ЖАМБЫЛДА
Сарысу ауданы
Мойынқұм ауданы
ДОСЫ КӨПТІ ЖАУ АЛМАЙДЫ, АҚЫЛЫ КӨПТІ ДАУ АЛМАЙДЫ
НЕ ЖАҢАЛЫҚ?
Мойынқұм
Жамбыл облыстық қоғамдықсаяси газет
№112 (18146), Бейсенбі, 10 қыркүйек, 2015 жыл
ak-jol-taraz@rambler.ru
www. akjolgazet.kz
Газет 1922 жылғы 1 мамырдан шығады.
ПРЕЗИДЕНТ
ЕЛБАСЫ ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІПКЕ УРАН ӨНДІРІСІНЕ ДЕН ҚОЙЫП, ҚАЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ БӘРІН ЖЕКЕМЕНШІККЕ БЕРУДІ ТАПСЫРДЫ Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады. Кездесу барысында А.Жұмағалиев Елбасыға ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамының негізгі мақсаттарын айқындайтын даму стратегиясын бекіткенін баяндады. Қазақстан Президенті экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін компанияның салалық емес активтерінен арылуы қажеттігін айтты. –Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегідей жекешелендіруді батыл жүргізу керек. Тікелей қызметке – уран өндірісіне ден қойып, қалған активтердің бәрін жекеменшікке беру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы өндірісті әртараптандыру мен ядролық отын циклының барлық буынына ену, сондай-ақ тиімділікті арттыру, компанияны, соның ішінде өндіру кәсіпорындарын трансформациялауды жүргізу даму стратегиясының негізгі басымдықтарына жататынын айтты. А.Жұмағалиев стратегияны жүзеге асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның құнын арттырып, оның әлемдік уран өндірісі нарығындағы көшбасшылық орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Шу ауданы
Талас ауданы
Төле би
Жаңатас Қаратау
Жамбыл ауданы
Меркі ауданы
Байзақ ауданы
Аса
Т.Рысқұлов ауданы
Құлан
Жуалы ауданы
Қордай ауданы Қордай
Меркі
Бауыржан Момышұлы
=БАЙЗАҚ
Мырзатай-Жетібай бағытындағы жеке кәсіпкер Ерболат Нысанқұловтың бақшасы қараса көз тоярлық. Мұндағы жайқалып өсіп тұрған қарбыз «Американец» сортынан. Пленка астында бүркемелеп егудің екінші кезеңімен төрт гектар алқапқа өсірілген өнім жетпіс бес күнде пісіп жетілді. =ҚОРДАЙ
Аудандық балалар кітапханасының ұжымы мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер үшін «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік» деген тақырыппен қуыршақ театрының қойылымын ұйымдастырды. Онда айлакер түлкі, қорқақ қоян, маңғаз аю, көкжал қасқыр тәрізді ертегі кейіпкерлері ойын түрінде жолда жүру қауіпсіздігі ережелерін балаларға ұғынықты тілмен жеткізе білді. =САРЫСУ
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 85 жылдығына арналған «Шәмші әуендері» атты ән байқауы өтті. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған өнер додасына қатысқан үміткерлер композитордың бір әнін және еркін тақырыпта бір ән орындады. Қазылар алқасы бас жүлдені Тоғызкент ауылының әншісі Дархан Дәуітбековтің қанжығасына байлады. Бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындарды Өндіріс, Шығанақ, Жайлаукөл ауылдарының өнерпаздары Фараби Әбухаев, Бекзат Қамысов және Пернебай Әміров иеленді. =ТАЛАС
Қаратау қаласындағы Флора саяжайы мен Жартас елді мекенінің тұрғындары келер жылы көгілдір отынды тұтынатын болады. Биыл екі көшеге газ құбырларын тарту үшін 30,9 миллион теңге бөлініп, «Монолит-Дизаин 2030» ЖШС құрылыс жұмысын бастаған болатын. Қазір олар газ құбырларын жер асты арқылы жүргізіп, қарқынды еңбек етуде. Жыл аяғына дейін 22 шақырымға құбыр төселеді. =ШУ
МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЙБЫНЫМЫЗДЫ АСЫРДЫ ЖАМБЫЛДЫҚ БОКСШЫ ОЛЖАС СӘТТІБАЕВТЫ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАБЫЛДАП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ ТАИЛАНД АСТАНАСЫ БАНГКОК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН БОКСТАН АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ҚАЗАҚ ОҒЛАНДАРЫ ТОЛАЙЫМ ТАБЫСҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗІП, БЕС АЛТЫН, БІР КҮМІС, БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕГЕНІН БҰҒАН ДЕЙІН ЖАЗҒАН БОЛАТЫНБЫЗ. САРЫ ҚҰРЛЫҚ ТЕҢДЕССІЗІ АТАНҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАМПОЗ ОЛЖАС СӘТТІБАЕВ ТА БАР. ТӨРТ КЕЗДЕСУІН ДЕ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНДА ӨТКІЗІП, ТАМАША ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІГІН БАЙҚАТА БІЛГЕН ОЛЖАС ЕЛГЕ ОРАЛҒАН СОҢ ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВ ҚАБЫЛДАП, ЖЕРЛЕСІМІЗГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ.
ШОЛУ МҰНАРАСЫ БИІКТЕП БАРАДЫ
(Жалғасы 8-бетте).
ЕЛОРДАЛЫҚТАР ТАРАЗҒА ТАРТУЫН СӘТТІ АЯҚТАП КЕЛЕДІ Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».
Аудандық орталық аурухана бастауыш партия ұйымының ұйытқы болуымен «Қызылша ауруына қарсы қосымша иммундау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өтті. Мұндай кездесулер «Құқық және бизнес» колледжінде студенттер арасында және №10 кәсіптік колледжінде атааналар арасында ұйымдастырылды.
Қарусыз кісінің қайраты зая, Қайратсыз кісінің айбаты зая. Халық мақалы. ИННОВАЦИЯ – ЕЛ ИГІЛІГІ
ЕАЭО: БАРЫС-КЕЛІС, АЛЫС-БЕРІС
«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы шолу мұнарасының құрылысына 122 миллион теңге бөлінген. Құрылысқа қажетті қаражатты Астана қаласы бөліп, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өз үлестерін қосып отыр. Мердігер компания – Тимур Манашев басқаратын «Таразқұрылысдизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жұмыс 1 тамызда басталған, қыркүйектің соңында аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда мұнараның биіктігі 24 метрге жетті. Жалпы шолу мұнарасы 36 метр болмақ. Жұмысқа 7 техника жегілген, 35 адам тынымсыз еңбек етуде. Олардың орташа жалақысы 100 мың теңгеден төмен емес. Жоғары көтеретін арнайы техникамен біз де жиырма төрт метрлік биікке көтерілдік. Жанымызда құрылыс бригадирі Медет Ерназаров бар. Жиырма төрт метрлік биікте бірнеше құрылысшы жұмыс көрігін қыздыруда екен. Солардың іскерлігімен шолу мұнарасы барған сайын биіктеп барады. Мұнара сегіз қабаттан, 21 терезеден тұрады. Жоғары қабаттарға көтерілетін лифт салынады. Құрылысқа Тараздағы «Ғимарат-Тараз» компаниясының өнімдері пайдаланылуда. – Жұмысқа жігіттер барын салып кірісті. Тарихи тойдың қарсаңында құрылысты дер кезінде аяқтамақшымыз. Материал, жұмысшылар, техника күші де жеткілікті. Жұмысты аяқтауға ешқандай кедергі жоқ, – дейді «Таразқұрылысдизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс бригадирі Медет Ерназаров. Тараз қаласы. Суретті түсірген Ақәділ РЫСМАХАН.
Е ІГ Ш З МА ТІЛ ҒЫ ЫР ТЫ ПС ТА
ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ САУДА-САТТЫҒЫ АРТА ТҮСЕДІ Наурызбек САРША, «Ақ жол». Қырғыз елінің Еуразиялық экономикалық одаққа толық мүше болуына байланысты екі ел арасындағы кедендік бақылау алынып тасталғаны мәлім. Осыған орай, 19 тамызда облыс әкімі мен Қырғыз Республикасының Шу және Талас облыстарының Үкімет губернаторлары кездесіп, бірқатар мәселелерді талқыға салған болатын. Кездесу нәтижелері бойынша қабылданған хаттамалық шешіміне сәйкес, заң бойынша Қазақстан Республикасына кіру және тауарларды өткізу тәртібін түсіндіру бойынша жұмыс тобын құру қарастырылған. Жұмыс тобы құрылып, көрші мемлекеттердің шекаралас екі
облыстың өкілдері «Айша бибі» кеден бекетінің мәжіліс залында алғашқы жиынын өткізді. Оны облыс әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, жүргізіп отырды. Ол қос мемлекеттің басшылары мақұлдаған келісімдердің маңыздылығын айта келе, алдағы уақытта да көршілес екі елдің ынтымақтастығы арта түсетініне сенім білдірді. Ал Қырғыз Республикасы Талас облысы губернаторының бірінші орынбасары Даир Кенекеев Жамбыл өңірінің басшыларына қырғыз елінің кәсіпкерлеріне, тауар өндірушілеріне жағдай туғызғаны үшін алғысын білдіріп, бұл бастаманың қос мемлекет үшін де тиімді болатынын тілге тиек етті.
– Бұған дейін де облысымыз Қырғызстанмен, әсіресе, оның шекаралас жатқан екі облысы – Шу және Талас облыстарымен тығыз ынтымақтастық байланысы жақсы болатын. Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 2 шілдесінде ынтымақтастық және ағайындық байланыстарды орнату жөніндегі келісімге, 2014 жылдың 2 наурызында және 20 қарашасында үш облыстың атқарушы органдары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойылып, екі жақты тиімді саудаэкономикалық қарым-қатынас орнату туралы шешімдердің қабылдануы – осы сөзіміздің дәлелі, – дейді Абдалы Нұралиев. (Жалғасы 3-бетте).
Ң Ы Н Я И Р А Қ К Е Б Ш Ы ҚУАН Ы С Ы Ғ Р Ы Д Н О Қ Р Т К Е Л Э ДІ ЕМЕС, ТЕРІНЕ ТӘУЕЛ ТАБИҒАТ КҮШ ЕЙДІ А ҚАЖЕТ ЕТП ШИКІЗАТТЫ Д
АДАМНЫҢ МҮМКІНДІГІНДЕ ШЕК ЖОҚ. ТАРАЗДЫҚ 67 ЖАСТАҒЫ ҚУАНЫШБЕК ӘЛИШЕРҰЛЫНЫҢ ОЙЛАП ТАПҚАН ҚОНДЫРҒЫСЫНА ҚАРАП, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ БОЛСА, ҚАЙ КЕЗДЕ БОЛСЫН, ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРАРЛЫҚТАЙ ТАЛАЙ ТІРЛІКТІ АТҚАРУҒА БОЛАТЫНЫНА КӨЗ ЖЕТКІЗГЕНДЕЙ БОЛДЫҚ. (ЖАЛҒАСЫ 3-БЕТТЕ).