BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
(ABAI’).
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
№145 (18492), Sei’senbi, 26 jeltoqsan, 2017 jyl
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. ak jolgazet.kz
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
ҚҰРМЕТ
Жұлдызы жанған жампоздар Облыс әкімі ел мерейін асырған саңлақтарды қабылдады Табиғат АБАИЛДАЕВ Биылғы жыл өңір спортшылары үшін толайым табыстарға толы болды. Сайыпқырандарымыз халықаралық деңгейдегі аламандарда қатарынан оза шауып, көк байрағымызды көкте желбіретті. Жыл бойы айтулы додалардан жүлделі қайтқан оғландарымызды облыс әкімі қабылдап, сыйсияпат тапсырып, талабын ұштап келді. Әсіресе Германияда бокстан өткен әлем чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Әбілхан Аманқұл пәтер кілтіне, еркін күрестен Париждегі әлем біріншілігінен қола медальмен оралған Ақжүрек Таңатаров қомақты сыйақыға ие болғанын жанкүйерлер басылым бетінен оқып-біліп отырды. Жыл жабылар тұста да облыс басшысы қалыптасқан үрдісті сәтімен жалғастырып, бірқатар сайыпқырандарымызды қабылдап, қаржылай сыйлық табыстады. Олардың қатарында таяуда ғана жүзу спортынан Мексикада өткен әлемдік сында 50 метр қашықтықта алтыннан алқа тағынған (мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында еркін стильден) Зүлфия Ғабидуллина, паратаэквондодан Ұлыбританиядағы әлем чемпионатында жасындай жарқырап, топ жарған Өмірәлі Нышан, самбо күресінен Ресейде өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген Аида Карчаева, кикбоксингтен Түрікменстандағы жабық кешенде жалауы желбіреген Азия ойындарында алтын жүлде иеленген Ақерке Наурызбаева мен Мақсат Үсіп бар. Қандай жарысқа қатысса да, жүлдесіз қайтпай жүрген саңлақтармен жүздескен Кәрім Нәсбекұлы алдымен Мексикада әлем чемпионы атағына қол жеткізген Зүлфия Ғабидуллинаны зор қошеметпен қарсы алып: «Талай сында сыр бермеген біздің Зүлфиямыз жақында ғана Мексикада өткен әлемдік додада тағы да чемпион атанды. Жарайсың, Зүлфия! Жамбыл
жұртшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын!» – деп, даңқты спортшыға ризашылығын білдірді. Бұдан кейін облыс әкімі спорт саңлақтарына түрлі додаларда ел намысын абыроймен қорғап, Жамбыл жерін әлемге танытып жүргендері үшін алғыс айтып: «Барлықтарыңызды шын жүректен құттықтағым келеді. Сіздер облысымыздың ғана емес, еліміздің де мақтанышысыздар. Ата-аналарыңа,
бауырларыңа менен дұғай сәлем айтыңыздар. Келе жатқан Жаңа жыл табысты болсын!» – деген ізгі ниетін жеткізді. К ә р і м Н ә с бе к ұ л ы Ме кс и ка д а ғ ы ә л е м чемпионатында алтын жүлдегер атанған жүзу спортының шебері Зүлфия Ғабидуллина мен паратаэквондодан Ұлыбританиядағы әлем біріншілігінен жеңімпаз атанып оралған Өмірәлі Нышанға 1 миллион теңгенің,
қалған спортшыларымызға 500 мың теңгенің сертификатын табыстады. Өз кезектерінде спортшылар алда тұрған байрақты бәсекелерде тағы да ел мен өңір намысын абыроймен қорғауға бар күштерін жұмсайтындарын айтып, әрқашан спорттық бабын жоғалтпауға тырысатындықтарын сөз етіп, облыс әкіміне алғыстарын жеткізді. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
«Алматы», «Шымкент», «Жаңатас»...
Азық-түлік бағасы неге қымбат? Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА
Атауда да бір сыр бар ғибратты...
Е
Биыл күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларының 11-інің бағасы өскен. Өкінішке қарай, оның ішінде өзге облыстардан тасымалданбайтын, өзімізде-ақ өндірілетін сәбіз, пияз, сүт, сиыр еті де бар. Бағаның біршама қымбаттағаны аздай, Тараздағы жеке кәсіпкерлердің «Дәмдес», «Смарт», «Смолл», «Вкусная корзина» сынды сауда орындары тауарларға 58-150 пайызға дейін үстемеақы қосып, сатылымға шығаруда. Мәселен, базарда сұрыпталған картоптың көтерме бағасы 90 теңгеден болса, «Смартта» – 150, «Алмада» – 170, «Вкусная корзинада» – 145, «Смоллда» 155 теңге төңірегінде. Базардан 60 теңгеден алуға болатын сәбіздің де бағасы осы сауда нүктелерінде 150 теңгеге дейін көтеріңкі бағада сатылуда. А л о н д а ғ ы с ауд а г е р л е р т ау а р л а р ғ а қойылатын үстемеақыны шығындарға сәйкес есептейтіндіктерін айтып ақталуда.
МЕРЕКЕ МЕЗІРЕТІ
4 Тараздың өткенін таразылап біттік пе?
6
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Қырғызстан Президенті С.Жээнбековпен кездесті Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан еш уақытта Қырғызстанға жаманшылық жасаған емес. Сіз сайланғаннан кейін екінші рет кездесіп отырмыз. Минскіде кездестік, көп мәселе шештік. Енді мінекей менің шақыруыммен, ресми сапармен келіп отырған жолыңыз ақ болсын, құтты болсын! Екі еліміздің достығы мен болашағына жұмыс істейтін болсын!», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазақстан көтерілген барлық мәселелерді шешуге әр уақытта дайын. Осы 26 жыл Тәуелсіздік жағдайында жұмыс істеп келе жатырмыз. Мен өз басым, Қазақстан бірде-бір рет Қырғызстанға сөз тигізіп, басқа жағынан жаманшылық жасауға қадам жасаған жоқпыз. Ол дұрыс. Себебі біз келеміз, кетеміз. Екі ел көрші қалады. Бізден бұрын да болған. Әйтпесе ата-бабамыз қайда? Әр буынның мойнында тұрған жүк – сол жақсы қарым-қатынасты келесі ұрпаққа тапсыру. Сондықтан қош келдіңіз, қуаныштымын. Бүкіл халық болып сізді сайлады, сенім білдірді. Құтты болсын!», – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Астанаға ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Елбасына ризашылығын білдірді. «Астанаға түскеннен бастап, алдымыздан жылы ықыласпен күтіп алдыңыздар. Соны көрдік, сезіндік. Алғаш Президент болып сайланған кезімде де жылы сөздеріңізді айтып, тілек айттыңыз. Сіз біздің ағамызсыз, ақсақалымызсыз», – деді Қырғызстан Президенті. Сонымен қатар С.Жээнбеков бұл ресми сапары екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасына - 25 жыл, мәңгілік достық келісіміне қол қойылғанына 20 жыл толуы аясында өтіп жатқанын айтты.
Әбдібек ПОШҚАЕВ:
АҢДАТПА
3
ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ
Жыл басынан бері облыс бойынша өткізілген 249 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бағаны тұрақтандыруға біраз септігін тигізген болатын. Әрі Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Астана. Тәуелсіздік. Рухани жаңғыру» атты ақпараттық пойызы 12-14 желтоқсан күндері облыс аудандарына екі бағыт бойынша тұрақтандыру қорынан 125 тонна азық-түлік жеткізген еді. Бұл да болса, ауыл тұрғындары үшін сеп қой. Алайда 41,7 тонна арзан бағадағы тауар қарапайым тұрғындардың қажетіне жарамаған. Анығында, жергілікті әкімдіктердің шараға немқұрайды қарағандығы салдарынан ауыл жұрты арзан тауарды тұтына алмаған. Тұрғындар ол тауарды қажет деп таппады» деп ақталуы да мүмкін, кейбір басшылар. Аудандардың тұрақтандыру қорындағы тауарларға деген сұранысы 622,4 тоннаны құраған. Ең жоғарғы сұраныс Жамбыл (104,4 тонна), Сарысу (103 тонна), Талас (80 тонна) аудандарынан түскен. Ал, ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметтеріне сүйенсек, дәл осы
аудандарға жіберілген 58 тонна азық-түліктің 25 тоннасы кері қайтарылыпты. Облыстық әкімдік тарапынан тұрғындарды төмен бағада тауармен қамту мақсатында аз іс-шаралар қолға алынып жатқан жоқ. Сүт өнімдерінің бағасы тұрақты болу үшін «Бурный ірімшік зауытына» 28 тонна сүт өнімдерін тұрақтандыру қорының әлеуметтік дүңгіршектеріне бекітілген бағада жеткізуге міндеттелген. «Ақ-БидайТараз», «Хлебная база №3» диірмендері қоймаларында 700 тоннадан астам бидай қорын жинақтаған. Меркі ет комбинатының 30 тонна сиыр етін 1190 теңгеден асырмай саудалау қатаң тапсырылған. Ерте көктемде тұрақтандыру қорына алынып, сақталған 500 тонна картоп, 200 тонна пияз, 1023 тонна қант аталмыш тауарлар қымбаттаған кезде сауда сөрелеріне арзан бағада қойылды. Бұдан басқа да оңды шаруалар көп. Жалғасы 2-бетте.
Шаттыққа бөлеген шырша той Есет ДОСАЛЫ «Баласағұн» орталық концерт залында өткен облыс әкімінің шыршасы балғындар үшін мәңгілік есте сақталатын ерекше сәт болары анық. Облыс әкімінің дәстүрлі Жаңа жылдық шыршасына өңірдің 9-13 жас аралығындағы 100ден аса бала шақырту алған. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж 73 отбасының ұл-қызы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 15 жеткіншек, көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 12 балғын мерекеде өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевпен бірге, әсем безендірілген жасыл шыршаны айналып, ән салды. Мерекелік шараның шымылдығын түрген облыстық мектептен тыс іс-шараларды және ол и м п и а д а л а рд ы ө т к і з е т і н о рт а л ы қ т ы ң «Бозторғай» балғын бишілері қазақ биін биледі. Ортаға жайнаң қағып, би билеп аққалалар шыққан сәтте Жаңа жылдың лебі қатар келгендей сезілді. Мәз-мейрам болған балаларды қардан жасалған кейіпкерлермен ере келген ертегі кейіпкерлері бірден елітіп әкетті. Жалғасы 2-бетте
«Тәуекелшіл адам табысқа жетеді» Жанғазы АХМЕТ О бл ы с о рт а л ы ғ ы н д а ғана емес, ауданда, ауылда
жүріп-ақ абыройлы еңбек етіп, өз кәсібін бастап, оны аяқтан нық тұрғызу, сол арқылы ел дамуына үлес қосу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Еңбекке бейім, елжанды, тәуелсіз елдің тәуекелшіл нағыз азаматы ғана солай ете алса керек. Жуалылық Әбдібек Пошқаев – сондай жан. Ол 2012 жылы тоқтап тұрған ірімшік зауытын өз қаржысымен қайта іске қосып, маркетинг жүйесін кеңейтіп, өнімнің түрі мен өнімділігін арттырды. Білікті басшы мамандарының кәсіби біліктілігін ұдайы шыңдауының арқасында сүт өнімдеріне тапсырыс беретін сауда орындарының саны артып, зауыт өнімдері тіпті Ресейге экспортқа шығарыла бастады. Бұл, сөз жоқ, Әбдібек Үйкекбайұлының табанды еңбеккештігінің арқасы. ...Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес десек, оларды ұрпаққа ұлықтап, ізгілікті істерін насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқанын да айтып өткен жөн. Соның бірі – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсеткен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы. Жалғасы 2-бетте.
БОЛЖАМ
Күн райы қалай құбылады?
«Қазгидромет» РМК Ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Қазақстанда Жаңа жыл кешіндегі ауа райына қатысты синоптикалық болжаммен бөлісті. «Жаңа жылдық ауа райына келер болсақ, Қазақстанның барлық облыстарында тұрақты әрі жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Оңтүстікте – 5-10 кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі», – дейді Ардақ Қалменова Астанада ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Аталған күннен бастап Сібір антициклоны ықпалын тигізіп, ел аумағында ауа температурасы төмендейді.