ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №86 (17943), Бейсенбі, 5 маусым, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
l БАРМАСАҢ, КЕЛМЕСЕҢ, ЖАТ БОЛАРСЫҢ l
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады. l ҚОРДАЙ
l РӘМІЗІМ – РУХЫМ! l
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮРКИЯҒА БАРДЫ
Красногор кеңшар-техникумының 1974 жылғы түлектері Алматы облысының Ақсу демалыс орнында өздерінің қырық жылдық кездесуін өткізді. Түлектердің бірі – кезінде Алматы, Жамбыл облыстарының әкімі, Ауыл шаруашылығы министрі болған, бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетовтің ұйымдастыруымен өткен шараға оларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздары және оқу орнының бүгінгі құрамынан өкілдер қатысты.
«АЛТЫН КҮН АСПАНЫ, АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ...»
l МЕРКІ
Әнұран асқақ рухпен шырқалған күн
Аудандық Мәдениет үйінде меркіліктер Тараз қаласындағы №10 әкімшіліктік аумағы ардагерлер ұйымының құрамында 65-80 жас аралығындағы он сегіз мүшесі бар «Ардагер» ансамблінің концерттік бағдарламасын қызыға тамашалады. Бұл өнер ұжымы жуырда ғана өткен қалалық байқау-фестивальде жүлделі үшінші орынды жеңіп алған-ды. Өнерлі қариялардың Талас, Жамбыл, Т. Рысқұлов аудандары орталықтарында қойған концерттері де табыспен өтті.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, студент.
Бұзылмайтын жай түссе де қаймағы, Отаныма азаттықтың сай бағы. Ұлы елдің өр беделін дәріптер, Рәміздерім-елдігімнің айғағы.
Саммит аясында Нұрсұлтан Назарбаев Кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, Түркітілдес мемлекеттер басшыларының кеңесі 2009 жылы құрылып, 2010 жылы Түркітілдес мемлекеттер басшыларының кеңесі туралы келісімге қол қойылды. Ұйымға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия кіреді. 2001 жылы Ұйымның алғашқы саммиті Қазақстан Президентінің бастамасымен Алматы қаласында өтіп, онда экономикалық ынтымақтастық мәселелері қаралған болатын.
Жер бетінде азаттыққа жете алмай, азыптозып жүрген қаншама халық бар. Шүкір, біз өз алдына бөлек дербес елміз. Тіліміз - тірегіміз, дініміз - діңгегіміз. Ұшы- қиыры жоқ ұлан-ғайыр даламыз ұлттар достығының ұлағатты ордасы бүгінде. Арқа төсінен бой көтерген асқақ Астанамыз отандастарымыздың бейбітсүйгіш болмысын, биікке ұмтылған мақсаткерлігін, тарих алдындағы тегеурінді табандылығын бүкіл әлемге паш етіп тұрғандай. Міне, мұның бәрі де Тәуелсіздік сыйы. Ал, Көкбайрақ, Елтаңба, Әнұран ата-бабаларымыздың арманаңсары болған сол азаттығымыздың айшықты атрибуттары. Сондықтан да ел тұрғындары төл нышандарымызды айрықша қастер тұтады. Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыста өткен мәдени-көпшілік шаралар барысынан да осыны аңғардық. Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай облыс әкімі аппаратының, облыстық мәслихаттың, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің қызметкерлері облыстық әкімдіктің мәжіліс залына жиналды. Сағат тілі 10.00-ді соққанда барлығы жүзге жуық қызметкер оң қолдарын жүрек тұсына қойып, мемлекеттік Әнұранды асқақ рухпен шырқады. Осылайша олар мемлекеттік рәміздерімізге деген өздерінің құрметін көрсетті.
Халық мақалы. l
СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ,
Тұтқиылдан азат таңға төнсе мұң, Мойымайтын мықтымсың сен, еңселім! Түйсінеміз, ұғынамыз жүрекпен, Елтаңбадан еркіндіктің өлшемін. Тамырымды Тәңірімнің сый емі, Өр қазақтың қаны бойлар киелі. Дәуірлердің дүмпуінде құламас Туым менің – тектіліктің тірегі.
Бүгін еркін, ертең алып айбары, Береке мен татулықтың қайнары. Қасиетін қастерлеген ұлы елдің, Рәміздерім – елдігімнің айғағы!
«SMALL» әмбебап дүкендерінде «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» атты флеш- моб ұйымдастырылып, мемлекеттік Әнұран бір мезгілде орындалды. * * * Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар мұнымен толастаған жоқ. Осы күні кешкісін орталық «Достық» алаңында өткен «Рәміздерім-мақтанышым» атты форум да қатысушылардың мерейін тасытып, шалқар сезімге бөледі. Әсіресе, Қазақ елінің қалыптасуынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі аралықты қамтыған театрландырылған көріністің тәрбиелік мәні зор болды. Көрініс соңынан ұйымдастырылған жастар флеш-мобы да жиылған жұртшылықты желпінтіп тастады. Мұнан кейін әскери хормен бірлесіп, барлық қатысушылар мемлекеттік Гимнді орындады. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Тарих толқынында талай «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткерген қазақ халқы бүгінде Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен асқақ. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шаралар оған қатысушылардың мақтаныш сезімін маздатып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
4» l
l
l ТАЛАС Маңдайымда Елтаңбамыз тұр аман, Берік қолда Туым, әсте құламан. Әнұраным жүрегімде маздаса, Мұнан артық бақыт хақтан сұраман.
Шараға қатысушыларды облыс әкімі аппаратының басшысы Рахметілдә Рахманбердиев құттықтап, сөз сөйледі. – Мемлекеттік рәміздер – елдің елдігін, мемлекеттің егемендігін білдіретін айшықты ұғым. Ол ұлттық мәртебенің кепілі, тұғыры биік Тәуелсіздіктің тірегі. Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз халқымыздың жылдар бойы аңсаған арманы, ұлттық салт- дәстүр мен болашаққа деген тілегін бейнелейтін нышандары. Дана бабаларымыз «Туы биік елдің тұғыры да биік» деген аталы сөз қалдырған. Өйткені, халқымыз әрқашан туын қастерлеп, биікке көтерген. Бүгінде татулық пен достығы жарасқан халқымыз көк байрақтың астында бірігіп, ортақ Отанымызды әлемге танытуда. Елтаңбамыз тарихымыздан сыр шертеді. Ал, енді «Менің Қазақстаным» әні шын мәнінде бабалар арманын жеткізген бүкілхалықтық Гимнге айналып отыр. «Отан» деген ұлы ұғым Тудан, Елтаңба мен Әнұраннан күш-қуат алады. Сондықтан да баршамыз маңызды нышандарымызды қастерлеп, құрметтеуіміз керек. Барлықтарыңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді Р. Рахманбердиев. Дәл осы күні сонымен қатар Тараз қаласындағы теміржол бекетінде, «Алатау»,
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, Жауың алмайды. О, СПОРТ, СПОРТ!
Құландық кәсіпкер Аян Қанаев жыл басында өз қаржысына чехиялық «Rewent» нан пісіру қондырғысын сатып алып, орнатқан болатын. Наубайханада қазір тәулігіне 2500 бөлке нан пісіріліп, сауда орындарына шығарылуда. Жаз маусымы басталғаннан нанның бірнеше түрін пісіруді қолға алған наубайхананың өніміне сұраныс мол болып тұр.
Асаулығы бұл халықтың күй ағын, Тұлпардайын жер тарпыған пырағым. Рух сыйлаған шаршы алаңда ұлдарға, Әуелеген әуезді Әнұраным.
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРКИЯНЫҢ БОДРУМ ҚАЛАСЫНА ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ САММИТІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН КЕЛДІ, ДЕП ХАБАРЛАДЫ АҚОРДАНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.
l
l Т. РЫСҚҰЛОВ
201 «ҰБТ –
(Мемлекеттік Рәміздер күнініне байланысты әзірленген топтаманы 2-беттен оқисыздар).
Ұлы Отан соғысында қолына қару алып қан төккен, қаламгер Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектептің 1993-1994 жылдарғы түлектері туған ауылына сый жасады. Олар АқкөлСаудакент тас жолының бойынан Қызыләуіт ауылына қарайтын бұрылысқа 900 мың теңгеге айшықты қақпа орнатты.
• АҚЖОЛТАЙ ХАБАР
35
АҒАТ ДЫ С 2 1 А А АСТАН А ЖАҚЫНД Қ МИНУТ Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
2 маусым күні Астанадан Шымкент қаласына 23 сағат 50 минутта испаниялық вагондармен жабдықталған «Тальго» пойызы жолға шықты. Ертеңіне сағат күндізгі 12.25-те Тараз теміржол бекетінде болған жүрдек пойыз Астана мен Тараз арасын бар-жоғы 12 cағат 35 минутта жүріп өтті. Ал, 15 сағат 25 минутта соңғы аялдама – Шымкент теміржол бекетінде болды. Біз осы ақжолтай хабар бойынша облыс орталығындағы Тараз теміржол бекетіне қоңырау соқтық. – Бұрыннан да Астана бағытына бірнеше пойыз Тараз қаласы арқылы өткенімен жамбылдықтардың билетке деген сұранысы жоғары болып келді. Енді міне, жолаушылар ары-бері көп қатынайтын жаз айларының алғашқы күндері «АстанаШымкент-Астана» бағытында жаңа пойыз кестесі ашылғалы билетке деген сұраныс қанағаттандырылуда. Оның үстіне Астана мен Тараз арасын бар-жоғы жарты тәуліктен сәл ғана асатын уақытта жүріп өтеді. Вагондарда жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған. Пойыз Астанадан әр аптаның ішінде жұп, Шымкенттен тақ күндері шығып, Тараз қаласындағы бекетте 10 минут аялдап, Астанаға кешкі 20 сағат 19 минутта жүреді, – деді темір жол бекетінің кезекшісі.
ҰБТ! Ортадан ауды
СҮЙІНЕРГЕ ЖАРАР ОЛ!
№45 классикалық гимназияның түлектері орташа 101,8 балдық көрсеткішпен алға шықты. БӘРЕКЕЛДІ!
АНАСТАСИЯНЫҢ АСУЫ – 123 БАЛЛ! Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».
БҮКІЛ ӘЛЕМ КӨЗ ТІККЕН АЛАМАНДА ТОП ЖАРУ ДА БІР ЕРЛІК. ӘРИНЕ, ЕРЛІК ДАҢҚ ҮШІН ЖАСАЛМАЙТЫНЫ АНЫҚ. ДЕГЕНМЕН, ЕЛГЕ ЕРДІҢ ӨЗІНЕН БҰРЫН ЖАҚСЫ АТЫ ЖЕТЕТІНІ БАР. БОКСТАН ӘСКЕРИЛЕР АРАСЫНДА ӨТКЕН ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ ҚАТЫСЫП ЖАТҚАН ОЛЖАСТЫҢ ЖОЛЫНА ҮМІТПЕН ҚАРАҒАН ЖАНКҮЙЕРЛЕР ОНЫҢ ТАБАНЫ ЖАМБЫЛ ЖЕРІНЕ ТИМЕЙ ЖАТЫП, ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚТАН ҚҰЛАҚТАНЫП ҮЛГЕРГЕН ЕДІ. ОНЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ГАМЛЕТ ҚАЙНАРБЕКОВ БАСТАҒАН СПОРТШЫЛАР, АТА-АНАСЫ МЕН ЖЕРЛЕСТЕРІ ТАРАЗДЫҢ ШЫҒЫС ҚАҚПАСЫ АЛДЫНАН КҮТІП АЛДЫ. Әлем чемпионын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев арнайы қабылдап, жеңімпазға лайықты тарту жасады. – «Елдің атын ер шығарады, ердің атын ел шығарады» деген дана халқымыз. Әскерилер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, елдің атын шығардың. Облысымыздың даңқын асырдың. Сенің спорттағы жетістіктерің бізге жақсы мәлім. 2005 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде топ жардың, 2006 жылғы жастардың әлем чемпионатында күміс жүлдені иелендің. Бүгінгі табысың – cол
жеңісті жолдың жалғасы деп білеміз. Саған үлкен үміт артамыз, – деді облыс әкімі чемпион Олжас Сәттібаевқа темір тұлпардың кілтін табыстап тұрып. Аймақ басшысымен болған кездесуде облыс спорты туралы келелі әңгіме айтылды. Өңірімізден шыққан, аты әлемге әйгілі болған спорт саңлақтарының есімдерін атап өткен Кәрім Нәсбекұлы жамбылдықтардың әлі де үлкен спорттың биік асуынан көрінетініне сенім білдірді. (Жалғасы 8-бетте).
Мектеп бітірушілерді дайындығын ширатып, қоңыр күзден бері сарсаңға салған сынақтың екі күні артта қалды. Біреулер үшін сәтті, ал кейбірі «әттегенай» деп сан соғып жүр. Қалай десек те, жастардың алдағы бағыт-бағдары осы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына байланысты болып тұрғаны анық. Болашақта білім алатын оқу ордасын тестте жинаған балына қарай таңдайтын болғандықтан, оқушылар да қолда бар мүмкіндікті пайдаланып қалғысы келеді емес пе? Дегенмен, сәттілік әрқашан жолдас бола бермейтіні тағы бар. ҰБТ-ның алғашқы легінде жамбылдық сынақ тапсырушылардың көпшілігіне тест тапсырмалары оң жамбастарына келе қоймаған секілді. Алғашқы лекте «Алтын белгіге» үміткерлердің 46сы (28,4 пайызы) ғана өз білімдерін дәлелдей алыпты. Ал, үздік аттестатқа үміткер 56 бітірушінің 9-ының (16,1 пайызы) ғана жолы болған. – 2 маусым күнгі ҰБТ қорытындысы бойынша облыстағы орташа көрсеткіш 71,39-ды құрап отыр. Талапкерлердің апелляцияға берген өтініштері қаралу үстінде. Оның шешімі бойынша орташа балдық көрсеткіш өзгеруі де мүмкін. Қазір
Тараз қаласында бір ғана мектептің көрсеткішін нақты айта аламын. №45 классикалық гимназияның түлектері орташа 101,8 баллдық көрсеткішпен алға шықты, – дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Сарысу мен Талас ауданында ҰБТ бір ғана лекте өткен. Бірінші лекте Тараз қаласы мен Жуалы ауданы бітірушілерінің көрсеткіші тәуір болыпты. Жуалыда – 78,7, Таразда – 79. Бірақ, бұл нәтиже нақты емес, екінші лекте орташа балл азаюы немесе артуы мүмкін дейді мамандар. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні республика бойынша өтініш жазған 27 мың 670 түлектің 26 мың 134-і сынаққа қатысқаны мәлім болып отыр. Тәртіп бұзғаны үшін 13 талапкер дәрісханадан шығарылған. Тест тапсырушылардан 5 962 ұялы телефон, 1 783 шпаргалка, 121 калькулятор, 6 фотоаппарат, 2 рация табылған. Ал, басқарма басшысының орынбасары «облыстағы барлық он пунктте тестілеу тыныш, талапқа сай өтті» дейді. Қалай десек те, тест тапсырушы түлектердің алғашқы екі тобы сынақтан өтті. Ертең үшінші тобы бағы мен бабын сынамақ. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ҰБТ-ның алғашқы күні талапкерлер үшін аса сәтсіз бола қойған жоқ. Өз білімін дәлелдей алмағандар да, сынақтан сүрінгендер де кездескенімен жолы болып, жүзден жоғары көрсеткішке қол жеткізгендер бар. Аудандарда 122-120 баллға дейін жинағандар да болды. Ал облыстағы ең жоғары нәтижеге Тараз қаласындағы №1 гимназияның түлегі Анастасия Хан ие болды. «Анастасия – озат оқушы. «Алтын белгіге» үміткер еді, өз білімін дәлелдеді. Біз оның ҰБТ-дан жоғары балл алатынына сендік. Ол биыл республикалық пәндер олимпиадасына химия пәнінен қатысып, алтын медаль жеңіп алған болатын», – дейді №1 гимназияның директоры Ләззат Әбілдақызы. Анастасиямен кездесіп, аз-кем әңгімеге тартып, тестілеудің қалай өткені жайлы сұрадық. – Мен үшін тестілеу тапсырмалары аса қиындық туғыза қойған жоқ. Тек қана «Қазақстан тарихынан» екі сұраққа жауап бере алмадым. Сынама тесттерінде 120-дан астам балл жинап жүргенмін. Сол межеден көріндім. Жақсылап дайындалған оқушыға ҰБТ ауыр сынақ емес, – деді Анастасия өз ойымен бөлісіп. Анастасияның анасы Мария Анатольевна қызы үшін уайымдағанын айтады. «Таңмен таласа тұрып, ТарМУ-дың гидрокешені маңында жүрдік. Қызым тест тапсырып шыға салысымен-ақ, «Алтын белгіні» ақтағанына, өз білімін дәлелдегеніне сенімді болды. Бәрі баланың ынтасы мен мектебіне, ұстаздарына байланысты ғой. Әлия Тұмабекова басқарған гимназияның білімі жақсы болатын. Қазіргі директор да мектеп көрсеткішін сол деңгейден түсірмей келеді», – дейді анасы.