ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №140 (17997), Бейсенбі, 9 қазан, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
24 мыңнан аса абонентке қызмет көрсететін аудандық тораптық электр қуатын тарату жүйесінде қуаты 6000 кВт жаңа трансформаторлық подстанция орнатылды. Соның арқасында жиырма жылдан бері пайдаланылып келе жатқан әрқайсысының қуаты 10 кВт бұрынғы екі трансформаторлық подстанцияларға түсетін жүктелім азайтылып, бұл тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз ету сапасын арттыруға септігін тигізбек. l САРЫСУ
ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАЙЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА
Елорда – тәуелсіздігіміздің тұғырлы жемісі, халқымыздың мақтанышы. Жыл өткен сайын тотыдайын таранып, ажарланып келеді. Әлемге ел даңқын паш ететін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық басталғалы Астана қаласы тіпті құлпыра түсті. Міне, соның барлығын өз көздерімен көру үшін аудан әкімі Қ.Мәдібектің демеушілігімен Астананың орасан өзгерістерін таяуда ауданның 30 ардагері барып, тамашалап қайтты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның экс-Президенті Леонид Кучманы да қабылдады. Кездесу барысында Украинадағы ахуалға қатысты пікір алмасылды. Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы ежелден қалыптасқан достық қарым-қатынас өзара тиімді серіктестік негізде дамығанын атап өтті. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Өз кезегінде Л.Кучма Қазақстан мен Украинаның түрлі салалардағы қарымқатынастарын бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атай отырып, екі елдің арасындағы өзара іс-қимыл жаңа деңгейге шығатынына сенім білдірді.
l Т. РЫСҚҰЛОВ
«Ақ жол-Ақпарат».
АЗИАДА АРУЛАРЫ
ГУЗАЛИЯ ҚАРСЫЛАСЫНАН ҚАЙМЫҚПАЙТЫН ҚЫЗ
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АЗИАДА ЧЕМПИОНЫ ГУЗАЛИЯ ГАФУРОВА БАСТАҒАН ЖҮЛДЕГЕР СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
ЖАЗЫЛ
Ы
Халық мақалы. М
- 20
Небәрі 31 жасында қыршын кеткен жуалылық жас ақын, сазгер Бауыржан Үсеновті жерлестері ұмытпай, жыл сайын оның шығармашылығына арналған әдеби кештер өткізіп тұрады. Биыл мұндай кеш Көктөбе ауылдық клубында өтті. Оған Бауыржан Үсеновтің бауырлары, жұбайы, ұл-қыздары қатысты. Аудан мен Тараз қаласынан келген ақындар Бауыржанға арналған өлеңдерін оқыса, ағайын-туыстары ақын туралы естеліктерімен бөлісті. l ҚОРДАЙ
Мемлекет басшысы Халықаралық консультативтік кеңестің өкілдерін қабылдады. Кездесуге Австрия Республикасының экс-федералдық канцлері Альфред Гузенбауэр, Польша Республикасының бұрынғы Президенті Александр Квасьневский, сондай-ақ, Италия Республикасының бұрынғы Премьерминистрі әрі Еуропалық Комиссияның бұрынғы төрағасы Романо Проди қатысты. Әңгіме барысында Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіне қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
l ЖУАЛЫ
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында жамбылдық спортшылар ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Байрақты бәсекенің соңғы күндерінде қоржынға алтын медаль салған каратэші Гузалия Гафурова мен жүз метрлік төрттік эстафетада күміс жүлде иеленген Светлана Иванчукованы тараздықтар алдымен темір жол бекетінде үлкен қошеметпен күтіп алды. Инчхонда елімізбен қоса өңір атын аспандатқан спортшыларымызды облыс әкімі де қабылдады.
14
«АҚ ЖОЛДЫ»
Бүгінде Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығына дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында қарттар мен ардагерлердің қатысуымен өткен VI пленумда айтылды. Жиында Абай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Секербеков қарттарға қатысты өзге де іс-шараларды тілге тиек етті. Ал ардагерлерге көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер жайын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ш. Қосалов әңгімеледі. l ТАЛАС
Биыл күз құрғақшылығымен ерекшеленіп тұр. Алайда, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Берікқара ауылдық округіне қарасты «Аралтөбе» ауылдық тұтыну кооперативі және «Майтөбе» өндірістік кооперативтері бірігіп, жоспарланған 1520 гектар алқаптың 890 гектарына дән тастап үлгерді. Сондай-ақ, 95 мың тонна жемшөп дайындап, қысқа сақадай-сай отыр. l ШУ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, «Даңқ» аллеясында Шу ауданынан майданға аттанған жауынгерлерге арналған мемориалдық кешеннің құрылысы басталды. Кешеннің алғашқы тасын қалау сәтін тамашалауға жергілікті халық көптеп жиналды. Аудан әкімі Б. Нұркенов пен Ұлы Отан соғысы ардагері Ж. Құлжанысов салтанатты шарада сөз сөйлеп, ескерткіштің алғашқы тасын қалады.
(Жалғасы 8-бетте).
АСЫҒА КҮТЕМІЗ!
КЕЛМЕЙ ҚАЛСА, ІЗДЕЙМІЗ», – ДЕЙДІ ЖУАЛЫЛЫҚ ОҚЫРМАНДАР Сейсенбі күні басылымның Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, бас редактордың бірінші орынбасары Ақылжан Мамыт, ақпарат бөлімінің меңгерушісі Лесбек Сайлаубек, фототілші Ақәділ Рысмахан және тілші Гүлжан Рахман газеттің Жуалы ауданындағы оқырмандарымен кездесті. Кездесуді аудан әкімі Батырбек Құлекеев ашып, жүргізіп отырды. – Қазіргі уақытта облыстың ақпараттық кеңістігінде өзіндік орны бар, аймақтың барлық тыныс-тіршілігін, жаңалықтарын, демократиялық өзгерістерін халыққа дер кезінде жеткізіп, ой қорытып, жақсылықты жария етіп келе жатқан бас газетіміз –«Ақ жолды» бәріңіз білесіздер. Газеттің соңғы алты айдағы жаңа бет-бейнесі, соны сипаты өздеріңізге мәлім. Ендігі мақсат – басылымның таралымын көбейту, – деп сөз сабақтаған аудан басшысы басқосуға қатысып отырған газет оқырмандарын, мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпорын басшыларын, ауылдық округтердің әкімдерін, ардагерлер кеңесін, жастар қауымын еркін пікірлесуге шақырды. Алғашқы сөзді газеттің алдағы жұмыс-жоспарымен таныстыру үшін Бас редактор Көсемәлі Сәттібайұлына берді. – Бүгінде ауданның экономикалық жағдайы бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым ілгерілеген. Жағдай жақсарғаннан кейін дастарханның мәзірін өзгертетініміз сияқты, адам өзінің мәдениетін, рухани құндылықтарын да өсіруі керек. Үйде газет-журналдың түр-түрі, төрдегі көк жәшікте түрлі арналар көрсетіп, компьютеріміз интернетке қосылып тұруы керек. Өздеріңіздің жерлестеріңіз, біздің «генералымыз» Шерхан Мұртазаның «Құстың бір қанаты – экономика, бір қанаты – мәдениет» дейтінін ұмытпаңыздар. Ел боламыз десек, елді қорғайтын ұрпақ тәрбиелегіміз келсе руханиятқа ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «Ақ жол» газеті соңғы уақыттарда өз оқырмандарын тұшымды дүниелерімен қуантып келеді. Бүгінде ауыл тұрмақ, қаланың өзінде де интернеті бар үйлер аз. Сондықтан біз танымдық дүниелерге де баса мән беріп отырмыз. Фейсбук әлеуметтік желісіндегі түрлі ойларды, пікірлерді жариялап келеміз. Айта берсек, алуан мәселелерді арқау еткен түрлі айдарлар өте көп. Бір айдың ішінде бір ғана «Ақ жолдың» ішінен барлық жаңалықты табуға болады. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер үшін, жастар үшін «тілегені алдынан іздемей-ақ табылады». «Алаш-арена» атты айдарымызға оқырмандарымыз дән риза. Жекелеген спортшылар туралы тың дүниелерді халықпен таныстырып, сүйіншілеп жатырмыз. Осындай оңды ізденістер арқылы «Ақ жол» қалың көпшіліктің рухани сырласына, ақылшысына айналды. (Жалғасы 3-бетте).
Мақала жазып отырғанмын, телефон шыр ете қалды. Тұтқаның арғы жағындағы ер адам «Айналайын, «Ақ жол» газетін сүйіп оқимыз. Құлақ ассаң, бір өтініш болып тұр» деп қоңырау соғуының мәнісін түсіндірді. Ұлы осыдан екі жыл бұрын көлік апатына ұшырап, арбаға таңылыпты. Өздігінен жүре алмай қалған. «Бұлай болады деп кім ойлаған. Жазым ғой. Балам екі аяғын басып тұра алмайтыны болмаса көзі ашық, көкірегі ояу.
Мықтылық (ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА) Өтінішім сол, қолың бос болып жатса, ұлыммен жүздесе аласың ба? Өзі әртүрлі тақырыптарда пікір алмасып, ой бөліскенді жақсы көреді. Келіп дидарлассаң мұның өзі үлкен қолдау болар еді, айналайын» деді өзін Сембай деп таныстырған аға. Жүрегім жібіп сала берді. Жұмыстан тыс уақытта кіріп шығатынымды айттым. Содан бүгін түс кезінде Жасұлан досым екеуміз әлгі жігіттің үйіне бардық. Замандас ініміздің есімі Толағай екен. Жиырма төрт жасқа иек артқан ол ТарМУ-дың «Мәдениет ж ә н е ө н е р » ф а к у л ьт е т і н тәмамдапты. Арбада отырғаны болмаса, шүкір, ерік-жігері мықты. Көзі оттай жанып тұр. Құшақ жая қарсы алып, бірден бауырмалдығын байқатты. Еркін отырып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрдық. «Аға, өмірде қиындық болмайды емес, болады. Бірақ, мойымау
керек. Арбада отырсам да, бір Алладан үміт үзген жоқпын. Санамда үнемі «Әлі-ақ өз аяғыммен жүріп кетемін» деген ой тұрады. Сондай рухпен күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын жасап келемін. Бес уақыт намазымды да қаза қылмауға тырысамын. Ең бастысы әртүрлі жаман ойлардан аулақ болған дұрыс» деді Толағай. Әкесі Сембай да ұлдарының ішінде Толағайды ерекше жа қсы к өреді екен. «Тау көтерер Толағай ғой бұл» деп жігерлендіріп қояды. Бәйек болып, бір орында отыра алмай жүр. Секең бізбен жағымды жаңалығын бөлісті. «Ұлым кеше түнде Алматыдан оралды. Оған кезекті рет ота жасалды. Жаңа азанда сендермен сөйлескеннен кейін Толағай орнынан тік тұрды да қайта отырды. Өз көзіме өзім сенбей, қуаныштан жылап жібердім. Осы сәтті екі жыл бойы күтіп
жүрміз ғой біз» деп Сембай аға толқып кетті. Көкейде көп ой қалды. Жұмыс жоқ деп ішкілікке салынып жүрген жігітсымақтардың жанында Толағайдыкі нағыз ерлік. Әрине оған аяғына салмақ салып, бірден тұрып кетуге болмайды. Бірақ, дертінің беті бері қарағанына біз де қуандық. Ол да бізбен сырласқан сайын марқайып, масаттана түсті. Сөз соңында «Толағай, бүгін саған біз келдік. Енді сен де бізді іздеп «Ақ жолға» кел» деп тілек білдірдік. «Аллаға шүкір, барам, өз аяғыммен барам» деді Толағай қолымызды қысып тұрып. Риза болып кеттік. Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
ТАЛҒАТ ПЕН ТОЛҒАНАЙ ИНЧХОНДАҒЫ ПАРААЗИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ Өңірімізде мүгедектер күніне орайластырылған апталық басталып та кетті. Кеше аталған іс-шара аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде түрлі деңгейдегі мүгедек жастар қоғамдарының ұйымдастыруымен айрықша күтімді қажет ететін жандардың «Қазақ тілі –Қазақ елі – Қазақстан» атты көркем және қолданбалы өнер туындыларының көрмесі ашылды. Көрмеге қала, аудандардың бірқатар қолөнершілері мен қылқаламшыларының 100-ге жуық туындылары қойылып көрсетілді. Әсіресе, мүгедек жастармен жұмыс істейтін облыстық «Асар» қоғамдық заңгерлік ұйымы қабырғасында машығын жетілдірген онға жуық өнершінің «Нұр бала» және «Үміт» жобалары аясында ұсынған жұмыстары келушілердің айрықша қызығушылығын туғызды. – Қоғамымыз үш жылдан бері жұмыс істейді. Балаларға қазақы ұлттық оюөрнектермен нақыштап, киіз бұйымдарын жасауды, маталарды, тастарды өңдеп, бояп, ежелгі тарихи суреттермен айшықтауды, бисермен жұмыс істеуді үйретеміз. Мұндай іс-шара қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар,
ішкі саясат бөлімдерінің көмегімен жыл сайын ұйымдастырылады. Данияр Иманбеков, Қаламқас Нұрсұлтанова, Нұрсұлтан Қамшықов, Азамат Уәлиевтер он саусағынан өнері тамған жастар, – дейді «Үміт» жобасы бойынша еңбекке баулушы Жүнісбек Атабеков. Көрмеге, сондай-ақ, 7-10 жас аралығындағы балғын бояу иелерінің де туындылары қойылған. Көрме он күн бойы жұмыс істейді. Оқырмандарымызға тағы бір жағымды жаңалықты хабарлаймыз. Жуырда Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін параазиада ойындарына біздің өңірден Толғанай Төребекова мен оның партнері бірінші топтағы мүгедек Талғат Аманбеков қатысады. Олар мүгедек арбасында билеп сынға түседі. Өнерпаздарымыз латын американдық бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Жерлестеріміздің жеңістің биік тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тағынып, облыс абыройын асқақтатып оралуына тілектеспіз. «Ақ жол-Ақпарат».