www. akjolgazet.kz
Aq jol Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет
Тағылым
№5 (18499) сенбі 13 қаңтар 2018 жыл
«Тәуелсіздік дәуірі» – ел дамуының айнасы Әлемдік деңгейдегі ойшылдардың көпшілігі қоғамның дамуындағы жеке адамның белгілі бір жағдайдағы шешуші рөлді атқаратынын жоққа шығармайды десек, әлемдік саясиқұқықтық тарихта ондай тұлғалар баршылық.
1922 жылғы 1 мамырдан шыға бастады
Жолдау жүктеген міндеттер: өңір тынысы
Өнеркәсіптегі өзгерістер – жаңа өрлеу кезеңі Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңі елімізге дамудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Оны тиімді пайдаланудың жолдарын Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айқын көрсетіп, негізгі 10 міндетті белгілеп берді. Елдік мүдде тұрғысынан алғанда бұл –үлкен жауапкершілік. Іске асыру үшін жүйелі жоспар, нақты жұмыспен бірге қоғамдық санаға серпіліс қажет. Сондықтан облыс әкімі Асқар Мырзахметов орынбасарлары мен мәслихат депутаттары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, облыстық басқарма, аумақтық департаменттер, құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындарының басшылары және профессор-оқытушылар құрамы, с а я с и п а р т и я л а р , э т н ом ә д е н и орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктері және екінші деңгейдегі банктер өкілдерін жинап, осы мәселелерді талқылады. – 10 қаңтарда Мемлекет басшы сының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауы жарияланды. Елбасы жаңа әлем – төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу жолын көрсетіп, жетістікке жеткізетін 10 міндетті ұсынды. Бұл – Қазақстан үшін жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу барысындағы жаңа мүмкіндіктер. Бүгін біз Жолдау міндеттеріне сәйкес облыста атқарылатын жұмыстарды нақтылап алу үшін жиналып отырмыз, – деді өңір басшысы Асқар Мырзахметов «Баласағұн»
орталық концерт залында өткен актив жиынында. Кез келген технологиялық революция жаңа даму жолына бастайтыны белгілі. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс те бізге өрлеудің тың даңғылына түсуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – әсіресе аграрлы-индустриалды аймақ саналатын облысымыз үшін өнеркәсіпті өркендетудің таптырмас жолы. Осы арқылы кәсіпорындарды автоматтандырып, еңбек өнімділігін
арттырып, барлық салаға цифрлық жүйені енгізіп, әлеуметтік ахуалды жақсарта түсуге болады. Оған біздің өңірде тиісті алғышарттар жасалған. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков осыны баяндап, алдағы атқарылар ауқымды жұмыстар туралы айтып өтті. Өткен жылы Үшінші жаңғыру кезеңін табысты бастаған еліміз «Цифрлық Қазақстан» б а ғ д а рл а ма с ы н қ а б ы л д ап , о с ы
бағытта кешенді шараларды қолға а л ғ а н ы м ә л і м . Б а рл ы қ с а л а н ы цифрландыру міндеті Елбасының жаңа Жолдауында да көрініс тапқан. Бүгінде облыстағы кәсіпорындарда цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бекболат Серікбекұлының сөзіне сүйенсек, отандық химия өндірісінің флагманы «Қазфосфат» ЖШС осы мақсатта 2 0 11 - 2 0 2 0 ж ы л д а р ғ а а р н а л ғ а н жаңғырту жоспарын әзірлеген екен.
Бұл жоспарда жаңа технологияларды енгізу, сонымен қатар күрделі жөндеу және қайта жарақтандыру кезінде жұмыс істеп тұрған құрылғыларды жаңғырту қарастырылған. Атап айтсақ, осы кезеңде 29,4 миллиард теңгені құрайтын 11 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Оның 1,2 миллиард теңгесі технологиялық процесті автоматтық жүйеде басқаруға арналған. Бекболат Орынбеков баяндап өткендей, өнеркәсіпті автомат тандыруға және компьютерлендіруге ұмтылыс жасап отырған кәсіпорындар баршылық. Соның бірі – «Цифрлық кеніш» атты жобаны жүзеге асырып жатқан «Алтыналмас» компаниясы. Бұл жоба цифрлық инновацияның көмегімен өнімділік пен кірісті арттыруды және шығындарды 15 пайызға дейін азайтуды көздейді. Сондай-ақ жаңа технологияның көмегімен блоктарды жарылыссыз әзірлеуде гипс, мәрмәр және гранит ө н д і р у жо б а с ы н і с ке а с ы р ғ а н «Оргстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін де атап өткен жөн. Е л б а с ы ө з і н і ң Жо л д ау ы н д а өнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге жеткізу міндетін қойып отыр. Жаңа меже өз кезегінде, аграрлық саладағы еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беретіні анық. Себебі, шаруалардың заманауи технологиялардың өнім ділікті арттыратынына іс жүзінде көздері жеткен. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өз баяндамасында айтып өткен Қордай ауданындағы «Самғау» шаруа қожалығы «Джондир» маркалы тракторына енгізілген GPS бақылау технолог иясын енгізіп, егін шаруа шылығын интенсивтендіруді қолға алған. Жалғасы 2-бетте
депутаттар ел ішінде
Аңдатпа
Көңіл тоғайтар тірлік көп
Биыл 7 ұйым сатылымға шығарылады
Индустрияландыру жаңа технология ларды енгізудің бір жолына айналуы тиіс екенін Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап көрсетті. Есет ДОСАЛЫ
4 Тұлға рухы ұлықталды
Сондай-ақ еңбек өнімділігі жоғары қайта өңдеу секторын одан әрі дамыту қажеттігін ескертіп отыр. Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Омархан Өксікбаев пен Құдайберген Ержан бірқатар кәсіпорындарға барып, жұмысшылармен кездесіп, жаңа Жолдау жүктейтін жауапкершілікті түсіндірді. Мемлекет басшы с ы н ы ң « Б ол а ш а қ қ а б а ғ д а р : рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын көріп, танысты. «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Төлепбек
Исаев басқаратын «Минералды тыңайтқыштар зауытында» 962 адам еңбек етеді. Жылына 225 мың тонна аммофос, 16,4 тонна азық-түлік фосфатын, 600 тонна күкірт қышқылын өндіретін ірі кәсіпорын жұмысшыларының о рт а ш а ж а л а қ ы с ы 9 0 м ы ң теңгені құрайды. Кәсіпорында индустриялық-инновациялық
д а м ы т уд ы ң м е м л е к е т т і к бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы моногидратты қайт а ө ң д е й т і н к ү к і рт қ ы ш қ ы л ы ц е х ы н ы ң қ ұ р ы л ы с ы н і с ке қосқан еді. Жобаның жылдық қуаты 600 мың тоннаны, ақшаға шаққанда 14,4 миллиард теңгені құрайды. 138 жұмыс орны ашылған болатын. 2016
жылдан бері экстрациондық фосфор қышқылын өндіру цехы жұмыс істеп тұр. Экологиялық ж ә н е т ех н и ка л ы қ б а қ ы л ау зертханалары да бар. Омархан Өксікбаев экологиялық мүмкіндіктерді түсіндірген зертхана басшысы Гүлжанат Байзақоваға бірқатар ескертпелер айтты. «Елбасы жаңа Жолдауында тұрғындардың денс аулығын сақтауға жұмыс берушілердің жауапкершілігіне негізделген міндетті сақтандыру жүйесін енгізудің қажеттілігін айтты. Жұмыс беруші өз мамандарының денсаулығына жауапты болуы т и і с . Е л і м і зд і ң б юд же т і н і ң 45 пайызы әлеуметтік салаға, денсаулық, экология, қоршаған ортаны жақсарту мәселелеріне жұмсалып отыр. Біз экологияны жақсарту бағытында әлемдік озық тәжірибелерді меңгеруге тиіспіз. Сондықтан сіздер экологиялық жағдайларды автоматты негізде қадағалауға жедел көшкендеріңіз жөн», – деді ол. Жалғасы 3-бетте
ры: а д ай
жолдың» жаңа қ А «
Қадамың құтты болсын! Күләш Ахметова, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
«Ақәділдің объективі»
6
Ұлы Даланы мекендеген Қазақ Елінің кешегісі – керемет, бүгінгісі – ғаламат. Біздің қасиетті жеріміз қандай байтақ, халқымыз қандай дарқан! Мерейлі мемлекетіміздің арайлы өңірлерінің бірі – Жамбыл облысы. Тарихы бай, тағылымы асыл өлкемізбен қалай мақтансақ та, жарасады. Екі мың жылдан астам тұрған көне Тараздың әлем мәдениетінде өзіндік орны бар. Облыстың қай тарабына барсаңыз да, меймандос та мейірімді, қанағатшыл да қайырымды қауым алдыңыздан шығары анық. Қазақ хандығының туын тіккен бұл аймақтың айбары мен абыройы әлі де жоғары. Әсіресе тәуелсіздіктің таңы рауандап атқаннан бастап, жарқын келешекке талпынған халқымыздың қарым-қабілеті сан қырынан ашыла түскендей. Осы жылдары
облыс басқарған азаматтардың әрқайсысы ынта-жігерін аямай, өз үлестерін қосқанын білеміз. Әрине, әр басшы өз қолтаңбасын қалдырады. Жаңа жылдың алғашқы айында облысымызға жаңа әкім келді. Танымал тұлғалардың аты-жөні аталғаннан-ақ оның беделі мен бейнесі көз алдымызға келеді. Асқар Мырзахметов деген есім қандай сынға салса да қайыспайтын қара нар, қайсар жауапкершілік иесін еске түсіреді. Көршілес Оңтүстік Қазақстанның көркеюіне ерен еңбек сіңірген көрнекті тұлға үшін Жамбыл жері бейтаныс болмас. Нұр жамылған өлкеміздің әрбір сүйем бедері мезгілдің жырын жырлап тұрғандай. Бір ғана Талас ауданының тауы мен бұлағының қыры мен қырқасының, сайы мен саласының, гүлжазира даласының бабалар беріп кеткен аттарының өзі тұнып тұрған сұлу шежіре!
Солардың ішінде қиын-қыстау шақта жол тауып, елін аман сақтап, жаңа мемлекет құрып, оның болашағын баянды еткен қайраткерлер санаулы және олардың тарихи орны ерекше. Өткен жылы жарық көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы – тарихи кезеңнің қайнаған бел ортасында жүрген тарихи ерекше тұлғаның қаламынан туған құнды туынды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәжіліс залында өткен дөңгелек үстелде сөз алған баяндамашылар тың дүниені осылай деп бағалап, ойларын ортаға салды. Жиынға бірқатар басқарма басшылары, өңіріміздегі жоғары оқу орындарының ректорлары, ұстаздар қауымы мен студенттер қатысты. Басқосуды аталмыш университеттің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізіп отырды. Ректор алдымен кітап мазмұнының тереңдігіне, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның шежіретарихына айналатынына сенім білдірді. Сондайақ ол әзірге 500 таралыммен шыққан кітап оқу ордасына жалғыз дана болып жеткізілгенін айтып, алдағы уақытта таралымы артып, бірнеше кітапты университет кітапханасына алдыратынын айтты. Махметғали Нұрғалиұлы «Тәуелсіздік дәуірі» студенттер үшін егемен еліміздің ширек ғасырлық өткенімен жіті танысуға таптырмас дүние екенін тілге тиек етті. Бұдан соң кітаптағы төрт бөлім бойынша баяндамашыларға кезек тиді. Алғаш болып сөз алған М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Заң факультетінің деканы Қайрат Нұрманбетов «Тәуелсіз Қазақстанның бірінші жаңғыруы» тақырыбында сөз қозғап, егемендіктің алғашқы 1991-1995 жылдарындағы тарихи оқиғаларға ой жүгіртті. Ал «Ұлы бетбұрыс» бөлімі бойынша ой толғаған гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Әзімхан Ыбырайым 19961999 жылдардағы тәуелсіз еліміздің тарихына тоқталды. Әсіресе баяндамашы астанамыздың ауысуы, Елорданың қалыптасуы жайлы кітапта жан-жақты жазылғанын жеткізді. Жиында өзге де сөз алушылар орамды ойларын, келелі пікірлерін білдіріп, шын мәнінде де туындыны Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған «Тәуелсіздік энциклопедиясы» деп атауға лайық екенін жеткізді. Технологиялық факультетінің деканы Әнуарбек Әймен «Жаңа ғасыр табалдырығында» тақырыбында, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы Зәуреш Абдукаримова кітаптың «Қалыптасқан мемлекет» атты бөлімі бойынша әңгімелеп, ондағы мағлұматтардың құндылығын сөз етті.
өңір және өркениет
тілек
5
Жанғазы АХМЕТ
Жамбылда егін де бар, мал да бар, кен де бар, кент салатын жер де бар. Айналайын, Асқар! Қасиетті өңірге басқан қадамыңа нұр жаусын! Бұған дейін талай-талай ауқымды істер атқарылған болса да, әлі де ақылой парасатты, жасампаздық пен жаңашылдықты талап ететін биік белес, маңызды міндет алдыңда тұр. Облыстың көркеюіне, ежелгі Жібек жолы бойындағы жұлдыз – шаһардың жауһардай жарқырап, айрықша ажарлануына аянбай қайрат жұмсайды деп сенеміз. Оған сенің өмірлік тәжірибең де, білімің де жетеді. «Жалғыз ағаш орман емес, жалғыз адам әскер емес» дейді. Өзіңнің Елбасы тапсырмаларын орындаудағы ізгілікті істерің мен бастамаларың елдегі қарымды азаматтар мен жалынды жастардан, қалың көпшіліктен қызу қолдау табады деп үміттенемін. Өзіңе денсаулық, отбасыңа амандық, береке-бірлік, еңбегіңе жеміс тілеймін.
Жергілікті өнімнің экспорты өсуде Қарлығаш Есбергенова Мемлекет басшысы күні кешегі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында алдымызға қойылған 10 міндеттің үшіншісінде
«Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деп жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап та берді. Бұл бағыттағы іс өңірімізде де жүйелену үстінде. С о ң ғ ы ж ы л д а р ы е л і м і з д і ң Үд е м е л і индустриялық-инновациялық дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен облысымызда қызметі экспортқа бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындарының саны артып келеді. 2017 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында өңір экспортының жалпы көлемі 596,6 миллион долларды құраған. Облыстағы ең ірі экспорттаушы – «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фосфор өнімдерін әлемнің Германия, Түрікменстан, АҚШ, Дания, Швейцария, Польша, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Венгрия, Нидерланды және басқа да елдеріне жөнелтеді. Металлургия саласында қызметін жүзеге асыратын «Тараз металлургиялық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоржынында ТМД елдерінің сұраныстары толық қалыптасқан. Тарқатып айтсақ, кәсіпорын ферроқорытпа өнімдерін Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспорттауда. Зауыт өнімінің сапалық дәрежесін экспорттық географиясынан-ақ анық аңғаруға болады. Жалғасы 4-бетте