7 тамыз пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №114 (17971), Бейсенбі, 7 тамыз, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

l ТАРАЗ

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

«ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ

ҮКІМЕТ: ЖАҢА ҚҰРЫЛЫМ, ЖАҢА МІНДЕТ КЕШЕ АҚОРДАДА ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҮКІМЕТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСТЫҢ СЕБЕБІ НЕ?

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕ АҒАЙЫНШЫЛДЫҚ БОЛМАУЫ ТИІС

«Премьер-Министр менің тапсырмаммен барлық облысты аралап шықты, сіздерді тыңдады, жергілікті мәселелерді бақылады. Бәрін бірден шешіп тастау мүмкін емес, бірақ көп мәселе бойынша шешім қабылданды, әрбір мәселе бойынша арнайы бағдарламалар бар. Енді соларды бақылауға алу қажет. Тұтастай алғанда, мен Үкіметтің шешім қабылдап жатқанын және аталған стратегиялық құжаттар бойынша менің тапсырмаларымды іске асыру жөнінде көп жұмыс атқарылғанын атап өткім келеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыс барысында. Ол Үкімет мүшелерін осы жылғы жұмыстарды қорытындылау үшін және экономиканың жоғары деңгейін ұстап тұрып, көрсеткіштерді төмендетіп алмау мақсатында жоспарларды белгілеу үшін жинағанын айтты. Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы қазіргі ахуалдың елдегі әрбір жетекшінің жіті назарын талап ететінін атап өтті. «Қойылған міндеттер, қаржыландыру бар. Үкіметтің бұдан арғы экономикалық саясаты болуы мүмкін қауіптерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Сондықтан біз бүгінде ең алдымен ағымдағы экономикалық саясатты талдауымыз қажет, өзгеріп жатқан жағдайларды ескере отырып, жаңа әрекет ету шараларын жасауымыз керек», – деді Елбасы министрлер мен облыс әкімдеріне.

Үкімет отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жекешелендіруді өткізудің бірінші толқынын сынға алды. Енді жекешелендірудің екінші толқыны кезінде мұндай қателіктерді жібермеу керектігін, «ағайын-туыстық пен жекжаттықтан» аулақ болу қажеттігін айтты. «Бірінші жекешелендірудің қалай өткенін білеміз. Қазір берілген мүлікті де, жерді де қайта тартып алуға мәжбүрміз. Өйткені, заңсыз бөлінді. Билік кімнің қолында болды, сол алды немесе өзінің адамдарына берді. Енді мұндай болмауы керек. Біріншіден, бұл мемлекет қолға алып отырған үлкен шара. Екіншіден, барлық бұл нысандар бәсекелес ортаға өтіп, іскер адамдардың саны өседі. Экономика жеңілдеп, бюджетке қаражат түседі», – деді Н.Назарбаев. «Жекешелендірудің екінші толқынындағы әрбір нысанның сатылуы ашық, транспарентті түрде жүзеге асуы керек. Халық білуге тиіс: конкурстың қалай өткенін, кімнің нені иеленгенін, кім не жасаймын деп уәде еткенін. Мұның бәріне халық хабардар болуы керек. Бұл үшін не істеліп жатыр?» – деп сұрады Елбасы жиын барысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қарата айтқан сөзінде. Өз кезегінде министр жекешелендіру үдерісінің жариялылығы үшін арнайы вебпортал құрылғанын, сол арқылы ашықтық толығымен қамтамасыз етілетінін атап өтті. «Қателіктерге бой алдырмаңдар. Жекешелендіру тиімді жүргізіліп, нысандар жақсы қолға өтсе, экономика да жеңілдеп, бюджетке де қаражат құйылады. Бұл – аса маңызды шара», – деді Елбасы. Айта кеткен жөн, жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асырудың кешенді жоспарына сәйкес, 853 нысан жеке секторға өтеді. «Олардың ішінде биыл 295-і сатылады. Қазірдің өзінде 14 нысан 437 миллион теңгеге сатылды», – деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ БӘРІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАРДА Басқосу кезінде Елбасы мемлекеттік сатып алулармен жұмыс істеуді тәртіпке келтіру керектігін де айтты. «Сіздің тапсырмаңыз бойынша бизнеске мемлекеттік сатып алуларды қолжетімді ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде электронды мемлекеттік сатып алуларға қатысушылардың қатары 30 мыңға көбейді. Өткізілген конкурстардың саны алғашқы қадамнан-ақ екі есе өсті, рәсімдерді бұзу деректері үш мыңға кеміді», – деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. «Мемлекеттік сатып алулар электронды конкурстан басқа да жолдармен өткізіле ме?», – деп сұрады Мемлекет басшысы. «Бізде электронды және тендер түріндегі конкурстар бар, бірақ қазір сатып алулардың бәрі электронды форматта жүргізіледі», – деп жауап берді Қаржы министрі.

l

БЕЙ-БЕРЕКЕТ БАЗАРЛАРДЫ ЖАБУДЫ ТАПСЫРДЫ Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев ұйымдастырылмаған базарлардың бәрін жабуды тапсырды. «Көлеңкедегі экономика – бюджетке қаражат түсірудің үлкен қоры. Қазақстанда жүздеген мың базардың бақыланбайтынын айта аламын. Санитарлық талаптарға сай емес. Ол жерлерде неше түрлі берекетсіздік болып жатады. Біздің бизнесмендер пайдалы істі өз қолдарына ала алмай ма? Жабық, ұйымдасқан сауда орталықтарын тұрғызу керек. Әкімдер бұл үшін жерді жылдам беруі тиіс.

«Үкіметтің 12 министрліктен, 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымы жөнінде шешім қабылдадым. 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына. Айырмасын түсініп отырсыздар ма? Тоғыз агенттіктің бәрі комитеттер түрінде министрліктердің құрамына енеді», – деді Н. Назарбаев. Елбасының айтуынша, 5 жаңа министрлік құрылады. «Ұлттық экономика министрлігі, оған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Өңірлік даму министрлігі, Статистика агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі енеді. ПремьерМинистрдің ұсынымы бойынша бұл ведомствоның министрі болып Ерболат Досаев тағайындалды», – деді Н. Назарбаев. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктері бірікті. Ол Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму деп аталады. Бұл министрлікке басшы болып Тамара Дүйсенова тағайындалады. Қысқарған министрлердің еш айыбы жоқ. Үкімет оларды жұмысқа орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. Олар жұмыстың сол тұстарын басқарушы орынбасарлар болып қызмет атқарады», – деді Мемлекет басшысы. Елбасының айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі құрылып, оған Мәдениет министрлігінің, Дін істері, Спорт және дене шынықтыру істері агенттіктерінің құзыреті қарайтын болады. «А. Мұхамедиұлы қайта құрылған министрліктің министрі болады», – деді Президент. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация министрліктері, Байланыс және ақпарат агенттігінің, Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілеттіктері мен энерготиімділік, геология мәселелері жаңа ведомство – Инвестициялар және даму министрлігінің құзыретіне берілетіні айтылды. Бұл ведомствоны Әсет Исекешев басқаратын болады, Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек оның бірінші орынбасары, ал Асқар Жұмағалиев орынбасары болып тағайындалады. «Энергетика министрлігі құрылады. Бұл министрлікке Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері беріледі. Ойланып, талқылап, бұл министрліктің басшылығына осы саланы жақсы түсінетін Владимир Школьникті лайық адам деп шештік», – деді Н.Назарбаев. Ұзақбай Қарабалин Школьниктің бірінші орынбасары болады. «Нұрлан Қаппаров, өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады. Мен саған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын», – деді Президент оған. Қаппаров бұған бірден келісті. «Төтенше жағдайлар министрлігіне өзге елдердегі сияқты Ішкі істер министрлігінің функциясы мен өкілеттігі беріледі. Бұл жерде Қалмұханбет Қасымов министр болып тағайындалады. Божко оның орынбасары болып, бұрынғы жұмысын жалғастыра береді. Жақсы жұмыс істедің, Владимир Карпович, ескерту жоқ. Сен әлі егде емессің, бәрі алда», – деді Президент. «Қалған министрліктер кейбір түзетулермен бірге өз өкілеттіктерін сақтайды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, оның облыстардағы функциясы Қаржы министрлігіне беріледі. ПремьерМинистрдің екі орынбасары болады – Бақытжан Сағынтаев және адами даму мәселелері бойынша Гүлшара Әбдіхалықова. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің облыстардағы балық шаруашылығы, су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі», – деді Президент. Сонымен қатар, Қаржы полициясының өкілеттілігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріліп, жаңа агенттік ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі болып құрылды. Оны Қайрат Қожамжаров басқарады.

Оларды еркін экономикалық аймаққа қосып, салықтан босату қажет, ұйымдастырылмаған базарлардың бәрін жабу керек», – деді Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарап. Президент мұндай жағдайда базар саудагерлерінің жапа шекпеуі керектігін атап өтті. «Олар жаңа орталықтарға көшуі тиіс. Оның қалай жасалып жатқанын көріп отырмыз. Алматы, Шымкент, Астана қалаларында, басқа облыстарда белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бей-берекет базарлар әлі де көп. Қаржы қазынадан тыс кетіп жатыр, ол жерлерде қылмыс та, басқасы да бар. Қазір не істеліп жатыр?» – деп сұрады Н. Назарбаев Бақыт Сұлтановтан. «Көлеңкедегі экономиканы азайту жоспары шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Сіздің тапсырмаңызбен тиісті заң жобасы жасалды», – деді Қаржы министрі. Мемлекет басшысы сарапшылардың Қазақстанда қаржының 20-дан 30 пайызға дейін көлеңкеде қалатыны туралы мәліметін келтірді. «Бұл – үлкен резерв», – деді Елбасы.

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАРИЯЛАНАДЫ Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлерге салықтық рақымшылық жасалатынын жария етті. «Үкімет осы жылдың бірінші желтоқсанына дейін бизнесті қолдауды дамытудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауы қажет. Үкіметке шағын және орта бизнес субъектілеріне 2014 жылдың 1 қазанына дейін жиналған айыппұлдар мен өсімдер бойынша салықтық рақымшылықты іске асыруды тапсырамын», – деді Н.Назарбаев. Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлерге 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың қаңтарына дейін салық органдарында есепте тұрған айыппұлдар бойынша кешірім жасалатыны хабарланған болатын. Бұл туралы Премьер-Министр Кәрім Мәсімов кәсіпкерлердің бірінші съезінде айтты. «Үкімет салық амнистиясын жүргізу жөнінде бастама көтерді. Бизнесті 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін салық органдарының есебіне алынған айыппұл өсімдерінен босатуды жоспарлап отырмыз. Амнистия жүргізу кәсіпкерлердің бұл қаражатты бизнесті дамыту мен кеңейтуге жұмсауына мүмкіндік береді. Мен Бақыт Сұлтановқа осыған байланысты Салық кодексіне тиісті өзгертулер мен толықтыруларды қарау мен қабылдауды тапсырамын», – деген еді К. Мәсімов.

ҮКІМЕТТІ ҚАЙТАДАН ҚҰРДЫ

Интернет материалдары негізінде дайындаған Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол».

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Н.Назарбаев Үкімет құрылымын қайта жасақтады.

БАРЫС – КЕЛІС, АЛЫС – БЕРІС l

l

ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫМЕН МЫҢ... ЛИ

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ l

ХИМИКТЕР ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТПАЙДЫ

СИАНЬНАН ШЫҚҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ ТАРАЗ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол». Кеше «Жібек жолы бойымен мың ли» атты Қытайдың халықаралық экспедициясы облыс орталығына келді. Сиань қаласында 19 шілдеде бастау алған экспедиция құрамында барлығы 35 қытайлық азамат бар. 16 жеңіл автокөліктегі аспан асты елі өкілдерін Тараздың шығыс қақпасынан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсен Бықыбаев, кәсіпкерлік және индустриалдыинновациялық дамыту басқармасының басшысы Досан Рымтаев пен бір топ журналистер қарсы алды. Б ы л т ы р қ ы р к ү й е к а й ы н д а Аста н а ға мемлекеттік сапармен келген Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Елбасымызға: «Менің туған жерім – Шэньси провинциясындағы Сиань қаласы көне Жібек жолының бастапқы нүктесі болып табылады. Ал Орталық Азия – жолдың ортасы, Батыс пен Шығыс арасындағы көпір» деп, «Жібек жолының экономикалық аймағын» бірлесе құру идеясын ұсынған болатын. Бұған ел Үкіметі де мүдделілік танытқан-ды. Өйткені, «ЭКСПО–2017» жаһандық көрмесіне аспанасты елінен миллиондаған туристерді тарту көзделіп отыр. Осыны ескерген көрші ел Қазақстан мәдениетімен, экономикасымен, жалпы тұрмысымен етене таныспақ. Сол үшін де экспедиция құрамы ҚХР-ның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары – «Синьхуа» агенттігі, ССТВ Орталық мемлекеттік телевизиясы, Шэньси провинциясының телерадиокомпаниясы, Гуаньмин газеті, ҚХР Халықаралық радиосы және «Феникс» спутниктік телевизиясының қызметкерлерінен, қытайдың белгілі экономист, мәдениеттанушыларынан арнайы жасақталған. Делегация қатарында сонымен бірге біздің дәуірімізге дейінгі 138 жылы Жібек жолын алғаш рет жүріп өткен қытайлықтың 67-ші ұрпағы Жан Ли Дюн да бар екен. Делегация жетекшісі Ян Вын Минді сөзге тартқанымызда, ол: – Біздің негізгі мақсатымыз, Қазақстан жайлы неғұрлым көбірек мағлұмат алып, танысу. Тарихи-мәдени орындарымен, құндылықтарымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барша қытайлықтарды ақпараттандыру. Біз Алматы

«Казфосфат» ЖШС электр қуатын қолжетімді бағаға еліміздің солтүстігінен алады. Оңтүстік пен солтүстікті байланыстырып тұрған жоғары кернеулі желінің біраз уақытқа жөнделуіне байланысты ол жақтан қуат берілмейді. Кәсіпорын Жамбыл ГРЭСнің өнімі тым қымбат болғандықтан

Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға Тараз қаласы бойынша 23 көппәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Оның ішінде 22 үйдің төбесіне, кіреберісіне, инженерлік жүйелеріне және сыртқы қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Базбір үйлердің құрылысы аяқталып, тұрғындар қуанышқа бөленуде.

l БАЙЗАҚ Ауданның спорт саласына еңбегі сіңген Керімжан Сұлтанбековті еске алуға арналған волейболдан ересектер арасында аудандық турнир өтті. Турнирге 60 спортшыны қамтыған 6 команда қатысты. Тартысты өткен жарыста бірінші орынды Түймекент ауылы, екінші орынды Дихан, үшінші орынды Н. Киікбаев атындағы орта мектептің командасы иеленді.

l ЖАМБЫЛ Жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін «Ауылым – алтын бесігім» атты өнер фестивалі биыл да жалғасын тауып, әр жұма күнінің кешінде белгіленген кестеге сәйкес әр округтің өнерлі азаматтары аудан орталығындағы алаңның сахнасында концерт қойды. Өткен жұма күні Ерназар, Өрнек, Қаракемер және Тоғызтарау ауылдық округтерінің өнерлі өрендері Аса ауылын әнге бөледі.

l ЖУАЛЫ Аудан орталығындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізілмек. Облыстық бюджеттен бөлінген 70 миллион 753 мың теңгеге жұмысын тараздық «Бак Industry» ЖШС жүргізуде. Қазір стадионда орналасқан №13 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қос қабатты ғимаратының іші-сырты күрделі жөндеуден өтуде.

l ШУ Астанадан Н. Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының ел халқының генефондын зерттеу мақсатындағы жұмысы ауданда жалғасуда. Олар еразаматтардың қан тапсыру барысында зерттеу нәтижелері еліміздің медицинасын дамытуға үлес қосатынын айтты.

АҚЖОЛТАЙ ХАБАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ТАЛАНТТЫ ЖАС АКТЕРЛЕРІНІҢ БІРІ МҰРАТ ҚҰСАЙЫНОВ «БЕЙБІТШІЛІК ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ҰСЫНҒАН «МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ» МЕДАЛІН ИЕЛЕНІП КЕЛДІ.

МҰРАТ – «МӘДЕНИЕТ

МАЙТАЛМАНЫ» Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».

Жас актер таяуда ғана аталмыш бірлестікке мүшелікке өткен болатын. Осыған дейін ірілі-ұсақты 44 рөлді сомдаған Мұраттың өзі бұл медальді кинодағы рөлі үшін алғанын айтады. «Бүгінгі күнге дейінгі еңбек өтіліме қарасам, қасиетті қара шаңырақ театрда 14 жыл қызмет етіппін. Оның ішінде басты рөлдерді қоспағанда қырыққа жуық рөлді сомдап, сан алуан образдың ашылуына, оның жандүниесіне, психологиясына қолымнан келгенше үңілдім. Берілген рөлді лайықты деңгейде алып шығуға барынша күш салдым. Бұл бірлестік өнер, шығармашылық адамдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан екен. Жас актерлердің осы уақытқа дейінгі жұмысын зерделеп, соның ішінен менің еңбегімді лайықты деп таныпты. Менің ойымша бұл марапатты маған кинодағы рөлім үшін берген сияқты. Осыдан біршама уақыт бұрын қырғыз елінің ұйытқы болуымен «Қырғыз қазақ бір туған» деген фильмге кастинг жарияланып, сол кастинг нәтижесінде іріктеліп шыққан төрт актердің бірі ретінде кинодағы негізгі рөлдің бірін сомдап шығу мүмкіндігін алдым. Рөлім сәтті шыққанын айтқандар да ұшырасты. Бұл шығармашылық бірлестік халықаралық деген атауы бар болған соң менің сол кинодағы рөліме орай осы марапатты ұсынды деп ойлаймын» дейді актер. Мұрат Құсайынов бұған дейін де өзінің кәсіби біліктілігінің, таланты мен еңбегінің арқасында бірқатар марапаттарға қол жеткізген. Былтыр өңірімізде өткен жас режиссерлердің республикалық «Дебют» фестивалінде де еңбегі еленіп, «Жоғары актерлік шеберлігі» номинациясын, Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық эксперименталды фестивальде «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алған-ды.

жұмысты уақытша тоқтатпақ болған. – Әйтсе де бізді облыс басшылығы қиындық құрсауында қалдырмады. Біздің мәселеміз Үкіметтік деңгейге жеткізілді. Соның нәтижесінде оны шешуді бірден бірнеше министрлік қолға алды. Желіде жөндеу жұмысы жүргізіледі. Бізге электр қуаты басқа көздердің есебінен беріледі. «Казфосфат» ұжымы мәселемізді шұғыл шешкені үшін Үкіметке және облыс әкімдігіне ризалығын білдіреді. Өндірістерде қазірге дейін бірде бір пеш жұмысын тоқтатқан жоқ. Қазір біз кестеге сай жұмыс істеудеміз, – дейді «Казфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров. «Ақ жол-Ақпарат».

БӘРЕКЕЛДІ!

облысында, Қордай ауданында болып, ондағы дүнгендердің тыныс-тіршілігімен таныстық. Олардың салт-дәстүрлерін сақтап, бақуатты өмір сүрулеріне жағдай жасап отырған Қазақ еліне риза болдық. Қазақстандағы басты назар аударып отырған нүктеміз – Тараз қаласы. Өйткені бұл Жібек жолы бойындағы қаншама сырды қойнына бүгіп жатқан көне шаһар. Жалпы, Жібек жолы бойындағы қалаларды, 30 мың ли, яғни, 15 мың шақырымды 56 күнде жүруді жоспарласақ, соның ішінде Қазақстанды үш күн, ал Таразды бір күн зерттемекпіз. Осы уақыт ішінде еліміздің беделді ақпарат құралдары Қазақстан туралы репортаждар сериясын жасап, тіпті күн сайын «тікелей эфир» ұйымдастырып, 50 қазақстандық тұлғадан сұхбаттар алуды да жоспарладық. Әрі қарай Өзбекстан, Ресей, Грузия, Түркия, Грекия, Италияға сапар шегеміз, – деді. Алпауыт елден келген делегация алдымен «Достық үйіне» атбасын бұрды. Онда қонақтарды облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов, Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығының басшысы Лариса Лысова қонақжайлық танытып, қазақтың 7 дәмін ұсынып, қарсы алды. Мұнда өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Қ. Әбдірайымов экспедиция жұмысына сәттілік тілеп, оның маңыздылығын атап өтті.

Жалпы, өткен жылы Жамбыл облысы мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 125 миллион АҚШ долларын, ал биыл қаңтармаусым айларында 33,5 миллион АҚШ долларын құраған екен. Алдағы уақытта қытайлықтар, өндіріс, технология, ауылшаруашылығы сынды салалар бойынша да ұзақ мерзімді, перспективалы жұмыстарды бірлесе атқарғысы келетіндіктерін айтты. Сонымен бірге, Күншығыс елінің азаматтары жеріміздің табиғатын, еліміздің қонақжайлылығын көріп тәнті болып отырғандарын жеткізді. Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары мен Лариса Лысова қытайлықтарға қонақкәде жасады. Келесі кезекте қытайлық делегация өкілдері Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Онда палата директоры Асан Қошмамбетов өңірдегі кәсіпкерліктің ахуалы жайлы әңгімелесе, жергілікті кәсіпкерлер өз жобаларымен таныстырды. Ал түс ауа экспедиция мүшелері Айша бибі, Қарахан кесенелеріне барып, тарихи-мәдени орындармен танысты да, Жібек жолы бойымен жүріп кетті.

Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Ақын ғаріп емес пе, Байды өтірік мақтаса. Заман ғаріп емес пе, Әділдіктен аттаса. Халық мақалы.

ҮШ АУЫЛҒА ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ МЕРКІДЕ КҮЛ ШЫҒАРЫП, КӨМІР ЖАҒАТЫН АҒАЙЫНДАРДЫҢ САНЫ АЗАЯ ТҮСТІ. ӨЙТКЕНІ, АҚ АРАЛ, САРМОЛДАЕВ, ҚАЗАҚ ДИҚАН АУЫЛДАРЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛДІ. Бүгінде «Ақбарысстрой», «Таразрегион-газаймақ» ЖШС жұмысшылары екі ауылды газбен толық қамтамасыз етіп, енді Қазақ диқан ауылына құбыр тартуда. Игілікті іс басына барып, құрылыс барысымен танысқанда «Ақбарысстрой» ЖШС шебері Бақытжан Мұсаев Ақ арал мен Сармолдаев ауылдарына 5 шақырым газ құбыры жүргізілгенін жеткізді. Ал, Қазақ диқан елді мекеніне республикалық бюджеттен бөлінген 64 миллион 500 мың теңгеге 4,5 шақырым қашықтықта газ құбыры тартылмақ. Бұл ауылда әзірге 40 үй күл шығарудан құтылған.

– Біз қыркүйек айына дейін қалған 40 үйге газ кіргізіп беруді жоспарлап отырмыз. Әр үйге жеке газ кіргізілгенде ол тұрғындар қалтасынан төленетіні анық. Ал, ауыл мешітіне газды тегін кіргізіп беріп, сауапты іске үлес қоссақ деген ойдамыз, – дейді бригадир Әсет Қыдырғалиев. Ауыл тұрғындары болса, биылғы қыста отын дайындап, көмір түсіріп қамданудың енді қажеті жоқтығына қуануда. Сейсен ҚОЖЕКЕ, «Ақ жол». Меркі ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.