16 акпан пдф 2016

Page 1

Ж

(АБАЙ).

А

БІРІҢДІ, ҚАЗАҚ, БІРІҢ ДОС, КӨРМЕСЕҢ, ІСТІҢ БӘРІ БОС.

А ҺАН Д

және

Сарысу Сар Са Сары С а ары ры ыс су у ауданы ау ауд ауда а уда уда дан ны ы

Мойынқұм Мой Мо М о ой йы й ын ын а ау у уд уда дан да ауданы

Жамбыл облысты о амды саяси газет

ЖАМБЫЛДА

Мойынқұм

Шу ауданы

Талас ауданы

Төле би

Жаңатас Қаратау

Жамбыл ауданы

Меркі ауданы

Байзақ ауданы

Т.Рысқұлов ауданы

Аса

Құлан

Жуалы ауданы

Қордай ауданы Қордай

Меркі

Бауыржан Момышұлы

№19 (18213), Сейсенбі, 16 а пан, 2016 жыл

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. akjolgazet.kz

Газет 1922 жыл ы 1 мамырдан шы ады.

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

АҚШ

«Жатар орын – жарты құрсақ» деген сөзді бекер айтпаған. Мал өнімінің мол болуы көбінесе қораның жылы болуына да байланысты. Қоражайдың уақтылы жылытылып тұруы қыста күн суық күндері туған төлдің орынсыз шығынының алдын алуға да септеседі», – деп түсіндірді. Тегінде «Мал баққанға бітеді» рас қой. Қожалық, сондай-ақ, күздік бидайды – 162, мақсарыны – 200, арпаны – 500 жəне 40 гектарға жоңышқа өсіріп келеді. Шаруашылықта еңбек етушінің ж ұ м ы с с ап а с ы н а , і с ке рл і г і н е мəн беріледі. Есесіне қолынан бəрі келетін еңбеккердің алатын жалақысы жоғары. Қожалықтың көздеген жобалары іске асқанда тағы ондаған адамды жаңа жұмыс орнымен қамти алады. – Алдағы уақытта қонақ үй, тойхана, дəмхана секілді бірқатар қызмет көрсету нысандарын салсақ дейміз. Əлбетте, сиыр, жылқы, қой санын көбейту мəселесін де назардан тыс қалдырмаймыз, – дейді қожалық төрайымы Əсит Арықбаева. Көлге жіберілген 10 мың шабақтан өсіп, көбейген балықтан түсетін пайда да жаман болмас. Қысқасы, қожалық иелері сан салалы жұмысты ұқсатып, байлықтың өзін тауып отыр.

Аудандағы Т.Рысқұлов ауылдық округіндегі «Мұрат жəне К» шаруа қожалығының құрылғанына он жыл болды. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 10 миллион т е ң ге к ө л е м і н д е н е с и е а л ы п , қазақтың асыл тұқымды ақ бас сиыры санын бүгінгі таңда 70-ке жетті. Жекеменшігінде 60 жылқы мен 700 уақ мал да өріс сəнін келтіріп отыр. Қожалықтың малшыларға арналған үйі мен қора-жайы аумағындағы шағын көлге былтыр 10 мың балық шабағы жіберіліпті. Балықтың ақамур, дөңмаңдай, сазан түрлері көлде өсіп өніп, көбейіп жатыр. Ұжымның атқарушы директоры Мұрат Əуелбекұлы алдағы уақытта балық шаруашылығын дамыту мақсатында өздерінде өңдеу цехын ашатынын айтып қалды. Мұнда əзірге 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Маусымдық жұмыс кезінде қосымша 15-20 азамат еңбекке тартылады. Бес трактор, 3 комбайн қожалық жұмысын едəуір жандандыруда. Шаруашылықтағы малшы үйі былай тұрсын, төрт түлік малға арнап салынған қора-жайына да газ құбыры тартылғаны бізді таңтамаша қалдырған. Мұның жайын Мүкең «Кезінде ата-бабаларымыз

Меркі ауданы.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «ОРТАЛЫҚ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР БАСШЫЛАРЫНЫҢ, ӘКІМДЕРДІҢ, ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ РЕКТОРЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» 2016 ЖЫЛҒЫ 5 АҚПАНДАҒЫ №190 ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС 2016 ЖЫЛҒЫ 19 АҚПАНДА САҒАТ 11.00-ДЕ «БАЛАСАҒҰН» ОРТАЛЫҚ КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ НӘСБЕКҰЛЫ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ.

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕ

САЛА МЕН САПА ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕР ЖҰМЫСЫНДА ҮЙЛЕСІМ ЖОҚ. НЕГЕ? ТҰТАС ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛҒАНДЫҚТАН, САЛА ІСІ ӘРҚАШАН БАСТЫ НАЗАРДА. ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН СЕЛЕКТОРЛЫҚ РЕЖІМДЕ ӨТКЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ КЕҢЕСІНДЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТАЛҚЫЛАНУЫ ДА СОНДЫҚТАН. Ардақ ҮСЕЙІНОВА, «Ақ жол».

АСА

ЖАҚСЫЛЫҚ Ж

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕТІН БОЛДЫ

БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙДЫ? Білім жəне ғылым министрлігінде Білім жəне ғылым саласын бақылау комитеті жұмыс істейді. Сонымен қатар, əр өңірде департаменттер құрылған. Ондағы мақсат –сапаға баса көңіл бөлу. Себебі, білім саласындағы жұмыстың түпкі нəтижесі сапа екені белгілі. Облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Əли Байтанаев өңірдегі білім сапасын аса жоғары бағаламай отыр. Оның айтуынша, 2015 жылы Білім жəне ғылым министрлігі жəне Білім жəне ғылым саласындағы бақылау

комитетінің келісімі бойынша өңірдегі 180 тəрбие жəне білім беру мекемелері аттестаттаудан өтуі тиіс болыпты. Одан 118 мектептің 78-і, 55 балабақшаның 39ы, 7 колледждің 5-еуі ғана өткен. Жалпы, аттестаттаудан өтпеген білім мекемелерінің қандай талаптарды орындай алмай отырғаны белгісіз. Алайда, Əли Шəймерденұлы білім беру мекемелеріне қатысты түскен арызшағымдардың толастамауының өзі оқыту ісін ұйымдастыруда жүйесіздіктің бар екенін көрсетеді дейді. Департамент басшысы былтыр 15 арыз-шағым түскенін айтады. Шағымдарда көтерілген мəселелерге қарай сала ісінде кездесетін кемшіліктерді топтастыруға болады дейді. Арыздарды тексеру кезінде білім мекемелерінің басшыларын заңсыз тағайындаудан бастап, жаңа оқу жылында

сағат бөлуде, баланы 1-сыныпқа қабылдау кезінде құжат дайындауда, мұғалім санаттарын көтеруде олқылықтарға жол берілетіні анықталған. Оқушы білімін бағалауда кейбір мұғалімдердің біліксіздігі де осындай тексерулер барысында, мектеп оқушыларының білім сапасының төмендігі департамент мамандарды жүргізген тестілеу кезінде белгілі болыпты. Əли Байтанаев өз баяндамасында нақтыланған жайттардан мысал келтіріп, бірқатар ұстаздардың аты-жөнін де атады.

Дүкенбай ЕРМЕКОВ, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

РЕСЕЙ ЖЫЛЫ ҚЫСТАН АЮДАН ДА ҰЙҚЫ ҚАШТЫ Брянская облысында орналасқан қорықтағы аюлар қысқы ұйқысынан ақпан айының басында, жылдағыдан ерте оянды. Жыртқыштардың қысқы ұйқысының қысқаруына жылы әрі ылғалды қыс әсер етуі мүмкін. Олардың тоғай кезген іздерін қорықшылар тапты. Қазір жыртқыштардың қайда екені белгісіз, өйткені олар тамақ іздеп кеткен. БРАЗИЛИЯ КАРНАВАЛ САЛТАНАТЫ АЯҚТАЛДЫ Бразилияда дәстүрлі карнавал аяқталды. Әлемдік ауқымдағы шараға қатысушылар бір жыл бойы өздерінің бірегей киім үлгілерін дайындап, билерін тыңғылықты әзірлеген еді. Бразилиядағы карнавалдың түп төркіні 15 ғасырдағы танымал болған португалдықтардың «энтрудо» мерекесінен шыққан деседі. Ал 20 ғасырдың басында Риоде-Жанейро карнавалының танымалдығы артқан.

ЖАМБ

А Ы ЛД

МОЙЫНҚҰМ ІРІ АГРОФИРМА ІСКЕ КІРІСТІ «Агрофирма Түрікпен» ЖШС «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 1700 бас жылқы сатып алуға 500 миллион теңге, 5000 бас мүйізді ірі қара малын сатып алуға 450 миллион теңге алып, іске кірісті. Мұнда қазір 1311 бас жылқы малы, 896 бас қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малы әкелінді. БАЙЗАҚ

САРЫСУ АС ТҰЗЫН ӨНДІРЕТІН БОЛАДЫ «Асыл тұз компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ас тұзын өндіру зауытының құрылысын жүргізуде. Зауытта 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 50 мың тонна ас тұзын өндіретін болады.

Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ НЕ ДЕЙДІ? Алайда, білім басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекова департамент анықтаған кемшіліктердің көпшілігін жоққа шығарып отыр. Əсіресе, жиын барысында бірнеше рет мысалға арқау болған Тараз қаласындағы №49 мектепгимназиясына қатысты фактілердің негізсіз екенін алға тартты.

2050» СТРАТЕГИЯСЫ: АЗЫҚ-ТҮЛ АҚСТАНІК ҚАУ З А Қ « ІПСІЗ ДІ Бастапқыда бұл мəселе біраз уақыт шешімін таппады. Содан соң «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, тиісті мекеме басшыларына, қала əкіміне барып, өз ұсыныстарымызды айттық. Басшылар да біздің тілегімізді аяқсыз қалдырмады. Үстіміздегі жылға Ауған соғысы ардагерлеріне қоғамдық көліктерде тегін жүруі үшін арнайы билеттер берілді. Тараз қаласының əкімі Нұржан Календеров, Тараз қаласы əкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов жəне облыстық кəсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова, қаладағы №3 автопарктің басшысы Айдын Алтай бұл мəселені жанжақты зерделей келіп, шешіп берді. Соның нəтижесінде қазіргі дағдарыс жағдайына қарамастан, біз автобустарда тегін жүру мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Мұны біз үлкен азаматтық іс деп білеміз. Ауған соғысы ардагерлеріне қамқорлық көрсетіп отырған басшыларға алғыс айтамыз.

АРКТИКАДА АЛЫП ҚҰСТАР ЖҮРГЕН Колорада университетінің және Қытайлық ғылымдар академиясының ғалымдары қызықты жаңалық ашты: 50 миллион жыл бұрын Арктика аумағында Gastornis түрінің құстары тіршілік еткен. Ол құстардың басы жылқының басымен бірдей, ал бойы шамамен 180 сантиметр болған. 53 миллион жыл бұрын Элсмир аралындағы климат қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі ауа райы тәрізді болған.

ЖАҢА КӨКӨНІС ҚОЙМАСЫ Ұлттық қор арқылы Ботамойнақ ауылдық округінде «База сервис» ЖШС жобалық құны 750 миллион теңге тұратын 10 мың тонналық көкөніс қоймасының құрылысын аяқтау үстінде.

ХАБАРЛАМА

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

НДА ЖАҺА

(Жалғасы 4-бетте).

ГІ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Бесінші шақырылған Жамбыл облыстық мəслихатының кезекті, қырық алтыншы сессиясы 2016 жылдың 24 ақпанында облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тəртібімен өтеді: 1. Облыста мемлекеттік салықтық жəне бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан шаралар туралы. 2. Жамбыл облыстық мəслихатының экономика, қаржы, бюджет жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мəселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының атқарған жұмыстары туралы есебі. 3. Əртүрлі мəселелер. * * * Облыстық мəслихат тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс əкімдігінің мəжіліс залында (2-қабат) 2016 жылдың 24 ақпанында сағат 10.00-де өтеді. * * * Депутат тарды тіркеу 2016 жылдың 24 ақпан күні сағат 09.30-да басталады. Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ, облыстық мəслихаттың хатшысы.

ЖАЗЫЛЫМ – 2016 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау ретінде түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – қазақ халқында киелі саналатын жылқы малын көбейтуге арналған «Құлан» бағдарламасы. Бүгінде ауданымызда мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп, шаруашылығын шалқытқан жандар жетерлік. Тиімді бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі – Ботамойнақтың тұрғыны Мамыр Бозғұлов. Жол түсіп, Байзақ ауылындағы Мамырдың үйіне ат басын бұрдық. «Əлібек» шаруа қожалығының мүшесі М.Бозғұлов ұлы Жандоспен бірге қора сыртында жылқыға азық беріп жүр екен. Шөбі мен жемі алдарында. – Мал шаруашылығы – ата кəсібіміз ғой. Еңбек етемін деушілерге Үкіметтің көзқарасы жақсы болғандықтан, дағдарысқа қарамастан, өзімізді-өзіміз жұмыспен қам тып отырған жайымыз бар, – деді ол. (Жалғасы 4-бетте).

«АҚ ЖОЛ» – әр шаңыраққа! Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Дүниеде болып жатқан істер, сөйленіп жатқан сөздер — кімге пайдалы? Кімге зарарлы екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса, шаттанып, зарарлысынан сақтандырып тұрады». «ҚАЗПОШТА» БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕЛЕРІНДЕ: ЖЕКЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР ҮШІН Ауыл тұрғындары үшін 6 айға – 2414.40, 1 жылға – 4828.80 теңге ИНДЕКСІ 65457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2185.08, 1 жылға – 4370.16 теңге ИНДЕКСІ 65457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2041.26, 1 жылға – 4082.52 теңге ИНДЕКСІ 65457

КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР ҮШІН Ауылдағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін 6 айға – 2664.42, 1 жылға – 5328.84 теңге ИНДЕКСІ 15457 Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бойынша 6 айға – 2435.10, 1 жылға – 4870.20 теңге ИНДЕКСІ 15457 Тараз қаласы бойынша 6 айға – 2291.28, 1 жылға – 4582.56 теңге ИНДЕКСІ 15457


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
16 акпан пдф 2016 by akjolgazet - Issuu