9 маусым пдф 2015

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢА АЛЫҚ?

Мойынқұм Шу ауданы

Талас ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса Жуалы ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

ТАРАЗ

№69 (18103), Сейсенбі, 9 маусым, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ ЕЛБААСЫ ӘЛЕМДІКК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДДЕР КӨӨШБАСШЫЛАРЫНЫ ЫҢ V СЪЕЗІНЕ ҚААТЫСАДДЫ

БАЙЗАҚ

Аудандағы 30 орта мектептің 136 оқушысы жазғы демалысын лагерьлерде өткізеді. Көрші Т.Рысқұлов ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы лагерьге бірінші маусымда 80 бала, екінші маусымда 56 бала барады. Жылдағыдай биыл да лагерьге әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасы балалары баратын болды. Осы дүйсенбіде жазғы демалысты қызықты етіп өткізуге 80 бала аттанды.

Бүгін Елбасы Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі аясында Финляндия Пре зиденті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр. 10-11 маусымда Мемлекет басшысы «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік ж ə н е д а м у жо л ы н д а ғ ы диалогы» деген тақырыппен өтетін съездің жұмысына қатыс ады. Сондай-ақ, съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жəне Иордания Королі ІІ Абд а л л а м е н ке зд е с у і жоспарланған.

ЖУАЛЫ

Аудандық «Достық» Мәдениет үйінде Шақпақ ата ауылындағы №4 балалар өнер мектебінің есеп беру концерті өтті. Мектеп ұстаздарынан құралған «Сұлу саз» ұлт аспаптар ансамблінің орындауында күй тартылып, өнер мектебінің «Шақпақ» триосы мен облыстық ән байқауларының жеңімпазы Ерлан Сазанбаев, Арайлым Әбдіжан сынды әншілер халық арасында кеңінен таралған әндерді орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. МОЙЫНҚҰМ

ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Раймондс Вейониске Латвия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады. Қазақстан Президенті өз құттықтауында біздің еліміз бен Латвияның достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы болашақта екі халықтың игілігі, татулығы мен тұрақтылығы нығая беретініне с енім білдірген. Нұрсұлт ан Назарбаев Р. В е й о н и с к е м ы қ т ы денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тіледі.

ОҚ

Ы УШ

ЛА

Тұңғыш Президент саябағында тараздықтар мен қала қонақтары аптаның әр жұмасенбі күндері отандық киноны тамашалай алады. «Ашық аспан астындағы кино әлемі» аталатын бұл игі іс-шара тамыз айына дейін жалғасады. Көрсетілімде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай отандық тарихи деректі фильмдерге басымдық беріледі.

Мемлекет басшысы Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту жұмыстары барысымен танысты. Елбасы ел орда айналасындағы жасыл аймақты əуеден тікұшақпен шолып шыққаннан кейін орманды алқап қалыптастыру жəне дамыту жұмыстары барысымен танысты. Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылдан бері жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде елорда айналасына егілген жасыл желектің ауданы бүгінде 70 мың гектарға жеткенін атап өтті. – Бір кездері біздің жоспарымызға күмəнмен қараған еді. Бірақ, біз осы орманды болашақ ұрпақ үшін өсіріп, оны Қазақстанның кереметіне айналдырдық. Соның арқасында қалада шаңтозаң, жел азайды. Орманда арнайы жидек ағаштары отырғызылып, аң-құс пайда болды. Егілген ағаштар елорда тұрғындары мен

М Р ДЕ

қонақтарының демалысына қажетті жағдай туғызады. Мұнда веложолдары, кемпингтері бар демалыс аймақтарын орнықтыру жоспарлануда, – деді Қазақстан Президенті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы орман шаруашылығы еңбеккерлеріне, ғалымдарға қажырлы еңбектері үшін ризашылық білдірді. Қазақстан Президенті «жасыл белдеу» алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасатынын айтты. Соңында Мемлекет басшысы дəстүр бойынша қырғауыл ұшыру шарасына қатысты. Елбасы Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мəселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласының əкімі Ə.Жақсыбеков жəне ауыл шаруашылығы вицеминистрі Е.Нысанбаев қатысты.

АЛЫСЫ

ҰБТ-2015

, П Ы Т А Н Й А Ж З А Ж КҮН КҮЛДІРІП...

БИЫЛ ОБЛЫС ЛАГЕРЬЛЕРІНДЕ

Кеңеске қатысушылар аралық қорытындылар мен елорданың жасыл белдеуін əрі қарай дамыту қадамдарын талқылады. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін негізгі үш бағытта жұмыс жүргізу жоспарланған. Ол – қалыптасқан аймақтардағы жасыл желектің тығыздығын арттыру, қала аумағындағы бос жерлерге ағаш отырғызу, демалыс орындарын қалыптастыру. Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» қалыпт астыру барысындағы үйле сімді жұмысты қамтамасыз ету, ғылыми тəжірибені қолдану, жаңа технологиялар енгізу, қала аумағы мен оның сыртындағы орман алқаптарын қосу маңыздылығына назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Мойынқұм ауылындағы Ж.Қуанышбаев атындағы музейде «Балалық шаққа саяхат», «Ертегі әлеміне саяхат» атты апталық мәдени іс-шара өтті. Аудандық кітапхананың балалар бөлімімен бірлесе отырып өткізілген ісшарада музей қызметкері Алмаш Таубазарова бүлдіршіндерге ертегі оқып берсе, балалар бөлімінің кітапханашысы Меруерт Сұлтанова қойылған ертегі кітаптар көрмесіне саяхат жасап, бүлдіршіндерге ой салды.

3550 ОҚУШЫ ДЕМАЛАДЫ

АЛТЫ КҮННІҢ НӘТИЖЕСІ: 5 ТҮЛЕК 125 БАЛЛ ЖИНАДЫ ҰБТ басталғалы бергі алты күн ішінде 5 түлек 125 балл жинады, – деп хабарлайды ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Олар: Ердосова Гүлназ Жандосқызы – Тараз қалалық №45 қазақ классикалық гимназиясы; Мұст афина Риана Еркінқызы – Астана қаласындағы №59 мектеплицейі; Самат Сымбат Қуанышқызы – БҚО Теректі ауданындағы «Үміт» лингвистикалық мектебі; Абдазимова Лаура – ОҚО Түлкібас ауданындағы үш тілде білім беретін, дарынды балаларға

арналған мамандандырылған мектепинтернат жəне Яковлева Анастасия Владимировна – №90 лицей, Алматы қаласы. Өткен жылы ең жоғары баллға 4 түлек ие болған. Еліміз бойынша ҰБТ 165 пунктте өтті. Өтініш берген 85 856 түлектің 80980-і қатысты (94,3 пайыз). Орташа балл – 79,5. Міндетті 50 балл межені 65 947 түлек (81,4) бағындырды. Ал 14 133 (17,5 пайызы) түлек 100 баллдан жоғары көрсеткіш жинады.

Ормансыз жер жалаңаш, Армансыз ер жалаңаш.

Халық мақалы.

«Ақ жол-Ақпарат».

(Облыстағы ҰБТ-ның қорытындысын 4-беттен оқисыздар).

Ш

РАҒЫ ӨП О

– 20 15

«ЕҢСЕБЕК» Ы Н Р О Ң Ы Н Ы Р А БАЗ ҚАҢЫРАП ТҰР Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». «Төлебай» базарының айналасында бүгінде қызу жұмыс. Бір жағынан ойын-сауық орталығының алып ғимараты бой көтеріп жатса, екінші жағынан археологиялық қазба жұмыстары жүруде. Болашақта бұл жер тараздықтардың ғана емес, қала қонақтарының да көз қуанышына айналмақ. Ал Байзақ батыр көшесінің бойындағы бұрынғы «Еңсебек» базарының орны туралы бұлай деп айта алмаймыз. Өйткені, көлік бөлшектерін сататын

ШАЛҒЫНҒА ШАЛҒЫ ТҮСТІ

Сəулембай ƏБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

Наурызбек САРША, «Ақ жол». Ке з - ке л ге н о қ у ш ы ж а з ғ ы демалысын асыға күтеді. Осы орайда оқушылардың биылғы ж а з ғ ы д е ма л ы с ы б а с т а л ы п , «Болашақ», «Рауан» лагерьлері балаларды тынықтыру жұмыстарына кірісіп те кетті. Қала əкімінің орынбасары Маржан Қожаева аталған лагерьлерге бас сұғып, балалардың жай-күйімен танысып қайтты. «Болашақ» лагерінде бізді Алла Гнусина қарсы алды. Ол лагерьді аралатып көрсетіп, мұнда негізінен қала тұрғындарының

əлеуметтік аз қорғалған тобының ұл-қыздары, балалар үйлерінің тəрбиеленушілері д е м а л ы с - с ау ы қ т ы р у і с і м е н қамтылатындығын айтты. – Лагерь 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күні мемлекет бір баланың бір ауысымдағы демалысына тұрақты орта есеппен 28 000 теңге бөледі. Біздегі бір ауысымның ұзақтығы – 12 күн. Мұнда балалар екі мезгіл бассейнде шомылып, түрлі ойындар ойнайды. Балаларға арналған барлық ас мəзірі бар, – деді ол өз сөзінде. (Жалғасы 4-бетте).

– Биыл 17 мың гектар алқапты игердік. Егістіктің дені Түркістан ауылдық округіндегі үш елді мекеннің маңайында, – деді аудан əкімінің орынбасары Олжас Көкей, – осында дəнді дақылдардың 60-70 пайызы егілген. Шынында да Көсегенің көк жонына шыға бере-ақ ой мен қырға дəнді дақылдардың молынан егілгені көзге бірден шалынады. Ə.Бүркітбайұлы ауылының маңайында күздік арпа бітік, ырғалып тұр. Гүл ашқан жоңышқа да жайқалып, мақсары да бой ала бастапты. Ал Арыстанды ауылынан əрі қарай «Майлыбұлаққа» баратын жол қапталында шөп орағы басталып та кетіпті. – Жауынның молдығынан жоңышқа биыл ерекше қалың өсті, – дейді шаруа қожалығының иегері Жаңабай Мəндібаев, – шөптің биіктігі сонша ұсақ малды былай қойғанда, ірі қараның сауырынан асардай. Алқапқа бара жатқанда Вали есімді кісімен жолыққан едік. Оның қарамағында 10 гектар жоңышқасы бар екен. Соны орып, тайлап, тасымалдауда. Онымен қапталдас «Айуан төбеде» Мəндібаевтың шөпшілері күннің аптап ыстығына қарамай қызу еңбекке кіріскен. Механизатор Бейбіт Дəндібаев шөп орады əрі тырмалайды, тайланған шөпті тасымалдаумен айналысады (суретте). Алқапта күздік үшін пар айдаумен «К-700» тракторының жүргізушісі тынбай тірлік жасауда.

Қысқасы, түркістандықтар биыл бұрын-соңды болмаған мал азығы мен дəн жинау үшін аянып жатқан жоқ. Арыстанды ауылындағы 54 отбасының қоражайларына тайланған жоңышқаларының маялануы – соның бастауы ғана. Өздерінен артылғанын ойдағы шаруаларға сатпақ. Бір таңқаларлығы, көпті көрген қариялар соңғы 50-60 жылда мұндай шөп қалың шығып, егін бітік өскен емес деп отыр. Түркістан ауылы, Сарысу ауданы.

бұрынғы «Дүйсеке» ЖШС-ның «Еңсебек» базары бүгінде көштен қалған жұрттай қаңырап қалған. Айналасы тым-тырыс. Дүкендердің терезесінің тесігінен тек сумаңдаған жел ғана ызыңдайды. Осыған орай, біз қалалық əкімдіктің сəулет жəне қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Айдар Молдабаевқа «Сіз не дейсіз?» дегенімізде: – Біз 2014 жылы 201 гектар жерге «Тараз қаласының орталық аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау» жобасын дайындадық. Ал сөз болып отырған «Еңсебек» базарының орнына болашақта спорттық-сауықтыру кешені бой көтеретін болады. Оны базар иесінің өзі біздің жобамыздың негізінде соғуы тиіс. Ал құрылыстың қашан басталатыны бізге беймəлім, – деп жауап берді. Қала тұрғындары сүйікті шаһарының бұл бұрышы да көзге қораш көрінбей, өңір көркіне көрік қоса түскенін қалайды. Тараз қаласы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.