2 тамыз пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №112 (17969), Сенбі, 2 тамыз, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ 2014 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАЗАНҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕГІН ОРАҒЫ – 2014

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы

l БАЙЗАҚ

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен әл-Фараби атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Бақытты отбасы – ел тірегі» атты облыстық жас отбасылар байқауы өтті. Оған 10 жас отбасы қатысты. Қызықты өткен байқау барысында аудан намысын қорғаған жас отбасылар Нұрлан Оңғаров пен Айнұр Нұрлыбаева бірінші орынды иеленді. l ЖУАЛЫ

Аудандық ономастикалық комиссия өзінің кезекті отырысында Бурылкент, Бәйтерек, Қарасаз ауылдарындағы идеологиялық тұрғыда ескірген 25 көшенің атын ауыстыруға шешім қабылдады. Оларға тұрғындардың пікірі ескеріле отырып, сол өңірдің жер, су, тарихи атаулары берілді. l ҚОРДАЙ

СЫПАТАЙЛЫҚ ДИХАНДАР ЕРЛЕП ТҰР МҰНДА ӘР ГЕКТАРДАН 30 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ ЖИНАЛУДА «СЫПАТАЙ БАТЫР» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИХАНДАРЫ АУДАНДА АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ЕГІН ЖИНАУҒА КІРІСКЕН БОЛАТЫН. БҰРЫНДАРЫ ТЕК ЖАЙЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНЫЛЫП КЕЛГЕН «ОЙБАЗ» АЛҚАБЫНА 70 ГЕКТАР ЖАЗДЫҚ АРПА СЕБІЛГЕН ЕДІ. ҚУАҢШЫЛЫҚҚА ҚАРАМАЙ 10-11 ЦЕНТНЕРДЕН ӨНІМ БЕРДІ. – Енді негізгі астықты алқаптарға кірістік. Суармалы 200 гектар арпа алқабының әр гектарынан 30 центнерден өнім алудамыз. Бұл сөз жоқ, ағын судың өзі тапшы болып тұрған қазіргідей кезде жоғары көрсеткіш. Осы арпа алқабын орып бітісімен, 100 гектар бидай алқабына комбайн түседі. Бұйыртса суармалы ол алқапта 30 центнерден өнім береді деген

ойдамыз, – дейді орақ басында жүрген серіктестік директоры Қанат Шайхиев. Теңіздей толқыған егін алқабында уақытпен санаспай тер төгіп жүрген Асқар Тілеубаев, Есбол Мәденов, Арнат Айжарық, Жансерік Жаңабай сынды комбайншылардың еңбегі ерен. Олардың алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалынған. Уақтылы демалып, түскі

ыстық аспен қамтамасыз етілген. Еңбек жалақылары да еңбегіне қарай төленбек. «Ақ жол-Ақпарат». Меркі ауданы. Суреттерді түсірген Еркін ЖАСЫБАЕВ.

Қақпатас ауылында 250 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Оны тендерде ұтып алған алматылық «КА строй LTD» ЖШС жыл соңына дейін ғимараттың қабырғаларын көтеріп, шатырын жауып үлгермек. Ал келер жылдың қыркүйек айына дейін пайдалануға беру көзделген үш қабатты білім ордасының кең де жарық сыныптары, дербес мәжілістері және спорт залы болады. Аталмыш құрылыс компаниясы Красный партизан ауылында да 300 орындық мектептің құрылысын қатар жүргізуде. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 шілде №871

Назгүл ӘБУШӘРІПҚЫЗЫ, «Ақ жол». 1944 жылдың 31 шілдесі... Дәл осы күні жерлесіміз Ақәділ Суханбаев Польша, Беларусь және Литва елдерінің тоғысындағы Стежельцовизня деревнясы үшін болған ұрыста жаудың ажал оғын сепкен пулемет дзотын өз денесімен жауып қаза тапқан. Міне, сол күннен бері тұп-тура 70 жыл уақыт өтсе де, батырдың жасаған ерлігі халық жадында. Бұрнағы күні Тараз қаласындағы Д.Қонаев көшесінде орналасқан Кеңес Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың ескерткішінің алдында митингі болып өтті. Жиынға келген жұртшылық батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Бір минут үнсіздікпен басталған митингіге келгендердің қарамы қалың болды. «Ақәділ небәрі 24 жасында Отан үшін жанын құрбан етті. Ол менің ағам Әшіммен бірге өскен. Үйімізге келген сайын мені кеудесіне көтеретін. 1940 жылдың 20 қазанында әскерге аттанар алдында маңдайымнан сүйіп, батасын беріп еді. Қысқа ғана ғұмырын Отанына арнаған

Ақәділдің есімін Қазақстан халқы ешқашан ұмытпайды», - деді өз сөзінде қаламгер Арғынбай Бекбосын. Иә, расында жерлесіміз Ақәділ Суханбаевтың ерлігі ғасырлар өтсе де ұмытылмайды. Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан батыр қатарында ол. Арайлап атқан әрбір ақ таңымыз үшін біз оған қарыздармыз. Оның рухына тағзым етіп, есімін ардақтау – ұрпақ парызы.

Жапалақ құс мақтанса, «Жардан тышқан алдым» дер. Жаман адам мақтанса, «Жақсының аяғынан шалдым» дер.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЖҰМЫС БАР, МАМАН ТАПШЫ Фариза ӘБДІКЕРІМОВА, «Ақ жол». АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР-МАУСЫМ АЙЛАРЫ АРАЛЫҒЫНДА ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТІНІҢ АРТУЫ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ҮШІН НЕНДЕЙ ШАРУАЛАР АТҚАРЫЛДЫ? ОБЛЫСТЫҢ ОСЫ САЛАДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІГІ МЕН МҮЛТ КЕТКЕН КЕМШІЛІГІ ҚАНДАЙ?АЛДА ҚАНДАЙ МІНДЕТ ТҰР? ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІМЕН ӨТКЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІНДЕ ОСЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ.

Облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуының алты айдағы қорытындысы туралы облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов хабарлама жасады. Ол өз сөзінде қаңтар-маусым аралығында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 125,6 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өсім 1,1 пайызды көрсеткенін атап өтті. Алайда, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2013 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 0,3 пайызға қысқарып, 91,8 миллиард теңгені құраған. Биыл облысымызда Индустрияландыру картасының шеңберінде 25,4 миллиард теңгеге 1147 жұмыс орны құрылатын 7 Инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде есепті кезеңде 13,4 миллиард теңгеге 2 инвестициялық жоба іске қосылып, жаңадан 556 жұмыс орны құрылды. Ауылшаруашылығы саласында 41,9 миллиард теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар, маусымымен салыстырғанда 4,8 пайызға артық. Мұнда ет пен сүт өндірудің қосқан үлесі орасан. Есесіне, жұмыртқа өндіру – 4, қырқылған жүн 2 пайызға азайған. Мүйізді ірі қара мен уақ малдың саны артқан. Бірақ, шошқа саны – 12,6, құс 5 пайызға төмендеген. Жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,9 пайызға, олармен өндірілген өнімнің көлемі 24,1 пайызға өскен. Құрылыс саласында да өсім бар. Облыста 109,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Хабарламашы әлеуметтік көрсеткіштерге де кеңінен тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, осы жылдың қаңтар-маусымында 147,5 мың тұрғынға 966 миллион теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді. Одан басқа 4151 адам 23,6 миллион теңгеге қайырымдылық көмек алған. Нәтижесінде, кедейшілік деңгейінен төмен тұрып жатқан халық саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға қысқарып, облыс бойынша кедейшілік деңгейі 0,7 пайызды құраған. Ең

жоғары кедейшілік деңгейі Тараз қаласында тіркелген (0,9 пайыз). Сонымен қатар, жұмысқа орналасудың орташа облыстық көрсеткіштен төмен деңгейі Тараз қаласында, Қордай, Т. Рысқұлов, Шу аудандарында тіркелген. Жалпы ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі осы жылдың бірінші шілдесіне 0,7 пайызды құрап отыр. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға биыл 37,6 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының алдын ала мәліметтері бойынша осы жылдың қаңтармаусымында өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ана өлімі, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары, туберкулез, қан айналымы жүйесі, вирусты гепатит, наркологиялық және психикалық аурулар, ішек инфекциясы ауруларының деңгейі қысқарған. Алайда, Тараз қаласында, Сарысу, Т.Рысқұлов және Шу аудандарында бала өлімінің, Жуалы, Меркі және Талас аудандарында ана өлімінің, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Талас және Т.Рысқұлов аудандарында туберкулез ауруының, Шу және Т.Рысқұлов аудандарында қан айналымы ауруларының деңгейлері өскен. Ал, жалпы бала туу мен бала өлімі деңгейі облыста төмендеген. Үстіміздегі жылы білім беру жүйесін қаржыландыруға қазынадан 75,3 миллиард те ң ге қ а р ж ы қ а р а ст ы р ы л ға н . Жо м а рт Амангелдіұлы салада қол жеткізген табыстармен қатар орын алған кемшіліктерге де тоқталды. Мәселен, балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылуының орташа облыстық көрсеткіштен төмен деңгейі Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының үлесінде екен. Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында Т.Рысқұлов ауданының оқушылары ең төменгі көрсеткіштер көрсеткен. Мәдениет саласында жұмыс жүйелі жүруде. Бұдан бөлек хабарламашы облыста қылмыспен күресу және оның алдын алуда кешенді шаралардың жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Осы жылдың бірінші шілдесіндегі жағдай бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 667-ні құрап, 32,8 пайызға төмендеген. Сонымен қатар есепті мерзімде 545 жол көлік оқиғасы тіркелген. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,5 пайызға төмен. Облыс әкімі өткен мерзімде барлық салада жоспар жүз пайызға орындалып отырғанда, өңдеу өнеркәсібі өндірісінің неліктен, нақты қай салаларда 0,3 пайызға қысқарғанының себебін тиісті басқарма басшыларынан сұрады. Сонымен қатар Кәрім Нәсбекұлы шошқа мен құс санының неге төмендегеніне назар аударды, биылғы егістің де жиналу жай-жапсарын

Биыл күзде «Меркі тынысы» газетінің жарық көре бастағанына 80 жыл толмақ. Осыған орай аудандық газетте арнайы айдар аясында мерзімді басылымның жүріп өткен жолы мен тарихынан сыр шертетін танымды мақалаларды жариялауда. Газетте әр жылдары еңбек еткен журналистердің өмірлерінен естеліктер жарық көруде. Соның ішінде өмірден ерте озған талантты қаламгер Рахметбек Өзбеков жайлы «Шындықтың да шыңы бар» атты журналист Мейіркүл Әбжанованың мақаласы жарық көрді. l МОЙЫНҚҰМ

Оқушылардың жазғы демалысында 255 бала 2 ауысымда Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы «Кооператор» жазғы демалыс лагерінде тегін тынығып қайтты. Оқушыларды тасымалдауды лагерь әкімшілігі өз есебінен жүргізді. Сондай-ақ орта мектептердің жанындағы сауықтыру лагерьлерінде 1538 оқушы демалды. l ТАЛАС

Халық мақалы.

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

l МЕРКІ

сұрады. Осы жөнінде облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Нұралиевке нақты тапсырма жүктеді. Өңір басшысы ірі инвестициялық кешендерде жұмыс істейтін мамандардың дайындалу деңгейі бүгінде облыста сын көтермейтінін, бұл тарапта халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы көңіл көншітпейтінін, өткен алты айда тұрақты жұмыспен қамту деңгейі 33,3 пайыз ғана екендігін атап көрсетті. «Бүгінде жуырда ғана жұмысын бастаған «Talas Investment Compani» ЖШС-нің өзіне 500 маман қажет. Жергілікті өндіріс кешендерінің маманға сұранысын қанағаттандыра аласыңдар ма? Бұл бағытта неге жұмыс істемейсіңдер?» деп Кәрім Нәсбекұлы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Баубековті сынға алды. Мәселен, Байзақта өткен алты айда тұрақты жұмысқа орналасқандардың саны небәрі 28 адамды құраған. Осы орайда Кәрім Нәсбекұлы Байзақ ауданының әкімі М.Шөкеевке «Көрсеткішке қарап жұмыс істеу керек. Қалыптасқан жағдайды бақылап отыру қажет» деп қатаң ескертті. Сондай-ақ, облыс әкімі К.Көкірекбаев Байзақ, Мойынқұм, Жамбыл, Меркі аудандарында капиталдық с а л ы м к ө р с ет к і ш і б а с қ а ау д а н д а р м е н салыстырғанда біршама төмендегенінің себебін аталмыш аудан әкімдері М.Шөкеев, Б.Мәдікенов, Р.Дәулет, Б.Көпбосыновтан сұрады. Барлығынан нақты, нәтижелі жұмыс істеуді талап етті. Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Байтелиевке құрылыс сапасы мен ол нысандардың уақтылы тапсырылуын қадағалауды, денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Омарбековаға ана мен баланың амандығы жолында кешенді шаралар жасау керектігін ескертсе, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы С.Құрманбековаға білім сапасын қадағалауды одан әрі нығайту қажеттігін тапсырды. Жиын барысында Жамбыл ауданының әкімі Р.Дәулет пен Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ж.Айтақов өздері басшылық ететін ауданның осы жылдың алты айындағы экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштері жайлы хабарлама жасады. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев алқа отырысын қорытындылай келе: «Алты айдың қорытындысын көріп отырмыз. Нәтижелеріміз жақсы, жүз пайызға орындалған. Алайда, кері кеткен тұстарымыз да жоқ емес. Әлі алдымызда қыруар жұмыс бар. Соған барлық деңгейдегі әкімдер, басқарма басшылары жауаптылық танытуы қажет» деді.

Ойық ауылындағы «Жеңіс» саябағы демеушілердің көмегімен қайтадан жаңғыртылып, темір қоршаумен қоршалынып, алаңның іші абаттандырылып, орталық аллеясына 26 адамның портреттері ілінді. Олардың арасында осы ауылдан шыққан Еңбек Ерлері мен соғыс және еңбек ардагерлерінің суреттері бар. Ауыл тұрғындары саябақта құбырлы құдық қаздырып, гүлзарлар жасауда. l Т. РЫСҚҰЛОВ

Құлан ауылында «Құлан антитеррор-2014» атауымен жедел тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталған шаралар барысында белгісіз «қаруланған» топ демалыс саябағына басып кіріп, адамдарды кепілдікке алған. Қауіптің бетін қайтару үшін аудандық жедел штабының күш құралы жиналып, тиісті ұйымдасқан іс-шараларды атқарды. l ШУ Орталық мал базарға Қордай, Меркі, Мойынқұм аудандарынан, еліміздің солтүстік аймақтарынан және көршілес Қырғызстан Республикасынан төрт түлік малдың түр-түрі әкеліп сатылады. Ал, сырттан келетін көп малдың арасында дерттілері де бар болуы мүмкін. Сондықтан, мал аурулары аудан аймағына тарап кетпеуі және халықты таза ет өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аудандық мал базары басшылығы аудан әкімдігінің ветеринария бөлімімен келісім-шартқа отырып, мал тасымалдайтын көліктерді, базар ішіндегі қасапхана мен мал тұратын орындарды арнайы дәрі себу арқылы залалсыздандыруда.

ӨМІР ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

: У А Р Ұ С ҚАЙЫР Е? П С І Р Ө К Н Ү К , Е П П І С Ә К

ТАРАЗДАҒЫ МЕКЕМЕЛЕР АЛДЫНДА АЛАҚАН ЖАЙҒАН ҚАЙЫРШЫЛАРДЫҢ БАСЫН ҚОССА, БІР ҚАУЫМ ЖҰРТ БОЛАТЫН ШЫҒАР. ОЛАРДЫҢ АРАСЫНДА ЖАҒДАЙЫ ЖОҚ МҮСӘПІРЛЕР ДЕ, МҮГЕДЕКТЕР ДЕ КЕЗДЕСЕДІ. ОДАН БӨЛЕК, БІРАЗ УАҚЫТ КӨРІНБЕЙ КЕТІП, КӨРШІ ЕЛДЕН «ГАСТРОЛЬДЕТІП» КЕНЕТТЕН КЕЛЕ ҚАЛАТЫН ТІЛЕНШЕКТЕР ҚАНШАМА? МІНЕ, ОСЫЛАРДЫҢ ЖАЙКҮЙІ ҚАЛАЙ? ТӨМЕН ДЕП ЕШКІМ АЙТА АЛМАС. (Жалғасы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.