12 aqpan PDF 2019 j

Page 4

4 12 а пан, 2019 жыл

JYL QORYTYNDYSY

www. aqjolgazet.kz ak-jol-taraz@rambler.ru facebook.com/akjolgazet/

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2018 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІКБІЛІМ БЕРУ

коэффициенті 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға төмендеп, 6,39-ды құрады (2017 жылы – 6,49). Аналар өлімінің көрсеткіші 34,4 пайызға төмендеді, 100 мың тірі туған нəрестеге есептегенде 8,0-ді (2017 жылы –12,2), нəрестелік өлім көрсеткіші 1000 тірі туған нəрестеге есептегенде 7,7%-ге төмендеп, 7,1-ді құрады (2017 жылы – 7,7).

Білім беру жүйесіне 2018 жылы 107,8 млрд. теңге бөлінді (2017 жылы- 98,4 млрд. теңге). Осының нəтижесінде облыстың білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасы артып, білім деңгейінің өсуіне қол жеткізілді.

медициналық ұйымның 364-і) Интернет желісіне қосылған. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұйымдарында медициналық ұйым қызметкерлері мен халықтың цифрлық сауаттылығын оқыту үшін 20 цифрлық бекет құрылды. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің 100%-ы цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан сəтті өтті жəне Жамбыл облысы бойынша 489 мыңнан астам халық медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге оң əсер етеді. 57 мыңнан астам пайдаланушыны белсенді пайдалана отырып, медициналық ұйымдардың 10,8%-на (43 медициналық ұйым) медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) жəне 2 мобильді қосымша енгізілді. Сондай-ақ қаланың 12 медициналық ұйымдарында «E-Kezek» электрондық кезек жобасы енгізілді, бұл кезекті 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. МƏДЕНИЕТ

Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі күні 532 (381-балабақша, 151-шағын орталық) мектепке дейінгі білім мекемелерінде 54582 бала тəрбиеленуде (2017 жылы 477 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 51746 бала тəрбиеленді). 2018 жылы 66 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, облыста оқу жəне тəрбиемен қамтылған 1-6 жас аралығындағы балалар үлесі 68%-дан 84%-ға (респ. – 77, 1%), 3-6 жас аралығында 90,2%-дан 98 %- ға өсті (респ. – 95,2%).

2018 жылы жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 60 бірлікке өсіп, 156-ға жетті (152 балабақша, 4 шағын орталық). Онда 14334 (29,3%) бала тəрбиеленуде (2017 жылы - 96 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында- 10195 бала). О бл ы с о қ у ш ы л а р ы р е с п убл и ка л ы қ ол и м п и а д а н ы ң қорытындысы бойынша 7 жыл қатарынан, республикалық ғылыми жарыстардың қорытындысы бойынша 6 жыл қатарынан І-ші орындарды иеленді. Облыс бойынша халықаралық, ре спубликалық пəн олимпиадалары мен ғылыми жарыстарға қатысқан 257 оқушының 143-і (55,6%) жеңімпаз атанды (22 алтын, 35 күміс, 86 қола). Дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты республикалық олимпиадаларда 10 жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атағын иеленді.

Балабақшаға кезекке қою жəне жолдама беру, 1-сыныпқа қабылдау 100% автоматтандырылды. Барлық мектептерге қызметкерлер мен педагогтерді жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Колледждерге электронды оқыту жүйесі 100%-ға енгізілді, 5 колледжге «Қауіпсіз колледж» жобасы енді, 5 колледжде электронды қызмет көрсету орталықтары ашылды. 2018 жылы білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 1,9 млрд. теңге бөлінді (жаңа модификациялы кабинеттер, компьютерлер, мектеп жəне балабақша жиһаздары, асхана жабдықтары жəне т.б.). Білім нысандарының құрылысына 2018 жылы 5 млрд. теңге бөлініп, 14 білім нысанының (14 мектеп) құрылысы жүргізілді, жаңа оқу жылында 9 нысан пайдалануға берілді (9 мектеп) (2017 жылы- 6,3 млрд. теңге бөлініп, 20 білім нысанының құрылысы жүргізіліп, 5 мектеп, 3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектептің ғимаратын қайта жаңғырту, 1 колледжге қосымша ғимарат, 1 кəмелетке толмағандардың бейімдеу орталығы, пайдалануға берілген болатын). 2018 жылы 15 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 2,3 млрд. теңге бөлінді (2017 жылы 20 білім нысанын күрделі жөндеуге 2,7 млрд.теңге,135 білім нысанын ағымдағы жөндеуден өткізуге 425,5 млн. теңге бөлінген).

2018-2019 оқу жылында 48 техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымы жұмыс істейді. 33 колледжге 62 мамандық бойынша 5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді (2017-2018 оқу жылында 4993, яғни 31 орынға артық). Оның 3324-і (66,1%) жұмысшы мамандықтары. «Баршаға арналған тегін техникалық жəне кəсіптік білім беру» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 9 колледжге 11 мамандық бойынша 770 орын бөлінді. 2018-2019 оқу жылында 35 колледжде 38 мамандық бойынша (2017-2018 оқу жылында 33 колледжге 35 мамандық) оқытудың дуальды жүйесі енгізілді, оған 3428 студент қамтылды. 193 əлеуметтік серіктестермен 3428 келісім шарттар жасалды. Облыста 2 колледжді базалық алаң ретінде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізіліп, оған 426,5 млн.теңге қаржы бөлінді (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Құлан ауыл шаруашылығы колледжі). Жамбыл политехникалық жоғары колледжі 8 құзыреттілік бойынша (химия, энергетика, құрылыс, механатроника, машина жасау бағыттары) құзыреттілік орталығы, Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде жаңғырту үшін заманауи үлгідегі қондырғылар орнатылып, жылыжай, мал дəрігерлік клиникасы ашылды.

Облыстың əлеуметтік мəні бар аурулар бойынша жағдайы тұрақты. Кешенді іс-шараларды тиімді іске асыру туберкулез бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып, аурушаңдық 2,5%-ға (100 мың тұрғынға 51,5-тен 50,3-ке дейін,) жəне өлім 8,6%-ға (100 мың тұрғынға 2,3-тен 2,1-ге дейін,) төмендеді.

Туберкулезге қарсы күресте науқастарға жəне олардың отбасыларына əлеуметтік көмек көрсетудің маңызы зор. Жыл сайын жергілікті атқарушы органдары тарапынан туберкулезбен ауыратын науқас адамдарға көрсетілетін əлеуметтік көмектің көлемі артуда. Мəселен, 2017 жылы - 78,2 млн. теңге, 2018 жылы - 106,8 млн. Облыс бойынша 21 онкологиялық, 22 маммологиялық жəне 40 қарау кабинеттері жұмыс жасайды. 2018 жылы қатерлі ісіктен аурушаңдық көрсеткіші 140,9 -дан 139,9-ға дейін, яғни 0,7%-ға төмендеді, өлім көрсеткіші 75,4-тен 63,9-ға, яғни 16%-ға дейін төмендеген.

Уақтылы жүргізілген скринингтік тексерулер нəтижесінде қан айналымы жүйесінен аурушаңдық көрсеткіші 2,7 пайызға төмендеді (2017 жылы – 2950,7; 2018 жылы – 2869,4). Қан айналымы жүйесінен өлім көрсеткіші 10,2 пайызға төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 122,0 құрады (2017 жылы – 136,0).

Бүгінде облыста мəдениет, архив мекемелерінің саны 549-ды құрады. Мəдениет саласын дамытуға жергілікті бюджеттен 2018 жылы 5,5 млрд. теңге бөлінді. 2018 жылы облыста 3 музей қолданысқа берілді: Қордай ауданы Əлжан ана ауылдық тарихи музейі, Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейі жəне Тараз қаласы Қ.Рысқұлбеков саябағында «Желтоқсан-86» орталығы. Тараз қаласының саябақтары, скверлерлері жаңартылып, Б.Момышұлы атындағы «Ерлік» мемориалдық кешені бой көтерді. Кешенге «Б.Момышұлы» ескерткіші, «Мəңгілік алау» ескерткіштері көшірілді. Осы жұмыстардың аясында 105050 Ұлы Отан соғысына қатысушыларының тізімі арнайы мəрмəр тақтаға қашалып жазылды. «Ерлік» ақпараттық сайты ашылды. Сонымен қатар Жамбыл Жабаев ескерткіші, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ жəне Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші қайта жаңғыртылып, «Тəуелсіздік ұшқыны» алауы, «Ғибрат» орталығы, «Желтоқсан толқыны» субұрқағы жəне Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Тыл еңбеккерлеріне, «Чернобыль» атом электростансасының зардабын жоюға қатысушыларға, Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған есерткіштер ашылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бағдарламасын енгізу үшін жергілікті бюджеттен 15 млн. теңге бөлініп, Жамбыл облыстық мемлекеттік архивіне «Электрондық архив» ақпараттық жүйесі бағдарламасы орнатылды. Қазіргі таңда облыстағы тарих жəне мəдениет ескерткіштерінің саны 3 368-ді құрайды. Оның ішінде: 741 тарихи – мəдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған. 30 ескерткіш Республикалық дəрежедегі ескерткіштер болса, оның 5-уі ЮНЕСКО-ның «Бүкіл əлемдік Мəдени Мұра» тізіміне алынып, Халықаралық дəрежедегі ескерткіштер мəртебесіне ие. Ал қалған 2627 тарих жəне мəдениет ескерткіштері алдын ала тізімге алынған. «Əулиеатаның киелі жерлерінің картасы» жобасы іске асырылып, жоба аясында «JADIGER» ЖШС тарапынан жүргізілген ғылыми экспедиция жұмыстарының нəтижесінде арнайы веб сайт құрылып, облыстағы киелі жерлердің электронды картасы дайындалды. Нысандардың 3Д моделі мен панараммалық көріністері жасалып, кітап-альбом жəне мультимедиялық өнімдер шығарылды. Облыста 201 Мəдениет үйлері мен клубтар тұрғындарға мəдени-көпшілік қызмет көрсетіп келеді. Облыстағы 766 клуб құрылымдарына 8490 адам тартылған. 58 ұжымда «Халықтық», «Үлгілі» атағы бар. Мəдени, рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын 288 мемлекеттік кітапхана облыс халқына қызмет көрсетіп отыр. 2018 жылы облыс кітапханаларының кітап қоры 3,5 млн. дананы құрап, оның мемлекеттік тілдегісі 1,8 млн. данаға жетті. Бүгінгі таңда облыс бойынша 288 кітапхананың Интернетке қосылғаны – 273. Компьютермен қамтылған кітапханалар саны – 282. Облыс театрлары 72750 көрерменге 458 қойылым ұсынып, репертуарларын толықтыру мақсатында əртүрлі жанрда 18 жаңа қойылым сахналады. Жамбыл облыстық филармониясы 2018 жылы 340 концерт ұйымдастырып, оған 150 100 көрермен қамтыды. Облыс музейлерінің қорындағы экспонаттар саны 2214-ке ұлғайды. 2018 жылы 3266 кинокөрсетілім қойылып, 123221 көрермен қамтылды. Есепті жылы облыс көлемінде ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған 7 мыңнан аса іс-шаралар ұйымдастырылды. Оның ішінде 1 халықаралық, 4 республикалық, қалғандары облыстық жəне аудандық деңгейдегі шаралар. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖƏНЕ СПОРТ

Облыс бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 89,4-ті құрады. 2017 жылмен салыстырғанда 11,5-ке жоғары (2017 жыл – 77,9 балл). Жаңартылған білім беру мазмұнына облыстың барлық мектептерінің (446 мектеп) 1-3 жəне 5-8 сыныптары көшті. 2019 жылы – 4, 9, 10 сынып, 2020 жылы – 11 сынып оқушылары көшеді. 2018 жылы 5434 педагог жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу курстарынан өтті (жалпы 2016-2018 жылдары 15840 мұғалім оқытылды). Республикалық, халықаралық деңгейде өткізілген байқауларда 1229 педагог жеңімпаз атанды (2017 жылы- 508 мұғалім). Республикалық байқаудан 4 педагог «Үздік педагог» атағын иеленіп, олардың əрқайсысына 2,4 млн. теңге көлемінде сыйақы берілді (2017 жылы – 4 педагог). 2018 жылы облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға «Білім-Инновация» мектеп-интернаты «Үздік мектеп» байқауының жеңіпазы атанып, 22 млн. 627 мың теңге көлемінде облыс əкімінің грантын иеленді. Облыс мектептеріне үш тілде білім беру кезең-кезеңімен енгізілуде. 2018-2019 оқу жылында 277 мектепте физика, химия, биология, информатика пəндері ағылшын тілінде оқытылады (2017-2018 оқу жылында - 45 мектеп). Оларға барлығы 755 мұғалім сабақ береді. Облыстың 40 мектебінде «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс-тəжірибесі таратылуда (2017 жылы- 7 мектеп). Үш тілде оқытуға көшу бойынша жаратылыстану пəндерінен сабақ беретін 1056 мұғалім кəсіби даярлық курсынан өтті (А1 деңгейі – 212, А2 деңгей – 52, В1 деңгей –126, В2 деңгей – 666).

2018 жылы облыста дене шынықтыру жəне спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 327,4 мың адамды немесе 29,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 7,8 мың адамға (319,6 мың адам) өсіп отыр.

СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ Облыстағы 3 жоғары оқу орнының екеуінде жалпы сыйымдылығы 1264 орынға арналған жатақханалары бар (ТарМУ - 804, ТарМПУ 460). 1637 студентке жатақхана керек (ТарМУ - 657, ТарМПУ - 780, ТИГУ - 200). 1. Тараз мемлекеттік университетінің 1,5 гектар жеріне құны 1,3 млрд. теңгеге 500 орындық жатақхана соғу бойынша жұмыстар жүргізуде, бүгінде инвестор анықталған. 2. Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті 0,7 гектар жерде 1,1 млрд.теңгеге 400 орындық жатақхана құрылысын бастауды жоспарлап отыр. 3. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қаласынан бұрынғы қонақ үйін сатып алу арқылы жатақхана мəселесін шешіп отыр. Бүгінде күрделі жөндеу жүмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыстағы 3 колледжге 750 орындық жатақхана салу қажет. Оның ішінде: 1. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі (жатақханаға қажеттілік – 300 орын). 2. Жамбыл медицина колледжі (жатақханаға қажеттілік - 350 орын). 3. №9 Меркі колледжі (жатақханаға қажеттілік - 100 орын). Жатақхана құрылысына 4,2 га жер телімі бөлінді, тиісті құжаттар дайын. Құрылысы жоспарланған жатақханалардың жобалық құжаттамаларын əзірлеу үшін инвесторлармен тиісті жұмыстар атқарылуда.

2018 жылы жергілікті бюджет есебінен денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 3,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 2,5 млрд. теңгеге 805 бірлік медициналық техника, мемлекеттік-жекешелік əріптестікке 37,5 млн. теңге бөлініп, 136 дана құрал-жабдық, 516,1 млн.теңгеге 1013 бірлік өзге де техника сатып алынды. Жедел медициналық жəрдем жəне бастапқы медициналықсанитариялық көмек ұйымдарының жедел көмек қызметі үшін 252,9 млн. теңгеге 27 санитарлық автокөлік сатып алынды. 2018 жылы жетіспейтін дəрігерлер үлесі 30-ға дейін төмендеді. 2018 жылы облысқа 122 жас маман келіп, оның 102-сі ауылдық жерге (12 аудандық маңызы бар қалаларға) орналастырылды. Ауылдық жерге орналасқан жас мамандарға əлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, жергілікті бюджеттен 60,8 млн. теңге бөлінді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2018 жылы 55,4 млрд. теңгені құрады (2017 жылы – 59,1 млрд.теңге). Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – 43,93 млрд. теңге (2017 жылы – 34,2 млрд.теңге).

Облыс бойынша 76 мектептен тыс мекемелерде (60 мемлекеттік, 6 мемлекеттік емес мектептен тыс мекемелер мен 10 қала сыртындағы сауықтыру лагерлері) 60067 (27,0%) оқушы қосымша білім берумен қамтылған. Жалпы облыс бойынша 2018 жылы қосымша білім берудің барлық түрімен қамтылған оқушылар үлесі - 92,3%-ды құрап отыр (2017ж. – 47172 оқушы немесе 22%). 2018 жылы оқушыларға ІТ саласы бойынша терең білім беру мақсатында облыс орталығында 300 орындық мамандандырылған IT лицей-интернат, 14 IT-сыныбы ашылды. Робототехника кабинетінің саны 7%-дан 34%-ға жетті (152 мектеп). Жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету 71%-дан 94,8 %-ға жетті.WI-FI желісімен қамту 31%-дан 96%-ға көтерілді. Электрондық журналдармен күнделіктер қолданатын мектептердің үлесі 100%-ға жетті (2017 ж.- 33%). Оқу кабинеттерін компьютермен жабдықтау 21%-дан 65,6%-ға өсті (мұғалімдер компьютері - 7158 дана, оқушылар компьютері - 24257 дана).

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығы 72,43 жасты құрады. Жалпы өлім – жітім

2018 жылы республикалық жəне облыстық бюджеттен 9 денсаулық сақтау нысандарының (1 ДА, 2 ФАП, 6 МП) құрылысын салуға 521,2 млн. теңге жəне 6 денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 111,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, игерілді. Онкологиялық диспансердің құрылысына республикалық бюджеттен 250,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 4,5 млн. теңге қарастырылып, игерілуде, аяқталу мерзімі 2018-2020 жж. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 81-қадамына сəйкес 2018 жылдың қараша айында 120 орындық «Айша бибі» санаторийі сенімгерлік басқаруға берілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен 36,4 млн. теңгеге Əлжан ана дəрігерлік амбулаториясына ғимарат сатып алынды. Мемлекеттік-жекешелік əріптестік шеңберінде 29 нысанның құрылысы жүзеге асырылды. Жалпы құны 719,9 млн. теңге. Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдарда 97,5%-ға қағазсыз медициналық құжаттаманы жүргізу (бастапқы медициналық құжаттаманың 121 нысанының 118-і) енгізілді. Халықтың 68,8% -ы (770 195 төлқұжат) электрондық денсаулық паспорттарына қолжетімділікпен қамтамасыз етілген, медициналық ұйымдардың 100%-ы компьютерлермен жабдықталған жəне 92%-ы (398

2018 жылы спорт саласына 6,1 млрд. теңге бөлінсе (2017 жылы 6,8 млрд. тг.), материалдық-техникалық базаны нығайтуға 119,3 млн. теңге бөлінді. 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдық мерей тойы қарсаңында облыс бойынша 5 спорт нысаны ашылып, халық игілігіне берілді. Сонымен қатар облыс бойынша дене шынықтыру жəне спортпен шұғылдану үшін аулаларда, парктерде жəне саябақтарда барлығы 16 стритворкаут алаңшасы қолданысқа берілді (Байзақ – 4, Жуалы – 4, Сарысу – 2, Талас – 2, Меркі - 4). Облыс бойынша тұрғындардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін қолжетімді 1605 спорт нысаны анықталды. Оның ішінде 517-сі Тараз қаласында, 1088-і аудандарда орналасқан. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 354 нысанға өскен. Жалпы 2018 жылы облыс спортшылары жалпы 1547 медальға қол жеткізді. Оның ішінде: Əлем, Азия чемпионаттары мен Кубогы жолындағы халықаралық жарыстарда 596 медальға (225 алтын, 177 күміс жəне 194 қола), Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен Кубоктарында 951 медальға (335 алтын, 250 күміс жəне 366 қола) ие болды. Сонымен қатар 17 спортшы халықаралық дəрежедегі спорт шебері, 105 спортшы «ҚР спорт шебері» жəне 1 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» жоғары атағына ие болды. Жамбыл облысынан – 893 спортшы (ересектер-280, жастар-215, жасөспірімдер-398) спорт түрлерінен Қазақстан Ұлттық Құрама командасының мүшелері атанды. 2018 жылдың басты оқиғасы Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында өткен XVІІІ – жазғы Азия ойындарына спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасы сапында Жамбыл облысынан 26 спортшы қатысып, 22 медаль (2 алтын, 16 күміс, 4 қола) иеленді. Бұл нəтиже еліміздің өңірлері арасында Алматы қаласы мен Түркістан облысынан кейінгі 3 көрсеткіш болып отыр. Соның ішінде облыс спортшыларының нəтижелері төмендегідей: Каратэ-додан 68 кг салмақ дəрежесінде Гузалия Гафурова жеңімпаз атанды. Су добынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Əлтаев Алтай қатысып, І орын иеленді. Бокстан Асланбек Шымбергенов (69 кг) пен Əбілхан Аманқұл (75 кг) күміс жүлдегер атанды. Су добынан Қазақстан əйелдер құрама командасы («Айша бибі» су добы клубы) – күміс жүлдеге ие болды. Жеңіл атлетикадан (эстафеталық жүгіру (4х100, 4х400) Голендова Светлана 2 қола медальға, таеквондодан +80 кг салмақ дəрежесінде Руслан Жапаров, жүзуден (4х100) Əділ Қасқабай қола жүлдегер атанды. Сонымен қатар пара Азия ойындарында Зульфия Габидуллина 1 алтын, 2 күміс жəне 1 қола медаль иеленді.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.