Мұқағали МАҚАТАЕВ
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет №115 (17972), Сенбі, 9 тамыз, 2014 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ТӘУЕЛСІЗДІК
АЯЗДА ТОҢДЫ-АУ, АПТАПТА КҮЙДІ-АУ ЖОНДАРЫ, АЗАППЕН ЖҮРІП ЖАРЫЛДЫ-АУ БЕТІ, ҚОЛДАРЫ. СЕЗЕДІ ІШІМ, ТЕРМЕНЕН ОСЫ ҮЙ ОРНАДЫ, СОЛ ЖАНДАР БІЗБЕН, АМАЛ НЕ, БІРГЕ БОЛМАДЫ.
ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІҢ ЖАН ЖАДЫРАТАР СӨЗДЕРІМЕН ӨРІЛДІ. ОБЛЫС КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ ӘУЕЗДІ ӘНДЕРІ ДЕ ҚАЛЫҢ КӨПШІЛІКТІ ҚАНАТТАНДЫРЫП, ҚИЯЛЫН ҚИЯҒА ШАРЫҚТАТТЫ. ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА АЙРЫҚША ЕҢБЕК СІҢІРІП ЖҮРГЕН ЖОЛ-КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚАУЫМЫНЫҢ ҚУАНЫШЫНА ОРТАҚТАСУ ҮШІН ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ АРНАЙЫ КЕЛІП, ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗ СӨЙЛЕДІ. КӘРІМ НӘСБЕКҰЛЫ ӨЗ СӨЗІНДЕ ЭКОНОМИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН БЕРІП ОТЫРҒАН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР – ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР, ЖОЛ САЛАСЫ, ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ АРҚАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТҚАНЫН, «ҚОЛЖЕТІМДІ ТҰРҒЫН ҮЙ – 2020», «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020», «АҚБҰЛАҚ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУЫ ДА ОСЫНАУ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНІН АЙРЫҚША АТАП ӨТТІ.
ЖАРЫҒЫН, СУЫН, ЖЫЛУЫН БІЗГЕ ЖІБЕРДІ, ЖАЙСАҢДАР ЖҮР-АУ ҚУАНТЫП ТАҒЫ БІРЕУДІ. ҚАРСЫ АЛАР МА ЕДІ ҚАЙЫРЫМДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫНЫ, ПАТШАДАЙ КҮТІП, ЖОЛЫНА ТӨСЕП КІЛЕМДІ. ЖАДЫРАП, ЖЫЛЫП, ЖАҢА ҮЙДЕ ТҰРМЫЗ, АМАН БОП, АДАМДЫ СҮЙІП, АДАММЕН ЖҮРГЕН АДАМБЫЗ. ҚАДІРЛІ ЖАНДАР НЕГЕ ТЫС ҚАЛДЫ НАЗАРДАН? ӨКІНІП ТҰРМЫЗ СОҢЫНАН ЕНДІ СОҒАН БІЗ!..
– Құрметті құрылысшылар мен көлік саласының қызметкерлері! Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы болса, көлік инфрақұрылымдары – қоғамның тамырына қан жүгіртетін жүйе екені белгілі. Қазақстан экономикасының сәтті дамуы құрылыс саласының тұрақты дамуымен тығыз байланысты. Құрылысы қарқынды елдің еңсесі де, егемендігі де биік болмақ. 16 жыл ішінде тұрғызылған еліміздің әсем Астанасы – осы сөздің айғағы. Теңдесі жоқ жол құрылысының бірі – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолы да осының дәлелі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты – мемлекетімізде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасады. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндіріс орындары көбейді. Бүкіл республика бойынша, оның ішінде Жамбыл өңірінде құрылыс саласы қарқынды дамуда. Соңғы жылдары облыс құрылысшыларының ерен еңбегі арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, көптеген зәулім ғимараттар, жаңа тұрғын үйлер салынды. Біз ұзақ жылдар бойы осы салада қызмет атқарып, өз іздерін басып, істерін жалғастыратын лайықты буын тәрбиелеген аға ұрпақ өкілдеріне, яғни, осы саланың ардагерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Биыл өңірдің құрылыс саласын дамытуға 35,6 млрд.теңге бөлініп, облыс аумағында 135 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылы 85 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңадан бой көтеріп келе жатқан нысандардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет саласының, тұрғын үй және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандары бар. «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы да табысты іске асырылуда. Бағдарлама аясында ағымдағы жылға 8 көпқабатты үйдің құрылысына 2,4 млрд. теңге бөлініп, бүгінде оның 3-еуі пайдалануға берілді. Аймақ экономикасының табысты дамуында көлік-жол саласының алар орны ерекше. Сондықтан, біз жыл сайын автомобиль жолдарының құрылысы мен оларды сапалы жөндеуден өткізуді үнемі басты назарда ұстап келеміз. Биылғы жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекендердегі көшелерді жөндеу мен күтіп ұстауға бюджеттен 6,8 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражаттар есебінен ағымдағы жылы 19 шақырым күрделі жөндеу, 334 шақырым автожолдар мен 4 жасанды ғимараттар орташа жөндеуден өткізілуде. Міне, көріп отырсыздар, атқарылған жұмыстардың қатары көп. Дегенмен, алда тұрған міндеттер шоқтығы одан да биік. (Жалғасы 4-бетте).
СЕНАТ САЙЛАУЫ – 2014
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛАУЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ М. ЖОЛДАСБАЕВ СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛІККЕ ҰСЫНЫЛДЫ
«ТАРАЗТАУНХАУСТЫҢ» АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШЫ
– «Таунхаустар» аталатын мұндай шағын да жайлы әрі көрікті үйлер Астана мен Алматы қалаларында бар. Енді міне Тараздан да бой көтерді. Құрылысты бар-жоғы екі жарым айда сегіз құрылысшыдан жасақталған бір-ақ бригада аяқтады. Уақыттың тым аз болғанына қарамай біз бірінші сапасына, екінші сәніне ерекше көңіл бөлдік. Директорымыз да, өзім де күн ұзақ осындамыз. Төрт бөлмелі бір пәтердің өзі екі қабатта да болады. Әр пәтердің иесіне үш сотық жер де беріледі. Бағасы да қолжетімді. Облыс орталығынан 200 пәтерден асатын тағы да осындай отыздан аса үй салуды жоспарлап отырмыз. Алайда, ол үйлер қай жерден орын тебеді оны енді уақыт көрсетеді, – дейді серіктестік директорының орынбасары Абзал Оспанов. Бұған дейін Астана мен Алматы қалаларында осындай үй салып келген серіктестік құрылысшылары бұл өзгеше үйге де бар өнерлерін салыпты. Құрылыс материалдары канадалық үлгімен жасалғандықтан көздің жауын алады. Сәтін салса енді аз күнде бақытты төрт отбасы ерекше жобамен салынған көрікті үйде қоныс тойын тойлайды.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫНА САЙ, АЛДАҒЫ 1-ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ ӨТЕТІНІ БЕЛГІЛІ. САЯСИ НАУҚАН ЖАҚЫНДАҒАН САЙЫН ЖҰРТШЫЛЫҚ АРАСЫНДА «БІЗДІҢ ОБЛЫСЫМЫЗДАН ҮМІТКЕРЛІККЕ КІМДЕР ҰСЫНЫЛАДЫ?», «ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ КІМДЕРГЕ СЕНІМ АРТАР ЕКЕН?» ДЕГЕН СИПАТТАҒЫ САУАЛДАР ЖИІЛЕЙ БАСТАДЫ.
u
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМАСЫ
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді. 1. Жолдасбаев Мұратбай Сматаевич, 1957 жылы туған, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2. Мәдімаров Ғазизжан Жақсығұлович, 1964 жылы туған, «ТаразҒасыр» колледжінің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 3. Дүйсембаев Махамбет Ахметович, 1963 жылы туған, «Тараз» футбол клубының президенті, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 4. Новоселов Владимир Борисович, 1957 жылы туған, «Имсталькон» Жамбыл монтаждау фирмасы» ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады. Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады. Халық мақалы.
БӘРЕКЕЛДІ!
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 71 бабы 2 тармағына сәйкес, қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар да Парламент Сенатының депутаттығына үміткер ұсыну құқығына ие. Кеше депутат Асаубай Майлыбаевтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХҮІІ сессиясы осы мәселені талқылады. Оның жұмысына облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімінің орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі облысымыздан Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттығына үміткер ұсыну туралы мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының атынан депутат, облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы Гүлсін Орынбаева хабарлама жасады. (Жалғасы 2-бетте).
ІБЕКЕҢ КЕЛДІ, КҮНЕКЕҢ КЕЛДІ, ТОЙЛАДЫҚ, ӘЗІЛ ДЕ БОЛДЫ, КҮЛКІ ДЕ БОЛДЫ, ОЙНАДЫҚ. БӘРІ ДЕ БОЛДЫ-АУ, ОСЫ ҮЙДІ САЛҒАН АДАМНЫҢ, БІРІНІҢ ДЕ АТЫН ЕСІМІЗГЕ АЛЫП ҚОЙМАДЫҚ.
ЕДЕНДІ СЫРЛАП, ІРГЕНІ СЫЛАП, ҚАЛАҒАН, ШАТЫРЫН ЖАУЫП, ОРНАТЫП ГАЗДЫ ЖАҢАДАН. ТЕРЕЗЕ САЛЫП, АСФАЛЬТ ТӨСЕП АУЛАҒА, ЕКІ-ҮШ ЖЫЛ БОЙЫ СІҢІРДІ-АУ ЕҢБЕК САН АДАМ.
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫНЫҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОНКҮНДІГІНДЕ ҚАТАР КЕЛГЕН ЖОЛКӨЛІК САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІ БЕЙСЕНБІ КҮНІ БІРГЕ АТАП ӨТІЛДІ. ОСЫ КҮНІ ОРТАЛЫҚ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНДА ҚҰРЫЛҒАН САХНА МЕРЕКЕГЕ САЙ БЕЗЕНДІРІЛІП, АЛУАН ТҮРЛІ ШАРЛАРМЕН, ЖАЛАУШАЛАРМЕН КӨМКЕРІЛДІ. ЛЭД-ЭКРАН АРҚЫЛЫ КӨРСЕТІЛГЕН ЖАҢАДАН БОЙ КӨТЕРГЕН СӘУЛЕТТІ НЫСАНДАР, ЗӘУЛІМ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР, ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС ЖОЛДАР МЕН КӨРКЕМ КӨПІРЛЕР, ЖАҢА АВТОБУСТАР МЕН ТҮРЛІ ТЕХНИКА ҚҰРАЛДАРЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МЕН ЖОЛ-КӨЛІК САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕГІНЕН СЫР АҢҒАРТЫП ТҰРҒАНДАЙ. АЛАҢҒА ЖИНАЛҒАН ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ ЖҮЗІНЕН ДЕ ШАТТЫҚ ЛЕБІ СЕЗІЛЕДІ. МІНЕ, ОСЫНДАЙ КӨҢІЛ-КҮЙ АУАНЫНДА МЕРЕКЕ ФАНФАРМЕН АШЫЛЫП,
ЖАМБАСПҰЛ ТӨЛЕП, ЖАТАҚТА ЖҮРГЕН АҚЫНБЫЗ, ЖАДЫРАП КЕЛІП, ЖАҢА ҮЙГЕ КІРІП ЖАТЫРМЫЗ. – ІБЕКЕМ ҚАЙДА? КҮНЕКЕМ ҚАЙДА? ОЙБАЙ, ТЕЗ! ТОЙ ЖАСАП БЕРЕМ, ТОРТЫҢДЫ ҚОЙ ДА ШАҚЫРҒЫЗ!
ҚАДІРЛІ АҒА, ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН ҒОЙ ІБЕКЕҢ, КҮНЕКЕҢ БОЛСА, ЕРКЕЛЕП ЖҮРГЕН ІНІ ЕКЕН. АПЫР-АУ, ДЕЙМІН, АЛАЙДА ОСЫ ҚУАНЫШТЫҢ, ӘДЕБИ ТІЛМЕН, АВТОРЫ НАҒЫЗ КІМ ЕКЕН?!
ЕРТЕҢ – ҚҰРЫЛЫСШЫ КҮНІ
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
ТАРТУ
Тараз қаласы. Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЗЕРБҰЛАҚ» КӨЛІНІҢ ІРГЕСІНДЕГІ КАЛЛАУР ӘКІМ КӨШЕСІНІҢ БОЙЫНАН «ЖАНЫССТРОЙ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫ ЕКІ ҚАБАТТЫ ТӨРТ ПӘТЕРЛІ ЕРЕКШЕ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАДЫ. ҚАЗІР МАҢАЙЫН АБАТТАНДЫРУ, КӨРІКТЕНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.
«АҚ ЖОЛДЫҢ» САЙТЫН АШЫП ҚАРА, СЫРЛАСЫМ! Қадірлі оқырман! Соңғы кездері «Ақ жол» газетінің сайты жанданып, жаңа түр-сипатқа ие болды. Онда кіріп, пікір білдіріп, ұсынысын қалдырған оқырманға шын ризашылығымызды білдіреміз! Газет ұжымы алдағы уақытта да сіздердің талап-тілектеріңізді ескеріп, өз жұмысын жалғастыра бермек! Сіздер енді www.akjolgazet.kz сайтына кіру арқылы газетте жарияланған мақалалардан бөлек, түрлі бейнебаяндар мен бейнеклиптерді тамашалап, тыңдай аласыздар. Яғни, қызыққа толы, айтары мол дүниелерді бейнесюжет арқылы да жеткізе бастаймыз! Ол үшін «Ақ жолдың» сайтын ашып қараңыздар! «Ақ жол – Ақпарат».