BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.
ЕЛ МЕН ЖЕР ТЫНЫСЫ
(ABAI’).
Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
ak-jol-taraz@rambler.ru
№143 (18490), Bei’senbi, 21 jeltoqsan, 2017 jyl
Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.
www. ak jolgazet.kz
Елдікке үндеген ерекше күн Салтанатты шараға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібаев сынды бірқатар атқамінер азаматтар, ардагерлер, әскери құрылымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Сөз жоқ, ерлік ешқашан да ұмытылмайды, еңбек те елеусіз қа лмақ еме с. Тәуелсіздігімізді сан ғасыр армандаған бабалардың, ел еркіндігі жолында жанын қиған батырлардың рухына көрсетілген құрмет осының айғағы. Мереке күнгі патриоттық шара орталық «Достық» алаңындағы мерекелік ко н ц е р т п е н ж а л ғ а с ы н тапты. «Азия» тобы және облыстың өнер шеберлерінің қатысуымен өткен өнер кеші көпшілікке көтеріңкі көңілкүй сыйлады.
Ұлық мерекеміз – Тәуелсіздік күні еліміздің түкпір-түкпірінде жылдағы дәстүр бойынша ерекше сәнсалтанатымен атап өтілді. Бұл күннің мән-маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Мақсат – той тойлау емес, әрине, тәуелсіздік деген тәтті ұғымның қадір-қасиетін кейінгі ұрпақ жадына сіңіру. Азаттық жолында азап кешіп, тәуелсіздік үшін тәуекелге барған батыр бабаларымызды үлгі етіп, дәріптеу. Тәуелсіздіктің құрметіне е л і м і зд і ң ә р қ а л а с ы н д а монументтер, ірі құрылыстар бой көтерді. Рас, егемендікті қалай дәріптесек те еш артық емес. Мерекеге орай Тараз қаласындағы «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл күні «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығы оркестрінің сүйемелдеуімен монумент маңын патриоттық әуендер кернеп тұрды.
Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
АҢДАТПА
ТАҒЗЫМ
Ардақ ҮСЕЙІНОВА Уалихан ЖАЙЛАУ 86-ның желтоқсаны... Содан бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, сол бір кездің ауыр естелігі ұмытылмайды. Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік рухын асқақтатты. Желтоқсаншылардың жеңісінің өзі – осы. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі күнінде егемен елдің ұландарының облыс орталығындағы Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа жиналып, оның е скерткішіне гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдыруы да сондықтан. Елдікке үндеген шараға биыл облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, о бл ы с т ы қ б а с қ а р м а л а р м е н мекемелердің басшылары, «Нұр Отан» партиясының аумақтық
2 Коллекторлар жұмысы жүйеленуде
филиалының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, студент жастар, оқытушылар қатысып, Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековті еске алды. Рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл қойды. Табиғаттың мінезі ме, кім білсін, оңтүстік өңірдің қысы жылы болғанымен, дәл осы желтоқсан айында күн райы алабөтен ызғырық суық есіп тұратыны бар. Құдды, Же р - А н а н ы ң ө з і Же л т о қ с а н оқиғасындағы құрбан болған ұлқызын еске алып тұрғандай. Х а л ы қ Қ а һ а рм а н ы Қ а й р ат Рысқұлбековтің есімімен аталатын саябаққа жиналған жұртшылық т а бір ауыр е стелік шырмап алғандай, үнсіз. Өткенді оймен шолып, көңілдегі шерді іштей тізгіндейтіндей. Осы күні Мойынқұм ауданының
Б і рл і к ау ы л ы н д а Қ а й р ат т ы ң жерлестері де аудандағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішінің алдына жиналып, Желтоқс ан құрбандарын еске алуға арналған митинг өткізді. Гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен батыр ұлдарын еске алды. Жиында аудан әкімі Бақытжан Нүркенов, аудандық ардагерлер ке ң е с і н і ң т ө р а ғ а с ы Жа м б ы л Қалыбаев, Желтоқсан оқиғасының куәгері Закира Мүлкібаева желтоқсанда құрбан болған б о зд а қ т а р д ы ң ө м і р і т у р а л ы естелік айтты. Сондай-ақ, мектеп оқушылары Желтоқс ан және тәуелсіздік тақырыбындағы жыр жолдарын мәнерлеп жатқа оқыды.
Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ
«Қазақ сайттары редакторларының форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықтың тағайындалатынын жариялады» деп xабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. – Бүгінгі жиынды пайдаланып, тағы бір жаңалықты жеткізгім келіп отыр. Алдағы жылы ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің жарық көргеніне 105 жыл толады. Осыған орай, «Үркер» байқауы аясында «Қазақ» газеті атындағы арнайы сыйлықты тағайындауды жоспарлап отырмыз, – деді Д.Абаев.
БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА
Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған «Жұлдыз»
Ауданда мемлекеттік Үдемелі индустриялықинновациялық бағдарламасының екінші б е с ж ы л д ы ғ ы н д а ү ш б і р д е й ау қ ы м д ы жобаны жүзеге асыру көзделген. Өңірдің Индустрияландыру картасына енгізілген аталған өндірістік нысандардың бүгінде екеуі іске де қосылған. Оның бірі – «Golden Compass Capital» АҚ (басқарма төрағасы – Азамат Набенов) жүзеге асырған жобалық құны 8 миллиард теңгені құрайтын, бір тонна кеннен 1,5 грамм таза алтын өндіру әлеуетіне ие пайдалы кен қазбаларын өндіру, өңдеу жобасы. Қорағаты ауылдық округі аумағындағы «Көкқия» шатқалында орналасқан алтын кенішінде бүгінде барлығы 150 адам вахталық режімде жұмыс істейді. Олардың басым дені – жергілікті тұрғындар. Орташа айлық жалақылары 90-100 мың теңге көлемінде екен. Мұнда жұмысшыларға мейлінше қолайлы тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлар жасалынған. Мезгілімен ыстық ас та беріледі. Айта кету керек, бұл кеніш орны 2012 жылғы сәуір-тамыз айларында «Golden Compass Jambyl» компаниясы жүргізген геологиялық барлау жұмыстары барысында анықталған. Аталған компания алтын өндіру жобасын жүзеге асыру үшін осы мақсатқа бірден үш
миллион доллар көлемінде қаржы бөліп, тиісті қондырғылар сатып алып, қымбат бағалы металды өндірістік жолмен өндіріп, өңдеудің дайындық жұмыстарын да бастап кетеді. Сарапшылар «Жамбыл алтынының» жалпы қоры 300-350 тонна деп бағалауда. Алайда бұл
санның өңіріміздегі геологиялық тұрғыда әлі де жеткілікті барланып, зерттелмеген алтын кеніші орындарын игеру есебінен айрықша елеулі түрде ұлғайтылуы да әбден мүмкін. «Көкқиядағы» алтын кеніші – соның бір нақты айғағындай. Кәсіпорын жұмысын бастаған 2015 жылдың өзінде оң нәтижеге қол жеткізіпті.
Тәуелсіздік мерекесінде тараздықтар тағы да бір игі істің куәсі болып, қуанышқа кенелді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының шеңберінде күрделі жөндеуден өткен №42 «Жұлдыз» балабақшасы қайтадан бүлдіршіндерге есігін айқара ашты. Мектепке дейінгі мекеменің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Рүстем Дәулет тараздықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Жалғасы 2-бетте.
БӘРЕКЕЛДІ!
Республикалық «Алтын домбыра» айтысында жүлделі үшінші орынды жеңіп алды Жанғазы АХМЕТ
Алдағы бес жылда 1 тонна 750 кило Доре құймасын өндіруді межелеуде Баймаханбет АХМЕТ
Есет ДОСАЛЫ
Әсеттің жұлдызы жарқырады
«Көкқиядағы» алтын кеніші
6
«Қазақ» газеті атындағы сыйлық тағайындалады
Тараз – Мойынқұм.
ЖАҢА ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
Әлемі бөлек Әлібек
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елімізде атқарылып жатқан нәтижелі жұмыспен қамту жұмыстарының барысына оң баға берді деп хабарлайды «ҚазАқпарат». «Бағдарлама жақсы қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды халықтың оң қабылдағаны қуантады. Сонымен қатар азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы екендігі әрі осы бағытта жоғары белсенділігі көрініп отыр», – деп атап өтті Үкімет басшысы.
Рысқұлбеков рухына тәу етті
Инвестициялық жобалар қалай жүзеге асуда?
3
Бақытжан Найзабеков ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. «Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Еренсізұлы Найзабеков Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада.
Үкімет басшысы оң баға берді
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ
Есет ДОСАЛЫ
«Сырбар» басшысының орынбасары тағайындалды
«Көкқиялықтар» Тәуелсіздік мерекесін лайықты еңбек тартуларымен қарсы алып отыр. Мұнда биылғы 11 айдың ішінде 1572,6 миллион теңгенің 207 кило өнімі өндірілген. Алдағы меже бұдан анағұрлым жоғары. Атап айтқанда, алтын кенішінде өндірістік өнім көлемі біршама ұлғайтылып, 2018-2022 жылдар аралығында 17 миллиард 160 миллион теңгенің 1 тонна 750 кило Доре құймасы өндірілуі болжамдалып отыр. – Бүгінде осы және Малдыбай астық қабылдау пунктінде ашылған құрама жем зауыты жобасының ел игілігін көріп те отыр. Бұдан басқа «Agile Solar» ЖШС-ның қолға алуымен күннен сағатына 29 МВт электр қуатын өндіретін стансаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ауданда 1000 гектарлық көлемді қамтитын еліміздегі ең ірі фермерлік кешенді алаң «Құлан» агропаркінің іргенегізі қаланды. Ежелден мәдени-тарихи ескерткіш орындары мол, табиғаты да ерекше көркем Құлан жері таяу жылдарда аграрлық һәм өндірістік салалары өркендеген өңірге айналатынына бек сенімдіміз, – дейді бұл тұрғыда аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Нұржан Алкереев. Осылай Құлан өңірінде де өндірістік нысандар құрылысы құлашын кеңге жая түсуде. Т. Рысқұлов ауданы.
Ақтөбе қаласында өткен «Жыр арқауы – Жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысынан ақжолтай хабар жетті. Бұл аламан айтыста ақындар жыл қорытындысын шығарып, алтын домбыра иесін анықтады. Жылдың басты жыр додасы саналатын айтыста жерлесіміз, айтыскер ақын Әсет Дүйсебаев жүлделі үшінші орын биігінен көрініп, көптің қошеметіне ие болды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осындай жеңіске қол жеткізіп, барша жамбылдықтардың мерейін асырған Әсет – тәуелсіздіктің төл құрдасы. Ақындардың өрелі өнері, өрнекті сөздері арқылы тәуелсіздік мұраттары мен құндылықтарын насихаттау, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын көпшілікке паш ету, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақтың төл өнері, құдіретті сөзі арқылы мемлекеттік тілдің мерейін арттыру мақсатына негізделген жыр додасына он ақын қатысып, бақ сынасты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтыс додасында Қазақстанның халық ақындары Қонысбай Əбіл, Əселхан Қалыбекова бастаған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қойшығара Салғараұлы, ақын Мейірхан Ақдəулет секілді қазылар алқасы тақырыпты терең қаузап, әдемі айтыс жасай білген ақындарды іріктеді. Нәтижесінде Жандарбек Бұлғақов жеңімпаз деп табылып, екінші мәрте «Алтын домбыра» (3 миллион теңге) иегері атанса, Сырым Әуесхан бірінші орынды (2 миллион теңге) қанжығасына байлады. Ал екінші орынды Жарқынбек Наушабек (1 миллион теңге) жеңіп алса, жүлделі үшінші орынды (750 мың теңгеден) жерлесіміз Әсет Дүйсебаев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысовалар өзара бөлісті.