(ABAI’).
Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
А
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet
АҺАН Д
Ж
BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
және
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
№135 (18482), Sei’senbi, 28 qaras’a, 2017 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. ak jolgazet.kz
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
жыл
ПРЕЗИДЕНТ
НД ЖАҺА
АСТАНА ҚАЙТАЛАНБАС АТМОСФЕРАСЫМЕН ДЕ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ
А
=КАНАДА ЛОТЕРЕЯДАН 4 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ҰТТЫ Онтарио провинциясының тұрғыны «49-дан 6» ұлттық лотереясынан 4 миллион доллар ұтқан. Atlantic Lottery қауымдастығының хабарлауынша, ұтыс иегерінің аты-жөні әзірге белгісіз. «Дәл түскен сандар – 16, 17, 21, 31, 39, және 49. Бонус сан – 29», – деп нақтылады ұйымдастырушылар. Әзірге жолы болғыш тұрғынның провинциядағы қай қаладан билет сатып алғаны да анықталмаған. Канаданың ұтыс талаптарына сәйкес жүлдені алу үшін ұйымдастырушыларға лотерея билетін ұсынуы керек. Бұдан басқа Британдық Колумбия тұрғынына 1 миллион канада доллары ($790 мың) көлемінде «жұбаныш сыйлығы» шықты. =ИРАК ТҮРКИЯҒА МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАЙТЫН ҚҰБЫР ТАРТУДЫ БАСТАДЫ
Мұнай құбыры Ирактың Киркур қаласынан Түркияның Джейхан портына мұнай жеткізетін болады. Мұнай министрі Джаббар әл-Луәйби Беджи ауданынан шекаралық аумақта орналасқан Фишабурға дейін созылып жататын мұнай құбырын жатқызуға тапсырма берді. Жаңа құбыр лаңкестердің шабуылынан жарамсыз болып қалған құбырға балама ретінде салынады. Құбыр құрылысымен айналысатын компания өкілдері жуырда министрлікке шақырылады.
Д БЫЛ ЖАМ Е л б а с ы Қ а з а қ с т а н н ы ң А м е р и ка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың
маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кезде сулер өтіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты. Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді. * * * Нұрсұлтан Назарбаев испан сәулетшісі Сантьяго Калатравамен кездесті.
Кездесу барысында Сантьяго Калатрава Мемлекет басшысына Қазақстанға келіп, елорданың сәулет нысандарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтты. Қазақстан Президенті Астана бірегей сәулетімен және өмір сүру үшін жасалған қолайлылығымен ғана емес, сондайақ, қайт а ланбас атмо с ферасымен ерекшеленетінін атап өтті.
– Елордада тұрғысы келетін адамдардың саны артып келеді. Қала халқының саны бір миллионға жақындады. Келесі жылы біз Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. * * * Танымал испан сәулетшісі және мүсіншісі Сантьяго Калатрава әлемнің түрлі елдеріндегі көптеген футуристік нысандардың авторы болып саналады.
А
=ЖУАЛЫ ЖАҢА КІТАПХАНА
Сұрым ауылында жаңа кітапхана ашылды. Бұл мекеме цифрлық технология бойынша мобильдік электронды жүйеге қосылды. Кітапхананың ашылу салтанатында аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұса Шоңбаев ауыл халқын білім қазынасын сыйлайтын мекеменің ашылуымен құттықтады. Ғимараттың лентасын облыстық Ш.Уәлиханов ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Эльмира Әбдинова мен қаламгер Мырзахан Ахмет қиып, сұрымдықтарға ақ тілегін білдірді. =ШУ
«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: МЕЖЕ МЕН МІНДЕТ
«БАСТАУ БИЗНЕС» ҚАНАТҚАҚТЫ ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ
МОЛШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
БІРЕУГЕ СЕНГЕННІҢ - ЕКІ КӨЗІ, ӨЗІНЕ СЕНГЕННІҢ ЕКІ БҮЙІРІ ШЫҒАДЫ Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, «Ақ жол».
Облыстық әкімдікте өткен алқа мәжілісін өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев алдымен жаңа лауазым иелерін құттықтап, Әлия Ахметова ҚР Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы, Жасұлан Әбдіманап «Қазақстан» телерадио корпорациясы АҚ облыстық филиалының директоры болып тағайындалғанын жеткізуден бастады. Алқа мәжілісінің күн тәртібінде барлығы 22 мәселе қаралды. Оның біріншісі – күзгі егіс-дала жұмыстарының қорытындылары және 2018 жылдың өнімі үшін егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының орналасу жоспары жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев баяндама жасады. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 219,9 миллиард теңгені құраса, егін және мал шаруашылықтары бойынша нақты индекс көлемі 103,6 пайызды көрс еткен. Егін шаруашылығы бойынша Т.Рысқұлов, Байзақ, Меркі, Шу аудандары жақсы көрсеткіштерге ие. Мойынқұм, Сарысу аудандары
Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол».
ТУҒАН АУЫЛДЫҢ ҰЛТАРАҚТАЙ ЖЕРІН ҚҰТБЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫРЫП, ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАН БІТІРІП, АУЫЛЫНЫҢ ГҮЛДЕНУІНЕ, МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА АТСАЛЫСЫП ЖҮРГЕН ФЕРМЕРЛЕР ЕҢБЕГІ АУЫЗ ТОЛТЫРЫП АЙТУҒА ТҰРАРЛЫҚТАЙ. ОСЫ ОРАЙДА, ЖУСАНЫ МЕН ЖУАСЫ БҰРҚЫРАҒАН АУЫЛ ТӨСІНДЕ ЖАЙҚАЛТЫП ЕГІН ӨСІРІП, ӨРІСТІ МАЛҒА ТОЛТЫРЫП ОТЫРҒАН ШАРУАЛАРДЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ БИЫЛ ДА ҚАЛЫПТАСҚАН ДӘСТҮРГЕ САЙ ДҮРКІРЕП ӨТТІ. (Жалғасы 3-бетте).
З! ҚТАЙМЫ Ы Т Т ҚҰ
Құрметті Ел-аға! Сіз облыстың баспасөз, телерадио саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, көптеген жас мамандарды тәрбиеледіңіз, тәлім бердіңіз. Олардың біразы бүгінде облыстың бас басылымында еңбек етіп жүр. Кезінде «Еңбек туы» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, кейін «Ақ жолда» бас редактордың орынбасары болып абыройлы қызмет атқардыңыз. Облыс баспасөзінің қара шаңырағынан құрметті еңбек демалысына шыққан сізді біз «Ақ жолдың» ардагері ретінде әрдайым құрмет тұтамыз. Сізге ұзақ та мәнді ғұмыр, шығармашылығыңызға тың табыстар тілейміз! Облыстық «Ақ жол» газетінің ұжымы.
ЖАЗЫЛЫМ – 2018
Облыстың қоғамдықсаяси өміріне белсене араласып келе жатқан жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжанды «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атануымен құттықтаймыз!
мен Тараз қаласының көрсеткіші төмен деңгейде. Былтыр ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 593,2 мың гектарды құраса, биыл пайдаланылмай жатқан егістіктерді айналымға енгізу арқылы жалпы егіс алқабының көлемі 37 мың гектарға артқан. Оның 258,4 мың гектарынан 625,7 мың тонна дәнді-масақты дақылдар жиналып, орташа түсім гектарына 24,2 центнерден айналыпты. 15,7 мың гектардан 103 мың тонна дәндік жүгері, 89,8 мың гектардан 62,2 мың тонна майлы дақыл өнімі жиналып, алынған. Картоп, бақша дақылдарының да өнімі жақсы. Ал қант қызылшасы алқабының ішінара жарамсыздануы орын алған. Оның себебін баяндамашы ауа райының қолайсыздығымен,
ау ы л ш а руа ш ы л ы ғ ы т ауа р өндірушілері агротехникалық і с - ш а р а л а рд ы д е р ке з і н д е қолданбауының салдарынан деп түсіндірді. Жарамсыз жерлердің көлемі Шуда – 355, Қордайда – 178,6, Т. Рысқұловта – 80, Талас ауданында 17 гектарға жеткен. Әзірге облыс бойынша тәтті түбірдің 93,2 пайызы жиналып, оның 119 мың тоннасы қант зауытына жөнелтіліпті. Келер жылы 10 мың гектарға қант қызылшасын егу жоспарда бар. Оған облыс қазынасынан 415 миллион теңге қаралып, Германия мен Франциядан сапалы тұқым ә ке л і н і п , ке л і с і м ш а р т п е н шаруашылықт арға жеткізу көзделуде. Мол түсім кепілі – минералды тыңайтқыштар биыл жалпы егістік алқабының 17,3 пайызына,
яғни, 103,9 мың гектар жерге себілген. Алдағы жылы бұл көрсеткішті 18,9 пайызға жеткізу жоспарланып отыр екен. Ал енді ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру ісі де жүйелі жалғасын таппақ. Жалпы, алдағы жылы 602,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу көзделіп, оның 255,5 мың гектарына дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 37 мың гектарға көкөніс-бақша, 8 5 , 7 м ы ң ге кт а р ғ а ма й л ы дақылдар, 10 мың гектарға қант қызылшасы, 8,8 мың гектарға картоп, 209,2 мың гектарға мал азығы дақылдарын орналастыру күтілуде. Ерлан Елібайұлының а й т у ы н ш а , ө ң і р д і ң ау ы л шаруашылығы саласында ақсап жатқан тұстар да жетерлік. Атап айтар болсақ, бүгінде қолда бар тракторлардың – 40, комбайндардың – 50 пайызының пайдалану мерзімі 17 жылдан асқан. Былтыр 253 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынғанымен, пайдаланылып жүргендердің 15 пайыздан астамының тозығы жетіп, 10 пайыздан астамы мүлдем қолданысқа жарамсыз болып қалған. Мойынқұм ауданында жалпы техника санының небәрі 1 пайызы, Жуалыда 1,9 пайызы ғана жаңарыпты. (Жалғасы 3-бетте).
ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ РУХАНИ АЗЫҒЫ «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге ИНДЕКСІ 15457
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша несие алған Өндіріс ауылының тұрғыны Аманжол Алтеев кәсібін жалғастыруда. Ол өзінің бизнес жоспарын қорғап 3 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Кәсіпкер бұл қаржының 2,5 миллионына 10 жылқы алып, қалған ақшаны жемшөп қорына жұмсады. Ілгеріде өндірістік кәсіпкер 4,5 миллион қаржыға қол жеткізіп оған 40 бас ірі қара алып, артылғанына қора-қопсы салды.
ЖАЗЫЛЫМ – 2018
АЛҒАШ АТТАҒАН АЛТЫН БОСАҒАМ Болат ЖАППАРҰЛЫ, ардагержурналист.
Мен облыстық «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетіне университет бітірмей жатып қызметке орналасқанмын. «Алғашқы аттаған алтын босағам» – деп отырғаным сондықтан. Кәсіби қызметте шыңдалуыма үлкен әсері болған басылым. Теорияда алған біліміңді тәжірибеге ұшт астырудың жөні бөлек. Ендеше, «менің журналистік мектебімнің алғашқы баспалдағы» десем де еш артықтығы жоқ. «Ақ жол» өзінің 95 жылдық тарихында өңірдің экономикалық, әлеуметтік дамуына үлес қосып келеді. Басылым облыста барлық саланы қамтиды. Ол әрбір оқырманның асыға күтетін газеті. Оқырман асыға күтуі үшін ондағы мақалалар мағыналы, мәнді, көтерген мәселесі салмақты болуы керек. Содан кейінгі ең бір өзекті мәселе – тілі, грамматикасы. Мақала, мейлі ресми болсын, мейлінше көркем, түсінікті баяндалғаны дұрыс. Сөз қолданысы, тыныс белгілері де ерекше ескерілуі керек. Өйткені, осы мәселелер бойынша пікірталас туындай қалса, айтысушының қай-қайсысы болса да, «газетке солай жазылған» деп шыға келетіні сөзсіз. Бұл – газеттің оқырман жүгінетіндей төрешілік қасиеті. «Ақ жол» қашанда осы талаптарға сай болып келе жатыр. Газет тарихпен бірге тыныстап, өмір көшінің алдыңғы легінде келеді деп айтуға әбден лайық. «Ақ жол» – облыс өмірінің айнасы. Адам айнаға қарап бойын түзейтін болса, оқырмандар «Ақ жолды» оқып ойын түзейді, тірлігін жақсы жолға бағыттайды. Ендеше, «Ақ жолды» жаздырып алып, үзбей оқитын адам ешқандай ұтылмасы хақ. «Ақ жолға» жазыл, ағайын! Ісің ілгері басатынына бұл басылымның ықпалы зор. Тараз қаласы.