16 маусым пдф 2016 ж

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са С Сары ар арысу ары су ауданы ау ауд ауда а у уд уда д да ан ны ы

Мой Мо М ойын йы й ын Мойынқұм а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

ak-jol-taraz@rambler.ru

№70 (18264), Бейсенбі, 16 маусым, 2016 жыл

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

НДА ЖАҺА

ПРЕЗИДЕНТ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

ИСПАНИЯ АЗИЯ ХАЛҚЫ АМЕРИКАНЫҢ БАР ЕКЕНІН КОЛУМБТАН БҰРЫН БІЛГЕН

А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы

Азия халқы Солтүстік Американың бар екендігін саяхатшы Христофор Колумбтан бұрын білгені расталды. АҚШ археологтары Аляскадан осы халықтар арасында сауда-саттық байланыстардың болғандығын дәлелдейтін жәдігерлерді тапты. Пардью университетінің қызметкері Кори Купердің мәлімдемесінен үзінді: «Үндістер мен Азия халқының арасында байланыстың болғанына бұрын да көзіміз жеткен еді. Азия халқы Америка тұрғындарына металл сатқан...»

Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы минист рі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын.

НИДЕРЛАНДЫ 25 ЖЫЛДАН КЕЙІН КҮН ЖӘНЕ ЖЕЛ ЭНЕРГИЯСЫ ӨТЕ АРЗАН БОЛАДЫ 2040 жылға қарай күн және жел энергиясын өндіру құны 41-60 пайызға төмендейді. Сонымен бірге, көмір және мұнай бағалары сәйкесінше 30-33 пайызға арзандайды. Алдағы 25 жылда электр қуатын пайдалану артады. Өсім факторларының бірі электромобильдердің таралуы болмақ, оның қажеттілігінен адамдардың электрге сұранысы 8 пайызға өседі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

АҚШ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым № 278

«TWITTER» ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ ӨЗ ЖАЗБАЛАРЫН БӨЛІСЕ АЛАДЫ «Twitter» келте блогты пайдаланушыларға бұрынғы өз туитін қайта бөлісуге (ретуит жасау) және сөзбесөз қайталауға рұқсат берді. Осындай өзгеріс енгізілетінін компания мамыр айының соңында жария еткен болатын. «Twitter» сол жолы 140 белгіге қойылар шектеуге медиафайлдарды (сурет, видео, сауалнаманы) және басқа пайдаланушының атауын қоспайтынын жария еткен болатын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы И.И. Роговты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындау туралы Игорь Иванович Рогов Қазақстан Ре с п убл и ка с ы Ко н с т и ту ц и я л ы қ Кеңе сінің Төрағасы болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым № 280

ХАЛЫҚ ЖӘНЕ

НАР

ЫЛ ЖАМБ

ДА

БАЙЗАҚ

Мемлекет басшысының төраға лығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындыларына арналған кеңес өтті. Кеңеске Премьер-Министр К.Мəсімов, Президент Əкімшілігінің Басшысы Н . Н ы ғ м атул и н , П р е м ь е р -

Министрдің орынбасары Д.Назарбаева, Президент Əкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президент Əкімшілігі басшысының орынбасары М . Б е к е т а е в , Жо ғ а р ғ ы С о т Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Президенттің көмекшісі Ə.Смайылов, Мемлекеттік

қызмет істері министрі Т.Донақов, Инвестиция жəне даму министрі Ə.Исекешев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев, Білім жəне ғылым министрі Е.Сағадиев, Астана қаласының əкімі Ə.Жақсыбеков қатысты. Ке ң е с б а р ы с ы н д а к ə с і б и мемлекеттік аппарат қалыпт астыру, заңның үстемдігін

жəне елдің экономикалық өсімін қамт амасыз ету мəс елелері талқыланды. Мемлекет басшысы өткен ке з е ң д е ат қ а р ы л ғ а н ж ұ м ы с реформаларды тікелей жүзеге а с ы ру ү ш і н қ ол а й л ы а хуа л қалыптастырғанын атап өтті.

500 МЫҢ ДОЛЛАРҒА ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ ОРНАТТЫ Қызыл жұлдыз ауылында орналасқан «ROLA-7» ЖШС ұн өнімдерін шығару көлемін арттырды. Мұнда қазір 150 адам тұрақты еңбек етуде. Серіктестік қытай елінен инвестор тартып, олар құны 500 мың АҚШ доллары тұратын жаңа қондырғы әкеп орнатты. Бұл өз кезегінде жұмыс өнімділігі мен сапасының артуына септігін тигізбек. МОЙЫНҚҰМ

(Жалғасы 2-бетте).

ЖОБА ҚҰНЫ – 800 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Шығанақ ауылында шойын жолға қажетті қосалқы бөлшектер дайындайтын станоктарды жинақтау цехының құрылысы қолға алынбақ. Темір жол саласы үшін маңызды бұл тірлікті – «Қазақстан теміржолшылар тобы» ЖШС жүзеге асырмақ. Жоба құны – 800 миллион теңге. Шағын кәсіпорында 120 адам жұмыспен қамтылмақ.

ЫҚ

ТАЛАС

«НҰРДӘУЛЕТТІҢ» НАНЫ АРЗАН

Уəлихан ЖАЙЛАУ, «Ақ жол».

Ас атасы саналатын нанға жетер ештеңе жоқ. Осы орайда Қылышбай ау ы л ы н д а ж у ы р д а а ш ы л ғ а н «Нұрдəулет» наубайханасының игілікті ісіне жұрт риза. Қылышбайлық кəсіпкер Күміс Қашағанова наубайхана ашуды көптен армандапты. Үкіметтің қолдауына сүйеніп, өз қаражаты есебінен кəсіпкерлік нысанын ашқан кəсіпкер бүгінгі тірлігіне шүкіршілік етеді. Ол екі адамды жұмыспен қамтып, оларға 35 мың теңге көлемінде айлық жалақы төлеп отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, өз кəсіпкерлігінің желісін кеңейтумен қатар жұмысшылар санын да арттырып, күніне 200-300 нан пісіріп, тұрғындарды нан өнімдерімен толық қамтамасыз етуді ойластыруда. Мұндағы əлеуметтік нанның бағасы ауылдықтар үшін қолжетімді, бір бөлке нан 55 теңгеден сатылуда. Бұған риза болған ауыл тұрғындарының бірі – Пернекүл Сейсебаева «Өзімізде наубайхана ашылғалы жақсы болды. Бұрын нан бағасы 80 теңге болса, қазір 55 теңге. Тіпті, қазір үйде нан пісіргенді де қойдық. Арнайы тапсырыспен 25 теңгеге бөлішке, 40 теңгеге тандыр нан алып тұруға да болады. Оның үстіне наубайхана нанының дəмі тіл үйіреді» десе, Айгүл Əліпбекова мен Лəззат Иетаева «Əсіресе, көп балалы аналар үшін жеңілдік беріп отыр. Мұндағы нанның бағасы арзан əрі сапалы» деп кəсіпкердің мақтауын жеткізді. Өткен айда облыс басшысы Кəрім Көкірекбаев ауданға жұмыс сапарымен келгенде нан бағасының қымбаттамауын қатаң ескертіп, аудан басшылығына нақты тапсырма берген болатын. Аудан əкімдігінің кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің басшысы Қалима Исабаева берілген тапсырманың нақты орындалып, ауданда əлеуметтік нан бағасының 55 теңгеге тұрақталғанын айтады. Нан бағасының осылайша күрт төмендеуіне облыстық тұрақтандыру қорынан арзан бағада жеткізілген ұн себепкер болған. Яғни өткен соңғы екі айда аталған қордан 5 тонна құмшекер, 15 тонна ұн жеткізіліпті. Төмен бағада жеткізілген ұн округтерде жұмыс істеп тұрған наубайханаларға таратылып берілген. Алдағы уақытта облыстық тұрақтандыру қорынан тағы да 10 тонна ұн əкелінуі ойластырылып қойыпты. Əлеуметтік нан бағасының қолжетімді болуы ауыл тұрғындарының көңілінен шығып отыр. Мойынқұм ауданы.

10 маусымнан бастап əлем бойынша «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме сіне билеттерді сату басталды. Билеттерді бірінші онлайн-сатып алуды 24 жастағы Астана қаласының тұрғыны Олжас Оңалов жасады. Осы айтулы оқиға құрметіне көрме ұйымдастырушысының кеңсесінде ұлттық компания басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бірінші билеттің иегеріне естелік сыйлық тапсырды жəне оны сəтті сатып алуымен құттықтады. «Біздің компания үшін көрмеге билетті бірінші сатып алушы астанамыздың тұрғыны болуы қуантады. Өйткені ЭКСПО-2017 Астанада өтеді. Сондай-ақ қазақстандықтар, астаналықтар сияқты онлайн-сату артықшылықтарын жəне билеттерге жеңілдіктерді пайдалана алады», – деп мəлімдеді Ахметжан Есімов. – Мен билетті бірінші сатып алушы болғаныма қуаныштымын. Мен өз отбасымды көрмеге апаруға əзірмін. ЭКСПО-ның Қазақстанда өтуін іштей

МАЛ – АУЫЛДЫ

армандап, енді көрменің салтанатты ашылуын тағатсыз күтіп жүргенімді жасырмаймын. Осыдан бұрын Шанхайдағы халықаралық көрмеде болып, өте үлкен əсер алған болатынмын. Же ке ө з і м е ж ə н е ж а қ ы н д а р ы м а 4 билет сатып алдым. Жеңілдікпен сатылымға шыққан билет бағасы мені таңғалдырды. Қазақстандықтарды осы көрмені тамашалауға шақырамын. Бізді көптеген жаңалықтар күтіп тұрғанына сенімдімін, – дейді Олжас Оңалов.

Аст анадағы көрменің билеттік бағдарламасы ЭКСПО-ны өткізудің əлемдік тəжірибесіндегі бірегей болып табылады. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы қатысушылары жəне мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, жетім балалар жəне 6 жасқа дейінгі балалар көрмеге еркін қолжетімділікке ие болады. Жеңілдікпен билеттерді зейнеткерлер, көп балалы аналар, студенттер жəне оқушылар да ала алады. Көрмеге 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта 89 ел жəне 15 халықаралық ұйымдар ЭКСПО2017-ге қатысуын растаған. 10 маусымнан бастап 10 шілдеге дейін промо-кезең өтеді, оның ағымында барынша төмен баға бойынша билеттерді сатып алуға болады. 10-20 маусымда 50 пайыз жеңілдік қолжетімді болады, ал 21-30 маусым аралығында 30 пайыз, одан 1-10 шілдеде 20 пайыздық жеңілдік жүреді. Аты шулы көрме билетіне жеңілдік жүріп жатқанда қапы қалмаңыз, ағайын! «Ақ жол-Ақпарат».

«ЖҰРЫНДЫСАЙ» ЛАГЕРІНДЕ 100 ОҚУШЫ ДЕМАЛУДА Қаратау бөктеріндегі «Жұрындысай» сауықтыру лагері өзінің алғашқы жаңа маусымын бастады. Қазір онда жүз оқушы демалуда. Оларға барлық жағдай жасалынған. Мұнда мәдени-спортпен айналысуын ұйымдастырып, танымдық ойларын жетілдіруге баса мән беруде. Төрт ауысыммен барлығы төрт жүз оқушыны демалдыру көзделініп отыр.

Арзан болса, Алушыдан ынсап кетеді. Қымбат болса, Сатушыдан ынсап кетеді.

Ң БЕРЕКЕСІ

БІР ҚОЙДЫҢ ЖҮНІ 5 КЕЛІДЕН АЙНАЛУДА ШОПАНДАР АУЫЛЫНА БАРҒАН САЙЫН «МАЛ ӨСІРСЕҢ ҚОЙ ӨСІР, ТАБЫСЫ ОНЫҢ КӨЛ-КӨСІР» ДЕГЕН АТАЛЫ СӨЗ ОЙҒА ОРАЛА БЕРЕДІ. ШЫНДЫҒЫНДА, ШЕЛДІ МАЛ ТӨЛДІ КЕЛЕДІ ЕМЕС ПЕ? ОНЫҢ ҮСТІНЕ, ЕТІ ҒАНА ЕМЕС, ЖҮНІ ДЕ КӘДЕГЕ АСАТЫНЫ ТАҒЫ БАР. КӨДЕЛІ КӨКТЕУІНДЕ БОЛҒАНЫМЫЗДА, ҚОЙ ҚЫРҚУ НАУҚАНЫНЫҢ ҮСТІНЕН ТҮСТІК. ІСКЕ БІЛЕК СЫБАНА КІРІСКЕН ҚЫРЫҚТЫҚШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІНЕ РИЗА БОЛМАСҚА АМАЛЫҢ ЖОҚ. ҚАЙШЫНЫҢ СЫРЫЛЫ, МОТОРДЫҢ ГҮРІЛІ, ҚОРАДАҒЫ ҚОЙДЫҢ ШУЫ, ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ ЕМЕНЖАРҚЫН ДАУСЫ ТӨҢІРЕККЕ ЖАН БІТІРГЕНДЕЙ. ҚАЙ ЖАҒЫҢА ҚАРАСАҢ ДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК. ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ БІРІ ҚОЙ ҚЫРҚУ ҚАМЫНА КІРІССЕ, ЕКІНШІСІ ЖҮНДІ ТАРАЗЫҒА ТАРТЫП, ЕНДІ БІРЕУЛЕРІ ЖҮНДІ СҰРЫПТАП, ТАЙЛАП БУУ ҮСТІНДЕ.

(Жалғасы 3-бетте).

ЖАЗЫЛЫМ – 2016

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады».

«ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН

Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдарға: 6 айға – 3185,10 теңге 1 жылға – 6370,20 теңге ИНДЕКСІ 15457

Ауыл тұрғындарына: 6 айға – 2935,08 теңге 1 жылға – 5870,16 теңге ИНДЕКСІ 65457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2849,76 теңге 1 жылға – 5699,52 теңге ИНДЕКСІ 15457

Тараз, Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2599,74 теңге 1 жылға – 5199,48 теңге ИНДЕКСІ 65457

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН: «Эврика-пресс» ЖШС, «Тараз-пресс» ЖШС, «ERNUR-PRESS» ЖШС бөлімшелері арқылы жазылуға болады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.