25 маусым пдф 2015 ж

Page 1

ЖАМБЫЛДА

Сарысу ауданы

Мойынқұм ауданы

ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Мойынқұм

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

№77 (18111), Бейсенбі, 25 маусым, 2015 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

ПРЕЗИДЕНТ

ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІ – ҰЛЫ МІНДЕТ Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады. Ке з д е с у б а р ы с ы н д а Н.Әбіқаев Қазақстан Президентіне ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру және терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

СҮЙЕР ҰЛЫҢ БОЛСА, СЕН СҮЙ, С ҮЙІНЕР ГЕ Ж АРА

«БІЗ СЕНДЕРДЕН ҮЛКЕН ҮМІТ КҮТЕМІЗ, БАТЫРЛАР!»

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Меркі

Қордай ауданы Қордай

Бауыржан Момышұлы

=ТАРАЗ Құқық қорғаушылар арасында полиция күніне арналған «Тезірек, күштірек, сенімдірек» девизімен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. «Динамо» ДШСП бірінші орынбасары Ж. Ысқақ пен ІІД кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі И. Зайнулин аталған шараны ашып берген соң, эстафеталық жүгіруден 15 команда өз шапшаңдықтарын сынады. Шағын футболдан турнир өтті. Ішкі істер департаментінің жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері спорттың екі түрінен де ешкімге дес бермеді. Полиция полковнигі А. Арғынбаев «Ең үздік футболшы ардагер» атанды. =ЖАМБЫЛ Аудандық аурухананың бас медбикесі Бұлбұл Қосарова, терапия бөлімінің аға медбикесі Сәуле Асылбекова және балалар бөлімінің аға медбикесі Қазима Тайжанова Астанадағы Ұлттық медициналық ассоциациясының «Мейірім» медалімен марапатталды. Астанада өткен салтанатты жиында оны ассоциация президенті А.Садықова табыс етті. = МОЙЫНҚҰМ Мемлекеттік қызметшілер күніне орай дүбірлі жарыс өтті. Футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, шахматтан өткен жарысқа Хантау, Мыңарал, Биназар, Кеңес, Бірлік, Қызылтал, Ұланбел, Қарабөгет, Мойынқұм ауылдық округтері мен аудан орталығындағы мемлекеттік мекемелерден командалар қатысып, өзара сайысқа түсті. Жарыс соңында жүлделі орын алған командалар бағалы сыйлық пен мақтау қағаздарға ие болды. = ТАЛАС Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, жұмыс беру жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкеге қатысқан 150 білімгердің 6-уы – Аманкелді газ өңдеу зауытына, 10-ы «Талас инвесткомпани» ЖШС-на, 20сы «Жамбыл-Недр» цемент зауытына, 15-сі «ҚаратауМрамор» ЖШС-на және 4-еуі «Игілік» мекемесіне жұмысқа тартылатын болды.

Р ОЛ ! БҮКІЛӘЛЕМДІК БОКС СЕРИЯСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ОЛЖАС СӘТТІБАЕВ ПЕН АСЛАНБЕК ШЫМБЕРГЕНОВТІ ҚАБЫЛДАҒАН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ОСЫЛАЙ ДЕДІ

Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол». «Еліңді сүйсең, ерлік жасайсың». Иә, бүкіләлемдік бокс сериясында топ жарған «Астана арландары» бокс клубының әрбір мүшесі жеңіс жолында жанкештілік танытты. «Куба қабыландарынан» айласын асырған қазақстандық клубтың жеңісі бәрімізге үлкен қуаныш сыйлады. Ол қуанышты әлемнің 20-дан астам елінің жанкүйерлері теледидар арқылы тамашалады. Ақтық сында қазақстандық клуб сапында өнер көрсетіп, команда үшін маңызды ұпайларға қол жеткізген жерлестеріміз Олжас Сәттібаев пен Асланбек Шымбергенов атты қос батырды кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, былғары қолғап шеберлеріне ризашылығын білдірді. «Сол күні Олжастың кездесуін көрдім. Олжас, стилің біраз өзгеріпті. Қазір кім жаттықтырып жүр?» деп сұрады облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы. «Қазір кезінде Серік Сәпиевті дайындаған Александр Стрельниковтан тәлім алып жүрмін» деп үн қатты Олжас көзінен қуаныш нұры себезгілеп. «Олжас, Асланбек, сендер біздің мақтанышымызсыңдар. Отан үшін, елдің абыройы үшін төккен терлерің ақтала берсін. Сендер әлі жассыңдар. Үлкен жарыстарда топ жара түсіңдер. Бірің олимпиада чемпионын, бірің лицензия иегерін жеңдіңдер, біз сендерден үлкен үміт күтеміз, батырлар!» деп өңір басшысы қос боксшыға сәттілік тілеп, сый-сияпат жасады.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

ЕЛ ЫРЫСЫ ОТҚА ОРАНБАСЫН Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». Жаздың алғашқы айының екінші жартысында күн күрт ысыды. Осы аптап ыстықтың түсуімен аудандарда астыққа орақ түсті. Қазір күн тәртібінде ел ырысы – алтын дәнді ысырапсыз жинап алу өткір тұр. Сондықтан да облыс әкімі аппаратының дәстүрлі апталық кеңесі

көрсеткен облыс әкіміне ризашылығын білдіріп, бар күш-жігермен еңбек ететінін жеткізді. А п п а р ат ке ң е с і н д е « Е г і н о ру науқаны барысы және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бейбітбек Жайлыбаев хабарлама жасады. (Жалғасы 3-бетте).

Халық мақалы. 2015 жылдың 1-3 шілдесі күндері

ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ ДІНІҢ ТҰРСЫН ДІН АМАН

АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ – РАМАЗАН АРДАГЕРЛЕР БАС МҮФТИДІҢ ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСУДА Ғасырлар тоғысында атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл дініміз – Ислам өркендеп келеді. Ақиқаттың өзегі болған Құран мен сүннет жолын ұстану қазақ халқының маңдайына жазылған бақ деп білемін. Рухани сергелдеңге кетірген Кеңес дәуірі тозығына жетіп, көк байрағымыз көгімізде желбірегелі ата дініміз еркіндікке қауышты. Бүгін де жастардың иман жолымен жүруі өте қуантарлық. Иманды жас барда, жарқын болашақ бар деп сенемін. Мұсылман елі үшін Алланың сый еткен мерекелері үлкен нығмет. Оның ішінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмбетінің айы – Құран айы. Ай мен күн алмасып, он екі айдың сұлтаны, айлардың қасиеттісі мүбәрак Рамазан төрімізге жайғасты. Бұл ай үлкенге де кішіге де, қарт пен жасқа да ерекше қастерлі. Иман келтіргендер ораза ұстап, жамандықтардан тыйылады, өздерін тақуалыққа тәрбиелейді. Адамдардың қарым-қатынасы жақсара түседі. Өкінішке қарай, мына өмірде кездесіп қалатын өкпе, араздық бұл айда көбіне жайына қалып, өзара сыйластық, мейірімділік мерейі өседі. Қарттар марқайып, жастар бой түзейді, ой түзейді.

Бүлдіршіндер жарамазан айтып, Алла деген адамның жүрегін елжіретіп тәрбиемен сусындайды. Мешіттер иманды қауымға толып, үздіксіз Алла сөзі Құран оқылады. Осы айға байланысты шыққан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Үндеуін үлкен ықыласпен оқып шықтым. Ондағы қозғалған қай-қайсы мәселелер болса да өте орынды деп білемін. Сауабы еселеніп жазылатын айды халық болып игілікке толтырсақ нұр үстіне нұр болмақ. Бас мүфти ұсынып отырған іс-шаралар имандылардың ғана емес, күллі отандастарымыздың арасындағы ынтымақ, бірлікті одан ары нығайтып, бекемдей түсуге ықпал ететіндігі күмәнсіз. Осынау екі дүние үшін де сауабы аса мол игілікті істерден біздің өлкемізді мекендеп, өмір кешіп жатқан бірәдәрлардың қай-қайсысы болса да сырт қалмас деп сенемін.

Қанат ТІЛЕПБЕРГЕН, «Ақ жол». Ұлтымыздың мәдениеті мен өнерін дамыту жолында Елбасымыздың «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауына үн қосып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Конституцияның 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекелеріне орай облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық филармония ұжымы бірлесе ұйымдастырған республикалық «Қаратау сарыны» дәстүрлі музыка фестивалі басталды. Облыстық филармония ұжымы жыл-он екі ай талғамы жоғары көрермен үшін тынбай еңбек еткеніне өнерсүйер қауым дән риза. (Жалғасы 8-бетте).

Облыс əкімі К.Көкірекбаевтың Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауының жүзеге асырылу барысына арналған ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтеді. Сұрақтарыңызды 1-3 шілде күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге www.egov.kz веб-сайтындағы сілтеме арқылы жолдауларыңызға болады.

45-98-99, 45-94-61

ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨҢІР

Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА

Арғынбай БЕКБОСЫН, ақын, жазушы, қоғам қайраткері.

Ән әуелеп, күй күмбірлеп...

ТАҒАЙЫНДАУ Жамбыл облысы әкімінің 2015 ж ы л ғ ы 1 9 маус ы м д а ғ ы № 2 5 8 ө өкімімен А.Т.Нұралиев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Абдалы Тоқбергенұлы Нұралиев 1959 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, 1981 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген, техника ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1981 жылы Торғай облысының Жақсын элеваторында шебер болып бастаған. 1983-1987 жылдары Челгашинский элеваторының бас инженері, 1987-1988 жылдары Державинский эл е ватор ы ның ди р е к то р ы, 1 9 8 8 - 1 9 8 9 ж ы лд а р ы Челгашинский элеваторының директоры, 1989-1996 жылдары Бурный астық қабылдау кәсіпорнының директоры, 1996-2001 жылдары «Алтын дән» АҚ-ның президенті, 2001-2003 Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2007 жылдары Байзақ ауданының әкімі, 2007-2012 жылдары Т.Рысқұлов ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2012 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың маусымы аралығында Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

осы мәселеге арналды. Кеңесті облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев ашып, облыс әкімінің орынбасары болып жаңадан тағайындалған Абдалы Нұралиевтің еңбек жолымен таныстырды, ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысатын жаңа орынбасарына бірқатар міндеттер жүктеп, қызметіне сәттілік тіледі. Абдалы Тоқбергенұлы өзіне сенім

Ердің атағы туырлықтай, Өзі бұлдырықтай.

, Й А Л А Қ Ң Ы Й А Ж ? «ЗЕРБҰЛАҚ»

«ЗЕРБҰЛАҚТЫҢ» ЖАЙЫ ЖАМБЫЛДЫҚТАРҒА ЖАҚСЫ ТАНЫС. ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ЖАЗ САЙЫН КӨЛДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН АЙТЫП, ДАБЫЛ ҚАҒАДЫ ДА ЖАТАДЫ. ЕНДІ ҚАЙТСІН, АПТАП ЫСТЫҚТАН ЖАН ШАҚЫРАТЫН ЖАЛҒЫЗ ЖАҒАЖАЙ ОСЫ БОЛҒАН СОҢ. АЙДЫН КӨЛДІҢ СУЫНА ШОМЫЛУДЫҢ ПАЙДАСЫН БІЛЕТІНДЕР ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ БАҒАЛАНБАЙ ЖАТҚАНЫНА ЖАНЫ КҮЙЕТІНІ АНЫҚ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.