ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №87 (17944), Сенбі, 7 маусым, 2014 жыл
l
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
БАРМАСАҢ, КЕЛМЕСЕҢ, ЖАТ БОЛАРСЫҢ
l
l ТАРАЗ
ТҮБІ БІР ТҮРКІ, ТҮГЕЛ БОЛ! Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің дамуына серпін беруге тиіс төрт бағытқа назар аударды 5 МАУСЫМДА ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКИЯНЫҢ БОДРУМ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ САММИТІНЕ ҚАТЫСТЫ. Негізгі тақырыбы туризм саласын дамыту мәселесі болған саммитке сонымен қатар Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Республикасының Президенті Абдуллаһ Гүл және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты. Қазақстан Президенті өз сөзінде Түркі кеңесі халықаралық ұйым ретінде нақты нәтижелерге қол жеткізгенін және барлық мүше мемлекеттердің игілігі үшін оның жұмысын одан әрі күшейту қажеттігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің дамуына серпін беруге тиіс төрт бағытқа назар аударды. Соның біріншісі ретінде Қазақстан Президенті түркітілдес елдердің экономикалық әлеуетін ашу мәселесін атап өтті. – Тәуелсіз алты мемлекеттің ішкі жалпы өнімінің жиынтық көлемі 1 триллион 200 миллиард доллардан асады. Сөйте тұра Қазақстанның сыртқы сауда айналымында 5 елдің үлесі небәрі 6% ғана. Сондықтан бізге ортақ экономикалық әлеуетімізді барынша нығайтқан жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Түркі әлеміне жаңа жобалар ұсынатын көлік мүмкіндіктерін пайдаланудың маңыздылығына да тоқталды. – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралінің Қазақстандағы бөлігінің құрылысы аяқталуда. Осы жылдың соңында Түрікменстан мен Иранға қатынайтын теміржол құрылысы бітеді, ол Парсы шығанағына жол ашады. Келесі жылы Қытайдан Каспийге дейін біздің еліміздің аумағы арқылы өтетін теміржол құрылысын аяқтау көзделген. Біз Ақтау портының қуатын арттыруды да жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты Ақтау, Баку және
Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің туғанына 215 жыл толды. Бұл күн, сондай-ақ, 2010 жылы БҰҰ шешімімен «Орыс тілі күні» болып белгіленген-ді. Осыған орай, Тараздағы ақын ескерткішіне қала жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері гүл шоқтарын қойды. l БАЙЗАҚ
Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйытқы болуымен «Менің елім Қазақстан» атты Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған ән фестивалі Қордай ауданының №7 Бетқайнар оқу ордасының базасында өтті. Онда облысымыздағы 19 кәсіптік колледждердің өкілдері бақ сынады. Шәмшінің «Сыған серенадасы» әнін әуелете орындаған №3 Байзақ колледжінің оқытушысы Заман Молдабаев пен колледж білімгері Жаңыл Әбдімомынова фестивальдің І орнын жеңіп алды. l ҚОРДАЙ
Қазақстан тарапынан «Қордай» және Қырғызстанның «Ақ жол» кеден бекеттері қызметкерлерінің кездесуінде екі ел арасында қатынаушылардың тауарларын бір рет қана тексеруден өткізудің қанатты жобасын іске асыруға келісім жасалды. l МОЙЫНҚҰМ
Шығанақ ауылында құрылысы былтыр басталған 140 орындық балабақшаның құрылысы қызу жүруде. Құрылысқа жұмыссыз ауыл тұрғындары да тартылған. Құны 336 миллион, 775 мың теңге тұратын ғимаратты астаналық «Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Былтыр бұл ауылда таза ауызсу құрылысы аяқталып, жұрт игілігіне берілген болатын.
Самсун порттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы жаңа перспективаларға жол ашып, соның арқасында түркітілдес мемлекеттердің іскер топтары Қазақстанда бірлескен кәсіпорындар құру арқылы 170 миллиондық нарыққа шыға алатынын айтты. Қазақстан Президенті түркі әлеміне туристерді тарту осы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізетіндігіне назар аударды. – Түркі дүниесінде әлемдік қоғамдастықтың зор қызығушылығын тудыратын табиғи нысандар мен тарихи орындар жеткілікті. Бізге осы салада бірлесіп туризм инфрақұрылымын жаңғырту қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы түркі әлемінде туризмді дамыту үшін бірлесе отырып туристік өнім әзірлеп, Ұлы Жібек жолы брендін пайдалануды ұсынды.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры тәрізді құрылымдардың маңыздылығын атай келе, дәстүрлі мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін айтты. – Түркі академиясы ортақ құндылықтарымыз бен мұраларымызды зерделеу ісінде көп нәрсе жасай алады. Түркі халықтарының мәдениеті мен өнерін насихаттауда ТүркСОЙ-дың атқаратын рөлі зор. Оның белсенді қызметі бірлігімізді нығайтып, мәдени байланыстарды кеңейтуге ықпал етуде, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ және Түркі кеңесі сияқты ұйымдардағы жұмыс істеу үшін ұйымға мүше мемлекеттердің университеттерінде жас мамандарды даярлау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол Түркі академиясына түркі әлемі елдерінің интеграциялану жолдарын айқындау үшін бағдарлама әзірлеуге тапсырма беруді ұсынды.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің келесі тақырыбына қатысты ұсыныс енгізді. Бұл орайда ол мүше мемлекеттерде ақпараттық кеңістікті және бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастыққа түркі әлемін танытатын телеарна ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде сөз сөйлеушілер бұл жиын туризмді дамытуға, сондай-ақ осы сала бойынша елдер арасындағы өзара іс-қимылға қосымша серпін бере алатынын айтты. Сондай-ақ, ынтымақтастықтың өзге де негізгі бағыттарын дамыту үшін осындай басқосулар өткізудің маңыздылығы аталды. Отырыс соңында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі Төртінші саммитінің декларациясына қол қою рәсімі болды.
l ШУ
«Ахыска» түрік этномәдени орталығы қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын дәріптеуде аянып қалған емес. Олар мереке кездерінде туған еліміздің басты байлығы ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртуда белсенділік танытады. Жуырда «Аналардың құрметіне» атты тартымды іс-шара өткізді. Концерттік бағдарлама барысында түрік ұлты өкілдері ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқып, ән мен биден шашу шашты.
l «ҰБТ
– 2014»
ҰБТ: ҰТТЫҚ ПА, ҰТЫЛДЫҚ ПА? Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
50» Н – 20 ПСІЗДІГІ А Т С Қ І «ҚАЗА ТҮЛІК ҚАУ Қ Ы АЗ
Жамбылдық жас түлектердің көңілдерін күпті еткен ұлттық бірыңғай тестілеудің әбігері аяқталды. Кеше соңғы лекпен 349 бітіруші тестілеуге қатысып, өз бақтарын сынады. «Үшінші лекте Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына орналасқан тестілеу пунктінде Байзақ, Жамбыл аудандарының және үш тілде оқытатын мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп және дарынды ұл-қыздарға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаттарының, жеке меншік мектептің түлектері сынақ тапсырды. Бұл күні осы пунктте ғана сынақ алынды, – деді облыстық білім басқармасының бөлім меңгерушісі Айдын Досыбаева. Халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарында жүлдегер атанғандардың тестілеуден босатылатыны белгілі. Сондай білім додаларынан олжалы оралғандарды қоспағанда жалпы, 2, 4 маусым күндері ҰБТ-ға облыс бойынша өтініш берген 6424 мектеп бітірушінің 6380-і (99,3%) қатысты. Алғашқы лектің қорытындысы аса жемісті бола қойған жоқ. «Алтын белгіні» ақтай алмағандар да көп. «Үздік» бітірушілер де үдеден шыға алмаған. Екінші лектің қорытындысы да көңіл жұбатарлық емес. 4 маусым күні тест тапсырған «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатына үміткер 278 бітірушінің 90-ы (32,4%) өз білімдерін дәлелдесе, үздік аттестатқа үміткер 94 бітірушінің ішінде 15 түлек қана (16%) оны алатын болды. Биыл республика бойынша тестілеу көрсеткіші, жалпы, төмен болып тұр. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек, 2-5 маусым аралығында өткен алғашқы төрт күнде (кей өңірлерде 2-сі мен 8-ші маусым аралығында өткізіледі) ҰБТ-ға қатысқан 76948 бітірушінің 17811-і шекті деңгейден өте алмаса, 4339 түлек бір пән бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған.
Өткелді саяз деме, Таяқ салып бойлат. Ісіңді мақұл деме, Ағайынға салып ойлат. Халық мақалы. ЫНА!
!
АЗАР ТЫҢ Н
Т АМАҒА
Ж
БИЫЛҒЫ ПІТІР САДАҚАСЫ – 200 ТЕҢГЕ
ТАЛАС АУДАНЫ ТҮЛЕП КЕЛЕДІ «Ауыл шаруасын тіктеп, өндіріс өрге басуы тиіс», – деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ауданға жасаған жұмыс сапарында Амангелді ӘБІЛ, Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».
ІРІЛЕНБЕЙ ІС БІТПЕС... Рамазан айында жан басына берілетін пітір садақа мөлшері еліміз бойынша 200 теңге. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде ұлан-байтақ еліміздің әр аймағындағы бидай бағасын ескере келе, ортақ есеппен бірауыздан осылай бекітілді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысқан алқалы жиында қажылық сапарын ұйымдастыру мәселесі де талқыланды. Бас мүфти еліміз бойынша мешіттерде жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан орталықтандырылған онлайн дәріске жамағаттың толыққанды қатысуын, әр сабақтың сапалы, сауатты өтуін қатаң қадағалауды өкіл имамдарға тапсырды. «Ақ жол – Ақпарат».
Облыс әкімі жұмыс сапарын Берікқара ауылы маңындағы сүт өңдеу, мал бордақылау кешеніндегі ауданның шаруа қожалықтары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері ұйымдастырған кішігірім көрмеден бастады. Соңғы жылдары өз күштерімен шаруаларын оңдап мал өсіріп, өнім өндіріп жүрген шаруалар аз емес. Олардың бір сыпырасы Үкіметтің түрлі бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несиелері немесе қайтарымсыз несиелер арқылы мал өсіріп, өздерін-өздері жұмыспен қамтып жатса, істерін ілгері жылжыту үшін қаржылай қолдау күтетіндері де бар. Солардың бірі – Берікқара ауылындағы ағайынды Әбілдаевтардың шаруа қожалығы. Қожалық иелері бұрынғы сүт фермасының орталығындағы бұзылып кеткен кешенді сатып
алып, оны өз қаражаттарымен қайта қалпына келтіру үстінде екен. – Әзірге 30 бас сиырымды саууға бел буып отырмын. Мемлекет тарапынан несие берсе қазақтың ақ бас сиырын алып, ал аналық басын 100 басқа жеткізу ойымда бар. Сүтті цехта сақтап, оны өзіміз дайындайтын «пакетке» құйып, нарыққа шығару жоспарымызда тұр. Мал салынғалы жатқан қорада бордақыланатын болады, – деді жеке шаруашылық жетекшісі Ж. Әбілдаев. К.Көкірекбаев одан сүт кешені іске қосылғанда қанша адамның жұмысқа тартылатынын сұрастырды. Ж. Әбілдаев он шақты адамды жұмысқа тартатынын жеткізді. – Кәсібін ашамын деген ауыл еңбеккерлеріне мемлекет тарапынан берілетін субсидия жыл сайын өсіп келеді, - деді облыс әкімі. Одан әрі Аққұм ауылындағы «Төлебаев» және «Сейсенбай» асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтарының жұмыстарымен танысты. Шаруашылықтар 102 түйе, 120 мүйізді ірі қара, 1200 қой, 380 жылқы өсіріп отыр. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 30 миллион теңгеге 6 бұқа, 130 мүйізді ірі қара сатып алыпты. Негізгі бағыты – ет өндіру. 12 отбасы еңбек етеді.
– Мал басын көбейтіп, оны базарға етке шығарып сатып қана қоймай, өнімін өндіріп, табыс көзіне айналдыру қажет. Мысалы, шұбат, қымыз өндіріп, неге базарға шығарып, сатпасқа? – деді Кәрім Нәсбекұлы. Биылдан бастап шұбат пен қымыз өндіруге де мемлекет тарапынан субсидия бөлінгенінен хабардар етті. «Ә.Сағынтаев атындағы» ЖШС директоры А.Қошанбеков облыс басшысына шаруашылықта негізінен көк сұр түсті қаракөл қойының өсірілетінін, оның өнімінің өтімді болмауынан қой басын көбейтуге мүмкіндіктің тым аз екендігін қынжыла сөз етті. Бір кездері алтынға бағаланған елтіріні әлдебір алымсақтардың бір мың теңгеге ғана сатып әкететінін, оның нақты бағасы туралы үйлестіруші маркетингтік қызметтің жоқтығын алға тартты. Осы мәселе туралы «Ақ жол» газетінің 2014 жылғы 3 маусым күнгі санында «Қара алтынға» бағаланған елтірінің қадірі неге қашты?» атты проблемалық мақала жарияланды. Таластық шаруалар орынды көтерілген өзекті мәселе үшін редакция басшылығына ризашылығын білдірді.
(Жалғасы 2-бетте).
БІР МЕКТЕПТЕН
23 ТҮЛЕК
«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ АТАНДЫ! ОРАЛ. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕКТЕБІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ БИЫЛҒЫ ҰБТ-ДА ҮЗДІК КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТІП, БАРЛЫҚ 35 ТҮЛЕКТІҢ 23-І «АЛТЫН БЕЛГІ», БЕСЕУІ ЕРЕКШЕ АТТЕСТАТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ.
ге к лкі, кімге т рпі м і ? К
» ТАРЫ Қ Ы З «ҚЫ ЫҚТАРЫ» ҰБТ... ШЫЖ
МЕН «
ҰБТ-ның кейбір сұрақтарына мектеп түлектері түгілі ақсамай академиктердің өздері жауап бере алмайтын шығар. Мысалы, Алматы сыра зауытының қашан ашылғанын қай академик тап басып айтып бере алады? Алматыда сыра зауытының қашан ашылғанын ең сырақұмар деген адамның өзі анық білмейтін шығар. Және тобылғы торы сыраның ҰБТ-ға үш қайнаса да сорпасы қосылмайды емес пе? Әлде оқушылар мектепте арақ-шарап-сыра зауыттарының тарихын оқыды ма? Ата-аналардың айтуынша, биылғы тестте дәл осы сұрақ түлектердің алдынан шыққан. Екінші, сұрақ тіпті «қызық». Онда «Махамбеттің руы кім?» деген сауал тұр дейді. «Ау, сонда рудың білім мен ғылымға қандай қатысы бар?» дейді аңтаң болған ата-аналар. «Ақ жол-Ақпарат».