ластану - табиғи ортаға тән емес, химиялық, физикалық, биологиялық агенттердің еніп кетуі, пайда болуы және олардың өсуі. Литобиосфера - литосфераның жоғарғы қабаттарын қамтитын биосфера бөлігі.

96


Оқушылардың білім және білік деңгейлерін анықтауға арналған тест 1. Табиғат қорларына не жатады? 1. Ауа 2. Су 3. Қазба байлықтары 4. Жануарлар 5. Өсімдіктер 2. Озон қабаты қай аралықта орналасқан? 1. Ионосфера 2. Стратосфера 3. Тропосфера 4. Экзосфера 5.Биосфера 3. Атмосфераның ластану көздерін атаңыз? 1. Радиация лық заттар 2. Органикалық заттар 3. Космос корабльдері 4. Өнеркәсіптер 5. Автокөліктер 4. Автокөліктерден бөлінетін ең қауіпті газды атаңыз? 1. Фосфор 2. Метан 3. Пропан 4. Көміртегі (II) оксиді 5. Күкірт (IV) оксиді 5. Қазақстандағы ауа бассейні ең көп ластанған екі қаланы атаңыз? 1. Көкшетау 2. Алматы 3. Талдықорған 4. Лениногорск 5. Есік 6. Арал мен Балқаш проблемаларының туу себептері? (негізгі үшеуін атаңыз) 1. Табиғи факторлар 2. Ауыл шаруашылығы 3. Өнеркәсіп 4. Су қоймалары 5. Суды реттеу 7. Топырақтың табиғаттағы екі негізгі қызметін атаңыз? 1. Тыныс алу 2. Шіріту 3. Тіршілік ортасы 4. Зат алмасу 5. Фотосинтез 8. Топырақтың құнарсыздануының үш негізгі факторын атаңыз ? 1. Эрозия 2. Зат алмасу 97


3. Табиғи процестер 4. Шөлейттену 5. Деградация 9. Топырақтың егізгі ластану көздерін атаңыз ? 1. Пептицидтер 2. Гербицидтер 3. Тыңайтқыштар 4. Органикалық заттар 5. Ауыр металдар 10. Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» қай жылы шықты және оған өсімдіктің қанша түрі енген? 1. 1974 ж 63 түрі 2. 1978 ж 500 түрі 3. 1981 ж 306 түрі 4. 1986 ж 406 түрі 5. 1991 ж 600 түрі 11. Жануарлардың табиғаттағы негізгі 1. Тозаңдану түрін атаңыз. 2. Фотосинтез 3. Зат алмасу 4. Энергия алмасу 5. Биоценозды қалыптастыру 12. Табиғат қорғаудың қазіргі заманғы 1. Климаттың өзгеруі глобальды проблемаларын атаңыз. 2. Атом қаруын сынамау 3. Шикізат, азық-түлік 4. Орманды қорғау 5. Өзендерді қорғау 13. Су ресурстарының негізгі ластану 1. Мұнай өнімдері көздері ? 2. Өндіріс қалдықтары 3. Органикалық заттар 4. Химиялық заттар 5. Тірі ағзалар 14. Биогенді элементтерді көрсет. 1. Натрий, калий, кальций 2. Көміртек, күкірт, озот 3. Фтор, хлор, бром 4. Оттек, сутек, фосфор 5. Гелий, неон, аргон 15. Экологиялық мәдениет дегеніміз не? 1. Мінез-құлық нормалары ережелерін білу және сақтау негіздерін оқып-білу 2. Табиғат қорғаудың ғылыми 3. Ауа, су, топырақты қорғау 4. Табиғаттағы өзгерістерге баға беру 5. Табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты іс-әрекет түрлері (білімі, іскерлігі және дағдысы). 98


Аралық кезең сұрақтары І нұсқа 1. «Экономикалық жүйенің басты мақсаты адам үшін, қоғам үшін материалдық және рухани байлықтар жасау», - деп еліміздің қандай заңында жазылған? а) еңбек туралы заң ә) білім туралы заң б) қоршаған ортаны қорғау заңы в) азаматтардың құқығы туралы заң 2. Ауа құрамында кездесетін О2- ден басқа 78,08% құрайтын қандай газ? а) СО2 ә) инертті газ б) ақуыз в) N2 3. «Қышқыл жаңбыр» терминін 100 жыл бұрын алғаш рет қай ағылшын химигі енгізген? а) Смит ә) Арениус б) Гете в) Олеум 4. Өзен, теңіз және мұхит суларында еріген СО2 құрамы атмосфераға қарағанда шамамен неше есе көп? а) 80% ә) 70% б) 95% в) 60% 5. «Озон» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? а) ауа ә) иісті б) ультракүлгін сәуле в) парниктік газ 6. «Экологиялық жүйе» атауын 1935 жылы қай эколог енгізді? а) Геккель ә) Зюсс б) Тинсли в) Вернадский 7. Тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін жеке қасиеттерді қалай атайды? а) экологиялық фактор ә) экологиялық жүйе б) қоршаған орта в) экология

99


8. Су, топырақ, ауа, жер, судың тұздылығы қай факторға жатады? а) антропогенді ә) биотикалық б) адаптация в) абиотикалық 9. Табиғи обьектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфераның ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы қалай аталады? а) табиғат ресурстары ә) экожүйе б) экологиялық фактор в) қоршаған орта 10. Экологиялық білім беру мақсатына қарай неше сатыға бөлінеді? а) 3 ә) 5 б) 7 в) 2 11. Экогенді аурулар дегеніміз не? а) қолайсыз экологиялық аурулар тудыратын аурулар ә) ағзалардың бір-біріне әсер етуі б) экологияға байланысты емес в) химиялық заттардан байланысты 12. Экожүйелер деградациясы дегеніміз... а) топырақты тыңайту ә) табиғи себептердің немесе адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде экожүйе жағдайының нашарлауы б) экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін экологиялық компоненттер в) барлығы дұрыс 13. Сублимация дегеніміз не? а) жердегі судың алмасуы ә) жер асты суларының булануы б) қатты қыздырғанда сұйық күйге айналып булану в) қатты қыздырғанда сұйық күйге айналмай булануы 14. Ағзадағы зат алмасу процесі... а) миграция ә) планктон б) геохимялық айналым в) метабализм 15. Биоценоз дегеніміз не? а) тірі табиғат ә) бірігіп тіршілік ететін түрлер жиынтығы б) бір-бірімен байланысты түрлер жиынтығы в) ә; б жауаптары дұрыс 100


16. «Экологиялық жүйені» органикалық және бейорганикалық компоненттер жиынтығы деп қарастырған ағылшын экологы (1935 ж) а) А.Г. Тинсли ә) Ж.М. Данило б) Р. Хиггинс в) Н.Ф. Реймерс 17. Биотоп дегеніміз не? а) бірыңғай абиотикалық жағдай ә) бірыңғай биотикалық жағдай б) ластағыш зат в) күн сәулесінен келетін энергия 18. «Табиғатпен барлық сәйкессіздіктерге техника да, өндіріс те кінәлі емес, ол – біздің табиғат пен зат алмасуды үйлестірудегі қабілетсіздігіміз» кімнің пікірі? а) Г. Волков ә) А. Яковлев б) И. Зверев в) И. Харламов 19.Қандағы гемоглобиннің проценттік құрамын есептеңіздер.Оның қандағы оттектік сыйымдылығы 20 процентке тең екені белгілі (1 г гемоглобин 1,34 мл оттегін байланыстырады). а) 1,49; ә) 14,9; б) 15,1; в) 13,5. 20.Түйнек бактериялары 1 жыл бойына 1 га аудандағы массасы 400 килограмға дейінгі азотты байланыстыруы мүмкін.Осындай мөлшердегі азот түзілуі үшін аммиак селитрасының қандай массасын енгізу қажет? а) 1140 кг; ә) 1143 кг; б) 1145 кг; в) 1147 ІІ нұсқа 1. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасы қашан жарық көрді? а) 1999ж. ә) 1996ж. б) 1997ж. в) 1998ж. 2. Аз немесе көп тұйық сипаттағы табиғаттағы заттардың бірлескен және өзара байланысқан өзгерістері мен алмасуларының сан алуан қайталану процесі? а) фотосинтез ә) биогеоценоз б) зат айналым в) зат алмасу 101


3. Күкірт тотыққан кезде алдымен қандай реакция түзіледі? а) S + O2 = SO2 ә) S + O2 = 2SO б) 2S + 2O2 + 2H2O = 2H2SO3 в) 2S + 3O2 + 2 H2O = 2H2SO4 4. Ауадағы көмірқышқыл газының (%) мөлшері қандай? а) 0.01% ә) 0.05% б) 0.06% в) 0.03% 5. Қазақстан территориясында барлығы неше ядролық жарылыс болған? а) 569 ә) 498 б) 490 в) 500 6. Топырақты бейорганикалық заттармен толтыру және салмақ түсіру қауіпті екен деп айтқан академик- ғалымдар? а) В.И. Вавилов, В.С. Резников ә) В.И. Вернадский, К.Д. Карпеков б) В.В. Докучаев, В.Н. Сукачев в) К.С. Панфилов, А.В. Игорев 7. Органикалық және бейорганикалық компоненттер жиынтығы қалай аталады? а) экологиялық жүйе ә) экология б) тірі зат в) биосфера 8. «Су – сұйық, ағатын және жалпы еріткіш болғандықтан, дүниенің бастамасы» авторы кім? а) Платон ә) Гераклит б) Аристотель в) Фалес 9. Қазақстанның өсімдіктерге арналған “Қызыл кітабы” қай жылы шықты және оған өсімдіктің қанша түрі енген? а) 1974 ж 63 түрі; ә) 1978 ж 500 түрі; б) 1981 ж 306 түрі; в) 1986 ж 10.Террабиосфера дегеніміз не? а) литосфераның жоғарғы қабатын қамтитын биосфера бөлігі ә) құрлықтың беткі бөлігі және литобиосфераны қамтитын биосфера бөлігі б) гидросфераның төменгі бөлігі в) атмосфераның қабаттарының бірі 11. «Табиғаттың өмірі - үздіксіз даму» деп кім жазды? а) Герцен ә) Монтескье 102


б) Белинский в) Абай 12. «Қай кездері мен өз ғылымдарымды жек көре бастаймын» қай экологтың сөзі? а) Яковлев ә) Монтескье б) С. Орынбеков в) И.Д. Зверев 13. Фосфордың жалпы айналымы 2 бөлімнен ... тұрады а) теңіз және жер бетінен ә) табиғат және адам б) мұхит және тіршілік в) ағза және жасуша 14. Биогенді элементтерді көрсетіңіз? а) натрий,калий,кальций; ә) көміртек,күкірт,азот; б) фтор,хлор,бром; в) оттек,сутек,фосфор; г) гелий,неон,аргон. 15. «Оқушыларға экологиялық тәрбие беру» деп аталатын оқу құралының авторы кім? а) И. Білдебаева ә) А. Бегалиева б) Г. Орынбаева в) Е. Жамалбеков 16. Берілген өнімділік және өндіріске сәйкес шығарылатын өнім сапасы кезінде қоршаған ортаға кері әсердің минимум мәнінде кемуін ... деп атаймыз. а) қалдықсыз өндіріс ә) экологиялық тиімділік б) қалдықсыз технология термині в) экологиялық фактор 17. Фосфор миграция процесінде ... фазаны түзбейді. а) газды ә) сұйық б) булы в) тепе-теңдік 18. Қандай элемент органикалық пестицидтермен уланғанда ішкі мүшелер сондай-ақ нерв жүйесі бұзылады? а) фтор ә) сынап б) хлор в) фосфор 19.Көкөніс сақтайтын бөлмелерді үй саңырауқұлағы және әр түрлі насекомдардан дезинфекциялау үшін күкірт (ІV) тотығы пайдаланылады,ол массасы 1,6 г күкіртті 1м3 көлемде жаққан кезде көрінеді.20м3 бөлмені өңдеу үшін қанша күкірт жағу қажет? а) 23 г; ә) 32 г; б) 25 г; в) 52 г; 103


20.Марганец тұздарының қолдану дәнді дақылдарды қаракүйе ауруынан сақтандырады.Марганец сульфатын енгізу (1 га-ға 1 кг марганец) сұлының қатты қара күйемен бүлінуін 33 есе төмендетті.40 га топыраққа кристаллогидрат МnSO4 х 4Н2О түріндегі марганец сульфатының қандай массасын енгізу керек? а) 160 кг; ә) 162,2 кг; б) 170 кг; в) 170,2 кг. ІІІ нұсқа 1. “ Табиғаттың өмірі үздіксіз даму” деп кім жазды? а) Монтескье; ә) Герцен; б) Абай; в) Геккель;

г) Сократ.

2. 1866ж “Экология” терминін кім енгізді? а) Герцен; ә) Монтескье; б) Абай; в) Геккель;

г) Захлебный.

3. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында тұрған қосылыс? а) СО; ә) фосфор қосылыстары; б) NН3; в) СI2; г) СО2. 4. Заттар айналымы химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта бірнеше өзгеруі мен алмасуы қандай процесс? а) биохимиялық; ә) биогеохимиялық; б) геохимиялық; в) заттар айналымы; г) барлық жауап дұрыс. 5. “Жылу эффектісінің” пайда болу себебі қандай? а) көміртегі (ІІ) тотығының концентрациясының артуы; ә) көміртегі (ІV) тотығының концентрациясының артуы; б) ауаның ылғалдылығының өзгеруі; в) дұрыс жауап жоқ; г) күкіртті газ концентрациясының артуы. 6. Төмендегі аталған факторлардың қайсысы жасанды ластану көздеріне жатады? а) вулкандар; ә) автомобильдердің газдары; б) шаңды дауылдар; в) жер сілкіну; г) барлық аталған факторлар. 7. Ауа,химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе қалай аталады? а) литосфера; ә) гидросфера; б) атмосфера; в) биосфера; г) барлық аталған факторлар. 8. Химиялық экология дегеніміз не? а) ағзалардың қоршаған ортамен және олардың өзара химиялық әрекеттесулер туралы ғылым; ә) қоршаған орта туралы ғылым; б) анықтамасы жоқ; в) белгілі бір зертттеу обьектісі; г) өсімдіктермен жануарлар туралы ғылым. 9. Төмендегі факторлардың қайсысы жасанды ластану көздеріне жатады? а) вулкан; ә) жер сілкіну; б) автомобиль газдары,смог; в) шаңды дауылдар; г) барлық факторлар. 10. Атмосферада түтін және газ,химиялық қосындылардың қосындысы? а) бұлт; ә) смог (тұман); б) шаң-тозаң; в) өнеркәсіп қалдығы; г) парниктік эффект. 11. Радиоактивті заттарды анықтайтын аспап? а) роксо; ә) радиатор; б) радиация; в) Ромон; 104

г) дозиметр.


12. Бокль “Адамдардың өмірі мен тағдырын 4 нәрсе анықтайды”-дейді.Ол қандай нәрселер? а) Климат,азық,отын,топырақ; ә) Климат,топырақ,ауа,су; б) Климат, азық, топырақ, ландшафт; в) Азық,топырақ,ландшафт,су; г) Азық, климат, отын, ландшафт. 13. “Климаттың құдыреті барлық биліктен де күшті”-деп жазған кім? а) Эрнест; ә) Бокль; б) Монтеське; в) Абай; г) Белинский. 14. Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында неше үлгі қалыптасқан? а) 3; ә) 2; б) 4; в) 5; г) 6. 15. Тірі заттың негізгі биогеохимиялық қызметі болатыны туралы түсінік берген ғалым? а) П.И.Подласый; ә) В.И.Вернадский; б) Монтеське; в) И.В.Вавилов; г) Ю.В.Овчинников. 16. Н2S+О2═ 2Н2О+2S+127ккал теңдеуінде қандай процесс жүреді? а) энергия сіңіріледі; ә) энергия өзгермейді; б) энергия бөлінеді; в) дұрыс жауабы жоқ; г) энергия сіңіріліп,содан соң бөлінеді. 17. Омыртқалы жануарлар сүйектерінде жинақталған элемент? а) Nа; ә) Са; б) Р; в) Fе; г) К. 18. Ламинария балдырынан алынатын (зат)? а) йод; ә) бром; б) темір; в) Са;

г) Nа.

19. Ағзаның кальцийге тәуліктік қажеттілігі масса бойынша 0,7 г құрайды.Бұл қажеттілікті сүтті пайдалану нәтижесінде қанағаттандыруға болады.Сиыр сүтіндегі кальцийдің массалық үлесі 0,13%.Адам ағзасының кальцийге қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның тәуліктік рационына сүттің қандай массасын енгізу қажет? а) 530 г; ә) 538 г; б) 540 г; в) 405 г; г) 204 г. 20. Электр тогының 100 г су айрылғанда қанша грамм және қанша литр қ.ж. сутегі түзіледі,бұл кезде қанша грамм О2 алынуы мүмкін? а) 120 л Н2; 10 г Н2; 80 г О2; ә) 125 л Н2; 11,1 г Н2; 88,9 г О2; б) 120 л Н2; 12 г Н2; 90 г О2; в) 125 л Н2; 8 г Н2; 8 г О2; г) 120 л Н2; 15 г Н2; 70 г О2;

105


Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Данило Ж. Маркович. Социальная экология. – М.: Просвещение, 1991.-176 с. 2. Пантич Н. Природа ичеловек. Белград, 1984-182 с. 3. Белинский В.Г. Избранные философские сочинения. В 2-х томах. 2-том, -М., 1948. - 146 с. 4. Абай Құнанбаев. Қара сөз. Поэмалар. – Алматы: «Ел», 1993.-272 б. 5. Құдайбердіұлы Шәкәрім. «Үш анық». – Алматы:Қазақстан, 1991.-80 б. 6. История философии. В 4-х томах Под ред. М.А.Дынника и другие. – М.: Изд. АН СССР., 1957. Т.2.-711 с. 7. Гиренок Ф.И. Ускользающее бытие. – М., 1984. - 263 с. 8. Хиггинс Р. Седьмой враг. Человечески фактор в глобальном кризисе. Глобальные проблемы и общечеловеческие ценности. – М., 1990, 141 с. 9. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста. Ред. Колл.: А.Л. Яншин и др. – М.: Наука, 1988, 52 с. 10. Козиков И.А. Филосовские воззрения В.И. Вернадского. – М.: Изд. Московский университет, 1963. -178 с. 11. Вернадский В.И. Очерки и речи. Петроград: Научное химико-техническое изд., 2-том. 1922 г. 123 с. 12. Еренов А.Е. Мухитдинов Н.Б. Ильяшенко Л.В. Првовое обеспечение рационального природопользования.-Алматы: Наука, 1985. - 151 с. 13. Тамаганбетов И.Н. Мировоззренческие аспекты экологической проблемы. Дисс. Канд. Филисоф. Наук. Алматы. 1991. - 157 с. 14. Яковлев А. Когда развеялся туман. - М.: 1990. - 242 с. 15. Киселев Н. «Филисофия экологии и мировоззренческие сдвиги современности». //Филисофская и социологическая мысль, 1996, 1-2 c 30-487 16. Хиггинс Р. Глобальные проблемы и общечеловеческие ценноти. – М.7 1990.236 с. 17. Гурьевич С.П. Страх-молитва души. // Философские науки, 2,1992. - с. 89-100. 18. Зверев И.Д. Взаимная связь учебных предметов.-М.7 знание, 1977. - 115 с. 19. Нұғыманов И. Химиядан экологиялық білім берудің келелі мәселелері. //Биология және химия, 2. 1996. – 14-18 б. 20. Нұғыманов И., Орынбеков С. Экологиялық білім берудің педагогикалық негізі.// Қазақстан мектебі, 6, 1996. - 50-53 б. 21. Харламов И.Ф. Педагогика. - М.: Выишая школа, 1990. 576 с. 22. Зверев И. Д. Разработка проблем экологического образоыания и воспитания школьников. (Проблемы прородоохранного образованияоспитания.) Под ред. Г.В. Васильева, Н.С. Егорова. – М.: Наука, 1982.-232 с. 23. Кучер Т.В. Экологическое образования и воспитания в процессе обучения географии: Метод. Рекомендации. - М.: АПН СССР, 1985 - ч.1.-72 с. 24. Кучер Т.В. Экологическое образование учащихся в обучении географии.-М.: Просвещение, 1990.-70 с. 25. Захлебный А.Н. На экологической тропе.-М., Знание, 1986.-80 с. 26. Тудыкулов Э.А. Экалогическое образование и воспитание учащихся в процессе обучения физике: Книга для учителя. - М.: Просвещение, 1988. - 126 с. 27. Отношение школьников к природе. Под ред. И.Д.Зверева,-М.: Педагогика, 1988.-128 с. 28. Подласый И.П. Педагогика. - М.: Просвещение, 1996. -631 с.

106


29. Гальперин П.Я. К вопросу об иснтинктах у человека. // Вопросы психологии 1,1976. - с. 28-37. 30. Леонтьев А.Н. Избр. Психологические произведения: в 2-х т. Т.1. - М.: Педагогика,1983-391с. 31. Бекон Ф. Сочинение в 2-х т. Т.1. – М.: Мысль, 1977.-567 с. 32. Герасимова И.А. Природа живого и чувственный опыт. //Вопросы филисофии 8, 1997.-с. 123-134. 33. Выгодский Л.С. Педагогическая психология. – М.: Педагогика, 1991. -480 с. 34. Шоқыбаев Ж., Бегалиева Ж. Жалпы химия практикумы: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. - Алматы: Рауан, 1994.-123 б. 35. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.Алматы: Ғылым, 1998. - 320 с. 36. Гурьевич П.С., Столяров В.И. Мир философии: в 2-х частях. Ч.2. – М.: Политиздат, 1991.-624 с. 37. Есенов Ш.Е. және т.б. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. -624 б. 38. Авдонин А.Н. и др. Экологическое сознание: состояние и причины пассивности.// Социс, 1977.-с. 88-92. 39. Бейсенова А.С. От экологического ликбеза до подготовки специалистовэкологов.// Вестник высшей школы Казакстана. 1995. - с. 67-75. 40. Довыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Опыт творческого и экспериментального исследования. – М.: Педагогика, 1986. - 250 с. 41. Рубинштейн Ч.Л. Проблемы общей психологии. – М.: Педагогика, 1973.-416 с. 42. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. – Алматы: Қазақстан, 1980. -166 б. 43. Жарықбаев Қ.Б. Антология педагогических мысли казакского народа. Алматы: 1994.-224 с. 44. Шайхеслямова Қ.О. Болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім беруге әзірлеу әдістемесі. Пед. ғыл. канд..... дис. Автореф., - Алматы, 1997. - 26 б. 45. Нұғыманов И.Н., Именғалиева Б.С. // Пәнаралық байланыс арқылы биогеохимиялық ұғымдар қалыптастырудың теорилық негізі. Халықаралық ғылымипрактикалық конф. мат., - Алматы, 1998.-157-161 б. 46. Куратова Е.В., Сорокин В.В. Понятиный аппарат химической экологии. //Химия в школе, 1995.-19-25 с. 47. Реймерс Н.Ф. Охрана природы и окружающей человека среды. – М.: Прогресс, 1992.-320 с. 48. Реймерс Н.Ф. Популярный биологический словарь. – М.: Наука, 1991.-544 с. 49. Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. – М.: Знание, 1988. -96 с. 50. Нұғыманов И.Н., Иманғалиева Б.С. //Орта мектептерде химия-экологиялық түсініктерді қалыптастыру негіздері. ХХVIII оқу-әдістемелік конф. мат., - Алматы, 1998.-162-167 б. 51. Вернадский В.Н. Проблемы биогеохимии. –М.: Наука, 1980.-320 с. 52. Войткевич Г.В., Вронский В.А. Основы учения о биосфере.-М.: Просвещение, 1989.-160 с. 53. Вернадский В.И. Химические очерки.-М- Л:1940.-250 с. 54. Вернадский В.И. Ход жизни в биосфере. //Природа, 10-12, 1925. –с. 25-38. 55. Вернадский В.И. Химические элементы и миханизм земной коры. // Природа, 3-5, 1922.-с. 31-48. 56. Вернадский В.И. Избранные произведение. Т.5. – М: Изд-во. АН СССР, 1962. 422 с. 107


57. Казначеев В.П. Учение В.И. Вернадского о биосфере и ноосфере. – Новосебирск: Наука, 1989-245 с. 58. Жатқанбаев Ж.Ж. Биосфера. - Алматы: Қазақстан, 1981. -176 б. 59. Жатқанбаев Ж.Ж. Фотосинтез құпиялары. – Алматы: Қазақстан, 1987-112 б. 60. Биологический энцеклопедический словарь. Гл. ред. М.С. Гиляров.-М.: Сов. Энциклопедия, 1986-831 с. 61. Николаев Л.А. Тіршілік химиясы. – Алматы.: Мектеп, 1979-240 с. 62. Мырзабаев А. Элементтер –химия негізі. – Алматы.: Рауан,1990-197 б. 63. Бандман А.Л. и др. Вредные химические вещества. Неорг. соед.элементов. VVIII групп. –Л.:Химия, 1989-592 с. 64. Бандман А.Л. и др. Вредные химические вещества. Неорг. соед. элементов. I-IV групп.-Л.: Химия 1988-512 с. 65. Омаров Т.Т., Гурьевская Т.С., Султанбаев Б.М., Губашев А.Ш. Решение практических задач неорганической химии. – Усть-Каменогорск: ВКГУ, 1999.-120 с. 66. Вернадский В.И. Биосфера. - М.: Мысль, 1967-375 с. 67. Сыбанбеков Қ.Ж. Биология ғажайыптары. – Алматы.: Қайнар,1993- 240 б. 68. Моисеев Н. Человек и ноосфера. - М.: Молодая гвардия, 1990-352 с. 69. Будыко М.И. Глобальная экология. - М.: Мысль ,1977-327 с. 70. Вернадский В.И. Химические строение биосферы Земли и ее окружения.-М.: Наука, 1965-373 с. 71. Бондаренко В.Д. Культура общения с природой. –М.:Агропромиздат, 1987174 с. 72. Маркс К.,Энгельс Ф. Избраные соченения. - В 9 томах. Том 5.-М.: Политиздат, 1986 -779 с. 73. Марковичь Д.Ж. Социальные экологии. – М.: Просвещение, 1991-223 с. 74. Новиков Ю.В. Природа и человек. – М.: Просвещение , 1991-223 с. 75. Путилов А.В. и др. Охрана окружающей среды. - М.: Химия ,1991-224 с. 76. Кадацкий В.Б. Биосфера как система. – Минск: Беларуская наука, 1977.- 151 с. 77. Информационный экологический бюллетень. Итоговый Выпуск, 1997, 1998 г.Алматы: 1998, 1999гг.-185 с. 78. Часников И.Я. Эхо ядерных взрывов. – Алматы: Принт, 1996.-98 с. 79. Емельяненков А., Попов В. Атом без грифа секретно: Точки зрения. – МоскваБерлин: 1992. 80. Булатов В. 200 ядерных полигонов СССР. - Новосибирск: 1993. - 177 с. 81. Антонова В.И. // Гигиена и санитария. 1981.- с. 72-73. 82. Тиунов Л.А. и др. Редакция и яды. –М: Атомиздат, 1977. - 144 с. 83. Tsunogai S., Tanaka N.// Geochems. 1980.Vol. 14, P.227 - 234. 84. Борычев М.И. Спецодежда для рабочих преприятий угольной промышленности. – М.: 1963. - 91 с. 85. Ridder W., Ochme F.// Clin. Toksicol. 1974. P. 145-149. 86. Рабинович А.А. // Гидрохимические материалы . –Л.: 1983. Т. 90.с . 24-27; Там же. –Л.: 1984. 91.с. 8-13. 87. Пастухов Б.В. // Мониторинг фоногого загрязнение природных сред. Вып. 1. – Л.: 1982-с.83-95. 88. Израэль Ю.А. и др. Кислотные дождь – Л.: 1983-208 с. 89. Almer B. Et al// Sulfur in the Envirom-ment. N. Y. etc. 1978 Part 2. P. 271 - 311. 90. Спарджен Р. Экология. –М.:Росмэн, 1997 - 48 с. 91. Гмошински В.Г. Инженерная экология- М.: Знания , 1977, 64с . 92. Қорқыт ата кітабы. Аударған Б. Ысқақов. – Алматы: Жазушы, 1989. - 560 б. 108


93. Жұмабаев М. Шығармалар. 3-томдық. 2,3-т. – Алматы: Білім, 1996. -512 б. 94. Иманғалиева Б.С. Табиғатты аялау мәдениеті // Қазақстан мектебі, 9, 1998. -5052 б. 95. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасы (ҮЭБ және ТБҰБ). Құрастырушылар Көшербаев К., Бейсенбаев Ә.С., Қасымов И.Н., Нұғыманов И.Н., Телетаев Т., Сармузина А.Г., Муханов В., Бигалиев А.Б., Іргебаева Н., Шілдебаев Ж. және т.б. - Алматы: 1998. 96. Аймаутов Ж. Шығармалары. – Алматы: - Жазушы 1989-560 б. 97. Бисенова А.С. Задачи экологического образования и воспитания в свете решения о перестройке высшей школы.-Сб.Экологическое образование и воспитание в Казакстане. КазГНУ им. Абая-Алматы: 1991. - 63 с. 98. Бисенова Ә.С. , Шілдебаев Ж.Б. Университеттермен жоғары оқу орындарының бағдарламасы. 38 жинақ. (12 типтік бағдарлама) т.б. – Алматы. 1997. - 74 б. 99. «ҚазМУ хабаршысы». Экология сериясы. 4. - Алматы: Қазақ университеті, 1998. - 195 б. 100. Бисенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Лицей, колледж және биология мен географияны тереңдетіп оқытатын мектептерге арналған экология пәнінің бағдарламасы - Алматы. 1995. - 70 б. 101. Чернова Н.М. и др. Основы экологии – М.: Дрофа 1995. - 165 с. 102. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б. Экология негіздері - Алматы: 1998.-77 б; Экология.-Алматы:1999-105 б. 103. Гуриков Д.Е. Экология-наука для всех. – Алматы: Кайнар, 1990-216 с. 104. Мұхитдинов Н.М. Геобатаника негіздері. – Алматы: Респуб. баспа кабинеті, 1992-194 б. 105. Сәтінбеков Р. Табиғат қорғау – Алматы: Рауан , 1992-96 б. 106. Орынбаева Г.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.-Алматы: Рауан 199348 б. 107. Биғалиев А.және т.б. Қазақстан топырағы және оның экологиясы - Алматы: Санат, 1995-128 б. 108. Сықақов А., Есмұрзаев Ш., Шайқақов Ж., Елеува Қ. Экологиялық терминдердің орысша – қазақша түсіндірмелі сөздігі. –Алматы: Анатілі, 1996-112 б. 109. Сакинбаев Г.К. Экология и экономика – Алматы - Қаржы – Қаражат. 1997144 б. 110. Мамыш М.М. Топырақ және өсімдік экологиясы - Алматы:Комплекс, 1997186 б. 111. Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущего учителя начальных классов. –Алматы: Ғылым 1997-152 с. 112. Иманғалиева Б.С. Аймақтың экологиялық жағдайына баға беру. Әдістемелік оқу құралы. - Ақтөбе 1997-40 б. 113. Экология: 5-сынып. (Бағдарлама және әдістемелік нұсқалар) Құрастыпған: Бейсеева Г., Қозыбаева Ф., Қазыханова Б.-Алматы, 1998 -28 б. 114. Экология және табиғат қорғау 6-8 сынып. Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар. (Құрастырған Бейсеева Г., Қозабаева Ф., Қазыханова Б.) –Алматы 199845 б. 115. Адам экологиясы: 9-сынып. Бағдарлама және әдістемелік нұсқалар. (Құрастырған Бейсеева Г., Қозыбаева Ф., Қазыханова Б.) – Алматы 1998-21 б. 116. Белый А.В. Основы экологии и прородопользования. Курс лекции – Алматы: Высшая Школа Бизнеса и Право, 1999-115 с.

109


117. Каропа Б.Н. Экологическое образование и воспитание учащихся 5-8 классов сельских школ. (На материале предметах естественно-научного цикла) Дисс. канд. пед. наук. 1990-174 с. 118. Бейсенова А.С. Исследования природы Казакстана. – Алматы: Казакстан 1979-244 с. 119. Сарыбеков М.Н. Психологические основы экологической подготовки будущех учителей. // Высшая школа Казакстана 3, 1999.51 - 57 с. 120. Зверев И.Д., Суравегина И.Т. Отношение школьников к природе. 121. Захлебный А.Н. Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе (Пособие для учителей) - М.: Просвещение, 1984-164 с. Педагогика, 1988-127 с. 122. Культураев Б. Педагагические основы экологического воспитания сельских школ (на материале курса химии) Дисс. канд. пед наук, 1990-174 с. 123. Турдыкулов Э.А. Экологическое образование и воспитание учащихся в процессе изучения естественнонаучных дисциплин. –Ташкент: Укитувчи, 1991-190 с. 124. Мусабеков С.О. О связи обучение химии с биологией и производительным сельскохозяйственым трудом учащихся в казахской школе –Алматы.1996-262 с. 125. Нұғыманов И.Н. Химияны оқыту әдістемесі –Рауан 1993-320 б. 126. Назаренко В.М. Интегрированный курс экологии //Химия в школе 5, 199143 с. 127. Назаренко Н., Лучинина Н.В. Школьный химически экспериминт в экологическом образовании //Химия в школе 6, 1993-47 с. 128. Назаренко В.Н. Контралирующие задания с экологическим содержанием.//Химия в школе 1, 1993.-с. 48-56. 129. Выготдскии Л.С. Собрание соченении: В 6-ти Т. – М.: Педагогика - 19821984-6 т. - 450 с. 130. Харламов И.Ф. Теория нравственного воспитания: История и современность. Проблематика и основные педагогические идеи. – Минск.: Изд. БГУ, 1972. - 364 с. 131. Кузнецова Н.Е. Формирование систем понятии при обучении химии.- М.: Просвещение 1989, 144 с. 132. Иманғалиева Б.С., Жалашова Г. Кіріктіре оқыту / /Биология, география және химия, 2, 1998-57-60 б. 133. Иманғалиева Б. Экологиялық апталық // Қазақстан мектебі 1, 1998 ,59-68 б. 134. Иманғалиева Б. Экологиялық ұғымдарды қалыптастырудағы іскерлік ойындардың мәні / /Ізденіс 4,1998. 91-96 б. 135. Безуглова О.С., Орлов Д.С. Биогеохимия. – Ростов н/Д: «Феникс», 2000-320 с.

110


Мазмұны Алғы сөз ............................................................................................................ 3 Экологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері ..........................

5

Заттардың биогеохимиялық айнылымы – табиғатты зерттейтін ғылымдар байланысынан туындайтын негізгі ұғым .................................... 15 Қазіргі кездегі экологиялық жағдайларға байланысты табиғаттағы зат айналымының өзгерістері ...............................................................................

29

Экологиялық білім берудің қазіргі кездегі жайы .........................................

43

Химияны оқытуда пәнаралық негізде биогенді элементтер жөніне берілетін ұғымдар жүйесі ...............................................................................

51

Пәнаралық мазмұны бар сабақтарда биогеохимиялық экология ұғымдары жүйесін қалыптастыру .................................................................. 66 Негізгі экологиялық және биогеохимиялық экология ұғымдарының қысқаша сөздігі ................................................................................................

95

Оқушылардың білім және білік деңгейлерін анықтауға арналған тест .....

97

Аралық кезең сұрақтары .................................................................................

99

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 106

111


Б.С. Иманғалиева Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту Оқу құралы Тапсырыс № 268 Таралымы 100 дана Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Редакциялық-баспа бөлімі (Ақтөбе қ., Ағ.Жұбановтар к-сі, 263)

112

Б.C.Иманғалиева Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту  

Биогеохимиялық экология ұғымдарын оқыту: Оқу құралы (Өңделіп, толықтырылған екінші басылым). - Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлектті...

Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you