ТАРИХЫМЕН САБАҚТАЙТЫН ЕРТЕҢІН, Ж Е ДЕ Л
Х
МЕРЕЙІ АСТЫ МӘРТЕБЕЛІ ӨЛКЕНІҢ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
ak-jol-taraz@rambler.ru
Оқырмандарымның есінде шығар. «Ай мен Айша» атты еңбегімде жазғанымдай, мен кезінде әлемнің көптеген елдерінде болдым. Талай жерге табаным тисе де мені туған жерім, балалық шағымның ізі қалған киелі өлке Жамбыл жері өзіне тартады да тұрады. Мұның сыры туған жер деген ұғымның қасиеттілігінде болса керек. Жамбыл өңірі осыдан жетпіс бес жыл бұрын Оңтүтік Қазақстаннан енші алып, өз алдына ірге тікті. Кең байтақ қазақ елінің жағрафиясын тағы бір өңірге ұлғайтты. Бұл тарих үшін тым қысқа көрінуі мүмкін, ал уақыт тұрғысында әжептәуір кезең. Жамбыл жерінің барлық аймағы өз ерекшелігімен дараланады. Соның ішінде маған Жуалыдай табиғаты тамылжыған аймақта мына дүниенің есігін ашып, өмірге қанаттану бақыты бұйырыпты. Бұл да мен үшін зор мақтаныш. Қысы қатқылдау өлкеде менің азаматтық келбетім, өзіндік ұстанымым қалыптасты. Осы кейін ер жеткенімде менің өзіндік болмысыма айналды. Еліме қызмет ету жолында қолыма қалам алдырды. Қаламгерлік тұрғыда да жеткен табыстарым үшін туған жеріме қарыздармын. Жамбыл облысы менің өмірімнің ажырамас бөлшегі. Кемел шаққа келген облысымыздың мерейі әрдайым үстем болсын. Даңқы шарықтасын! Берекесі мен бірлігінің көбесі сөгілмесін! Қалғаны өзі келеді.
ОБЛЫСТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» АЛЛЕЯСЫН АШУДАН БАСТАЛДЫ
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жиылған қауымды облыстың 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, жан-жағы абаттандырылған «Еңбек даңқы» аллеясының ашылуына байланысты жылы лебізін арнады. «Қасиетті Жамбыл өңірінен көптеген елге қорған болған батырлар, айтулы ақын-жазушылар, өнер, спорт саңлақтары, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және басқа да салада үздік атанған атақты аға-апаларымыз шықты. Олардың ел үшін сіңірген зор еңбектері келешекке үлгі болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты саясатының арқасында еліміздің өркендеп, өңіріміздің көркеюіне баршамыз үлес қоса берейік» деп тілегін жеткізген аймақ басшысы Кәрім Нәсбекұлы
арнайы тақталарға есімдері жазылған облыстың және Тараз қаласының Құрметті азаматтарына, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, Әлем және Азия чемпионаттары мен Азия ойындарының жеңімпаздарына елге, облысқа сіңірген орасан еңбектері үшін алғысын білдірді. Сөз кезегін алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, облыстың Құрметті азаматы Арғынбай Бекбосын тамыры терең тарихы бар Таразда өтіп жатқан қуанышты шараға келген туған жер перзенттеріне ізгі тілегін жолдады. Ал каратэ-додан Әлем чемпионы, жақында ғана Инчхонда өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Гузалия Гафурова Қазақстанның туын әлемдік жарыстарда биікке көтеріп, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жамбылдық спортшылар атынан ел ағаларына жасап отырған игілікті тірліктері
үшін ризалығын айтты. Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің еңселі ескерткіші қатарынан орын тепкен «Еңбек даңқы» аллеясы демалыс саябағына өзіндік көрік беріп тұрғаны сөзсіз. Жұртшылық облыстың әр саласы бойынша бетке ұстар Құрметті азаматтарының аты-жөндері жазылған үш тақтаға көз тоқтатып, субұрқақтар айналасына орнатылған орындықтарда бір сәт демалса, балалар ою-өрнекті плиталар төселген алаңқайда алаңсыз серуендей алады. Салтанатты рәсімнен соң жамбылдықтар мен қонақтар аталған аллеядағы Құрмет тақталарын аралап көрді. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
АУДАНДАРДА
ТАЛАС ТА ҚУАНЫШ ҚҰШАҒЫНДА Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол». Қаратау қаласында облысымыздың 75 жылдығына арналған акция өтті. Оған қаладан мекемелер мен ұйымдардың өкілдері, оқу орындарының ұстаздары, білімгерлері жиналды. Жұртшылық алдында Талас ауданы әкімінің орынбасары С.Дадабаев құттықтау сөз сөйлеп, облысымыздың жетпіс бес жыл ішіндегі қол жеткен табыстарына жан-жақты тоқталды. Талас ауданының құрметті азаматы Байзақ Көлбайұлы ел Тәуелсіздігінің арқасында, Елбасының көреген саясатының нәтижесінде Қазақстанның, оның ішінде облыстың жаңа дәуірінің басталғанын мақтаныш сезіммен айтты. – Отанды сүю отбасынан басталады десек, – деді М.Әуезов мектебінің мұғалімі А.Байболатова, – онда бүгінгі жас ұрпақ өлкесінің тарихын біліп қана қоймай, онымен мақтануға тиісті. Жетпіс бес жыл ішінде Қазақстандағы іргелі облыстардың біріне айналған өңіріміз үшін біз мақтанамыз. Жиын соңында Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде өнерпаздар мерекелік концерт қойды. Сөйтіп, жұртшылық туған өлкесінің тарихи күнін зор қуанышпен атап өтті. Талас ауданы.
БІТЕ ҚАЙНАП ӘР ДӘУІРДІҢ ӘР ҮНІ,
ҚАЛЫҚТАДЫ ҚАРАТАУДЫҢ САРЫНЫ САН ДӘУІРЛЕРДІҢ СОҚТЫҚПАЛЫ, СОҚПАҚТЫ СӘТТЕРІН, КЕЗЕҢДЕРІН БАСТАН ӨТКЕРГЕН КӨНЕ ШАҺАР ТАРАЗДА ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖЕТПІС БЕС ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ БАРЛЫҚ САЛТАНАТҚА САЙ ТОЙЛАНДЫ. ТАРАУ-ТАРАУ ТАРИХ ПАРАҚТАРЫНА ТҮРЛІ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ТАРАМ-ТАРАМ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛЫ ДА САНҚИЛЫ, АЛУАН. АЛАТАУМЕН АСТАСЫП, ҚАРАТАУМЕН БІТЕ ҚАЙНАСЫП ЖАТҚАН ӨҢІР ТОЙЫ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» АЛЛЕЯСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНАН КЕЙІН «БАЛАСАҒҰН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДАҒЫ КӨРМЕГЕ ҰЛАСТЫ.
(Жалғасы 2-бетте).
ШЫРЫН МАМАСЕРІКОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ, АҚЫН.
шу
Шерхан МҰРТАЗА, Халық жазушысы.
еңсесі биік
Лесбек САЙЛАУБЕК, «Ақ жол».
Қымбатты жерлестер! Барша облыс жұртшылығын Жамбыл облысының 75 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын! 75 жылдық тарихы бар Жамбыл облысы бүгінде елімізде экономикасы дамыған, әлеуеті өскен өлке. Әрбір төбесі тарих, әрбір биігі шежіре Әулиеата жері киелі өңір. Бұл өңірден небір айтулы ғалымдар мен өнер саңлақтары, ақын-жазушылар, аттары әлемге танылған спорт шеберлері, ірі мемлекет және қоғам қайраткерлері шыққан. Мен үшін де қасиетті Жамбыл жері мен киелі Әулиеата өлкесінің тарихы мен тағдыры, табысы мен жетістігі, қуанышы мен шаттығы әрқашанда бөлек. Бүгінгі күні Жамбыл облысының келешегі кемел, болашағы баянды болары сөзсіз. Өйткені, Жамбыл жұрты бақытын еңбектен, байлығын бірліктен, татулығын ынтымақтан тапқан ел. Бұл атадан қалған ұлы жол, мәңгі жалғасын жоғалтпас дәстүр. Осы жолда жолымыз болғай! Мерейлі мереке құтты болсын! Той тойға ұлассын! Ізгі ниетпен, Бақытжан САҒЫНТАЕВ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары. Құрметті Кәрім Нәсбекұлы!
ша
ТАРАЗЫМ ТАРТАДЫ ДА ТҰРАДЫ
ЕЛІН СҮЙГЕННІҢ
ыр-
С ЖАҚСЫ
ЖАРЫМ ЫРЫС
Құрметті Кәрім Нәсбекұлы! Сізді және өзіңіз арқылы бүкіл жерлестерімді Жамбыл облысының 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Облыс тұрғындарының бұл мерейлі межеге еліміздің жан-жақты өрлеу үстіндегі өңірлерінің бірі ретінде келіп отырғанына өте қуаныштымын. Өзіңіздің басшылығыңызбен облыс экономикалық және әлеуметтік салалардағы табыстарын алдағы кезде одан әрі арттыра түседі деп сенемін әрі соны тілеймін. Тойдың барынша мазмұнды да тағылымды өтуіне тілектеспін. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ.
ҚАЙ САЛАДА БОЛСЫН, ЕЛІМІЗДІҢ, ӨҢІРІМІЗДІҢ ӨСІП-ӨРКЕНДЕУІНЕ АЙРЫҚША ЕҢБЕК СІҢІРГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ЕСІМІН ЕРЕКШЕ АТАП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ. ТОЛАҒАЙ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗІП, ТУҒАН ЖЕРДІҢ, ТУҒАН ЕЛДІҢ ДАҢҚЫН АСҚАҚТАТҚАН ТҰЛҒАЛАРЫМЫЗДЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ ӘРҚАШАНДА ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ. ЫРЫС-ҚҰТ ДАРЫҒАН, ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БҰЛ АСЫЛ ҚАСИЕТІ УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН ЖАҢҒЫРЫП, ЖАЛҒАСУДА. СОНЫҢ АЙҚЫН БІР ДӘЛЕЛІ, ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛУ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ, КЕШЕ ТАРАЗДА ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ АТЫНДАҒЫ САЯБАҚ АЛДЫНДА «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ. ЖЕТПІС БЕС БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРҒАН ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ МЕРЕЙЛІ ТОЙЫНА ЖАМБЫЛДЫҚТАРМЕН ҚАТАР, ЕЛІМІЗДІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН КЕЛГЕН ОСЫ ӨҢІРДЕН ТҮЛЕП ҰШҚАН ЖАҚСЫЛАР МЕН ЖАЙСАҢДАР АТАЛҒАН АЛЛЕЯНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ІРІ СЕРІКТЕСІНЕ АЙНАЛДЫ
– ӨЗ
ТОЙ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢ ТІК
ПРЕЗИДЕНТ
Елбасы Дүниежүзілік банк тобының басқарушы директоры және операциялық мәселелер жөніндегі директоры Шри Мульяни Индраватиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік банк тобы арасындағы, соның ішінде 2014 жылы мамырда қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік жаңа келісім аясындағы ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған түрлі экономикалық сынқатерлерді қарастырды. Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік банк Қазақстанның стратегиялық серіктесі екенін, онымен біздің еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бері ынтымақтасып келе жатқанын айтты. – Сіздің банктің бағалауы бойынша, Қазақстанда бір кездері 35 пайыз болған, табысы күнкөріс шегінен төмен халықтың үлесі 3 пайыздан төмен көрсеткішке дейін қысқарды. Біз мұны үлкен жетістік санаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ш. Индравати өз кезегінде Қазақстанның өңірлік және жаһандық ықпалдастық саласындағы ілгерілеуін атай отырып, біздің еліміз су және энергетика ресурстарын пайдалануды өңірлік реттеу мәселесінде маңызды рөл атқаратын болады деп үміттенетінін жеткізді. Қазақстан Дүниежүзілік банк тобына 1992 жылы қосылды. Сол уақыттан бастап, 41 жобаны жүзеге асыру үшін жалпы мөлшері 6,8 миллиард доллар ұсынған Дүниежүзілік банк еліміздің даму мәселелері жөніндегі ірі серіктесіне айналды.
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
www. akjolgazet.kz
Ж
№148 (18005), Сенбі, 25 қазан, 2014 жыл
А
АР ТТ
Жамбыл облысының 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға шақыру жолдағаныңыз үшін Сізге алғыс білдіремін! Қазақтың дархан даласының төсінен орын алған бұл мекен ежелден түрлі халықтардың рухани байлығын тоғыстырған киелі жер болып табылады. Ұлы Жібек жолы бойында шоғырланып, тарихымыздың темірқазығы болған Тараз және Құлан, Меркі, тағы басқа да қалалар қазақ жерінде жоғары мәдениеттің дамуына зор үлесін қосты. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бүгінде Қазақстан Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпірге айналуы тиіс. Еуропа елдерін Қытаймен байланыстыратын алып қатынас жолының Жамбыл облысының аумағы арқылы өтуі осы мақсатқа жасалған маңызды қадам болып саналады. Облыстың өндірістік әлеуеті өте жоғары. Экономиканың түрлі салаларындағы кең ауқымды өнімдерді өндіретін кәсіпорындар осы өңірде шоғырланған. Жамбыл облысы тек өзінің тарихы байлығымен ғана ерекшеленбейді. Еліміз мақтан тұтатын батырлар мен атақты еңбек және қоғам қайраткерлерінің, дарынды қылқалам мен өнер шеберлерінің әйгілі саңлақтары өсіп-өнген шежірелі де қасиетті аймақтың өткені – тарих, бүгіні – кемел, ертеңі – жарқын. Барлық жамбылдықтарға өсіп-өркендеу мен бақ-береке тілеймін! Әрқашан аспанымыз ашық болсын! Балаларыңыз Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналсын! Ізгі ниетпен Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
ҚҰТ ДАРЫҒАН
жері
ЖАН САРАЙЫ ЖАРЫҚ, ЕҢ ҚОНАҚЖАЙ ХАЛЫҚ. ТАРАЗДЫҚТАР ДЕЙДІ ШЕЖІРЕЛІ ТАРИХ.
БАТЫРЛАР ДА ТУҒАН, АҚЫНДАР ДА ТУҒАН. ТОПЫРАҒЫҢНАН ЖАСТАР, АСЫЛ АРМАН ҚУҒАН.
КИЕЛІГІ НАНДАЙ, ТАТУЛЫҒЫ БАЛДАЙ. ТӘҢІР НҰРЫН ТӨККЕН ТАРАЗ ЖҰРТЫ ҚАНДАЙ!
КӨСЕМ ҚАЛА,ТАРАЗ, ӘСЕМ ҚАЛА, ТАРАЗ. АҚЫЛ-ОЙДЫҢ КЕНІ – АБЫЗ, ДАНА, ТАРАЗ!
ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ ЕЛІ, ҚҰТ ДАРЫҒАН ЖЕРІ. ҚЫЗҒАЛДАҚТАЙ ҚЫЗЫ, ЖІГІТТЕРІ-СЕРІ.
СӘУКЕЛЕДЕЙ СӘНДІ, МАХАББАТТАЙ МӘНДІ. ТАҢҒАЖАЙЫП ТАРАЗ, ЖАСАЙ БЕРШІ МӘҢГІ!!!
Ер жақсысы елін сағынар, Ат жақсысы жерін сағынар. Халық мақалы.
МЕРКІ АУДАНЫ.
ЖАЗЫЛЫМ – 2015
“АҚ ЖОЛҒА”
жазылыңыздар, ағайын!
« ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН 1 жылға
6 айға
Индексі
Ауыл тұрғындары үшін
4227.0 теңге
2113.5 теңге
65457
Қала тұрғындары үшін
3768.36 теңге
1884,18 теңге
65457
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН 1 жылға
6 айға
Индексі
Ауыл
4726.92 теңге
2363.46 теңге
15457
Қала
4268.28 теңге
2134.14 теңге
15457