AQ JOL ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ
www. akjolgazet.kz
ЕЛ МЕН ЖЕР ТЫНЫСЫ
Ұстаздардың жалақысы өседі
№6 (18500) СЕЙСЕНБІ 16 ҚАҢТАР 2018 ЖЫЛ
1922 ЖЫЛҒЫ 1 МАМЫРДАН ШЫҒА БАСТАДЫ
ҚЫС – ҚАТАЛ СЫНШЫ
«ҚЫС ШАНАҢДЫ ЖАЗ САЙЛА» ДЕП ХАЛҚЫМЫЗ ТЕККЕ АЙТПАСА КЕРЕК. ОСЫ МАУСЫМДА ТАБИҒАТ ТОСЫН МІНЕЗ ТАНЫТЫП, АДАМДАРДЫ ӘБІГЕРГЕ САЛУЫ ӘБДЕН МҮМКІН. ОҒАН САҚАДАЙ САЙ ДАЙЫН БОЛУ – КӨП ҚИЫНДЫҚТАРДАН ДЕР КЕЗІНДЕ ЖОЛ ТАУЫП, ШЫҒУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ.
Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова орта білім беру жүйесінің жаңартылған бағдарламаға көшірілуіне орай мұғалімдердің жалақысы өзгеретінін мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, ұстаздардың айлық еңбекақысын көтеру білім берудің жаңа мазмұнына көшумен тікелей байланысты. Биылғы 1 қаңтардан бастап білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен 1, 2, 5 және 7-сынып ұстаздарының лауазымдық жалақысы көбейеді. Ал қыркүйек айынан бастап, 3, 6 және 8-сынып мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі. Осылайша, 2019 жылдың қыркүйегінде 4, 9 және 10-сынып ұстаздарының ж а л а қ ы с ы а рт с а , 2 0 2 0 ж ы л ы 11 - с ы н ы п мұғалімдерінің еңбекақысы жоғарылайды. «Үстемеақы көлемі Мемлекет басшысы Жолдауында айтқандай, 30 пайызды құрайды. Мысалы, 15 жылдық еңбек өтілі бар 1-санаттағы қала мұғалімінің жалақысына 24 мың теңге қосылады. Дәл осындай еңбек өтілі бар 1-санаттағы ауыл мұғалімінің жалақысына 25 860 теңге қосылады», – деді Б.Асылова.
БЕС РЕФОРМА – ҰЛТ ЖОСПАРЫ
Билік пен бұқараның ақылдасу алаңы ЕЛБАСЫ Н.Ә НАЗАРБАЕВ ҰСЫНҒАН «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» – ҰЛТ ЖОСПАРЫНЫҢ БЕСІНШІ БАҒЫТЫНДА ҚОҒАМҒА ЕСЕП БЕРЕТІН АШЫҚ МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НАҚТЫ ҚАДАМДАРЫ КӨРСЕТІЛГЕН. МҰНЫ БИЛІК ПЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ АРАСЫНДА ДӘНЕКЕР БОЛАТЫН ӘРІ ОЛАРДЫҢ КҮШ-ЖІГЕРІН, МҰРАТМАҚСАТТАРЫН БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫРАТЫН ЖОЛ ДЕСЕК, АРТЫҚ АЙТПАЙМЫЗ. СЕБЕБІ, ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ҚОҒАМ ІСІНЕ БЕЛСЕНДІ АРАЛАСУЫНА МҮМКІНДІК БЕРГЕН ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕР ӨҢІРЛЕРДЕ ОСЫ ҰЛТ ЖОСПАРЫ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРГЕ САЙ ҚҰРЫЛЫП ОТЫР.
ҚАЛА – ҚАРБАЛАС Жанғазы АХМЕТ Қаңт ар айының екінші онкүндігі б а с т а л ғ а л ы Та р а з қ а л а с ы н д а ж ә н е облысымыздың басым бөлігінде қардың үздіксіз жаууына қарамастан, құзырлы орындар тарапынан тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімшесінің басшысы Омар Тәкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, 3-4 күннен бері жауған қардың
ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫН ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ МАҚСАТЫНДА ӨҢІРІМІЗДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТОП ҚҰРЫЛҒАН БОЛАТЫН. 15 ҚАҢТАРДА ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАҒАН ТОП ТАРАЗ ҚАЛАСЫН ЖӘНЕ АУДАНДАРДЫ АРАЛАП, ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ.
Ақпараттық топ ел аралап жүр • ТАРАЗ
Экологиялық қауіпсіз электркөліктік паркі құрылады Тараз қалалық Мәдениет үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары, Тараз қаласы бойынша ақпараттық топтың жетекшісі Бекболат Орынбековтің төрағалығымен қала активінің жиналысы өтті. Жиында Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет баяндама жасады. Рүстем Рысбайұлы Елбасы Жолдауында айтылған өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделудің 10 міндетіне тоқталып, төртінші өнеркәсіптік революцияның Тараз қаласын дамытуға серпін беретін мүмкіндіктерін атап өтті. Облыс орталығында 2015 – 2017 жылдар аралығында жалпы сомасы 19,3 миллиард теңгені құрайтын 9 индустриялық жоба іске қосылып, 290 жаңа жұмыс орны ашылыпты. Биыл жалпы құны 6 миллиард 924 миллион теңгеге жететін 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, 607 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр екен. Сондай-ақ қаладағы кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары қолға алыныпты. Елбасы Жолдауындағы көрініс тапқан көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру тапсырмасы облыс орталығында тиімді жүзеге асырылатынына сенім мол. Себебі, Таразда бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынған. Мәселен, Тараз қаласы тұрғындарының үштен бір бөлігі темір жол желісінің арғы бетінде тұратыны мәлім. Бұған дейін осы екі жақтың арасындағы көлік қатынасы Жібек жолы көшесінде орналасқан жол өткелі арқылы жүргізіліп келген еді. Соңғы жылдары өткелдегі көлік қозғалысының жиілігі 3 есеге өсіп, тұрғындар үшін қаламен қарым-қатынас жасау қиындық орнатып келген. Осы мәселенің шешімін табу үшін былтыр Айша бибі көшесінің аяғында орналасқан жол өткелін жаңғырту жобасы іске асырылғаны белгілі. Жалғасы 2-бетте
қ а л ы ң д ы ғ ы о бл ы с о рт а л ы ғ ы н д а 2 2 сантимерге жетсе, Талас пен Сарысу аудандарында – 25-30, Жуалыда – 28-35, Мойынқұмда – 20-22 сантиметрді құраған. Өңіріміздің өзге аудандарында да осы шамалас. Жоғарыдағы деректер он бесінші қаңтар күнгі мәлімет екенін ескерсек, «Қазгидромет» синоптиктерінің хабарлауынша, әлі 1-2 күн жауады деп күтілген қардың қалыңдығы тағы да арта түсетіні сөзсіз. Десе де, тұрғындар мен көліктердің еркін қозғалып,
жүріп-тұруына кедергі келтірмес үшін жолдарды, қоғамдық орындарды үйілген қалың қардан арылту шаралары қызу атқарылуда. – Өңіріміздің барлық аумақтарында түсіп жатқан қар мөлшері аса қалың болмағанымен, оны тазалау жұмысы басты назарда ұсталып отыр. Республикалық мәндегі автожолдарды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалы мамандары өз бақылауларына алуда. Ал Тараздағы қалаішілік шараларға келетін болсақ, тазалау жұмыстарына барлығы
61 техника жұмылдырылуда. Оның 39-ы «Жасыл Ел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникасы болса, қалғаны қала маңындағы тұрғындар мен әртүрлі компанияларға тиесілі. Оған қоса 300 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, – дейді Омар Бекболатұлы. Сондай-ақ осыған дейін 2600 текше метр қар қала сыртына шығарылғанын айтқан ол жолдарға тұз және құмдар қажетінше себілуде екенін жеткізді. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ
Аудандық сот – жаңа ғимаратта ЖЫЛ БАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚПЕН БАСТАЛДЫ. ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ЖАНЫНДАҒЫ СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ НҰРСЕРІК ШӘРІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ РҮСТЕМ МЫРЗАКӘРІМ, СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ АРДАГЕРІ ҚҰДАЙБЕРГЕН ҮСЕНБАЕВ АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ ЛЕНТАСЫН САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ҚИДЫ. АТАЛҒАН ШАРАҒА ОБЛЫС БОЙЫНША СОТТАР ӘКІМШІСІНІҢ БАСШЫСЫ БЕРІК ҚҰЛТАСОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ӘБДІКЕРІМ ҮРКІМБАЕВ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ, ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ, СУДЬЯЛАР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАТЫСТЫ.
Шынар САҒИЕВА С от т а рд ы ң қ ы зм е т і н қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов құттықтау сөзінде мемлекеттің сот билігінің өркендеуіне аса көңіл бөліп отырғандығын айтты. «Мемлекет басшы сының судьялардың VІ республикалық съезіндегі тапсырмаларын орындау б а р ы с ы н д а , с от т а рд ы ң инфрақұрылымдарын нығайту үшін жүйелі ж ұ м ы с т а р ат қ а р ы л уд а . Осы мақсатта сот ғимараттарының типтік жоспары бекітіліп, оның құрылысында инженерлік-
коммуникациялық жүйесінің жабдықталуына, қолайлылығына баса мән берілетін болып келісілді. Жуалы аудандық сотының жаңа ғимараты осындай талапқа сай нысандардың бірі», – деді ол. Сонымен қатар көптеген азаматтардың сот жүйесімен байланысуына тура келетін жағдайлар болатындығын атап өтіп, былай деді: «Олар үшін сот әділеттікке жетудің соңғы үміті. Сондықтан сот ғимаратына келетін жандар онда қолайсыздықты, тұрмыстық қиыншылықты сезінбеуі өте маңызды. Заңның үстемдігін көрсететін сот актілері
Жалғасы 2-бетте
Түрік ағайындар қызығушылық танытты
жарияланатын ғимаратты заманауи жабдықталған залдар тұтастай толықтырып тұрады». Жаңа ғимараттың жалпы алаңы 1482,9 шаршы метрді құрайды. Іргетасы өткен жылдың маусым айында қаланған құрылыстың смет алық
құны 288 миллион теңгеден астам қаржыны қ ұ р а й д ы . З а м а н ау и үлгідегі стандартқа сай салынған мұнда үш сот мәжілісі залы, судьялардың кеңесу бөлмелері, күту залдары, прокурор мен адвокаттардың кабинеттері, мұрағат, асхана орналасқан.
Облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрім аудандық сот 1984 жылдан бері ыңғайластырылмаған ескі ғимаратта орналасқандығын айтып, енді сот ұжымының тың серпінмен жұмыс істейтіндігіне сенім білдірді. Жуалы ауданы
Аңдатпа
Өркендеу жолындағы өзгерістер
3
Аталған кеңес «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң талаптарының негізінде жұмыс жүргізеді. Әр жылы облыс әкімінің өңірде атқарылған жұмыстар туралы жылдық есебін тыңдаудан бастап, жыл ішінде аймақтағы саяси-қоғамдық өмірге белсене араласып отырады. Мәселен, өткен жылы біз 6 кеңейтілген, 26 президиум отырысын, 1 қоғамдық тыңдау өткізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына 9 рет мониторинг жүргізіп, облыс әкімдігінің төрт басқарма басшысының есебін тыңдадық. Соның нәтижесінде барлығы 152 құжатқа қорытынды-ұсынымдар берілді. Жалпы, заң талаптарын жүзеге асыруда кеңес жұмысының басты бағыттары қалыптасты. Қоғамдық кеңестер қызметінің негізгі мақсаты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша жұртшылықтың пікірін білдіру болғандықтан, бұл бірінші бағыт саналады. Заңның 5-бабының 1, 2, 3 және 5-т армақт арының т а лапт арына сәйке с, облыстық бюджеттің жобаларын, олардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жетізу туралы есептерін тыңдау, облыс әкімдігінің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу біздің жұмысымыздың құрамдас бөлігіне айналған. Облыстық қоғамдық кеңес былтыр «2016-2018 жылдарға арналған облыстық б юд ж е т т у р а л ы » , « Жа м б ы л о бл ы с ы н дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, «2017-2019 жылдарға арналған облыстың бюджет туралы» облыстық мәслихат шешімдерінің жобаларын қарап, ондағы 16 мәселені талқылап, тиісті ұсынымдар берді.
Азық-түлік бағасы неге ала-құла?
4
Елордамен аттас шағын аудан
6
Тәуелсіздік алғанына небәрі ширек ғасыр болған кешегі жас Қазақстан бүгінде белді бекем буып, сын-қатерлерді бұзып-жарып, беделді мемлекетке айналды. Ауыз толтырып айтуға тұрарлық жетістіктері бар еліміздің ендігі көздеген межелері биік екендігін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқын аңғартты. Онда: «Қазақстанда табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасты. 2017 жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті», – деп атап көрсетті Елбасымыз. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқырау кезеңінде тірлігі тоқтап, кейіннен қайта жаңғыртылған «Тараз Кожобувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де елімізде өнеркәсіп саласының еңсе тіктеуінің айқын көрінісі болса керек. Бүгінде жұмысы қарқын алған біздің кәсіпорында шикізаттан бастап дайын өнім шығаруға дейінгі барлық үдерістер жүйелі жүзеге асырылады. Яғни теріні қабылдап, оны илеп, сүргілеп, созып, содан соң тазалау, тегістеу, бояу, кептіру сынды үдерістерден өткізіп, нәтижесінде дайын болған былғарыны үлгілеп, сапалы аяқ киім шығарамыз. Осылайша еліміздің жеңіл өнеркәсібінің өркендеуіне өз үлесімізді қосып келеміз. Былғары аяқ киім шығаруда мұндай әмбебап кәсіпорын Қазақстанда біреу ғана. Жалғасы 3-бетте