Diwan-Hikmet

Page 1



ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ

ДИУАНИ ХИКМЕТ (ДАНАЛЫҚ КІТАБЫ)

Баспаға әзірлегендер: Қуанышбек ҚАРИ Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА Расул ИСМАИЛЗАДЕ

Тегеран. "Әл-Хұда". 2000-жыл.


Иасауи Қожа Ахмет Диуани хикмет (Даналық кітабы) Топтастырып, қазақ тіліне аударғандар: Қуанышбек Қари, Ғалия Қамбарбекова. Ғылыми редакциясын қараған: Расул Исмаилзаде. Тегеран. "Әл-Хұда" халықаралық баспасы. 2000-жыл. Әйгілі сопы Қожа Ахмет Иасауидың бұл жинағы қазақ тілінде толыққа жуық топтастырылып аударылумен сипатталады. Кітапта асса, сопылық тақырыбы қозғалса, беріде ислам дінінің мән-жайы айтылады. Жинақ барша оқырман қауымға арналған.

І5ВЫ 964 - 472 - 286 - 8

Қазақ тіліне аударғандар: Қуанышбек Қари, Ғалия Қамбарбекова.


АУДАРМАДАН АЙТАР СӨЗ Иасауи тұлғасы... Сопылардың сұлтаны... Біріншіден, ол - қазақтың исламдық әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Соның ішінде нағыз сопылық-мистикалық, немесе абыздық әдебиет осы Иасауи хикметтерінен бастау алады десек, осы аталған мәселенің ар жағында қаншама зерттеудің күтіп жатқандығы тағы бар. Екіншіден, Ахмет Иасауи исі түркі жұртына тиесілі арналы әдебиеттің көрнекті қайраткері. Үшіншіден дейік, оның әдеби мұрасы бүкіл ислам дүниесінің ортақ қазынасы. Ал оның жеке тұлғасын тану арңайы деректанушы мамандардың қ\|зырында қала тұрмақ. Соған орай Ахмет ИасауидыҢ тцянақты вмірбаяны түзіліп жатса, нұр үстіяе нұр. Міне, осы тұрғыда сіздердің қолдарыңЫздағы осынау "Даналық кітабы" несімен қуантады десек, бұнда Иасауи шығармаларының қазақ тіліндегі қолда бар толық тәржімалары жинақталып отыр. Алашқа анық, 1993 жылы "Мұраттас" орталығы баспасынан М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи ағаларымыздың "Диуани хикмет" (Ақыл кітабы) деген атпен Иасауи хикметтері жарық көрген еді. Онда аудармашылар ең көне деп таныған 1897 жылғы Стамбул нұсқасы бойынша Ахмет Иасауидың_69. хикметі аударылған болатын. Және де кітаптың бір бөлігінде түпнұсқа негізінде алынған хикметтердің транскрипциялық мәтіні топтастырылып жарыққа шыққандығын өздеріңіз тамаша білесіздер. Дегенмен сол аудармада сандары белгіленгенмен, бірен-саран аударылмай қалған хикметтер де бой көрсетті. Оның себебі араб сөздерінің көптігімен түсіндірілген. Аудармада тек араб сөздері ғана емес, парсы және ескі түркі сөздерінен де күрделі оралымдар болғандығы айқын. Соның бәрін ескере келгенде, Иасауи аудармаларын толықтырудың бір сәті түсіп,

А


Тегерандағы "Әл-Хұда" баспасында жарық дүниемен қауышқан осынау ақжолтай аударма ендігідө өз отанына қарай жолдама алып бара жатыр. Бұнда Аллатағаланың нәсіп етуімен жоғарыда аты аталған ағалар аудармаларымен бірге 1893 жылы Қазан университетінде үшінші мәртебе жарық көрген "Диуани хикмет" басшылыққа алынып, барлығы 135 хикмет ұлы абыздың туған халқының тіліне тәржімаланып отыр. Бұған қосымша қазақ тіліндегі бұрнағы нұсқада аударылмай қалған арабшаланған хикметтер де бұйрықтың болуына орай осы аударма аясында қазақшаланды. Осылайша келгенде, қолдарыңыздағы кітаптағы 66 хикмет пен мінажат аудармасы М. Жармұхаметұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи үлестеріне тиесілі болса, "Сөз басы" мен қалған 68 хикмет жаңа аудармалар болып табылады. Сол ретпен Иасауи шығармаларының аталмыш аударма нұсқасында хикметтердің орын тәртібіне болмашы өзгеріс енгізілді. Өйткені Қазан нұсқасы Стамбул нұсқасына қарағанда ертерек басылғандығы және бірнеше мәрте басылғандығы бар - басшылыққа алдық. Қазақ тіліндегі 1993жылғы аударманы сол қалпында қалдырдық және сол негізде жаңа аудармамен арадағы қолданыстарда аздаған алуандықтың болуы да әбден заңды. Сондайда көптеген жайлар себеп болып, хикметтердің орын тәртібі үйлесімділігі үшін де кітап соңында арнайы кестеде тоқталып өтеміз. Түсініксіз сөздер мен тіркестердің тұсын тек жұлдызшамен белгілеп, түсінік орнына берілген сөздікті соған көмекші құрал етуді оқырманға ыңғайлы деп таптық. Аталмыш алуандық дегенде, айталық, түпнұсқада құдайтағала мағынасын беретін "субханекем" деген сөз бұрынғы аудармада "сұбхан и е м " деп қазақшаға икемделсе, біз оны "сұбханекем" деп алдық. Оның бір себебі ертедегі ислам әдебиетінде жаратқанмен адам ретінде сөйлесу, онымен сырласу сарыны бағзыдан қалыптасып үлгерген болатын. Хафез, Мулави, Саади шығармаларының қай-қайсыларын алсақ та, осының айқын куәсі боламыз. Оның ішінде Мулави, Моулана, немесе Түркия түріктері Мевлана

В


(мағынасы құдайшылық жолындағы ұстаз, жетекші) деп атайтын Иасауидың тағы бір тұрғыласы Жалаладдин Румидің түрік тіліндегі шығармаларында да бұндай жай аз ұшыраспайды. Сондықтан біз де құдай: ол - сіз, ол - біз, ол - ол формуласы басшылығымен Ахмет Иасауидың хикметтерін белгілі бір тұлғаға бағыштаған сипатына көбірек көңіл аудардық. Тағы бір мәселе сондай-ақ Иасауидың өзі "дәптер сани" (екінші дәптер) деп атаған еңбектің осы атауының да өз мәнісі бар. Тегінде қасиетті Құранды бірінші дәптер ретінде қарастырып, содан бастау алатын өз. шығармаларын екінші дәптер деп атау - абыздық әдебиет, сопылық сарында әбден қалыптасқан дәстүр. Оны парсы әдебиетінде де өте жиі ұшыратуға болады. Ал сондайда Ахмет абыз өзінің парсы тілін жетік меңгергендігі турасында 132хикметте кеңінен тоқталып өтетіндігі де талай жұмбақтың шешуін табуға жетелейтіндігі айқын. Жалпы, Қожа Ахмет Иасауидың қазақ әдебиеті мен фәлсафасы үшін маңыздылығы әлі де болса терең-терең үңілуді қажет етеді. Сонда ғана хазіреттің сұлтандығын сан қырынан алып қарастыруға болар еді... Сонымен, абыз жырларының аудармасы тәмам! Төрелік тек оқырман ниетінде. Дегенмен дәмнің бөтендігі бар, баспаның бөгделігі бар, оның бәрі болашаққа аманат. Осылайша қазақ топырағында мәдениетті қолдау жылымен тұспа-тұс және Иран Ислам республикасы ұсынысы - ЮНЕСКО ұйымының алқауымен алда атап өтілмек өркениеттер келіссөзі жылы қарсаңында Иран топырағынан Тұран бесігіне аттанып бара жатқан исламдық жәдігер - Түркістан тойына аз ғана тарту болып табылады. Оның басылып шығуына тікелей мұрындық болған және аудармада кездескен араб сөздерін тергеуге ат салысқан исламтанушы және түркітанушы ғалым Расул Исмаилзаде мырзаға және осы еңбекті басып шығарған халықаралық "Әл-Хұда" баспасының директоры қажы Оухади мырзаға еңбекте табыстан

С


табысқа өрлей берулеріне тілектеспіз. Түрік тілі мен әдебиетінің профессоры Расул Исмаилзаденің жаңа жарыққа шыққан еңбектері ретінде ол түркі әзірбайжан тіліне аударған қасиетті Құран, хазірет Әли хадисінің жинағы - "Нәғжолбәлоғе" және "Қорқыт ата дастандарын" атай кеткен орынды. Сонымен, тегі - дүр, сүйегі асыл Иасауи баба әруағына арнаған дұғаларыңыз тие берсін, ниеттеріңіз қабыл болғай! Сондайда Түркістан абызының туған елі турасында ирандық бауырлардың жолынан адасқан жанға "сіз таңдаған жол арабтың кәбесіне емес - Түркістан төріне апарады,-"деп мақалдайтыны да тегін болмаса керек... Қуанышбек ҚАРИ Ғалия ҚАМБАРБЕКОВА

Б


ТҮРКІСТАН

ТӨРІНЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН

ЖОЛ

Түркістан - ислам және шығыс әлемінде аты әйгілі кең байтақ ел. Солтүстігінде Сібірмен, батысында Каспий теңізіне дейін, ал оңтүстігінде Ауғанстан, Үндістан, Тибетке дейін, шығысында Монғолстанға дейін шектесіп жатыр. Түркістан географиялық және тарихи жағдайларға сәйкес қашанда көпшіліктің оң назарында. Бұл кең байтақ ел - бір кездерде Тұран деп аталып келіп, өз замандарында үлкен өгерістерге ұшырап отырған. Сондай-ақ әрқашан да үлкен мәдениет пен өркениеттің ошағы болып табылады. Қазіргі күндері бұл кең байтақ ел Орта Азияның бірнеше елдеріне, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан мен Тәжікстанға , сонымен қатар Ұйғыр автаномиясына бөлініп кеткен. Түркістан қашан да түріктердің орталығы. Кезінде ол шығыс пен батыс ғұндарын өзінің құшағында тербетіп еді. Елінің тарихи өрлеу кезеңдерінде түркі ұландары шығысында Қытайға (Пекинге) дейін барып, ат суарған. Аты әйгілі қытай қорғаны да осы түріктерден қорғану мақсатымен салынған болатын. Ал, батысқа қарай жасаған жорықтарында Европаның қақ жүрегіне дейін барғандығын немен теңестіруге болады. Олардың даңқты қолбасшысы - Еділ Европаның үлкен бөлігін өз қолына қаратқан болатын. Түркістанның осы өлкеге ислам діні келген кезде маңыздылығы екі есе артты. Содан берідегі 12 ғасырлық ілімге толы ғұмырын қалай болса да мақтаныш етуге тұрады. Осы аралықта ежелгі Тұран баурынан қаншама ислам әлемінің ділмар данышпандары түлеп ұшты екен?! Бізге белгілісі ол мыңдаған ислам тұлғаларын сусындатты. Сол орайда Түркістан заманында ислам ілімінің қайнар көзі мен орталығына айналғандығын айтсақ та жетіп жатыр. Мүмкін қайсыбір қатынастарда біршама шектеулерді табуға болатын шығар. Десе де Түркістан өзінің

Е


ерөкше қабілетімен дінді исламдық терең төңкеріс мектебіне айналдыра білді. Түркістанды сондай деңгейге жеткізе білген данышпандардың сонау һижраның алғашқы жылдарындағы еңбектерінің әзі неге тұрады. Түріктер топ-тобымен мұсылман бола отырып, ездерін қытайлық және үнділік мәдениеттен жекедара беліп алды. Есесіне, олар исламдық және ішінара ирандық мәдениетті қабылдады. Түрік жамағаты бір мезгіл ездерін аумалы-төкпелі кезеңдерде буддизм мен мәсихи дінінің шылауынан алып шығып, исламға құлаш ұрса, екінші бір қырынан үлкен өркениет мен мәдениеттің негізін алып, құдіретті түрік мемлекетін құра біледі. Солардың ішінде аса құдіретті түрік мемлекеті алғашқы мұсылман түркілерінің Қарақанидтер мемлекеті болды. Ислам түрік тілі мен әдебиетінің дамуына үлкен септігін тигізді. Айталық, бүгінгі күнге дейін мәсихи мен иаһуди түркілері өздерінің ана тілдерін сақтай алмаса, өз тілін әдебиетімен бірге гүлдендіріп, жасандырып отырған тек түркі мұсылмандары ғана. Бұның сыртында түріктердің ислам дініне сіңірген ірі қызметі былайша сипатталады: 1 )Түріктер ислам әлемінің шекарасын сақтау жолында жанқиярлықпен күресті. Айталық, Аббас әулеті халифаттығының тұсында ислам дініне қарсы соғысқан византиялықтармен найза түйістіріп, атқа қонып, аруақ көтерген әуелі осы түріктер болатын. 2)Түріктер ислам жолындағы соғыстарда жеңімпаздық даңқымен әйгілі. Тұғрыл мен Алып Арысланның тұсында түріктер Римге шабуыл жасап, Анадолыны ездеріне қаратады және сол аймақтың халқының барлығын да түріктендіріп жібереді. Тіпті крестшілердің екі жүз жылға созылған соғысының алдын бегеген де ержүрек түрік әскерлері болатын. 3)Түріктер ислам дінін Үндістан, Тибет, Қытай және Европаға таратуда елшеусіз үлес қосты. 4)Түріктердің ислам дінінің мәдениетін таратуда атқарған қызметінің орыны бір бәлек.

Ғ


Соңғы жағдайда мынаны атай кеткен лазым. Ислам діні Түркістанға жеткенше үш түрлі мәдениетті: арабтық, ирандық және түріктік мәдениетті өткеріп, кейін түркі қауымы солардың басын қосып, таразысын бекітіп ұстана білді. Оның нәтижесі іргесі мығым жаңа бір мәдениетке бастап әкелді. Сол арқылы олар әртүрлі мәдениеттің қыспағында бола отырып, өзінше бір бірігу орталығын қүрып, оны басқара білді. Атап айтқанда, жаңа мәдениет үлгісі - Бұхара мен Самарқандта Түркістанның мәдени және діни астаналары жасақталды. Осы екі қала Мекке мен Мәдинеден кейінгі қасиетті. қалалардың қатарына жатады. Ұлы ойшылдардың бірқатары осы қалаларда дүниеге келді. Медреселер мен мешіттер көптеп салынып, оның әрқайсысы ислам дінінің таралуына көптеп көмегін тигізді. Мәселен, Түркістан бесігінде тербеліп, Тұран суынан тәрбиеленген біршама түрік данышпандарының бір парасы мынандай болып келеді: Хафез Әбу Саийд Хейсум ибн Калиб, имам Әл-Хұда, Нәсір ибн-е Мұхаммет Самарқанди, имам Әбу Давуд, Ибн Може: бұл екеуі сүниттердің 6 үлкен кітабы болып табылатын "Жузве Сахох-е сетте" атты еңбегімен белгілі, сүнниттердің үлкен данышпаны Әбу Мансұр Матариди, нақшбандие сопылық мектебінің негізін қалаушы - Қожа Бахоаддин Нақшбанди, ислам дініндегі үлкен хадис білгірі имам Мұхаммет ибн Ысмайыл Бұхари, Абул Қасым Мұхаммет Замахшари Хорезми, екінші ұстаз құрметіне ие, ғылымның барлық түрін игерген түрік ғалымы Хаким Әбу Насыр Фараби, Әбу Райхан Бируни, Әбу Әли Сина, Мұхаммет Қашғари, Мақтұмқұлы Фәроғи, Ибраһим Құнанбайұлы, Алломе Саийд Шариф Журжони, Әмір Әлішер Науои, Әбдірахман Жами, Жүсіп Қас Хажып Баласағұни, Ахмет Иугінеки, Бурханеддин Рабғузи, Мұхаммет ибн Әли, "Махаббатнама" авторы Әл-Хорезми,"Мақтале Хорезми" атты кітаптың авторы Хорезми, Сайедаддин Масуд ибн Тәфтазани, Мұхаммад ибн Қайс, "Жүсіп қиссалары" атты дастанның авторы - Шаер

С


Әли, Әбу Хайон Андалуси, Мырза Мехди Хан Астрабади және Қожа Ахмет Иасауи. Осы аты аталған данышпандардың барлығы да Түркістанның орталығында тәрбиеленіп, олардың әрқайсысы әртүрлі ғылым салаларында білімге сусындап ислам мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосқан. Осылардың ішінде Ахмет Иасауи күн нұрындай жарқырайды. Қожа Ахмет Иасауи халық ортасында кеңінен танымал. Ол Орта Азияға сопылық сарынын тарату жағынан да ерекше орынға ие. Қожа Ахмет Иасауи ойларын ирандық, түріктік мәдениеттің сондай-ақ мәсихилік, үнділік және исламдық ойлардың тоғысу, толысу, немесе қайнар орталығы ретінде қарастыруға болады. Қожа Ахмет Иасауидің мәртебесі мен дәрежесін толығырақ ашып көрсету үшін, сопылық тақырыбына азырақ тоқтала кетсек. Сопылық - негізінен әлі де болса зерттеуді қажет ететін ілім. Ол - көбінесе адамның ішкі ой-түжырым толғауларының сыртқы өміргө тигізетін әсері. Сол әсер арқылы адамның қиыншылығы мен тартысы мол дүниелік істерден сырт айналу - сопылық жиынтығын құрайды. Сопылық - Алланың берген қызықтарын да, қиыншылықтарын да бір дәрежеде тарту ретінде қабылдау болып табылады. Соның бәрін бөле жармай Алланың бергендерін идеал тұтынып, қанағат ету. Сонымен бірге сопылықты бұл дүниеге деген көзқарастардың бір түрі десек те болады. Осы көзқарас бойынша абыз өзінің жаратушысына жаратқан ие ретінде ғана емес, ғашығы ретінде де қарайды. Сопы өзін хақтың құлы, пендесі деп қарайды және оған жан-тәнімен беріледі. Өзін-өзі ұмытып қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы да сопы назарындағы осы дүниеге деген көзқарас. Ал, екінші бір жағынан сопылық - өмір сүрудің өзіндік принциптерін ұсынады. Яғни сопылық мектеп өздерінің сопыларына әдеп пен амалдарды, қалыптасқан наным-сенімдерге байланысты құлдық

Н


ету мен пенделіктің сырларын, ғайып өмірге қалай жетуге болатын жолдарын көрсетеді. Бүл сияқты ойлар адам баласы өзінің қиялына межеден тыс орын берген кезде, өзінің ішкі жандүниесінің кеңіп, жасырын жатқан жан сыры ашылғанда айқындала түседі. Сопы бүл өмірдің қызығы мен байлығына көз жұмып қарайды. Сондықтан да ол кедей, кезбелік өмір кешеді. Өйткені осы жол арқылы өзін өмірдің торынан құтқарып алмақшы болады. Бұл - соншалықты бір жаңа ой емес болатын. Бүдан алдыңғы көптеген діни наным-сенімдерден осы ой сарын айқын байқалып отырады. Тарихқа көз салсақ, сопылық ойдың сорабын біздер үнділік наным-сенімдерден де байқап қаламыз. Мәңгілік өмірге жету үшін бұл өмірден бас тарту үнді абыздарына тән жай. Будда дінінде бұл өмірдің қызықтарынан қашудың бірденбір себебі мынандай: Өмір азап пен реніштерден тұрады. Ал осы азаптардың түбірі сол адамдардың жеке басының арманы, қалауы, тілегінен шығады. Олардан құтылудың жолы - нәпсіні өлтіру. Қытай мен грек елінде де сопылықтың іздері сайрап жатыр. Сондағы таоизм және колбионизм мектептері мен Платон негізін қалаған мектептер де сопылықтың негізін қалады. Мәсихи дініндегі аскеттік өмір де сопылықтың бір көрінісі болып табылады. Ислам дініндегі сопылықтың пайда болуы һижра жыл санағы бойынша 2-ғасыр ретінде еске алынады. Сонда мұсылмандар арасынан сондай бір жұпыныжадау киініп, адамдардан алыс тау іші үңгірлерінде, немесе шөл далаларда өмір сүртіндер шыға бастайды. Ибраһим Адһам тоғыз жыл Нишапур қаласына жақын жердегі бір үңгірде өмір сүреді. Осы топтың серкелері Әбу Хашем Куфи, мысырлық Завалнун, немесе Зуннун, Мәруфе Кархи, Хотем Асымдар болып табылады. Сопылардың екінші бір тобы һижраның 2-ші ғасырының ортасында Хорасан аймағында пайда болады. Ал оған негіз болған Хорасанның солтүстік

I


шығысында орналасқан Бұхара, Самарқанд және Түркістанның әсері еді. Үшінші бір топ батыс сопылары атымен танымал. Ол топ Иран, Үндістан сопыларынан шамалы бөлек. Оның негізін Мұхаммад ибн Абдолла салған болатын. Кейінірек сол соқпақты Мухиддин Араби жалғастырып, сопылықты кемелдендіре түседі. Қалай дегенмен де осы үш топ ислам әлеміне танымал. Олардың көпшілігі мәңгілік шығармаларымен аты шыққан.Олардың ойларының негізі Аллатағала және Құран кітабының аяттарына, сондай-ақ пайғамбар хадистеріне негізделеді. Түркі сопыларының ішінде Қожа Ахмет Иасауидың алатын орны айрықша. Оны парсы ақыны Фариддуддин Аттар "түркістандық пір" деп атайды. Қысқасы, түркі жұртында Ахмет Иасауиге жететін ешкім жоқ. Оның өмірі жайлы бір анық қортындыға жету қиын. Бір жорамалдар бойынша ол Сайрам маңында Қарасу өзенінің бойында дүниеге келген деседі. Ол жердің халқы кезінде түріктер мен парсылар болған көрінеді. Ал тағы да бір мәліметтер бойынша Ахмет Иасы қаласында дүниеге келіпті. Әмір Әлішер Науаи өзінің "Нафақатул Унс" атты аудармасында Ахметтің туған жері Иасы қаласы деп көрсетеді. Ахмет Иасауидің өзі де өзінің бір хикметінде "атым - Ахмет, елім - Түркістан,-" деп жазады. Иасауидың дүниеге келген жылы жайында да бір анық мәлімет алу үшін біз дерек көзі деп алған оның хикметтерінің өзі де жәрдемдесе алмайтын түрі бар. Ол жайлы нақты білетініміз - Қожа Ахмет Иасауидың 11-ғасырдың екінші жартысында өмір сүргендігі. Ахметтің әкесі сол маңайға танымал шайқы Ибраһим болса, анасы шайқы Мұсаның қызы Айша хатун болатын. Ахмет Иасауи - Ибраһимнің Гауһардан кейінгі екінші перзенті. Ол өте жас кезінде-ақ алдын әкесінен, кейіннен шешесінен айрылады. Әке-шешесі дүниеден көшкеннен кейін Гауһар апасы оны қолына алады. Біраздан соң олар белгісіз бір себептерге байланысты жақын маңайдағы Иасы қаласына көшіп кетеді. Иасы қаласында Арыстан бап деген абыз

I


тұратын. Сол абыз кейіннен жас Ахметтің өміріне көп әсерін тигізеді. Ахмет жас кезінен бастап өзінің ерекше қабілетімен таныла бастайды. Арыстан бап оның мүршиді болады. Өзінің хикметтерінде айтқандай ол жеті жасында Арыстан бапты кездестіреді де оның құзырына бас иеді. Сол кездесуден бір жылдан кейін, әлде сол жылы Арыстан бап дүние салады. Ахмет Иасауи Арыстан бап дүние салғаннан кейін Бұхара қаласына, (сол кезде Қараханидтер үкіметі басқарып тұрған болатын) келіп, шәкірт болады. Бұхарада Ахмет ирандық шайқы Жүсіп Хамаданидің құзырында болып, сабақ алады. Шайқы Жүсіп Хамадани 1048 (һижрамен 445) жылы Хамадан қаласында дүниеге келген. Жас кезінде шираздық Ысқақтың қолында шәкірт болады. Біраз уақыттан соң, сопылық жолына түсіп шайқы Әбу Әли Фрумадидің мүриді болады. Сол кездің рәсімі бойынша ол ел кезіп, білім алу мақсатымен Герат, Мерв және Бұхара қалаларына сапар шегеді. Ол 1145-жылы (535 һ.) дүние салады. Ахмет Иасауи 1110 жылы (504 һ.) Жүсіп Хамаданидің қолында болып, тәл)м алады. Осы қысқа мерзімде ол сопылық сырына қанығады. Жүсіп Хамадани дүние салғаннан соң, бірінші болып оның орнына Абдолла Баррақи, ал ол дүние салғаннан соң, Хасан Андаки мүршид болады. Ал, үшінші болып Ахметтің өзі ұстаздың орнына ұстаздық етеді. Ахметтің алдындағы міндет - өте үлкен аймақты алып жатқан Түркістан елінің көшпелі халқына, Ташкент, Сырдария өзені жағалауы елдеріне өзінің үйренгенін паш ету керек болатын. Ахмет Иасауидың өзі түрік, парсы, араб тілдерін жетік білетін болғандықтан, шариғат заңдары мен тариқат әдептерін жергілікті халықтың ауыз әдебиетіне сәйкестендіріп, өте жеңіл өлең жолдарымен жеткізе біледі. Оның бұл шығармалары бара-бара "хикмет" деп аталады да, бүткіл Түркістан халқына таралып кете барады. Сонымен қатар осы істердің нәтижесі ретінде "иасауиа" атты сопылық мектебі дүниеге келіп, ол да қанатын кең жая бастайды.

К


Кейбір деректерге қарасақ, Ахмет Иасауи өзінің пайғамбарға деген ыстық ықыласына сай жасы 63-ке толғаннан кейін пайғамбардан артық гұмыр кеше алмаймын деп, жер асты үйіне түсіп күнелтеді-мыс. Соған орай 1166 (562 һ.) жылға дейін ол жерасты қылуетінде өмір сүріп.сонда дүние салады. Бұл жайында оның өзі хикметтерінде де тоқталып өтетіні бар. Туған жылы бізге әзір беймәлім болғандықтан, біз Қожа Ахметтің қанша жасағандығын тап басып айта алмаймыз. Оның өз хикметтеріне ғана жүгінетін болсақ, ол 125, тіпті 130 жыл ғұмыр кешкенге ұқсайды. Ахмет Иасауидың Ибраһим есімді ұлы, Гауһар Шаһназ, Гауһар Хушназ атты қыздары болады. Ұлы жас кезінде дүниеден өтіп кетеді. Қалған жұрағаты жиен ретінде белгілі. Одан кейінгі замандарда көптеген ғұламалар өздерін Иасауи ұрпақтары ретінде білген. Мысалы шайқы Закария Самарқанди өз шығармаларында ата-бабасы Ахмет Иасауиден екендігін атап өтеді. Тарихшылардың айтуынша, Ахмет Иасауидың 99 мың мүриті, 12 мың шәкірті және көптеген ізбасарлары болған. Солардың алғашқысы - Арыстан баптың ұлы Мансұр ата болатын. Осылайша келгенде сопылардың иасауиа мектебі қалыптаса бастайды. Ол мектеп кейіннен нақшбандие, бекташие және хейдарие мектептеріне де негіз болатындығы да тегіннен тегін емес шығар. Ахмет Иасауидың ойынша, Аллатағалаға құлай берілу, оған ғашық болу - иман келтірудің бір түрі. Адам баласы тек Аллаға ғашық болу арқылы ғана дүние азаптары мен күналарынан құтылады. Нағыз мүмін жанын да, малын да Аллатағала жолына еш тартынбастан арнай білетін сақи жан. Шариғатқа амал етіп, пайғамбардың сүннетін орындау және Аллатағаланың әрбір келтірген ісіне ризашылықпен қарау - адамды нәпсіден қайтарады. Иасауидың әдеби мұрасының мағынасы тым терең, кейде шиеленісіп те кетеді. Хикметтерде әдеби кейіптемелермен бірге уағыз мәнісі де аңғарылып тұрады. Сондайда оның хикметтері -

һ


сопының ақындық қасиетінің көрсеткіші ғана емес, бойын қысқан ілімді жеткізудің құралына айналып кете беретіні - қызық. Халықтық әдеби тәсілдерді қолдана отырып, ол бірде ақынға айналып кетсе, тағы бірде бұрын-соңды танып-білмеген ойшылға да айналып шыға келеді. Көп айтатын несі бар, Қожа Ахмет Иасауи осылайша мистикалық әдебиеттің негізін сала білді. Иасауиа мектебінің дәруіштері Орта Азия кемерінен шығып, Кавказ, Анадолыға дейін асып кетеді. Олардың арасында бағзы біреулер Иасауи атымен толғау түйетіндер де болса керек. Оны біз хикметтерді егжей-тегжейлі қолға алған кезде де анық аңдағандай боламыз. "Диуани хикметте" Ахметтің өзі жайлы кеңінен айтылатын тұстар да ж о қ емес. Бұл - негізінен Иасауи қолтаңбасына жат. Хикметтердің "Диуани хикмет" деп аталуы 16ғасырдан беріде ғана. Фазлулла Рузбенің қолжазбаларында осы кітаптың әуелгі аты "Құдай жолының әдебі" болғандығы жайынын айтылады. Ол кейіннен көшірілген хикмет нұсқаларының айырмашылығы көп екендігі турасында жазады. Бірден бірге көшірілген кезде жолдардың жаңылысып кетуі мен оған көшірмеші де әлдебір қосымшаларды кіріктіріп жазуы әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Мүриттердің де өз жазғандары кейде Ахмет атына телініп кете барған деп түсінеміз. Ал "дәптер сани" атауына орай хикметтердің екі дәптерді құрауы ықтималдығы да жоқ емес. Сөйтсе де мүриттердің бірінің кітабы осылай аталып, көшірмеде де сол үлгі қабылданып кеткен дегенге тоқталмаса болмас. Сосын хикметтердің барша санының анықталмауы да әзірге түпкілікті қортындыға ерте екендігін көрсетеді. Көзге танығы біз білетін толық хикметтер жинағы Қазан нұсқасы болып табылады. Сонда ол хикметтердің бірінде төрт мың төрт жүз хикмет деген мәселені де ауызға алады. Қазан нұсқасында саны белгіленген 134 хикметтен тыс алғы сөз арасында толықтай келтірілетін енсіз бір хикмет пен соңында мінажат берілген. Біз сол енсіз хикмет те бұрын қазақ тіліне

М


аударылмағандықтан, қолдарыңыздағы нұсқада сөз басы ретінде топтастырып отырмыз. Сөз жоқ, хикметтердің Қазан нұсқасын да иасауиа мектебінің бір өкілі жинақтаған болса керек. Жалпы жамағатқа белгілі нұсқалар арасында да әр нұсқаның өзіндік бір ерекшеліктері көзге ұрып тұрады. Айталық, Ташкент нұсқасында өзбек сөздері мен Қазан нұсқасында татар сөздерінің көптеп кездесуі де әбден заңды. Сөз саптау тәсілі мен әдеби өрнектеу әдісін былай қойғанда "Диуани хикметтің" тілі - сол кездегі Түркістан тілінің үлгісі болып табылады. Сипаты исламдық терминдер мен ауыз әдебиеті үлгілерінің беттесуінен де байқалады. Ал "Диуани хикмет" маңыздылығы жағынан Махмұт Қашқаридың "Диуани лұғат-ат-түрік" еңбегінен кейінгі орынды иеленеді. Хикметтер кей-кейде ғазал, қасида тәсілімен де өрнектеліп кеткен. Сондайда шығарма қайырымымен кірігіп кетсе де, артық-кем келіп отыратын буын сандары да кездеседі. Бұл - хикметтердің баяндау тәсілінде ауыз әдебиеті қалыптастырған дәстүрден айналып өте алмағандығын байқатады. "Диуан..." нұсқалары дегенде, олардың әртүрлі кітапханаларда сақталып, кітап музейлерінде қойылғандығын айта аламыз. Солардың бірі Түркияда сақталған һижраның 1290-жылынан қалған жинақ. Сондай-ақ Ахмет Жафар ұлының нұсқасы. Ол миладимен 1800-жылы жазылған. Солардың қатарында Стамбул кітапханасының һижрамен 1260 және 1265-жылғы Қазан баспасы, сонымен бірге һижрада 1311-жылғы Қазан университеті баспасы, 1314-жылы жарық көрген Ташкент баспасы және 1299-жылғы Стамбул нұсқалары бар. Ал маңызды нұсқа ретінде толық жинақ тұрғысынан Қазан университеті нұсқасы басшылыққа алынады. Енді иасауиа мектебі жайынан арнайы бірер сөз. Бұл мектеп көптеген сопылық мектептерге қарағанда тарихы, жағрафиясы, тілі жағынан ерекшеленіп, көзге ұрып тұрады. Түбі шариғатқа негізделеді. Сол шариғаттан шығып хақиқатқа қарай

N


бет алғандағы иасауиа тариқаты үнемі қасиетті Құран және пайғамбар сүннетерімен түсіндіріліп отырады. Қожа Ахметтің ойынша, сопылыққа түспес бұрын шариғатқа бағынып алу керек. Шариғат, тариқат, мағрипат, хақиқат кезеңдерінде Иасауи жарықтық Мұхаммет (оған және оның ұрпақтарына Алланың нұры жаусын) пайғамбар мен хазірет Әлидің (тие берсін) сөздеріне сүйене отырып, аса зәру деген 40 сатылы жолды білмеген жанның дәруіш болуы харам екендігін айтады. Сол сатыларды иасауиа былайша қарастырады: 40 сатының '10-ы шариғатқа тиесілі. Олар мынандай: 1) иман келтіру 2) намаз оқу 3) ораза тұту 4) зекет беру 5) қажылық өтеу 6) жақсы сөз 7) оқып білім алу 8) пайғамбар сүннетін бұлжытпай орындау 9) орындалуға тиісті 40 парызды өтеп отыру 10) тиым салынған 40 парызға орай жаман істерден бас тарту. 40 сатының қалған 10 сатысы тариқаттың үлесі: 1) тәубеге келу 2) пірге шәкірт болу 3) қорқыныш пен үміт 4) ибадат пен зікір 5) нәпсіні тыю 6) пір мен мүршидке қызмет қылу 7) пір рұхсатымен пікірлесу 8) ақыл-насихатқа дағдылану 9) елден оңашаға кету 10) оңашада тақуалық ету Енді мағрипатқа тиісті он саты: 1) Аллаға сіңуге бейіл болу 2) дәруіштікті қабылдау 3) сабырлық 4) адал ораза О


5) жаңа білім табу 6) тариқат негіздерін бұлжытпай орындау 7) дүниеден бас тарту 8) ақыретті ойлау 9) Алланы сезіну 10) ғайыпқа ортақтасу Хақиқатқа да 10 саты тиесілі: 1) бой ұсыну 2) жақсы мен жаманды тану 3) қанағат 4) жақсылықпен құрбандық жасау 5) елден оқшаулану 6) кезбелік 7) сырға беріктік 8) шариғат, тариқат және хақиқатты жақын білу және оны орындау 9) пақырлыққа амал қылу 10) кеңпейілдік Иасауиа мектебінің осы сатыларды орындауымен бірге өзіндік тағы бір ерекшеліктері бар. Мектеп аз ғана уақыт ішінде шариғат заңдарын тұтас Түркістанға таратып, діннің даңқын паш етті. Уақыт өте келе моңғол шапқыншылығанан соң Хорасан, Иран, Әзірбайжан және Кавказ төңірегіне кең тарады. Ал миладише 18-ғасырдан былай қарай мектеп Пәкістан мен Анадолыға да тарала бастады. Анадолыда Қажы Бекташ Уәли иасауиа мектебінің өкілі ретінде жарқырай танылды... Бұл бір жағы Алла пенделерінің бірі - біздің де Иасауи тақырыбына біраз жылдардан қалам тартып жүрген ұмтылыстарымыздан да туындап отырса керек. Бақытыма орай кезінде Иасауи еңбектерін Иранда бірінші рет баспаға әзірлеуге ат салыстым. Оған қосымша оны қазіргі түркі әзірбайжан тіліне де қотардым. Ендігі кезектегі Иасауи хикметтерінің бақыты түркі қазақ тіліне жазған екен. Ондайда Тегерандағы қазақ радиосының қызметкері Қуанышбек Қари мен жолдасы Тегеран университетінің парсы әдебиеті бойынша аспиранты Ғалия Қамбарбекова ханым аударған Қожа

Р


хикметтері міне, сіздердің қолдарыңызда! Әрине, кітаптың баспасы мен таспасы, тәржімасы мен терімі кезінде қиындықтар болмады деп айта алмаймыз... Сөз соңында халықаралық "Әл-Хұда" баспасының директоры хужатул. ислам вә-әл мүслимин қажы Оухади мырзаға, және осы Қазан нұсқасы ізденісі кезінде қолғабыс еткен Мырза Шүкірзаде мырзаға, сонымен бірге басқа да баспа қызметкерлері мен оны аударып, баспаға әзірлеген Қуанышбек мырза мен Ғалия ханым тәрізді әріптестерімнің барлығына тағы да жеке-жеке жүрекжарды алғысымды білдіргім келеді. Тәңір жарылқасын! Расул ИСМАИЛЗАДЕ

0.



СӨЗ БАСЫ Құдіретпен хақтан сізге пәрман болды, Түпсіз теңіз іші жалғыз түстім, достар. Ол теңізге жасаған пәрман қылды, Құдайға шүкір, сау-саламат кештім, достар. Жасым жетті, өмір кетті, көкке ұштым Бауырым тасып, ақылым сасып жерге түстім. Нәпсіменен, шайтанменен көп күрестім, Сабыр - риза кезеңінен астым, достар. Тоғызымда түгел түздім - түгеспедім, Он жасымда оң жаным бар, іркілмедім. Он бірімде өз нәпсіме кепілдендім, Пақыр - риза кезеңін де кештім, достар. Он екімде барша әруақ кәлам қылды, Хорлар қарсы келіп, маған сәлем қылды. Сыр-шараптан сақи алып бері ұсынды, Оны да алып әдеппенен іштім, достар. Он үшімде сүңгіп түсіп, дария шомдым, Мағрипаттың гауһарын сырдан тердім. Шамды көріп көбелектей өзімді ұрдым, Ессіз болып ақыл кетті, састым, достар. Он төртімде топырақтай қорлық тарттым, Гөй-гөйменен басым беріп түндер қаттым. Мың алтындық бағасын да бірге саттым, Одан соңыра қанат тұтып ұштым, достар. Он бесімде дәргейіңе жанып келдім, Жаңылыспен әр іс қылдым, қате қылдым. Тәубе қылып, бойынсынып хаққа келдім, Тәубе қылып жаңылыстан қаштым, достар. Жебірейіл аян әкеп хақ расулға, Аят келді зікір айтқын деп жүз уәкілге. Қызыр бабам салды мені осы жолға, Одан соңыра дария болып тастым, достар.

1


Шариғаттың бағстаны сейіл қылдым, Тариқаттың гүлзарында сайран қылдым. Хақиқаттан қанат тұтып тайраңдадым, Мағрипаттың есігін де аштым, достар. Әласту* шарап, пірмұған тоя берді, Іше бердім мұғдарынша құя берді. Құл Қожа Ахмет іші-тысы күйе берді, Талаптарға дүр мен гауһар шаштым, достар.

2


1-ХИКМЕТ "Бісміллә" деп баян еттім хикмет айтып, Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне. Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып, Мен"дәптер сәни" сөзін аштым, міне. Сөзді айттым кімдерге де етсе талап, Ашық сөйлеп жақын жанды жанға балап. Ғаріп, пақыр, жетімдердің басын сипап, Діні қатты халайықтан қаштым, міне. Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғыл, Көре қалсаң мүсәпірді дәмдес болғыл. Махшар күні құзырына жақын болғыл, Менменсінген халайықтан қаштым, міне. Ғаріп, пақыр, жетімдерді Расул білді, Сол кеште миғраж шығып, дидар көрді. Қайтып түсіп, ғаріп, пақыр, халін білді, Ғаріптердің жайын ұғып келдім, міне. Үмбет болсаң, ғаріптерге жақын болғыл, Аят, хадис айтқандарға құлақ салғыл. Ырзық берсе.тағдырға қанағат қылғыл, Қанағат қылып сауық шарабын іштім, міне. Мәдинеге Расул барып, болды ғаріп, Ғаріптікте бейнет тартып, болды ғашық. Жапа тартып, жаратқанға келгені анық, Ғаріп болып, ауыр жолды бастым, міне. Ақылға ерсең ғаріптерді мейіріммен сүй, Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый. Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый, Бойым тыйып дариядай тастым, міне. Ғашық есігін Мәулім* ашты, маған сыйлы, Топырақ қылып әзір бол деп мойнымды иді. Қара нөсер қарғыс оғы келіп тиді, Найза алып, жүрек, бауырым тестім, міне.

3


Ділім қатты, тілім ащы, өзім залым, Құран оқып бойұсынбас жалған ғалым. Жаным құрбан, аямаймын жоқ дүр малым, Хақтан қорқып отқа түспей күйдім, міне. Алпыс үшке жасым жетті, өттім ғапыл, Хақ әмірін бекем тұтпай болдым жаһил. Ораза, намаз қаза қылып болдым кәпір, Иман іздеп жақсыларға жеттім, міне. Уа, дариға.махаббат шарабының дәмін татпай Қатын-бала, үй-мүліктен түгел қашпай, Қылмыс, күнә айыбын мұнда шашпай, Шайтанға еріп жан берерде састым, міне. Иманыма қол ұрып, қайғы салды, Пірмұған* әзір бол деп апиын шашты. Шайтан қарғыс мұндан қашып кете барды, "Биһамдилла,"*нұрлы иман аштым, міне. Пірмұған қызметінде зыр жүгірдім, Жұмыс қылып көзімді ілмей әзер тұрдым. Медет қылды: әзәзілді қуалап ұрдым, Одан кейін қанат қағып ұштым, міне. Пақыр мен жетім болсын шат-шадыман, Мойныңда тұзақ, ғазиз жаның болсын құрбан. Туыс тапсаң, жан-тәніңмен қылғын мейман, Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне. Ғаріп, пақыр, жетімдерді әркім сұрар, Разы болар ол пендеден пәруардыгер. Ей, бейхабар, сені ол себепсіз-ақ өзі асырар, Хақ Мұстафа уағызымен айттым, міне. Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым салам, Мұстафаның аманатын бер деп маған. Сол мезетте мың бір зікір еттім тамам, Нәпсім тыйып Аллаға бет бұрдым, міне.

4


Құрма беріп, басым сипап, назар салды, Сол сәтте ол дүниеге сапар салды. Қоштасып бұл әлеммен кете барды, Мектеп көріп, қайнап толып тастым, міне. "Инна фатханы"* оқып мағына білдім, Нұрын төкті: естен танып дидар көрдім. Молдам ұрып,-тыныш,-деді көз жазбадым, Басым қатып, мең-зең болып тұрдым, міне. Ей.надан, мағына осы дёп айтты, білдім, Одан кейін шөлдер кезіп қ и я қ жедім. Қуат берді, әзәзілді ұстап міндім, Салмақ салып, белін басып, жаныштым, міне. Зікір салып мүсәпір-дуана болдым, Хақтан өзге бір сөз де сөйлемес болдым, От іздеген көбелектей шәкірт болдым, Шоқ болып күйіп-жанып ұштым, міне. Жалған атақтан арылып сәби болдым, Алла атын айта-айта ашық болдым. Аллаға бар жаныммен адал болдым, "Фанафи Алла"* мақамына салдым, міне. Сүндет емес кәпір болса, берме азар, Көңілі қатты, діл азардан құдай безер. Ондай құлға Алланың азабы даяр, Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне. Сүндеттерін бекем ұстап үмбет болдым, Жер астына жалғыз кіріп нұрға толдым. Сопылардың мақамына жақын болдым, Нәпсіні көңіл найзасымен шаныштым, міне. Нәпсім мені жолдан бұрып қор етеді, Телміртіп халайыққа зар етеді. Зікір салдырмай шайтанға "жар" етеді, Әзірмін деп нәпсі басын жаныштым, міне.

5


Құл Қожа Ахмет, надандықпен өмірің өтті, Қасіретпен тізе, көзден қуат кетті. Қайғы менен өкініштің уақты өтті, Амалым жоқ, керуен болып көштім, міне.

2-ХИКМЕТ Иә, достар, құлағың сал осы кепке, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Меғражда хақ Мүстафа рухымды көрді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Хақ Мұстафа Жебірейілге қылды сауал, Бұл неткен рух тәнге кірмей тапқан жамал? Көзі жас, халыққа бас, жаны адал, Сол сөбептен алпыс үште кірдім жерге. Жебірейіл айтты: үмбет ісі сізге бір хақ, Кекке шығып періштеден алар сабақ. Жылаушыға сыйға берер жеті табақ, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Перзентім деп хақ Мұстафа қылды кәләм, Одан соңыра барша аруақ берді сәлем. Рахметіне дария толып жетті хабар, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Төрт жүз жылдан кейін шығып үмбет болғай, Неше жылдар жүріп халыққа жол керсеткей. Он терт мың мүжтаһиттер* қызмет қылғай, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Тоғыз ай, тоғыз күнде жерге түстім, Тоғыз сағат тұра алмадым, көкке ұштым. Ғаршы-күрсі* баспалдағын барып құштым, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Ғарыш үстінде намаз оқыпдізе бүктім, Разы болып хаққа қарап жасым төктім. Жалған ғашық, сопы көрдім оны сөктім, Сол себептен алпыс үшто кірдім жорге. (і


Жаннан кешпей "уһ-уһ"* деген бәрі жалған, Жалтақтардан сөз сұрама жолда қалған.ю Хақты тапқан: өзі бостан, өзі шаттан, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Бір жасымда аруақ маған үлес берді, Екі жаста пайғамбарлар келіп көрді. Ү ш жасымда шілтен келіп халім білді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Төрт жасымда хақ Мұстафа берді құрма, Жол көрсеттім, адасқанды салдым жолға. Қайда барсам Қызыр бабам бірге, жолда, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Бес жасымда шариғатқа белім будым, Дін жолында ораза ұстап әдет қылдым. Күндіз-түні зікір айтып тәубе қылдым, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Алты жаста тұра қаштым халайықтан, Көкке шығып дәріс үйрендім мәләйіктан,* Киім киіп ынтық болдым шын көңілден, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Жеті жаста Арыстан бабам іздеп тапты, Әр сырымды көрген сайын бүркеп жапты. "Билхамдиллахи"көрдім деп ізімді өпті, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Әзірейіл кеп Арыстан бабам жанын алды, Хорлар келіп торғын тоннан кебін қылды. Жетпіс мың періштелер жиылып келді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Жаназасын оқып, жерден алып көтерді, Бір мезетте ұжмақ ішіне жеткізді. Рухын алып аспанға ұшып жөнелді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

7


Алла-алла жер астынан мекен қылды, Мүңкір-Нәңкір "раббың кім?"- деп сұрақ қылды. Арыстан бабам ислам дінін баян қылды, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Ақылың болса жарандарға қызмет қылғын, Әмір мағруф* тұтқандарға ізет қылғын. Нәһи мәңкүр* ұстағанға құрмет қылғын, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Сегізімде сегіз жақтан жол ашылды, Хикмет айт деп басыма нұр шашылды. Құдайға шүкір пірмұған шарап ішкізді, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Пірмұған, хақ Мұстафа шәксіз білгін, Қайда барсаң сипатын айтып тағзым қылғын. Жалбарынып Мұстафаға үмбет болғын, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге. Тоғызымда толғанбадым тура жолға, Тәбәрік деп алып жүрді қолдан қолға. Қуанбадым бұл сөздерге, шөлге қаштым, Сол себептен алпыс үште жерге кірдім. Он жасыңда ұлан болдың, Құл Қожа Ахмет, Қожалыққа негіз қойып, қылмай тағат. Қожамын деп жолда қалсаң міне қасірет, Сол себептен алпыс үште кірдім жерге.

3-ХИКМЕТ Әр таңда хабар келді құлағыма, Зікір айт деді, зікірді айтып жүрдім, міне. Құдайсыздарды көріп едім жолда қалды, Сол себептен ғашық дүкенін құрдым, міне. Он бірімде рахмет дариясы толып тасты, Алла дедім: шайтан менен жырақ қашты. Әуестік кетіп, менмендік жылжып көшті, Он екімде бұл сырларды көрдім, міне. 8


Он үшімде құштарлықты қолға алдым, Басыма жүз мың пәле қармап салдым. Тәкәббарды жерге ұрып басып алдым, Он төртімде топырақ сипат болдым, міне. Он бесімде хор қызы мен жігіттері келді, Бас ұрып, қол қусырып, тағзым қылды. Фардус атты жәннаттан хабар келді, Дидар үшін баршасын қойдым міне. Он алтымда барлық аруақ үлес берді, Айхай, сізге мүбарак деп адам келді. Перзентім деп мойным құшып, көңілім тапты, Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне. Он сегізде шілтенменен шарап іштім, Зікір айтып, әзір боп көкейім тесті. Несібе берді, жәннат кіріп хорлар құштым, Хақ Мұстафа дидарын көрдім, міне. Он тоғызда жетпіс мақам айқын болды, Зікір айтып іш сарайым таза болды. Қайда барсам Қызыр бабам әзір болды, Рахым етіп шарап берді тойдым, міне. Жиырмаға жасым жетті, еттім мақам, Құдайға шүкір, қызметін қылдым тамам. Ұшқан құс, құрт-құмырсқа етті сәлем, Сол себептен хаққа жақын болдым, міне. Мұсылман емес хикмет айтып жыламаса, Жарандардың айтқан сөзін тыңдамаса. Аят, хадис мазмұнын аңдамаса, Кереметті ғарыш үстінде көрдім, міне. Кереметті көріп хақпен тілдестім мен, Жүз мың түрлі періштемен жүздестім мен. Сол себепті хақты айтып іздедім мен, Жан-тәнімді оған пида еттім, міне.

9


Құл Қожа Ахмет, жасың жетті жиырма бірге, Не қылғайсың күнәларың таудан да ауыр. Қиямет күн азап берсе раббым қадір, Ей, достарым, не деп жауап айтам, міне.

4-ХИКМЕТ Хош, ғайыптан хабар келді құлағыма, Сол себептен хаққа сыйынып келдім, міне. Барша әулие жиылып келіп ырзық берді, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Мен жиырма екі жаста толысып жігіт болдым, Шипа болып, шын дертке дауа болдым. Жалған ғашық, шын ғашыққа куә болдым, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Ей, достар, жасым жетті жиырма үшке, Тағатым ж о қ жалған іс пен даукестікке. Қиямет күн жалаңашпын, көзім соқыр, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Мен жиырма төртке кірдім хақтан жырақ, Ақыретке барар болсам, қане жарақ? Өлгенімде жиылып ұр жүз мың таяқ, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Жаназамның артынан тас атыңдар, Аяғымнан сүйрелеп көрге атыңдар. Хаққа құлдық қылмадың деп тепкілеңдер, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Жазуменен жасым жетті жиырма бес, Сұбхан ием, зікірменен көкейім тес. Көкірегімдегі түйіндерді, сен, өзің, шеш, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Жиырма алты жасымда "сауда" қылдым, Мансұр сипат дидар үшін талас қылдым. Пірсіз жүріп дерт пен шерді пайда қылдым, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. 10


Жиырма жеті жаста пірді таптым, Әр сыр көрдім, перделеп бүркеп жаптым. Астанасын жастанып, ізін өптім, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Мен жиырма сегіз жасымда ғашық болдым, Жаннан кешіп, мехнат тартып, садық болдым. Одан кейін дидарыңа лайық болдым, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Жиырма тоғыз жасқа кірдім, халім - харап,* Ғашық жолында .бола алмадым мысал топырақ. Халім - харап, бауыр - кәуап, көз бүлдырап, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Отыз жаста отқа қақтап күйдірді, Күллі әулие жиылып, дүниеқорлықты қойдырды. Ұрып-сөгіп дүние қызығынан бездірді, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне. Қүл Қожа Ахмет, дүние қусаң, ісің бітер, Көкіректен шыққан даусың көкке жетер. Жан кетерде хақ Мұстафа қолын берер, Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне.

5-ХИКМЕТ Төтеннен тұрарымда барша әулие, Хақ сүйіспендігін көңіліме салды, достар. Қызыр бабам дайын мейірін төге Медет қылып қолымды алды, достар. Отыз бірде Қызыр бабам шарап ішірді, Көңілімнен әзәзілді хақ қашырды. Сауда қылдым, жазығымды құдай кешірді, Содан кейін хақ жолына салды, достар. Отыз екі жасымда жетті хақтан пәрман, Пенделікке қабыл еттім, қылма арман. Жан кетерде бергем саған нұрлы иман, Кәріп жаным шадман болып күлді, достар.

1 1


Халқымнан хабар жетті, риза болдым, Әркім сөкті, яки тепті, сабыр болдым. Бұл әлемде көзімді ілмей әзір болдым, Әуестік пен менмендік кетті, достар. Отыз үште сақи болып, шарап үлестім, Тостаған толы шарапты тоя іштім. Әскер түзеп, шайтанмен мен ұрыстым, Шүкір, Алла екі нәпсім өлді, достар. Отыз төртте ғалым болып дана болдым, Хикмет айт деп сұбхан айтты, күйіп жандым. Шілтенменен шарап ішіп дос-жар болдым, Жан дүнием хақ нұрына толды, достар. Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім, Шәкірттерге ғашық дүкенін шексіз құрдым. Теріс жолға әркім кірді - сөктім, ұрыстым, Ғашықтарға хақтың нұры түсті, достар. Отыз жеті жасқа кірдім - оянбадым, Ынсап қылып Алла мейірін толғамадым. Таң сәріде зар илеп еңіремедім, Тәуба қылдым, қожам қабыл қылды, достар. Отыз сегіз жасқа кірдім, ғұмырым өтті, Жыламай-ақ өлер уақытым жуық жетті. Ажал келіп шектеулі уақтын тосты, Білмей қалдым, ғұмырым ақыр болды, достар. Отыз тоғыз жасқа кірдім, қылдым қасірет, Уа, дариға, өтті ғұмырым, қане тағат? Қанағатшыл хақ қасында хош-сағадат, Қызыл жүзім тағат қылмай солды, достар. Шаш пен сақал ағарды - көңілім қара, Махшар күні рахым еткін, халім нашар. Саған аян амалсызбын, көп дүр күнам, Бар періште жазығымды білді, достар.

I 2


Пірмұған шарабынан тамшы таттым, Жол таба алмай бас айналып, түндер қаттым. Бихамдилла ізгілік берді, нұрға баттым, Көңіл құсым жеті қат көкке жетті, достар. Қияметтің азабынан ақылым қайран, Көңілім қорыққан, жаным үріккен, көкірек - ойран. Ділім шошып сират атты қыл көпірден, Ақылым кетіп, естен танып қалдым, достар. Құл Қожа Ахмет, қырыққа кірдің, нәпсіңді тый, Мұнда жылап, ақыретте есіңді жый. Иман - шариғат, мәні - тариқат, Құдай деген хақтан үлес алды, достар.

б-ХИКМЕТ " И ә илләһи" сенің даңқыңа хикмет айттым, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Тәуба қылып, күнамнан қорқып қайттым, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық бірімде ықлас қылдым жол табам деп, Жарандардан әр сыр көрсем, мен табам деп. Пірдің ізін тауып мен өбейін деп, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық екімде шәкірт болып жолға кірдім, Ықлас қылып жалғыз хаққа көңіл бердім. Ғарсы-күрсі лаухыдан* өтіп ғалам кездім, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық үшімде хақты іздеп зар еңіредім, Көз жасымды көл қылып егілемін. Шөл далада ғашық боп тентіредім, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық төртімде махаббаттың базарында, Жағамды ұстап жылап жүрдім гүлзарымда. Мансұр сипат* бас тіктім ғашық дертіне, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған.

1 3


Қырық бесімде сенен қажет тілеп келдім, Тәуба қылдым, әр іс қылдым, қате қылдым. Иә Илахим, рахметіңді ұлық білдім, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық алтымда зауқым асып, толып тасты, Рахметіңнің нұры тамып шайтан қашты. Хақтан шабыт жолдас болып есік ашты, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық жетімде жеті жақтан шабыт жетті, Сақи болып жам-шарапты ием тұтты. Шайтан өліп, нәпсі құйын өзі кетті, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық сегізде ғазиз жаннан безер болдым, Күна дерті ауру қылды, кесел болдым. Сол себептен хақтан қорқып көз ілмедім, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Қырық тоғызда ғашық болып күйіп жандым, Мәжнүндей туған-туыстан қашып тындым. Түрлі-түрлі жапа көрдім - мойынсұндым, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Елуімде ермін дедім, дәрменсіздік, Қан төкпедім көзімнен бауырымды езіп. Нәпсім үшін жүрер едім иттей кезіп, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған. Құл Қожа Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы, Қызыл жүзің қара жерде солған жақсы. Топырақ сипат жер астында болған жақсы, Заты ұлық ием, сиынып келдім саған.

7-ХИКМЕТ "Құлһуаллаху сұбханаллах..." дұға қылсам, Бір мен барым дидарыңды көрермін бе? Бастан-аяқ қасіретіңе дертті болсам, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? 14


Елу бірде шөлдер кезіп, шөптер жедім, Таулар шығып, тағат қылып көзімді ойдым. Дидарыңды көре алмадым, жаннан тойдым, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Елу екі жаста бездім мен үй-ішімнен, Үй-ішімнен, бездім бәлкім тіпті жаннан. Бастан кештім, жаннан кештім, тіпті иманнан, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Елу үште хақ бірлігі нәсіп болды, Жолдан азған адас едім, жолға салды. Алла дедім, "ләббай"-дедім, қүлына алды, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Елу төртте тұла бойым нала қылды, Мағрипаттың* майданында жарқыл қақты. Исмайылдай* әзіз жанын қүрбан қылды, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Елу бесте дидар үшін қаңғып қалдым, Күйдім, жандым, күл түбінде ғайып болдым. Қүдайға шүкір, дидар іздеп ада болдым. Бір мен барым, дидарыңды Іфрермін бе? Елу алты жасқа жетті мұңлық басым, Тәубе қылдым, ағар ма екен көзден жасым. Жарандардан бәсіре алмай, көңіл қалды, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Елу жеті жаста өмірім желдей өтті, Ей, достарым, амалсызбын, басым қатты. Құдайға шүкір пірмұған құлы тұтты, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Елу сегіз жасқа кірдім мен бейхабар, Қаһарекем, нәпсімді қып ойран-тобыр. Қуат берсең, сұм нәпсіге балта шапсам, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе?

1 5


Елу тоғыз жасқа жеттім, қылып ем дат, Жан берерде іңкәрімді қылмадым жад. Не жүзіммен шағынам деп "қылғын азат", Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Көзді жұмып ашқанымша жетті алпыс, Белім байлап мен қылмадым бір жақсы іс. Күндіз-түні бейғам боппын жаз бенен қыс, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Алпыс бірде шермендемін күнәлардан, Ей, достарым, көп қорқамын сол Алладан. Жаннан кешіп, пана тілеп құдайымнан, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Алпыс екі жаста Алла жарық салды, Бастан-аяқ өкініштен бір құтқарды. Жан-жүрегім, ақыл- есім Алла деді, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Алпыс үште айтты маған: "Құл, жерге кір, һәм жаныңмын, іңкәріңмін, жаныңды бер. Хақ семсерін қолға алып, нәпсіңді қыр." Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе? Құл Қожа Ахмет, нәпсім тептім, нәпсім тептім, Одан кейін іңкәрімді іздеп таптым. Өлмес бұрын жан бермектің дертін таптым, Бір мен барым, дидарыңды көрермін бе?

8-ХИКМЕТ Таңсәріде дүйсенбі күн жерге кірдім, Мұстафаға қайғы тұтып кірдім, міне. Алпыс үште сүндет деді, естіп білдім. Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер үстінде жарандарым қайғы тұтты, Барша әлем "сұлтаным" деп зар жылады. Хақты сүйген шын сопылар қандар жұтты, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне.

1 6


Бақыл айтып жер астына қадам қойдым, Жарық дүниені талақ етіп хақты сүйдім. Зікір айтып жалғыз өліп, жалғыз күйдім, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. "Таһ"* оқып көз ілмедім түні бойы, Кеште намаз, ораза ұстап күні бойы. Осы халмен жер астында өне бойы, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Алпыс түн, алпыс күнде бір-бір тағам, Таң атқанша намаз.оқып, бердім сәлем. Алпыс үште болды ғұмырым ақыры тәмам, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Хақ Мұстафа рухы келіп имам болды, Бар періште жер астында ғұлам* болды. Көп жыладым, хақ Мұстафа ризық берді, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Миғраж түні нұр дедім, перзент деді, Қолымды алып үмбетімсің, үмбет деді, Сүндет жолын берік ұста, сүйіктім деді, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Қияметте жолдан тайсаң, жолға салам, Мұхаммет деп жолдас болсаң, қолыңды алам. Перзентім деп қолыңды ұстап жаннат кірем, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Әй, жарандар, бұ сезді естіп кеңілім артты, Үмбет деді, жан дүнием нұрға батты. Нұрын шашып дидарын хақ көрсетті, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Дидар көріп, рухым ұшып, ғарышқа қонды, Мұсаға ұқсап көкірегім күйіп жанды. Мәжнүңцей туыс-туғаннан қашып, танды, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне.

17


Жер астында қорлық көрдім, көп машақат, Төсек-жастық тастан қылдым, шектім мехнат. Әй, жарандар, бұл дүниеде жоқ дүр рахат, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Машақат тартпайынша, пайғамбардың жүзі қайда, Қызмет қылмай бос қиял бермес пайда. Жан-тәніңді хақ жолына етсең пида, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер астына кіргенімде естен тандым, Көзімді ашып Мұстафаны бірден көрдім. Ғаси,* жәфи* үмбеттердің халін білдім, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Ей, перзентім, менен сұрасаң, қане үмбет? Үмбет айтты: көкірегіме түсті қасірет. Үмбет үшін көп тартамын хақтан азап, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Үмбеттерімнің күнасын жұмада кеш, Алып келіп, ей, Мұхаммет, сен мұны шеш. Тәңірге жылап сәжде қыл әр күні кеш, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Әр жұма кеш үмбетке тән күнаны, Алып келіп ей, Мұхаммет, көргіл мұны. Үмбеттерің не істер екен, Ахмет, сені, Мұстафаға аза түтып кірдім, міне. Мен періштеден ұялармын, ей, үмбетім, Жаратқан өзі білер арзаны мен қымбатын. Түн ұйықтамай тағат қылсаң, артар бағың, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне. Жер астына кірдім, достар, бейықтияр, "Әумин" деңдер жамағат, сахабалар һәм шәриар*. Үмбеттердің күнасын кеш, пәруардігар, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне.

18


Құл Қожа Ахмет, мен "дәптер сәниді" айттым, Екі әлемнің қызығын "шарапқа" саттым. Өлмей тұрып жан ашуы зәрін таттым, Мұстафаға аза тұтып кірдім, міне.

9-ХИКМЕТ Ол тәңірім құдіретімен назар салды, Шаттықпенен жер астына кірдім, міне. Ғаріп пендең бұ дүниеден сапар шекті, Қүлшылықпен жер астына кірдім, міне. Зікір айтып, риза болып хақты таптым, Дүние қызығын талақ етіп жаншып тептім. Естен танып, рәсуа болып, жаннан бездім, Бәрінен безіп жер астына кірдім, міне. Сұмдығымнан тау менен тас сөкті мені, Өткір тілмен кесіп айтты: ісің қане. Ғашық болсаң әуел барып хақты таны, Дәнекер боп жер астына кірдім, міне. Сізді, бізді хақ жаратты тағат үшін, Бұл бір ғажап: ішпек-жемек рахат үшін. "Қалу бәлә"* деді рухым мехнат үшін. Қара бет боп жер астына кірдім, міне. Нәпсім мені көп жүгіртті хаққа бақпай, Күндіз-түні бейғам жүрдім жасым ақпай. Нәпсім мен менмендікті отқа жақпай, Қайғы жұтып жер астына кірдім, міне. Құлды көрсем, қызмет қылып құлы болсам, Топырақ сипат жол үстінде жолы болсам, Ғашықтардың күйіп өшкен күлі болсам, Серік болып жер астына кірдім, міне.

Жаннан кешіп мехнат тарттым, пендем деді, Қан жұтып Алла дедім, рахым етті. Дозақ ішінде қалмасын деп қамым жеді,

1 9


Шаттықпенен жер астына кірдім, міне. Жасым алпыс үшке жетті, ойым тұнық, Уа, дариға, хақты таппай көңілім сынық. Жер үстінде сұлтанмын деп болдым ұлық, Ризалықпен жер астына кірдім, міне. Шайықпын деп уағыз айтып жолда қалдым, Сәлдемді соқыр тиынға сатып келдім. Нәпсім мені алдап кетті, жолда қалдым, Алаңсыз жер астына кірдім, міне. Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ, Хақ пайғамбарға жетемін деп рухым аңсап. Күйдім-жандым, бола алмадым әр кез шапақ, Терлеп-тепшіп жер астына кірдім, міне. Пірмұған ыхлас етті, шарап іштім, Шәбліге* ұқсап зікір айтып жаннан кештім. Масаң болып ел-жұрттан танып қаштым, Зәмзәм болып жер астына кірдім, міне. Құл Қожа Ахмет, ақылшы болсаң өзіңе бол, Ғашық болсаң жаннан кешіп бір жола өл. Надандарға айтқан сөзің қабыл болмас, Белді буып жер астына кірдім, міне.

10-ХИКМЕТ Білгейсің бұ дүние барша елден өтер, Малға да сенбе, бір күні қолдан кетер. Ата-ана, қарындас қайда кетті ойлап көр, Төрт аяқты шабан ат бір күн саған жетер. Дүние үшін қам жеме, хақтан өзгені деме, Сират көпірі тұрар кісі малын жеме. Ел-жұрт, туыс еш қайсысы болмас жолдас, Мәрт болғайсың: ғұмырың желдей өтер, ғарыб бас. Құл Қожа Ахмет, тағат қыл, білмейсің өмірің нешо жыл, Асыл тегің су мен күл, тағы айналып боларсың күл.

20


11-ХИКМЕТ Иә, достар, пәк махаббатты мақсат еттім, Бұл дүниені дұшпан тұтып жүрдім, міне. Жағамды ұстап хазіретке сиынып келдім, Ғашық жолында Мансұр сипат болдым, міне. Ғашық жолында ғашық болып Мансұр өтті, Белін буып, хақ сүймекті бекем тұтты. Жәбір-жапа, қорлауды көп есітті, Ей, мұсылман, мен де Мансұр болдым міне. Ғашық Мансұр "әна-Әлхақты"* зарлап айтты, Жебірейіл келіп "әна-Әлхақты" бірге айтты, Жебірейіл келіп басыңды бер деп айтты, Дарға асылып хақ дидарын көрдім, міне. Мансұр келгенше дар иіліп өзі алды, Көңіл көзі ашықтар қайран қалды. Алланың нұры шашылып назар салды, Ашылды деп дидарын көрдім, міне. Хабар келді: осы дарда көп қинама деп, Мықты бол.қайғыланба езіңді жеп. Сыртқа айтты: әмірім сақтап тимеңдер деп, Лауһіл махпұз* тақтасында кердім, міне. Ү ш жүз молда жиылып айтты көп руаят, Шариғат дүр мен де бітірсем бір руаят. Алла жолы ақиқатта жар болсын хақ, Басым беріп хақ сырын білдім, міне. "Әна-Әлхақтың" мағнасын білмес надан, Дана керек бұл жолдарға пәк, мардан. Ақылды құлдар хақ жолын жадына алған, Жаннан кешіп жаратқанды сүйдім, міне. Ишарат еттім: дана болса мағна алсын, Сез өнерін өрнектедім, нышан қылсын. Дүрі гауһар сөздерімді есіне алсын, Халімді айтып ғашықтарға бердім, міне.

2 1


Ессіз Мансұр қорлықпенен болды ада, Бір сөзбенен жарандардан болды жүда.* Халін, ділін ешкім білмес тәңірім куә, Қан жұтып мен де куә болдым, міне. Мансұр шаһтың өмірі міндет емес, Жолды тапқан біз секілді алжас емес. Азғындарға бұ сөздер керек емес, Ә, құдай, жадыма тұтып алдым, міне. Бір күн саһар ғаріп Мансұр көп еңірепті, Нұрын шашып Алла өзі рақым етті. Одан кейін шілтен көріп шарап берді, Даналарға осы сөзді айттым, міне. Надандарға иесіз сөзім жеңіл хикмат, Адаммын деп белін байлар қане қымбат. Дүние үшін бір-біріне қылмас шафхат, Залымдарға тұтқын болып өлдім, міне. Залымдарда ар-ұят жоқ, бізде күнә, Дәруіштің жаны өлік, өшпес дұға. Сол себептен патша қылар бізге жапа, Аят, хадис мағынасын айттым, міне. Залым егер жәбір қылса Алла дегіл, Қолын жайып, дұға оқып мойынсұнғыл. Құдай тілек бермесе сабыр қылғыл, Хақтан естіп бұл сөздерді айттым, міне. Залым егер зұлымдық етсе маған жыла, Жасың төгіп, маған сиынып белің байла. Арам, шүбәні тәрк қылып досты талға, Залымдарға жүз мың бәле бердім, міне. Залымдардың арғы түбін мен жаратқан, Жаратқанды назарға ілмей сен ұмытқан. Менен кешіп залымдардың қолын тұтқан, Залымдардың жолын ашып бердім, міне.

22


Саған жаза: жаратқанға жалбармадың, Алланы айтып түнде тұрып еңіремедің. Хақиқаттан сөз сөйледім, естімедің, Залымдардың қолын ұзын қылдым, міне. Ей, бейхабар, хаққа көңіл жүгіртпедің, Дүние харам, одан көңіл суытпадың. Нәпсіден безіп бір Алла үшін толғанбадың, Бұл нәпсі үшін зарлап қайран болдым, міне. Залымдарды айыптама, залым өзің, Арсыз болсаң өтпейді халыққа сөзің. Дүние малын түгел бердім, тоймас кезің, Сараңдарды қараңғыға жаптым, міне. Қызыл ерін сыбырлап айтты мұны, Жаным-тәнім, үмбеттерім, көзім гүлі. Хаққа құл, маған үмбет болған қане, Шын үмбетті кекірегіме қойдым, міне. Құл Қожа Ахмет хақ сөзін сейлеп етті, "Ғайнил-иақин"* тариқатта боздап етті. "Ғилмул-иақин"* шариғатты көздеп өтті, "Хаққул-иақин"* хақиқаттан айттым, міне.

12-ХИКМЕТ Алла тағала ғашықтарды ынтықтырды, Ризалықпен өртеніп күйдім, міне. Екі ғалам кезімнен бұлбұл ұшты, Көрінбеді, жалғыз хақты сүйдім, міне. Жаннан кешіп жалғыз хақты жанға қостым, Одан кейін дария болып толып тастым. Тәңірімен сырластым, әнге бастым, Дүние қызығын жүз мың талақ еттім, міне. Хақ алдында ақылы кәміл түк қыла алмас, Ғашық ерті лапылдаса жаңды қоймас. Көбелектей отқа түсіп өзін білмес, Бүл сырлармен дүниеден тойдым, міне. 23


Тариқат жолдарының азабы көп, Шын ғашық болмайынша тәуекел жоқ. Дидарыңды көре алмадым күн-түн ұйып, Көзімді ілмей дидарыңды көрдім, міне. Тариқат жолы қатты, телміріп көзім талды, Басым қатты, Пірмүған қүяр балды. Пір етегін тұттым көңілде шырақ жанды, Рәсуа болып жол кезіп жүрдім, міне. Тариқаттың жолы болар ауыр азап, Бұл жолда талай ғашық болды топырақ. Ғашық жолына кім түссе халі харап, Жарандардан жол мәнісін білдім, міне. Тариқаттың жолы болар азап, ұлық, Нәсіп қылған пендесіне болар жуық. Ұшқынына шыдай алмас жеті тамүқ, Ей, жарандар, ғазіз жаннан тойдым міне. Хақиқаттың мәнісіне жеткен кісі, Естен танып, күйіп-жанар іші-тысы. Қан боп саулар көзінен аққан жасы, Көз жасымды көл қылып бардым, міне. Шариғат дүр ғашықтардың әпсанасы, Білгір ғашық тариқаттың дүр данасы. Қайда барса сүйіктісі һәм туысы, Бұл сырларды ғарыш үстінде көрдім, міне. Махаббаттың бағын кезбей ғашық болмас, Қорлық-зарлық тартпайынша нәпсің өлмес. Бір тамшыға мейірі қанбай ол д ү р болмас, Мейірім қанып шын гауһарды алдым, міне. Ғашық отына күйген жанның өңі қашар, Ол дүниеге жеделдетіп мұнан көшер. Мұнда болған түйіншекті онда шешер, Расул: дүние опасыз деді, қойдым, міне.

24


Шын ғашықтың болады жүзі сынық, Айнаға назар салса, одан тұнық. Өзі қайран, көңілі ойран, көзі жасты, Құдіретіне қайран болып қалдым, міне. Алла айтты: көп жыласаң көрерсің мені, Зар еңіресең пендем деп айтам сені. Жаннан кешіп мені ескерер ғашық кәні, Шабыт келді шын құлаққа ілдім, міне. Шын көңілден күйгендерге дидар - сыйлық, Жалған ғашық жолға түссе бәрін қидық. Шын ғашықтың көзі жасты, басын иіп, Тәжім етіп жер астына кірдім, міне. Хақиқат шын ғашыққа сыйлық тұрар, Махшар күні қалайсың деп халін сұрар. Қорғаушы мен шапағатшы өзі болар, Рахымыңнан үміт етіп келдім, міне. Құл Қожа Ахмет, хақтың атын есте сақта, Хақтан қорқып тынбай жылап, түнде жатпа, Намаз оқы, ораза ұста әр ақшамда, Солай болып мұратыма жеттім, міне.

13-ХИКМЕТ Рахым Мәулім рахымымен еске алып, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Тәуба қылып теріс жолдан кері қайтып, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Өсиетін хақ пендесіне қолға берсе, Хақ илаһи рахымымен рахмет етсе. Пірмұған басшы болып жол көрсетсе, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Бір күні жетіп ажал уақты жуық келсе, Саған, маған асыл Отан үкім етсе. Өлмей тұрып жан ашуы азабын тартса, Қай бетіммен хазіретке барам, міне.


Сырлас болған серіктерің тозып кетті, Дау-дамаймен о дүниеге озып кетті. Жарға соққан дариядай тасып кетті, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. О, құдірет, күндіз-түні қылмай тағат, Хақ Расул үмбет үшін жемей нығмет. Ішпек-жемек нәсібі - қайғы-қасірет, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Хақ Расул дүние үшін қайғырмады, Үмбетім деп өзге сөзге дем ұрмады. Өмірінде ол бір сәт дем алмады, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Уа, дариға, махшар күні жарық болса, Тәңірім өзі қазы болып назар салса. Жаман іс пен қылмыстарым әзір болса, Қай бетіммен хазіретке барам, міне. Күндіз-түні тынбай жыла, Құл Қожа Ахмет, Құрмет етіп хақ Расулға болғай үмбет. Басшы болып үмбет десе хош сағадат, Қай бетіммен хазіретке барам, міне.

14-ХИКМЕТ Құдауанда, мені салғай өз жолыңа, Дем біткенше арып-ашып жүрдім, міне. Бәле-жала толып-тасып шектен асты, Қорқыныш, қауіп-қатерде қалдым, міне. Дүние - боқ, соңыңнан итше жорттым, Іздеп оны артынан күн-түн қудым. Әмірін тұтпай хақ жолына көзім жұмдым, Қайда барам, иә, достар, қайтем міне? Нәпсі шайтан тұтқын қылды адам ұлын, Түйедей ғып байлап алды екі қолын. Білмеудің несі қиын оң мен солын, Уа, дариға, қасірет шегіп барам, міне.

26


Дүниеде ж о қ мендей бір сұм мен бәле, Болмады риза құдай мен халық және. Енді болды ақырында жүзім қара, Уа, құдірет, неге солай болдым міне? Құрметтеген ғазіз жанды білмедім мен, Ашық көңіл әзірсің деп тұрмадым мен. Қара жүзім құдыретіңе бұрмадым мен, Иә, раббым, не қылсаң да келдім, міне. Тағатым ж о қ көзім салсам күнәмызға, Тәуба қылып қашып келдім панаңызға. Рахмет етіп назарың сал Қожа Ахметке, Не қылсаң да мен сорлы келдім, міне.

15-ХИКМЕТ Ей, достар, наданменен жолдас болып, Бауырым күйіп, жаннан тойып, өлдім міне. Тура айтсам да теріс жолға мойнын бұрар, Қан жұтып қасірет уына тойдым міне. Наданменен өткен өмірің тозақ болар, Надан барса дозақ та одан қашар. Наданменен дозаққа қылма сапар, Наданмен қазан айындай солдым міне. Дұға қыл надандарға мойын бұрмай, Хақ тағала қолдаса тіптен оңай, Надандар сорласа жүре бер халін білмей, Надандардан жүз мың жапа көрдім міне. Жер астына қашып кірдім надандардан, Қолым жайып дұға тілейін жомарттардан. Ғаріп жаным жүз тасаттық даналардан, Дана таппай жер астына кірдім, міне. Надандарды мен білмеймін көңілім қапа, Хақтан қорқып аза тұтсам күле қа-қа, Аузы ашық, нәпсі ұлық, мешкей лақа, Надандардан қорқып саған келдім, міне. 27


Үміт қылма надандардан қадірің білмес, Қараңғыда бірге жүрсең жолға салмас. Мойныңы бүршақ салсаң қолыңды алмас, Надандардан күдер үзіп келдім, міне. Ақырында жақсы кетті, қалдым жалғыз, Надандардан естімедім бір жақсы сөз. Дана кетті, надан қалды көп өкініш, Жол таба алмай қайран болып қалдым, міне. Өткен істер жанымды езді қаным қайнап, Қасиетті жерде қасиетсіз жүр көңілі жайнап. Аят, хадис қанша айтсам құлаққа алмас, Көкірегім қам-қайғыға толды, міне. Дертті халім азап көрді бар ма тәуіп, Мүң-шерімді саған шақтым көңілім ауып. Менен өзге үлес алды, мен бинәсіп, Үлес іздеп сағым сынып келдім, міне. Дүние-мүлік тәрік қылып үлес алғыл, Ей, пақыр, дүние ісін артта қалдыр. Алла сақи мейірін көріп қайран қалғыл, Көрейін деп баз кешіп келдім, міне. Мен "дәптер сәниді" сізге еттім жәдігер, Аруағымнан медет тілеп қорғана көр. Дұға қылам қабыл қылсын пәруардігар, Рахман ием, арызымды айтқалы келдім, міне. Хикметіңнен баһра алған көзіне сүртсін, Ыхласпен көзге сүртіп дидар көрсін. Шарты сол дүр: қанағатқа мойынсұнсын , Жан пида етіп жанананы көрдім міне. Дидар үшін тіленші болдым әумин деңдер, Шәкірттерім, халім көріп қамым жеңдер. Жолда қалған Құл Ахметке жол беріңдер, Жолды іздеп тіленші боп келдім, міне.

28


Құл Қожа Ахмет, тіленші болсаң хаққа болғыл, Басыңменен жарандарға қызмет қылғыл. Назар салсаң алқа қотан сұхбат қылғыл, Қауым боп іштей тілеп тұрдым, міне.

16-ХИКМЕТ Көңіл көзін жаратпаймын тағат қылса, Құдай да оны мақұлдамас білдім, міне. Хақиқатта бүл сөздерді шын үйреніп, Әр кезде хақтан сабақ алдым, міне. Жалғыз ием сабақ берді перде ашып, Жер мен көкте тұра алмады шайтан қашып. Сауық құрдым тәтті шарап тоя ішіп, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне. Мұнда жапа шеккендерге хақ дидары болар жақүт, Махшар күні Алла сыйлар оған бақыт. Жаратушы уағда қылған болсаң ғашық, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне. Көзімнен қанды жас төгіп жад етпедім, Жүз мың түрлі мехнат салдың - дат етпедім. Сенен қорқып дертті көңілім шат етпедім, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне. Алла дерті сатылмайды сатып алсаң, Пірмұған қызметінде ақ болмасаң. Хақ жолына кіріп болмас пәк болмасаң, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне. Ғашық патша, ғашық пақыр қайта оралмас, Хақтан пәрмен болмайынша сөйлей алмас. Құдай сөзін естіген дүние қумас, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне. Құл Қожа Ахмет, жеті жаста алдым сабақ, Сегізінде дүние қызығын қойдым талақ. Тоғызымда бір құдайды көңілім қалап, Әр қашан да хақтан сабақ алдым, міне.

29


17-ХИКМЕТ Рахметіңнен шет қалдырма мен ғарыпты, Демімді алмай жылап дұға қылам саған. Түні бойы дөңбекшіп таң атқанша, Көз ілместен жылап дұға қылам саған. Алдыңа енді келдім белім байлап, Іші-бауырым шерге толды қаным қайнап. Жағамды ұстап өткен іске егіле жылап, Ықыласыммен еңіреп дұға қылам саған. Көңіл бағының балауса екенін ұқпай жүрдім, Бар өмірім қазан болды енді білдім. Дүниені тастап дін жолына қадам қойдым, Бұлбұлдай боп жылап дұға қылам саған. Бұл жолдарда жанды асырап болмас деймін, Жанын баққан бұл жолдарға кірмес деймін, Өзіне пайда екенін білмес деймін, Бұл халменен жылап дұға қылам саған. Құл Қожа Ахмет нәпсі тағын тастап қашты, "Фана фи Алла" мақамына жуықтасты. Жүрек, бауырым алып ұшып қайнап тасты, Бұл халменен жылап дұға қылам саған.

18-ХИКМЕТ " Ф а азкуру уа аллаһу касиран..."* деп аят келді, Зікір айтып зар илеумен жүрдім міне. Нұр дидарын ғашықтарға уәде қылды, Ғашық жолына жаным қиып жүрдім міне. Шын ғашықты Аллам сүйіп пендем деді, Орта жолда қалмасын деп қамын жеді. Жалғаншылар дидарымды көрмес деді, Ғашықтықта бекем болып тұрдым міне. Ақылға ерсең көрістаннан хабар алғыл, Мен де сондай болармын деп ғибрат алғыл. "Маута қабла ан тамутаға"* амал қылғыл, 30


Бұл хадисті есіме алып тұрмын, міне. Хабар берер "Файадхаку қалилан"* деп, Және айтар:"Уалибаксу касиран"* деп, Бұл аяттың мәніне бойұсынған деп, Бұл дүниеде күлместен жүрдім, міне. Көнбейтіндер қ а қ - қ а қ күлер, мәз боп жүрер, Әміріне мойынсұнған уайым көрер. Күндіз-түні көздері жас боп жүрер, Көз жасымды дария қылып жүрдім, міне. Нәпсіден безіп шын ғашықтар Алла деді, Таңнан тұрып шартарапқа көз жіберді. Рахым етіп Алла өзі нұрын төкті, Содан кейін дария болып тастым, міне. Зәлім нәпсім еш қоймастан отқа салды, Өне бойым өз өзінен күйіп жанды. Имансыздың иманын шайтан алды, "Ағузу биллаһи бисмилла"* деп жүрдім, міне. Зұлымдар дозақ ішінде күйіп жанғай, Иманы бар қалыс болып қайта шыққай. Имансыздар мәңгі бақи күйіп жанғай, Бір Алладан иман тілеп жүрдім, міне. Нәпсім мені арбады, көзімді әрөң аштым, Пірмұғанға бет бұрып солай қаштым. Құл Қожа Ахмет, қияметке жақындастым, Ұшқан құстай құдіретке кеттім, міне.

19-ХИКМЕТ Уа, дариға, не істеймін ғарыптікте, Ғаріптікте кезбе болып қалдым міне. Хорасан, Шам уа Ғираққа ниет қылып, Ғаріптіктің көп қадірін білдім, мінө. Не келсе де көреміз бір құдайдан, Жүсіпті айырып еді ол Қынғаннан.* 31


Туған жерім қасиетті Түркістаннан, Бауырымды тасқа ұрып келдім, міне. Кезбелік мирас қалды Мұстафадан, Отыз үш мың сахаба жарандардан. Әбубәкір, Омар, Оспан Мұртазадан, Кезбеліктің қалғанын айттым, міне. Мүсәпірлік басқа түссе жетіледі піспегендер, Дана қылар, мықты қылар өмір жолынан өтпегенді. Тапса тағам, кір тон киер жетпегеннен, Соның үшін Түркістанға келдім, міне. Ғаріптікте жүз болсын тұрар мейман, Тақ пен бақтың бақшасы да болар зындан. Ғаріптікте құл болған Махмұт сұлтан, Ей, жарандар, кезбеліктен күйдім, міне. Ғаріптікте Арыстан бабам іздеп тапты, Сырымды ұғып пердемен бүркеп жапты. "Бихамдилла" көрдім деді, ізімді өпті, Осы сырды біліп қайран қалдым, міне. Туыстық пен тілек жарасар уәлаятқа, Ұлы бабам, сиындым аруағына. Бабам рухы салды осы кезбелікке, Қанша тағзым еткенімді білмен, міне. Құл Қожа Ахмет айтқаны хақтың жады, Естімеген достарына қалсын ақылы. Кезіп жүріп шаһарына қайта оралды, Түркістанда мазар болып қалдым, міне.

20-ХИКМЕТ Есіме түсіп жандай сүйген Мұхаммет, Сенің жолыңа пида болам, Мұхаммет. Үмбет болған "Хамду сананы"* жатқа айтар, Иә, Алла, жарылқай гөр, Мұхаммет. Көңіліме салып ғашық пен махаббатты іләйім, Ғашық қылғын мені өзіңе, Мұхаммет. 32


Мәжнүн сипат кештім екі жаһанды, Диуана қыл, жарылқа мені, Мүхаммет. Өлтір, күйдір, әр мехнатқа салғыл, Қиямет күні жаза қыл, сүйем сені, Мүхаммет. Үнемі үмбет дедің көрмей рахат, Бар кереметі өзіңсің, қайғырып қайтем, ей, Мүхаммет. Үмбетім деп күндіз-түні жеді қасірет, Көкіректегі шерді шығарарсың, ей, Мүхаммет. Үмбеттің күнәсын ойлаған шаһтың шаһысың, Қиямет күні біздейлерге жаза болмас, Мүхаммет. Бәрінен безіп Мұхамметтің ал ризасын, Ей, Алла, қас қағымда ғайып болам, Мұхаммет. Сенен жалғыз тілегім: халайық қана құдіретім, Сала гөр менің жаныма уайым-қайғы, Мұхаммет. Айналайын нұр жүзіңнен, ей, Алла, Бір тамшыдан дариядай тасыт мені, Мұхаммет. Жол беруші рахман рахим Ғафар-Сатар, Жолға тастап шерменде қылма, Мұхаммет. Әуел бастан бір тамшы шарап маған нәсіп болған, Ұдайы сіздің даналығыңызды мадақтайын, Мұхаммет. Қызыл шарап ұсынды Пірмұған кеп, Жақсылық ниеттен жарылқайды Мұхаммет. Мақсатыма жеткізе гөр, ей, халайық, Мен тілеймін жұпар иіс жеткізе гөр, Пердені ашып жүзімді жарық қыла гөр, Мен пендең саған серік, Мұхаммет. Міскін Иасауи аруақтарға тағзым етер, Аруақ жар болса, қайта жаралсам, Мұхаммет.

21-ХИКМЕТ "Ал каззаб ла уммати,-"* деді білсең, Мұхаммет, Алдамшылар қауымын үмбетім демес, Мұхаммет. Тура жүрген құлды, адал жүрген жолды, Дұрыс жүрген құлды үмбет дегей, Мұхаммет. Әркім үмбетпін десе, Расул ісін қолдаса, Шапағат күні туса махрұм қоймас, Мұхаммет. Тәңірі тағала сөзін, Расул Алла сүндетін, Иланбаған үмбетін үмбетім демес Мұхаммет. 33


Үмбетпін деп жүрерсің, бұйырғанын қылмассың, Қалай үміт етерсің, онда ескермес Мұхаммет. Күнәһардың халі мүшкілдүр үмбетімін демесе, Махшарда рәсуа боларсың, үмбетім демес Мұхаммет. Үмбетім десін Мұхаммет, шын сөйлесін Құл Ахмет, Қиямет қайым болғанда махрұм қоймас Мұхаммет.

22-ХИКМЕТ Хақ тағала рахымымен пәрмен қылды, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Алпыс үште сүндеттерін бекем тұтып, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім, Алпыс үште сүндет деді естіп білдім. Жер астында бар жаныммен құлдық қылдым, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Жарандардан пайда, көмек ала алмадым, Жүз жиырма беске кірдім, еш нәрсе біле алмадым. Хақ тағалаға құлшылық қыла алмадым, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Болармын ба Мұхамметтің шын үмбеті, Үмбетім десө күнәһардың асып түсер дәулеті. Балдан тәтті оның маған бұл мехнаты, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Біздер үшін жаннан кешті ол Мұхаммет, Үмбет болсаң қамын жеме жалған үмбет. Күндіз-түні сайран салып шашқан мүлік, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Елу жаста хабар келді: елмек адам, Шарты болар сенде болса нұрлы иман. Таңда махшар дидарласып қылар мейман, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

34


Ей, мүсылман, бұл дүниенің баяны ж о қ , Шын білерсің әркез мұның баяны ж о қ . Кім білмесе бір Алланы иманы жоқ, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Асылым топырақ, нәсілім топырақ баршадан хар, Басқа салса өр кеудең топырақ болар. Өлген жанға шайтанның әуесі бар, Естіп оқып жерге кірді Қүл Қожа Ахмет. Шын тақуаға құдай өзі қылар рахмет, Қиямет күн жарылқаумен тонын беред. Махшар күні дидар көріп сүргей дәулет, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Пенде болсаң мехнат тарт, қараңғы адам, Ақылға ерсең ғанибет дүр саған одан. Аманат қой ғазіз жаның, жүрме бейғам, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Алпыс үште сүндет болды жерге кірмек, Расул үшін екі ғалам жарық бермек. Ғашық жанның сүндеті д ү р тірі өлмек, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Үмбет болсаң, естіп жаның бермес пе едің, Мұстафаға жаның құрбан қылмас па едің? Жан не болар, иманыңды бермес пе едің, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет. Құл Қожа Ахмет алпыс үште ғайып болды, Әдеп сақтап Мұстафаға серік болды. Сұлтан болды, мехнат тартып күйікті болды, Естіп оқып жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

23-ХИКМЕТ Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммет, Отыз үш мың сахабаға басшы болған Мұхаммет. Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мұхаммет

35


Кемтарлық Мұхаммет.

көрген

үмбетке

шапағат

берген

Түнде жатып көз ілмей тілейтұғын Мұхаммет, Ғаріп пенен жетімге құрмет қылған Мұхаммет. Күні түссе әр кімге пана болған Мұхаммет. Абужаһил* уа абу Лаһабқа* саясатшыл Мұхаммет, Көңіл кірін жуатын сау-саламат Мұхаммет. Намаз, ораза тұтқанға рахымы көп Мұхаммет, Тынбай тәспі тартқанға ілтипатшыл Мұхаммет. Малғұндығын шайтанның әшкере еткен Мұхаммет, Шариғаттың жолына жәрдем еткен Мұхаммед. Тариқатқа бастаушы, адал болған Мұхаммет, Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мұхаммет. Жамандыққа жақсылық жасайтұғын Мұхаммет, Ынсап қылған залымға даңқы шыққан Мұхаммет. Сәжде қылған иіліп жалбарынған Мұхаммет, Дұғалары қабыл боп қанағат еткен Мұхаммет. Бес уақыт намазға имамдық еткен Мұхаммет, Миғраж асып барғанда құдірітті көрген Мұхаммет. Ғарсы-күрсі базарына қамқор болған Мұхаммет, Сегіз пейіш бәріне ие болған Мұхаммет. Міскін Ахмет құлына мұра болған Мұхаммет, Жетім, пақыр, ғарыпқа пана болған Мұхаммет.

24-ХИКМЕТ Қаһар атты қаһарыңнан қорқып жылар Қожа Ахмсзг, Рахман атты рахманыңнан үміт күтер Қожа Ахмөт. Күнәм көп менің кешіргейсің, иә, Алла, Барша құлдың ішінде күнәһары Қожа Ахмөт, Екі жүзді арсыздар пасықпенен жүреді, іь


Жанға сенбес арамдардан қорқып жылар Қожа Ахмет. Тариқатты білмедім, хақиқатқа кірмедім, Пір бүйрығын қылмадым, сылтауы көп Қожа Ахмет. Ақыр заман болған дүр, патша залым болған дүр, Арам, шүбә толған дүр, қайран болар Қожа Ахмет. Шерменде, күнәлі қүлыңмын, ғашық жолында бұлбұлмын, Арыстан бабаға құлмын, құлың болар Қожа Ахмет. Қүл Қожа Ахмет, басыңды ий, жыламақты әдет қыл, Бәле келсе, сабыр қыл, хақтан бәрі, Қүл Қожа Ахмет.

25-ХИКМЕТ Бізден сансыз мадақтау, уа, Мүстафа Мұхаммет, Алғыс дұғай есепсіз, уа, Мүстафа Мүхаммет! Ей, сейіттің серкесі, пайғамбардың соңғысы, Адасқанға - ақылшы, уа, Мұстафа Мүхаммет. Сен - Алланың сүйгені, уа, Мұстафа Мұхаммет, Уа раббука фәкаббар,* уа, Мұстафа Мұхаммет. Құзырында сен - ұлы, қүрметінде сен - сыйлы, Әулиенің арғысы, уа, Мүстафа Мүхаммет. Бір өзіңе ұнасым хақ дәргейі лайық, Халайықта қалаулы, уа, Мүстафа Мұхаммет. Тегі - адам асылы, пайғамбардың ақыры, Сырға берік, сертке үстем, уа, Мүстафа Мұхаммет. Тоба терек құсындай ақырет пен дүниенің, Баршаның көз тамшысы, уа, Мүстафа Мұхаммет. Ғарыштың тағын ашқан, құзырына ұласқан, Тоқсан мың сыр түйіпсің, уа, Мұстафа Мұхаммет. Жер мен көкте жүресің, сахабалар - түпкі ойың, Барлық үмбет кешіпсің, уа, Мұстафа Мұхаммет. Кімнің болса көтерер пейілмен хақ азабын, Ғалам сенің қолыңда, уа, Мұстафа Мүхаммет. Әркім саған сыйынар, тамұқтан ол құтылар, Жұмақ сыры бір өзің, уа, Мұстафа Мұхаммет. Бұл жанымның пидасы, разылығыңды алсам ғой, Арман жоқ енді өлсем де, уа, Мұстафа Мүхаммет. Болса менде көп күнә, кешіре көргей бір Алла, Панамсың сен, бір өзің, уа, Мұстафа Мұхаммет, Асып қайда барамын, шапағатың қолдағын, 37


Дін үмбеті болғаймын, уа, Мұстафа Мұхаммет. Үмбеті сол болғанға, шапағатың қонғанға, Бейіштің төрі бұйырғай, уа, Мұстафа Мұхаммет. Ахметтің мұраты, зікірі менен жады, Тұғырлы ісі бір сенсің, уа, Мұстафа Мұхаммет!

26-ХИКМЕТ Әркімдер көрсе жамалын, дүние ісін ұмытар, Күндіз-түн сұлба ұстатпас құдайына жалынар. Күйінде оның кім болса, кеңілінде оның хақ дейді, Әр сарайға барса да сол бір жары келеді. Әттең, мен де өзіңнің дайым жадың болғаймын, Бақсаң, жүз мың мынандай пендені азат етеді. Дүниесін тәрк етіп, хақ саудасын етеді, Абыз сол ғой: боп ғашық, алқада серілік етеді. Хош ғажайып керемет - бұл құдайдың істері, Күйе жұғып кеткенді кетіріп те береді. Көріп осы дүниені кеп жапаны шегеді, Ақыры сол бір дүние соңынан жексен етеді. Күндіз-түн оның дидарын армандай тілек қылғаның, Сап қылғын бұл көңілді, бір күні сарай етеді. Ей, Құл Ахмет, сен жүріп қамшыл көңіл ойлағын, Жүрегі дерт болған жан кеңілді шат етеді.

27-ХИКМЕТ Ғашық жолына пана болар құдай бар, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Қолым жайып дұға қылам, уа, Жаббар, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Ғашық болсаң күйдіреді жан мен тәнді, Ғашық болсаң ойран қылар дүние малды. Ғашық болмай танып болмас Алла, сені, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Ғашық жыры сыймас достың көкірегіне, Барлық ғашық жиылып барғай құзырына. Жеті тозақ* мұрсат бермес қас қағымға, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. 38


Шын ғашығың көрсет маған риза болай, Өліп-өшіп Закариядай* зікірші болай. Айыбтай* келген бәлеге сабыр болай, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Ғашық дертін көтердім, дәрменім жоқ, Ғашық жолында жан бергеннің арманы жоқ. Осы жолда жан бермеске амалым жоқ, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Қайдан табам, ғашық еттің, амалым жоқ, Алланы мақтап күні-түні қоярым жоқ. Дидарыңды өзге жерге барарым жоқ , Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Ғашық базары ұлы базар, сауда - харам, Ғашық жанға сенен өзгені ойлау - харам. Ғашық жолына берілгенге дүние - харам, Не қылсаң да ғышық қылғыл, пәруардігар. Ғашықтықты дауға салып жүре алмадым. Нәпсіден безіп әміріңді қыла алмадым. Надан болдым, хақ бұйрығын біле алмадым, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар. Құл Қожа Ахмет, ғашықтан өткен бәле болмас, Бояғанмен ғашық дертіне дауа болмас. Көз жасынан өзге ешкім куә болмас, Не қылсаң да ғашық қылғыл, пәруардігар.

28-ХИКМЕТ Әулиелер айтқан уәде келер болғай, Қияметтің күні жуық болды, достар. Ақылды құлдың болғанын білер болғай, Ел-жұрттан мейір, шапағат кетті, достар. Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті, Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті. "Ұят барда иман бар" деп Расул айтты, Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар.

39


Мұсылман мұсылманға болды қатал, Нақақ істен хақ жұмысын бұзды батыл. Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын, Ғажап сұмдық замана болды, достар. Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ, Патша менен уәзірлерде әділет ж о қ . Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ, Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар. Ақырзаман ғалымы залым болды, Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды. Алланы айтқан дәруіштің жолы болды, Ғажап сұмдық замана болды, достар. Қиямет күн жақындады, қалғаны жоқ, Құл Ахмет сөзінде жалғаны жоқ, Өзін өзі көтеріп мақтаған жоқ, Насихатын халыққа айтып кетті, достар.

29-ХИКМЕТ Махаббаттың шарабын ішкен дуаналар, Қиямет күн аузынан от шашар, достар. Құдіретпенен жаратылған жеті тамұқ, Ғашықтардың әуезінен қашар, достар. Дозақта жылап дат айтарсың құдайыңа, Тағатым ж о қ ғашық үшін қас қағымға. Қашып барғайсың хақ тағала панасына, Ғашықтардың көз жасымен ұшар, достар. Ғашықтары қызық дүкенін тұрса құрып, Иншалла, дозақ қашар одан қорқып. Жасын төгіп, көкірегін ашып, жүзін салып, Жеті аспан* тағат қылмай көшер, достар. Рахман ием сақи болып шарап берсе, Ел-жұрт, бала-шаға дүниеден пәк кешірсе. Жан дүниемнен әзәзілді хақ қашырса, Күнә, қылмыс бойымнан кетер достар. 40


Ғашық жолын хақ жүзіне дерт ойласа, Екі ғалам патшасы хақты ойласа. Шын сүйгеннің көңілі жарық болса, Ғашық жандар жаратқанға үшар достар. Сүбхан ием бір тамшы шарап қүйса маған, Зікір сырын айта-айта қылсам тамам. Хор қызы мен періштелер қызмет қылар саған, Жүмақ ішінде жібектен тон киер, достар. "Алла-Алла " де, көз жазсаң ғалам сүйер, Шын пәндем деп жаратқан мені сүйер. Жас орнына қанын төгіп жүзін бояр, Әлхамды айтсаң іііайтан сенен қашар, достар. Мен айтпадым, Алла өзі уағда қылды, Қараңғы едім ізгілік жолына салды. Ғаріп болып жапа шектім, қолымды алды, Сондай ғашық зауық шарабын ішер достар. Қүл Қожа Ахмет, ғашықтардың ісі қинар, Махшар күні хақ көрсетпес оған дидар. Ғарсы-күрсі, Лаухул-махфуз- бәрі безер, Имансыздарға дозақ есігін ашар, достар.

30-ХИКМЕТ Көзім жасты, көңіл қайғы, жаным күйік, Қандай амал істерімді білмен, достар. Бүл қасіретті бастан кештім жасым қүйып, Қай тарапқа барарымды білмен, достар. Түрлі-түрлі ғаламаттар келді қайдан, Жүрегімде жарақаттар болды пайда. Бұл дүниеде бірден азат болмақ қайда, Қандай амал істерімді білмен, достар. Алла үшін перзенттерім жетім қылсам, Жаннан кешіп, малдан кешіп, ғаріп болсам. Шөл далада жалғыз қаздай қаңқылдасам, Қандай амал істерімді білмен, достар.

41


Хас құлдардай түні бойы қайыспасам, Жомарттардай ораза ұстап майыспасам. Түні бойы көзімді ілмей Алла десем, Қандай амал істерімді білмен, достар. Арамза тұқым аямадым, тағатым аз, Өтті ғұмырым өкініште қыс пен жаз. Жаным құсша шарықтаса көңілім мәз, Қандай амал істерімді білмен, достар. Құл Қожа Ахмет хақ жолында жан бермесе, Диқан емес кетпен шауып нан бермесе, Бәйшешек ашылар ма су бермесе. Қандай амал істерімді білмен, достар.

31-ХИКМЕТ. Ғашық сырын баян қылсам ғашықтарға, Тағат қылмай өз бетімен қашар, достар. Тау мен тасқа басын ұрып естен танып, Ел-жұрты, үй ішінен безер, достар. Ғашық азабын басқа түскен ғашық білер, Танымасын тас лақтырып оған күлер. Дуана деп басын жарып қанға бояр, Риза болып" хамду сананы" оқыр, достар. Сүймегенде жан да ж о қ әрі иманы, Расулалла сөзін айттым, мағына кәне? Неше айтсам да естуші жоқ, білген кәне, Бейхабарға айтсам көңілі қалар, достар. Ғашық гауһары дария тұңғиығында жатар болар, Жаннан кешіп гауһарды алған жанан болар. Көрсеқызыр ғашықпын деп жолда қалар, Ар, иманын соқыр тиынға сатар, достар. Отқа күйдім, жаннан тойдым, қайран болдым, Бұл қандай от: күймей-жанбай бір жан болдым. Махаббаттың атын естіп көзім ашылды, Көзі ашылған мұратына жетер, достар. 42


Зар жылаңыз, зар еңіреңіз, рахым келсін, Адассаңыз рахымы түсіп жолға салсын. Қызмет қыл пірмұған қолыңды алсын, Еңбек еткен мұратына жетер, достар. Заманақыр болды да пейіл кетті, Расулалла уағдалары жуық жетті. Хас құлдары жақсы сөзге құлақ тұтты, Жаман құлдар күннен-күнге бітер, достар. Әрбір күнің өтер деді хақ Мұстафа, Үмбет болсаң қауымдасып бірге жаса. Жақсыларды жарылқап, жаманға берер жаза, Қияметте жазаларын тартар, достар. Пасық, зұлым басқан жері таза болмас, Ораза, намаз қаза қылып, масуақ салмас. Расулалла сүндеттерін көзіне ілмес, Күннен-күнге күнәлары артар, достар. Дүниеқорлар малын көріп мақтап қылар, Менмендіктен ол құдайға күпір болар. Өлер кезде иманнан жұрдай болар. Жан берерде қасірет шегіп кетер, достар. Дүниеқоңыз мал жиғанды көзбен көрдім, Өлер кезде қалайсың деп жақын келдім. Шайтан айтты: иманына қолым салдым, Жан шығарда жылай-жылай кетер, достар. Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң жаның күйсін, Садақаңмен Алланы айт тәңірім исін. Дұға қыл, мұсылмандар дүние қойсын, Дүние қойған ақыретке жетер достар.

32-ХИКМЕТ Махаббат шарабынан ішірмесе, Жан мен ділім қасіретпенен кетер, достар. Алланы жадқа алмай өліп кетсем, Есіл өмірім арманменен өтер, достар. 43


Алла деген шын ғашықтар пырақ мінді, Қүштарлықтан бейнет тартып бойынсүнды. Тариқаттың базарында алжасса да, Шындықтың дариясынан өтер, достар. Ақиқаттың дариясына шомған кісі, Өзі мүңлық, көңілі сынық, көзде жасы. Қорлық, зарлық, машақат қой дәйім ісі, Дидарына ынтызар боп табар, достар. Шындыққа ғашықтардың нәпсісі өлі, Ү ш жүз алпыс төрт, жүз қырық төрт сопы, Сөзі тәтті, мінез-құлқы жүз мың түрлі, Бү дүниені соқыр тиынға сатар, достар. Білгір ғашық болам десең азап тартқыл, Хақ пайғамбарға жетем десең түндер қатқыл. Бүл дүниенің қызығынан басың тартқыл, Басың тартсаң менмендігің кетер, достар. Қияметтің азабын білмегендер,Ауыр азап, тар лахаттан қорықпағандар. Хақ қаһарынан шошып жасын төкпегендер Д о з а қ ішінде жүз мың азап тартар, достар. Уа, дариға, өтті өмірім біле алмадым, Жаннан кешіп хазіретке бара алмадым. Нәпсіден безіп хақ әмірін қыла алмадым, Өле қалсам қасірет маған жетер, достар. Өтті ғүмырым, шариғатқа жете алмадым, Шариғатсыз тариқатқа жете алмадым. Ақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым, Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар. Қүл Қожа Ахмет, нәпсім салды осы жолға, Соның үшін қаштым, достар, шөлден шөлге. Алла дедім, қарамадым оң мен солға, Алла деген сауық шарабын ішер, достар.

44


33-ХИКМЕТ Жаратқан бір қүдайдың жолын іздеп, Шайтан малғүн жолынан қайтқын, достар. Ыхласпен махаббат шарабын ішіп, Жан мен ділдің хақ зікірін айтқын, достар. Хақ зікірін айтып ішкен жами шарап, Жол үстінде ғазіз басың болар топырақ. Алла жолында халі - хараб, бауыры - кәуап, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Аруақтарға басым қойып зар илесем, Сопылармен зікір айтуға жарай берсем. Зікір айтып сол сұхбатта дүрлер терсем, Жан мен ділде хақ'зікірін айтқын, достар. Бойұсынбай жалғанды жалпағынан басып жүрсем, Өлгенде тар лахатта жаны күйер. Алла Расул "дінің не?-" деп айбат қылар, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Мәңкүр- Нәңкүр "раббың кім?-"деп сүраққа алғай, Қанша зорласаң да айтқаннан пайда болмас. Е, сорлылар, сонда халің нешік болғай, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Алла деген қант пенен бал пайда қылды, Ақыретте Алламенен мәмле қылды. Мойынсұнған шын ғашықты дана қылды, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Сөзің - шырақ, халің - пілте, майы - жасың, Неше айтсам да баһра алмас көңіл хошың. Жол үстінде топырақ болсын ғазіз басың, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Ессіз ғалым бойұсынбай жолда қалар, Оқып ұқпай дүние малын қолға алар. Менмендіктен есіл өмірін зая қылар, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар.

45


Сыртың жөндеп, ішің түзеп ғалым болсаң, Махшар күні қолыңды ұстар таңда барсаң. Өкінішпен қайғы жұтып жолда қалсаң, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Ғалым сол дүр: намаз оқып бойұсынса, Хақтан қорқып ақыреттің қамын жесе. Құран оқып, хақтан қорқып зар еңіресе, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Ондай ғалымның екі көзі төрт болар, Таң саһарда ерте тұрып зар илер. Хақ жолында күйіп-жанып шоқ болар, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Қорлық тартқай, кәпір нәпсің басы қатсын, Бұл дүниеден үнемі жылап өтсін. Топырақ болғыл ғалым сені басып өтсін, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Қорлық тартып хақ Мұстафа үмбет деді, Күнәһар үмбетінің қамын жеді. Соның үшін үмбеттері қуат алды, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Көңілінде алалық жоқ үмбет үшін, Үмбет десе аузынан шығар түтін. Хақ тағала қылмай ма деп бізді отын, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар. Құл Қожа Ахмет, олай десең аларсың хақтан үлес, Баязиттей* нәпсіңмен күн-түн күрес. Ей, бейхабар.үмбет болсаң болғыл ашық, Жан мен ділде хақ зікірін айтқын, достар.

34-ХИКМЕТ Дидар үшін жанды құрбан қылмайынша, Ысмағұлдай дидар үшін арман етпен, достар. Жаннан кешіп тариқатқа кірмейінше, Ғашықпын деп жалған уәде қылма, достар.

46


Ғашықтық қиын жұмыс білсең мұны, Мехнатпен жаратушы сынар сені. Реніш, азаппенен бірге болсаң күні-түні, Көңілді тәңріден өзгеге бөлме достар. Менмендіктен тариқатқа кірмеді олар, Жаннан кешпей жолға қадам баспады олар. Нәпсін тыймай хақ жолында болмады олар, Жалқаулармен сапарға шықпа, достар. Ғашықтық жолы қүры тілмен бола қоймас, Мұнда жылап, ақыретте күліп болмас, Күллі реңі запырандай солмақ болмас, Мұндай болмай ғашықпын деп айтпа, достар. Ұстаздарға қызмет қыл еркіңменен, Күнәлі ол өз бетіммен келдім деген. Жақсы білсең тариқаттың қатері бар, Қаламасаң осы жолға түспе достар. Ұстаздарға қызмет қылсаң, нәпсіге апат, Наданға тиме бүл жолдарда қылмас тағат. Адал құлдар бұл жолдарды білер рахат, Өлмей тұрып хақ дидарын көрем деме, достар, "Кәззәптар үмбетім емес,-" деді Расул сізге, Ол Мұхаммет хақ Расулы деді бізге. Жалғаншыға жаннат ж о қ олда-білда, Жалған сөйлеп, имансыз боп кетпе, достар. Дүние-мүлікті тәрк етпей көрмес дидар, Дидар көрем деген ғашық жанын қинар. Ондай ғашық ақырында көрер дидар, Дидар көрмей Алла сырын шашпа, достар. Сырдан мағна түйгендер бөтен болар, Ол ғашықтың мекені ойран болар. Ғашық жолында жан қиғандар жақын болар, Жаннан кешпей жаннан хабар алма, достар.

47


Құл Қожа Ахмет, бастан кешпей пәтуа қылма, Халық ішінде ғашықпын деп ауызға алма. Ғашықтық ұлы іс дүр ғапыл қалма, Ғапыл болып хақ дидарын көрме, достар.

35-ХИКМЕТ Махаббаттың шарабын ішіп рахатқа батқан, Дуананың мақамына кірді, достар. Аш пен тоғын, пайда-зиян еш білмеген, Сауық-сайран, қызықпен жүрді, достар. Сауық-сайран құрғандарға дүние - харам, Ел-жұрт, дүние-мүліктен кешті тамам. Таң сәріден хаққа сиынып жылар дәйім, Одан кейін сауық-сайран салды, достар. Сауық-сайран құрған ғашық өзін білмес, Ессіз жүріп дүние малын қолға алмас. Жүз мың адам тақсыр десе мақтана алмас, Дүние теуіп сауық-сайран салды, достар. Дүние таппай сауық-сайран құрған адам, Хақты айтпай хақ жолынан сыртта қалған. Дәруішпін дер дүниеқоңыз жаны жалған, Дүние үшін сауық-сайран құрды, достар. Естен танбай сауық-сайран құрып болмас, Жаратқан иеден оған иман болмас. Бойсұнса да көңілі таза болмас, Арсыздықпен ойын-сауық құрды, достар. Уа, осындай надандардан үміт қылма, Қайыр-шапағат алармын деп жүгіріп жүрме. Нәпсісі ұлық, шариғаты бұзық әкім білме, Шайтан малғұн ноқта салмай мінді, достар. Естен танбай сайран салса, Алла безер, Дауысынан жер тебіреніп тартады азар. Дұға қылам: көрсетпесін оған дидар, Діннен безіп сауық-сайран құрды, достар. 48


Дуаналық жеңіп шықпай сауық құрар, Хақ Мұстафа, шәриярдай безіп жүрер, Бастан-аяқ күнәлары әзір тұрар, Күнә тілеп сауық-сайран құрды, достар. Шәблі ғашық сайран салды нұрын көріп, Мұстафаны енді көріп, сауал беріп. Дүние азабын артқа тастап, көзін жұмып, Сондай құлдар сауық-сайран құрды, достар. Шәблі ғашық жылап еді: " и ә , Расул" деп, Сайран салсам да тағатсызбын, қайғым көп деп. Расул айтты: "иншалла, бол қабыл,-" деп, Рұқсат сұрап сауық-сайран құрды, достар. Құл Қожа Ахмет, сауық-сайран әр кімге жоқ, Мазақпенен сайран салса, кірер тамұқ, Бұл сұмдық сыр айтылса көңілім жабық, Хақты тауып сауық-сайран құрды, достар.

Зб-ХИКМЕТ Шариғаттың шарттарын білген ғашық, Тариқаттың жол-жосығын білер, достар. Тариқаттың бар жұмысын ада қылған, Хақиқаттың дариясына батар, достар. Дидарын көріп болмас күн-түн ұйып, Пәк ғашықты қолға алмай болмас жүріп. Хақиқат дариясының қатері көп, Көзімді ілмей дидарын көрдім, достар. Ей, ғашық, бұл дүниеде мехнат тартқыл, Сол тартқан жапаларды рахат білгіл. Зікір салған жеріңе басыңды ұрғыл, Басын тіккен мұратына жетер, достар. Бұл жолдардың азабы - қайғы, мехнат, Мехнат тартып жапа шеккен көрер рахат. Таң сәріден зар жылаған табар бақыт, "Аһ-уһ,-"деумен бұл дүниеден өтер, достар.

49


Шын ділімен жылағандар дидар көргей, Сұбхан ием дидарын сыйға бергей. Сапар шекпе жол мәнісін түсінбей, Жолға түскен мұратына жетер, достар. Уа, дариға, өтті ғұмырым, білмей қалдым, Бұл дүниенің әбзелін қолыма алдым. Дүние қуып діннің жолын артқа салдым, Біле алмадым халім қалай болар, достар. Махаббаттың шарабынан татпағандар, Баязиттей әр күн өзін сатпағандар. Бұл дүниенің қызығынан безбегендер, Хайуан ғой, бәлкім одан бетер, достар. Ғашық болсаң ғашық жолына қойғыл қадам, Дүниені талақ қылғыл мысал Адһам.* Ақылға ерсең дүние үшін жемегіл қам, Қиямет күн жазаларын берер, достар. Сыр шарабын ішкен ғашық өзін білмес, Бұл дүниенің ләззатын көзіне ілмес, Жүз мың рет кеңес айтса, ақыл алмас, Гүл-гүл жайнап өзін білмей жүрер, достар. "Руз аласт"* құдай өзі хабар қылған, "Қалу бала"* деп рухтар үшін жауап берген. Хазірат Таба рухы ұшып қарсы келген, Ондай ғашық хақ жамалын көрер, достар. Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң, дүниеден без, Ақыреттің азабынан зар еңіреңіз. Жарандардың қылғанын сіз де істеңіз, Қызмет қылған мұратын табар, достар.

37-ХИКМЕТ Хақ танып, мұсылман болсаң мойынсұнғыл, Мойынсұнған хақ дидарын көрер, достар. Жүз мың пәле басқа түссе, еңіремегейсің, Сонда ғана ғашық сырын білер, достар. 50


Ғашықтар зар еңіреп жолға кірді, Әрбір шеккен жапасын хақтан білді. Разы болып жерге енуге әзір болды, Зар илеп таңсәріде тұрар, достар. Ей, достар, еш білмедім мен жолымды, Игілікке байламадым мен белімді. Өсек сөзден еш тыймадым мен тілімді, Надандығым мені рәсуа қылды, достар. Күні бойы бейғам жүрдім зікір айтпай, Іждаһатпен күні-түні пікір айтпай. Махаббаттың базарында өзін сатпай, Нәпсім менің жүз м'ың тағам тілер, достар. Нәпсі еркіне жіберуге болма құмар, Ішпей-жемей тағат етіп болғыл бидар. Ақыры бір күн көрсетер саған дидар, Бидар* болған онда дидар көрер, достар. Ей, ғапылдар, хақ зікірін айтпай қойма, Дүниенің бір түйірін де алма қолға. Жақсылардың соңынан әсте қалма, Жолға кірген ақыры мұратына жетер, достар. Уа, дариға, арманменен өмірім өтті, Нәпсім мені алжастырды, шектен асты. Жан құсы шарықтады, рухым қашты, Надандардың өмірі желге ұшар, достар. Дидар көрем деген құлдар бидар болар, Жатса-тұрса, жүрсе-қойса, зікірін айтар. Іші-тысы ондай құлдың нұрға толар, Алла нұрын ондай құлға төгер, достар. Білген ғашық өз жанын отқа жақпас, Бидарларға ғашық шақпағын жағып шақпас. Дүние келіп қарық болса қия баспас, Ғашық емес бейғамнан да бетер, достар.

5 1


Құл Қожа Ахмет, пенде болсаң жылап жүргіл, Махаббаттың мәжілісін де өзің көргіл. Қияметтің азабынан қайғы тұтқыл, Қайғы тұтқан сырдан хабар алар, достар.

38-ХИКМЕТ Рух құсын тұтар болса бал берейін, Самғап ұшып ғарыштан ғарышқа қонар, достар. Құлмын деген дәйім тынбай зікірін айтар, Ғашық отына бауры күйіп зарын айтар. Бейхабарлар білмей өмірін желге ұшырар, Надандықпен жаһаннамға кетер, достар. Ақырзаман шайқысы түзетер суреттерін, Тақуалыққа түспей бұзар сырт пішінін. Қеремет деп қауіп-қатер көргендерін, Халыққа өзін арсыздықпен сатар, достар. Ей, ғапыл, өмірің сенің өтіп кетіп, Көз жасыңды теге бер аққан сел ғып, Сені сүйер жаратқан да ез құлы ғып, Иесі сүйсе құлын азат етер, достар. Надандықпен емірің сенің өтер деп біл, Жаныңменен пір қызметін тік тұрып қыл. Сол ісіңмен жаратқанға лайық болғыл, Қызмет қылған мұратына жетер, достар. Құл Қожа Ахмет, хикмет айтып жыла саһар, Жақсылардың үлпатынан алып хабар. Сәз асылы білгендерге нағыз гауһар, Сырттан баққан адам құры қалар, достар.

39-ХИКМЕТ Кел, достар, Алла атын дәйім айтқын, Алла аты кеңіл кілтін ашар, достар "Астағифиру уа астиғфарды"* тынбай айтқын, Шайтан малғұн тәннен шығып қашар, достар.


"Бихамдилла": жақсы келді, біз құтылдық, Қабір ішінде бар азаптан азат болдық. Неше жылдар мүрде едік, біз тірілдік, Дұға қылып хаққа қолын жаяр, достар. Мәңкүр-Нәңкүрге жылап не айтарыңды білерсің, Затың ұлық, әр не етсең сен қыларсың. Мейірім қылсаң, жолсыздарға жол берерсің, Сәжде қылып шәкірт тілін ашар, достар. " Л ә иллаһа иллаллаға" мойынсұнған, Дидар үшін бұл ғаламда рәсуа болған. Дүние қуып ақыретте сауда қылған, Хауыз-кәусар шарабынан ішер, достар. Әуелде тағдыр жазса, хақ жамалын, Жүз мың шайтан қас қылса да жоқ зауалы. Күннен күнге артық болғай жағдай халы, Дана болып хақ жолдарын ашар, достар. Махаббаттың майданында жанын қиған, Хақиқаттың дариясынан гауһар алған. Мағрипаттың білімін ішке салған, Жүрсе-тұрса дүр гауһарын шашар, достар. Ғашық сол дүр хаққа жанын құрбан қылса, Зікір салып шар тарапқа саһар* тұрса. Жарандардан жақсылық, пайда көрсе, Сұлтан болып дүр гауһарын шашар, достар. Хақ тағалаға бойұсынған мұнда тұрмас, Жұртқа жайып ишандығын мақтан қылмас. Қайда барса, пақыр-міскінмен дүкен құрмас, Ғаріп болып, ойраны шығып көшер, достар. Құл Қожа Ахмет, нәпсіден ұлық бәле болмас, Жер мен көктен тағам берсең әсте тоймас. Топырақ болып жерде жатса кәпір болмас, Нәпсі тиған хор қыздарын құшар, достар.

53


Шайтан малғұн сізге дұшпан, әзір болғын, Кеште Алла, күндіз Алла айтып өлгін. Тар лахатқа кірер кезде нұрға толғын, Періштелер Алла нұрын шашар, достар. Алла нұры қабір ішін жарық қылғай, Періштелер өңірінен сәуле құйғай. Мұсылмандар оны көріп қайран қалғай, Бұл ғаламның жарығынан безер, достар. Барша аруақ жиылып келер мерекеге, Халайықтар ие болар тәбәрікке. Дұға қылып қайтқаннан соң қалар жеке, Барлық аруақ сүйініп бір-бір құшар, достар. Жеті қадам жүргеннен соң Мәңкүр-Нәңкүр, Айбатпенен кіріп келгей қылып қаһар. Екі көзі оттай жанып жайнап тұрар, Нұрын көріп, тағзым етіп, құшар, достар. Мәңкүр-Нәңкүр сұрамай тұрып зар илегей, Көз жасын етегіне төгіп көл қылғай. Хақтың атын айтып өзін ынтызар қылғай, Аспанға құсша самғап ұшар, достар. Хабар келіп тәңіріден жыладың не? Хас құлдан қабір ішінде тыңдадың не? Ей, биәдеп, құлақ қойып аңдадың не, Мәңкүр-Нәңкүр бет-бетіне қашар, достар. Ертелі-кеш еске алса менің жадым, Хабарын қолға алған құл ол азатым. Ондай құлдың олжасымын, ол - саятшым, Қылмыс қылған күнәларын кешер, достар. Күналарын хақ кешіріп, назар салғай, Оңда, солда жатқандары разы болғай. Одан кейін барша аруақ әзір болғай, Қабірістанға хақ рахметін шашар, достар.

54


40-ХИКМЕТ Аңызда бар: осылай деп айтылады, Жеткізді мұнда Баба Мәшін* сұлтанды. Хорасанда төрт жүз жасты жасады, Жиырма төрт ағаш әр күні ұшар, достар. Есітті Баба Мәшін ол заманда, Ахмет атты бір шайқы шығар деп Түркістанда. Сұхбат құрмай қыз-келіншектермен онда, Тиым салғалы Түркістанға келді, достар. Келді де көрді ол машайықты, - Сен шайықпыс,ың азғырушы халайықты? - Сол айтқан серігіңмін, білгіл м ұ н ы , Деп хазірет оған жауап берді, достар. Әмір етті Хәкім қожа Сүлейменге, Сол сопы Мұхаммади данышпанға. - Байлап ұр бес жүз қамшы ол наданға, Бір ұстынға бекем байлап қойды, достар. Жүз кісі келсе де ұстай алмас еді, Екі кісі ұстап оны байлап алды. Сол сәтте-ақ бес жүз қамшы санап ұрды, Аһ дегенін, яки уһ дегенін білгін, достар. Жалаңаштап оны бекем байлап қойды, Бес жүзден бір қамшыны артық ұрды. Соңғы қамшы тигенде зар еңіреді, Ахмет ата шештіріп қойды, достар. Сол сәтте-ақ мүриттері сұрақ берді, Бес жүз қамшы ұрғанда мыңқ етпеді. Соңғы қамшы тигенде естен танды, "Намран?-" деп асхаб* одан сұрады, достар. Ата айтты арқасында бар оның диу-пері, Қорғаған соң бес ж ү з қамшы соған тиді. Диу-пері арқасынан кеткен сәтте, Бір қамшы оған тиді, білгін, достар.

55


Баба Мәшін: " өлдім-, деді,- Уа, Ахметім, Келе алмасам халайыққа қара бетпін. Өлер едім осылай болса халім, Зар еңіреп арыз-халін айтты, достар. Атасының ерлегенін сонда білді, Қиындықтан өткеріп жол көрсетті. Атасымен үш мәрте қылуетке енді, Мұрат-мақсат ежелден деп білгін, достар. Басшы болмай әр кез мұрат табылмай дүр, Қызмет қылмай хаққа жақын болмайды дүр. Зар еңіреумен күні-түні көз ілмей дүр, Зар жыламай хақ дидарын көрмес, достар, Есте ұстайық Құл Қожа Ахмет әулиені, Мүриттердің Баба Мәшін ол сұлтаны. Қолдағай да Ғаси Жүсіп Бидауаны, Назым еттім бұл хикаяны білгін,достар.

41-ХИКМЕТ Қызыр бабам салды мені осы жолға, Одан кейін дария болып тастым, достар. Шариғаттың базарында сайран салдым, Білімнің бақшасында қайран қалдым. Тариқаттың сарайында тайраңдадым. Хақиқаттың есігін аштым, достар. Әуел бастан шарапты пірмұған тоя берді, Іше бердім хал-қадарымша, құя берді. Құл Қожа Ахмет, жан дүнием күйе берді, Шәкірттерге дүрі гауһар шаштым, достар.

42-ХИКМЕТ Хош ғайыптан келіп түсті бір топ дәруіштер, Көңілінде зікірі, көзден таса дәруіштер. Тынбай жүріп жол шегіп, тына қалса тәкбір айтар, Сұхбаттас кісі табылса, сұхбат құрар дәруіштер.

56


Киімдері мың шоқпыт, көңілінде бір Алла, Қызмет қылар әр күні тыным таппас дәруіштер. Иінінде кір шапан, көкірегінде ж ү з мың арман, Бұл дүние опасыз, көзіне де ілмес дәруіштер. Иығында шапаны, қолға ұстаған асасы, Ізгі мұрат жанында, Алла дейді дәруіштер. Арғы тегі пақырлар, көңіл шаһарын кезгендер, Жан сарайы нұрланып, бақыт кешкен дәруіштер. Машайықтың сыры мол, қызмет қыл да жалбарын, Пайғамбардан мұра боп, келе жатыр дәруіштер. Құл Қожа Ахмет, міскін бол, міскіндерден жөн сұра, Дәруіштікі біл, өмір мәні зікір дүр.

43-ХИКМЕТ Жол үстінде отырып жол сұраған дәруіштер, Ғайыптан хабар естіп жолға түскен дәруіштер. Асалары қолында, жол нәсібі белінде, Хақтың аты тілінде, Алла деген дәруіштер. Кигендері кір шапан, ділінде бар жүз мың аян, Біліңіз: екі жаһанды көзге ілмес дәруіштер. Дәруіш хақтың сүйгені, зікірі тұтар гүл бағы, Хақ атына ынтызары, бек әдепті дәруіштер. Жазығым көп жуытпас, аспан даруын таппас, Көзде жасын құрғатпас, жасы аққан дәруіштер. Жаныменен сырласып, тіліменен мұңдасып, Ғашықтықпен жан кешкен, реңі сары дәруіштер. Ит нәпсіні өлтіріп, қызыл жүзін солдырар, Қожа Ахметке осы лайық, сатып жесін дәруіштер.

44-ХИКМЕТ Он сегіз мың ғаламға қайран болған ғашықтар, Ғашық сырын таба алмай, сарсаң болған ғашықтар. Дәйім басы айналып, халыққа көзі телміріп, Таңырқай күліп таңданып, жолы болған дәруіштер. Күйіп-жанып күл болған, ғашығына бұлбұл болған, Кімді көрсе құл болған, жомарт болған ғашықтар. Жол үстінде шаң болған, үсті жара, кір болған, 57


Зікірін айтып пәк болған, зар жылаған ғашықтар. Беліне азығын байлаған, жүрегін сонымен жалғаған. Зар еңіреп жылаған, жолы болған ғашықтар. Кейде жүзі сарғайып, ғашық жолында боп ғаріп, Құдайға арнап тәсбиғын басы айналған ғашықтар. Ахмет, сен де ғашық бол, садақаңмен адал бол, Хақ дидарына лайық сүйікті болған ғашықтар.

45-ХИКМЕТ Ғаріптікке ғаріп болған ғаріптер, Ғаріптардың халін білген ғаріптер. Бір себеппен алыс жерге жол шеккен, Туыстықтың қадірін білген ғаріптер. Сусағанда суға мұқтаж болған, Тірлігіне зар болып өлген ғаріптер. Кісі білмес ғаріптердің халі қандай, Кім мәңгілік, олар да міскін ғаріптер. Кел, енді, Ахмет, өзіңе бақ, Ғаріпсің сен де, ғаріп-міскін ғаріптер.

46-ХИКМЕТ Хақ құлдары - дәруіштер, ақиқатты білерлер, Хаққа ғашық болғандар - хақ жолына кірерлер. Хақ жолына кіргендер - Алла деумен жүрерлер, Жақсылардың ізімен мемлекеттен кеткендер. Ғалам пақыры - Мұстафа бұлай деді мархабат: Миғраж түні пақыр айтты: пақырлыққа түсіңдер. Көңіл бөлмей дүние арамдықтан кешіңдер, Хақты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар. Дүние менікі дегендер - жаһан малын алғандар, Құзғын құстай арамға белшесінен батқандар. Молда, мүфтий болғандар жалған жала жапқандар, Ақты қара қылғандар: ол тамұққа түседі. Қазы, имам болғандар - нақақ жала қылғандар, Есектей болып жегіліп жүк астында қалады. 58


Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер, Өз бармағын өзі шайнап өкінішпен қалады. Жылы жұмсақ жегендер, әсем киім кигендер, Алтын тақта отырса да топырақ астына түседі. Сенген құлдар - адалдар, садақамен тұрады, Дүние-мүлкін сарп етіп жұмақ хорын құшады. Құл Қожа Ахмет, білгейсің, хақ жолына кіргейсің, Хақ жолына кіргендер: хақ дидарын көреді.

47-ХИКМЕТ Хақ мәслихаты құрылды, әй, дәруіштер, келіңдер, Хақ дастарханы жайылды, одан үлес алыңдар. Сөз өнерін меңгеріп, өмір іліміне жетіңдер, Жоқшылықпен күнелткен, бар байлықты алыңдар. Жыртып шапағат пердесін, тілеп дидар уағдасын, Көңіл көзін ашыңдар, құдіретін сезіңдер. Хақ арасын алыңыз, нәпсі басын кесіңіз. Күні-түні, талапкер, жанды құрбан етіңіз. Алқа қотан"һу"* деңдер, ғашық отына жаныңдар, Жан-тәніңмен, шәкірттер, тәкбірді бастап айтыңдар. "Алла-Алла" деп еңіреп, хақ демекте мағына бар, Дидарынан үміткер, рахметінен алыңдар. Құл Қожа Ахмет құл болған, жол үстінде күл болған, Шәкірттерге ырыс болған, одан ғибрат алыңдар.

48-ХИКМЕТ Хақ дидарын талап қылсаң, ей, сопылар, Жаннан кешіп, топ ішінде кергін дидар. Ынта-зарыңмен Алланы айтып, ақиқатқа қайтып, Түн ұйқысын төрт бөліп жанын қинар. Сопыларға хақ рахметі болар жуық, Сопылардың кеңілі сынық, кезі жасты, Менмендердің жазасын бергей тамұқ, Тәкаббардың дозақтағы халі мүшкіл.

59


Сенен бұрын жарандарың қайда кетті, Бұл дүниеге көңіл бөлмей жылап өтті. Ғұмырың тамам болды, нәубат* саған жетті, Күнәң үшін тәуба қылғыл, ей, патшағар. Нәпсіге сен ерік берсең, не тілемес, Еңіресең де Алла саған мойын бұрмас. Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас, Қолға алып, түнгі ұйқыны төрт бөліңдер. Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар, Жолдан азып-тозар, жұртта қалар. Жатса, тұрса шайтанменен бірге болар, Нәпсіні теп, нәпсіні теп, ей, патшағар. Нәпсің сені ақырында торға салар, Діннен қуып, жақсылықтан ада қылар, Өлер қезде иманыңнан жұрдай қылар, Ақылға ерсең, ит нәпсіден безер болғай. Ферғауын Қарун шайтан сөзін берік тұтты, Сол себептен жер жарылды, оны жұтты. Мұса кәлім даналықпен үлгі айтты, Құлақ қоймай ол екеуін қарғыс атты. Күнәң үшін тәуба қылып жылап жүргіл, Кетермін деп жол басына барып тұрғыл. Кеткендерді көріп сен де ғибрат алғыл, Ғибрат алсаң, жатқан жерің болар гүлзар. Момын құлдар бар өмірін пида қылды, Хақ жолында жан мен ділін құрбан қылды. Дүниені қойып ақыретті сауда қылды, Сауда қылсаң хор мен нөкер - бәрі даяр. Қиямет күн ғарасат таңы атары бар, Айқай-ұйқай зар жылайтын күндері бар. Намаз, ораза, тәуба етіп барғандарға, Жарылқайтын құлдармен сұхбаты бар.

60


Намаз бенен ораза өтеуін алар, Әлем халқы сүйініп, оларды хақтан тілер. Қиямет күн көріп оны, олар тыңдар, Ондай құлдың бақыт пен олжасы бар. Ол арықтар кімге дәру, білгіл оны, Тәуба қылған ғашықтар ішер оны. Тәубасыздар ол арықтан ішпес суды, Оған ішкізер улы заһар сулары бар. Қияметтің бір күні мың жылдай болар, Бұл дүниемен санай біл неше болар. Қиямет күн жетпіс мың жыл артта қалар, Тәуба қылған құлдардың күймейтін мезгілі Кімдер хақ құлы болса, хаққа жақсын, Хаққа жақпас, менменшіл әрі барсын. Құл Қожа Ахмет, нәпсі тыйып қыламын дат, Пірмұған болғай ма екен оған жендет. Бейхабарлар естіместен еңіреп тұрар, Қан жылағанын естісін ол пәруардігар.

49-ХИКМЕТ Тәуба қылып хақты тапқан ғашықтарға, Ұжмақ ішінде төрт арықша шәрбәті бар. Тәуба қылмай хақтан тайған ғапылдарға, Тар лахатта қатты азап, қасіреті бар. Ұжмақ жайын білген құлдар тәуба қылсын, Тәуба қылып хазіретіне жуық болсын. Хор мен сарай нөкерлері қызмет қылсын, Алуан-алуан ұжмақтың шапаны бар. Тәуба қылған ғашықтарға хор қызын қосар, Күні-түні ораза жүрсе көңілі толар. Өлгеннен соң көрге кірсе, көрі кең болар, Соған лайық пендесіне рахметі бар. Тәубасыздар бұл дүниеден кешпес болар, Өлсе дағы көр азабын көрмес болар. 61


Құл Қожа Ахмет, қайтіп бұдан орын тапсын, Күндіз-түні қорқатұғын Алласы бар.

50-ХИКМЕТ Бейіш, тозақ таласар, таласуда мағына бар, Д о з а қ айтар: мен артық, менде перғауын әман бар. Бейіш айтар: не дерсің, сөзді білмей айтарсың, Перғауын әман сенде дүр, менде Жүсіп Қинған бар. Д о з а қ айтар: мен артық, сараң құлдар менде бар, Сарандардың бойында отты шынжыр кісен бар. Бейіш айтар: мен артық, пайғамбарлар менде бар, Пайғамбарлар алдында кәусар.хоры нөкер бар. Дозақ айтар: мен артық, тарса, жөйіт менде бар, Жөйіт, тарса алдында түрлі ғазап сұрақ бар. Бейіш айтар: мен артық, сенетін құлдар менде бар, Момындардың алдында алуан түрлі ырыс бар. Д о з а қ айтар: мен артық, залым құлдар менде бар, Залымдарға беруге заһар менен у да бар. Бейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар менде бар, Ғалымдардың көңілінде аят, хадис, құран бар. Дозақ айтар: мен артық, ала аяқтар менде бар, Ала аяқтар мойнында оттан ескен кісен бар. Бейіш айтар: мен артық, сопы құлдар менде бар, Сопылардың көңілінде зікір, пікір, сұбхан бар Дозақ айтар: мен артық, бинамаздар менде бар, Бинамаздар мойнында жылан менен шаян бар. Бейіш айтар: мен артық, дидар көрмек менде бар, Дидарын көрсетуге рахым атты Рахман бар. Дозақ сонда тік тұрды, бейіш билігін айтты, Қүл Қожа Ахмет не білді, білдіруші Алла бар.

51-ХИКМЕТ Мұхамметті білгейсің: заты оның араб дүр, Тариқаттың жолдары о бастан күллі әдеп дүр. Хақиқатты білмесе, адам емес дүр, Білсеңіз, ол еш нәрсеге үқсамас дүр. Әлемде теңдесі ж о қ екенін біліңіз, Шәк-шүбә келтіруге болмайтынын сезіңіз. 62


Қаһарланса қылар жермен жексен, Зілзала болар ілезде жер менен аспан. Рахым қылса, біліңіз, рахметі бар, Берер болса, таусылмас нығметі бар. Мұхамметті сипат қылсам тіл жетпес, Анасының аты Әмина, одан ешкім өтпес. Атасының аты оның Ғабдолла акен, Анадан тумай жатып өлген екен. Мүхамметті бабасы сақтап қалған екен, Аш-жалаңашқа қол ұшын берген екен. Бабасын, білсеңіз, Ғабдулмүтәліб, Көңіліңде сақтағайсыз жақсы біліп. Бабасының аты еді һашим, Естігенде ағады көзден жасым. Біліңіз: төртінші дүр Ғабдулманаб, Оларды білгендердің көңілі д ү р ақ. Расулды білсе кім төрт-бес жасынан, Қияметте орын алар сегіз бейіш қасынан. Бабасы жеті жаста өліпті, Расулды ағасына беріпті. Әбутәліб Ғалидің атасы дүр, Араб қауымының ұлығы дүр. Әбутәліб бола дүр іс басында, Мүхаммет болар дәйім қасында. Мұхамметтің жасы он жетіге келді, Сол уақытта Хадиша оны көрді. Мұхамметті, білсеңіз, бейне сүңқар, Хадиша оны көріп болыпты зар. Хадиша көңілінде оны шын сүйе дұр, Мұхамметке ғашықтықтан іші күйе дүр. Күндіз-түні іздеді оның тұрағын, Білсеңіз, ақыр тапты мұратын.

63


Көріңіздер құданың тапқан жүйесін, Мұхаммет баққан екен оның түйесін. Хадишаға Расул жалшы болыпты, Ақырында қосылып оны алыпты. Хадишаның қүдай бағын ашыпты, Расулдың басына асыл дүрлер шашыпты. Расулдың жасы қырыққа жетіпті, Сол кезде құдайдан хабар келіпті. Одан соң Мұхаммет болды патша, Расулдың көңіліне жар болды Алла. Мұхамметтің ісін Алла оңдады, Барша халайық иманымен қолдады. Расулдың басында болды ағасы, Кемел тапты отыз үш мың сахабасы. Расул баршасына ұнады, Әдеппенен бәрі қызмет қылады. Расулдың алдына бір жетім келіпті, Ғаріп, мүсәпірмін деп сәлем беріпті. Рахым қылды мүсәпір халына, Тілегенін берді оның қолына. Расул айтты оған: мен де жетіммін, Жетімдікте, ғаріптікте өтіппін. Мұхаммет айтты: әр кім жетім дүр, Біліңдер: ол сүйген үмбетім дүр. Жетімді көрсеңіз жәбірлемеңіз, Ғарыпты көрсеңіз әмірлемеңіз. Жетімдер бұл жаһанда қор екен дүр, Ғаріптердің ісі сол екен дүр. Ғаріптердің ісі дәйім ибалы дүр, Тірі жетім тірі өлік дүр. Құдайға ғарып ісі белгілі дүр, Ғарыптер ертелі-кеш күйзеліп тұр.

64


Сипаттасам Ғалішер алып дүр, Алмас семсермен кәпірлерді қыра дүр. Кәпірлерді иманға қылар насихат, Берер әр заманда исламға қуат. Дінге кірген кәпірді алып келе дүр, Қабыл қылмаған кәпірді шауып келе дүр. Семсерін қолына алып мінсе дүлдүл, Кәпірдің зәре-құты қашар, білгіл. Қолындағы жарағы зұлпұқары, Шабысқанда ұзарар қырық кез қыры. Ғалидің бар еді он сегіз ұлы, Оның әр біреуі алып боп тұрды. Ғали ислам діні үшін қан жұта дүр, Ислам туын әр кез берік тұта дүр. Қожа Ахмет, біл, ғаріптікке түсіп дүр, Пайғамбар әулетіне тіл қатып тұр.

52-ХИКМЕТ Көрген заман иланған Әбубәкір Сыдық дүр, Ұстын болып тірелген Әбубәкір Сыдық дүр. Мұңдасқанда жылаған, құлдылыққа бел байлаған, Іші-бауыры езілген Әбубәкір Сыдық дүр. Бір бетінен қайтпаған, сырын жатқа шашпаған, Ғапыл болып жатпаған Әбубәкір Сыдық дүр. Сүйгеніне дос еткен, қызын қолдан тапсырған, Қол қусырып жалбарған Әбубәкір Сыдық дүр. Айтқан сөзіне жеткен, нәпсі-қызықтан кеткен, Хақ Расулмен бір кеткен Әбубәкір Сыдық дүр. Мұхамметке қиын-ды, атасы жоқ-ты расы, Бұршақ салған мойнына Әбубәкір Сыдық дүр. Құл Қожа Ахмет, белді бу, соқпақтардан сақ болғын, Ғаріптікте адал болған Әбубәкір Сыдық дүр.

65


53-ХИКМЕТ Екіншісі жар болған, әділетті Ғұмар дүр, Мұсылмандыққа жар болған, әділетті Ғұмар дүр. Балалыға азан айттырған, шариғатты білдірген, Діннің сөзін ұқтырған, әділетті Ғұмар дүр. Қағба есігін аштырған, барша жүзді бұрдырған, Расул көңілін тындырған, әділетті Ғұмар дүр. Шариғатты бек тұтқан, тариқатты рас тұтқан, Хақиқатты қ ұ п білген, әділетті Ғұмар дүр. Ұлын жырлап келтірген, дүре соғып өлтірген, Әділдікпен жол салған, әділетті Ғұмар дүр. Шырақ болып өшпеген, дін жолынан кешпеген, Қиянат істі етпеген, әділетті Ғұмар дүр. Міскін Ахмет, жадыңа ал, әлсіздерге тірек бол, Рухы сізді шат қылғай, әділетті Ғұмар дүр.

54-ХИКМЕТ Үшіншісі жар болған Оспан сыпайы дүр, Әр кезде де жар болған Оспан сыпайы дүр. Хақ Расулдың күйеуі, дініміздің тірегі, Пенделердің азаты Оспан сыпайы дүр. Оқығаны аят пенен хадис дүр, Мінберде хатиб Оспан сыпайы дұр. Жалбарынуы куә дүр, алғандары екі нұр, Айтқандары дүр гауһар Оспан сыпайы дүр. Бәрі келіп бас ұрып, алып кетті шаһардан, Құдай жолына құрбан болған Оспан сыпайы дүр. Қожа Ахмет, өтіндің сен Оспаннан, Жоқ оның шәк-шүбәсі Оспан сыпайы дүр.

55-ХИКМЕТ Төртіншісі жар болған құдай шері Ғали дүр, Миғражда да жар болған құдай шері Ғали дүр. Айтқан сөзі рахман-ды, көрсең жүзі нұр еді, Кәпірлерді қыратын құдай шері Ғали дүр.

66


Күш-қайраты белінде, иман-жады тілінде, Зұлпықары қолында құдай шері Ғали дүр. Мініп шықса дүлдүлге жерге түсер зілзала, Кәпір құтын қашырған құдай шері Ғали дүр. Бет қаратпай дұшпанға кәпірлерді қыратын, Батылдықпен қайтпаған құдай шері Ғали дүр. Рахмет қылсын бір құдай, не істесе де еркі бар, Қожа Ахметке медеткер құдай шері Ғали дүр.

56-ХИКМЕТ Ғашық жаны күйзеліп қайғы тартса, Он сегіз мың ғалам бар көзді ашар, Көңіл құсы қос қанатын қомдап үшар. Жан дүниесі сайраумен бұлбұл болар. Махаббаттың майданына өзін салса, Мағрипаттың жолына белін буса. Сыр шарабын ішіп ғашық рухы қанса, Дос көңілдің гүлзарында шаттық болар. Жарандар хақ жадынан ғапыл болмас, "Рижал ла талһиһим"* дер халық алғаш. Құдай жолын ұстаған жолда қалмас, Жаратқан ием тілегі қабыл болар. Алғашқы шарапты кім алса сол болар сақи, Наша тартып есірер мәңгі бақи. Жанын, тәнін күйдірер жалындатып, Іштен күйіп өртеніп, һәм күл болар. Атын бояп, затын безегендер, Ішкі жанын есебімен түзегендер. Көңіл күйін жағдайымен кезегендер, Пейілі оның қашан аппақ болар? Тариқат д ү р бұл жол атын білсе дәруіш, Мағрипат дүр білім нәрін алса дәруіш. Өзге жандар сенімсіз, білсе дәруіш, Хақиқат майданында ол ер болар.

67


Қатуланып, Құл Қожа Ахмет, жолға кіргіл, Құлды көрсең құлы боп өмір сүргіл. Қадір ием нәсіп берсе қанағат қылғыл, Қанағат сұрап қанағат алған шын құл болар.

57-ХИКМЕТ Сұбхан ием пендесіне шапағат берсе, Іші жанып, сырты күйген бір жан болар. Пір етегінен ұстап ғашық жолына кірсе, Хақты іздеумен екі көзі төрт болар. Жаннан кешпей ғашық сырын біліп болмас, Малдан кешпей менмендікті қойып болмас. Зерек болмай жалғыз өзін сүйіп болмас, Ондай ғашық ел көзінен аулақ болар. Жаның қинап ынты-шынтыңмен ғашық болғыл, Жасың төгіп, көзді сулап, адал болғыл. Одан кейін хақ жүзіне лайық болғыл, Жаның берсең, рахым етсе, жанан болар. Ғашық жолында күндіз-түні жылағандар, Жаннан кешіп белін бекем байлағандар. Қызмет етіп хақтың сырын аңдағандар, Түн ұйқысын төрт бөліп қайғылы болар. Уа, дариға, ғашық жолында жанын бермей, Сүңгуір болып дария ішінде гауһар термей, Хақтан өзге, надандықтан аулақ болмай, Таңда махшар тағамдары дайын болар. Ғашық болсаң Баязиттей өзіңді сатқыл, Аллаһи-биллаһи дүние - арам, тастап лақтыр. Қан төгіп, ұйқы көрмей түндер қатқыл, Бір мезетте шайтан мүлкі ойран болар. Таң атқанша зікір айт жаныңменен, Тау мен шөлді бауға айналдыр қаныңменен. Тастан қатты тасқа жатқыл жамбасыңмен, Жолдан азған жүз мың ғапыл қараң болар.

68


Тастан қатты тасты сүзген бейхабарлар, Ол ақырет ісін қойып, дүние іздер, Аят, хадис баян қылсам - кесім сөздер, Залымдардың көкірегі шайтан болар. Зікіріңді айт: қан ақсын көздеріңнен, Хикмет айт: дүр тамсын сөздеріңнен. Гүл өнсін әрбір басқан іздеріңнен, Гүлді күтсең гүл ашылып гүлзар болар. Саһарда ерте тұрып қандар жұтқыл, Пірмұғанның етегінен бекем тұтқыл. Хаққа ғашық болған болсаң жаннан түңіл, Жаннан кешкенчііын ғашықтар махрум болар. Бұл дүниеде пақырлықты әдет қылған, Қорлық көріп, машахатты рахат білген. Құл Қожа Ахмет, жақсыларға қызмет қылғын, Қиямет күн сондай адам сұлтан болар.

58-ХИКМЕТ Бұл сырларды білмеген надан кісі, Дәруіштердің қадірін қашан білер? Тіл ұшында үмбетпін деп дау шығарар, Мұстафаның қадырін қашан білер? Тарихаттың ләззатынан татқан кісі, Дүниесін дін жолына сатқан кісі. Күндіз-түні тағат қылса осы ғашық, Бұл дүниеде күнәсінан болар қашық. Дәруіштерді ғайбат қылған ол оңбаған, Мағрипаттың қадырін қашан білер? Дүние малын жиып мұратына жеткендер, Есіл өмірін заяда өткізгендер. Ен далада қамсыз тірлік кешкендер, Махаббаттың қадырін қашан білер? Көп адамдар дау шығарар нәпсі бағып, Ішіп-жеп хайуандардай түнде жатып.

69


Ораза тұтпас, зекет бермес, ұйқы бөлмес, Хақ тағала қадырін қашан білер? "Матқи кулли, матқи кулли"* айтты Расул, Әй, Құл Ахмет, бұл хадисті қылғыл қабыл, Сирия халқы қабыл қылмай қалды ғапыл, Надан халық пір қадырін қашан білер?

59-ХИКМЕТ Алланың мақамы ғажап мақам дүр, Ол мақамда ғшықтар серуен қылар. Көңілге құдіреттің нұры түссе, Естен танып өзін білмей жалғыз қалар. Ол мақамның жолдарының сырлары бар, Өз бетінше лағып кетсе жолдан азар. Азғырумен шайтан малғұн дінін бұзар, Өз жолына салып оны қайран қылар Ол мақамды білдіруге басшы керек, Тариқаттың басында жақсы керек. Осы жолда серттен таймас серке керек, Ондай көсем жұмақта сайран қылар. Ол мақамға жеткен ғашық шарап ішер, Мал-мүліктен бас тартып жаннан кешер. Қос қанатын Хазірет Таба қомдап ұшар, Ғаршы-күрсі, Лауқ-қалам думан қылар. Алланы ойлап дүниеден безіп кеткін, Өлмей тұрып о дүние үшін жасың төккін. "Уанһар мин ғасамин мусффани",* Ұжмағын сүйген құлға тарту қылар. Ол мақамның Таухит атты дарағы бар, Саясында ғашық құлдар пырақ ұстар. Бір бұтақтың мың жылдық өмірі бар, Әр қайсысы өз орнын мекен қылар.

70


Ол дарақтың миуасынан татқан құлдар, Дүние қызығын ақыретке сатқан құлдар, Көр ішінде көз жұмып жатқан құлдар, Саһарларда көз жасын дария қылар. Ықласыңмен, Құл Қожа Ахмет, белді байла, Махаббаттың отымен жүрек жалға. Жағаңды ұстап таң атқанша тынбай жыла, Мүмкін саған рахым етіп жанан қылар.

60-ХИКМЕТ Иманы ж о қ халайықтан әркім қашса, Білімділер кеңесінен безер болар. Күйіп-жанып ғашық жолына жасын төксе, Сұбхан ием ғарыш үстінде мейман қылар. Пендем дегей күйгендерді сүйіп Алла, Хақ көрсеткей ақ дидарын олла-біллә. Қайда барса құлшылығы Алла ісі, Әр не тапса хақ жолына сарқып берер. Зәкір* болып зікірін айтса келмек хабар, Шайтандардың бәлесінен айырып алар. Дерті болса хақ дертіне бергей дауа, Ондай құлды өзі тауып мейрім қылар. Түні бойы хақ оятып қан жылатар, Көзін ілмей ғашығы үшін белін байлар. Дауасы жоқ дертті беріп зар еңіретер, Мұнда еңіреп, онда барса сұлтан қылар. Хаққа ғашық болған құлдар көзін ілмес, Мақсұтына жетпесе риза емес. Туған-туыс, мал-мүпікке көңілін бөлмес, Ысмағұлдай ғазіз жанын құрбан қылар. Дуаналық жолында ол хақты тапқан, Семсерді хақ қолға алып нәпсі тапқан. Қайда барсз көз жұмып сырын тапқан, Ондай сырды тапқан кісі жомарт болар. 71


Шайқпын жеп бас көтерген хаққа қарсы, Көкірек керіп жаратқанға болмас жаршы. Жыласа да құдайсызға болмас емші, Бүл дүниені момындарға зындан қылар. Ей, мүсылмандар, тағат қылып таянбаңыз. Аманат қой, ғазіз жанға иланбаңыз. Харамдықпен жиған малға қуанбаңыз. Малдарыңды Қарыш* атты жылан қылар. Бұл дүниеде мал жинаған Харун қане, Өсиет айтып жар салған Ферғауын мен һаман қане? Уамық, Ғазра, Фархад-Шырын, Мәжнүн қане, Қаһарланса жерменен жексен қылар. Білдіңіз бе өлмей адам қалғанын, Бұл дүниенің опасызын, жалғанын. Дүние талап - ризығын алғаның, Алла десең көздің жасын көл қылар. Ғашық дертіне дауа іздеген болар делбе, Іші-сырты жалған жанға әсте сенбе. Арың таза болса, әр кез жеңіс сенде, Ғашық дертіне рахым қылса Алла қылар. Кімді көрсең бүл жолдарда жалған ғашық, Іші таза болмайды көңілі ашық. Сол үшін де сүйгеніне болмас лайық, Жалғаншыны махшар күні сарсаң қылар. Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер, Жаннан кешкен шын ғашықтар хақты көздер. Ғұламаға қызмет қылып жолын түзер, Сол ғашықты халайыққа сұлтан қылар. Ғашық болсаң күндіз-түні хақты іздегіл, Парызды өтеп түні бойы көз ілмегіл. Ақылды болсаң надандарға сыр айтпағыл, Дәруіштер сенімдерін жасырын қылар.

72


Дәруіш болсаң парызымды өте, қылма жалған, Иман келтір, рахым қылар саған Аллам. Дәруіш емес қайда барса жолда қалған, Әділ патша парызын өтеп, әділ қылар. Ей, осындай дәруіштерге пана бергіл, Ол наданға үлпат* қылмай жанымды алғыл. Ей, іңкәрім, жолда қалдым, жолға салғыл, Тәуба қылған қожам жайын гүлзар қылар. Дәруішпін деп парызын істер халық алдында, Айламенен зыр жүгірер онда-мүнда. Алла үшін бойұсынған дәруіш қайда, Шын дәруіштер тау мен шөлді мекен қылар. Ғашық болсаң ғашық жолында пида болғыл, Дидар іздеп қасіретінде ада болғыл. Шипа болып шын дертке дауа болғыл, Жақсыларды аларда оңай қылар. Ғашықтары хаққа қарап зар еңірер, Махаббаттың дариясына шомып кірер. Гауһар алып ғашығына зарын тербер, Тамшы жасы жер әлемді көл қылар. Ғашықтарға берді ғашық отын күйдіргелі, Зылихадай өн бойын сүйдіргелі. Қасіретпен өңі-түсін солдырғалы, Шын ғашықтың нұр-жүзін сары қылар. Ғашық жандар хақ қаһарынан қорқып тітірер, Жер мен көкте періштелер жылап тұрар. Бірде қызыл, бірде сары болып жүрер, Зар еңіреп жер мен көкті д ү р сілкінтер. Ғашықтардың сүйіктісі сиқыр қыздар, Көңіл көзбен күл етер, баурап алар. Ғашық оты өртеген дерті зорлар, "Қайдасың?-" деп "қайдасың?-"деп ғашық айтар,

73


Махаббатқа сабыр қыл деп машық айтар, Аузы айтпас, тілі айтпас, ділі айтар, Ү ш жүз алпыс тамырлары толқын қылар. Ғашықтардың қиямет күн халін білгей, Шын ғашықтың көкірегін жарып шерін сезгей. Пәк аузынан көбігі ағып жүгіріп жүргей, Кімге берсе пәк ғашықты қайран қылар. Ғашықтардың үміттері жам* шарап, Сүйіктісіне жетер жолда бауыры кәуап. Жүрек қылы жан азығына болар жауап, Тербелсе жеті ықылым ойран болар. Қүдіретімен әр не қылса ерікті өзі, Құдіретінен мәлім боп тұр қыс пен жазы. Әй, найсап, Алламенен ойнай көрме, Қаһарлы ием жандыларды жансыз қылар. Жыламақты әр адамға бергені қане, Жылау деген қиын емес, бауыр қане. Көз жасыңды текке төкпе, хақты таны, Хақ тағала өз сүйгенін боздауық қылар. Құл Қожа Ахмет, пендемін деп көп айтпа кеп, Алдауменен қылсаң тағат болар кәзәп, Шариғатта, тариқатта ісің бөлек, Ақыретте кәзәптарға жаза қылар.

61-ХИКМЕТ Махаббаттың базарында жыр мен дастан, Бұлбұлдары сайрап онда сазды қылар. Мағрипаттың майданында адасқандар, Күндіз-түні көзінің жасын көлдей қылар. Сол бұлбұлдың сазды әуенін естігендер, Тәкаббардың тауын шағып ұсатқандар. Бұл дүниенің қуанышын ұмытқандар, Зар еңіреп көзінің жасын бұршақ қылар.

74


Ғашық құлдар бұл дүниені көзге ілмес, Дүние қызығын берілген құл ауызға алмас. Күндіз-түні есі кетіп езіне келмес, Алланы ойлап, кекірегі толып зарын қылар. Уа, дариға, өтті ғұмырым, тоймай қалдым, Кезбелікпен сапар шегіп арып талдым. Тәуекел қып белді бекем байлап алдым, Шын ғашығын Алла өзі сарсаң қылар. Ей, ғашықтар, күндіз-түні тынбай жыла, Күйіп, піскен жүрек баурыңды отқа бұла. Ажал жетсе ерлікпенен белің байла, Бұл ғашықты онДа барса мейман қылар. Шайық Мансұр өзінің басын дарда көрді, Нұр тегілген хақ дидарын сонда көрді. Естен танып езін білмей зарын қылды, "Уашуһа"* деп өзін білмей кезбе қылар. Шайық Шәблі ғашық болуды білмей етті, Шайық Баязит жетпіс рет өзін сатты. Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты, Өткен іске екін деп зарын қылар. Ондай ерлер сұхбатын тапқан кісі, Ессіз жүрер таңданумен жазы-қысы. Таң сәріде хабаршы ғой оның ісі, Жан-тәнімен көз жасын төгіп тұрар. Мұндай болмай хақ пайғамбарды танып болмас, Азып-тозбай сырдан мағына алып болмас. " һ у " зікірін дәйімі айтпай қоймас, Күдік пенен сенімді талқан қылар. Құл Қожа Ахмет, бұл хикметті кімге айттың , Ғұламамын деп халайыққа оқып жайдың. Әсері ж о қ ғалымдарға есиет айттың, Ғалым сол д ү р жан мен мүлкін ойран қылар.

75


62-ХИКМЕТ Махаббаттың дариясына шомып жүріп, Мағрипаттың гауһарын алғым келер. Тариқаттың майданында самғап жүріп, Ол Туб ағашына* қонғым к лер. Ол Туб ағашты ексе шықпас, Алла деген ғашық құлдан залал келмес. Шын ғашық әр қашанда жолда қалмас, Ғашық болып Алла атын айтқым келер. Ғашық құлдар хақ мейірінен құры қалмас, Хақиқатшыл бұл дүниеге мойын бұрмас. Шын ғашықтар дүние азабын мойнына алмас, Менің де бұл дүниеден безгім келер. Алланың нұрымен ақыл шашқан, Алла деп көңіл қойып Тордан асқан, Махаббаттың отымен күйіп-жанған, Мен дағы Алла деумен барғым келер. Алла жады көңілдерді қылды шадман, Сопы киімін иығына ілді Әдһәм. Киім киіп шындыққа басты қадам, Менің де осы жолға түскім келер. Сопы киімін кигендер хаққа жағар, Себебі: жан сырымен хақты табар. Зарынан тілім таулар сызып ағар, Момақан боп сол киімді кигім келер. Адал болып, таза болды Жанид Шәбли, Нәпсісін тиып қаһар қылды Хасан Басри.* Пенделікті қойып, сопылық құрды Зүнен Мысри, Әзіздердің жағында болғым келер. Алла ісі тәкаббардың ойын бұзды, Машайықтар алқа қотан көрік түзді. Зікір айттым: қайғы-қасірет бәрі кетті, Менің дағы солармен болғым келер.

76


Сауық шарабын ішіп едім қалдым күйреп, Махаббаттың отымен баурым күйреп. Дидар көрсем, жолын берсе Ізім Уахап,* Дарассалам сарайына кіргім келер. Құл Қожа Ахмет, гауһар сипат хикмет айтты, Әзіздерді мадақтаумен сөзін жайды. Таңды таңға ұруменен көз ілмеді, Дұға оқып азан хикметін айтқым келер.

63-ХИКМЕТ Қай жерде әзіздердің мәжлісі болса, Сондай жерде ғылым жайын айтқым келер. Олардың сұхбаттарын қоштасам мен, Өзімді солармен қосқым келер. Ізгі ниет дәруіштерге жаным берсем, Әр бір басқан іздерін көзге сүртсем. Қызмет қылып жақсылардан бата алсам, Одан кейін сауық шарабын татқым келер. Сауық шарабын ішкендер дүниені етер талақ, Қызыр бабам келіп оған берер сабақ. Дүние тауып жүрген жанның ісі анық, Ондай ерге әзіз жанды бергім келер. Уә, дариға, жақсының бәрі жылап өтті, Анасынан туа сала қайғы жұтты. Көзді жұмып ашқанымша өмірім өтті, Бұл дүниені соқыр тиынға сатқым келер. Тіліменен үмбетпін деп жалған сөйлер, Кісі малын алмақ үшін арбап сөйлер. Адалын мұнда тастап, арам көздер, Надандарға осыларды айтқым келер. Заман ақыр болғанда ақыл кеткей, Адамзат бірін-бірі түтіп жегей. Дүние үшін иман, ислам дінін сатқай, Ақылдыларға бұл сөзді айтқым келер. 77


Бір күні періштелер жиылып сұхбат құрды, Би билеп, көңіл көтеріп зыр жүгірді. Миғражда тұрып хақ Мұстафа мұны көрді, Енді мен де сауық құрғым келер. Хақ Мұстафа бей-жай юболып талып кетті, Жебірейіл келіп оның басын тұтты. Сұбхан ием құдіретімен зікір үйретті, Үмюбет болсам, мен де зікір айтқым келер. Ғашық болсаң, көз жасыңды төгіп жүргіл, Баязидтей дүние қызығын теуіп жүргіл. Әдһам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл, Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер. Құл Қожа Ахмет, дүние көрсең аулақ қашқыл, Зікір айтып тариқаттың жолын ашқыл. Аят, хадис сөзіменен алтын шашқыл, Жарандардан дүр мен гауһар алғым келер.

64-ХИКМЕТ Махаббат бақшасының бұлбұлы боп Таңсәріде зар илеумен қонғым келер. Сол уақытта жаратқанның дидарын кеп, Көңіл көзімен анықтап көргім келер. Хақ жолына бастаушылар ерлер болар, Алла мен мүрид ара елші болар. Құдай жолы дариясына сапар шегіп, Мазарларда шырақшы болғым келер. Хақ, пайғамбарды тілегендер күндіз-түні, Жан-тәнімен тынбай айтып зікір "һуды". Хақтан мейір келер жетіп, білсең мұны, Ақыреттің азығын алғым келер. Махаббатың асасын қолға алып, Бақыт тонын иыққа киіп алып, Махаббаттың түгіменен қанаттанып, Мағрипаттың бұтағына қонғым келер. 78


Жарандардың бәрі барып болды мазар, Қатуланып, ей, достарым, болғыл бидар. Мұса сынды Тор тауында көріп дидар, "Раббу унзар илайка"* деп айтқым келер. Уә, дариға, есіл ғұмырым кетті желге, Жалбарынсам дәнеңе ж о қ жайған қолда. Құлшылыққа бел байладым кеш болса да, Құрмет тұтып пір қызметін қылғым келер. Ғажайыптан келді иман сыйлығы, Тәнім, жаным болсын соның саудасы. Құлаққа жетіп зар илеген хабар сыры, Даусын естіп жаным пида қылғым келер. Құл Қожа Ахметті білгейсің: тектілерден ол, Жапа шекпей еш әлемді көргізбес ол. Алланы айтқан мұсылманға түнек емес ол, Хақ жолына жаным құрбан қылғым келер.

65-ХИКМЕТ Ғажайыппен ол жоқтан бар жаратты, Он сегіз мың ғалам түгел қайран болар. "Қалу бала" деген құлдарға үлес таратты, Бейғам құлдың діндері ойран болар. Хақ тағала иман сыйлап берді бізге, Ол Мұстафа хақ елшісі деді бізге. Мадақ айтсаң, қуат берер дінімізге, Өйтпесе қылғандарың жалған болар. Әуелден "Аласта би раббикум,-"*деді құдай, "Қалу бала,-"деп аруақтар қылды әуез. Жылап келдік есігіңе барша кедей, Мейірім қылсаң, жүз мың күнәкарға сауап болар. Тәуба қылсам кешер ме екен қадір Алла, Кешпесе мен не етер ем жүзі қара. Махшар барсам, сондағылар бәрі куә, Хақ жанында барлық істер оңай болар.

79


Жылауменен өтті ғұмырым, иә, шаһым, Есептесер мезгіл жетті қараңғылық кетсін һәм. Сенен өзге сүйенерлік жоқ панам, Күндіз-түні тілегенім иман болар. Үмбет үшін Расул дәйім қайғы жеді, Үмбетінің күнасын тілеп алды. Күндіз-түні тік тұрды тәңірім білді, Тілінде үмбетпін дер, ділінде мұнысы жалған болар. Үмбет болсаң Мұстафаға ерер болғыл, Айтқандарын жан-тәніңмен сен де алғыл. Түнде жатпай, күндізі ораза болғыл, Шын үмбетің сарғайып сабан болар. Сүндеттерін бекем тұтып, үмбет болғыл, Күндіз-түні мадақ айтып үлпәт болғыл. Нәпсіні тиып мехнат шексең, рахат, білгіл, Бұл ғашықтың екі көзі төрт болар. Құл Қожа Ахмет, нәпсің тиып үнемі таза болғыл, Күйіп-пысып дертпен бірге ада болғыл. Күндіз-түні тынбай жылап құлы болғыл, Дертін тартсам, қожа саған риза болар.

66-ХИКМЕТ Ей, достар, ғашық құштарлығы болмайынша, Құдай жолы дариясына сүңгіп болмас. Ол дарияның гауһары дүр Алла менен Мұхаммет, Жаннан кешіп жүзбейінше, көріп болмас. Қуат қорын жан беліңе бекем бумай, Махаббаттың шырын балын ауызға алмай, Көздің жасын көл қылып зарын төкпей, Жолдың сырын жомарттарша біліп болмас. "Иухиббуһум"* шарабын ішпейінше, "Иухиббунаһу"* шапанын кимейінше, Құлшылықтың белбеуін бумайынша, Хақ дидарын қалауынша көріп болмас. 80


"Ли маға аллаһи"* мақамына салмағанша, "Ан тамату"сарайына бармағанша, "Фана филлаһи" дариясына шомбағанша, "Бақа биллаһи"* гауһарынан алып болмас. Шариғаттың шапанын кимейінше, Тариқаттың пырағына мінбейінше, Ой әлеміне беріліп батпайынша, Хақиқаттың майданына кіріп болмас. Сопылардың мүраты ғой хақ дидары, Хақ дидары керек болса, бол бидары. Құл Қожа Ахмет таңсәріде, қылғыл зары, Зар илемей хақ дидарын көріп болмас.

67-ХИКМЕТ Құдіретпенен әмір қылды Мәулім бізге, Жерде, көкте жанды мақлұқ қалмайды деп. Әзірейілді жан алуға жіберді сол әлемге, Ғазіз жанды алмайынша қоймайды деп. Жасымда жас болам деп айтар едім, Қол жеткенді аз ғой деп айтар едім. Әрбір іске дау-дамай қылар едім, Енді білдім: мен айтқандай болмайды екен. Бар дүние менікі деген сұлтандарға, Ғалам малын сансыз жиып алғандарға, Өмірі сауық-сайран құрғандарға, Өлім келсе, бір опа қылмайды деп. Мақтан құрма ей, достарым, сауық құрып, Күндіз-түні жалған сөйлеп бейғам жатып. Жан алушы келер дейді бір күн жетіп, Мұндай тұста қапы қалу болмайды деп. Құл Қожа Ахмет, өлеріңді біле көргіл, Ақыреттің әрекетін қыла көргіл. Даярмын деп жол басында тұра көргіл, Ажал келсе еркіңе қоймайды деп.

8 1


68-ХИКМЕТ Өмірім ақыр болғанда не қылғаймын, құдайым, Жан алушы келгенде не қылғаймын, құдайым, Жан берермін діндес дер Әзәзілдің оғына. Шапқат болмаса бір сенен, не қылғаймын, құдайым. Жан берерге іс қиын - жеңіл қылғай, уа, Жаппар, Сенен басқа ж о қ қамқор, не қылғаймын, құдайым. Жаным ұшып кеткенде, тәнім мұнда қалғанда, Құшаққа табыт алғанда, не қылғаймын, құдайым, Қуат кетіп жатқанда, періштелер келгенде, Раббың кім деп сұраса, не қылғаймын, құдайым. Иілтіп көрге қойғанда, жеті қадам жатқанда, Сұраушы келіп кіргенде, не қылғаймын, құдайым. Раббың кім деп сұраса, қара күндер үстінде, Тағы сұрап кім десе, не қылғаймын, құдайым. Құл Қожа Ахмет, сен, пенде, нәпсі алдында шерменде, Мақшар күні болғанда, не қылғаймын, құдайым.

69-ХИКМЕТ Илахи, қадірлі Пәруардігерім, Рақым қыл пендеңе - күтерім. Сағындым құзырыңды, ей, Аллам Жаратқан барлық ғаламның панасы. Жауабы - сенен, мінажат - менен, Ойхой, қажеті - бардың деген. Илахи, қажетімді, сен, рауа* қыл, Мейіріміңмен дертіме, сен, дауа қыл. Кеше гөр - мені, ей, мейірлі асыл зат, Азап пен ақыреттен қылғын азат. Илахи, шайтаннан, сен, құтқарғай, Жазсам да, жаңылсам да, өзің, сақтағай. Не жазсам да, әйтеуір тәубе қылдым, Мас едім ғой - мастығымнан арылдым. Демеймін мені жаннан айырма, дегеймін тек иманнан айырма, Иланып баршаның дертіне қарас, Бейшараның жан ұшырған өртіне қарас. Күнәһар құлдың, сен, қажетін бер, Осы дерттің тарқауына дауасын бер. 8 9


Илахи, сен, кеше гөр, тағатым жоқ, Сенің алдыңда лайық құлдығым жоқ. Илахи, пәктігіңнің құрметінен, Құтқар бізді шайтанның өрнегінен. Илахи, баршаны қас құлдарың ет, "Мені" "меннен" алып, бір жолға халас* ет, Маған тәупық суынан сен ішкізгін, Мейіріміңмен күнәмді сен кешіргін. Білместікпен көп күнә қылдым, Көңіл бұзып азар көп қылдым. Осындай ма екен рахметіңе лайық, Кел, Ахмет, дұға қыл, бір сәтті күт!

70-ХИКМЕТ Тынбай ғашық "Алла,"-дер құдайына жалбарып, Жүрер ылғи сол ғашық күндіз-түні сарғайып. Зар жылаған ғашықты өзің қолда, құдайым, Серт жолында аяр іс ол көреді ұнасып. Мансұр бір күн жылады, жарандар рақым ойлады, Шілтен шәрбәт ішкізді сол Мансұрға мейір сап. Мансұр айтар: "Мен - хақпын, ерлер ісі бір-ақ хақ," Молда айтар: "Хақ емес (көңіліне иман ап), Айтпасын хақ мен деп, кәпір болдың, Мансұр-,деп,Құранда бар ғой,-деп,- Өлтір!"-дейді құптасып. Білмейді ғой молдалар "мен хақпынның" мәнісін, Сөйлегенге хақ ілімін, хақ жөн демес ұнасып. Аңыз-дастан бітелді, халін оның білмеді, Мансұр сынды әулие, қойды оны дарға асып. Әпсана дер шариғат, орынды дер хақиқат, Дана - дүр дер тариқат ғашықтарға болысып. Әлем халық жиналды, жоқтап та ойбай салды, Жарандары Мансұрдың қалды сонда жыласып. Тәубе қылғын, Қожа Ахмет, болғай хақтан шарапат, Жүз мың әулие өтті ғой сырдан сырға ұласып.

71-ХИКМЕТ Қай мақлұқ жаратқанға ұйыр болса, Ғалам халқы сол құлды сүйер, достар. Жадын айтып бауры пісіп, іші күйсе, Демі таусылса сансыз құстар ұшар, достар. 83


Тіл-көңілі, сыры-жыры - зікір болып, Ү ш жүз алпыс тамырлары қанға толып, Жазы-қысы бұлбүлдайын ғашық болып, Сайрап жүріп бұтаға қонар, достар. Бұл - көңілдің бақшасы дер ғажап толған, Қараңызшы, әрбір бұта түрлі алуан. Ішінде жүр сыр ашатын сансыз достар, Шүбә қалмас, неғматтарды көрер, достар. Неғмат та кейде алдар, ғапыл білмес, Ішкі уын салыстырып берсе, болмас. Сырт жанары бадырайып, бағып көрмес Ішкі көзі ашылса ол керер, достар. Ішкі көзі ашылса барлық перде Ашылады, қалмас ешбір һежап* сырда. Жанның көзі қайран болар дәл сол жерде, Бағып тұрып иман нұрын керер, достар. Құл Қожа Ахмет Иасауидің осы сезі Ғажап екен, байқап керсең, сырдың кезі. Фәниліктің тұғырында - соның езі Фәниліктің ішін бағып көрер, достар.

72-ХИКМЕТ Ей, талапкер жапа шегіп жолға кіргін, Жапа шекпей жолға кірсең опа болмас. Жапа шекпей ақыретте ұйықтап рахат, Жапа шекпей көздің жасы зая болмас. Кімді көрсең құлы болып қызмет қылғын, Рақым ойлап ғарыптарға шапқат қылғын. Ғалымдар келсе, тұрып ізет қылғың, Жамандарда әрқашан да опа болмас. Ғарыптарға рақым қыл, ол-Расул ісі: Ғарыптарды керген жерде ағар жасы. Ғарыптарға күйер дайым іші-тысы, Ғарыптардың дұғасындай дұға болмас.

84


Мәдинеге Расул барып, болды ғарып, Ғарып болып, хақиқатқа жақын болды қаріп.' Рахманекем дидарын сол қылды нәсіп, Шын дерттіге ғаріп сынды дауа болмас. Үмбет болсаң, хақ Расулге бодан болғын, Аты шықса, мадақтап тағзым қылғын. Ғарып болып ғарыптарды мәніс қылғын, Ғарып бол, ғарыптықтай гедә* болмас. Ғарыптарды көрген жерде ығыр етпеңіз, Ғарыптарға сұқтанып сол сөз қатпаңыз. Әлсіз көріп ғарыптарға тас атпаңыз, Бұл жалғанда ғарыптіктей пәле болмас. Шамға түсіп ғарып болды хәкім ата, Жылай-жылай бойы оның болды ду та.* Сөйлегенге, сөз дегенге иман арна, Шын ғарыптың бойы әр кез ду та болмас. Түркістанда ғарып болды Құл Қожа Ахмет, Сол үшін де хақ Расулге болды үмбет. Іс-міс емес нығметтері - қайғы-мехнат, Тән құлына хақтағала риза болмас.

73-ХИКМЕТ Ғашық дауа қылған ғашық жылау болар, Бүл дүниенің қаталдығынан өлсе, болмас. Есі кетіп, бауыры оның бүрқан болар, Ұят кетіп, пердесін сол түрсе, болмас. Бұл дүниені, бар қызықты кешкен кісі, Жақұт сынды тынбай ағар көздің жасы. Ғашық болып қайран жүрер қыс пен жазы, Жабайы еңлік жылдың өсіп шықса, болмас. Күндіз-түні көз жасын бұлау қылған, Бар даусымен таң сәріде ғашық болған. Кеуде тесіп, төртке тіліп нала қылған, Мұндай ерлер дәргейінен кетсе, болмас.

85


Түнде тұрып жатпай-тынбай жылағандар, Ғашық отына жүрек-бауырын жандырғандар, Рәсуа боп сыр түйінін аңдағандар, Ел ішінде рәсуа боп жүрсе, болмас. Алла жадын айтып жүріп зарын қылған, Көздің жасын ағызған да ағын қылған Сарсаң болып ерте тұрып жүріс қылған Ондай ерден қалып бөлек жүрсе, болмас. Ғашықтарды-ай дайым ұдай хақты жазар, Саяз жүзіп, арғы ішінде қызық қозар Талапкерге аят-хадис сөзін сөйлер, Сыр-құпия надандарға айтса, болмас. Қайда барса, ғашық дүкен сонда құрды, Ләйлі, Мәжнүн тәрізденіп дәурен сүрді. Шейх Мансұр "мен хақпын,-"деп шу шығарды, Ондай ғашық қалды, көргін, жалаңаяқ. Ер өлтірер уәдесінде тұрса толық, Опа қылған ерлер солай жанса, болмас. Сыр мағынасын түймегендер бейкүнә дер, Ғашықтардың мекендері сол ойран дер. Қайда барса серігі оның іңкәрім дер, Түндер бойы ғашықпын деп жүрсе, болмас. Сүңгу білмей гауһар үшін дария шомбас, Жаннан кешіп, шомбағанша ешкім алмас. Бір тамшыға қанбаса, ол дүр болмас, Қанағатсыз шоқ шарабын ішсе, болмас. Құл Қожа Ахмет лақат, ғалам місе тұтпай, Фана фи Алла кезеңінен иіліп өтпей, Пірмұған тамшысынан жұтым татпай, Лималла кезеңіне* жетсе, болмас.

74-ХИКМЕТ Мағрипаттың мінберіне мінбегенше, 86


Шариғаттың сол істерін білсе, болмас. Шариғаттың сол істерін ада қылмай, Тариқаттың майданына кірсе, болмас. Тариқатта түрлі әдеп білмегенше, Нәпсіменен жеке шайқас қылмағанша. Ғашық жолына өзін лайық етпегенше, Хақиқаттың сырларын сол білсе, болмас. Шариғатта* мұрат болды - жолға кірмек, Тариқатта* мұрат болды - нәпсі кетпек. Хақиқатта* - шыбын жанды пида қылмақ, Жаннан кешпей ғашық-шарап ішсе, болмас. Шапан киіп шейхпын деп шатақ қылған, Насихатпен елге жүріп адамдарға үгіт айтқан. Сөзі-жалған, дүние үшін амал қылған, Дүние қоймай хал ілімін білсе болмас. Жарандар сол бір жолға қадам ұрған, Нәпсі жеңіп қатар жүріп, амал қылған. Тапқан олжа іш сарайда мәлім болған, Мұндай болмай дәргейге жетсе, болмас. Тағы да ер бар ермін деген, дауа қылмақ, Жайнамаздан жай келіспей тұра салмақ. Өзі білмей мәністі,нәпсі ұрмақ, Сүңгу білмей дүр-гауһарды алса, болмас. "Вахданият"* сөзінің сырын білмей, Сырлы ғашық сөздерінен хабар алмай. Оңашада осы істерін ада қылмай, Ол тухидтің жемісінен алса, болмас. Құл Қожа Ахмет, оңашада үміт қылғын, Мұстафаның сөздерімен амал қылғын. Тәубе де де түнде тұрып зар еңірегін, Зар жыламай хақ дидарын көрсе, болмас.

87


75-ХИКМЕТ Махаббаттың дариясына шомбағанша, Ей, достарым, ғашық гауһарын алса, болмас. Таң атқанша егіліп бір зар еңіремей, Сарап болып ғашық дертін білсе, болмас. Ғашық дертін білген кісі байыз табар, Жарандардың ізін тіпті тынбай өбер. Махаббаттың шоғы келіп жасын сауар, Жасы ақпай тақуалықпен солса, болмас. Хаққа ғашық дәруіштер тасы ақық, Бұл ғаламды мекен қылмас, жаны дер көк. Нәпсі - өлік, көңілі тірі дерсің періште, Мұндай болмай сырдан бәсіре алса, болмас. Жаннан кешіп, бас ойнамай, халес болмас, Тірі өлмей тиымды істі біліп болмас. Хақиқаттың шахы келіп сыр айта алмас, Халес болмай тіпті дүние салса, болмас. Ыхлас керек, талапкер, ғашық болсаң, Жаннан кешіп, мехнат тартып, шыншыл болсаң, Одан соңыра дәргейге лайық болсаң, Лайық болмай хақ дидарын көрсе, болмас. Ғашықтарға дерт пенен сор, опат керек, Бірі хақтан безіп, біріне рахат керек. Өсек-аяң, аяр сөзге тағат керек, Тағат қылмай хаққа ғашық болса, болмас. Ғашық сіздерді көрдім, достарым, қайран жүрген, Мүмінмін деп имандары-ойран жүрген. Махшар күні дидар көрмей сарсаң жүрген, Пірмұған назар қылмай көрсе, болмас. Ғашық жандар жаннан безер, мехнат ұстар, Ораза мен намаз, тәспі пәруардігер. Тынбай күйер тағаттары үшін дидар, Жараспай пендемін деп түрса, болмас.

88


Тариқаттың зауқы сол - күймек, жанбақ, Хақтан қашқан жамандарды сол танымақ. Жүз мың түрлі жапа төнсе, бойынсынбақ, Бойынсынбай ғашық дүкен құрса, болмас. Надан кім деп сұрасаң айт, бейхабарлар, Хақтан қорықпас жамандықты сұрап жазар. Аят-хадис, баян қылғын, қанық сөздер, Адал болып, надан шіркін тұрса, болмас. Аяуға да абай болғын үшін надан, Хақ жадынан айтса егер сол бір адам. Жанды жанға жалғастырса айтқан ишан, Ұрса соқса, сол әз.ізден танса, болмас. Тәбәрік дер сол әзізден үлес алсаң, Жастанып ап босағасын жолы болсаң, Жол көрсетсе жан-жүректі желге берсең, Желге бермей ғашық жолға кірсе, болмас. Ғашықтардың ел ішінде сыры терең, Күздей қурап күрсінгені көкке жеткен. Көзін бұлап, бауыры - бор, үйі - ойран, Мұндай болмай хақтың жолын білсе, болмас. Құл Қожа Ахмет, тақуа емес, ғашық болғын, Бұл жолдардан сескенбе сен, шыншыл болғын. Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын сияқтанып, Ғашық болмай хақ дидарын көрсе, болмас.

76-ХИКМЕТ Достарыма аштым, құда, гауһарыңды, Оңайлықпен ол гауһардан алса, болмас. Жапа шекпей, мехнат тартпай, қызмет қылмай, Осы пірдің сарайына кірсе, болмас. Ғашық құлдар шапан киіп, пырақ мінер, Хор мен сарай - сонда жүрген періштелер. Сол пырақты бағып сонда қайран қалар, Ғашық болмай сол пыраққа мінсе, болмас.

89


Рахманекем, рахым қылып баста жолға, Рахманыңмен қарайлас осы құлға. Жолдан азған құлдарыңды салғын жолға, Жолбасшысыз осы жолға кірсе, болмас. Махаббаттың дариясына шомып, батар, Ғашықтардың сұхбатына мейір қанар. Махаббаттың базарына өзін сатар, Өзін сатпай хақ рахматын алса, болмас. Жарандардан соқпақ іздеп, жолға кірсең, Дүниеден фәни кешіп, шын құл болсаң. Жолбасшысыз осы жолға кірер болсаң, Іздеп оны таппағанша кірсе, болмас. Махаббаттың дариясына ашқын көзің, Тәубе қылып, хақ жолына алғын өзің. Махаббаттың дариясына салғын, өзің, Тәубе қылмай бүл сауданы қылса, болмас. Шариғаттың майданына өзін салмай, Тариқаттың бағстанын аял қылмай, Хақиқаттың дариясынан гауһар алмай, Мағрипат әдептерін білсе, болмас. Құл Қожа Ахмет, хақ жолында тұрғын мадам,* Ғашықтарға бергін дәрмен иләддавам.* Ғашықтарға арман сүйдір дәрассалам,* Ғашық болмай дәрассалам кірсе, болмас.

77-ХИКМЕТ "Кулли мин әлейха фәнә..."* аятында Бір құдайдан басқа бәрі өледі-міс. Исрафиль сүрін алып үрлегенде, Көрде бәрін тұрғызып қояды-мыс. Қолы мың жыл көр басында тұрғанында, Одан кейін ғарасатқа сұрағанында, Жалаңаяқ жалаңбас жүргенінде, Адам ұлы ессіз еңлік болады-мыс.

90


Әуел есеп - ойлағай дәрет пен дін, Екінші есеп - ойлағай намазыңнан, Үшінші есеп - арам мен адалыңнан, "Мен, мен" деген қайран болып қалады-мыс. Қисап ойлай жүргейсің махшар-сарай, Халық қадам ұрар қалай болса солай. Байқап тағы көргейсің тозақ отын, Ойбай салып өкіріп, жылап түрады-мыс. Барлық үмбет жүз жиырма мың сап болғанда, Маңайында періштелер де сап қүрғанда, Зар еңірер: "Қайда,-деп,- Сол жерүйық? Қашып-құтылып болмас" дегенді айтады-мыс. Кірген бетте жарлық берер: "имтазул-йаум"* Сол бір күнде босатпайды намаз сум.* Ақыл-есің кетіп, қалмағай фәхм,* Тіл байланып сөйлей алмай қалады-мыс. Барша халық Адам ата алдын барғай, "Ей, атамыз, енді бізді қолда",-дегей. Ол: "Ей, перзентім, менен ағат кетті,-дегей,Ибраһимге баралық",-деп айтады-мыс. Ибраһимге барып айтар Адам ата: "Шапағат қыл, бұларға, сен, барып хала."* Ол да айтар: "Сіз де жат емессіз, Адам ата, Мұса барып жүгінелік,-"деп айтады-мыс. Мұса айтар: "Құдай, өзің көрсет, сол күн, Сол күн үшін мен әлі ұяламын, Баралық Мұхамметке болып уәжгун.* Баршалары хазіретке барады-мыс. Мұса дегей: "Уа, Мұхаммет, ұрғын қадам, Үмбеттерің тозақ барып, қалмады адам". Мұхаммет те сол сәтте бөгелместен Мұса екеуі қояр-қоймай барады-мыс.

9 1


Тәжін алып, шашын жұлып, ғарыш астында, Өкіріп жылап тұрғай барғасын да. "Уа, қадірлім, уа ғафурым..,-"дегенінде, Ол; "Қыраным, бас көтер,-деп айтады-мыс,Алып келгін үмбетіңді дәргейіме, Бағыштайын баршасын да мен сіздерге, Кіргіздіріп бәрін де жаннатыма..." Осылай деп хақтан сыбыр келеді-міс. Тақуа, абыз қас құлдардың ғұламасы, Алып келген дәргейге құлдың басы. Тәңір айтар: "Ей, Мұхаммет, күнәһар қані?" Ол: "Күнәһар - лайықсыз,-"деп айтады-мыс. "Күнәһар да лайық еді рахматыма, Оларды да енгізейін жаннатыма. Күналарын кешіремін барлығын да..." Расул одан қуанып қайтады-мыс. Мұса, Расул жүгіріп жетіп келгей, "Күнәсі көп үмбеттерім, жүргін,-дегей,Күналарың кешіріпті қадір құдай". Содан бәрі бейіш жаққа кетеді-міс. Құл Қожа Ахмет, қияметтен айтты мұны, Билік қылып халайыққа жайды мұны. Ұлық-ұлық кітаптардан айтты мұны, Оқыған соң дұға үміт қылады-мыс.

78-ХИКМЕТ Шариғатқа мүршид* болған ғашық құлдар, Шариғаттан бір орын алады-мыс. Намаздарын бастап оқып мүмін құлдар, Ұжмақ үйін үміт тұтып тұрады-мыс. Әзірейіл бұйрық етіп жанымды алса, Ағайыным барша жылап күйіп жанса, Жеті қадам басқаннан соң хабар берсе, Мүңкір-Нәңкір кіріп сауал сұрайды-мыс. 92


Әуел есеп - ойлағай дәрет пен дін, Екінші есеп - ойлағай намазыңнан, Үшінші есеп - арам мен адалыкчан, "Мен, мен" деген қайран болыг қалады-мыс. Қисап ойлай жүргейсіч, махшар-сарай, Халық қадам үрар қ..лай болса солай. Байқап тағы көрг "січ, тозақ отын, Ойбай салып өкіріп, жылап түрады-мыс. Барлық үмбет жүз жиырма мың сап болғанда, Маңайында періштелер де сап құрғанда, Зар еңірер: "Қайда,-деп,- Сол жерүйық? Қашып-қүтылып болмас" дегенді айтады-мыс. Кірген бетте жарлық берер: "имтазул-йаум"* Сол бір күнде босатпайды намаз сум.* Ақыл-есің кетіп, қалмағай фәхм,* Тіл байланып сөйлей алмай қалады-мыс. Барша халық Адам ата алдын барғай, "Ей, атамыз, енді бізді қолда",-дегей. Ол: "Ей, перзентім, менен ағат кетті,-дегей,Ибраһимге баралық",-деп айтады-мыс. Ибраһимге барып айтар Адам ата: "Шапағат қыл, бүларға, сен, барып хала."* Ол да айтар: "Сіз де жат емессіз, Адам ата, Мүса барып жүгінелік,-"деп айтады-мыс. Мұса айтар: "Қүдай, өзің көрсет, сол күн, Сол күн үшін мен әлі ұяламын, Баралық Мүхамметке болып уәжгун.* Баршалары хазіретке барады-мыс. Мұса дегей: "Уа, Мұхаммет, ұрғын қадам, Үмбеттерің тозақ барып, қалмады адам". Мүхаммет те сол сәтте бөгелместен Мұса екеуі қояр-қоймай барады-мыс.

93


Мүңкір-Нәңкір кіріп сауал сұрар болса, Отты істікпен әрі-бері ұрар болса, Жасым тамып жан-тәнім отқа жанса, Қиналып жан тар лахатта күйеді-міс. Төрт жүз қ ы р ы қ төрт пайғамбар жіберілген, Қалмады ғой енді ешкім, өтті бәрі "Куллу нәфси зоеқатул моут..."*-аятында Құран ішінде мұндай хабар береді-міс Шариғаттан, тариқаттан баян қылды, Хақиқаттан Құран сөзі кәләм болды. Бұл жаһанға Мұхаммедтің нұры толды, Ол нұр менен екі жаһан гүлденер-міс. Жақсы ел дер аймағында патша болса, Әділ болып, бір мүмінді қазы қылса. Сондай қазы барша елді разы қылса, Разылықпен жұмақ үйін алады-мыс. Мүмін құлдар намаз оқып болса сәрі, Ондай құлдың намаз оқып жүзі сары. Ол қызметімен хақ қасында болып лайық, Хор қыздары жолығысып құшады-мыс. Надан кісі намаз қадірін қашан білер? Әр намазда иман - баста таза болар, Намаз десе, қапыл басын шайқап ұйыр, Қапыл құлдар желге ғұмыр сатады-мыс. Құл Қожа Ахмет, құлмын десең, тағат қылғын, Қияметтің күналарын жуық білгін, Хаққа жақын болам десең, жаның бергін, Тағат қылған хаққа жуық болады-мыс.

79-ХИКМЕТ Тариқатқа шариғатсыз кіргендерді Шайтан келіп иманын алады-мыс. Осы жолда пірсіз дұға қылғандар да, Сарсаң болып орта жолда қалады-мыс. 94


Тариқатқа саясаттық мүршид керек, Ол мүршидке сенімді бір мүрид* керек. Қызмет қып пір ризасын таппақ керек. Мұндай ғашық хақтан үлес алады-мыс. Пір ризасы - хақ ризасы болар, достар, Ол хақ тағала рахматын алар, достар. Тақуалық сыр сөзінен білер, достар. Ондай құлдар хаққа жуық болады-мыс. Осы жолға, ей, бауырым, пірсіз кірме, Хақ жадынан бір сәт қапы қалып жүрме. Өсек-аяң қапыл сөзге көңіл берме: Шайтан нәлет өз жолына салады-мыс. Уа, достар, мен білмедім еш жолымды, Бақыт үшін арнамадым мен білімді. Оған қоса еш тыймадым мен тілімді. Надандығым мені рәсуа қылады-мыс. Шариғатты тариқатқа былай деген, Тариқатты хақиқатқа олай деген, Бұл дариядан дүр мен гауһар алам деген, Жаннан кешіп қас білім алады-мыс. Ғашық құлдар күндіз-түні әр кез тынбас, Бір сағат та хақ жадынан қапыл қалмас. Ондай құлды сұбханекем текке қоймас, Дұға қылса, жауабы да болады-мыс. Уа, дариға, кетті өмірім қапылдықпен, Сен кешіргін сол күнәмді рахматтікпен. Құл Қожа Ахмет соған күйер қасіретпен, Өз-өзінен лаулап жанып күйеді-мыс.

80-ХИКМЕТ Абыз ғашық шоғын білер қиямет күн, Құдайы үшін талқы-бақас қылады-мыс. Бұл ғаламда тартқан азап-жапаларын, Кеуде жырып хақ алдында шағады-мыс.

95


Бұл ғаламда қылдың мені елге ынжық, "Дидарымды көрсең-ай!-" деп қылдың ынтық. Ғалам халқын дұшпан қылып салдың бүлік, Қүдай жаққа барып арыз қылады-мыс. Ол айтады: "Дидар үшін түнде жатпа, Бұл дүние дәмінен бір алып татпа. Еңсең түсіп надандарға сырың сатпа, Мұндай ерлер бақыт-бата алады-мыс. Дидарымды талап қылсаң, ғарыш баққын, Көк аясы темірден от та жаққын. Үмбет болсаң Мұхаммедке бетің бұрғын, Сонда сұбхан шын ғашықты сынайды-мыс. Соны ғашық естіп жылап билегей-ді, Жеті көктен періштелер де келгей-ді. Ғаршы-күрсі лаухы қалам дат дегей-ді, Жер тебіреніп хаққа зарын қылады-мыс. Ей, жер мен көк, ғашықтарды абай қылғын, Күрсінгенде жалын шықса, әзір болғын. Көкке бағып, күркіресе, қорқып тұрғын, Бір аһ ұрса, ғалам жексен болады-мыс. Шын ғашықтар кемсеңдесіп сәлем қылғай, Құдірет шіркін перде ішінен "әлейк" алғай. Дидар үшін көрген құқай "кел, кел" дегей, Игі кәріп шын ғашықтар тілейді-мыс. Жүз жиырма мың ғашықтардың сапы тұрғай, Сосын сол бір ғашықтарға сыбырлағай: "Жаннат кір,"-деп жаратқаннан аян қылғай, Кірмей олар хақ дидарын көреді-мыс. Шақырғай-ды періштені "шынжырла,-"деп, Сонда шынжыр салып махшар алып жүргей. Дидар үшін күйгендерім мәлім қылғай, Ғашықтары күймей босқа жүрмейді-мыс.

96


Айтқандарын қылған ғашық дидар көргей, Қосылысып махшар ара дәурен сүргей. Сол думаннан жеті тозақ орнап жатқай, Патша қылып оған тағзым қылады-мыс. Ғашықтардың мысы басып періште қашқай, Қорқып барса, тозақ жақтан оттар шашқай. Тозақ талы - зәқум зәрін тоя ішкей, Қүдіретіне қайран болып қалады-мыс. Періштелердің ғашығы көп , ей, бейхабар, Бір аһ үрса, астан-кестен әлем болар. Абыз, сопы, тақуаның сезімі бетер, Ғашығы ж о қ орта жолда қалады-мыс. Қүл Қожа Ахмет, дидар іздеп геда болғай, Әйел-бала, шағалардан жеке болғай Алла хақы - дұшпан-жауға мазақ болғай, Жеке болған сол дидарды көреді-міс.

81-ХИКМЕТ Кел, жылайық, зікірші қүл, зікір айтып, Зікір айтса құдай шәксіз сүйеді-міс Ғашық жаннан иманы жоқ, ей, жарандар, Д о з а қ ішінде тынбай дайым күйеді-міс Махаббат пен ғашықтарды құдай сүйді, Сол үшін де дүние соңын талақ қылды. Жаны қысып, жасын сығып ғашық болды, Махшар күні дидарын сол көреді-мыс. Ғашық жандар - шын достыққа жаны қүрбан, Ындын құрып, іздеп оны зар жылаған. Ғашық сауда басқа түссе үйде ойран, Шерге шомып соны іздеп жүреді-мыс. Ғашық болсаң, күндіз-түні тынбай жыла, Пірмұған қызметін де біл, бағала. Күйіп-пісіп көкіректі тағы да ула, Арман дидар сонда ғана көреді-мыс. 97


Хақты сүйген ғашықтар тапты мұрат, Жалған ғашық болып жүрме, таңда оят. Қылыштан да өткір көпір, аты - сират, Жалған дүға қылған өтпей қалады-мыс. Ғашық болсаң, жалған дұға қылма енді, Жалған дұға қылғандардан құдай безер. Қаһарекем қаһар етсе, оты-қаһар, Қияметте жүзі қара болады-мыс. Ғашық жандар түнде жылап, сәре тұрар, Сыр шарабын ішкен ғашық сырын жабар. Біреу сексе, бәлкім тепсе, қолын ебер, Ондай ерлер жомарт бата алады-мыс. Махаббаттан хабар алған - малды білмес, Басын сүйер таяры жоқ, жанды білмес. Ғашық ілім, тәбет, тамақ, нанды білмес. "һу-һу" деген зікір айтып жүреді-мыс Ғашықтардың кезі - жылау, бауыры жара-ау, Қорқыныш жоқ, намысы жоқ, жүрер жалаң. Ел кезіне топырақтан аз сыры терең, Жаны жырлап, жадын айтып жүреді-мыс. Тура жүрген ғашықтарға құдай разы, Ғашық ісі оңай емес, қылма ойын. Жалғаншылар ғашықпын дер, Алла қазы, Имандарын пұшық пұлға сатады-мыс. Ғашықтардың оңай ісі - бяс бермектік, Мансұр сынды езін қысып, жан бермектік. "Маута қабла ан тамута..."аяты бар: Ғашық жандар өлмес бұрын өледі-мыс. Сауда қылсаң, ақыреттің саудасын қыл, Ойламағын бұл дүниенің сан әлегін. Өлмес бұрын амал қылып жәннәт барғын, Жәннәт барған дидарыңды кереді-мыс.

98


Құл Қожа Ахмет, ғашық болсаң, жаннан кешкін, Одан соңыра ынтық шарабын тоя ішкін. Бар күнәңді жеңіл қылып бүнда ұшқын, Ғашық жандар жұмақ іші ұшады-мыс.

82-ХИКМЕТ " Л ә иллаһи Илла Аллах" деген сөз құл аузынан Бір жасыл қүс бейнесі боп ұшады-мыс. Қанаттары тоқылған дүр жақүттан, Қалықтайды, көктен көкке үшады-мыс. Сол бір қ ұ с қ а құдірет мың тіл берген, Барша тілде хақтан ғана сөз сейлеген. Құдайшылық жолына шеңгел ұрып, Күні-түні жарылқа деп айтады-мыс. Уа, достар сол бір құстың аяны не, Мен айтайын, сіз тыңдаңыз, баяны не? Көп надандар білмес оның аяғы не? Қүл тұтынып жұмақ ішіне кіреді-міс. Ол құс айтар:"Тынбаймын-ау бір заман, Маған қадыр бергенінше дін аман." Бұл көңілде болмасын зәре күман, Одан соңыра қарар тауып қонады-мыс. Ораза үстап, намаз оқып, тәуба қылған, Таңнан тұрып, Алла деп құлдық қылған. Шайқылардың қызметтерін тамам қылған, Ондай құлдар хақ дидарын көреді-міс. Бұл - Иасауи міскін Ахмет қайран қалып, " Л ә Иллаха Илла Алланы" тілге алып, Хақ зікірін жан-жүрекке жалғас қылып, Осы құсты ана дүниеде көреді-міс.

83-ХИКМЕТ Махаббаттан хабар білген ғашық жандар, Алла десе тоғыз аспан күйеді-міс.

99


Көк үстінде күркіресе шындық үні, Періштелер әзіз жаннан түңіледі-міс. Сен ғашық бол, сәуле салар ғашықтарға, Перде алып әдемі етіп шыншылдарға. Хақ дидары нұр көрініп ғашық жанға, Хақ тағала лайықтарды сүйеді-міс. Ғашық болсаң, сондай болғын, беріп шарап, Шындық сипат елге бітсін иісі кәуап. "Алла" десең, "ләббай" деп берсін жауап, Ондай ғашық дүние ісін қояды-мыс. Хаққа қадам басқан ғашық өзін білмес, Шайқы Баязид мүрид болса, сөзін алмас. Дүние деп қызықпаға көзін салмас. Көз жасымен сақал-шашын бояйды-мыс. Ғашықтарға бір құдайдан өзге - харам, Рахматынан тамшы тамса, ісі - тәмам. Іздеп таппас ырзық күнін толған - арман, Хақ зікірін айта-айта тояды-мыс. Ғашық жандар хақтан қорқып болар сергек, Үнемі ойлап хақиқаттық дидар демек. "Бас бер" десе, жан мен иман кетер ұшып, Алқым қысып хақ жолында өледі-мыс. Жоқ деп бас тарт, ғалам сені кәпір десін, Кәпір деп ап Мансұр сынды дарға кессін. Басың бергін, дидарын да хақ көрсетсін, Басын берген хақ дидарын көреді-мыс. Дарбазаға асып қойғын, бәрі көрсін, Мұны көріп қалың ел ғибрат алсын. Үлкен-кіші жүргіншілер ұрып өтсін, Бас "хақпын" деп іштей сүйініп күледі-мыс. Қожа, молда, шах алдына жылап барған, "Кәпір Мансұр елмеді,- деп арыз қылған,Расул заңына не бұйырса көнсін,-" деген I 00


Көз бояушы шахқа тағзым қылады-мыс. "Шариғат дүр,- деп ғұламалар,- Бүйыр,- дейді,Кәпір Мансүр өлмеді,- деп,- Күйдір,- д е й д і , Отқа жағып күлін көкке үшыр,-" дейді. Содан тау-қүз "мен хақпын" деп түрады-мыс. Ынтығы оның от күйдіріп, көкке шықты. Періштелер думан қылып хаққа бақты. Жәннат іші хор мен ғылман* күлмің қақты, Диуаналар "уа, Мансүр!"-деп күйеді-міс. Күлін жағып дарияға тастап отты, Қыс ішінде дарйя тасып күркіреді. Қала халқы жүгіріп басы қатты, Жаннан қорқып азан-қазан қылады-мыс. Шайқы Завалнун - шах Мансүрдың пірі еді, Ол жүгіріп аймағына хабар берді. "Бір әулие бармысың,-" деп зар иледі, Сөйтіп шайқы жасырынып барады-мыс. "Ғаріп Мансүр қүлағыма бір сөз дейді, Күлден алып бір уыс маған берді. Дария тасыса "уа.Мансүр" деп салғын,-" дейді, Иншалла, тасқан дария қайтады-мыс. "Патша, уәзір, барлық пірім барып көргін, Топырақтан дария ішіне салып көргін. Ғаріп, жетім қолын түтып ала кергін," Патша, уәзір тағзым етіп түрады-мыс. Шайқы Завалнун "жөн екен" деп жерден түрды, Патша уәзір ықылас қып ізін өпті. Шайқы Завалнун дарияға келіп жетті, Күлден алып дарияға салады-мыс. Күлден алып "уа, Мансүр" деп суға салды, Сол бір кезде, қүдірет-ай, дария суалды. Қожа, молда мүны көріп шүкір қылды, Қолын жайып оған дүға қылады-мыс.

1 0 1


Патша айтты: "қалам, жерім тарту етем, Қаласаңыз, бір қызым бар оны берем, Әйел-бала, достарымды құлың қылам." Шайқы Завалнун қабыл қылмай тұрады-мыс. Мың дүниенің сойы болған естіп патша, Сырты - патша, ішкі әлемі - мың шаханшах. "Дүние ісін талақ ет те, болғын а г а һ , " * Қалған нәзір халыққа сый тартады-мыс. Ей, бейхабар! Хаққа ықлас қылмаймысың, Мұнда ықылас, онда халас болмаймысың. Екі дүние құдайын сен білмеймісің, Бейхабарды тозақ ішіне салады-мыс. Жалаң көздер қас-досты танымайды, Одан көрген жүз мың сыр да ұнамайды. Кім жаман дер, кім жақсы дер айырмайды, Сол себептен орта жолда қалады-мыс. Жаңа жазған бүл - екінші дәптер, Есіл сөзім надандарға болды ғой қор. Бәсіре алмай күннен күнге болды бетер, Сез ұқпастан езге кәсіп қылады-мыс. Жаратқаннан шықты рухым, Алла деді, Сұлтан Ахмет естіп мұны елге жайды. Мүңкірлері шәк келтірсе, көзін ойды, Жамандарға хақ жазасын береді-міс. Ғашықтардың сырын айттым, жалғаны жоқ, Жалған талап бұл жолдарға кіргені жоқ. Жалғаншылар хақтан үлес алғаны жоқ, Үлес алған пақыр тонын киеді-міс. Пақыр тонын кигөн ғашық болар топырақ, Зар илеген дидарына болар асық. Періштелер ат қояды оған лайық, Ондай ғашық елден қашып жүреді-міс.

1 02


Хақ самалын айтқан сен, терең сүйсін, Қожа, молда ырыс көріп асып қойсын. Көзіңді жұм, бұл дүниеден нәпсің өлсін, Ет-теріңді хақ сөйлетіп қояды-мыс. Құл Қожа Ахмет, рухың еді "қалу бала", Уәде қылдың - еш қылмадың хамду сана. Азаптаса не қылғайсың қадір құда, Жалған пенде сертінен танады-мыс.

84-ХИКМЕТ Кел, достарым, баршаң тұрып айталық, Жады бізді жарық жолға тартады-мыс. Сол жадымен бастау алған құлдарың, Қажеттері күннен күнге артады-мыс. Кімге айтса хақ жадынан бауры күйіп, КөЗдің жасын жауын қылып, реңі солып. Өз жағасын жаңылдым деп өзі жыртып, Ондай ғашық сыр шарабын татады-мыс. Осы жолдың жоралғысын білмегендер, Жағаларын жыртып тәуба қылмағандар. Дүниесіне риза болып жүрген жандар, Хайуан болар, бәлкім одан-дағы бетер-мыс. Ғашық сауда кімге түссе үйі - ойран, Күндіз-түні дидар тілеп жүрер қайран. Ғашық жолда көзінде-жас, бауыры күйіп, Іңкәр болып өзін іздеп жүреді-мыс. Уа, достар, құрсау болды қараңғылық, Үмітім бар, ол өзімнен жарығырақ. Тариқаттың базары алыс, қорқынышты, Керегі бар құл келіп сауда етеді-мыс. Құл Қожа Ахмет, ғибрат ал жүз-мыңдардан, Керек қылмас - бәсіре алмас ол базардан. Ьілімді де қ ұ р қалады сол назардан, Надан өмірін пұшық пұлға сатады-мыс.

1 03


85-ХИКМЕТ Ғашық кісілер түні бойы жатпаса, жақсы-ақ, Әр дерт пенен сор келсе қиналмаса, жақсы-ақ. Бастарын жарып қанға бояп кетсе зүлым, Ұрды мені деп оған тіл қатпаса, жақсы-ақ. Дәруіш болып ел ішінде тәспі тартып, Сопы болып әлемге өзін сатпаса, жақсы-ақ. Өткен сопылар ел көзінен көрінеу қашты, Хақты тілеген халық ішінде жүрмесе, жақсы-ақ. Әр жерде құдай әзір төбеңнен көріп тұрған, Орынсыз келіп хақты мадақтамаса, жақсы-ақ. Ей, Алланың пендесі, сопы болсаң таза болғын, Сопы болып ап жалған дәмін татпаса, жақсы-ақ. Алла десе, құпия сырын сансыз етсе, Ондай сопы рузе-намаз* тұтпаса, жақсы-ақ. Әркімнің өзі ойлаған жолы қымбат, Диуанаға"кезбесің"деп айып тақпаса жақсы-ақ. Хақты таныған өзгені ешбір танымайды, Алла демеген реті келсе өлгені, жақсы-ақ. Сопы болған соң тіпті думан қылмағын, Ит нәпсі үшін пендені хан тұтпаса жақсы-ақ. Ризық дедің, берді саған мол қылып, Шайтан сөзіне пенде құлақ салмаса, жақсы-ақ. Хақтан естіген мұны Ахмет міскін, Шын пендесі көкірегінен кетпесе жақсы-ақ.

8 6-ХИКМЕТ Ғашықтықтың дауасын қылған кісі, Іңкәрінен зәре қапыл болғаны жоқ. Ғашық гауһар дәрия ішінде тым терең, Жаннан кешпей сол гауһарды алғаны жоқ. Гауһар алар сүңгіп егер жаннан кешсе, Құлай сүйіп сыр шарабын ғашық ішсе. Неше ойлар, неше күндер егер өтсе,

I 04


Ғашықтың гүлі ашылып, ешбір солғаны жоқ. Ғашық болып табам десең, хақтың жолын, Сақта өткір ғашық бақта өз сырын. Мехнатпенен сынар шіркін жақсы құлын, Шын ғашықтың көңілі одан қалғаны ж о қ . Мехнаттың дариясында толқын ұрғыш, Ілім амал қыл, сөздер - ындын үлгісі. Бұл теңізге кімдер кіріп кімдер шыққан, Ғашық құлдар іңкәрінен қалғаны жоқ. Құл Қожа Ахмет қабыл қылды имандықты, Қабыл қылды күймек боп ғашық отты. Соның жөнін жанын беріп сатып алды, Шын сөзім бұл, оның ешбір жалғаны жоқ.

87-ХИКМЕТ Ғашық сырын баян қылсам бұл ғаламда, Бейхабарлар естіп құлақ қойғаны жоқ. Хақ жадынан кімге айтсаң, бәрі - босқа, Мүмінмін деп бұ дүниеден ұтқаны жоқ. Ишан, шайқы, қожа, молда дүние іздеп, Сол себептен патшаларға жалған түзу деп, Аят-хадис сөзін қойып, малды қаузап, Хақ жолында ешбір мехнат тартқаны жоқ. Дүние емес, хақты сүйген тапты мұрат, Сезім-шарап ішкен ғашық ындыны артып. Қиямет күн - кәззаптардың жүзі ұят. Жалғаншыдан хақ жадынан айтқаны жоқ. Ақырзаман шайқылары ісі сұмдық, Махшар күні сол сұмдығы болғай күә. Шайқымын деп мұнша ауа, мұнша бәна,* Алла үшін зәре сауап еткені жоқ. Ишанмын деп түрлі тағам теріп жеген, Жақсыларды көзге алмай "мен-мен" деген. 1 05


Дүние малын тарту етсе.сүйініп алған, Құдай үшін, менмендіктен ұтқаны жоқ. Жайнамазда кім өлсе де пақыр болсын, Мұхамметтей топырақ сипат.тақыр болсын. Тақуалықта жүзі солғын, әжім болсын, Хақ Мұстафа елге қатты қараған жоқ. Жаратқанды ол айтқан соң қалың елге, Жүз мың кәпір бұттан шығып кірді дінге. Жаратқаннан ғалам міне, нұрға толды, Содан бері иман, ислам кеткені жоқ. Пенде болсаң жаратқан деп үмбет болғын, Одан соңыра иман-ислам қолға алғын. Тәңсәріде хаққа жылап зарын қылғын, Алла-жомарт, ешкім қ ұ р қол қайтқаны жоқ. Екі дүние шахы дерсің бір жаратқан, Жаратқан қып хақ Мұстафа болды ұлық. Хақ тағала аят берді: "мимма халеқ..."* Ғапылдардан оны тыңдап оқығаны жоқ. "Тамшы судан жаратылдың, бәрің-," деді Мұстафаға, үмбеттерге айтып еді. Қалың үмбет орындалғанын серттің көрді, Сұбханаекем күнәсінен өткені ж о қ . Шарапхана естіп, құлақ көрген емес, Жарандардың бір қызметін қылған емес. Пірі кемел, өзі де артып көрген емес, Жалғаншыдан бірлік шарап татқаны жоқ. Жаннан кешкен шын ғашықтар дүние демес, Нәпсі өлген, су мен тамақ қамын жемес. Бұл дүниеде пайда-зиян болса білмес, Дүние келіп, қызықтырса баққаны жоқ. Диуанада махаббаттың нышаны бар, Жан-жүректе бір дерттің баяны бар. Не дерттерді, кімді көрсе күмәні бар, 10 6


Баязиттей әр күн өзін сатқаны ж о қ . Ғашық болсаң, бауырда ж о қ көздің қаны, Ей, шалағай, көркіңде ж о қ ғашық нышаны. Қызмет қылсаң, пірмұғаның дерттің кәні, Қызмет қылмай дәргейге батқаны ж о қ . Елірме "шын ғашықпын" деп көп көпірер, Бейхабарлар қайда барса дүкен тозар. Жалған сөйлеп бұл дүниеде дәурен сүрер, Дүние іздеп маңдай шылқып көргені ж о қ . Хақтан қорықпай "мен, мен" деген шіркін, қані, Ай мен күнге талас қылған дәулер қані? Түндер жылап таңнан тұрған жақсы қані, Ғибрат алып зарлап қанын тәккені жоқ. Қорығында дәруіш хақ кезге ілмес, Жәннат іздеп, дидарын талап қылмас. Ғашықтардың наласына құлақ салмас, Сол дүниені артқа тастап, тапқаны жоқ. Құл Қожа Ахмет, құлым десе, құлмын дегін, Одан кейін пенделікке бейіл болғын. Махаббаттың майданында бас айналдыр, Бас айналмай хаққа ешкім жеткені жоқ.

88-ХИКМЕТ Ғашық дауын маған айтпа, жалған ғашық, Ғашық болсаң, бауырыңда кез қаны жоқ. Махаббатқа ынтықтырып жан бермесе, Зая кетер өмір сол, жалғаны жоқ. Ғашық бағын махаббатпен кегертпесең', Қорлық тартып, сұм нәпсіңді өлтірмесең, Алла деп бір ішке нұрын толтырмасаң, Құдай үшін сенде ғашық нышаны жоқ! Хақ зікірін ми жанынан шығармасаң, Ү ш жүз алпыс тамырыңды тебірентпесең, 1 07


Төрт жүз қырық төрт сұңқар - бәрін иілтпесең, Жалғаншысың, хаққа ғашық болғаның жоқ. Нәпсі тиып, қанағатты місе қылған, Біреу тепсе, разы болып, бой ұсынған. Жақсыларға қызмет қылып, бата алған, Сол ғашықтың махшар күні арманы жоқ. Рахат тастап, жан бейнетін қоштағандар, Таңсәріде жанын қинап ас алғандар. Думан-дырду, "біз" бен "менді" тастағандар, Шын ғашық сол әрқашан да жалғаны жоқ. Ғашық дертін дертсіздерге айтып болмас, Осы жолдың қырқасы көп өтіп болмас. Ғашық - гауһар жалтаң жанға сатып болмас, Бейхабардан ғашық қадірін білгені жоқ. Ғашық болдың, отқа түстің, күйіп өлдің, Көбелектей жаннан кешіп үгітілдің. Дерт құрсандың, қайғы, кесел, тілім болдың, Ғашық дертін сүрсең, ешбір дәрманы жоқ. Басың кетер осы жолда, әзір болғын, Ғашық жолда аяу болмас, соны білгін. Пір етегін ұста берік, қызмет қылғын, Қызмет қылған жаннан жолда қалғаны жоқ. Ғашық емес іңкәріне жан бермесе, Диқан емес кетпен шауып нан бермесе, Мұнда жылап ақыретте жан бермесе, Жолда қалған құдай исін алғаны жоқ. Ей, бейхабар! Ғашық жұрттан баян сүрме, Дерт ұстаған ғашықтарға дәрман сүрме, Ғашық болсаң, тақуалықпен белгі сүрме, Бұл жолдарда ғашық өлсе, тауаны жоқ. Тақуа болма, беріліп бір ғашық болғын, Мехнат тартып ғашық жолда шыншыл болғын. Нәпсі тиып, дәргейге лайық болғын,

108


Сіз бір ғашық не жаны ж о қ , иманы жоқ. Ғашық-сауда кімге түссе, рәсуа қылар, Жарқыраған хақ өзіне ынтық қылар. Мәжнүн сипат ақылын ап Ләйлі қылар, Алла хақы - бұл сөздердің жалғаны жоқ. Құл Қожа Ахмет, жаннан кешіп, жолға кіргін, Одан соңыра жарандардың жолын қуғын. Алла деген хақ жолында жаныңды бер, Бұл жолдарда жан бермеудің еш жөні ж о қ .

89-ХИКМЕТ Қажет пе екен ғашық дертке дауа сұрау, Ойран етіп кеткен оның дауасы жоқ. Жан қиналып, жас сорғалап, есің кетіп, Ғашық дерттің білсең, достым, шарасы жоқ. Әркім күйер жанға алып ғашық өтін, Жаны күйсе азасынан шығар түтін. Бауыры оның жүз жыртық - емес бүтін, Сырттай көзге көрінер жарасы жоқ. Жаннан кешпей татпас әркім жанкештіні, Көріп қалсаң, аяу керек көбелекті. Көріп біліп өз жанын отқа ұрып, Пайда-зиян ісіменен пәруасы* жоқ. Сонша жүрдің, мұнша тұрдың, ей, бейхабар, Нәпсі шайтан істерінен қайтқын енді. Бізден бұрын тозған керуен қылған сапар, Айта кеткін, бұл дүниенің опасы жоқ. Айтып өткен жарандардың жолын сүргін, Таңсәріде өре тұрып кеуде тілгін. Сол сұхбатты құрған жерге өзіңді ұрғын, Жолға кірген сол жаранның хауасы* жоқ. Құл Қожа Ахмет айтты, достар, тыңда мұны, Қап тауынан тастар түссе шықпас үні. 1 09


Кімге айтарсың, кімге жырлап ғашық дертін, Құдай үшін осы дерттің дауасы жоқ.

90-ХИКМЕТ Хош ғайыптан жеткенде жақсы сөзім - тәбәрік, Ғашық болсаң, ей, талап, ризалық бер, белің бүк. Түні бойы көз ілмей, жас орнына қаның төк, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Арыстан бабам айтатын: "Талаптарда ж о қ ықылас, Пірің әзір болғанда қажеті ж о қ Қызыр Ілияс. Пірге бетің бұрғанда, айтпа құтқар, пана д е п . " Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. "Талап мен деп айтқаннның құдайы үшін ж о қ ынсап, Бөгде жанға қараған көздерінде ж о қ ынсап. Кісі малын ұрлайды, өйткені жүрегі емес саф." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. "Пір қызметін қылдық деп, талап - мен жүргендер Иіп харам, сараңға күлпараны кигендер, Көздерінің жасы жоқ, шүңірейіп жүргендер." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік.

деп

"Зікірші мен деп зорланса, шықпас мүлде көз жасы, Жүрегінде қамы жоқ, ауырмайтын сол басы. Алдау айла қылатын, Мәлім ғой құдайға ісі." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз тәбәрік. "Талап мен деп айтқанда, көңілде жоқ зәре нұр, Шын талапты білсеңіз, іші-тысы гауһар дүр, Хаққа аян сырлары, істері тек сафа нұр." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. "Түрі сопы сияқты - қияметтен қорықпайтын, Пасық пиғыл жеткені - күнәлі істен үрікпейтін. Ал тәспіні тартқанда жылап жасын төкпейтін." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік.

11 0


"Сол тәспіні тартқанша, зоннар* жақсы білсеңіз, Хақ ризасын ада етер ғашық сауда қылсаңыз. Ғашығын алып махшарда рәсуа болып тұрсаңыз..." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. "Ғашық қадам қойғандар хақ дидарын көрер-ді, Мұса сипат махшарда хақтан сауал сұрар-ды. Шала мас боп қосылып ол зікірін құрар-ды." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Құдай етсе қалауын, хақтан тілеп алармын, Шайтан жолдан алып бір хақ жолына салармын. Медет қылса Мұстафа, күналарын тиярмын, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Арыстан бабты сұраңыз, пайғамбардай даңқы бар, Сахабалар ұлығы, қас пенденің өзі еді. Жатқан жері жайсыз-ды, қор мен зардың күркесі, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Сәрсенбі күн естіп қап мен хазірет барып ем, Арыстан бабтың үйіне үлкен мейман болып ем. Жатқан жері жайсызын көріп қайран қалып ем, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Мұхаммет Мұстафа рухы деп арнап дұға қылып ем, Періштелер "әмин" деп аузын ашып тұрып ед: "Сондағы үмбет бірі-ау,-" деп хақ шүкірін қылыпты, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Сахабалар айтыпты: "Арыстан баба атыңыз, Арабтардың ұлығы пәк, таза ұлы затыңыз. Тәрбиеден парыз деп ірі болып жатыңыз," Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Ақыр заман үмбеті нақыш болар - ойлары, Босқа ғұмыр кешіріп, бұзар әркім өздерін, Жып-жылмағай сән түзеп, көрсетеді бойларын, Арыстан бабам сездерін тыңдасаңыз, тәбәрік.

11I


Ақыр заман үмбеті дүние-пәни білмейді, Кеткендерді көріп ол, одан ғибрат алмайды. Жарандар іс қылғанын көріп көзге ілмейді, Арыстан бабам сөздерін тындасаңыз, тәбәрік. Жақсы жолдан азғындап, жаман жолға ауысқан, Шайтан нәлет пірім деп етегіне жабысқан. Әзәзілді пірім деп ерте ақшам қауышқан, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Ислам мен иман жоқ, "өлмеймін" деп күліскен, "Өлмеймін,- деп,- Дүниеде,-" молдалармен ұрысқан. Қапылдықпен жүргенде бар өмірі босқа өткен, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Уақыты жетсе, Әзірейіл, аманатты, сен, бергей "Шайтан нәлет пірім,-"деп жан берерді көрмегей. Ислам мен иман жоқ, хал-жағдай да сұрамай, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Тәубе қылса, тәубесін Мәулім қабыл қылмағай, Алла десін қожасы - құл тұтынып алмағай. Сонда шатақ, күнәсін пірге барып шақпағай, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Мен - жетіде, Арыстан баб Түркістанға келген-ді, Басым қойып жылап ем, әлім құрып күлгем-ді Мың бір зікір салып ол мейірбандық қылған-ды, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Шашу шаштым құрмадан, маған ашу қылғанда, "Ей, әдепсіз бала,-" деп таяқ алып ұрғанда. Ашуынан қорқпадым, мені бағып тұрғанда, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. "Аузыңды ашқын,-деді ол,- Аманатың берейін, Дәмін алып жұтпадым, аш, аузыңды, салайын. Хақ Расулдың бұйрығын үмбет болсам, қылайын." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік.

11 2


Аузымды аштым мен-дағы, салған құрма қылды мас, Екі дүниені кешіп мен тек қана болдым хақ пәрәст. Қожа, молда жиылды, алып жүрді қолымнан, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Бабам айтты: "Ей, балам, қылмасаң да сен міндет, Бес жүз жылдан кем емес, саған сақтап едім,-деп,Дәмін өзің аларсың, маған сүйек берерсің." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Бабам айтты: "Ей, балам, қасымда тұр, өлейін, Жаназамды оқып, көм, жан тасаттық қылайын, Медет қылса, Мұстафа ғаламына кірейін." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Жылап едім: "Ей, баба, жас баламын жарамас, Көріңізді қазармын - көтеріп те сала алмас. Хақ Мұстафа сүннеті - жас баламын жарамас." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Бабам айтты: "Ей, балам, періштелер жиналғай, Имам болып Жебірейіл, өзгелер де ұйығай. Мекайыл мен Исрафил көрге мені сол қойғай..." Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік. Құл Қожа Ахмет, сөзіңді надандарға айтпағын, Наданға айтып сезіңді, пұшық пұлға сатпағын. Аштан да өлсең жаманға ешбір міндет артпағын, Арыстан бабам сөздерін тыңдасаңыз, тәбәрік.

91-ХИКМЕТ Әркім қылса тариқаттың дауасын, Әуел қадам шариғатқа қоймақ керек. Шариқаттың істерін ада қылып, Одан соң бұл дауаны қылмақ керек. Шариғатсыз дәм бұйырмас тариқатқа, Тариқатсыз дәм бұйырмас хақиқатқа. Осы жолдар сайрап жатыр шариғатта, Соның бәрін шариғаттан сұрамақ керек. I 13


Одан соңыра бір керегі - жігер, қайрат, Егер тапса, алу керек тағы рұхсат. Шариғатта сәттілік бар бір керемет, Сол бір ердің етегінен тұтпақ керек. Кімдер шіркін осы жолда шейхпын десе, Кереметтен уәлаятқа хабар берсе. Бекер болар егер Руһулаламин десе, Өзін сондай солқақтықтан сақтау керек. Қайраты жоқ, рұқсат ж о қ мүршид болмас, Ондай мүршид тариқатты ешбір білмес. Қайрат қонбай салқақтап лайықтыға ермес, Ондайлардан жалма-жан қашпақ керек. Одан соңыра талап тартыс тонын киіп, Тақуаның денесінен еріп ағып, Менмендіктен өзін тартып жарау қылып, Ізет киім сатып, қорлық алмақ керек. Осы жолда жарандардың қылғандары Талаптары ашылсын деп ұйығандары, Хақты білсең, зәредей жоқ жалған нәрі, Жан құлағы мұны естіп ұ қ п а қ керек. Шын көңілмен әркім қабыл қылса мұны, Сенімі оның бірдей болса күні-түні. Жадында оның осы болса көңіл үні, Жарандардың жарын медет қылмақ керек. Қайратсыз жан осы жолға кірмейді ғой, Рұхсат алмай жолға қадам қоймайды ғой. Ишаратсыз жарым тыныс алмайды ғой, Мүриттерде осы сипат болмақ керек. Кім кірсе де осы жолға белін байлап, Керек оған қызметші өзін білген. Ниетін сол құдайға дұрыс қылған, Шын көңілді әзіздерге бұрмақ керек.

I 1 4


Әркім еріп осы жолға кірер болса, Тәубе қылып қүзырына қадам қойса. Жаратқанның сол жамалын көрер болса, Қожа Ахмет, нәпсіні тыймақ керек.

92-ХИКМЕТ Кімдер қылса тариқаттың дауасын, Ол қадам шариғатқа қоймақ керек. Шариғаттың істерін ада қылып, Одан соңыра бүл дауаны қылмақ керек. Шариғатсыз дәм бүйырмас тариқаттан, Тариқатсыз дәм бұйырмас мағрипаттан. Мағрипатсыз дәм бүйырмас хақиқаттан Баршасын да шариғаттан сүрамақ керек. Одан соңыра бір керегі - қайрат, жігер, Рүхсат алмай піріңнен ол да бекер. Шариғатта сәттілік қой бір керемет, Сондай ердің етегінен түтпақ керек. Кімдер шіркін бүл жолдарда шейхпын десе, Кереметтен уәлаятқа хабар берсе, Бекер жүрер Руһулаламин десе, Ондай шейхтан жырақ-жырақ қашпақ керек. Қайраты жоқ, рүхсаты ж о қ мүршид болмас, Ол тариқат нышанын ешбір білмес, Мұндай кісі қайратқа да лайық болмас, Бүл - адасу, одан жырақ түрмақ керек. Қайрат бергей рүхсаты бар жандарға тек, Қайым болғын күні-түні тақуа деп. Санап оны ғибадаттың құлдығына, Сол қүлдықта белін байлап түрмақ керек. Одан соңыра талап тартыс тонын киіп, Тақуаның денесінен еріп ағып, Менмендіктен өтіп, өзін саф қылып, Ізет киім сатып, қорлық алмақ керек. I 1 5


Осылайша жарандардың қылғандары, Талапкерге білсін деп жиғандары. Расында да бұл сөздің ж о қ жалған жері, Жан құлағымен міне, соны білмек керек. Шын көңілмен әркім қабыл қылса мұны, Сенгендері бірдей болса күні-түні. Жадында оның осы болса жылдар бойы, Сол жаранның мәрттіктерін қылмақ керек. Қайратсыз жан осы жолға кірмейді ғой, Инабатсыз - жолға қадам баспайды ғой. Рұхсатсызда тіпті тыныс алмайды ғой, Мүридтерде осы сипат болмақ керек. Кім кірсе де осы жолға белін байлап, Құл Қожа Ахмет, өзін тағы құл деп ойлап, Ниетіңде құдайға дұрыс ойлап, Шат көңілін әзіздерге бұрмақ керек.

93-ХИКМЕТ Әзірейіл бір күн келер атой салып, Асыл тәннен әзіз жанды бермек керек. Бес күндік нақты өмірді қолдан беріп, Шара таппай ақыр бір күн өлмек керек. Ұл мен қызың жылап қалса басын ұрып, Мал мен мүлкің мұнда қалса қайран болып, Дұшпандарың қуанар-ау сені көріп, Соған көніп, сұлап түсіп жатпақ керек. Мұраң - кебін бас-аяқты байлайды, Асық суын бастан құйып шайғай-ды. Төрт тараптан жайлап қана үстайды, Алты қарыс бөзден кебін қылмақ керек. Жаназаңды ұлы-кішің көтерсе егер, Мола жаққа алып сені жүрсе егер. Жетпіс жерде сауал сұрап періштелер, Бір-бір оның жауабын да бермек керек.

11 6


Халайықтың мазары ғимарат бір, Көрің сонда: түрлі-түрлі ғаламат бір, Лақат атты кияметтің қақпасынан, Саяси бір үйге барып кірмек керек. Кіріп көрсең, қараңғылық, ж о қ қой шырақ, Іші түрлі қасірет, отқа жанған жалғыздық. Өлген саған кім қарар көңіл сұрап, Қияметтен өткенше жатпақ керек. Ғұмырың ақыр болған соң бір күн тәмам, Осы күймен барсаң егер дәрассалам, Халал емес, еткен болсаң өңкей харам, Бар азабын сонда барып татпақ керек. Құл Қожа Ахмет, тәуба қылғын өлмес бұрын, Қызыл жүзің көрде жатып солмас бұрын, Жылан-шаян көр ішіне толмас бұрын, Қаза қылса риза болып тұрмақ керек.

94-ХИКМЕТ Мезгіл жетіп, қара күнге дүниеден сапар қылсаң, Әйел-перзент, мал мен мүлкің артқа салсаң, Сені қоймас ажал ешбір неше үкімің жеңіл болса, Үкімет билеп, ғаламды сен астан-кестен егер қылсаңАжал деген халайыққа тиген қалың қолдайын. Азап көріп жүрген жанның нешеме зарын қылсаң, Болып тұр-ау баршаға үкім - шарабын өлім ішпек. Қашып одан құтылмассың, қаншама одан тығылсаң. Халайықтың мазарына барып, бір-бір тамаша қыл, Өлгендерде ғибрат бар ғой, бауырыңды кәуап қылсаң. Әрқашан жақсылық қылып, кетерсің осы дүниеден, Қиямет абыройы үшін бауырдың қанын берсең, Құда әмірін тұтқан - болар сол әулиелерден. Сен де әулие боларсың, тақуалық көп қылсаң, Қуантқан мал мен мүлкіңді құртар ажал ақыр бір күн. Қара жерге кірген соң да неше қыртыс ғұмырың бар, Қожа Ахмет, күнә менен өміріңді қылмағын зар,

1 17


Боларсың лайық құзырға сәресіге сабыр қылсаң.

95-ХИКМЕТ Уа, достар.ақыр заман болды, көргін, Дінсіз кәпір бұл әлемге.толды көргін. Хақ құлдығын қойып бәрі пасық болды, Сол үшін де қаһар, азап қылды, көргін. Ақыр заман нышаны сол - қайрат кетті, Қаһарекем қаһар төгіп, үкім етті. Халайық жан пасық болып дінін жұтты, Құлдық пенен исламнан шықты, көргін. Рузе, намаз, иман, ислам қолдан кетті, "Күллі күнім бетер..." деген хадис өтті. Асыл Расул айтқандары енді жетті. Бұл дүниені қараңғылық басты, көргін. Ғалымдар да бар ілімін малға сатты, Көріп, біліп өздерін де отқа атты. Амал қылмай халыққа ілім үйретті. Дүние үшін діндерін де сатты, көргін. Ешбір халал болмады - болды халам, Тұтқын қылып перзенттерін қойды, көргін. Ісімізден бізге азап қылды Алла, Шүкір етпеген бізге жаза көп, не жаздық? Қайыр, ықсан есігін сұлтан қылды байлық, Сол үшін де жүз мың пәле толды, көргін. Күн көрмеген иесіз ғашық қас сұлулар Қорқыныштан жүректері қарс айрылар. Дерттеріне дауа таппай бейшаралар, Мұндай болып, кәпірге қор болды, көргін. Жаннан артық көрер сол бір іңкәр жандар, Жүзі - ай, көзі - шолпан мас еді дер. Бойларын да жан көрмеген бейкүналар, Кәпірлерге қызық қайран болды, көргін.

1 18


Жылайды олар өксіп айтып: "Ойбай, анам!" Көрмесейші мұндай қатты күндерді қам. "Бұл не қасірет?!-"деген зарын айтты, көргін. "Анам,-"дейді түні бойы жылап жүріп, Ауырып қалған денелері бұзылып жүріп. Жетім қалған қозыға ұқсап маңырайды, Наласынан тастар да су болды, көргін. Не алапат, бәрін үзіп түйнегінен, Анасын да айырыпты баласынан. Күндерінді түнек қылып түндеріңнен, Бастарына қараңғылық салды, көргін. Не қылсаң да сіздерден айрылды ана, Оны сенен айырған да қадір құда. Қияметтің таңы оған улы қасірет, Жанымызға мұндай қасірет салды, көргін. Аналары қан жылайды таппай бір лаж, Бастарына қара киіп, жүз жұлып, шаш. "Қалды ма екен балаларым аш-жалаңаш,-" Деп аһ ұрып іші-бойын езді, көргін. Аналары теңселіп бір қалды қайран, Гүл жүздері запырандай сарғайған. "Ау, құлыным, ботам,-"деген, қатты ұрған. Жаға жыртып, шаштарын жұлды, көргін. "Жаннан қымбат жан ішінде мейірбаным, Қарашығым, жүрек-бауырым, қуанышым, Қос жанардың қарашығы, тәнде - жаным, Қайда кеттің?-"деп жоқтау қылды, көргін. Кергеніміз міне, осындай еңшең заман, Егер кермей өлер болсаң, не арман?! Жылай-жылай кезі жасы боп, бауыры - қан, Не қыларын білмей қайран қалды, көргін. Қасірет уын көңілімізге салды тәмам, Бұл не ісің, ей, құдірет, ей, жаран?! 1I9


Құдіреттің сұлбасында көрген ғалам, Хақ жазған соң мұндай жаза салды, көргін. Қызыл гүлдің қауызы ол - ұландар, Дүниеде кім көріпті мұндай дау-шар. Күйген Мәжнүн дуалықтан дауа тапқан, Мүгедек боп мұсылмандар қалды, көргін. Ер кім болса шах мәрттан болғай, жұртым, Ықылымнан алмас қылыш алып жырғын. Кәпірлерді самсатып сап бәрін қырғын, Лажым ж о қ деген арман қалды, көргін. "Ақ кеудемді ақтарып сап, ей, перзентім, Жігерленіп бір құдайға жүгінгенім. Өлімнен де бетер болды менің дертім, Бұл дүниеде жалғыздық у салды, көргін. Барша удың ішінде мүшкілі - осы: Жалғыздықтан бетер дерт - бала қайғысы. Бүйрегім мен ішіме қан толды, көргін. Пәле көп қой, мұндай бірақ пәле жоқ-ау, Бұл не азап, тіпті кәпір еріп, елтір, Ажал жетіп көрге кіргін, не дәулет дер." Осылай деп жоқтау ойбай салды, көргін. "Сенсіз маған тағам деген - қып-қызыл қан, Сенсіз маған неге керек бүтінде жан. Сенсіз маған қараңғы осы үшбу жаһан, Сенің дертің,-деп,- Қасірет қылды, көргін." Ана перзент бір-бірімен жолығыпты, Өкіріп кеп, құшақтасып шағыныпты. Қасіретін арман етіп жылапты бір, Қандай қиын қоштасып қалды, көргін. Біл бұларды, қараңғылық басты тұман, Бізге азап қылды бүгін қадірі ауған. Кәпір жығып алып, шықты күліп шадман, Мұсылмандар ойбай салып қалды, көргін.

120


Тәубе деңдер: не құдірет ғаламның иесінде, Ақырзаман нышандары болды аян. Қайғы уынан жүз тәмсіл қылдым баян, Таңғажайып күндер қалай болды, көргін. Әзал* күнде құдірет бізге қылды тағдыр, Біз қаншама қате қылдық сұмдық алғыр. Сол үшін де уақыты жетпей болдық тұтқын, Ісімізден бізге жапа салды, көргін. Не анада рақым жоқ-ау, не атада, Аға-іні бірін-бірі көп атады. Мұсылмандар ислам деп ішер шарап, Мастықпенен қарындастан танды, кергін. Кергенсіздер заманы бұл буырқанған, Бұрынғы қадір дана еш қалмаған. Қадір білмес нақұрысқа орын тиді, Ғалым, дәруіш, жақсылар қор болды, кергін. Нақұрыс, сараң, дінсіз құлдар болды хакім, Менмендігі шектен асып, болды залым. Ел ішінде қор болды ғой дәруіш, ғалым, Жұртқа сүйеніш болмай кәпір болды, көргін. Кеңілдерді тұтты бүтін қараңғылық, Бізге көру жоқ қой енді бір жарықтық. Жолдан азып шариғатты бас тұтпадық, Мұсылмандық тек аты қалды, кергін. Діннен безген сараңдардың қапері жоқ, Дүние малын жиып, ешбір тояры жоқ. Өзінше - алып, өлімнен еш хабары ж о қ , Олар тұтқан діні - дүние болды, кергін. Құл ғаріптің сөзі сірә, еліктеу емес, Дерті жоқтар бұл сөздерге қан жыламас. Ғайып ілім хақтан ешкім сұрамас, Алла білер, сауап қанша қалды, кергін.

1 21


96-ХИКМЕТ Ей, көңіл, қылдың күна - еш пұшайман болмадың, Сопы - мен деп лепірдің, сертке берік болмадың. Обал тіпті ғұмыр өтті, бір сәт ойға қалмадың, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопылық сондай ма еді дайым ісім қапыл болған, Жалғыз тәспі - қолыңда, тіл деген - ғайбат болған. Қырық қабат сәлде орап, тексіз нәпсі - ергенің, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопы болсаң саф болғын - күнәлі боп жүрмесін, Тағат тақуа қылып көңіл алаңдау болмасын. Жаның, жүрек жыласын, махшарда жалған болмасын Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопылық шарты дейді түндер бойы қан жылаған, Әр қорлыққа сабыр тілеп, белін де бекем байлаған. Талабы - Алла болып әр жақсы сөзді сөйлеген, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопыға тағат қыларсың, басқасы қу, тәкәппар, Жан-жүрек тұнған дүние, тілінде тек - аһ пен уһ! Жан берерде бір шетте нұр-иманнан қағылмақ, Сыртың сопы болғанмен, өзің сопы болмадың. Сопы болмай не қылсын, ойда қылар ісі жоқ, Сопылық бір маңғаздық - халыққа берер асы жоқ. Аһ-уһ ұрып күрсінер - көзінде бір тамшы ж о қ , Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопы болып нәпсі үшін әркімнен бір дәмең бар, Мәзір алып кеп пе екен әркімге бір көз саттың. Лағынетін Алланың бір басыңа аунаттың, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопымын деп лепіріп жар салғаның, қані, Жүзіңнен зар, көзіңнен қан төккенің, қані? Кемел мүрит, кемел жолда мәрттігің қані, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың.

1 22


Қамсыз сопы жүргенің, жалғыз тәспі қолға алып, Дүниені қуасың сен дін ісін артқа салып. Қорықсайшы енді, қорықсайшы енді қүдайға жалбарын, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сопы болып кісі малын алуға қылдың талас, Сыртың сопы болғанмен ішің толы сүмдық лас. Ей, бейхабар, бейхабар, шермендесің сол күннен, Сыртың сопы болғанмен, өзің мүсылман болмадың. Жалғыз тәспі қолға алып, ел кезгенде сопысың, Нәпсі дене алдында мәсих, жөйіт қүрбансың. Пенделік қылғын,құдайға, жақсаң Куфе тұрғынсың,* Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Сен де бір өзінше жалғыз қүдайға пендесің, Асылында түк те емес, ғалам ішінде кендесің. Күнәдан да қатерден қайтпас жүрген шерменде, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Қайтейін, қылдың махаббат дауасын, диуана бол, Мал мен мүлік, үйіңді тастап тағы бөгде бол. Кім қүдай деп сөйлесе, мың үркектеп көбелек бол, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Ей, сопылар! Ғашық бол, баршасынан безер бол, Ұйқыны енді харам ет, түндер бойы ояу бол. Дерті жоқ дертсізді көрсең, қашып азар бол, Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың. Ей, Ахмет! Сен сопы болсаң, сопылық оңай емес, Хақ Расул сопы болып, дүние малын сүйген емес. Дүниені сүйген кісі шәксіз адам емес. Сыртың сопы болғанмен, өзің мұсылман болмадың.

97-ХИКМЕТ Хақ тағала жарық салды, жаным күйді, Кел жылайық, зікірші құл, зікір салып. Таң сәріде пірмүған байқап түрды, I 23


Кел жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікіршіге серт қылды қадір құда. Көр ішінде сый етіп хор сұлуын. Зікіршіге орын бар, ол - дәролбақа,* Кел жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікірші етсе шүкір, орны жәннат, Қандар ағып көздерінен, қылмас міндет. Үмбет болсаң зікір айтпақ сізге - сүннет, Кел жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікіршіге құдай өзі уәде қылды, "Фазкуруни азкурукум..."* аят қылды. Фердоус атты жәннатты арнап қойды, Кел жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікіршілер әр тыныста зікір айтар, Тәубе қылып, теріс жолдан оңға қайтар. Зікір айтса, ақырын ғана ынтығы артар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікіршілер алқа ішінен сәуле көрер, Сол үшін де алқа ішіне езін өрер. Ғашығын көрген заман жанын берер, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Жалған ғашық сүйгенінен жанын аяр, Құдай жолын айналып, дүние сүйер. Сол алқасын құрған жерден қашуды ойлар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Ал кәззап үмбет емес, көрдің, биім, Бұл сөздерге жен нұсқайтын езің дайым. Жалғаншыны үмбет демес сол пайғамбар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Рахманекем шын ғашықтың жолын ашар, Махаббаттың ынтығынан жасын шашар. Алла деп қайда барса, шайтан қашар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын.

1 24


Зікіршілер зікір айтып, нала қылар, Көздің жасын сары жүзге қырау қылар. Дала кезіп, өзін соған құмар қылар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікірші құл хақ бұйрығын бекем тұтар, Ықыласымен Алла деп қан да жұтар. Алқа ішіне кірген кезде жаны шығар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Дәрет алмай зікір айтса, нәлет жауар, Сол күндері болған перзент шайтан туар. Сол кездерде әуел келіп шайтан қарар, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Дәрет алмай зікір айтқан иман етпес, Өз кезінде хақ Мұстафа құл тұтынбас. Сұбханекем күнәсін ешбір ұмытпас, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Мүмін болсаң, дәрет алмай, зікір айтпа, Кереметтер айтып елге дінің сатпа. Мұсылмандық мұңын қылып, кәпір кетпе, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Зікіршісің, зікір айтпай тіптен жатпа, Надан менен жамандарға еш тіл қатпа. Мұнафиқтар хал сұраса, бір сөз айтпа, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын. Құл Қожа Ахмет, жамандардың жаманы - сен, Бәрі - бидай, жел ұшырмас сабаны - сен. Жол жоғалтып азғандардың наданы - сен, Кел, жылайық, зікірші құл, зікір салғын.

98-ХИКМЕТ Құдай жады - ұлы жад, айтар болсам, Еңлік гүлдің шарабы тілім менің. Өзім пақыр қылдым еркін, болдым кедей, Қанат қағар ұшар құстай көңілім менің. 12 5


Түрлі өмірім, түрлі ісім, мұңлық басым, Жаным еріп, кетті есім, ақты жасым. Жазған күна толды түгел іші-тысым, Жаратқаным аша берсін жолымды менің. Көзім түсті, көңілім ұшты, ғарышқа асты, Өмір өтті, нәпсім қашты, теңізім тасты. Керуен көшті, үйді артты, жұртқа түсті, Сырға ұласты, не болар халім менің? Сурет - мұнда, сыры - анда: құдіретіңде, Ұ з а қ күнде, жарық күнде, көңілім сонда. Жүрер түнде, болып пенде, бәрі - қанда, Сұраса онда жазулы тұр тілім менің. Іштім шарап, бұзылдым, негізім топырақ, Келдім көріп, көңіл сұрап, сусыз ғашық. Хақтан тілек қылса, құлдар көрмес азап, Бұлақ болып ағар көзден жасым менің. Түстім пырақ болдыртып осы базар, Дүние-базар ішіне кірген құлдар азар. Басым безер, жасым ағар, қаным тозар, Атым - Ахмет, Түркістанда елім менің!

99-ХИКМЕТ Ей, достарым, Мұстафа, дін баян ойлай, Құлақ салғын қас үмбеті болам десең. Расулге қадір қонған аян ойлай, Құлақ салғын қас үмбеті болам десең. Жүз мың ғажап хақтан келді, тыңда оны, Үмбеттердің тапсырмасын қылғын маған. Бәрін-дағы бағыштайын онда саған, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Атам, анам демейтін - дейтін үмбет, Мадақ, мақтан тынбай айтып болғын үлфәт. Қияметтен көрмегейсің хақтан бәрін, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең.

I 26


Уа, дариға, өтті өмірім, қані, мауқым, Үмбет едім дүние сыры болды зауқым. Ішім - кәззап, сыртымда бар бір далақ, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Жыламаймын, жолда қалдым, амалым жоқ, Үмбет дейді, сырына оның таласым жоқ. Басым кетсе, бұл жолдарда таярым жоқ, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Жасым жетіп, өмірім өтіп, тәубе қылмай, Ақыретті, аспапты қолға алмай. Аяқ шаңына жақсының жарай алмай, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Үмбет болсаң, күндіз-түні тағат қылғын, Қабір-сарай барғанда рахат көргін. Ақылға ерсең, жыламақты әдет қылғын, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Шын үмбеті жаннан кешіп дүние қойды, Сол уақытта үмбетім деп нала қылды. Ғашық болып, бұлбұл сипат хақты сүйді, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Мадақ айтқын, үмбет болсаң, ей, бейхабар, Расул Алла сөзін айттым тұнған гауһар. Расул айтты: "Дүние бір күн қылар зарар," Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең. Құл Қожа Ахмет, жолға кіргін, қазір - пұрсат, Алла деген өмірің өтті тым ғанимат. Қайда барсаң, тәкпір айтып, қылғын сұхбат, Құлақ салғын, қас үмбеті болам десең.

100-ХИКМЕТ Мың түмен түрлі қате менен кетсе, ғафу қыл, Артық айтқан сұхбаттар менен кетсе, ғафу қыл. Кіл талауат* қылмасам да бұл кәлам Алланы, Білмес күна, қателер менен кетсе, ғафу қыл.

I 27


Оқығанда қапыл өтсе, иа қате, нұқсан келсе, Әр неше бір шатастыру менен кетсе, ғафу қыл. Маад* пен араб тәшдидтерін* ауыстырсам, Осы сынды қателер менен кетсе, ғафу қыл. Бұзып оқысам сөйлемді, иа бір сөздерді, Мұндай бітпес даулы сәт менен өтсе, ғафу қыл. Аят серті және айттар қойсам егер алалап, Түсінбестік жамандықтар менен өтсе, ғафу қыл. Ізет акрам Құранды жөндеп келтірмесем, Бейәдептік, бейибалық менен өтсе, ғафу қыл. Қүзырында - кебім де қатесі көп бір құлмын, Қара бет боп қателер менен өтсе, ғафу қыл. Қожа Ахмет міскіннің кемісі көп дүниеде, Егер жарым мың қате менен өтсе, ғафу қыл.

101-ХИКМЕТ О дүние хабарын тыңдап, дүние салып кетермін, Түсіп жаран теңізіне дүние салып кетермін. Жаран дүние демеді, дүние қамын жемеді, Хақтан өзге айтпады, дүние салып кетермін. Мұса Имран және де Сүлеймен тағы қалмады, Мың жасаған Лұқман жоқ, дүние салып кетермін, Дүние деген азар-мыс, қапыл құлдар безер-міс, Надандар ғана жары-мыс, дүние салып кетермін. Сұлтан Қожа Ахмет Иасауи айтқан тұтас сол хикмет Тыңдасын деп бар жаһан, дүние салып кетермін.

102-ХИКМЕТ Алла деген пенденің жайын жаннатта көрдім мен, Хор мен ғылман - солардың қарсы алдында көрдім мен. "Фазкруни..." зікірін айтқан құлдар ұдайы, Бәрінің де жолдасын жұмақ төрінде көрдім мен. Күні-түні ұйқтамай сол зікірін айтқандар, Періштелер қасында, ғарыш үстінде көрдім мен. Жомарт қайыр қылғандар, жетім көңілін алғандар, Төрт жары бар жанды да кәусәр ернінде көрдім мен. Қазы болған ғалымнан пара үстеп жегендер, Ондай ғалым жайын мен тар тамұқтан көрдім мен.

128


Мүфти болған ғалымнан нақақ пәтуа бергендер, Ондай мүфти жайын да сират жанында көрдім мен, Жамағатқа бармайтын тәрк намаз қылғандар, Шайтаны бар үзілмес, түнек тамұқ көрдім мен. Залым болып зүлым еткен, мүміндерді ығыр еткен, Қарабеттің махшарда қолын арқада көрдім мен. Құл Қожа Ахмет кәні ашты, гауһар менен д ү р шашты, Тыңдамаған бұл сөзді қапылыстан көрдім мен.

103-ХИКМЕТ Ниет қылдым кәбеге, риза болғын, достарым, Не өлгейміз - қалғаймыз, риза болғын, достарым. Ниет қылдым кәбеге.хақ Мұстафа роузеге,* Нәсіп қылғай баршаға, риза болғын, достарым. Риза болғын өзімнен, жақсы иман сөзімнен, Өпкін менің жүзімнен, риза болғын, достарым, Достар бізді жоқтағай - пасықтар көп уһілегей, Мешіт сарай қылмағай, риза болғын, достарым. Сырдан болды ишарат, бұнда қылдық ғимарат, Достар қылғай ибадат, риза болғын, достарым. Кәбе сарай көшелік, залымдардан қашалық, Ұл мен қыздан кетелік, риза болғын, достарым. Тілім тартсам, қарар жоқ, ғарып өлсе, сұрар жоқ, Емістерде халал жоқ, риза болғын, достарым, Кетті қолың жаныңнан, шықты халқың санақтан, Достар барғай сондықтан, риза болғын, достарым, Құл Қожа Ахмет, жұм көзді, риза болғын, достарым...

104-ХИКМЕТ Неше жылдық мейірбан, жан идірер достарым, Бұл жүрісім шаһарды пәни қылар, достарым. Бұл қапастың тотысы талпынады ұшқалы, Бір қараңғы сәулесіз жерге барар, достарым. Уа, менің жарандарым, һаш етерсің иманды, Дұшпаным иманыма қылды жара, достарым. Осы бГр жан біздің деген неше жылға барар-ды, Сөйтіп Алла үкімін орындатар енді, достарым. Бұл - менің бөлшектерім, жан жадырап айтқаным, Жан шығарға күллі ағза тебіренер, достарым.

1 29


Хақ әмірі - барша халық әлемнің болса риза, Ол хақиқат: пенделер дайым разы, достарым. Құл Қожа Ахмет, тотысың қанат қағар ұшқалы, Не қыласың міскінді, үкім құдайдан, достарым.

105-ХИКМЕТ Жолға кірген жарандардан жөн сұрамай, Жылаймын мен, достарым, қате қылдым. Хақ зікірін күндіз-түні бір жырламай, Ей, достарым, өз жаныма жапа қылдым. Алла жады көңілдерді жарық қылған, Ғашықтарға құдай өзі уәде қылған. Ғашық самал Мұстафаға сый әкелген, Сол себептен көз жасымды куә қылдым. Алла айтар: "Ғашық жандар пырақ мінер, Хақ зікірін айтқандарға рахмет жағар. Көп жылаған дидарымды шәксіз көрер, Сол дидарды махшар күні арнау қылдым, Уәде бар: ғашықтарға жүз мың пырақ, Ғалам халқы өсек-аяң, одан жырақ. Бұл дүниеде ел көзінде жанған шырақ Қабір ішін ж ү з мың түрлі жайлау қылдым. Дертсіз адам адам ба екен, соны аңдағын, Ғашығы ж о қ - хайуан жыныс сол, тыңдағын. Көңіліңде ғашық жоқ - маған жылағын, Жылағанға берер қас арнау қылдым. Пенде болсаң, менмендікті ая, таста, Таң сәріде жаның қинап, көзің жаста. Жолдан азған адасқанды жолға баста, Бір қарадым, жүректерін сафа қылдым. Шын дерттерге өзім - дәрі, өзім - дәрман, һәм ғашықпын, һәм мәшуқпын, өзім - жанан.* Рахым ойлап атым - Рахман, затым - Сұбхан, Бір қарадым көкірегін сафа қылдым.

130


Таң атқанша хақ жадына үйыған кісі. Таудың жолын бақша қылар аққан жасы. Алланы айтар, өзгемен бір ж о қ қой ісі, Сол ғашықты халайықтан жеке қылдым. Ғашық лебін жерге салсам, жер көтермес, Дәптер қылсам, қараңғысың бүйтіп болмас. Хақты білген бек пенен хан, халық білмес, Сол пендемді өз жолымда ду та қылдым. Мал мен пұлға алаң болмас ғашық кісі, Жол үстінде топырақ боп әзіз басы. Сөйтіп-тағы нүрға толар іші-тысы, Таңға барса, махшар үшін патша қылдым. Хақтан қорқып мал мен пүлды сүймегенді, Хақты айтып, бір дем жатып, ұйымағанды, Жатса, тұрса, хақ зікірін қоймағанды, Ашып ішкі саңылауын көрер қылдым. Ораза ұстап елге міндет қылғандарды, Намаз оқып, тәспі қолға алғандарды, Шайқымын деп өзіне нұсқау бұрғандарды. Ақырғы дем иманынан жеке қылдым..." Хаққа ғашық болып айтты Қүл Қожа Ахмет, Шын көңілмен тыңдағанға жүз мың рахмет. Дүға қылғай көрмегей деп мехнат-бейнет, Ақылға ерсең, бір сөзбенен ада қылдым.

106-ХИКМЕТ Уа, достар, тегім. халім баян етсем, Не себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Шын дерт үшін бұл сөздермен аян ой сап. Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Үңгір іші күндіз-түні тағат қылдым, Артықша бір намаз оқып, әдет кылдым. Әр не жапа келсе. оған сабыр қылдым. Сол себептен хақтан қорқып үңпр кірдім. 13 1


Үңгір іші Мұстафаны қазір көрдім, Сәлем беріп әдеппенен иіліп тұрдым. Қыңыр күна үмбеттердің халін сүрдім, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Үңгір кірмек - Расул Алла сүннеттері, Тағат қылмақ - хақ Расулдың әдеттері. Ғарыптарға рахым қылмақ - шапағаты, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Үмбет болсаң, күндіз-түні тынбай жыла, Баурың пісіп, өкпең тесіп, жүрек ула. Ажал келсе, мәрттік те бар, біліп байқа, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Жапырағындай солып бір күн күзде қазан, Ажал келмей тәубе қылғын, шіркін надан. Бәлкім саған рахым түсер Аллатағаладан, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Шын дерттінің ісіне ерер сөз бен күйік, Көз жасы дер хақ қасында бір-бір сыйлық. Күндіз-түні қып ораза менен намаз, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Ей, перзент, үмбеттері дертін ұрттар Пасық, сасық күналары таудан артар. Дінді қойып, дүние малын өзіне тартар, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім. Құл Қожа Ахмет, тәкпір айтып, сұхбат баста, Думан-ду, менмендікті жырақ таста. Таңсәріде төртке тіліп көкіректі, Сол себептен хақтан қорқып үңгір кірдім.

107-ХИКМЕТ Махаббаттың базарында адас қылып, Ақыреттің саудасына бастасам мен. Бұл дүниенің ізеттерін серпе тастап, Қорлық-зарлық жолдарын сол қоштасам мен. 13 2


Бұл жолдарда қорлық-зарлық керекті-міс, Тек ораза, тәспі, намаз... ж о қ селтең-міс. Құдай, Расул безетұғын жалғаншы-мыс, Жалған намаз, көзбояуды тастасам мен. Шын көңілден намаз қылғын, құдай білсін, Ел ішінде рәсуа бол, ғалам күлсін. Топырақ боп қорлық тартқын, нәпсің өлсін, Қуат берсе, нәпсі жығып жыласам мен. Достарымды рәсуа қылған тыныс ауа, Шайтан нәлет түртіп қылар думан-дуа. Игі ойласаң, менмендіктен болғын ада, Тақуалық жаным қинап істесем мен. Ғашық жолда қаннан тамшы алып жұтқай, Рахман атты рахметтен үміт тұтқай. Кесе шарап сіміргендер жаның өткей Қасіретінде екі көзім жастасам мен. Нәпсі мені отқа жағып, жолымды үзді, Жүз мың түрлі тағам сыйлап дүкен түзді. Жалақ-жалақ әр есіктен мені тосты, Қуат берсе, ит нәпсімді ұстасам мен. Асығым тасты, рухым қашты, қайда, таппай, Ерттеп алып асық атты мініп шаппай, Сол - бір көрсем, Қызыр біліп қолын тұтқай, Қызыр Ілияс медет қылып ұстасам мен. Күнам тым көп жерге сыймас, кімге айтайын, Тәубе қылып теріс жолдан мен қайтайын. Шақырғанда аяқтарым үзіп тартқай, Жүз дариға, бармақтарым тістесем мен. Тәуба қылмай, күна қылып шектен астым, Нәпсім мені бүлік қылды, тарпа састым. Шүкір Алла, пірмұғанға қарай қаштым, Қолға алып нәпсі тәнін ұстасам мен.

1 33


Қүл Қожа, әрбір сөзің дертке дәрман, Талаптарға қылсам баян, қалмас арман. Төрт мың төрт жүз хикмет айттым - хақтан пәрман, Пәрман болса, өлгенімше сөйлесем мен!

108-ХИКМЕТ Тынбаймын қүзырыңда Алла десем, Зар еңіреп, зікірші боп, раббым десем, Қүл болып құлдығыңа бой ұсынсам, Бүл іс болып, уа, раб, сені тапқаймын! Бүл бойыма Зәкәриядай ара қойсам, Бүл тәніме Аюп сынды құрттар құйсам, Мұсадай Түр тауында тағат қылсам, Бүл іс болып, уа, раб, сені тапқаймын. Жүністей* дария ішінде балық болсам, Жүсіптей* қ ү д ы қ ішінде күн-түн болсам, Жақыптай* Жүсіп үшін зар еңіресем, Бұл іс болып, уа, раб, сені тапқаймын. Шәбіледей ғашық болып биге салсам, Баязидтей күн-түн тынбай кәбе барсам, Кәбеге сол жүзім сүртіп, зар еңіресем, Бұл іс болып, уа, раб сені тапқаймын. Мәруфтей* осы жолға қадам қойсам, Мансұрдай жаннан кешіп, дарға қонсам, Дар астында шабыттанып хақты айтсам, Бүл іс болып, уа, раб, сені тапқаймын. Құл Қожа Ахмет, құл ішінде кепіл болсам, Зікір айтып, зікірші боп раббы десем, Сол зікірден шабыт алып күйіп, жансам, Бүл іс болып, уа, раб, сені тапқаймын.

109-ХИКМЕТ "Әласту бираббукум?..-"дегенінде " И ә , раббым,-"дегенімді біле алмаспын.

134


"Уа ма динакум?..-"*деп және сұрағанда, "Дінім - ислам,-"дегенімді біле алмаспын. Аллам және үш жол қылды айтып, Мүмін "аруақ раббымсың,-"деп берді жауап. Жауапсызды кәпір қылды Алла жомарт, Мен не деп жауап айтқанымды біле алмаспын. Барлық рухқа сол сағатта пәрман жетті, Гіәрман болып дем өтпей сап құрылды. Кәпір - солда, мүмін пенде - оңда тұрды, Мен қай жақта тұрғанымды біле алмаспын. Сәжде қылса, хақтан жаңа пәрман болды, Сәжде қылып барша мүмін үлес алды. Сәжде қылмай қалғандары кәпір болды, Мен де сәжде қылғанымды біле алмаспын. Ей, мүміндер, қорқыныштан болдым қайран, Бұл бір қайғы, ақылым адас, жүрегім - қан. Ол жүрек, тәннен өтіп өртеді жан, Нендей лаж етерімді біле алмаспын. Құдайымның құдіретіне жетіп болмас, Жақсы, жаман әмір қылды біліп болмас. Тағат қылып ел ішінде жүріп болмас, Қай тарапқа кетерімді біле алмаспын. Бірін - гәбр,* бірін - мәсих, жөйіт қылды, Бірін - мүмін, бірін - кәпір, яхуд қылды Әзәзілдің дәргейінде нәлет қылды, Не себептен солай болды, біле алмаспын. Күнам көп-ау таудан ағар, тағатым - аз, Тағат қылмай ғұмыр өтті, қыс пенен жаз. Дәргейге егер барар болсам, жоқ қой мұқтаж, Не бетіммен барарымды біле алмаспын. Жаннан кешкен шын ғашықтар өзін көрді, Әзал күні және бірді ғашық қылды. Мейір-қайыр ойлап оған асық салды,

1 35


Сонда дидар көрерімді біле алмаспын. Тақуа қылды тағы бірді тағат үшін, Тақуалық тағат қылмас рахат үшін. Хор, ғылман, тәубе керек жәннат үшін, Тақуа дидар көрерімді біле алмаспын. Ақыреттің жарығын да қыла алмадым, Жолдар ұзақ, жол ұзағын ала алмадым. Жаннан кешіп, хақ әмірін қыла алмадым, Азығым жоқ, қайда барам, біле алмаспын. Тоймай қалдым, дәметпейін, өмір өтті, Әзірейіл келер уақыт міне, жетті. Ей, достарым, амалсызбын, жасым қатты, Қандай халде кетерімді біле алмаспын. Сол бір пұрсат келмей қойды, өтпей сағат, Құбыжыққа жер мен көк те қылмас тағат, Пәрман болса илахымнан Әзірейіл, Қанша тағат қыларымды біле алмаспын. Жан алуға сол Әзірейіл келіп тұрса, "Жаның бер,-"деп бір құбыжық шеңгел салса. Ү ш жүз алпыс тамырларым тітірер болса, Нендей болып барарымды біле алмаспын. Әйел, бала жүзің сары, бағып тұрғай, Бағып тұрып сөз айтарға тілің бармай. Рахым етпесе, жақын ісің жырақ болғай, Қайран болып не істерімді біле алмаспын. Сол құдайым әмірімен жанымды алса, Жаным онда барып, тәнім мұнда қалса. Реңім - күзгі еңлік жапырақ болып солса, Иманменен барарымды біле алмаспын. Әйел, бала қоршап тұрғай жылап сені, Сүйекшілер тақта үстінен алар сені. Соныменен пәк еткейді сырт денемді, Ал ішімді жуғандарын біле алмаспын. 136


Одан соңыра кебін тонын кидіргей-ді, Қояр-қоймай соны маған шүлғағай-ды. Бас-аяқты бекем тұтып байлағай-ды Тәубе тонын киген болсам, біле алмаспын. Төрт аяқты табытымды келтіргей-ді, Мені салып төрт тараптан көтергей-ді. Дұға оқып жаназамды шығарғай-ды, Мен де дүға оқимын ба, біле аламаспын. Одан соңыра мені салып жолға түссе, Жетпіс екі жерде менен сауал қылса. "Жауап бер,-"деп періштелер алқымға алса, Не деп жауап берерімді біле алмаспын. Табытты сол алып түссе көр басына, Жарандарым жылап түрғай көп қасымда. Мен де жылап жалғыз - құрым ел басымда, Онда нешік қыларымды біле алмаспын. Бүл қасіретпен көр басына кірер болсам, Қош айтысып бәрі кетіп, жалғыз қалсам. Жылан-шаян ысқырып, қаша алмасам, Не халімде қашарымды біле алмаспын. Әй, мүміндер, ғажап екен қараңғы кер, Қорқынышты, саясатты сүмдығы зор. Онда болар Алла өзі қаласа, нүр, Қаламаса, не қыларым біле алмаспын. Мені қойып жеті қадам кетер болса, Мүңкір, Нәңкір сол демде кіріп келсе. Мен"Раббы"-деп, періштелер байқап түрса, "Раббым Алла" дегенімді біле алмаспын. Құл Қожа Ахмет, үйде - қатер, жолдар - жырақ, Барар жерің жабық тұрар, барма қарақ. Тәубе қылғын, өзің де біл, алдың жырақ, Мен де тәубе қылғанымды біле алмаспын.

I 37


110-ХИКМЕТ Ғашық қылдың, есімді алып, барлық ғалам білді мені, Қайғы сенсің күні-түні, маған сен-ақ керексің. Тағала Алла қандай шебер, жаратқанда тән мен жанды, Құлдық қылам күні-түні, маған сен-ақ керексің. Көзімді аштым, сені көрдім, күллі көңілім саған бердім, Үрім-бұтақ тәрк еттім ғой, маған сен-ақ керексің. Сөйлегенде тілімде - сен, қарағанда көзімде - сен, Көңілімде, һәм жанымда сен, маған сен-ақ керексің. Төгер болсаң, міне, қаным, алар болсаң, міне, жаным, Мен - құлыңмын, сен - сұлтаным, маған сен-ақ керексің. Ғалымдарға кітап керек, сопыларға мешіт керек, Мәжнүндерге Ләйлі керек, маған сен-ақ керексің. Ғапылдарға дүние керек, ақылдыға қабыр керек, Уағызшыға мінбер керек, маған сен-ақ керексің. Ғалам түгел жұмақ болса, хор қыздары жақын келсе, Алла маған нәсіп қылса, маған сен-ақ керексің. Жұмақ керім сайран құрам, хор қызына назар қылам, Оны-мұны мен не қылам, маған сен-ақ керексің. Қожа Ахмет, дәрменім ең күні-түні жанар алау, Екі дүниеде үмітім - маған сен-ақ керексің!

111-ХИКМЕТ Таңсәріде өксіп жылап дұға қылсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Жас орнына қаным төгіп дұға қылсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Дәргейіңе басым қойып нала қылсам, Көз жасымды ағызып мен көлдей қылсам. Дала кезіп өзімді-өзім ғашық қылсам, Достар мен қожам, пендем дегей ме екен? Қайда барсам, жадын айтып жыласам мен, Құлдығыңа белін бекем байласам мен.

1 38


Қасіретіңе жүрек-баурым уласам мен, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Әр күн жүз мың қолым жайып "әумин" десем, Мұса сипат Тұр тауынан бір сыр айтсам. Тоқсан тоғыз сырды айтып, жаным берсем, Достар мен қожам, пендем дегей ме екен? Баязидтей жетпіс жолы өзім сатсам, Алла деген күйік дертпен өліп кетсем. Тақуа боп, арып, ашып, азып қатсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Алла үшін перзеңттерім жетім қылсам, Тақуа боп тек ботқаны наным қылсам. Бала-шаға, үй ішімді жауым қылсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Алла деген пенделердің қүлы болсам, Ғашықтардың күйіп-өшкен күлі болсам. Жол үстінде топырақ боп соқпақ болсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Алла, Алла, жаным - Алла, жүрек - Алла, Сенен өзге панам да жоқ, олла-билла! Жылап келдім дәргейіңе, бәрі де Алла! Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Жақсылардың сұхбатына зікір болсам, Әр не зауал келсе маған, шүкір қылсам. Аюп сипат пәлелерге сабыр қылсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Табаныңа басым қойып, тәубе қылсам, Ғайбат айтқан тілімді мен жүз мың тілсем, Күна қылған пенделерді қақыратсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Тәубе қылдым, тәубе қылдым.қабыл қылғын, Тәубе қабыл қылмас болсаң, жанымды алғын. Жолда қалдым, мені құлдықка қабыл алғын.

1 39


Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Алла үшін мәрттікпен бар жаным берсем, Бала-шаға, үй-ішімді тастап кетсем. Жан не болғай иманымнан бәлкім кетсем, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Таңсәріде ерте тұрып хаққа жансам, Үлкен-кіші күнәдан соң тәубе қылсам. Зарын қылып құзырыңа бір ұсынсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Қаһарекем, сенен қорқып оянсам мен, Күнәларды мойынға алып еңіресем мен. Таңсәріде жағамды ұстап жалбарынсам, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Тасқын үрған дарияларда жүзсем ғой мен, Азып қалған бұталардай қурасам мен. Сол сәт мың бір атың айтып сөйлесем мен, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Ойбай, құдай, сыбыр естіп қорқып тұрсам, Пірмұғанның дәргейін бір тынбай өпсем. Жақсылардың табан шаңы болып өлсем, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Таң атқанша жылап тынбай қорқып шықсам, Сұбхан дертін айтып шыдап еңіреп шықсам. Топырақтай шашылып шаң, қорлық тартсам. Достар мені қожам, пендем дегей ме екен? Қүл Қожа Ахмет, жаның бергін мәрттікпенен, Жаннан кешіп, жолға кіргін, көргін дидар. Мұратыңды берер саған пәруардыгер, Достар мені қожам, пендем дегей ме екен?

112-ХИКМЕТ Махаббаттың көшелерін кезген абыз, Жақсы білер тақуалықтың белгілерін. I 40


Қайратпенен қолдарына қару алып, Қайтарады залалының мың есесін. Ондай ғашық аяғына басын қойса, Түк қалдырмай тыныс ауаның көзін ойса. Шоқ шарабын ішіп сонау рухы қанса, Еш аузына салмас тәубе өкінішін. Жолын тауып ішкі көзі ашылғандар, Қасат қардай аяқ асты жаншылғандар, Гүл жапырақ солып, тозып шашылғандар Ар алмас халайықтың өсек үнін. Сопы керек қанымызды тазартатын, Тағат қылар ибадатшыл пәк жандардан. Одан соңыра берген сертке болса берік, Шәксіз көрер әркім тапқан кереметін. "Рәжәл-ул тәлхикум...,"*-деп айтты Қүдай, Сол сөз айтқан ерлерден де кетер шалғай. Зікір айтып әр тыныста өлсе оңай, Содан да ол табар еді Алла медетін. Лахутта да мүрит егер көсем болса, Дәруіштік қырық төрт кезең жолдан өтсе, Штайқы мен деп назар қойып отты жүтса, Машақатсыз таппас иман қызығын. Аяқшы да жетіп келді ей, бейхабар, Қашсаң-дағы қояр-қоймай ол ұрттатар, Уа, қасірет, иманыңда көп қой қатер, Қүтылмассың бермей оның аманатын. Құл Қожа Ахмет сырттай жүріп, жол адасты, Талаптардың сүхбатынан жырақ қашты. Талып, жүдеп хақ жолына ақыл шашты, Таңға барса көрмес көрді тынығатын.

1 4 1


113-ХИКМЕТ Бұл ғаламда хақтан қорқып зар еңіресем, Ақыретте рухым тыныш болар ма екен. Сол ерлердің басқан ізін көзге сүртсем, Пірмұғаным мені жолға салар ма екен. Басым беріп, белім байлап, қылсам ықылас, Нәпсі шайтан шеңгелінен болсам қалыс. Жан берерде медет қылса Қызыр Ілияс, Алла өзінен сүре иасин жіберер ме екен. Тау, жолдар күналардан қылмас тағат, Әр күн жүз мың ағаттық бар маған әдет. Бұл іс-осы, ақыретте бар ма рахат, Тәубе қылсам, сол әдетім қалар ма екен. Босағаңа басым қойып зарын қылсам, Ғарып, жетім басын сыйлап дұға қылсам. Хақтан қорқып дүние ісін артқа салсам, Қожам менің қал-жайымды сұрар ма екен. Адам сәфи* сүннеттерін тілге алсам, "Иа, Раббана әләмна,*-"деп нала қылсам. Шөл далада көз жасымды көлдей қылсам, Бір мен барым мені жолға салар ма екен. Таң сәріде зарын қылып жыласам мен, Жан берерде белім берік байласам мен. Ғашықтықпен жүрек-бауырым уласам мен, Хақ шырағы қабірімде жанар ма екен. Басым, тәнім топырақ қып ғайып болсам, Дидар тілеп қасіретіңді ада қылсам, Бала-шаға үй-ішімнен жеке болсам, Достар, қожа, маған рақым қылар ма екен. Шайтан нәлет жолдан ұрды, қалім нашар, Жылаймын-ау нәпсім мені қылды ауа. Әлем халқы басып мені, тас лақтырса, Кәпір нәпсім Әзәзілден танар ма екен.

142


Ғарып жаным хақ жолында нәзір ойлап, Шах Хусейіндей Кербалада сусап өлсем.* Хақ шарабын ішемін деп шөлдеп кетсем, Онда барсам, сусағаным қанар ма екен. Әсхабтардай дінге талас басым берсем, Шәһрбану,* имамдардай жылап жүрсем. Алла үшін кәпірлерге тұтқын болсам, Рахманекем соған сүйеніш қылар ма екен. Шермендемін, шермендемін, құл ғып алғын, Жолдан азған дәрменсізбін, жолға салғын. Бір Алла деп ғайып болсам, жақсы ойлағын, Күнаһарға қайрым, рақым берер ма екен. Ей, күнаһар, тәубе қылғын, хақ естісін, Шағымыңнан жер мен көк те нала қылсын. Періштелер хақтан тілек үлес берсін, Үлес алған құлдың қамы болар ма екен. Ақыл қайран, көзімде жас, үйде ойран, Хақтың жолын біле алмадым, өзім-надан. Ей, талапкер, тағатсызбын қайда жанан, Сол іңкәрдан біреу хабар білер ме екен. Іңкәріңді табам десең сәрі тұрғын, Ғашықтардың мәжілісінде езің болғын. Хақты жазып, жырлап жүріп жоқтау салғын, Жоқтау салмай тариқатқа кірер ме екен. Хақ қасына жетем десең, зарын қылғын. Зікір айтып сол ерлерге серік болғын. Жапа шегіп жарандардан үлес алғын, Үлес алмай хақ дидарын көрер ме екен. Құл Қожа Ахмет, әр не дерсің, өлмес нәпсің, Хақтан қорқып ақыретке қам жемессің. Басты шайқап түні бойы һу демессің, Күнәһарды қожам қабыл қылар ма екен.

1 43


114-ХИКМЕТ Таңсәріде тұрып жылап нала ойла, Сол налаңа жер мен көк те әуен қылсын. Хаққа сыйын, көз жасыңнан қырау ойла, Одан соңыра хақ дертіңе дауа қылсын. Шын дерттіні Алла сүйіп пендем дейді, Үш жүз алпыс күн бағып, қамын жейді. Періштелер жасын алып бәсіре қылды, Қан жылаған жасыңды алып куә қылсын. Жүз мың күнә болды, сірә, біле алмадым, Тәубе қылып дәргейге бір келе алмадым. Қызмет қылып жақсы дұға ала алмадым, Жазықтыдан сені не деп жеке қылсын? Бұл әлемде рәсуа болып қан жұтпасаң, Шариғатта, тариқатта пір тұтпасаң. Хақиқатта жан-тәніңді пәк етпесең, Қапылғаннан сені не деп жеке қылсын. Жарандардың қыла алғанын қыла алмасаң, Пірсіз жүріп ибадатты біле алмасаң, Жалбарынып, тілек дұға ала алмасаң, Қас үлкендер сені не деп дұға қылсын. Айла-тұзақ, құрып елді жолдан бұрдың, Шайқымын деп сұңғыла сұм дүкен құрдың. Қызық қуып шайтанменен дәурен сүрдің, Дидарына сені не деп рауа қылсын?! Кеңдік, мейірім хақ жаратты сіздер үшін, Жан-жүрек жоқ, әлсіз бе едің сіздер өзің? Алла үшін бақас қылам - тапқан сөзім, Лас жандарға не деп жақсы арнау қылсын?! Түнде жатпай бар ұйқыны харам қылса, Зікір жүрек, зікір-сырды тәмам қылса. Мың бір атын алла тәспі кәлам қылса, Пенде не деп дәргей үшін қата қылсын?!

1 44


Өсиет пенен тыйымды да біліп қылса, Жатса-тұрса бір құдайды бар деп білсе. Өлгенінше қожасына қызмет қылса, Қуат берер оны не деп ду та қылсын?! Самарқау мен сабырсызға бермес қуат, Ісі шала, өзі майып, бермес шуақ. Ризық - нашар, өзі - жаман көрмес дәулет, Сол пасықтан жанын не деп сафа қылсын. Обал! Адам өз қадірін өзі білмес, Мендік қылып жақсыларды көзге ілмес. Сол сұхбатты құрған жерге қашып, келмес, Бұл опасыз тіпті не деп опа қылсын?! Адам сол ғой пақыр болып жолда жатса, Топырақтай ғалам оны басып жатса, Жүсіп сыпат ағасы оны құл деп сатса, Құлдың құлы сол құл не деп ынтық болсын. Шоғын, зауқын махаббаттың аян қылғын, Сүйгендерге ғашық отын баян қылғын. Қорлық, зарлық, машақатты нышан қылғын, Шын ғашықтар оттан не деп қашар екен?! Алла деген отқа түсті жар бол, Алла, Осы отты бақша қылды, көргін, Алла, Бойы қысып жылайтұғын Шейаналла,* Пақыр міскін онда не деп ынтық болсын?! Хаққа ғашық шыншыл жандар жүрер бөлек, Таңға дейін хақ қасында керер ізет. Жәннат кіріп, дидар керер шіркін, рахат, Оңашада елге не деп риа қылсын?! Құл Қожа Ахмет, дертті хал пайда қылғын, Жан-жүректің хақ жолында есін алғын. Дертін тартып махшар күні думан қылғын, Дерт болмаса Мәулім кімге шипа қылсын?!

1 45


115-ХИКМЕТ Бір күн келді Әбу Бәкір Салманменен, Хақ Мұстафа сырын ашты рахманменен. Бәрі де өтер бұл дүниеден арманменен, ілкін болып хаққа жақын болмақ үшін. Әзірейіл бір күн келді пәрманменен, Фатима сәлем берді ізетпенен. Хақ Мұстафа алаңы бар иман деген, Асыл тәннен әзіз жанды бермек үшін. Расул айтты: "Сахабалар, бақұл болғын-, (Ақыретке жетеміз-ау, сіз де білгін). Ораза ұстап, намаз оқы, зекет бергін, Жаһаннамнан өзіңді азат қылмақ үшін..." Дүйсенбі күн хақ Мұстафа дүние салды, Хақ тағала пәрменіне бойынсынды. Ибн Аббас суын құйды, Әли жуды, Жұмақ ішінде ақ кебенек кимек үшін. Алла деген сахабалар тебіренді бір, Пайғамбардың жаназасын көтерді бір. Ол садратул мунтаһаға* көтерілді, Ғарыш үстінде тегеурінмен қоймақ үшін. Аспандағы періштелер жерге келді, Пайғамбардың сол нұрына әлем толды. "Әкем!.."-деді Фатима, жоқтау салды Әкесінен жетім болып қалғаны үшін. Құл Қожа Ахмет гауһар сынды хикмет айтты, Жарандарға қызмет қылып, назар тапты. Тоқсан тоғыз мың хикмет айтып, дастан қылды, Дастан қылып бақ ішінде жүрмек үшін.

116-ХИКМЕТ Біз түсіндік, сенде барлық әмір бар, Жекіретін кезінде де кешірер. Ғайып-құзұр бір өзіңе жарасар, 1 46


Сен-жетесің, сен-кешесің, уа, Ғафур! Жатыр еді өлім аузы Мүстафа, Күнәһар кәп кеп отырды, қайғыра. Күрсінді езі үмбетім деп аһ ұра, Сен-жетөсің, сен-кешесің, уа, Ғафур! Бізді сүйді, езгелерді сүймеді, Тіпті ата-ана біздей болып сүймеді Жарылқадым демегенше қоймады Сен-жетесің, сен-кешесің, уа, Ғафур! Хақ тағала түсірді оған бір аян, Деген "үмбет ісін жібер, сен, маған, Барлығын да бағыштаймын бір саған". Сен-жетесің, сен-кешесің, уа, Ғафур! Дейтін: "Үмбет мен кетсем де болсайшы, Пасық емес, парыз-сүндет қонсайшы. Үмбеттерден иман ұшып кетпегей," Сен-жетесің, сен-кешесің, уа, Ғафур! "Үмбеттерім үмбет іші сафы,-дер,Не қылайын кейде көбі ерік,-дер. Құдіретім өз сертіне берік,-"дер, Сен-жетесің, сен-кешесің, уа, Ғафур! Міскін Ахмет, сен бұл жыр-заһардан Құтылғын да іш шарапты, мейірлен. Қорыққайсың жиі Алла-қаһардан Сен-жетесің, сен-кешесің, уа, Ғафур!

117-ХИКМЕТ Құдай нұры, құдай досы, ол - Мұстафа, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе? Дұға, мадақ - құдай хақ Мұстафа, Кімдер үшін келді Расул білдіңіз бе? Кімдер үшін жас қылып ед кездерін де, Үмбет үшін бойран етіп өздерін де.

1 47


Үмбет болсаң, аңда сен үшбу сөздерін де, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе? Жылай-жылай жүзі-көзін жуды, көргін, Қиям тұрып аяқтарын жазды, көргін. Үмбет үшін қайғы-мехнат шекті көргін, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе? Әй, достарым, мұны білер үмбет қані, Егер білсе одан артық нығмет қані. Қияметте одан езге шафқат қані, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе? Үмбет болып Расул қадірін білдіңіз бе, Жан-тәніңмен сүннеттерін қылдыңыз ба? Расул үшін зар еңіреп еттіңіз бе, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе? Әттең, әттең, бақыт еді ол Мұстафа, Әттең, әттең, ғанибет қой ол Мұстафа, Әттең, әттәң, қорған-орман ол Мұстафа, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе? Құл Қожа Ахмет, сейле сәзің, тілім қапа, Үмбеттерге бергін опа, берме жапа. Үмбетіне солай дер-ау хақ Мұстафа, Кімдер үшін келді Расул, білдіңіз бе?

118-ХИКМЕТ Көзіңді ілме, ей мұсылман, сахар уақты ішінде, Құтқар өзіңді тозақтан сахар уақты ішінде. Сахарда гүлдер ашылып, сайрайды бұлбұл, Бір Алланы айтып тілесе, сахар уақты ішінде. Сахарда көктен келер періште мұсылманға, Жазғандарын жиярға сахар уақты ішінде. Сол сәтте көктен жаннат қақпасы ашылар, Сүйген құлға нұр тегілер сахар уақты ішінде.

1 48


Сахар уағында тұрғайсың, өлімді еске алғайсың, Қорқыныштан "көкке" ұшқайсың сахар уақты ішінде. Сахар ләззатын ғашық құлдар білерлер, Хақты кәзір көрерлер сахар уақты ішінде. Сахар уақты қош сағат һәм жаннат болар рахат, Тәңірге қыл ғибадат сахар уақты ішінде.

119-ХИКМЕТ Күналарым бара-бара шектен асты, Қиямет күн мені шерменде қылма. Басым жастықта, жаным шығарда, Тәнім барып лахат ішіне жатарда. Сират атты қыл көпірден етерде, Қиямет күн мені шерменде қылма. Қара жүзімді аққа балағайсың, Мұхамметі маған жар санағайсың. Сұрақ салғанда езің пендем дегейсің, Қиямет күн мені шерменде қылма. Хисапсызын күнамның мен біліппін, Құзырыңа сенің жалғыз келіппін. Өзің рахым қыл, бейшара құлыңмын, Қиямет күн мені шерменде қылма. Әміріңмен сенің іс қылдым мен, Бұл дүниеден кетерімді білмедім мен. Кәр ішінде жатарымды білмедім мен, Қиямет күн мені шерменде қылма. Өткендерден ғибрат алмадым мен, Кез жасымды тегіп жалбармадым мен. Кітап сөзін құлаққа ілмедім мен, Қиямет күн мені шерменде қылма. Жолымды басқара алмай жолда қалдым, Құдайға құлшылықты ете алмадым. Бар күнамды жиып мен қолға алдым, Қиямет күн мені шерменде қылма.

149


Ия, қүдай ғажайып қайранда болдым, Күнамды көріп шерменде болдым. Хисабын таппай дәрменде болдым, Қиямет күн мені шерменде қылма. Ғаріптікте зар еңіреп, болып қайран, Жасаған ием, бергейсің маған нүрлы иман. Менің мүшкіл халімді оңайлатсаң, Қиямет күн мені шерменде қылма. Ғарыбыңды жүмаққа жеткізгейсің, Сират атты көпірден өткізгейсің. Ием сен, күнам мен айыбымды кешіргейсің, Қиямет күн мені шерменде қылма!

120-ХИКМЕТ Бүйырған - д ә м , өзге дәмді дәм демей, Дүниеден бейғам өтерсің-ау қам жемей. Күймесе жан, жүрегің мен сай-сүйегің, Көз жасың ақса оған да сен мән берме. Мейлі, күлсе, жыласа, ғашық елі, Қызыл жүзін көріп тағы бейғам деме. Түп нәсілім жалғыз тамшы мәни суы, Сабан көріп, оны өзіңнен кем деме. Адамыңда зәре ақыл болмаса, Сен оны жақын тартып адам деме. Айтқан сырдан мән түймесе адам емес, Сен оны сырттай көріп қажы деме. Жүрегінде болмаса жүз у дерт, Сенен аяу күтсе ол дәмдес деме. Тықса былғап суық қанжарын, Жан берер іңкәріңе ем-дом деме. Иә, достар, дуана дер-міс әр кісі Дәулет, байлық, бас тартпаса-адам емес. Дария бетінде жүрген сабан кебі, Думан мен ду - бәрін тағы мығым деме.

1 50


Ей, Ахмет! Әр тынысты ғанибет тұт, Жарсыз татқан бұл дәмді бір дәм деме.

121-ХИКМЕТ Ей, билеуші, қос дүние патшасы, Пендесін ерткен қалқан панасы. Тілеп дәйім сен де оның пәктігін, Шайтан шараптан қорға, панасы Бұл шайтаннан, шараптан қайда қашармын, Өзіңе мәлім дүр сырдың һәммасы. Құдайым, саған мен жандым енді, Өзіңсің жалғыз бәрінің ризық Алласы. Кереметті жазар періште сонда не дер: "Шөл даланың құмынан да көп күнасы..." Мұхаммет - дүниенің ол көсемі, Сол бір күндері анық қой келіп сұрасы. Оқып хатым көрсем, еш амал жоқ, Басымды ұрсам, таусылып соның шарасы. Кіммін дермін, көп істі қылғаным жоқ, Өне бойы денем болған оның куәсі. Әлімнің қолынан ешкім құтылмас, Қаландар болғын, басыңа ки күләсы. Жәһаннам үстінен тартқан сиратты, Көргенде пенде анық қой жыласы. Қожа Ахмет Иасауи, сен, жыла дайым, Ешкімнің саған тең келмес, білем, жарасы.

122-ХИКМЕТ Бір күндері тұрармын-ау көңілім толқып, Хақ назары маған қарай түскен болса. Қырық жыл тозаң басқан көңіл мүлкім, Хақ жадының нұрын езі ашса болғай.

15 1


Зікіршілер жиналып бір түзілгенде, Зікір айтып өксіп-өксіп үзілгенде. Бойын олар аласұрып ұрған кезде, Көңіл құсы құзырына жетсе болғай. Дым білмес мен не болармын, сенен ісім, Сол үшін де ағар қан боп көзден жасым. Таңсәріде тұрып хақтан тілемесем, Періштелер "әуминіңе" түссе болғай. Мұңлы жанға жақын тұрар хақ дәргейі, Шақырса оған, жетер ме екен бірер гөйі. Шіркін көңіл болса хақтың назарында, Хақ назары ішке толып тасқын болғай. Хақ ісін хақтық үшін бұйырды ғой, Халық болса, өздерін әрлеп ұйыды ғой. Мехнаттарын нығметтей қотарды ғой. Бауырына қан, көзіне жас толса болғай. Сүйген құлдар сүйіктіге қайырылды, Дүние қойып дін ісіне еміренді. Ғашық құлдар Алла деп тебіренді, Шайтанның зәрі жарылып қашса болғай. Алла дегін, ей, құл Ахмет, өзің білгін, Өзің білген іліміңмен амал қылғын. Үлкен-кіші жарандардан ғафу өтін, Сен білмеген қателерді кешсе, болғай.

123-ХИКМЕТ Ей, достарым, жүрек баурым болды кәуап, Асық жанның оты болғай сол хақиқат. Ғашық сәуле көңілімді қылды бұзық, Осылайша ақыл-есім кетер болғай. Ғашығы жоқ адам ба екен, аңдасаңыз, Махаббатсыз шайтан - қауым, тыңдасаңыз. Асығыңнан өзге сөзді сөйлесеңіз, Желкеңізден иман, ислам кетер болғай.

152


Шарапхана кірген ғашық сыры - аян, Бауры пісіп, жасы ағып, болар сарсаң. Бекер жүрер, қайда барса, үйі ойран, Шәксіз білгін, бірлік - шарап, татса болғай. Асық түсті бұл басыма, қайран болдым, Үй-отаудан кетіп тағы, сарсаң болдым. Екі дүниені желге ұшырып дырдай болдым, Айқай күрсін, небір көкке жетсе болғай! Ақылға ерсең, хақтан өзге сөздер - харам, Қараңғысың пір қызметін етпей мадам. Алла десең шайтан нәлет саған құл-ау, Алла демес діннің де тек саны қалғай. Өмірі зая кеткендер ғашық білмес: Жаннан кешкен диуананы көзге де ілмес. Сол сұхбатты қылған пірге қайтып келмес, Жан көңілі тастан бетер қатты болғай. Алла сүйген пенде дайым жылап жүрер, Хақтан қорқып сырын айтып, ерте тұрар. Жақиядай* тынбай жылап жоқтау қылар, Бұл дүниеден алыс тартса, солай болғай. Ғашықтардың ісіне ерер сөз бен қадаз,* Ғашықтардың қажеті сол - рузе, намаз. Махшар күні көз жасы хаққа керек, Ғашық - абыз, дерт пен қайғы тартса, болғай. Ғашықтардың ерні - күлкі, жаны - діріл, Алла үшін көзде - жасы, бауыры бор. Ойы үйір, көңілі шүкір, жаны - зікір, Иншалла, қыл көпірден өтсе болғай. Ғашық жандар ел ішінде күйіп жылар, Сырты - күлкі, іштерінен жүрек улар. Ажал ұстап өлмек үшін бәрін бағар, Іңкәріне арыз-халін айтса болғай.

153


Ғашық жандар өсек сөзден қашпас болар, Надандарға ішкі сырын ашпас болар. Әр бір езге дүр мен гауһар шашпас болар, Өзі ұғынып сарғайған қан жұтса болғай. Пірмұған сүйген ғашық еш есі жоқ, Жүз мың түрлі тағат қылса, панасы жоқ. Ей, достарым, ғашық дерттің дауасы жоқ, Түнде тұрып пір айтқанын тұтса болғай. Пірмұған назар қылса, бергей дауа, " Ә й " менен"үй", "біз" бенен " м е н " болғай ада. Осылайша шайтан нәлет сенен жеке, Тар лақатта иман үйіріп жатса болғай. Құл Қожа Ахмет хақтың сөзін сөйлер мадам, Хақтан өзге сөздің бәрін дейді харам. Күнің туса, мекен болғай дәрассалам, Күна жуып дариясына батса болғай.

124-ХИКМЕТ Шариғатта мүршид болған алғыр құлдар, Шариғаттан ойып орын алар болғай. Содан алған бастауын мүмін құлдар, Ұжмақ үйін үміт тұтып тұрар болғай. Әзірейіл бұйрық қылып, жанымды алса, Ағайын-жұрт бәрі жиылып күйіп, жанса, Жеті қадам басқан соң қабір дайын, Мүңкір-Нәңкір кіріп сауал сұрар болғай. Мүңкір-Нәңкір кіріп сауал сұрар болса, Отқа қызған істігін кеп ұрар болса, Басым күйіп, жаным, тәнім отқа жанса, Зорыққан жан тар лақатта күйер болғай. Төрт жүз қырық төрт пайғамбар келген еді, Қалмады ғой бұл дүниеден өтті бәрі. "Куллу нәфси зоеқатул моут..." аяты, Құран ішінде содан хабар берер болғай. ! 54


Шариғаттан, тариқаттан баян болды, Хақиқаттан Құран сөзі калам болды. Бұл жаһанға Мұхамметтің нұры толды, Содан сәуле екі дүниеге тарар болғай. Келісті ел дер аймағыңда патша болса, Әділ болып пір мүмінді қазы қылса. Сол бір қазы бар халықты разы қылса, Разылықтан ұжмақ үйіне барар болғай. Намаз оқып азат болса Алла құлы, Сол бір құлдың реңі болғай мұндай сары. Сол қызмет хақ қасында болса лайық, Хор қыздары қарсы алып құшар болғай. Кейбіреу бар, намаз қадірін қашан білер, Әр намазда иман - баста, таза болар, Солай десе, ғапыл басын бұрғай ұйып, Ғапылдықпен ғұмыр желге шашпас болар. Құл Қожа Ахмет, құлмын десең, тағат қылғын, Қияметтің қылмағанын жақын білгін. Хаққа жуық болам десең, тағат қылғын, Тағат қылып, хаққа жуық барар болғай.

125-ХИКМЕТ Махабаттың шоғы сенсің, уа, біздің серкеміз, Ораза мен намазымның парызы болғай. Махшарда әділдікпен сұрар болса, Ғашықтардың бір құдайға арызы болғай. Арыз сол ғой: құдайға мың шағым айтар, "Халім к ө р " деп жасын сығып ойбай айтар. Өкіргенде махшар жақтан абад атар, Ғашықтардың бір құдайға арызы болғай. Шын ғашықтар дайым құтты, өлген емес, Әруақтары жер астына кірген емес. Тақуалар оның мәнін білген емес, Шын ғашықтар халайықтың Қызыры болғай. 1 55


Жазғанынан қорқып өзі жылап тұрар, "Махшар күні не етермін?-"деп қан да жұтар. Сират атты сол көпірде жасы қатар, Қожасына ол да бір тек арызы болғай. Зәре асықтық кеміс түссе нала қылар, Көздің жасын ағызып ол Оман* қылар. Әр не тапса хақ жолына ықсан қылар, Қызғаныштың қылғаны тек бағзы болғай. Ғашықтардың жас орнына қаны аққай, Періштелер әр тараптан нұрын шашқай. Қапыл болса, "әзір бол" деп өзін баққай. Шын ғашықтар бұл дүниенің жұғзы* болғай. Дүние тұрғын ақыреттен уайымы жоқ, Рухы - жалғыз, иман, ислам серігі жоқ. Тариқаттан адасқанның уайымы жоқ, "Пендемін" дер тілі менен ауызы болғай. Түнде - Алла, күнде - Алла, тынбай жүрер, Алла шамы көбелектің өзін ұрар. Ләйлі-Мәжнүн, Фархад-Шырын ғұмыр сүрер, Хақ тағала - ғашықтардың сөзі болғай. Ғашық күйсе, қас іңкәрі бірге күйген, Аярлар бар күймей тұрар, жаннан тойған. Ғашық сыры күйген кезде'нұрға толған, Сол себептен іңкәріңнің назы болғай. Отқа салса жанбайды ғашық кісі, Жер мен көкті бағстан қып аққан жасы. "Алла" десе ауырады іші-тысы, Күймек, жанбақ - ғашық жанға ойын болғай. Жасын сығып өксіп жылар сарайда, Барлық ғашық жиылып барғай дәргейге. Жеті тозақ тағат қылмас бір "уһке," Рахманекем ғашықтарға қазы болғай.

1 56


Бейбіт жүрсе ғашықтарды қабыл қылмас, Қор мен ғылман жаннат барса, көзге ілмес. Ғашық көзін кілем басқан жерден алмас, Сол ғашықтар дидар көріп разы болғай. Ғашықтардың жеті көкке жетер даусы, Алла десе жексен болар әр күнәсі. Ғашықтардың рахманекем бір панасы, Әзіз басы халайықтан ізі болғай. Ғашықтарды көп күйдірген хақ дидары, Сол үшін ол тынбай жылап болар разы. Сертке берік ғашықтары көрер оны, Хақ тағала көз жасының мәзды* болғай. Ғашықтары хаққа қарап азап тартар, Періштелер тарту қылып хаққа айтар. Шоқ шарабын ішкен ғашық шоғы артар, Сол ғашықтар халықтың тұзы болғай. Жан шарабын ішкен ғашық онда сұлтан, Сол үшін де хақ жолында жаны құрбан. Таңға барса дидарына болар мейман, Қысы келіп, шарап ішсе жазы болғай. Ғашық жүріп бойларын таса қылар, Жақсы көрсе, кәззәптарды шыншыл қылар. Хақтан қорқып, дәргейіне лайық қылар, Сырты - тұлып, ішінде бір көзі болғай. Ғашық жандар елден танар, Алла - разы, Ғашықтықта арман сол шәһид ғазы. Қажет болмас ғашықтарға көп пен азы, Тамшы жасы хақ жаратқан мәзірі болғай. Естен танып, басын жарған, аққан қаны, Зікірінде тек бір Алла - бір мен бары. Оған салмақ таң сәріде қан жыламақ, Ғашық жандар әр күн жүз мың ғазы болғай.

1 57


Қүл Қожа Ахмет малы жоқ - тек нәзір басы, Таңға барса қожасына сыйы - жасы. Әлжуаздық бір жүрген қылған ісі, Қызыл жасы сары жүздің уәжі болғай.

126-ХИКМЕТ Сүбханекем пәрман қылса қүдіретін, Ғашықтары өксіп-жылап жүрер болғай. Махшар мекен тұлан тұтып жасын төккей, Ел ішінде адасып бір жүрер болғай. Ғашықтардың хақ қасында жүз назы бар, Өкіргенде зәре ешбір, қалмас, жанар. Рузе, намаз, тәспі - бәрі пәруардігер. Іші күйіп, солай олар жүрер болғай. Хақты іздеп, серіктері - қүл мен күңі, Қажет емес ғашықтарға бақ пен көгі. Қаза жетсе, жүректері оған кебін, Қызыр Ілияс серік болып жүрер болғай. Ғашықтардың көз жасы дер көк бағстан, Онда бар ғой мәңгілікке мың-мың дастан. Түлға - бұзық, керек болса, үйде ойран. Хақ қүдіретін жыр қылып жүрер болғай. Қайғыланып жүрер болып мас пен қайран, Бір Алла деп көзде жасы, бауры - бойран. Өкіреді зар еңіреп кемсеңдейді Алла жадын дүға қылып жүрер болғай. Қадырекем құдіретімен тату ойласа, Жаннат барар ғашық үшін әмір ойласа. Ғашық-тағы күңіреніп дұға ойласа, Шарапты айтып думан қылып жүрер болғай. Күндіз-түні жыла дайым бір дем тынбай, Тілмен Алла жадын айтып үзбей-талмай. Көзден жасы ағып, тағы бауры күймек, Сол жасты алып куә қылып жүрер болғай. 1 58


Махаббаттың пырағына мініп жүрген, Ондай ғашық тариқатта сейіл қылған. Сыр шарабын ішіп әзәл рухқа қонған, Ғашық бабы - сыбыр қылып жүрер болғай. Көріп, біліп мал-мүлікті қолға алмас, Тозақ кірсе ғашық тіпті уайым қылмас, Хор-ғылманды бір ескеріп көзге ілмес, У менен шу, думан қылып жүрер болғай. Қаһарекем қүдіретімен сыбырласа: "Дидар үшін күйген жандар, кел-кел,-" десе. Олар көздің жасын төгіп, зар еңіресе, Ақыл-есін дана қылып жүрер болғай. Рахманекем рақым етіп, сыбыр қылғай, Мүңды жырын естіп ғашық жаны кіргей. Сап-сап болып ғашық басын бір көтергей, Ғашық өзін жалғыз қылып жүрер болғай. Ғашық болып хикмет айтты Қүл Қожа Ахмет, Шын ынтамен тыңдағанға жүз мың рахмет. Арнау қылғай тәңір иман - тәж бен дәулет, Ғашық жанын сафа қылып жүрер болғай.

127-ХИКМЕТ Әуел ол деп, ақыр да ол, еркін болғай, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Сыртың менен ішің бірдей жолға кіргін, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. "Ла Иллаха Ила Аллах,-"деп зарын қылсаң, Хақ зікірін айтқан жанға бәрін берсең, Пірмүғанның қызметінде үзбей жүрсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Тілге алсаң "Ла Иллаха Илла Аллах,-"деп, Әр нәпсіңді түншықтырсаң солай, демек, Пірмүған назар қылса, бір күн кенет, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын.

1 59


Лүқман сынды біртуар дүние тепсең, Кімді көрсең, Қызыр көріп қолын өпсең, Сол жамалын көремін деп сәре тұрсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Алла деген пенделердің қүлы болсаң, Топырақтай табан асты жолы болсаң, Ғашықтардың жанып сөнген күлі болсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Зікірші боп, шүкірші боп хақты сүйсең, Таңсәріде түрып нәпсі көзін ойсаң, Баязидтей ғашық болып дүние қойсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Жүрсең, қусаң, жатсаң, түрсаң, хақты айтсаң, Зікірші боп шүкір қылып жаннан кешсең, Қүдай үшін дүние - харам, таспен атсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Хаққа жетем десең, түрып таңнан жыла, Бір Алла деп жүрек-баурың отқа була. Қолдасын деп жанды белге бекем байла, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Лүқмандайын бүл дүниеден күдер үзсең, Сараң, салақ, тәкаппардың үйін бұзсаң. Махаббаттың дариясына шомып жүзсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Күндіз-түні ақыреттің қамын жесең, Түн үйқыны харам қылып, тағат етсең, Махаббатың шоғын іздеп кеуде тілсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Әуелеген менмендіктен қашып жүрсең, Орай тапсаң, көзден жасты шашып жүрсең, Махаббаттың шарабынан ішіп жүрсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын.

1 60


Ей, достарым, бүл дүниеден жылап өтсең, Қаның жалдап бұл дүниені кешіп өтсең, Махаббаттың шамын алып, шарапты айтсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Түнде - Алла, күндіз - Алла, тынбай айтсаң, Түніменен ояу болып қан да жүтсаң, Бүл дүниенің бүйымдарын тастап кетсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Пірмүғанның айтқандарын берік түтсаң, Мағрипаттың базарында өзін сатсаң, Шарапты айтып, думан тойлап, зікір етсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. "Иа, раббана, зүлмана,-"* деп нала қылсаң, Көз жасыңды жүрген жерге қырау қылсаң, Хақтың жадын айтып өзің ғашық қылсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Дертті хал, қайғыңменен жолға кірсең, Көбелектей шамды көріп өзіңді үрсаң, Қайда барсаң, зікір айтып, дүкен қүрсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Махаббаттың майданында бас ойнатсаң, Өліп-өшіп зікір салып, жан қинатсаң, Дидар тілеп, қан-жас төгіп, зар еңіресең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Сағалап сол босағасын ердің жатсаң, Таңсәріде кеуде тіліп ерте түрсаң, Зарын қылып, қапа болып жаннан кешсең, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Топырақтай қорлық тартсаң, нәпсің өлсе, Ел ішінде мазақ болсаң, ғалам күлсе, Шын көңілден жыла, көріп қүдай білсе, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын.

161


Көз жасыңды дария еткін, рақым келсе, Ғарып болып жолда жатсаң, құлым десе, Астырт жүріп тағат қылсаң, тәңірің білсе, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Топалаң түн - күрсініспен алау жақсаң, Көз жасыңның жалынымен шақпақ жақсаң, Жарандардың сұхбаты боп еріп ақсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Ей, ынсапсыз, дүниені хаққа жақсаң, Пенде болсаң, хақ зікірін тынбай айтсаң, Пірмұғанның қызметінде жапа тартсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Бір Алла деп жан тапсырсаң, баурың күйсе, Түндер тұрып тағат қылсаң, тәңірі сүйсе, Одан соңыра ақсақалдар назар қылса, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Түндер бойы ояу болып сәрі тұрсаң, Ғашық болсаң, Ысмайылдай жаннан кешсең, Қол-аяғың берік буып, әмір тұтсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Тақуалық, қанағат қып жаның қина, Майдан іші басың беріп тағы да ойна, Күннен кешіп, мал орнына зақұм жина, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Фархад сынды мехнат тартып, таулар кессең, Баязидтей* түндер тұрып өзіңді ассаң, Жөнейттей* шөлдер кезіп, шөңге бассаң, Хақ жамалын керсетпесе, мен кепілің болайын. Хақ рахматы - ұлы дария, тамшы қанса, Сол тамшыдан алған жан естен танса, "Біз" бен "мендік" шыбындай боп сенен ұшса, Хақ жамалын керсетпесе, мен кепілің болайын.

162


Хақ рахматы - ұлы дария, қабыл болсаң, Талапты ісің хақ сарайға пейіл болсаң, Дайым қылып тақуалық бой ұсынсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Алла - жалғыз, тек Алла деп естен тансаң, Мансұр сипат "мен - хақпын,-"деп шатақ қылсаң, Жылап, жылап көз жасыңды дария қылсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Ей, бейхабар, қамсызсың-ау, ұйқыдасың, Дүние тілеп күндіз-түні қайғыдасың, Тағат қылмай өзеурейсің, бекер жүрсің, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Тастан төсек жастанып, тағат қылсаң, Хақ әмірі разы боп бойынсынсаң, Дер кезінде иман мықтап қолға алсаң, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын. Құл Қожа Ахмет, насихатты өзіңе қыл, Бейхабарсың, елді қойып, өзіңді біл. Таудан ауыр күнәң бар, өзіңе кел, Хақ жамалын көрсетпесе, мен кепілің болайын.

128-ХИКМЕТ Өзі артық ораза ұстап - шайқылықты елге сатар, Ілімі жоқ көптен жаман, ақырзаман шайқылары. Беліне шұлғау шалар, өзін де кісі санар, Ғарасатта дірілдейді, ақырзаман шайқылары. Басына сәлде орар - ілімі жоқ неге жарар, Көзі қ ұ р ғ а қ жас тамбаған, ақырзаман шайқылары. "Алайыннан" алқынар, мәмлені мал қылар, Іссіз өмірін жел қылар, ақырзаман шайқылары. Шайқылық - ұлы іс болар, хазіретке жылы ас болар, Ас та бермес бауыры тас, ақырзаман шайқылары. Міскін Ахмет, қандайсың, хақ жолында нендейсің? Ілімі жоқ, не санда жоқ, ақырзаман шайқылары.

I63


129-ХИКМЕТ Қашқан осы құлың келді дәргейіңе, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Еркін жылап келдім қадір сарайыңа, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Түн кешіріп таң атқанша жату - ісім, Таңнан тұрып сыр шертпеді мұңлы басым. Өкінішпен ағар ма екен көзден жасым, Құлың түтып жолға салғын, құдайым. Жөнсіз жолға кірдім, достар, халім азап, Сұрасам да ешкім маған бермес жауап. Өзің маған жол көрсеткін даңқың самғап, Қүлың тұтып жолға салғын, қүдайым. Ұят артып, келдім қорқып, не етейін мен, Ұлық қүда, пәруардігер, илахымнан. Сыбырлайсың, үміт беріп дәргейіңнен, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Уа патшам, қүзырыңа жылап дайым, Қаусап келдім қараңғыда шықшы, айым. Патшам - сенсің, бір мен барым, жұбанышым, Құлың тұтып, жолға салғын, құдайым. Бастан-аяқ тұтас күнә, қайда барайын, Жолы адасып, иттей болып, кімнен сүрайын. Бұл халімде дидарыңды қайтып көрейін, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Мен бір кетсем, қол мен аяқ түгел куә, Рахмат етіп сен кешпесең халім нашар. Шермендемін, дәрменсізбін, көп қой күнә, Қүлың тұтып жолға салғын, қүдайым. Күнә дерті сырқат қылды, тәуібім, сен, Ғашығымсың, дәрменімсің, аруым, сен. Жолда қалдым, халім сүрар досым да, сен. Құлың тұтып жолға салғын, қүдайым.

164


Пасық, аяр рахматыңнан үмітсіз емес, Сенен өзге ешкім мені жолға салмас. Қайырылмасаң, мүшкіл халім жеңілдемес, Қүлың түтып жолға салғын, құдайым. Ешкімде жоқ, жерде-көкте сенсің қадір, Бүл сөзімнің шәгі жоқ, өзің - төре. Жалғыз дара, бір өзіңсің қашан әзір, Қүлың түтып жолға салғын, құдайым. Мен жолыңда бас бермедім қадір қүда, Бас не болсын, ғаріп жаным жүз мың пида. Дерт те - өзің, дәрмен - өзің қайырың - дауа, Қүлың түтып жолға салғын, құдайым. Жан мен иман ас болатын сенің зауқың, Жаным беріп сатып алған ғашық-мауқым, Махшар күні шипа болғай сенің шоғың, Қүлың түтып жолға салғын, құдайым. Құлху Алла сұбхан Алланың қамшысы, Ораза мен намаз, тәспі, хақ елшісі. Пірмұған - талапкердің жол басшысы, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. "Әнтә-Әлхади, Әнтә-Әлхақ..."* зікір айтсам, Сен көсемсің, сен бұйырған оңға кетсем. Әр зікірді тілге алып, еңіресем, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. "Әнтә-Әлхади, Әнтә-Әлхақ"- қуат дейді, Пірмұған өзі келіп берсе бата. Іші жарық болып сол сәт кетсе игі, Қүлың тұтып жолға салғын, құдайым. Қүл Қожа Ахмет рахметіңнен үміт түтар, Қожам өзін пендем десе шүкірін айтар. Бүл болмаса, жүз өкіріп несін айтар, Қүлың түтып жолға салғын, құдайым.

1 65


130-ХИКМЕТ Хош, құдіретті пәруардыгер, бір мен барым, Құлың тұтып жолға салғын сен, құдайым. Заты ұлық рахманекем, сүйенішім. Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Таңсәріде жылап төксем қанды көзден, Көңілім ашып, қ ұ р қалдырма жақсы сөзден. Құдіретіңе сіңіп қана кетейінші, Құлың тұтып жолға салғын.құдайым. Игілікті хақтан тілеп қыл мінәжат, Қажетіңді жеңілдеткей қазы қожа. Рахмет - дария, толып тасар бір Ефрат, Құлым тұтып жолға салғын, құдайым. Шіркін саған еш жетпейді бұл ойбайым, Жер көкті нала қылар бұл айғайым. Махшар күні қышқырмай ма ерігім, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Пенде болсаң зікір айтқын, құлдыққа алсын, Жолдан азсаң жолбасшың боп жолға салсын. Таң сәріде зар еңіре рақым қылсын, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. "Әнтә-Әлхади, Әнтә-Әлхақ..."- зікірі Алла, Бұны біліп хақ зікірін айтшы, тынба. Жазмыш - өлер, рахман ием назар қылса, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. "Әнтә-Әлхади, Әнтә-Әлхақ..." зікірі жүректе, Білмес надан тілмен ғана айтып жүрмек. "Мен," "мен" деген заман шайқы тек балшықта, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. "Әнтә-Әлхади, Әнтә-Әлхақ..."- зікірі ұлық, Соны айтып дұға еткеннің көңілі сынық. Шайқымын деп дұға еткеннің орны - тамұқ, Қүлың тұтып жолға салғын, құдайым.

1 66


Уа, жарандар, нәпсі қамап армандамын, Күнә жүгі иілдірді, дәрмәндамын. Әлсіз құлың, әрне қылсаң, пәрмандамын, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым. Құл Қожа Ахмет, нәпсі артып сорлау болмас, Жол топырақ болсам-дағы, кәпір өлмес. Жер мен көктен бір нәр берсем, ешбір тоймас, Құлың тұтып жолға салғын, құдайым.

131-ХИКМЕТ Қалам тозып, жүгім - ауыр, өзім - аусыл, Қасіретке ақыл-есім кетті ауысып. Керуен өтіп көзден ғайып, қызынасың, Барар жерім біле алмадым... қиян енді. Әбес өтті ессіз емірім рәсуалықта, Қорықпадым ешбір заман құдайлықта. Дайым жүрдім нәпсім үшін кедейлікте, Не қылсам Да сол сауда зиян енді. Сөйтіп жүріп Әзірейіл тосын келсе, Қайран тәннен жанды алып, пана берсе. Шайтан алып иманымды рәсуа қылса, Бауырларым орта жолда мен қалғам енді. Сөйтіп жүріп сөз айтуға ж о қ қой пәрман, Ұшып жүр ғой, бұл тірлікте шамы - иман. Қызыл гүлдей осы жүзің болар сабан, Жақын болғын, жер астына тақал енді. Әйел-перзент, аға-інің жылап тұрғай, Мирас деген мал-мүлкіңді беліп алғай. Иілтіп сені қара жерге тығып кемгей. Ас етеді қарайш атты жылан енді. Кел, ей, қ о р қ а қ , бұл істерден хабар алғын, Дүниені қойып, тәубе қылып, хақты сүйгін. Құл Қожа Ахмет, бұл дүниеден етіп жанғын, Бәлкім назар қылар ма екен, пірің енді. 1 67


132-ХИКМЕТ Қостамайды ғалымдар сіздің айтқан түркіні, Абыздардан естісең ашар көңіл көрігін. Аят-хадис мәнісі түрікше болса келісті, Сол мәністі білгендер жерге қояр бөрігін. Қазы, мүфти, молдалар - шариғаттың қазығы, Абыз, ғашық алады тариқаттың арынын. Амал қылған ғалымдар - дініміздің шырағы, Пырақ мінер махшарда иіре киіп бөрігін. Амал қылса ғалымдар - дін мен дәстүр жарығы, Көрсең болар оларды, өңшең жүздің көрігін. Амал қылмай хал ілімін - оқу білмей қалғандар, Арқалайды қайтерсің, қырық есектің бар жүгін. Қожамын деп лепірме, үшбу дүние тым терең, Білемін деп айтпағын көңілдегі кірбіңін. Жөн сілтейтін Қожа Ахмет, гүлстан дер - мағрипат, Сөйлер сөзі - хақиқат, ашар көңіл көрігін. Әлсіз міскін Қожа Ахмет, жеті атаңа рахмет, Парсы тілін біледі, жақсы айтады түрігін.

133-ХИКМЕТ Көңіл құсы ұшар дайым қанат қағып, Сергелдеңнен екі көзден қанды төгіп. Тән өлтіріп, тақуа боп.тізе шөгіп, Иа, Иллахи, ғафу қылғын бар күнамды. Надандықта қылған ісім бәрі - қате, Тәубе, күнә ойламадым жағам тұта. Қамыт сынды мойынға сал өлімді, Иа, Иллахи, ғафу қылғын бар күнамды. Дүние сүйіп, дін саудасын өткеріппін, Иә, достар, жазу жүгін бөктеріппін. Дәргейіңе тек күнә келтіріппін, Иа, Иллахи, ғафу қылғын бар күнамды. Сұм дүние көңіл тартып жалқау болдым, Думан-дырду, уа, дариға жаһел* болдым.

1 68


Бұл дүниенің өтерін енді білдім. Иа, Иллахи, ғафу қылғын бар күнамды. Көңіл мүлкін түтас жаулап зұлмат түні, " М е н " ішінде пайда болар "біз" бен "мені". Пір қызметінен жырақ қылар бізден оны. Иа, Иллахи, ғафу қылғын бар күнамды. Құл Қожа Ахмет күнасына қайыл жүрер, Әркім Алла десе соның жары болар. Жарандардың сұхбатына пейіл жүрер, Иа, Иллахи,ғафу қылғын бар күнамды.

134-ХИКМЕТ Сұбханекем өзі дер Мұстафаға бұйырған, Бабам - Арыстан түкірді, шайқым - Ахмет Иасауи. Мұстафаның шапанын киді, татты дәмінен, Тұтты кәбе алқасын, шайқым - Ахмет Иасауи. Бақса кәбе көрінген, барша жер де түрілген, Абыз білім берілген, шайқым - Ахмет Иасауи. Шыққан тегі танылған - білмес оны көп надан, Білер оны жалғыз хақ, шайқым - Ахмет Иасауи. Ысқақ бабажарығы, шайқы Ыбырайым құлыны, Шайқылардың ұлығы - шайқы Ахмет Иасауи. Иасы судың арасы, жатыр гауһар парасы, Шайқылардың сарасы, шайқым - Ахмет Иасауи. Қаршығаны құстаған, сұңқар-лашын ұстаған, Сансыз мүрит бастаған шайқым - Ахмет Иасауи. Шариғатта көрікті, тариқатқа берік-ті, Хақиқатқа лайықты, шайқым - Ахмет Иасауи. Шариғаттан қозғаған, тариқаттан іздеген, Хақиқатты білдірген, шайқым - Ахмет Иасауи. Күн шығыстан батарға: мәсих, жөйіт, татарға, Құлдық қылып сатарға, шайқым - Ахмет Иасауи. Он сегіз мың ғаламда, аты мәшһүр кәламда, Орны дәрассаламда, шайқым - Ахмет Иасауи. Жол торабы - Хорасан, сансыз түмен - Үндістан, Бабтардың бабы - Арыстан, шайқым Ахмет Иасауи. Атам аты бәйгелі, көкке ұшырар тозаңды, Екі дүние - көз күсі, шайқым - Ахмет Иасауи.

1 69


Қызырменен сұхбаттас, Ілияспенен жақын дос, Хақ қасында құрметті, шайқым - Ахмет Иасауи. Түркістанға баралық, қызмет оған қылалық, Үлес берсе алалық, шайқым Ахмет Иасауи. Баба Машын ол сұлтан, мүрит болды бикүман, Хәкім Қожа Сүлеймен, шайқым - Ахмет Иасауи.

БАРЛЫҚ АРМАН ТІЛЕКТЕРДІ ҚАБЫЛ АЛЛАТАҒАЛАНЫҢ МЕЙІРІНЕ МІНАЖАТ Мінажат еттім, міскін Қожа Ахмет, Иә, Алла, бар пендеңе қыл рахмет. Ғарып Ахмет сөзі әр кез көнермес, Егер жер астына түссе шірімес. Және мансұқ болып ол қар болмас, Оқыған пенделер дертті болмас. Оқығанға қылармын онда шарапат, Қиямет тигізермін шапағат. Құдайым несіп етсе, маған жаннат, Оқығандарға қылғаймын шапағат. Тілекті не тілесең тәңірім бергей, Махаббат қызығын көкірекке салғай. Жүзін беріп пәруардігерім, Өзін жолға салсын бір және барым. Құдайым махшарда берсін жақсы күн, Қияметте асыл жанға тозақ махрұм. Үнемі дұғада болса әр мұсылман, Өлер кезде беріледі нұр иман. Менің хикметтерім ғаламға толған, Есітпей өлгеннің бәрі қылады арман. Менің хикметтерім дертке дәрман, Кімдер бой ұсынбаса, жолда қалған. Менің хикметтерім ғаламда дастан, Көңілім түссе, сұхбатың болар гүлстан. Менің хикметтерім білгенге өсиет дүр, Білмегенге кепиет дүр. Менің хикметтерім шәкірттердің ризығы дүр, Іші мәнсіз болса, еңбегі еш дүр. Менің хикметтерім Алладан пәрман, Оқып ұққанға бар мағынасы - Құран.

1 70

АЛУШЫ


Менің хикметтерім ғаламда сұлтан, Бір мезетте шөлді етер гүлстан. Менің хикметтерім құштар махаббат, Көз жасына еткей таһарат. Намазына Расул Алла имамы болғай, Бар періште оның қауымы болғай. Күдікпен еткен намазы, Қабыл болғай оның хаққа ниязы. Менің хикметтерімді ғашыққа айтсаң, Ділі Әминадай адалдарға айтыңыз. Бәрі көрер ақымақтар мен кәззабын, Бар ықлымды кезсем де таба алмадым тазасын. Менің хикметтерімді сарапшыға айтыңыз, Құдай рахымы түскен сақиларға айтыңыз. Әділетті патшаның бір аты - Садық, Бір сәтте қылар жұмаққа лайық. Менің хикметтерімді надан естімес, Ділі, көңілі қара кеңесімді білмес. Қатеден хабарсыз, Аллаға мәңкүр, Әдепсіз бейәдеп дүниеде бейпір. Жазған адам әр кезде көркем жазсын, Көркем жазып көңілі судай тассын. Діні, иманы жоқ - исламы ойран, Қиямет таңы атса, жолда қалған. Кемел пірді көрмей шайқы Сәнан, Қабыл қылмас құдайы оны оқыса Құран. Іші қуыс болса да өзін шайқы санайды, Жасы жиырмаға жетпей өзін іріге балайды. Үлкен-кіші жайында сөз қылады, Жақсы-жаманды айырмай тез қылады. Олардың сөзінің бәрі - өсек пен жалған, Шариғат қауым одан әр кез ұялған. Сенсін деп мұны бірнеше биақыл Бұрынғы әулиелерден қылар мұны нақыл. Қасиетсіздер қасиетті боп көрінбек, Тілі менен қол ұшын беріп, ішіменен бөлінбек. Шайтаннан артық мекерлігін жасырар, Таңда махшар қара жүзі ашылар. Олардың жүзін көрмеңіз әр кез, Лағынетке жуымай маңынан без. Соқырға бар тіліммен айттым,

17 1


Хақиқат сөзбен наданды сөктім. Егер бір ғалым болса, жаным - тасаттық, Д ү р мен гауһар сөзімді есітіп үқ. Д ү р мен гауһар сөзін ғаламға ашса, Оқып ұқса, бір Алланы таныса. Бұл ғаламға жанымды құрбан қылармын, Бар мүлкімді аямай шашып тынармын. Кәне, ғалам, іс-әрекет, жарандар? Құдайдан жан аяйтұғын не амал бар? Шын ғалымның жастығы тастан болды, Ғылымын әлемге жайса, көңілі толды. Өзін білгені - хақты білгені, Құдайдан қорқып ынсапқа келгені. Менің хикметтерімді даналар есітсін, Сөзімді дастан қылып, мақсатына жетсін. Менің хикметтерім - ісім мен сөзім, Алла көңілімде болсаң, қорғаушым да өзің. Менің хикметтерім - кемел пір, Кім құдайды таныса, жанымен бір. Менің хикметтерімді жайсаңдарға айтыңыз, Дұға, тәкпір қылсын, рахметіне батыңыз. Менің хикметтерім - қүдіретті бір пір, Естігендердің көңілі толқып үйып тұр. Тірі болса бүл жаһанда қор болмас. Оқыған пенделер еш нәрседен зар болмас, Қияметте оның жадында болармын. Егер дертті болса, дәрмен болармын, Егер жүз жыл өмір сүрсе, қарымас, Егер жер астына кірсе, шірімес. Құдайым қылғай оны тозақтан азат, "Жаддан" атты бейіште жаны болғай шат. Егер хикметімді оқысаң, ей, сүйікті пенделер, Шәкіртім - сен, перзентім - сен, ісің маған жөн келер. Менің хикметіме қойса кім бас, Өлерінде болсын иманы жолдас. Иасауи хикметін даналар естісін, Естіген жандар мүратына жетсін. Жауһар кенінен бір түйір алсын, Естімегеннің бәрі қасіретте қалсын. Хикметті тыңдаса бар жанымен, I 72


Кеудеден шығар жаны иманымен. Құлаққа ілмейді бұл сөзді надан, Оны адам деме, жүрген бір хаиуан. Құдайдың сөзінен шыққан бұл бір хикмет, Естігенге нұрдай жауар рахмет. Менің хикметімді кім тұтса бекем, Құдайым оны қайғысыз қылса екен. Кірер жаннат ішіне ол шад-шадыман, Құдайым айырмасын оны махшар таңнан. Менің хикметтерім құдіреттің данасы, Құдайдың дертті құлының дауасы. Менің хикметтерім шекер мен балдай, Сөздерім өтер теңдесі болмай. Менің хикметтерім "Инғам Алла"*, Сахар уақтында айтса "астапыралла". Мұсылмандар өтер шайтан жолына бармай, Мұхаммет Мұстафа олардың қолын алғай. Пайғамбар үмбетім деп мейірленсін, Әзәзілді құдайым өзі қусын. Менің хикметтерімді дертсізге айтпа, Баға жетпес гауһарымды наданға сатпа. Иасауи хикметінің қадіріне жеткіл, Ғашық шарабынан бір тамшы татқыл. Ғашық шарабынан бір тамшы татқай, Құдайдың жұмағына біржола жеткей.

17 3


Сөздік А Абад (п.) - елді-мекен", бай, берекелі, думанды жер. Агаһ (п.) - хабардар болу, ескерту. Ағузу биллахи бисмилла, дұрысы: ағузу биллаһи мина шайтан ражим (а.)- мен құдайшылық жолында шайтанға қарсымын Адһам - Лұқпан хәкімнің лақаб аты. Аз каззаб ла уммати (а.) - "Өтірікшілер менің үмбетімнен емес" - деген пайғамбар хадисі. Аләстә би раббикум (а.) - "Мен сендердің раббыларың емес пе едім?!" - деген Құран аяты. Аль-веда (а.) - дүниемен қош айтысу. Астана (п.) - табалдырық, босаға, сарай, қасиетті орын, құлшылық ететін орын. Астағфиру уа астағфару (а.) Алладан кешірім сұрау, жалбарыну. Асхаб, немесе әсхаб ( а . ) - сахабалар

Ә Әбу Жаһил уа Әбу Лаһаб, немесе Әбу Лаһаб хазіреті Мұхаммет пайғамбардың әкесімен туыс бауыры. Әзәл, немесе әзал (а.) - алғаш, әу бастан яғни адам баласы жаратылған күннен бері. Әнә-Әлхақ (а.) - "Мен хақпын, құдаймын-," деген шайқы Мансұр сөзі, өзінің хақиқатқа жеткендігін білдіреді. Әнтә-Әлхади (а.) - "Сен менің жол көрсетушімсің, нұсқаушымсың," Аллаға мадақ. Әнтә-Әлхақ (а.) - "Сен хақсың," Аллаға мадақ. Әмір мағруф (а.) - Ислам дініндегі қырық парыз, немесе орындалуға тиісті аллағала әмірлері.

174


Б Баб (а.) - есік, тарау; атақ. Орта Азияда аты шыққан бір топ дәруіштерге берілген атақ. Баба Мәшін - Ахмет Иасауи мүриттерінің бірі. Бақа биллаһи (а.) құдайшылық жолында табандылық, осы жолда мәңгі қалу. Бахре (п.) - пайда, үлес, кіріс. Баязид, немесе Баязит - һ.ж. санауымен үшінші ғасырда өмір сүрген әйгілі сопы. Толық аты Бастамилік Баязит. Бәно (а.) - негіз, сүйеніш, үй, ғимарат. Бидар (п.) - ояу, сергек. Бихамдилла (а.) - құдайға шүкір. Бір мен барым - бұл ғаламның бәрін жаратушы ие, яғни аллатағала.

в, г, ғ Вахданият (а.) - бірігу, Алла жолында бірігу. Гәбр (п.) - отқа табынушы. Геда (п.) - кедей, қайыршы, мүсәпір. Ғазы, немесе ғаза (п.) - соғыс кезіндегі өлім. Ғайнул-иақин (а.) - исламдық көзқарас, соның ішінде сопылық танымда шариғат. Мағынасы: өте жақыннан хақ ілімін көзбен көру, ұғыну және оны қабылдау. Ғаси (а.) - күнәһар, бағынбайтын, бас имейтін. Ғаршы-күрсі (а.) - ислам фәлсафасындағы Алланың әміріне бой ұсынылатын ғалам Ғарып, ғарип (а.) - мүсәпір, бишара, сорлы, жат, бөгде. Ғафур (а.) - Алланың 99 атының бірі. Мағынасы: аса кешірімді. Ғилмул-иақин (а.) - сопылар дүниетанымында тариқат, жолға түсу. Мағынасы: хақ ілімін ұғынып алған соң іс жүзіне асыру. Ғылман (а.) - құл, қызметші, ұжмақта аруақтарға қызмет ететін нөкерлер.

д Даргаһ (п.) - дәргей, Алланың құзыры.

175


Дәраламан (а.) - тыныш жер, қауіпсіз орын, бейбіт өмір. Дәралбақа (а.) - бейіш. Дәрассалам (а.) - жұмақтың бір аты. Д ү р (п.) - інжу-маржан. Дур (п.) - алыс, ұзақ. Ду та (п.) - бүгілу, иілу, екіге бүктетілу, хақ жолында іздену, еңбектену.

Ж Жаббар (а.) - Алланың 99 атының бірі. Мағынасы: үлкен құдіретті күш иесі. Жақия залымдар басын кесіп алған пайғамбарлардың бірі. Жақып - Жүсіптің әкесі, пайғамбар. Жам (п.) - ғажайып тостаған, Иран аңыздарында ішіне үңілгенде әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан оқиғаларды көрсетіп беретін тостаған. Жанан, жанана, жанане (п.) - сүйікті, іңкәр, Аллатағаланы астарлау. Жанид - дұрысырағы: бағдадтық Жөнейт, атақты сопы. Жафи (а.) - қатігез, қайырымсыз, залым. Жахел (а.)- надан. Жеті аспан - пайғамбарымыздың көкке көтерілуінде жеткен биігі. Жөнейт, немесе Жөнейд - әйгілі Жөнейт Бағдати. Жуда (п.) - айрылу, бөліну, жеке-дара болу. Жүніс - кит ішінде күнелткен пайғамбар. Жүсіп - өзінің байсалдылығымен аты шығып, соған орай кеп кедергіге душар болған пайғамбар.

Жұғзы - аз. 3 Заққум (а.) -тозақтағы ағаш аты. Запыран (п.) - тамаққа сары түс беретін шөп. Заһед (а.) - дүниеден безген адам тақуа, дәруіш. Зәкария залымдар басын арамен кескен пайғамбар.

176


Зәкір, немесе закир (а.) - зікірші. Зоннар (п.) - мұсылман билеушілерінің боданындағы мәсихилердің және отқа табынушылардың беліне тағатын белбеуі. Зүнен Мысыри, немесе Завалнун, дұрысы: Зуннун Шайқы Мансұрдың мүриді.

И Иа, Раббана әламна (а.) - "Иа, раббым, бізге білім бере гөр". Иа, Раббана зұлмана, дұрысы: Иа, Раббана зәламна (а.) - " И а , Раббым біз өзімізге қастандық жасадық". Иләддавам (а.) - ақыретке дейін. Имтазул иаум (а.) - қиямет күні Инғам Алла, немесе инхам Алла, дұрысы: Анаом Алла (а.) - "Аллатағала неғмат берсін" Инна фатха, дұрысы: Инна фатахна (а.) - Құран кәрімнің Әл-Фатих сүресінің бірінші аяты. Мағынасы: шын мәнінде Алла саған нағыз жеңіс сыйлады. Исмайыл, немесе Ысмайыл Ибрагим пайғамбардың ұлы, оны әкесі құрбандыққа шалмақ болады. Иухиббунаһу, иуһибунна (а.) - пенделері Алласын сүйеді. Иухиббуһим, дұрысы: иуһибуһум (а.) - Аллатағала да пенделерін сүйеді.

К Каззаб (а.) - жалған, өтірік, өтірік сөйлейтін, кезеп. Куфе тұрғыны - Куфе - қазіргі Ирак жеріндегі қала. Тіркестің мағынасы ислам деп жар салып, іс барысында мұсылмандарға қарсы әрекеттер жасау. Күлфат (а.) - қиыншылық. Кулли мин әлейха фәнә, куллу мән әлейха фан (а.) барлығы да өледі. Кулли нәфси зоеқатул моут (а.) - барлық тірі жан өлімнің дәмін татады. Күлә (п.) - бас киім.

1 77


қ Қадаз, кадаз (п.) - өсек. Қалу бәлә, немесе, қалу бала, (а.) - " И ә , - " деп жауап берді яғни "Иә, Раббымызсың,-" деп жауап берді. Қарун - Құран хикаяларында аталатын бай әрі сараң адам. Қарыш - залым мағынасында. Қаріп (п.) - туысқан, жақын. Қынған - дұрысы Кенан, яғни қазіргі Палестинаның бұрынғы аты. Л Лағил (п.) - жақұт. Лақа (а.) - көрісу, дидарласу. Ламакан (а.) - мекені ж о қ , үйі жоқ. Алланың сипаты. Ламайан, дұрысы: ламаон (а.) қайнар. Лаух махфуз, дұрысы: лаухул лу-махфуз (а.) Алланың құдіретімен адамдардың болашақ тағдыры жазылатын тақта. Бұл туралы Құранның 82-ші " Ә л Буруж" сүресінің 22-ші аятында жазылған. Лахат (а.) - көр, қабір. Лималла - құдай үшін. Лутф (а.) - ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық.

М Маад, дұрысы: мадд(а.) - арап тілінде бір әріпті созып оқу үшін қолданылатын белгі. Мағрипат (а.) сауаттану, ғылым, білім, заттың негізін әсілін түсіну. Ал, сопы әлемінде мағрипатқа жету: өзіңді тану арқылы Алланы тану. Мадам (а.) - ғұмыр бойы. Малайк (а.) - періштелер. Мансұр - һ.ж. санауымен үшінші ғасырда өмір сүрген сопы. Өзінің әйгілі "Әнәл-Хақымен" кең танымал. Матқи кулли, матқи кулли (а.), дұрысы: мата куллун, мата куллун - барлығы да дүние салды. Маута қабла ан тамута (а.) - өлмей тұрып өлу. 1 78


Махшар (а.) - адамдарды о дүниеде жазалайтын күні жиналатын орын. Мәзд (п.) - дәм. Мәй (п.) - шарап. Мәңкүр (а.) - қабірде өлгендерден сұрақ алатын екі періштенің бірі. Екіншісінің аты - Нәңкүр. Мәулім (а.) - молда, мәртебелі тақсыр. Алланың бір сипаты. Мәшуқ (а.) - іңкәр, сүйікті жан. Месуақ (а.) - тіс жуатын құрал. Мимма халеқ, дұрысы: мимма халақ (а.) - неден жаратылдың? Мужтаһид (а.) - ыждағат, ынта, ықылас. Муған (п.) - отқа табынушы, сиынушы. Негізінде зорастр дінінің дәріптеушілеріне, ұстазғұламаларына берілген есім. Мунафиқ (а.) - екі жүзді, опасыз, залым. Мүршид (а.) - басшы, жол көрсетуші, ұстаз, шайқы. Мүрит (а.) - жолын қуушы, шәкірт. Мусаффани, дұрысы мусафа (а.) - таза, саф. Мухаррам (а.) - ай аты, һижри қамари (ай) күнтізбегі бойынша жыл басы. Мұштақ(а.) - ғашықтық, аңсау, құмарлық, шабыт, шөлдеген.

Н Намран (т.) - Бұл не ісің? Нәубат (а.) - кезек, рет, өз орнымен. Нәһи мункар (а.) - тиым салынған қырық парыз. Мағынасы: қисық, бұралаң, нашар жолдардан тию. Нияз (п.) - қажет, қажеттілік. Нығмет (а-) ~ рызық, ырыс, игілік, қайырымдылық. Нида (а.) - шақыру, хабар беру, жариялау. О, П Оман Оман теңізі, көздің жасын көл қылу мағынасында. Паруардигар, немесе пәруардігер (п.) - хақ, жаратушы. Пәруа (п.) - уайым.

1 79


Пенхан (п.) - оңаша, жасырын, құпия. Пир (п.) - қарт, ақсақал, пір. Пикан (п.) - үшкір, өткір, найзаның ұшы, жебе, найза. Пимана (п.) - өлшер, өлшем, шама. Пуч (п.) - бос, бекер, құр, мәнсіз. Пірмұған (п.) - басшы, көсем, сопылардың руһани көсемі.

Р Рауа (п.) - орындау, орындалу. Рауан (п.) - бір қалыпты ағым. Рәжәл-ул тәлһикум, дұрысы: рижалун тулһиһим (а.) Алла жолын көксеушілер. Рәсуа (п.) - қадірсіз, инабатсыз, мазаққа ұшырау. Риа (а.) - екі жүзді, опасыз, сондай-ақ көңіл мағынасында. Риазат (а.) - құлшылық ету, тақуалық, Қүдай жолына біржолата түсу. Роузе (а.) - бейіш, тағы бір мағынасы: миссионер, дінді уағыздаушы Руаят (а.) - аңыз, әңгіме, хикая. Руз (п.) - күн. Рузе (п.) - ораза. " Рузе аләст (п.) - Алла адамдарды жаратқан күн.

С Садратул мунтаһа (а.) - жеті қат көк. Садық (а.) - дұрыс, шын, шындық, анық. Сақар (а.) - тозақтың бірі. Салах (а.) - акылды, салауатты, қайырымды. Сана (а.) - мақтау, мадақтау. Саруар (п.) - бастаушы, басшы, көсем. Сахауат (а.) - жомарт, кең пейіл. Саһар (а.) - таң сәрі. Сират (а.) - қияметтің қыл көпірі. Сур (а.) - үзбей оқитын 11-рекаттық кешкі намаз. Сұбхан (а.) - таза, пәк, барлығынан пәк.

1 80


т Тағат (а.) - шыдамдылық, бой ұсыну. Тағзим (а.) - бас ию, тағзым ету. Такбир (а.) - Аллаға мадақ. Тариқат (а.) - жол, жүйе, сенім, қағида. Сопылардың ұстанған жолы. Тарса (п.) - мәсихи. Тасбих (а.) - тәспі. Татавво (а.) - өз еркімен, ерікті. Таухид (а.) - монотеизм, бір құдайға сенушілік. Ташдид (а.) - арап тіліндегі қос әріптің үстіне қойылатын белгі. Таһа (а.) - Құран Кәрімнің 20-шы сүресі. Мұнда Мұса пайғамбардың хикаялары сөз болған. Тәрк (п.) - тәрк ету, безу. Тилауат, немесе талауат (а.) - Құран Кәрімді өз қағидасы бойынша дұрыстап, дауыстап оқу. Туби, дұрысы туба (а.) - аңыз бойынша бейіште

өсетін ағаш. Турбат (а.) - табыт сүйек, күл.

У, Ұ, Ү Уа лиабку касиран (а.) - "Олар көбірек жыласын." Уа ма динакум (а.) - "Дінің кім?" Уа раббука факаббар (а.) - "Аллаға тәкпір, мадақ айтыңдар." Уа шуқа, дұрысы: уа шәуқ (а.) - "Уа ғашықтықтың шоғы": ынтық сезім мағынасында. Уа хасрата (п.) - "Қайран жалған!" мағынасында Уажгун (п.) - жүгіну, жүгініп келу. Уахдат (а.) - құдайдың бірлігіне сену. Уәлаят - пайғамбар ұрпақтары Уһ-уһ, дұрысы: һу-һу (а.) - "Ол, ол!" деп сопылардың Аллатағаланы меңзеп айтқан зікірі. Үлпат, үлфәт, немесе үлфат (а.) - достық қарымқатынас, жақын болу, ілтипатты болу. Үмбет (а.) - пайғамбардың жолын қуушылар.

18 1


ф Ф а азкуру уа Аллаһу касиран (а.) - "Алланы көбірек есіңе ал!" Фазкуруни азкурукум (а.) - "Мені ойлағандарды мен де ойлаймын." Файдхаку қалилан (а.) - "Аз күліңдер." Фана, немесе фана фи Алла (а.) - құдайшылық жолында Аллаға беріліп, сіңіп кету. Фасих (а.) - шешен. Фәхм (а.) - ой-түсінік, түсіну.

X Хабиб (а.) - сүйікті, жақын дос. Хақиқат (а.) - хақ, шындық; сопылық ілімінің ең жоғарғы сатысы, яғни хақты тани ала білу дәрежесіне жету. Хақпәрәст (п.) - бір Аллаға табынушы. Хаққул-иақин (а.) - Алланы жақын тану, жақын сезіну яғни хақиқатқа қол жеткізу. Хала (п.) - қазір, осы сәт. Халас, немесе халес (а.) - таза, тума, саф. Хамду сана (а.) - Аллаға мадақ айту, оны дәріптеу. Хар (п.) - қор, қорланған, кемсітілген, төмен. Харам (а.) - тиым салынған, шектелген, арам. Харап (а.) - бүліну, қирау, талқандалу. Харир (а.) - жібек. Хасан Басри - атақты сопы, ашайрилер сектасының негізін қалаушы. Хатиб (а.) - құтба оқушы. Хауа (п.) - ес, ақыл. Хежап (а.) - мұсылман діні бойынша ханымдар киетін исламдық киім. Хелле, дұрысы хулле (а.) - сопылар киетін ақ түсті киім. Хор (а.) - жәннат ішіндегі қызметші қыздар, күңдер.

Ш, I Шайқы Сәнән - есімі көптеген парсы дастандарында аталатын, өз дініне берік сопы, ұстаз. 1 82


Шакир (а.) - Аллаға шүкір етуші. Шапқат (а.) - рақым, қайырым, мейірім. Шариғат (а.) - ислам дінінің негізгі қағидасы. Шафағат (а.) - қорғаушы, жоқтаушы, шапағат. Шаһ (п.) - патша. Шаһ Хусейіндей Кербалада сусап өлсем, имам Хусейін - Кербала шөлінде шәйіт болған пайғамбар немересі. Шаһар (п.) - қала, ел. Шаһадат (а.) - куә, куә болу, дәлел. Шаһид (а.) - құрбан болу, шейіт, немесе шәйіт кету. Шәблі, дүрысы: Шәбәли - аты дастандарда көп аталатын Аллаға шын берілген абыздардың бірі. Шәрияр (п.) - Мұхаммет пайғамбардың төрт досы, пайғамбардан кейінгі төрт халифа. Олар: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли. Шәһрбану - имам Хусейіннің жұбайы. Шейаналла, дұрысы шәаналла (а.) - құдайшылық істері. Шейда (п.) - беріле, естен тана сүю, өзін-өзі ұмытып ғашық болу. Шоуқ, немесе шоқ (п.) - ынтық, ғашықтық құмарлығы. Шүбһа (п.) - күдік, күмән. Ізім Уақап (а.) - барлығын кешіруші Аллатағала.

Қысқарған нышандар: (а.) - араб сөзі. (п.) - парсы сөзі. (т.) - түрік сөзі.

183


Хикметтердің Қазан нұсқасымен үйлесімдігі үшін кестесі Осы басылым бойынша хикметтердің рет саны

орын

тәртібі

Қазан нүсқасы бойынша хикметтердің рет саны

і-хикмет

с^~ \

2-хикмет

О^-Ү

з-хикмет

о ^ г

4-хикмет

о.^ і

6-хикмет

о»£=- о

7-хикмет

с^Х^ л

9-хикмет

с_^=- V

10-хикмет

с~*£^ л

п-хикмет

с-^=-я

12-хикмет

с^~

ь

13-хикмет

о^\>

14-хикмет

ох^-\т

15-хикмет

с^>- \г

іб-хикмет

о-^ и

17-хикмет

о~$и\о

19-хикмет

^

^

70-хикмет

С^-У-

20-хикмет

С~*£=-Ү\

2і-хикмет

с^~ ҮҮ

23-хикмет

о~£>- үг

25-хикмет

О^ҮІ

1 84


22-хикмет 24-хикмет 49-хикмет 50-хикмет 48-хикмет 27-хикмет 26-хикмет 5- хикмет 28-хикмет 29-хикмет зо-хикмет зі-хикмет 32-хикмет зз-хикмет 34-хикмет 35-хикмет 42-хикмет 37-хикмет 28-хикмет 39-хикмет 40-хикмет 41-хикмет 71-хикмет 42-хикмет 43-хикмет 44-хикмет 45-хикмет 46-хикмет

85


47-хикмет

*-хикмет 51-хикмет 52-хикмет 53-хикмет 54-хикмет 55-хикмет 65-хикмет 58-хикмет 56-хикмет 57-хикмет 59-хикмет 60- хикмет бі-хикмет 62-хикмет 63-хикмет 64-хикмет бб-хикмет 72-хикмет

73-хикмет 74- хикмет 75-хикмет 76- хикмет 77-хикмет 78-хикмет 79-хикмет 80-хикмет 8і-хикмет

86


82-хикмет 83-хикмет 84-хикмет 85-хикмет 86-хикмет 87

-хикмет

88-хикмет 89-хикмет 90-хикмет 9і-хикмет 92-хикмет 93-хикмет 94-хикмет 95-хикмет 96-хикмет 97-хикмет 98-хикмет 99-хикмет 100-хикмет юі-хикмет Ю2-хикмет 103-хикмет 104-хикмет Ю5-хикмет Юб-хикмет Ю7-хикмет Ю8-хикмет і09-хикмет

87


по-хикмет іп-хикмет П2-хикмет НЗ-хикмет П4-хикмет П5-хикмет 7-хикмет П7-хикмет П8-хикмет П9-хикмет 120-хикмет 121-хикмет 122-хикмет 123-хикмет 124-хикмет 125-хикмет 126-хикмет 127-хикмет 128-хикмет 119- хикмет ізо-хикмет ізі-хикмет 132-хикмет ізз-хикмет 67- хикмет 134-хикмет Мінажат


Мазмұны Аудармадан айтар сөз А Түркістан төріне жетелейтін жол Е Сөз басы (Қ. Қари мен Ғ. Қамбарбекова аудармасы) 1хикмет (1-6-хикметтер М.Жармұхамедұлы тобының аудармасы) з 2-хикмет 6 3-хикмет 8 4-хикмет ю 5-хикмет ц 6-хикмет 13 7-хикмет (Қ.Қари, Ғ.Қамбарбекова аудармасы) ы 8-хикмет (8-24-хикметтер М.Жармұхамедұлы тобының аудармасы) 16 9-хикмет 19 10-хикмет 20 11-хикмет 21 12-хикмет 23 13-хикмет 25 14-хикмет 26 15-хикмет 27 16-хикмет 29 17-хикмет зо 18-хикмет зо 19-хикмет 31 20-хикмет 32 21-хикмет зз 22-хикмет 34 23-хикмет 35 24-хикмет 36 25-хикмет (25-26-хикметтер Қ.Қари, Ғ.Қамбарбекова аудармасы) 37 26-хикмет 38 27-хикмет (27-67-хикметтер М.Жармұхамедұлы тобының аудармасы) 38 28-хикмет 39 29-хикмет 40 30-хикмет 41 31-хикмет 42 32-хикмет 43 33-хикмет 45

1 89


34-хикмет 35-хикмет 36-хикмет 37-хикмет 38-хикмет 39-хикмет 40-хикмет 41-хикмет 42-хикмет 43-хикмет 44-хикмет 45-хикмет 46-хикмет 47-хикмет 48-хикмет 49-хикмет 50-хикмет 51-хикмет 52-хикмет 53-хикмет 54-хикмет 55-хикмет 56-хикмет 57-хикмет 58-хикмет 59-хикмет 60-хикмет 61-хикмет 62-хикмет 63-хикмет 64-хикмет 65-хикмет 66-хикмет 67-хикмет 68-хикмет (68-117-хикметтер Ғ.Қамбарбекова аудармасы) 69-хикмет 70-хикмет 71-хикмет 72-хикмет 73-хикмет

1 90

46 48 49 50 52 52 55 56 56 57 57 58 58 59 59 61 62 62 65 66 66 66 67 68 69 70 71 74 76 77 78 79 80 81 Қ.Қари, 82 82 83 83 84 85


74-хикмет 75-хикмет 76-хикмет 77-хикмет 78-хикмет 79-хикмет 80-хикмет 81-хикмет 82-хикмет 83-хикмет 84-хикмет 85-хикмет 86-хикмет 87-хикмет 88-хикмет 89-хикмет 90-хикмет 91-хикмет 92-хикмет 93-хикмет 94-хикмет 95-хикмет 96-хикмет 97-хикмет 98-хикмет 99-хикмет 100-хикмет 101-хикмет 102-хикмет 103-хикмет 104-хикмет 105-хикмет 106-хикмет 107-хикмет 108-хикмет 109-хикмет 110-хикмет

86 88 89 90 92 94 95 97 99 99 юз 104 104 105 107 109 110 из П5 116 П7 118 122 123 125 126 127 128 128 129 129 ізо ізі 132 134 134 138

111-хикмет

138

112-хикмет 113-хикмет 114-хикмет

но 142 144

19 1


115-хикмет 146 116-хикмет 146 117-хикмет 147 118-хикмет (118-119-хикметтер М. Жармұхамедүлы тобының аудармасы) 148 119-хикмет 149 120-хикмет (120-134 хикметтер Қ.Қари, Ғ.Қамбарбекова аудармасы) 150 121-хикмет 151 122-хикмет 151 123-хикмет 152 124-хикмет 154 125-хикмет 155 126-хикмет 158 127-хикмет 159 128-хикмет 163 129-хикмет 164 130-хикмет 166 131-хикмет 167 132-хикмет 168 133-хикмет 168 134-хикмет 169 Мінажат (М.Жармұхамедүлы тобының аудармасы) СӨЗДІК

Хикметтердің Қазан нұсқасымен үйлесімділігі үшін кестесі

1 92

орын

170 174

тәртібі 174



















































































































































































































































Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.