28 казан пдф

Page 1

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет l ТАРАЗ

№149 (18006), Сейсенбі, 28 қазан, 2014 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

«Халықтық ІРО» бағдарламасының ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды. Осы шара аясында Тараз қаласындағы ірі еңбек ұжымдарында бағдарламаға қалай қатысуға болатыны жайлы дәрістер оқылды. Мәселен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында, қалалық №2 емханада, №53 мектепте өткен дәрістен көпшілік мол мағлұмат алды. «Халықтық ІРО» бағдарламасы 2012 жылдан басталып, алғаш «ҚазТрансОйл» компаниясының акциялары сатылымға шығарылған еді. Оған қырық мыңнан астам адам қатысқаны белгілі. Енді бағдарлама екінші толқынға аяқ басты. Бұл жолы отандық энергия жүйесін басқаратын КЕГОК компанияларының акциялары сатылмақ. Жуырда акцияның нақты бәсі шығарылмақ.

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

ПРЕЗИДЕНТ

пәтер сыйлаған бала

БІЗДІҢ ӨҢІРДІҢ МИЛЛИОНЫНШЫ ТҰРҒЫНЫ

(қаз-қалпында)

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол». – Алло, бұл Нұрбол Түстікбаевтың телефон нөмірі ме? –Иә. – Ата-анаң үйде ме? – Олар үйде емес. Жұмысқа кеткен еді. – Балақай, онда былай. Сендердің үйде 2005 жылы туылған бала бар ма? –Иә, бар. Ол мен ғой,– деді балақай. «Іздегенге сұраған» деген осы. Данияр Әсемқұл есімді Жамбыл облысының миллионыншы тұрғынымен осылай танысып алдық. Өзі үшінші сыныпта оқып жүр екен. Бір кезде: –Анаң қайда жұмыс істейді?– деп сұрадым. – Жамбыл политехникалық колледжінде. – Қалай сонда? Сендер Т.Рысқұлов ауданында тұрады емессіңдер ме? –Жоқ, аға, ол былай ғой. Бізге Президент осы Тараз қаласынан үй берді. Сосын осында көшіп келдік, – деді Данияр. Мұны естігенде шыны керек, қуанып кеттім. Даниярдың отбасымен жолығуға асықтық. Анасы Шолпан Құрманбекова физика пәнінің маманы екен. «Миллионыншы тұрғынның анасы атанамын» деген ой мүлде болған жоқ» деп риясыз күліп алды. – 2005 жылдың 23 қыркүйегінде Даниярды босандым. Арада үш ай уақыт өткенде аудандық әкімдіктің қызметкерлері келіп, маған «Сіздің балаңыз Жамбыл облысының миллионыншы тұрғыны атанды» деген сүйінші хабарды жеткізді. Облыс басшылығы осыған орай сіздерді құттықтауға келеді деп ескертті. Бұлай болады деп кім ойлаған? Тура сол жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің орынбасары арнайы құттықтап келіп, бізге Тараз қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілті мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырды. Қуанышымызда шек болған жоқ, – дейді Шолпан Құрманбекова. Миллионыншы тұрғын – Данияр Әсемқұл бүгінде қаладағы №53 орта мектептің 3 «Д» сыныбында білім алып жүр. Білімге деген құштарлығы басым. Оны мектебіне барғанымызда ұстаздары айтты. «Данияр – өте алғыр бала. Оқу үлгерімі жақсы. Айтылған мәліметті тез ұғып алады. Мәнерлеп оқуы да керемет. Оны ылғи да өзіне айтып отырамын, – дейді сынып жетекшісі Марал Әбдіқадірова. Данияр – отбасындағы екінші перзент. Перизат есімді әпкесі, Мерейдей қарындасы бар. Біз оған «Тәуелсіз еліміздің көк байрағын көкке көтеретін азамат бол!» деп тілек білдірдік. Тараз қаласы.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ҚАУІП ҚАЙДАН БОЛСА, ҚАТЕР СОДАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕН ЕРЕКШЕ ҚАУІПТІ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ МЕН СУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ 304,4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте облыс аумағындағы ағын су жүйелерінің тазалығы мен жөндеу жұмыстары және облыс елді мекендеріндегі бас жоспарлардың жай-күйі мен олардың орындалу барысы пысықталды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралмас бұрын облыс басшысы күні кеше ғана сән-салтанатымен аталып өткен облыстың 75 жылдық мерейтойын абыроймен өткізуге атсалысқан азаматтарға, облыс тұрғындарына алғысын білдірді. Кәрім Нәсбекұлы тойдың ойдағыдай өткенін айтып, келген қонақтардың риза болып қайтқандарын жеткізді. Сонымен қатар, өзінің жаңадан тағайындалған орынбасары Тимур Амантайұлы Жанкені таныстырып өтті. Оған облыс әкімінің кәсіпкерлік ж ә н е и н д ус т р и я л д ы - и н н о в а ц и я л ы қ мәселелер жөніндегі орынбасары Қалижан Әбдірайымовтың функциясындағы міндеттер жүктелді. Ал, Қ.Әбдірайымов ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарады. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Серік Қойбақовтың хабарламасы тыңдалды. Ол алдымен облыстағы су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйіне тоқталды. – Облыста барлығы 117 су қоймасы мен су бөгеттері бар. Оның ішінде 5-і республикалық меншікте, 105-і ком-муналдық меншікте, 7-і жеке меншікте. Ал, су жүйелерінің жалпы ұзындығы 3709 шақырымды құрайды. Оның ішінде 809 шақырым магистральды, 923 шақырым шаруашылықаралық, 33 шақырым ауылдық су пайдаланушылардың тұтыну кооперативінде, 1977 шақырым ішкі шаруашылық су жүйлеріне кіреді, – деді

хабарламашы. Облыстық бюджеттің ерекше қауіпті су шаруашылығы құрылыстары мен су жүйелерін қалпына келтіру бойынша биыл облыстың коммуналды меншігіндегі 68 су шаруашылығы жүйелеріне, оның ішінде 11 су қоймасы мен су бөгеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 304,4 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күнге оның 243,9 миллион теңгесі игеріліп, пайдалануға 47 су шаруашылығы нысандары, соның ішінде 11 су қоймасы мен су бөгеттері өткізілген. Қалған 21 нысан осы жылдың соңына дейін тапсырылмақ. Дегенмен, келесі жылға облыстық бюджеттен аса қауіпті апатты су шаруашылығы құрылыстары мен су жүйелерін қалпына келтіру мақсатында 89 су шаруашылығы нысандарын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 17,5 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Ал, осы жобалардың ЖСҚ-ы дайындалып бітсе, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге облыстың бюжетінен тағы 411,2 миллион теңгеге бюджеттік комиссияға сұраныс жолданыпты. Сонымен қатар, аудандардағы коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке өткізу жұмыстары аясында аталған нысандардың тізімі жинақталып, олардың техникалық сипаттамалары мен жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қажетті 342,6 миллион қаржы көлемі де анықталыпты. Бұл бағытта аудандарда жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Енді шаруашылық аралық 82 су жүйелерінің мемлекеттік жер актілерін «Жер ҒӨО» РМК облыстық филиалы дайындауы тиіс. Бұл су жүйелерінің техникалық паспорттарын дайындатуға жергілікті бюджеттен 150 миллион теңге қажет. Ал, оған бір де бір аудан әлі қаржы бөлмей отыр. Хабарлама соңында Серік Қойбақов министрлік тарапынан келген және әкімдіктегі өткен селекторлық кеңесте берілген хаттамалық тапсырмалардың

l МЕРКІ

аудандарда орындалмай отырғанын айтып, облыс әкімінен тапсырмалардың уақтылы орындалуын қайта тапсыруды сұрады. Басқарма өкілін мұқият тыңдаған Кәрім Нәсбекұлы аудан әкімдерінен және бірқатар басқарма басшыларынан әлі жөндеу, нығайту жұмыстары жүріп жатқан нысандардың жай-күйін сұрап, қаржының игерілуін қамтамасыз етіп, жұмыс барысын бақылаудан шығармауды жүктеді. Ал, облыс елді мекендеріндегі бас жоспарлардың жай-күйі мен олардың орындалу барысы туралы облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Ахметов хабарлама жасады. Ол өз сөзінде Тараз қаласы мен аудан орталықтары елді мекендері аумақтарының әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарының дамуына байланысты қолданыстағы бас жоспарлар бүгінгі күннің талаптарына сәйкестендірілуі қажеттігіне тоқталды. Себебі, олар өткен ғасырдың 1970-80 жылдары аралығында жасалған әрі есепті мерзім кезеңдері өткен. Сонымен қатар облыс әкімдігінің 2011 жылғы 23 ақпандағы «Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру туралы» №42 Қаулысына сәйкес, облыстағы аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу үшін 2011 мен 2013 жылдар аралығында облыстық бюджеттен қаржы толығымен бөлінгенін атап өтті. Облыс елді мекендерінің бас жоспарларын бекітуге, ондағы егжей-тегжейлі жұмыстарға да қатысты кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, хабарлама соңында аудандар тарапынан орындалмай отырған мәселелер бойынша қосымша нұсқау беруін сұрады. Кеңес соңында облыс әкімі қаралған мәселелер бойынша әдеттегідей тиісті орынбасарлары мен басқарма басшыларына, Тараз қаласы және аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

БАРМАСАҢ, КЕЛМЕСЕҢ – ЖАТ БОЛАСЫҢ

Ерден ердің кемдігі болса да, Елден елдің кемдігі болмайды.

АЙТМАТОВТЫ АСҚАҚТАТЫП,

Манас-ордоны жырға бөледі

Халық мақалы.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Аудан орталығы Меркі ауылындағы саябақтан осы ауданнан шыққан Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған аллея ашылатын болды. Қазір осы мақсатта аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, аллея құрылысы басталып кетті. l Т. РЫСҚҰЛОВ

Аудан орталығы – Құлан ауылында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Ауылдың ең үздік жас әлеуметтік қызметкері» облыстық байқауы өтіп, онда сегіз үміткер өзара біліктілік сынасты. Нәтижесінде рысқұловтық жас маман Александр Кутяков бірінші, қордайлық Жанар Байзақова екінші, жамбылдық Ақерке Есова мен меркілік Айнұр Қуанышбекова үшінші орын жүлделерін жеңіп алды. Басқа қатысушылар түрлі аталымдар бойынша сыйлықтарға ие болып, алғыс хаттарымен марапатталды. l ТАЛАС

Майтөбе ауылындағы «Майтөбе» өндірістік кооперативі (төрағасы А.Өмірәлиев) ауылдағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге және ауданның Құрметті азаматтарына 2 тоннадан шөп және 200-300 килограмнан жем таратып, демеушілік көрсетті.

ТАҒАЙЫНДАУ Жамбыл облысы әкімінің 2014 жылғы 24 қазандағы №457ө өкімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Тимур Амантайұлы Жанке тағайындалды. Тимур Жанке, 1977 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы, 2006 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы Алматы қаласының туризм департаментінің бас маманы болып бастаған. 2001-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жетекші маманы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жетекші маманы, менеджері, бас менеджері, «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясы» акционерлік қоғамы бас директорының көмекшісі, «ҚазМұнайГаз - Сервис Compass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз - Сервис Compass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры лауазымын атқарып келді.

ЕЖЕЛДЕН АУЫЛЫ АРАЛАС, ҚОЙЫ ҚОРАЛАС ЖАТҚАН ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ТАЛАС

Жетісу сәлемі

ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ӨТКЕН СЕНБІДЕ ӨҢІРДІҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ОРТАЛЫҒЫНДА «АДАМЗАТТЫҢ АЙТМАТОВЫ» АТАНҒАН ЖАЗУШЫ ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ. МАНАС-ОРДО КЕШЕНІ АУМАҒЫНДА 70 КИІЗ ҮЙ ТІГІЛІП, ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ МЕН МАНАСШЫЛАРДЫҢ САЙЫСЫ ДА ҮЗДІКТЕРДІ САРАЛАДЫ. ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРҚАНАТ МАНЖУОВ БАСТАҒАН, ҚҰРАМЫНА 50 АДАМ ҚАМТЫЛҒАН ЖАМБЫЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕГІ ОСЫНАУ ДҮБІРЛІ ДУМАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҒЫ БОЛДЫ.

АҢДАТПА

ӨТТІ. МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ТАЛАС ҚАЛАСЫНЫҢ

САЛТАНАТТЫ ШАРАДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРҚАНАТ МАНЖУОВ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ СӨЙЛЕП, ІЗГІ ТІЛЕГІМЕН БӨЛІСТІ.

ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚ ӨНЕРПАЗДАР ТАРАЗҒА КЕЛДІ

Кеше жетісулық өнерпаздар Таразға ат басын тіреді. Олардың арасында Бикен Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрының актерлері бар. Қырық адамнан құралған меймандарды облыстық қазақ драма театрының әртістері салтанатты түрде күтіп алды. Бүгіннен бастап Алматы облысының Жамбыл облысындағы мәдениет күндері басталды. (Мәдениет күндері туралы топтаманы газетіміздің келесі санынан толығырақ оқисыздар).

(Жалғасы 2-бетте).

БӘРЕКЕЛДІ!

ЖАПОН ГРАНТЫ –

ЖАЗЫЛЫМ – 2015

ОҚЫРМАН ЖӘНЕ ГАЗЕТ

БАСЫЛЫМ БАҒЫНДЫРҒАН БИІГІНЕН АЛАСАРМАСЫН! Рәш ШӘМЕТҰЛЫ, Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

«Ақ жол» – облыс баспасөзінің көш басында тұрған ата газет. Тоқсан жылдан астам тарихы бар басылымның бұрынғы жас оқырманы бүгінде газетпен бірге қартайып, ақылман қартқа айналды. Мен де бір кезде газеттің жас оқырманы болдым. Содан бері облысымыздың басты үнқағазының серігі, тірегі болып келемін. Менің де жастығым артта қалды. Газет талай дәуірлерді бастан өткерді. Ондағы жазылған дүниелер мазмұнымен, тереңдігімен басылымның асыл мұрасына айналып, өткен тарихына еніп отырды. Қазіргі газет мүлдем өзгерді. Елдіктің,

қоғамның, облыстың тарихымен бітеқайнасып жатқан өзекті мәселелерді көптеп көтере бастады. Әр саны бірінен бірі асып түседі. Бірде газеттің кезекті санын парақтап оқып отырып, «Жыл өткен сайын жасарған, Жамбылым қандай тамаша!?» деген мақала көзіме оттай басылды. Әуелі мені Шона Смаханұлының ертеректе жазған осы өлеңінің жолдары мақалаға неліктен тақырып етіп алынғаны қызықтырды. Оқып шықтым. Мақалада жақсы мәселе көтеріліпті. Мақаланы оқып біткен соң қатты тебірендім. Оның себебі – Шонамен жастайымнан жақын дос, сырлас замандас болып бірге есейіп, ер жетіп едік. Осы өлеңді жазғанда да қасында бірге жүрген болатынмын. Сол өткен

күндерге деген сағыныш жүрегімді елжіретті. Шона елдің ертеңі үшін алаңдайтын, туған жерін қадірлейтін, нағыз ұлтжанды азамат болатын. Осы өлеңі де сондай азаматтық ұстанымнан туған еді. Сол сөздің Тараздың үлкен қақпасының бірінде орын алғанын, оны облыстың бас басылымы қуаттап жазғанына риза болдым, үлкен әсерге бөлендім. Бұдан бөлек газетте көптеген тұшымды дүниелер жарық көріп, тың ізденістер жасалуда. «Ақ жол» алдағы уақытта осындай биігінен аласармаса екен деп тілеймін. Облыстың әрбір шаңырағының төрінен өңіріміздің айнасы болып жүрген газетіміз табылсын! Байзақ ауданы.

ШУЛЫҚТАР ИГІЛІГІНЕ Шу қалалық ауруханасы адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық «Шөп тамырлары» деп аталатын орта деңгейдегі әлеуметтік жобаларға берілетін шектеусіз көмек бағдарламасы аясындағы 105 515 АҚШ доллары көлеміндегі грантты жеңіп алды. Жаңа жабдықтар алдағы қараша айында жеткізіледі деп күтілуде. Аса қажет құралдардың ішінде Team моделі Sonicaid сериясының КТГ тіркеуіне арналған толық (эмбриондық) мониторы, MISUNO MOT операциялық үстелі, BSM-3562 модельді кардиомониторы, ЭКГ және АД Валента тәуліктік мониторлық кешені, «Ангиодон-ЭХО» бас миы құрылымының эхо-дыбыстар жүйесін түсіруге арналатын талдау құрылғысы және тағы басқалары бар. Мамандар бұл жабдықтар қала және аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыратынын айтып отыр. Аталмыш бағдарлама 2014 жылдың 17 наурызында Жапония елшісі Масайоши Камохара мен Шу қалалық ауруханасының бас дәрігері Сейсенғали Ақпаевтың өзара келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылған. Толқын ӨМІРБАЕВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.