30 жетоқсан пдф 2017 ж

Page 1

Рахмет саған, 2017! BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.

(ABAI’).

ҚҰТТЫҚТАУ

Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

№147 (18494), Senbi, 30 jeltoqsan, 2017 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.

www. ak jolgazet.kz

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Жаңғыруға бастаған жыл ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА ЕНІП БАРА ЖАТҚАН ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖҰМЫС КҮНІНДЕ ОБЛЫС ӘКІМДІГІНДЕ ӨҢІРЛІК КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТІП, ОНДА «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫНЫҢ ОБЛЫСЫМЫЗДА ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ. ОБЛЫС ӘКІМІ, КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӨТКЕН ЖИЫНҒА КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІМЕН ҚАТАР, АУДАН ӘКІМДЕРІ, БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ, ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕКТОРЛАРЫ, ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ. КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҒАЛИЯ БОРАНБАЕВА «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚАЛАСЫ АЯСЫНДА ЖЫЛ БОЙЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРҒА КЕҢІНЕН ТОҚТАЛДЫ.

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА Ағымдағы жылы мақала жарияланғалы өңірімізде оны насихаттап, жүзеге асыру мақсатында түрлі форматта 6500-ден астам іс-шара өткізілген. Оның ішінде Тараз қаласы (578), Қордай ауданы (425) көш бастап тұр. Ал бұл бағытта ең аз ісшара ұйымдастырған Т. Рысқұлов (196) пен Сарысу ауданы (205) екен. Басқарма басшысының айтуынша, кей аудандар мүлдем басқа жиындарды да «Рухани жаңғыруға қатысты өтті» деп есеп беруді әдетке айналдырыпты. Бұл бағытта аз ісшара өткізген кейбір аудан әкімдері оның санына емес, сапасына қарай жұмыс істеп жатқандықтарын айтып ақталды. Алайда облыс басшысы Кәрім Нәсбекұлы 500, 600-ге жуық іс-шараны ұйымдастырып, өткізе білген аудандардың жұмысын жоққа шығармау керектігін, санына да,

сапасына да баса мән бере отырып жұмыс істеу қажеттігін қадап айтты. Аталмыш тақырыпта республикалық, облыстық, аудандық БАҚ-тарда барлығы 7961 материал жарияланыпты. Оның ішінде Жамбыл мен Т. Рысқұлов аудандық басылымдарында жарияланған материалдар саны аз. Ең көбі Тараз қаласы мен Сарысу, Жуалы аудандарының еншісінде. Жа л п ы , ж ы л б а с ы н а н бе р і 3 5 3 миллион теңгеге 22 жоба жүзеге асқан. Реестрге енген 82 жоба мен келер жылға жоспарланған іс-шараларға барлығы 4 974 010,0 миллион теңге қаралыпты. Кәрім Нәсбекұлы басқарма, аудан әкімдіктері тарапынан жұмыс әлі де ширатуды қажет ететіндігін айтты. Келесі кезекте аталмыш тақырыпта есеп берген облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Қарлығаш

Аралбекова басқарма бастамасымен атқарылған 8 негізгі жобаға егжейтегжейлі тоқталып өтті. Облыс басшысы басқарма басшысына тарихы тереңнен сыр тартқан Жамбыл жерінің туристік кластеріне баса мән беріп, негізгі жұмысты осы бағытта атқару қажет екендігін ескертті. Мұнан соң ТИГУ мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың ректорлары Ерболат Саурықов пен Махметғали Сарыбеков жоғары оқу орындарында рухани жаңғыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Комиссия отырысын қорытындылаған облыс әкімі келер жылы комиссия қарауына жобаларды ұсынуды, жоғары оқу орындары мен мектептерде мақаланы түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жетілдіруді тапсырды. Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

АҢДАТПА

Үшемдер өсіп келеді

Қылмыс неге азаймай отыр? Маржан РАҚАЙ

4

Облыс әкімдігінің биылғы қорытынды мәжілісінде негізінен облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің есебі тыңдалды. Тақырып талқыға түспес бұрын облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев мәжіліс құрамы алдында облыста бірқатар лауазымға басшылық қызметке тағайындалған

азаматтарды таныстырды. Ең бірінші облыстық «Ақ жол» газетіне директор-бас редактор қызметіне тағайындалған Қуат Әуе сбайдың қысқаша еңбек жолын атап өткен облыс әкімі басылым басшысының жұмысына сәттілік тіледі. Келесі азамат – облыс әкімдігі табиғи ресурстар ж ә н е т а б и ғ ат п а й д а л а н уд ы реттеу басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған Мақсат Ахаев.

Сондай-ақ, ұйымдастырылған Мәдениет күндері аясында ең үздік деп танылған Т.Рысқұлов аудандық мәдениет бөлімі облыс әкімінің арнайы Алғыс хаты мен УАЗ автокөлігімен марапатталды. Келе сі кезекте күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция п ол ко в н и г і Б а қ ы т ж а н Бейс еев баяндама жас ады.

Баяндамаға сүйенсек, осы жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша құқық бұзушылық өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға төмендеген. Алайда, қоғамдық орындарда тәртіп бұзу дерегі 10,3 пайызға артқан. Оның басым бөлігі Тараз қаласында тіркелсе, аудандар арасынан Т.Рысқұлов алдыңғы орыннан көрінген. Жалғасы 2-бетте.

Интенсивті бақ-береке бастауы

Жаңа жыл құтты болсын! Құрметті жамбылдықтар! Баршаңызды Ұлы Дала елінің төріне шыққалы отырған Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл – жүріп өткен жылға лайықты баға беріп, болашаққа тың қадам жасайтын, адамзат баласына рухани серпіліс беретін, жарқын өмірге жол сілтейтін, сенімге серік болатын айтулы мереке. Жыл сайын біз оны үкілі үмітпен, ізгі тілекпен қарсы алып, толайым табысқа ұласқан сән-салтанатымен шығарып саламыз. 2017 жыл да еліміз үшін берекелі әрі жемісті жыл болды. Тарих жылнамасына кетіп бара жатқан жыл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында көрініс тапқан Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алып, қоғамдық санаға серпіліс әкелген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тарихи мақаласымен жарасымды жалғасын тапты. Даму мен өркендеуді көздеген Ұлт жоспарының екінші жылын аса зор табыспен аяқтадық. Осы жылы елдігіміздің айшығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл, ал Алаш қозғалысына 100 жыл толды. Еңселі елордамызда Ислам Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтті. Еліміз Азия мемлекеттерінің арасынан Біріккен Ұлттар Ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастады. Сондай-ақ, 2017 жылы Астана қаласында бүкіл әлем көз тіккен «ЕХРО2017» халықаралық айшықты көрмесі өтті. Әлемнің 115 мемлекеті қатысып, 4 миллионнан астам турист тамашалаған көрме егемен еліміздің атын шартарапқа паш етті. Ал өткен жыл қасиетті Әулиеата өңірінде де айтулы оқиғаларға толы болды. Оның ішінде, Азияның V Агрохимиялық форумы, «ANCIENT TARAZ-2017» халықаралық туристік форумы, «Ұлы дала өркениеті» халықаралық конгресі өткізілді. Өтіп бара жатқан жылы өндірісіміз өркендеп, түрлі салалар бойынша игі өзгерістерге қол жеткіздік. Жаңа мектептер мен балабақшалар, ауруханалар мен емханалар, басқа да әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Жүздеген облыс тұрғындары жаңа пәтерде Жаңа жылды қарсы алатын болды. Агроөнеркәсіп кешені жылды табысты аяқтады. Сондай-ақ, мәдени-рухани саладағы жаңа ізденістер де нәтижелі болды. Облыс спортшылары әлемдік жарыстарда топ жарып, егемен еліміздің намысын абыроймен қорғап қайтты. Осындай игі істердің барлығы Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесі екені баршаға аян. Құрметті жерлестер! Татулығы мен ынтымағы жарасқан көп ұлтты облысымыздың әрбір тұрғынына туған өлкемізді өркендету мен гүлдендіру жолындағы ерен еңбектері мен рухы биік сүйіспеншіліктері үшін алғысымды жеткізгім келеді. Өйткені, біз, осыншама толағай табысқа жұдырық болып жұмыла жұмыс атқаруымыздың арқасында қол жеткіздік. Жаңа жыл жаңа жеңістер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын. Ойлаған ойларымыз орындалып, татулық пен достық нығайып, қоғамда өзара әлеуметтік берік сенім орнықсын. Өйткені, біз әр жылдары қалыптасқан дәстүр бойынша келе жатқан жаңа жылдан жақсылық пен қуаныш, бақыт пен мерекелік салтанат күтеріміз белгілі. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ашық аспан, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, ғұмыры ұзақ болсын! Жаңа жылда баршамызға сәттілік серік болсын! Елімізде балалардың шат күлкісі естілсін. Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын! Кәрім КӨКІРЕКБАЕВ, Жамбыл облысының әкімі.

БАСПАНА - БАҚЫТ ШАМЫ

6

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МҰСАХАН БЕРДІБАЕВ ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ҮЛКЕН ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ. ОҒАН ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ «АРАЙ» ТҰРҒЫН ҮЙ АЛҚАБЫНАН ЖАҢАДАН БОЙ КӨТЕРГЕН ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНЕН ЖАҢА ПӘТЕР БЕРІЛДІ. АРДАГЕРГЕ ТҰРМЫСТЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН БІР БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВТІҢ ТІКЕЛЕЙ ӨЗІ БАРЫП ТАБЫС ЕТТІ. ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ҚУАНЫШҚА БӨЛЕНІП, ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАҒАН ҚАРИЯНЫҢ ОТБАСЫ ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫНА АЛҒЫС ЖАУДЫРЫП, АҚ ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ. ПӘТЕР ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАП, ІЗГІ ТІЛЕК-НИЕТІН ЖЕТКІЗГЕН БЕКБОЛАТ СЕРІКБЕКҰЛЫ БЕЙБІТ ӨМІР КЕШІП, БЕРЕКЕГЕ КЕНЕЛІП ЖҮРГЕНІМІЗ КЕШЕГІ МАЙДАНГЕРЛЕР – БҮГІНГІ АРДАГЕРЛЕРДІҢ, ЕЛБАСЫНЫҢ СЫНДАРЛЫ САЯСАТЫНЫҢ АРҚАСЫ ЕКЕНДІГІН, АРДАГЕРЛЕРІМІЗГЕ ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛЕ ДЕ БЕРЕТІНІН АТАП ӨТТІ.

Тағдыр тауқыметін жеңген қаһарман

Жаңа пәтердің кілті табыс етілді

Жыл қайыру 2018

Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА

8

Қарияны жаңа қонысымен құттықт ап барған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне жан-жақты қамқорлық жасап, құрметтеумен жүретін облыс басшылығына алғыс айтып, қоғамдық жұмыстарда айрықша белсенділігімен, беделімен танылған ардагердің бұл сыйқұрметке әбден лайықты екенін

атап өтіп, әлі де тұғырынан таймай, көп жасай беруіне тілектестігін жеткізді. Бүгінде 96 жасқа толып отырған М. Бердібаев Жуалы ауданының Қоңыртөбе ауылында дүниеге келген екен. Соғыс басталған жылы әскер қатарына алынып, 1942 жылы Сталинградты азат ету шайқасына қатысқан. 1943 жылы Белоруссияда, одан кейін Прибалтика флотында минометші болыпты. 1945 жылы жаралы болуына байланысты елге оралған екен.

Соғыстан кейін араға 4 жыл салып аудандық партия комитетінде нұсқаушы, Бурный МТС-інде директордың орынбасары, 1963 жылы училище директоры, 1979 жылы ауданда жаңадан ашылған ересектерге арналған мектептің директоры қызметтерін атқарады. Ол еңбек жолын да осы мектептегі қызметімен тәмамдап, зейнетке шыққан. Қарт майдангер Ұлы От ан соғысының І-ІІ дәрежелі орденімен, « Қ ы з ы л ж ұ л д ы з » , « Д о б р ат а спасет мир» ордендерімен,

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған. Өнегелі өмірдің үлгісі болған Мұсахан Бердібаев – 1 ұл, 6 қыздың әкесі. Олардан 18 немере мен 29 шөбере сүйіп, мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп келе жатқан ақсақал өзіне көрсетілген бұл сый-құрмет үшін разылығын білдіріп, «Баршаларыңа менің жасымды берсін! Ел-жұртымыз аман болсын!» деген ақ батасын берді. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

ЖҮЗІНЕН ЖЫЛЫ ЛЕП ЕСІП ТҰРАТЫН ЗҮЛФИЯ ҒАБИДУЛЛИНА ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІН ЖЫЛЫ ЖЫМИЫСЫМЕН-АҚ ЖЕҢІП ЖҮРГЕНДЕЙ КӨРІНЕДІ. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БОЛҒАНЫМЕН, ҚАРЫМЫ ШЕКСІЗ ЖЕРЛЕСІМІЗ ЕШҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚҚА МОЙЫМАЙДЫ. ОНЫҢ ТҰЛА БОЙЫНДА ӘЛСІЗДІК ДЕГЕН ҚАСИЕТ ЖОҚ. ҚАЙТА ТАҒДЫРДЫҢ ҚАТАЛ СЫНЫМЕН ҚАЙМЫҚПАЙ КҮРЕСЕДІ. АЛДЫНА АСҚАРАЛЫ АРМАН ҚОЯ БІЛЕДІ. ҚАЗАҚ ЕЛІНЕН ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ПАРАЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНЫҢ ОСЫНДАЙ ЕРГЕ ТӘН КҮРЕСКЕРЛІК ҚАСИЕТІ ОНЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІНІҢ» ҚАТАРЫНА ҚОСҚАНЫ АНЫҚ. ЗҮЛФИЯ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ ДЕ ЛАЙЫҚ. ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.