5 караша пдф 2015ж

Page 1

АҚОРДА ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№137 (18171),Бейсенбі, 5 қараша, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ҚАЗАҚСТАН – ҰЛЫБРИТАНИЯ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ Мемлекет басшысы Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Британия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Д.Кэмеронның 2013 жылы Қазақстанға жасаған сапары екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін бергенін айтты. Елбасы сондай-ақ келіссөздер барысында Қазақстан үкіметінің мүшелері британ тарапымен маңызды уағдаластықтарға қол жеткізгенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Ұлыбритания

Премьер-Министрін соңғы өткен парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және жаңа үкімет құрамын жасақтауымен құттықтады. Д.Кэмерон Қазақстанның инвестиция тарту, индустрияны дамыту және сауда саласында керемет табыстарға жеткеніне назар аударды. Ұлыбритания Премьер-Министрі сондайақ бүгінде елдеріміздің келіссөздер өткізетін мәселелер аясы кең екенін айтты және Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған реформаларды жүзеге асыру жайын талқылауға ниетті екенін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды: – Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шарт; – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлыбритания Министрлер кабинетінің Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; (Жалғасы 2-бетте).

П НӘСІ Н Е ІП П КӘС

БҮКІЛӘЛЕМДІК ЖЕТІСТІКТЕР КӨРМЕСІ ШЕЖІРЕСІНДЕ АСА ТАБЫСТЫ ӨТКЕН КӨРМЕЛЕРДІҢ БІРІ ДЕП БАҒАЛАНҒАН ИТАЛИЯДАҒЫ «EXPO MILANO-2015» КӨРМЕСІ САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ЖАБЫЛДЫ. МИЛАН КӨРМЕСІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫНДА ЭКСПО ТУЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ.

ЕШКІ БАҚҚАННЫҢ... ЕСЕСІ КЕТПЕЙДІ

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

ЭКСПО ТУЫ – ҚАЗАҚСТАНДА Т ө р т к ү л д ү н и е н і ң н а з а р ы ау ғ а н М и л а н қаласындағы ЭКСПО көрмесінің жабылу шарасына арналған алқалы жиында Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес және ЭКСПО-2015 көрмесінің Бас комиссары Бруно Паскуино салтанатты жағдайда «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының басшысы Ахметжан Есімов пен Бас комиссар және ЭКСПО2017-нің комиссары Рәпіл Жошыбаевқа ЭКСПО көрмесінің туын тапсырды. Италия Республикасының президенті Серджио Матарелла Милан қаласында 6 ай бойы жалғасқан Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің жабылу салтанатында сөйлеген сөзінде Италияда өткен көрмеге қатысушылардың барлығына шексіз алғысын білдіріп, «Астана ЭКСПО-2017-нің» сәтті өтуіне шынайы тілегін білдірді. Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің тарихында Миланда өткен «ЭКСПО-2015» көрмесі ең сәт­ ті көрмелердің бірі деп бағаланды. Бұл көрмені 21 миллионнан астам адам тамашалаған көрінеді. Әлемнің жетекші мемлекеттері қатысқан бұл көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Контент және тақырыпты үздік ашу» номинациясы бойынша ең үздік үштіктің қатарынан табылды. Сөйтіп, Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесінің туы Қазақстанға тапсырылды. Еске сала кететін болсақ, 2012 жылдың 22 қара­ша­сында өткен ХКБ-ның 152-ші Бас Ассамблеясында жасырын дауыс беру нәтижесінде Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құрметін жеңіп алған еді. ЭКСПО-2017 көрме­с інің басты тақырыбы мынандай бағыттар шеңберінде айқындалмақ. Олар: Қоршаған ортаға көмірқышқыл газын шығару көлемін азайту; Тиімді энергетика жағдайындағы өмір салты; Баршаға бірдей энергия. Елордадағы ЭКСПО-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусымында басталып, 10 қыркүйегіне дейін жалғасады деп жоспарлануда. Көрмеге 100 мемлекеттің өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазіргі күнге дейін әлемнің 51 мемлекеті және 11 халықаралық ұйымы «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады. «Ақ жол-Ақпарат».

Қаратаулық бір кәсіпкер азамат түу сонау Ресейден асыл тұқымды ешкі сатып әкеліп, шаруаға ден қойыпты дегенді ести сала, онымен тілдесуге асықтық. Сұрастыра келе білдік, ол Елдос Әлібекұлы болып шықты. Осыдан екі жыл бұрын Алматыда тұратын Әсия есімді туысының швейцариялық ешкілері әрқайсысы күніне 5-6 литр сүт беріп отырғанын көріп, оның да ешкі бағуға қызығушылығы артыпты. Іле-шала ғаламторды ақтарып, Ресейдегі Челябинск облысының Коркина атты қаласында асыл тұқымды ешкі өсірілетінін білген. Сөйтіп, ол жақтағылармен байланысқа шығып, ешкі сатып алудың амалын қарастырған. Осымен байланысты жеке кәсібін ашуға бекініп, өзінің бизнес-жоспарын жасаған. « А л ғ а ш ы н д а ау д а н ә к і м д і г і н і ң кәсіпкерлік бөліміне барғаныммен одан еш нәтиже шықпады. Алайда, бизнесжоспарымды аудандық жұмыспен қамту орталығы мақұлдап, кәсіп ашуым үшін бес жылға 6 пайыздық сыйақымен 3 миллион теңге несие берді», – дейді Е.Әлібекұлы. Елдостың айтуынша, Ресейден ешкі

әкелу оңайға түспеген көрінеді. Ол жақта шекшек тұқымы төлін Галина Полекина деген кәсіпкер әйел өсіреді екен. Бұл іспен айналысқанына үш-төрт жылдың жүзі болыпты. Жеке техникалық төлқұжаты бар әр бас малдың бағасы да қымбатқа соққан. Мысалы, он күндік лақ Ресей рублімен 15 мыңға

бағаланыпты. Не керек, 20 бас ешкі мен екі текенің әрқайсысын 200-400 мың теңге аралығында саудалап, ол жерден КамАЗ жүк көлігін 1 миллион теңгеге жалдау арқылы елге жолсоқты болып әзер жеткен. Сырттан келген малдың жерсініп кетуі қашанда қиын. Елдос ә, дегенде малды өсіп-өндірудегі машақатпен қоса өлім-

жітімге де жол берілгенін жасырмады. Әйтсе де тынымсыз еңбектің нәтижесінде ақ тоқал теке (Санчо) мен альпілік қоңыр теке (Цезарь) бастаған біршама ешкілер ақыры өз өңірімізге бейімделіп, осы көктемде алғашқы төлін де беріп үлгеріпті. «Мұндай асыл тұқымды ешкілер Қазақстанда да кездеседі. Алайда, оларда анау айтқан тектілік пен ерекшелік жоқ. Ал менің өсіріп отырған ешкілерім әлемде теңдесі жоқ асыл тұқымды мал тұқымына жатады», – деді кәсіпкер. Алла еңбегінің жемісін берер болса, әлі-ақ екі-үш жылда мал басы көбейіп, сүті нарыққа шыға бастайтыны белгілі. Аталған ешкі сүтінің майлылығы алты пайыздық мөлшерде. Білетіндердің сөзіне қарағанда, сүті, тіпті, ана сүтінен кем түспейтін қасиетке ие екен. Бәрінен бұрын «Ертеңгі күнім не болады?» деп қол қусырып қарап отырмай, тәуекелге бел байлаған, «бизнес» атты әліппенің алғашқы парағын аударып, кәсіппен айналысуға ден қойған Елдостың ерлігіне ел де ырза кейіпте. Талас ауданы.

Оқырмандардың рухани досына айналды

Еліміздегі барлық игі істер, өркендеулер, өрлеулер ақпарат құралдары арқылы көпшілікке тарайды. Бұл орайда мерзімді басылымдардың алатын орны ерекше. Әсіресе, облыстық «Ақ жол» газеті соңғы жылдары жаңаша сипатқа ие болып, дамудың даңғылына бет түзеді. Елбасымыздың сындарлы саясатын насихаттауға, мемлекетіміздің маңызды қадамдарын жалпы бұқараға түсіндіру барысында да облыстың аға газеті өзінің жарқын үнімен танылып келеді. Сондай-ақ, түрлі айдарлар арқылы оқырмандардың ерекше ықыласына бөленіп отыр. Мәселен, «Пырақ» әдебиет бетінің көтерер жүгі өз алдына бөлек, «Шөкеңнің шошаласы», «Оқырмандар отауы» беттері арқылы тұщымды, қызықты дүниелермен жұрттың көңіліндегіні дөп басып, ой салып отыр. Сондықтан, «Ақ жолдың» бүгінгі бет алысына көңілім толады. Кейінгі жылдары облысымыздың бас газеті жас журналистермен толыға түсті. Әрбір

жас газетке жаңа леп, ерекше серпін әкелгені байқалады. Бұл да газет басшысының жауапкершілікті сезінгені, бастамашылдығы, оқырманға жанашырлығы. Облыстың аға газетін үнемі оқып, танысып отырамын. Жолдасым, ақын Қайырбек Асанов та үйге келетін мерзімді басылымдармен танысуды алдымен «Ақ жол» газетінен бастайды. Бұл басылымда біздің көңілімізден шығатын

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойды. Мемлекет басшысы бүкіл халқымыз үшін құжаттың мәні зор болуына байланысты заңға қол қою тұңғыш рет жария түрде өткізіліп отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев сондайақ осы рәсімге БАҚ өкілдерінің қатысуы жаңа Кодекстің мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретінін айтты. Мемлекет басшысы жаңа Азаматтық процестік кодекс құқық саласын түбегейлі жақсартатынын атап айтты. – Жаңа Кодексті қабылдау заң үстемдігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосады. Заңнама аясында барлық заманауи негізгі құқықтық институттар қамтылған. Сонымен қатар, біздің құқықтық жұмысымызды әлемдік озық стандарттар деңгейіне жеткізетін елеулі өзгерістер енгізілген, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы маңызды жаңа өзгерістер қатарында азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі сотқа прокурордың қатысуын азайту, іс жүргізудің жеңілдетілген түрін кеңінен қолдану, соттардың қарауындағы істерді оңтайландыру, жаңа жағдаяттарға байланысты істі қайта қарау тәсілін енгізу мәселелері қарастырылғанына тоқталып өтті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қатысушылардың бәрін жаңа Кодекске қол қойылуымен құттықтап, оның іс жүзіне асуы халыққа пайдасын тигізетініне сенім білдірді.

ДАНИЯР АҚЫШЕВ – ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына үндеу жолдап, онда Қ.Келімбетовті Ұлттық банк төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылданғанын мәлімдегені белгілі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 4-тармағына, 55-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы лауазымына Президенттің көмекшісі қызметін уақытша атқарушы – Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі Данияр Ақышевты тағайындауға келісім беру жөнінде Парламент Сенатына өтініш жолдаған болатын. 2 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының жалпы отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулин Данияр Ақышевты Ұлттық банк төрағасы лауазымына тағайындау туралы Мемлекет басшысының үндеуін оқыды. Сенаторлар бұл кандидатураны бірауыздан мақұлдады. – Қазір банкке және ұлттық валюта – теңгеге деген сенім азайды, бұған жол беруге болмайды. Елде теңге өтімділігінің тапшылығы сезіледі, экономиканы несиелеу көлемі төмендеуде. Бұлар – төмен көрсеткіштер, оларды түзету үшін жұмыс істеу керек. Д.Ақышевтың білімі мен тәжірибесі оған осы міндетті атқаруға септігін тигізетініне сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мың адам салған көпірді бір адам бұзады, Бір адамның жаққан отына мың адам жылынады. Халық мақалы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

Күләш АХМЕТОВА, АҚЫН, МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ ЛАУРЕАТЫ.

АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК КОДЕКС ҚҰҚЫҚ САЛАСЫН ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҚСАРТАДЫ

материалдар көбірек жарық көреді. Тасқа басылған сөз тарихта қалады. Әр газет өзінің шежіресін, өмір жолын болашаққа жазып қалдырып жатқаны да анық. Баспасөзбен жіті таныс кісінің жан дүниесі бай, көңілі сара болады. Қазіргі таңда әлеуметтік желіні пайдалануға баса көңіл бөліне бастады. Басылымдардың да жеке сайттары бар. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар газеттердің сол сайттағы нұсқасын оқи алады. Бірақ, жақсы дүниелерді емін-еркін қолға ұстап, егжей-тегжейлі оқығанға не жетсін?! Мерзімді басылымдардың бағасы сондықтан да биік, журналистердің абыройы жоғары. Сол басылымдардың ең биігінде облыстың аға газетінің де тұрғаны көңілге қуаныш сыйлайды. Ол менің жарты ғасырдан астам уақыт рухани серігім болып келе жатқанымен қымбат. Өткенді сақтай білген тарихымен бағалы. Облыстың бас газеті 20 мыңнан астам оқырманына рухани азық беріп, талантты дүниелерді ұсынып отыр деп есептеймін. Әрқашан газеттегі журналистерге тілеулес, жанашыр болып отырамыз. Жас журналистердің қадамына сәттілік тілеймін. Жазар көбейсін, «Ақ жол»!

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа!

«Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ.

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
5 караша пдф 2015ж by akjolgazet - Issuu