23 aqpan PDF 2019 j

Page 1

АҺАН Д

А

Ж

BІRІŃDІ, QAZAQ, BІRІŃ DOS, KÓRMESEŃ, ІSTІŃ BÁRІ BOS. (ABAI).

және

Сарысу С Сар Са ар а ры ысу ыс су с ауданы ауд а ау уд у да ан аны ны ны

Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazet

Мо Мой М ойы ын н Мойынқұм а ауд ау уд у да ан н ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл облысты о амды -саяси газет

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№21 (18671), Senbі, 23 aqpan, 2019 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. aqjolgazet.kz

Gazet 1922 jyldyń 1 mamyrynan shyǵady

ПРЕЗИДЕНТ

НДА ЖАҺА

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ Құрметті қазақстандықтар! Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдағалы отырмын. Өткен жылдардағы əлеуметтікэкономикалық ахуал тұрақты болды. Бұл – əрине, жақсы кезең. Бірақ бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз. Мен ұсынған Үшінші жаңғыру жəне «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» құрылымдық реформаларды жедел жүзеге асыруға бағытталды. Бес институционалдық реформаның толық іске асырылуы шағын жəне орта бизнестің үлесін түбегейлі арттыруға жəне мемлекеттің экономикаға араласу үлесін төмендетуге, банктерді «тазартуға», соттарға жəне құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруға тиіс. Қабылданған заңдарға, Үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыты бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді. Ішкі жалпы өнім негізінен шикізат ресурстары есебінен қамтамасыз етілді. Бірақ Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыт бойынша нақты нəтижелердің жоқ екенін аңғартты. Өнімді жұмыс орындары жеткілікті түрде ашылмай отыр. Бұл əсіресе ауылдық жерлерге қатысты. Шағын жəне орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне жəне оны дамыту ісі əкімдер мен министрлердің негізгі міндетіне айналмады. Мен тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасы əрбір Үкімет мүшесі мен əрбір əкімнің жұмысындағы негізгі басымдық болу керек деп бірнеше рет айттым.

ЙІ Ү С

Екі жыл бұрын біз конституциялық реформа жүргіздік. Осыған орай Үкімет əкімдермен бірге əлеуметтік-экономикалық мəселелерді шешіп, оған жауап беру үшін барлық тиісті өкілеттік пен дербестікке ие болды. Индустриялық, əлеуметтік,

инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау жəне білім беру салаларын дамытуға қатысты барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Оларды жүзеге асыру үшін қажетті қаржы бөлінді. Дегенмен, жүйелі жұмыс жүргізілмеді. Тұрғындардың нақты табысы өспеді.

Н ШІ!

Отбасылардың бюджетінде азық-түлікке деген шығын көлемі арта түсті. Ат қ а ру ш ы о р г а н д а рд ы ң с а л ғ ы рт тығынан əлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы əлеуметтік көмекпен қамтылмаған. Оның үстіне Үкімет мүшелері, министрлер, əкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді. Бұл ретте, мен ел Пре зиденті əрі Конституцияның кепілі ретінде халықтың мүддесін ескере отырып, мынадай шешім қабылдадым. Үкімет отставкаға кетуі тиіс деп санаймын. Үкіметтің жаңа басшылығы өмір сүру деңгейін арттыруға, экономиканы ынталандыруға, стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нақты шаралар əзірлеуі тиіс. Мен «Нұр Отан» партиясының жақында өтетін съезінде əлеуметтік қолдауды күшейтуге жəне азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шара ұсынамын. Осы мақсатпен бюджеттен жəне Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады. Бұл қаражат мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: – Аз қамтылған азаматтарға əлеуметтік қолдау көрсету ісін күшейту. – Халықтың əлеуметтік тұрғыдан əлсіз топтарының баспана жағдайын жақсарту мүмкіндіктерін арттыру. – Өңірлерді дамыту саясатын түбегейлі өзгерту. Үкімет пен барлық деңгейдегі əкімдердің жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Үкімет пен өңірлердің иелігіндегі қаражат көзделген мақсатқа сай жұмсалмай отыр. Мұның бəріне бақылау орнатылады. Осы тақырыптар жөнінде «Нұр Отан» партиясының съезінде толығырақ айтылатын болады.

ИЗРАИЛЬ Құрылысқа үлескерлікпен қатысуды еврейлер заңмен қорғады. Мемлекет үй салушыларға үлескерлерге банктен кепілдеме беру шартын қойған. Енді құрылыс жобаларына міндетті түрде ірі қаржы мекемелері қатысуы тиіс.

АҚШ «Billboard» журналына сәйкес, американдық әнші Ариана Гранденың 3 әні штаттар бойынша аптаның ең танымал 100 әнінің рейтингісінде бірінші орынға ие болды. Осылайша 25 жастағы әнші аңызға айналған «The Beatles» тобының рекордын қайталады.

ИТАЛИЯ Венеция әкімшілігі әйгілі туристік қаланы таза ұстаудың тағы бір амалын ойлап тапты. Бұдан былай шаһарға бір күнге келген саяхатшылардан 2-10 еуро көлеміндегі алым алынады.

ШРИ-ЛАНКА Елде дәстүрлі пілдер шеруі басталды. Мерекелік шараны тамашалауға келген көпшілік арасында жыл сайын арнайы келуді дәстүрге айналдырған саяхатшылар да бар.

ДА БЫЛ М А Ж ТАРАЗ Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектар алқапта 10300 отбасына арналған көп қабатты үйлерді құрайтын жаңа 15-шағын ауданның құрылысы жүргізілуде. Былтыр байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылысы аяқталған. Биыл жылу желілері мен жол құрылысы жүргізілуде.

МЕРКІ «Орталық Азия қант компаниясы» ЖШС Меркі филиалында «Шырынды тазартатын цехты қайта жаңғырту» жобасын қолға алды. Жоба құны 698 миллион теңгені құрайды. Цех іске қосылса, 18 адам жұмыспен қамтылады.

Т. РЫСҚҰЛОВ Биыл 5 ауылдық округте 5 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құру жоспарлануда. Осының есебінен төрт түлік мал басын – 104, мал өнімдерін 105 пайызға арттыру көзделген.

ШУ «Kaz-Ir-Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 310 тонна мақсары майын Иран, Қытай, Чехия, Нидерланды және Жапония мемлекеттеріне экспорттады.

Өсер халықтың арманы көп, Өшер халықтың жанжалы көп.

ОБЛЫС ӘКІМІ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

ЖАТАҚХАНАДАН КЕЙІН... ПӘТЕР!

ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП Үшінші жаң%ыру кезеңінің айқындал%ан ба%ыт-ба%дардың арқасында өткен жылдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды. Мемлекет басшысы күні кеше %ана ел алдында жаса%ан мәлімдемесінде атап көрсеткендей, бұл – осы кезеңде жүзеге асырыл%ан индустриялық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық даму, денсаулық сақтау және білім беру салаларын дамыту%а қатысты мемлекеттік ба%дарламалардың жемісі. Ол үшін қажетті қаржы да бөлінді. Ша%ын және орта бизнес кең қанат жаю үшін өз кәсібін ашамын деген азаматтар%а тиісті қолдаулар көрсетілді. Кәсіпкерлікке бет бұр%ан жандар%а түрлі сала бойынша өз ісін бастау%а жеңілдікпен несие беру жолдары да нақтылан%анынан жұрт хабардар. Өткен жылы облыс экономикасының барлық салаларында тұрақтылық сақталып, бірқатар көрсеткіштер бойынша оң өзгеріс қалыптасты. Басты көрсеткіш – экономиканың өсіміне қатысты қысқа мерзімді индикатор 104,6 пайызды құрады. Осының өзі атқарыл%ан жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетсе керек. Ал алда%ы жоспарлы жұмыс Президент Жолдауында нақтылан%андай, тұр%ындардың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру%а ба%ытталмақшы. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов 2018 жылдың қорытындысы бойынша тұр%ындар алдында берген есебінде осыны баса айтты. Тараз қаласында%ы «Баласа%ұн» орталық концерт залында өткен есеп беру жиынына Қаржы министрі <лихан Смайылов, Қазақстан Республикасы Президент <кімшілігінің мемлекеттік инспекторы Еркін Базарханов, ПремьерМинистр кеңсесінің бас инспекторы Олжас Мәдиев қатысты.

Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қалалық Мәдениет үйінде өңірдегі көп балалы аналармен кездесіп, олардың түрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты тілек-өтініштерін тыңдады. Басқосу барысында Асқар Исабекұлы өңірдегі аз қамтылған жəне көп балалы аналарға айтарлықтай көмектер көрсетілетінін, бұл мақсатқа республикалық жəне жергілікті бюджет есебінен биыл барлығы 30,6 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінгенін жеткізді. Бұл көзайым хабар аналар қауымын бір серпілтіп тастағандай болды. Сондай-ақ облыста осы жылы 10 жатақхана салынбақ. Оның 7-еуі Тараз қаласында, 3-еуі Шу, Қаратау, Жаңатас секілді моноқалаларда бой көтеретін болады. Тұрғын үй көмегімен кезекте тұрған аз қамтылған жəне көп балалы отбасылар қамтылмақ. Ал осындай отбасылардан шыққан, облыс мектептерінде оқитын 29 мың бала үшін ұйымдастырылатын ыстық асқа 2 миллиард теңге, мектеп формасын алып беруге 500 миллион теңге бөлінбек. Бұдан тыс 23 мың оқушыға жазғы демалыс-сауықтыру лагерьлеріне тегін жолдама берілетін болады. Бір ескерте кететін жағдай, жатақханада тұратын отбасылар кезегі келгенде өздері армандаған пəтерлеріне ие болады. Сондай-ақ осындай отбасылардан шыққан оқушылар мен түлектер үшін де айтарлықтай жеңілдіктер жасалынады. Айталық биыл колледждерге бөлінетін 13 мың гранттың 50 пайызы аз қамтылған жəне көп балалы отбасылардың балаларына тиесілі болмақ. Яғни 6200 студент мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады. Олардың шəкіртақысы мен тамақтануына 1,7 миллиард теңге бөлінді. Өңір басшысы осындай санаттағы 7500 отбасының коммуналдық төлемдерін төлеп беру үшін 500 миллион теңге бөлінетінін қадап айтты. Осылайша Тараз қаласындағы аз қамтылған жəне көп балалы отбасылары үшін жылуға төлемақы тарифі 50 пайызға төмендетіліп, олардың бұған дейінгі қордаланған қарыздары да кешірілетін болады. Асқар Исабекұлы аз қамтылған жəне көп балалы отбасылардың 70 пайызы ауылда тұратынын ескеріп, оларға демеушілер есебінен мал түрінде қайтарымсыз несие беру шаралары да қарастырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар өңір басшысы əлеуметтік қолдау көрсету үшін құрылатын арнайы комиссиялар құрамына көп балалы аналар да енгізілетінін тілге тиек етті. Республикалық «Бақытты отбасы» акциясы аясында аз қамтылған жəне көп балалы отбасыларына əлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық «Қамқор» жобасы қолға алынған. Оған 1 мыңнан астам еріктілер тартылып отыр. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.

ҚОЛДАУҒА МҰҚТАЖ КӘСІПОРЫНДАР БАР Ес еп беру жиынында Асқар И с а бе к ұ л ы э ко н ом и ка л ы қ тұрақтылықтың сақталуына əсер е т ке н н е г і з г і к ө р с е т к і ш т е р ге егжей-тегжейлі тоқталып жатпады. Негізінен əкімдік жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты

қабылданған шараларды сөз етіп, бұл қадам түрлі саланы əрі қарай дамытуға ықпал еткенін атап өтті. Өндіріс көлемі өсіп, өңдеу өнеркəсібі өрлеп, негізгі капиталға салынған инвестиция артқанын тілге тиек етті. Бір жылдың ішінде 40,3 миллиард теңгеге 15 инвестициялық жобаның іске қосылуы – осы сөзіміздің айғағы. – Кəсіпорындардың мəселелерін шешу үшін облыстағы барлық

439 қайта өңдеумен айналысатын кəсіпорындарға барып, əр кəсіпорынның паспорты жасақталды. Соның қорытындысына қарай арнайы Карта əзірленіп, тиісті министрліктерге, қаржы институтт арына арнайы баяндалды. Нəтижесінде Картаға енген 27 кəсіпорынға қаржылай емес жəне 4 кəсіпорынға қаржылай қолдау көрсетілді. Əрине, əлі де қаржыға, қолдауға мұқтаж кəсіпорындар бар. Елбасы тапсырмасына сай вицепремьер Е.Досаев өңірлерді аралап, осындай тізбе қалыптастыру керектігін ескертіп, жиындар өткізуде. Өздеріңіз байқап отырғандай, бұл бағыттағы жұмыстар біздің өңірде басталып кеткен.

Облыста инвесторларға тиімді қызмет көрсету үшін «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін арнайы орталық ашып, жұмыс тəртібін бекіттік. Қазір 2025 жылға дейін құны 2 миллиард АҚШ долларынан ас атын 170 жоба іріктеліп отыр. Былтыр шағын жəне орта кəсіпкерлердің саны 8 пайызға көбейіп, 63 мыңнан асты (118,1 мың адам). Өндірген өнім 321 миллиард теңгені құрап, 5,6 пайызға өсті, – дей келе Асқар Мырзахметов өңіріміз ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада алғашқы үштікке енгенін атап көрсетті. (Жалғасы 2, 3-беттерде).


2 23 а пан, 2019 жыл

OBLYS ÁKІMІ HALYQQA ESEP BERDІ

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

ТҰРМЫС САПАСЫН

(Басы 1-бетте).

Арнайы Карта ауыл шаруашылығын да алға басқызды Саладағы мəселелерді жүйелі шешу үшін арнайы Карта ауыл шаруашылығы саласында да түзілгенін айта кеткеніміз жөн. Онда егістік алқабын көбейту жолдары қарастырылған. Қолға алынған нақты шаралардың нəтижесінде есепті кезеңде егістік 38 мың гектарға артып, 668 мың гектарға жеткен. Бүгінде оның электрондық дерекқоры да бар. – Картада сұранысы жоғары өнімдерге жəне озық технологияларға ерекше мəн берілді. Айталық, үдемелі бақтар 30 пайызға артып, 625 гектарға жеткізілді. Алдағы екі жылда оның көлемін 1000 гектарға көбейткелі отырмыз. Жылына өсім 500 гектарды құрамақ. Өткен жылы шаруашылықтарға енгізілген су үнемдеу технологиялары 21 пайызға көбейтілді. Суарма лы жерлерді көбейту үшін арнайы механикалық отряд құрылды. Оған облыстық бюджеттен 46 қажетті техника сатып алынды. Кеңестік кезеңде суармалы жердің алқабы 210 мың гектар болғаны белгілі. Соның бүгінде 96 мың гектары ғана қолданыста. Біздің жоспарымыз – игерілмей отырған 115 мың гектарды қолданысқа енгізу. Өткен жылы Байзақ, Жамбыл, Мойынқұм аудандарында 1400 гектар алқап қалпына келтірілді. Биылғы меже – 20-25 мың гектар, – деп сала ісін ілгерілететін тың бастамаларға тоқталған облыс əкімі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың межелері бекітілгенін айтып өтті. Соңғы уақытта облысымыздың шаруалары етті экспортқа шығаруды мықтап қолға алуда. Мəселен, олар былтыр 3 мың тонна ет, оның ішінде 1,6 мың тонна қой етін экспорттаған. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп. Республика бойынша экспортқа шыққан қой етінің 43 пайызын құрайды. – Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 183 кəсіпорын жұмыс істеуде. Бірақ жүктемелері төмен. Оның бірден-бір себебі – шикізатпен тиімді қамтамасыз етілмей отырғандығы. Сондықтан Картаға сəйкес, 1,5 мың қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, 55 кооператив құрдық.12 мың тонна өнім өндірілді. Нəтижесінде кəсіпорындардың жүктемесі 10 пайызға көтерілді. Ендігі жоспар – барлық ауылдық округтерде осындай кооперативтер құру. Жалпы былтыр салаға қатысты көрсетілетін мемлекеттік қолдау көлемін 16 миллиард теңгеден 20 миллиард теңгеге жеткіздік. Нəтижесінде олардың саны 1300 тауар өндірушіге көбейді, – деді облыс əкімі. Былтыр өңірімізде табиғатты қорғау үшін мамандандырылған, жануарлар дүниесін қорғайтын Жедел топ жəне «Табиғатты қорғау кеңесі» құрылғаны белгілі. Бұл шешім аз уақытта өз жемісін беріп отыр. Дерекке сүйенсек, небəрі 3-4 айдың өзінде 38 заң бұзушылық фактісі анықталып, 5 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл жыл бойы салынатын айыппұлдардан 2 есе көп. Табиғатты сақтау декларацияның қабылдануы да осы салада нақты жұмыстар қолға алынғанын көрсетеді. Барлық басшылар, жалпы 4 мыңнан аса қызметші, оның ішінде 2 жарым мыңдай мемлекеттік қызметші серт беріп, осы құжатқа қол қойған екен. Өткен жылғы біткен істің бірі – Тараз қаласының сарқынды суларын тазартатын кешен құрылысына ТЭН əзірленгені. Сондай-ақ тиімді мониторинг жүргізу үшін замануи жылжымалы зертхана сатып алынған. Қазір «Жуалы-Қарашат» жəне «ҚордайЖайсаң» ерекше қорғалатын аймақтар құру құжаттары бойынша тиісті мемлекеттік органдармен келісім жүргізілуде. Биыл Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандарының таулы аумақтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін техникаэкономикалық негіздемеге қаржы бөлініпті.

Жергілікті мəндегі жолдардың жағдайы жақсара түседі Өңір басшысы баяндамасында құрылыс саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Жалпы жамбылдықтар былтыр құрылыс саласында 124 нысан салынып, 482 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенінен

құлағдар. Бұл – 2017 жылмен салыстырғанда 21 пайызға көп көрсеткіш. Бір ғана «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1673 отбасына 28 тұрғын үй беріліп, 38 инженерлік инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылған. Сондай-ақ 39 үй жөндеуден өткізілген. Соның нəтижесінде жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 20 пайызға азайып отыр. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын таппақ. 2000 отбасы баспанаға қол жеткізіледі деп күтілуде. Бүгінде облысымызда «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру үшін арнайы Орталық құрылған. Қазірге дейін жалпы сомасы 878 миллион теңгеге 106 адам өтініш берді. Əлбетте, бұл аз. Бірақ бұл бағытта жұмыс жандандырыла түспек. Биылғы жоспарда тұрғын үй құрылысына бөлінген аумағы 8275 гектар жер телімін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген. Ал жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер телімдеріне талдау жасалған. Жүргізілген тексеру жұмыстары арқылы 2262 телімнің 3-4 жылдан бері бос жатқаны анықталып отыр. Сондықтан осындай телімдерді заң аясында кезекте тұрған шын мұқтаж азаматтарға беру үшін жұмыс жүргізілуде. Былтыр архитектура саласында облыс аумағында кешенді қала құрылысы схемасын талдау жасау үшін 115 миллион теңге бөлінген. Ал автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға 12 миллиард теңге жұмсалып, 526 шақырым жол күрделі жəне орта жөндеумен қамтылған. Соның нəтижесінде жолдардың қанағаттанарлық деңгейі 80 пайызға жетіп отыр. Бұл – облыс жəне аудандар арасында белгіленген нақты индикаторлар нəтижесінде қол жеткізілген көрсеткіш. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша (3,5 миллиард теңге) 10 жоба іске асырылуда. «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының құрылысы былтыр басталған (266 шақырым, 101,9 миллиард теңге: «Эксимбанк» ҚХР – 85 пайыз, ДБ – 15 пайыз). Өткен жылы ауданда жергілікті мəндегі жолдарға түгендеу жүргізілген болатын. Соның нəтижесінде 724 шақырым жол заңға сəйкес қалпына келтірілді (аталған санатқа көшелер жəне шаруашылық жолдары енгізілді). Қазіргі таңда Тараз қаласының көшелері мен елді мекендерінің жолдарына түгендеу жүргізілуде. Облыстағы 355 елді мекенге қатынайтын қоғамдық көліктерге толық GPS қондырғысы орнатылды (670 автобус). Сонымен қатар Тараз қаласында мобильдік қосымша іске қосылды. Автомобиль жолдары жəне жолаушылар көлігі саласының маңыздылығы ескеріліп, арнайы басқарма да құрылған.

адамға газ қосып бердік. Ол үшін жұмыстың құнын 2-3 есе төмендеттік. Мұндай түйткіл ауызсумен қамтамасыз ету ісінде де бар екен. Осыған байланысты əр елді мекенге жеке талдау жүргізіліп, 149 мың адамның ауласына су құбырын тарта алмай отырғаны анықталды. Жұмыс күзде басталғандықтан, жыл соңына дейін 7 мың адам ғана қамтылды. Себебі талдау жұмыстары ұзақ уақытты алды. Оның үстіне кейбір азаматтар тарифтің жоғары болуынан, орталық жүйеден бас тартты. Осыны ескеріп, біз 83 елді мекеннің тарифын төмендетуге құжаттар дайындап, Су комитетіне тапсырдық, – дей келе облыс əкімі қалған 142 мың адамның 50 мыңына орталық су құбырына қосу жұмыстары жоспар бойынша биыл жүргізілетінін айтты. Тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бағытында өңірімізде суды сағатпен беретін елді мекендерде су беру мерзімін ұзарту үшін нақты кестесі жасалған. Сондай-ақ су тарифтерін тиімді ету үшін облыста «Тараз су» коммуналдық мекемесінің негізінде Бірыңғай оператор құру туралы шешім қабылданыпты. Бұл шешім халықаралық қаржы ұйымдарынан инвестиция тартуға да мүмкіндік беріп отырған көрінеді. Өңір басшысы су құбыры жоқ 13 елді мекенді таза сумен қамтуға биыл 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді (РБ- 3,8 млрд.тг., ЖБ-0,596 млрд.тг.). Бұл қаржы 29 мыңнан астам адам қамтуға мүмкіндік бермек. Нəтижесінде барлығы 80 мыңдай адам таза ауызсуды тұтынатын болады. Жалпы былтыр ауызсу бойынша 10 нысан пайдалануға беріліп, су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 53,3 пайызды құрап, 199 елді мекенге жеткен болатын. Елбасының «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында былтыр жыл соңында тарифтерді төмендету бойынша тиісті шаралар қабылданғаны белгілі. Нəтижесінде 1 қаңтардан бастап тұрғындар үшін газдың бағасы 6,3 пайызға (1 м3 үшін 27,2 теңгеден 25,5 теңгеге), электр қуаты - 7,2 пайызға (14,9 теңгеден 13,8 теңгеге), ауызсу - 22,9%-ға (58,5 теңгеден 45,1 теңгеге), кəріз қызметі - 0,4 пайызға (18,7 теңгеден 18,31 теңгеге) азайып отыр. Ал тұрғын үй кооперативтері қызметінің тарифі 6,6 пайызға (15 теңгеден 14 теңгеге), тұрмыстық қалдықтарды шығару 5 пайызға (100 теңгеден 94 теңгеге), лифт қызметінің тарифі 7,1 пайызға (1 пəтер үшін 770 теңгеден 715 теңгеге) төмендеді.

Тарифтерді төмендету үшін тиісті шаралар қабылданған

Өмір салтының өзгеруі – негізгі үш саланың дамуына тəуелді

Жамбыл жері «Жасыл экономиканы» дамыту жағынан республика бойынша көш бастап тұрғаны баршаға мəлім. Энергетикасы саласында былтыр өңіріміз өндірілген баламалы энергия қуатын жоспардағы 14 пайыздан асырып, 16-ға жеткізген. Жалпы саладағы жүйелі жұмыс бірқатар түйткілдің түйінін тарқатуға ықпал еткен. Мəселен, былтыр электр жүйесімен толық қамтамасыз етілмей тұрған Тараздағы 12 жəне 15-мөлтек аудандардың мəселесі толық шешілді. Сондайақ жылу бойынша тозығы жеткен магистральды желілерді ауыстыру шаралары қолға алынған. Облыс орталығындағы жаңадан ауыстырылған желінің ұзындығы 3 шақырымнан асады. Биыл 9,3 шақырымын жаңалауға 7,6 миллиард теңге қарастырылып отыр екен. – Облыстағы 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған (181). Көрсеткішті көтеру үшін өткен жылы құны 43 миллиард теңге құрайтын 84 елді мекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаты əзірленді. Биыл 81 ауылға магистральды газ құбырын тарту үшін 6,1 миллиард теңге бөлінді. Нақтылау кезінде қалып отырған 3 елді мекен де енгізілетін болады. Жалпы бұл жұмыс 3 жылға жоспарланған. Көздеген межеге қол жеткізсек, елді мекендерді газдандыру 48-ден 70 пайызға жететін болады. Тұрғындар санына шақсақ, былтыр бұл көрсеткішті 67-ден 72 пайызға жеткіздік. Жасыратыны жоқ, газы бар елді мекендерде көшедегі магистральдан үйге кіргізу құны қымбат болатын. Сол себепті көпшілік «көгілдір отынның» игілігін көре алмай келген. Былтыр біз бұл мəселенің шешімін тауып, 52 мың

Елбасы атап өткендей, əл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы екені сөзсіз. Ал оны өзгертетін – білім, денсаулық сақтау, спорт, мəдениет салалары, сондай-ақ тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы жəне қауіпсіз жағдайда өмір сүру мəселелері. Міне сондықтан əр уақытта білім саласын дамытуға басым көңіл бөліне бермек. Облыста білім саласында былтыр 66 мектепке дейінгі ұйым ашылып, пайдалануға берілген. Оның басым көпшілігі – жекеменшікке тиесілі. Бұл көрсеткіш өз кезегінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейін 98 пайызға жеткізіп отыр. Биылғы меже – 100 пайыз. – Өткен оқу жылында ҰБТ-ның қорытындысы 89,4 балл болды. 2017 жылдан 11,5 балға жоғары. Ұлттық тест енгізілген 2004 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш – осы. Облыс оқушылары республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстарда 7 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды. Бұл да үлкен жетістік. Өткен жылы үш ауысымды – 3, апатты – 3 жəне оқушы орны тапшы – 3, жалпы 9 мектептің мəселесі шешілді. Биыл қалған 1 үш ауысымды, 1 апатты жағдайдағы жəне оқушы орны тапшылығы бар 3 мектептің мəселесі шешілетін болады. Жалпы əлеуметтік нысандар құрылысының 3 жылға арналған Жол картасына 48 білім беру нысанының құрылысы енгізіліп отыр. Қазір олардың жобалықсметалық құжаттары əзірленуде. Білім мекемелерінің материалдық

жабдықталуына келсек, бүгінде барлық мектеп интернетке қосылған. Өткен жылы аудандар мен Тараз қаласында 14 IT сынып, Тараз қаласында дарынды балаларға арналған IT лицей-интернаты ашылды. «Күнделік» жобасына қо сылған мектептердің үлесі 34-тен 100 пайызға жетті жəне барлық мектеп цифрлық білім беру ресурстары порталына қосылды. Балабақшаға балаларды кезекке қою жəне жолдама алу (edugarden.kz), мектепке 1-сыныпқа қабылдау (eduschool.kz.) педагогтерді жұмысқа қабылдау (jumys.sitsen. kz), техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесі 100 пайыз автоматтандырылды. Биыл білім нысандары бейнебақылау құралдарымен толық қамтамасыз етіледі. Өткен жылы бұл көрсеткішті 97 пайызға жеткіздік, – деген өңір басшысы бақылау орнатудың арқасында оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың 18 пайызға төмендегенін айтты. Əйтсе де кейбір мектептер «тентектерін» əлі де тыя алмай отыр. Сондықтан өткен жылы мектеп инспекторларының жұмыс ережесін ескеріп, сол мектептерге бекітілген инспекторлардың жəне мектеп басшылығының жауапкершілігі қайта қаралған болатын. Сондай-ақ білім мекемелерін инспекторлармен қамту деңгейі 100 пайызға жеткізілді. Жұмысты жүйелі жүргізу үшін техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс берудің арнайы ережесі қабылданған. Ондағы мақсат – бюджетті тиімді пайдалану əрі мамандарды жұмысқа орналастыру. Жастардың кəсіптік білім алуына тиісті жағдай жасап, 20182019 оқу жылына гранттар 5 мыңға жеткізілген. Ал жұмысшы мамандықтардың гранты 49 пайыздан 66 пайызға артып, экономикалық, заңгер мамандықтары қысқартылыпты. Сондай-ақ былтыр Жамбыл политехникалық жəне Құлан ауыл шаруашылығы колледждерінің базасында заманауи оқу орындарын құру бойынша қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілген. Президенттің 5 əлеуметтік бастамасы аясында студенттерді жатақханамен қамту мəселесі де назардан тыс қалмай, былтыр 5 жатақхана құрылысы басталған. Тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеруге əсер ететін саланың бірі – медицина. Дəрігер көмегіне жүгінудің əрі бастапқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың арқасында былтыр денсаулық сақтау саласында өлім-жітім көрсеткіштері республикалық орташа деңгейден төмендеген. Оның ішінде нəресте, ана өлімі де азайып отыр. Жыл өткен сайын ақпараттық технологиялар экономиканың барлық саласына дендеп ене бастағаны мəлім. Мəселен, былтыр барлық медицина ұйымдары 100 пайыз компьютермен жабдықталып, интернетке қосылған. Сондай-ақ медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге барлық емдеу мекемесі көшкен. Ақпараттық жүйелерге 774 мың адамның электрондық денсаулық паспорты енгізілген. Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделуде. Тұрғындар денсаулығын сақтау үшін елді мекендерді медициналық ұйымдармен қамту маңызды. Ал біздің өңірімізде арнайы пункттері жоқ ауылдар көп болатын. Республикалық бюджетке иек артып отыра берсе, ауылдағы жұрт əлі де біраз жыл бастапқы медициналық көмекке жүгіну үшін де аудан орталықтары мен қалаға сабылар еді. Бұл мəселенің кезек күттірмес жағдай екенін бағамдаған облыс əкімі былтыр тиісті сала басшыларына осы түйткілді тарқатудың басқа жолын табуды тапсырған еді. Нəтижесінде өткен жылы 39 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Оның 29-ы – жекеменшікпен əріптестік аясында бой көтергенін ескерсек, проблеманы шешудің төте жолы осы болғанын түсінесіз. Бұл жүйе алдағы 1,5 жылда қалған 60 елді мекенді алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандармен толық қамтуға мүмкіндік берері сөзсіз. Бұдан бөлек, былтыр медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру əрі жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін санитарлық авиация мен облыстық жедел жəрдем стансасы

құрылды. 27 арнайы автокөлік сатып алынды. Ал қызмет сапасын көтеру үшін биылдан бастап барлық емдеу ұйымдарының жұмысын бағалайтын арнайы жүйе енгізілмек. Спорт саласында да спорт нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша аудан əкімдері мен тиісті сала басшысы арасында нақты индикаторлар белгіленген болатын. Соған қарай облыста спорт нысандарын салу Картасы əзірленді. Нормативті ескере келе, 3 жылға 81 спорт нысанын соғу жоспарланды. Оның 28-і – спорт кешені (Тараз қаласында 4, аудандарда 24), 51-і – спорт алаңшасы (Тараз қаласында 22, аудандарда 29), 2-еуі – спорттық манеж (Тараз қаласында жеңіл атлетикалық жəне гимнастикалық манеждер) жəне 3-еуі қайта жаңғыртылатын нысан (Тараз қаласындағы «Жастар стадионы», Жуалы ауданындағы 2 спорт зал). Сондай-ақ спорт мекемелері жалға алып отырған нысандардың құны қайта қаралып, 92 миллион теңгеге жыл сайын үнемделмекші.

Жастар – қоғамның қозғаушы күші Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформалар мен рухани жаңғыру бағдарламаларының нəтижелі болуы – өскелең ұрпақтың алымдылығына тəуелді. Олар мемлекеттегі жүзеге асырылып жатқан шараларға немқұрайлы қарамай, əр істің басы-қасында болу үшін белсенділік танытуы тиіс. Жалпы жастар белсенділігін арттыру үшін өңірде көптеген бастамалар көтерілуде. – Былтыр жастар саясатында 16,6 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Zhas Projeсt» жобасы аясында 206 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 762 жас жұмыспен қамтылса, оның 33-і – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Жұмыссыз немесе нəтижесіз жұмыспен қамтыған, оқымайтын NEET санатындағы жастардың базасы жасақталды (11 мыңнан астам). Биыл Жаст ар жылындағы бірден-бір атқарылатын жұмыс – жастардың арасындағы жұмыссыздық мəселесін шешу болмақ. Келесі бір маңызды мəселе – еріктілер (волонтерлық) қозғалысына тың серпін беріп, əлеуметтік мəселелерді шешуге пайдалану. Бұл қозғалысты, облыста жүйе ретінде қалыптастыру үшін, өткен жылдың аяғында «Қамқор» жобасы қолға алынды. Оған 1 мыңға жуық еріктілер тартылды. Тараз қаласында 3 арнайы əлеуметтік заттар жинайтын орын ашылды. Бүгіннің өзінде 574 тұрмысы төмен отбасыға 3,2 миллион теңгеге азық-түлік, киімдер таратылды. Ендігі жерде бұл жұмыстың ауқымы кеңейтіліп, аудандар да қамтылғалы отыр, – дей келе облыс əкімі мəдениет саласындағы қолға алынған шараларға тоқталды. Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың 8 нысаны «Қазақстанның 100 сакралды нысаны» тізіміне енгізілді. Сонымен қатар ауылдық 71 кітапхана мобильді стандартқа көшіріліп, цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды (1 бродкастинг залы, 17 коворкинг, 53 цифрландырылған ақпараттық орталықтар). Мұнда ауыл тұрғындарына egov. kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде (Балабақшаға кезекке тұру, некеге тұру туралы өтініш, мекен-жайы, сотталмағандығы туралы, жылжымайтын мүлкі туралы, салымның қаражат түсу қозғалысы туралы, зейнетақы қоры туралы, т.б. басқа анықтамалар). Биыл Мəдениет үйі мен клубтарда тағы 70-тен астам осындай орталықтар ашылады деп күтіліп отыр. Жалпы өткен жылы 3 музей қолданысқа берілді. Олар – Қордай ауданы, Əлжан ана ауылдық тарихи музейі, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі жəне Тараз қаласының Қ.Рысқұлбеков саябағындағы «Желтоқсан-86» орталығы. Сондайақ «Электрондық архив» жүйесі орнатылды. Ал «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28 бастаманы жəне 10 жобаны қамтитын 4 негізгі бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Қай саланы алсақ та былтыр бюджеттік кірістер артығымен орындалған. Бюджет 100 пайыз игерілген. Себебі бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы Регламент қабылданған болатын. Бұл қадам құрылыс нысандарының құнын оңтайландыруға мүмкіндік берді. «Мəселен, бұрын


OBLYS ÁKІMІ HALYQQA ESEP BERDІ

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

3 23 а пан, 2019 жыл

АРТТЫРУ – БАСТЫ ТАЛАП

медициналық-фельдшерлік пунктердің, дəрігерлік амбулаториялардың құны 65-90 миллион теңге болса, оңтайландырудың нəтижесінде 30-45 миллион теңгеге дейін азайып отыр. Спорт, мəдениет нысандарының құны да 2 есе үнемделуде. Жалпы өткен жылы о сылайша 10 миллиард теңге үнемделді», – деп атап көрсетті Асқар Исабекұлы. Былтыр өңірімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 4,2 миллиард теңгеге 133 жоба іске асырылған. Оның 3,4 миллиард теңгесі меценаттар есебінен жұмсалған. Облыс əкімінің сөзіне сүйенсек, «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» шеңберінде бірқатар жобалар биыл да жоспарланып от ы р . « Ш а х р и с т а н » э т н ом ə д е н и кешеннің, «Өлкетану» мұражайының, Көркемсурет галереясының, «Қолөнер шеберлері», Руханият орталықтарының құрылысы басталмақшы. Сондайақ Жастар жылына орай «Жастар аллеясы» ашылады деп күтілуде. Өңірден шыққан рухани дүниелерді, тарихты қамтитын көптомдық басылым қолға алынды. Сонымен қатар облыс орталығын көркейту жұмыстары биыл да жалғастырылмақ. Өткен жылы жүйелі жұмыс жемісін берген салалардың бірі – құқық қорғау органдары. Былтыр тіркелген қылмыстар саны 22 пайызға төмендеуі – соның айғағы. Полиция қызметкерлеріне 900 миллион теңге материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалды, 71 автокөлік сатып алынды. Былтыр қылмыстың ашылу деңгейін көтеру үшін елді мекендерде барыпкеліп жұмыс істейтін 137 учаскелік полиция инспекторынан сол жаққа

көшіп бару туралы талап қойылды. Нəтижесінде 104-і бекітілген ауылдарға көшіп барды. Қалғандары жақын арада көшпекші.Сол секілді, кезінде қоныс аудармаған 59 (38%) ауылдық округ əкімінің 2-еуінен басқалары көшті (Жуалы –1, Қордай – 1). Олар қазір өзі басқаратын округте тұрып жатыр.

Əлеуметтік қолдау – əлеуметті қорғау

Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттерге сəйке с, 1 қаңтардан бастап, 42 мың теңгеден төмен жалақы алатын бюджеттік ұйымдардағы 39 626 қызметкердің жəне жеке кəсіпорындардағы 21 мың жұмыскердің жалақысы көтеріліп отыр. Сонымен қатар 1892 кəсіпорында 46 693 адамның жалақысы орта есеппен 20 пайызға өсті. – Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы есепті жылдың 3-тоқсанында 62220 теңгені құрап, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,4-тен нақты 4,6 пайызға өсті. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 40 мың адам қамтылып, 21500 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматт арды оңалтуға облыстық бюджеттен 919 миллион теңге қаржы бөлінді. 2017 жылмен салыстырғанда 64 пайызға артқан. (2017 жылы – 589,1 миллион теңге). Қазір қоғамда көтеріліп отырған көп балалы жəне аз қамсыздандырылған отбасыларға көрсетілетін əлеуметтік көмек бойынша мынадай шаралар қолға алынуда. Өңірде 44100 көп балалы жəне 14852 аз қамтамасыз етілген отбасы бар. 2019 жылы бекітілген бюджетте тек осы санаттағыларға

30,6 миллиард теңге қарастырылған. О н ы ң 1 9 , 7 м и л л и а рд т е ң ге с і республикалық бюджеттен бөлінген. Негізгілерін атап айтсақ, 1 жасқа дейінгі 24 985 баланың күтіміне 7,3 миллиард теңге жəрдемақыға, 4 жəне одан көп балалы 24 068 отбасына – 3 миллиард теңге, «Алтын алқа» жəне «Күміс алқалы» 20 032 анаға – 3,9 миллиард теңге, бала тууына байланысты 26 923 балаға бір жолғы мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақыға - 2,8 миллиард теңге, 14 852 отбасыға мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек алуға – 2,7 миллиард теңге бөлініп отыр. Жергілікті бюджеттен қарастырылып отырған 8,4 миллиард теңгенің 1,5 миллиард теңгесі мектептегі 26 049 оқушының ыстық тамағына, 285 миллион теңге сі 21 406 баланың киіміне, 314 миллион теңгесі 22991 жеткіншекті жазғы сауықтыру лагерінде демалтуға, 2,1 миллиард теңге сі колледждердегі 6281 жасөспірімді мемлекет есебінен тегін оқытуға, 1,8 миллиард теңгесі олардың стипендиясы жəне тамақтануына жұмсалмақ. Осы орайда 6281 бала бұл мемлекеттік тапсырыс есебінен оқытылып жатқан жасөспірімдердің 50 пайызын құрайтынын айта кеткен жөн, – дей келе Асқар Исабекұлы көп балалы жəне аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына а р н а л ғ а н м е к т е п - и н т е р н ат т а ғ ы жеткіншектерді қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ көп балалы жəне аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін көмекті ұлғайту үшін бекітілген бюджетті қайта қарап, қосымша 2,5 миллиард теңге бөлініп отырғанын атап өтті. Бұл қаржы бірінші кезекте мектептегі

балалардың ыстық тамағына, киімкешекке жəне кеңс е т ауарларын сатып алуға, аз қамтамасыз етілген отбасылардың коммуналдық төлемдерін жеңілдетуге жұмсалмақ. Бұған қоса, денсаулық сақтау саласында «Ана мен бала орталығына» көп балалы жəне аз қамтылған отбасынан шыққан 350 ана мен баланы тегін сауықтыру мен емдеу жоспарланып отыр. Көп балалы жəне аз қамтамасыз етілген отбасылардың 70 пайызы ау ы л д а т ұ р ат ы н ы н е с ке р і п , мүмкіншілігі бар тауар өндірушілерден, шаруашылықт ардан, жоғарыда айтылған, өткен жылдың аяғында құрылған отбасылық «Қамқор» жобасы арқылы мал əперу де көзделуде. Ең бастысы – Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында тұрғын үй кезегінде тұрған 340 отбасыны тұрғын үй кезегі жеткенге дейін отбасылық 3 жатақханамен қамту жолы қарастырылуда. Ал Таразда 7 жатақхана пайдалануға берілмекші. Оның 3-еуі биыл шешіледі.

– Көтеріліп отырған сұрақтар Үкімет тарапынан да жан-жақты қаралуда. Атқарылатын жұмыстардың бəрі республика деңгейінде «Бақытты отбасы» жобасымен үндестіріліп, соның аясында жүргізілетін болады, – деген облыс əкімі Елбасы Жолдауында, басқа да маңызды құжаттарында қойған міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жолында жамбылдықтармен бірлесе жұмыс атқаратынына сенім білдірді. Асқар Исабекұлы баяндамасын аяқтаған соң, өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

ТҰРҒЫНДАР СҰРАҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА Ө ң і р б а с ш ы с ы Ас қ а р Мырзахметов өзінің есепті баяндамасында атап өткендей, облыста өткен жылы ауқымды жұмыст ар атқарылған. Десек те, шешімін күткен мəселелер де жоқ емес екен. Мəселен, ауылдық округтер м е н ауд а н ə к і м д е р і н і ң тұрғындар алдында е сеп беруі барысында 1500-ге жуық мəселе көтеріліпті. Үш мыңдай адам қатысқан облыс əкімінің халыққа есеп беруі кездесуінде де тұрғындардың көкейлеріндегі сұрақтарын қоюларына мүмкіндіктері болды. Алғашқы болып сөз алған Т. Р ы с қ ұ л о в ауд а н ы н ы ң жеке кəсіпкері Қуандық Ерсайын мал жайылымының тапшылығы мəселе сін көтерді. Осыған байланысты Асқар Исабекұлы бүгінгі таңда облыс көлеміндегі мал жайылымдарына т а лдау жас а лып, 500-ге жуық жайылым иелерінің анықталып отырғанын айтты. Қазір олардың меншігінде 700 гектар жер бар екен. Бұл мəселеге байланысты бүгінде арнайы комиссия жұмыс істеуде. Өңір басшысы қ а же т б ол ғ а н ж а ғ д а й д а жайылымдық жерлер мемлекеттік мұқт аждық ретінде кері қайтарып алуға да жататындығын жеткізді. А л ш ул ы қ к ə с і п ке р Қазақбай Байжұманов өздеріндегі бұрынғы қант з ау ы т ы н ы ң а л а ң ы н д а қабылдау пунктін ашу, сондайақ Төле би ауылынан спорт кешенін салу жөніндегі талаптілектерімен қайырылды. Шу ауданы Меркі қант зауытынан қашықта орналасқандықтан д а ш а руа л а р ғ а т а с ы ма л мəселесінің қиындық туғызып отырғандығынан хабардар аймақ басшысы, қазір бұл мəселені шешу жолдары қарастырылып жатқандығын айтты. «Баяндамамда айтқандай, бүгін біз 200 миллиард теңгені құрайтын 170 ірі инвестициялық жобаны іріктеп алдық. Соның ішінде Шу ауданында қант зауытын салу да жоспарда бар. Ал спорт кешеніне қатысты айтатын болсақ, бізде əлеуметтік нысандар салу үшін үш жылдық жоспар жасалып, 81 нысан анықталды. Соның ішінде алдымен аудан орталығында с п о рт ке ш е н д е р і н с а л у да жо спарланған. Мұны біз алдағы уақытта

қарайтын боламыз», – деді А.Мырзахметов. Тараз қаласындағы Аққошқар əулие көшесінің тұрғыны 20 жылдан бері көше жолының жөнделмей келе жатқанына назар аудартса, Жамбыл ауданы Түрксіб ауылының тұрғыны өздеріндегі 900 бала екі ауысымда оқитын мектептің қасынан жаңа мектеп ғимараты салынуына көмек көрсетілуін өтінді. Өңір басшысы облысымыздың 80 жылдық мерейтойы

аясында 33 көшені жөндеу, жарықтандыру қолға алынып отырғанын айта келіп, қа ла сыртындағы көшелердің де назардан тыс қалмайтындығына сендірді. Ал бұған дейін қабылданған 2 0 0 - г е ж у ы қ жо б а л ы қ сметалық құжаттарды қайта қарап, бағасы жоғарылатылып көрсетілген жобалар есебінен 10 миллиард теңге үнемделуіне қол жеткізілгенін айтқан А.Исабекұлы, былтыр басталуы керек мектептердің құрылыстары биыл қолға алынатындығын еске салып өтті. Та л а с ауд а н ы н ы ң Құрметті азаматы Тұрғынбай Тəжібекұлы облыс əкімінің тезистерімен газеттен оқып, теледидардан көріп танысқанын, бүгін есеп беру кезде суіне арнайы келіп қатысып отырғанын айта келе, өңір басшысының есебіне жақсы деген баға беріп, Ақкөл ауылы мен Қаратау қаласы аралығындағы автомобиль жолы жөнделуіне

көңіл бөлінуін сұрады. Бұл жол бойынша дайындалған жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқаны белгілі болды. М е р к і а уд а н ы н д а ғ ы «Ниет» шаруа қожалығының жетекшісі Ақан Алтынбаев қант қызылшасын өсірушілер үшін ағын судың əлі де тапшы екенін айтып, «жаңа су қоймаларын салу жо с п а р л а р ы ң ы зд а б а р ма?» деген сауалын қойды. Жоспарға сəйкес аталған ауданда 2 су тоғанын салу

белгіленген екен. Оларда барлығы 2-3 миллион текше метр көлемінде су жинау көзделген. Тараз қаласының тұрғыны Нұрабек Ергеш «Родничок» тұрғын алқабына қоғамдық көлік қатынасының жүйеленуі, ал Байзақ ауд а н ы н ы ң « Же т і т ө б е » ау ы л д ы қ ө н д і р і с т і к кооперативінің төрайымы Гүлқал Нұржігітова техника алатын шаруашылықтарға субсидиялаудың пайыздық мөлшерлемесі арттырылуына жағдай жасалынуы жөніндегі сұрақтармен қайырылды. Алдыңғы мəселе бойынша жо л ау ш ы л а р т а с ы м а л ы жұмысын алдағы уақытта облыста арнайы құрылған басқарманың ретке келтіретіндігі айтылды. Ал екінші мəс еле бойынша шаруалардың техника алуы үшін республикалық 25 пайыз субсидияға облыс тарапынан 10 пайыз қосып, оның көлемі 35 пайызға арттырылыпты. Бұл диқандардың қажетті

техникалар алуы үшін үлкен жеңілдік болмақ. Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» алқабының тұрғыны Шахан Бахрадинұлы ө зд е р і н е ау ы з су ж ү й е с і тартылса, №10 ауданының ардагерлер кеңе сінің төрағасы Асан Үсенбайұлы өздері тұратын аумақтағы жол жөнделсе, Аса ауылының тұрғыны Батырбек Саршаев спорт кешені салынса, басқа да тұрғындар тарапынан №40 автобус бағытымен саяжай алқаптары да

қамтылса, ескірген тұрғын үйлерге күрделі жөндеулер жүргізілсе, көшеге жарық орнатылса деген сипаттағы сұрақтар қойылды. Қ а л а т ұ р ғ ы н ы Т ə ке н Молдақынов тарихимəдени нысандар ерекше қамқорлыққа алынса деген өтінішпен қайырылып, осыған байланысты Тараз тарихына қатысты нендей шаралар қолға алынғалы отырғанына қызығушылық танытты. Өңір басшысының айтуынша, бұл тұрғыдағы жоспарланған іс-шаралар айрықша ауқымды болып шықты. Мемлекет басшысының «Тараз – тарихымыздың темірқазығы» деп атап өткеніндей, Асқар Мырзахметов облыс орталығынан тарихиөлкетану мұражайын ашу, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш маңынан ке ш е н с а л у ж ұ м ы с т а р ы жоспарланып отырғанын, бұл алдағы уақыттың еншісіндегі

жобалар екендігін жеткізді. Жу а л ы л ы қ З а й ы р б е к Сұлтанмұратов «Қаралма» тау-шаңғы кешенінің қашан пайдалануға берілетіндігі, онда қандай қызмет түрлері көрсетілетіндігі жөніндегі сауалын жолдады. Асқар И с а бе к ұ л ы б ұ л т ұ р ғ ы д а бүгінгі күні айрықша назарда тұрған ат алмыш нысанның қыс мезгілінде уақытша тоқтатылған ж ұ м ы с ы к ө кт е м а й ы н д а қайта жалғасатынын, негізі нысанды биыл пайдалануға беру жоспарланып отырғанын, онда туристер үшін қыста ғана емес, жаз мезгілінде де демалыс түрлері ұйымдастырылатындығын айтты. «Ақжүніс» аналар кеңесінің жетекшісі Жанат Естаева осының алдында көп балалы аналармен бірге облыс əкімінің арнайы қабылдауында болып, біраз мəселені шешуге тырысқандарын жеткізді. Оның ең бастысы – пəтер мəс еле сі. Бұл істің өңір басшысы тарапынан шешімін табатынына да сенімді. Бұл т ұ р ғ ы д а ө ң і р і м і зд е к ө п балалы аналарға арналып жатақханалар салу жобасы ұсынылып отыр екен. Бұл көп балалы аналар тарапынан бірінші кезекте қолдау тапты. Сарысу ауданынан Жұмалы О р ы н б а е в д е г е н а з а м ат бейнебайланысқа шығып, өңір басшысына сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Ол Асқар Исабекұлына Жаңатасқа газ тартыла ма деген сауалын жолдады. Аймақ басшысының бұл орайда берген жауабы сарысулықтарды қуантып тастады. Жалпы есептік жиында сұрақ қоюшылардың қарасы көп болды. Кейбір сұрақтар қайт аланып т а жатты. Тұрғындардың негізгі талапөтініштері мектеп салынса, ж о л ж ө н д е л с е , ау ы з с у, газ т артылс а, е скерткіш соғылса, малға субсидия берілсе, автобус жүргізілсе, көшеге жарық орнатылса дегенге саяды. Алайда Асқар Исабекұлы барлық сұраққа жан-жақты талдау жасай отырып, нақты жауаптар қайтарды. Жиын соңында облыстың Құрметті азаматы Александр Савченко сөз алып, облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің жыл ішінде атқарған жұмыстарына жақсы баға берді. «Aq jol»-дың тілшілер тобы: Ардақ ҮСЕЙІНОВА, Марат ҚҰЛИБАЕВ, Табиғат АБАИЛДАЕВ, Ақəділ РЫСМАХАН (Фото).

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

ӨҢІР ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖОЛЫНА ТҮСТІ Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры. Менің пайымдауымша, облыс əкімінің халық алдындағы жылдық есепті жиналысы мазмұнды өтті. Өңір басшысы Асқар Исабекұлының жыл қорытындысы туралы баяндамасынан бөлек, халық екі сағаттан астам уақыт көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды. Есепті кездесу барысында тұрғындар негізінен тұрмыстық жағдайларды, əлеуметтік мəселелерді алға тартты. Соңғы күндері Елбасының өзі халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту қажеттігі туралы айтып жатқаны баршамызға мəлім. Жақсы өмір сүру сапасының басты талабы да – тұрмыстық жағдайдың түзелуі. Асқар Исабекұлы басқосу барысында көптеген көкейтесті сауалдарға орынды жауап бере білді. Жиыннан байқағанымыз, əлеуметтік мəселелерге ағымдағы жылы да

көп көңіл бөлінеді екен. Менің түсінігімде, мұндай жұмыстар өзінің оң нəтижесін беретіні сөзсіз. Жалпы, өзекті мəселелерді дұрыс шешу үшін облыс əкімінің халық алдындағы мұндай кездесуі аса қажет. Сол арқылы бұқара мен билік арасында ашық диалог алаңы орнайды. Асқар Ис абекұлының бір жыл ішінде атқарған ауқымды жұмыстарын қанағаттанарлық деп бағалауға негіз бар. Өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығы саласында жəне өзге бағыттарда тиянақты түрде жүзеге асырылған жұмыст ар жеткілікті. Өсу, өркендеу бар екені тайға таңба басқандай анық. Биылғы жылы да алға қойылып отырған міндеттер мен мақсаттар көп-ақ. Жұмыс осылай қалыпты ырғақпен жалғасын таба берсе, барлық түйткіл рет-ретімен шешімін табады деген ойдамын. Нақтырақ айтсам, өңірде атқарылған жұмыстар жүректерге сенім ұялатады. Баянды бастамалар, жаңа жобалар лайықты түрде жалғасын табуы үшін облыс əкімінің жұмысына тек жеміс тілеймін. Өркендеудің даңғыл жолына бет алған өңіріміз жасай берсін.

ДАЛА ДА, ҚАЛА ДА ГҮЛДЕНІП КЕЛЕДІ Сайрамбай ДӨНЕНБАЕВ, Қазақстанның Еңбек Ері, «Шəушен» шаруа қожалығының жетекшісі. Қазақ «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» деген сөзді текке айтпағаны анық. Асқар Исабекұлының облысымызға əкім болып келгеніне бір жылдан енді ғана асты. Осы қысқа мерзім ішінде өңірімізде көптеген өзгерістер орын алғанын көзі қарақты жұрт өте жақсы біледі. Ол кісі «Əкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөзді терең түйсінген азамат. Қазіргі кезде даланы айтпағанда, қаланың өзі гүлденіп шыға келді. Бұл – облыс басшысының нағыз іскер жан екенінің дəлелі. Бүгінде Тараз қаласына келген қонақтар көне шаһардағы оң өзгерістерді көзбен көріп, риза болысып жатқанынан хабардармыз. Тарихтан тамыр тартатын Таразымыз шынында да түрленіп, құлпырып шыға келді. Бұл ауқымды тірліктердің бастамасы ғана деп білемін. Əкім əлі талай баянды бастаманы лайықты түрде жүзеге асыратынына бек сенімдімін. Өткен жылы облысымызда көптеген игілікті істер атқарылды. Жауапкершілік жүгін сезінген облыс əкімінің еселі еңбегі қалтарыста қалған жоқ. Өңір басшысының жұмысына дұрыс баға берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары дəрежелі «Парасат» орденімен марапаттады. Облыс əкімі сол құрметке əбден лайық. Бір жылдың бедерінде өңірімізде ілкімді тірліктер тындырылғанын айттық. Оны облыс əкімінің жылдық есепті кездесуіне

келгенде де тыңдап, көз жеткіздік. Денсаулық сақтау, білім, спорт, əлеуметтік саладағы көрсеткіштер көңіл тоғайтады. Жалпы, қай саланы алып қарасаңыз да, дамудың оң динамикасы қалыптасқанын көреміз. Ең бастысы, елдің көкейінде жүрген түйткілдер тиянақты түрде шешімін тауып жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Облыс əкімінің халықтың көкейінде жүрген мəселелерді аса зор ықыласпен тыңдап, олардың шешілу жолын қарастыру туралы айтқан пікірлері де көңілге қонымды. Қаржыны оңды-солды шашпай, тиісті жұмыстарға үнемдеп жұмсап, күрмеулі мəселелердің түйінін тарқата білгені де Асқар Исабекұлының іскерлігін айғақтай, айқындай түседі. Қазақ білгір халық қой. «Тарта жесең, тай қалады» деген сөзді текке айтпаған. Аймақ басшысының істің көзін тауып, мəселені шешіп, қаржыны үнемдей білгені өзге де мəселелердің дұрыс шешілуіне жол ашқаны десем, артық айтқаным емес шығар. Қысқасы, тотыдай таранған Тараз қаласының өркендеуі, облыстың э ко н ом и ка с ы н ы ң а рту ы ү ш і н ө ң і р басшысының атқарған жұмысы зор. Оны бəріміз жақсы білеміз. Көріп те жүрміз. Бір жылдың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай үлкен тірліктерді бітірген облыс басшысының жылдық қорытынды е себіне риза болыстық. Сондықтан Асқар Мырзахметовтің есепті жиынын қанағаттанарлық деп бағалаймын. Алдағы уақытта да ол кісі өңірдің əлеуметтік, рухани-мəдени дамуы үшін бар күшжігерін аямай еңбектенетініне шүбəм жоқ. Жаңарған Жамбыл жері құлпыра берсін. Өңіріміздің мерейі тасысын. Жемісті күндеріміз көп болсын!

МАСАТТАНУ ЖОҚ, НАҚТЫЛЫҚ БАР Ержан ƏМІРБЕКҰЛЫ, ТарМПУ-дың ректоры. Облыс əкімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы есепті алдымен облыстық басылымдардан оқып білдім. Сонда байқағаным, республика бойынша экономикалық өсім 4,1 пайызды құраса, облысымызда бұл көрсеткіш ортадан жоғары екені байқалады. Сонымен қатар көші-қон мəселесінде де өңірімізде оң динамика қалыптасып отыр. Бұл дегеніміз облысымызға сырттан көшіп келіп жатқан азаматтардың санының ұлғайып отырғанын білдіреді. Ең бастысы, өңір басшысының есебінде мақтану, əсіре сілтеу деген сияқты дүние жоқ екеніне көз жеткіздім. Іске асырылып, орындалып жатқан барлық жұмыстарға нақты дерек күйінде баға берілген. Бұл да назар аударарлық дүние деп ойлаймын. Асқар Исабекұлы жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды тек қалыпты жағдайда ғана көрсету арқылы «арық сөйлеп, семіз шық» деген қағидатты ұстанып отырғанын аңғартады. Осы орайда облыс орт а лығында орналасқан жоғары оқу орындарының бірі ретінде біз, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ұжымы облыс əкімінің ке з келген баянды бастамасына қолдау көрсететінімізді

білдіргіміз келеді. Өңір басшысының тікелей бастамасы, ұсынысы негізінде біздің оқу ордамызда «Ізгілік» орталығы ашылды. Орталықтың негізгі мақсаты – жастарға, əсіресе соңғы кездерде қоғамда орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларға өзіміздің волентерлік қолдауымызды көрс етіп, шикіліктердің а лдын а лу мəселелерімен айналысу. Яғни салиқалы əңгімелер айтылып, жастарға дұрыс бағытбағдар беріледі. Өз орнын таба алмай жүрген азаматтармен ақыл-кеңесімізді бөлісіп, ойларымызды ортаға саламыз. Өңір басшысы Асқар Исабекұлының есепті кездесуін тыңдағаннан кейін облысымызда атқарылып жатқан жұмыстардың дұрыс жолға қойылғанын айқын сезіндік. Білім саласында тындырылып жатқан тірліктер баршамызды серпілтеді. Елдің, қоғамның əлеуметтік мəселелеріне дер кезінде үнқату үрдісі қалыптасқанын түйсіндік. Қай саланы алып қарасақ та, өркендеудің табы аңғарылады. Жалпы айтқанда өңірдегі, Тараз қаласындағы соңғы өзгерістерді көріп, біліп жүрген азамат ретінде облыс əкімінің жыл ішінде атқарған жұмысына ризамын. Биылғы жыл Жастар жылы екені баршамызға белгілі. Ендеше Мағжан сенген жастардың жасындай жарқырайтынына мен де сенемін. Т ү ге л с ө зд і ң т ү й і н і с ол , о бл ы с басшысының жылдық есебін қ а н а ғ ат т а н а рл ы қ д е п б а ғ а л а й м ы н . Жасарған, жайнаған Жамбыл жерінде əлі талай жұмыстардың атқарылатынына күмəнданбаймын. Киелі өңіріміздегі жүйелі тірліктер баянды болсын дегім келеді.


4 23 а пан, 2019 жыл

QOǴAM

www.aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

ӨҢІР ТУРИЗМІНІҢ ӨРІСТІ ӨРКЕНІ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕН КӨРІНДІК Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Басқосуды облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сембек Сейдəзімов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз кезегінде қоғамдық кеңестердің атқарар міндеттері мен мақсаттарына, ел дамуы жолындағы үлесіне тоқталды. Асқар Исабекұлы, сондай-ақ 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады. Атап айтар болсақ, облыс экономикасының барлық салалары оң сипатқа ие болған. Басты көрсеткіш – экономиканың өсуі бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,6 пайызды құраған. Өндіріс көлемі, өңдеу өнеркəсібі, негізгі капиталға салынған инвестиция артығымен орындалып, 40,3 миллиард теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асқан. Сонымен қатар шағын жəне орта кəсіпкерлердің саны 63 мыңнан асып, 8 пайызға өскен. Олардың өндірген өнімінің көлемі 321 миллиард теңгеге артып, 5,6 пайызды құраған. Ал ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша облыс республика көлемінде алғашқы үштіктен көрінді. Аймақтағы басқа да бағыттар бойынша қол жеткен табыстар аз емес. Мəдениет, денсаулық, білім, спорт, əлеумет салаларында тындырылған тірліктер толайым. Жиында облыс əкімінің есепті баяндамасына қаныққан кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісті. Алғашқы болып сөз алған Жандар Кəрібайұлы былтыр атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, көкейдегі ұсынысын білдірді. Атап айтқанда, дарынды, талантты жастардың инновациялық жобаларын қолдау, оларға арнайы грант бөлу жолдарын қарастыру керектігі сөз болды. Жиында жастар тəрбиесі, «Тараз» футбол клубының ойынына жергілікті жанкүйерлерді көптеп тарту, аудандағы қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру секілді бірқатар өзекті мəселелер көтерілді. Өз кезегінде барлық көтерілген ұсыныстар мен ой-пікірлерді қолдайтынын білдіріп, ол бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетінін баса айтқан Асқар Мырзахметов өңірдегі өркенді істердің барлығында облыстық Қоғамдық кеңестің де үлесі бар екенін жеткізді. Облыс əкімінің баспасөз қызметі.

ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – АДАМЗАТТЫҢ ПАРЫЗЫ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында облыстық экология департаментінің өткен жылы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері басты әңгіме арқауы болып өрілді. Департамент басшысы Қанатбек Мәдібек журналистерге өңірдегі табиғат пайдаланушылардың жалпы саны, оларға көрсетілген мемлекеттік қызметтер, рұқсат етілген және нақты эмиссиялардың өсімі, эмиссиялар үшін төлемдер, инспекциялық қызметтің негізгі көрсеткіштері, зертханалық тексерулер қорытындылары және қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмысы туралы тарата айтып берді.

ÒÀÐÀÇ – ÑÀßÕÀÒ ÊÅÐÓÅÍІÍІҢ ÁÅÑІÃІÍÅ ÀÉÍÀËÀÄÛ Т

уризм индустриясы әлемдік экономиканың дамуына қомақты үлес қосып келеді. Елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақстанның туризмге қолайлы өлкелерінің ішінде біздің облыс туристерді бірденбір қызықтыра алатын, көне ескерткіштері мол, үлкен мүмкіндіктері бар өңір ретінде танылуда. Бұл – заңдылық.

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мəдени мұралар тізіміне енген бес мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мəдени е скерткіштердің бар болуы аймақты көптеген туристер үшін өте тартымды етеді. Оларды атап өтсек, Баласағұн қалашығы, Құлан, Өрнек, Қостөбе жəне сырға толы «Ақыртас» сарай кешені. Біздің облыс Қазақст ан Республикасының оңтүстігінде орналасқан, ел аумағының 144,3 мың шаршы шақырымын алып жатыр. Өңірде 1 миллион 120 мың тұрғын бар. Оның 61 пайызы ауылда, 39 пайызы қалалық жерге қоныстанған. Мұнда тарих пен мəдениеттің ең қызықты ескерткіштері орналасқан. Өңірде туризмнің дəстүрлі бағыттарымен қатар іс жүзінде барлық туризм түрлері – тарихимəдени, қаржылық, медициналық, танымдық, этникалық, рекреациялық, ат спорты, экологиялық жəне экстремалды түрлері дамып келеді. Келушілер үшін Жамбыл жерінде көптеген с аяхат жолдары белгіленген. Мəселен, біздің брендтерімізден Ұлы Жібек жолын алыңыз. Бұл бағытта қалай жүрмеске? Оңтүстіктегі даланың құнарлы оазисінде, көшпелі жəне отырықшы өркениеттің қиылысында Қазақстанның ежелгі қалалары болған. Ғасырлар бойы біздің жеріміз арқылы Қытайдан Таяу Шығыс пен Еуропаға көшкен ежелгі керуен жолдары жүріп өткен. Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан еліміздің тарихи жəне мəдени мұрасын с аяхатшылардың өз көздерімен көруіне таптырмас мүмкіндік тудырады. Жалпы, облыс 3367 тарихимəдени ескерткіштерімен мақтана алады. Оның ішінде: ЮНЕСКОның Дүниежүзілік мəдени мұра тізіміне енген – 5, республикалық маңызға ие 25 нысан бар. Мұнан өзге 3337 жергілікті маңызы бар ескерткіштер де тарихтан сыр шертеді. Ре спубликалық жəне же р г і л і кт і ма ң ы з ы б а р 3 3 6 2 ескерткіштің 2929-ы археологиялық, 433-і қала құрылысы жəне сəулет ескерткіштері саналады.

Сəулет өнерінің інжу-маржаны – «Айша бибі» жəне «Қарахан» кесенелері, туризм индустриясының жетекшілері – «Ақыртас» сарай кешені, «Зайсан» қорымы, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы музейі, «Көксай» шатқалы, «Меркі» жəне басқа да көптеген туристік нысандар. Өткен жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңі басталғаны туралы жариялады. «Қазақстанның 100 киелі орны» арнайы жобасы бойынша облыстың 8 тарихи жəне мəдени нысандары кірген республикалық қасиетті орындардың картасы əзірленді. Оған «Қарахан», «Айша бибі», «Бабажы қатын», «Тектұрмас», «Байзақ батыр Мамбетұлы» кесенелері, «Ежелгі Тараз» қалашығы, «Жайсан» жəне «Ақыртас» сарай кешені еніп отыр. б л ы с э ко н о м и к а л ы қ тұрғыдан дамудың үлкен мүмкіншіліктерімен қатар, тарихымен де мақтана алады. Бірқатар маңызды бəсекелестік артықшылықтарға да ие. Бұл – тиімді географиялық орналасуы, дамыған көлік жəне инженерлік инфрақұрылым. Қазақст анды барлық облыс аймақтарымен, Ре сеймен, Қытаймен, Қырғыз Республикасымен жəне Өзбекстанмен байланыстыратын 25 темір жол желісі біздің өңір арқылы өтеді. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автодəлізіне де үлкен үміт артамыз. Халықаралық мəртебесін алған «Əулие-Ата» əуежайы ірі габаритті ұшақтарды қабылдаудың барлық талаптарына сай. Ағымдағы жылы Қырғыз Ре спубликасының Талас жəне Ыстықкөл облыстарын біздің өңірмен байланыстыратын «Ұлы Жібек жолындағы туризм» трансшекаралық туристік бағыты құрылды. Бірыңғай бағыт аймағымызға қосымша туристерді тартуға мүмкіндік береді. 2018 жылдың 7 сəуірінде «Ақыртас» сарай кешенінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы міндеттерді іске асыру аясында ту р и зм д і д а м ы ту м ə с е л е л е р і бойынша баспасөз мəслихаты

О

өтті. Жиынға ҚР Мəдениет жəне спорт министрі А.Мұхамедиұлы төрағалық етіп, ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, облыс əкімдігі жəне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арасында тарихи-мəдени ескерткіштерді пайдалану жəне қорғау мəселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жобалық басқарудың «Ішкі жəне кіру туризмін дамыту» бағдарламасы аясында Талас Алатауының 3200 мет р биіктігінде орналасқан, жобалық құны 3 миллиард 355 миллион теңгені құрайтын «Қаралма» тау-шаңғы базасы» туристік аймағын құру жұмысы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 гектар жер телімі бөлініп, электр қуатымен қамту, су құбырын жүргізу мəселелері шешімін т абуда. Инженерлік коммуникациялар өтетін жерлер анықталып, 7 шақырым автожол құрылысы аяқталды. Аталған туристік аймақта туристерге барлық спорттық-сауықтыру жəне мəдениойын-сауық қызметтері көрсетілмек. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда ішкі жəне кіру туризмі бойынша туристік ағым орта есеппен 45 000 адамға көбейеді деп күтілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде салт-дəстүрді жаңғырту мен облыстағы кəдесый өнімдерін өндіруді көздейтін, Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасатын, аумағы 10 гектарды құрайтын «Шахристан» тарихи этнокешенінің құрылысы жоспарланғаны белгілі. Бүгінгі таңда эскиздік жобасы əзірленіп, аумақты құрылысқа дайындау жұмыстары жүргізілуде. Кешеннің құрамына: «Сағат» стеласы, «Арбат» көше сі, қолөнершілер шеберханасы, тарихиөлкетану музейі, галерея, руханият орталығы, көрме орталығы жəне туристік визит-орталық кіретін болады. 2018 жылы облыс əкімдігінің туризм басқармасы ішкі жəне кіру туризмін дамытуға, шетелдік жəне қазақстандық туристерді тартуға бағытталған бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізді. 2018 жылдың 1113 мамыры аралығында «КазТОЦгрупп» ЖШС-мен бірле сіп, шетелдік туристік компаниялармен жұмыс істейтін отандық туроператорлар үшін ақпараттық тур ұйымдастырылды. 8-11 қазан аралығында «Aspara Fashion Week–2018» сəн апталығы

өтті. Оған əлемнің 19 елінен 30 киім дизайнері, журналистер мен сарапшылар, ірі туроператорлар мен турагенттіктердің, сондай-ақ алыс жəне жақын шетелдердің туризм саласында жұмыс істейтін 400-ден астам маман, Италия, Франция, Германия, Нидерланды, БҰҰ, Польша, Түркия, Қытай, Үндістан, Непал, Ресей, Украина, Əзірбайжан секілді шет елдерден келген қонақтар қатысты. 9-10 қазан күндері Тараз қаласындағы «Төрткүл» керуен-сарайында «Қазақ ауылы» этножобасы ұйымдастырылды. Келушілер қазақ халқының бай тарихымен, мəдениетімен, өнерімен жəне дəстүрімен танысты. «Көне Тараз» тарихи-мəдени орталығында ө т ке н « Д ə м д і TA R A Z F O O D TOURISM» ұлттық тағамдар мен гастрономиялық саяхаттардың бірінші фестивалі де табысты болды. 13-15 желтоқсан аралығында «До стық» үйінде «ANCIENT TARAZ-2018» халықаралық туристік форумы ұйымдастырылғанын жұрт жақсы біледі. Форумға 600ден астам адам қатысты, оның ішінде Ресей, Польша, Өзбекстан жəне Тəжікстан өкілдері де бар. Шара аясында «Қолөнершілер қалашығы» халықаралық фестивалі өткізіліп, онда отандық жəне шетелдік кəдесый өндірушілердің жəне қолөнершілердің өнімдері ұсынылды. Ту р и с т і к н ы с а н т у р а л ы жылдам ақпарат беру мақсатында мобильді құрылғыларға арналған, туристік орындарды көпшілікке тарату үшін ыңғайлы, құрамында бірнеше қызмет түрі енгізілген мобильді қосымшалар жасалды. Яғни мобильді телефон камерасын арнайы орнатылған QR-кодқа жақындату арқылы тарихи-мəдени жəне туристік орын туралы толық ақпарат алуға болады. етелдік жəне қазақстандық инвесторлармен, туристік ұйымдармен ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды. Іс-шараларға шетелдік жəне отандық 5000-нан астам турист тартылды. Əлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Жамбыл облысы мен Тараз қаласын танымал ету жұмысы ау қ ы м д ы б ол д ы . « А қ ы рт а с » , «Айша бибі», «Бабажы қатын», «Қарахан», «Дəуітбек», «Төрткүл», «Көне Тараз», «Тектұрмас» «Ерте ислам дəуіріндегі мешіт» секілді

Ш

негізгі туристік нысандарымыз Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ірі туристік фирмаларының туристік жолдамаларын алды. 2018 жылдың қараша айында туристік тартымдылық жəне туризмді тұрақты дамыту мəселелері жөніндегі Х а л ы қ а р а л ы қ ком и т е т і сессиясында «Айша-Бибі» кесенесі мен «Ақыртас» сарайке ш е н і ə л е м д і к д е ң г е й д е г і құндылық мəртебесіне ие болды. ткен жылы орналастыру о р ы н д а р ы н д а 11 2 0 , 1 миллион теңгенің қызметі көрсетілген. Қызметтер көлемі өткен жылғы сəйкес кезеңмен салыстырғанда 20,7 пайызға артты. 2018 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша резидент емес келушілердiң саны 41,6 пайызға өсті. Тараз, Түркістан облысы мен Алматы, Шымкент қалаларына баратын туристер үшін транзиттік қала болып табылады. Сондықтан келушілер қонақ үйлерге тоқтамастан туристік нысанды тамашалаған соң басқа қалаларға аттанады. Осыны ескерсек, 2018 жылы облысқа келген туристер саны 250 мыңнан асады. Қазіргі т аңда 2019 жылға арна лған жұмыс жо спары əзірленді. Жоспарға сəйкес бұл жылы жол бойындағы сервис нысандарына, сонымен қатар балалар туризмін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Құрамында облыс əкімдігінің туризм басқармасы, «ҚазАвтоЖол ҰК» акционерлік қоғамының мамандары, аудан əкімдіктерінің өкілі мен қоғам белсенділері жəне БАҚ өкілдерінен құралған топ нақты жұмысты бастады. Ағымдағы жылы балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытудың 2019 жылға арналған жол картасына сəйкес «Тараз жеріне тағзым» атты жас турист фестивалі мен наурыз айында «Тараз – өткен ғасырлар мен болашақ ұштасқан қала» атты жастар туристік форумын, мамыр айында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясын, шілде айында «Астана – менің Отанымның елордасы» іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Ө

Қарлығаш АРАЛБЕКОВА, облыс əкімдігі туризм басқармасының басшысы.

Баймаханбет АХМЕТ Оның айтуынша, өңіріміздегі полигондарға 2, 8 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар орналастырылып отыр. ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге сəйкес ендігі жерде пластмасса, макулатура, картон, қағаз жəне шыны қалдықтарын полигондарға шығаруға қатаң тыйым салынбақ. Ал əзірге облыс көлемінде қатты тұрмыстық қалдықтар түрлерін іріктеп жинаумен айналысатын 16 заңды жəне жеке тұлға ғана жұмыс істейді екен. Оларды ынталандыру үшін бұл жұмыстарды субсидиялау да қарастырылуда. Баяндамашы «Қазғарыш» мекемесі тарапынан өздеріне былтырғы жылы 50 шақырымдық радиусты қамтитын рұқсат етілмеген 352 бейберекет тасталған қалдықтар орнының түсірілімі ұсынылғанын, олардың 231-і реттеліп, тазартылғанын, биыл қалғандары тазартылып жатқанын жеткізді. Фосфор қалдықтарының Тараз қаласының батыс жақ аумағында 95 мың тонна көлемінде жинақталуы да өңірдегі шешімін күткен мəселелердің біріне айналуда. Бүгінгі күнге дейін оның 4700 тоннасы ғана қайта өңделген. Мамандардың айтуынша, аталған аумақта минералдық тыңайтқыштарды енді үш-төрт жылдай жинақтарлық мүмкіндік бар. Олардың өңделуі мен ұқсатылып, кəдеге жаратылу пайызы əлі де төмен. Былтырдан бері олардың өңірдегі бүлінген, сортаң жерлерге тыңайтқыш ретінде сіңірілуі қолға алынған. Бұл тұрғыда атқарылар іс-шаралар жоспары да жасалып, бекітіліпті. «Фосфогипс жол құрылыстарына, жол асты төсемдеріне пайдаланылады. Мұндай материал тұрғындар үшін зиянды емес» деп атап өтті бұл тұрғыда облыстың бас экологі. Қанатбек Мəдібек Тараз қаласында сарқынды суларды тазарту құрылғысының, қоқыс өңдеу зауыты мен типтік полигондардың жоқтығын, Қордай, Мойынқұм аудандарындағы өңделмеген уран кеніштері аумақтарының радиациялық қауіпсіздігі жағдайына мемлекеттік мониторинг жүргізілмеуін шешімін күткен өзекті мəселелер қатарында атап өтіп, осымен байланысты қолға алынып жатқан шараларға да кеңінен тоқталып өтті. Басқосу соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісінше жауаптар қайтарылды.

СЪЕЗД ҚАРСАҢЫНДА

ПАРТИЯ ПАРАСАТЫ ІШКІ ТӘРТІБІНЕН ДЕ КӨРІНЕДІ Биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын өткізгелі отырған «Нұр Отан» өз тарихында халық пен билік арасындағы алтын көпірге айналды. Өйткені партия тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешуді өзінің ең әуелгі міндеті санайды. Сондықтан партиялық қызметтің маңызды бағыттарының бірі әрі негізі қоғамдық қабылдау болып табылады. Алайда бұл жұмыстарды ұйымдастыруда кемшіліктер де жоқ емес. Мұндай олқылықтар «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған партиялық бақылау комиссиясында қаралды.

Альмира ОМАРОВА Жиын барысында екі мəселе талқыланды. Бірінші – ол партия жарғысы мен партия мүшесінің Этика кодексі талаптарын сақтау жəне ішкіпартиялық тəртіпті нығайту жұмыстарының орындалуы болса, келесі ретте партияның с аяси Докт ринасы талаптарын іске асыру мақсатында өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары бойынша жергілікті тұрғындардан түскен өтініштер жайы қозғалды. Күн тəртібіндегі алғашқы мəселе бойынша облыстық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, топ жетекшісі Жа н ат бе к Жап а р о вт ы ң б а я н д а м а с ы тыңдалды. Өйткені комиссия тарапынан ағымдағы жылдың 11-12 ақпан күндері партияның Жамбыл аудандық филиалының 2017-2018 жылдарда атқарған жұмыстарына зерделеу жүргізілген. Хабарламашының сөзіне сенсек, аталған филиалда бірқатар жұмыстар атқарылған. Мəселен, филиалда ай сайын жарна төлейтін партия мүшелерінің жалпы саны 4920-ны құрапты. Жоспарға сай олар ай сайын, жалпы сомасы 1 463 700 теңге жарна төлеуі тиіс болса, ағымдағы жылдың 1 ақпанында партиялық жарна 108

000 теңгеге артық төленген. Аудандағы 20 бастауыш партия ұйымының барлығы жұмыс кабинеттерімен жабдықталған. Яғни БПҰ-ны жұмыс кабинеттерімен қамту 100 пайызға орындалған. Əйткенмен филиал жұмысында біршама кемшілікке кеңшілік берілгендігі де анықталыпты. – П а р т и я ауд а н д ы қ ф и л и а л ы н ы ң жоспарына сəйкес былтырғы қарашажелтоқсан айларында Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің, оның ішінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың аудан көлемінде орындалу мəселесі енгізілген. Алайда бұл жоспарланған бюро отырысы белгісіз себептермен өткізілмеген. Те кс е ру ке з і н д е ө т ке н е к і ж ы л д а филиалда тіркелген партия мүшелері арасында ішкіпартиялық тəртіпті жəне « н ұ р от а н д ы қ т а рд ы ң » Э т и ка код е кс і талаптарын сақтамаған партия мүшелері тіркелген. Атап айтқанда, 2017-2018 жылдары С.Искакова, Р.Дəулетқұлова, Г.Жамалбекова жəне Г.Бектенбаеваның жауапкершілігі бастауыш партия ұйымдары бюроларында қаралған жəне тиісті партиялық жазалар қолданған. Бірақ бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы қажет болса

да, С.Искакованың ішкіпартиялық тəртіпті бұзғаны жəне соған сай жазаланғандығы еш жерде жарық көрмеген. Осылайша филиалдың Саяси кеңесі бюросының отырыстарында партия мүшелерінің жауапкершілігін қарау тəжірибесі қалыптаспағандығы байқалады. Сонымен қатар ішкіпартиялық жұмысты нығайту бағытында партия мүшелерінің Этика кодексі талаптарының орындалуы бойынша арнайы мəселе қаралмаған. Бұл ретте, филиал тарапынан тиісті жұмыстар өз баст амасы бойынша жүргізілмей, жауапкершілікті қарау мен тəртіптік жаза қолдануда партияның облыстық филиалы тарапынан берілген ұсыныстарға ғана иек артқандығы аңғарылады. Сондай-ақ партиялық бақылау комиссиясының 2017 жылғы іс-шара жоспарындағы қаңтар айында өтуі тиіс дөңгелек үстел отырысының тиісті құжаттары рəсімделмеген, – деді ол. Облыстық филиал тарапынан берілген тапсырмаларды орындауға ерекше мəн берілуі тиістігін де қадап айтқан Жанатбек Тұрсынбекұлы зерделеудің қорытындысына сəйкес аудандық филиал жұмысын жақсарту бағытында бірқатар ұсыныстар берді. Сөз болған мəселелерге қатысты жауап берген Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Несіпбеков аталған олқылықтарды жою жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Аталған мəселелерге қатысты өз пікірін білдірген комиссия төрағасы Абай Нұржанов партиялық тəртіпті бұзып, мүшеліктен шығарылған кісілерді ақпарат құралдарында атын атап, түсін түстеп тұрып жариялау керектігін баса айтты.

Ал екінші мəселеге қатысты сөз алған «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаевтың облыстық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері алдында былтырғы жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында аудан тұрғындарынан түскен өтініштердің қара лу барысы жайлы баяндамасы тыңдалды. Ал «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраимова да таластық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінің былтырғы жұмысына анықтама келтірді. Тиянақты жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде жəне тұрақты партиялық бақылау жүргізілгендіктен, таластық 231 азаматтың 57 пайызының өтініші оң шешімін тапқан. Хабарламадан түсінгеніміз, аталған филиал өңірлік көрсеткіш бойынша басқа филиалдар ішінде 3-орында тұр. Дегенмен бұл жұмыстарды ұйымдастыру мен өтініштерді тіркеу жұмыстарында əлі де олқылықтар бар екен. – Былтыр осы филиалда Скайп арқылы бар болғаны 1 ғана қоғамдық қабылдау ұйымдастырылған. Сондай-ақ бекітілген кестеге сəйкес қоғамдық қабылдауларды мүлдем өткізбеу фактілері де кездесті, – дей келе, Үміт Серікқызы бірқатар ұсыныстар жасады. Себебі қоғамдық қабылдау – халық айнасы. Сондықтан бұл бағытта туындаған мəселелерге жедел назар аудару қажет. Жиын соңында отырыста қаралған мəселелер алдағы уақытта өз шешімін тауып, орын алған олқылықтар жойылатындығы айтылды.


5 23 а пан, 2019 жыл

RÝHANIAT

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

«АРХИВ – 2025»

ҰЛЫ ДАЛАНЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

ҰËÒ ҚҰÍÄÛËÛҚÒÀÐÛÍÀÍ ÑÛÐ ØÅÐÒÊÅÍ «Ұлы Даланың жеті қыры» атты тарихтан сыр шертетін, әр тарауы ұлттық идеяға тұнып тұрған мақаланы оқыған әрбір қазақтың кеудесін зор мақтаныш сезімі кернейтіні ақиқат. Себебі бұл мақала Ұлы Даланы мекен еткен қазақ ұлтының бай тарихын, өмірлік ұстанымдары мен түбі бір түркі жұртының құндылықтары туралы жаңаша көзқарастағы ойларды қаузауымен құнды. Тарихи-пәлсапалық мақаланы оқып отырып, сан түрлі ойға шомасың, сартап дала, жусанды қырды мекен еткен халықтың рухани құндылықтарының аса мол екендігіне көзіңді жеткізіп, рухтана түсесің.

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

ТАРИХТЫ ТАНУДАН БАСТАЛАДЫ Е

лбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімінде «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын əзірлеуді тапсырды. Елбасының бұл мақаласы жалпы мəдени-рухани дамуымызға оң серпін беріп, Ұлы Даланың ғажайыптарын толық сезінуге мүмкіндік туғызды. Ал архившілер үшін тікелей мүмкіндік, ерекше қолдау деп айтар едік. Осыған орай облыстық архивтің ғылыми-қызметкері, жазушы Мақұлбек Рысдəулетпен сұхбаттасқан болатынбыз.

– Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласын сіз қалай қабылдадыңыз? – Бұл мақаланың жарық көргеніне ерекше қуанғандардың бірімін. Себебі архившілердің жұмысы онсыз да ауыр. Оны осы салада жүргендер біледі. Енді елеусіз көрінген осы салаға Мемлекет басшысының өзі тікелей мəн беріп жатса, неге нəтижелі болмасын! Жақсы көрсеткіштерге жететініміз анық. Елбасының: «Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мəдениеттанушылардан құрылған арнайы топтың отандық жəне шетелдік архивтермен өзара жүйелі əрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеузерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мəн беруіміз керек», – деген сөзі біздің саланың қызметкерлеріне бағдар болатыны айқын. – Ке й б і р ə р і п т е с т е р і м н е н естуімше, «Газетте жүре берген екенмін. Архивке ертерек келуім керек еді», – деп өкініпсіз. Осы сөз рас па? – Ұзақ жылдар бойы журналистика с а ласының жауапкершілігімен, қызық-шыжығымен жүрдік. Басқаға мойын бұруға уақыт та болмады. Архивке келсем алдымнан мүлдем басқа əлем, басқа бағыт шықты. Сол кезде əлгіндей сөзді айтқан болуым керек. Жалпы, архивке қызметке келгеніме өкінбеймін. Осында жүріп бірнеше кітап жаздым. Олар, əрине, əдеби көркем туындылар еме с. Алайда өңірдің тарихын, өткенін, басымыздан кешкен түрлі кезеңдердегі қарапайым тұрғындардың жағдайын, елдің ахуалын көрсететін кітаптар. Архив саласының өкілдеріне, жа лпы оқырманға жəне жас ұрпақтың з е рд е с і н оя ту ғ а керек дүниелер деп ойлаймын. Архивке келіп, материал қ а р ап , і зд е н е т і н тарихшылар өте аз екен. Оған көзім жетті. Олар неге аз? Осы жағы мені ойландырады. Мəселен, саяси қуғын-сүргін кезінде қандай жағдай орын алғаны керек пе? Оны жас ұрпақ білуі қажет пе? Қажет. Олай болса, бір кітабым осы қуғын-сүргін кезеңіне арналды. Ол кезде біздің өңір Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында (қазіргі Түркістан облысы) болған. 18 ауданнан құралыпты. Соның ішінде бір ғана Меркі ауданынан 23 адам қуғын-сүргін құрбанына айналған. Өзге аудандардан жазықсыз атылғандар қаншама? Бектен Медеров, Жылқыбай Сəрсенбиев деген сауатты, көзі ашық кісілер жазалылар қатарында екен. Тарихшылардың айтуынша, Əулиеата ауданында (қазіргі Жамбыл ауданы) Бошай деген кісі болыпты. Өз заманында би атанған, 1916 жылғы көтеріліске қатысқан. Ұрпақтары жер аударылған. Ол кезде бір облыстың адамын басқа алыс өңірлерге жер аударып отырған. Бошайдың ұрпақтары Батыс Қазақстан облысына күштеп жіберіледі. Сол кісінің тікелей ұрпағы Ізет Бошаев деген кісі «Қыз Жібек» фильміне тер төккен. Басқа да фильмдердің жарыққа шығуына атсалысқан. Жалпы, біздің өңірден 5 мың адам саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде көрсетілген. Оның жартысын анықтадық. 850 адам атылып кеткен деген дерек бар. Мəселен, Т.Рысқұловты қолдаушылар арасында «Қазаққырғыз» жастар одағы құрылған. Сол одаққа мүше болғандардың бəрі атылған. Осы жылдары болған Созақ, Сарысу көтерілісінің де маңызы зор. Көтеріліске Иманжүсіп Құтпанов қатысқан деген ауыз екі сөз айтылады.

Бірақ оны дəлелдейтін нақты құжат жоқ. Бұл орайда зерттеу-зерделеу жұмыстары оңай болған жоқ. 1939 жылға дейінгі көптеген деректерді Алматы жəне Түркістан облысының архивінен таптық. Қазақтың басынан өткен осынау қасіреттің біздің өңірге қатысты жағын аталған кітапта қолымнан келгенше көрсеттім деп ойлаймын. – Иманжүсіп туралы зерттеу жүргіздіңіз бе? – Мүмкіндігінше ол кісі туралы деректерге құлақ түріп жүремін. Індетіп ізденуге уақыт тапшы. Өткен жылы 31 мамыр – саяси қуғынсүргін құрбандарын еске алу күніне қарай облыстық архивте «Қасіретті жылдардың ызғары» тақырыбында

саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті. Іс-шара барысында келген қонақтар өз естеліктерімен бөлісіп, жинақтаған құжаттарын, жазған кітаптарын көрсетті. Астанадан арнайы шақырылған қонағымыз Раушан Иманжүсіп өз атасы жайындағы зерттеулерімен бөліскеннен кейін, Тараз қаласындағы 5-шағын ауданы аумағында орналасқан ескі түрмеде ат асы Иманжүсіп Құтпановтың атылғанын анықтағанын жəне ол жерге ескерткіш белгі қою үшін Иманжүсіптің ұрпақтары арнайы келіп отырғанын жеткізді. Соған қарағанда, ол бізге жақын жерде ғұмыр кешкен сыңайлы. Иманжүсіп жайлы толыққанды зерттеу жүргізетін уақыт жетті. – Архив жұмысынан нені байқайсыз? Қазір жаңа технологиялар уақыты. Шаң басқан архив құндылықтары электронды нұсқаға көшті ме? – Мен облыстық архивте бірнеше жыл директор болдым. Қазір де ғылыми қызметкермін. Архивтік құжаттарды мемлекеттік сақтауға 17 қор қызмет етеді. Оның ішінде 4646 сақтау бірлігі бар. Одан бөлек 2705 сақтау бірліктен тұратын басқару құжаттамасы, 1916 сақтау бірліктен тұратын жеке құрам, 25 сақтау бірліктен тұратын жеке тектік құрам жəне 4

жаңа қор қабылданды. Мемлекеттік е м е с з а ң д ы т ұ л ғ а л а рд ы ң ж ə н е олардың бірлестіктерінің архивтермен байланысы жақсаруда. Өткен жылы 168 мекемемен тығыз байланыста жұмыс істедік. Оның ішінде 121-і мемлекеттік, 47-сі мемлекеттік емес. Қалдыкүл Бəшенова басқаратын облыстық архивтің жұмысы жемісті. Архив құндылықтары біртіндеп электрондық нұсқаға көшіп жатыр. Елбасы «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын қабылдауды айта келіп, архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру жөнінде ой қозғады. Енді жинақталатын құжаттарды шаң баспайды. Былтыр тоғыз дөңгелек үстел отырысы өтті. Əсіресе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, М . Х . Д ул а т и а т ы н д а ғ ы Т а р а з мемлекеттік университетінің доценті, тіл маманы Зиба Құламанованың қатысуымен өткен жиындардың маңызы зор болды.

Былтыр Жамбыл археологиялық пунктінің ашылғанына 80 жыл толды. Осы орайда да əсерлі кездесулер ұйымдастырдық. Архив құжаттары негізінде жарық көрген «Тараз: Археологиялық зерттеулер (19381945 жж.)» атты кітап студенттерге таныстырылды. – Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында архивтердің өлкетану музейлерімен байланысы жөнінде ой қозғалған еді... – Əрине, Мемлекет басшысы бұл мəселені өте дұрыс жəне дер кезінде қозғады. Архив пен өлкетану музейлерінің байланысы қашанда жемісін береді. Елбасы аталған мақаланың «Архив – 2025» бөлімінде: «Өз тарихына деген мақтаныш с е з і м і н ұ я л ат ы п , от а н ш ы л д ы қ тəрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс. Сондықтан мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан т арихиархеологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойына өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады», – деп атап өтті. Мен архивші маман ретінде бұл пікірмен келісемін. Ел тарихын, архив құндылықтарын оқушылар санасына сіңірсек, ұтарымыз көп. Мен де архив құжаттарымен белсенді жұмыс істеуге дайынмын. – Тараз қалалық мемлекеттік архивімен байланысыңыз бар ма? – Əрине. Бір қуанарлығы, оларға жаңа ғимарат берілді. Архив жаңа ғимаратқа көшкелі бері материалдықтехникалық жағынан нығайып, негізгі міндеті – құжаттар қорын молайтуда үлкен нəтижеге қол жеткізді. Қазіргі т аңда архив е с ебінде 106 қор, 31473 сақтау бірлігі бар. Ұлттық архив қоры құжаттарын толықтыру м а қ с ат ы н д а Та р а з қ а л а с ы н ы ң мемлекеттік архивінде 2012 жылдан бастап Тараз қаласының «Құрметті азаматтары», «Ұлы Отан соғысының ардагерлері», «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран», «Тараз қаласының спорт тарландары» атты жеке тектік құжаттар топтамасынан құралған қор ашылып, ауқымды жұмыстар

жүргізіліп жатыр. Оның ішінде, əсіресе 2011 жылы 12 қарашада Халық Қаһарманы, Ішкі істер қызметінің капитаны, жол полициясының взвод командирі Ғазиз Байтасовтың тектік құжаттары ерекше орын алуда. «Тараз қаласының спорт тарландары» атты жеке тектік құжаттар топтамасында Жамбыл жерінен шыққан Олимпиада, əлем, Азия чемпионы атанған барлық спортшылар туралы қажетті деректер сақталатыны қуантып отыр. «Электронды үкімет» қ а л ы п т а с т ы руд ы ң м е м л е ке т т і к бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2012 жылдан бастап Тараз қаласының мемлекеттік архивінде жеке жəне заңды тұлғалардың құжаттарға т е з ж ə н е т и і м д і қ ол же т к і зу і н қамтамасыз ету үшін «Электрондық архив» жас ау бойынша жұмыс басталған болатын. Осы жұмыстың барысында қағаз негіздегі құжаттарды электрондық түрге көшіру үшін қазіргі заманға сай сапалы, жылдамдығы жоғары «book 2net KIOSK», «EPSON 20000» сканерлері орнатылып, жұмыс атқаруда. Қалалық мемлекеттік архивті ұзақ жыл басқарған Бақыт Əбдікерімова жақында зейнетке шықты. Оның бұл салаға сіңірген еңбегі өте көп. – Архив деректері бойынша жазылған өзге де кітаптарыңызға тоқталып өтсеңіз... – Ұлы Отан соғысы жылдары жайлы 5 кітап жазылды. Оның бəрі жастарды п ат р и о т т ы қ қ а , о т а н ш ы л д ы қ қ а тəрбиелеуге ықпал ететін қажетті дүниелер деп ойлаймын. Өткен жылы облыс əкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағы жөнделіп, сол жерге Ұлы Отан соғысына қатысқан, сол жақта қаза болған, елге келіп өмірден озған, ортамызда аман жүрген барлық майдангерлердің есімдері тасқа қашалып жазылды. Сол науқан кезінде біздің облыстық, қалалық архивтің қызметкерлері өте белсенді жұмыс істеді. Майдангерлер есімінің тез табылуына менің кітаптарымның да пайдасы тиді. Ол жерде барлық соғыс ардагерлері қамтылды. Ешкім тасада қалған жоқ. Бірақ кейбір фамилиялар қиындық тудырды. Төлқұжаттары бойынша кейбір əріптері орысша жазылған. Мəселен, «Ыдырысов» деген «Идирисов» болып кеткен. Біз осындай фамилияның көпшілігін қазақша жазылу ережесіне сай түзеттік. Дегенмен де толық түзеп шығуға мүмкіндік болмады, кейбір тектерден қате кетті. Бірақ сол кездегі архив қызметкерлерінің орасан зор еңбегін ерекше айтқым келеді. Əсіресе облыстық архивтің ғылымианықтамалық ақпарат жəне құжаттарды жариялау бөлімінің басшысы Назым Қожамарованың еңбегін айрықша атап өткім келеді. « Е с ке р т к і ш т е р – е л т а р и х ы » деген кітап əр аудан, ауылдардағы ескерткіштердің жай-күйіне, тарихына арналды. Архивті ақтаруға ерінетін адамдарға мұның бəрі дайын дүние. Археологиялық зерттеулердің нəтижесі осы еңбекте қамтылған. Мəселен, ертеректе «Түркістан» əуесқойлар үйірмесі жұмыс істепті. Олар да көп деректерді тапқан. Бернштам, Пацевич, Бартольд секілді ғалымдар осы өңірді зерттеген. Өңірімізде 48 төмпешік, яғни 48 археологиялық қазба болған. Соның соңғы жағы зерттеусіз қалыпты. Осы Ташкент көшесін қазғанда жер астынан алтын тиын шығыпты. «Атшабардың» о р н ы н д а м ү рд е л е р б ол ғ а н . С ол марқұмдарды жерлегенде пайдаланған табытта аю, қасқырдың суреті бар деседі. Тараз қаласының тарихы 2 мың жылдан асты дегенді көп айтамыз. Оның əлі көптеген бөлігі зерттелген де жоқ. «Жамбылым қандай тамаша!» деген кітап өңірдің өнері мен мəдениетінің дамуына арналды. Жақында Жуалы ауданының 90 жылдығына байланысты «Жуалы» деген кіт абым жарық көрді. Ал былтыр «Желтоқсан – 86» мекемесінің ашылуына байланысты осы оқиғаны зерделеп кітап жазу маған жүктелді. Ол кітап та əзірленіп, баспаға дайын тұр. Міне, азды-көпті осындай еңбектер жаздық. Көпшіліктің кəдесіне жарап жатса, мақсатымның орындалғаны. – Əңгімеңізге рахмет! Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.

Даңқты бабаларымыз көшпелі дала мəдениетін қалыптастырып, табиғатпен үйлесімде өмір сүрген. Соның нəтижесінде ұрпаққа мұра қылып, бай тарих, өшпес із қа лдырды. Олар біздің ажырамас құндылықтарымыз. «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Президенттің мақаласы күллі қазақтың бойында ұлттық мақтаныш пен ұлттық намысты, ұлтжандылық пен отансүйгіштікті дамытатын құрал. Ұлттық идеологияның қайнар көзі. Мемлекет басшысы «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы Дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру қажеттігін айтып, қоғамның, баршамыздың алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл шын мəнінде де өте ауқымды жұмыс. Елбасы өзінің жаңа еңбегінде Қазақстанды күллі түркі ха лықт арының қасиетті «қара шаңырағы» деп атап көрсетті. Ол шындығында да солай ғой. Мұны жалпы мойындалған, ешбір дəлелдеуді қажет етпейтін дəйек десек те қателеспейміз. Президент «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алуымыз қажет деген тың бастаманы айтып, осы жоба аясында Астанада түркологтердің дүниежүзілік конгресін өткізуді тапсырды. Бұл түркі халықтарының басын қосатын, рухани үндестікті өркендететін қадамдар екені тайға таңба басқандай аян. «Архив–2025» атты жеті жылдық б а ғ д а рл а ма н а қ т ы і с ке а с қ а н д а т ө л тарихымыздың жаңа парақтары ашылатыны анық. Түсінген адамға архив ұлтымыздың жады əрі жаны саналады. Жалпы, шетелдерде жатқан ұлт тарихы жинақталса, одан қазақ халқының ұтатыны айқын. «Ұлы Дала» атты ежелгі өнер жəне технологиялар музейі мен «Ұлы Даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын қолға алу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау, «Ұлы Даланың көне сарындары» жинағын басып шығару жобаларының да біз үшін маңызы зор дер едім. Жоғарыда аталған жобаларды Президентіміз «Рухани жаңғыру»

бағдарламасының жалғасы ретінде қарастыру қажет деп атап көрсету арқылы екі мақаланың үндестігін дəлелдей түсті. «Кеңістік – барлық нəрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады». Елбасының осы бір сөздері – ұлы мұраттарды алға қойған ұлт азаматтарын жаңа биіктерді бағындыруға бастайтыны талас тудырмайды. Мақаладағы «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты тарауы көпшілікті толғандыра түседі. Бұл кино өнерінің тарландарына аса зор жауапкершілік пен міндеттер жүктейтіні сөзсіз. Өйткені төл тарихымызды көгілдір экранға шығарған кезде енді біз ұлылығымызбен, дала философиясын көрсете алатындығымызбен жаһанды мойындатуға күш салуымыз керек деп ойлаймын. «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» атты бөлім түркі-қазақ халқының ауызша мəдениетінің терең де мəнді астарын қамтитыны аян. «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» деу арқылы Елбасы біздің мемлекеттің табиғи байлығын да айшықтап тұр. Осы арқылы Қазақстанның тағы бір табиғи байлығына танымдық тұрғыдан баға береді. Көздің жауын алатын қызғалдақтарды бəріміз білеміз, көріп жүрміз. Алайда соны өзіміздің байлығымыз ретінде қадірлей алмай жүрген шағымызда Мемлекет басшысының көрегенділік танытқаны қуантады. Түгел сөздің түйіні сол, ұлт тарихының темірқазығы іспеттес болған мақала бізге бағдар болды. Қай бағытта жұмыс істеу керектігін көрсетті. Енді Елбасы айтқан баянды бастамаларды жүзеге асыру – парыз.

Меруерт КЕЙКІМАНОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті физика кафедрасының меңгерушісі. Жібек СЫЛҚЫМОВА, физика кафедрасының аға оқытушысы.

КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНДА

ЖАСТАР – ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ Камила БОРАШОВА Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бұл – мемлекет тарапынан жастарды қолдауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Нəтижесінде биыл жастарды жұмыспен қамтуда жаңа бастамалар қолға алынбақшы. Мəселен, кəсіпкерлікпен айналысам деушілерге «Жас кəсіпкер» жобасы –үлкен қолдау. Ал жас мамандар «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында мүмкіндіктер кеңейе түсетініне қуанады. Дегенмен өскелең ұрпақ Жастар жылында басқа да əлеуметтік мəселелер шешімін тапса екен деп күтеді. О л а р б ұ л о й ы н ауд а н д ы қ б і л і м қызметкерлері кəсіподақ комитетінің білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырған «Жастар – кемелді болашақ үшін!» атты жас мұғалімдердің форумында ашық айтты. Жастардың бойында қиындықтар мен кедергілерге мойымайтын ерекше күшқайрат бар. Егер жігерін жасытпай, қолдау білдірсе, бұл түйткілдерді де өздері бірлесе

шешуге дайын екендіктерін байқатты. – Жастар жылында жас ұстаздардың басын қосып форум өткізудегі мақсатымыз – оларға барынша қолдау көрсету. Бүгінгі шарада жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын əлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруға жас педагогтеріміз де атсалысуға дайын екендіктерін көрсетті. Ойпікірлерін іркіп қалған жоқ. Ұсыныстары да назар аударарлық екен, – деген аудандық б і л і м қ ы з м е т ке р л е р і н і ң к ə с і п од а қ комитетінің төрайымы Айнұр Баймұратова форум барысындағы «Еркін ой мінбері» бөлімінің ерекшелігін атап өтті. Өзгеше форматта өткен форумда жас педагогтер өз ұсыныстарын ортаға салды. Солардың бірқатары – еңбек жастарының ə л еуе т і н к ө т е ру ге с е п т і г і н т и г і зу, инновациялық жобаларды түрлі байқауларға қатыстыру, стартаптарға гранттар бөлу, спорт кешендері мен бассейн салып, спорт түрлерін дамыту секілді əлеуметтікэкономикалық мəні бар бастамалар.

Т.Рысқұлов ауданы.

СОТ ЗАЛЫНАН

«АУЫЛ-БЕРЕКЕДЕ» ДІНИ АҒЫМДАҒЫ КІТАПТАР САТҚАН Сот қаулысымен А.Қазақст ан Ре спубликасының Əкімшілік қ ұ қ ы қ б ұ зу ш ы л ы қ ту р а л ы кодексінің (бұдан əрі ƏҚБтКнің) 490-бабының 1-бөлігінің 3 - т а рм а ғ ы н д а к ө зд е л ге н əкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінəлі деп танылып, əкімшілік жаза ретінде қызметін бес күн мерзімге тоқтата тұрып, оған 84 175 (сексен төрт мың жүз жетпіс бес) теңге көлемінде əкімшілік айыппұл салынған. 2 4 . 0 7 . 2 0 1 8 ж ы л ы а з а м ат ш а А . Тараз қаласы Мəмбет батыр көшесінде о р н а л а с қ а н « Ау ы л - Б е р е ке » с ауд а орталығында діни бағыттағы ақпараттық материа лдарды с атқаны (кіт апт ар, брошюралар) анықталған. А-ның жасаған құқық бұзушылығы əкімшілік іс бойынша жасалған құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, құқық бұзушының түсініктемесімен, лауазымды тұлғаның баянатымен, Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің (қазіргі полиция департ аменті) экст ремизмге қарсы күрес басқармасының хатымен, куəнің арызымен, С. ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне тапсырған діни əдебиеттер мен брошюраларды бергені расталады жəне тұлғаны əкімшілік жауаптылыққа тарту үшін жеткілікті дəлелдемелер жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар «Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» Қазақстан

Республикасының 11.10.2011 жылғы №483-ІV Заңының 9-бабы 2-бөлігінде діни əдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйы ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне Астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі делінген. Cот А. іс-əрекетін лауазымды адам ƏҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағында көзделген құқық бұзушылық бойынша дұрыс дəрежеленген деп санайды, яғни Қазақст ан Ре спубликасының діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзып, Қазақстан Республикасының заңнамасында: діни əдебиетті жəне діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды əкелуге, əзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға жəне (немесе) таратуға жол берген. Сондықтан ол өз қолымен жасаған қателігі үшін жоғарыда айтылған мөлшерде айыппұл төледі.

Қамар ҮСЕМБАЕВА, Тараз қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының судьясы.


№45 (45), 23 AQPAN (SENBІ), 2019 JYL

ҒЫЛЫМ

ОЙ

ÐÎÁÎÒ

ПІКІР

АДАМЗАТПЕН БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕ АЛА МА?

‘ ‘ GYLYM-BІLІM GAJAIYPTARY

ЖАСАНДЫ САНАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҰТЫМДЫ ЖАҚТАРЫН ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ТРАНСПОРТТЫҚ СЕГМЕНТТЕРДЕ КӨРІП ЖҮРМІЗ. ДЕГЕНМЕН БІЗ, АДАМ БАЛАСЫ, ДЕР КЕЗІНДЕ ОҒАН ШЕКТЕУ ҚОЯ АЛАМЫЗ БА? ГОЛЛИВУДТЫҢ «РОБОКОП», «ТЕРМИНАТОР» НЕМЕСЕ «МАТРИЦА» СЕКІЛДІ ФИЛЬМДЕРІ РЕЖИССЕРДІҢ КИНЕМАТОГРАФИЯЛЫҚ ФАНТАЗИЯСЫН КӨРСЕТЕДІ. АЙТА КЕТСЕК, АТАЛҒАН ФИЛЬМДЕРДЕ АДАМ БАЛАСЫ ТӘЖІРИБЕДЕ ЖОҚ ЖАСАНДЫ САНАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ. ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ДАМУЫН ҮДЕМЕЛЕУ АРҚЫЛЫ МИКРОЧИПТЕР МЕН КОДТАРДЫ ҚАН МЕН ТЕРГЕ АУЫСТЫРЫП АЛМАСАҚ БОЛҒАНЫ. ОСЫНДАЙ ҚАУІПТІҢ БОЛАШАҚТА БАР БОЛУЫН «TESLA» ЖӘНЕ «SPACEX» КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАС АКЦИОНЕРІ ЭЛОН МАСК ӨТКЕН АЙДА АЙТЫП КЕТКЕН БОЛАТЫН. БІЗДІҢ НАҚТЫ ТҮСІНЕ АЛМАЙ ЖҮРГЕНІМІЗ ЖАСАНДЫ САНАНЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЕМЕС, ҚАРА ТЕХНОЛОГИЯ БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІ. СИЛИКОНДЫ АЛҚАПТЫҢ «GOOGLE» ЖӘНЕ «FACEBOOK» СЕКІЛДІ КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАСАНДЫ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ҚАРЖЫ БӨЛЕДІ ЕКЕН, МҮМКІН БОЛҒАН ҚАУІПТІҢ ҰЛҒАЮЫ ДА БОЛАДЫ.

(ҒЫЛЫМ-БІЛІМ ҒАЖАЙЫПТАРЫ)

ДЕРЕК

ҒАРЫШ

ЖОБА

ДӘЙЕК ЖОСПАР

БОЛЖАМ

ДОЛБАР

СПИЛБЕРГТІҢ ФИЛЬМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСАДЫ?

ТАНЫМ МЕН ТҮЙСІК

Фильмнің сапасына еш шүбə жоқ. Дегенмен жасанды сананың тарихын есептеу техникасының шығу кезеңіне алып баруы тіпті жаңалық еді. Өткен ғасырдың 50 жылдарында ғалымдар есептеу машинасының дербес қабілетке ие болу мүмкіндігі туралы бас қатырған-мыс. Арада 64 жыл өткен болса да, бұл идея адам санасынан алыстаған емес. Компьютердің алғашқы моделін жасаушы ағылшын математигі Алан Тюринг «Есептеу машинасы жəне сана» атты еңбегінде ж а с а н д ы с а н а н ы ң б ол а ш а қ т а ғ ы мүмкіндіктері туралы жазып кеткен.

р а д н Жапо

ЖАСАНДЫ САНАНЫҢ АДАМНАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ БОЛА МА? Салыстырмалы тұрғыда болады. Ғалымдар Тюрингтің жазбаларынан белгілі

ÎÉÄÛ ÄÀ ÎҚÈ ÁÀÑÒÀÄÛ

Адамның ойын оқу тегінде балгерлердің қолынан келген. Нақты болмас а да, олардың қара күшке сеніп, адамның ойына түсуге мүмкіндігі болған. Ғылыми дəлелі болмағандықтан, бұл үлкен жаңалық емес. Ал ғылыми жаңалықты жапондар ашып отыр. «Google», «Facebook» сынды ғаламтор жəне жарнама, таргетинг браузерлері кейде сізден «бұл қалай жұмыс жасайды?» деп сұрақ қоя отырып жауабын іздеуге шақырады. Біз ақырын-ақырын желіге еніп, сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл компьютердің арнайы жасалған бағдарламалық жүйесі. Жапонияның Киото университетінен жеткен мəлімет бойынша зерттеушілер үлкен жобаны қолға алған. Киото университетінің ғалымдары нейрондардың желісіне терең үңіле отырып, адамның ойын оқуға болатынын айтады. Ақылға қонымсыз ба? Дегенмен бұл адам ойын оқуға жасалған алғашқы зерттеу емес. Осыған дейін жасалған зерттеулер өзінің нəтижесін қанағаттанарлықтай бере алған жоқ. Жаңа технологияның арқасында «суреттің терең құрылым» деп атауға ие болған жол арқылы зерттеушілер ойдың суретін бірнеше түс беру арқылы, текстуралармен анықтай алады. «Біздің миымыз əртүрлі деңгейдегі немесе күрделі компоненттердің ерекшеліктерін иерархиялық алу арқылы визуалды ақпарат

роботты адамға бейімдеу процесін əлі де жүргізіп келеді. Мысалы, орыстар құрастырған адам текті чатбот Евгений Густманның ойлау қабілетін тексеретін Тюринг тестінен еш кедергісіз өтеді. Робот өзіне жолыққан адамдардың үштен бірін өзінің адам екеніне сендіре алған. Ол кездейсоқ жағдайларда ойлаудың орнына əртүрлі əдісті қолданған. Өзін 13 жасар бала етіп таныстырып, ағылшын тілінің туған тілі емес екенін айтады. Көптеген ғалым жасанды санаға табиғи тілді бейімдеуге тырысып келеді. Себебі оған

ретінде өңдейді», – дейді зерттеуші Юкиясу Камитани. Зерттеу жұмыст арына 10 ай көлемінде уақыт кетті. Тəжірибе кезінде үш адам үш түрлі деңгейдегі суреттерді оқумен айналысты: табиғи құбылыс ( жануар немесе адам), жасанды геометриялық фигура жəне əліпби əріптері. Адам миының қабілеттілігі суретке қараған кезде жəне суретке қарап болғаннан кейінгі уақытта өзгеріп отырған. Мидың жұмыс жасауын белсенділігін арттыру үшін адам суретке қарап болған соң, ол туралы ойлай отырып, миында қайталап салып шыққан. Адам миын зерттеу бойынша тек жапондар ғана емес, Илон «Масктің Neuralink» нейрокомпьютерлерді құрастыру интерфейсін жəне Kernel-дің ойлап тапқан адам ойын жазып алуға арналған чиптерін айтуға болады. Жыл өткен с айын адам ойын оқу мəселесі күрделеніп те, дамып та келеді. Бұл түбі ғылымдағы үлкен жаңалық болары анық.

АБУ-ДАБИДЕГІ «КЭПИТАЛ ГЭЙТ» ЗӘУЛІМ ҮЙІ ӨЗІНІҢ ШАЛҚАЙҒАН ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ГИНЕССТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА КІРГЕН. ОЛ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚАТТЫ ШАЛҚАЙЫП ТҰРҒАН ҒИМАРАТ РЕТІНДЕ ТІРКЕЛГЕН. 2011 ЖЫЛЫ АШЫЛҒАН ҒИМАРАТТЫҢ БИІКТІГІ 160 МЕТР,

35

ЖАСАНДЫ ҚОЛ ӘРБІР АДАМҒА ЖЕКЕ ДАЙЫНДАЛАДЫ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне (ІТ у н и ве р с и т е т і ) о қ у ғ а т ү с ке н н е н кейін ғылыммен айналысуға көп мүмкіндіктер туды. Заманауи технологиялармен жабдықталған зертхана қол астымызда болды. Ең алғаш жасанды қолдың нұсқасын 2015 жылы көрдім. Алғашында бионикалық протез жасай бастағанымда əлемде аналогы бар қолды не үшін жасап жатырсың дегендер болды. Біздің қазақстандықтар осындай протездерді шетелден тым қымбат бағада сатып алуға мəжбүр. Көпшілігінің қалтасы көтере бермейді. Оны іздеп табуға да мүмкіндіктері аз. Сондықтан мен қолжетімді бағада отандық өнімдер шығаруға бел будым. Алғашында жасанды қолды тəжірибеден өткізу үшін тегін жасап бергенмін. Баланың ата-анасы менің жобам туралы естіп, хабарласқан соң жасап бердім. Жасанды қол əрбір адамға жеке дайындалады. Себебі қолдың зақымдануы мен сезімталдығы əртүрлі болады. Бағасы да соған қарай белгіленеді.

иесі атана алады. Біздің компания өздері өндіретін жасанды қолға кепілдік береді. Біз бірінші кезекте ақша үшін емес, ғылым мен тəжірибе үшін жұмыс істейміз.

ОЛ ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТТЕР АТҚАРА АЛАДЫ? Қазір автоматты түрде басқарылатын жасанды қолдың жобасын жасап жатырмын. Себебі, бұрынғы протездерде 20 шақты функция болатын. Оларды ауыстыру жəне басқару өте көп уақыт алады. Бионикалық қол сенсор арқылы басқарылады. Жасанды қолдың көмегімен қолды ашып-жұмуға, білекті қозғалтуға, компьютер тышқанын басқаруға, күнделікті тұрмысқа қажет құралдарды ұстауға

ÇÅÁÐÀÃÀ àқ æîëàқ

АҚШ жəне Ұлыбритания ғалымдары зебра терісіндегі ақ жолақтың табиғатын зерттеген екен. Зерттеу нəтиже сі «PLOS One» журналында жарияланған. Зебраларда эволюция процесінде пайда болған ақ жолақтардың қалай пайда болғаны, не үшін сақталып қалғаны қызықтырып келеді. Оның жануарға қандай да бір пайдасы тиетіні анық, əйтпегенде бұл фенотип əлі күнге дейін сақталмайтын еді. Ақ жолақ адамның саусақ ізі сияқты бірегей таңба. Сол арқылы зебра төлі өз анасын өзгелерден ажырата алады. Зерттеулерде қара зебрадағы ақ жолақ па, əлде ақ зебрадағы қара жолақ па деген тұрлаусыз тұжырымдар бар. Соңғы еңбектерде зебрада табиғатынан қара жануар, ақ жолақ зебра эмбрионының кейінгі даму кезеңдерінде пайда болған. АҚШ, Ұлыбритания ғалымдарының зерттеуі жолақтар

ЖАСАНДЫ ҚОЛ ЖАСАҒАН МӘУЛЕН Біз соңғы жаңалықтардың бəрі тек АҚШ-та бар деп ойлаймыз. Бұл қате пікір. Тіпті АҚШ-тың өзінде жасанды бионикалық қол шығарылмайды. Əлемде жасанды қол шығаратын елдер өте аз. Германия, Ұлыбритания сияқты елдерде бар болғаны он шақты компания жұмыс істейді. Сондықтан мені осы сала қатты қызықтырды. Алайда шетелге шығып оқуға, үйренуге мүмкіндік болмады. Ғаламтор арқылы, тəжірибе арқылы үйрендім. Екі жыл бойы жасаған жобамның нəтижесінде «MBionics» ко м п а н и я с ы қ ұ р ы л д ы . Қ а з і р қазақстандық нарықта атымызды қалыптастырып келеміз. Сұраныс күн санап артуда. Енді жасанды қол жасатқысы келетін ІІІ топтағы мүгедектер шетелге бармай-ақ, отандық бионикалық протез-қолдың

арнайы командалармен бұйыру арқылы емес, өзімізге жақын əдепкі сөздермен қарым-қатынасқа келуге бейімдеу керек. Мысалы, мəтін арасында ауыспалы мағынадағы сөздер қолданылуы мүмкін. Ал олардың тура мағынасын ғана игере алған роботтар көптеген түсініспеушілікке тап болады. Бірақ зерттеуші ғалымдар адамзат танымының шегін табу мақсатында жасанды сана жобасымен айналысып жатқан жоқ. Олар роботқа сезім мен сана беруді мақсат етеді. Мысалы, IBM ұсынған Watson 2011 жылы интеллектуалды ойында жеңіп шыққан тұңғыш компьютер болды. Айта кетсек, Watson бағдарламаға енбеген бірдей құрылымы жоқ ақпаратты оқып түсіне алады. IBM роботы интеллектуалды жарыс кезінде 200 миллион бет ақпаратты өңдей алған. Енді ол бүкіл интернеттегі ақпаратты игеруге тырысып келеді. Дегенмен мұның адам баласына қауіпті жағын ойлайтын ғалымдар да бар екен.

Мүмкін. Watson с екілді жас анды санаға ие роботтар дербес басқаруға қол жеткізгеннен кейін есептеу қуатының өсуіне байланысты адамзаттың құрығына бағынбай кетуі мүмкін. Мур заңына сүйенер болсақ, циклды роботтың есептеу қуаты əр тəулікте екі есеге үлкейеді екен. Жасанды сана осындай мүмкіндікке ие болғаннан кейін не істей алады? Оның бəрі алдымен бағдарламалау тіліне байланысты. Ғалымдардың айтуынша, кез келген бағдарламаға ие компьютер дербес басқаруға қол жеткізетін болса, ол өзінөзі қайта бағдарламалай алады. Адамның басына күн туды деп сол кезді айт. «Google»-дің техникалық директоры Рей Курцвейлдің айтуынша, жасанды сананы құрастырудан бұрын оны кезі келген кезде істен шығару жолын да қарастыру керек. Себебі интеллектуалды сұрақтарға жауап беруден бөлек, терең философиялық ұғымды тани алатын жасанды сана ненің «жақсы», ненің «жаман» екенін нақты біледі. Ал сіз роботтардың еркін ойлау қабілетіне ие болғанын қалайсыз ба?

íå үøіí êåðåê?

ҚАБАТТАН ТҰРАДЫ.

МҮМКІНДІКТЕ ШЕК БАР МА? Жасанды интеллект, жасанды қол жасау тек шетел ғалымдарының қолынан келеді деп ойлайсыз ба? Бұлай ойласаңыз – қателесесіз. Қазақстанның медицинасы да аяқ-қолынан айырылған адамдарға толыққанды өмір сүруге мүмкіндік бере алады. Оған жас ғалым, «MBionics» компаниясының негізін салған Мəулен Бектұрғановтың еңбегі дəлел. Жасанды қол жайлы Мəуленнің əңгімесін тыңдасақ:

СІЗ БЕН БІЗГЕ ҚАУІП ТӨНУІ МҮМКІН БЕ?

ҚҰПИЯЛАРЫ ТАБИҒАТ

ҒАЖАЙЫП ҒИМАРАТТАР

ТАНЫМ

CАНА

ҒАЛАМ

БІЛІМ

ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА

болады. Адамның т абиғи қол атқара алатын функциялардың ең маңыздыларын атқара алады.

БОЛАШАҚТА ЖАСАНДЫ КӨЗ ҚАРАШЫҒЫН ЖАСАҒЫМ КЕЛЕДІ Ғылым бір жерде тоқтап қалмау керек. Қолға арналған бионикалық протездерді қолданысқа толықтай енгізіп болған соң, жасанды аяқ жасауды қолға алмақпын. Қазіргі таңда жастар арасында да, ересектер арасында да көздің көру қабілеті үлкен мəселеге айналып отыр. Болашақта жасанды көз қарашығын жасап шығаруды жоспарлап отырмын. Дана МАРАТОВА.

зебраны паразит жəндіктерден қорғайды деген 2012 жылы айтылған гипотезаны растағандай болды. А вт о р л а р қ о л ғ а ү й р е т і л г е н зебралар мен фермерлік жылқыларды қатар бақылап, оларға сонаның қанша лықты көп қонатынын қадағалаған. Нəтижесінде зебраға қарағанда жылқыларға сона 3 есе көбірек қонған. Иіс, түс сияқты түрлі факторлар зерттеуге кедергі болмас үшін, жылқыларға да ақ түсті жолақ салып қойған. Бірақ ол соналарға əсер ете қоймаған. «Біз зебраны шағуға оқталған соналардың ұшу траекториясын жоғалтып алатынын байқадық. Олар көбіне зебра терісіне соғылып жатты», – делінген мақалада. Ал жылқыға келгенде соналарда мұндай қиындық болмаған.

АНАТОМИЯ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ДЕНЕДЕГІ ӨЗГЕРМЕЙТІН БЕЛГІЛЕР

Адам денесіндегі кей белгілер мүлде өзгермейді екен. Мысалы...

БАРМАҚ ТАБЫ Фактілерге негізделгенде, қазір дүниеде бармақ табы жоқ 20 адам ғана бар екендігі анықталған, бұдан басқа дүниедегі əрқандай адамның өзіне ғана тəн бармақ табы бар, ол адамның өмірінің ақырына дейін сақталады.

КӨЗ 1984 жылы АҚШ-тың «Көз айырмашылығы» компаниясы көз алмасына кескін түсіріп айырмашылықты анықтау жүйесін тапқан. Бұл тəсіл бойынша адам көзінде сақталып қалған кескін ізі арқылы тексеру жүргізу бармақ табы бойынша анықтауға қарағанда дəлдігі күшті əрі сенімді, тез əдіс болған.

ЕРІН ТАБЫ Ерін табы да бармақ табы сияқты даралыққа ие. Сырттай көзге ерін табы қарапайым көрінгенімен, шындығында əр адамның ерін табының сызықтарының ұзынқысқалығы, жуан-жіңішкелігі əркелкі болады, əрбір адамның ерін табы əртүрлі.

ШАШ Шаштағы микро элементтердің мөлшеріне, құрылыс ерекшелігіне талдау жас ау арқылы бір адамның жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, қоректену ерекшелігін жəне қайсы құрлықтың азаматы екенін анықтап алуға болады екен.

ТІС ТАБЫ Тіс – адам денесіндегі сақталу уақыты ең ұзақ болумен бірге, тіс үстіндегі қалған белгілер де өте ұзақ уақыт сақталады. Əр адамның тісінің тізілуі жəне заттарды тістеген кезде қалдырған ізі ұқсамайды.

ҚАН Адамзаттың қаны жеке топтарға бөлінумен бірге, ол өмір бойы өзгермейтіндіктен абсолютты тұрақтылыққа ие. Сондықтан қан тобына қарай адамдарды айыру, қажет болғанда ата-аналық байланысты анықтауға болады.


JARNAMA

www.aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

IQAZAN A T

КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ ШЕКТЕУЛІ КОНТИНГЕНТІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА-30 ЖЫЛ

О

л 1 9 6 2 ж ы л ы Жу а л ы ауданына қарасты Амангелді ауылында дүниеге келді. 1980 жылы сол ауылдағы 8 жылдық жəне Шақпақата ауылындағы орта мектепті озат бітіріп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға барып, жолы болмады. Облыс орталығындағы ДОСААФ мекемесінде жүргізушілер курсын тəмамдап, желтоқсан айынан бастап «Кременевский» кеңшарының слесарь-автожүргізушісі болып еңбек жолын бастайды. 1981 жылдың 5 сəуірінде кеңес одағы қарулы күштері қатарына қатардағы жауынгер ретінде шақырылып, Ауған соғысына қатысып, артиллеристер мен олардың қаружарақтарын таситын əскери көліктің жүргізушісі болды. Ау ғ а н же р і н і ң т аул ы б ол ы п келетіндігі, сол себепті қараған жанның үстінен төнердей құз-жартастардан т ұ р ат ы н д ы ғ ы бе л г і л і . М і н е к и , осындай тау-тастың ара-арасында жүргізілген соғыстарда Құлымбет əскери шеберлігін шыңдап, өзінің де таулық жерде туып-өскен ұлан екендігін көрсете білді. Қандай бір шайқас болсын, оның жүргізген көлігі ешқашанда жолда қалып көрген емес. 1 9 8 2 ж ы л д ы ң 8 н ау р ы з ы н д а батарея сарбаздары жауынгерлік тапсырмасын ойдағыдай орындап, алдағы

ÅÐ ҚҰËÛÌÁÅÒ екі-үш күнге созылуы тиіс демалыстың жайын ойлап, жайбарақат келе жатады. Түсауа алдағы Махмудраки қыстағының ойдым-сойдым қабырғалары арасынан т арсылдап атылған мылтықтың даусы естіледі кенеттен. Қас-қағым сəтте кеңестік техникалар бір-біріне кептеліп, құрсауға түседі. үйретпе көліктің жүргізушісі Құлымбет Əбдіқұлов автомат магазиндерін ауыстырып, айналасына қараған сəтінде, ешкімнің қ о з ғ а л м а ғ а н д ы ғ ы н б а й қ ап , т е к қана автоматтың тарс-тұрс еткен дыбыстары арасынан: «Қоршауды бұзып шығып, машиналарды тез алып кету керек, қозғалыңдар», – деген штаб офицері, капитан Ромашенконың даусын естіп, бұл бұйрықтың өзіне бағытталғандығын сезеді. Осы уақытта оның көз алдына командирдің өзіне бағытт а лған бұйрығын орындауға ұмтылған мезетінде оққа ұшып, мерт болған

С

қаруласы, жауынгер жүргізуші ол кезде Семей облысы аталатын шығыс өңірінің тумасы Болат Агимановтың бейнесі де елестеп өтті. Бас көтеруге мұрша жоқ. Дегенмен ол автоматын кеудесіне қысып ұстап, кабинаға ұмтылды. Алдағы машиналар қозғалыссыз тұр. Жатқан жерінен ұшып тұрып, машинаның руліне шалт ұмтылған сəтінде, жау атқан оқ кабинаны бастырмалата жөнелді. Бораған оқтан бас сауғалар айла жоқ. Тасаға қайта келген ол алдыңғы жақта 100-200 метрдей жерде көлік доңғалағының жанында жатқан жерлесі, Мойынқұм ауданының тумасы

Ғасырлар бойы адамзаттың арманы: бейбіт өмір сүру, жылы киім және тойып тамақ ішу болды. Ал соғыс не әкелді? Тамақ орнына – оқ, өмір орнына – өлім, киім орнына – кебін! Құлымбет ƏБДІҚҰЛОВ, отставкадағы əділет кеңесшісі. Несіпбай Əбдірамановтың жараланып қалғандығын көріп, қарша бораған оққа қарамастан бірде еңбектеп, бірде жүгіре жүріп оның жанына жетеді. Жерлесі аяғынан қатты жараланыпты. Оны шұңқырлау жерге сүйреп апарып, беліндегі белбеуімен тізесінен жоғары жерден буып, аққан қанды тоқтатты. Қолына қосымша оқ-дəріні ұстататады. Содан соң Несіпбайдың ендігі тағдырын б ат а р е я п р а п о р щ и г і Мо р о з о в қ а тапсырып, Құлымбет командирдің бұйрығын орындауға кіріседі. Ол кері қарай 100-150 метр қайта жүгіріп келіп, көлігінің руліне жанталасып, қайта отырды. Жауып тұрған оққа қарамастан алға қарай жылжып, тосқауылды бұзып шығуға бет алады. Енді бір сəтте көлік қорабынан жалын түтіні шыққандығын байқайды. Сол заматта артта қалған көліктің жүргізушісі Сергей Северцевті жерге омақаса құлады.

уақыт жоқ. Ол қыстақ жақтан жылтжылт етіп, ұшып шығып жатқан оқтың тұсына қарай автоматтан оқ жаудырып келеді. Басына пана болар кабинасының бірде-бір терезесі сау емес. Илалап үш жүз метрдей қашықтықты жүріп өткен шағында, дұшман оғының сол аяғының балтырына тигенін, сол себепті бойындағы күш-қуаттың біртіндеп сыртқа шыға бастағандығын сезінеді. Осылайша қансырағанына қарамастан газ үдеткіш тетігін алдыға басқылап жатып, ақырында аса бір үлкен күштің əсерінен кабинадан жерге қарай төмен сырғығандығын санасымен ғана түйсінеді. Құлаған мезет көлік доңғалағының астына түсетінін сезген ол, жолдың келесі жақтауына қарай секіргенінде, сол балтырының тиген оқтан күйрей сынғандығын шамалайды. Соңынан жол шетіндегі арықты тасалап жатып,

Талғат ТАЛАПҰЛЫ, журналист. Жуалы ауданы.

БОС МЕМЛЕКЕТТІК ƏКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар: D-О-4 санаты үшін: жоғары білім; Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға жəне оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық жəне əрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; Жұмыс тəжірибесі: қажет етілмейді. D-О-5 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сəйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық жəне кəсіптік білімі барларға рұқсат етіледі; Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға жəне оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық жəне əрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тəжірибесі талап етілмейді. Əкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы теңгеден теңгеге дейін D-O-4 83282 112 431 D-O-5 74 954 101 604 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ƏКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511-бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8 (7262) 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс: 43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) БОС ТҰРҒАН «Б» КОРПУСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ƏКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: 1. Жамбыл облысы əкімдігінің құрылыс басқармасының құрылыс жəне жобалау жұмыстары бөлімінің жетекші маманы, санаты - D-O-5, 1 бірлік, № 03-5. Функционалдық міндеттері: бөлімде өзіне жүктелген міндеттер бойынша жұмыс атқарады, бөлім құзырындағы мəселелердің шешілуіне жəне басшылардың тапсырмаларын орындауға жеке дара жауап береді. Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерінің, облыс Əкімі мен əкімдігінің, облыстық мəслихаттың шешімдері мен хаттамаларын орындалуын қамтамасыз етеді. Тұрғын үй жəне мəдениет-тұрмыстық құрылыстардың бағдарламаларын жасауға қатысады, облыс көлемінде жүргізіліп жатқан құрылыстардың техникалық деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді. Мердігерлік мекемелермен құрылыс жұмыстарының құрылыс жоспарына жəне кестесіне сəйкес сапалы, уақтылы жүргізілуін бақылайды. Жамбыл облысы бойынша статистикалық басқармасына статистикалық есептерді сапалы түрде əзірлеп, уақтылы тапсырады. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды жəне жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды əзірлейді. Құрылыс нысандары бойынша Тараз қаласы жəне аудан əкімдіктерінің құрылыс бөлімдерімен өзара бірлесе отырып əрекет жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі техникалық ғылымдар жəне технологиялар саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе гидротехникалық құрылыс жəне ғимарат немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру немесе электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы. «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс туралы» Заңын, функционалдық міндеттеріне сəйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. 2. Жамбыл облысы əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт басқармасының əкімшілік бөлімінің бас маман-заңгері, 1 бірлік, санаты D-О-4, №5-2. Функционалдық міндеттері: бөлімнің ағымды жəне алдағы жоспарларын əзірлеуге қатысады. Меншік иесіне қарамастан спорт ұйымдарының қызметін ұйымдастыру барысында заңгерлік, əдістемлік, кеңестік көмектер көрсетеді. Басқарманың мемлекеттік функцияларын жүзеге асыру барысында шығарылатын нормативтік актілердің қолданыстағы заңнамаға сəйкестігін зерделейді, негізгі қызмет бойынша шығарылған бұйрықтарды ресімдейді, тіркеуден өкізеді. Спорт саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобасын əзірлейді, оларды келісуден өткізеді. Басқарма атынан сотта жəне басқа да мемлекеттік органдарда құқықтық жағынан өкілдік етеді. Басқарма басшысы қол қоятын нұсқамаларға, ережелерге, хаттамалық шешімдерге, əріптестер алқасы мəжілісінің қаулыларының қолданыстағы заңнамалық актілерге сəйкестігін тексереді. Спорт жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның, сондай-ақ облыс əкімдігі, облыс мəслихаты бекіткен іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыстарды жүргізеді, тоқсан айын сараптама жасайды, облыс прокуратурасына ақпарат дайындауды жəне БАҚ-қа, басқарманың интернет-ресурсына ақпарат орналастыруды қамтамасыз етеді. Басқарма туралы Ережеге, басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кəсіпорындарының Жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы басқарма басшысына ұсыныстар енгізеді. Басқармамен жасалатын шарттардың, келісімдердің жəне мемлекеттік сатып алу бойынша əлеуетті өнім берушімен жасалатын шарттардың

қолданыстағы заңнамаға сəйкестігін тексереді жəне дербес жауап береді. Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - құқық саласындағы. Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық немесе құқық қорғау қызметі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Азаматтық кодексін, «Дене шынықтыру жəне спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тəртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын жəне осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сəйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Құқықтану мен іс-қағаздарын жүргізу негіздерін білу. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік əкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сəйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сəйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының əкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі; 3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куəландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану жəне баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уəкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куəліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану жəне баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уəкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куəландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куəландырылған көшiрмесi; 5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сəйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дəрігерлік кəсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куəландырылған көшірмесі); 6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі; 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сəуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сəйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куəландырылған көшірмесі); 8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сəуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сəйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куəландырылған көшірмесі). Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 505, 511-іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-2517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тəртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не “Е-gov” электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куəландырылған көшірмелері əңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен əңгімелесуден өтуге жіберілмейді. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша əңгімелесуге жіберілген кандидаттар, əңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде əңгімелесуден өтеді.

23 а пан, 2019 жыл

Жұмабек ОРЫНБАЕВ қансырап, есінен танып кетті. Есін жиған шағында айналасына қараса, шұңқырға жиналған қар мен жауын суына белінен батып, мұз болып қатып қалыпты. Ал əскери техника жылжып барып, оң жағалаудағы жарға тіреліп, тоқтап қалған екен. енеттен басталған атысшабыс, ұрыс-керіс соңынан бəсеңсігендей болды. Бірақ айналадан ара-тұра зеңбірек пен автоматтың даусы шығып жатты. Құлымбеттің соншалықты жауған оққа жəне көлік радиаторын оқ тескеніне қарамастан соңындағыларға жол ашып, колоннаның қозғалуына жағдай жасағаны жайлы əңгіме желдей есіп тұрды. Кейіннен оның қаруластары қақтығыс болған жерден полкке сүйреп əкелінген Құлымбеттің кабинасында 50-ден астам оқтың тесігі барын көргенде, оның тірі қалғандығына көпке дейін таңырқаумен жүрді. Көп ұзамай қатардағы жауынгержүргізуші Құлымбеттің ерлігі «Қызыл жұлдыз» орденіне лайық деп танылып, марапаттауға ұсынылып, Түркістан əскери округінің Құрмет тақтасына суреті ілінді. «Фрунзевец» газетінің 1982 жылғы 31 қазандағы №251 санында оның жасаған ерлігі туралы мақала жарияланып, басылымның бірінші бетінен қайсар жауынгердің қасқайып тұрған бейнесі орын алды. А л а й д а ж уа л ы л ы қ ж ауж ү р е к жігіттің кеудесіне орден орнына бір жарым жылдан кейін тек «Ерлігі үшін» медалі ғана тағылды. Осы ретте ерлік ешқашанда ескірмейді десек те, лайықты марапаттың дер кезінде өз иесін таппағандығы, əрине, өкінішті-ақ. Асылында, жаралы жауынгерді құтқарып, қоршауды бұзып, кептелген техникалар мен тығырыққа тірелген 108-ші дивизияның 285-ші танк полкі артиллерия дивизиясының 3-ші батарея солдаттары мен офицерлеріне жол ашып, құрықталғандарды құрсаудан алып шыққан Құлымбеттің іс-əрекеті нағыз батыр атағына лайық еді. Амал нешік, өкінішке орай, компартия билеген заманда қазақ жауынгеріне ерен ерлігіне лайықты баға берілмеді.

К

Рулге қолы жеткен Құлымбет көлігін əрең дегенде алға жылжытады. Шамалауынша шұрық тесік радиатордан су кетіп жатыр. Оны анықтап, қарарға

7

JARNAMA

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (əңгімелесу өтетiн жерге келу жəне қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уəкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сот тəртiбiнде шағымдана алады. «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы Нысан __________________________ (мемлекеттік орган) Өтініш Мені___________________________________________________ ___________________________________ бос мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жəне орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дəйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:__________________________________ _________________________________________________________ Мекен-жайы жəне байланыс телефоны_______________________ ____________________________________ ________ ____________________________________ (қолы) (Тегі, аты, əкесінің аты (болған жағдайда)) «___»_______________ 20 __ ж.

Биылғы жылдың 16 ақпаны күні Мойынқұм ауданын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, аудандық партия комитетінде ұзақ жылдар лауазымды қызметтер атқарған, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы ОРЫНБАЕВ Жұмабек ұзаққа созылған науқастан 84 жасқа қараған шағында өмірден озды. Ж.Орынбаев 1935 жылы Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін биология-химия пəні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Ал 1981 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебін тəмамдады. Ж.Орынбаев өзінің алғашқы еңбек жолын 1952 жылы Көктерек ауданының «Айдарлы» мектебінде қатардағы ұстаз болып бастады. 1956-1959 жылдар аралығында аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, «Көктерек» совхозында комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарса, ал 1959-1964 жылдар аралығында «Айдарлы» мектебінде мектеп директорының орынбасары болды. 1965 жылы Мойынқұм ауданы құрылып, мамандар іріктелгенде Жұмабек аға аудандық партия комитетіне нұсқаушы болып қабылданды. Жастайынан зерек, білімді жас аудан басшыларының назарына ілініп, арада бір жыл өтпей жатып, аудандық партия комитетінің үгіт жəне насихат бөлімі басшысының орынбасары, басшысы қызметіне көтерілді. 1976 жылы аудандық партия комтитетінің пленумында Жұмабек Орынбаев Мойынқұм аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланып, аудандағы əлеуметтік салаға он жылдан астам уақыт басшылық жасады. Бұл жылдар ішінде ауданның əлеуметтік-экономикалық саласы қарыштап өссе, онда аудандық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы Айтбай Назарбековпен бірге Жұмабек ағаның да қосқан үлесі мол. Осы жылдары ауданға келген республика, облыс басшылары, ұлы қаламгерлер мен өнер адамдарының қасында болып, бірге жүрді. Ауданымыздың гимніне айналған «Мойынқұмда ауылым» əнінің тууына себепкер болып, «Мойынқұм» əн-би ансамблін Мəскеу қаласы, Португалия еліне бастап барды. Екі мəрте Социалистік Еңбек Ері, даңқты шопан, жерлесіміз Жазылбек Қуанышбаевтың қасында жүріп, озат тəжірибесін насихаттады. Аудан жастарын мал шаруашылығында еңбек етуге шақырды. Қой бағушы бірнеше комсомол – жастар бригадаларының құрылып, еселі еңбек етулеріне ықпал жасады. Жұмабек Орынбайұлы аудандық мəслихаттың алғашқы хатшысы ретінде жаңа құрылымның жұмысын қалыптастырды. Аудандық мəслихаттың депутаттарымен бірлесе жұмыс атқарып, халықтың сұранысын шешіп отырды. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы болған жылдардағы еңбегі де ел есінде. Ж.Орынбаевтың ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі ұшантеңіз. Міне, сондықтан да ол əртүрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Жерлестері Жұмабек ағаның ауданға сіңірген еңбегін ескере келе 2004 жылы Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы атағын берді. Жұмабек Орынбайұлының ауданға кадр дайындау, жастарды тəрбиелеудегі еңбегі де көп. Міне, осындай еліне еңбегі сіңген, адамгершілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті зор азамат енді арамызда жоқ. Мойынқұмдықтар өз жерлестері, ой-өрісі ерекше тұлға, туған жеріне аянбай еңбек етіп, ақыл-ой парасатымен танылған Жұмабек Орынбайұлын ешуақытта ұмытпайды. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, асыл аға. Мойынқұм ауданының əкімдігі, мəслихаты, аудандық ардагерлер Кеңесі.

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ! Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 28 ақпан күні сағат 11.00-де Тараз қаласы, «Баласағұн» ОКЗ-да «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтысқа Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Қайнар Алагөзов, Талғат Мықи, Шұғайып Сезімхан, Алтынкүл Қасымбекова, Асхат Қылышбек, Қанат Мырзахан сынды республикамызға танымал ақындар қатысады. Жыр додасын ақын, халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді. Бас жүлде автокөлік. Келіңіздер! Көріңіздер! Ұлт өнерін бірге ұлықтайық. Байланыс телефондары: 45-08-50, 45-25-59 Кіру тегін.

«Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 3-қосымшасы Нысан «Б» КОРПУСЫНЫҢ ƏКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б» _____________________________________________ ФОТО тегі, аты жəне əкесінің аты (болған жағдайда) / (түрлі түсті/ фамилия, имя, отчество (при наличии) _____________________________________________ цветное, лауазымы/должность, санаты/категория 3х4) (болған жағдайда/при наличии) ЖЕКЕ МƏЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ 1. Туған күні жəне жері/Дата и место рождения (қалауы бойынша)/Национальность (по 2. Ұлты желанию) Оқу орнын бітірген жылы жəне оныңатауы/ 3. Год окончания и наименование учебного заведения Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми ғылыми атағы (болған жағдайда) / 4. дəрежесі, Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) тілдерін білуі/Владение иностранными 5. Шетел языками Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары 6. (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии) Дипломатиялық дəрежесі, əскери, арнайы сыныптық шені (болған жағдайда) / 7. атақтары, Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі 8. (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нəтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік əкімшілік қызметшілер 9. толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, Күні/Дата место работы, местонахождение организации қабылданған/приема босатылған/увольнения _____________________ Кандидаттың қолы/ Подпись кандидата

_______________ күні/дата

«ТАРАЗ СУ» МКК ХАБАРЛАЙДЫ: Қалалық су жүйесінде жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25.02.2019 жылы кешкі сағат 23.00-ден бастап 26.02.2019 жылы таңғы сағат 06.00-ге дейін Сүлейменов көшесінде (Баласағұни көшесі мен Крупская көшесі аралығы), Ұлбике ақын көшесінде (Рахимов көшесі мен Көшек батыр көшесі аралығы) жəне осы аумақтардағы көшелер мен бұрылыстарында ауызсу өшіріледі. Уақытша болатын келеңсіздіктерге кешірім сұраймыз.

«ТАРАЗ СУ» МКК ХАБАРЛАЙДЫ: Қалалық су жүйесінде жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27.02.2019 жылы кешкі сағат 23.00-ден бастап 28.02.2019 жылы таңғы сағат 06.00-ге дейін қаланың орталық жəне шығыс аумақтарында, Абай даңғылы, Демьян Бедный көшесі жəне сол көшелерге жақын орналасқан көшелер мен бұрылыстарында ауызсу өшіріледі. Қаланың басқа аудандарында су қысымы азайып шектелетінін хабарлаймыз. Уақытша болатын келеңсіздіктерге кешірім сұраймыз.

Мұ Мұрагерлік Салтанат Мутанованың 2016 жылдың 14 сəуірінде қайтыс болуынан кейін мұрагерлік ісі ашылып отыр. Осыған орай, марқұмның мұрагерлері мұрагерлік істі ресімдеу үшін осы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзім ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Ə. Молдағұлова көшесі, №30 үйдің 7-пəтерінде орналасқан нотариалдық кеңсеге (нотариус Н.Ж. Болтаев) жолығулары қажет.


8 23 а пан, 2019 жыл

ZERDE

www.aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

Спорт

«АҚ ЖОЛДЫҢ» СПОРТ АЛАҢЫ

ГОЛОВКИННЕН КҮТЕР ЖЕҢІСІМІЗ МОЛ

БАБАМЫЗҒА АЛМАТЫ-ТАЛДЫҚОРҒАН ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНАН ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Алдымен Іле ауданының ардагерлер кеңесінен бір топ азамат келіп, біздің аудандық Мəдениет үйінде жұртшылық өкілдерімен үлкен жиын өткізді. Онда Елбасымыздың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында рухани құндылықтарымызды, тарихымызды əспеттеу туралы айтылған ойларға орай, күре жолдың бойына қазақ тарихында алатын орны зор Өтеген батырдың ескерткішін о р н ату ұ й ғ а р ы л ы п , о н ы жасауға тапсырыс беріліп қойғаны айтылды. Осындай қуанышты хабарды батырдың ұрпақтары көптеп мекендейтін Қордай ауданына арнайы жеткізуге келген беттері екен. Меймандар жиыннан соң Өтеген батырдың кесенесіне барып құран бағыштады. Сол жолы қонақтарға сый-құрмет көрсете отырып, қашаннан елдік істерден шет қалмайтын қордайлықтардың бұл ескерткіштің құрылысына да лайықты үлес қосарына уəде беріп шығарып салған болсақ, көп ұзамай бұл уəде үдесінен шығып, батыр ұрпақтары атынан 6 миллион теңгеге жуық қаражат жинап бердік. Өткен жылдың желтоқсан айының 12-ші жұлдызында е скерткіштің тұғырына қойылатыны туралы хабар алысымен біздің ауданнан он шақты адам арнайы бардық. Осыдан 20 жыл бұрын б ат ы рд ы ң 3 0 0 ж ы л д ы қ мерейтойы кезінде Қордай ауданының орталығында орнатылған е скерткіште

Өтеген батырдың бес қаруын сайлап майданға аттанар сəті бейнеленген болса, мына мүсінде жорықтан қайтқан батыр кішкене бозторғай ұстап, алдынан шыққан сəбиді иығына отырғызып алған. Ескерткіш авторы, мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов соғыстан кейінгі бейбіт өмірді осылай бейнелеген екен. Биіктігі 5,5 метр жаңа ескерткішті 4 метрлік биік тұғырына қондырып, ақпен жабулап қойдық. Сол күні Іле аудандық Мəдениет үйінде арнайы ғылыми-тəжірибелік ко н ф е р е н ц и я , ко н ц е р т ұйымдастырылып, Өтеген батырдың қазақ тарихында алар орны туралы деректер молынан баяндалды. Өтеген Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) – жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқа қатысқан батыр, қолбасшы. 1699 жылы қазіргі біздің өңірде Шу өзенінің бойындағы Изенді жерінде дүниеге келген. 1773 жылы Алматы облысының Іле ауданы Шолақтау, Шеңгелді өңірінде қайтыс болған. Бабасы Сырымбет 1643 жылы Батыр Қонтайшының 50 мың əскеріне соққы берген Салқам Жəңгірдің сапында ұрысқа түскен. Өтеген 15 жасынан жоңғарға қарсы соғысқа араласып, Жетісу мен Шығыс Қазақстан жерін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірген. Түркістан, Ташкент маңындағы шайқастарға, Аңырақай шайқасына

қатысып ерлік көрсеткен. Қалмақтың Ботхишар, Сабан Тайшық секілді атышулы батырларын жекпе-жекте ж е ң і п , қ а з а қ ə с ке р і н і ң даңқты қолбасшыларының біріне айналған. Төле бидің, Абылайханның серігі болған. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді, Қабанбай, Шоқпар батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жинаған Төле би əскеріне қосылып, елін жаудан азат еткен. Өтеген батыр Өтеғұлұлына Күсеп, Сүйінбай, Жамбыл, Əлмейін,

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЕМЕС, ӨМІРДЕ БЕЛСЕНДІ БОЛАЙЫҚ Есет ДОСАЛЫ Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер к і т ап ха н а с ы н ы ң қ ы зм е т ке рл е р і «Жастар жылы – жасампаздық бастауы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Шара барысында жиналғандар өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты. Іс-шарада Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күлəш Əбдікешова сөз сөйлеп, тəуелсіз еліміздің жас буынына артылатын сенімнің жоғары екендігін атап, Мемлекет басшысы тарапынан жасалып жатқан қолдауларға тоқталды. Кейіннен сөз алған қалалық ардагерлер кеңе сінің жаст ар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мақұлбек Жаналиев алдағы үш жылда Қазақстан бойынша 75 мың орындық жатақхана салынатынын, осылайша студенттер үшін тұрғын үй мəселесі толығымен шешілетінін айтса,

ардагерлер Алдаберді Мақашев, Сəмен Жартыбаев, Сəмбеталы Шалданбаев жастарға көрсетіліп жатқан қамқорлық ел дамуының көрінісі екенін сөз етті. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев жастарды əлеуметтік желілерде уақытты бо с шығындамай, барлық күшті пайдалы істерге арнауға шақырды. «Көптеген жастар нені армандайды? Жоғары оқу орнын бітіремін, жұмысқа орналасамын, менің жеке ісім, үйім, отбасым, балаларым болады дейді. Бұл – қарапайым адами мақсаттар. Бірақ оларға жету үшін не қажет? Жұмыс істеу жəне оны мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Мен жастарды жаңашыл болашаққа дайын болуға шақырамын», – деді ол. Жиында аға буын өкілдері жастарға а қ ы л - ке ң е с т е р і н бе рд і . І с - ш а р а барысында «Ел тірегі – жастар» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 5, Баспасөз үйі

Меншік иесі: «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ Директор – Бас редактор

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ

Сарбас, Кенен ақындар жыр арнаған. Батыр 1773 жылы 74 жасында дүниеден қайтқанда Іле бойындағы Шеңгелді деген жерде жерленген. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Қапшағай су қоймасы салынуына байланысты бейіті су астында қалатын болғандықтан, 1973 жылы қордайлық ұрпақтары батырдың сүйегін қазып əкеліп, Өтеген ауылының (ол кезде Кеңес) іргесіне арулап қайта жерленді. 1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде тойланып, бейітінің басына

кесене тұрғызылып, аудан орталығында үлкен е с ке р т к і ш і о р н ат ы л ғ а н болатын. Е с ке рт к і ш т і ң а ш ы л у салтанатына Қордайдан елу шақты адам шақырылдық. Салтанатты шараға Алматы облысы əкімінің орынбасары Ақан Əбдуалиев, тарихшы ғалымдар, жазушы Марал Ысқақбай, ат ақты ақын атамыздың қызы Төрткен Кененқызы, əйгілі спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров жəне басқа белгілі азаматтар қатысты. Қордайлықтардың атынан сөз сөйлеп, ескерткішті ашу лентасын кесуге қатыстым. Бүгінде жаңа ескерткіші қойылған Іле ауданының орталығы да Өтеген батыр атында. Ауыздықпен алысқан т ұ л п а р ғ а м і н г е н б ат ы р ескерткішінің құрылысына қаражат жинауға, айналасын абаттандыруға белсене атсалысқан батыр ұрпақтарынан ұжым жетекшісі Гүлзира Уəлиева, бизнесмен Гүлзи Нұрмаханбетова, ішкі істер қ ы з м е т і н і ң п о л ко в н и г і Гүлнара Серікбаева, белгілі журналистер Гүлмира Əбіқай, Айзада Баекова, Мейрамкүл Жəпекова сияқты қыздарымыздың, кəсіпкерлер Дəулеткелді Құлшықов, Мəлік Құрманбекұлы тəрізді қандай да бір игілікті істерден ештеңе аямайтын жомарт азаматтардың үлесін қалай айтпасқа. Міне осылай, көп болып жұмыла отырып, биыл Қордайда батыр бабамыздың 320 жылдығын атап өтуге қам жасалып жатқанын да құлаққағыс етейін. Тұрған ЖАСЫБАЕВ, Қордай ауданының Құрметті азаматы. Қордай-Алматы облысы-Қордай.

Орта салмақ дəрежесіндегі əлемнің экс чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкиннің кəсіби мансабы туралы дəл қазір нақты болжам айту қиын. Өйткені мамандар сан түрлі пікірлерді жаудырғанымен, Геннадий Головкиннің өзі əзірге ресми түрде нақты мəлімдеме жасап отырған жоқ. Дегенмен соңғы деректер қазақстандық боксшының əлем чемпионы атағына таласуына мүмкіндік туғанын растайды. Отандасымыз WBO тұжырымы бойынша əлем чемпионы атағын сарапқа салуы ықтимал. Бүгінде ат а лмыш ұйымның чемпионы

Сондерспен қолғап түйістіруге тиіс еді. Алайда ағылшын боксшысы екінші орта салмақ дəрежесіне көтерілді. С о н ы ң н ə т и ж е с і н д е Ге н н а д и й Головкин бүкілəлемдік бокс ұйымының жаңартылған рейтингінде көш бастады. Бүгінгі таңда бокс жанкүйерлері Головкин мен Андраде арасындағы жекпе-жекті күтіп жүргенін ешкім жоққа шығара алмайды. Əрі осынау шайқас ұйымдастырылып, қазақстандық боксшы жеңімпаз атанса, мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Дэниел Джейкобс арасында өтетін кездесудің жеңімпазына қарсы шаршы алаңға

америкалық Деметриус Андраде екенін жанкүйерлер жақсы біледі. Гена мен Андраде арасында өтуі мүмкін шайқас туралы бүкілəлемдік бокс ұйымының президенті Франциско Валькарсель өз ойын жеткізді. «Біз чемпиондық белбеуге таласу үшін іріктеу жекпежегін өткіземіз немесе Геннадий Головкинді Деметриус Андрадеге негізгі қарсылас ретінде белгілейтін боламыз. Бұл сұраққа жақын күндері нақты жауап табамыз», – деді ол. Кəсіби мансабында бүгінге дейін Геннадий Головкин WBA (super), WBC, IBF тұжырымдары бойынша əлем чемпионы атанған болатын. Головкинге кезінде абсолютті чемпион атануға тек осы бүкілəлемдік бокс ұйымының белбеуі ғана жетпеген-ді. Енді аталмыш тұжырым бойынша чемпиондық белбеуді белге тағуға мүмкіндік туындайтын секілді. Негізі Андраде ұлыбританиялық Билли Джо

шығып, əлемнің абсолютті чемпионы атануға күш салады. Дегенмен бұл жерде де бір кедергі көзге түседі. Геннадий Головкин WBO тұжырымы бойынша əлем чемпионы атағына негізгі үміткер ретінде таңдалса, ол аз ғана сыйақы үшін жұдырықтасуы ке р е к . Ө й т ке н і е р е же ге с ə й ке с əлем чемпионы шайқастан түсетін қаржының 75 пайызына, үміткер 25 пайызына ие болады. Танымалдылық жағынан Головкиннің бəсі жоғары екенін ескерсек, оның мұндай пайыздық бөлісуге келісе қоюы екіталай. Алайда бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Деметриус Андрадеге тəуекел етуі ықтимал. Ол үшін америкалық боксшы сыйақыны кем дегенде теңдей бөлісуге келісім беруі керек шығар. Андраде мұндай қадамға бара алады ма, əлде Головкин аз ғана сыйақы үшін чемпиондық жекпе-жекке шығады ма? Оны енді уақыт көрсете жатар...

ТАРАЗДЫҚ КАРАТЭШІЛЕР ТОП ЖАРДЫ Облыс əкімдігі білім басқармасының ғылыми-тəжірибелік дене шынықтыру орталығы, облыс əкімдігінің дене шынықтыру жəне спорт басқармасы жəне М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ұжымының бірле се ұйымдастыруымен жастар жылына орай каратэ-до шотоканнан оқушылар арасындағы облыстың ашық турнирі өтті. Жасөспірімдер арасындағы аламанға көршілес Қырғыз республикасынан, Түркістан облысы мен Шымкент қа ласынан жəне облысымыздың бірқатар аудандарынан талантты спортшылар қатысып, жүлдегерлердің қатарынан көрінуге күш салды. Дода барысында жасөспірімдер жас айырмашылығына байланысты бірнеше с анатқа бөлініп, бақ сынады. Жалпы, жарыста 220 спортшы сынға түсіп, өзара кім мықты деген сауалға жауап іздеді.

ЖҮРЕКТЕ ҚАЛҒАН ЖАРА Кеңес əскерлерінің Ауғанстан же р і н е н ш ы ғ а р ы л ғ а н ы н а 3 0 жыл толуына орай Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында « Ау ғ а н с т а н – ж ү р е кт е г і ж а р а » ат т ы а р д а г е р л е р м е н кезде су кеші өтті. Іс-шараға ауған соғысының ардагерлері Тілеуберген Тұрлыбеков, Талғат Сұлтанқұлов жəне №60 орта мектептің оқушылары мен ұстаздары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Алдымен жиналғандар Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауғанстан соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. Іс-шараға қатысушы ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастық шақтарындағы тəрбиелік мəні зор, өнегелі əңгімелерін айтып жастарды жігерлендірді. Оқырмандар өз кезегінде майдангер

ардагерлерге сұрақтар қойып, жылы лебіздерін білдірді. Сондайақ «ерлік, батырлық, жауынгерлік» тақырыптарында өлеңдер оқылды. Кітапхана қорындағы Ауған соғысына қатысты кітаптар мен мерзімді басылымдардан «Отты жылдар жалыны» кітап көрме сі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Оқырмандардың тарихи танымын кеңейтетін «Тарихт а қалған т а ң б а л ы к ү н » ат т ы с л а й д тұсаукесер көрсетілді. От ан үшін жанын қиған е р ж ү р е к б ат ы р л а р ы м ы зд ы м ə ң г і қ ұ р м е т т е у, к е й і н г і ұрпаққа ерліктерін дəріптеп, насихаттау – əрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл іс-шара ұлтының ұлылығын танытатын а з а м ат т а р д ы т ə р б и е л е п , оқырмандарға рухани азық болғаны анық. Тараз қаласы.

Телефондар/факс: бас редактордың қабылдау бөлмесі – (қаланың коды – 8-726-2) 43-17-07

Электрондық пошта: ak-jol-taraz@rambler.ru

Мәдениет және спорт бөлімінің редакторы – Табиғат АБАИЛДАЕВ – 45-48-09

Сайт бөлімінің редакторы – Алмаз ОРМАНОВ – 43-17-13

Бас редактордың орынбасары міндетін атқарушы – Асхат РАЙҚҰЛ – 43-33-08 Жауапты хатшының міндетін атқарушы – Шынар САҒИЕВА – 43-50-73

Ақпарат және хаттар бөлімі редакторының міндетін атқарушы – Амангелді ӘБІЛ – 45-48-09

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ

Бухгалтерия – 43-17-12

ЖСК KZ986017161000001080, БСК HSBKKZKX, СТН 211500070391, КБЕ 17, КНП 851, БСН 030940003725, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ ИНДЕКСІ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫ ҮШІН – 65457, МЕКЕМЕ ҮШІН – 15457.

Индустрия және инновация бөлімінің редакторы – Баймаханбет АХМЕТ – 43-31-62

Жарнама менеджері – Жүрсінгүл ЖАҚЫП – 43-32-50, 43-17-12 Компьютер орталығының меңгерушісі – Жанна БЕЙСЕНҚҰЛОВА – 43-26-90 Фототілші – Ақәділ РЫСМАХАН – 43-17-11

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Меркі, Т. Рысқұлов аудандары – Ақылжан МАМЫТ – 87774222450 Шу, Мойынқұм аудандары – Ерғали ҚАРТАЙҒАН – 87474094194

Командалық жарыс кезінде тараздық спортшылармен қатар шымкенттік жəне Қырғыз республикасынан келген жасөспірімдердің жеңіске деген құштарлығы айқын с е зіліп тұрды. Олар жекпе-жек барысында бар күштерін сарқа жұмсады, еш аянып қалған жоқ. Жанарларында жасын ойнаған ба ла лардың қадамын көріп, кəдімгідей қуанып қалдық. Өйткені олардың араларында шын таланттар бар екеніне еш күмəніміз жоқ. Турнир қорытындысында Тараз

қаласының намысын қорғаған карат эшілер қарсыластарынан оқ бойы озық болып, бірінші орынды иеленсе, екінші орын Шымкент қаласының командасына бұйырды. Алатаудың ар жағынан келген айыр қалпақты ағайындардың құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Осылайша облыстың ашық турнирі жоғары деңгейде өтіп, жүлделі орындардан көрінген құрамалар марапатталды. Додаға келген қонақтар тараздықтардың қонақжайлық қасиетіне риза болып тарқасты.

Топтаманы дайындаған Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Бас редактордың орынбасары – Алпамыс ҚАЗЫБАЕВ – 43-17-08

БӨЛІМДЕР: Саясат және әлеумет бөлімінің редакторы – Ардақ ҮСЕЙІНОВА – 43-33-08

Спорт

DODA

МҮЙІЗДІ ӨТЕГЕН БАТЫР АЛМАТЫ–ТАЛДЫҚОРҒАН ТАС ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫНДА ӨТЕГЕН БАТЫР КЕНТІНЕ БҰРЫЛАТЫН ЖОЛАЙРЫҚТА ДАҢҚТЫ БАТЫР БАБАМЫЗ ӨТЕГЕН ӨТЕҒҰЛҰЛЫНЫҢ ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТІП, ОҒАН КӨПТЕГЕН ҚОРДАЙЛЫҚТАР ҚАТЫСТЫҚ. ЕСКЕРТКІШТІҢ БОЙ КӨТЕРУІНЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ПЕН ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАҒДАТ ҚАРАСАЕВ БАСШЫЛЫҚ ЖАСАП, ҚАРАЖАТ ЖАҒЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАРЫ, АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТАРЫНДА ТҰРАТЫН БАТЫРДЫҢ ТІКЕЛЕЙ ҰРПАҚТАРЫ АТСАЛЫСТЫ. МҰНЫҢ ІШІНДЕ БІЗДІҢ ҚОРДАЙЛЫҚТАРДЫҢ ДА ҮЛЕСІ МОЛ БОЛДЫ.

Спорт

Газеттің сайты: www.aqjolgazet.kz

Редакция авторлардың көзқарасы, жарнама мазмұны үшін жауап бермейді. Жарияланбаған хатқа жауап қайтарылмайды. А – материалдың жариялану ақысы төленген.

Газетті есепке алу туралы № 16859-Г куәлікті 2018 жылғы 22 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген.

Нөмірдің кезекші редакторы

Есет ДОСАЛЫ

ТАРАЛЫМЫ: 17444 АПТАЛЫҚ ТАРАЛЫМЫ: 52332

Газет аптасына үш рет шығады. Газет редакцияның компьютерлік орталығында теріліп, беттелген. Қалыбы Жамбыл «Сенім» ЖШС баспа орталығында жасалып, көбейтілді. 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22-үй. тел.: 43-32-83.

Тапсырыс 70


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.