(ABAI’).
Жамбыл облысты о амды -саяси газет
А
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet
АҺАН Д
Ж
BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
және
Сарысу Са Сар С ар а ры ысу ыс су су ауданы а ау ауд уд у да ан аны н ны ы
Мойынқұм Мой Мо М о ой йы йы ын н ауданы ау ау ауд уд да ан н
ЖАМБЫЛДА
Мойынқұм
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Т.Рысқұлов ауданы
Аса
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
ak-jol-taraz@rambler.ru
№134 (18481), Senbi, 25 qaras’a, 2017 jyl
www. ak jolgazet.kz
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
ПРЕЗИДЕНТ
НД ЖАҺА
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына денсаулық сақтау с а л а с ы н д а м ы ту ғ а а р н а л ғ а н « Д е н с аул ы қ » м е м л е ке т т і к бағдарламасының іске асырылуы жөнінде аралық есеп беріліп, министрліктің алдына қойылған міндеттердің орындалуы туралы ақпарат ұсынылды. Елбасы ауру-сырқаудың алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтіп, салауатты ұлт қалыптастыру ісінде ха лықтың ерекше рөл атқаратынын айтты. – Азаматтарымызды өздерінің д е н с аул ы қ т а р ы н н ы ғ а й т у ғ а т а р т у ы м ы з қ а ж е т. А д а м денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тəуелді. Қалғанының бəрі тек өзіне байланысты болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мəселесіне тоқталып, қазақстандықтардың өмір сүруінің о рт а ш а ұ з а қ т ы ғ ы н 8 0 ж а с қ а дейін көтеру жөніндегі міндеттің өзектілігіне назар аударды. Денсаулық сақтау министрі Қазақстан Президентіне тұрғындар денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсарып келе жатқанын мəлімдеді. – Барлық көрсеткіш бойынша
ахуал тұрақты. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы көтерілуде. Ана өлімінің көрсеткіші төмендеп келеді. Бала өлімінің көрсеткіші де қатарынан бірнеше жыл бойы төмендеуде, – деді Елжан Біртанов. Денсаулық сақтау министрі халықтың денсаулығын жақсарту
бойынша министрліктің қабылдап жатқан шаралары жөнінде айтып, ауру-сырқау белгілерін бастапқы сатыда анықтаудың маңызды екенін атап өтті. – Қазақстанда 2012 жылдан бастап тегін дəрі-дəрмекпен қамту жөніндегі бағдарлама жүзеге
асырылуда. Оның тиімділігі өте жоғары. Бағдарлама аясында 2,5 миллионға жуық адам аурудың 50 түрі бойынша, соның ішінде күретамыр гипертониясы, қант диабеті жəне онкологиялық аурулар бойынша тегін дəрі-дəрмекке қол жеткізіп отыр, – деді Е.Біртанов.
Сондай-ақ, Елжан Біртанов Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілетін алғашқы медициналық қызметтердің сапасын арттыру жəне денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нəтижелері туралы баяндады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы дəрі-дəрмек бағасын мемлекеттік реттеу жəне фармацевтика с а ласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу мəселелеріне ерекше тоқталды. – Менің бағаға қатысты мəселені шешу жөнінде берген тапсырмамнан кейін Фармация комитетінің төрағасы, «СК-Фармация» компаниясының басшылығы жəне бес облыстың басқарма басшылары ұсталды. Дəрі-дəрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс əрекеттер нəтижесінде орын алады, – деді Елбасы. Қазақст ан Пре зиденті а лға қойылған міндеттердің уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуді жəне денсаулық сақтау саласына, соның ішінде дəрі-дəрмектерді сатып алу үрдісіне тиісті бақылау орнатуды тапсырды. Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев Е.Біртановқа өзі басшылық ететін салаға дербес жауап беретінін ескертті.
ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ
ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМҒА – АЙРЫҚША НАЗАР Кеше облыс əкімі Кəрім Көкірекбаевтың үкіметтік емес сектор өкілдерімен арнайы кездесуі өтті. «Мемлекеттік органдар жəне ҮЕҰ: стратегиясы мен əрекеттесу тетіктері» тақырыбында өткен жиын барысында азаматтық қоғам институттарының облыста атқарып жатқан жұмыстары, олардың мəселелері мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды. Жергілікті билік тарапынан қоғамдық ұйымдарға көрсетіліп жатқан көмек пен қолдау, өз кезегінде үкіметтік емес сектордың атқарып отырған жұмыстары мен олардың тұрғындар арасындағы мəселелерге ықпалы жайлы өрбіген келелі кездесу бойынша жазылған мақаланы газетіміздің келесі санынан толық оқитын боласыздар. «Ақ жол-Ақпарат».
Ы ҢҒ
НІ ҚАРСАҢЫНДА Ү К Т Н ИДЕ З Қазақстан Е Р Республикасының Тұңғыш ШП
ТҰ
Президенті күні қарсаңында Қордай ауданында мемлекеттікжекеменшік əріптестік негізінде салынған алты бірдей балабақша ашылмақ. Соның бірі – аудан орталығында бой көтерген «Ақбота» бөбекжайы осы аптаның басында пайдалануға берілді.
Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН, «Ақ жол». «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Əбдірахымов облысымызға сапарын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мəжіліс залында партия активі жəне мемлекеттік орган басшыларымен кездесуден бастады. Жиында партия төрағасының тапсырмалары жəне м е м л е ке т т і к б а ғ д а рл а ма л а р м е н
(Жалғасы 2-бетте).
ЖАЗЫЛЫМ – 2018
Құрманбек ƏЛІМЖАН, «Ақ жол».
бөлінген қаржыға ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттікжекеменшік əріптестікті орнату тетігі арқылы кəсіпорындар, шағын жəне орта бизнес субъектілері де бұл іске өз үлесін қосуда, – деді ғимараттың ашылу салтанатында сөз алған аудан əкімінің орынбасары Бейқұт Жамангөзов.
ҚЫТАЙ 2018 ЖЫЛЫ «ҚЫТАЙ-ЕУРАЗИЯ» АЛТЫНШЫ ЭКСПО КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
2018 жылдың тамыз айында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Үрімші қаласында «ҚытайЕуразия» 6-ыншы ЭКСПО көрмесі өтеді. Көрменің жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайтын болады. Онда кедейлікпен күрес, ерекше азық-түліктер, баспа өнімдері және тағы басқа да тақырыптарға арналған павильондар ашылады. Жәрмеңке аясында сонымен қатар министрліктер деңгейінде 15 форум жоспарланған. Жәрмеңкенің ұйымдастыру комитеті бастығының орынбасары Хуан Саньпин «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-сы Қытай мен еуразиялық елдер арасында ынтымақтастық орнатудың маңызды алаңына айналғанын атап өтті. АРГЕНТИНА СҮҢГУІР ҚАЙЫҒЫ ЖОҒАЛҒАН АУМАҚТА СИГНАЛ АНЫҚТАЛДЫ
Аргентина әскери-теңіз күштерінің жоғалған «Сан-Хуан» сүңгуір қайығын іздеуге жұмылдырылған бірнеше кеме және ұшақтар сигнал анықталған жаққа қарай жіберілді. Іздеудің жаңа аумағы Рио-Негро провинциясының (орталық Аргентина) жағалауларынан 426 километр қашықтықта орналасқан. 44 адамнан құралған экипажы бар «Сан-Хуан» дизельді-электрлі сүңгуір қайығымен 15 қарашадан бері байланыс үзілген.
Д БЫЛ ЖАМ
А
ТАРАЗ ҚАРТ ТЕМІРЖОЛШЫҒА ҚҰРМЕТ
Жамбыл вагон депосында қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп, зейнетке шыққан теміржолшы Темирян Шаңғараев жүз жасқа толып отыр. Ғасыр жасаған Ұлы Отан соғысы мен темір жол саласының ардагерін мерейлі жасымен өңірдегі темір жол бөлімшесінің басшылығы мен ұжымы құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Темір жолда талай жылдар бойы тер төккен қария өзінің бай-қуатты қалпымен, қонақтарды құрметпен қарсы алды. 1917 жылы Башқұртстанда туып, 19 жасында әскер қатарына алынған сарбаз Жеңіс туын көтеруге ұлес қосады. Аман-есен елге оралып, Жамбыл вагон пайдалану депосында зейнетке дейін табанды еңбек еткен. ШУ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Аудандағы №40 орта мектепте «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Аталмыш жиын аясында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылып, лентасы қиылды. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша офис-менеджері Айжан Тастанова қонақтарды бөлменің жабдықталуымен, оның құрылымымен таныстырды. Мұнда Елбасы мақаласында айтылған барлық жобалар көрініс тапқан. Сондай-ақ, Шу ауданының киелі жерлерінің картасы да көпшілік назарына ұсынылған.
Алысты жақындатар - ат, Жақынды алыстатар - жат. ЖАЗЫЛЫМ – 2018
АЛТЫ БАЛАБАҚША АШЫЛАДЫ – Елбасының тапсырмасымен қабылданған «Балапан» бағдарламасы аясында соңғы жылдары бүлдіршіндерді балабақшамен қамтудың кешенді шаралары қ ол ғ а а л ы н д ы . С о н ы ң н ə т и ж е с і н д е ауд а н д а барлығы 21 мемлекеттік, 22 жекеменшік балабақшада 5010 балғын мектепке дейінгі тəрбиемен қамтылған болса, олардың қатары бүгіннен бастап т а ғ ы д а а рт а т ү с ед і . Біз балдырғандарды ба лабақшамен қамту мəселесін бірнеше бағытта шешіп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органның көмегімен бюджеттен
А
тұрғындар өтініштерінің орындалу барысы қаралды. Ке з д е с уд і о бл ы с ə к і м і К ə р і м Көкірекбаев ашты. Ол өз сөзінде Ғабидолла Əбдірахымовты жаңа қызметке тағайындалуымен əріптестерінің атынан құттықтап, табыс тіледі. Сонымен қатар, күн тəртібіндегі мəселелерге тоқталып өтті. – Бүгінгі кеңесте бірқатар келелі мəс елелер қаралады. Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы білім
беру жəне ғылымды дамытудың 20162019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының облыста орындалу барысын сөз етсек, екіншіден, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нəтижесі əңгіме өзегіне айналады. Үшіншіден, Мемлекеттік жастар саясаты мен облыстағы əлеуметтік саланың жағдайы баяндалады, – деді облыс əкімі Кəрім Нəсбекұлы. (Жалғасы 2-бетте).
ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ РУХАНИ АЗЫҒЫ «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3246,48 теңге 1 жылға – 6492,96 теңге ИНДЕКСІ 15457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2911,32 теңге 1 жылға – 5822,64 теңге ИНДЕКСІ 15457
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2996,46 теңге 1 жылға – 5992,92 теңге ИНДЕКСІ 65457
Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2661,30 теңге 1 жылға – 5322,60 теңге ИНДЕКСІ 65457
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.
МОЙЫНҚҰМДЫҚТАР КӨШ СОҢЫНДА КЕЛЕДІ Облыстың бас басылымы – «Ақ жол» газетіне жазылым жүріп жатқанын көпшілікке жариялап жатқалы əлденеше уақыт болды. Газеттің жанашыр азаматтары мен тұрақты оқырмандары жазылым науқаны баст а ла с а лысымен-ақ, «Қазпошт а» бөлімшелерінен табылып, күні бұрын жылдық «рухани азығын» жинап алды. Ал, бұл істі əлі де алдағы уақыттың еншісіне қалдырып жүргендер жетерлік. Оған дəлел ретінде облыс қалалары мен аудандары тұрғындарының газетке жазылу науқанына қатысу рейтингінен көруге болады. Он мыңдаған тұрғыны бар аймақтардың жүздеген ғана газетке жазылуы соның бір айғағы. «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы мамандарының апта басында берген талдау-сараптамалық көрсеткішіне сүйенсек, Мойынқұм ауданында небəрі 299 адам. Сондай-ақ, таластық ағайынның тек 324-і «Ақ жолға» жазылған. Жалпы, жазылым науқанына əлі де немқұрайлы қарап отырғандар қатарында Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандары бар. Ал, өткен көрсеткіште көш бастаған Қордай бұл жолы соңғы орындарда қалып қойып отыр. «Ақ жолға» жазылуда ең алдыңғы қатарға шыққан – Жамбыл ауданы. Одан кейінгі кезекте Шу, Меркі, Байзақ, Сарысу аудандары тұр. Осылайша, көрсеткіш апта сайын алуан түрлі деңгейді көрсетуде. Бастысы, басылымдарға жазылу науқанында тұрғындар белсенділік танытып, мүмкіндіктерін қалт жіберіп алмаса болғаны. Əсіресе, əр шаңырақтың, əр мекеменің төрінен табылуы тиіс «Ақ жолға» жазылуды ұмытпаңыздар, ағайын!