Жамбылда
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды
не жаңалық?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№94 (18128), Сейсенбі, 4 тамыз, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
президент
әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Меркі
Қордай ауданы Қордай
Бауыржан Момышұлы
=байзақ Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Бықыбаев «100 нақты қадамды» түсіндіру бойынша Қостөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол ауыл тұрғындарын облыс көлемінде «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту», «Жастар практикасы» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. =мойынқұм Аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесінің 3,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Оның жеңімпаз мердігері «Қаратау құрылысы» ЖШС-і. Ол үшін облыстық бюджеттен 78 миллион 600 мың теңге бөлінді. А.Баймұханбетов басқаратын аталмыш мердігер компания жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңында тәмәмдамақ. =қордай Мәдениет үйінде дәстүрлі «Профи-2015» байқауы өтті. Оған аудан орталығындағы сән салондарының шаштараздары, визажисткосметологтары қатысып, өз мамандықтарының шеберлігі тұрғысында сынға түсті. Басты жүлдеге «Нефертити» сән салонынан Анна Пурисованың «Өрмекші әйел» аталған шаш сәндеу үлгісі ұйғарылды. =сарысу Тұрғындар арасында діни экстремизм мен терроризмнің қатері жөнінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырмасымен аудандық «Жас жігер» жастар қоғамдық бірлестігі №6 өндірістік ауылдық кітапхана филиалының оқу залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Аталған жиынға Игілік ауылдық округінің бас маманы С.Нұрмаханов және аудандық мешіттің бас имамы Ғ.Қонақбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Б.Айтжанов қатысты. =талас
Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімовтің және Президент Әкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулиннің қатысуымен кеңес өткізді. Мәжіліске сондай-ақ Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президенттің көмекшісі Н.Онжанов және Ұлттық экономика министрі Е.Досаев қатысты. Іс-шара барысында ел экономикасының қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту шаралары, сондай-ақ Астанада
ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, алдағы мерейтойлық даталарға – Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және басқа да халықаралық шараларға байланысты дайындық мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы мәжіліске қатысушылардың назарын әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың Қазақстанға тигізетін теріс ықпалдарына аударды. – Нарықтағы конъюктураның нашарлауына, ел
бюджетінің ахуалына, сондай-ақ біздің негізгі экспорттық тауарларымызға деген бағаның төмендеуіне байланысты жалпыға бірдей қаражат үнемдеуді енгізу қажет. Бұл шараларды келесі жылдың бюджетінде де ескеру керек. Ешқандай қиындыққа қарамастан, біз экономика өсімінің қарқынын төмендетуге және азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын нашарлатуға жол бермеуге тиіспіз. Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау керек. Біз осы бір күрделі кезеңді еңсеруге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақ елінде туылғанын мақтаныш етеді
назардағы нысан
жазда жөнделген жол сапалы
Әлішер Кәрімов Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап жаңа бейнебаян түсіруде
Мемлекетіміз халықаралық, республикалық, жергілікті мәндегі автомобиль және елді мекендердегі жолдарды қалпына келтіру, жаңасын салуға қыруар қаражат бөлуде. Мұның өзі қозғалыс қауіпсіздігін жақсартумен қатар, жолаушылардың діттеген жеріне жылдам жетуіне, уақытын үнемдеуге игі ықпалын тигізуде. Ортақ іске «Армстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де өзіндік үлесін қосып келеді. Біздің ұжымның ұраны – мемлекеттік сатып алу конкурстарында ұтып алған келісім-шарттарды уақтылы әрі сапалы орындау. Соның нәтижесінде бізге жыл сайын аймақтағы ірі нысандардың құрылысы сеніп тапсырылуда. Серіктестік биыл үш нысанда орта жөндеу жүргізді. Жол жөндеуге ерте кірісіп, өзімізге бекітілген телімдердегі жұмысты толық, мерзімінен бір ай бұрын аяқтадық. Байзақ ауданының аумағындағы аудандық мәндегі «Дихан-Жеңіс» автомобиль жолының 7 шақырым 800 метрін орта жөндеуден өткізуді 2014 жылы ұтып алғанбыз. Нысан үстіміздегі жылға өтпелі. Таяуда оның құрылысы толық аяқталды. Қазір оны жұмысшы комиссия қабылдауда. Одан кейін ол мемлекеттік комиссияның қабылдауына ұсынылады. Сарысу ауданының аумағындағы аудандық мәндегі 7 шақырым 200 метр «Түркістан–Үшбас» автомобиль жолының сапасына жұмысшы комиссия жақсы баға берді. Жамбыл ауданының аумағындағы «Аса–Қарабастау» бағытындағы 2620 метр жол күннің ыстық кезінде сауықтырылды. Соның нәтижесінде үстіміздегі жылы тендерде ұтып алған 140 миллион теңге толық игерілді. Біз бұған жұмысты дұрыс ұйымдастыру және материалдық-техникалық базамызды нығайту нәтижесінде қол жеткізудеміз. Жамбыл ауданының аумағындағы Айша бибі ауылында тәулігіне 300-400 тонна асфальт шығаратын зауытымыз бар. Жол жөндеуге өз материалымызды қолданамыз. Биыл қуатты техника саны 65 бірлікке жетті. Тек үстіміздегі жылы жаңа 4 техника сатып алдық. Компанияда 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Орташа айлық-жалақы – 90 мың теңге. Жолшылардың алаңсыз әрі өнімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалуда. Шалғайда жұмыс істейтін құрылысшылар жылжымалы вагондарда тұрады. Жұмысшылардың барлығы – жергілікті азаматтар. Олар жыл-он екі ай жұмыспен қамтылғандықтан, кадр тапшылығын да бастан кешіріп отырған жоқпыз. Лилия БУЛАТОВА, «Армстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің телім басшысы. Тараз қаласы.
Танымал әнші Әлішер Кәрімов өзінің жаңа бейнебаянын Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнағанын мәлімдеді. Ол бұл туралы өзінің Инстаграмм парақшасында жазған. «Мен дүниедегі ең бақытты адаммын, себебі әлемнің ең керемет елінде өмірге келдім!
Біздің елімізде 100-ден астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті, тыныш өмір сүруде. Таяуда менің сүйікті Қазақстаным туралы жаңа бейнебаяным жарыққа шығады. Мен оны Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арнадым! Бірлігіміз жарасқан елімізге көз тимесін!» - дейді Әлішер Кәрімов.
Облыстық «Ақ бұлақ» қоғамдық бірлестігі мүшелері Көктал ауылдық округінің жұртшылығымен кездесіп, семинар өткізді. Онда қоғамдық ұйымның төрайымы Н.Рақышова баяндама жасап, табиғатты сақтау, экология мәселесі төңірегінде сөз қозғады. Сондай-ақ, облыстық «Жас таланттарды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Төребекова да жас дарын иелерін тауып, демеушілік көрсетудің жолдарын баян етті. = шу Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау КАЗТЕСТ жүйесінің байқау сынағының қорытындысы бойынша Шу аудандық мемлекеттік қызметшілерінің орташа пайыздық көрсеткіші базалық 102.62% құраса, тілді меңгеруде жоғарғы 128 балды иеленген қызметшілер Медет Рахимбаевқа, Жеңіс Нұрғалиевке, 124 балмен Әсем Бегілдаға облыстық тілдерді дамыту басқармасы “Мемлекеттік тілді оқыту орталығы” директоры Күлшат Қожатаеваның атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Әлің барда еңбек ет, Еңкейгенде емерсің.
Халық мақалы.
өркениет және өңір Облыстық әкімдікте
е іг ш з ма Тіл ғы ыр ты пс та
еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады тапсырмалар уақтылы орындалуы тиіс Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол». Облыс әкімі аппаратының кезекті отырысы науқандық жұмыстарға – егін орағы мен күзгі егісдала жұмыстарының әзірлігіне арналды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зиятхан Өмірәлиев өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы хабарлама жасады. Мәліметке сүйенсек, биыл облыс бойынша егін шаруашылығын субсидиялауға 2 962,2 миллион теңге қарастырылыпты. Өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 584,2 мың гектарға орналастырылып, жоспар 26,5 мың гектарға немесе 4,8 пайызға артық орындалған. Оның ішінде, дәнді дақыл – 241,6 мың, майлы дақыл – 91,5 мың, қант қызылшасы – 6,1 мың, дәндік жүгері – 15 мың, көкөніс – 25 мың, бақша – 10,3 мың, картоп – 7,9 мың және 186,8 мың гектар алқапқа мал азығы дақылдары орналастырылған.
Соның ішінде, облыста қант қызылшасын өсіру көлемін арттыру жоспарланған болатын. Алайда, арнайы ауыл шаруашылығы техникасының жоқтығынан, күзде сүдігер жырту толық әрі талапқа сай орындалмағандықтан және тұқым сапасының төмен болуынан биыл егілген қызылша талапқа сай өнбей қалған. Ал су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Егер 2014 жылы су үнемдеу технологиясы 5 мың гектарға жуық алқаптарға орнатылса, биыл 8,1 мың гектарға жеткен немесе 1,7 есеге артқан. Үкімет тарапынан егін орағы және күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін кепілді 15 000 тонна дизель отыны бөлінген. Облыс бойынша астық оратын 1024 комбайн тіркелсе, қазір оның 1014-і астық ору науқанына қатысуда. Ал механикаландырылған қырмандардың саны 102 болса, оның 98-і, 3050 жүк автокөлігі, 2973 трактор тіркемесі егін жинау науқанына қатысуда. Сонымен қатар, 179 таразының 171-і жұмыс істеп тұр. (Жалғасы 3-бетте).
АҒЫН СУҒА ЗӘРУЛІК
яларын технологи л үнемдеу ешімін таппақ ға л ы е егіншілікт енгізгенде ғана ш жаппай Жұмыр жердің 70 пайыздан астамын су басып жатқанына қарамастан, әлем халқының 70 пайызы суға зәру екен. Бұл жағдай 2025 жылға қарай тіптен ушыға түседі деген де болжам бар. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, алдағы уақытта мемлекетаралық қақтығыс, жанжал, соғыс та судан шығуы мүмкін. Су мәселесі Орта Азияда да қатты сезілуде. Осы саланы зерттеп жүрген АҚШ профессоры Аароном Вольф-фом: «Әлемнің 45,3 пайызында өмір сүретін 145 мемлекет 263 транс-шекаралық өзендерді пайдаланады. Қазір осы мемлекеттер арасында су дауы қатты көтерілуде», - деп жазды.
(Жалғасы 4-бетте).