4 караша пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облысты о амды саяси газет №152 (18009), Сейсенбі, 4 араша, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

ТАРАЗ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдықсаяси жұмыс комитеті Қазақстан халқы тілдерінің ХVI республикалық фестивалі аясында елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері арасында дәстүрлі «Абай оқулары» республикалық байқауын өткізді. Бас жүлде Павлодар облысының өкілі Анжелика Бабаковаға бұйырса, бірінші орынды жамбылдық жас абайтанушы Марина Устинова жеңіп алды.

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ПРЕЗИДЕНТ

ТАЛАС

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

Қаратау қаласында «Талас жастар орталығы» КММ және Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен «Үкілі домбыра» атты дәстүрлі ән-күй орындаушылардың байқауы өтті. Байқауға ауданнан 20 үміткер қатысты. Үміткерлер байқау шарты бойынша алғашқы айналымда дәстүрлі ән, келесі айналымда терме, ұлт аспапта жеке орындау бойынша алғашқы айналымда төкпе күй, келесі айналымда шертпе күй орындады. Тартысты өткен байқауда Айсұлтан Көпбосынов бірінші, Мәулен Нұржан екінші, Аружан Қуаныш үшінші орынды иеленді. Ұлттық аспапта орындау бойынша Ержан Сыздықов бірінші, Назерке Әліпбаева және Салтанат Бекмаханбетова екінші, Құндыз Смағұл мен Жандос Имандусан үшінші орынға лайық деп танылды.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 7,1 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫН 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Мемлекет басшысы өз құттықтауында Жазушылар одағы 700-ден астам қазақстандық ақын-жазушының басын қосқан еліміздегі ең алғашқы жəне ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі екенін атап өткен. «Бұл – еліміздің мəдени өмірінің дамуына, моральдық жəне рухани құндылықтардың нығая түсуіне, жастар тəрбиесіне зор үлес қосып отырған іргелі ұжым. Жазушылардың бүгінгі буыны – Қазақстан əдебиетінің кешегі Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шəкəрім Құдайбердиев, Мұхтар Əуезов, Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Морис Симашко, Иван Щеголихин сынды көптеген көрнекті тұлғаларының баға жетпес мұраларын лайықты жалғастырушы ізбасарлары», – делінген құттықтауда. Елбасы сондай-ақ, мемлекетіміз Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен жазушыларға қолдау білдіріп, қоғамдағы шығармашылық орта мен жасампаздық рухты қалыптастыруға ұдайы қамқорлық жасап келе жатқандығына тоқталған. «Əдебиет саласындағы Мемлекеттік сыйлық бар, жас таланттарға Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы беріледі. Жыл сайын қаламгерлерге Президенттік жəне Мемлекеттік стипендиялар тапсырылады. Мемлекеттік тапсырыс аясында қазақстандық үздік авторлардың жүздеген кітаптарын шығару игі үрдіске айналды», – деп атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы рухани кемелдену, жалпыұлттық құндылықтарды дамытып, бейбітшілік пен келісімнің асыл мұраттарын ұлықтау – «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты міндеттерінің бірі екеніне назар аударды. Бұл орайда, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға белсене араласатын зиялы қауым осы міндеттерді орындауда шешуші рөлге ие болуы тиіс. Соңында Қазақстан Президенті Жазушылар одағының алдағы уақытта да зиялыларымызды ұйыстыра беретініне сенім білдіріп, оның мүшелеріне зор денсаулық, береке-бірлік, шығармашылық табыстар жəне сүбелі туындыларды өмірге əкелулерін тіледі.

Бұл жөнінде кеше өткен облыс əкімдігінің аппараттық кеңесінде облыс əкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рахманқұл Байтелиев мəлімдеді. Кеңеске облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев пен орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары мен аудан əкімдері қатысты. О бл ы с б о й ы н ш а қ ұ р ы л ы с с а л а с ы жобаларының тоғыз айдағы орындалу барысы туралы хабарлама жасаған басқарма басшысы Р.Байтелиев «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында 2014 жылы 256,9 мың шаршы метр тұрғын үйдің пайдалануға берілуі жоспарланып, тоғыз айдың қорытындысы бойынша 168,6 мың шаршы метр тұрғын үйдің тапсырылғанын жеткізді. Осылайша, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 7,1 пайызға артып отыр. Жалпы, басқарма облыста 151 нысанның құрылысына жəне 51 жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауға бюджет əкімшісі болып табылып, осы мақсатта 31,6 миллиард теңге бөлініп, тоғыз айда игерілуі тиіс 27,6 миллиард теңгенің 27,4 миллиард теңгесін игеріпті. Яғни, қаржының игерілуі 99,2 пайызды құрапты. Жалпы, бүгінгі таңда облыс бойынша 9 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Басқарма басшысы жыл соңына дейін тағы үш үйді пайдалануға беріп, биылдыққа облыс бюджеті есебінен 31,1 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отырғандарын айтты. Дегенмен, жеке тұрғын үй құрылыстары бойынша жылдық жоспар артығымен орындалғанымен (12,1 пайызға)

Ж «ҚОЛ

кейбір аудандардың артта қалып отырғаны белгілі болды. – Ж а м б ы л ауд а н ы ө т к е н ж ы л м е н салыстырғанда – 29, Шу ауданы 6 пайызға ке м о р ы н д а ғ а н . Ж ы л с о ң ы н а д е й і н көрсетілген жоспарды толық орындау қажет. Осы бағдарламаны игеруде тұрғын үйлерге жобалық-сметалық құжаттамалар мерзімінде дайындалмауы, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жобалардың жоқтығы, жобалық-сметалық құжаттамалар дайындауға қала жəне аудан бюджеттері есебінен қаржы қарастырмауы сияқты бірқатар проблемалар бар, – деді Р.Байтелиев. Мəселен, Тараз қаласындағы « Б ə й т е р е к » ы қ ш а м ауд а н ы н д а б и ы л пайдалануға берілгелі отырған екі үйдің ішкі алаңдарының инженерлік жүйесімен қамтамасыз етуге ЖСҚ-сы кеш дайындалып, мемлекеттік сатып алу рəсімдері енді өткізіліп жатса, Қордайдағы 50 пəтерлі тұрғын үйдің де инженерлік жүйелермен қамтамасыз етуге ЖСҚ-сы мерзімінде əзірленбеген. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы автобекет аумағындағы – 98, Сабалақов көшесіндегі 362 гектар жер телімдерін инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындау да кешігу үстінде. Осының салдарынан жыл сайынғы бағдарламаға сəйкес қаралған қаражат республикалық бюджет есебінен толық бөлінбеуіне əкеп соғуда. Хабарламашы облыс экономикасының жекелеген салалары бойынша жүзеге асып жатқан құрылыс жобаларының түйткілдеріне де тоқт алды. Мəс елен, білім с аласы бойынша бірдей көрсеткіштегі нысандардың сметалық құндары əртүрлі болып шыққан əрі техникалық шарт пен нысанға жүргізілетін

СПАН А – 2 А Б І Д ЕТІМ

инфрақұрылым бойынша да келеңсіздіктер орын алған. Ал денсаулық сақтау саласы бойынша нысанға жер бөлу кезінде ол жерлердің өзге мақсаттағы жер екендіктері ескерілмей, қайтадан жер бөлу салдарынан құрылыс қарқыны кешеуілдеген. Мұны басқарма басшысы жергілікті атқарушы органдар мен денсаулық сақтау басқармасы басшылығының немқұрайлылығы деп есептейтінін жасырмады. Сонымен қатар, Рахманқұл Байтелиев ауылдарға медициналық нысандар салу кезінде оның жанынан жас мамандарға арналған тұрғын үйлерді қоса салу туралы облыс əкімі бастамасының əзірге іске аспай тұрғанына қынжылыс білдірді. Басқарма ондай үйлердің шығынын есептеп, қажетті қаржының жобасын жасап қойғанымен ауд а н д а р т а р ап ы н а н ə з і р ге қ о з ғ а л у байқалмайды. Аппараттық кеңестің екінші мəселесі бойынша облыс əкімдігі білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова хабарлама жасады. Басқарма басшысы облыстағы барлық 51 кəсіптік колледждердің білім беру əлеуетіне тоқталды. Жалпы, аталған 51 колледжде бүгінде 29 922 студент 85 мамандық пен 133 біліктілік бойынша білім алу үстінде. Кеңес соңында облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев облыста химия өндірісінің қайта жаңғырып келе жатқанына байланысты бізге əлі көптеген мамандардың қажет болып отырғанын айтып өтіп, бұл бағытта күн құрғатпай атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, күн тəртібіндегі қос мəселе бойынша орынбасарлары мен бірқатар басқарма басшылары, аудандар мен Тараз қаласының əкімі өздеріне тиісті тапсырмаларын алды.

САРЫСУ Төкен Мақашев атындағы аудандық тарихиөлкетану мұражайында бүгінде 4492 жәдігер сақтаулы. Жақында мұражайдың «Көне дәуір» бөлмесі садақ жебелерінің 8, тағалардың 6 түрі сияқты біршама жәдігерлермен толықты. Мамандар Жон өңіріндегі Барша әулие шатқалынан табылған бұл бұйымдарды ХІІ-ХІІІ ғасырларда жасалған болуы керек деп тұжырымдауда. ШУ Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» атты ұранмен аудан жастары арасында волейболдан турнир өткізілді. Турнирге ауылдық округтерден 9 команда қатысты. Тартысты өткен бәсекеде Бірлікүстем ауылының «Бірлікүстем» командасы жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды Өндіріс ауылының «Абай» командасы мен Көкқайнар ауылының «С. Естемесов» командасы бөлісті. Көкқайнар ауылының өкілі Ақшал Берік турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды. ҚОРДАЙ Күзгі әскерге шақыру науқанына жүзге тарта қордайлық жастар тартылуда. Олардың алғашқы легі Отан қорғау қызметіне салтанатты түрде шығарып салынды. Орталық алаңда сапқа тұрған болашақ сарбаздар алдында аудан әкімінің орынбасары Б. Жаманкөзов, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы М. Сейсенбаев, Отардағы «40-шы әскери базасының», Қордайдағы № 2038 шекаралық әскери бөлімінің басшылары, Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері, әскерге шақырылушылардың ата-аналары олардың Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, әскери қызметте шыңдалған лайықты азаматтар болып оралуына бата тілектерін білдірді. Аудан өнерпаздары шағын концерт қойды.

02 0»

Кемел белбеу - бел сәні, Кемел жігіт - ел сәні.

КУБОК

ӨЗІМІЗДЕ ҚАЛДЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ БАСТАҒАН КОМАНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Халық мақалы.

ӘДІСПЕН

ЖӘРМЕҢКЕ ҢКЕ

І Д Е З І Г Р Ү Ж

ЕТ ӨНІМлІды

мол бо

Ақылжан МАМЫТ, «Ақ жол». Еліміз, оның ішінде облысымызда мемлекеттік «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында көптеген тұрғын үйлер салынып, ел игілігіне берілуде. Аймақта тұрғын үйлерді жаңа технологиямен салып, материал жəне қаржы үнемдейтін кəсіпорындар аз емес. Солардың бірі – Тараздағы «Пико и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік өткен жылы бағдарлама б о й ы н ш а қ а л а д а ғ ы М а я ко в с к и й көшесінде 25 пəтерлік 2 үйді салып, пайдалануға берді. Кəсіпорын ғимаратты металл құрастырып, жылы блоктармен салады. Мұның өзі оларға қаржы, материал жəне уақытты едəуір үнемдеуге мүмкіндік беруде. Жаңа материал – жылы блок үш қабаттан тұрады. Оның ортасына жылу оқшаулайтын полистирол орналастырылады. Ұзындығы – 51, биіктігі – 20 жəне ені 20,5 сантиметр жылы блок жазда – ыстық, қыста суық өткізбейді. Мəселен, ұзындығы жəне ені 10х10 үйді салу үшін 30 мың дана қызыл кірпіш керек. Ал осындай, ғимаратты 900 дана жылы блокпен тұрғызуға болады. Кірпішті сатып алуға – 900

Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

мың, ал, жылыблокқа 700 мың теңге жұмс алады. Кірпіштен с алынған ғимараттың ішкі пайдалы алаңы – 80, ал, жылы блоктікі 91 шаршы метрді құрайды. Биыл серіктестік шаһардағы М а я ко вс к и й ж ə н е Б а й з а қ б ат ы р көшесінің бойында 40 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Таяуда олар Қойгелді жəне Ниетқалиев көшелерінің қиылысында тағы да 50 пəтерлік көпқабатты үйдің құрылысын қолға алатын болады. – Жаңа əдіспен салынған үйлерде тараздықтар бір рет қыстап шықты. Бөлмелердің салқындығы туралы ешкімнен шағым түскен жоқ. Қаладағы құрылыс жүргізуші бірқатар компаниялар біз өндіретін жылы блокқа қызығушылық танытуда. Тұрғын үй

салудан артылған материалдарды басқа компанияларға өткерудеміз. Қазір жылы блок шығаратын цехтың құрылысы аяқталып келеді. Автомашиналар жөндейтін жылы бокс салынуда. Олардың құрылысына да өзімізде өндірілетін өнім қолданылуда. Келешекте бөлмелерді бөлетін жеңіл əрі қолайлы панельдер шығаруды қолға аламыз, өзімізден артылғандарын өзгелерге өткереміз, – дейді «Пико и К» ЖШС директоры Анатолий Пак. Серіктестік 75 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Олардың əрқайсысы екіүш мамандықтан игерген. Орташа жалақылары 70 мың теңгені құрайды. Компания өзіне қажетті техникамен қамтамасыз етілген. Мұның өзі оларға белгіленген жұмысты ырғақты жүргізуге игі ықпалын тигізуде.

Орталық «Достық» алаңында өткен жəрмеңкеге қалалықтар ертеменен ағылды. Бұл жолы тараздық тұтынушыларға Меркі, Мойынқұм, Талас, Қордай, Сарысу, Шу аудандары мен «Тараз сауда-cаттық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 174,6 тонна азық-түлік тауарларын ұсынды. Азық-түлік тауарлары базар бағасынан 5-25 пайыз төмен болғандықтан ұзын сонар кезек пайда болды. Əсіресе, «Тараз сауда-саттық компаниясы» ЖШС мен Меркі ауданының шаруалары əкелген килограмы 60 теңге болатын картопты қалалықтар қаптап алып жатты. Жұмасейіт Нұрбаев жетекшілік ететін «Байелі болыс» шаруа қожалығы қой етінің бір килограмын 800 теңгеден сатқандықтан бір тоннаға жуық ет екі-үш сағатта өтіп кетті. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков пен облыс əкімінің орынбасары Қалижан Əбдірайымов жəрмеңкедегі сауда-саттық барысымен танысты. Астана мен Алматы қалаларында өтетін жəрмеңкелерге үздіксіз қатысып жүретін Мойынқұм ауданының шаруалары əкелген 1 тонна балық, 500 килограмм жылқы, 850 килограмм қой еті, бір тонна сиыр етін де алушылар көп болды. Аудан əкімінің орынбасары Бақытжан Қалымбетов «ендігі жəрмеңкеге азық-түлік тауарын бұдан да мол əкелеміз» дейді. Қарашадағы ағыл-тегіл жермеңкеде 12 тонна ет, 4 тонна сүт, 3 тонна кондитерлік, 4 тонна макарон, 5 тонна балық, 4 тонна бал жəне 135 тоннадан астам көкөніс-бақша, жеміс-жидек өнімдері мен басқа да ауыл шаруашылық тауарлары өткерілді. Бұл жолы тараздықтар 38,2 миллион теңгеге сауда жасады.

ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ ЖАЗЫЛЫМ – 2015

Жеңіс салтанаты! Жамбылдық жанкүйерлердің сол бір сəттегі көңіл-күйін сөзбен айтып жеткізу қиын. Қуанатындай реті бар, волейболдан халықаралық деңгейдегі турнирде тараздықтардың топ жаруы – əрине, үлкен жетістік! Əрі облыс əкімінің кубогы өзімізде қалды. Ендеше, қалайша шаттанбайсыз?! Жа л п ы , т у р н и р т а р т ы с т ы ө т т і . Ə с і р е с е кезінде даңқты «Буревестник» командасының белді ойыншылары болған – атақты ақын Олжас Сүлейменовтың, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаевтың сынға түсуі жарыс көрігін қыздыра түскендей. Облысымыздың 75 жылдық мерейтойы аясында өткен волейболдан ардагерлер арасындағы облыс əкімінің кубогын сарапқа салған турнир осылай мəресіне жетті. Өңір басшысы Кəрім Көкірекбаев бастаған жергілікті команда намысты қолдан бермеу үшін барын салды. Финалда «Тараз ардагерлері» алматылық «ҚазҰАУ» құрамасымен кездесті. Аса тартысты өткен ақтық сында тараздықтар жеңіске жетіп, облыс əкімінің кубогын иеленді. 1 миллион теңге сыйақыны жəне еншіледі. «Үш күнге созылған турнирде 12 команда сынға түсті. Солардың арасынан суырылып шығып, Тараз волейболшылары жеңіске жетіп отыр. Бұл – ауыз толтырып айтар жетістік», – деді облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанатында. Соңғы минуттарға дейін жеңіске жетуге үмітті болған генерал-лейтенант, волейболдан КСРО спорт шебері Амангелді Шабдарбаев өнер көрсеткен «ҚазҰАУ» командасы екінші орыннан көрініп, 500 мың теңге қаржылай сыйлықты иеленсе, талдықорғандық «Жетісу» құрамасы үшінші орынға берілген 300 мың теңгені қанағат тұтты. Доданың басты фавориттері с ана лған алматылықтар мен талдықорғандықтар «Тараз ардагерлерінің» бұл турнирге үлкен дайындықпен ш ы қ қ а н ы н м о й ы н д а д ы . « Та р а зд ы қ т а р д ы ң тактикалық əрі техникалық тұрғыда мықтап дайындалғаны байқалып тұрды» дейді қарсыластар. Біздің команданың тағы бір басымдығы – бойшаң ойыншылардың көптеу болғанында.

Амангелді ƏБІЛ, «Ақ жол».

БАРШАМЫЗҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРЕДІ Керімқұл БЕГАЛИЕВ, «Зылиха» шаруа қожалығының төрағасы. «Ақ жол» газеті облысымыздың тыныстіршілігін жан-жақты жазып, еліміздің де, өңіріміздің де жаңалықтарымен оқырман қ ау ы м д ы х а б а р д а р е т і п отыр. Біз басылым арқылы ө з ауд а н ы м ы з бе н қ ат а р , ө з г е ауд а н д а ғ ы , о б л ы с орталығындағы əр салада игеріліп жатқан игі істерді

біліп, оң өзгерістеріне қуанып, орын алған кемшін тұстарына налимыз. Бір сөзбен айтқанда, қай-қайсымызға да газеттің бағыт-бағдар беретіні кəміл. «Ақ жол» газетінде с о ң ғ ы ке з д е к ө ке й ке с т і мəселелер жиі көтеріліп, оған билік тарапынан назар аударылып та келеді. Тарихи тақырыптағы мақалалар да, ақын-жазушылардың жаңа шығармалары да қызықты оқылады. Қазір бұл төл газетіміз барлық салаға мəн

беріп, оқырман көңілінен шығуда деп нық сеніммен айта аламыз. Спортты да, əзіл-қалжыңды да, əлеуметтік мəселелер жайын қаузаған проблемалық-сараптамалық мақа ла ларды да, түрлі танымдық дүниелерді де осы газеттен табатын болдық. Газет кешігіп, қолымызға дер уақытында тимесе, іздейтініміз де сондықтан. Оқырманның сүйікті басылымына айналған «Ақ жол» газетін 10 адамға,

яғни, ардагерге, тұрмысы төмен отбасына келесі жылға тегін жаздырып беруге бекіндім. Халықтық газеттің оқырманы көбейе түссе деп тілеймін. Облыстағы көптеген кəсіпкер азаматт арымыз көмекке мұқтаж жандарға жəрдемде сіп, «Ақ жол» газетінің көп т аралуына мүмкіндігінше атсалысса, с ауапты іс жас ағанымыз болар еді. Жуалы ауданы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.