1 кантар пдф

Page 1

ҚОШ КЕЛДІҢ, ҚОЙ ЖЫЛЫ! ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ

Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет

АЦ ГР

ИЯ

2015 ИГІЛІ

ak-jol-taraz@rambler.ru

(Жалғасы 2-бетте).

22 841

ОҚЫРМАН ОБЛЫСТЫҚ «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛДЫ БҰЛ РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ ҮШІН, ӘРИНЕ, ҮЛКЕН ҚУАНЫШ. КҮНІ КЕШЕГІ «ЖЫЛ ЖАБАР» НӨМІРІМІЗДІ 20 231 ОҚЫРМАН АЛЫП ОҚЫҒАН БОЛСА, БҮГІН, МІНЕ, ОҒАН 2 610 ОҚЫРМАН ҚОСЫЛЫП ОТЫР. «ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА – ҚҰТ!» ДЕГЕНДЕЙ, ГАЗЕТІМІЗДІҢ ОЙЛЫ ОҚЫРМАНДАРЫНА ЖҮРЕКТЕРІ «ТӘУЕЛСІЗДІК!», «ҰЛЫ ОТАН!», «ТУҒАН ЖЕР!», «ӨСКЕН ӨҢІРІМ!» ДЕП СОҒАТЫН ТАҒЫ БІР ТОП ОШАРЛЫ ОҚЫРМАНДАР ҚОСЫЛЫП ЖАТСА, ӘРИНЕ, ОЛ ДА ҚҰТ.

2015

МЕ Р

2015 ШАШУ

Ілияс АХМЕТОВ, ақын.

Елге, жергеқуат бер

СЫЙЫНЫП АП ШОПАН АТА ПІРІҢЕ, ЖАҢА КЕЛГЕН ЖАҢА ЖЫЛЫМ, ТӨРГЕ ШЫҚ. БЕРЕКЕМНІҢ АЙНАЛА БІЛ БІРІНЕ, ҚОЛТЫҚТАСЫП, КҮН КӨРЕРЛІК СЕЛБЕСІП.

СЕМІЗДІКТІ... ӨЗІҢ ҒАНА КӨТЕРГЕН, БІЗДЕРГЕ ДЕ... МЕҢГЕРТЕ САЛ СОЛ ЖАҒЫН. ҮМІТ СЫЙЛАП ЕНЖАРЛАРҒА ЕТІ ӨЛГЕН, АЛДАН ШЫҒАР ИГІ ОЙДЫҢ БОЛЖАМЫН.

ҚОШАҚАНЫМ, ҚОҢЫРЫМ ДА МОМЫНЫМ, ЖЫЛДАҒЫДАЙ СЕН ДЕ ЖАЙЛЫ ЖЫЛ АТАН. МАҢЫРАСАҢ, КӨПТІ ТАПСЫН ТОҚ ҮНІҢ, БІРГЕ ӨРІП ӨЗІҢМЕНЕН БҰЛА ТАҢ.

ТАЛАПТЫСЫН БІРАЗ БЕЛГЕ СҮЙРЕП БАҚ, ПЫСЫҒЫН ДА, ПҰШЫҒЫН ДА ДЕМЕП КӨР. ЖЫЛДАР БІЗДІ СҮРУГЕ ӨМІР ҮЙРЕТТІ-АҚ, ӨЗІМІЗ ДЕ БОЛА БІЛСЕК СЕБЕПКЕР.

ҚАДАУ-ҚАДАУ ІЗ ҚАЛДЫРЫП, ҚОШАҚАН ИГІЛІККЕ, ІЗГІЛІККЕ ЖОЛ БАСТА. ӘР ШАҢЫРАҚ ТӨРІҢ, ӘРІ БОСАҒАҢ, ҚОЙМАЙ ҚОЙСЫН ҚОЛПАШТАП!..

ЖҰРТТЫ АЛҒА СҮЙРЕМЕГЕН ЖЫЛ ҚАЙСЫ, ҚОЙЫМ, КӨБЕЙТ БЕСІК ЖЫРЫН, ТОЙ ЖЫРЫН. БІР КҮНДЕРІ СЕН ДЕ ҚОЛДЫ БҰЛҒАЙСЫҢ, ОҒАН ДЕЙІН БОЛ ҚАСЫМДА, ҚОЙ ЖЫЛЫМ!

ЖАҢА ЖЫЛЫМ, ЖАМАЛЫҢА БОЙ ЖЫЛЫР, ӘР БЕЙБІТ КҮН, КЕРЕМЕТ ШАҚ, ҒАЖАП КҮН. ДАСТАРХАНЫН ТОЛТЫР ЕНДІ, ҚОЙ ЖЫЛЫМ, ҰЛЫС, ҰЛТТЫҢ, ЖЕР ИЕСІ ҚАЗАҚТЫҢ.

ТАЯҒЫНА ҚҰТ ДАРЫТЫП ҚОЙШЫНЫҢ, АҚЫНДАРҒА ЖІКТЕП БЕРГІН ОЙ-СЫРЫН. ЕЛБАСЫНА, ЕЛГЕ, ЖЕРГЕ ҚУАТ БЕР, МЕЙІРІМІҢДІ ҚОЗЫЛАТА ҚОЙ ЖЫЛЫМ!!!

Үркер үйден көрінсе, Үш ай тоқсан қысың бар. Үркер іңірде жамбасқа келсе, Жаз шықпағанда несі бар. Халық мақалы.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті жамбылдықтар! Жаңа жыл- халықтың зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.Өтіп бара жатқан жыл мемлекет үшін табысты, берекелі жыл болды. Бірлігі жарасқан еліміз Еуразиялық Экономикалық Одақ келісіміне қол жеткізді. Экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. 2015 жыл шығыс күнтізбесі бойынша тыныштық пен ырыс-құттың белгісі саналатын – Қой жылы. 1991 жылы – Қой жылы еліміз өз тәуелсіздігін алды. Міне, содан бері, екі мүшел өтті. Қой — баға білсең, көл-көсір өнім беретін өзі момын, өсімтал жануар. Қазақта «қой саны мыңға жетсе, керегенің басынан бас кетпейді» деген мақал бар. «Қойдың сүті қорғасын» деп, бұл жануарды тоқшылықтың, молшылықтың символы ретінде де айтады. Сондықтан алдағы жыл еліміз үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жақсы жыл боларына сеніміміз мол. Қой жылы тойға ұласпақ. Елбасы атап өткендей, 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелейміз. Алдағы жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы. Өйткені, елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты құндылығымыз. Жаңа жыл еліміз үшін қарымды да қарышты, толайым табысты болсын! Жаңа жыл әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын, қымбатты жамбылдықтар!

ЖУАЛЫ АУДАНЫ.

СІ

Қой жылы төрге озды КЕШЕ КЕШҚҰРЫМ МЫҢ-САН МАЗДАҚШЫРАҚТАРЫ САМСАТА ІЛІНГЕН ШЫРША ҚАСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛ ДУМАНЫ БАСТАЛҒАН...

Баймаханбет АХМЕТ, «Ақ жол». Жылды қарсыз қарсы алу оңтүстік үшін уайым емес. Сондықтан жұртшылық көңіліне анау айтқандай кірбің ұялай қоймады. Әсіресе, ортадағы қызылды-жасылды шамдармен безендірілген үлкен шыршаны қызықтап, тамашалауға ата-аналарымен бірге келген бүлдіршіндер мол. Жас та, кәрі де Аяз ата мен Ақшақардың жолына алаңдап, ғажайып сезімдерді бастан өткерісті. Жәмиғаттың көңіл құсы көкке құйқылжыр сәті де осы. Қарабарқын көк жүзінде аспан жұлдыздары жымыңдайды. Жер де жұлдыздарға толы... (Жалғасы 2-бетте).

Ә

БІҢ СІ

- 2015 НӘС ІБ І

Ң

Ш

А РШ

Е ЕК

Ы

(ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).

ЫР

К

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.

құтты болсын!

арналған баспасөз мәслихатындағы сөзінде 2015 жыл тарихқа еуразиялық ықпалдастықтың жаңа кезеңі ретінде кіретініне тоқталды. – 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Еуразияның ұлан-ғайыр кеңістігінде тұңғыш рет ерікті, теңқұқылы және өзара тиімді негізде қуатты табиғи және ресурстық әлеуеті, жаһандық және өңірлік ауқымда стратегиялық маңызды көлік, энергетика және технологиялық жүйесі бар экономикалық бірлестік құрылады, – деді Мемлекет басшысы. Мұнымен қоса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың Еуразиялық интеграция басталған жыл ретінде тарихта қалатынын мәлімдеді. – Әрине, әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы, санкциялау саясаты, әлемнің жетекші державаларының арасындағы сенімнің әлсіреуі, әскери-саяси жағдайдың шиеленісу қаупі – осының барлығы Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу процесіне әсерін тигізеді. Біз бұл сынқатерлерді ескердік. Сондықтан ЕАЭО-ға мүше елдер ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне жауап беру үшін экономикалық әлеуетін біріктірді, – деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар ол, осыған байланысты, құрылып отырған интеграциялық бірлестіктің қатысушыларын күрделі жұмысқа, жаңа сын-қатерлерге дайын болуға да шақырды. Баспасөз мәслихатындағы сөзінде Елбасы «Біздің ЕАЭО-қа жолымыз екі онжылдық уақытты алды, осы уақыт ішінде ол сонау 1994 жылы алға тартылған идеядан бүгінгі нақты тәжірибелік шешімдерге айналды», – деп атап өтті.

Ж

БАС

Берекелі де, мерекелі жыл

ЖАҢА СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ ҚАДАМ ФОРМУЛАСЫ

Ұзақ жылдар бойы негізі қаланып келген еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық одақтың жаңа модулі тақырыбындағы талқылауларға биыл соңғы нүкте қойылды. Сөйтіп, Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері шешімімен бұрынғы ТМД мемлекеттері кеңістігінде жаңа классикалық интеграциялық ұйым пайда болды. Бұл ықпалдастық ұйымы Еуразиялық экономикалық Одақ деп аталды. Жоғарыда аталған үш мемлекет негізін қалаған ЕАЭО-ға соңғы сәтте Армения мен Қырғыз Республикалары да кіруге аса ниеттілік танытты. Бұл мемлекеттер бұған дейін Одаққа кіру бағытындағы үлкен әзірлік жолынан өтті. Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті әрі биылғы қорытынды отырысы Ресей астанасы Мәскеуде өтті. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Президенті Серж Саргсян және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты. Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты 2015 жылдан бастап іске қосу және оның шетелдік серіктестермен өзара ықпалдастығы мәселелерін қарастырды. Отырыс барысында Мемлекет басшылары ЕАЭО органдарының қызметін регламенттеуге, Одақ Соты мен Комиссиясын құруға және оның жұмысына байланысты бірқатар шешімдерге қол қойды. Сонымен қатар, Президенттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғызстан Республикасының қосылуы туралы шартқа да қол қойды. Қазақстан Президенті отырыс қорытындысына

ц

Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.

www. akjolgazet.kz

БҮГІН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ІСКЕ КІРІСТІ

ГІ

ИН

ТЕ

№1 (18035), Бейсенбі, 1 қаңтар, 2015 жыл

ҚАҢТАРДАҒЫ

қызанақ «БАҒБАНЫ КЕЛІССЕ, СЫНҒАН БҰТА ДА ӨСЕДІ» ДЕЙДІ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ. БҰҒАН БЕКТӨБЕ АУЫЛЫНА БАРҒАНЫМЫЗДА ТАҒЫ ДА КӨЗІМІЗ ЖЕТКЕН. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ІРГЕСІНДЕГІ БЕКТӨБЕ АУЫЛЫНА ЖОЛЫМЫЗ ТҮССЕ ОҢ ЖАҚ ҚАПТАЛЫНДАҒЫ АҚПЕН КӨМКЕРІЛГЕН ЖЫЛЫЖАЙЛАР ЕРІКСІЗ КӨЗ ТАРТАДЫ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
1 кантар пдф by akjolgazet - Issuu