14 жетоқсан пдф 2017 ж

Page 1

BIRIN’DI,QAZAQ, BIRIN’ DOS, KO’RMESEN’, ISTIN’ BA’RI BOS.

(ABAI’).

Jambyl oblystyq qog’amdyqsai’asi’ gazet Жамбыл облысты о амды -саяси газет

№141 (18489), Bei’senbi, 14 jeltoqsan, 2017 jyl

ak-jol-taraz@rambler.ru

www. ak jolgazet.kz

Gazet 1922 jylg’y 1 mamyrdan s’yg’ady.

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРТУЫ

Қазақстан газы Қытайға экспортталады Амангелді ƏБІЛ

теңгені құрайтын «ТIP-02 Ақыртөбе» газ сығымдау стансасы іске қосылды. Биыл «Азия газ құбыры» компаниясы Жамбыл облысы аумағында салынып жатқан үш газ сығымдау стансасының үшіншісін іске қосуда. Станса газ желісінің жылдық қуатын 25 миллиард текше метрге жеткізеді деп күтілуде. Оның 5 миллиард текше метрі экспортқа шығарылмақ. Сонымен қатар, Қордай ауданының таулы жерінде орналасқан 12 елді мекені осы «С» желісі арқылы газдандырылатын болады. Осы мақсатты іске асыру үшін келесі жылы «Отырар АГРС»-тің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталады. Болашақта осы желі арқылы Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін газдандыру жоспарлануда. Сондықтан бұл стансаның ашылуы Жамбыл өңірі үшін маңызы зор. «Қазақстан – Қытай» магистральдық газ құбырындағы «С» желісі қуатының өсуі облыс тұрғындарының əлеуметтік жағдайын жақсартуға өз үлесін қосады деп сенеміз, – деді. Одан əрі Кəрім Нəсбекұлы облыстың 377 елді мекенінің 48 пайызы газдандырылғанын атап өтіп, жергілікті қазынадан елді мекендерді газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттар əзірлеу үшін тиісті қаржы бөлініп жатқанын жеткізді. Облысты газдандыру бағдарламасына сəйкес, 2025 жылға дейін 147 елді мекенді газдандыру жоспарланыпты. Бұл 87 пайызды құрайды. Облыс аумағында автоматтандырылған газ реттеу стансаларының жəне магистральды газ құбырларының іске қосылуы бұл жұмыстардың уақтылы жүргізілуіне өз ықпалын тигізетінін айтып, ашылып отырған нысанда 100-ден аса жергілікті тұрғын еңбек ететінін атап көрсетті. Салтанатты шараға қатысқан барша жұртты алда келе жатқан Тəуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тіледі. Жалғасы 2-бетте.

Тəуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл ауданының Айша бибі ауылының маңында «Қазақст ан–Қыт ай» магист ра льдық газ құбырының жаңа №3 компрессорлық стансасы (КС-3) салтанатты түрде ашылды. Газ айдау стансасының ашылуы «ҚазТрансГаз» ұлттық ком п а н и я с ы н ы ң Ас т а н а д а о р н а л а с қ а н диспетчерлік орталығымен онлайн режімде көрсетілді. Облыс жұртшылығының асыға күткен қуанышты сəті басталмас бұрын сазды əуен ойнап, салтанатқа жиылған қалың жұртты қыстың қара суығына қарамастан, бірден серпілтіп тастады. Үлкен экраннан Мемлекет басшысының қатысуымен биылғы 6 желтоқсанда өткен «Жаңа индустрияландыру: Қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірден үзінді жəне еліміздің газ саласындағы жетістіктерінен бейнеролик көрсетілді. Салтанатты шарада облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев құттықтау сөз сөйледі. – Бүгін біз қастерлі де қадірлі Тəуелсіздік күні мерекесі қарсаңында еліміз, оның ішінде облысымыз үшін маңызы зор шараға жиналып отырмыз. Күні кеше ғана, қыстың ең суық күндерінде Қазақстанның оңтүстік өңірі газ тапшылығына ұшырайтын, көп жағдайда көршілес Өзбекстанның «көгілдір отынына» тəуелді болып келдік. Дегенмен, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбыры іске қосылғалы бұл тəуелділік жойылып қана қоймай, ішкі нарықтан артылған газды экспортқа шығаруға мүмкіндік туды. Қазіргі таңда «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Бұхара Газды Регионы – Ташкент – Бішкек – Алматы» магистральдық газ құбырына жүргізген қайта жаңғырту жұмыстары оның тасымалдау мүмкіндігін ұлғайтты. Өткен жылы құны 20,5 миллиард

АСТАНА - 20 ЖЫЛ

АҢДАТПА

«Жарқырап жайнай берші, сен, Астана!»

Шағын халықтың үлкен бақыты

Табиғат АБАИЛДАЕВ Ерғали ҚАРТАЙҒАН

2 Жамбылдың тау-тасы туризмге сұранып тұр

Еліміздің бағаналы орда, басты ордасы Астананың жиырма жылдық мерейтойы – ел мерейі, мемлекет мақтанышы. Армандар орындалған ару қалаға, ерке Есілдің бойына ел қонды, етек жиды, еңсе сін көтерді. Сəулеті келісіп, дəулеті тасыған бас қала Астанаға қазіргі таңда төрткүл дүниенің түгел жұрты қызыға қарайды. Əлбетте, Астананың ажарлана, көркейе түсуінде Елбасының қолтаңбасы сайрап жатыр. Елорданың мерейтойына орай салтанатты шаралар легі Жамбыл жерінде де бастау алды. Тараз қаласындағы темір жол вокзалына жиналған жұртшылық «Астана. Тəуелсіздік. Рухани жаңғыру» атты ақпараттық пойызды шығарып салу рəсіміне «бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай» белсенді түрде қатысты. Шараның ашылу салтанатында облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев сөз алды. – Алдымыздағы жылы елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы.

Бұл – жалпыхалықтық мереке. Ұлы Дала елінің жəне халықаралық ау қ ы м д а ғ ы қ о ғ а м д ы қ - с а я с и мəні зор оқиғаны күллі қазақ елі бірлікпен, берекелі тірлікпен атқаруы тиіс. Елдік мерекеге үлес қосу мақсатында бүгін біз «Астана. Тəуелсіздік. Рухани жаңғыру» атты ақпараттық пойызды аудандарға шығарып салып тұрмыз. Атаулы мереке аясында ақпараттық пойыз 25 стансаға аялдап, тұрғындарға тегін

медициналық көмек, арзандатылған бағамен 120 тонна азық-түлік тауарларын ұсынатын болады. Осы сəтті пайдалана отырып, баршаңызды Тəуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Əрқашан еліміздің мерейі үстем болып, тек биік белестерді бағындыра берейік, – деді облыс басшысы өз ойымен бөлісіп. Бұдан соң облыстық қоғамдық кеңе стің төрағасы Жандар Кəрібайұлы сөз сөйлеп, бабалар

армандаған тəуелсіздік туралы ой толғап, азат елдің алар асулары алда екеніне тоқталды. «Астана. Тəуелсіздік. Рухани жаңғыру » ақпараттық пойызына жайғасқан мамандардың жұмысына сəттілік тіледі. Облыс əкімі Кəрім Нəсбекұлы отарбаның аудандарға аттануына ре сми түрде рұқс ат беріп, символикалық қоңырауды соқты. Жалғасы 2-бетте.

БАСПАНА – БАҚЫТ ШАМЫ

3 Тіліңді «тұралатқан» әлеуметтік желі

5

Сексен отбасы баспаналы болды Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Е л і м і зд і ң е ң б а с т ы м е р е ке с і Тəуелсіздік күні қарсаңында тараздық тұрғындар тағы бір қуанышқа кенелді. «Қарасу » мөлтек ауданында көп балалы, толық емес отбасыларына, бюджет саласының қызметкерлеріне 80 пəтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс əкімінің орынбасары Ғалымжан Əбдірайымов қатысып, жаңа пəтер иелерін мерекемен құттықтай келе: – «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 2015-2017 жылдары Тараздағы «Арай» алқабында жоспар бойынша 19 үйдің жобасы бекітілген болатын. Əзірге 1245 пəтерлі, жалпы ауданы 85,5 мың шаршы метрді құрайтын 15 үйді пайдалануға бердік. Биыл жоспардағы 319,6 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарын толығымен орындадық. Облыста сондай-ақ биылдан бастап мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы іске асырыла бастады. Бағдарлама аясында республикалық бюджеттен

осы жылға 1,56 миллиард теңге бөлініп, 17,7 мың шаршы метр 258 пəтерлі 4 үйдің құрылысы басталған-ды. Оның 11,9 мың шаршы метрі немесе 3 үй үстіміздегі жылы пайдалануға берілуде. Соның қатарында бүгін өздеріңіз ие болатын «Қарасу» мөлтек ауданындағы 80 пəтерлі үй де бар, – деп қуаныш иелеріне пəтер кілттерін табыстады. Мұнан соң жаңа қоныс ие сі, Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің іс жүргізушісі Зылиха Умеева сөз алып, пəтер алушылар атынан Елбасына, облыс əкімі мен құзырлы орын басшыларына алғыс айтты. Жалпы, №17 бұл тұрғын үйдің құрылысы биыл шілде айында баст а лған болатын. Мердігер – «ПроектСтройСервис» ЖШС. П ə т е р л е р д і ң ж а л п ы ау м а ғ ы – 4205,6 шаршы метр. Құрылысқа республикалық бюджеттен – 571,783 миллион, облыстық бюджеттен 58,541 миллион теңге бөлінген. Ғалымжан Райылұлы салтанатты жағдайда тұрғын үй лентасын қиған соң қонақтар оның ішін аралап көрді.

ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ

Мемлекет басшысы Бас мүфтиді қабылдады Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Серікбай қажы Оразды Қазақстанның Бас мүфтиі лауазымына сайлануымен құттықтады. – Мен Тəуелсіздік күні қарсаңында Сізді осындай жоғары лауазымға сайлануыңызбен құттықтау үшін шақырдым. Тəуелсіздіктің арқасында дəстүрімізді қайта жаңғыртып, ата-бабамыздың дінін ұстану мүмкіндігіне ие болдық. Мемлекет тарапынан кез келген азаматтың діни бостандығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалды, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы Дін істері жəне азаматтық қоғам министрлігі арқылы діни қатынастар саласын реттеуде мемлекет ерекше рөл атқаратынын айтты. – Қазақстан – зайырлы мемлекет. Министрлік дінге қандай да бір шектеу қою үшін құрылған жоқ. Министрлік дін саласында тəртіп орнатып, дін жолындағы адамдар бір-бірінің құқығын бұзбауын қамтамасыз ету үшін құрылған, – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен биылғы сəуірдегі кездесуіне тоқталып, онда сананы жаңғыртып, еліміздің тарихи жəне рухани байлығын сақтау қажеттігі талқыланғанын атап өтті. Қазақстан мұсылмандары үшін ханафи мазхабының дəстүрлі сипатына назар аударып, бұл ағымның мəнін ұғындыру қажеттігін айтты. – Дін жолындағы адамдардың арасында жастар да бар. Мешіттерге сəн үшін баратындар да бар, шалбарының балақтарын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бəріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек, – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ, радикалды діни ағымдарды ұстанушылармен арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігіне назар аударды. – Дəстүрлі ханафи мазхабының қағидаларын жəне оның теріс пиғылды діни ағымдардан айырмашылығын түсіндіру үшін Құран мен хадистерді білетін білікті имамдарды тарту қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстанның Бас мүфтиі жылы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алдында тарихи тұрғыдан қалыптасқан дəстүрлі діни мектепті қайта жаңғыртуға байланысты үлкен міндеттер тұр. Сіз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда жаңа үрдістер мен əлемдегі өзгерістерге бет бұру қажеттігі туралы айттыңыз. Бүгінде біздің имамдар жаңа əдебиеттерді зерттеп, уағыз айту мен мінəжат ету барысында осы білімдерін қолдануда, – деді Серікбай қажы Ораз. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Серікбай қажы Ораз еліміздегі діни білім беру мəселесін талқылады.

ЖЕДЕЛ СҰХБАТ Ақжүрек ТАҢАТАРОВ ТАҢАТАРОВ,, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері:

«100 жаңа есімге» енгенімді зор мəртебе көремін» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ел дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды насихаттау, ынталандыру мақсатында Қазақстанның «100 жаңа есімін» анықтау тапсырылған болатын. Нəтижесінде бірнеше іріктеу кезеңі арқылы азаттық жылдарында қазақ атын əлемге танытқан түрлі саладағы талант иелері қазақстандықтардың дауыс беруінің нəтижесінде «100 жаңа есім» қатарына енгені белгілі. Жүздіктің қатарына еніп, елінің қошеметіне бөленген түрлі сала үздіктерін Мемлекет басшысы қабылдап, еңбегі ерен, ойы терең азаматтарға алғысын білдіріп, емен-жарқын əңгімелесіп, еліміздің өркендеуі жолында еңбек ете берулеріне тілектестігін білдірген болатын. Аталмыш жобаға Жамбыл жерінен сегіз азамат қосылған-ды. Бүгін біз «100 жаңа есім» жобасына енген даңқты спортшы, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының жəне Парижде өткен əлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Ақжүрек Таңатаровпен болған жедел сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Жалғасы 3-бетте.

ЖАЗЫЛЫМ – 2018

Уақыт күтпейді Баспасөзге жазылу науқаны сонау қазан айының басынан басталғанымен, облыс тұрғындарының газет-журналдарға жазылу барысының тым баяу екені көңілімізді алаңдатқанын жасыра алмаймыз. Қалың бұқара газет оқудан қалғаны ма сонда, əлде оқырман көңілінен шығатын, ойын ұғатын, қажетіне жарайтын дүниелерді басылымдар бере алмай отыр ма деген де ойдың болғаны рас. Алайда, жазылымның соңғы көрсеткішіне көз жүгірткенде ол күдік біршама сейілгендей... «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының жүргізіп отырған мерзімді басылымдарға жазылудың сараптама кестесінен облыстың бас басылымы «Ақ жол» газетіне тұрғындардың ілтипаты мен қызығушылығы басым екенін байқадық. Оған дəлел газетке жазылушылар саны күн санап артып, көңілге қуаныш сыйлауда. Осы орайда облыс аудандары арасынан «Ақ жолға» ең көп жазылған Байзақ жəне Жамбыл ауданының тұрғындарына алғыс айта кеткен артық болмас. Сондай-ақ Жуалы мен Мойынқұм ауданының да жазылым науқанына қатысу көрсеткіші жаман емес. Ал Меркі, Талас, Сарысу аудандары əлі де болса белсенділіктерін арттырып, көрсеткішті көбейте түседі деген сенімдеміз. Облыс орталығы Тараз қаласы жəне Қордай мен Шу аудандары тұрғындар саны жағынан өзге аудандардан анағұрлым алдыңғы орында екенін ескерсек, соған сай баспасөзге жазылатын азаматтардың да саны еселене түсуі заңдылық. Бұл тұрғыдан келгенде «Ақ жолға» жазылуға ниетті азаматтардың əлі де «ұзын арқан, кең тұсауға» салып, уақыт оздырып жүргенін байқаймыз. Аса қадірменді оқырмандар, ай аяқталып, жылдың бітуіне бірнеше күн ғана қалды. Сондықтан «Ақ жолға» жазылуға асыққаныңыз абзал! «Ақ жол-Ақпарат».


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.