ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№2 (18036), Сейсенбі, 6 қаңтар, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: ТӨРТЕУ ТҮГЕНДЕЛДІ
ҚАРТ ҚАРАТАУДАН КӘРІ ҚҰРЛЫҚҚА ДЕЙІН Дүние дүрбелеңге толы. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы ұрыс-керіс, Украинадағы қақтығыс күннен-күнге белең алып барады. Көптеген іргелі мемлекеттердің өзінде экономикалық дағдарыс халықты қажытты. Ал, біздің еліміз үшін бұл кезең бірқалыпты даму, дағдарысқа қарсы шараларды іске асырған жемісті мезгіл болды. Дегенмен, әлі де 2014 жылдың ел экономикасының қорытындысы шығарылмаса да, белгілі ғалымдар мен экономистердің болжамы бойынша, бұл жылдың даму көрсеткіші 5 пайызға жетіп қалатын көрінеді. Ресейде қалыптасып отырған кері әсерлердің салдарынан өсім алу қиынға соғып, Қазақстан дүниежүзінде экономиканың қалыпты дамуын сақтап отырған шамалы ғана мемлекеттің біріне айналды. Осы жерде мына мәселеге назар аударсам деймін. Қазақстанның негізгі экспорттық өнімі мұнай бағасы біршама түсті. Әрине, ол бізге емес, Ресейге әжептәуір әсер етті. Ел қазынасы мұнайдан түсетін қаржысыз жасақталатынын ескерсек, одан түсетін табыс Ұлттық қорға жиналады. Мемлекет басшысы осындай қор құруының арқасында мемлекетіміз 2007 жылы басталған әлемдік қаржы дағдарысынан да айналып өткенін барша жұрт біледі. Қазір осы қорда Ұлттық банктің сақтық қорын қоса есептегенде 105 миллиард доллардай алтын-валюталық қазына бар екен. Бұл зейнеткерлеріміз, түрлі мемлекеттік жәрдемақы алатын және бюджетте еңбек ететін қазақстандықтар үшін еш алаңдауға негіз жоқ екенін көрсетеді. Сонау 1994 жылдың өзінде Еуразиялық интеграция жайлы ұсыныс жасаған Елбасымыздың алысты болжай білетін сұңғыла саясаткер екенін әлемнің мен деген мықтыларының өзі айтып жатыр. Биылғы 1 қаңтардан бастап жұмысына кіріскен одақ кешегі келмеске кеткен кеңес одағын тірілту емес, Қазақстан Республикасы Президентінің көрегендігі, жүзеге асқан өміршең ұсыныс екенін Ресей Президенті Вдадимир Путиннің өзі дүниежүзі алдында мойындады. Елбасымыздың туындысы-Еуразиялық экономикалық одақ құруда көрегендігін былай аңғаруға болады. Мәселен, Қазақстанның экономикалық қуаты ұдайы өседі. Сондықтан үздіксіз өсетін тауарлы өндірісті қамтамасыз ететін рынок
үлкен көрсеткіш. Бізде экономиканың негізі шикізат екені белгілі. Осы тауарлы өндірістің қосымша құны болмағандықтан тасымал шығынын азайтқанда ғана дұрыс болмақ. Осы жерде одақ арқылы тасымал шығынын азайтатын іргедегі 170 миллиондық аса ауқымды нарыққа қол жеткізіп отырмыз.
керек болады. Ал енді, Еуразиялық экономикалық одақ – біздің еліміз үшін интеграциялық ынтымақтастық қана емес, оған қоса алып нарық. Мына мәселеге назар аударайықшы, Кедендік одақ кезінде үш мемлекеттің тауар айналымы 50 пайызға өсіпті. Осы үлкен көрсеткіш пе, әрине
Бұрында әлемнің бірнеше мемлекетіне өнімімізді шығарып келген біз енді Ресей рыногына еркін еніп, Қаратаудың сары алтынға бағаланған фосфор өнімі көрші алып елдің де, ауыл шаруашылық саласы қарқынды дамыған Беларусь мемлекетінің де базарын еркін жайлайтын болды. Мен ана жылы «Ақ жол» газетінің тілшісіне берген сұхбатымда Жаңатас қаласы маңындағы фосфор кенінің зерттелген қорының өзі 100 жылға жетеді деп едім. Ал, зерттелмеген қоры одан әрі қанша жылға жетеді? Бұл – қазақ елінің байлығы. Осы өңірді мекен еткен халықтың береке-нәсібі. Өндірген өнімің қоймада тау-тау болып үйіліп жатпай, хан талапайға түскендей қолма-қол өтіп жатса тау қопарып, тас жарып жүрген біздің де жағдайымыз жақсарған үстіне жақсара түседі. Қызметкерлеріміздің жалақысы еселеп артады, әлемдік озық техникамен жарақтанамыз. Әлбетте, кенін алып отырған өңірдің әл-ауқатын арттыруға көмек қолын созған үстіне соза түсеміз. Еуразиялық экономикалық одаққа Армения да мүше болып енді. Қырғызстан алдағы алты айдың ішінде енбекші. Вьетнам, Түркия, Израиль, Үндістан қызығушылық танытуда. Басқа да бірқатар мемлекеттер өздерін одақтан көргісі келеді. Сонда Қаратау фосфоры әлемді жайлайды. Міне, Еуразиялық экономикалық одақтың Жаңатас пен Қаратау қаласындағы кеншілерге тартқан тартуы. Осы елдің бәрі біздің елден өздерінің өндірісін ашуға алдағы уақытта шешім қабылдауы мүмкін. Бұлай дейтініміз, Қазақстан –алып рыноктың мықты ойыншысы әрі салықтық төлемі өте аз, шикізат қорына өте бай мемлекет. Оның үстіне, Еуропаға да, Таяу Шығысқа да, Азияға да оп-оңай шыға береді. Дәл қазіргідей төрткүл дүние алда не күтіп тұрғанын білмей аласапыран күй кешіп жатқанда Қазақстан өз таңдауын жасап, алдағы күндерге қарышты қадамын жасады. «Нұрлы жол» бағдарламасы дер кезінде қабылданды. Ал, оның мәуелі жемісін Мәңгілік ел болуды мұрат тұтқан әрбір қазақстандық көреді. Құдіреті күшті бір Алла соған жазсын! Мұратқали СӘРСЕНОВ, «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты. Сарысу ауданы.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Облыс тұрғындарын, оның ішінде православ христиандарын сәулелі Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күннің мәні де, мазмұны да терең. Ол үміт пен махаббат, бейбітшілікті сүю, адамгершіліктің шыңына жету және жақын адамға деген мейірімділікті оятады. Құрметтеуге тәрбиелейді. Біздің көпұлтты халқымыздың мейірбандылық, төзімділік, татулық пен бірлікті ұстанған барлық дәстүрлі дінге көзқарасы түзу. Адамзаттың бәрін де сыйлайды. Қадір тұтады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз Қазақстанда тұрақтылық пен бірлікті, мәңгілік адамгершілік құндылықтарды сақтап қалдық және өзге елдерге үлгіміз. Рождество мерекесі миллиондаған адамдарға шаттық сезімін сыйлайды. Бұл – қайырымдылық пен мейірбандылықтың, шынайы қарымқатынастың, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын созатын мереке. Осы мереке баршамызға достық пен махаббат, рухани байлық сыйласын! Құрметті жерлестер! Рождество мерекесін сіздермен бірге қарсы ала отырып, шын ықыласыммен бақыт, жақсылық және игі істер тілеймін. Әрқайсымыз Отанымыз Қазақстан үшін жарқын ойларымызды іске асырып, аянбай еңбек етейік.
Қаратау
ТАРИХҚА КӨЗ ЖҮГІРТСЕК, АЛМАТЫ ТЕМІР ЖОЛЫН ЭЛЕКТРЛЕНДІРУ 1984 ЖЫЛЫ МОЙЫНТЫ – ШУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША БАСТАЛҒАН. ШУ ТЕМІР ЖОЛ БӨЛІМШЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЭЛЕКТРЛЕНДІРІЛГЕН МОЙЫНТЫ – САРЫШАҒАН УЧАСКЕСІ 1985 ЖЫЛЫ МАУСЫМДА ІСКЕ ҚОСЫЛСА, 1988 ЖЫЛЫ 30 ҚАРАШАДА ЭЛЕКТРОВОЗ ШУ ТОРАПТЫ СТАНСАСЫНА СОЛТҮСТІК ЖАҒЫНАН КІРДІ.
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
l ЖАМБЫЛ
Астанада өткен жылдың ұлттық спорт түрлерінің үздік 18 спортшысына «Алтын тұғыр» табыс етілді. Бұл шара алдыңғы жылдан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Осы шарада Жалғас Қиянов «Көкпардың жыл шабуылшысы», Нұрдәулет Момынов («Аю» атының иесі), «Көкпардың жыл аты» иесі атанды. l ҚОРДАЙ
Қалыптасқан дәстүр бойынша жыл соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі, қоғамдық өмірдегі жоғары белсенділігі үшін он адамға «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Олардың ішінде қарапайым еңбегімен көпке үлгі бола білген теміржолшы Тұрғанбек Түнғатаров, механизатор Кенсат Байымбетов, білім беру ісінің үздіктері Хива Софиян, Қапасбек Ақылқожаев тәрізді шын мәнінде осындай құрметке лайықты азаматтар бар. l САРЫСУ
Жаңа жыл аудандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері Сембек Егешов, Қабыл Ібіжанов, Мысалы Маханбетов, Адамбай Баймақанов, Қалқаман Қасымбеков, Кемелбек Шаменов және Михаил Авдеевтің отбасында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек болып, Елбасының құттықтау хаты мен сый-сияпатын салтанатты түрде табыс етті. l ТАЛАС
Елбасының Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай сол сұрапыл соғысқа қатысқан ардагерлерге құттықтауы мен сыйлығын аудан әкімі Б. Рысмендиев пен әкімнің орынбасарлары Ғ. Қартабаев, С. Дадабаев 13 ардагерге табыс етті. Олардың қатарында Тұрсынбай Сейітбеков, Жамалбек Нұрмаханбетов, Бестен Тілепов, Қуанышбек Бүрлібаев, Мария Лаврентьевна Бурулева, Дүйсенбай Жұмахмет, Бертай Жаскленов, Петр Иванович Мельников, Ікімат Сыдыманов, Михаил Иванович Емельянов және Байдалы Бекходжаев бар. l ШУ
Сауытбек ауылында 150 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектеп құрылысын жүргізген «СК-Ретма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Т.Кәрентаев салтанатты рәсім үстінде мектептің символикалық кілтін мектеп директоры М. Байшымыровқа табыс етті. Ауыл тұрғындары атынан Нүсіп Сабралиев қария алғысын білдірді.
Т ОШ
АСЫНАН
Астанадан хат келді
Байзақ ауданы Үлгілі ауылының тұрғыны Есіркеп Серікбаев Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтап хат жазған екен. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбековтен келген жауап хатты ол бізге қуана жеткізді. Онда былай делінген: Құрметті Есіркеп Серікбайұлы! Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, кезекті Жолдауына қолдау білдіріп, ақ батаңызды беріп жазған хатыңыз Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа таныстырылды. Президент Сізге өзінің алғысы мен игі тілектерін жеткізуді тапсырды. Батаңыз қабыл болсын, ұзақ өмір сүріп, тіршіліктің қуанышы мен қызығына кенеле беріңіз. Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.
Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Ал, 1995 жылы 4 қаңтарда ТрансҚазақстан темір жол магистралінің Луговой – Шу телімін электрлендіру аяқталған болатын. Облыс үшін ғана емес, ел бойынша елеулі оқиғаға баланған сол тарихи сәтке Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
ЖЕДЕЛ
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Жуалы ауданы
ЕЛБАСЫ
ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ
Жамбыл ауданы
Аса
П
ШУ – ТОҒЫЗ
Төле би
Жаңатас
ШУ-ЛУГОВОЙ ТЕМІР ЖОЛ БӨЛІГІНІҢ ЭЛЕКТРЛЕНДІРІЛГЕНІНЕ – 20 ЖЫЛ
Жарлы деп сөкпе, Пайғамбарға тілің тиеді. Жалғыз деп сөкпе, Құдайға тілің тиеді. Халық мақалы.
Шу ауданы
Талас ауданы
Назарбаев арнайы келіп қатысқан еді. Осыдан жиырма жыл бұрын Елбасы «Ұлы Жібек жолы болат магистралі арқылы қайта жаңғырып, осы арқылы Қазақстан Тынық мұхитта Еуропа елдеріне жететін трансконтиненттік темір жол желісіне қосылып отыр» деп, бұл желінің еліміздің болашақ экономикасына үлкен серпін беріп, зор пайда әкелетінін айтып өткен болатын. (Жалғасы 2-бетте).
ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨМІР
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
СҰХБАТ ЖЫЛ ЖАҢАРДЫ. БҰЛ КҮНДЕ ҚАЙ-ҚАЙ МЕКЕМЕ ДЕ ЖЫЛДЫ ЖАҢА ПАРАҚТАН БАСТАП ЖАТЫР. ҚАЙСЫБІРІНДЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУЛАР ОРЫН АЛУДА. ОБЛЫСТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТТЕРІНЕ ДЕ ІШІНАРА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛІПТІ. ЯҒНИ, БҰДАН БЫЛАЙ «ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ» БОЛЫП АТАУЫН ӨЗГЕРТКЕН МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ ӘЛІМҚҰЛ ТҰРЫСОВ САЛАДАҒЫ ЕЛ КӨПТЕН КҮТКЕН АҚЖОЛТАЙ ЖАҢАЛЫҚ – ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР КӨЛЕМІ ӨСЕТІНДІГІ ЖӨНІНДЕГІ САУАЛДАРЫМЫЗҒА ДА ЫҚЫЛАСТАНА ЖАУАП БЕРДІ.
ЗЕЙНЕТАҚЫ ДА, ЖӘРДЕМАҚЫ ДА...
көбейді
– Бұл зейнет жасындағы, сондай-ақ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарымыздың тұрмыс жағдайлары жақсаруына едәуір көмек қой. Осы мәселені тарата айтып берсеңіз...
– Зейнетақы мөлшерінің инфляцияға, басқа да индексациялау талаптарына сәйкес мемлекеттік республикалық бюджетті жоспарлау барысында қабылданып, жылма-жыл өзгертіліп
отыратыны белгілі. Тек оның орташа республикалық көрсеткіші әр жылы әрқалай болуы мүмкін. Биыл статистикалық мекемелер тарапынан алынған мәліметтер ескеріліп, зейнеткерлерге берілетін негізгі зейнетақы көлемі 9 пайызға көбейтілді. (Жалғасы 3-бетте).
ТАРАЗДЫҢ ТӨРІНДЕГІ ТҮРМЕ ҚАШАНҒЫ ТҰРАДЫ? Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». БҮГІНДЕ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН ҚҰЛПЫРЫП КЕЛЕДІ. ЖАҢАДАН ШАҒЫН АУДАНДАР БОЙ КӨТЕРІП, ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТУДА. ШАҺАРҒА ІРГЕЛЕС АУДАНДАРДАН ҚОСЫЛҒАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУ ІСІ ҚЫЗУ ҚОЛҒА АЛЫНУДА. ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, КӨШЕЛЕР ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА. БІР СӨЗБЕН АЙТҚАНДА, ТАРИХИ ТАРАЗДЫҢ СӘНІ МЕН СӘУЛЕТІН АРТТЫРУ БАСТЫ НАЗАРҒА АЛЫНҒАНЫ БАЙҚАЛАДЫ. ДЕСЕК ТЕ, ҚАЛАНЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНДА, ЖАМБЫЛ–ТӨЛЕ БИ ДАҢҒЫЛДАРЫНЫҢ ҚИЫЛЫСЫНДА ОРНАЛАСҚАН ТЕМІР ТОРЛЫ ТҮРМЕНІҢ ОСЫНДАЙ ОҢДЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЛЕҢКЕСІН ТҮСІРІП ТҰРҒАНЫ ӨКІНІШТІАҚ. (ЖАЛҒАСЫ 4-БЕТТЕ).