Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
Ж
(АБАЙ).
А
БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.
А ҺАН Д
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы
Меркі
Қордай
Бауыржан Момышұлы
№91 (18285), Сенбі, 6 тамыз, 2016 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
НДА ЖАҺА
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛБАСЫ РЕСМИ САПАРМЕН ТҮРКИЯҒА БАРДЫ
М е м л е к е т басшысы Түркия Ре спубликасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамдағы келіссөздер барысында екі жақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын, сондайақ бірқатар басымдығы бар бағыттар бойынша ҚазақстанТүркия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылады. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қ а з а қ с т а н Президенті Р.Ердоғанға қонақжайлылығы үшін алғыс айтты.
=ГЕРМАНИЯ «VOLKSWAGEN» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСЫНА ҚАРА БҰЛТ ҮЙІРІЛДІ «Volkswagen» компаниясына қатысты тағы да шу шықты. Оңтүстік Корея билігі неміс концернін 14 миллион еуродан астам айыппұл төлеуге міндеттеді. Компания ауаға таралатын зиянды қалдықтар мен техникадан шығатын дыбыс деңгейі туралы жалған мәлімет берген. Сондай-ақ «Volkswagen» ел аумағынан 83 мың жеңіл көлікті кері қайтарып алуы тиіс. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея өткен аптада «Volkswagen», «Аudi» және «Bentley» көліктерін сатуды тоқтатты. =ИРЛАНДИЯ ҚОЙ ҚЫРҚУДАН ӘЛЕМДІК РЕКОРДТЫ ЖАҢАРТТЫ Ирландияның солтүстігіндегі Килмакренан елді мекенінің тұрғыны Айвен Скотт жылдам қой қырқудан жаңа әлемдік рекорд орнатты. Тоғыз сағаттың ішінде ол 867 қойды қырқып үлгерді. Айвен Скотт жаңазеландиялық қой қырқушы Дон Кингтың 2007 жылы жасаған жетістігінен бір қойды артық қырықты. Айвен Скоттың рекордын әлемдік деңгейдегі үш төреші тіркеді. =АҚШ «SAMSUNG» АҚШ-ТА САТЫЛЫМ ЖАҒЫНАН «APPLE»-ДІ БАСЫП ОЗДЫ Солтүстік Америкада «Samsung» компаниясының смартфондары екі жылда алғаш рет «Apple» компаниясының сатылымынан асып түсті. Агенттік хабарламасында 2016 жылдың екінші тоқсанында «Samsung» өндірушілері Солтүстік Америка нарығының жартысына жуығын иеленгені айтылған. Бұл орайда «Samsung Electronics» пен «LG Electronics» компанияларының бірлескен үлесі 49 пайызға жеткенін айта кету керек.
А ЫЛД Б М А Ж =ТАРАЗ ҚОС ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛМАҚ «Арай» алқабындағы 80 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы қаражат жетімсіздігінен тоқтап тұрған болатын. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаражат бөлініп, құрылыс қайта жанданды. Қазір бірінші үйдің құрылысы 90 пайыз аяқталса, екінші үйдің құрылысы желтоқсан айында аяқталмақ. Құрылыс нысанында 170 жұмысшы еңбек етуде. =Т.РЫСҚҰЛОВ МАЛ АЗЫҒЫ МОЛ ДАЙЫНДАЛУДА
АРМЫСЫҢ, РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО!
БҮГІН РИОДА ОЛИМПИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР БАСТАЛДЫ Б АС П А Н
А–
БА
ҚЫ Т Ш
ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР «ПИКОНЫ» ТАҢДАЙДЫ
Ы АМ
Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол».
Құрылысты жаңа технологиямен жүргізу, оған заманауи үлгідегі материалдарды қолдану – үлкен үнем мен тиімділікке қол жеткізетіні белгілі. Мұны мердігер компания – Тараздағы «Пико» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұзақ уақыттан бері іс жүзінде дәлелдеп келеді. Серіктестікте білікті мамандар шоғырланған.
КҮЛЛІ ӘЛЕМ ТАҒАТСЫЗДАНА КӨЗ ТІККЕН БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ, ТӨРТЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫНДАРЫ ДА БАСТАЛДЫ. БАЙРАҚТЫ ДОДАДА ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННАН 104 СПОРТШЫ СПОРТТЫҢ 26 ТҮРІ БОЙЫНША ТОПҚА ТҮСІП, МЫҚТЫЛАРМЕН ИЫҚ ТІРЕСТІРЕ ЖҮРІП, ҚАНЖЫ ҒАСЫН МАЙЛАУҒА КҮШ САЛЫП КӨРМЕК. БАҒЫ МЕН БАБЫ ҚОСА ШАПҚАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ОЗА ШАУЫП БӘЙГЕ АЛЫП, ЖАСЫНДАЙ ЖАРҚЫРАП ЖАТСА, ҚӘНЕ! СОНЫМЕН...
Дала төсінде, тау баурайларында шөп бітік шықты. Осы жылы барлығы 44 900 гектар алқаптың шөбін орып, жинап алу көзделіп отыр. Оның ішінде көпжылдық шөп жоңышқа 6 400 гектар алқапты алып жатыр. Жиі жауған жауыннан қалың шыққан жоңышқаның екінші орымы жүргізілуде. Шөпшілер уақытпен санаспай еңбек етіп, әзірленуге тиіс жемшөптің 75 пайызын дайындап үлгерді. =ҚОРДАЙ ҰЛАН-АСЫР АСТА ТОП ЖАРДЫ Ұлт азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай Алматы облысының Райымбек ауданында ұлан-асыр ас өтті. Ақ патшаның қара жұмысқа қазақ даласынан ер-азаматтарды шақыру жөніндегі жарлығына қарсы көтеріліс – ел тарихындағы қаралы кезеңнің бірі. Жиында тарихшылар, зиялы қауым өкілдері сол зұлмат кезеңді еске алды. Ата-баба әруағына арнап ас берілді. Қарқара жайлауында өткен ат бәйгесінде 16 шақырымдық топ бәйгеде және 25 шақырымдық кіші аламанда Қордай ауданынан қосылған қос жүйрік мәре сызығын бірінші болып қиып, «УАЗПатриот» автокөліктерін еншіледі.
Хан қасында уәзірі білгіш болса, Қара жерде кеме жүргізеді.
(Жалғасы 8-бетте).
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
«САМҒАУДАН» ҮЙРЕНЕТІН ҮЛГІ КӨП ЕРІНБЕЙ ЕҢБЕК ЕТСЕҢ, ЕСЕЛЕП ӨНІМ АЛАСЫҢ
Сексен адам жұмыс істейді, 10 бірлік техникасы бар. Кәсіпорын мамандары жоба жасауға белсене қатысады. Қажетті құрылыс материалдарының денін, оның ішінде инновациялық өнім – жылы блокты және бөлмелердің арасын бөлетін шағын қабырғаларды өздері шығарады. Нысандар металл каркастармен салынады. Мұндай үйлер 9 балл жер сілкінісіне төтеп береді. Сыртқы қабырғаларға жылы блоктар қаланады. Мұның өзі кірпіш және басқа да материалдармен салынатын үйлерге қарағанда жұмсалатын шығынды 15 пайызға дейін азайтады. Ғимараттың іргетасынан бастап, барлық жұмысын өздері атқарады. Инженерлік коммуникациялық жүйені жүргізуге қосалқы мердігерлерді қатыстырмайды. Бір қолдан шыққан ғимарат сапалы әрі сәнді болады.
Қордай ауданының Сарыбұлақ ауылдық округінде бау-бақша және көкөніс дақылдарын тамшылатып суарудың жаңа үлгідегі техно логиясын халықаралық деңгейде таратумен айналысатын израильдікукраиндық «АІК» және егістік зиянкестеріне қарсы химиялық препараттар шығарумен айналысатын «Август» компаниялары өкілдерінің қатысуымен облыстық семинар өткізілді. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшы сының орынбасары Мұрат Әсілбеков жүргізген жиынға облыстағы қант қызылшасын өсіретін аудандардың сала мамандары мен агроқұрылым жетекшілері қатысты.
(Жалғасы 2-бетте).
(Жалғасы 4-бетте).
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Алтыншы шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс төрінші сессиясы 2016 жыл дың 12 тамызында облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді: 1. Жамбыл облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі. 2. Ұжымдық еңбек дауларының алдын алу, оларды шешу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы. 3. Кеден одағының техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеу және бейімдеу жөніндегі Жамбыл облысының өңірлік штабының құрамын бекіту туралы. 4. Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйым дастыру жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы. 5. Жамбыл облыстық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы. * * * Облыстық мәслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 12 тамызында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутаттарды тіркеу 2016 жылдың 12 тамызы күні сағат 09.30-де басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мәслихаттың хатшысы.