1 ЖЕЛТОҚСАН - ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
«ОТАНДЫ СҮЮ – ЕРЕКШЕ БАҚЫТ, АЛ ОНЫҢ АПТАБЫНА КҮЙІП, АЯЗЫНА ШЫДАУ ӘРКІМГЕ БҰЙЫРА БЕРМЕЙТІН БӨЛЕК ДҮНИЕ. ОНЫҢ ЖОЛЫНДА ОЗА ШАПСАҢ ДА, ШОҚТАЙ ЖАНСАҢ ДА, ЖАНЫП ЖАТЫП АРМАНДА ҚАЛСАҢ ДА ЖАРАСАДЫ. БҰЛ – АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ АРМАНЫ. БІЗ ТӘУЕЛСІЗДІКТІ БАБАЛАРДЫҢ НАҚЫЛЫМЕН, ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ПАРАСАТТЫ АҚЫЛЫМЕН АЛДЫҚ. ТӘУЕЛСІЗДІК – ТАРИХТЫҢ ТОЛҚЫНЫ, ШАЙҚАЛМАЙ, УАҚЫТТЫҢ СОҚҚЫСЫН БАЙҚАМАЙ ӨЗ БЕТІНШЕ ТҰРАТЫН ТҰҒЫР ҒАНА ЕМЕС, ОНЫ ҚОЛДА ҰСТАП ТҰРАТЫН ТЕК ШАРБОЛАТТАЙ ШЫНДАЛҒАН РУХ, НАРКЕСКЕН ЖАҢАШЫЛ МІНЕЗ, АРАЙЛЫ АҚ ТАҢ ҮШІН КҮРЕС. МІНЕ, МӘҢГІЛІК ЖАСАЙТЫН ЕЛДІҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНАТЫН КЕПІЛІ – ОСЫ». Н. Ә. НАЗАРБАЕВ.
(ABAI’).
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облысты о амды -саяси газет
№136 (18483), Bei’senbi, 30 qaras’a, 2017 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. ak jolgazet.kz
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
жыл
ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ
ДАРА ТҰЛҒА
Жандар КƏРІБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы.
«Адамды қандай іс бастағанына қарап бағалау керек...» деген Абай. Тəуелсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы, оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – тұрақтылық пен ұлтаралық татулық идеясын əлемдік деңгейге көтере білген саясаткер. Н. Назарбаевтың теңдік пен елдік мəселелер тұрғысындағы күресі 1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында алдымен «Қазақ КСРіндегі меншік туралы», араға екі ай салып, «Қазақ КСР-індегі банктер жəне банк қызметі туралы» заң жобаларын ұсынудан басталған еді. Депутаттар тарапынан қолдау тапқан жобалар одаққа бағынышты болып келген республиканың орталық басқару органдарына дербес экономикалық билік тізгінін беруге құқықтық негіз жасады. Меншік туралы заңның 20-бабына сəйкес, табиғи ресурстар мен жер Қазақстан Республикасының меншігінде деп танылды. Бұл Одақтың темір қамытын киіп тұрған кездегі шын мəніндегі революциялық шешім болды. Осының нəтижесінде базалық стратегиялық салаларға қатысты өндіріс орындарына бұрын қалауларынша
ҚҰТТЫҚТАУ
ЕЛДІК МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ 1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАУЫ Қымбатты жамбылдықтар! Жаңа Тəуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар жəне халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Бүгінгі таңда жалпыхалықтық сипатқа айналған бұл мерейлі мереке көпұлтты қазақстандықтардың аса мəртебелі құрметіне ие болуда. Тұңғыш Президент күні – ұрпағын ұлы мұратқа жетелеген Елбасына көрсетілген құрмет. 1991 жылы 1 желтоқсан күні ел тарихында тұңғыш рет өткен жалпы халықтық сайлауда қазақстандықтар Қазақстан Республикасының Президентін сайлады. Қазақстан Тəуелсіз мемлекет ретінде тарихи да жасампаз жаңа дəуірге қадам басты. Осы жылдар ішінде Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың басшылығының арқасында қоғамдықсаяси жағдайы тұрақты, экономикасы өркендеген, халықаралық деңгейде беделі зор мемлекетке айналды. Жас мемлекетімізді жаңа ғасырдағы бəсекеге қабілетті ел ретінде əлем таныды. Биыл Елордамыз Астана қаласында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі абыроймен өтті. Бұл Қазақстанның халықаралық аренада əлеуетінің зор, Елбасы беделінің аса жоғары екенін көрсетті. Бүгінде Қазақстан – əлемнің дамыған елу елінің қатарында. Еліміздің бағындырар асуы – дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Осынау биік белеске қол жеткізу мақсатында Елбасы ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын, бес институционалдық реформаларды іске асырудың «100 қадамы» – Ұлт жоспарын жəне «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын айқындап берді. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың ел игілігі жолындағы тамаша бастамаларын жүзеге асыруға Жамбыл облысы да өзінің үлесін қосып келеді. Өнеркəсіп өндірісі тұрақты жұмыс істеуде, индустриялық жобалар жүзеге асырылып, жаңа технологиялар енгізілуде, тұрғын үйлер, білім жəне денсаулық сақтау нысандары салынып қарапайым халықтың бақытты да, бақуатты тұрмысына пайдасын тигізуде. «Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – əрбір отандық саясаткердің, əрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы» деп Елбасымыз айтқандай, осындай мақсатқа құрылған қажырлы еңбектің арқасында бүгінгі күні Қазақстан халықаралық келісімі тұрақталған, қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгерістерге қол жеткізген, əрдайым экономика, ғылым, мəдениет саласында дамып жатқан егемен де дербес мемлекетке айналды. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біз əлеуметтік-экономикалық даму үрдісіне қол жеткіздік. Баршаңызды Ұлы Дала Елінің іргетасын қалаған Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, болашағымыз бекем, мемлекетіміз берік болсын дегім келеді. Егеменді еліміздің айтулы мерекесін атап өту мемлекет тағдырына тіреу болған Ұлт Көшбасшысына деген зор құрмет деп білемін. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – мемлекеттік мерекесі құтты болсын!
ТАҒЫЛЫМ
ТӘУЕЛСІЗДІК. ЕЛБАСЫ. ЖАМБЫЛ ӨҢІРІ
үстемдік етіп келген Мəскеудегілердің құзыры жүрмей қа лды. Елбасы олардың а лдын орап кетті. Ал, банктер туралы заң экономиканы жаңа кезеңге қарай қаржы-несиелік реттеудің жаңа моделінің құқықтық негізін қалады. Соның арқасында нарықтық экономиканың негізгі атрибуты – мемлекеттік банктермен қатар екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге жол ашылды. Мемлекеттік банкке қаржы несиелерін қадағалап, бағаның тұрақтануына ықпал ету, коммерциялық банктерге бақылау жасау құқы берілді. Ең бастысы – Қазақст анның мемлекеттік банкі айна лымға ақша шығару монополиясына ие болды. Бұл – экономикалық тəуелсіздігіміздің негізгі шарттарының бірі əрі бірегейі еді. Осы қадам 1993 жылы төл теңгемізді шығаруға түрткі болды. Тəуелсіздік таңы атқанын жұрт өз ақшамыз айналымға шыққанда шын түсінді. Міне, содан бері ширек ғасыр өтті. Қазір дүниежүзі қазақ деген халықтың бар екенін біледі. Əлем картасынан Қазақстанды, Елордасын жазбай көрсете алады. Бастысы, шетел саясаткерлері тəуелсіз Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер Көшбасшы екенін мойындайды. (Жалғасы 6-бетте).
Ж
А Ы Р-Ш
ШУ
Күлəш АХМЕТОВА, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Тараздың тарих жатыр табанында Аралап көрсе-дағы кең əлемді, Не жетсін өз еліне егеменді?! Елбасы сүйеді бар жан-тəнімен Қазақты, Қазақстан деген елді! Сүйеді, сүйсінеді бағалайды, Даланың түні – сұлу, таңы – арайлы. Түн қатып, түгел ойлап елдің жайын, Ұлықтап, ұлы өлкесін аралайды. Өрелі, иықты айбат керек бізге, Рухы биік қайрат – медет бізге. Қазақы қасиеті қалған елге, Елбасы келген екен елеп күзде.
Бұл Тараз бұлбұл құстың бағындай-ды, Қалайша ғазиз жүрек сағынбайды? Меймандос, адамдары – алтын қала, Əлемнен іздесеңіз, табылмайды. Мақұлбек РЫСДƏУЛЕТ, Қазақстанның Құрметті журналисі, жазушы. Тəуелсіздіктің əр жылы атқарылған істерімен көңілге қуаныш, бойға қуат құйғанын біздің əрқайсымыз жақсы білеміз. Тəуелсіздігіміздің баянды болуы үшін Елбасының қосқан үлесі өлшеусіз. Асықпай, аптықпай атқарылатын істің əрқайсысын с арапт ап, с алмақт ап жүзеге асыра білудің, ең бастысы, халықымыздың алдына қойылған міндеттің айқын болуы жарқын болашаққа бастады. Оны Пре зидентіміздің облысқа келген əрбір ісс апарының қорытындысынан анық байқауға болады. Тəуелсіздігіміздің 26 жылында Елбасы екі-үш жылды есептемегенде жыл сайын облысқа
келуі – атқарылған істердің есебін алып, алда жүзеге асырылуға тиісті шаралардың өңірдің экономикасы мен мəдениетін көтеруге, бір сөзбен айтқанда, тұрмысын жақсартуға, рухын асқақтатуға бағытталуын міндеттегені анық. 1992 жылдың 14 сəуірінде Президент «Қордай» аграрлықөндірістік ғылыми бірлестігінің егінжайымен танысты. Осында республика, қала жəне аудан əкімдерінің семинар-кеңесіне қатысып, егінжай мəдениетін көтеру мəселелері туралы пікір алмасты. Облыста осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс туралы облыс əкімі Өмірбек Байгелдиевтің е с ебін тыңдағаннан кейін жекешелендіру қалай жүргізіліп ж ат қ а н ы н а н а з а р ауд а р д ы . Ендігі жерде қоғамдық қатынас жаңа арнаға түсетіндігін айта
келіп, нарықтық экономиканың ерекшеліктерін білу басшы үшін бүгінгі таңда басты міндет екенін еске салды. Елбасы қант қызылшасының алқабын кеңейту туралы міндет қойды. Қ о рд а й ауд а н ы н а н ке й і н Луговой (қазіргі Т.Рысқұлов) ауданын аралап, американдық технология бойынша жұмыс істейтін тағам комбинатының, шұжық цехының жұмысымен танысты. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев егіншілік мəдениетін көтеру, жердің құнарлылығын арттыру, қант қызылшасын өсіру, селекциялық жұмысты жақсарту бағыттарында нақты міндеттер қойды. Бұл бағыттарда облыста осы жылдары көп іс тындырылғаны анық. Осы жылдың 26 маусымында тағы да жұмыс сапарымен Жамбыл жеріне келді. Бұл жолы
ол Жамбыл ауданындағы ХХІІ партсъезд атындағы колхоздың астық жəне қызылша алқаптарын аралады. Бұдан кейін Свердлов (қазіргі Байзақ) ауданының егіс алқабында болып, шаруашылық басшылары Социалистік Еңбек Ері Александр Нахманович, Берден Байқошқаров, ауданның қадірменді қариялары Жапар Дидарбеков, Ұзақбай Сыздықбаев жəне аудан əкімі Смағұл Əбілековпен еменжарқын əңгімелесіп, ең бастысы, тəуелсіздіктің баянды болуы үшін еңбек ету бақыт екенін ұмытпау керек деді. Луговой ауданының «Подгорный» шаруашылығында болғанда егіннің бітік өскеніне, шаруашылықтың шұжық цехының табысты еңбек етіп жатқанына ризашылығын білдірді. (Жалғасы 4-бетте).
Бау-бақша, жазиралы, жасыл нəрлі, Ырысты, топырағы асыл мəңгі. Барады берекелі пейілімен, Бетке алып беймəлімдеу ғасырларды. Бұлттары ақ торғынның үлбірі екен! Сулары сұлулықтың сыңғыры екен. Мəңгі іңкəр мəжнүн талдар тамылжыған Киелі нулы мекен, нұрлы мекен! Тараздың тарих жатыр табанында, Даңқына жат табынған заманында. Хандардың қаһары бар қабағында, Ерліктің рухы бар жанарында! Жүрегі мырзалықпен лүпілдеген, Көңілі ырзалықпен шүпілдеген, Ақ, адал, «Құдай» деген жұрт – осында, Олқысын үмітімен бүтіндеген. Дəл бүгін рахман нұрын төгуде аспан. Осылай жалғасады өмір-дастан. Бақытты болсын бөбек, бүлдіршіндер Патшаның жүріп өткен жолын басқан! Тараз қаласы.