Sapargali Begalin-Angimeler

Page 1

Сапарғали Бегалин ЖЫЛҚЫШЫ Мұқаш пен Ысқақ екеуі де майданға аттанды. Олардың қысы, жазы бағып өсірген әрі жүйрік, әрі күшті тұкымды «Танат» колхозының жылқысы — жас жылқышылардың қолында калды. Колхоз бастығы Исатайдын жаз шыққалы жылқыны көргелі келгені осы. Исатай егіс шаруасы жайланып көңілі орнықса, әдейі келіп жылқыны аралайтын. Кейде күнімен жылқы ішінде болып, дем алатын. Қар кеткелі Исатайдың жылқыға келгені бүгін еді. Ол алдымен көк айғырдың үйіріне келіп, оның сұлу мүшелі дөнен, бестілерін, саңлақты сақа биелерін көріп, аттан түсіп біраз отырды. Бірақ осы жылқынын іші Исатайға онша қызықты емес тәрізді. Әлденені қо ңылтақсығандай, самарқау ойда. Оған мұндай ой салған осы жылқыны жаз ыстыққа күйіп, қыс аязға тонып бағып өсірген інілері жоқ. Олар сонау жаумен алысып қан майданда жүр. Тұңғыш ұлы Тұрсын, оны да кеше әскер қатарына аттандырды. Ауылдағы шаруадан оңашаланып ен далаға шыққанда оны осы ойлар әлденеше қиырға жетектеді. Танат тауының көкбурыл саласы, бұрқырап аққан кар суының мөлдір бұлақтары да оның көңілін сергітпейді. Жалғыз-ақ онын ойын бөліп, көнілін сергіткен бір нәрсе көк айғырдын малдан бөлек, ерекше, бір кылығы болды. Исатай жылқы ішіне келгенде көк айғыр үйірінін шетінде жүре жайылып, кісінеп жүр еді. бір мезгілде арқырап, Танат тауын бауырлап жорта жөнелді. Қайыра-қайыра кісінеп алды да, жоқ болып кетті. Исатай таң-тамаша қалды. Ол көк айғырдың көп сырын білетін, әсіресе үйірінен мінілген бір тайын іздеп, әлденеше күн арқырап іздеумен болатын. Ондай кезде көк айғыр жылқының барлық өрісін шолып шығатын. Көк айғыр екі биені жетектеген кісіге бірсыпыра жерге шейің еріп барып, үйіріне қайтып келген-ді. Өйткені түнде құлындаған көк биенің құлыны әлі ширамаған болатын. Көк айғырдың ұзамағаны да осыдан болғанды, Көк айғыр жаңа туған құлын ширағанша, одан ұзамайтын. Жылқыға кісі келгенін байқап, көк айғыр тағы сол биелерді іздеп жөнелді. Көк айғырдыц бұл кетісі Исатайға бір ой салды. Мал жайын сөз еткенде Ысқақ көк айғырдың кейбір осындай мінезін айтып мақтайтын. Онда Исатай өз інісіне: «Қой, беталды бөспе, ол кісі деймісің!»—деп тоқтатып тастайтын. Шынында ол көк айғырдың кейбір есті мінезін сенімсіз көретін.


Ал мына мінезі Ысқақтың айтатын қасиетіне айғақтай, өз көзімен көрді. Кенет ол: «Ал осы жылқыны кім бағады? Ауылдың бәрі Мұқаш пен Ысқаққа сеніп жылқының маңына бармайтын»,—-деп ойлады. Артынан келіп сәлем берген Ғабдылды Исатай байқамай да қалды. - Аман ба, карағым? Оқудан кашан келдің? Мына кер құнанды қашан міндің? — деп, Исатай Ақбұлақ мектебіндегі Ғабдылдың ойда жоқта келгеніне таңырқағандай болды. - Ата, мен оқудан көктем каникулына босанып келгем. Кер құнанды Жексембі атамнан сұрап міндім. Апам жас құлыны, туатын биесі бар жылқының ішінде кісі жоқ шығар, окуыңа қайтқанша күндіз жылқыда бол деп жіберді. Сіздің мұнда жүргеніңізді білгенім жоқ,—деп жауап берді. Әкесі Мұқаштың майданға кеткенін, оның орнына жылқыға белсеніп шыға қояр ер азаматының бәрі де соқада және басқа жұмыста жүретінін түсінген Ғабдылға Исатай ішінен қуанды. Оны үғындырып, малға жіберіп отырған Ғайни келініне де өте риза болды. Ғабдылды сынағысы келіп: — Жылқыда жалғыз жүргенде корықпайсың ба? Танаттың касқыры қатты ғой, өзің білесің,— деді Исатай. Ал анау Бөрілісайда қасқырдың ұясы бар, биелер әлі құлындап болған жоқ. Ол сайға күшіктеген қасқыр алысқа ұзамайды, осы жылқыны ториды,— деп Исатай жылқының шетін қайыра, аяңдап келеді. Исекеңнін бедеу көк биесінің аяңына бүлкілдеп желіп ерген Ғабдыл: — Ата, мен қасқырдан қорықпаймын. Көк айғыр қасқырды өзі де жылқыға жолатпайды және Саябай бар, Ысқақ ағам бар, былтыр қасқырдың бөлтірігін соққанда көргем. Бөлтіріктердің енесі тап Шағыр атамның көк қаншығы сияқты екен. Саябай көк бестімен жетіп қайырып келгенінде, Борлықақтың қамысына кіріп қана құтылып кеткен,— деп қасқырға бойы үйренгенін айтып біраз әңгімеледі. Ғабдыл биыл ғана он төртке шыққанмен, жылқыға үйір, атқа берік болатын. Ол өткен жазда да күндіз бойдақ жылқыны бағып, кейде жылқышыға қосылып түнгі күзетке де барғанды... Жаңа шыққан соқашылардың жүмысын көре кетуге Исатай Танат сыртына асты. Исатайдың алдынан жүре шалып, кісінеп қойып жылқыға қайтып келе жаткан көк айғыр кездесті. «Жылқы өсерде айғыр үйірсек, ел өсерде жігіт ұйымшыл»,— деген қазақтың мақалын еске алып, көк айғырға бұрынғыдан да риза боп келеді. Танат тауының ең биігі Зорбас шоқысы асқақтап ұшар басын аспандата, Исатайдың көз алдынан көлденеңдей берді. Көптен басына шықпаған Исатай қызықты білем, көк биенің басын Зорбастың қиясына қарай бұрып, қырқалай аяңдайды. Сырттың жоталанған тау--салалы қоныстары бірінен соң бірі тізіліп, сүйкімді көрінеді. Алдымен бұлдырап шыға келген Мейзек биігі, Тұлпардың шоқысы, Сегізауыз, Көкшетаү,


айнадай жарқыраған Борлықақ, түймедей қылтиып көрінген Түлкібас, Көксеңгір, алыстан бұлдырап көрінген Шұбар айғыр, Жорғадан бергі балапан таулар бірінен соң бірі Исатайдың көз алдына өмірден өткен талай тарихты тізіп әкеледі. Исатай жайлаудың жалпақ алабын көзімен тегіс шолып өтті, Оның көз алдынан Борлықақтың айдынына шомылып, қамысынан қоға тартқан, балапан қуып, балық сүзген күндері, жайлау бәйгілерінің карақшысы болған анау Мейзек, құнанға мініп сан бәйгеге шапқаны, онан жігіт болған кезде, мына тұрған Көксеңгірдің ба-уырындағы бір тойда балтыры жарқырап балуанға түскені тегіс тізіліп өтіп жатыр. Өмір шіркін қандай өзгергіш. Оның өзі ортақ бір сыр, өңі тотықпаған жап-жаңа күйінде есіне түсті. Ол сырдың желісін ұстап жатқан анау Елікбай қағы... Ол қақ Исатайға биыл көп жылдан бері суды көп ұстаған жылы болып көрінді. Өйткені су аз жылда ол үш бөлініп калатын, ал биыл бәрі- тұтасып, айдын көл болыпты. Ол кақ көктемде суды мол ұстаса, шалғыны қалың, шөбі шүйгін болады. Әсіресе жылқыға өте қызықты жайлау. Мал қамын өте ерте ойлап, қонысты күні бұрын сайлайтын Исатай жылқы фермасын май айынан бастап-ақ Елікбайға көшіруді есіне алды. Исатай Зорбасқа текке шыккан жоқ. Ол қоныс бақылау оймен шығып еді. Енді жылқының жазғы жайлауын осы арада белгілеп қойды. Жылқының ішінде құнанын шалдыра аралап жүрген Ғабдыл арқырап шыға келген көк айғырды көргенде қуанып кетті. Ол қашан болсын жылқыға келгенде көк айғырды, соның үйірін ыстық көріп көбірек аралайтын. Әсіресе көк айғырдың жерге тиген ұзын қалың жалын, нардың өркешіндей биік шоқтығын, ұялы қалың құйрығын тамаша көретін. Ол көк айғырдың есті мінездерін әкесі Мұқаш әңгіме етіп айтқанда, тек әншейін бір мал деп ұғудан гөрі тіл үйретілген цирк аттарының түрінде түсінетін. Сондықтан да ол жылкы ішінде көк айғыр барда қорықпай, мықты серіктің қасындамын деп білуші еді. Қыстан алатаң болып шыққан құр айғыр, ескі түгін тастап, кұндыздай құлпырған еді. Оның үстіне үйірге түскен соң, камшыдай катып, жұмырланып алған екен Көк айғырдың бүгінгі сыйпаты Ғабдылды онан сайын қызықтырды. Ол көк айғырдың қәзіргі түрін өзі оқыған кітаптарда суретін көретін арыстанға ұксатты. Көк айғыр жылқыға келе өзінің калың үйірін иіре қайтарып, жинап алды. Жаңада құлындаған жүйрік кер бие шуақтап жатқан құлыннан ұзай алмай жылқыдан кейіндеу тұр еді, көк айғыр оны айдап келді. Оның кішкене каратөбел кұлыны енесінің алды-артын орап шапқылап, жүйткіп-жүйткіп алады. Қыстай сабақта іші пыскан Ғабдыл малдың кызығына алданып, күннің батуға барғанын да сезбей қалды. Ол кер құнанды жылқыға жіберіп, Жексембі атасы айтқан күзеттің құла айғырын ұстап мінбек еді.


Бірақ үйірге түсіп желігіп жүрген жарау айғыр балаға ұстата коймады. Шүу дегенде жымқыра келіп құрық салып жібермеген соң, бала екенін сезіп, құла айғыр басынып манайлатпады. Айғырды ұстаймын деп Ғабдыл күнді батырды. Ымырт жабылып, қас қарая бастады. Жылқы мен ауыл арасы бірсыпыра жер. Исатай қайтып барма-са, ауылда жылқышы міне қояр ат та жоқ. Батыс жақтан көтерілген қою қара бұлт ұлғайып, калыңдап келеді. Анда-санда жаркылдап, алыстан күннің күркіреген даусы да естіледі. Ғабдыл жылқыны тастап үйге қайтпақ еді,бірақ жыл-қының күн батканда иесіз қалуын ұнатпады. Оның үстіне құрық көтерсе, тұра калатын құла айғырды ұстап міне алмағанын өзіне үлкен мін көрді. Бұдан бұрын түнде жылқы күзетіне жалғыз барып көрмеген корқыныш тағы қабаттайды. Нажағай ойнап жарқылдаған қара -бұлт жақындаған сайын қысылады. Жылқыға алданып жүріп, қарны ашқанын да білмеді... Алыстан үнірейіп, Бөрілісай да күшіктеген аш қасқырларын кеш бата жортуылға өргізіп жатқан сияқтанды. Айбынды айғыр, қызықты құлын, сүйікті жылқының бәрі оған қәзір қатер құшағына кіргендей болып көрінеді. Ол жылқынын шеттеп жайылғандарын иіре, көк айғырдың үйіріне қарай кайырады. Ширамаған жас кұлындарыныц жайына қарай үйірін топтап, түнгі күзетіне әзірлегендей, көк айғыр да жылқының жел жағын ала жайылады. Ауыл жақтан ат дүбірін, қараңдаған кісіні күткен Ғабдыл жалығуға да айналды. Кешеден ер алынбаған кер құнанға да жаны ашып барады. «Көк жалап қара тіл болмаған қараөзек шақта құнанды әлі жібермей мүнша неге ашықтырдың?» деп Жексембі атасы ұрысса не дейді?.. Бұлт бұрынғыдан да тұнжырап, жел екпіні үдей түсті. Нажағайдың жарқылы да жиіленіп, Танат тауын бүркей берді. Оның үстіне жүрдек кер айғырдың үйірі желге беттей бірмұрттап Бөрілісайға қарай тартып барады. Ғабдыл жылқыны бытыратып алудан корқып, ұзанқыраған кер айғырдың үйірін барып қайырды. Бірақ оның елегізген құлағына желдін суылынан аш қасқырдың ұлыған шуылы естілгендей болады. Көзіне былтырғы өзі көрген желіні салақтаған күшікті қасқыр елестейді. Әсіресе Бөрілісайдан сескенеді. Жылқыны кайырып келе жатқанда, көзіне Исатай атасынын жуас қара жорға аты түсе кетті. Қыстай қолда болып, өзі сан мінген әрі жуас, әрі күйлі атты ұстап мінсем деп қызықты. Бірақ, қар суымен семіртуге жіберген атты ұстап мінсе, Исатай атасы не дейді? Одан тағы қысылады. Ал ол атты мінгенше, мына қараңғы түнде қасқыр келіп қалса, аш құнанмен не бітіреді,— оны да ойлайды. «Шауып қинамаймын және Исатай атам аш құнанды жіберіп мінгеніме ұрыспайды» деген ойға жеңдіріп, Ғабдыл қара атты құрық салып ұстады. Құрығымен жетектеп көк айғырдың үйіріне қарай алып


жүрді. Ондағы ойы, қасқыр-масқыр жағаласа, көк айғыр өзі де қуып кетеді деген ой еді. Бірақ көк айғырдың үйіріне таяғанда, қара ат құрық жетегіне жүрмей, кейін шегінді. Қара аттың қараңғыда қалт тұра қалуында құлағын алдына тігіп қорыққан белгі бар еді. Содан қымсынған Ғабдыл айналасына жалт-жалт қарады. Ешнәрсе көрінбеді, тек үйірінің Ғабдыл жақ шетіне шығып, құлағын тіге қарап тұрған көк айғырды байқады. Қара аттың көк айғырдан қорқып шегінгенін ол енді сезді... Өз үйіріндегі еркек жылқыны қумағанмен, көк айғыр өзге еркек жылқы үйірін маңайласа жер түбіне жытыратыны Ғабдылдың есіне жаңа түсті. Сол жерде құнаннан түсіп, ерін алып, жүгенін жаңа сыпыра бергенде, күн қатты күтірлеп таяу жерден жарқ ете түсті. Кенет үріккен қара ат .құрықты ала жөнелді Әрі күннің жарқылынан шошынған, әрі мойнындағы құрықтан елең алған ат жылқыны шошытты. Құнаннан да, аттан да, қолдағы құрықтан да айрылған Ғабдыл айқайлайын десе, үні шыкпайды. Жүгірейін деп еді, буыны құрып, бір топ тобылғыға сүрініп мұрттай ұшты. Құрық әкеткең қара аттан шошынған жылқы шұрқырап о да ұзап барады... Қалт тұра қалып тыңдап еді, адамның даусы екен. Ол құлағына жылы тигенмен, өзі үрейленіп тұрғанда кімнің үні екенін аңғара алмады, Аздан соң жылкының кісінегені басылып, тиышталғандай болды да, «Ғабдыл!» деп айқайлаған дауыс ап-анық естілді. Ғабдыл қаншама үн берейін десе де дыбысы шықпайды. Өзінің куанып тұрғанын да, қорқып тұрғанын да ажырата алмады. Үн өзіне қарай бір таянып келіп, тағы әрі қарай ойысқандай болады. Ғабдыл алғашындай емес, жылқыны тоқтатып қайырған кісінің дыбысын есітіп, жүрегі орнына түсейін деді. Жылқынын қарасы да шоғырланып көріне бастағандай... Енді тұра қалып айқайлап еді, шырылдаған даусы өте әлсіз шығып, өзіне де әрең естілді. Бірақ даусы шықты бұл жолы... Дем алып тағы айқайлады. Айқайы басыла бергенде күн тағы жарқ ете түсті. Бұл жарқ еткенде Ғабдыл бағанағыдай емес, бойы үйренген екен, көзін жұма қалмады, алдына тап-таяу жерде өзіне қарай келе жатқан бір аттыны көрді. Ғабдыл қуанып кетіп тағы айқайлады. Атты кісі қасынан дыбыс берді. Қасына келіп қалған екен: «Ғабдыл!» — деді Исатай атасы. Исекеңнің бағана егінге кеткеннен оралған беті еді. Исатай соқаға жегуге апарған биенің бірі шәлкестеніп жүрмегенін керіп, соны жылқыға қоса кетуге бұрылып.еді. Ол Ғабдылды жылқыдан қайтқан шығар деп «келсе де, жылқыны үркітіп құрық мойнында жүрген қара атты көріп, Ғабдылдың қайта алмағанын аңғарғанды. Бағана ғана: «Қасқырдан корықпаймын» — деп, жылқы бағуға дайын екенін айтқан Ғабдыл Исатай атасынан жаман ұялды. Қара атқа құрық іліп жіберіп, жылқыны үркітіп,


түн ішінде жаяу қалған жас жылқышы атасына не айтарын білмеді. Осының бәрін сезген Исатай, Ғабдылды артына мінгізіп, қара атты жетектеп ер-тоқымды іздеді. — Сен мына құла айғырмен ауылға бар, Жексембіні жылқыға тез жібер, сен кешіккенге қорқып отырған шығар, барып Ғайни келінді қуандыра ғой!..— деп Исатай Ғабдылды үйге жіберді. Бағанағыдай емес, күн күркіреуі бәсең, нажағай сирек жарқылдайды. Бұлттар да бозалаң тартып, қалың жауын Абралы тауына қарай ойысқан. Осы кеңшіліктің бәрі бойын сергіткен Ғабдыл құла айғырдың құлағында ойнап ауылға демде келді.,. Соқаның арты бітпей-ақ Исатай жылқыны Елікбай қағына көшірді. Ақбұлақ мектебінен оқуын аяқтап Ғабдыл да біржола босанып, ауылға келді. Биенің саууын, қымыздың бабын білетін Ғайниді де Исекең жылдағы әдетінше жылқыға көшірді. Ғабдыл көктемгі түнді әлі ұмытқан жоқ. Ол малға икемсіз, әсіресе әлі күнге ат ұстап міне алмайтын деген атақтан қайтсем құтылам дейді. Ғайни де оған қатты намыстанып, Ғабдылға ұрысып та алған... Ай жап-жарық, жібектей жұмсақ арқа жазының әдемі түндері басталды. Қар суымен тойынған жылқының бәрі семіз. Жабағы түгі түлеген тайлар тіпті әдемі. Ғабдыл күндіз тай үйретіп, асаумен алысады. Бие байлағанда құлын қуатын жүйрік жирен айғырды Жексембі атасынан сұрап мініп, биелерді желіге қуып тығады. Кейде мінілетін тізгін кашаған бойдақ жылқыларды да жирен айғырмен ұстап үйреніп жүр. Қашаған қуғанда қақтықпай кабырғасынан жалтыратып жирен айғыр асау тай, құнанның адымын ашырмайды... Жылқы суын ішіп, өріске карай беталып барады. Желіден босанған асау құлындар, желі басында құлынына алданып бөгелген биелер жүре жайылып, желге беттей өріске тартты. Жексембі де күзет атын ұстап алып, ерттеп, қамданып жатыр еді. — Ата!—деді Ғабдыл қасына келіп,—ай жарық қой, бүгін жылқыға мен барайын, сіз тынығыңыз,— деді. Өйткені қактың суы жылып кетті деп Жексембі күндіз кұдық аршып, ұйықтаған жоқты. Аз ойланып тұрып Жексембі: — Бара ғой, қарағым! Бірақ жылқыны Мейзекке қарай қайырып ал және күзетке осы құла қасқа аттың өзін мін,— деп атын берді. Жылқыны айнала аяңдап Мейзекке қарай қаптата жайып келе жатқан Ғабдылдың алдынан көк айғырдың үйірі кездесе кетті. Ол қулық сары биенің желіні жетіп жүргенін білсе де, құлындайды деген ойында жоқ-ты, Сары бие бір жатып, бір тұрып, тыпыршып жүр екен, басында ауырып жүр ме деп Ғабдыл шошып та қалды,


Бірақ артынан оның толғатып жүргенін білді. Көктемдегіден гөрі қарнын салып, семіруге беталған көк айғыр да ұзын жалын төгілте, үйірінің арт жағын ала тоқ-тап жайылып келеді. Жексембі атам «кейбір бие құлындарда қызғаншақ болады» деуші еді деп, сары биеден қашықтай, Ғабдыл жылқыньщ алдына келіп, бір дөңеске аттан түсті де, киімін шешініп, жылқы үстінен қаптап өткенше самал-дап отырды. Пырылдап жайыла қаптаған жылқының көбі Ғабдылдан өтіп, алды ұзап та барады. Бірақ жылқының бағана өзі айналған арт жағында шоғырланған тобы бір орнынан қозғалмаған сияқты. Және шетке шыққан бірлі-жарым жылқыны біреуі қайырып, тобына қосып жүр. Киімін киініп атына мініп Ғабдыл да сол жылқыға келді. Ол көк айғырдың үйірі. Мойнын салып бәрін иіріп тығып тұрған көк айғырдың өзі, Ғабдыл келе сары биені қарап еді, кұлындап қалыпты: әлі аяқтанбаған қоңыр Құлынына оқыранып, қасына таянған тай, құнанды құлағын жымитып қуып тастап тұр. Ғабдыл жаңа ұқты: көк айғыр үйірінен бие кұлындағанда қашан құлын аяқ-танғанша үйірін тырп еткізбей иіріп тұрады дейтін еді. Көк айғыр сол әдетін істеп, жас құлынды ортаға алып үйірін ұршықтай иіріп алыпты, Ғабдыл көк айғырдың үйірін козғамай, жылқының алдын сол айғырдың үйіріне карай қайырып келді. Бұл кезде шілденің қысқа таңы да сызылып атып қап еді. Қулық биелердің құлынын тарпып тастайтыны болады деген, әкесі Мұқаштың бір сөзі есіне түсті де, Ғабдыл асығып көк айғырдың үйіріне келді. Ол келгенде сары биенің кұлыны аяқтанып, енесінің бауырына тығылып, тәлтіректеп жүр екен... Көк айғырдың үйірі де қанатын жазып, жайыла бастады. Таң ата Ғабдыл аттан түсіп демалып, ұйықтап кетті. Ғабдыл оянса күн сәскелікке көтеріліп қалыпты. Жылқының алды ауылға қарай ойысып, тек көк айғырдың үйірі ғана аса ұзамай жатыр екен. Атына мініп, жылқыны жинастырып, Елікбайдың ық жағына қарай беттеді. Оңтайлы жирен айғырдың үйіріне қарай келді. Түннен аш шиырыққан құлақасқа атты жіберіп, басқа жылқы ұстап мінуді ойлады да, алдымен жирен айғырға ұмтылды. Аз жалтақтап барып тұра калатын жирен айғырды оп-оңай ұстап алды. Үстіне құрық алып мінгенде, жылқы қуатынын сезе қоятын оңтайлы айғыр ауыздықпен алысты. Ғабдылдың жирен айғырды мінгендегі ойы көк құнанды ұстап міну еді. Көк құнан тай күнінде аз ғана мініліп қана жіберілген, тарпаңдау және қашаған болатын. Оны ұстап мінгендегі ойы — сонау көктемде жұп-жуас айғырды ұстап міне алмады деген өзіне таңылған ұяттан құтылу... апасына, Жексембі атасына мақтану да бар. Көк құнан көк айғырдың үйіріндегі ылғи құр дөнен, бестілердің тобында жүретін. Оларға құрық көтерді болды, құйрықтарын тіге безеді.


Ғабдыл құрығын сездірмей, қырындап келіп көк құнанға тұра ұмтылғанда, жирен айғыр айқаса түсті. Айғырдың екпінінен сасып қалған Ғабдыл құрығын серпіп салам дегенде бауы оралып құ-нанға ілінбей қалды, Шүу дегенде сасып калған кұнан бұлтара қашты. Шұғыл жалтаратын жирен айғыр бұлтартпастан тағы жетіп айқасты. Айғырдың бұлтарған екпінінен толқып барып әрең оңдалған Ғабдыл бұл жолы да құрықты сала алмады. Бұлталақтағанына қоймайтын болған соң, көк құнан жылқының жиірек жеріне қарай қашты. Бір жылқыға кақтықпастан жирен айғыр көк құнанды қабырғалап босатпады. Бағанағыдай емес, айғырға тақымы үйренген, құрық қолына қалыптанған Ғабдыл бұл жолы құрықты құнанның жіңішке мойнына тастап жіберіп, құлақшекесінің түбінен бұрап тартып қалды. Шынашақпен бірге айналып құнанды қабырғалап алған жирен айғыр құнанға құрық создырған жоқ. Ғабдыл да құнанды икемдеп құрығымен билеп алды, ат үстінен ноқталап, құрығын босатып, сақтық та істеді. Жирен айғырды жіберіп, көк құнанды ерттегенде, асаусып қалған тарпаң құнан мінген кезде тулар деп Ғабдыл сескенген еді, бірақ құнан мөңкімей түп-түзу жүріп кетті... Жылқы ауылға келгенде, бие байлауға, қауға тартуға шыққан Исатай, Жексембі, Ғайни — бәрі Ғабдылға таңырқап қарасты. - Қарағым, жолды екенсің, қулық сары биені аман құлындатыпсын ғой... Көк құнанды қалай ұстап мінгенсің? — деп Исатайлар бәрі таңырқасып жатыр. Ғайни де баласының жігіт болып, күзетке жалғыз барып келгеніне, тарпаң құнанды өзі ұстап мінгеніне куанғандай: — Ағасына тартса, жылқыға үйір болса керек қой,— деп жымиды... Ғабдылдың жылқы күзетіне баруы жиіледі. Құдық аршығаннан бері Жексембінің ескі «желі» ұстап, белі шойырылып, күзетке бара алмады. Ай кешігіп туатын өліара таянған еді. Күндіз жел жоқ, тымырсық ыстық болды. Жаздай бөгелек көрмеген жылқы күні бойы үйездеп, кеш өрді. Ал кештің өзінде де жел жоқ, өте қапырық боп жылқы тынши алған жоқ еді. Жылқыны Түлкібасының бұйратына карай беттетіп, жарау торы биенің елпілдеген аяңымен жылқыны қозғаңқырап келе жатқан Ғабдыл үйірінің артын ала самарқаулау жайылып келе жатқан көк айғырды көрсе де, ой бөле қойған жоқ. Жалғыз-ақ жүйрік кер биенің марқайып қалған қаратөбел құлыны тұлыптай торсиып енесін еміп жатқанын көрді. Ғабдыл құлынды: «Қандай тамаша ат болар екен!» — деп ойлады да, жылқының алдына қарай айналды. Түлкібасының қияқты өзегіне кіре жылқылар күлтелі көк майсасын күртілдетіп тоқтай жайылды. Бұл кезде кешігіп туған ай да алыстағы Зорбас шоқысының иығынан асып, көтеріліп келе жатыр еді.


Ай жарығына арқа тұтқандай Ғабдыл өзектің бір жақ қабағын ала аттан түсіп, жантайып жатты. Аспан әлемінің ғажайып құбылысына айнала қарап, құс жолының жыпырлаған көп ұсақ жұлдыздарына аялдап, жылқы бағып отырғанын да ұмытқандай болды... Оның ойын бөліп жіберген жылқының бірден шұрқырасып кісінеуі еді, Жылқының үрке кісінеуінен сезік алған торы бие жер тарпып Ғабдылды зорға мінгізді. Жылқы кісінеген жаққа тұра шауып келгенде, шұрқыраған жылқынын ішінде құйрығы шұбатылып арсалаңдап жүрген қасқырларды көрді. Келіп қалған атты кісіден сырғып бір-екі қасқыр кұйрығы бұлаңдап тұра жөнелсе де, тағы бір-екеуі жүйрік кер биенің каратөбел құлынын тұра бастырып, жұлып кеткендей болды. Бар пәрменімен айқайлап құрығын көтеріп, қасқырға Ғабдыл да төнді. Құлыны мен қасқырдың арасына түсіп, кер бие де оқыранып, айнала шауып жүр. Ғабдыл қасқырды қуып кеткенде, жылқы иіріліп кісінеп қала берді. Жылқыдан шетке шыққан қасқырлар Ғабдылдың шырылдаған бала даусын байқап, бойсала кашпай, жалтақтай бұлтарып, жылқыға қарай қайта ойысты. Аузын арандай ашқан үлкен қара-көк арлан жалы күдірейіп, айқайдан сескенбей жылқыға тұра жүгіргенде, Ғабдыл да тура айқасуға батпай, катарласа шапты. Осы кезде тағы бір қасқыр Ғабдылдың артын ала жылқыға ұмтылған еді. Тайсалмай, таласа жүгірген екі қасқырға кезек жалтақтап, Ғабдыл да шошиын деді... Бірақ бағанадан бері көрінбеген көк айғыр жылқыдан бөлініп шығып, Ғабдылдан оза, қасқырларды тұра бастырды... Басы қатты ұшқыр биені Ғабдыл бұрып алғанша, көк айғыр екі қасқырды қуып ұзатып әкетті. Ұзын, қалың жалы қабырғасын жаба, құлағын жымита, қасқырларды қуып бара жаткан көк айғырдың тұрпаты артындағы Ғабдылға киік қуған арыстанның бейнесіндей көрінді. Ғабдыл ұзамай жылқыға қайта оралды. Қасқырлардан шошып елең алып қалған жылқылар әлі тобын жаза қойған жоқ еді. Әсіресе көк айғырдың үйірі шоқтай болып иіріліп, кер биенің айналасында шұрқырасып жүр. Кер биенің өзі де құлынын бауырынан шығармай, осқырып тұр екен. Ғабдыл келіп енесінің бауырына кіріп тұрған қаратөбел құлынға үңі-ле қарады. Ай сәулесінец құлынның мінер жақ санының қоң еті жалбырап көрінді. Ғабдылдың жүрегі су ете түсті. Басқа жері сау ма деп алды-артына шығып қарап еді, басқа жара байқалмады. Әлден уақытта арқырап көк айғыр да жылқыға келді. Мал тыныштанып жайыла бастады. Ет қызуымен білмеген қаратөбел кұлын жаралы аяғын сүйрете басып, әр жерге бір жатып, енесін де жөнді ембеді. Көк айғыр да құлыны жаралы көк биенің айналасынан ұзамай, қабағы түсіп, таң атқанша құлағын тігіп, әр жерге бір тұрып, оттамады. Қаскыр жаралап кетті ме деп көк айғырды да айналдыра қарап еді, ондай белгі байқалмады. Ғабдыл таң аппақ атқанша аттан түспеді. Бұл жылқыдан құлынды қасқыр тістеді


деген жаманат ешуақытта болып көрген жоқты. Әсіресе, көк айғырдың касқыр жылқыға араласқанша бөгеліп қалғанына түсінбеді. Тіпті былтырғы бір боранда жылқы иесіз ығып, Шәку адырына барғанда, алты бірдей қасқыр айналдырып, сонда да көк айғырдың үйірінен бір жабағыға тісі тимепті десетін. Аяғын сүйретіп, жүні жығыла жүдеген қаратөбел құлын енесіне ере алмай, кейіндеу келе жатыр еді. Ғабдыл құлынның қасына келгенде, өзінің кеше кешкі бір ойы есіне түсті. Ағасы жылқышы кезінде әскерге берген көк бесті осы кер биенің тұңғышы, мына қаратөбел құлынның ағасы болатын. Көк бесті де алғаш туғанда қаратөбел еді. Түлей келе көгерген. Мына қаратөбел құлын да көк бесті сияқты түлей келе каракөк боп, көкбестінің орнын басады деп қуанатын. Бұл ат болғанда мен де әскерге берермін, Колхоздың жылқысы әскер мінуге жараса елдің мақтаны ғой... Ол болмады... Қаратөбел кұлынды қаскырға талатты. Жүре алмай ауырлауына карағанда, мал болар болмасы да екіталай. Мал болса да тыртық сан, ақсақ болады деп уайымдады. Оның үстіне: «Ұйқтап қалып, құлынды қасқырга тартқыздың!»— деп Исатай атасы мен апасы да сазайын береді ғой деп қорқып, осы жылқы бағудан құтылғысы да келді... Ғабдыл бүгін күндегісіндей таңертең де аттан түсіп ұйқтамады. Тек шыр айналып, кер биеге келе берді. Әр жерге тұрып, қалшиып жайылмаған көк айғырдың салыңқы түрінен шошып, айналдыра қараған Ғабдыл қамшылар жақ қамыттығының көпсіп ісіп тұрғанын көрді. Жылқыны ертерек ауылға қарай қайырып, ауру малдардың ыңғайымен жылжытты. Жылқының аса ерте келгенінен және үйірі суға түсерде алдында оқ бойы озып келетін көк айғырдың артта қалғанын ұнатпады. Оның үстіне кер биенің құлыны тоңқаңдап енесіне ілесе алмай келе жатқанын көрді. Исатай Ғабдылдың құдық басына жетуін күтпей-ақ қарсы жүрді. Өзі бұрыннан қорқып келе жатқан Ғабдыл өзіне тура келе жатқан Исатайдан қорқып, не істерін білмейді... Ол тіпті Исатайдың сабауына да мойындап қалып еді. Бірақ өмірі Исатай атасының кісіге қол көтергенін көрген де, естіген де жоқты. Дегенмен ойы неше саққа жүгірді. Бойы мұздап, өңі бозарып та кеткен еді... Алайда Исекең сабаған да, ұрысқан да жоқ, тек құлын мен көк айғырды көріп ренжіп: — Апыр-ай, көк айғыр дені сау болса, қасқырға құлын тістетпесе керек еді ғой, мынау меңдеп ауырған айғыр ғой, мынасы жаман жара болмаса неғылсын! — деп көк айғырға ере аяңдап, құдық басына келді. Астауға түсе берген көк айғырды су ішкізбей Исатай ұстап алып, кербиені де құлынымен ауылға алып жүрді, Күндегідей емес, жабыға келіп үйге түскен Ғабдылға Ғайни ешнәрсе айтқан жоқ, тамағын берді де, құлын мен айғырды көруге шығып кетті.


— Ғайни қарағым, жатқан-тұрған күшала бар ма?~-деп сұраған Исатайға: — Оны қайтесіз?—деген қабағын шытып Ғайни. — Мына қүлынның жарасына қайнатып жағайын деп едім. — Оныңыз жабайы ем ғой, қойлы ауылдан мал дәрігерін шақыртыңыз. Малға жаны ашып, сасып қалған Исатай, есін жинағандай: — Жедел барып, Базарбайды алып кел,— деп бір ат-пен Жексембіні қой фермасына жіберді. Биенің бас сауыны болмай-ақ Жексембі мен Базарбай да келді. Олар келісімен көк айғырдың топшысындағы ісікті ұстап-ұстап көріп: «тап соның өзі!» — десті, құлынның жарасына дәрі жағып, байлап болып. — Кеше кешке жылқы суарғанда көк айғырдың қабағын ұнатпап едім,— деп Жексембі қатты кейіп: -— Жануар, сау қалса не қылсын! — деп саруайым сала сөйлей бастап еді, Базарбай: - Жеке, уайымдамадыз, сырттан болған, әзір өндір шекке шапқан жоқ, түк етпейді. Қәзір өткір ұстара әкеліңдер,— деп өзі де шешініп жеңілтектенді. Жабылып көк айғырды жығып, төрт аяғын да буғанда, оның жаудыраған көзіне көзі түскен Исатай жасқанып, теріс айналды. «Я сәт!» деп Базарбай ісікті тіліп жіберіп, күлтілдеп қалған жалқаяқты сылып алып тастады да, креолинмен жараны жуып, ішіне дәріні толтыра салып, жібекпен тігіп тастады. Көк айғыр орнынан қиналып барып әрен тұрды. Базарбай аттанарда: — Бүгін су татырмаңдар, сәті түсіп ем қонса, басқа жеріне қашпай тоқтайды, айғырдың өзі де жұлдыз шыға отқа карар, көп емес, аздап жетектеп оттатыңдар, сол кезде суды бір жұтқызып қана қоярсыңдар! — деп қойына қайтты. Ғабдыл осының бәрін көріп қорқып та, қуанып та жүр. Ол бір кезде Жексембі атасына келіп: — Қаратөбел құлын жазыла ма, саны кем болмай ма, ақсамай ма? — деп сұрады. - Жарасы онша үлкен емес, түк те етпейді, бір жұмада жазылады,— деді. Ғабдыл қуанып кетті Жылқы фермасы қоныс жаңалап Тоқымтыққанға қонды. Жаздың ыстығы қайтып, күздің қоңыр желі еседі. Бұрынғыдай емес, жылқы күндіз де ұзап өрістеп кететін болды. Өріске кеткен жылқыны қайырып келе жатқан Ғабдыл көк айғырдың үйірін аралап жүрді. Жарасы әлдеқашан жазылған көк айғыр өзінің қалыпты күйіне түсіп, ұзын жалын төгілтіп үйірінің ішінде жүр. Саны жазылған қаратөбел құлын да құлын жүні


түлеп, төбелінен бастап мойнына қарай көкшіл тартып, көк бестіден айнымай өсіп келе жатқанын аңғартады. Қаратөбел қүлынды көргенде Ғабдылдың ойына Ысқақ ағасының кек бестісі түсті. Өзіме қаратөбел кұлын ат болғанда Ысқақ ағасындай келісті ат қылып мінермін деп ойлады. Қаратөбелі кұлынды қасқыр тартқан күні жасыған көңілі кайта тасыды. Алдағы үміт алыстан тағы күле қарады, Әндетіп жылқысының алдына қарай айналды. БАЛА МЕРГЕН Таныстыру Әкесі майданға аттанғанда Уаш он төрт жаста еді. Жасөспірім Уаштың өткір сұрғылт көзі, «биіктеу қабағы, өсіп жете толмағандығы болмаса, Нұрқасымнан айнымайтын. Ал бойы әлі талдырмаш болғанымен салалы, тарамыстау ширақ еді. Оның өңінің сарылығы, шашының тұнжыр қоңырқайлығы да әкесіне ұқсайтын. Тек ол мінез жағына келгенде Нұрқасымның баяу, салғырт қимылы жоқ. Әр нәрсеге талаптанғыш, сәл алғыр да тәрізді еді. Ондай жайын ойлағанда Нұрқасым Әйменді есіне алып, осы мінез жағынан шеше, нағашы-қаны мол сақталған ғой дейтін. Оған өзі ішінен қуанатын. Өткен қыста Нұрқасым кәрі жолдасы берденкесін алып, елік атуға Уашты ертіп шыққаны барды. Баласының қысқы демалыста-ғы кезі еді. Өзі де сол кезде ат бағудан босап демалыста болатын. Оның үстіне еліктің жұмса:қ жас еті керек бола қалды. Шаңғы тебуге жаттығып алған баласын көбінесе етектен елік айдатып, өзі тоспауылдап атып алу әдісін ойлады. Әкелі-балалы екі аңшы көп жерді кезді. Сарной өлкесіне барып, Қырыққұдық белдеуіне дейін өрледі. Елік кездеспей, екеуі тиін қарады. Алтай тауының балқарағай бар жері Нұрқасымға алақанында тұрғандай таныс. Ал балқарағай бар жер —тиіннің қонысы. Бірнеше тиінді Нұрқасым өзі атып түсіріп, берденкесін баласына берді де: - Сен қарағай басынан атып көр,—деді. Уаш бұрын мылтық ұстамаған болып жүрексінген жоқ. Алғашқы атқан тиінді тал басынан тигізіп түсірді. Атқан бала мерген қанша қуанса, Нұрқасым баласының тырнақ алды атысына сүйсініп қалды. Бұл Уаштың алғашкы тиін атуы болғанымен, тирден нысанаға атып әлденеше мақтау бәй-гі алған-ды. Елік болмаса да біраз тиін атып, бір-екі қоян алып олжалы қайтты. Сол жолғы аңға бару, әке сеніп қолына мылтық беру Уаштың аң құмарлығын оятып жібергендей болды. Ол үйде болсын, ойында болсын үнемі аңды ойлап, атып түсіріп, өзіне өэі келе жатып күбірлеп «күрс ете түсті», «тырп етпеді» деген сөздерді қайталай береді. Бірақ жазғы «каникулға дейін аңға шыға алған жоқ. Уаштардың тұрған жері Сарымсақты өлкесі жаз


шығып, елік лақтап, құс жұмыртқа салып, тиін күшікте-ген кезде мылтық даусы шығарылмайтын өте бақылаудағы жер. Қолы бос болғанымен мылтық алып аңға кете алмай, Уаш тағы аңсырады. Осы кезде Нұрқасымды әскерге шақырып, майданға жөнелтті. Кілетте тұратын кәрі досы-берденкесін әкесі Уашқа «күтіп ұста, бүлдіріп тастама» деп тапсырды, Уаш әкесінен берденкені алып тұрып: — Аң атайын ба?—деді. - Байқап ат, жассың жалғыз шықпа,— деді. Баласы жарайды дегендей үнсіз күлімдеген өңмен басын изеді. Алғашқы елік Баласының аң құмарлыққа салынып жексенбі күнін асығып күтетініне күзден бері Әйменнің еті үйренгенді. Ал Нұрқасым хат жазған сайын: «Уаш аң ға жалғыз кетіп, жазым болып қалмасын, ақылшы бол, бетімен жіберме», — деп жазады. Бала болса, қай жерден есебін тапқанын білмейсін, жексенбі күні күн шықпай тауда болады. Кейде қақпанымен алдым, кейде атып алдым деп қоян, тиінді үздіксіз әкеліп жүр. Аң әкелгені, бала-сының мылтық тілін біліп мерген болғаны куаныш. Ал қатерді ойласа, ананың тұлабойы шіміркенеді. Түн ұйқысы төрт бөлінеді. Барма деп тағы айта алмайды. Алтай тауының Қоскемпір, Тазқара биіктерінен құлдилаған қар етекке де жетті. Бұл кезде елік, күдір сияқты қоңыр аңдарды етекте, ұсақ адырлы балақтағы балапан қарағайларының арасынан аңдиды. Ол әдісті Уаш та әкесінен ұғынған. Күзден бергі Уаш ойындағы бір мақсат— қалайда елікке оқ шығару, «Шіркін, балапан қарағайдың арасынан мүйізі мен құлағы ербеңдеп, таңы жарқылдап «бұлдырай орғыған -еліктің алдын тоспауылдай қарауылға алып, өкпе тұсынан көздеп тұрып басып салса! Күрс ете түссе!» — дейді, Ол осы оймен құмартқалы қашан. Бірақ, ондай құмардан шығарар жағдай әлі кез-дескен жоқ. Уаш бір жексенбіде ерте Қоскемпір саласына тартты. Өзі жүріп жаттыққан жүйрік шаңғысымен заулатып бір белеңнең аса бергенде, алдынан бір топ елік ойнап шыға келді. Мойындағы мылтығын алғанша елік көзден ғайып болды. «Еліктің мезгілсіз алаңға шыға келуі жай емес, әлденеден үріккен, жуырда тоқтамайды. Арғы ық бетке асады»,— деп ойлады жас мерген. Жосып жөнелген еліктің өкше ізін бір шолып алып, ық бетіне қарай ойысты. Қақ алдынан .көлденеңдеп ағып келе жатқан жалғыз мергенге көзі түсті. «Бәсе, әлгі еліктерді айдап шыққан мынау аңшы екен ғой»,— деді ол ішінен. Сонша болмады, ол аңшы да зырлатып жетіп келді. - Е, бала мерген, майлансын,— деді шоқша сақалына қырау үйірілген аласа бойлы, сары кісі.


— Айтсын, ата, сіздің де мылтығыңыз майлансын,— деді де, Уаш аңшының қасына келіп тұра қалды. — Жаңағы еліктер сені көріп, мына теріскейге серпіл-ді ғой. Аса қашықтан көріп үрікті, оқ шығара алмадым, Ал енді, екеулеп аңдайық. Алтайдың аңы саған да, маған да жетеді,— деп «кексе аңшы серіктесуге шақырды. Алтай ақшыларының әдетінде қашқан аңнан қан шығарғанша жөн сұраспайды. Тек бірігіп аң қарайды. Біріне бірі се-ріктік істейді. Уашқа да ол дәстүрді әкесі жаіқсылап ұғындырған-ды. Екеуі бұл жерде көп тұрған жоқ, қай жермен қалай баруды жобаласып алды да, сырғыта жөнелді. Кексе аңшы Уашты бала көрді де, оған тауды балақтай қаға жүруді тапсырды. Өзі еліктің тау жағын алуға, Қоскемпірдің қиясынан аспақ болып өрге тартты. Уаш әдеттегі жүйрік жүрісіне салып, қысқа ғана шаңғысын екпіндете -сырғытып, еліктер асқан теріскей балаққа ағызып кетті, тау бөктерінің қарға малынған балапан қарағайлар, тал, қайың араласа өскен .кейбір жердегі шоқ-шоқ тоғайлары бұлдырап артта қала берді. Бір белестен жосып өткен еліктердің ізін де кесіп өтті. Елік келіп бөгелді-ау деген бір тұйықтау шатқалға жете бере ұсақ қарағайларға бой тасалап тынымдады. Сөйтті де мылтығын қолына алып, иек артпаға келіп шаңғысын шешті. Бұқпалап келіп алқапты қарады, Алқаптың ар-ғы беті қалың самырсын, түбегінде бұта араласқан ұсақ тоғай, үнсіз тынып тұрған қазан шұқыр шатқалы ешбір елес бермеді. Елік осы тұстан келген шығар деген бе-лестің тұнып. жатқан ақ қардан ізін шолды, онда із белгісі байқалмады. Уаш бой көрсетпей тағы біраз тұрды. Ендігі ойы, арғы қиядан жаңағы мергеннің көрінуін күтті. Біраздан соң арғы беттегі балапан қарағайлардың арасынан әлденелер бұлдырай жөнелгендей бір нәрсе-лер елең етті. Елік ұйтқуының ұшқыр елесіне болжау са-лып үйренбеген бала мерген айналасын мөлшерлей алмай- қалды. Ол аңыра арғы таудың ығынан андағайла-ған қарағайларға қарап көз жүгіртті. Жаратылыстың алдына жайған әдемі суретіне сұқтанады. Тұнып жатқан аппақ қар, барқын бояумен өрнек салғандай бұйра бүрлі, күлтеленген қарағайлар шоғырланады. Асқар шыңның қиясынан кейде аңдағайлап, кейде- біренсарандап ереуілдеген қарағайлар қабақ қақпай тұрған тау сақшыларындай елестейді. Сонша болмады, тап иек астындағы сиректеу бұталардың арасынан бір топ ешкі орғып шыға келді. Уаш сасып қалды. Ол мылтығын кезене берді. Ешкілер алдынан қамдана бастаған мергенді сезді де, қайта бір жарқ беріп, қарағайдан шыға беткейге қарай ұйтқыды. Осы кезде қиядан бағанағы мерген атқан болар, бір мылтықтың даусы күрс ете түсті. Уаш байқамай қалыпты, кексе мерген қарағайдың жоғарғы жағын ала бұға


қалған екең. Елік дәл алдынан шықса керек, бір теке тобынан бөлініп, ақсай басып арғы иыққа асты. Оқтан үріккен еліктің қалың тобы құйындай ұйтқып тап Уаш отырған иек артпаға жетіп келді. Демін ішіне тартып отырған бала мерген текесін, ешкісін деп таңдауға мұршасы келмеді. Алдыңғы елікті көлденеңдей бергенде басып салды. Өзінің «күрс ете түсті, тырп етпеді» дейтін жайшылықтағы сөздері аузына түспей қалды. Уаштың есі шығып кетті. Ол шаңғысына қарамастан тұра жүгірді. Басын соғып, екі көзі жаудырап, қансыраған сорлы елік акырғы демін алғандай ышқынды. Ол қонышындағы кездігін алып шалып жіберді, жып-жылы қан аппақ қарға бүлкілдеп құйылып жатты. Жас мерген аң құмарлық билеген сезім ыкпалына улап, аңға, қанға ешбір мән берген жоқ. Тұңғыш қоңыр аңға оғы дарыды. Мергенмін деген мақтан да ойда бір сәт елең еткендей болды. Баласының әкелген елігін қуана боршалап жатқан ана Әйменнің ашаң, аққұба өңі елестеді. С і леу с і н Кейінгі екі жыл ішінде Уаштың мерген аты шығып, аудан көлемінде белгілі болып қалды. Жетінші класты бі-тіргеннен кейін Үлкен Нарындағы техникумға түсемін деп барып, орыс тілінен емтиханда ақсап қайтып келді. Ол мүмкін мергендікті құнттап, әдейі көңілсіз дайындалды ма, оны Әймен қадағалап біле алған жоқ. Оған ренжіген де жоқ. Баласының күз түсе қиратып әкелген елік, күдір сияқты семіз аңдарының етіне Әймен құнығып та алған болатын. Оның үстіне жалғыз ересек баласының көз алдынан ұзамағанын ұнататын. Сарымсақты селосында тұратын милиция бөлімшесінің начальнигі Исаев аңға аса құмар жігіт еді. Бірақ елік атуға келгенде Уаштың мергендігін мойындайтын, Кейбір кезде Уашты ертіп алып аңға шығып, өзінің мыл-тығын беріп, тек атқанына сүйсініп еретін болған. Уаштың өз мылтығы бір атар және аса алыстан тимейді. Оның мергендік уытына олқы келе береді. Исаевтың бес оқпен қалаған жерден, ататын мылтығына сондай қы-зығады, атса қолы сүйсінеді. Сұрап алуға батылы бар-майды. Бірақ, ол мылтық Исаевтың өз атына жазып сыйға берілген мылтық екенін Уаш байыптап біле қойған жоқты. Тек әскери адам болған соң, оның аспабы-ның бәрі әскери деп түсінетін. Алтай қияларына қар ілінді, Қырыққүдық биігі тұн-жырап қар басқанына екі-үш күн болды. Уаштың екі көзі, бар ынтасы Қырыққүдық тепсеңінде. Шіркін, Исаев ағайдың мылтығымен барса, топтанған еліктің жайылымына килігіп жусатар ма еді! Ол соны ойлайды. Бірақ мылтықты сұрауға батылы бармайды. Өзінің әкесі беріп кеткен кәрі берденкесін оқ құйып, дәрі тауып, майлап баптады. Бірақ Исаевтың мылтығына деген құмарлығы басымдай берді.


Сарымсақты шоқысының тепсеңінен түндегі жер тұман көтеріліп, қияңы басқан буалдыр әлі серпіле койған жоқ. Уаш ерте тұрып, Исаевтардың кеңсесіне қарай беттеді. Ол асыға басып жүріп келеді. Неге асығып келеді? Оны өзі де анықтап топшылаған жоқ. Оны осынша ерте оятып асықтырған не нәрсе? Ол да мәлімсіз. Тек Уаштың ішкі сезімінде мына тұманда елік, күдір сияқты қо-ңыр аңдар балақта болады. Олар қалың бұталарды қорғалап, бұта жапырақтарын сыдырады. Міне осы кез мергеннің іздеп таппайтын кезі. Уаш келіп Исаевтың кеңсесіне кіргенде, дежурный жауынгерден басқа кісі жоқ еді. - Исаев аға қайда? — деді Уаш уақыт шамасын ойланбастан. - Ол кісі — үйінде болар, бүгін жол жүрмек. Және әзір ерте ғой,— деді дежурный жауынгер. Уақыттың әлі ерте екенін Уаш сонда барып ойланды. Енді кеңседен шыға бергенде, алдынан Исаевтың өзі қарсы жолықты. - Неғып ерте келіп жүрсің? Әлде аңға шыққалы жүрсің бе? — деді Исаев, Уаштың әлденеге асыға ойланған бейнесін сезіп. - Ағай,—деп жымиды Уаш. Оның жымиғанда күлімдеп тұратын сұрғылт көзі оттанып, әлденеге қуанып кеткендей, ол енді еркелеп кетті, — Менімен аңға шықпайсыз ба? Бүгін бір қиратар ек, мына. дымқыл қандай жақсы, ізі де қылаудан жосылып жатады,— деді, Бала мергеннің жан күйін түсіне қалған Исаев: - Сен мылтық алайын деп келіп пе едің, мен бір-екі күнге жол жүрем. Өзім бара алмаспын, ал мылты-ғымды біраз оғымен берейін. Бірақ ешкіні көп ат,—деді, Уаш қуанғаныңан не айтарын білмеді. — Аға, қашан бересін? — деді сасып. — Жүр, қазір берейін,— деп, Исаев Уашты ертіп қайта үйіне жүрді. Қолына мылтық тиісімен Уаш бір сәт те бөгелместен үйінен шықты. Биыл екінші қар басқан қараала арланы да арсалаңдап бірге жүрді. Шөпте түрған сары дөнен де жүріс тілегендей тақымда ойнады. Бала мерген барлық келісті жабдығы табылғандай жортып келеді. Қырыққұдық биігі етегінен көтерілген жер тұманды жотасына жинағандай, қарағайлы шоқтығын бұлтқа бөлеп көк меңзеп тұр. Уаш жортқан бойында қой фермасына соғып Ыбрайым қартқа келді. - Е, Уашпысын, майлансын. Мен сені Нұрқасымнын өзі келіп калған ба деп қалдым. Егер сақал-мұртың болса, дәл өзі болыпсын,— деп Нұрқасымның құрбысы өз замандасын есіне ала амандасты. — Әкей, мен мына мылтықты алып, әдейі тура тартып сізге келдім. Мен мына Қырыққұдық сай-саласына, елік өрістеріне таныс емеспін, бастамайсыз ба?..—деді. Өзі аңсырап отырған Ыбрай қарт сайлы


аспаппен келген бала мергеннің сөзін қайырған жоқ. Беткейде тұрған атын әкеліп, қара мылтығын мойнына салып бірге жөнелді. — Алдымен еліктің көп тоқталатын жеріне баралық, бұйырса, қалай кездеспес екен,— деп Ыбрай алға түсіп жорта жөнелді. Елікті алдан көрініп үркітпесін деп, Уаш қараала арланды зекіп қасынан шығармай қойды. Ыбрай қарттың айтқан жеріне жете бере атты тастап, екі иек артпадан екеуі де жаяу шықты. Алқапты баспағып жатып көзбен тінтті, бірақ аң білінбеді. — Мен бір нәрсені ескермеппін, мына ызғырық, терістіктен келіп тұр ғой. Қазір қоңыр аң ызғырыққа тұрақтамайды. Бүл ыққа кетті, енді мына Сарнойға қараған күнгейге асалық. Одан қалайда табамыз,—деп Ыбрай қарт атқа мінді. Бүгінгі жүрістің аң табу сенімін қарт аңшыға берген Уаш үн шығарған жоқ, еріп келеді. Тағы келіп белгілі аңшылар әдісін істеді. Бір қия жартасты қабырғалай келіп, алдыңғы алқапты тінтті. Өлкенің арғы тепсеңіндегі балапан қарағайлардың арасынан бір топ елік ойнап шықты да, етекке түсті. — Бәрекелді-ай, біріміз төменде қалсақшы,—деді Ыбрай. — Ана елікті бері көтеріп жіберсе дейсіз бе,—деді Уаш. — Ия-ия,—деді Ыбрай өкінгендей болып. — Оны мен қазір мына тепсеңге айдап әкелейін,— деді Уаш. — Қой, сен барғанша ол желдей ұйтқыған аң тұра ма, босқа әуре боласың,—деді Уаштың ойын түсінбеген Ыбрай. Қарт аңшының жолдасының қолындағы мылтықтың күшінен хабарсызына іштен күлді де, Уаш қолындағы мылтықты алып еліктердің алдыңғы жағын алып басып салды. Карабиннің зор дауысынан Қырыққұдық биігі шошынып қалғандай, құздағы жартастар қаңқ етіп бірге тебіренді. Қақ алдарынан бұрқ еткен оқ зәрінен үріккен еліктер ұйтқып өрге зырлады. Тура Уаштар отырған қияға бет ала беріп, тепсеңнен бір жалтаңға шыға жүйткіді. Осы сәтті бағып отырған Уаш бірінің артынан бірін қабаттай үш рет оғын зу-зу еткізді. Ұйтқып аққан 5 еліктің үшеуі домаланып тепсеңде қалып қойды. Қа-сында отырған бала мергеннің мына қимылына таңда-на, өз көзіне өзі сенбегендей, Ыбрай тамсанып қарап қалды. — Сенің әкең бес күн жүргенде анық екі елікке оғы дарымаушы еді, сен немене арқандап қойғандай топырлатасын. Нұрқасым сияқты жаманға қияр бала емессің ғой,— деп әкесімен құрдастығын әзілмен жеткізіп, - Ыбрай еліктерге қарай зырлай жөнелді. Әлгі еліктердің қарасы үзілгенше Уаш отырған жерінен қозғалмады. Ыбрайдың ойы ана еліктерді адал ба-уыздап алу, Уаштың ойы қалған еліктің кеткен бетін бағдарлап көз жазбау, тағы бір қарауылға алып көру еді. Үздіксіз атылған мылтық үні үркітті ме, тағы бір үйір елік жарқ етіп


қалың бұтадан шыға келіп, күнгей-дің екінші бір алқабына асты. Оқ көріп шошыған елік-терден көрі шошынбаған топқа баруды ұнатып орнынан тұрды. Құлаған еліктердің жатқан жеріне Ыбраймен бірге ұйтқыта жөнелген қараала арланды Уаш өзіне шақырды. Жығылған аңды бір айналып иіскеп барып ба-сылатын аңсақ ит тез қайтпайды. Уаш мылтығын қайта оқтап алып кейінгі бір үйір елік асқан белеске қарай бет алды. Иесінің дыбысын алған қараала ит те кұйғы-тып келіп Уашқа ерді. Қарағайдан тиін табуға, тоғайда-ғы қоянды айдап шығуға, кейде орамды жерден елікті де үркітіп шығатын жолдасы қасына келгенде, ол қуа-нып қалды. Ол белеске шыға беріп, Ыбрайға қолын бір сермеп, арғы ойға түсе берді. Уаш белеске шығып алып айналаны шолып біраз отырды, тепсеңдегі шоқ-шоқ болып топталған балапан қарағайларды қыдыра тінтіп аң елесін шолды. Әлгінде гана жосып асқан бір үйір елік бейнебір жер жұткандай мүлде ғайып болған. Алқаптың солтүстік жақ кенересін ала шоғырланған қарағайлардың алқымында бір нәрсе шоқайып тұрғандай көрінді. Жанды ма, жансыз ба әлде кесілген ағаш түбірі ме деп тұрғанда аржағында бір аң бүлкектеп жүргендей байқалды. Азулы аңды таныған қараала арлан үріп жөнелмек болып еді, Уаш жібермеді. Біразда Уаш анық абайлады. Бұл елік емес, басқа азу-лы аңның біреуі. Ол отыра қалып, қозғалып жүрген аңды қарауылға алып, басып салды. Оғы тиген тәрізденді, оқпен бірге зулай жөнелген караала да орта жолдан қайта қашты. Арғы Уаш көздегені бұтаға кіріп жоқ бол-ды да бергі шоқайып отырған аң өнебойы жалбырап, тура Уашка карай лап койды! Уаш өз көзіне сеңбегендей анықтай карай салып, мылтығын кезеніп, аңның алдың-ғыжағын қарауылға ала отыра калды. Ол алыстан атып мүлт кетіріп алудан сақтанып, аң таяғанша отырды. Аң беті бұрылмастан тура аңыратып келеді. Уаш сасайын деді. Бұл не ғажап оққа қарсы шапқан деп ойлады. Аңның өнебойы анықталып көріне мөлшерлі жерге келген-де, жүрегінін басы осы-ау деп басып салды. Аң етбеті-нен түсті. Бірақ, жатпай атып тұрды. Аң енді Уашқа тура жүгірмей жалт беріп бір биік қарағайға қарғыды. Қараала арлан да жүгіріп жетіп абалай бастады. Қарағайдың жуан бұтағына ырғып шыққан жалбыр жүнді аң көзінің оты жарқылдап қан саулаған жерін тістеленді. Әлі де орнынан козғалмаған Уаш отырған аңның алқымы осы-ау деп көздеп тұрып басып салды. Дәл тиген оқтын екпінімен зор денесі жұмарланып бұтақтан жерге күрс ете түсті. Оқ талқандап кеткен жерінен лықып аткан қаны шашылып ышқынып жаткан аңнын қасына Уаш келгенде Ыбрай да жетті. Уаш атқан аңды тура бассалатын әдетімен қараала арлан ыр етіп бассалды, Жан таласып жатқан ашулы аң өзін бассалған жауына ақырғы дәрменін жұмсап. өткір тырнақтарын ырсита жазып, итті өзіне карай бүріп алды. Батырсынып бассалған арлан жаны


шығардай қанқ етті, бірақ жан ашуымен ақтық .күшін сермеген аң ұзақ қыса алмады, тырнағы жазылып, бұлқынған иттен айырылып калды. — Жаным-ау, мынауың сілеусін ғой .Бұл өте катерлі аң ғой, жазым етпей жақсы түсіргенсің. Егер қапы болса, бұл кісіге де жазым,— деді Ыбрай. Аңнын ашулы тырнағынан шошына қаңсылап шыққан итін аяп кеткен Уаш жүгіріп барып құшақтай алды, Қалаумен барып қасқыр атқаны Топ қайыңды қыстайтын «Бірлік» колхозының қой фермасын бір топ ұялас касқыр қатты мазалады. Әсіресе январь айының аяқ кезінде күнде көрініп, талтүсте қойға шауып маза бермеді. Ыбрай койшы өзі шурупты қара мылтығымен әлденеше атып тигізе алмаған. Жасынан бірлі-жарымдап елік ататын, ұсақ аңды көп аттым деп жүретін Ыбрай ә дегенде қасқырды өзі атып алмақ болып жүрді. Топ қайыңның күнгей жағы Қоскемпір, Балтақалған, Текше тауларымен жалғасып кететін Алтай тауларының бір сілемі. Тауындағы елік, ойындағы қой сияқты қоңыр малдарды сағалап, Балтақалған қуысына қасқыр көп күшіктейтін. Егер оған қасқыр күшіктесе, жазы, күзі топ қайындағы малға күнде ша-буыл жасайды. Оны колхоз малшылары сондай жақсы біледі. Көрініп қалып, бірлі-жарым тоқты-торымды жаралап жеп те кетіп жүрді. Март айының бас кезінде ерегіс-кендей, таңертең корадан шығарған Ыбрайдың буаз биесін жарып тастапты. Ыбрай қасқырдың ізіне түсті, екі күн аңдып кездестірмеді. Бір рет алыстан көрініп, оқ шығартпады. «Шіркін-ай, мынаған Уашты шақырмай болмас» деді. Ертеңіне атқа мініп Сарымсакты селеніне тартты. Ондағы ойы Уашты шақырып мына қасқырды аулау. Ыбрай келгенде Уаш таудағы жылқыда еді. «Әкеңнің орнына атқа күзетші бол» деп Исаев Уашты өткен күзден бері таудағы ат қораға қойған. Бір жағынан өзі-нің үйреншікті карабинін беріп айға да жібереді. Ондағы ойы бала мергеннің ең сүйген кұмар өнерін бойына тұрақтату, әкесі әскерден кайтқанша өздерінде өте сенімді атшы болған Нұрқасымның үйіші мұқтажданбай тұрсын дегендік еді. Ыбрай Уашты үйден таппай, Әйменнің айтуымен Исаевқа келді. Әрі аңсақ, әрі Бірлік колхозынын белгілі шопанын Исаев жақсы танитын. Құрметпен кабыл алды. Шаруа жайын сұрады. Ыбрай барлық жағдайды айтып, Исаевтың бетіне ойлана карады да: — Мен бір-екі колқамен келіп отырмын. Оның билігі сіздің колыңызда көрінеді, нашандік жолдас,— деді Ыб-рай, жалпы қазақтардың айтып үйренген әдетімен әскери адамның бәрін нашандік деп сөйлейтін.


- Ә, менде болса бөгелмеңіз, айтыңыз,—деп Исаев әдеттегі байыпты пішінмен үлкен кой көзін Ыбрай қарт-қа әдеппен төнкеріп жауабын тосты. Исаевты Ыбрайдың 1943 жылдан кейін көргені осы, Оған казір екі жылдан асып барады. Онда талдырмаш кара торы жігіттің әскери киімі бұдан мүлде басқа бо-латын. Мінезі де тез қатыр тәрізденіп еді. Ал казір иығында -жарқылдаған күміс иіндік, әр жерінен қадаған кішкене жұлд.ыз бейнелері шұбартады. Омырауында екі-үштеген ордендер де бар. Әлдеқайда өзгеріп кеткен. Исаевтың өзін құрметтей сөйлеген ажарына емексіп айтып қалса да, мына түрінен орынсыз сөйлеп ұятты болам ба деп те отыр. — Қария, неге бөгелдіңіз, айтыңыз,—деп Исаев тағы сөз козғады. — Менің сұрай келген қолқам, Уашты бір-екі күнге біздің фермаға жіберсеңіз. Оған анада бір сілеусін атқан мылтығын берсеңіз. Өйткені біздің Балтақалғанды қоныстаған бір топ қасқыр малға маза бермей қойғаны. Бір балбырап тұрған буаз биемді жеп кетіп, ызасы өтіп тұр. Әсіресе бір көкжал арланы мен қаншығы бар, тіпті қойшыны кісі бар демейді. Саулықтардың аяғы ауырлап, қоздайтын кезі таянды. Қауіп болып тұр,—деп барлық жайды шұбырта айтып шықты. Ыбрайдың аңсақ екенін, бір кәрі мылтығы мойнынан түспейтінін Исаев жақсы білетін. Өзінің аңшылдық әзілі қозғалып кетіп: — Қария, өзіңіз атпадыңыз ба, Уаш сізден мерген бе? — деді күлімдеп. - Қарағым нашандік-ай, әдейі айтып отырсың-ау, мына жаңа заманның жасымен, асыл аспабымен мені, менің кәрі шитімді салғастыруға бола ма. Уаштың атқыштығын, мылтығының тигіштігін көрмеген кісі айтса мен өзім сенбес едім. Ол анадағы бес оқты мылтығымен ұшып келе жатқан ұларды бірінен соң бірін атып, екеуін бірден түсірді. Шіркін жаңа аспаптың несін айтасың,— деп Ыбрай жаңалықтан, заман техникасынан алған әсе-рін аса сүйсіне айтты. •— Жақсы, қария, тілек ол болса аз күтіңіз, екеуін де қолыңызға берейін,—деді де, алдыңғы бөлмеден бір қызметкерін шақырып:—Уашты тез алдыр,— деп тапсырды. Алғыс айтып Ыбрай Уаштың үйіне жөнелді. Ыбрай Уаш екеуі топ қайыңдағы фермаға келгенде, күн еңкейіп батысқа барып қалғанды. Бұлардың алды-нан ұялас көкжалдың тағы бір шабуылының хабары дайын болды. Текше биігінін кырқасында жатқан жылқыға шауып, осы таңертеңгі шабытта бір жабағыны жығып, бір байталды талап кетіпті. Жылқышылар қуып көрген екен, тіпті қашпайды дейді. Мына хабар екі мер-генді онан сайын ширықтырды. Ыбрай жылқыдан келген кісіні қосқа тез қайырып - Сендер жабағының жемтігін


орнынан қозғамаңдар, жылқының тебінін ауыстырып, басқа өріске көшіріңдер,— деді. Әдейі барып шақырып келген жас мергенді бала дәрежесінде емес, сый қонақ дәрежесінде күтіп, Ыбрай қарттың өзі қасқырдың қыстан бергі мазасыздығының бәрін ұзақ әңгімелеп, Уашты қасқыр жайымен таныстырумен болды. «Әсіресе таңертеңгі кезде шабуылға шығады. Талай қасқыр көріп ем, мұндай ұры, мұндай зұлым қасқыр көргенім жоқ»,— деп, Ыбрай қарт таңдана сөйлейді. Кейінгі .кезде мергендікке жүйріктендім деп, атқан оғын аңның ажалы деп санауға жоритын Уаш мына қасқырдың хабарын естіген сайын «Шіркін, қарасын бір көрсем!» деп кіжінулі. Оның сұрғылт дөңгелек кезінде әлдеқандай бір құмарлану жалыны ұшқындағандай бо-лады. Ол дәл жатарда мылтығын бас жағына қойып, аса шешінбей, жеңілтектене жата кетті. Бірақ оның бұл жайына Ыбрай көңіл бөле қойған жоқ. Уаш шымырап ұйқтай алмады. Оның көзі ілініп бара жатса «әні қасқыр» деген бір дыбыс келіп калғандай болады. Ол оянып кетеді. Әлден уақытта Ыбрайдың аласа ағаш үйін таң сәулесі сыздықтады. Кішкене терезенің ұсақ кездерінен үйге ала көлеңке түсіп келеді. Уаш орнынан ақырын тұрды да, жеңіл киінген бойында мылтығын ала сыртқа шықты. Ыбрай үйінің кішкене барақы сұр қаншығы үйден шыққан қонаққа үрген де, еркелеген де жоқ, Ол бұйығып салом төсегінде жата берді. Осыны көргенде қараала арланын неге ертпегенін ойланды. Мына ала көлеңкеде тауғакетсе, арланы өзіне қандай жақсы серік. Ол аңды кандай алыстан көреді, әсіресе қаскыр дегенде сондай сақ, дәл хабарлайтын серігі. Уаш жан-жағына көз жіберді. Үйдің артқы жағындағы Текше биігі әлі көлеңкеленіп, бойын түн көлеңкесіне жасырғандай қоңыраяды. Бірліжарым әлсіреп батып бара жатқан жұлдыздар жыпылықтап қана қарағандай ала бұлтты аспан әлемі маужырап тұрғандай сезіледі. Шығыстан ақтаңлақ тартып көтеріліп келе жатқан таң сілемі дүние тіршілігінің түңлігін кетергендей, үміт сезімін жандандырады. Жас мерген мылтығын қолына алып аз тұрды. Оның аңқұмар сергек ойы жүржүрлегендей, Текше биігіне меңзеді. Ол ауылдан ұзап жүре берді. Текше биігі жүрген сайын зорая, түседі,ала-шабыр қары кетіп болмаған жоталар қатқақтанып, аяққа соқпа болып басылады. Уаш текшенің солтүстік қиясына шықты да, айналаға көз салып біраз отырды. Әзір қары жеңілмеген, терістік бөктерді аппақ қар басып жатыр. Тек арғы беткейде, алашабыр қардан ашылған өзекшелерде коңырқай бұталар шоғырланады. Ыбрай қарттың айтуындағы қасқырдың ауыл торуға сағалайтын бекінісі де сол арғы беттегі қойнаулар. Ол қалайда сол тепсеңге жетуге асықты. Кешегі жабағы жемтігі де сол қырқаның арғы қабағындағы жотада. Әдеттегі жүйрік жүрісіне салып


Уаш арғы бетке өтті. Аңға шығарда жеңілдеу сезілген шолақ сырма кемзалы қазір калың киім тәрізденіп, аздап бойын бусантатындай болды. Қойнауы көп коңыр адырдың сайлары терең де, бұталы да екен. Мына текшеден сәл аласа көрінгенімен о да біраз жерге қарауыл, әсіресе топ қайыңдағы ауылдың қыбыр еткенін керіп отыратын карауыл бекініс тәрізді. Сол адырдың бір қырқасына шыға бергенде әлдеқайдағы бір өзекшеде әлдебір аңдардың бүкектеп жортып бара жатқаны елес берді. Ол отыра калып сол елесті байыптай қарады. Ұсақ бұталардың арасынан кейде жүні, кейде бұлаңдаған құйрығы елес береді. Біреу емес, екеу тәрізденеді. Кейде бір нәрсені тіміскігендей бөгеліп те қалады. Бұтаның бір селдірлеу жеріне шыға беріп біреуі айдалаға, топ қайың жақ белеске басын көтере иіс тартқандай болды. Кейінгісі одан өте бүлкектеп жорта жөнелді. Бұл жорта жөнелген сәл сүрғылт, аласалау тәрізді. Енді біразда алдыңғы қабақтан асты. Онда қалыңға кіреді. Енді қасқыр екені әбден анықталды. Осы жерден атып көрсем жазым бола ма. Қарауылға тұлғасы түйдектеле қалды. Не де болса деді ол ішінен, басып салды. Қабақтан көлденеңдей берген аң қаңқ еткендей болып етпетінен түсті. Кейінгі қалғаны тура жыта жөнеліп, қайта қайырылғандай болды. Тағы Уаш басып салды. Бұл жолы қасқыр жығылған жоқ, қабақтан аса зым-зия жоғалды. Алғашқы жығылған касқыр шоқалақтап, сүйретіле қозғалып барады. Уаш отыра қалып, денесін ала тағы басып салды. Қасқыр екі домалап кетті. Енді жатқан шығар деп мылтығын кезене ұстап қасқыр жатқан жерге бет алды. Екі оқ та қатарынан кеудесінен өтіп кеткен касқыр Уаш келгенде жансыз сұлап жатқанды, Оның желін сабасы түсе бастағаны буаз қасқыр екенін айтып тұр. «Менің адымдап өлшегенім сегіз жүз төрт болды, сонда шамасы жарты километрден кашықтау-ау»,— деді ішінен Уаш қасқырға жеткенше оқ шығарған жерінен адымын санап. Аз да жер емес, ана арланы тірі кетті, оқ дарымады. Ыбрай қарттың биесін жеген, колхоздың жа-бағысын жайратқан жауы осы болар деді. Ол қасқырды бір бұтаны ықтаған қарға таман сүйретіп тастады да, арлан қасқыр асқан белеске шықты. Бағана жытып кеткен қасқыр қайдан көрінсін, тек ауыл жақтан жортып келе жатқан Ыбрай шопанды көрді. Ол мылтық даусы шыққан жаққа атына міне салып шапқан екен. Таяна беріп: — Немене, Уаш, айтпай жалғыз кетіп қалғаның не? Ол жауыздардың таңсәріден көрінетін, ауыл торитын қарауылы осы жүрекше адыр еді,—деп жан-жағына қарады. Ол әлі бұта түбінде жаткан қасқырды көрген жоқ.


— Әкей, бір жауыңыз құлады, сірә, каншығы болса керек, алысырақтан атып, арланы тірі кетті,— деді Уаш Ыбрайға қасқырдың жемтігін көрсетіп. — Ой, қарағым-ай, өркенің өссін, «Батырдан сауға, мергеннен мүше деген», нағыз оңбағанның өзі осы. Ана арланынан осы қаншығы бір ұры- антұрған еді, — деп өзінің ен таққан қасқырын көргендей болды. Ыбрай келе аттан түсіп, қасқырды аунатып көріп: — Бұл бір қасқыр емес, мына ішінде аз болғанда төрт күшігі бар шығар. Мұны бесеу деп қой. Енді бір алты айда алты көкжал болып еретін еді. Енесімен, арланымен және бөлтіріктеп қандай жемқор. Ана арлан енді бұл маңға келмейді. Қаншығы оққа ұшты, ол безеді,— деп, Ыбрай қасқыр жайындағы өзі білетін сырларды айтып, мазасы кеткен жауынан құтылғандай аса қуанды. Қасқырды өңгеріп алып ауылға тартты. Уаш та мылтығын мойнына салып ауылға оралды. Аюмен жекпе-жек Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, совет жауынгерлері еліне қайтқанда, Нұрқасым да үйіне оралды. Бірнеше жыл әскерде болып, туған жері Алтайды, оның ішінде Сарымсақты өлкесін сағынған Нұрқасым асығып-ақ жетті. Оның егде тартқан жасы, үйде жүргендегі салақтау жүрісі мүлде өзгеріп, жасарып кеткен. Әскери киім де бойына қонып, сырт көрінісі де сымбатты. Үйіне жеткен бетінде алдынан шыққан Уашты қуана-куана кұшақтап сүйді. Ерке қызы Дариғаны екі қолымен көтеріп көпке дейін жерге түсірмеді. Әйменнің көзі жасаурап қуаныш қызығына бөленген өңінде әрі мақтан да, әрі аман көріскен шаттық та бар еді. Ол ерін құшақтады, бірақ балаларының көзінше сүймеді. Нұрқасымның өзі аттанарда жаңа ғана р-ға тілі келіп, құлағы қалқайып, тұлымшағы селтиіп жүрген Дариға қазір үшінші класты бітіріп төртіншіге көшкен. Ал Уаш талдырмаш аңсағайлана өскен жігіт болып, әке алдынан жайнап шықты. Осы балаларды тәрбиелеп аман жетіп отырған ана, майданнан ерін күтіп алған жар, осы қасиеттің бә-рі өзінде — міне Әймен ойындағы шаттықтың тетігі осында болатын. Халық болып қарсы аттанып, қатерлі жауды талқандап кайтқан жеңімпаз совет жауынгері қатарында болған Нұрқасымның белгісі омырауындағы медальдары тұрғанда Нұрқасым да мақтансыз емес. Үйіне кіріп, амандасқан туған-туысқандарға жай-жапсар сұрасып болып, Нұрқасым үй ішіне көз жүгіртті. Өзіне бұрыннан таныс көне дүниенің біразын танып та, сағынып та қарайды. Ал төр алдында жатқан аю терісі, Уаш төсегінің тұсында тұрған сілеусін терісі Нұрқасымға ерекше жаңалық болып көрінді. Өзін аңқұмар Алтай мергенінің бірімін дейтін Нұрқасым, өз үйінде аю терісінің жұмсақ тықыр жүнін төсеп болаттай


сом өткір тырнақтарын тарбитып жатқанын көргені осы. Ал сілеусінді есіткені болмаса, кездесіп көрмегенді. Сол аңдардың терісін өзінің мына кішкене ағаш үйінде көріп отыр. Көргенде алыс жолдан оралған бетінде тосыннан көріп отыр. Сағыныш сұрақтары аяқтап, аздаған демалыс бөгелістерінен кейін бір әредікте Нұрқасым әйеліне күлімдей қарап: — Әймен, мына аюды сен соғып алдың ба, баяғыда нағашымыз мықты болған екен, аю алған екен деп кейде бір мақтанып коятының бар еді,— деді. Әймен қалжың айтысып кайымдасатын әдетін еске түсіре: — Мен соқпағаныммен, аруақ айналып қонғаны ғой, жиеншары соқты. Өзің алдымен тойға әзірлен, мына Уашжан сен жокта аю да алды, сілеусін де алды. Қарғам өмірлі болсын, тек тіл мен көзден сақтасын. Бала мерген атанды ғой, - деп баласының мергендігін әкесіне мақтан ете айтты. -Тек нағашыларына тартсын, мен оған таласпаймын, бірақ тәуіріне тартсын, әне біреулеріне тартпасын,—деп Әйменнің жанына тиіп койды. Баласының салалы болып өсіп қалған тарамыс денесіне сүйсіне бір қарап: — Қарағым, аюды калай кездесіп алдың? Өзің жеке аттың ба, калай болды? — деп Нұрқасым баласының әңгімесін сұрады. Жастығы ма, жоқ әлде өзінің жаратылыстағы тұйықтығы ма, Уаш аңға кездескенін айтқыш емес еді. Аңқұмар әкесіне аюға кездескендегі жайды айтуға ойланса да, өзінің қорыққанын, тіпті жазым бола жаздағанын калай айтады, оны Жанжігіт қарттан бас қа кісіге айтып та көрген жоқ-ты. — Әйтеуір алдым ғой, жалғыз кездестім — деді. — Былай жөндеп айтсаншы, тыңдайык,— деп Нұрқасым баласын кайта әңгімеге козғады. Уаш ұялаңдап біраз отырды да, козғалып қойып: — Былтыр, август айының аяқ кезі, елік карап келейін деп берденкені алып, Шыбынды бұлактың бас жағындағы шатқалға бардым. Тік жартастың бауырындағы калың қарағайды сырттай, арғы тұйыққа өттім, ал-дымнан шалғынды жапыра басқан аюдың ізі кездесті. Қарақаттардың басын "сындырып жепті, сірә, жаңадан жүрген-ау деп тағы бір қабакшаға шықтым. Биік-биік самырсындар өскен саздау былқылдап көрінді. Солай қарай жүре беріп ем, аттың дүбірінен шошынды ма, бір өңкіген жалбыр жүнді аң арткы екі аяғына көтеріліп, бір жуан самырсынды құшақтай алды. Ойда жоқтан үй-елмендей аң алдымнан шыға келгенде шошып кеттім. Астымдағы атым шошып қалшқалш етті, ілгері баспай тұрып алды. Аттан қарғып түсіп мылтығымды алып ке-зене беріп ем, ол гүр етіп өзіме қарсы жүрді. Аса бір жақсы болғаны, мен жоғары жақта, аю төменде. тақыр қолтығын карауылға алып жан дәрменмен атып калдым, жерге домалап түсті. Жанталаса түрегеліп, үлкен самырсынды айнала беріп, тағы маған ұмтылды. Мен де


мылтығымды оқтап жіберіп атайын деп ем, патроны шықпай, жаман састым. Шомполмен бос гильзаны ай-дап тастап оқ салғанша, таяп калды. Дәл төсінің тұсынан атып қалдым, етпетінен түсе төмен домалап аунапаунап кетті Манындағы бұтаны күтірлетіп, бақырып күрілдеді, қарасам, бір-ақ оғым қалыпты. Мылтығымды оқтап алып, таяп келіп, жүрек тұсы деп тағы аттым. Жүрегіне тимей, қолына тиіп, үзіп кетті. Алғашқы аю күрілдегенде қаңқылдап қашып кеткен қараала арлан аюдың жығылғанын көріп арсылдап, шыр айнала үріп жүр. Бір аяғын солтақтатып, орнынан тұрып, бұталарды қирата маған айбат шегіп, сақылдап, өзінің оқ тиген қолын қабады, Осы кездегі ащы даусынан итім шошып қайта безді. Артыма қарасам, атым кетіп қалыпты. Оқ бітті, аю әлсіреп жығылар емес. Қайта жанталасып ызаланып, маңайындағы ағаштарды қиратып, айқайлап ойран-топырды шығарып жүр. Күн еңкейіп барады. Біразда өзіме қарай ұмтылды, бірақ оң жақ аяғын сүйреп жүре алмай, артқы екі аяғынан тұрып келеді. Қашуға жаяу қайда барам, жаман састым. Бар ойыма келгені мылтығымды алып, қарағайдың басына шығып кету болды. Сыңар қолымен аю шыға алмас деп ойладым. Жоғарырақ тұрған үлкен самырсынға келіп өрмелеп басына шықтым. Аю жаралы қолын қауып, тағы да ызалана бұталарды қирата аласұра мен отырған қарағайға қарай жүрді. Онан жаман састым. Бар қаруым мылтығымды оқтандым. Дегенмен сезімтал аң ғой, именіп қайта бұтаға шегінді. Сазға барып аунады. Көріп отырмын. Енді түсіп кетейін десем, дыбыстан сезініп тұра бассала ма деп қорқам. Тау іші ала көлеңке тартып барады. Зәрем ұшты. Түнімен мына тауда қалай отырам деп қорықтым. Аю тағы біразда солтақтап арғы саздауытқа барды. Бұтаның ішіне кірді. Сол кезде ақырындап қарағайдан түсіп, біртіндеп қырға тарттым. Әлгі өзі асып келген қырқаға шығып аз отырдым. Аттың қарасы жоқ, шошып үркіп кетіпті. Ізімше ауылға қарай қайтып кісі ертіп, оқ алып қайта келуге ойландым. Сонан топ қайыңдағы ауылға жаяу келіп, Жанжігіт атайды ертіп, атына мінгесіп, алдымен атымды тауып алдым,— деп Уаш бұрын жанға айтпаған әңгімесін ұзақ айтты. — Қарағым-ау, мұның бірін бізге айтған емес. О, тәңірінің сақтауыай, оқ жазым тисе ғой, ол өзін жазым етеді,—деп Әймен енді зәресі ұшып отыр. - Сонан соң қайттіңдер? — деді Нұрқасым баласының әңгімесін аяқтатқысы келіп. Түнде Жәкең үйінде болып, ерте шығып жортып отырып, аю қалған жерге келдік, Келсек, қараала ит жотада жатыр. Иттің қасына атты тастап, Жәкең атай екеуміз барсақ аю жоқ. Атай бұл сонша жараланғанда ұзаған жоқ шығар деп төмен түсе бергенде, алдымыздан жауырын жүні


күдірейіп, бір аяғын сүйретіп түре келгені. Бірақ оқтан беті қайтып қалған екен, тұра жөнелді. Жүре беріп шойнаңдап тағы тұра қалды. Сол жерде көздеп тұрып басынан атқаным, оқпен бірге домалап ұшып түсті. Өкіріп ыңырсып жатты, қашан дыбысы біткенше аңдып отырып, әбден жаны шыққан соң барып терісін алдық, майын алдық, өтін алдық,—деп бала мерген әкесіне алғаш атқан аюының әңгімесін аяқтады. — Ескі де болса осы менің берденкем өзі жаман мылтық емес,— деп Нұрқасым өзінің кәрі жолдасын әдейі тұрып барып қолына алды. Ішін сығалап көрді, сипады. Күтіп ұстаған баласына разылана қарады. — Өмірлі бол, бір қатерден аман қалған екеңсін,— деді. Таутеке жорығы Біраз демалып тыныққаннан кейін Нұрқасым алыста жүріп аңсаған Алтай саласына шығып, аң қарағысы келді. Кәрі жолдасы берденкесін баптап, нысана атып та байқады. Уаш бұрынғы қызметін істеп, Исаев, Қалиев, Чугуновтардың сенімді жылқышысы, сүйкімді мергені болып алған. Үйге де сирек келіп кетеді. — Мен жоқта оқудан бөгеліп қалыпсын, сірә, оқуға барғанын жақсы емес пе? — деген әкесінің сөзіне: — Мен енді әскер жасына да келіп қалдым. Исаев ағайлар өздерінің мектебіне жіберем, офицер оқуына барасын деп жүр, соған барам,— деп өзінің алдағы ойын да айтқан. Бұл сөзге Нұрқасым қарсы болмаған. Баласының демалыс күндерінде бірге әлденеше рет елікке, қоңыр аңға бірге шығып атып қайтты. Бірақ аю, барыс, сілеусін сияқты атақты аңдарға кездеспеді. Баласының қолындағы Исаевтың карабині Алтай аңдарының ажалы тәрізді. Көрінген жерден карауылға ілінсе болғаны атып түсіре береді. Баласымен қатар жүргенде өзі кәрі мылтығынан оқ та шығара алатын емес. Бар болғаны бір рет Уаштың өзі әдейі айдап шығып бір елікті атқызды. Нұрқасымның ерте кезден бір құмар аңы бар. Ол Күршім басындағы Сармойын кұздарынан таутеке аңдау. Таутекені мергендердің мергені атады. Ол жан баспайтын құзар қиында, қары кетпейтін шыңдарда ғана жүреді. Өзі кішігірім тайыншадай. «Осы аңға мына Уаш әскерге кетпей бір барса, және мына Исаев әзірше мылтығын сеніп беріп отыр, шіркін осымен бір атып алса!» Осы оймен Нұрқасым бір күні Уашқа: — Сен біраз күнге демалыс сұра, таутекеге баралық. Қазір таутеке қияның қардан ашылған бозына келеді,— деп ой салды. Бұрын ол жаққа аяқ басып көрмеген Уаш: — Әке, ол таудың жолын өзің білесің бе, қазір жазға салымғы қара өзек кез. Және қарасуықта тау өзендері қар суымен таси да бастады ғой,— деген біраз ойлы сөздер айтты.


— Ол таудың жолын .аздап білем, ертеде барғаным болатын. Бірақ біз Ақжар биігінің бауырындағы Мұқанға соғамыз, ол өзі барлық жолды біледі,—деді. — Ондай болса, мен ағайдан рұқсат та, мылтығын да алайын,—деп Уаш жылқы қорасына кетті. Баласының келуін асығып күткен Нұрқасым Сарымсақты, Балтақалған биіктерінің қиясына көз жүгіртеді. Көктемнің шуақты жылы күні балбыратып, қия қары да алашабырланып еріп, жартастар ашыла бастаған. Ал оңтүстік тауларының ең биіктері — Күршім басы, Сармойын шыңы әлі қар құшағында жатыр. Теріскей жағы тұнжырап жатқанымен, күнгейі ашыла бастаған болар деп ойлады Нұрқасым. Күн еңкейе Уаш та келді. Қалаған мылтық, таңдаған атын мініп, бала мерген жүріске әзір болып келді. Таң рауанынан атқа мініп, әкелі-балалыекі аңшы Ақжар алқабы қайдасын деп жөнелді. Сарымсакты қиясынан аса бергенде күн көтерілді. Бірақ оңтүстік беткейден қара жел ызғырықтап, арғы Күршім тауларында бұлт үйіріліп тұнжырап жатыр. — Тезірек Мұқан мергенге жетелік. Ол бұлттың да, сырттың да тілін біледі,— деп Нұрқасым тура Ақжар биігіне тартты. — Жөн білетін кісі болмаса, ана тауға бару қиын болар. Әйтеуір бет алған соң барғанымыз оңды, бірақ білетін кісі керек,— деген баласының сөзін де Нұрқасым ойына түйді. Нұрқасымдар келгенде, Мұқан салқын тиіп ауырып жатқанды. — Мен де сол таутекенің бозға қайтқан беті деп шығып едім, ешкі де ала алмадым. Қара суық, әсіресе тау кенересі ызғарлы суық екен,— деп Мұқан тау жайын жайсыздау айтты.— Бірақ ауа райы бір қалыпта тұра ма, бір жағы мүйіз, бір жағы киіз көктем кезі ғой, мен айтты екен деп түңілмеңдер,— деп Мұқан қайтадан леп бергенде емексіте сөйледі. — Ол рас қой, бізге мылтық пен демалыс үнемі беріле ме, не де болса барамыз,— деп Уаш әкесінің күйбежегіне тоқтау салды. Ақжардан асып, таң ата арғы биікке тартты. Әдейі мергендерге жол ашқандай тау кенересі бұлттан айығып, жел де тынымдады. Өрлеп отырып ең биік шоқыға жетті, арғы қарлы қия, бергі жаңа ашылғаң боздын шеті алашабырланып жатыр. Екі мерген сол жерден аң карауылдады. Біраз отырып енді тұралық деп қозғала бергенде, Нұрқасым: — Тоқташы, Уаш, мен жаза баспасам, әне бір қой науға қарай бір топ ешкі асып түскендей болды.


— Ия, мен де көріп отырмын. Мына бір жерден қарасақ бар-жоғы анық көрінеді,—деді де, Уаш тұрып бір жартастың иығына шықты. Ол отыра қалып мылтығын кезене бастады. —Тұра тұр, тіпті алыс қой?— деп Нұрқасым дыбыстады. —Бұдан жақын келтіре ме? Мына, шатқалдан қалай өтеміз, не де болса атып көрем,- деп Уаш атып салды. Шеткерірек бір түп бұтаны айнала жайылып тұрған жалғыз теке оқпен домалап құзарға құлады. Қалған төрт ешкі ұйтқып әрі аса жөнелді.Сайдың етегіне таман келіп, ешкінің денесі бір қия тасқа ілініп тоқтап қалды. Ол етекке түскен кісі мына қияға ешкінің етін алып қайта шыға алмайды. — Мынаны қалай барып аламыз,— деген Нұрқасым сөзіне: — Мен де соны ойлап тұрмын. Егер ешкінің еті мен терісін аламыз десек біреуіміз барамыз. Оған барған кісі мына қияға қайтадан өрлемейді. Онда не де болса Мұқан үйінен табысамыз,— деп Уаш кәдуілгі кексе мергенше шешіп айтты. — Онда мен осы жерден ақырындап сол ешкіні алайын, сен тағы арғы бетке асып ешкі қарап көр,— деді Нұрқасым. — Сіз маған қайыс арқаншаны беріп кетіңіз.—Осыны айтып Уаш мылтығын мойнына салды да, әлгі бір топ ешкі асқан иықты бетке ала, Сармойын өзенінің басына қарай қиялап жөнелді.Асты толқын атып жатқан өзен, үсті құзар биік жартасты Сармойынның тұйығына келіп ілінді. Біртіндеп кереге тасардан қабырғалай саумалап келе жатып, ол бір мұрыншақ тасқа шықты. Уаштың осы шыққан мұрыншағынан арғы беттегі ешкі жайылымы тәрізденген ала шабыр кенере тұспа-тұс көрінді. Тап сол жердегі бұталардың арасынан бір теке кереге тасқа қарай түсіп келеді. Күтпеген жерден көрінген жалғыз теке сондай зор болып елестеді. Әсіресе қарағайдай екі мүйізі ереуілдеп, аяғын Маңғаздана басады. Уаш мылтығын алып көздеді. Ал осы жерден атқанда оғы дари ма? Ең аз болғанда, алты жүз метрден кем емес. Ал оқ тисін, ана құздан қалай барып, қалай алады? Бостан-босқа қасқырға жем өлтіреді.Ешнәрседен хабарсыз теке бір шалып, екі шалып жүріп келеді. Ішінен ойлаған есептің бәрін қойып, Уаш кезенген бетінде мылтығын басып салды. Оқ тигендей болып теке сүрініп барып қайта тұрды. Жанталасты ма, орғып қияға беттеп, тақтайдай жартастың бетіне өрледі. Енді біраздан тік жартастың бетіндегі кішкене кенереге келіп, сүмірейіп біраз тұрып шөкесінен жатты. Ол оқтан мегдеп жатты, енді қалай барып алады. Мына күйінде атып тұрып тастап кетуге болмайды. Аз отырып, Уаш енді теке келіп жатқан жартастың төбесіне шықты. Әрең дегенде келіп шыққан жартастан қалай қараса да текенің қарасы көрінбейді. Ал жартастың асты құзар құлама, етекте күрілдеген асау өзен. Енді қайтеді? Аз ойланып, не де болса арқанымен түсіп текені алуға шешті. Қайыс арқанның бір ұшын


жартастың бір серегінен байлап, бір жақ ұшын өзінің белінен байлап, тасты аяқтай төмен сырғыды. Бір-екі метрдей төмендеген кезде бір мұрыншақ тасты етегі іліп кетіп, қопарып жіберді. Ол тас қозғалып жылжып еді, әлденеше тасты қозғап, төмен қарай көше бастады. Аяқ тірер кенере жоқ. Маңдайдан тер бұрқ етті. Ана тастың біреуі тисе болды, арқан да үзіледі, өзі де анау шатқалға құлайды. Жандәрмен бір кішкене кенереге аяғы ілінді. Қолымен қармалап жоғарғы бір тастың болымсыз мұрыншағын демеу етіп, теке жатыр-ау деген кенереге жағалады, Шынында да теке жақын жерде екен. Біртіндеп жылжып келеді. Кұбылаға бетін бере тасқа сүйене шеккен үлкен сұрғыл теке тоңқиып жатыр. Уаш тырмысып жылжып келеді. Аяғы ендеп симайды. Қырынан демейді. Бар қуаты кайыс арқан. Біртіндей-біртіндей текеге қолы тиді. Текенің козғалар әлі жоқ, тек көзі бозарып жатыр. Қалайда етекке құлату керек. Ол арқанынан қамти мықтап ұстап, текені кенереден итеріп жіберді. Жалтыр тасқа сырғыған текенің жансыз денесі сырғи жөнелді. Жолшыбай әлденеше тасқа соғып, тауды басына көтере домалады. Әлден уақытта Уаш енді қайтадан шығуға тырмысты. Арқанынан саумалап, есі кетіп жаны қинала, жартастың қиясына қолы ілінді. Апаттан құтылғандай демін алды. Ол қайтадан біртіндеп жылжып алғашқы орнына келді. Тастап кеткен атын тапты. Бұл кезде күн де батып кетті. Ел жата Мұқан үйіне келді. Бұдан бұрын келген Нұрқасым ешкінің терісі менетін жайып отыр еді. Текені ертең іздеуге сөз байлап екі мерген дем алды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.