9 шілде 2016 ж пдф

Page 1

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Аса

Т.Рысқұлов ауданы

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№79 (18273), Сенбі, 9 шілде, 2016 жыл

АҚОРДА

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

НДА ЖАҺА

ҮКІМЕТ

САҚ БОЛСАҢ, САҚТАЙДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ ПЕТР ПОРОШЕНКО ҚҰТТЫҚТАУ ЖОЛДАДЫ Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақ-береке тілеп, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табысты болуына ниеттестігін жеткізген. Украина Президенті Қазақстан тарапы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі биік мәртебелі қызметі аясында Украина төңірегіндегі ахуалды реттеу, сондай-ақ жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау ісіне елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді. Сондай-ақ П.Порошенко Украина Қазақстан­м ен арадағы өзара тиімді көп қырлы ынтымақтастығын екі елдің игілігі жолында жалғастыра беретінін айтқан.

ӨҢІРЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Кеше Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысын ПремьерМинистр Кәрім Мәсімов ел аумағында суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын күшейтуді еске салудан бастады. Еліміз бойынша биылғы алты айда – 198, ал соңғы бір жарым ап т а н ы ң і ш і н д е 2 9 ( о н ы ң ішінде 5-еуі – бала) азаматтың суға кету оқиғасы тіркелген. Жиында биыл судан құтқару бекеттерінің материа лдықтехникалық базасы күшейтілуіне қол жеткізген Ақмола, Ақтөбе облыстарында адамдардың суға шомылу кезінде бақытсыздық оқиғалары аз, ал қалған өңірлерде бұл істің ұйымдастырылуы шара қолданылуға жататыны атап өтілді. Үкімет басшысы еліміздің барлық әуежайларындағы қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде де тапсырма берді. – Барлығымыз да Түркия әуежайында терракт болғанын білеміз. Біз қазір бұл мәселеге баса мән берудеміз. Осы ретте сіздің ұстанымыңызды білгім келеді, – деді Үкімет басшысы еліміздің Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке қарата. – Біз мәселені айрықша бақылауда ұстап отырмыз. Сіз 15 маусымда тапсырма берген едіңіз, соның қорытындысына сәйкес біз барлық әуежайларға күнделікті бақылау жүргізуге н ұ с қ ау бе рд і к . Б а рл ы қ әуежайлардағы тексеру желісін толығымен күшейтуді тапсырдық. Қ а з і р б а рл ы қ ә уе ж а й л а рд а бастапқы тексеру желісі бар.

ЕЛБАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИЛЬХАМ ӘЛИЕВТІҢ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫ И.Әлиевтің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстанның саяси, әлеуметтікэкономикалық және мәдени жасампаздық жолында нық сеніммен қадам басып келе жатқаны айтылған. «Еліңіздің халықаралық беделі күн сайын артып келеді. Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы және оның бүгінгі деңгейіне жетуіндегі Сіздің үлесіңіз зор. Біздің өзара сенім мен қолдауға негізделген серіктестігіміз тарихи терең тамырластық байланыстырып жатқан халықтарымыздың игілігіне алдағы уақытта да қызмет ете беретініне сенімдімін»,– делінген жеделхатта. Мемлекет басшысына Әзірбайжан Президенті мықты денсаулық, бақыт және мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТУҒАН КҮНІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГРУЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІ ГИОРГИЙ МАРГВЕЛАШВИЛИДІҢ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫ Грузия Президенті жылы лебізді құттықтауы мен игі тілегін жолдаған. «Сіз Қазақст ан Ре спубликасын өркендетуге бағытталған қажырлы қызметіңіз арқылы баршаның құрметіне бөленген кемел мемлекеттік қайраткердің жарқын мысалы болып отырсыз. Грузия мен Қазақстан Республикасы арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенемін», – делінген жеделхатта. Г.Маргвелашвили жеке өзінің және Грузия халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқының игілігі жолында жаңа табыстар тіледі.

Әуежайлардың бүкіл төңірегіндегі қауіпсіздік шараларын Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып күшейттік. Бұған қоса, күшқуат органдарымен бірнеше кеңес өткізіп, тұрақты рейстер қабылдайтын 20 әуежайдың қосымша тексеру, бейнебақылау құрылғыларына қажеттілігін анықтадық. Бұл ұсынысты Қаржы министрлігіне жібердік. Апта ішінде бұл ұсынысты сіздің қарауыңызға енгіземіз деп жоспарлаудамыз, – деді Ж.Қасымбек. Бұдан әрі мәжіліс жұмысы күн тәртібіндегі мәселелерге сай жалғасты. – Өткен аптада индустрия­ ландыру күнінде Елбасы

Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Біз бүгін оны іске асыру барысын қараймыз. Сондайақ, жиын барысында ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдайтын боламыз, – деп атап көрсетті Үкімет басшысы. Мемлекет басшысының 2016 жылғы 1 шілдеде индуст рияландыру күнінде берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаев жан-жақты баяндап берді. Ветеринариялық бақылау және мал қорымдарының жайкүйі мен жалақы бойынша

қарыздарлық секілді өңірлердегі кейбір өзекті мәселелер жөнінде облыс әкімдерінің е септері тыңдалды. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков өңірдегі жағдай жөнінде баяндады. – Өңірімізде сібір жарасымен ауырып өлген мал өлекселері көмілген орындардың 5-еуі басқа облыстың, 8-і Қырғыз Республикасының аумағында. Қ а л ғ а н д а р ы т а л ап қ а с а й , тиісті тану белгілері ілінген. Cібір жарасын жұқтырған м а л ө л е к с е л е р і н к ө м уд і талапқа сай реттеу, үйлестіру жұмыстары аяқталып келеді. Бұл мақс атқа облыстық бюджеттен 27 миллион теңге бөлінді. Облыста сондай-ақ 56 cою алаңы тиісті санитарлық талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Бөлінген қаражатқа 41 типтік биотермикалық шұңқыр дайындалды. Жұмысшылардың айлық жалақысына келсек, бірқатар мекемелердің үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейінгі қарыздарлық көлемі 70, 4 миллион теңгені құраған. Апта ішінде жүргізілген тиісті жұмыстардың нәтижесінде үш кәсіпорынның жалақы жөніндегі қарыздарлығы жойылды. Енді екі кәсіпорынның жұмысшыларына берешек жалақылары толық т ө л е н е т і н б ол а д ы , – д ед і Бекболат Серікбекұлы. Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ұлттық кәсіпкерлік палатасы қызметі, Үкімет мүшелерінің қарауына енгізілген қаулылардың жобалары туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІ

Жол білмеген адастырады, Жөн білмеген шатастырады. ЖАҢА ЖІ БЕ

КЖ ОЛ Ы

НД А

КИІЗ ҮЙ

Ы

ҚЫЗЫЛ АЛАҢДАҒЫ...

БО Й

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Асқақтай бер, Астана!

Астана күніне орай Тараз қаласында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе, Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта өткен «Асқақтай бер, Астана!» атты мерекелік концертті т а ма ш а л ау ғ а ке л ге н т а р а зд ы қ т а рд ы ң қ а р а с ы қалың болды. Облыстық филармония өнерпаздарының қатысуымен өткен концертте Астана, От ан, туған жер жайлы шығармалар орындалып, көпшілік көңілін көтерді. «Жібек жолы» халықтық э с т р а д а л ы қ о р ке с т р і н і ң «Карнавал» музыкалық шығармасынан бастау алған өнер кеші «Ақкербез» би

МЕМЛЕКЕТ М

анс амблінің «До стық» биімен әрлене түсті. Әнші То р ғ ы н О р ы н бе ко ва н ы ң орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтің «Айналдым, елім» әні жиналғандардың жүрек қылын шертсе, Жанатбек Кәдіровтің шырқауындағы «Өркенде,

Қазақстан» атты әні ерекше сезімге баурады. Сондай-ақ, өнер шебер­ лерінің орындаулардағы «Астанам – асқақ әнім», «Қазақст ан», «Аст ана вальсі», «Сарыарқа», «Тәуелсіз ел – қазағым», «Жаса, қазағым» секілді

әндер шырқалғанда, шараның мазмұны артып, мерекелік келбеті айшықталғандай әсер қалдырды. Сұлужан Ә бе н о ва м е н М а р ғ ұ л а н Әлсейітовтердің дуэттік орындауындағы «Тойға тілек» әні де тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды. Ал әдемі, әсерлі кештің ән шашуы белгілі әнші Ғани М ә т е б а е вт ы ң « Ас т а н а » әнімен түйінделгені шатшадыман шараның шырайын арттырды. Осылайша, бұл к ү н і с а я б а қ т ы ә уе л е ге н әндердің әсем ырғағы кернеп тұрды. Осы күні қалалық Мәдениет үйінде және облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, Елорда мерейін еселеді.

АҚТАНЫШТАРЫ

БІР АҒАШТА 40 ТҮРЛІ ЖЕМІС ӨСІП ТҰР Сэм Ван Акен – Нью-Йорктегі Сиракуз өнер университетінің оқытушысы. Ол көктемде кәдімгі ағашқа түрлі жеміс ағаштың бұтақтарын теліп будандастырған. Алғашқы тәжірибе сәтті өтті, бұтақтар гүлдеп жеміс берді. Жыл сайын аталмыш ағашқа телінген түрлі жеміс бұтақтары да көбейе түсіп олардың саны қырыққа жетті. Қазір ағашта өрік, шабдалы, алхоры, шие, бадам, алма және алмұрттың бірнеше түрі өсіп тұр. =ГЕРМАНИЯ ИНЕНІҢ ҰШЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КАМЕРАСЫ Штутгарт университетінің зерттеушілері 3D баспа технологиясының көмегімен көлемі иненің ұшындай ғана жаңа медициналық камера жасады. Адам денесінің ішкі бейнесін алу – өте күрделі жұмыс. Ғалымдар тұздың кішкене дәніндей күрделі линза жүйесін ойлап тапты, оның кішкентайлығы сондай – медициналық иненің ішіне сыяды. Бұл құрал – медицинадағы ғажайып жаңалық. =ШВЕЙЦАРИЯ РОБОТ КЕСІРТКЕ ЖАСАЛДЫ Лозанна қаласындағы Швейцарияның жоғары техникалық мектебінің мамандары саламандра кесірткесінің қимыл-қозғалысын айнытпай қайталайтын робот жасады. Роботтың жүйке жүйесінің жұмысына электронды бағдарлама жауап береді. Механикалық роботты жасаушылар жобаға саламандраның рентген суреті мен бауырымен жорғалаушының суда және құрғақтағы жүрісі түсірілген видеоны пайдаланған.

А ЫЛД Б М ЖА =ТАРАЗ 131 ЖАҢА ТЕХНИКА АЛЫНДЫ Өткен 6 ай ішінде облыс бойынша барлығы 766,1 миллион теңгеге 131 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникасы алынса, оның 80-і – трактор, 9-ы – комбайн және 42 данасы – әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасы. Оның ішінде 56 дана техника 297,1 миллион теңгеге лизингтік негізде алынса, қалған 75 дана техника 468,9 миллион теңгеге шаруашылық құрылымдарының өз қаражаты есебінен алынған. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының жаңаруы 1,7 пайызды құрап отыр. =ТАЛАС ҚАРАТАУДА 19 ЖОБА ІСКЕ АСТЫ Қаратауда шағын және орта кәсіпкерлік дамып келеді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 250 миллион теңге бөлініп, 19 жоба іске асырылды. Соның арқасында 100-ден астам адам жұмысқа тартылған болатын. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты. =ШУ ШӘКІРТТЕР ҚҰРАН СҮРЕЛЕРІН ЖАТҚА ОҚЫДЫ Мәдениет үйінде 12-25 жас аралығындағы мешіт шәкірттері арасында Құран сүрелерін жатқа айту шарасы өтті. Жұртшылықтың алдында өткен имандылық шарасында Төле би орталық мешітінің шәкірті Дінмұхамед Желдібаев бас жүлдегер атанды. Ал бірінші орынға Қонаев ауылы мешітінің шәкірті Биләлі Кәденов, екінші орынға Төле би орталық мешітінің шәкірті Абдулла Жалалиев, үшінші орынға Жаңа жол ауылы «Күнту баба» мешітінің шәкірті Нүрәлі Әбдіразақ лайық деп табылды.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

БАЛУАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Мәскеудегі атақты Қызыл алаңға тігілген халқымыздың киіз үйін интернет арқылы көріп, бір қуанып қалдық. Сөйтсек, бұл құрмет «Жібек жолы – 2016» раллиін өткізуге байланысты ұйымдастырылыпты. Кеше, яғни 8 шілде күні раллишілер жарысты бастап кетті. Олар «Ресей – Қазақстан – Қытай» бағыттары бойынша 9000 шақырым жолды басып өтіп, 16 күннен кейін Бейжіңде мәреге жетпек. Жол таңдамайтын «темір тұлпарларына» сенім артқан олар Қостанай, Астана, Балқаш және Алматы арқылы жүріп өтеді. «Жібек жолы» раллиі алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырлған болатын. «Ақ жол-Ақпарат».

=АҚШ

ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛ СПОРТЫ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ БӘСІН БИІКТЕТІП, АТЫН ӘЙГІЛЕГЕН «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» МЕГАЖОБАСЫНДА ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАМПОЗДАР ҚАРСЫЛАСТАРЫН АЛЫП ТА, ШАЛЫП ТА ЖЫҚҚАНЫН БҰҒАН ДЕЙІН ХАБАРЛАҒАН БОЛАТЫНБЫЗ. «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АТАҒЫН ҮШІНШІ РЕТ ЖЕҢІП АЛҒАН БЕЙБІТ ЫСТЫБАЕВ, ҚОЛА БЕЛБЕУ ИЕГЕРІ АТАНҒАН АЙБОЛ АЙТБЕК ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ДЕЙІН АЛҚЫНБАЙ ЖЕТКЕН ДӘУЛЕТХАН ЖАҚЫП ТАРАЗҒА ОРАЛДЫ. БАТЫР ҰЛДАРЫН ЖҰРТПЕН БІРГЕ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ӘУЕЖАЙДАН КҮТІП АЛЫП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ. АЙТЫСКЕР АҚЫН ӘСЕТ ДҮЙСЕБАЕВ БАЛУАН­ДАРҒА АРНАП ЖЫРДАН ШАШУ ШАШТЫ. (Жалғасы 6-бетте).

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.