TTSG

Page 92

Қазақ тіліндегі көмектес септік мәнінің берілу жолдары қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі болып келеді. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: 1. -мен (-пен) т. б. -бен (-бенен), -мен. 2. -ла, -ло. 3. -ба, -па, -ма. 4. -была, -пыла, -мыла. 5. -пала -палан. 6. -бан, ман, -нан. 7. -дан, -тан, -нан, -бынаң, -мынаң. 8. -дан, -нан. Бірлікті, құралдықты білдірудің тәсілі болып табылатын бұл қосымшалар қазіргі өзбек тілінде, басқа тілдерде айтылатын білэ (білән, бірлән) шылау сөзінің әр түрлі өзгерістері нәтижесінде қалыптасқан. Дегенмен, шылаудың жалғауға айналу процесі бірыңғай болмаған. Сондықтан ол әр тілде әр түрлі көрініске ие болған. Келтіріліп отырған тізімнің бірінші тобы тек қазақ тілінде, содан соң өзбек тілінің қыпшақ диалектісінде ғана айтылады. Екінші топ алтай, түрік тілдерінде, хакас тілінің қызыл, бөлтір диалектісінде, үшінші топ шор, қарайым, чуваш тілдерінде қолданылады. Төртінші топ шор тілінде, хакас тілінің қызыл, бөлтір, сағай диалектілерінде, бесінші топ тек қана чуваш тілінде кездеседі. Алтыншы топ хакас тілінің жоғарыда аталған қызыл, бөлтір, сағай диалектілерінде, жетінші топ качан диалектісінде, сегізінші топ оғыз тілдерінде айтылады. Сонымен, таралу аумағы жағынан негізгілері (жеке халық тіліне тән болып келетіндері) деп мыналарды бөліп айту керек: -мен, -ла, -ба, -пал, -лан. Қалғандары бүтін халық тілі емес, оның жеке диалектілік ерекшеліктері. Хакас тілінде көмектес мәнін беретін қосымшалар көп және олардың әрқайсысы әр түрлі диалектілік топтардың керінісі, мұндай көп түрлілік халық тілінің бірнеше диалектілік топтан қүралуынын нәтижесі. СоНымен, көмектес мәнін беретін қосымшалардың қазіргі түркі тілдерінде сөз құрамында көріністері мына тәрізді: алтай: малтала (балтала), атла (атпен), гагауз: авшамнан (ақшамнан), (кешкілік), қарайым: атба (атпен), ілбе (итпен), хакас: атнан (атпен) холынан (қолымен), азахнан (аяқпен), хакас — қызыл: ағачла (ағашпен), хакас-кошы: атпынан, аттан (атпен), чуваш: пулаба (балықпен), манба (менімен), санба (сенімен), пычақпыла (пышақпен), лажабала (атпен) т. б. Түркі тілдерінің көне дәуірінде қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік мәні екі тәсіл арқылы берілген. Біргелік мән бірле (оның өзі де құралдық мән) -ны аффиксі арқылы берілген. Шылау сөздің өзгерістері нәтижесінде бірсыпыра түркі тілдерінде қалыптасқан тұлғалар — осы айтылғандар. Алайда, мына жайды ескерту мақұл: қазақ 91


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.